Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Тақырып 3. Экономикалық жүйе, оның түрлері. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны.
Дәріс мақсаты: Экономикалық жүйемен оның түрлерін, меншік қатынастары және олардың экономикадағы орны жайында білім беру.
Негізгі сөздер: Экономикалық жүйе, меншік, меншік формалары (нысандары).
Жүйелік әдістеме күрделі ұйымдасқан объектілерді зерттеу әдістердің жиынтығы. Мұндай әдістеме ұлттық экономиканың жеке жүйелерін және ірі блоктарын, олардың қызметін, арасындағы тура және кері байланысты анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйе деп элемент пен бөліктердің белгілі бір тәртәппен ұйымдасқан бір тұтасты атайды.
Жүйелер қарапайым және қүрделі болып бөлінеді. Қарапайым жүйе өзара әсер етуші элементтерден, ал күрделі жүйе түрлі қарапайым жүйелердің бірігуінен құралған көп деңгейлі құрылым. Егер күрделі жүйені басқару, бір орталықтан басқарылса, онда ол - орталықтанған деп аталады. Ал егер басқару бірнеше жерде орналасқан болса, онда ол деорталықтанған (орталықтандырылмаған) деп аталады.
Сыртқы ортаның әсеріне байланысты жүйелер ашық және жабық болып бөлінеді. Ашық жүйе қоршаған ортамен интенсивті айырбас жасайды. Жабық жүйе ондай айырбастар жасамайды, әлде айырбас шектеулі масштабта жасауы мүмкін.
Күрделі жүйелердің негізгі белгілері:
Экономикалық жүйе қоғамдағы ұйымдастырылған форма, қатынастар негізінде жасалған, экономикалық процесстердің жиынтығы. Қоғамның нақты базисін құрайтын экономикалық жүйені экономикалық қатынастар жиынтығы құрайды.
Экономикалық жүйе үш блоктан тұрады:
Экономикалық жүйенің негізгі шешетін сұрақтары: Не өндіру? Қалай өндіру? Кім үшін өндіру?
Экономикалық жүйелердің айырмашылығы осы сұрақтарға жауап беруіне байланысты.
Негізінде түрлі критерийлер жататын экономикалық жүйелердің 3жіктелімі бар.
1 жіктелім ашықтық дәрежесі бойынша. Ол бойынша былай бөліп көрсетеді:
Экономикалық жүйе ашық және жабық түрде болады.
Ашық экономикалық жүйе ол әлемдік шаруашылық байланысы жоғары деңгейдегі мемлекеттер экономикасы.
Жабық экономикалық жүйе ол сыртқы әлеммен экономикалық байланыс төмен немесе мүлдем жоқ мемлекеттер экономикасы.
2 жіктелім. Оның негізінде меншік қатынастары мен экономикалық байланыс нысандары сияқты критерийлер жатады. Осы критерийлер бойынша экономикалық жүйелердің келесі типтері бар:
3 жіктелім өнеркіспік төңкеріс және ҒТР (ғылыми техникалық революция) сияқты сипаттарға негізделген. Бұл жіктеу бойынша үш экономикалық жүйені бөліп көрсетеді.
Индустрияға дейінгі жүйе бұл ауылшаруашылығы, шаруашылық жүргізудің табиғи нысаны және қол еңбегінің басымдылығымен сипатталатын жүйе.
Индустриялды экономикалық жүйе ірі машиналық өндіріске негізделген, дамыған ақша-тауар қатынастары бар жүйе.
Постиндустриалды экономикалық жүйеде басты ресурс ақпарат, экономиканың жетекші саласы өндірістік емес сала, ал экономикалық дамудың мақсаты адам және оның өзіндік мүмкіндіктерін жүзеге асыруына жағдай жасау болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық қатынас немесе меншік бойынша қатынастар өндіріс әдістерінің ішіндегі өндірістік қатынастардың негізі. Ол өндірістің жеке және заттық факторларының қосылу әдісі мен бөлу, айырбастау, тұтыну қатынастарын анықтайды. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі меншіктің орнын келесідей анықтайды:
Меншік белгілі бір материалдық игілікті иелігіне алу үшін адамдар арасындағы қатынас. Меншіктің экономикалық мазмұны өндірістік қатынастар жиынтығы, яғни өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну арқылы көрсетіледі. Меншіктің құқықтық мазмұны меншік иесінің меншік объектісінің қауісіздігін қамтамасыз ету, одан түскен табысты иелену, пайдалану, басқару құқығы секілді бағыттардан тұрады.
Меншік субъектісі меншік қатынастарының активті жағы, яғни меншік объектісін иелену құқығы. Меншік объектісі - меншік қатынастарының пассивті жағы, яғни табиғат, заттар, энергия, мүліктер, ақпараттар т.б.
Меншік формасы бұл белгі, меншік субъектісі белгісі бойынша мінезделетін, яғни меншік объектісінің түрлі субъект табиғатымен бірігуі. Меншік формаларының келесі түрлері бар:
А) мемлекеттік (жалпы мемлекеттік, муниципалды);
В) ұжымдық (серіктестіктер меншігі, акционерлік меншік);
С) жеке және т.б.
Мемлекеттік меншік меншік типі, мемлекеттік секторда орналасқан кәсіпорын, ұйым, орталық және жергілікті басқару органдары арқылы мемлекет меншігін басқару. Мемлекеттік меншік екі формада болады: 1. Жалпы мемлекеттік, 2. Муниципалдық.
Жеке меншік ол меншік қатынастары, экономикалық тұлға басқа тұлғаларға тәуелсіз өз меншігіне билік ету және иеленуі.
Нарықтық экономиканың құрылуы Қазақстандағы меншік қатынастарын өзгертті. Ол жекешелендіру және мемлекетсіздендіру жолдарымен жүзеге асты.
Мемлекетсіздендіру мемлекеттік кәсіпорындардың (шаруашылық) басқару қызметтерін толығымен жеке шаруашылық субъектісіне берілуі.
Жекешелендіру заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік меншікті мемлекеттен сатып алуы, сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын және ұйымдарды мемлекетсіздендіру жолымен акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу.
Мемлекетсіздендіру және жекешелендірудің негізгі бағыттары:
Жекешелендіру әдістері: