У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~о~амны~ экономикалы~ саласыны~ дамуы объективті за~дармен катар адамдарды~ субъективті іс~рекеттеріме

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.3.2025

10-дәріс. Экономикалық өмірдің көкейкесті әлеуметтік мәселелері. 1-сағат.

  1.  Экономиканы дамытудың қозғаушы күші
  2.  Экономикалық өмірдің әлеуметтік аспектілері

1.Қоғамның экономикалық саласының дамуы  объективті заңдармен катар, адамдардың субъективті іс-әрекеттерімен, яғни адамның көңіл-күйіне, ықыласына, белсенділігіне байланысты болады. Сөйтіп әлеуметтік аспектілер экономиканың қозғаушы күшіне айналады.  Бұл экономиканың әлеуметтанулық мәселелерін оқып білуді талап етеді.

Шынында да экономикалық дамудың негізгі қозғаушы тетігін анықтау арқылы экономикалық әлеуметтанудың пәнін анықтау мүмкін болады. Әлеуметтану адамдардың қоғам мүшесі ретіндегі іс-қимылдарының себептерін білуге ықылас қояды. Сол себепті экономика әлеуметтануының пәні экономикалык және әлеуметтік мүдделер, мөлшерлер, құндылықтар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер, шығармашылық әлеуеті жүзеге асырылатын әрекеттер жүйесі ретіндегі экономикалық мінез-құлықты зерттеу болып табылады.

Әлеуметтану тікелей адамның жүріс-тұрысын және әлеуметтік байланыстарын, өзара әрекеттерін зерттеуге бағытталған. Осыдан М. Вебердің экономикалық іс-әрекеттің әлеуметтануы немесе Н. Смелзердің экономикалық өмірдің әлеуметтануы деулерінің мәні бар.

  Экономикалық дамудың негізгі қозғаушы тетігі экономикалық мінез-құлық, экономикалық және әлеуметтік мүдделер, мөлшерлер, құндылықтар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер шығармашылық әлеуеті жүзеге асырылатын әрекеттер жүйесі ретінде көрінеді. Экономикалық жүріс-тұрыста адамның мінез-құлқының кіріктірілген, тұтасталған әр түрлі тұрпаттары бой көрсетеді. Олар: саяси, құқықтық, мәдени, психологиялық, діни құбылыстар.

  Сонымен экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары, тәртібі - міне, экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірек айтқанда, экономикалық әлеуметтану адамның өмір сүріп отырған ортасы — қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге ой-пікірлері, көзқарастары, нарықтық қатынастарға, ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді.

   Маркс өнеркәсіптің дамуы адамның маңызды пәрменін, күш-қуатын көрсететін ашық кітап деп түсіндірген. Осы күнгі жаңа технологиялардың дамуы адамдардың қабілетін тез жетілдіруге мол мүмкіндік жасады. Тек қана оны пайдаланатын жағдайларды қоғамның басқару жүйесі тиімді ұйымдастыра алуы керек.

Адам табиғат берген әлеуметтік әлеуетін ешқашан жеткілікті пайдаланған емес. Ол қоғамның, экономиканың, ғылымның, білім берудің, әлеуметтендірудің жеткіліксіз дамығанын көрсетеді. Ал қоғамның дағдарысты, өтпелі кезеңдерінде құлдырауы бұрынғы жетістіктерден біршама айырылуға әкеледі. Қазақстанда 1990 жылдары өндіріс құлап, жұмыскерлердің біліктілігі, шеберлігі төмендеді. Сол сияқты барлық салада қаржының жетіспеуінен миллиондаған адамдар өз мамандығымен көп жылдар жүмыс істей алмай, күнкөріс үшін әр нәрсемен айналысты. Бұның бәрі бұрынғы қоғамда жинақталған интеллектуалды әлеуетін әлсіретіп, шегіндірді. Сұранымы болмағандықтан білікті мамандар қоры біршама ысырапқа ұшырады, шет елдерге кетті. 1992-2001 жж. шет елге кеткен 3 млн-ның 30%-ын білікті мамандар кұрды.

Қазақстанның нарықтық қатынастарға өтуі жаңа әлеуметтік құбылыстардың әлеуметтанулық қырларын талдауды керек етеді. Дамыған демократиялық елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңа технологиямен жабдықталып жатқан Қазақстан өндірісінде адамның ықыласы, ынтасы, ерік-жігермен талаптарына байланысты жағдайлардың бәрін жан-жақты ескермей, экономиканың дамуына керекті ықпал жасай алуы мүмкін емес. Сондықтан адамның санасына, көңіл-күйіне және жүріс-тұрысына әсер ететін мәнді жайттерді зерттеу аталған себептерге байланысты зор мәнге ие болады.

Осы жерде мынандай бір мәселеге арнайы тоқтай кетсек.  Кейбір экономист ғалымдарымыздың арасында алдымен экономика реформа, сонан соң саяси реформа  деген жалған түсінік бар. Меніңше, бұл қате пікір. Біріншіден, қоғамның негізгі салаларын бірінен бірін бөлуге болмайды. Қоғам - тұтас дүние. Екіншіден, экономикалық сала өзөзінен дамымайды. Оны ұйымдастыру, басқару қажет. Оның ұдайы өсуіне ықпал ететін объективті жағдайлармен қатар субъективті факторлар барлығын ұмытпауымыз керек. Яғни экономиканың дамуы субъективті факторлардың, адамдардың іс-әрекеттері -  санасы мен қабілетіне, ақыл-ойы, көңіл-күйі мен ықыласы, біліміне, белсенділігіне мен еңбекқорлығына  байланысты. Сол себепті қандай да бір экономикалық құбылыс, үдеріс болмасын, оларды талдауды, анықтауды әр уақытта нақтылы жеке адамның, топтың іс-әрекеті мен қызметінің жемісі ретінде қарау қажет. Өзінің «Сот реформа жайында жазбасында» ұлы ғалым Шоқан Уәлиханов саясатты экономикалық реформаны жүзеге асырудың құралы ретінде қарағанын еске сала кетсек артық болмас.

Экономика әлеуметтануда «еңбек ету себебін», «еңбекпен қанағаттану», «әлеуметтік еңбек», «әлеуметтік мінезқұлық», «әлеуметтік ісәрекеттің экономикалық факторлары» және т.б. мәселелерді зерттегендегі мақсат – адам, оның қажеттіліктері, мүддесі, өмір сүруі, яғни экономикалық үдерістердің адами өлшемдері мен әлеуметтік аспектілер.  Бұлар адамның ең жоғары қасиеттері — білім деңгейі мен мамандығы, санасы мен ынтасы, ұқыптылығы мен жауапкершілігі, белсенділігі мен еңбекқорлығы  және  т.б. Бұлар - адамдардың материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын қоғамдық өндірісті дамытып, еңбек өнімділігін молайтуға, тауарларды сапалы шығаруға тікелей әсерін тигізетін әлеуметтік факторлар. Яғни экономикалық даму еңбектің мазмұны мен ұйымдастырылуына, яғни  әлеуметтікпсихологиялық факторларға - еңбектің әлеуметтік қажеттілігіне,  еңбек ұжымындағы адамдардың жеке мінезқұлық ерекшеліктеріне қатысты. Сондай-ақ әлеуметтік аспектілерге еңбек етуде әлеуметтік-психологиялық қолайлы жағдай жасау да жатады. Мұнсыз  ешқандай еңбек пен жұмыстың ұйымдастырылуы, материалдық ынталандырудың ең тамаша жүйесі жұмыскерді жеткілікті деңгейде қанағаттандыра алмайды. Өндірісте әлеуметтік-психологиялық қолайлы көңіл-күйді қоғамдық-саяси жағдай, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-мәдени жағдаяттар және отбасындағы құқықтық-психологиялық ахуал  да жасайды.  

Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен үдерістерді жеке адамның, топтың, оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп экономиканы реттеу, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашу, экономикалық сана, экономикалық ойлау, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет және т.б. мәселелер - экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.

  Экономикада адамның тәртібін басқарып, реттеп отыру өндірістегі жұмысты әлеуметтік ұйымдастыру, жоспарлау және ынталандыру құрал-әдістерін толық қамтиды. Ол өндірістегі адамдардың жұмысын, тәртібін, басқа да жағдайларын қадағалап отырады, бұларды бұзса, оларға құқық ережелерін қолданады, осылай еңбекке ынталандырудың бүтіндей жүйесін қалыптастырады. Сөйтіп ол өндірістегі еңбек ұжымын, жеке жұмысшы, қызметкердің, маманданған топтардың іс-әрекетін, жұмысын әр уақытта реттеп басқарады және өңдірісте еңбекті қажетті бағытта жүргізуге зор ықпал жасайды. Екінші жағынан, өндірістегі адам факторы өндірістің дамуына, еңбек ұжымының тәртібіне, әсіресе, олардағы әлеуметтік реттеу, басқару құралдарына әсері күшті.

  Еңбекті, өндіріс ұжымдарын әлеуметтік құралдар арқылы басқару, реттеудің негізінде қызметкерлердің белгілі бір типі қалыптасады. Қалыптасқан бұл тип, бір жағынан, олардың ең жоғары адамгершілік қасиеттерін танытса, екінші жағынан, олардың кейбір жағымсыз қылықтарын да ашады.

   Жоғары адамгершілік қасиеттерге еңбек сүйгіштік, сенімділік, әділеттілік, еңбекке саналықпен қарау, еңбекті сапалы әрі тез істеу, адамның еңбек үдерісінде өзінше шешім қабылдауы, жауапкершілік, белсеңділік, т.б. жатады. Ал керісінше, кейбір еңбеккерлер мен қызметкерлердің өзінің  Отан, ел, халық алдында борышына немқұрайлы, тапсырылған жұмысты, қызметті қалай болса солай істеу, оларға жауапсыз қарау сияқты келеңсіз мінез-құлықтары да орын алып отырады. Осыларға сәйкес әрбір жұмысшы мен қызметкердің типін анықтау үшін экономикалық әлеуметтану олардың әр қайсысының барлық қасиеттерін терең талдап, содан кейін оның мінез-құлқының, тәртібінің өндірісте қай жағы басым екенін салыстыру арқылы адам типін анықтайды. Осыған орай өндірісте алуан түрлі еңбек ұжымдары, топтары қайта құрылып, қалыптастырылады.

Бақылау сұрақтары

 1.Экономиканы дамытудың қозғаушы күші неде?

 2.Экономиканың әлеуметтік аспектілері дегенді қалай түсінесің?




1. Вивчення рівнів вихованості дитини
2. Учебное пособие- Оказание первой помощи при поражении электрическим током
3. Введение Термическая обработка является одним из наиболее распространенных способов получения заданны
4. Жизнь и творчество Виктора Олеговича Пелевина
5. 220-мм реактивная система залпового огня.html
6. Лабораторная работа по физике 304б Исследование дифракции Фраунгофера Вып
7. ПОДъЁЁЁМММ
8. Тема 7. Искусство маньеризма.
9. Понятие и виды наследования
10. Оценка эффективности финансово-хозяйственной деятельности предприяти