Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~орша~ан орта мен адамзатты~ ~зара ~арым ~атынасын реттеуге ба~ыттал~ан ы~ нормаларыны~ жиынты~ы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

  1.  Қазақстан Республикасы Экологиялық құқығының пәнінің түсінігін беріңіз. Экологиялық құқығының жүйесі қалай бөлінеді және экологиялық құқықтың қағидаларына жеке тоқталыңыз.  Экологиялық құқық құқық саласы ретінде- қоршаған орта мен адамзаттың өзара қарым- қатынасын реттеуге бағытталған құқық нормаларының жиынтығы.Экологиялық құқықтың пәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық құқықтың жүйесі 3 бөлімнен тұрады: - жалпы: экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, қағидалары, қайнар көздері, тарихы; табиғат пайдалану құқығы; экологиялық құқық саласындағы мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратны органдардың қызметі; заңды жауапкершілік; - ерекше: қоршаған ортаның жекелегн объектілерінің құқықтық режимі және оларды құқықтық қорғау мәселелері; - арнайы: қоршаған ортаны қрғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері. Экологиялық құқытың қағидалары- қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қатынастарын реттеу барысында басшылыққа алынатын негізгі идеялар мен бастамалардың жиынтығы. Экологиялық құқықтың қағидаларын мынадай топтарға бөліп қарастырады:- халықаралық- 1992 жылы БҰҰ Рио- де- Жанейро қаласында қабылдаған қоршаған ортаны қорғаудың 26 қағидасы; - жалпы- ҚР Конституциясында бекітілген қағидалар тобы; - арнайы- ҚР ЭК- на сәйкес: 1) Қазақстан Республикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету;2) экологиялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;3) экологиялық қатынастарды реттеу кезiндегi экожүйелi көзқарас;4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы мемлекеттiк басқару;5) қоршаған ортаны ластаудың және оған кез келген басқа түрде залал келтiрудi болдырмау жөнiнде алдын алу шараларының мiндеттiлiгi;6) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылықтан бұлтартпау;7) қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу мiндеттiлiгi;8) қоршаған ортаға әсер етудiң ақылы болу және оған рұқсат алу тәртiбi;9) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде неғұрлым экологиялық таза және ресурс үнемдеушi технологияларды қолдану;10) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органдар қызметiнiң өзара әрекеттестiгi, үйлесiмдiлiгi мен жариялылығы; 11) табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаны ластауды болдырмауға, азайтуға және оны жоюға, қалдықтарды кемiтуге ынталандыру;12) экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi;13) табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаға әсер ету кезiнде ұлттық мүдделердi қамтамасыз ету;14) Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының халықаралық құқық принциптерiмен және нормаларымен үйлесуi;15) жоспарланып отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң экологиялық қауiптiлiгi презумпциясы және оны жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдаған кезде қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсерiн бағалау мiндеттiлiгi болып табылады.

2.Экология саласындағы мемлекеттік басқару органдардың ролі мен маңызы қандай?. Экологиялық басқару функциясы қандай нысанда жүзеге асырылады?  Мемлекеттік басқару- қоршаған ортаны қорғауды және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық- атқарушылық қызмет. Ерекшеліктері: мемлекет тарапынан жүзеге асырылады, биліктік сипатта болады, мемлекеттің экологиялық саясатының көрінісі, қоршаған ортаны қорғауға бағытталғандығы, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуде. Мемлекеттік басқару 3 түрлі нысанда жүзеге асырылады: құқық шығармашылық; құқық атқарушылық; құқық қорғаушылық. Мемлекеттік басқару органдары келесі жүйеге жіктеледі: - жалпы құзыретті органдар: ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі; - арнайы құзыретті органдар: қоршаған ортаны қорғау министрлігі; - функционалды органдар: салық органдары, табиғат қорғау органдары, төтенше жағдайлар министрлігі, жер қойнауын қорғау комитеті, орман және аң шаруашылығы комитеті, құқық қорғау органдары. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың жекелеген функциялары- қоршаған ортаны қорғау саласында келесідей функциялар жүзеге асырады: қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық реттеу, экологиялық нормалауды жүзеге асыру, табиғи ресурстар кадастрін жүзеге асыру, қоршаған ортаның мониторингін жүргізу, экологиялық сараптаманы жүзеге асыру, экологиялық білім беру және ағарту, қоршаған ортаны қорғау саласындағы экономикалық реттеу, экологиялық бақылауды жүзеге асыру, экологиялық дауларды шешу, экология саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, экологиялық рұқсатты беру, т.б.

3.Экологиялық құқықтық қатынастардың түсінігін беріңіз және олардың субъектілері мен объектілерін талдаңыз.  ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады. 2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.). 3. Заңды тұлғалар. 4.  Жеке тұлғалар- ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен  міндеттерінің жиынтығы.

4.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау қандай органмен және қалай жүзеге асырылады? Экологиялық аудит дегеніміз не? Экологиялық  кадастрдың анықтамасына тоқталып,түрлерін ажыратыңыз.Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру мен пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын орг/р:1)қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган; 2)су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;3)жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган;4)орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;5)жануарлар дүниесiн қорғау,молықтыру ж/е пайдалану саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;6)ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;7)жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi мем/к орган; 8)өнеркәсiп қауiпсiздiгi саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 9)халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 10)ветеринария саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 11)өсiмдiктердi қорғау мен олардың карантинi саласындағы уәкiлеттi мем/к орган;12)атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкiлеттi мем/к орган; 13)көлiктi бақылау органдары болып табылады. Мемлекеттiк экологиялық бақылау шаралар кешенiн, оның iшiнде: 1) бақылаудың басымдықтарын айқындауды; 2) бақылаудың қолданыстағы құралдарын пайдалануды;3) қызметтiң перспективалық жоспарларын, нақты iс-шаралар мен қажеттi кадрлық және материалдық ресурстарды, сондай-ақ сапалық және сандық көрсеткiштердi әзiрлеу мен енгiзудi;  4) тексерiлетiн объектiлер бойынша жұмыстардың жылдық және жедел жоспарларын әзiрлеу мен енгiзудi; 5) инспекторлық тексерулер жүргiзудi;6) талдама бақылаудың деректерiн және мемлекеттiк экологиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де ақпаратты жинауды, талдау мен пайдалануды;  7) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң перспективалық, жылдық және жедел жоспарларын есепке алуды, құжаттауды және олардың iске асырылуын талдауды;   8) мемлекеттiк экологиялық бақылау бөлiмшелерi қызметiнiң ашықтығы мен есеп беруiн қамтамасыз етудi қамтиды. экологиялық аудит – аудиттелетiн субъектiлердiң шаруашылық және өзге де қызметiн экологиялық тәуекелдердi анықтау мен бағалау және олардың қызметiнiң экологиялық қауiпсiздiк деңгейiн арттыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге бағытталған тәуелсiз тексеру. Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары Экологиялық Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады. Өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттiк кадастры (бұдан әрi - Қалдықтардың мемлекеттiк кадастры) қалдықтарды орналастырудың әрбiр объектiсi (олардың кеңiстiктегi орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлерi, олардың шығу көздерi мен физикалық-химиялық қасиеттерi (халыққа және қоршаған ортаға қауiптiлiгi ескерiле отырып), компоненттiк құрамы, сандық және сапалық көрсеткiштерi, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізiнде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бiрегей мәлiметтер жиынтығы болып табылады. Зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызудың мемлекеттiк кадастрын (бұдан әрi - Көмудiң мемлекеттiк кадастры) жүргiзу - Қазақстан Республикасының аумағында зиянды заттарды, радиоактивтi қалдықтарды көму мен сарқынды суларды жер қойнауына ағызу объектiлерi бар табиғат пайдаланушылар үшiн мiндеттi болып табылады.

5.Табиғатты пайдалану құқығы дегеніміз не және оның қандай түрлері бар? Табиғатты пайдалану құқығының субъектілірі мен объектілеріне талдау жасаңыз.  Табиғатты пайдалану құқығы 2 мағынада түсіндіріледі: - объективті мағынада- табиғи ресурстарды тұрмыстық, шаруашылық, мәдени және өзге де қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында пайдалы қасиеттерін алумен байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін құқық нормаларының жиынтығы. – субъективті мағынада- әрекет және құқық қабілеттілігі бар тұлғаның табиғи ресурстарды иелену, пайдалану бойынша құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы. Табиғатты пайдалану құқығының түрлері: - жалпы: тегін түрде жүзеге асырылады, халықтың өмірлік қажеттілігін қанағаттандыру үшін жүзеге асырылады, қоршаған ортаға кері әсерін тигізбейді, арнайы құзыретті органдардың рұқсатын талап етпейді, табиғи ресурстардың қоршаған ортадан бөліп алуды қарастырмайды; - арнайы: ақылы түрде, арнайы құзыретті органнан лицензия алу талап етеді, табиғи ресурстарды пайдалану үшін қоршаған ортадан бөлініп алынады, шаруашылық қызметінің көрінісі болып табылады; - уақытша: пайдаланудың алдын- ала мерзімі белгіленеді және заңда тікелей көрініс табады, қысқа мерзімді- 5 жыл, ұзақ- 5-49 жыл; - тұрақты: табиғат пайдалану құқығының алдын- ала мерзімі белгіленбестен белгісіз уақытқа берілетін табиғат пайдалану түрі; - өтеулі: табиғат пайдалану құқығы ақылы түрде алынады, ҚР заңнамасында көзделген төлем төленуге тиіс; - өтеусіз: төлемақы төленбейді, тегін түрде жүзеге асырылады. Табиғат объектілеріне байланысты табиғат пайдалану құқығы: жер пайдалану, жер қойнауын пайдалану, суды пайдалану, орманды пайдалану, жануарлар дүниесін пайдалану, өсімдіктер дүниесін пайдалану, қоршаған ортаға эмиссиялар. Субъектілеріне байланысты табиғат пайдалану түрлері: тұрақты және уақытша; ұлттық және шетелдік, мемлекеттік және мемлекеттік емес, жеке және заңды тұлғалар, бастапқы және кейінгі табиғат пайдаланушылар.

Қ.Р

Қ.Р

6.Қазақстан Республикасы Жер кодексіне жалпы сипаттама беріңіз. Жердің құқықтық режимі және оны қорғау қалай жүзеге асырылады? Жер туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту және оның жүзеге асырылуы. ҚР Жер Кодексі 2003 жылы 20 маусымда қабылданды. 5 бөлім, 21 тараудан тұрады. Мазмұны: негізгі ережелер; жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы және жерге өзге де заттық құқықтар; жер санаттары; жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры; жер заңдарының орындалуын қамтамасыз ету және қорытынды ережелер. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;5) орман қорының жерi;6) су қорының жерi; 7) босалқы жер. Қазақстан Республикасында жер мемлекеттiк меншiкте болады. Жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн. Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды. Жердi қорғау мақсаттары:1) өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру ж/е орман мелиорациялық, мелиорациялық ж/е басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау;2) тозған н/е бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету;3) жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:1) жердi құнарсызданудан ж/е шөлейттенуден, су ж/е жел эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан, қайталап сортаңданудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивтi ж/е басқа да зиянды заттармен ластанудан, басқа да бүлiну процестерiнен қорғауға;2)ауыл шаруашылығы жерiн карантиндiк зиянкестер мен өсiмдiк ауруларын жұқтырудан,арамшөп,бұта мен шiлiк басып кетуден, жердiң жай-күйi нашарлауының өзге де түрлерiнен қорғауға;3) бүлiнген жердi жаңғыртуға, оның құнарлылығын ж/е жердiң басқа да пайдалы қасиеттерiн қалпына келтiру мен оны шаруашылық айналымына уақтылы тартуға;4) жердiң бүлiнуiмен байланысты жұмыстар жүргiзiлген кезде топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.Жер құқығы нормалары жерге меншік құқығын,жер пайдалану құқығын ж/е жер қорғауды реттей отырып,олардың жүзеге асырылуын құқық бұзушыларға зияндарды өтеу міндетін жүктеу, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын қалпына келтіру, жерге қатысты заңсыз мәмілені жарамсыз деп тану, заңсыз алып қойылған жер учаскелерін қайтарып беру, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру (жерлерді жаңғырту), ескерту және жазалау сияқты әдістер мен шаралар арқылы қамтамасыз етеді.  Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады – жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік-жер-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық-тәртіптік-еңбек жауаптылығы.

7.Экологиялық құқықтық қатынас дегеніміз не және оның мазмұнына тоқталыңыз. Экологиялық құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтату негіздері қалай жүзеге асырылады ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы. Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады: 1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады. 2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.). 3. Заңды тұлғалар. 4.  Жеке тұлғалар- ҚР азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұны дегеніміз қатысушылардың қоршаған ортаны пайдалану мен сақтау бойынша құқықтары мен  міндеттерінің жиынтығы. Құқығы мен міндетінің мазмұны бойынша барлық экологиялық қатынастардың субъектілері төрт категорияға бөлінеді: табиғатты пайдаланушылар, атқарушы және өкілетті биліктің органдары, сот қадағалау органдары мен экологиялық профилдердің қоғамдық бірлестіктері. Экологиялық құқықтық қатынастар мазмұнының ерекшеліктері туындау және даму негіздеріне байланысты табиғат объектісінен тәуелді болады.

8.Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз не және экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық, әкімшілік, тәртіптік және таксалық  жауапкершілікке тарту негіздеріне тоқталыңыз.   Экологиылық заңдарын бұзу-белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіретін заңға қайшы келетін кінәлі субъектінің әрекет немесе әрекетсіздігі. Экологиялық заңды бұзу екіге бөлінеді. Біріншісітәртіпсіздік, екінші - қылмыс. Тәртіпсіздік-жеңіл тәртіп бұзушылыққа жатса, қылмыс ауыр тәртіп бұзушылыққа жатады-оны қылмыс деп атайды. Жеңіл тәртіп бұзушылық үшін еңбек заңында-тәртіптік жаза қолданатын, материалдық шығынға тәртіп бұзушылық үшінматериалдық немесе азаматтық құқық нормалары қолданылатын, экологиялық құқық нормаларын жеңіл бұзылатын түрлеріне әкімшілік құқық нормалары қолданылатын тәртіп бұзушылық экологиялық немесе азаматтық құқық нормаларын бұзушылық тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықпен қатар пайда болуы мүмкін.Экологиялық немесе экологиялық салалық жауапкершілік осы заңдардың нормаларынан пайда болатын және осы заң салалары нормаларында қаралған ерекше жазалау шаралары қаралған жағдайда қолданылады. Сонымен экологиялық заңдық жауапкершіліктің түрлеріне тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық, материалдық (азаматтық) және экологиялық салалық ерекше жауапкершіліктері жатады. Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін материалдық жауапкершіліктің түрлері төмендегідей.Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі  экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды төрт топқа бөліп қараған: Б і р і н ш і   топқа:а) қоршаған ортаға келген зиян;б) азаматтардың денсаулығына келген зиян;в) ұйымдардың, азаматтар мен мемлекет мүлкіне келген зиян жатқызылған.Е к і н ш і   топқа:а) қызметі қоршаған ортаны қорғауға күшті қауіп төндірумен байланысты заңды және тұлғалардың егер жойқын күштің немесе зардап шегушінің қасқойлығы салдарынан зиян келтіргені дәлелдей алмаса, өздері келтірілген зиянды өтеуі.Ү ш і н ш і   топқа:а) қоршаған ортаны бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына;б) мүлкіне келтірілген зиян;в) зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін;г) оның емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды;д) науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалды ескере отырып толық өтеу қаралған.Т ө р т і н ш і   топқа:а) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу жатады. Экологиялық қылмыс дегенімізбұл қылмыстық заңда көзделген кінәлі, құқыққа қайшы әрекет (әрекетсіздік немесе әрекеттілік), жеке және заңды тұлғалардың мүдделері мен экономикалық құқыққа қол сұғушылық, мемлекетке және келтірілген немесе қоршаған ортаға нақты қауіп келтірген зиян. Қазіргі кезде экологиялық теріс қылықтар мен экодогиялық қылмысты ажырату оңай, өйткені бұл жаңа қылмыстық кодексте оны қозғаушы күні құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік дәрежесіне байланысты құқықтық нормалардың диспозициясында көрсетілген. Қылмыстық жауапкершілікэкологиялық құқық бұзушылық басталған уақыттан бастап, оның басқа да ажыратып көрсететін белгілері бар: адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға келтірген зиян, жануарлардың немесе өсімдіктердің жоқ болуы, ұйымдасқан топтар, лауазымды тұлғалардың қылмысты жасасуы, өзінің қызметін пайдалану барасында.

9Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасын беріңіз және экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың құқықтық нормалары қалай реттеледі? Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері:климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.Қойылған міндеттерді шешуге:Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып,

10Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау және қоршаған ортаның сапасын нормалаудың міндеттері мен талаптары қалай орындалады? Қоршаған ортаны қорғау саласындағы стандарттау мен сертификаттау объектiлерiне Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн немесе оның аумағына әкелiнетiн, экологиялық қауiпсiздiкке, халықтың өмiрi мен денсаулығына, табиғи ресурстардың молықтырылуы мен ұтымды пайдаланылуына қауiп төндiруi мүмкiн өнiм (жұмыс, қызмет) жатады.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары және техникалық шарттар заңдармен белгiленген тәртiппен әзiрленiп, бекiтiледi және тiркеледi.Қоршаған ортаны қорғау саласында тiркелген стандарттар және техникалық шарттар талаптарын бұза отырып,өнiмнiң (бұйымның) әзiрленуiне, жасалуына,жеткiзiлуiне(өткiзiлуiне),сақталуына, тасымалдануына, пайдаланылуына ж/е жөнделуiне,жұмыс (қызмет) атқарылуына тыйым салынады.Қоршаған ортаны қорғау саласында стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкестiктi анықтау үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен мiндеттi және ерiктi сертификаттау жүзеге асырылады.Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мiндеттi сертификаттауға жататын өнiмдi (жұмысты, қызметтi) сәйкестiк сертификатынсыз өткiзуге тыйым салынады.Экологиялық нормалау қоршаған ортаға ықпал етудің экологиялық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығын сақтауға кепілдік беретін, қоршаған ортаның ластануын болдырмауды, табиғи ресурстарды молықтыруды және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін, ғылыми негізделіп жол берілетін шекті нормаларын белгілеу мақсатын көздейді. Экологиялық нормалаудың негiзгi мiндеттерiне:Экологиялық нормаларды белгiлеу және олардың адам денсаулығына, табиғи ресурстарды қорғауға, молықтыруға және ұтымды пайдалануға ықпалын анықтау;   қоршаған ортаға зиянды әсердiң жол берiлетiн шектi шамалары мен деңгейлерiн белгiлеу кiредi.

11Табиғатты қорғауда прокуратура органдарының атқаратын рөлі мен функциялары қандай және прокуратура органдарының экологиялық қызметін құқықтық реттеудің жалпы түсінігіне тоқталыңыз. Құқық қорғау органдарының экологиялық қызметi-ол сот, прокуратура,Құқық қорғау органдары экологиялық қызметiнiң құқықтық негiзiн құрайды. Қазақстан республикасының 1991ж тәуелсiз ел болғаннан кейiн,  заңсыз аң аулау,Су жануарлырын заңсыз аулауда ұйымдасқан қылмыстың негiгi түрлері орын алды.Қазақстан Республикасында осының бәрi табиғат қорғау органдарының өзара келiсiп жұмыс істеуімен сипатталды. Экологиялық қылмыстар белгiлi себептер бойынша, прокуратура органдармен қадағаланады. Прокуратура органдарының экологиялық қызметiнiң құқықтық реттелуiҚазақстан Республикасы Конститутциясы прокуратура органдарының қызметiмен ұйымдастырылуының негiзгi Қ.Р-ның конститутциясының 63-бабы прокуратура органдарының басты мақсаты анықталған-Прокуратура кез-келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөндеу жұмыстарын атқарады.Прокуратура туралы заңы прокуратура органдары жүйесiнде мамандындырылған табиғат қорғау прокуратаралары бар. Тиiстi прокуратуралардың қалыптасу негiзi ретiнде ҚазССР Жоғарғы Кеңесi Алғашқылардың бiрi болып Шығыс Қазақстандық, Жамбыл, Қызылорда Жезқазған және Алматы облысы территорияларында қадағалауды жүзеге асырды.Бүгiнгi күнге дейiн Қ.Р-да 14 табиғат қорғау пркуратуралары Үлгi Ережеге сәйкес ауданаралық табиғат қорғау пркуратураларына бекiтiлген.Ауданаралық табиғат қорғау прокуратуралары өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес заңды және жеке тұлғалар тарапына табиғат қорғау,Қоршаған орта заңдарының орындалуына қадағалайды.


12.2010 ж. 24 маусымда қабылданған ҚР «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы заңына сипаттама беріңіз және аталған заң мен 1996ж. заңғы салыстырмалы талдау жасаңыз. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заң 14-тарау,130-баптан тұрады.Құзыретті органның өкілеттіктеріне:1) пайдалы қазбаларды барлау мен игеру жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту және оның құрамын бекіту;2) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурсты дайындау және ұйымдастыру;3) кең таралғандарын қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлауды, өндіруді, бірлескен барлау мен өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру; 4) барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізу;5) барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған жобалау құжаттарына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;6) Қ.Р Үкiметi бекіткен қағидаларға сәйкес Қ.Р экономикалық мүдделерiн қамтамасыз ету мақсатында минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесiн айқындау бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттар жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру; 7) келісімшарттарды жасасу, мемлекеттік тіркеу және сақтау;8) барлауға, өндіруге, бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарттарда Қ.Р мүдделерін білдіру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;9) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың талаптарын орындауын бақылауды жүзеге асыру және т.б. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын бұзу Қ.Рзаңдарында  белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Қ.Р заңнамасының талаптары бұзыла отырып жасалған, жер қойнауын пайдаланумен байланысты мәмілелер жарамсыз болып табылады.Аталған мәмілелерді жасасуға кінәлі тұлғалар Қ.Р заңдарына сәйкес әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылықта болады. 

13Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешу тәртібі қалай жүзеге асырылады?  Табиғатты қорғау істері бойынша сот тәжірибесінің маңыздылығы қандай?.Қоршаған ортаға зиян келтiрген тұлға келтiрiлген залалды ерiктi түрде жоюға не өзгеше тәсiлмен оның орнын толтыруға құқылы. Тұлғаның залалды жою не оның орнын толтыру туралы мiндеттемесi кепiлхатта жазылуға тиiс.Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтiрген тұлғаның өз қаражаты немесе сақтандыру төлемдерi есебiнен құндық нысанда жүзеге асырылуы мүмкiн. Зиянды өтеудiң құндық нысандарына қоршаған ортаның зиян келтiрiлгенге дейiнгi жай-күйiн қалпына келтiруге, табиғи ресурстарды молықтыру жөнiндегi iс-шараларды орындауға, талапкерге, алынбай қалған пайданы қоса алғанда, өзге шығындарды өтеуге арналған ақшалай қаражат жатады.Тараптардың келiсiмiмен сот шешiмi бойынша зиян жауапкерге қоршаған ортаны қалпына келтiру жөнiндегi мiндеттердi жүктеу жолымен заттай нысанда өтелуi мүмкiн.Зиянды өтеудiң заттай нысандарына қоршаған ортаның зиян келтiрiлгенге дейiнгi жай-күйiн қалпына келтiру, жойылған не бүлiнген табиғи ресурстың орнына оған құны тең ресурс беру жөнiндегi шаралар жатады. Зиянды заттай нысанда өтеу келтiрiлген зиянды өтеудiң тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерi мен көлемiн регламенттейтiн шарт және (немесе) келiсiм жасасу жолымен жүргiзiледi.Зиянды өтеудiң өндiрiлiп алынатын сомасы мемлекеттiк бюджетке, ал Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда жәбiрленушi тұлғаға аударылады.Зиянды өтеу қоршаған ортаға зиян келтiрген тұлғаны әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiктен босатпайды.Экологиялық дауларды соттар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен шешедi.

     

14. Қ.Р Су Кодексінің жалпы сипаттамасын беріңіз. Су қорларын басқару органдары қалай құрыладыжәне олардың құзіреттері қандай? Су пайдалану құқығы дегеніміз не? Суды құқықтық қорғау шараларының анықтамасын беріңіз.Су Кодексі 11-бөлім,32-тарау, 146-баптан тұрады.Су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қ.Р Үкiметi, су қорын пайдалану ж/е қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қ.Р заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi: 1)мемлекетаралық2)мемлекеттiк;3) бассейндiк;4) аумақтық.  Мем/к органдар су қорын ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шаралар бағдарламасын әзiрлеуге және жүзеге асыруға азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердi тартуы мүмкiн. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мем/к басқару: 1)су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау ж/е су бұру саласындағы мем/к реттеу мен бақылау; 2)тұрақты су пайдалану-суды ұқыпты, ұтымды ж/е кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру; 3)су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау,қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын ж/е халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау; 4) бассейндiк басқару; 5) су қорын пайдалану ж/е қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын ж/е су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi. 1. Жеке ж/е заңды тұлғаларға су объектiлерiн пайдалану құқығы Қ.Р су заңнамасында белгiленген арнайы, оқшау н/е бiрлесiп пайдалану тәртiбiмен берiледi.  Жеке ж/е заңды тұлғаларға су объектiлерi:1) қысқа мерзiмдi пайдалану; 2) ұзақ мерзiмдi пайдалану құқығымен табысталады. 3. Қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы бес жылға дейiнгi мерзiмге. 

15Қазақстан Республикасының Орман Кодексінің жалпы сипаттамасына тоқталыңыз және ормандардың құқықтық режимі, орман қорларына мемлекеттік бақылауды қандай орган жүзеге асырады? Орман Кодексі 9-бөлім,20-тарау,118-баптан тұрады. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне арналған орман қоры жерлерi Қазақстан Республикасының орман қорын құрайдыОрман қоры мемлекеттiк және жекеше орман қорларынан тұрадыМемлекеттiк орман қорына: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар; 2) табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар, сондай-ақ мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының қажеттерi үшiн берiлген, орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi; 3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды құбырлардың және басқа желiлiк құрылыстардың белдеулерiндегi енi он метр және одан көбiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелерi жатадыЖекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға жеке меншiкке немесе ұзақ мерзiмдi жер пайдалануға орман өсiру үшiн нысаналы мақсатпен берiлген жерлерде, солардың қаражаты есебiнен жасалған:1) қолдан өсірілген екпелер;2) табиғи тұқымдық және (немесе) вегетативтік жолмен пайда болған екпелер;3) жекеше орман питомниктерi;
4)
арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер; 5) агроорман-мелиорациялық екпелер;6) жеке меншіктегі шаруашылық автомобиль жолдарына бөлінген белдеулердегі қорғаныштық екпелер жатады. Орман қорына: 1) мемлекеттiк орман қорының жерiнен тыс орналасқан жекелеген ағаштар және көлемi 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегi бұта өсiмдiктер; 2) қала ормандарын қоспағанда, елдi мекендер шекарасы шегiндегi жасыл желектер; 3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелерiндегi ағаштар мен бұталар кiрмейдi. Орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету жүйесіне:1) Қазақстан Республикасының Үкiметi;2) аумақтық бөлімшелері бар ведомствосын қоса алғанда, уәкiлеттi орган;3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар;
4)
жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары;5) орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары;6) мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары;7) орман қорын күзетуді, қорғауды, пайдалануды, ормандарды молықтыруды және орман өсiруді қамтамасыз ету саласындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар; 8) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы ғылыми ұйымдар;9) орман иеленушілер мен орман пайдаланушылар;10) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру мақсатында құрылған қоғамдық бірлестіктер кiредi.


  

  

 16Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық және ҚазақстанРеспубликасында қоршаған ортаны қорғау жөнінде қандай халықаралық үкіметтік емес экологиялық ұйымдар жұмыс істейді? Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.Негізгі бақылауды БҰҰ шеңберіндегі қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі жаңа үкіметаралық органҚоршаған орта жөніндегі БҰҰ бағдарламасы, (ЮНЕП) жүзеге асырады. ЮНЕПБҰҰ-ның негізгі көмекші органы болып табылады. 1975 жылы өзінің қызметінің алғашкы кезінде ЮНЕП қоршаған ортаға байланысты мынадай бірінші кезектегі алты міндетті айқындады: елді мекендер және денсаулық сақтау; құрлықтың экологиялық жүйелері; қалалардың қоршаған ортасы; мұхиттар; қуат; дүлей апаттар. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода Біріккен Ұлттар Ұйымы 179 мемлекеттің жоғарғы басшыларының басын қосып Халықаралық конференция өткізіп, осы конференцияда 5 маңызды құжат қабылданған:Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио-де-Жанейро декларациясы;ХХІ ғасыр күн тәртібі;Орманның барлық түрі тұрақты дамуы, басқару және сақталу принциптері туралы өтініш;Климаттың өзгеруі туралы Рамалық конвенция;Биоалуантүрлілік конвенция. Гри́нпис (Greenpeace — «жасыл әлем») — 1971 жылы Канадада негізі қаланған халықаралық қоғамдық табиғатты қорғайтын ұйым.(Басты) Негізгі мақсатыжаhандық (әлемдік) экологиялық проблемаларды (мәселерді) шешу, соның ішінде билік пен қоғам назарын аудару арқылы.Гринпис тек қана өз жақтастарының ғана берген қаржылық көмегімен өмір сүруде, ал мемлекеттік құрылымдар, саяси партиялар және бизнестен қаржылай көмекті үзілді-кесілді қабылдамайды.Гринпис БАҚ назарын экологиялық мәселелерге аударуға бағытталған ірі акцияларымен белгілі.

17. Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi  Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы бақылаудың мiндеттерi: шаруашылық және өзге де қызметтiң әсерiнен сулардың жай-күйi мен өзгеруiн қадағалау; су қорғау iс-шараларының орындалуын тексеру болып табылады.  Қазақстан Республикасында су қорын пайдалану мен қорғау саласында мемлекеттік, өндiрiстiк және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.Уәкілетті органның мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі басты міндеттері:1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын барлық министрліктермен, агенттіктермен, ведомстволармен өзара іс-қимыл жасауды және қызметін үйлестіруді;2) шаруашылық және өзге де қызметтің әсерінен судың жай-күйін және өзгеруін қадағалауды, сондай-ақ су қорғау іс-шараларының орындалуын тексеруді;3) су қорын пайдалану мен оны есепке алудың белгіленген тәртібін;4) суларды қорғау жөніндегі міндеттердің орындалуын;5) су объектілеріне зиянды әсер етудің алдын алуды және жоюды;6) барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады. Су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті: су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысады; экономиканың су секторының даму бағдарламаларын әзірлейді; негізгі өзендердің бассейндері мен тұтас алғанда республика бойынша басқа да су объектілері бойынша су ресурстарын кешенді пайдалану және қорғау схемаларын әзірлейді; экономика салаларында су тұтынудың үлестік нормаларын келіседі; және тағы басқа да қызметтерді атқарады.

18. Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының...  Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешуге БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) үлкен үлес қосып отыр. Табиғатты қорғау қызметіне БҰҰ-ның барлық басты органдары мен мамандандырылған мекемелері: Бас Ассамблея, Экономикалық және әлеуметтік кеңес (ЭКОСОС), Аймақтық экономикалық комиссиялар (мысалы, Еуропалық экономикалық комиссия), Халықаралық еңбек ұйымы (MOT), Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО), Халықаралық реконструкция және даму банкі (МБРР), Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Халықаралық теңіз ұйымы (ИМО), Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым (ВМО) және т.б. қатысады.  Киото хаттамасы – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат. Қазақстан Киото хаттамасының тетіктері арқылы энергия үнемдеуге байланысты үлкен инвестиция тартуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде, экономиканың шикізаттық бағыттылығы нысаналы түрде, біртіндеп жоғары технологиялық өндіріс үдерістеріне өзгеретін болады. Цифр тілімен сөйлесек, Қазақстанда жыл сайын ауаны 213 миллион тонна өндіріс қалдықтары ластайды. Ал еліміздегі жоғары булы газдың шығарындысының 80 пайыздайы бір ғана энергия секторына тиесілі болып отыр. Жалпы алғанда, біздегі қуат көзін үнемдеу, оның тиімділігін арттыру әлеуеті жоғары. Қазақстан инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Киото хаттамасының тетіктерін пайдаланса, инвестициялық жобалар бірнеше есе арзанға түспек. Сондай-ақ елімізде осы жолда озық технологиялар негізінде құрал-жабдықтарды жаңартып, өнім сапасын жоғарылатуға және әлемдік рынокта отандық өнеркәсіптің бәсекелестігін арттыруға болады деген пікірді жақтаушылар көбейді.Киото хаттамасының елімізде ратификацияланбауы әлемдік деңгейде климаттың өзгеруі бойынша шешім қабылданарда Қазақстанды дауыс беру құқығынан айырып қана қоймай, біздегі барлық экологиялық бастамаларға тосқауыл болып келді. Ал хаттама уақыты шектеулі. Осыны ескергендіктен де болар, соңғы кездері Парламентте хаттаманы ратификациялау бағытындағы жұмыстар қарқынды жүрді. Сөйтіп, құжат Мәжіліс пен Сенатта мақұлданды.

Қ.Р

Қ.Р

Қ.Р

Қ.Р

19. Қоршаған ортаны қорғауға азаматтар Әрбір азаматтың және Қазақстан Республикасының аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ шетелдіктердің өз өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған орта, оның жай-күйі туралы дұрыс ақпарат алуға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтіретін залалдың өтеуін алуға кұқығы бар.- белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды пайдалануға, оларды қорғауға және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға, қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыруға қатысуға;- қоршаған ортаны қорғайтын қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық қорлар кұруға;- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;- қоршаған орта мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға хаттар, шағымдар, арыздар мен ұсыныстар беруге және оларды қарауды талап етуге;- қоғамдық экологиялық сараптама өткізу туралы ұсыныс жасап, оған қатысуға;- кәсіпорындарды, құрылыстар мен экологиялық жағынан зиянды өзге де объектілерді орналастыру, салу, қайта құру және пайдалануға беру туралы, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың қоршаған орта мен адам денсаулығына теріс ықпал ететін шаруашылық қызметін шектеу, тоқтата тұру, тоқтату туралы шешімдердің әкімшілік немесе сот тәртібімен күшін жоюды талап етуге;- айыпты ұйымдарды, лауазымды адамдар мен азаматтарды жауапқа тарту туралы мәселелер қоюға, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың бұзылуы салдарынан өз денсаулығы мен мүлкіне келтірілген залалдың өтелуі туралы сотқа талап-арыз беруге;Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде:- өздерінің экологиялық бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды ерікті негізде қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді қызметке тартуға;- қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындатуға, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне қатынасуға;- экологиялық тәрбие мен білім беру жөніндегі жұмыстарды, қоршаған ортаны корғау саласындағы ғылыми зерттеулерді белгіленген тәртіппен орындауға;- мемлекеттік экологиялық сараптама өткізуді талап етуге және қоғамдық экологиялық сараптама өткізуге;- қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық бақылауды жүзеге асыруға;- мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қоршаған ортаның жай-күйі және оны сауықтыру жөніндегі шаралар туралы дер кезінде, толық және анық ақпарат алуға;

20. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ... Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу. Қойылған міндеттерді шешуге:Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі. Қоршаған орта және даму жөніндегі Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаттарын ескере отырып, Қазақстанның экологиялық қауіпсіздік проблемалары оларды жаһандық ұлттық және жергілікті ретінде шешудің маңыздылығы мен деңгейіне байланысты қаралады.

21. Қоршаған табиғи ортаға келтірілген зиянның Сонымен, ластанған қоршаған ортаның жағымсыз әсері адамның денсаулығына зиян келтіретін экогендік зиянның тікелей көзі болып табылады.Сонымен бірге, қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік фактордың бірігіп әсер ету нәтижесінде жүзеге асады. Табиғи ластау деп табиғи жаратылысы бар ластайтын заттардың, мысалы, ғарыш бөлшектерінің, жанартау күлінің, өсімдіктер шаңының, теңіз тұздарының, орман өрті түтінінің қоршаған ортаға келіп түсуін түсіну қажет. Антропогендік ластау адамның шаруашылық қызметінің әсерімен, соның ішінде табиғи ластаудың құрамы мен қарқынына тікелей немесе жанама әсер арқылы мысалы гидроқұрылыс нәтижесінде қалыптасады. Егер табиғи ластау белгілі себептермен құқықтық реттеуге жатпайтын болса, антропогендік ластау ғалымдардың берік назарында болып отыр. Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексі экологиялық заңдарды бұзу салдарынан келген зиянды төрт топқа бөліп қараған. Біріншітопқа: а) қоршаған ортаға келген зиян; б) азаматтардың денсаулығына келген зиян; в) ұйымдардың, азаматтар мен мемлекет мүлкіне келген зиян жатқызылған.Екіншітопқа: а) қызметі қоршаған ортаны қорғауға күшті қауіп төндірумен байланысты заңды және тұлғалардың егер жойқын күштің немесе зардап шегушінің қасқойлығы салдарынан зиян келтіргені дәлелдей алмаса, өздері келтірілген зиянды өтеуі.Үшінші топқа: а) қоршаған ортаны бұзу салдарынан азаматтардың денсаулығына; б) мүлкіне келтірілген зиян; в) зардап шегушінің еңбек қабілетінен айырылу дәрежесін; г) оның емдеуге және денсаулығын қалпына келтіруге жұмсалған шығындарды; д) науқасты күту жөніндегі шығындарды, өзге де шығындар мен залалды ескере отырып толық өтеу қаралған.Төртінші топқа:а) қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзылуы салдарынан келтірілген моральдық зиянды өтеу жатады.

22. Қазақстан Республикасының экологиялық заңдарының жүйесі және экологиялық құқығының қайнар көздеріне Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді: 1) кешенді; 2) ресурстық; 3) әлеуметтік - экологиялық. Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.  Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады. 
Қазақстан Республикасы Конституциясы – экология құқықтарының негізгі қайнар көзі болып табылады, себебі табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану туралы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттің құқықтық негізін қалайды. Басқа барлық заңдар мен заңдық актілер Конституцияның нормаларының ішінде экологиялық құқыққа қатысты нормаларды бөліп қарауға болад ұйымдық басқарушылық. Экономикалық әлеуметтік. 1.Ұйымдық басқарушылық нормаларға айналадағы табиғи ортаны қорғау жағдайында мемлекеттің және лауазымды адамдардың мақсаттары туралы нормалар кіреді. Конституциялық нормалардың осы тобына Президенттің, Парламенттің, Үкіметтің жергілікті өкімет органдарының міндеттерін реттейтін нормалар айналадағы табиғи ортаны қорғауды құқықтық реттеудің керек екендігін көрсетеді. Мысалы: 31 бапта- «мемлекет адамдардың өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды» делінген. 61 бапта- Парламенттің «айналадағы ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін» заңдар шығаруға хақылы екендігі көрсетілген.2.Экономикалық нормаларға Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарға меншік құқықтармен реттейтін нормаларды жатқызуға болады. ҚР Конституциясының 6 бабының 3 тармағында : «Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер,сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттарда жеке меншікте де болуы мүмкін. Сонымен бірге Конституцияда «меншікке, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік берілетін» нормалардан да тұрады. (26 баптың 2 тармағы) 3.Әлеуметтік нормаларға Қазақстан Республикасының Конституциясының 38 бабында көрсетілген «Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті» делінген.

23. Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік. Экологиялық құқық бұзушылық табиғи ортаны қорғау туралы заңдарды бұзушыларға, табиғи ортаға, адам денсаулығына зиян тигізушілерге, сондай-ақ осы тектес қауіп-қатер туғызушыларға қарсы қолданылатын заңды іс-әрекет. Өмірде табиғи объектілердің табиғи жағдайларының нашарлауы, олардың экологиялық байланысының әлсіреуі, табиғи объектілердің өзін-өзі тазалауы мен өзін-өзі қайта қалпына келтіру қабілетінің төмендеуі, табиғаттың, сонымен бірге адамның қорғану қасиетінің кемуі жиі ұшырасады. Зардаптың екі түрлі формасын ажыратады:залал (табиғи ортаның, ресурстардың, сандық немесе сапалық кемуі, яғни, экологиялық залал);шығын (табиғат пайдаланушы үшін экономикалық тиімсіз салдарлар). Экологиялық құқық бұзушылықтың объектісіне айналадағы табиғи ортаны қорғау және сақтаумен байланысты қоғамдық қатынастар жатады. Бұл қатынастар өзінің мазмұнына қарай табиғи ресурстарға меншік құқығын, таб пайдалану құқығы, айналадағы табиғи ортаны зиянды зардаптардан қорғау, экологиялық құқықты және адамдар мен азаматтардың заңды мүдделерін қорғау және т.б болып табылады.Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік-құқық бұзушылық туралы заңмен қарастырылған, әкімшілік құқық бұзушылықты жасау болып табылады.Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” ҚР Кодексінің 19 тарауында "қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық” берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген.Тәртіптік жауапкершілік жұмыскерге өндіріс, мекеме және ұйым әкімшіліктердің тәртіпті талап ету шараларын қолдану арқылы жүзеге асырады.Тәртіпті талап етудің негізгі түрлеріне, ескерту,сөгіс қатаң сөгіс, жұмыстан шығару жатады.Тәртіптік жауапкершіліктің ерекше сипаты тәртіптік жауапкершілік шарасы қолданылатын құқық бұзған адамның ұйымға бағынуы. Азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б. тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу принципіне негізделген.ҚР-ның Азаматтық Кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі тәсілін қарастырған іс-жүзінде және ақшалай.Зиянды өтеудің іс-жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ уақыт керек.Мысалы: тал шыбықтарын отырғызы арқылы орманды қалпына келтіру.Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану арқылы сипатталады.Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның негізінде Сот тәртібімен тағайындалады.

24. Экологиялық құқығының қайнар көздерінің түсінігі   «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.  Экология құқықтарының қайнар көздері белгілері бойынша үшке бөлінеді:  1) кешенді;  2) ресурстық;  3) әлеуметтік - экологиялық.  Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы», «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады.  Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады.  Экология құқықтарының әлеуметтік-экологиялық қайнар көздеріне адамдардың өмір сүруіне қолайлы ортаны қамтамасыз етуге бағытталған факторлар жатады. Оған «Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы», «Семей облысындағы ядролық полигон туралы» заңдарды жатқызуға болады:  1) экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатадың;  2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған;  3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.

25. Жер үсті және жер асты суларын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының бiрыңғай жүйесi (бұдан әрi - Кадастрлардың бiрыңғай жүйесi) Қазақстан Республикасының табиғи және экономикалық әлеуетiнiң бiрыңғай жалпы мемлекеттiк кешендi есебiн жүргiзу мен бағалауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының табиғи ресурстары мемлекеттiк кадастрларының барлық түрлерiн бiрiктiретiн салааралық ақпараттық жүйе ретiнде құрылады және жүргiзiледi.Табиғи ресурстардың мемлекеттiк кадастрлары Экология  Кодексі ҚР 2007 ж 9 қаңтар және ҚР-ның өзге де заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiппен табиғи ресурстардың сандық және сапалық көрсеткiштерi туралы ақпараттың жүйелендiрiлген жиынтығы болып табылады. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң объектiлерiнің бірі болып су табылады. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың жай-күйi мен оларды пайдалану есебi деректерiнiң негiзiнде табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп жүргiзедi. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiн жүргiзудiң негiзгi принциптерi:1) кадастрлық ақпаратты өңдеу мен ұсыну технологиясының бiртұтастығы; 2) автоматтандырылған ақпараттық технологияларды қолдану;3) ақпаратты толықтыру мен жаңартудың объективтiлiгi болып табылады.мемлекеттiк су кадастры бойынша (жер үстi және жер асты су көздерi, су ресурстарын пайдалану) - қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану мен қорғау, жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар - жалпы республика бойынша, ал оның аумақтық органдары - өзендер бассейнi және әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шегiнде; Табиғи ресурстардың кадастрлары шеңберiнде алынған oбъектiлердi есепке алу мен тiркеудiң нәтижелерiн арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органға өтеусiз бередi. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган табиғи ресурстардың тиiстi түрлерiнiң мониторингiн жүзеге асыратын арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың кадастрларында қамтылатын ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

26. Экологиялық құқығының қайнар көзі ретінде... Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады. Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады. Конституцияның 4-бабында “Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады” деп жарияланды. 6-бап 1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.2. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.3. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін. 12-бап 1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

27. Жердің құқықтық режимі және оны қорғау шаралары...Жер пайдалану құқығы жер құқығының жерлерді пайдалану мен қорғауды байланысты жер құқығы қатынастарын реттейтін құқықтық нормалардан тұратын институт. Құқықтық режим – бұл субъектілердің жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттеріне сәкес жүзеге асыруға бағытталған нормалардың жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығына жерлердің нысаналы мақсаты, оларды нормалау және табиғат объектісі және меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының объектісі ретінде қорғау, жер учаскесінің түрлері мен табыстау мерзімі енеді. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды орталық уәкiлеттi орган мен оның аумақтық органдары, сондай-ақ өзге де уәкiлеттi органдар өз құзыретi шегiнде жүзеге асырады. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк органдар мыналар:  қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган; санитарлық-эпидемиологиялық қызметтiң мемлекеттiк органдары ; сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган; ауыл, орман, аңшылық және балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су ресурстарын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкiлеттi орган ; жер қойнауын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган болып табылады. Қазақстан Республикасының Жер кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы заңының139-бабына сай  жердi қорғаудың мiндеттерi 1. Жердi қорғау қоршаған ортаның бiр бөлiгi ретiнде жердi қорғауға, жердi ұтымды пайдалануға, жердi ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы айналымынан негiзсiз алып қоюды болдырмауға, сондай-ақ топырақтың құнарлылығын қалпына келтiру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық, экономикалық, технологиялық және басқа да iс-шаралар жүйесiн қамтиды.Жердi қорғау мақсаттары: өндiрiстiң экологиялық қауiпсiз технологияларын ынталандыру және орман мелиорациялық, мелиорациялық және басқа да iс-шараларды жүргiзу арқылы жердiң тозуы мен бүлiнуiн, шаруашылық қызметтiң басқа да қолайсыз зардаптарын болдырмау; тозған немесе бүлiнген жердi жақсарту мен қалпына келтiрудi қамтамасыз ету; жердi оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерiн тәжiрибеге енгiзу болып табылады. Негізінен  жердi қорғау Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:  жердiң бүлiнуiн алдын алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған iс-шаралар жүргiзуге мiндеттi.  Жердiң тозуын болдырмау, топырақтың құнарлылығын және ластанған аумақтарды қалпына келтiру мақсатында, сондай-ақ ауыл шаруашылығының тозған алқаптарының, химиялық, биологиялық, радиоактивтi және басқа да зиянды заттардың жол берiлетiн шектегi қоспаларының және жол берiлетiн шектегi әсер деңгейiнiң белгiленген нормативтерiнен артық ластанған және өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жердi сақтап қою көзделедi. Жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың жердi ұтымды пайдалану мен қорғауға мүдделiлiгiн арттыру мақсатында бюджет заңдарында және салық туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жердi қорғау мен пайдалануға экономикалық ынталандыру жүзеге асырылуы мүмкiн.

28. Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың.. Жануарлар дүниесiн пайдалану жалпы және арнайы пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады. Жануарлар дүниесiнiң объектiлерi Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес пайдалануға берiледi. Жануарлар дүниесi объектiлерiн биологиялық қару ретiнде пайдалануға тыйым салынады. жануарлар дүниесiн пайдалану – жануарлар дүниесi объектiлерiн, олардың бөліктері мен дериваттарын және пайдалы қасиеттерiн мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай пайдалану; жануарлар дүниесiн қорғау – жануарлар дүниесiн, олар мекендейтiн ортаны және биологиялық сан алуандықты сақтауға, жануарлар дүниесi объектiлерiн орнықты пайдалану мен өсiмiн молайтуға бағытталған қызмет, сондай-ақ жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар кешенi; Қазақстан Республикасының аумағында жануарлар дүниесiн пайдаланудың мынадай түрлерiне жол берiледi:1) аң аулау; 2) судағы омыртқасыз жануарлар мен теңiз сүтқоректiлерiн алып қоюды қоса алғанда, балық аулау;3) аң аулау мен балық аулау объектiлерiне жатпайтын жануарларды шаруашылық мақсаттарда пайдалану; 4) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелiк және эстетикалық мақсаттарда пайдалану; 5) жануарлардың пайдалы қасиеттерiн және тiршiлiк ету өнiмдерiн пайдалану; 6) жануарлар түрлерінің өсімін молайту мақсаттарында пайдалану. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi. Жануарлар дүниесi объектiлерiн аулау мақсатында iздеу, iзiн кесу және iзiне түсу, аулауға әрекет жасау, аңшылық алқаптарда қабынан шығарылған аңшылық қаруы және басқа да аң аулау құралдары немесе аң аулаудан алған өнiмдерi бар, қарғыбауы алынған аң аулайтын иттерi мен аушы жыртқыш құстары бар адамдардың жүруi аң аулауға теңестiрiледi. Аң аулау: 1) кәсiпшiлiк аң аулау; 2) әуесқойлық (спорттық) аң аулау, оның ішінде ұлттық аң аулау болып бөлiнедi. 3. Кәсiпшiлiк аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн кәсiпкерлiк қызмет мақсатында аулау. 4. Әуесқойлық (спорттық) аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн спорттық, эстетикалық қажеттiктерiн қанағаттандыру мақсатында және ауланған өнiмдi жеке тұтыну үшiн аулау. Ұлттық аң аулау - аушы жыртқыш құстар мен аңшылық иттердің ұлттық тұқымдарын пайдалана отырып, әуесқойлық (спорттық) аң аулау объектісі болып табылатын жануарлар түрлерін аулау. Егер уәкiлеттi орган өзгеше белгiлемесе, аң аулау бекiтiлiп берiлген аңшылық алқаптарда жүргiзiледi.

29. Табиғат пайдалану мен қоршаған ортаны қорғаудың...Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды экономикалық реттеу тетiктерiнiң түрлерi:қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау мен қаржыландыру; қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн ақы төлеу;  табиғи ресурстардың жекелеген түрлерiн пайдаланғаны үшiн ақы төлеу; қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;нарықтық тетiктер және қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн квоталарды сату; экологиялық сақтандыру; Табиғатты үнемдеудің мемлекеттік реттеу зиянды заттар тастандыларын шектеу мақсатында, сондай-ақ экологиялық таза технологияларды қолдануды заттық ынталандыру үшін мемлекеттік мекемелер қолданатын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық шаралар жүйесі болып табылады.  Экономикалық реттеу тәсілдері табиғат пайдаланушыларды ынталандырудың дұрыс әдісіне (салық салу жеңілдіктері және несиелеу) және қоршаған ортаға кері әсер тигізгеніне төлем ақы мен айыппұл салуға алып келетін,  ынталандырудың кері әсері. Табиғат пайдаланушыларда шығарындыларды тоқтатуға шығынды төмендету үшін жаңа мүмкіндіктерді іздеуге үнемі ынталандыру пайда болады Табиғатты үнемдеудің мемлекеттік реттеуі ерекше кең қолданылатын және тиімді құралы салық болып табылады.   Қоршаған ортаны ластаған үшін салық салу жүйесі шығарындылардың көлемін қысқартуға инвестицияны ынталандыруды құруға арналған. Табиғатты үнемдеудің мемлекеттік жүйесінде экологиялық тепе-теңдік қызметін ынталандыруға бағытталған мемлекеттік субсидиялар маңызды рөл ойнайды.

30. Табиғи ресурстарға меншік құқығының Меншік құқығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциясына сай 6-бапта «1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.» деп айқындалған. Заңнамалық тұрғыдан жан-жақты қамтамасыз етіліп, меншігіне бекітілген мүлікті меншіктенушінің өз қалауы мен мүддесіне орай иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігі, сондай-ақ өз шаруашылығының үстемдік аясына өзгелердің араласуына жол бермеу мүмкіндігі. Бұл мүмкіндіктер заңға қайшы келмейтін және өзгелердің заңды құқықтары мен мүдделерін таптамайтын кез келген әрекет арқылы жүзеге асады. Бұл тұрғыда меншік құқығы үш түрлі бөліктен тұрады:Иелену хақысы – меншіктенушінің мүлікке деген шаруашылық үстемдігі. Яғни мүліктің иесіне заң жүзінде бекітілуі;Пайдалану хақысы – мүлікті іске асырып, пайдаға жарату;Билік ету хақысы – құқықтық әрекеттер жасау арқылы мүліктің тағдырын белгілеу.

31. Халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары ...Конституцияның 4-бабының 2-тармағы бойынша ратификацияланған халықаралық шарттар заңнамалық актілердің иерархиясында жоғары заң күшіне ие, барлық аумақта тікелей қолданылатын Конституциядан кейінгі орында орналасқан.Мемлекеттің халықаралық шарттары бүкіл мемлекет атынан немесе жекелеген мемлекеттік органдар атынан жасалады. Бірақ бұл шарттар мемлекеттің еркімен санкцияланған, сондықтан да орындалуға міндетті болып табылады. Алайда халықаралық шарттарды жасайтын мемлекеттік органдардың иерархиясымен байланысты болатын өз иерархиясына ие. Конституция ұлттық құқықтық жүйе мен халықаралық құқықтық жүйесін жалғастыратын буын ретіндегі басты трансформатор рөлін атқарады. Ынтымақтастық – түрлі мүдделі топтардың бейбіт қатар өмір сүру жағдайында экономикалық, саяси-әлеуметтік, рухани-мәдени және халықаралық мәселелерді бірлесіп шешудегі қабілеттілігі. Ынтымақтастық қоғамдық қатынастардың әр түрлі деңгейінде көрінеді. Сондықтан қазіргі әлемдік қатынастардағы ынтымақтастық бағыттары сан алуан. Әрине шешуші ынтымақтастық бағыттары – экономика ынтымақтастық, сауда, мәдени-техника, технология және ақпараттық ынтымақтастықтарының маңыздылығы арта түсуде. Халықаралық шарт - ( ағылш. international treaty; нем. internationaler Vertrag) Халықаралық құқықтар мен міндеттерді, оның қатысушылары үшін бекітетін олардың өзара және халықаралық қатынастарының түрлі мәселелері бойынша, мемлекеттер мен басқа халықаралық құқық субъектілері арасындағы келісім; халықаралық құқықтың негізгі көзі. Конвенция - лат. Conventio - келісім) кез келген саладағы адамдардың мінез-құлқының және іс-әрекетінің, оның ішінде, жаһандық мәселелерді шешу барысында келісім бойынша қабылданған ережелер мен қағидалар; Мысалы: шөлге айналуға қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясы (9.07.97 ратификацияланған, 7 маусым 1997 жылғы «шөлге айналуға қарсы күрес туралы БҰҰ Конвенциясын ратификациялау туралы» ҚР заңы, 28.06.97 сенат қаулысы), «биологиялық әртүрлілік жөніндегі Конвенция» (биоқауіпсіздік туралы Картахендік хаттама негізінде 2000 ж), ж.е т.б

32. Табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік және жеке меншік құқығының..Табиғат объектлеріне меншік құқығының мазмұны үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы,пайдалану құқығы,билік ету құқығы.Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзегеасырудың заң жүзінде қамтаасыз етілгенмүмкіндігі болып табылады. Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін қанағаттандыру үшін пайдалы қасиеттерін алудың заңдылықтұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.Билік ету құқығы табиғат объектілерініңзаңдық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады.Табиғат объектілеріне меншік құқығы туындауының және тоқтатылуының негіздері ҚР-ның қолданыстағы заңдарымен анықталады және қандай да бір объектінің кімдерге- мелекетке немесе жеке тұлғаға тиесілі болуына тікелей байланысты болады. Ол туралы Қазақстан Республикасының Конституциясына сай 6-бапта «1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғалады.2. Меншiк мiндет жүктейдi, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игiлiгіне де қызмет етуге тиiс. Меншiк субъектiлерi мен объектiлерi, меншiк иелерiнiң өз құқықтарын жүзеге асыру көлемi мен шектерi, оларды қорғау кепiлдiктерi заңмен белгiленедi.3. Жер және оның қойнауы, су көздерi, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесi, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншiгiнде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.» деп айқындалған. Бұл бапты талдасақ, табиғат объектілерінің субъектілеріне мыналар жатады:1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).3. Заңды тұлғалар.4. Жеке тұлғалар. Қорытындыласақ құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі.

33.Өндірістік және тұтыну қалдықтар...Өндіріс қалдықтары - шикізаттың, материалдардың, өзге де бұйымдар мен өнімдердің өндіріс процесінде түзілген және бастапқы тұтыну қасиетін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары. Қызметі нәтижесінде өндіріс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншік иелері болып табылады. Қалдықтарға меншік құқығын басқа тұлға сатып алу-сату, айырбастау, сыйға беру шартының немесе қалдықтарды иеліктен шығару туралы өзге де мәміле негізінде алуы мүмкін. Қалдықтардың меншік иесі қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесін немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөніндегі операцияларды атқаратын субъектілердің қызмет көрсетулерін пайдалануға тиіс не қалдықтарды орналастыру мен жою жөніндегі операцияларды дербес жүзеге асыруға міндетті.Өндіріс пен тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры қалдықтарды орналастырудың әрбір объектісі (олардың кеңістіктегі орналасуын көрсете отырып) бойынша геоақпараттық жүйелер, сондай-ақ қалдықтардың түрлері, олардың шығу көздері мен физикалық-химиялық қасиеттері (халыққа және қоршаған ортаға қауіптілігі ескеріле отырып), компоненттік құрамы, сандық және сапалық көрсеткіштері, оларды сақтаудың, көму мен тастаудың техникалық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттары, оларды пайдалану мен залалсыздандыру технологиялары негізінде жүйелендірілген, кезеңділікпен толықтырылатын және нақтыланатын бірегей мәліметтер жиынтығы болып табылады. Қалдықтардың мемлекеттік кадастры мемлекеттік органдарды, мүдделі жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаны қорғауға қатысты технологиялық, экономикалық, құқықтық және басқа да шешімдерді бағалау, болжау, әзірлеу үшін ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ қалдықтардың жалпы мемлекеттік кешенді есебін жүргізу мақсатында жүргізіледі.Қалдықтардың мемлекеттік кадастрын жүргізудің негізгі міндеті жалпы мемлекеттік, өңірлік және салалық ақпараттық-сараптамалық жүйелерді және деректер банкін қалдықтар, оларды өңдеудің қасиеттері мен технологиялары бойынша ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

34. Қоршаған ортаның сапасын нормалаудың....Экологиялық нормалау - қағидалардың (нормалардың) және олардағы қамтылған қоршаған орта жай-күйiнiң және оған әсер ету дәрежесiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiнің (нормативтерiнің) жүйесi.Экологиялық нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті, экологиялық жүйелер мен биологиялық әртүрлілікті сақтауды қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасын реттеу және оған жол беруге болатын әсерді белгілеу болып табылады.Экологиялық нормалау процесінде қоршаған орта сапасының нормативтері, эмиссиялар нормативтері және табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы нормативтер белгіленеді. Қоршаған орта сапасының нормативтеріне:1) қоршаған орта жай-күйінің химиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген нормативтер, оның ішінде радиоактивті заттарды қоса алғанда, жол беруге болатын шекті шоғырлану, химиялық заттардың шамалап алынған қауіпсіз деңгейлерінің нормативтері;2) қоршаған орта жай-күйінің физикалық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде шудың, тербелістің, магнит өрістерінің, радиоактивтіліктің, жылудың және өзге де физикалық әсерлердің жол беруге болатын шекті деңгейлерінің нормативтері;3) қоршаған орта жай-күйінің биологиялық көрсеткіштеріне сәйкес белгіленген, оның ішінде қоршаған орта сапасының индикаторлары ретінде пайдаланылатын өсімдіктердің, жануарлардың және басқа да организмдердің түрлері мен топтарының нормативтері, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық ережелермен және нормалармен, гигиеналық нормативтермен регламенттелетін, микроорганизмдердің жол беруге болатын шекті шоғырлану нормативтер жатады. Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жол беруге шекті шоғырлану нормативтерін белгілеу мақсатында зиянды заттарды қауіптілік дәрежесіне қарай сыныптауды қамтитын, ықтимал қауіпті химиялық заттарды мемлекеттік тіркеуді жүргізеді. Мемлекеттік тіркеуден өткен химиялық заттарды Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға жол беріледі.Жол беруге болатын шекті шоғырлану және заттардың шамамен алынған қауіптілік деңгейлерінің нормативтерін белгілеу тәртібі Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамаларында, Қазақстан Республикасының жер заңнамасында айқындалады.Табиғи ресурстар жай-күйінің нормативтері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес табиғи ресурстардың әрбір түрі бойынша белгіленеді.

35. Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың...Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары қоршаған ортаны қорғау саласында:тиісті аумақтардағы қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шығыстарды бекітеді;өз құзыреті шегінде қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаларды бекітеді;қоршаған орта сапасының әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі нысаналы көрсеткiштерiн өз құзыретi шегiнде бекітеді;аумақтарды дамыту бағдарламаларын бекітеді.Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары ортаны қорғау саласында:қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісілген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөніндегі іс-шаралар және олардың тиісті аумақтарда іске асырылуы көзделетін бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзірлеуді ұйымдастырады;мемлекеттік экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалардың қорытындылары негізінде өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстар мен өзге де объектілерді салуға немесе реконструкциялауға тыйым салады немесе рұқсат береді;өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргізеді;өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді, оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілейді;мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады;қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізеді, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;тиісті аумақта тұрған табиғат объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің тіркелуін жүзеге асырады;қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;аумақтарды дамыту бағдарламаларын және парниктік газдар шығарындыларын азайту мен сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлейді және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келіседі.

36.  Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар Жануарлар дүниесін жалпы пайдалану Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы заңнамасына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін табиғи ортадан алып қойылмай жүзеге асырылады.Жануарлар тіршілігінің пайдалы қасиеттерін, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерін ғылыми, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік, эстетикалық және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа мақсаттарда пайдалану жануарлар дүниесін жалпы пайдалану тәртібімен жүзеге асырылады.Жануарлар дүниесін жалпы пайдалануды жүзеге асыру кезінде жануарларды алып қоюға, олардың паналау орындарын және басқа да құрылыстарды қиратуға, жануарларды көбею кезеңінде мазалауға, жануарлардың тіршілік ету ортасын бұзуға және олардың көбею жағдайларын нашарлатуға тыйым салынады. Балық аулау ережесі, балық аулау объектілері, балық шаруашылығы мен балық аулауды жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру тәртібі, балық ресурстары мен басқа су жануарларын беру тәртібі Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленеді.Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда жеке тұлғаларға жануарлар дүниесі объектілерін жалпы пайдалану тәртібімен балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында бір рет балық аулауға шыққанда бес килограмға дейін тегін әуесқойлық (спорттық) балық аулауға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы белгіленген ережелер, нормативтер, шектеулер мен тыйымдар сақталуға тиіс.Сулы-батпақты алқаптарда және балық ресурстарының және басқа да су жануарларының тіршілік ету және таралу орындарында гидромелиорациялық жұмыстар мұндай қызметтің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткеннен кейін жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.Балық аулау Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

37. Зоологиялық коллекцияларға қойылатын экологиялық талаптарды...Жеке және заңды тұлғалар жануарларды табиғи ортадан алу жолымен зоологиялық коллекцияларды (жануарлар дүниесі объектілерінің тұлыптарын, жұмыртқаларын, препараттары мен бөліктерін, жануарлар дүниесі объектілерін, оның ішінде жабайы жануарлар зоопарктерін, зообақтарын, цирктерді, зоологиялық питомниктерді, аквариумдерді, океанарумдарды) жасауды және толықтыруды жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.Ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу-тәрбиелік немесе эстетикалық құндылық болып табылатын және жалпымемлекеттік маңызы бар зоологиялық коллекциялар мемлекеттің есебіне алынуға тиіс.Зоологиялық коллекцияларды жасау, толықтыру, сақтау, пайдалану, иеліктен алу мен мемлекеттік есепке алу, олармен сауда жасау, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасына әкелу, одан тысқары жерлерге жөнелту мен әкету жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін ережелер бойынша жүзеге асырылады.Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. “Қазақстанның қызыл кітабының” екінші бөлімі 1981 ж. өсімдіктерге арналып шығарылды. “Қазақстанның қызыл кітабының” бірінші басылымына тіркелген өсімдіктер мен жануарлар түрлері екі  категория бойынша: А категориясы – жойылып кету қаупі төнген түрлер; Б категориясы – сирек кездесетін түрлер деп берілді“Қазақстанның қызыл кітабының” үшінші басылымында тіркелген жануарлар түрлері 5 категория бойынша: 1-категория – жойылып бара жатқан; 2-категория – саны жылдан-жылға күрт азайып бара жатқан; 3-категория – сирек кездесетін; 4- категория – ғылыми тұрғыдан толық зерттелмеген; 5-категория – қалпына келтірілген түрлер деп берілген.“Қазақстанның қызыл кітабының” әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. Ол жастарды табиғатты аялай білуге, оның қамқоршысы болуға тәрбиелейді.

38. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және қорықтардың ..Ерекше қорғалатын табиғи аумақ - ерекше қорғау режимi белгiленген мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерi бар жер, су объектiлерi және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгiнiң учаскелерi. Мемлекеттiк табиғи қорықтар, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер, мемлекеттiк табиғи резерваттар, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер заңды тұлғалар болып табылады және мемлекеттiк мекеме нысанында құрылады.Табиғат қорғау мекемелерiне жер учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiледi.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан үй-жайлар (құрылыстар және ғимараттар), тарихи-мәдени және басқа да жылжымайтын мүлiк объектiлерi табиғат қорғау мекемелерiне жедел басқару құқығымен берiледi.Табиғат қорғау мекемесiн қайта ұйымдастыру Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың жер учаскелері жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алынбай, басқа санаттардағы жерлер құрамында бөлінеді және мемлекеттік жер кадастрын жүргізу кезінде ескеріледі.Мемлекеттік қорық аймақтары мен мемлекеттік табиғи қаумалдардың аумағы шегінде осы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың экологиялық жүйелерінің және оларда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне және оларды қалпына келтіруге теріс әсер ететін кез келген қызметті шектеу меншік иелері мен жер пайдаланушылардың жер учаскелеріне ауыртпалық болып енгізіледі және бұл жерге орналастыру құжаттамасында ескеріледі. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi мемлекет меншiгiнде болады және иеліктен шығаруға жатпайды. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерiн өзге қажеттерге алып қоюға жол берiлмейдi.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен және жағдайларда ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристiк және рекреациялық, шектеулi шаруашылық мақсаттары үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

39. Қазақстан Республикасында Атмосфералық ауа мониторингін..Атмосфералық ауа - қоршаған ортаның атмосфера газдарының табиғи қоспасы болып табылатын компонентi.Атмосфералық ауаның жай-күйiн байқау, оның жай-күйiн кешендi түрде бағалау мен болжау, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды, ұйымдар мен халықты атмосфералық ауаның сапасы туралы ағымдағы және шұғыл ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы, атмосфералық ауаның мемлекеттiк мониторингiн ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының тиiстi аумақтарында оның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi. Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау:1) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және оған зиянды физикалық әсер етуге рұқсаттармен белгiленген талаптарды;2) атмосфералық ауаны қорғаудың, оның iшiнде атмосфералық ауаны қорғауға өндiрiстiк бақылау жүргiзудiң стандарттарын, нормативтерiн, ережелерiн және өзге де талаптарын3) атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын тұрақты көздерi бар объектiлердiң санитариялық-қорғаныш аймақтарының режимiн;4) атмосфералық ауаны қорғау бағдарламаларының орындалуын;  5) Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарының өзге де талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге тиiс.  Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырадыздерi үшiн белгiленген шектi жол берiлетiн нормативтен асып кететiн атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығаратын және (немесе) зиянды физикалық әсер ететiн көздерi бар жеке және заңды тұлғалар оларды азайту жөнiнде шаралар қабылдауға тиiсАтмосфералық ауаны қорғау жөнiндегi iс-шаралар Қазақстан Республикасының атмосфералық ауаны қорғау саласындағы заңдарына сәйкес жүргiзiлуге тиiс.Атмосфералық ауаның сапасын жақсарту жөнiндегi iс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескеру мақсатында атмосфералық ауаны қорғау бағдарламалары олардың талқылауына шығарылады

  

40. Халықаралық ұйымдардың Қазақстан Республикасының табиғаты қорғауына қатысу нысандары Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысуы мынадай:1) адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғау;2) орнықты дамуға қол жеткізу;3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мүдделерін қорғау;4) трансшекаралық ластануларды болғызбау, оларды азайту және бақылау;5) еркін халықаралық сауда мен инвестицияларды экологиялық стандарттар мен талаптарды сақтау негізінде дамыту және қолдау;6) төтенше экологиялық жағдайлар болғанда халықаралық көмек көрсету;7) трансшекаралық және өңірлік экологиялық проблемаларды шешу үшін халықаралық құқықтың нормалары мен принциптерін қолдану;8) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық бастамаларға қатысу басымдықтарына негізделеді.Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басым міндеттері жаhандық, трансшекаралық, өңірлік және екіжақты негізде шешіледі. Халықаралық шарттар қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың құқықтық нысаны ретінде болады.Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту және тоқтату тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар туралы заңнамасымен реттеледі.Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарды іске асыру:1) олардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қажетті іс-әрекеттер жоспарын әзірлеу мен бекітуді;2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық шарттың орындалуын қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік органды айқындауды;3) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық шарттарға қатысу тиімділігіне тұрақты талдау жүргізуді қамтуы мүмкін. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтығының экономикалық негізін:1) халықаралық ұйымдарға төленетін міндетті және ерікті жарналар2) халықаралық бағдарламаларды, форумдар мен өзге де халықаралық іс-шараларды қаржыландыруға қатысу;3) трансшекаралық әсердің салдарынан келтірілген залал үшін жауапкершілік;4) табиғи ресурстарды бірлесіп пайдалануға арналған құрылыстарды пайдалануға беруге жұмсалған шығындарды пайдаланылатын табиғи ресурстарға үлестік қатысу принципіне орай өтеу;5) бір мемлекеттің басқа мемлекетке Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың негізінде белгіленген өз табиғи ресурстарының үлесін (үлесінің бір бөлігін) өтемақылық негізде беруі құрайды.

41. Айдар Саттаровпен «Приозерный» қорығының аумағында азамат Сидоров ұсталынды. Аң аулау - аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiн мекендейтiн ортасынан алуды жүзеге асыру арқылы жануарлар дүниесiн арнайы пайдалану түрi.Аң аулау, аңшылық алқаптарын бекітіп беру, сондай-ақ аңшылықты ұйымдастыруды жүргізу кезінде қойылатын экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалады.Осы заңға сәйкес Аң аулау құқығы жеке тұлғаларға  жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат алған жағдайда берiледi. Бұл жағдайда Азамат Сидоров құқық бұзды. Ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. ӘҚБКң 339-бап. Заңсыз аң аулау, жануарлар дүниесін пайдалану Жануарлар түрлерін заңсыз олжалаудан, аулаудан, атып алудан, аң аулауға тыйым салынған мерзімдерден және тыйым салынған орындардан, аңшы куәлігінсіз, жолдамасыз, жануарлар әлемін пайдалануға, аңшылық атыс қаруын сақтау және алып жүру, әкелу, әкету құқығына рұқсатсыз, иттер мен қыран құстарды тіркеу құжаттарынсыз, кәсіптік мақсатта аңшылық-шаруашылық ұйымдармен шартсыз, рұқсатта көрсетілген жануарлар түрлерінің белгіленген санынан жоғары болуынан көрінген кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) аң аулаудың белгіленген ережелерін қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ бұзу.

42. Бастапқы кварцты құмдар алынған карьер, жауапкершілігі шектеулі «Роса» қоғамымен аэрация алаңынан. Бұл құқық бұзушылыққа әкімшілік жауаптылық тағайындалуы тиіс. Себебі, ӘҚБКте Жер үсті және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимін бұзу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, және су қорғау аймағы мен жолақтарында Қазақстан Республикасының су заңнамасымен тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асыру әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғады деп көрссетілген, яғни айыппұл салынады.

43. Токсиндермен зертханалық жұмыс барысында профессор Садықов. Садықов қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Себебі оның қауіпсіздік ережелерді сақтамауы абайсызда болса да кісі өліміне алып келді. ҚК-ң 249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу. Радиоактивтi материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерiн және олармен жұмыс iстеудiң басқа да ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттердiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуi мүмкiн болса, - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.  Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -  жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

44. Бұлан аулауға рұқсаттары бар Смайлов және Никитин деген азаматтар. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар. Тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады. Самойлов пен Никитиннің әрекеті жауаптылыққа тартуға жатады.

45. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аймақтық органдар. ТЭЦтің. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша берiледi.Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға тыйым салынады.  Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және iске асыруына тыйым салынады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды. Бұл жағдайда құқық бұзушыларға әкімшілік жаза қолданылады.

46. «Белкозин» зауыты өндірістік қалдықтарды тазалайтын жүйесі бола тұрып, ағынды суды ортақ пайдаланатын су көзіне ағызды. Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса,Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырадыЖер үсті және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимін бұзу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, және су қорғау аймағы мен жолақтарында Қазақстан Республикасының су заңнамасымен тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асыру, -әкімщілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

47. Орманға достарымен серуендеп шыққан азамат Захаров. Орман қоры жерлерінде белгіленбеген орындарда алау жағу  және бақылау жасамай шөптесін әрі бұта есімдіктерін өртеу әкімщілік жауапкершілікке әкеп соқтырады. Бұл жағдайда Захаров әкімщілік жауапкершілікке тартылады және белгілі бір мөлшерде айыппұл төлеуі тиіс.

48.Азамат Петров Құлан ауылында үй сатып ҚР Экологиялық кодексінің 4-бабында көрсетілгендей әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы ҚР орнықты дамуының экологиялық негізі.Ал,экологиялық заңнамасының негізгі принциптерінің бірі  экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық ақпараттың жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына еркiн қол жеткiзуге құқығы бар. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды атқаратын лауазымды адамдар экологиялық ақпаратқа, оның iшiнде жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша ашық түрде қол жеткiзудi ұсынуға мiндеттi. Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар азаматтардың өмiрi мен денсаулығына әсер етуге қатысты экологиялық ақпаратты адамдардың сауалдары бойынша беруге мiндеттi. Сондықтан да аймақтық экологиялық бақылауды жүзеге асыратын органдардың азамат Петровқа ақпарат беруге қарсылық танытуы орынсыз және құқықбұзушылық болып табылады.Азамат Петров жоғары тұрған мемлекеттік органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

49.Автотуристтер Миллер және Силаев..иә,бұл азаматтар аулауға тиым салынған балық түрін аулағаны үшін жауаптылыққа тартылуы тиіс. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ, балық аулау ережелерiн-жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.Егер де құндызды аулауға рұқсат берілген болса Миллер мен Силаев жоғарыда көрсетілген бап бойынша жауаптылыққа тартылады,себебі олар балық аулау ережелерін сонда да бұзып отыр.

50. «Краситель» АҚ құрамында мышьяк..Атмосфералық ауа ҚР ЭКне сәйкес қоршаған ортаны қорғау объектісіне жатады.ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерiн немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану ережелерiн бұзу абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер - бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 

51 Өндіріс басшысы, қалдықтарды бекітілген тәртіпті сақтамай..ҚР ЭК сәйкес қалдықтарды көлік құралдарымен тасымалдау тәртібі, тиеу-түсіру жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар және экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі басқа да талаптар көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі саласындағы мемлекеттік органмен келісілген нормалар мен ережелерде айқындалады. ҚР ҚК сәйкес өндiрiстік процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiнің бұзылуы салдарынан жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуы немесе қырылуы ірі шығынға соқтырса -екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады

52 «Ксенод» ЖШС директоры Павлов..ҚР ҚКде белгіленгендей Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл мемлекетке iрi көлемде нұқсан келуiне әкеп соқса үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Бұл жерде Павлов тиісті рұқсат алмауы және салық төлемеуі қылмыс ретінде сараланады.

 

53 Бастапқы кварцты құмдар алынған карьер..Бұл құқықбұзушылық әкімшілік жауаптылыққа тартылу тиіс.ӘҚБТК сәйкес сақтау, пайдалану немесе тасымалдау кезiнде улы химикаттармен және өзге де қауiптi химиялық, заттармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге де қызметтiң зиянды өнiмдерiмен жердi уландыру, ластау немесе өзге де бүлдiру, сол сияқты бактериялық-паразиттiк немесе ерекше зиянды организмдермен, бiрақ адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян тигiзуге әкеп соқпаған ластау,-шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.Бұл жерде шектеулі рауалы концентрация бұл ауыз судағы химиялық элементтердің мемлекет дәрежесінде бекітілген шекті мөлшері.Сондықтан да аталған жағдайда су ластанғандықтан,ӘҚБтК сай жер үстi және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса және Қазақстан Республикасының су заңнамасында тыйым салынған қызмет түрлерін су қорғау аймақтары мен су белдеулері шекаралары шегінде жүзеге асыру, - шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

54 Егор Петровпен «Приозерный»..егер азамат Сидоровтың кінәсі дәлелденсе, бұл азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылады.яғни,азамат Сидоров аң аулау ережелерiн, қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерінсіз бұзып отырғандықтан-оған ескерту жасауға немесе- бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соқтырады.

55. Азамат Петров Құлан ауылында үй сатып алып, жеміс өсірумен айналысты. ҚР Экологиялық кодексінің 4-бабында көрсетілгендей әрбiр адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу құқығын сақтау және жұртшылықтың қоршаған ортаны қорғау мен орнықты даму мәселелерiн шешуге жан-жақты қатысуы ҚР орнықты дамуының экологиялық негізі.Ал,экологиялық заңнамасының негізгі принциптерінің бірі  экологиялық ақпараттың қолжетiмдiлiгi. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық ақпараттың жалпыға бiрдей қолжетiмдi мемлекеттiк ақпараттық ресурстарына еркiн қол жеткiзуге құқығы бар. Мемлекеттiк органдар, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды атқаратын лауазымды адамдар экологиялық ақпаратқа, оның iшiнде жеке және заңды тұлғалардың сауалдары бойынша ашық түрде қол жеткiзудi ұсынуға мiндеттi. Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын өзге де жеке және заңды тұлғалар азаматтардың өмiрi мен денсаулығына әсер етуге қатысты экологиялық ақпаратты адамдардың сауалдары бойынша беруге мiндеттi. Сондықтан да аймақтық экологиялық бақылауды жүзеге асыратын органдардың азамат Петровқа ақпарат беруге қарсылық танытуы орынсыз және құқықбұзушылық болып табылады.Азамат Петров жоғары тұрған мемлекеттік органға және (немесе) лауазымды адамға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкiн.

56. «Белкозин» зауыты өндірістік қалдықтарды тазалайтын жүйесі бола тұрып.. Жер бетi немесе жер асты суларын, мұздықтарды, ауыз сумен жабдықтау көздерiн ластау, бiтеу, сарқу не олардың табиғи қасиеттерiн өзге де өзгерту, егер осы әрекеттер өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, орман немесе ауыл шаруашылығына елеулi зиян келтiруге әкеп соқса,Адамның денсаулығына зиян келтiруге немесе өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, сол сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтырады. Жер үсті және жер асты суларын, ауыз сумен жабдықтау көздерін ластау және былғау, сарқу, су жинайтын орындарда олардың ластануын, топырақтың су эрозиясын және басқа да зиянды құбылыстар тудыратын су қорғау режимін бұзу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, және су қорғау аймағы мен жолақтарында Қазақстан Республикасының су заңнамасымен тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асыру, -әкімщілік жауапкершілікке әкеп соқтырады.

57. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аймақтық органдар. ТЭЦ – тің. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы оны жүргiзу нәтижелерi бойынша берiледi.Мемлекеттік экологиялық сараптаманың міндетті сипаты болады және табиғат пайдалану мен қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына әсер ету тұрғысынан құқықтық, ұйымдастырушылық және шаруашылық шешімдерді қабылдаудан бұрын жүргізілуге тиіс. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болмаса, жобаны іске асыруға тыйым салынады.  Мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу мiндеттi болатын шаруашылық және өзге де қызмет жобаларын мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысынсыз банктердiң және өзге де қаржы ұйымдарының қаржыландыруына және iске асыруына тыйым салынады. Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысына қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сараптама бөлімшелерінің, тиісті аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының сараптама бөлімшесінің басшысы өз құзыреті шегінде қол қояды. Бұл жағдайда құқық бұзушыларға әкімшілік жаза қолданылады.

58. Туристер орманда түнеуге қалады. ҚР Орман Кодексінде көрсетілгендей Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.Бұл жағдайда туристердің жасаған іс әрекеті әкімшілік құқықбұзушылық болып табылады. ӘҚБтК те орман қоры жерлерінде белгіленбеген орындарда алау жағу  және бақылау жасамай шөптесін әрі бұта есімдіктерін өртеу, сонымен қатар ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кірмейтін және кесуге тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ заңсыз кесу және зақымдау әкімшілік жазалауға жатады. Бұл қылмыс түрінің жауаптылық дәрежесі  бірнеше адам немесе бір адам жасауына емес, тұлғалардың түрлеріне байланысты өзгереді. Мысалы жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар және кәсіпкерлік субъектілері.

59. Бұлан аулауға рұқсаттары бар Смайлов және Никитин деген азаматтар. Аңшылық алқаптар - аң аулау және аңшылық шаруашылығын жүргiзу жүзеге асырылатын немесе асырылуы мүмкiн, аң аулау объектiсi болып табылатын жануарлар түрлерiнiң мекендеу ортасы болатын аумақтар мен акваториялар. Тыныштық сақтау аймақтарында және өсiмiн молайту учаскелерінде аң аулауға тыйым салынады. Самойлов пен Никитиннің әрекеті жауаптылыққа тартуға жатады.

60.Токсиндермен зертханалық жұмыс барысында профессор Садықов. Садықов қылмыстық жауаптылыққа тартылады. Себебі оның қауіпсіздік ережелерді сақтамауы абайсызда болса да кісі өліміне алып келді. ҚК-ң 249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу ережелерiн бұзу. Радиоактивтi материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерiн және олармен жұмыс iстеудiң басқа да ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттердiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуi мүмкiн болса, - бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.  Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекетжетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

  




1. Дипломная работа- Бухгалтерский учет и аудит налога на добавленную стоимость
2. Лабораторная работа Тема 4
3. государственной системой проводившей соответствующую политику государства по отношению к молодежи
4. Экономические информационные системы и их составляющие
5. а описание его видимых проявлений стычки столкновения кризисы и т.html
6. модернизация стран третьего мира стала синонимом их европеизации а точнее тем вектором развития который
7. Тема данной дипломной работы ~ Выставочная деятельность предприятия на примере ФГУП ПО Уральский оптиком
8. негроидная Австралийская Веддоидная цейлонозондская
9. Кино и общество
10. Курсова робота Методи соціальнопедагогічної діяльності
11. РЕФЕРАТ диссертации на соискание ученой степени кандидата экономических наук Москва ~ 1996 ОБЩАЯ ХАРАК
12. НА ТЕМУ- ПРАВОВОЙ РЕЖИМ ЗЕМЕЛЬ ЛЕСНОГО ФОНДА
13. В случае когда в обществе накапливается определенный объем новых связей отношений не урегулированных пра
14. Инновации и государственная политика в бизнес сфере 7 1.html
15. Не выдержав он замахнулся и с силой ударил по обивке
16. Основные направления теории дене
17. Эти различия особенно заметны при сравнении европейской и американской моделей
18. Правознавство для студентів 2го курсу магістратури ННІПП НАВС.
19. м классе Ведёт его учительница Зарубина Татьяна Викторовна которая пришла к нам в школу сразу после оконч
20. Для съемок все готово Камеры работают И свет свет проверьте Молодой человек опрятного вида с очевидны.html