Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Sphir сфера шар ~орша~ан орта деген с~здерінен алын~ан я~ни жер шарында~ы адамзатты~ жанжануарларды~

Работа добавлена на сайт samzan.net:


1) Кіріспе .Биосфера және жалпы экология туралы ілім.

ХХ ғасыр керемет өзгерістер заманы болды. XIX және XX ғасыр басындағы іргелі жаңалықтардың ашылу технологиялық іске асырылуы мүмкін болады. Бұл, әлем экономикасының күшті, бұрын-соңды болмаған өсуінің ғылыми техникалық негізі болады.

Жалпы, жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Биосфераерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Планетадағы ағзалардың барлық жиынтығын В.И.Вернадский тірі зат деп атады. Оның негізгі сипаттамасы ретінде массаның химиялық құрамы мен энергиясының жиынтығын қарастырды.

Биосфераның шекаралары. 1926 жылы В.И.Вериадский биосфераның шекарлары туралы мәселені қойды.қандай физико-химиялық жағдайлар тіршілікке анағұрлым қолайлы болып табылатындығын көрсетті.

  1.  Көмір қышқыл газы мен оттегінің жеткілікті мөлшерде болуы.
  2.  Судың жеткілікті болуы.
  3.  Температуралық режим тым жоғары және тым төмен болмауы керек.
  4.  Минералдық қоректену элементтерінің жеткілікті болуы.
  5.  Су ортасының белгілі бір тұздығы.

қазіргі кезде тіршілік жер қыртысының жоғары бөлігінде (литосфера), жер атмосферасының төменгі қабаты (тропосфера) және жердің сулы қабықшасында (гидросфера) таралған.

Литосферада тіршілікті ең алдымен тау жыныстары мен жер асты суларының температурасы шектейді. Ол тереңдікке байланысты артады да, 1,5-15км тереңдікте +100 С-дан асады. Жер қыртысында бактериялды табуға болатын тереңдік-4км. Мұнай кен орындарында 2-2,5км тереңдікте бактериялардың саны біршама көп болады. Мұхиттарда тіршілік 10-11км тереңдікке таралады. Тіршіліктің таралу шекарасы теңіз денгейімен салыстырғанда 6км биіктікте өтеді.

Атмосфера жер шарын түгелден орап тұрады. Ол гректің «atmos» - бу, «sphairi» (сфера) сөзінен шыққан. Оның қалыңдығы 100 км-ге дейін жетеді. Атмосфераның негізгі құрамында оттегі (20,95 %), яғни 1,5 * 1015 тонна аргон (1,28 %), азот (75,50 %), яғни 3,8 * 1012 тонна және басқадай газдар кездеседі. Атмосфера негізінен – тропосфера, стротосфера және иопосфера қабаттары болып үшке бөлінеді. Тропосфера – грекше «tropos» (тропос) – бұрылысы, «sphaira» (сфера) – шар. Өзгермелі қабат деген мағына береді. Жер бетіне тікелей жайласқан төменгі тығыз қабаты. Орташа биіктігі 10 * 12 км-ге жетеді. Стротосфера – латынша «stratum» - төсем, тағы сондай сияқты теңіз деңгейінен 9-11 км жоғары жататын атмосфера қабаты. Иопосфера – гректің «ion» - қозғалғыш қабат деген сөзінен алынған. Қалыңдығы 800 км-ге жетеді.

Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Қазіргі кездет Атмосферада СО2 концентрациясы өте жылдам өсуде: 200 жылда оның мөлшері миллионның 280-350 бөлігіне (1990 ж.), ал өсудің жартысынан көбі 1950 ж. кейінге келуде. Метанның мөлшерінің өсуі де осындай соңғы 200 жылда 0,8 ден 1,65 (1990 ж.). Бұл өсуде 1950 ж. кейінге сай келуде. Азот  оксидтері болса миллиардтың 280 мен 510 бөлікке [Barnola et ol, 1987], жаңа газдар хлор, фтор, көміртек оксидтері түзіліп нолден 0,3 бөлікке дейін өсті.

Атмосферадағы биосфераның жоғары шегі 20 км биіктікке дейін жетеді. Онда микробтардың споралары (өршігіш тұқымы) кездеседі. Бактериялар атмосфералардың азон қабатында да өсіп-өнеді. Биосферада мол кездесетін микроорганизмдер жер бетінен 50-70 метрге дейінгі биіктікке ғана тарайды. Литосферадағы биосфераның төменгі шегі 2000 – 3000 м-ге дейін тереңдікке жетеді. Олар онаэробта бактериялар. Гидросферадағы биосфераның шегі 11 км-ге дейінгі тереңдікке жетеді. Теңіз жануарлары және өсімдіктері (қызыл, жасыл, қоңыр балдырлар) үшін су өте қолайлы орта. Таза, мөлдір болғандықтан күн сәулесі оның 200 метр тереңдігіне дейін тарайды. Бұдан кейінгі судың қабаттарын мәңгілік қараңғылық басып тұрады. Мұндай қабаттарда да тіршілік ететін организмдер болады. Топырақ қабатындағы ластағыштар концентрациясының өсуінен ауа мен су қабаттарындағы сияқты деградацияға ұшырауда 1970-1990 жж. Ауыл шаруашылығынан 480 млрд. т топырақтың құнарлы қабыты жойылды. Ол Индияның барлық егістігінің көлеміне тең болады. Соңғы 20 жылда шөл көлемі 120 млн га өскен [Медоуз,1994]. Адам өзінің энергетикалық қуатын (күшін) арттырып отыруда. Ертедегі Тас дәуірлерде адам  өзінің метаболикалық қуатының тек 130 Вт пайдаланған. Мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы даму дәуірінде 250-300 Вт, ал дәстүрлі ауыл шаруашылық және мал шаруашылығында 500 Вт/сағ [Горшков 1995]. Бұндай қуат өсуі неолит заманындағы революциясы яғни өндірістік революция басталғанға дейін, яғни 10 мың жыл бойы жүрген.Бірақ, мұндай саясаттың алғашқы 15-жылында адамзат қоршаған ортаның жекеленген локальды мәселелерін шешуде жаһандық табиғи өзгерістерді жұмысарта алмауы былай тұрсын, бұл өзгерістер шиеленісіп жаһандық, әлеуметтік, экономикалық дағдарыс болашақты ойлаушылардың барлығы үшін проблемаға айналғаны айқын болады.

Экология ( лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Экология терминін ғылымға енгізген Э.Геккель (1866). Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887). 20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затыныңғаламдық рөлі айқын көрініс тапты. А.Тенсли (1935) және В.Н. Сукачев (1940) еңбектері бірімен бірі өзара тығыз байланысқан, қоршаған физикалық ортамен зат және энергия алмасып отыратын азғалар кешені туралы көзқарастардың дамуына, экожүйе және биогеоценоз ұғымдарының қалыптасуына әкелді. Популяция санының ауытқуларын, популяциялар арасындағы әсерлесулерді сипаттайтын матем. модельдер құру (А.Лотка, В.Вольтерра, 1925, 1926), сол модельдерді эксперимент барысында тексеру (Г.Ф. Гаузе, 1934) сияқты, қазіргі теория Экологияның негізін құрайтын зерттеулер де сол жылдары қалыптаса бастады.

2) Экологиялық ілімнің негіздері.

Қазіргі уақытта экология түсінігі дағдарыстық жағдайда болуда. Геоэкология, биоэкология, әлеуметтік экология секілді экологиялық зерттеулері бағыттарының арасындағы өзара байланысы, олардың экологиямен қарым-қатынасы әлі де болса анықталмаған, олардың технологиямен және географиялық зерттеулермен байланысы болғанмен, көпшілікке жарияланбаған. Экологияның жалпылай анықтамасы және оның бағыттары нақты анықталып, айқындалмаған. Сонымен, экологиялық зерттеулерді жүйелеу жүргізілмей, зерттеушілердің өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, берген анықтамалары ғана бар. Мысал келтіре кетсек:

«Экология – (грекше oikos – мекен, logos – ілім) – ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ілім».

«Экология – адам мен табиғаттың өзара әсерінің ғылыми және тәжірибелік мәселелерінің жинағы (экологиялық мәселелер)».

«Экология – адам, қоғам және қоршаған ортаның бірлескен дамуын, қоршаған ортаны реттеу мен тұрақтандырудың биотикалық механизмдерін, өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз ететін механизмдерін зерттейтін ілім»

Сонымен қатар, екі жақты айқындайтын анықтамалар да бар:

«Экология – 1) өсімдік және жануар ағзаларының қарым-қатынасын және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін биологиялық ілім....синонимі биоэкология; 2) «адам-табиғат – қоғам» жүйесін объект ретінде, және жүйенің негізгі элементтерінің өзара байланыс заңдылықтарын, сонымен қатар осы негізде жүйенің дамуын зерттейтін ілім... синонимі үлкен экология, аймақтық экология, мегаэкология».

Анықтама-сөздіктерде мынадай анықтамалар жиналған:

«Экология – (грекше oikos – үй, отан, мекен+ logos – ілім, түсінік):

1) тірі ағзалардың бір-бірімен және олардың бірлестіктерінің қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін білім саласы (соның ішінде басқа ағзалар және  бірлестіктермен);

2)ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология саласы (биоэкология), даралар экологиясы (аутэкология), популяция экологиясы (популяциялық экология, демэкология) және бірлестіктер экологиясы (синэкология);

3) әртүрлі иерархиялық деңгейдегі экожүелер қызметтерінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ілім;

4) тірі ағзалардың, соның ішінде адамның мекен ету ортасын зерттейтін жиынтық ілім;

5) заттар мен құбылыстар жиынтығының негізін субъект және объект ретінде (ереже бойынша тірі ағзаны немесе тірі ағза қатысуымен) қарастыратын білім саласы;

6) адам орнын түр ретінде және барлық адамзаттың ғалам экожүйесінде басқа экожүйелермен өзара әрекеттесуін зерттейтін ілім».

Анықтамалар нақты емес, қосымша енгізілген түсініктермен түсіндіріледі, өзара қиылыспайды немесе бір-бірін терістейді, түсінік дағдарысын таңқаларлық анықтамалар да дәлелдейді: мегаэкология, үлкен экология, ғаламдық экология. Экология не екені түсініксіз – ілім бе, білім саласы ма, пән бе, әдіс пе, немесе – метағылым ба?

Сонымен қатар, экологиялық нормативті әдебиет бар, жоғары оқу орындарында оқытылады, білім беру стандарттары жасалынған, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік құралдар шығарылады. Экология және оның басқа да салалар терминдері ақпараттық орындармен өте кең қолданылады, соның ішінде алып сатарлық мақсатта да қолданылып жүр. Бұл азаматтарымыз бен қоғамдық бөлімдерді ғана емес, сонымен қатар ғалымдарымызды да түсініксіз жағдайға қалдырып қойды.

Бұл экологияның теориялық негізінің жоқтығынан.

«Экология» сөзі нені білдіреді?

Экология сөзі екі грек сөзінің қосылуынан oikos – үй, отан, мекен және logos – сөз, ілім, ой. Ол үй туралы ілім, мекен туралы ойлар, қоршаған орта туралы сөз мағыналарын білдіреді. Қалыпты берілген анықтама – ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ілім. Бірақ бұл экология сөзінің мағынасын ашпайды. Ойды ашу үшін экологияның оқыту пәнін анықтау қажет.

Ежелгі   гректер экос деп адамның мекен ету ортасын ғана емес, сонымен қатар адам болып қайтқан жерлерін де атаған, ал адамға белгілі кеңістікті ойкумен деп атаған. Ойкумен шегінен басқа экос болмаған, және болмайды да, сонымен қатар адам қоғамы меңгермеген кеңістіктен шығатын шекте ешқандай экология болуы мүмкін емес. Сонымен, экологиялық зерттеулердің кез келген бағыттарында адамзаттық, қоғамдық негіз бар. Бұл бірінші себеп.

Экология сөзінде адамға белгілі орында кім немесе не мекен етуі көрсетілмейді. Мұндай объект тірі немесе өлі зат, ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған, жалғыз немесе жиынтық түрінде ме белгісіз. Бұл екіншіден. Бірақ, жекешелендіріп қарастыруға болмайды, өзі орналасқан орынмен өзара байланыста қарастыру қажет. Бұл үшіншіден.

Сонымен, экологияның оқыту пәні материалды объект және өзі орналасқан мекен ортасының арасындағы өзара байланыс.

Біз адам  туралы айтқанда қоғам және оның мәселелерін қарастырамыз. Мекен ету ортасы туралы айтқанда біз географиялық ортаны қамтимыз. Ал объект ретінде Жер бетіндегі тірі ағзалардың барлығы бола алады.  Барлық тірі ағзаларды шексіз қамтитын классификацияны жалпыға бірдей концепцияның негізінде жасауға болады. Ол бір жағынан Жер бетіндегі барлық материалдық дүниені қамтып, бір бірінен нақты белгілермен ерекшеленетін бөліктерге бөлетін еді, екінші жағынан тірі ағзаларды мекен ету ортасымен, яғни географиялық ортамен бірлестіретін еді.

Соңғы кездердегі қоршаған орта құрамдарын «күш» деп анықтауды С.П.Горшков ұсынды: алғашқысы – «өлі табиғаттың көрінісі»; екіншісі – «тірі субстанцияларда болатын процестер»; үшіншісі – «адамзат». Мұндай классификация  жасалды, бірақ «күш» деп бөлуді ұтымды деп айтуға болмайды [1].

Дегенмен, дүниежүзілік тарих концепциясы немесе дүниежүзілік даму концепциясы бар. Оның авторы – атақты орыс ғалымы Лев Ильич Мечников (1838-188) [2].

Дүниежүзілік даму концепциясын Мечников 1884 жылы «Саясаттанудағы күресу мектебі» деген үлкен мақаласында жазып шығарды. Бұл мақалада дамудың дүниежүзілік даму процесін сипаттай отырып, материалдық дүниенің үш саласын бөліп көрсетті:

«1-ші сала -  Ньютонның дүниежүзілік тартылыс заңы түсіндіретін, физикалық және химиялық процесстер жоятын,  геометриялық, қимылсыз формалар дүниесі – биорганикалық.

2- ші сала – асқазан және жыныстық қызығушылықты қамтитын, тіршілік үшін күресте өзгеретін және бәсекелесетін өсімдіктер және жануарлар дүниесінен тұратын - биологиялық.

3-ші сала – жалғыз биологиялық тіршілік етуден алшақтайтын ұжымдық, қызығушылықтық, кооперация дүниесі - әлеуметтік.»

Жер бетінде кезектесіп пайда болатын материалдық дүниенің бұл салаларын Мечников үш қасиеті бойынша бөлді: механизмедр, ағзалар, қоғам. Соның ішінде «қоғам – механизмдер емес, ағзаларға жатады, ал ағзалар механизмдерге жатады».

Материалдық дүние салаларының географиялық ортамен байланысы экологиялық зерттеулердің пәні болып табылады.

Қоршаған ортаның механизмдер, ағзалар және қоғаммен өзара байланысына арналған Мечниковтың теориялық негіздеріне және экологияның қазіргі заманғы мәселелеріне сүйене отырып, экология және оның құрамдас бөліктерін былай көрсетуге болады:

Экология – зерттеу объектісінің географиялық ортамен байланысын зерттейтін ғылыми пән.

Геоэкология – инженерлі объектілердің географиялық ортамен байланысын  зерттейтін экология бағыты.

Биоэкология  – ағзалар мен мекен ету ортасының өзара байланысын зерттейтін экология бағыты.

Әлеуметтік экология  – адамзат қоғамы мен ойкумендер арасындағы байланысты зерттейтін экология бағыты.

Экологиялық зерттеулердің үш бағыты арасында әлеуметтік экологиялық бағыт – негізгі болып табылады, өйткені адамзат қоғамы Жер дамуының ең жоғарғы жетістігі, және де осы ұйымдасқан қызметке қоғам мен географиялық орта арасындағы өзара байланысқа ғана емес, сонымен қатар ойкуменнің болуына да әсері бар [3].

Экология бағыттары «қызметінің» бөлінуі өте күрделі, ұсынылған кестенің негізінде бұл мүмкін. Мысалы, автомобиль жолдарының, инженерлі объект ретінде, және географиялық орта арасындағы өзара байланыс – бұл геоэкологияның мәселелері. Автомобиль жолдарының конструкциясы, қоршаған орта жағдайы, автожолдарды қоршаған орта әсерінен қорғау (суөткізгіш құрылымдар, жан-жағын өңдеу, селге қарсы шаралар, тау жоталарындағы жабық галереялар, қартосқауылдары және т.б.), қоршаған ортаны автожолдардан қорғау (шу және газдардан қорғаныш болатын жасыл желектер, шушағылысқыш экрандар, жол жиегін жасақтау және т.б.). Сонымен, автомобильді жол+қоршаған орта+ араларындағы өзара байланыс=табиғи-техникалық жүйе (геожүйе).

Тірі ағзалардың мекен ету ортасында өзара байланысы – биоэкологиялық мәселелер. Автожолдардың қорғалатын территорияларға қарай орналасуы, жолдарға жануарлардың шығып кетуі (алдын алушы белгілер, жылдамдықты шектеуді енгізу, жүкті шектеуші автомобильдердің болуы және т.б.), жануарлардың маусымдық миграциясы және арнайы өту жолдарын жасау (уақытша және қалыпты), жол жиегіндегі газдардың және қатты заттар құрамына мониторинг жасау, ағаштар күйін бақылау, жол жиегінде ауылшаруашылықты жүргізуге шектеу қою және т.б. Мұның барлығы біртұтас биожүйе болып табылады.

Әлеуметтік экологиялық мәселелер – автомобильді жолдар, автомобильдер жолақтарының географиялық ортаны иемденетін қоғам, мемлекет арасындағы мәселелері. Бұл – жекеленген жерлерге қатты жабындығы бар автомобильді жолдарды дамыту мақсатында жүргізу, көп жолақты трассаларды жасау өндірістік, ауылшаруашылық, рекреациялық, стратегиялық аудандарды қосуға мүмкіншілік береді, сонымен қатар халықты орналастыру, инфрақұрылым жасау және басқару мәселелерін шешеді. Бұл әлеуметтік жүйе.

Материалдық дүниенің бір ғана бөлігі әртүрлі көлемде таңдалып, үш жақты көзқараспен қарастырылуы мүмкін. Мысалы, шөптердің тамырлы жүйесі геоэкологияда топыраққа арматура ретінде қаралса, шөп жамылғысы эрозияға қарсы техникалық шешім бола алады. Биоэкологияда шөп жамылғысы белгілі бір жағдайдағы өсімдік бірлестігінің қорғалуы ретінде қаралады. Әлеуметтік экологияда шөп жамылғысы – малшаруашылығы базасын жасауда немесе көшпенділер цивилизациясының болуын дәлелдейді.

Материалдық дүниенің қарастырылған бұл теориялық бөлімдері экологияны жүйелейді деп есептейміз Эмпирикалық жетістіктер теориялық қорытындыларды толықтырып, дамыта алады, бірақ орнын ешқашан баса алмайды.

3) Экологияның бірінші қағидасы. Оның орындалуы үшін не қажет.

Жер бетінде бір қалыпты өмір сүру шарттары «организм – қоршаған орта» жүйесіндегілердің бір-бірінің әрекеттесуімен, әсерлесуімен қамтамасыз етілетін тұрақтылық болып табылады. Химиялық реакциядағы тепе-теңдік тура және кері реакциялардың жылдамдықтарының теңдігімен қамтамасыз етілетіні анықталатыны мәлім. Дәл осы секілді биологиялық жүйелердегі тепе-теңдікте биогендердің түсу жылдамдығы мен оларды тұтыну энергиясының және соңғының тарқауы жылдамдықтарының теңдігімен анықталады. Мысалы, автотрафтордың (өсімдіктер және қарапайымдар фотосинтезі) оттек бөлу жылдамдығы гетеротрафтордың оны сіңіру жылдамдығына тең болады.

 V(O2 бөліну) = V(O2 сіңірілу)

 Дәл осындай аналогияны басқа көптеген биогендерге және биосфераға түсетін энергияға да келтіруге болады.

 Е(күн + жер) = Е(тұтыну + шашырау)

Жердегі ең маңызды тепе-теңдіктердің бірі көміртек бойынша тепе-теңдік болып табылады. 

Органикалық көміртек  бейорганикалық көміртек

 Мұндай тепе-теңдік XVIII-ғасырдың соңына және XIX-ғасырдың басына дейін сақталып келді. Бұдан кейін бұл теңдік екі себептен бұзыла бастады: а) техникалық прогресс; б) халық санының өсуі. Экологиялық бірлестіктің немесе биосфераның барлық мүшелері  күрделі де кең түрде бір-бірімен байланыс және әсерлесу ішінде. Бұл шарттарды дұрыс бағалау жүйелі ойлауды – дарадан бір тұтасқа, объектілерде олардың әсерлесуін қарастыруды талап етеді. Тек солар арқылы кез-келген организм тіршіліктік маңызды қасиеттеріне ие болады және оны қамтамасыз етеді.

 Оның орындалуы үшін не қажет.

Табиғат та, адам да тұрақтылыққа ұмтылады. Бірінші қағиданы орындау үшін, Техникалық прогресті тоқтата алмасақ та, оның негативті әсерін тоқтатуымызға болады және ол қажет. Ол үшін:

1)Халық санының өсуін шектеу. Мысалы Қытай , Индия сияқты мемлекеттерде

2)ҒТП қолдануға шек қою(Атом бомбаларының орнына атом электростанциялары)

3)Ластау шектерін анықтак және оны шектеу. Олардың бір біріне әсерін анықтау.(синергизм жіне антогонизм)

4) Экологияның негізгі ұғымдары мен концепциясы.

Экология – тірі ағзалардың өзішілік және оларды қоршаған органикалық емес табиғатпен, органикалық жүйелермен байланысы, олардың құрылысы мен жүйелердің қалыптасуы туралы ғылым.

Экология ғылым ретінде жер бетіндегі тірі ағзалардың әртүрлілігі мен олардың өмір сүру жағдайларының ерекшеліктері туралы көптеген деректер жинақталған соң ғана, өткен жүзжылдықтың ортасында ғана қалыптасқан ғылымдар қатарында. «Экология» деген терминді алғаш рет белгілі неміс зоологі Э.Геккель (1866 жылы) енгізді.

Жер бетіндегі тіршіліктің ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі, жан–жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіне таралуы мен ерекшеліктері туралы мәліметтер өте ерте кезден–ақ жинақталған. Тіпті Аристотель (біздің э.д. 384-322 ғ.) 500–ден астам жануарлардың өзіне белгілі болған түрлері мен олардың мінез–құлық ерекшеліктері туралы, балықтар тіршілігіндегі қысқы ұйқыға кету мен көбею кезіндегі өрістеулері, құстардың суық мезгіл жақындағанда жылы жаққа қоныс ауыстыруы, жануарлардың тіршіліктегі іс-әрекеттері, көкектің паразиттік тіршілік нышаны мен каракатицалардың өзін-өзі қорғау ретіндегі өзгерістік іс-әрекеттері жайында көптеген мәліметтер қалдырған екен. Аристотельдің оқушысы, «ботаниканың атасы» атанған Теофраст Эрезийский (б.э.д. 371-280 ғ.) өсімдіктердің топырақ пен тұрғылықты жер климатына байланысты формалары мен өсу ерекшеліктерін салыстыра келе, олардың өсу ортасына тәуелділігін атап көрсетеді.

Алғашқы систематиктер А.Цезальпин (1519-1603), Д.Рой (1623-1705), Ж.Турнефор (1656-1708) және басқалар өсімдіктің өсу ортасына және оған жасалған жағдайларға, өнуіне және отырғызу ерекшеліктеріне, өсірілген жеріне және қоректенуіне тікелей байланысты деп атап көрсеткен.

17-18 ғасырдағы экологиялық мәліметтер А.Реомюр еңбектерінде жәндіктер (1734), Л.Трамбле еңбектерінде гидра мен тышқандар (1744) жайында сақталған.

18 ғасырдағы С.Т.Крашенинников, И.И.Лепехин, П.С.Паллас еңбектеріндегі мәліметтер жергілікті Ресей жерінің әртүрлі бөліктеріндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің климатпен өзара тығыз байланысы айтылады.

Жануарлардың құрылысына сыртқы ортаның әсері жайында 18 ғасырдың екінші жартысындағы француз жаратылыстанушы Бюффон (1707-1788) еңбектерінде де жазылған.

Эволюциялық ғылымның бірінші авторы болып саналатын Жан-Батис Ламарк (1744-1829), жан-жануарлар мен өсімдіктердің эволюциялық дамуында «сыртқы жағдайлар» - ағзаның бейімделушілік қасиеттерінің негізгі себептерінің бірі деп атап көрсеткен.

19 ғасыр: А.Гумбольт (1807), ғылымға ландшафт «физиономиясын» өсімдіктердің сыртқы қалпымен анықтауға болады деген пікір енгізді.

Сондай-ақ экологиялық мәліметтер К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885) еңбектерінде де беріледі.

1859 жылы Ч.Дарвин, тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы және олардың сыртқы ортадағы неорганикалық компаненттерімен байланысы («тіршілік үшін күрес») – ғылымдағы өз алдына жеке қаралатын бөлім екендігін дәлелдеді.

Даттық ботаник Е.Варминг өсімдіктің тіршілік формалары деген ұғымды негіздеді.

Неміс гидробиологі К.Мебиус (1877) биоценоз туралы ұғымды енгізді.

20 ғасырдың басында гидробиолгтардың, фитоценологтардың, ботаниктер мен зоологтардың жеке экологиялық мектептері шығып, әрқайсысы осы саладағы өздері меңгерген мәселелер туралы экология ғылымының сол сала бойынша негізін салды: мысалы, СССР-да В.Н Сукачев, Б.А.Келлер, В.В.Алехин, Л.П.Шенниковтардың, шет елдерде: Америкада Ф.Клементс, Данияда К.Раукиер, Швецияда Г.Дю Рие, Швейцарияда И.Браун-Бланкалар болды.

1938 жылы Д.Н.Кашкаров елімізде бірінші рет жануарлар экологиясы негіздері оқулығын басып шығарды.

Популяциялық экологияның негізін салушы Элтон (1927) болды. Ал 1935 жылы ағылшын ғалымы А.Тенсли экожүйе ұғымын ұсынса, 1942 жылы В.Н.Сухачев биогеоценоз туралы пікірлердің негізін қалады.

20 ғасырда белгілі жаратыластану биосфера туралы ғылыми еңбегін жасады.

1964 жылдан бастап барлық елдер экологтары халықаралық биологиялық бағдарлама (ХББ) бойынша жұмыс істейді.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

     Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

       1987жылы БҰҰ-ның  Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

       Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

       «Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

      1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Сонымен қатар конференцияда Мәлімдеме мен екі концепция

- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды.

     Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

      БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

       Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

       Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

       Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

-         бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

-         суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

-         жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау.

5) Экожүйедегі тепе-теңдік.

Экологиялық тепе-теңдік - кез келген табиғи қауымдастықтағы тірі организмдердің түрлік құрамының, олардың санының, өнімділігінің, кеңістікте бөлініп таралуының, сондай-ақ маусымдық өзгерістердің, заттектердің биоталық айналымдарының және басқа да биологиялық процестердің біршама тұрақтылығы. Экологиялық тепе-тендіктің негізі заттектердің биоталық айналымының тұрақтылығы мен барынша тұйықталғандығы болып табылады; оның әрбір нақты экожүйеде организмдердің түрімен, құрамымен және санымен, олардың метаболизм типімен байланысты өз ерекшеліктері болады. Бұл орайда автотофтар мен гетеротрофтардың арақатынасының, сондай-ақ организмдердің бір-біріне және мекен ортасына тән сипатты бейімделуінің шешуші маңызы болады. Бұл факторлардың эволюция процесінде қалыптасқан жиынтығы экожүйелердің тұрақтылығын немесе олардың гомеостазын қамтамасыз етеді. Экожүйелердің орнықтылығы өлшеміне көбіне олардың түрлік оралуандылығы алынады — ол неғұрлым жоғары болса Экологиялық тепе-теңдік соғұрлым сенімді сақталады.

Орта жағдайларының осы экожүйе үшін дағдылы шектен шығып ауытқулары кезінде Экологиялық тепе-теңдік бұзылып, бір түрлер санының азаюына және басқа түрлердің күрт көбеюіне апарып соғады. Сонымен қатар, организмдердің табиғи қауымдастықтарының әр түрлі зақымдаушы әсерлерге қарсы тұра алатын және қалыпты жағдайлар қайта орнына келгенде бастапқы күйіне қайта келетін қабілеті болады, яғни белгілі бір тұрақтылығы болады (қ. Экологиялық тұрақтылық). Жағдай қолайсыз болған кезде белгілі бір түрдің тығыздығы азаяды, бірақ оңтайлы жағдай болғанда өніп-өсу, даму жылдамдығы жеделдеп, тығыздық қалпына келеді. Экологиялық тепе-теңдіктің болуы уақыт бойында заңды өзгерістердің болмауы деген сөз емес — ол осы экожүйенің қалыптасуы мен дамуы процестерімен өзара тығыз байланысты. Экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы дегенде екінің бірінде әр түрлі биоталық факторлардың өзгерулері ғана ұғынылмайды, сонымен қатар атмосфераның газ құрамының, гидрологиялық режімнің едәуір ауытқулары, қоршаған ортаның ғаламдық ластануы және т.б., яғни табиғи процестегі барлық елеулі өзгерістер ұғынылады. Экологиялық тепе-теңдіктің күрделі әрі өзара байланысты тетіктерін білмейінше табиғатгы оңтайлы пайдалану, шаруашылық қызметті болжамдау және табиғи ортаны өмір үшін жарамды күйде сақтау мүмкін емес.

6) Экологиялық ілімнің екінші қағидасы.

Биосферадағы тұрақтылықпен тепе-теңдік кері байланыс принципі бойынша, тұрақтылығы қамтамасыз етілетін тұйық тізбек негізінде биотикалық айналымдармен қамтамасыз етіледі.

Бұл заңдылық және элементтерге қолданыла алатын циклдар заңдылығы деуге де болады. Бұл экологияның бірінші қағидасымен тығыз байланысты, өйткені кез-келген заттардың пайда болуы және жойылуы, әрі организмдерге қажетті, немесе олардың тіршілік өнімі болатын заттардың түзілу процестерінің жылдамдықтары бір-біріне тең болуы керек.Әйтпесе биогендер бойынша тепе теңдік сақталмайды, яғни олардың циклдарының тұрақтылығы, ал ол біртұтас биосферадағы тұрақтылықты тәуекелге ұшыратуы мүмкін.

Биотикалық айналым не үшін қажет?

Тек тұйық тізбек бойымен (химиялық элементтердің, қосылыстардың) айналым ғана соңғыға (жердегі тірі затқа), шексіздік, соңсыздық қасиетін беруі мүмкін (Вильямс). Мысалы біздің денемізде көптеген клеткаларды және соған сәйкес жаңаруы (ересек жастағы адамдарда бұлардың жалпы мөлшері тұрақты болып қала бергеннің өзінде) жүріп жатады. Дәл осы, бір жағынан тұрақтылықты қамтамасыз етеді, екінші жағынан бүкіл организмнің адаптациясын қамтамасыз етеді.

Биотикалық айналым не үшін қажет? 

Тек тұйық тізбек бойымен (химиялық элементтердің, қосылыстардың) айналым ғана соңғыға (жердегі тірі затқа), шексіздік, соңсыздық қасиетін беруі мүмкін (Вильямс). Мысалы біздің денемізде көптеген клеткаларды және соған сәйкес жаңаруы (ересек жастағы адамдарда бұлардың жалпы мөлшері тұрақты болып қала бергеннің өзінде) жүріп жатады. Дәл осы, бір жағынан тұрақтылықты қамтамасыз етеді, екінші жағынан бүкіл организмнің адаптациясын қамтамасыз етеді.

Мысалы: он екі елі ішекте клеткалар әрбір 24сағатта бір, асқазанның ішкі бетінде әрбір 3күнде, ақ қан түйіршіктері әрбір 10күндк, мидағы белоктың 98% айда бір рет жаңарып отырады.Ал тері клеткаларының жаңару жылдамдығы минутына 100000 дана.

Кері байланыстың бұл көрсетілген принципі және соның көмегімен жүйенің тұрақтылығының қамтамасыз етілуі келесі мысалдан түсінікті болады. Жаздың күндерінде су қоймасындағы балдырлар қарқынды түрде өсіеді. Бұнымен қөректенетін балықтар да қарқынды көбейіп, балдырларды құрта бастайды. Олардың мөлшері минимумға азайған кезде, балықтар өле бастайда да, балдырлар қайтадан өседі және т.с.с. Соңында, кері байланыстың нәтижесінде мұндай теңселулер өше бастайды «балдыр – балық» жүйесіндегі тепе-теңдік орнайды.

Барлық организмдер өзінің тіршілігі барысында тек химиялық заттар ғана емес, физикалық факторларды да қолданатындықтын екі түсініктің маңызын атап кетейік.

1. Экологиялық ресурс – организмдердің тіршілік ету барысында пайдаланатын орта компоненті.

2. Экологиялық шарттар – ортаның абиогенді факторлары (температура, ылғалдылық, судың болуы, ауа және т.б.).

Өсімдіктердің негізгі рөлі -фотосинтез

Жануарлардың геохимиялық рөлі- биотикалық айналым.

Биотикалық айналым (Лавуазье ашқан) биогендердің, организмдердің қатысуымен жүретін табиғаттағы айналым. Ол заттың соңғы мөлшерімен биосферадағы тіршіліктің үздіксіздігін қамтамасыз ететін және оған үнемі күн энергиясының түсуін қамтамасыз етеді. Биосферада химиялық элементтердің миграциясы міндетті түрде организмдердің қатысуымен жүреді (Вернадскийдің атомдардың биогендік миграция заңы бойынша). Биотикалық айналымды төмендегі тепе-теңдікпен өрнектеуге болады.

                            өсімдіктер

Бейорганика             органика  + оттек

                            Жануарлар

7) Атомдардың биогенді миграциясы.

Атомдардың           биогенді            миграциясы           заңы (В.И.Вернадскийдің): жер бетінде  және жалпы  биосферада химиялық элементтердщ миграциясы тірі заттьң тікелей қатысуымен жүзеге асырылады - бүл биогенді миграция.

 

8) Тұрақты даму. Тұрақты даму концепциясы.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен БҰҰ конференциясында Брундтланд комиссиясы баяндамасымен енгізілген және заңдастырылған тұрақты даму ғылыми термині публицистикалық әдибиеттерде талқыланды. 1989 жылы

ақпараттық ортаға «Біздің жалпы келешек» атты кітабының аудармасы шықты, бұл шығарылым ағылшын термині «sustainable development» орыс тіліне «тұрақты даму» деп аударылған болатын. 1970-ші жылдың ортасында тұрақты даму терминін Барбара Уорд қолданды. Ол өз зерттеуінде «Қоршаған ортаны сақтамай, даму болмайды» деп көрсетті. Брундтланд комиссиясының баяндамасына тұрақты даму терминіне саяси ой қосқан болатын. Ал Рио-де-Жанейрода өткен конференцияда оның

халықаралық, экономикалық, әлеуметтік аспектілеріне ерекше назар аударылған болатын. Нәтижесінде ХХ-шы ғасыр соңында тұрақты даму сөздің жіктелу үлгісі маңызды болды.

Жылдар өте келе тұрақты даму ұғымын экологтар да енгізді. Экологиялық тәсілге сәйкес тұрақты дамудың анықтамасы әмбебап. 1989 жылы сондай Тұрақты даму қоршаған ортаның және қоғамның генерациялар теңдігінен, адамгершілік ұстанымынан, түрлерден, топтардан құрылады. Тұрақты даму

анықтамасын Брундтланд комиссиясы екі қарама-қарсы түсіндірулер арқылы анықтайды: бірінші жағынан «әдеттегі өсу шегінің» баяулатылған екпіні, екінші жағынан, «қоршаған ортаның сыйымдылық шектерде шикізат

шығынының өсуі». Кейбіреулер тұрақты дамудың қарапайым терминін қолданады. Тұрақты даму саяси ұран емес, ол шынында әрбір адамның түсінетін әрекетті жақсарту орны. Сайып келгенде, әрбір адам әдептанумен

өзіне меншікті сәйкестікте тұрақты дамуды түсінеді.

Тұрақты даму үш құрастырушыларға бөлінеді :

− әлеуметтік тұрақты даму;

− экономикалық тұрақты даму;

− экологиялық тұрақты даму.

Әлеуметтік тұрақты даму − бұл даму қорларды пайдаланудағы адамдардың тең құқығын қамтамасыз ету мақсатында және тиісті әлеуметтік әділеттіліктерге бағытталған. Әлеуметтік капиталдың ең маңызды түрлері

болып, әлеуметтік амандық, мәдени даму, тәртіп және т.б. саналады. Экономикалық тұрақты даму − адаммен жасалған сүйемелдеу капиталы, адамдық капитал (соның ішінде ақпараттық және мәдениеттік) және табиғи

капитал. Мыналардың жанында қоршаған орта күзетіне шығындардың экстернализациясынан кету қажет.

Экологиялық тұрақты даму − адамдардың амандығы шикізат қайнарларын сақтау және қоршаған ортаны ластанудан қорғауды қамтамасыз ету.

Сайып келгенде, тұрақты дамудың анықтамасында тұрақтылық жобаланбайды, даму ұзақ түрде және әрқашан болады. Сондықтан, тұрақты дамудың басты мақсаты - берік ғылыми база жасау.

Тұрақты даму − қазіргі уақыттың қажеттілігін қанағаттандыратын, бірақ келешек ұрпақтың қабілеттілігінің меншікті қажеттіліктерін қанағаттандыруды қауіп-қатердің астына қоймайтын даму. Болашақта тұрақты дамуды 4 белгіге ерекшелеуге болады. Тап осы белгілер табиғи қорлардың топтастыруларынан және олардың ұдайы өндіріс динамикасынан құрылады:

 Қайта жаңаратын (жер, орман) табиғи қорлардың санының біраз уақытта азаймауы.

 Қайта жаңара алмайтын (күн, жел) табиғи қорлардың азаюын мүмкіндігінше баяулату.

 Мүмкіндігінше қалдықтарды азайтатын қор жинақтаушы технологияларды және аз қалдық шығаратын өндірістерді енгізу. Қоршаған ортаның ластануы (жалпы және бөлек түрде), оның деңгейінен, шамадан тыс

аспауы керек .

 Заңға сүйенген тұрақты дамудың негізін жасау, табиғатты қолдану экономикалық механизмдер арқылы жөнге салу және қоршаған ортаны қорғауБұл төрт белгіні тұрақты даму концепциясын өңдеу кезінде тиісті есепке

алынуы керек. Тұрақты даму концепциясы − бұл дамуда қоршаған орта факторлары, әсіресе экономика ескеріледі. Тұрақты даму концепциялары өркениет тарихында өте маңызды лайықты талаптар туралы дамудың негізі болатын принциптерді келтіреді:

− табиғат және қоғаммен аралық теңдік;

− қоғам ішіндегі теңдік кезеңдегі даму (бөлек елдер мен олардың аймақтары, өркениеттер мен ірі дүние жүзілік агломерациясы);

− адамзаттық қазіргі заманғы және келешек жағдайының аралық теңдігі. Келешек ұрпаққа арналған табиғи қорлардың тіршілігін сақтауы.

− егер адамзат ақылға табиғат пен өз меншік өмірін бағындырса, онда бақытын табады.

Тұрақты даму бағдарламасы 5 негізгі қайшылықтан тұрады. Оларды шешу үшін әр түрлі даму тәсілдерін қолданады. Бұл қайшылықтар өзін жою жолымен рұқсат ете алмайды, рұқсат синтезін талап етеді:

− нақты өмір аралығындағы және табиғат пен үйлесімді өмір сүру; қайшылығы, адамдардың тиісті орнында болуы және табиғатпен үйлесімді өмірде болуы;

− нақты даму және қоршаған орта қайшылығы;

− қазіргі заманғы және келешек ұрпақ аралығындағы ынта қайшылығы;

− бай және кедей елдердің адамдары аралығындағы қайшылық;

− экономика ішіндегі қайшылықтар: өндіріс үлгілерінің орындаулары және оны тұтынуға жағдай жасаушылар, тұрақты дамуды шығаруды және азайтуды болжайды. Тұрақты дамудың негізгі маңызды мақсаты – қажетті

мөлшерде организмдердің табиғи бірлестіктері қайта қалпына келуі.

9) Тұрақты даму тенденциясы мен перспективалары.

Рио де  Жанейрода қоршаған орта және даму жөніндегі Халықаралық Конференцияның юазалық құжаттарын ел басшылары қол қойған соң, Қазақстан да әлемнің басқа елдері сияқты тұрақты даму саласында жауапкершілікке қатысатынын мәлімдеді.

Қоршаған орта және даму жөніндегі конференциядан соң Рионың идеологиясы Қазақстан қаумдастығының өзіндік санасына күшті әсер етті, сөйтіп Рио процесінің дамуына саяси, ұйымдастырушы қаржылық жағынан мұрындық болды. Бұл уақытта Қазақстанның экологиялық қызмет әлеуеті тұрақты өсуде, яғни бар экологиялық мәселелерді шешудің қаржылық және басқа мүмкіндіктері күшейуде.

Құқықтық және институционалды жүйе трансформациолануда. Стратегиялық жоспарлау жөніндегі Агенттік, табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі, тұрақты дамудың ұлттық орталығы, климаттық өзгеру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық координациялық орталықтар құрылды.

Өткен мерзім ішінде Қазақстанда ірі экономикалық өзгерістер мен құрылымдық қайта құрылулар жасалды. ҚР тұрақты даму принциптері негізінде анықтаушы стратегиялық құжаттар дайындалып қабылданды.

Әлемдік конференциядан кейін Қазақстан қоршаған орта және даму туралы халықаралық форумдарға тұрақты түрде қатысуда, барлық негізгі халықаралық ұйымдарға мүше болуда (БҰҰ тұрақты даму туралы комиссия, ЕЭК БҰҰ, ЭСКАТО және т.б.).

Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына әуел бастан жүйелі диалектикалық әрекет тән. ҚР концептуалды және стратегиялық құжаттарында, ел басы Н.Ә. Назарбаевтің жұмысында, баяндамаларында тұрақты дамудың ұғымдары, принциптері мен әдістері жиі қолданылады. ҚР ұзақ мезгілді 2030 даму стратегиясының негізінде де, қазіргі және келешек ұрпақтың ресурстардағы қажеттілік қызығушылықтарын теңдей ескеріп, елдің тұрақты даму жолындағы стратегиялық жобалау және оның қазіргі даму парадигмасын, елді басқарудың индикативті жоспарлау, арқылы әлеуметтік партнерлік басқару приориттері мен консенсус арқылы саяси тұрақтылықты, жеке тұлға мен мемлекеттік мақсаттарды гормонизациялау жатыр.

Басқа көптеген халықаралық бағдарламалардан еркшелігі «Тұрақты дамуды институционалдық күшейту» жобасы ұзақ мерзімді (4 жылдық), тұтастай жергілікті сарапшылар күшімен, Қазақстанның реалды күшімен, шарттарына сай орындалуы. Бағдарлама экологиялық жобалардың мониторингін жүргізу арқылы қайталану мен келіспеушілікті жойу арқылы бюджеттік қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Орхус Конференциясын шешімдеріне қол қойуы және бекітуі, экологиялық саясаттың жаһандынуы, қоғамның демократиялануы, Қоғамдық экологиялық ҮЕҰ-нің тікелей қатысуымен республика дамуындағы жаңа кезең болып табылады.

10) Тұрақты даму концепциясының генезисі.

Жаһандық проблемалар ұғымы 1960 жылдардың соңында қазіргі мәнімен кең түрде тарала бастады. Бұл кезде әлемнің көптеген ғалымдары планетарлық көлемдегі өршіп жатқан қарама қайшылықтар мен проблемаларға көңіл аударып , жаһандық өзгеру жүйесін зерттеу арқылы олардың алдын алу, салдары туралы болжамдар жасауға кірісті. Мұндай зерттеулердің негізгілерінің бірі , өршіп отырған жаһандық проблемалар  шарттарында әлемдік бірлестіктердің эвалюциясын зерттеу бағыты болып табылады.

“Тұрақтылық ” концепциясы қазіргі заманғы жаһандануда  және жаһандық болжауда ерекше маңызды орын алуда. Олардың генезисі 1970 жылдардың бірінші әлемдік модельдерінен басталуда, олардан көп көңіл аударылған  теорияларға “өсу шектері” және “тұрақты өсу ” жатады. Мұндай жобалардың авторлары және қолдаушылары “тұрақты даму ”саясатының іске асырылуы “Тұрақты қоғамның” қалыптасуымен тығыз байланысты екенін атап өтті. Олардың ішінде Л.Браун  “тұрақты қоғам құру” еңбектерінде бұл идеяларды талдаудың алғашқы тірек нұмсқасын жасады.

Жаһандық “тұрақтылық” теориясының маңызды кезеңі қоршаған ортаны қорғауда халықаралық комиссияның 1987 ж баяндамасын жасаған  “Біздің ортақ болашағымыз” баяндамасының жариялануымен басталды. Бұл зерттеушілер тобы БҰҰ тарапынан қолдау табумен қатар тұрақты даму концепциясының идеясы ұсынылды.Мұның негізгі идеялары жарияланған соң қоршаған ортаның тұрақтылығы, өндірістің және ауыл шаруашылығының тұрақты даму және кейбір әлеуметтік экономикалық проблемалардың тұрақты даму смәселелері жөнінде көптеген еңбектер жарияланды.

Бұл концепцияның генезисін талдау барысында “тұрақты емес дамудың” негізгі тенденцияларын бөліп қана қоймай, сонымен қатар ол құбылыстың шығу себептерін анықтауға талпыныстар болған. Мысалы Р.Горгард бүгінге дейін дамудың тұрақсыздығы эпистемологиялық тұрғыда түсіндірілуі мүмкін.Автордың ойыншы адазаттың дамуы мен білімге болған көзқарасы оның алға қарай тарихи дамуының тұрақсыздығына алып келеді. Ал тұрақты даму қоршаған ортаны құраушы жүйелерді, технологияларды, әлеуметтік ұйымдастырудың, білімді және лолардың әрекеттесуәін жаңаша ойлауды талап етеді. Басқа сөзбен айтқанда, ол қазіргі өрекениеттің тарихи  қалыптасқан даму көзқарасын қайта ой елегінен өткізіп, оның тек бүгінгі күннің ғана емес, ертеңгі күннің де принциптріне сай келетңіндерін табу.

11) Қазіргі экологияның құрылымы.

1910 жылы Брюссельде III ботаникалық конгрессте ӛсімдіктер экологиясы особьтар экологиясы (аутэкология) және бірлестіктер (синэкология) болып бӛлініп, бқл жануарлар экологиясына да таралды.

Аутэкология – «аут» грек сӛзінен аударғанда жеке дара немесе биология тілінде особь деген мағынаны білдіреді. Сондықтан аутэкология особьтардың қоршаған ортамен байланысын зерттейтін бағыт. Басқаша, аутэкология - жеке организмдер (особь) арасындағы қарым-қатынастарды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып

зерттеулер жҥргізеді.  

Синэкология – «син» грек сӛзінен аударғанда бірлестіктер немесе топтар деген мағынаны білдіреді. Сондықтан синэкология бірлестіктердың бір бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін бағыт. Басқаша, синэкология - бірлестіктер экологиясы ретінде әр тҥрге жататын органи змдер жиынтығын біртҧтас организмдер деңгейінде зерттейді.Қазіргі экологияның бағыттарын біз ресей ғалымы Реймерс ҧсынған (1994 жылы)

жіктеме бойынша карастырамыз.

Реймерске сәйкес бірінші бағытымыз – динамикалық экология – тірі организмдердің байланысын, зандылықтарын динамикалық-эволюциялық тҧрғыда зерттейді. Екінші – талдамалық (аналитикалық) экология – тірі организмдердің байланысын, зандылықтарын талдамалық тҧрғыдан зерттейді Бҧл екі бағыт барлық

ғылымдарда міндетті тҥрде болады. Ал келесі бағыттар нақтылы экологияның бағыттары.

Ҥшінші бағытымыз – жалпы экология немесе кейбір әдебиеттерде оны биоэкология деп те айтады. Осы бағыт 2 критерий бойынша бірнеше бағытшаларға бӛлінеді. Биотикалық жҥйе деңгейі бойынша (1 критерий) 3 бағытша бар, олар алдында айтылған : 1) аутэкология, 2) синэкология және Реймерс бойынша тағы 3) демэкология –

«дем» грек сӛзінен аударғанда популяция деген мағынаны білдіреді. Сондықтан демэкология популяциялардың бір бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін бағытша. Басқаша, демэкология-бір тҥрге жататын организмдер (особь) тобын, яғни популяцияларды оның табиғи ортасымен байланыстыра отырып зерттеулер

жҥргізеді. Тӛртінші бағытымыз – геоэкология экологиялық жҥйелерді биосфералық деңгейде қарастырады. Қҧрлық пен дҥниежҥзілік мҧхиттардағы экожҥйелер, ондағы қарым-қатынастар мен байланыстар, географиялық ландшафттар бойынша экожҥйелердің қҧрылымы, бірлестіктері, тҧрақтылығы, кеңістік пен уақытқа қатысты ӛзгеруі, экожҥйелер ӛнімділігі, агро және антропогендік экожҥйелер, олардың практикалық маңызы туралы

зерттеулер жиынтығы. Бесінші бағытымыз – қолданбалы экология. Ӛндірісте, ауыл-шаруашылықта қандай сала дами бастайды, экологияда да сондай бағытша пайда болады. Олар ӛндірістік, технологиялық, ауыл-шаруашылық, медициналық, химиялық, инженерлік, геохимиялық т.б.

. Алтыншы бағытымыз – әлеуметтік экология - экологиялық мәдениет, этика, моральды парасаттандыру, адамдардың экологиялық қҧқын қорғау және этноэкологиялық проблемаларды жан-жақты зерттейді. Бҧл бағыт соңғы онжылжықтарда пайда болған. Бірақ оған қарамастан ҥш бағытшасы бар: қоғам экологиясы, жеке тҧлға және этноэкология.

Жетінші бағытымыз – адам экологиясы. Адам экологиясы - ауыл, село, қала тҧрғындарымен дҥние жҥзі халықтарының сандық және халықаралық қарым-қатынастарын ҥйлестіру, кӛпшілікке ҥздіксіз экологиялық білім, тәрбие беру. Қазіргі таңда бҧл бағытта ҥш бағытшаны қарастыруға болады: урбоэкология – қала экологиясы, демография – дҥниежҥзілік халықтың саны, аркология – сәулет экологиясы.

12) Тұрақты даму констектінде экономикалық жаһанданудың даму индикаторлары.

«Тұрақтылық» концепциясы қазіргі заманғы жаһандануда және жаһандық балжауда ерекше маңызды орын алуда. Олардың генезисі 1970 жылдардың бірінші әлемдік моделдерінен басталуда, олардан көп көңіл аударылған теорияларға «өсу шектері» (the Limits of growth) және «тұрақты өсу» (sustainable growth) жатады.

Мұндай жобалардың авторлары және қолдаушылары «тұрақты даму» саясатының іске асырылуы «тұрақты қоғамның» қалыптасуымен (sustainoble society) тығыз байланысты екенін атап өтті. Олардың ішінде Браун «тұрақты қоғамды құру» (1987 ж.) еңбектерінде бұл идеяларды талдаудың алғашқы тірек нұсқасын жасады.

Жаһандық «тұрақтылық» теориясының маңызды кезеңі қоршаған ортаны қорғауда халықаралық комиссияның 1987 ж. баяндамасын жасаған «Біздің ортақ болашағымыз» баяндамасының жарияланумен басталды. Бұл зерттеушілер тобы БҰҰ тарапынан қолдау табумен қатар «тұрақты даму» (sustainable development) концепциясы идеясы ұсынылды.

Бұны, біріншіден қазіргі жағдайды зерттеулер мен ертеректе болашақтың «тұрақты даму» моделімен байланыстырушы деп, екіншіден бұл концепцияда жаһандық дамудың теориялық проблемаларымен оларды шешудің практикалық саяси, құқықтық ұсыныстарын байланыстарушы мағынасында қарастыруға болады

«Тұрақтылық» ұғымының түрлі түсіндірулерінің талдауы көпшіліктің бұл мәселе жөніндегі пікірлерінің қалыптасуы «тұрақты дамудың» өзіне әлдеқайда терең ойлы анықтама беруді қажет етті.

Барлық мағыналарды бойына сіңірген деп санауға болатын мұндай анықтаманы Х. Брунланд комиссиясы берді: Онда «Тұрақты даму» (sustainable development) ол – қазіргі уақыттың талаптарын қанағаттандырушы, бірақ болашақ ұрпақтың өз қажеттіліктерін қанағаттандыруына қауіп төндірмейтін даму деп көрсетілген. 

БҰҰ қоршаған орта және даму жөніндегі конференциясының (Рио-де-Жанейро 1992 ж.) декларациясында әлемдік бірлестіктің тұрақты даму жолында жетекшілік ететін 27 принцип баяндалған. Олар адамдардың денсаулығын, жемісті еңбек етуін, ресурстарды үнемді пайдалану, қоршаған ортаны сақтау және т.б. қамтиды. Сонымен қатар, жоғарыда айтылғандай әрбір ел өзінің ұлттық стратегиясын тұрақты даму индикаторы негізінде принциптер біртұтастығында қатысуын дәлелдеуі мүмкін.

Индикатор – бұл біздің қайда екенімізді анықтауға көмектесетін, мақсатқа жету үшін қандай жолмен жүруіміз керегін көрсетуші. Ол проблеманы көруге және оны қалай шеше алатынымызды анықтаушы. Әсіресе тұрақты даму индикаторы экономика мен қоршаған орта, социум байланыстары нашар жерлерде өте қажет болады. Мысалы, денсаулық проблемалары бар бір социумда негативті тенденцияларды анықтау бола алатын дағдарыстың, өнімдерін алдын алуға көмектесуі. Тұрақты дамуды бір емес бір неше индикатордың бір-бірімен байланыста әрекеттесуін пайдалану жақсы нәтиже бере алады.

Индикаторлар жүйесінде аймақтық дамудың үш аспекті сипатталады: экономикалық, әлеуметтік және экологиялық. Алдымен әлдеқайда маңызды бірінші деңгейдегі индикаторлар дей алатын көрсеткіштер алынады.

  1.  Экономикалық даму индикаторлары: аймақтық жиынтық  өнім (АЖӨ), қаланың немесе аймақтың инвестициялық тартымдылығы (АИТ).
  2.  Әлеуметтік индикаторлар: өмір сүру ұзақтығы (халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы), демографиялық құрылымы, демографиялық жүктеме, жүмыссыздық деңгейі, құқық бұзушылық деңгейі және миграция көрсеткіші.
  3.  Қоршаған ортаның күйін анықтаушы индикаторлар: атмосфералық ауаның сапасы, жер беті суларының сапасы, топырақтың ластылығы, қалдықтардың түзілуі және оларды механикалық өңдеу деңгейі, шу, дүрсілмен ластану деңгейі. Бұларды үш топқа біріктеруге болады.

`13) Тұрақты дамудағы ғылыми келіс (әдіс). Шаруашылық сыйымдылық.

14) Атмосфера құрылымы, химиясы.

Атмосфера – бұл Жердің газдық қабаты. Оның қалындығы (1000-1500 км) магниттік паузамен шектелген) жердің радиусының төрттен бір бөлігін, ал тығыздығы судан мың есе төмен. Массасы 5 . 1015 т. Атмосфера тыныс алу, жылу режимін ұстап тұру, заттарды тасымалдау және биотаны космос сәулелерінен қорғаудан басқа бізді метеориттерден қорғау ролін атқарады. Планетедағы оттекті тірі заттектер 5200-5800 жылда тоық жаңартады. Ал оның барлық массасы тірі организмдер арқылы  шамамен 2000 жылда өтеді. Атмосфералық көмір қышқылының тірі организмдер арқылы өтуі 300-395 жыл аралығында.

Атмосфераның құрылысы мен құрамы. Атмосфера жер бетінен жоғары қарай шамамен 3000 км-ге дейін созылады. Жоғарылаған сайын атмосфера-ның химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері өзгереді. Температураның өзгеруіне байланысты атмосфера бірнеше қабаттарға (сфераларға) бөлінеді.

Жер бетіне ең жақын орналасқан қабатты тропосфера деп атайды. Бұл қабат жер белдеулерінен 7-10 км-ден (полярлық бөліктерде) 16-18км (экватор үстінде ) биіктікке дейін созылады. Бұл қабатта ауаның 80%-ке дейін жинақталады. Тропосферадағы ауа әр түрлі бағытта  әр түрлі жылдамдықпен үнемі тәртіпсіз қозғалып, өзгерып отырады. Қозғалыс нәтижесінде құрғақ ауа ылғалды  ауамен, жылы ауа салқын ауамен алмасып тұрады. Негізгі бұлттардың түзелетін  жері жылы қабат. Циклондар мен антициклондар осында өрбіп, өшіп отырады. Осыған қарай жер бетіндегі ауа райы тропосфераға қатынасты.

Атмосферадағы бөлшектср өздері таралған кеңістікте толассыз козғалыста болғандықтан, көлемі мен пішінін сақтамайды. Сондыктан ауаның белгілі бір жерде қысымы артса, қысымы аз жаққа ауысып отырады. Ауаның осындай козғалысынан жел пайда болады. Жер бетінен әр шақырымға көтерілген сайын ауаның температурасы 6,5 "С төмендеп  отырады да, ал 18-20 км биіктікте төмендеу тоқтатылып, температура тұрақталады, шамамен — 56 "С болады. Атмосфераның бұл бөлігін тропопауза дсп атайды.

Жер бетінен 20-50 км биіктікте орналасқан келесі кабат –стратосфе-ра. Ауаның қалған бөлігі осы кабатта болады, жел екпіні төменгі кабаттармен салыстырғанда мұнда оте баяу келеді. 25 км биіктіктен кейін бұұл кабаттың жоғары бөлігінде әр шақырымға көтерілген сайын температура орта есеппен 6 "С-ге жоғарылап отырады. 46-54 км биіктікте орналаскан аралық стратопауза кабаты, онда температура 0 "С шамасында.

Атмосфераның 55-80 км биіктігінде орналасқан кабат - мезосфера. Бұл қабатта әр шақырымға жоғары көтерілген сайын температура 2-3 "С-ге төмендеп отырады. Келесі мезопауза деген қабатта түрақталған температура мөлшері 75 - 90 "С шамасында.

Жоғарыда қаралған кабаттардың үстіндегі атмосфера қабатында газ молекулаларының иондарға ыдырау қабілеті өте жоғары болғандықтан, оған ионосфера деген атау қолданылады. Бұл қабаттың калыңдығы бірнеше мыңдаған км-ге дейін созылады. Атмосфера қабатының нақты шекарасы аныкталмаған. Жер серікіері мен ракеталар арқылы алынған деректер бойынша атмосфера 10-20 мың км биіктікке дейін жайылған. Атмосфераның ең үстіндегі қабатын экзосфера деп атайды. Атмосфералық газдардың экзосферадан әлем кеңістігіне шашырай бастауына байланысты, сы қабатты планета аралық кеңістік деп те есептейді.

Атмосфераның химиялык құрамы 90 км биіктікке дейін тұрақты. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен 90' км-дейін  жоғары жатқан атмосфера кабаттарында бұл тұрақтылық бүзылады, осыған орай оның химиялық күрамы да түрақсызданады.

Ауа қабаты планетамыздағы табиғаттың ең динамикалық бөлімі болып табылады. Жер бетімен атмосферадағы, гидросфера мен биосфера арасында газдармен, сумен және жылумен алмасу болады. 

Атмосфера химиясы.   

Атмосфераның жоғарғы қабаттары Жер бетіндегі тіршілікті анықтаушы болады. Бұл, оларды рентген, ультракүлгін сәулелермен және космос бөлшектерін қорғаушы тосқауылы болумен байланысты.

Термосфера. 

Экзосферада газдар аз болады, ол сиретілген орта болғандықтан  атмосфера химиясында шешуші роль атқармайды. Мұнда көбінесе сутек, гелий атомдары, ал төменректе оттек болады. 

Атмосферадағы химиялық процестер жұықтап алғанда 250 км биіктіктен басталады. Мұнда азот пен оттек бар, ал су буы мен көмір диоксиді жоқ. Осы биіктіктен бастап,  төмендегілерде (90-100 км) ультракүлгін сәулелерді сіңіру жүреді.

15)Ауаның ластануы. Оны қорғаудың әдіс-тәсілдері мен маңызы.

Атмосфера табиғи жолмен және адамның іс-әрекеті нәтижесінде ластанады. Атмосфераның табиғи жолмен ластануы жанартаудың атқылауына (жерде бірнеше мың жанартау бар, олардың 500-ден астамы активті түрде), тау жыныстарының үгітілуіне, шаңды дауылдардың тұруына, орман өрттеріне (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының қүрғауына, тірі организмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты.

Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни әртүрлі аурулар қоздыратын бактериялар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары жатады. Сонымен қатар атмосфераны ластайтындар қатарына космос шаң-тозаңын жатқызуға да болады. Космос шаңы атмосферада жанған метеориттер қалдықтарынан пайда болады. Секундына атмосфера арқылы орасан жылдамдықпен (11-ден 64 км/с дейін) 200 млн-ға жуық метеориттер ауа қабатынан өтіп отырады, 60-70км биіктікте көбісі жанып үлгереді. Ғалымдар болжамына сәйкес тәулігіне жер бетіне 108 кішігірім метеорит түседі. Жерде атмосфера үлкен космостық жарқыншақтардан да сақтайды. Жыл сайын жерге 2-5 млн.тонна космостық шаң түсіп отырады. Табиғи шаң да Жермен жанасқан атмосфераның құрамдық бөлігіне жатады. Ол ауада қалқып жүретін радиусы 106-105м шамасындағы бөлшектерден тұрады. /7-9/.

Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы, т.б. жатады. Тек өндірістік кәсіпорындардың ғана қорғаныш ортаға әсер етін ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын шығарындылар (газ, бу, ауа тозаңы), энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ультракүлгін, лазерлі сәулелер, иондағыш шығарындылар және т.б. Ауаны ластайтын компоненттердің химиялық құрамы отын-энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа, оларды өңдейтін технологияға байланысты келеді.

Ауаның ластануын болдырмау және оның зиянды зардаптарын жою мынадай негізгі бағыттарда жүргізілуі қажет:

  1.  зиянды, ластаушы заттарды ауаға шығармау;
  2.  ластаушы заттар әсерлерінен қорғану;
  3.  ластаушы заттардың зиянды әсерін, зардабын жою;
  4.  зиянды әсерлердің алдын алу, оларды болдырмау;

Атмосфераны қорғау шараларын төрт топқа бөлуге болады:

  1.  Техникалық тазалық шаралары: түтін мұржаларын биік салу, түтін, газ тазартқыштарын орнату, жабық газ шығармайтын технологиялық және тасымал машиналары, қондырғылар
  2.  Технологиялық шаралар: толық немесе жартылай тұйықталған технология құру; шикізатты қалдықсыз өңдеу; шикізаттың, отынның зиянсыз түрлерін қолдану; өндірісті автоматтандыру.
  3.  Өндірісті ұйымдастыру шаралары: өндірістік жасыл алаңдар, санитарлық алқаптар құру; өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті жел бағытына, жер жағдайына тиімді орналастыру; зиянды өндірісті қаладан тысқары жерге орналастыру; қалалар, елді-мекендерді көгалдандыру және тиімді орналастыру;
  4.  Тыйым салу, бақылау шаралары: ластаушы заттардың шығарылуын нормалау, шектерін белгілеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, оларды уақыт, территория және зерзаттар бойынша шектеу. Атмосфераны қорғау бағдарламаларын бекітіп, олардың орындалуын қадағалау. Жекелеген өте зиянды заттар шығаруды тоқтату, өндірісте қолдануға тыйым салу, т.б

16)Атмосфераны қорғау.

Атмосфераны қорғау – атмосфера қабаттарының химиялық және энергиялық тұрақтылығы мен тепе-теңдігін сақтауға арналған шаралар жиынтығы. Адам баласы өзінің материалдық мұқтаждығын өтеу үшін өнеркәсіпті, автокөлікті,  ғарышты, су көліктерін пайдалана отырып, атмосфераның ластануына жол береді. Атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары – ірі кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарында аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандықтарынан бөлінетін газ тәрізді, аэрозол, ауыр металдар, фенолдар, т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау.

Кең байытатын, мұнай өнімдерін  өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп  орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз  технолоғияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу Казанды қатарынан  бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, Фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың  негізгі шаралары болып табылады.

Атмосфера құрамындағы оттегі мен көмірқышқыл газының тұрақты  болуы жалпы ауа бассейінің тепе-теңдігіне  әсер етеді. Мысалы, оттегі тірі организімдер үшін тыныс алуды қамтамасыз ете  отырып, топырақ пен судағы бүкіл  химиялық реакцияға қатысады. Оттегі жетіспеген жағдайда жануарлар мен  адамдар тұншыға бастайды.

 

Оның өндіруші көзі –  жасыл өсімдіктер әлемінде жүріп  жатқан фотосинтез процесі. Көмірқышқыл  газының да ауадағы шекті мөлшері  көбейсе адамдар мен жануарлардың тыныс алуы нашарлайды. Сондықтан  ауа құрамындағы негізгі екі  газдың тепе -* теңдік мөлшері қатаң  сақталуы тиіс. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық  дағдарысқа ұшырап отыр. Ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай  түрліше үлес қосып келеді.

Біздің республикамызда  атмосфера ауасына шығарылатын  зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде  химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу  институтының үнемі бақылауында  болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылға  және тоқсанға жіктеліп « Ақпараттық экологиялық бюллетень» журналы  арқылы көпшілікті хабардар етеді.

Атмосфераның ластану  индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі  өзгеріп отырады.

Өйткені аталған қалалардағы  өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған  қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдары  Ленингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен  Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метрологиялық жағдайы  қолайсыз.

Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті  одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының   Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.

Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар  мен атмосфера ластануының алдын  алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік  жоспарларында көзделеді.  Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық  ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері   белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы  ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары  мен  қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.

17) Парниктік газдар. Жаһандық жылыну.

Парниктік газдар бұл жер бетінің және күннің жулу сәулесін (ИҚ) жұтатын және оны қайтадан сәулелендіру арқылы тропосфераға жылуды қайтаратын ауада қорғаушы қабат түзетін қосылыстар. Нәтижесінде сол аймақта температура көтеріледі. Парниктік газдарға көмір қышқыл газы, су буы, метан, фреондар, азот оксидтері және т.б. Осы жазылған ретпен олардың ауадағы мөлшері азаяды және соған сәйкес олардың қорғағыштық үлесі де солай болады.

Қазіргі кезде парниктік эффектің болуы 60% адам қызмет нәтижесінде бөлінетін көмір диоксидіне (жылына 250 млн. т астам) байланысты. Сонымен қатар атмосферадағы оның мөлшері уақытқа байланысты түзу сызықтық байланыста өсуде.

Парниктік газдардың ішінде бұл негізгі компонент көміртек диоксиді атмосфераға тереңдегі шөгінді жыныстардың тотығуынан, жанар таулар мен магмалық процестерден және биотаның тіршілігі нәтижесінде түседі. Оның бұл түсу жылдамдығы байланысатын мөлшерімен жылдамдығына тең болып тепе-теңдік қамтамасыз етілген. Бірақ өндірістік революциядан соң (XVIII ғасыр) тепе-теңдік бұзылып, тропосферадағы СО2 мөлшері жуықтап жылына 0,34% өсіп отырып, қазіргі кезде нормадан әлдеқайда жоғары болып 31% асып отыр.

Келесі компонент метан, бұл газ концентрациясы ХІХ-ғасырда 2-3 есе өсіп, тепе-теңдік баяғыда бұзылған. Оның көзі күріш алқаптары, мал қоралар, кен қазба жұмыстары және бұлардың көлемі әліде өсуде.

Фреондар – бұл фторхлоркөмірсутектер қоспасы (CF3Cl, CF2Cl2 және т.б.). Олардың синтезі өткен ғасырдың 30-шы жылдарында басталып қазір оның атмосферадағы мөлшері жыл сайын 5-10% өсуде. Бірақ бұның өсуін де тоқтату әзірше мүмкін емес.

Ауада N2O мөлшерінің XIX-ғасырдан қазірге дейін өсуі 20% асып отыр. Оның атмосферадағы концентрациясы (1% төмен) аз болғанымен динамикасы қорқытуда. Оның негізгі көзі минералды тынайтқыштар өндірісі мен қолданылуы.

Ауадағы күкірт қосылыстарынан ең көп тарағаны (мөлшерінің азайту ретімен): SO2 (1 мг/м3 қала ауасында), COS, CS2, H2S, (CH3)2S, SO42-. Бір жылда табиғи процестер нәтижесінде түрлі микроорганизмдердің биоқалдықтарды жойуы, өрттер және т.б. атмосфераға 30-40 млн т күкірт қосылыстарын, ал адам қызмет нәтижесінде 60-70 млн т тек күкірт диоксиді түседі.

Антропогенді қызмет отын жағумен, металлургия, химия, мұнай өндегіш өндірісімен және т.б. байланысты. 1 млн.т көмір жанған кезде 25 мың кг күкірт оксид түрінде бөлінеді.

Ғаламдық жылыну — XX және XXI ғасырлардағы Жер атмосферасы мен Дүниежүзілік мұхиттың орташа-жылдықтемпературасының біртіндеп өсу процесі.

Климаттың өзгеруін зерттейтін БҰҰ-ның мемлекетаралық эксперттер тобының пайымдауынша (және Үлкен Сегіздік елдерінің ұлттық академияларының келісімімен) XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жердің орташа температурасы 0,7 °C көтерілді және соңғы 50 жылдағы жылыну процесінің көп бөлігі адамзаттың кесірінен орын алған, бірінші кезекте газдардың атмосферағашығарылуынан туындаған көмірқышқыл газы (CO2) мен метанның (CH4) «көшетхана эффектісі» (Greenhouse effect).

IPCC ұйымының климаттық модельдерге байланысты алынған мәліметтері бойынша: XXI ғасырда Жер бетінің орташа температурасы 1,1 °C-тан 6,4 °C-қа көтеріледі-мыс. Ал кейбір аймақтарда керісінше сәл төмендейді.

Дүниежүзілік мұхит деңгейінің өсуімен қатар ғаламдық температураның да өсуі атмосфералық жауын-шашын мөлшерінің өзгеруіне алып келеді. Нәтижесінде табиғи катаклизмдер жиілеуі мүмкін, мысалы: су тасқындары, қуаңшылықтар, дауылдар және басқалары, жапа шеккен аймақтарда ауылшаруашылық өнімдерінің мөлшері төмендейді және басқа аймақтарда жоғарлайды (көмірқышқыл газы концентрациясының көтерілу есебінен). Жылыну процесі — мұндай құбылыстардың масштабы мен жиілігін жоғарлатуы ықтимал.

Климаттың жылынуынан келесі қауіп туындауы мүмкін: кейбір жануар немесе өсімдік түрлерінің таралу аймағының полярлық зоналарға ығысуы; жаға зоналары мен аралдарда мекендейтін саны аз түрлердің жойылуы[1].

Кейбір зерттеушілердің ойынша, ғаламдық жылыну — бұл тек миф, ал кейбіреулері бұл процеске адамның қатысы мүлдем жоқ деп санайды. Бірен-саран зерттеушілер ғаламдық жылынуға сенгенімен, климатқа қатты әсер ететіндердің бірі - бұл өндірістік қалдықтар дегенге сенбейді.

18)Ауыр металдар. Қоршаған ортаны олардан қорғау.

Ауыр  металдармен ластану – жер бетінде қорғасын, сынап, кадмий, т.б. ауыр металдардың жергілікті, аймақтық және ғаламдық жиналу процесі. Ортаға металдардың ену жолдары әр түрлі (металл бөлшектерді жоңқалау, коррозия, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жылу энергетикасы қондырғыларының, т.б. шығарындылары); олар, негізінен, терең жер қабатынан алынуы және жер бетінде таралуы арқылы жиналады. Бұл орайда антропогендік химиялық реакция нәтижесінде табиғи қосылыстардан металдардың босауының үлесі шамалы.

Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаның көптеген мөлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Республиканың көптеген аймақтары газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластану деңгейі жоғары болуына байланысты олардың жануарлар ағзасына түсуіне, тигізетін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өндіріс ошақтары орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде  әр түрлі химиялық қосылыстар, ауыр металдар түсуде. Ауыр металдардың 80% микро-элементтердің қатарына жатады. Микроэлементтердің ауыз су мен тағам өнімдерінде жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына, нәтижесінде эндемиялық аурулардың дамуына әкеліп соқтырды. Ал, ауыр металдардың өсімдіктер мен жануарларда  артық мөлшерде жинақталуы олардың ағзасында жүретін тіршілік үшін маңызды процестерге қауіп төндіреді. Бұл, ауыр металдардың суда, топырақта қалыпты мөлшерде болу қажеттілігін талап етеді. Себебі, трофикалық тізбек арқылы таралып, биотаға және адам ағзасына түседі де, оларға  кері әсер етеді. Өндіріс қалдықтарының қоршаған орта нысандарына түсуін, жинақталуы мен миграциясы, заңдылықтарын зерттеу олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.

Атмосфераны антропогенді шығарындылардан қорғау бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі болып отыр. Әрине, бұл тек температураны көтеретін парниктік газдар ғана емес, мұнда органика, ауыр металдар ерекше орын алуда. Мысалы, әлемдік мұхитқа түсетін сынаптың 30% және қорғасынның 50% атмосферамен тасымалдануда. Атмосфераның ластануы тіршілікке маңызды күн сәулесінің реакциясын азайтуда, ал ол жануарлардың өнімділігін төмендетіп, өсімдіктерді жойып адам ден- саулыығына зақым келтіруде.

Ластанған қоршаған ортаны қайта қалпына келтірудің физикалық, химиялық және биологиялық жолдары белгілі. Олардың ішінде химиялық немесе физикалық әдістермен топырақты тазарту өте қымбатқа түседі. Мысалы, АҚШ-та жоғарыдағы әдіспен бір тонна топырақты тазартуда 50-ден 1000 долларға дейін қаржы шығатындығы есептелген. Жалпы есептегенде 1 гектар жерді тазартуға 750 000 доллар шығын кетеді .

Қоршаған ортаны қайта  қалпына келтіру, әсіресе топырақты  ауыр металдардан мұндай жолдармен  тазарту өте тиімсіз. Жоғарыда келтірілген  әдістердің ішіндегі ең тиімдісі-биологиялық  әдіс.  Әсіресе, ластанған ортаны  өсімдіктер көмегімен  қайта қалпына  келтіру жолдарын жасау соңғы  жылдары аса қарқынды дамуда.

19) Табиғи ресурстар. Оларды тиімді пайдалану.

 




1. ЗАТВЕРДЖУЮ1
2. 2013 уч году Назначение тепловой обработки и ее виды
3. Золотопромышленность.html
4. Перспективы развития и использования асимметричных алгоритмов в криптографии
5. Чипирование важный атрибут современной жизни
6. Лідокаїн Краплі для очей Термінальна Холінергічні Розширення зіниці Блокада Мхол
7. Вплив живих організмів на географічну оболонку
8. Истраниной Анастасии 11А класса Жидкие кристаллы вещества обладающи
9. Особенности организации финансов
10. 37Глава П МЕЖДУНАРОДНЫЙ КОНФЛИКТ- ПРИЧИНЫ ФОРМЫ ПРОЯВЛЕНИЯ И ХАРАКТЕР РАЗВИТИЯ Россия точно так же как
11. Курсовая работа- Формирование временной перспективы в онтогенезе
12. rdquo; Тиссо Лечебная физкультура является составной частью общей физкультуры и одним из важнейших мет
13. 06 урологія А в т о р е ф е р а т дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата ме
14. Вступ В умовах розбудови української державності надзвичайно актуальною є проблема формування особистост
15. Об общих началах государственной молодежной политики в СССР
16. Тематика рефератів для індивідуального завдання 2 Варіант відповідає номеру студента в журналі академічн
17. холодной войны Признаки однополярности США По совокупному потенциалу силы США превосходят осталь
18. Ой подумаешь подстрелил он обеих ' возмущался Саня Беронов уже битый час
19. Отряд гусеобразные
20. Test nturl resource is its geogrphicl loction