Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Ба~дарламамен ж~мыс жасау.html

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

Бағдарламамен жұмыс жасау

Мазмұны

  1.  Бағдарламаның мүмкіндіктері
  2.  Бағдарлама терезесінің жалпы түрі
  3.  Екі ортаның жазық шекарасындағы жарықтың шағылуын және сынуын зерттеуге арналған қондырғы
  4.  Сыну көрсеткіші айнымалы ортадағы жарық таралуын зерттеуге арналған қондырғы
  5.  Линзаның жұмысын зерттеуге арналған қондырғы
  6.  Интерференция құбылысын зерттеуге арналған қондырғы
  7.  Поляризация құбылысын зерттеуге арналған қондырғы
  8.  Бағдарлама туралы

Бағдарламаның мүмкіндіктері

Виртуал  оптикалық лабораторияда бес қондырғының жұмысы модельденеді:

  1.  Екі ортаның жазық шекарасындағы жарықтың шағылуын және сынуын зерттеуге арналған қондырғы;
  2.  Сыну көрсеткіші айнымалы ортадағы жарық таралуын зерттеуге арналған қондырғы;
  3.  Линзаның жұмысын зерттеуге арналған қондырғы;
  4.  Интерференция құбылысын зерттеуге арналған қондырғы;
  5.  Поляризация құбылысын зерттеуге арналған қондырғы.

Осы бес қондырғының көмегімен оптикалық құбылыстарды байқауға және осы құбылыстарды сан және сапа жағынан зерттеуге болады. Бұл бағдарламада сегіз лабораториялық жұмыс келтірілген және оларды пайдаланушылар толтырулары мүмкін.

Лабораториялық жұмыстардан басқа оптикадан қысқаша анықтама және осы бағдарламамен жұмыс жасау ережелері келтірілген.

Мәліметтердің барлығы қазақ және орыс тілінде келтірілген.


Бағдарлама терезесінің жалпы түрі

Суретте бағдарлама терезесінің жалпы түрі бейнеленген.

Құралдарды қою және алып тастау. Маустың сол кнопкасын басып қажетті қораптың есігін ашуға болады. Маустың сол кнопкасын құралға бағыттап тағы бір басқанда құрал оптикалық орындыққа орналасады.

Құралды оптикалық орындықтан алып тастау үшін көрсеткішті (стрелканы) құралға бағыттайды және маустың оң кнопкасын басып оның параметрлерінің терезесін ашады. Осы терезедегі “Удалить” деген кнопканы басу керек.

“Пуск” деген кнопка лабораториядағы жарықты сөндіріп, қондырғыны іске қосады. “Стоп” кнопкасы қонырғыны сөндіріп, лабораториядағы жарықты қосады.

Сол жақтағы қорапта орналасқан екі қондырғы оптикалық орындыққа қойылғаннан соң олардың бейнесіндегі солжақтағы кнопкасының қос рет басуымен іске қосылады. Бұл қондырғыларды сөндіру үшін экранның қандай да болсын жерінде сол жақтағы кнопканы екі рет қатарынан басу керек.

Маустың сол кнопкасын кітаптарға бағыттап басып қажетті мәліметтерді алуға және оның тілін өзгертуге болады.


Екі ортаның жазық шекарасындағы жарықтың шағылуын және сынуын зерттеуге арналған қондырғы

Жартысфераны мауспен айналдыруға болады. Ол үшін маустың көрсеткішін алынатын аумаққа (суретте көрсетілген) қойю керек. Көрсеткіш қол тәрізді болғанда маустың сол кнопкасын басып тұрып жартысфераны айналдырады.

Қондырғыны сөндіру үшін сол кнопканы экранның қандай да болсын жерінде екі рет басу керек.




Сыну кӨрсеткіші айнымалы ортадағы жарық таралуын зерттеуге

арналған қондырғы 

 Кіретін сәуленің көлбеулік бұрышын өзгерту. Маустың көрсеткішін алынатын аумаққа қойю керек (суретте көрсетілген). Көрсеткіш қос вертикал стрелка тәрізді болады. Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты жоғары немесе төмен ығыстырады.

 Кіретін сәуленің орнын өзгерту. Маустың көрсеткішін алынатын аумаққа қойю керек (суретте көрсетілген). Көрсеткіш қол тәрізді болады. Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты жоғары немесе төмен ығыстырады.

Экранның қандай да болсын нүктесінде маустың оң кнопкасын басып, ыдыстағы ортаның және жарық сәулесінің параметрлерін өзгертетін терезені ашуға болады.

Экранның қандай да болсын нүктесінде маустың сол кнопкасын  қос рет басып, қондырғыны сөндіруге болады.


Линзаның жұмысын зерттеуге арналған қондырғы

Нүктелік жарық көздерін қосу және өшіру үшін көрсеткішті көзге қояды (қол пайда болады) және маустың оң кнопкасын басады.

 Жарық көздерін вертикаль бойымен орнын ауыстыру. Маустың көрсеткішін жарық көзіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты жоғары немесе төмен ығыстырады.

 Жарық көздерін горизонталь бойымен орнын ауыстыру. Маустың көрсеткішін оптикалық орындықтағы көздердің бекітілген блогының винтіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты оңға немесе солға ығыстырады.

Сәулелерді іріктеуші маска мен жылжымалы сызғышта дәл солай орнын аустырады.

Линзаның орны орындықта бекітілген және ауыспайды.

Линзаның параметрлерін өзгерту. Маустың көрсеткішін оптикалық орындықтағы линзаның бекітілген винтіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың оң кнопкасын басып линзаның параметрлерінің терезесін ашып,  линзаның түрін және оның фокустық қашықтығын таңдайды. Қондырғыны орындықтан алып тастау үшін осы терезедегі “удалить” деген кнопканы басады.

Бұл қондырғыда нақты сәулелермен бірге жалған жарық көзінің сәулелері де көрсетіледі (олардың жарқырау көбірек).



Интерференция құбылысын зерттеуге арналған қондырғы

Құралдарды бұру. Жарық фильтрлерінің, жалғыз саңылаудың және Юнгтің қос саңылауларының бейнелерінде маустың оң кнопкасын басып бұл құралдарды 90о градусқа бұруға болады.

Жарық фильтрін (көк, жасыл, қызыл, сары) таңдау үшін жарық фильтрі аумағынды маустың сол кнопкасын басу керек.

Жалғыз саңылаудың параметрлері өзгермейді.

Юнг саңылауын бұрғанда параметрлер терезесі ашылады, оның ішінде саңылаулардың арасындағы қашықтық пен жарықтың толқын ұзындығын өзгертуге болады. Ол параметрлер метрмен берілген. Параметрлерді таңдаған соң “принять” деген кнопканы басу керек.

Юнг саңылауын орындық бойынша ығыстыру. Маустың көрсеткішін оптикалық орындықтағы саңылаудың бекітілген винтіне дәлдеп қояды (қол пайда болады). Маустың сол кнопкасын басып тұрып маусты оңға немесе солға ығыстырады.

Параметрлер терезесіндегі “удалить” деген кнопканы басып, қондырғыны алып тастауғы болады.

Қондырғы жұмыс істеу үшін құралдардың барлығы орындықта орналасу керек және лабораторияда жарық сөніп туру керек.


Жарық интенсивтігі графигінің масштабын өзгерту. Графиктің үлкейтілген түрі көру үшін сол аумақтың жоғарғы сол жақтағы бұрышына маустың көрсеткішін қояды. Маустың сол кнопкасын басып тұрады. Көрсеткішті жоғарыдан төменге және солдан оңға қарай қажетті нүктеге дейін жылжытады. Кнопканы жібереді. Экраннан үлкейтілген бейнені көреді.

Графикті бастапқы қалпына келтіру үшін маусты дәл солай бірақ оңнан солға қарай және төменнен жоғары қарай жылжытады.


Поляризация құбылысын зерттеуге арналған қондырғы

 Құралдарды бұру, параметрлерді таңдау, қондырғыны қосу және алып тастау “Интерференция” қондырғысында сияқты жасалады.


Телевизордың экранында поляроидтардың бұрылу бұрыштары көрсетіледі. Бұрыштар сәуленің бағытымен қарағанда вертикальдан сағат тілімен саналады.

Телевизор экранының ортасында өткен сәуленің бейнесі көрсетіледі, ал астында оның салыстырмалы интенсивтігі.


Бағдарлама туралы

“Оптика” оқулық бағдарламасы әл Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Математика

және Механика ғылыми зерттеу институтының әкімшілік жетекшісімен

Алматы қаласының Білім Департаментінің

және

Білімдегі Жаңа Технологиялар Қалалық Ғылыми-әдістемелік Орталығының

тапсырысы бойынша

әл Фараби атындағы ҚазҰУ физика факультетіндегі Дәрістік

Физикалық Эксперимент лабораториясында жасалған

 

Әкімшілік

Шалтай Смағұлов

 Нарғозы Данаев

Юрий Дзибалов

Жасаушылар

Жоба жетекшісі

Владимир Кашкаров

Сценарий мен әдістемелік жұмысы

Леонид Михайлов

Владимир Кашкаров

Жобалаушы-программист

Руслан Абдуллин

Суретші-дизайнер

Вячеслав Дьячков

Аудармашы

Гүлжан Қозтаева

 

Алматы 2004


Телевизор

Бағдарламаны жабу және  одан шығу

кнопкалары

Тілді таңдау

Лаборатория-лық жұмыстар

Анықтама

Көмек

Оптикалық орындық скамья

Жарық көзі

Құралдар

Жарықты өзгерту

Қондырғыны қосу

ПЗС матрица

Шағылу мен сынуды зерт-теуге арналған қондырғы

Рефракцияны зерттеуге арналған қондырғы

Линзаның жұмысын зерт-теуге арналған қондырғы

нтерференци-яны зерттеуге арналған қондырғы

Поляризацияны зерттеуге арналған қондырғы

Жартысфераны бұру үшін алынатын аумақ

Сәуленің түсу жазықтығына нормальді көрсету

Шағылған сәуле

Түскен сәуле

Мөлдір заттан жасалған жартысфера

Сынған сәуле

Өлшеуіш шкала

Лаборатория-лық жұмысты таңдау

Жартысфера материалының сыну көрсеткішін таңдау

Белгіссіз материалды таңдау

Жартысфера бетіне тұрғы-зылған  нормаль

Жартысфера бетіне тұрғы-зылған  нормаль

Материалды таңдау

Сәуле түсін таңдау

Ыдыстың ені

Ыдыстың биіктігі

Қоршаған ортаның сыну көрсеткіші

Сәуленің ену нүктесінің биіктігі

Сәуле түсін таңдау

Ыдыстағы орта сыну көрсеткшінің вертикал градиенті

Сәуленің ену нүктесіндегі ортаның сыну көрсеткіші 

Ортадағы жарық сәулесінің нақты әлсіреуі модельденеді

Сәуленің түсу нүктесін өзгерту үшін алынатын аумақ

Сәуле түсуіннің көлбеулігін өзгерту үшін алынатын аумақ

Сызғышы және үш нүктелік жарық көзі бар блок

Жылжымалы өлшеуіш сызғыш

Сәулелерді ірік-теуге арналған жылжымалы маска

Орындықтағы өлшеуіш сызғыш

Линза

Линза парамет-рлерін  өзгертуге арналған меню 

Нүктелік жарық көздері

Маскамен іріктелген сәулелер

Жарық көзі

Жарық фильтр-лерінің блогы

Бірінші жалғыз саңылау

Юнгтің қос саңылаулары

Жарық қабылдағышы ПЗС матрицасы

Юнг саңылаулары мен жарықтың толқын ұзындығы параметр-лерінің терезесі

Интерференциялық бейненің түрі

Жарық интенсивтілігінң үлестірілу графигі

Бірінші поляроид

Екінші поляроид

Поляроидтың бұрылу бұры-шын таңдау

Сәуле түсін таңдау

Екі поляроидтан өткен сәуле

Бірінші поля-роидтың бұры-лу  бұрышы

Екінші поля-роидтың бұры-лу  бұрышы

Сәуленің салыстырмалы интенсивтігі




1. Органы юстиции России
2. Пояснительная записка к расчетнографической работе по дисциплине
3. Розрахунок обсягу капітальних витрат інвестицій Для розрахунку терміну окупності визначаємо нові кап
4. Тема 9 Управление процессами Лекция 1
5. Сыном мне стала идея служения детям
6. ПОРІВНЯЛЬНА ПОЛІТОЛОГІЯ Особливості предмету та об~єкту порівняльної політології як науки.
7. 3a29ea1bccbdd766ae6cd7f1942dd3e.html
8. Тема 30 Внутренняя политика первой четверти XIX в
9. Техносферная безопасность профили- Безопасность технологических процессов Инженерн
10. ТЕМА 5 ПРИПИНЕННЯ ДІЯЛЬНОСТІ СУБ~ЄКТА ГОСПОДАРЮВАННЯ 1
11. ЛИСТ НА натяжные потолки Метр-квадр Цена Общая сумма
12. Облік ремонту основних засобів.html
13. тематических методов1
14. 6 РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук
15. Влияние железнодорожного транспорта на экономические и культурные показатели жизнедеятельности государства
16.  Гносеология это учение- г о сущности познания о путях постижения истины; 2
17. Толковые словари
18. жизнь как некую интуитивно постигаемую целостную реальность не тождественную ни духу ни материи
19. Расторжение трудового договора1
20. Средняя общеобразовательная школа 1 имени А