Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Фараби атында~ы ~аза~ ~лтты~ Университетіні~ халы~аралы~ ’ы~ кафедрасыны~ ме~герушісі; Жандарбек Бауыр

Работа добавлена на сайт samzan.net:


ҚЫСТАУБАЙ

Өмірбай Сайынұлы

АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ

УДК

ББК

Қ

Пікір білдірушілер:

Айдарбаев Сағынғали Жоламанұлы – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық құқық кафедрасының меңгерушісі;

Жандарбек Бауыржан Әбілқасымұлы – заң ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу  және еңбек құқығы кафедрасының доценті;

Динанов Әлібек Керімбекұлы – заң ғылымдарының кандидаты, Орталық Азия Университетінің доценті.

Қыстаубай Ө.С.

Азаматтық құқық. Оқу құралы. – Астана: ҚазГЗУ, 2011. – 324 б.

ISBN 9965-411-69-7

Оқу құралында еліміздің азаматтық құқықтық заңнамасына негізделген Азаматтық құқық пәні бойынша тақырыптардың қысқаша мазмұны, әр тақырып соңында тапсырмалар, сондай-ақ білім алушылардың білімін тексеретін, нақтылай түсінуге көмектесетін және бақылауға мүмкіндік беретін тестілік тапсырмалар берілген.

Азаматтық құқық пәні бойынша ұсынылып отырған еңбек жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына арналады.

Баспаға Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған.

ISBN 9965-411-69-7

© Қыстаубай Ө.С., 2011

МАЗМҰНЫ

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)

1 – тарау. Азаматтық құқықтық қатынастарды реттеу

1.1 Азаматтық құқықтың түсінігі ....................................................

1.2 Азаматтық құқықтық қатынастар ...............................................

1.3 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау .......................

2 – тарау. Азаматтық құқықтың субъектілері

2.1 Азаматтар – азаматтық құқықтың субъектілері ретінде..................

2.2 Заңды тұлғалар – азаматтық құқықтың субъектілері ретінде...........

2.3 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектілері ретінде .......................................................................

3 – тарау. Азаматтық құқық объектілері

3.1 Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі мен түрлері, оларға сипаттама беру .................................................................................................................

3.2 Қаржылық құралдар азаматтық құқықтың объектілері ретінде..............................................................................................................

3.3 Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілері ретінде .....................

3.4 Азаматтық құқықтың өзге де объектілері .......................................

4 – тарау. Мәмілелер

4.1 Мәміленің түсінігі мен түрлері ......................................................

4.2 Мәміле жарамдылығының жағдаяттары (алғышарттары)...................

4.2 Жарамсыз мәмілелер түсінігі, түрлері және құқықтық салдары .........

5 – тарау. Өкілдік және сенімхат

5.1. Өкілдік түсінігі, белгілері, түрлері ................................................

5.2 Сенімхат түсінігі, түрлері, мерзімдері, тоқтатылуы ..........................

6 – тарау. Мерзімдер. Талап қою мерзімі

6.1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері..................

6.2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері.............................................................................

6.3 Талаптың ескіруі, талап қою мерзімінің түсінігі, маңызы, қолданылуы

7 – тарау. Меншік құқығы және өзге де құқықтар

7.1 Меншік құқығы жөніндегі жалпы ережелер ....................................

7.2 Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы .........................

7.3 Ортақ меншік ..............................................................................

8 – тарау. Міндеттемелік құқық

8.1 Міндеттеме ұғымы және оның тараптары .......................................

8.2 Міндеттемені орындау ..................................................................

8.3 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ...................................

8.4 Міндеттемені тоқтату ...................................................................

9 – тарау. Азаматтық құқықтық жауапкершілік

9.1 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ұғымы, ерекшеліктері, түрлері ..........................................................................................................

9.2 Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің алғышарттары......................

10 – тарау. Шарт туралы жалпы ережелер

10.1 Шарт ұғымы, шарттан туындайтын қатынастар, шарт еркіндігі, бағасы, қолданылуы, шарт және заңдар .................................................

10.2 Аралас, ақылы және ақысыз, жария, қосылу, алдын ала жасалатын, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттар........................................

10.3 Шарт жасасу: шарттың елеулі ережелері, нысаны, оферта, акцепт, шарт жасасу тәртібі, шарттың жасасатын жер...............................................

10.4 Шартты өзгерту және бұзу .............................................................

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім) бойынша тестілік тапсырмалар .......................................................

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)

11 – тарау. Мүлікті (тауарды) меншікке, шаруашылық жүргізуге немесе жедел басқаруға беру жөніндегі міндеттемелер

11.1 Сатып алу-сату туралы жалпы ережелер ........................................

11.2 Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері .......................

11.3 Тауар жеткізілімі шартының ерекшеліктері ....................................

11.4 Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері ...............................

11.5. Энергиямен жабдықтау шартының ерекшеліктері ..........................

11.6 Кәсіпорынды сату шартының ерекшеліктері ..................................

11.7 Айырбас шарты ..........................................................................

12 – тарау. Рента және өмір бойы асырауда ұстау

12.1 Рента шарты туралы жалпы ережелер ...........................................

12.2 Тұрақты рента шарты .................................................................

12.3 Ғұмырлық рента шарты ..............................................................

12.4 Өмір бойы асырауда ұстау шарты ................................................

13 – тарау. Сыйға тарту шарты

13.1 Сыйға тарту шартының түсінігі, ерекшеліктері .............................

13.2 Қайырмалдық ...........................................................................

14 – тарау. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер

14.1 Мүлікті жалдау туралы жалпы ережелер ......................................

14.2 Прокат шартының ерекшеліктері .................................................

14.3 Көлік құралдарын жалдау ерекшеліктері ......................................

14.4 Кәсіпорынды жалдау ерекшеліктері .............................................

14.5 Лизинг шарты ...........................................................................

14.6 Тұрғын үйлерді жалдау ерекшеліктері .......................................

15 – тарау. Жұмыс орындау жөніндегі міндеттемелер

15.1 Мердігерлік шарты туралы жалпы ережелер ..............................

15.2 Тұрмыстық мердігерлігінің ерекшеліктері .................................

15.3 Құрылыс мердігерлігінің ерекшеліктері .....................................

15.4 Жобалау және іздестіру, ғылыми зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлігінің ерекшеліктері ............

16 – тарау. Көлік қатынастарын құқықтық реттеу

16.1 Көлік қатынастарына қатысты негізгі терминдер, көлік құралдарына қойылатын талаптар .......................................................................

16.2 Тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жолаушының жауапкершілігі ....................................................................................................

16.3 Жүкті тасымалдау шарты.........................................................

16.4 Жолаушыларды тасымалдау шарты .........................................

16.5 Көлік экспедициясы шарты .....................................................

17 – тарау. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (Факторинг) шарты

17.1 Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының түсінігі, нысанасы (пәні), нысаны...............................................................................

17.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі ............

18 – тарау. Банктік қызмет көрсету міндеттемелері

18.1 Банктік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ..................................

18.2 Банктік шот шарты ................................................................

18.3 Ақша аудару туралы шарт .......................................................

18.4 Банк салымы шарты ................................................................

19 - тарау. Есеп айырысу міндеттемелері

19.1 Есеп-айырысу туралы жалпы ережелер .......................................

19.2 Төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру .................................

20 – тарау. Сақтау міндеттемелері

20.1 Сақтау шартының түсінігі, нысаны, мерзімі, сыйақы мөлшері, тараптардың жауапкершілігі .............................................................

20.2 Затты ломбардта сақтау ерекшеліктері ........................................

20.3 Құндылықтарды банкте сақтау ...................................................

20.4 Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты..............

20.5 Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау ........................................

20.6 Заттарды қонақ үйлерде сақтау ...................................................

20.7 Даулы заттарды сақтау ...............................................................

20.8 Тауар қоймасында сақтау ............................................................

21 – тарау. Сақтандыру міндеттемелері

21.1 Сақтандыру ұғымы, объектісі, нысандары, түрлері .........................

21.2 Сақтандыру құқықтық қатынастарына қатысушылар және өзге де ұғымдар ............................................................................................

21.3 Сақтандыру шартының ұғымы, мазмұны, нысаны .........................

21.4 Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері ..........................................................................................

21.5 Суброгация ...............................................................................

21.6 Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату .............................

21.7 Сақтандыру шартының жарамсыздығы .........................................

21.8 Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау ......................................

22 – тарау. Тапсырма шарты

22.1 Тапсырма шартының түсінігі, мазмұны .........................................

22.2 Тараптардың жауапкершілігі, шартты тоқтату ...............................

23 – тарау. Комиссия шарты

23.1 Комиссия шартының түсінігі ........................................................

23.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері ........................................

24 - тарау. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты

24.1 Мүлікті сенімгерлікпен басқару (МСБ) шартының түсінігі, нысаны, субъектіілері, объектілері ....................................................................

24.2 Шарт бойынша жауапкершілік. Шартты тоқтату .............................

25 – тарау. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты

25.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты: түсінігі және нысаны .............

25.2 Шарттың шектеулі шарттықтары (жағдаяттары) ..............................

25.3 Кешенді кәсіпкерліктің қосымша лицензия шарты ...........................

26 – тарау. Конкурстық міндеттемелер

26.1 Конкурстық міндеттемелердің ұғымы мен түрлері ............................

26.2 Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу ерекшеліктері .....................................................................................

27 – тарау. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

27.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы мен алғышарттары

27.2 Зиян келтірілгені үшін жауаптылықтың кейбір түрлері.....................

27.3 Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу ............

27.4 Моралдық зиянның орнын толтыру ................................................

28 – тарау. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер

28.1 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме ұғымы, түрлері...................

28.2 Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық .........................................

29 – тарау. Интеллектуалдық меншік құқығы

29.1 Интеллектуалдық меншік құқығы туралы жалпы ережелер ...............

29.2 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар .......................................

29.3 Патенттік құқық ..........................................................................

29.4 Селекциялық жетістіктерге құқықтар ..............................................

29.5 Интегралды микротәсім топологиясына құқықтар. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы ............................................

30 – тарау. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдары

30.1 Фирмалық атауға құқықтың түсінігі, әрекет етуі және оны иеліктен алу ..................................................................................................

30.2 Тауар белгісінің түсінігі мен қолданылуы ....................................

30.3 Тауардың шығу жері атауының түсінігі, қолданылуы.....................

31 - тарау. Мұрагерлік құқық

31.1 Мұрагерлік түсінігі, негіздері. Мұраның құрамы, ашылуы, ашылу орны..................................................................................................................

31.2 Мұрагерлер. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету...................

31.3 Өсиет бойынша мұрагерлік .........................................................

31.4 Заң бойынша мұрагерлік .............................................................

31.5 Мұра алу ...................................................................................

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) бойынша тестілік тапсырмалар ......................................................

 

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім)

1-тарау. Азаматтық-құқықтық қатынастарды реттеу

1.1 Азаматтық құқықтың түсінігі (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің /ілгеріде – ҚР АК/ 1-7 баптары)

1.1.1 Құқық салалары жүйесіндегі азаматтық құқық түсінігі, қағидаттары, функциялары

Азаматтық құқық пен өзге сабақтас құқық салаларының арақатынасы. Азаматтық-құқықтық реттеудің нысанасы (пәні) мен әдісі.

Азаматтық құқық дегеніміз – қатысушылардың заңи теңдігіне, шарт еркіндігіне, мүліктік дербестікке, қол сұқпаушылыққа негізделген мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Азаматтық құқық реттейтін мүліктік емес жеке қатынастар мүліктік қатынастармен байланысты да байланыссыз да болуы мүмкін. Мысалы, азаматтың ар-намысына нұқсан келтіретін және шындыққа жанаспайтын мәлімет баспасөз ақпарат құралдары бетінде жарық көрсе, азамат бұл ақпаратты жариялаған газет (журнал және т.с.с.) редакциясынан қателік екенін білдіріп кешірім сұрауларын талап ететін болса, бұл мүліктік емес жеке құқығына келтірілген нұқсанды қорғау болып табылады және мүліктік сипатта болмайды, яғни мүліктік қатынастармен байланысты емес. Ал егер, зиян ар-ожданына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер тарату арқылы келтірілсе және азамат моральдық зиянды өтеуді талап етсе, моральдық зиянды өтеу ақшалай нысанда болады, яғни мүліктік емес жеке қатынастардың мүліктік қатынастармен байланысты болғанына көз жеткіземіз.

Азаматтық құқықтың қағидаттары:

  •  қатысушылардың заңи теңдігі қағидаты бойынша азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушы барлық тұлғалар заң алдында да және бір-бірінің алдында да тең болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектісі болуы мүмкін мемлекеттің өзі де осы қатынастарда өзге қатысушылармен тең саналады және артықшылыққа ие бола алмайды;
  •  меншікке қол сұқпаушылық қағидаты бойынша тұлғаны меншігіндегі мүліктен айыруға заңнамамен қарастырылған жағдайларда ғана жол беріледі. Қазақстан Республикасы Конституциясының 26 бабына сай, «1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкiн жеке меншiгiнде ұстай алады. 2. Меншiк, оның iшiнде мұрагерлiк құқығына заңмен кепiлдiк берiледi. 3. Соттың шешiмiнсiз ешкiмдi де өз мүлкiнен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшiн мүлiктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргiзiлуi мүмкiн»;
  •  шарт еркіндігі: тұлға шарт бойынша әріптесті дербес таңдайды, тараптар шарт жасасуда және оның жағдаяттарын анықтауда еркін;
  •  жеке істерге заңсыз қол сұғуға жол бермеу қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзінің кәсіпкерлік немесе өзге де заңды істеріне кез келген тұлғаның заңсыз араласуына жол бермеуге құқылы, соның ішінде жария биліктің заңсыз әрекеттерінен қорғануды жүзеге асыра алады;
  •  азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, оларды қалпына келтіру және қорғау қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзіне тиесілі құқықтарды заңнама шеңберінде жүзеге асыруға және қиындық пен кедергі жасаушыларға тыйым салуға, қорғауды өзі немесе сот арқылы жүзеге асыруға құқылы;
  •  құқықты теріс мақсатта пайдалануға жол бермеу қағидатына сай құқыққа ие тұлға өзіне тиесілі құқықтар мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңнама шеңберінде қамтамасыз етілген мүмкіндіктерді жүзеге асырған кездерде өзгеге зиян келтірмеуі тиіс, яғни теріс мақсатта пайдаланбауы қажет.

- диспозитивтік қағидатына сай азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар мәмілелердің бағасын, мазмұны мен мерзімдерін және өздері үшін өзге де қажетті болып табылатын жағдаяттарды өз қалауларына қарай жүзеге асыра алады. Дегенмен, мұндай дербестік пен ынталылық заңнамамен бекітілген императивтік талаптарға қайшы келмеуі қажет.

Азаматтық құқықтың функциялары:

  •  экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағымды жағдайларды қалыптастыруға бағытталған реттеу функциясы;
  •  азаматтық құқықтарды құқық бұзушылықтардан қорғауға бағытталған қорғау функциясы. Азаматтық құқықта қорғау функциясы негізінен қалпына келтіру (төлемақы) сипатында болады.

Конституциялық құқық құқық жүйесінің жалпы қағидаттарын, соның ішінде азаматтық құқықтың негізгі бастауларын белгілейді. Конституциялық құқық меншіктің барлық нысандарының теңдігін, оған қол сұғуға болмайтындығын, кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және өзге де қағидаттарды анықтайды. Ал, азаматтық құқық бұл қағидаттарды өз нормаларында нақтылай түседі, бекітеді және жүзеге асыруға ықпал етеді.

Әкімшілік құқық мүліктік қатынастарды реттеуі мүмкін, бірақ әкімшілік құқықтың негізгі әдістерінің бірі билік-бағыныштылық қағидаты болғандықтан, тараптар теңдігі мен шарт еркіндігіне негізделген азаматтық құқықтан өзгеше құқықтық қатынастарды реттейді. Дегенмен де, әкімшілік актілер негізінде азаматтық құқықтар мен міндеттер туындауы мүмкін. Мысалы, жергілікті атқарушы органның шешімімен азаматқа мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесі берілуі мүмкін. Әкімшілік тәртіппен жүзеге асырылатын лицензиялаудың да азаматтық құқықта маңызы бар.

Қылмыстық құқық нормаларына мүліктік сипаттағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылатын тұлға азаматтық жауапкершілікке де тартылуы мүмкін. Мысалы, өзге адамның мүлкін ұрлау немесе тонау арқылы жасаған қылмысы үшін қылмыскер ұрлаған, тонаған заттың (мүліктің) өзін немесе құнын азаматтық құқық шеңберінде өтеуге, сол сияқты жәбірленушінің өміріне, денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге міндетті.

Азаматтық іс жүргізу құқығы азаматтық құқықтан туындайтын талаптардың қарастыру тәртібі, мерзімі мен өзге де ерекшеліктерін белгілейді.

Еңбек құқығы еңбек қатынастарын реттейді және жеке еңбек шарты мен мердігерлік шартынан туындайтын дауларды анықтау мен шешуде азаматтық құқықпен сабақтасуы мүмкін.

Отбасы құқығы да азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Себебі, отбасы құқығы азаматтық құқықтың ұғымдық аппаратын (азаматтық құқыққабілеттілік пен әрекет қабілеттілік, шарттарды және т.б.) пайдаланады.

Егер еңбек, отбасылық қатынастарын реттейтін осы салалардың тиісті нормалары болмаған жағдайда, азаматтық құқықтық нормалар қолданылады.

Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) ретінде:

  •  материалдық игіліктер бойынша туындайтын мүліктік қатынастар;
  •  материалдық емес игіліктер мен құқықтардан туындайтын мүліктік емес жеке қатынастар табылады.

Азаматтық құқықтың әдісі дегеніміз–қоғамдық қатынастарды бірізділік тәртіпке салатын, реттейтін және қорғайтын құқықтық тәсілдер мен құралдардың жиынтығы.

Азаматтық құқықтық реттеу әдісінің ерекшеліктеріне:

  •  тараптардың заңи теңдігі;
  •  тараптар еркінің дербестігі;
  •  тараптардың мүліктік дербестігі;
  •  азаматтық құқықтарды қорғау;
  •  азаматтық құқықтық жауапкершіліктің  мүліктік сипатта болуы жатады.

1.1.2 Азаматтық құқық пен азаматтық заңнама

Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын азаматтық заңнаманың негізгі актілері. Халықаралық шарттар мен Қазақстанның азаматтық заңнамасының арақатынасы.

Азаматтық құқық мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы ретінде көрініс табатын болса, азаматтық заңнама осы қатынастарды реттейтін белгілі бір иерархиялық сатыда орналасқан нормативтік құқықтық актілердің жиынтығын құрайды.

Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» заңының 4-ші бабына сәйкес азаматтық құқықтың қайнар көздерін заңи күшіне қарай былайша орналастыруға болады:

1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.

2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:

1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:

2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;

2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;

3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;

4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;

5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары;

6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;

7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;

8) мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi.

3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.

4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады.

5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi.

6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне қарағанда халықаралық құқық нормалары басымдылыққа ие.

Жалпы ережеге сай, азаматтық заңнаманың кері күші болмайды және ол қолданысқа енгеннен кейін туындайтын қатынастарға қолданылады.

Егер, заң актісінде тікелей көрсетілмесе, азаматтық заңнама Қазақстан Республикасы аумағында қолданылады.

1.1.3 Азаматтық заңнаманың уақытқа қарай қолданылуы Азаматтық заңнаманың ақтаңдақтарын толтыру. Азаматтық заңнаманы түсіндіру. Азаматтық құқық жүйесіндегі әдет-ғұрып, іскерлік айналым әдеттері.

Жалпы ереже бойынша, азаматтық заңнама Қазақстан Республикасы аумағында тұратын/орналасқан барлық тұлғаларға қолданылады.

Азаматтық құқықтың қайнар көздерін қолданбастан бұрын оларды түсіндіру қажет. Түсіндіру – олардың шынайы мазмұнын анықтау, білу.

Азаматтық құқықта заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы қолданылады. Заң ұқсастығы – заңдармен, тараптардың келісімімен немесе іскерлік айналым әдеттерімен реттелмеген қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін нормаларды қолдану. Мұндай нормалар болмаған жағдайда тараптардың құқықтары мен міндеттері азаматтық заңнаманың жалпы негіздері мен мәнін еске ұстай отырып анықталады (құқық ұқсастығы). Әдет-ғұрып нормалары Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасына қайшы келмейтін болса, қолданылуы мүмкін, қайшы келген жағдайда, ҚР азаматтық заңнамасының нормалары қолданылады. Мысалы, әдет-ғұрып нормаларына сай мұрагерлік бойынша ата-ана меншігіндегі мүлік үйдің ең кенжесіне қалады (өтеді), ата-ана қолынан өзге ұлдары еншісін, ал қыздары жасауын алады. Ал, кезінде еншісін алған ұлы немесе жасауын алған қызы әкесі және/немесе шешесі қайтыс болып және ешкімге өсиет қалдырмаған болса, заң бойынша мұрагерлікпен өз үлес/тер/ін талап ететін болса, қолданыстағы заңнамамызға сай оның /олардың/ талабы орынды болып саналады.

Тапсырмалар:

  1.  Пән не себептен азаматтық құқық атауына ие?
  2.  Азаматтық құқық пен өзге де сабақтас құқық салаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
  3.  Азаматтық құқық пен азаматтық заңнама ерекшеліктері неде?
  4.  Азаматтық құқық пен өзге құқық салалары қағидаттарының айырмашылықтары қандай?

1.2 Азаматтық құқықтық қатынастар (ҚР АК 1 бабы)

1.2.1 Азаматтық құқықтық қатынас ұғымы мен ерекшеліктері

Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз – азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқықтық қатынастардың ерекшеліктері:

– азаматтық құқықтық қатынастардың қатысушылары дербестікке, мүліктік оқшаулыққа және заңи теңдікке ие;

– азаматтық құқықтық қатынастың туындауына әкеп соғатын негізгі заңи фактілер болып мәмілелер, яғни құқықтық қатынас қатысушыларының ерікті еркін білдіру актілері табылады;

– қатысушылар құқықтық қатынас мазмұнын дербес анықтау мүмкіндігіне ие (шарт еркіндігі);

– азаматтық құқықтар бұзылған және азаматтық міндеттер орындалмаған жағдайда, құқықтық кепілдіктер мен жауапкершілік мүліктік сипатта болады;

– бұзылған азаматтық құқықтарды қорғау негізінен алғанда сот тәртібімен жүзеге асырылады.

1.2.2 Азаматтық құқықтық қатынастың құрылымы: субъектілері, объектілері, мазмұны

Азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері дегеніміз – нақты азаматтық құқықтық қатынасқа қатысуына байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлғалар. Оларға жататындар:

– жеке тұлғалар;

– заңды тұлғалар;

– мемлекет;

– әкімшілік – аумақтық бөліністер.

Егер азаматтық құқықтық қатынастың қатысушылары құқыққа ие болса – несие беруші, ал міндет атқаратын тұлға болса – борышқор деп аталады. Әдетте азаматтық құқықтық қатынастың әрбір қатысушысы бір мезгілде несие беруші де борышқор да бола береді. Мысалы, сатып алу – сату, айырбастау шарттарында екі тарап та бір мезгілде құқықтарға да міндеттерге де ие болады.

Азаматтық құқықтық қатынас объектілері дегеніміз – құқықтық қатынасты туындататын және қатысушылары құқықтар мен міндеттерге ие болатын материалдық немесе материалдық емес игіліктер және құқықтар. Азаматтық құқықтық қатынастардың объектілеріне заттар (оның ішінде, ақша, бағалы қағаз), өзге де мүлік (оның ішінде, мүліктік құқықтар), жұмыстар, қызметтер, қаржы құралдары, интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған  нәтижелері, өзге де материалдық және материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны дегеніміз – азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің субъективтік азаматтық құқықтары мен міндеттері. Субъективтік құқық – құқықтық нормалармен қарастырылған құқыққа ие тұлғаның жүзеге асыруы мүмкін жүріс-тұрысының өлшемі. Әдетте, бұл мүмкіндік үш элементті қамтиды:

- өзінің жүріс-тұрыс мүмкіндігі (мысалы, меншігіндегі затты иесінің пайдалануы);

- белгілі бір жүріс-тұрысты міндетті тұлғалардан талап ету құқығы (мысалы, меншік иесінің өз мүлкін пайдалануда үшінші тұлғалардың кедергі жасамауын талап етуі);

- субъективтік құқықты қорғау мүмкіндігі:

а) өзін-өзі қорғау – мысалы, автокөлігіне сигнализация орнату, үйінің есігін құлыптауы т.с.с;

ә) жедел әсер ету шараларын қолдану (өкілетті мемлекеттік органдарға шағымданбай-ақ тікелей әсер ету, мысалы, қарызы үшін борышқордың затын ұстап қалу, электрэнергиясын беруді  тоқтатып қою және т.б.);

б) мемлекеттік күштеу шараларын қолдану (сот арқылы өндіріп алу).

Субъективтік міндет – құқықтық нормалармен бекітілген міндетті тұлғаның қажетті жүріс-тұрысының өлшемі. Субъективтік міндет субъективтік құқық сияқты үш элементтен тұрады:

- құқыққа ие тұлғаның заңды әрекеттеріне кедергі жасамау міндеті;

- құқыққа ие тұлғаның заңды талаптарын орындау міндеті;

- құқыққа ие тұлғаның қолданатын заңды шараларын қабылдау міндеті.

1.2.3 Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері

Құқыққа ие және міндет атқаратын  тұлғалардың өзара байланысының сипатына қарай құқықтық қатынастар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді.

Абсолюттік құқықтық қатынаста құқыққа ие нақты тұлғаның субъективтік құқығына анықталмаған міндетті тұлғалардың міндеті сай келеді. Мысалы, меншік иесінің өз затын пайдалану, иелену және билік ету құқығына өзге барлық тұлғалардың кедергі жасамау, рұқсатсыз пайдаланбау міндеті қарсы тұрады.

Салыстырмалы құқықтық қатынаста құқыққа ие тұлғаның белгілі субъективтік құқығына міндетті тұлғаның нақты міндеті сай келеді. Мысалы, заем шарты бойынша (заем беруші) қарызды алған тұлғадан (заемшыдан) ғана талап етуге құқылы.

Азаматтық құқықтардың көлеміне қарай құқықтық қатынастар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді.

Мүліктік қатынастар материалдық игіліктер жөнінде және мүліктің нақты тұлғада болуында немесе бір тұлғадан өзге тұлғаға ауысуына байланысты туындайды.

Мүліктік емес қатынастар материалдық емес игіліктер мен құқықтар (ар-намыс, абырой, іскерлік бедел, өмір, денсаулық, шығармаға авторлық құқығы және т.б.) жөнінде туындайды. Бұзылған (нұқсан келтірілген) мұндай құқықтарды қорғау үшін мүліктік шаралармен (моралдық зиянды өтеу) қатар, мүліктік емес сипаттағы шаралар да қолданылады. Мысалы, авторлықты тану; іскерлік беделге нұқсан келтірген және шындыққа сай келмейтін жарияланған мақаланы жария жоққа шығару және т.б.

Азаматтық құқықтық қатынастар құқыққа ие тұлғаның мүдделерін қанағаттандыру тәсіліне қарай заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастар ретінде де бөлінеді.

Заттық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастардың статикасын білдіреді және құқыққа ие тұлғаның әрекеттерімен жүзеге асады. Мысалы, меншік құқығындағы затты иелену, пайдалану, билік ету.

Міндеттемелік қатынастар мүліктік қатынастардың динамикасын реттейді, яғни затты беру, жұмысты орындау, қызметті көрсету жөніндегі қатынастарда көрініс табады.

Қатысушылар арасындағы құқықтар мен міндеттерді бөлуге қарай жәй және күрделі қатынастар да азаматтық құқықта кездеседі.

Азаматтық құқықтық қатынастардың басым көпшілігі күрделі болып келеді, себебі, екі тарапта да (әр қатысушы да) өзара байланысты құқықтар мен міндеттер (сатып алу-сату, айырбас шарттары және т.б.) болады.

Жәй қатынаста бір тарапта құқық, ал екінші тарапта міндет ғана болады. Мысалы, заем шарты.

Тапсырмалар:

  1.  Азаматтық құқық реттейтін құқықтық қатынастар мен өзге де сабақтас құқық салаларындағы қатынастардың ұқсастықтары мен айырмашылқтарын анықтаңыз.
  2.  Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлерін талдап, құқықтық баға беріңіз.
  3.  Заттық қатынастар мен міндеттемелік қатынастарға мысалдар келтіріңіз.

Тақырып бойынша ұсынылатын қосымша нормативтік құқықтық актілер тізімі:

1 «Сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделдігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысы (Пленумның 1998 жылғы 15 мамырындағы № 5 қаулысымен және 2004 жылғы 18 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен өзгертулер енгізілген).

2 «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысы (2003 жылғы 20 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген)

1.3 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау (ҚР АК 8-11 баптары)

1.3.1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру түсінігі мен тәсілдері

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру дегеніміз – құқыққа ие тұлғаның құқық мазмұнын құрайтын мүмкіндіктерін жүзеге асыруы.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру тәсілдері:

– нақты тәсіл бойынша құқықтық нәтиже туындамайды, яғни ол құқықтық нәтижеге әкеліп соқтырмайды, (мысалы, адамның киім киюі, ауыстыруы, автокөлігін өзінің пайдалануы және т.б.)

– заңи тәсіл бойынша құқықтық салдар туындайды (мысалы, затты (мүлікті) сату, айырбастау арқылы меншік құқығының ауысуы)

Азаматтық құқықтық қатынастың қатысушысы өзіне тиесілі құқықты өзінің немесе өкіл арқылы жүзеге асыруы мүмкін.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру қағидаттары:

  •  диспозитивтік қағидат;
  •  құқықты еш кедергісіз жүзеге асыру;
  •  заңдылық қағидаты;
  •  адал және ақылға қонымды жүзеге асыру.

1.3.2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шегі, қорғау

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шегі дегеніміз – тұлға өзіне тән құқықтарды жүзеге асырған кезде, пайдаланған кезеңде өзге тұлғаға зиян келтірілмеуі, яғни құқығын теріс мақсатта пайдаланбауы. Азаматтық құқықтар нақты жағдайларға байланысты заңмен ғана шектелуі мүмкін:

– субъективтік шектер (мысалы, азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеу, әрекет қабілеттілігін жоқ деп тану және т.б.);

– уақыттық шектер (талап қою мерзімі, кепілдік мерзімі, пайдалану мерзімі және т.б.);

– экономикалық шектер (рыноктағы басымдылық жағдайын пайдалануға шек қою);

– әлеуметтік шектер (құқықты теріс мақсатта пайдалануға тиым салу).

Азаматтық құқықтарды қорғау:

  •  Қорғануға құқық дегеніміз – құқыққа ие тұлғаның субъективтік құқығының сипатына сай келетін, заңи бекітілген құқық қорғаудың арнайы шараларына жүгіну мүмкіндігі.

Қорғануға құқық мазмұны:

  •  өзіндік қорғану (тұлға өзіне тиесілі құқықтарды өзі қорғау үшін қолданатын нақты шаралар)
  •  жедел әсер ету шаралары (құқыққа ие тұлғаның құқықтары бұзылған жағдайда құқық бұзушыға қолданатын заңи шаралар)
  •  мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары (өкілетті мемлекеттік органдар қолданады).

Тапсырмалар:

  1.  Азаматтық құқықтармен қатар өзге де құқықтарды жүзеге асыру дегенді қалай түсінесіз? Мысалдар келтіріңіз.
  2.  Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері нені білдіреді?
  3.  Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері қандай?

2-тарау. Азаматтық құқықтың субъектілері

2.1 Азаматтар – азаматтық құқықтың субъектілері ретінде (ҚР АК 12-32 баптары)

2.1.1 «Азаматтар» және «жеке тұлғалар» ұғымдарының арақатынасы. Азаматтық құқыққабілеттілігінің түсінігі, басталуы мен аяқталуы. Құқыққабілеттілікті шектеу.

«Жеке тұлға» ұғымына Қазақстан Республикасының азаматы, шет ел азаматы және азаматтығы жоқ тұлға кіреді. Бұл үш категорияға жататын адамдардың қай-қайсысы болмасын жекеше немесе көпше түрде жеке тұлға ұғымын білдіреді. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы «азаматтар» терминін қолдану арқылы жеке тұлға (яғни, Қазақстан Республикасының азаматы, шет ел азаматы және азаматтығы жоқ тұлға) ұғымын (тікелей көзделген жағдайлардан басқа ретте) қамтиды.

Азаматтардың құқық қабілеттілігі – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті, делінген ҚР Азаматтық кодексінде. Дегенмен, біздің пікірімізше құқыққабілеттілік – қабілет емес, мүмкіндік болса керек. Яғни, заңнамамен бекітілген азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару мүмкіндігі және бұл мүмкіндік заңнамамен кепілдік етіле отырып, азаматтың туылған сәтінен басталады. Азаматтың құқық қабілеттілігінің негізгі мазмұнын азаматтың Қазақстан Республикасы аумағында да, одан тыс жерлерде де мүлікті, соның ішінде шетел валютасын меншіктенуге; мүлікті мұраға алып, мұраға қалдыруға; республика аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жер таңдауға; республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және оның аумағына қайтып оралуға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес өзі немесе өзге азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлғалар құруға; заң құжаттарында тыйым салынбаған кез келген мәміле жасасып, міндеттемелерге қатысуға; өнертабыстарға, ғылым, әдебиет және өнер шығармаларына, интеллектуалдық қызметтің өзге де туындыларына интеллектуалдық меншік құқығын алуға; материалдық және моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтары болады.

Азаматтың құқық қабілеттілігі дүниеге келген (туылған) сәтінен басталады және оның қайтыс болуымен тоқтатылады.

Азаматтың құқық қабілеттілігін шектеу заңнамамен қарастырылған тәртіп, мерзім және жағдайларда орын алуы мүмкін. Мысалы, сот үкімімен бас бостандығынан айырылған адамның құқық қабілеттілігінің мазмұнын құрайтын құқықтары мен заңи бостандықтары шектелуі мүмкін, соның ішінде, қылмыстық жаза мерзімі аяқталмай кез келген елді мекенді және өзге мемлекеттерді еркін кезіп жүре алмайды және т.б.

2.1.2 Азаматтардың әрекет қабілеттілігі мен оның түрлері. Әрекет қабілеттілікті шектеу және жоқ деп тану. Қорғаншылық пен қамқоршылық.

Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз – азаматтың өз әрекеттері негізінде азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілеті. Азаматтардың әрекет қабілеттілігін үш түрге бөлуге болады.

- он төрт жасқа дейінгі әрекет қабілеттілік бойынша азамат жасына сай келетін ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасауға құқылы. Мысалы, бес жасар бала дүкеннен балмұздақ сатып алатын болса, мәміле оның жасына сай келеді деп танылады және жарамды болып саналады.

- он төрт пен он сегіз жас арасындағы азаматтар өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өздері жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне өз бетінше билік етуге, сондай-ақ ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасасуға құқылы. Жеткілікті негіздер болған жағдайда олардың заңды өкілдері (ата-анасы немесе асырап алушысы не қорғаншысы, қамқоршысы) олардың табыстарына билік ету құқығын шектеуге немесе ол құқықтан айыруға құқылы. Мысалы, осы жастағы азамат өз табысын мақсатсыз және тиімсіз, яғни, спирт ішімдіктерін алып ішуде немесе сол сияқты пайдасыз нәрселерге жұмсауда болса, онда ата-анасы шектеу қоюға құқылы.

- он сегіз жастан бастап толық әрекет қабілеттілік танылады. Толық әрекет қабілеттілігі бар азамат кез келген азаматтық құқықтық қатынастарға қатыса алады, мәмілелерді жасауға құқылы.

Кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау (эмансипация) үшін жасы он алтыға толған адам, егер еңбек шарты бойынша кәсіпкерлік қызметпен айналысқысы келсе заңды өкілдерінің (ата-анасының, асырап алушысының немесе қамқоршысының) келісімімен (рұқсатымен) айналыса алады, яғни мұндай азамат толығымен әрекетке қабілетті деп жариялануы мүмкін. Эмансипация қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі немесе сот шешімі бойынша жүргізіледі.

Егер азамат спирт ішімдіктеріне және/немесе есірткі заттарға салыну нәтижесінде өз отбасын ауыр материалдық жағдайға ұшырататын болса, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігін шектеулі деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қамқоршы тағайындалады.

Егер азамат ақыл-есі кемдігі немесе жүйке ауруына шалдығуы салдарынан өзінің не істегенін білмесе және оған жауап бере алмаса, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот мұндай азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін. Оған және оның мүлкіне қорғаншы тағайындалады.

Егер азамат ішімдік ішуінен, есірткі заттарды пайдалануынан тиылса немесе оның ақыл-есі медициналық қорытындыға сай дұрысталса, сот алдыңғы шешімдерінің күшін жоюы мүмкін.

Мына жағдайларда:

- он төрт жасқа дейінгі азаматтың ата-анасы қайтыс болса;

- он төрт жасқа дейінгі азаматтың ата-анасы ата-аналық құқықтарынан айрылса;

- азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылса, қорғаншылық тағайындалады.

Егер:

- он төрт пен он сегіз жас арасындағы азаматтың ата-анасы қайтыс болса;

- он төрт пен он сегіз жас арасындағы азаматтың ата-анасы ата-аналық құқықтарынан айрылса;

- азаматтың әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылса, қамқоршылық тағайындалады.

Қорғаншылық және қамқоршылық органы ретінде жергілікті атқарушылық органы (әкімдік) табылады.

2.1.3 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялаудың тәртібі, алғышарттары мен құқықтық салдары

Егер азаматтың тұрғылықты тұратын жерінде бір жыл бойы ол туралы ешқандай деректер болмаса, мүдделі тұлғалардың (ата-анасы, кәмелетке толған балалары және с.с.) арызы бойынша сот оны хабар-ошарсыз кетті деп тануы мүмкін. Хабар-ошарсыз кетті деп танылған адамның мүлкіне сот шешімінің негізінде қорғаншылық белгіленеді.

Егер азаматтың тұрғылықты тұратын жерінде (яғни, бейбітшілік уақытта) үш жыл бойы ол туралы ешқандай деректер болмаса немесе соғыс қимылдарына байланысты хабар-ошарсыз жоғалып кеткен әскери қызметші немесе өзге адам соғыс қимылдары аяқталған күннен бастап кемінде екі жыл өткеннен кейін, ал егер ол өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіздер болатын жағдайларда алты ай бойы хабар-ошарсыз жоғалып кеткен адамды, мүдделі тұлғалардың арызы бойынша сот өлді деп жариялауы мүмкін.

Сот шешімінде нақты күн көрсетілмесе, оның заңды күшіне енген күні, азаматтың өлген күні болып есептеледі.

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және өлді деп жариялау, мұндай адамның мүлкіне қорғаншылық тағайындау, сондай-ақ оның өзге де мүліктік және мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын қорғау және жүзеге асыру үшін қажет. Жоғалған адамның меншігінде мүлкі болуы мүмкін. Мысалы, сенімхат берілмеген автокөлікті иесінен өзге адамдардың жүргізуіне болмайды. Отбасылық қатынастарды да құқықтық реттеу қажеттігі туындауы мүмкін. Мысалы, жоғалып кеткен адамның жұбайы жолдасынан үміт үзіп, басқа адамға тұрмысқа шыққысы келеді. Бір адаммен заңды некеде тұрған кезінде бұған жол берілмейді. Егер де азаматты өлді деп жариялау жөніндегі сот шешімі болса, мұрагерлік құқығы бойынша мұра ашылады, оған тиесілі мүліктің тағдырын заң тұрғысынан шешу, сондай-ақ қажеттілік болса некені тоқтатып тұрмысқа шығу немесе үйлену (жаңадан некеге тұру) мүмкіндіктері туындайды.

Өлді деп жарияланған адам тірі оралған немесе оның тұрған жері белгілі болған жағдайда, сот алдыңғы шешімінің күшін жояды. Мұндай азаматтың өзге тұлғаларға тегін өткен және сақталған мүлкін өзіне қайтарып алу құқығы бар.

Өлді деп жарияланған азаматтың тірі екенін білген және оның мүлкін ақылы мәмілелер арқылы алған азаматтар болса, оған мүлкін, мүлкі болмаса оның құнын қайтаруға міндетті.

Өлді деп жарияланған адамның мүлкін иеліктен шығарушы адам да оның тірі екенін білген болса, мүлікті қайтарып беру немесе оның құнын өтеу міндетінен босатылмайды.

Егер өлді деп жарияланған адамның мүлкі мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өтіп және сатылып кеткен болса (яғни өсиет және заң бойынша мұрагерлері болмай, мұра иесіз деп танылған болса), азаматты өлді деп жариялау туралы сот шешімінің күші жойылғаннан кейін оған мүліктің құны төленетін күнгі нарықтық бағасы бойынша сомасы қайтарылады.

Тапсырмалар:

  1.  «Жеке тұлға» мен «Азамат» ұғымдарының арақатынасын анықтаңыз.
  2.  Жеке тұлға мен заңды тұлғаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
  3.  Азамат пен заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде?

2.2 Заңды тұлғалар – азаматтық құқықтың субъектілері ретінде (ҚР АК 33-114 баптары)

2.2.1 Заңды тұлғаның ұғымы, белгілері және құрылу мақсаты

Азаматтық құқықтың субъектілері ретінде жеке тұлғалармен қатар, заңды тұлғалар да бола алады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (ілгеріде – ҚР АК) 33-ші бабына сай, меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның пайда болуына қатысты теориялар да жеткілікті. Солардың қатарында, К.Савиньидің «жалған теориясы», Гиркенің «шындық теориясы», кеңес заманының ғалымы А.Венедиктовтың «ұжым теориясы» бар. Осылардың арасынан әлі күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келе жатқан «жалған теория» мен «шындық теориясы». Савиньидің жалған теориясы бойынша адамда болатын өмір мен денсаулық заңды тұлғаға тән емес және заңды тұлғаны көру, есту, сезіну мүмкін болмайды. Ал Гиркенің шындық теориясының негізгі мазмұны бойынша  заңды тұлға шынайы құбылыс, себебі, заңды тұлғада жұмыс істеп табыс тауып, сондай-ақ білім алып, денсаулығын түзеп жатқан және т.с.с. құқықтық қатынастарға қатысушы тұлғалар жеткілікті және оны жоққа шығару мүмкін емес.

Заңды тұлғаның құрылу мақсаты болып:

  •  азаматтық айналымға қатысу үшін мүлікті орталықтандыру мен оқшаулау;
  •  заңды тұлғаның өз міндеттемелері бойынша дербес жауапкершілікте болуы негізінде құрылтайшылардың (қатысушылардың) кәсіпкерлік тәуекелін азайту;
  •  заңды тұлғаның (негізінен коммерциялық ұйымдардың) жарғылық капиталының төменгі мөлшерін заңнамамен бекіту арқылы құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүліктік мүдделерін қамтамасыз ету табылады.

Заңды тұлғаның белгілері:

  •  ұйымдастық бірлігі - қызмет мақсаттарына жету үшін заңды тұлға біртұтас ұйым ретінде қарастырылады. Бұл ұйымдастық бірлік құрылтай құжаттарында бекітілген заңды тұлға органдарының жүйесінен, олардың құзыретінен, өзара қатынастарынан, заңды тұлғаның қызмет мақсаттарынан көрініс табады. Егер заңды тұлғаның құрылтай құжатында (жарғысында) өзгеше көзделмесе оның атынан азаматтық айналымға атқарушы органы қатысады. Мысалы, оқу орны (орта, орта кәсіптік және жоғары оқу орындары) атынан директоры, ректоры қатысады.
  •  оқшау мүлкінің болуы - заңды тұлғаның азаматтық айналымға қатысуы үшін қажет болып табылатын өзіне тиесілі мүлкінің болуы. Заңды тұлғаның мүлкі меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында болуы ықтимал. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Дербес баланс міндеттемелік құқығына негізделген, мысалы, акционерлік қоғамдарда, шаруашылық серіктестіктерде, өндірістік кооперативтерде болса, смета – заттық құқыққа негізделіп құрылатын мемлекеттік кәсіпорын мен мелекеттік мекеме сияқты заңды тұлғаларға тән.
  •  дербес мүліктік жауапкершілік. Жалпы қағидат бойынша, заңды тұлға міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі бар мүлкімен жауап береді. Дегенмен, меншік иесі тарапынан қаржыландырылатын мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар несие берушілер алдында өздеріндегі ақшалай қаражатпен ғана жауап береді, ал қалған міндеттеме меншік иесі (ҚР АК 104-4, 207-3 баптары бойынша) тарапынан (субсидиялық, яғни қосымша жауапкершілікте) өтеледі.
  •  азаматтық құқықтар мен міндеттерге өз атынан дербес ие болу, сотта талапкер мен жауапкер болу. Заңды тұлға өз басшысы немесе құрылтайшысы немесе мемлекет атынан емес, тек қана өз атынан әрекет етеді. Жалпы ережеге сай, азаматтық құқықтық қатынастарда заңды тұлға ғана несие беруші немесе борышқор бола алады. Дегенмен, азаматтық заңнамада толық серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беруі көзделсе, сенім серіктестігінің толық серіктері оның міндеттемелері бойынша өздеріне тесілі барлық мүлкімен қосымша жауап беруі көзделген.

Заңды тұлға мүлкіне оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) мынандай құқықтары бар:

  •  заттық құқықтар (меншік иесі тарапынан қаржыландырылатын ұйымдарға /соның ішінде мемлекеттік мекемелерге тән) бойынша заңды тұлғалардың құқықтары шектеулі болып келеді, себебі, біріншіден, бұл ұйымдар бұйрық негізінде құрылатын болса, екіншіден, олардың міндеттемелері бойынша жауап беру кезінде қаражаты жеткіліксіз болғанда, осы заңды тұлғаларды (мысалы, республикалық немесе коммуналдық мемлекеттік ұйымдарды) құрған меншік иесі, яғни үкімет немесе жергілікті атқарушы орган субсидиялық (қосымша) жауапкершілікте болады.
  •  міндеттемелік құқықтар (шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кәсіпорындарға тән) бойынша бұл заңды тұлғалар өз міндеттемелеріне сай өздеріне тиесілі барлық мүліктерімен жауапты болады, ал кейбір ұйымдарда, мысалы, толық серіктестік қатысушылары немесе сенім серкітестігінің толық серіктері бұл заңды тұлғалардың міндеттемелеріне қатысты мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүліктерімен де жауап береді.
  •  мүліктік құқықтарын сақтамайтын заңды тұлғалар қатарына келесі коммерциялық емес ұйымдарды (соның ішінде қоғамдық бірлестіктерді, діни бірлестіктерді және т.с.с.) жатқызуға болады, себебі, құрылтайшылардың осы ұйымдарды құрған кезде және кейіннен қосқан үлестеріне және/немесе пайдасына, қайта құрылған немесе таратылған кезде мүлкіне ешқандай құқықтары болмайды. Яғни, қоғамдық бірлестік (мысалы, саяси партиялар, кәсіптік одақтар, жастар ұйымдары, қоғамдық қозғалыстар т.с.с.) немесе діни бірлестіктер тарату арқылы қызметін тоқтататын болса, олардың несие берушілер алдындағы міндеттемелерін орындағаннан кейін қалған мүлкі осы ұйымдардың құрылтай құжаттарында (жарғыларында) көрсетілген мақсаттарына жұмсалуы тиіс.

2.2.2 Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі - азаматтық құқықтарға ие болып, азаматтық міндеттерді атқару қабілеті.

Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі оның әрекет қабілеттілігімен сәйкес келеді және заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болып, ол қайта құрылған немесе таратылған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігінің өз ерекшеліктері бар. Біріншіден, құқық қабілеттілік дегеніміз - белгілі бір заңи фактілердің негізінде ғана субъективтік құқықтардың пайда болу алғышарты, сонымен қатар, құқық қабілеттілігі - құқықтарға ие болудың абстракциялық мүмкіндігі. Екіншіден, заңды тұлғаның құқық және әрекет қабілеттілігі бір сәтте, яғни оны мемлекеттік тіркеу кезінде пайда болса, азаматтардың құқық қабілеттілігі дүниеге келген кезінде, ал толық әрекет қабілеттілігі – кәмелет жасқа келген кезден туындайды. Заңды тұлғаға өмір, денсаулық сияқты материалдық емес игіліктер тән емес, сол себептен де оның құқық-әрекет қабілеттілігінің толықтай туындауы үшін белгілі бір жасқа келуін күтудің қажеттігі жоқ. Заңды тұлға құқық және әрекет қабілеттілігіне заң актілері бойынша қойылатын белгілі бір талаптарға сай ие болады. Заңды тұлғалардың жалпы және арнайы құқық қабілеттілігі деп аталатын түрлері бар.

Жалпы құқық қабілеттілік, яғни заңмен тыйым салынбаған қызметтердің кез келген түрлерімен айналысу үшін қажет болып табылатын құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі (шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар).

Арнайы құқық қабілеттілігі заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны мен қызмет түрлеріне байланысты туындайтын құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігі. Арнайы құқық қабілеттілік коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындарға тән. Мысалы діни бірлестік азаматтардың рухани қажеттерін қанағаттандыру мақсатында құрылса, жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорын тау-кен құтқару, өрт сөндіру т.б. төтенше іс-қимыл мен жедел іс-әрекетті қажет ететін салаларда құрылады. Заңды тұлғалар қызметтің кейбір түрлерімен арнайы рұқсат (лицензия) болған жағдайда ғана айналыса алуы мүмкін. Мысалы, екінші деңгейдегі коммерциялық банктер банктік қызметті (банктік операцияларды) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі берген арнайы рұқсаты (лицензиясы) негізінде ғана жүзеге асыра алады.

2.2.3 Заңды тұлғаны дараландыру құралдары – бір заңды тұлғаны өзге ұқсас заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін әдістер жиынтығы. 

Бұл құралдарға, заңды тұлғаның фирмалық атауы, тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі), тауардың шығу жерінің атауы жатады. Заңды тұлғаның атауында оның ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілуі тиіс. Яғни, ұйымдық-құқықтық нысандары ұқсас болып келетін заңды тұлғаларды бір-бірінен айыру үшін фирмалық атау қолданылады. Мысалы, екі акционерлік қоғамды (АҚ) бір-бірінен айыратын, ерекшелендіретін құрал ретінде олардың фирмалық атауларын (мыс. “Барыс” АҚ және “Мерей” АҚ) айтуға болады. Коммерциялық емес ұйымдар мен мемлекеттік кәсіпорындардың атауында қызмет сипаты көрсетілуі қажет. Мысалы, қоғамдық қорға жататын “Бөбек” қайырымдылық қорын немесе “әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті” республикалық мемлекеттік кәсіпорынын айтсақ та жеткілікті. Коммерциялық ұйымдардың фирмалық атауы заңмен бекітілген тәртіп бойынша тіркелуі қажет.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуші орган ретінде әділет органдары табылады және оның фирмалық атауы осы органда тіркеледі. Заңды тұлға өз атауын пайдалануда айрықша құқыққа ие. Заңды тұлға өзінің тіркелген фирмалық атауын заңсыз пайдаланушыдан тоқтатуды және келтірілген шығын орнын өтеуді талап етуге құқылы.

 2.2.4 Заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде оның тұрақты жұмыс істейтін органы /құрылтай құжатында көрсетілген/ орналасқан жері танылады (ҚР АК 39 бап).

Заңды тұлғаның орналасқан жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетіледі. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы ретінде оның атқарушы (жеке-дара: президент, бас директор, директор, төраға/төрайым т.с.с./ немесе ұжымдық /басқарма, директорлар кеңесі т.с.с./) органы орналасқан жер табылады. Заңды тұлғаның орналасқан жерінің маңызы үлкен. Себебі, біріншіден, азаматтық-құқықтық мәмілелерге (яғни, келісім-шарттар жасасқан жағдайда) қатысқан кезде, екіншіден, міндеттемелер бойынша сотта талапкер (ақшалай міндеттемелер бойынша) немесе жауапкер (басқа міндеттемелер бойынша) болған жағдайда, әмбебап құқық ауысушылық жағдайында, есеп-несие қатынастары, зиян келтіру салдары бойынша т.б. көптеген міндеттемелер туындаған жағдайда заңды тұлғаның пошталық мекен-жайы, яғни, орналасқан жері көрсетілуі тиіс. Заңды тұлғаны дараландыру құралдарының қатарына тауар белгісі (мысалы, “Семей су”, “Marlboro”, “Coca-Cola” т.с.с.), тауардың шығу жерінің атауы жатады. Тауардың шығу жерінің атауы жағрапиялық жер атауы немесе жеке тұлға қасиеттерімен тығыз байланысты болады және бұл атауды пайдалану үшін арнайы рұқсат қажет етілмейді. Мысалы, “Сарыағаш” сусыны немесе “Қарағанды кәмпиттері” атаулары белгілі бір жағрапиялық жер аттарына қатысты аталған және бұл өнімдерді шығаратын фирмалар саны да жеткілікті. Ал, бұл атауларды пайдалану үшін жоғарыда айтып өткеніміздей арнайы бір лицензия (рұқсаттың) қажеті жоқ. Тауардың шығу жерінің атауы жеке тұлға басына және қасиеттеріне де қатысты болуы мүмкіндігін айтып өттік. Оған мысал ретінде, кеңес заманында шығарыла бастап, жақсы сатылу деңгейінде болған, тіпті қазірдің өзінде сұранысқа ие “командирские часы” қол сағаттарын айтуға болады. Яғни, командир суға салсаң батпайтын, отқа салсаң жанбайтын, Отан қорғаушы тұлға ретінде көрсетіліп, уағыздалғандықтан, бұл қол сағаты да су өткізбейтін, ұзақ уақытқа дейін бұзылмайтын, сынбайтын ерекшеліктері болғандықтан осындай атауға ие болған.

Заңды тұлғаның іскерлік беделі дегеніміз - заңды тұлға туралы, оның өндіретін тауарлары, орындайтын жұмыстары мен көрсететін қызметтері жайында қоғамда және кәсіпкерлік ортада қалыптасқан түсінік және оған берілетін қоғамдық баға. Іскерлік беделді қорғау сот тәртібімен жүзеге асады. Іскерлік беделге қол сұғу заңды тұлға жөнінде шындыққа жанаспайтын мәліметтерді тарату арқылы (адал ниеттегі емес бәсекелестік нысанында) болуы мүмкін.

Коммерциялық немесе қызметтік құпия дегеніміз - үшінші бір жаққа белгісіз болуына байланысты экономикалық құндылығы бар, онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялығын сақтауға шара қолданатын ақпарат. Мұндай ақпаратты заңсыз әдістермен алған тұлғалар, келтірген залалдың орнын толтыруға міндетті (ҚР АК 126 бабы).

2.2.5 Заңды тұлғаның органдары

Заңды тұлға заң актілері мен оның құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды және оларды атқарады (ҚР АК 37 бабы). Заң құжаттарында көрсетілген реттерде заңды тұлға өзінің қатысушылары мен өкілдері арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне азаматтық міндеттер қабылдайды. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.

Заңды тұлғаны басқарудың жоғары органы ретінде оның қатысушыларының жалпы жиналысы (құрылтайшылар саны екі немесе одан да көп болса, мыс., толық серіктестікте, сенім серіктестігінде, өндірістік кооперативте – жаплы жиналыс) немесе қатысушысы (құрылтайшы жалғыз болса, мыс., акционерлік қоғамда, жауапкершілігі шектеулі серіктестікте – құрылтайшысы/қатысушысы) табылады. Заңды тұлға жоғары органының айрықша құзыретіне (яғни, осы ең жоғары орган ғана шеше алатын) сұрақтар қатарында: 1) заңды тұлға жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық капиталы мөлшерін өзгерту; 2) заңды тұлға атқарушы органдарын құру және кері шақыртып алу; 3) заңды тұлғаның жылдық есебі мен бухгалтерлік балансын бекіту және оның пайдасы мен залалдарын бөлу; 4) заңды тұлғаны қайта құру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту) немесе тарату туралы шешім шығару; 5) заңды тұлғаның тексеру комиссиясын (тексерушісін) сайлау. Заңды тұлғаның ең жоғары органының айрықша құзыретіне заңнамада немесе оның жарғысыда қарастырылған өзге де кез келген сұрақтарды енгізуге болады.

Заңды тұлғаның атқарушы органы жеке-дара (президент, бас директор, директор, төраға т.с.с.) немесе ұжымдық (басқарма, директор кеңесі т.с.с.) болуы мүмкін. Атқарушы орган заңды тұлғаның ағымдағы шаруашылық-қаржылық қызметімен, яғни, оның жоғары органының (жалпы жиналыс немесе құрылтайшының/қатысушының) айрықша құзыретіне жатқызылған сұрақтардан тыс, кез келген сұрақтармен айналыса алады. Соның ішінде, заңды тұлға атынан азаматтық-құқықтық айналымға (яғни, заң талаптарына қайшы келмейтін мәміле, келісім-шарт жасасуға) қатысуға, сенімхат беруге, қызметшілер мен жұмысшыларды жұмысқа қабылдауға және шығаруға, сыйақы (жалақы) белгілеуге, жұмыс күні мен уақытын және ішкі жұмыс ережелерін т.б. бекітуге құқылы.

Заңды тұлғаның бақылау органы болып тексеру комиссиясы (немесе тексерушісі) табылады. Тексеру комиссиясы атқарушы органның қызметін (соның ішінде, қаржылық есебі мен бухгалтерлік балансын) тексереді. Бұл жерде, айтып өтуді қажет ететін нәрсе, атқарушы органның мүшелері (президент, директор, бас бухгалтер, басқа да бухгалтерлер т.с.с.) тексеру комиссиясының мүшесі бола алмайды. Себебі, біріншіден, оларда тікелей материалдық (мүліктік) мүдделілік бар, екіншіден, атқарушы органның қызметі тексерілетіндіктен, тексеру комиссиясының мүшесі ретінде олардың қатысуына заң актілерімен тыйым салынған. Тексеру комиссиясы өз тексеру қорытындысын заңды тұлғаның ең жоғары органына (жалпы жиналысқа немесе қатысушыға) ұсынады. Ал, жалпы жиналыс немесе қатысушы тиісті шешімді қабылдайды. Егер заңды тұлғаның қатысушыларының саны 10-нан аспайтын болса (мысалы, ПИК-те, яғни пәтер иелерінің кооперативтерінде және т.с.с.) немесе жылдық активтері аз мөлшерде болатын заңды тұлғаларда тексерушінің (бір адамның) сайлану немесе тағайындалу жағдайлары орын алуы мүмкін.

Егер, заңды тұлғаның органдарына, соның ішінде құрылтай құжаттарындағы өз өкілеттіктерін асыра пайдалануына қатысты жауапкершілік туындайтын болса, үшінші тұлғалар алдында тиесілі органдар емес, заңды тұлғаның өзі жауапты болады. Ал заңды тұлғаның қатысушылары (меншкі иелері) болса осы ұйымның органы (директоры, бас директоры т.б.) кінәсінен келтірілген залал орнын толтыруды талап етуге құқылы.

2.2.6 Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері (ҚР АК 43 бап)

Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі филиал болып табылады. Мысалы, көптеген екінші деңгейдегі банктер облыс және аудан орталықтарында өз қызметінің барлығын немесе белгілі бөлігін жүзеге асыратын филиалдарын құрған.

Заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі өкілдік болып табылады. Мысалы, Біріккен ұлттар ұйымының еліміздегі өкілдігі осы ұйымның Қазақстанға қатысты мүдделерін жүзеге асырады және қорғайды.

Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды. Бұларға өздерін құрған заңды тұлға мүлкі беріледі және оның бекіткен ережелері негізінде жұмыс істейді.

Қоғамдық бірлестіктер филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары заңды тұлғаның жарғысы немесе филиал не өкілдік ережесі тәртібі бойынша сайланады.

Діни бірлестіктер филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары оларды құрған заңды тұлға жарғысы немесе филиал не өкілдік туралы ережеге сай сайланады немесе тағайындалады.

Басқа заңды тұлғалар филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын заңды тұлғаның уәкілдік берілген органы тағайындайды және оның сенімхаты негізінде жұмыс істейді.

Заңды тұлғаның пайда болу тәсілдері:

1) заңды тұлға құрылтайшының бұйрығы негізінде құрылады, бұл үшін арнайы мемлекеттік тіркеудің қажеті жоқ. Мысалы, мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелердің бұйрық тәртібімен  құрылады.

2) заңды тұлға арнайы рұқсат (лицензия) негізінде (мысалы: екінші деңгейдегі банктер, сақтандыру ұйымдары, адвокаттық кеңселер және т.б.) құрылады. Сондай-ақ, коммерциялық емес ұйымдарға арнайы құқық қабілеттілігі тән, яғни, олар қызметтің арнайы түрлерімен айналысуға ғана құқылы. Мысалы, діни бірлестіктер, қоғамдық бірлестіктер, қорлар және т.б.

3) нормативтік-көріну тәртібі бойынша заңды тұлға мемлекеттік органдар мен үшінші бір тұлғалардың келісімінсіз-ақ құрылады. Тіркеуші орган (әділет органдары) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының заң талаптарына сай келетінін тексеріп, ұйым ретінде тіркейді. Лицензия талап етілмейтін қызмет, жұмыс, тауар шығару (өндіру) түрлерімен айналысатын шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар осындай тәсілмен құрылады.

2.2.7 Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу

Заңды тұлғаның құрылтай құжаттары ретінде оның жарғысы және/немесе құрылтай шарты табылады. Егер, коммерциялық ұйымды жалғыз құрылтайшы (жеке немесе заңды тұлға) құратын болса, оның құрылтай құжаты ретінде жарғысы ғана саналады. Жарғы осы заңды тұлғаның кез келген мүдделі үшінші тұлғаларға ашық болып саналатын құрылтай құжаты. Жарғыда заңды тұлғаның ресми атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері, басқару органдары және олардың құзыретіне жатқызылған сұрақтар, құқықтары мен міндеттері, заңды тұлғаға қатысушыларды қабылдау және шығару (шығу) тәртібі мен мерзімдері, оны тоқтату (қайта құру, тарату) және өзге де мағлұматтар көрсетілуі мүмкін. Заңды тұлғалардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарай жарғыда болуы тиіс сұрақтар да өзгеріп отырады. Мысалы, саяси партия ретінде құрылатын қоғамдық бірлестіктің жарғысы мен толық серіктестік жарғысына қойылатын талаптар мен қамтылатын мәліметтер де әр түрлі. Заңды тұлғаның жарғысын құрылтайшылары бекітеді.

Заңды тұлғаның құрылтай шарты екі немесе одан да көп құрылтайшылары болса ғана жасалады. Құрылтай шартында құрылтайшалар заңды тұлға құруға міндеттенеді, оны құру жөніндегі бірлескен қызмет тәртібін, оның меншігіне (оралымды басқаруына) өз мүлкін беру және оның қызметіне қатысу ережелерін белгілейді. Сонымен қатар, құрылтайшылар арасында таза табысты бөлудің, заңды тұлға қызметін басқарудың, оның құрамынан құрылтайшылардың шығуының шарттары мен тәртібі де белгіленеді және оның жарғысы бекітіледі. Құрылтай шартына құрылтайшалардың келісуі бойынша басқа да ережелер енгізілуі мүмкін.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу заңнамамен танылған ресми де қажетті процедура. Коммерциялық немесе коммерциялық ұйымды заңды тұлға ретінде тіркеуді уәкілетті мемлекеттік тіркеуші орган жүзеге асырады, яғни әділет органдары. Ұйым әділет органында заңды тұлға ретінде тіркелген күннен бастап оның құқық (әрекет) қабілеттілігі танылады және ол азаматтық айналымға ресми түрде түсе (қатыса) алады, яғни осы сәттен бастап құрылды деп саналады.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу сатысында салық органында (салық төлеуші нөмірін алуына және салық төлеп отыруына), статистика органында (есепке алу және мерзімді статистикалық мәліметер беріп отыруы үшін), банктерде (есеп шоттар ашу үшін) тіркеуді және мөрін даярлау қажетті алғышарт болып саналады. Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу оның азаматтық айналымға қатысуы және құрылтай құжаттарында көзделген тауар өндіру (шығару), қызмет, жұмыс түрлерімен айналысуға негіз болып табылады.

Заңды тұлғаның жарғылық капиталының мөлшері азайтылса, атауы өзгерсе, шаруашылық серіктестеріндегі қатысушылардың құрамы өзгерсе (лицензиясы бар бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серіктестіктерін қоспағанда) заңды тұлға қайта тіркелуге тиіс. Заңды тұлғаның қайта тіркейтін оның атқарушы органы жұмыс істеп тұрған жері бойынша орналасқан әділет органы.

2.2.8 Заңды тұлғаның жауапкершілігі

Арнайы қаржы компанияларынан, құрылтайшы қаржыландыратын мекемелерден, мемлекеттік мекемелерден және қазыналық кәсіпорындардан басқа заңды тұлғалар өз міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.

Мекеме міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік мекеменің міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады.

Мемлекеттік мекемелермен жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.

Мемлекеттік мекемелер жасасатын, бюджет қаражатын жұмсау көзделмейтін азаматтық-құқықтық мәмілелер тіркеуге жатпайды.

Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелеріне ақы олар тіркелгеннен кейін төленуге жатады.

Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Қазыналық кәсіпорында ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі немесе тиісті әкімшілік аумақтық бірлік субсидиарлық жауаптылықта болады.

Жалпы ережеге сай, заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) немесе оның мүлкінің меншік иесі оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал заңды тұлға заңды тұлғаның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкінің меншік иесінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, бұған Азаматтық кодексте, өзге заң актілерінде не заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында көзделген жағдайлар қосылмайды. Бұл арада, толық серіктестіктің қатысушылары, сенім серіктестігінің толық серіктестіктерін, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушыларының тиісті серіктестік міндеттемелері бойынша мүлкі жеткіліксіз болған жағдайлардағы жауапкершілік ерекшеліктері сөз болуда.

Егер заңды тұлғаның банкроттығы оның құрылтайшысының (қатысушысының) немесе оның мүлкінің меншік иесінің іс-әрекетінен туындаған болса, заңды тұлғаның қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда құрылтайшы (қатысушы) немесе оның мүлкінің меншік иесі несие берушілер алдында субсидиарлық жауапкершілікте болады.

Заңды тұлға үшінші тұлғалар алдында заңды тұлғаның органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді, бұған ҚР азаматтық кодексінің 159-бабының 11-тармағында көзделген жағдайлар қосылмайды. ҚР АК 159-бабының 11-тармағында мына ережелер қарастырылған: «Заңды тұлғаның Азаматтық кодексте, өзге де заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында нақты шектелген қызмет мақсаттарына қайшы келетін етіп жасаған, не оның органының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі, егер мәміледегі басқатараптың мұндай жолсыздықтар туралы білгені немесе күнілгері білуге тиіс болғаны дәлелденсе, заңды тұлғаның немесе оның құрылтайшысының (қатысушысының) мүлік иесінің қуынымы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін».

2.2.9 Заңды тұлғаны тоқтату тәсілдері (қайта құру және тарату). Банкроттық

Заңды тұлғаны тоқтату дегеніміз – оның құқықтары мен міндеттерін басқа бір заңды тұлғаға бере (өткізе) отырып (қайта құру) немесе берместен толықтай тоқтатылуы. Заңды тұлғаны қайта құру ерікті немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. Ерікті түрде қайта құруды оның меншік иесі немесе құрылтайшысы (қатысушысы) жүзеге асыра алады. Ал, ықтиярсыз түрде заңды тұлғаны қайта құру сот шешімі негізінде орын алуы мүмкін. Мысалы, заң талаптарына сай толық серіктестіктің қатысушыларының саны екі адамнан кем болмауы тиіс. Егер, қатысушы бір адам болып қалса (яғни, екіншісі серіктестік құрамынан еркімен шығып кетсе немесе қайтыс болса), мұндай толық серіктестік алты ай ішінде өзге ұйымға (мысалы, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке немесе акционерлік қоғамға) қайта құрылуы немесе таратылуы тиіс.

Заңды тұлғаны қайта құрудың қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту арқылы жүзеге асырылуы ықтимал.

Заңды тұлғаларды қосқан (қосу) кезде олардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.

Заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктірген (біріктіру) кезде біріктірілген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес соңғысына ауысады.

Заңды тұлғаны бөлген (бөлу) кезде оның құқықтары мен міндеттері бөлу балансына сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаларға ауысады.

Заңды тұлғаның құрамынан бір немесе бірнеше заңды тұлғаларды бөліп шығарғанда (бөліп шығару), бөлу балансына сәйкес олардың әрқайсысына қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері ауысады.

Заңды тұлғаның бір түрін екінші түрдегі заңды тұлғаға өзгерткен кезде (ұйымдық-құқықтық нысанды өзгерту) қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады.

Заңды тұлғаны тарату негізінде оның құқықтары мен міндеттері өзге тұлғаға берілместен толықтай тоқтатылады. Заңды тұлғаны тарату ерікті (оның меншік иесі, құрылтайшысы, қатысушысы қалауымен) немесе ықтиярсыз түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Ықтиярсыз негізде сот шешіміне сай заңды тұлға банкрот болған, оны мемлекеттік тіркеу жарамсыз деп танылған, заңды тұлға жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызметті үнемі жүзеге асырған, лицензиясыз қызметті, тыйым салынған қызметті жүзеге асырған, қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген және өзге де жағдайларда таратылуы ықтимал.

Банкроттық – борышкердің (ҚР АК және өзге заң актілерінде борышкер мен борышқор терминдері синоним ретінде қолданылады) соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі. Борышкердің – жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы, еңбек шерты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі сот белгілеген оның дәрменсіздігі деп түсініледі.

Банкроттық ерікті немесе мәжбүр ету тәртібімен танылуы мүмкін. Банкроттықты ерікті түрде тану борышкердің сотқа берген өтініші негізінде жүзеге асырылады.

Мәжбүр ету тәртібімен банкрот деп тану несие берушінің, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда өзге де тұлғалардың сотқа өтініш беруі негізінде жүзеге асырылады.

2.2.10 Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдастық-құқықтық нысандары

ҚР Азаматтық кодексінің 34 бабында заңды тұлғалардың коммерциялық және коммерциялық емес түрлері көрсетілген.

Коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты - пайда келтіру (табу) болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтiк, мәдени, ғылыми, бiлiм беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткiзу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттiлiктерiн қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту заң көмегiн көрсету үшiн, сондай-ақ қоғамдық игiлiктердi және өз мүшелерiнiң (қатысушылардың) игiлiктерiн қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылады.

Коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты пайда табу болып табылатындықтан, оның кәсіпкерлік қызметпен айналысуы заңды құбылыс. Ал, коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Мысалы ретінде, мемлекеттік емес жоғарғы немесе орта кәсіптік оқу орындарында студенттер ақылы негізде білім алуда, дегенмен, бұл оқу орындарының негізгі мақсаты пайда табу емес, азаматтардың қалаған мамандықтары бойынша білімге деген қажеттерін қанағаттандыру болып табылады. Коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістері, олардың құрылтай құжаттарында көрсетілген мақсаттарына (мыс, студенттерге арналған кітапхана қорын ұлғайтуға, жатақхана салуға. т.б.) жұмсалуы қажет.

Коммерциялық ұйымның кірістері оның қатысушылар арасында бөлінеді, ал коммерциялық емес ұйымның кірістері болса, жалпы ережеге сай, оның қатысушылар арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға жұмсалады.

Заңды тұлғалардың коммерциялық және коммерциялық емес түрлерге бөлінуі, негізінен алғанда, салық заңнамасы тұрғысынан болмаса, азаматтық айналымда (атқаратын қызмет, орындайтын жұмыс  түрлеріне қарай) тең жағдаяттарда құрылып, қызметтерін жүзеге асыруда.

Коммерциялық ұйымдарға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооператив және акционерлік қоғам жатады.

Қызмет аясына қарай мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы және оралымды (жедел) басқару құқығындағы (қазыналық кәсіпорын) болып және мемлекеттік меншіктің түрлеріне байланысты республикалық және коммуналдық болып бөлінеді.

2.2.11 Шаруашылық серіктестік дегеніміз жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым

Шаруашылық серіктестігін басқару органдары ретінде жалпы жиналыс (егер құрылтайшысы /қатысушысы бір тұлға болса – қатысушы/), атқарушы орган (жеке дара немесе алқалы), бақылау органы болып тексеру комиссиясы (тексеруші) табылады.

Шаруашылық серіктестіктер құрамына толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер кіреді.

Толық серіктестіктің міндеттемелері бойынша мүлкі жеткіліксіз болса, оның қатысушылары өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақтасып жауап береді. Толық серіктестіктің қатысушылары ретінде тек қана жеке тұлғалар бола алады, яғни заңды тұлға(лар) мұндай серіктестіктің құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. Құрылтайшы (қатысушы) болып табылатын адамдардың саны екеуден кем болмауы тиіс. Жалғыз адамның және/немесе заңды тұлғаның толық серіктестікті құруына жол берілмейді. Толық серіктестіктің фирмалық атауында қатысушылардың біреуінің немесе бірнешесінің есімдері сонымен қатар «және компания» деген сөздер болуы тиіс. Толық серіктестіктің заңнамамен бекітілген жарғылық капиталының төменгі мөлшері жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Серіктестік қатысушыларының жауапкершілігі толық болып есептеледі, себебі мұндай ұйымның міндеттемелері бойынша жауаптылық туындап мүлкі жеткіліксіз болған кезде, оның қатысушылары болып табылатын жеке тұлғалар өздерінің аттарында тіркелген, яғни жеке меншіктеріндегі барлық мүліктерімен (тұрғын үй, автокөлік, банктердегі ақша қаражаты және т.с.с.) ортақтасып жауап береді. Егер толық серіктестіктің қатысушыларының саны екеуден аз болып қалса (бір қатысушыдан басқасы өз еріктерімен толық серіктестік құрамынан шықса немесе екі қатысушының біреуі қайтыс болса және т.б.), онда мұндай серіктестік алты ай ішінде өзге ұйымдық-құқықтық нысанға қайта құрылуға немесе таратылуға міндетті.

Сенім серіктестігі дегеніміз серіктестіктің міндеттемелері бойынша мүлкі жеткіліксіз болса оның толық серіктері өздеріне тиесілі (жеке меншігіндегі) барлық мүлкімен қосымша жауаптылықта болатын, ал салымшылары жарғылық капиталдағы салымдарымен тәуекел ететін коммерциялық ұйым. Сенім серіктестігі құрылтайшыларының (қатысушыларының) саны екеуден кем болмауы тиіс, бірақ оның біреуі толық серік, ал екіншісі салымшы болуы қажет. Толық серік ретінде тек қана жеке тұлға бола алады, ал салымшы ретінде жеке тұлға да, заңды тұлға да бола алады. Толық серіктің серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық жауаптылық (яғни толық серіктестіктегі қатысушылар жауапкершілігі сияқты), ал салымшылар (коммандистер) жауапкершілігі олардың жарғылық капиталға енгізген салымы шеңберінде ғана тәуекел ету болып табылады, яғни салымшылар тек қана серіктестік құрылып жатқан кезде оның жарғылық капиталына берген мүлкін жоғалтуы мүмкін (жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысушылар сияқты). Сенім серіктестігінің заңнамамен бекітілген жарғылық капиталының төменгі мөлшері елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Сенім серіктестігін тек қана толық серіктер басқара алады, ал салымшылар басқаруға жіберілмейді, себебі салымшылардың жауапкершілігі жарғылық капиталға енгізген салымдарымен шектеледі. Кәсіпкерлік қызметпен отбасы мүшелері айналысқан жағдайда сенім серіктестігін құру тиімді бизнес жүргізу болып саналады. Мысалы, әкесі толық серік ретінде бизнес үшін бар жауапкершілікті мойнына ала отырып, бизнесті үйрету үшін баласын салымшы ретінде қатысушы қатарына тарта алады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің міндеттемелері бойынша оның қатысушылары жауап бермейді, тек қана жарғылық капиталға енгізген салымдары шегінде тәуекел етеді. Жауапкершілгі шектеулі серіктестікті бір тұлға да (жеке немесе заңды тұлға) құра алады. Оның жарғылық капиталының заңнамамен бекітілген төменгі мөлшері жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Еліміздегі азаматтық айналымға қатысушы жауапкершіліг шектеулі серіктестіктердің саны мыңдап саналады. Себебі, мұндай коммерциялық ұйымдарды құрған қатысушылардың жауапкершілігі жоққа тән, яғни олар жалпы ереже бойынша серіктестік міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сондай-ақ жоғалтатындары оның жарғылық капиталына (құрылу кезеңінде) енгізген салымдарының құны болып табылады.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салған салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін коммерциялық ұйым. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Егер толық серіктестік қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің меншігіндегі барлық мүлкімен ортақтасып жауап беретін болса, сенім серіктестігінің толық серіктері оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі мүлікпен қосымша жауапты да, ал салымшылары жарғылық капиталдағы салымдары шегінде тәуекел етеді, жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысушылары жарғылық капиталаға салған салымдарының құны шегінде тәуекел ететін болса, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша мүлкі жеткіліксіз болса жарғылық капиталдағы салымдарымен жауап береді, бұл да жеткіліксіз болса, жарғылық капиталға салған салымдарының (ақшаның) еселенген көлемінде жауап береді. Мысалы, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғысында қатысушылардың жауапкершілігінің шекті мөлшері екі есе деп бекітілген болатын. Серіктестіктің жарғылық капиталы бір миллион теңгені құрайды. Оның екі қатысушысы бар, біреуі 700 000 теңгені жарғылық капиталға енгізіп 70% ие, ал екіншісінің жарғылық капиталдағы үлесі 30% тиісінше 300 000 теңгемен кіргенді. Серіктестіктің несие берушілері алдындағы міндеттемелерінің құны он миллион теңгені құрайды. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері екі есе болғандықтан серіктестіктің міндеттемелері бойынша алғашқысы 1 400 000 теңге мөлшерінде, ал екіншісі 600 000 теңге көлемінде ғана жауап беретін болады. Мұндай жауапкершілік шаруашылық серіктестіктің өзге нысандарында кездеспейді.

2.2.12 Акционерлік қоғам

Акционерлік қоғам дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлға.

Акционерлік қоғам коммерциялық және коммерциялық емес ұйым ретінде құрылуы мүмкін. Акционерлік қоғамды жалғыз тұлға да (жеке немесе заңды тұлға) құра алады. Оның құрылтай құжаттары ретінде жарғысы және (акционер саны екеуден кем болмаса) құрылтай шарты табылады. Акционерлік қоғамды коммерциялық ұйым ретінде құру үшін жарғылық капиталын қалыптастыру қажет және оның заңнамамен бекітілген төменгі мөлшері елу мың айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Жалпы ереже бойынша акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүлкімен жауап береді, ал оның акционерлері қоғам міндеттемелері бойынша жауап бермейді, тек қана өздеріне тиесілі акциялар шегінде қоғамның қызметіне байланысты шығындар тәуекелін көтереді. Ал, корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларының акционерлері болса, қорлардың міндеттемелері бойынша зейнетақы заңдарына сай ортақтасып жауап береді. Себебі, мұндай қорлардың негізгі капиталын жұмыс істейтін қазақстандықтардың айлық табысының (соның ішінде жалақысының) белгілі бір мөлшері (он пайыз) құрайды. Акционерлік қоғам жай және артықшылықты акцяларды шағруға құқылы. Жай акцияның иесі акционерлік қоғамды басқаруға, дивидендтер алуға, қоғам таратылған жағдайда жарғылық капиталындағы үлесіне сай мүлік (ақша) алуға құқылы. Жай акцияның иесі қоғамның жалпы жиналысында дауыс беру құқығына ие. Артықшылықты акцияның иесі болса, қоғамды басқаруға қатыспайды, дауыс беру құқығы жоқ, алдын ала бекітілген дивидендті алуға құқылы. Тіпті, қоғам қаржылық жыл бойынша табыссыз (кіріссіз) шықса да артықшылықты акцияның иесі бекітілгген дивидендті алуға құқылы. Егер, қаржылық жылдың аяқталғанынан кейінгі үш ай ішінде артықшылықты акция иесіне дивиденд төленбесе, ол жай акция иесінің құқықтарына ие бола алады. Акцинерлік қоғамда алтын акция да болуы мүмкін. Алтын акцияның иесі қоғамды басқаруға қатыспайды, дивиденд алмайды, тек қоғамның қабылдаған шешімдеріне «вето» қою құқығына ие. Мысалы, Қазақстан Республикасы стартегиялық маңызы бар объектілерді коммерциялық ұйымдарға (соның ішінде шет ел инвесторларына) жалға немесе сенімгерлікпен басқаруға және т.б. мәмілелер бойынша беруі мүмкін. Кез келген коммерциялық ұйым мен шет ел инвесторының мақсаты тез арада көп пайда табу екені құпия емес. Жер асты қазба байлықтары қазақстандықтардың ұрпақтарына да қалуы және қызмет жасауы тиіс. Стратегиялық объектіне пайдаланушы акционерлік қоғам болып табылатын заңды тұлғаға мемлекетіміз (алтын акция иесі ретінде) бір жылда осынша тонна мұнай немесе метал, көмір және т.б. өндіре аласың деп талап қоюға құқылы. Акционерлік қоғамды басқару жалпы жиналыс (жалғыз акционер), директорлар кеңесі, атқарушы орган, комиссиясы (тексеруші) арқылы жүзеге асырылады. Егер акционерлер саны жүзден асатын болса жалпы жиналыста есептеу комиссиясының, ал өзге уақытта бақылаушы органның болуы қажет. Акцоинерлік қоғам атқарушы органның қаржылық қызметін тексеру мақсатында аудитті (яғни аудиторлық компанияны) немесе аудиторды ақылы негізде тартуға құқылы.

Жарғылық капиталының басым бөлігін басқа заңды тұлға қалыптастырған не олардың арасында жасалған шартқа сәйкес негізгі ұйым осы ұйымның қабылдайтын шешімдерін айқындай алатын заңды тұлға еншілес ұйым болып табылады. Еншілес ұйым өзінің негізгі ұйымының борыштары бойынша жауап бермейді. Еншілес ұйымға берген нұсқаулары нәтижесінде еншілес ұйым борышқор болса, негізгі ұйым онымен бірге субсидиарлық жауапта болады. Негізгі ұйымның кінәсінен еншілес ұйым банкрот болса, оның борыштары бойынша негізгі ұйым субсидиарлық жауапта болады. Егер өзгеше белгіленбесе, еншілес ұйымның қатысушылары негізгі ұйымнан оның кінәсінен еншілес ұйымға келтірілген зиянды өтеуді талап етуге құқылы.

Егер акционерлік қоғамның дауыс беруші акцияларының жиырма пайызынан астамы, басқа (қатысушы, басымырақ) заңды тұлғанікі болса, ол тәуелді қоғам деп танылады. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, акционерлік қоғамдардың бір-бірінің жарғылық капиталдарында өзара қатысуы әрбір жарғылық капиталдың жиырма бес пайызынан аспауға тиіс. Бір-бірінің жарғылық капиталына өзара қатысатын акционерлік қоғамдар басқа қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында жиырма бес пайыздан артық дауысты пайдалана алмайды.

2.2.13 Өндірістік кооператив

Өндірістік кооператив дегеніміз азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және және кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Кооператив мүшелерінің саны екеуден кем болмауға тиіс. Кооператив мүшелері ретінде тек қана азаматтар бола алады, себебі өз еңбегімен қатысу жеке тұлғаларға тән. Кооператив коммерциялық ұйым болып саналады. Кооперативтің басқару органдары болып мүшелердің жалпы жиналысы, атқарушы орган (алқалы атқарушы орган – басқарма немесе дара атқарушы орган – төраға), қадағалау кеңесі табылады. Қадағалау кеңесі мүшелерінің қндірістік кооператив атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Кооператив мүшесі бір мезгілде қадағалау кеңесінің және басқарма мүшесі бола алмайды, себебі қадағалау кеңесінің мүшесі атқарушы органның қызметіне бақылауды жүзеге асырады. Жалпы жиналыс шешім қабылдаған кезде кооператив мүшесі бір дауысқа ие. Өндірістік кооперативтегі мүшелік өз еркімен шығу немесе жалпы жиналыстың шешімі бойынша шығару негізінде тоқтатылуы мүмкін. Кооператив мүшелігінен шыққан немесе шығарылған адамға есепті кезең аяқталып, қаржы есебі бекітілгеннен кейін кооператив алдындағы міндеттемелері есепке алына отырып жарна немесе өзге де мүлік берілуі мүмкін. Кооператив мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагері кооператив мүшесі ретінде қабылдануы мүмкін. Егер мұндай азамат кооперативке кіруден бас тартса немесе кооператив мұрагерді мүшелікке қабылдаудан бас тартқан жағдайда, оған қайтыс болған кооператив мүшесінің мүліктегі пайына бара-бар үлес, сондай-ақ кооперативтің таза табысының қайтыс болған адамға тиесілі бөлігі және кооператив қызметіне қосқан жеке еңбегі үшін сыйақы төленеді.

2.2.14 Мемлекеттік кәсіпорындар

Коммерциялық ұйымдардың қатарында мемлекеттік кәсіпорындар да бар. Мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығына негізделген және жедел (оралымды) басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар болып бөлінеді.

Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтай құжаты болып жарғысы табылады. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын – мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң құқықтарын жүзеге асыратын өзге де мемлекеттiк орган, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын жергiлiктi атқарушы орган бекiтедi. Мемлекеттiк кәсіпорынның жарғысында: 1) мемлекеттiк заңды тұлғаның түрi туралы нұсқау; 2) атауы (фирмалық атауы); 3) құрылтайшы және тиiстi саланың уәкiлеттi органы туралы мәлiметтер; 4) тұрған орны; 5) қызметiнiң нысанасы мен мақсаттары; 6) басшысының өкiлеттiгi; 7) байқау кеңесi құрылған жағдайларда оның өкiлеттiгi; 8) жұмыс режимi; 9) мүлiктiң құралу тәртiбi; 10) қайта ұйымдастыру және тарату талаптары болуға тиiс.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын – мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығында бөлiп берген мүлкi бар және өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап беретiн коммерциялық ұйым. Қазыналық кәсiпорын – мемлекет жедел басқару құқығында бөлiп берген мүлкi бар коммерциялық ұйым.

Мемлекетік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында оның мүлкін меншіктенуші көрсетілуге тиіс. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.

Мемлекеттік кәсіпорынның органы болып басшысы табылады. Ол басшыны мемлекеттік орган тағайындайды және кәсіпорын басшысы осы орган алдында есеп береді.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорынды – Қазақстан Республикасының Үкiметi, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорынды жергiлiктi атқарушы орган құрады.

Мемлекет қоғам мен мемлекеттiң қажеттерiне қарай айқындалатын әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу мақсатында мынадай жағдайларда: 1) мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгiн, қорғаныс қабiлетiн және қоғам мүддесiн қорғауды қамтамасыз етудiң өзге мүмкiндiгi жоқ болса; 2) мемлекетке тиесiлi стратегиялық объектiлердi пайдаланғанда және оны күтiп ұстағанда; 3) мемлекеттiк монополияға жатқызылған салалардағы қызметтi жүзеге асыру үшiн; 4) бәсекелестiк жоқ не бәсекелестiк жете дамымаған қоғамдық өндiрiс салаларындағы тауарларды өндiруге қоғамдық қажеттiлiк болғанда мемлекеттiк кәсiпорындар құрады.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындар өз қызметiн: 1) елдi мекендердiң тыныс-тiршiлiгiн (энергиямен, газбен, сумен, жылумен жабдықтау және коммуналдық қалдықтарды көму) қамтамасыз ету; 2) табиғат пайдаланудың және орман өсiрудiң шектеулi режимi бар орман саябақтары, жасыл және қорғаныш аймақтарын құру; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасы мен оның ведомстволарының және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының өздерiне жүктелген функцияларын жүзеге асыруына ықпал ету; 4) мемлекеттiк автомобиль жолдарын күтiп ұстау; 5) денсаулық сақтау; жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру; 6) спорттық-сауықтыру объектiлерiн, мәдениет және демалыс саябақтарын пайдалану; 7) қолданбалы ғылыми зерттеулер; 8) мемлекеттiк жер кадастрын, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпараттық деректер базасын, экологиялық ақпараттың мемлекеттiк қорын және Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының мемлекеттiк кадастрларын, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзу; 9) мемлекет меншiгiндегi су шаруашылығы жүйелерiн және құрылыстарды күтiп ұстау, пайдалану, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 10) өсiмдiктердi қорғау және өсiмдiктер карантинi, фумигация (зарарсыздандыру) және фитосанитариялық сараптама; 11) тарих және мәдениет ескерткiштерiн ғылыми зерттеу, консервациялау, реставрациялау, қайта жасау, жөндеу және бейiмдеу жөнiндегi жұмыстарды орындау; 12) теңiз портының қызметi; 13) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға аэронавигациялық қызметтер ұсыну; 14) мемлекеттiк материалдық резервтi қалыптастыру және сақтау; 15) техникалық реттеу және метрология саласында өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру; 16) қылмыстық-атқару жүйесi саласында өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру және сотталғандардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру; 17) Қазақстан Республикасының жеке басты куәландыратын құжаттарын дайындау; 18) жануарлардың аса қауiптi аурулары мен энзоотикалық ауруларының диагностикасы, ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын тiркеу сынақтары, байқаудан өткiзу, сондай-ақ ветеринариялық препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларына (топтарына) бақылау жасау; 19) ұлттық гидрометеорологиялық қызметтiң функцияларын жүзеге асыру; 20) радиожиiлiк спектрiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторингi бойынша жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету, радиоэлектрондық құралдардың және радиожиiлiктi берулердiң тiзiлiмiн (деректер базасын) жүргiзу, сондай-ақ радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiнiң есебiн жүргiзу бойынша қызмет көрсету; 21) мемлекеттiк авариялық жұмыс iстемей тұрған кенiштердi және көмiр кәсiпорындарын Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбе бойынша жою және консервациялау, сондай-ақ олардың жұмысының зардаптарын жою саласында жүзеге асырады.

Қазыналық кәсiпорындар өз қызметiн: 1) төтенше және авариялық жағдайлар кезiнде тауда құтқару және өзге де арнайы жұмыстарды орындау, өрттен, су тасқынынан және басқа да дүлей зiлзалалардан қорғау; 2) денсаулық сақтау; 3) мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту, қосымша бiлiм беру, техникалық, кәсiптiк және орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру; 4) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау, мәдениет және спорт; 5) iргелi ғылыми зерттеулер; 6) биологиялық әртүрлiлiктi және тектiк қорды сақтау мақсатында жануарлар, өсiмдiктер дүниесi объектiлерiн қорғауды, тұрақты пайдалануды, молайтуды және жасанды түрде өсiрудi, сондай-ақ табиғатты (зоологиялық саябақтарды, ботаникалық бақтарды, дендрологиялық саябақтарды) қорғауды, орман қорын күзету және қорғау жөнiндегi авиациялық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; 7) топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзу; 8) өмiрлiк қиын жағдайда жүрген адамдар (отбасылар) үшiн арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсету; 9) жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеу саласында жүзеге асырады.

Мемлекеттiк кәсіпорынның мүлкi: 1) оған меншiк иесi берген мүлiк; 2) өз қызметi нәтижесiнде ие болған мүлiк (ақшалай табыстарды қоса алғанда); 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптасады. Шаруашылық жүргiзудегi (жедел басқарудағы) мүлiктi пайдаланудан алынған жемiстер, өнiм мен табыстар, сондай-ақ шарттар немесе өзге де негiздер бойынша мемлекеттiк кәсіпорын сатып алған мүлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында меншiк құқығына ие болу үшiн белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсіпорынның шаруашылық жүргiзуiне (жедел басқаруына) түседi.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның жарғылық капиталының төменгі мөлшерi айлық есептiк көрсеткiштiң он мың еселенген мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

Мемлекеттiк кәсiпорын өзi өндiрген өнiмдi дербес өткiзедi.

Мемлекеттiк кәсiпорынның негiзгi құралдарға жататын мүлiктi сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негiзiнде иелiктен шығаруға құқығы жоқ.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын өзiнiң мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлiкпен жауап бередi.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауаптылықта болмайды.

Мемлекет құрылтайшының, мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi уәкiлеттi органның немесе тиiстi саланың уәкiлеттi органының iс-әрекеттерiнен туындаған банкроттық, ал коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты – жергiлiктi атқарушы органның iс-әрекеттерiнен туындаған банкроттық жағдайларын қоспағанда, шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Бұл жағдайларда мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның қаражаты кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша жауап бередi.

Қазыналық кәсiпорын негiзгi құралдарға жатпайтын, өзiне жедел басқару құқығында бекiтiлiп берiлген жылжымалы мүлiкке дербес билiк етедi.

Қазыналық кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi.

Қазыналық кәсiпорынды тарату жағдайларын қоспағанда, оның қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi.

Қазыналық кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Қазыналық кәсiпорынның ақшасы жеткiлiксiз болған кезде, оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

2.2.15 Коммерциялық емес ұйымдар

Коммерциялық емес ұйымдар мекеме (мемлекеттік және жеке меншік), қоғамдық бірлестік, діни бірлестік, қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, заңды тұлғалардың қауымдастығы (одағы) нысанындағы бірлестіктер, заң құжаттарында көзделген өзге де нысандарда құрылуы мүмкін.

Мекеме дегеніміз басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін құрылтайшы құрған және қаржыландыратын ұйым. Мекеме мемлекеттік және жеке меншік болып құрылуы мүмкін.

Мемлекеттiк мекеме – басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де функцияларды жүзеге асыру үшiн мемлекет құрған және қаржыландырудың қосымша көздерi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен қамтылатын коммерциялық емес ұйым. Республикалық мемлекеттiк мекеменi – Қазақстан Республикасының Президентi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi, коммуналдық мемлекеттiк мекеменi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары құрады. Мемлекеттiң жеке тұлғалармен және мемлекеттiк емес заңды тұлғалармен бiрлесiп мемлекеттiк мекеме құруына жол берiлмейдi. Мемлекеттiк мекеме өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi және өзiне смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше әдiспен билiк етуге құқылы емес. Мемлекеттiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Мемлекеттiк мекеменiң қалған мүлкiн өндiрiп алуға жол берiлмейдi. Мемлекеттiк мекемеде ақша жеткiлiксiз болған кезде оның мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс тиiстi бюджет қаражатымен субсидиарлық жауаптылықта болады.

Басқарушылық, әлеуметтiк-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтердi жүзеге асыру үшiн жеке және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар құрған, мемлекеттiк құрылымның бөлiгi болып табылмайтын ұйым жеке меншiк мекеме деп танылады. Жеке меншiк мекеменiң мүлкi оған оралымды басқару құқығымен бекiтiлiп берiледi. Жеке меншiк мекеме өз мiндеттемелерi бойынша өзiнiң билiгiндегi ақшамен жауап бередi. Ақшасы жеткiлiксiз болған жағдайда мемлекеттiк емес мекеменiң мiндеттемелерi бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ортақ мақсаттарға жету үшiн азаматтардың ерiктi бiрiгуi нәтижесiнде құрылған ұйым қоғамдық бiрлестiк болып табылады. Қоғамдық бiрлестiктер мүшелерiнiң (қатысушыларының) сол бiрлестiктерге өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары жоқ. Өздерi мүшелерi (қатысушылары) ретiнде қатысатын қоғамдық бiрлестiктердiң мiндеттемелерi бойынша олар жауап бермейдi, ал аталған бiрлестiктер өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар ерiктi мүлiктiк жарналар негiзiнде құрған, әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтiн, мүшелiгi жоқ коммерциялық емес ұйым қор деп танылады. Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шешiмiмен тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органы - қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесi құрылады, ол қор қызметiнiң оның жарғылық мақсаттарына сай келуiне бақылау жасайды, сондай-ақ қордың жарғысында бекiтiлген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесiнiң көпшiлiк мүшесi, сондай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлерi бола алмайды. Қордың атқарушы органы қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңестiң) шешiмдерi негiзiнде және оларды орындау мақсатында жұмыс iстейдi және соларға есеп бередi. Қордың атқарушы органының басшысы мен мүшелерi қордың құрылтай құжаттарын, осы заңды және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiн бұза отырып өздерi қабылдаған шешiмдерiнiң салдарынан келтiрiлген шығынның орнын бiрлесе толтыруға мiндеттi. Мұндай шешiм қабылданған кезде қарсы дауыс берген, қалыс қалған немесе отырысқа қатыспаған адамдар шығынның орнын толтыру мiндетiнен босатылады. Қордың некеде тұрумен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтерi болуға тиiс. Бiр адамның екi қызметтi қатар iстеуiне болмайды. Басшы құрылтай құжаттарының, қорды басқару органының шешiмдерi негiзiнде қордың атынан мәмiлелер жасауға құқылы. Қордың жарғысында өз бетiнше әрекет етiп, мәмiлелер жасай алатын басқа уәкiлеттi адамдардың қызмет аясы белгiленуi мүмкiн. Қор басшысының сотта, мемлекеттiк органдарда, сондай-ақ ұйымдарда қордың атынан сенiмхатсыз өкiлдiк етуге құқығы бар. Қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады. Қор құрылтайшыларының қордың мүлкiне мүлiктiк құқығы жоқ және оларды мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн жарғыда белгiленген тәртiппен құрылтайшылардың жалпы жиналысы қордан шығаруы мүмкiн. Қор жарғыда белгiленген мерзiмде қаржы қызметiн тексерудi жүзеге асыруға мiндеттi. Тексерудi тексерушi немесе аудиторлық ұйым жүзеге асырады. Тексерушiнi сайлау тәртiбi жарғыда белгiленедi; аудиторлық ұйымдар заңдарда белгiленген тәртiппен тартылады. Қор жыл сайын ресми басылымдарда өз мүлкiн пайдалану туралы есептi жариялауға мiндеттi.

Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтiк, қоғамдық, мемлекеттiк қорлар құрылуы мүмкiн. Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтiк, қайырымдылық, мәдени, бiлiм қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкiн.

Бiр жеке адамның немесе жеке адамдардың - бiр отбасы мүшелерiнiң өзiнiң (өздерiнiң) жеке қаражаттары есебiнен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиетi бойынша да құрылуы мүмкiн. Жеке қордың мүлкi жеке тұлғадан (құрылтайшыдан) немесе жеке тұлғалардан - бiр отбасы мүшелерiнен (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, өсиет бойынша түскен мүлiктен, сондай-ақ жеке қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.

Бiр заңды тұлғаның немесе бiрнеше заңды тұлғалардың - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардың осы ұйымдардың қаражаттары есебiнен құрған қоры корпоративтiк қор деп танылады. Корпоративтiк қордың мүлкi бiр немесе бiрнеше заңды тұлғалардан - коммерциялық және (немесе) коммерциялық емес ұйымдардан (құрылтайшылардан) бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ корпоративтiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.

Бiр отбасының мүшелерi болып табылмайтын жеке адамдардың және (немесе) заңды тұлғалардың - қоғамдық бiрлестiктердiң құрған қоры қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қордың мүлкi заңды тұлғалардан - қоғамдық бiрлестiктер мен жеке тұлғалардан бiр жолғы және (немесе) тұрақты түсетiн түсiмдер есебiнен, сондай-ақ қоғамдық қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады. Қоғамдық қордың мүлкi бiр отбасы мүшелерiнен - аталған қордың бiрден бiр қатысушыларынан түсетiн түсiмдер есебiнен құрала алмайды.

Мемлекеттiк органдардың шешiмiмен құрылған, белгiленген тәртiппен мемлекеттiк меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы берiлген; қордың мақсаттары мен мiндеттерiн мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын қор мемлекеттiк қор деп танылады. Мемлекеттiк қордың мүлкi заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаражаты есебiнен, сондай-ақ мемлекеттiк қор қызметiнiң мақсаттарына сай келетiн басқа да көздерден құралады.

Мүшелiк негiзде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүшелерiнiң мүлiктiк (пайлық) жарналарын бiрiктiру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерiктi бiрлестiгi тұтыну кооперативi деп танылады. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативiне заңды тұлғалар да кiре алады. Селолық тұтыну кооперативтерi тек өз мүшелерiнiң ғана емес, ауылдық жерде тұратын басқа да азаматтардың материалдық және өзге де қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн құрылуы мүмкiн. Тұтыну кооперативтерiнiң мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша кооператив мүшелерiнiң қосымша жарнасының енгiзiлмеген бөлiгi шегiнде ортақ субсидиарлық жауаптылықта болады. Тұтыну кооперативi алған кiрiстердi оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға жұмсалады. Тұтыну кооперативiнiң мүшелерi жинақталып қалған шығынды жыл сайынғы баланс бекiтiлгеннен кейiн үш ай iшiнде қосымша жарналар арқылы жабуға мiндеттi. Бұл мiндеттеме орындалмаған жағдайда кооператив кредит берушiлердiң талабы бойынша сот тәртiбiмен таратылуы мүмкiн.

Рухани қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн өз мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бiрiккен азаматтардың ерiктi бiрлестiгi дiни бiрлестiк деп танылады. Дiни бiрлестiк қатысушыларының (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

Өзiнiң қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын, кiрiстерi тек қана осы қоғамды дамытуға пайдаланылатын заңды тұлға коммерциялық емес акционерлiк қоғам деп танылады. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамдардың артықшылықты акциялар, туынды және айырбасталатын бағалы қағаздар шығаруды жүзеге асыруға құқығы жоқ. Коммерциялық емес акционерлiк қоғамның құрылтай шарты осы шартқа әрбiр құрылтайшының немесе оның уәкiлеттi өкiлiнiң қол қоюы арқылы жасалады. Коммерциялық емес ұйым ретiнде құрылған қоғамның коммерциялық ұйым болып қайта құрыла алмайтыны сияқты коммерциялық ұйым ретiнде құрылған қоғам да коммерциялық емес ұйым болып қайта құрыла алмайды.

Коммерциялық ұйымдар өздерiнiң кәсiпкерлiк қызметтерiн үйлестiру, сондай-ақ ортақ мүлiктiк және өзге де мүдделердi бiлдiру және қорғау мақсатында өзара шарт бойынша, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бiрлесiп қауымдастықтар (одақтар) нысанында бiрлестiктер құра алады. Коммерциялық емес ұйымдар осы ұйымдардың қауымдастықтарына (одақтарына) ерiктi түрде бiрiге алады. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi өзiнiң дербестiгiн және заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады. Қауымдастық (одақ) өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қауымдастықтың (одақтың) мүшелерi оның мiндеттемелерi бойынша қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көзделген мөлшерде және тәртiпте субсидиарлық жауаптылықта болады. Қауымдастық (одақ) мүшелерi, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, қаржы жылы аяқталған соң өзiнiң қалауы бойынша қауымдастықтан (одақтан) шығуға құқылы. Бұл жағдайда қауымдастық (одақ) мүшесi өзi қауымдастықтан шыққанға дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша шыққан кезiнен бастап екi жыл бойына оның өзiнiң жарнасына бара-бар субсидиарлық жауаптылықта болады. Қауымдастық (одақ) мүшесi қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында белгiленген реттерде және тәртiппен қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң шешiмi бойынша одан шығарылуы мүмкiн. Қауымдастықтың (одақтың) шығарылған мүшесiнiң жауапкершiлiгiне қатысты қауымдастықтан (одақтан) шығуға жататын ереже қолданылады. Қауымдастық (одақ) мүшелерiнiң келiсiмiмен оған қауымдастықтың жаңа мүшесi кiре алады. Қауымдастыққа (одаққа) жаңа мүшенiң кiруi қауымдастықтың (одақтың) ол кiргенге дейiн туындаған мiндеттемелерi бойынша оның субсидиарлық жауаптылықта байланыстырылуы мүмкiн. Қауымдастықтың (одақтың) атауында "қауымдастық" немесе "одақ" деген сөздердi қоса отырып, осы қауымдастық (одақ) мүшелерi қызметiнiң негiзгi мәнiне көрсетпе болуға тиiс

Коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрылуы мүмкiн. Нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркәсiп палаталары, кәсiби аудиторлық ұйымдар, меншiк пәтер иелерi кооперативтерi және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.

Заңды тұлғалардың құрылуында немесе кейіннен қатысушылары ретінде шетелдік азаматтар мен шетелдік заңды тұлғалар құрылтайшы немесе қатысушы ретінде қатысатын болса, шетелдік немесе бірлескен кәсіпорын деп те аталуда.

2.3 Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер азаматтық құқықтың субъектілері ретінде

Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністің азаматтық құқықтың субъектілері ретінде азаматтық құқықтық қатынастарға қатысуында жеке және заңды тұлғалармен тең болатынын есепке ала отырып, олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері болатынын айту қажет. Мемлекет билік субъектісі, яғни елдің атынан мемлекет аумағында және тыс жерлерде өкілдік етеді. Конституциямыздың 2-ші бабының екінші тармағына сай «Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді». Еліміз аумағында қолданылатын нормативтік құқықтық актілерді қабылдауда мемлекет атынан жүзеге асырылады.

Атқарушы, өкілдік және сот биліктері де мемлекет атынан орындалады. Салық жинауды, ақша шығаруды, қарулы күштерді және т.б. ұйымдастыру және бақылауды жүзеге асыратын да мемлекет. Сонымен қатар, Ата заңымыздың 1-ші бабында көрсетілгеніндей «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады», яғни мемлекет зейнеткерлерге зейнетақы, денсаулығы шектеулі адамдарға жәрдемақы тағы басқа көптеген әлеуметтік функциялармен де айналысады. Бұл функциялардың бірде бірі азаматтық құқықтың субъектілері болып табылатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға тән емес.

Мемлекетті жария құқық пен жеке құқық субъектісі ретінде бөліп қарастыру нарықтық экономикасы дамыған елдердің құқықтық жүйесі мен заңнамасында кездесетін қалыпты жағдай. Елімізде құқықтық мемлекетті құру жалғасуда, сол себептен де, мемлекетті жария және жеке құқық субъектісі ретінде заңнамада бекіту алдағы істердің бірі болып табылады.

Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде азаматтық құқықтық мәмілелердің тең қатысушысы бола алады. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша мемлекет сатып алушы да сатушы да болуға құқылы, немесе елімізге және елордасына қажетті (Бәйтерек мұнарасы, Тәуелсіздік монументі, Опера және балет театры және т.б.) белгілі бір құрылыс объектісін салу үшін тендер ұйымдастырып, оның жеңімпазымен мердігерлік шартын тапсырысшы ретінде жасасуға құқылы.

Еліміздің атқарушы және өкілдік органдары оларға берілген құзырет шеңберінде мемлекет атынан өз әрекеттері арқылы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асырады, сотта өкілдік ете алады. Қазақстан Республикасының арнайы тапсырмасымен оның атынан өзге де мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар мен азаматтар өкілдік ете алады. Мысалы, құрылтайшысы (акционері) мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдарда мемлекет мүддесін өкілеттілік берілген тұлға ұстанады, білдіреді, қорғайды.

Конституциямыздың 6-шы бабына сай «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады». Мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бөліністерге республикалық және коммуналдық меншік тиесілі.

Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер өздері құрған мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың (соның ішінде қазыналық кәсіпорындардың) міндеттемелері бойынша азаматтық-құқықтық (субсидиярлық) жауаптылықта болады. Азаматтық құқықтың бұл субъектілері шарттан туындайтын және шарттан тыс, яғни зиян келтіру салдарынан, оқиғадан туындайтын міндеттемелер бойынша да жауаптылықта болуы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік органдардың заң актілеріне сәйкес келмейтін актілерді шығаруының салдарынан келтірілген зиян актіні шығарған органдар мен лауазымды адамдардың кінәсіне қарамастан мемлекеттік қазына есебінен өтеледі (ҚР АК 922 бабы). Немесе жер сілкінісі яки су тасқыны, яғни адам еркінен тыс болатын қоршаған ортаның құбылыстары негізінде тұрғын үйлерінен айрылған азаматтарға мемлекет есебінен тұрғын үйлер салынуда. Алматы облысына қарасты Қызылағаш елді мекенінде болған жайт осыған дәлел. Анықтай, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс-ірекеттерімен келтірілген зиянды толық көлемде мемлекет өтейді (ҚР АК 923 бабы).

Заң актілерімен көзделген жағдайларда кейбір азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысу ережелерін мемлекет өзі анықтауы мүмкін. Мысалы, мемлекеттік сатып алу, мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс ұйымдастыратын тендер нысанындағы конкурстық саудаластық, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорындағы мемлекеттік тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібі мен мерзімін де анықтайтын және белгілейтін мемлекет. Себебі, көрсетілген міндеттемелердің негізінде мемлекеттік мүдде мен мемлекет қаражаты жатыр.

Азаматтық – құқықтық мәмілелердің негізінде туындайтын міндеттемелер орындалмаған немес тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайларда, несие берушілер (сот сатысында талапкерлер) өз құқықтары мен заңи мүдделерінің бұзылуын қорғау және бұзылған құқықтар мен заңи мүдделерді қалпына келтіру мақсатында сотқа жүгінуге құқылы. Соттың шешімдері (қылмыстық істер бойынша үкімдері) мемлекет атынан, яғни Қазақстан Республикасы атынан шығарылады және сот шешімінің орындалуын қамтамасыз ететін де мемлекет. Сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктеріне деген жеке меншік құқығын ықтиярсыз (яғни күшпен) тоқтатудың бір негізі болып табылатын тәркілеуді де қолданатын және жүзеге асыратын мемлекет. Тәркіленген мүлік (соның ішінде ақша және т.б. материалдық игіліктер) мемлекет меншігіне өтеді.

Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің құқықтық (соның ішінде азаматтық-құқықтық) қатынастарға қатысу ерекшеліктері еліміздің Конституциясымен, Азаматтық кодексімен қатар, қолданыстағы өзге де заң актілерімен реттеледі.

Тапсырмалар:

  1.  Заңды тұлғаның пайда болуына байланысты ғылыми теориялар мен олардың негізгі мазмұны қандай?
  2.  Заңды тұлғаларды коммерциялық және коммерциялық емес деп түрлерге бөлу негізінде не жатыр?
  3.  АҚШ және Батыс Еуропа елдерінің азаматтық заңнамасы бойынша заңды тұлғалар түрлері қандай?
  4.  Ар-намыс, абыройға зиян келтіру жағдайлары заңды тұлғаға қатысты қолданылады ма?
  5.  Коммерциялық ұйымдарға құқықтық сипаттама беріңіз.
  6.  Коммерциялық емес ұйымдардың нысандары қандай және олардың бір-бірінен айырмашылқтары неде?
  7.  Заңды тұлғаның банкроттығы нені білдіреді?
  8.  Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністердің азаматтық құқықтың субъектілері ретінде ерекшеліктері мен айырмашылықтары неде және қандай?

Тақырып бойынша ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі:

  1.  Шаруашылық серіктестіктер туралы 02.05.1995жылғы ҚР заңы.
  2.  Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы 22.04.1998жылғы ҚР заңы.
  3.  Акционерлік қоғамдар туралы 13.05.2003жылғы ҚР заңы.
  4.  Өндірістік кооператив туралы 05.10.1995жылғы ҚР заңы.
  5.  Мемлекеттік мүлік туралы 01.03.2011жылғы ҚР заңы.
  6.  Саяси партиялар туралы 02.07.1996жылғы ҚР заңы. 
  7.  Кәсіптік одақтар туралы 09.04.1993жылғы ҚР заңы.
  8.  Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы 15.01.1992 жылғы ҚР заңы (ескерту: «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының жаңа жобасы қабылдану сатысында)
  9.  Қоғамдық бірлестіктер туралы 31.05.1996 жылғы ҚР заңы.
  10.  Коммерциялық емес ұйымдар туралы 16.01.2001жылғы ҚР заңы.
  11.  Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және қайта тіркеу туралы 17.04.1995жылғы ҚР заңы.
  12.  Лицензиялау туралы 11.01.2007 жылғы ҚР заңы. 
  13.  Банкроттық туралы 21.01.1997 жылғы ҚР заңы. 
  14.   Бағалы қағаздар рыногы туралы 02.07.2003жылғы ҚР заңы.
  15.   Жеке кәсіпкерлік туралы 31.01.2006жылғы ҚР заңы.
  16.  Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (жалпы бөлім). I том, Алматы, 2001ж.
  17.  Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. Том 1. Алматы, 2003

3-тарау. Азаматтық құқық объектілері (ҚР АК 115-146 баптары)

3.1 Азаматтық құқық объектілерінің түсінігі, түрлері және сипаттама беру

Азаматтық құқық объектілері дегеніміз – азаматтық құқықтар мен міндеттерді туындататын материалдық және/немесе материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

Азаматтық құқық объектілері:

  •  заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, қаржы құралдары;
  •  өзге де мүлік, соның ішінде мүліктік құқықтар;
  •  жұмыстар мен қызметтер;
  •  ақпарат;
  •  интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және тауарды дараландырудың өзге де құралдары;
  •  материалдық емес игіліктер мен құқықтар.

Азаматтық құқық объектілері айналым қабілеттілігіне қарай:

  •  азаматтық айналымнан алынып тасталған объектілер. Мысалы, ядролық қару т.б. Мұндай материалдық объектілер бойынша келісімге келген мәмілелер жасалған сәтінен бастап жарамсыз болып танылады және тараптардың заттары (ядролық қару және оның қарымтасы ақша сомалары) тәркіленеді, яғни мемлекет пайдасына (тараптар үшін өтемақысыз) өтеді;
  •  азаматтық айналымдағы шектеулі объектілер. Мысалы, қару-жарақ, оқ-дәрі және т.б. Мұндай заттар арнайы рұқсат арқылы беріледі. Адам өзіне қару алғысы келетін болса, жүйке ауруымен ауырмайтынын растайтын психиатриялық мекемеден анықтама, есірткі заттар мен спирт ішімдіктеріне кәсіби әуесқойлығы жоқ екенін дәлелдейтін мекемеден анықтама, тұрғылықты жері бойынша аудандық (қалалық) ішкі органдар басқармасынан (бөлімінен) рұқсат алған жағдайда ғана қару-жарақ сататын жерден (дүкеннен) оны сатып ала алады. Қару-жарақ жәнеоның иесі есепке алынады. Сол сияқты, кейбір дәрі-дәрмекті сатып алу және пайдалану үшін дәрігердің рұқсаты болып табылатын рецепт қажет болады.
  •  азаматтық айналымдағы еркін объектілер. Заңнамамен тыйым салынбаған және еркін саудадағы кез келген материалдық игілік. Мысалы, тұрғын үйлер, автокөліктер және өзге де жылжитын, жылжымайтын мүлік (зат).

Заттар дегеніміз – азаматтық құқықтар мен міндеттер туындататын қоршаған ортаның материалдық объектілері.

Заттардың түрлері:

- жылжымайтын және жылжитын мүліктер (ескерту: Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде «қозғалмайтын және қозғалатын мүлік» терминдері де қолданылады); жылжымайтын мүлік - жер учаскелері, үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге мүлік, яғни орнынан олардың мақсатына сай емес шығынсыз ауыстыру мүмкін болмайтын мүлік.

Мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі сауда жүзу кемесі, «өзен-теңіз» жүзу кемесі, ғарыштық объектілер де жылжымайтын заттарға теңестіріледі. Осы объектілер жылжымайтын болса (яғни, жұмыс істемейтін болса), құнсыз (қажетсіз) болар еді. Кеңес одағы ыдыраған кезеңде Қазақстан аумағында орналасқан бірақ КСРО меншігіндегі көптеген ұшақтар мен тікұшақтар, Байқоңыр ғарыш объектілері және өзге объектілер бар болатынды. «Uti possidetis» (мүлік қай жерде орналасса, сол жердің /мемлекеттің/ меншігі болып табылады) қағидатын қолдана отырып жылжымайтын мүлік санатына теңестіру арқылы елімізде қалдыру мүмкіндігі жүзеге асырылғанды. Ресми түрде олардың жылжымайтын мүлікке теңестіруіне келетін болсақ, бұл объектілермен жасалатын кез келген мәміле және одан туындайтын құқық мемлекеттік тіркеуді талап ететіні, сондай-ақ олардың аса қымбат тұратыны алға тартылды.

Жылжитын (қозғалатын) заттарға жылжыған (қозғаған) кезде өзінің негізгі функциясын жоғалтпайтын заттар (мүлік) жатқызылады. Мысалы, азық-түлік, жанар-жағар май, киім-кешек, автокөліктер және тағы да басқалары.

Заттар (мүлік) өз ерекшеліктеріне қарай:

- бөлінетін және бөлінбейтін;

- жай және күрделі;

- басты зат және керек-жарақ;

- жеке белгілерімен және тектік белгілерімен анықталған заттар;

- тұтынылатын және тұтынылмайтын заттар ретінде де сұрыпталады.

Теңге ақша ретінде еліміздің бүкіл аумағында өз құны бойынша қабылдануға міндетті заңды төлем құралы болып табылады, сонымен қатар, азаматтық құқықтық мәмілелер бойынша қолма қол төлеу және қолма қол төлемей есеп айырысу төлемінде білдіреді. Кез келген ақылы мәміленің бағасы да ақшалай нысанда көрініс табады. Еліміздің аумағында шетел валютасын пайдалану « Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы №57 Заңымен реттеледі және валюталық реттеудiң мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзу және экономикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiң саясатына жәрдемдесу болып табылады. Валюталық реттеудiң мiндеттерiне Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының тәртiбiн белгiлеу; 2) Қазақстан Республикасының дүниежүзiлiк экономикаға одан әрi кiрiгуi үшiн жағдайлар жасау; валюталық операциялар мен капитал легi жөнiндегi ақпараттық базаны қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi уәкiлеттi ұйымдарға шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензия бередi.

3.2 Қаржы құралдары азаматтық құқық объектілері ретінде (ҚР АК 128-1 – 128-6 баптары)

Қаржы құралы дегеніміз - операциялар нәтижесiнде бiр ұйымның қаржылық активiмен бiр мезгiлде басқа ұйымда қаржылық мiндеттеме немесе үлестiк құрал туындайтын ақша, туынды құнды қағаздарды қоса алғанда, құнды қағаздар, туынды қаржы құралдары мен басқа да қаржы құралдары.

Қаржылық актив ақшасын, басқа ұйымның үлестiк құралын бiлдiретiн кез келген актив, ұйымның меншiктi үлестiк құралдарының белгiленген санына кез келген өзге тәсiлмен жүргiзiлетiн немесе жүргiзiлуi мүмкiн туынды құрал болып табылатын шарт.

Қаржылық мiндеттеме — ақшасын немесе өзге де қаржылық активтi басқа ұйымға беру немесе өзi үшiн ықтимал тиiмсiз жағдайларда басқа ұйыммен қаржылық активтермен немесе қаржылық мiндеттемелерiмен алмасудың шартты мiндеттемелерiн бiлдiретiн кез келген мiндеттеме немесе заңнамаға сәйкес туынды құрал болып табылатын шарт.

Үлестiк құрал — ұйымның барлық мiндеттемелерi шегерiлгеннен кейiн қалатын оның активтерiндегi қалдық үлесiне құқығын растайтын кез келген шарт.

Туынды қаржы құралдары — болашақта осы шарт бойынша есеп айырысуды жүргiзудi көздейтiн, құны шарттың базалық активiнiң мөлшерiне (мөлшердiң ауытқуын қоса алғанда) тәуелдi шарт.

Туынды қаржы құралдарына опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және осы белгiлерге сай келетiн басқа да туынды, оның iшiнде жоғарыда аталған туынды қаржы құралдарының комбинациясы болып табылатын қаржы құралдары жатады.

Опцион — оған сәйкес бiр тарап (опцион сатушысы) екiншi тарапқа (опционды сатып алушы) болашақта келiсiлген жағдайларда пәтуаласқан баға бойынша базалық актив сатып алу немесе сату құқығын сататын туынды қаржы құралы. Опционды сатушы өзiне мiндеттемелер алады, ал сатып алушы құқыққа ие болады. Опционды сатушы опционды сатып алушыға сыйлықақы деп аталатын сыйақыға опционды сатады. Опционның келiсiлген жағдайлары деп мынадай мiндеттi шарттарды келiсу түсiнiледi: базалық активтiң түрi, базалық активтiң жалпы құны (опцион жасалатын сома), базалық активтiң бағасы (страйк — опционды орындау бағасы), опционның сыйлығы, опционның мерзiмi (опционның қолданылу кезеңi), опционның түрi. Егер опционды сатып алушы өзi сатып алған құқықты iске асырса, онда опцион орындалды деп есептеледi.

Своп — оған сәйкес тараптар келiсiлген шарттармен базалық активтер немесе болашақтағы базалық активтер бойынша төлемдердi айырбастау жөнiнде пәтуаласатын туынды қаржы құралы.

Форвард — сатып алушы (немесе сатушы) болашақта келiсiлген шарттарда базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын туынды қаржы құралы. Форвард ұйымдастырылмаған нарықта жасалады.

Фьючерс — сатып алушы (немесе сатушы) ұйымдастырылған нарықта белгiленген стандартты шарттарға сәйкес базалық активтi сатып алудың (немесе сатудың) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн мiндеттеменi өзiне алатын тек ұйымдастырылған нарықта айналымға түсетiн туынды қаржы құралы.

Азаматтық құқықтың объектісі болып табылатын жұмыс пен еңбек құқығындағы жұмыстың өз ерекшеліктері бар. Азаматтық құқықтың объектісі ретінде жұмыс орындалғанда материалдық объект, яғни азаматтық айналымға түсе алатын материалдық игілік туындайды. Мысалы, мердігерлік шарттары бойынша жұмыс орындалғанда, соның ішінде құрылыс мердігерлігі шартының объектісі болатын тұрғын үй, ғимарат және сол сияқтыларды сатуға, сатып алуға, айырбастауға, сыйға тартуға болады. Тұрмыстық мердігерлігі шарты бойынша жеке тапсырыспен киім тіктіруге, үстел, орындықтарды жасатуға және т.б. сол сияқты жұмыстарды орындауға болады. Еңбек құқығындағы жұмысты қарастыратын болсақ, жұмыстың орындалуы оның нәтижесіне байланысты емес, яғни материалдық объект (игілік) туындамайды. Мемлекеттік, әскери және бюджеттік қызметтегі адамдардың орындайтын жұмысының нәтижесі материалдық көрініс таппайды. Оқу орындарының басшылары, мұғалімдері, оқытушылары (мектеп директоры мен сабақ беретін мұғалімнің, декан мен оқытушының жұмыстары материалдық нәтижеге ұластырмайды), тіпті техникалық және шаруашылық жұмыстарын орындайтын адамдардың да (мыс. еден жуу немесе жұмыс орны айналасын тазалау) жұмыс нәтижесі материалдық игілік туындатпайды.

Азаматтық құқықтың объектісі болып табылатын қызмет көрсетіледі. Бұл қызметтің мемлекеттік қызметтен, әскери қызметтен және өзге де қызметтерден өз айырмашылығы бар. Азаматтық құқықтағы қызмет шарт негізінде көрсетіледі және оның нәтижесі материалдық игілікке ұласпайды, яғни азаматтық айналымға түспейді. Мысалы, медициналық қызметтің бір түрі болып табылатын тіс емдеу, жасанды тіс салдыру нәтижесі азаматтық айналымға қатыспайды, яғни оларды сату, сыйға тарту, айырбастау және сол сияқты мәмілелерді жасау мүмкін емес. Мұндай өтемелі қызметтердің қатарына байланыс, мал дәрігерлік, аудиторлық, кеңес беру, ақпараттық, туристік қызметтер, оқыту жөніндегі қызметтер және т.б. жатады.

3.3 Бағалы қағаздар азаматтық құқық объектілері ретінде

Бағалы қағаз дегеніміз – мүліктік құқықтарды куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы.

Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін. Бағалы қағаздарға акция, облигация, ислам бағалы қағаздары, тұрғын үй жинақтау сертификаты, жай және қос қойма куәліктері және т.б. жатады.

Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша құжатты және құжатсыз, эмиссиялық және эмиссиялық емес, атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді.

Құжатты бағалы қағаздар - құжаттық нысанда шығарылған (қағаздағы немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ бағалы қағаздың мазмұнын тікелей оқуға болатын өзге де материалдық жеткізгіштегі) бағалы қағаздар.

Құжатсыз бағалы қағаз - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалардың жиынтығы түрінде) шығарылған бағалы қағаз.

Эмиссиялық бағалы қағаздар – бір шығарылым шегінде осы шығарылым үшін бірдей жағдай негізінде орналастырылатын және айналымда болатын, біртекті белгілері мен реквизиттері бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздар ҚР азаматтық кодексінің 129 бабының 3 тармағының 4 бөлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін бағалы қағаздар.

Атаулы бағалы қағаз – ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

Ордерлі бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар бағалы қағаз бойынша құқықтарды беру арқылы тәртіппен қарастырылса, басқа тұлғаға тиесілігін растайтын бағалы қағаз.

3.4 Азаматтық құқықтың өзге де объектілері

Азаматтық құқықтың объектісі болуы мүмкін ақпарат дегеніміз нақты немесе потенциалды коммерциялық құны бар онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық сипаттағы үшінші тұлғаларға белгісіз мағлұмат. Мұндай ақпаратты иеленушісі заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар.

Интеллектуалдық меншік объектіге айналған нәтижелері азаматтық құқық объектісі бола алады. Олардың қатарына авторлық құқық бойынша ғылым, әдебиет және өнер туындылары (шығармалары), патенттік құқық бойынша өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгі, селекциялық жетістік деп танылатын өсімдік шаруашылығында жасанды жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған және оны қолда бар өсімдіктер сорттарынан ерекшелендіретін бір немесе бірнеше шаруашылық белгілері бар өсімдік сорты немесе мал шаруашылығында адам жасап шығарған және оны осы түрдегі жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға мүмкіндік беретін генеологиялық құрылымы мен қасиеті бар және бір тұқым ретінде көбейту үшін сан жағынан жеткілікті тұқым, яғни шығу тегі ортақ жануарлардың саны көп тұтас тобы, интегралды микротәсім топологиясына құқықтар кіреді. Бұл сұрақтар интеллектуалдық меншік құқығы тақырыбы (азаматтық құқықтың ерекше бөлімі) шеңберінде кеңірек қарастырылады.

Азаматтық құқықтың объектілері ретінде материалдық емес игіліктер мен құқықтар да болуы мүмкін. Ар-намыс, абырой, іскерлік бедел, адамның өмірі мен денсаулығы, жеке басының құпиясы, өз бейнесіне құқығы, тұрғын үйіне қол сұқтырмау құқығы және өзге де мүліктік емес құқықтар мен игіліктер болуы мүмкін. Мысалы, адамның өмірі мен денсаулығы материалдық емес игілік болса, оған зиян келтірілуден қорғау адамның материалдық емес құқығы болады. Материалдық емес құқықтар мен игіліктер азаматтық құқықтың объектісі ретінде оларға зиян (нұқсан) келтірілген жағдайда ғана қарастырылады.

Ар-намыс деген – азаматтың рухани және әлеуметтік сапасының биіктігі, қоғам бағасы. Азаматтың жеке басына қатысты жағымды қасиеттеріне қоғамның (немесе ұжымның) бағасы.

Абырой деген – өз рухани байлығын, рухани санасын, қоғамдағы маңыздылығын, орнын адамның өзінің іштей бағалауы.

Іскерлік бедел деген – жеке немесе заңды тұлғаның кәсіби қызметіне қоғам (ұжым) беретін баға.

Тапсырмалар:

  1.  Азаматтық құқықтың объектілері атауына пікіріңіз қандай?
  2.  Құқық құқықтың объектісі болуы мүмкін бе?
  3.  Осы сұраққа қатысты ғалымдардың көзқарастарын талдаңыз және өз ұсынысыңызды білдіріңіз.
  4.  Кез келген материалдық игілік азаматтық құқық объектісі бола ала ма?
  5.  Материалдық емес игіліктер мен құқықтарды барынша толық атап шығыңыз.

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер:

  1.  ҚР Азаматтық кодексі 1994 жылғы 27 желтоқсан (115-146 баптар)
  2.  «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461- II ҚР заңы.
  3.  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310- III ҚР заңы.
  4.  ҚР Жоғарғы Сотының «Сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделдігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы» 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысы (Пленумның 1998 жылғы 15 мамырындағы № 5 қаулысымен және 2004 жылғы 18 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен өзгертулер енгізілген)
  5.  ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысы (2003 жылғы 20 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

4 – тарау. Мәмілелер (ҚР АК 147-162 баптары)

4.1 Мәміле түсінігі мен түрлері

Мәміле дегеніміз – азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған құқықтық әрекеттері.

Мәміле - құқықтық (құқыққа сай) әрекет.

Мәміле - ерікті әрекет, яғни нақты құқықтық мақсатқа жетуді көздейтін әрекет.

Мәміленің түрлері:

- біржақты және екі немесе көпжақты (тараптардың ерік білдіруіне қарай);

- каузалды және абстракциялық (мәмілелелердің туындау негіздерінің байланыстылық дәрежесіне қарай);

- шартты мәмілелер: кейінге қалдырылатын шартпен жасалатын және кейін күші жойылатын шартпен жасалатын (белгілі-бір фактінің туындау немесе туындамауына қарай);

- ақылы және ақысыз (бір тарап міндетінің екінші тарап міндетіне сәйкес келуіне қарай);

- шынайы және консенсуалды;

- биржалық мәміле;

- негізгі және қосымша мәмілелер.

Біржақты мәміле - заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болатын мәміле (мысалы: өсиет, берілген сенімхатты тоқтату, азаматтың өзіне тиесілі құқығынан бас тартуы).

Екіжақты немесе көпжақты мәміле - екіжақтың немесе одан көп тараптың келісілген ерік білдіруі қажет болатын мәміле (сатып алу-сату, айырбастау, рента шарттары және т.б.).

Каузалды мәміле - (causa - себеп, негіз) – мәміленің жарамды болуы толықтай оның негізіне байланысты болатын мәміле. Мысалы, сатып алушы тауардың бағасын алдын-ала төлеп қойса да, сатушы тауарды бермеді, сол себептен де оның сатып алушыдан алған ақшаға құқығы жойылады. Каузалды мәміленің құқықтық мақсатқа жету мүмкіндігінің болмауы немесе заңсыз болуы, оны жарамсыз етеді.

Абстракциялық мәміле – жарамды болуы оның негізіне байланысты болмайтын әрекет. Мысалы, вексельдің жарамды болуы жасалған кездегі мәміленің жарамдылығына байланысты емес.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Мысалы, шартты банктік салым шарты (яғни, азамат кәмелет жасқа жеткен кезде оның атына банкке салынған ақшаны алуға құқылы).

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі. Мысалы, шартты банктік салым шарты бойынша азамат шартта көрсетілген (он сегіз жас т.б.) жасқа жетпей қайтыс болса, құқықтар мен міндеттер тоқтатылады және мәміле шартсыз мәмілеге айналады.

Ақылы мәміле – бір тараптың міндетіне екінші тарап міндетінің сәйкес келуін талап ететін мәміле. Мысалы, сатып алу-сату шарты, рента шарттары және т.б.

Ақысыз мәміле – бір тарап міндетіне екінші тарапта қарсы міндеттің болмауын қамтитын мәміле. Мысалы, өсиет, сыйға тарту шарты.

Шынайы мәміле – мәміле жасау үшін тараптардың келісімін және оның нысанасы болып табылатын мүлікті беруді қажет ететін шарт. Мысалы, заем шарты, сыйға тарту шарты, жүктерді тасымалдау шарты және т.б.

Консенсуалды мәміле – мәміле жасау үшін тараптардың келісімін қажет ететін және шарттың жасалу сәті мен орындалу сәтінің бір мезгілде жүзеге аспайтынын қамтитын мәміле. Мысалы, тауар жеткізілімі шарты, жолаушыларды тасымалдау шарты, мердігерлік шарттары және т.б.

Негізгі және қосымша мәміле. Қосымша мәміле негізгі мәмілені толықтырады, нақтылай түседі, оның орындалуын қамтамасыз етеді. Мысалы, негізгі мәміле – несие шарты, ал қосымша мәміле – кепіл, кепілдік, кепілболушылық шарттары.

Биржалық мәміле – биржада айналысқа жіберілген тауарларға, бағалы қағаздар мен басқа да мүлікке қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара беру туралы келісімдер. Биржалық мәмілелер делдалдық жазбалармен рәсімделуі мүмкін және биржада тіркелуге тиіс.

Биржалық мәміле – биржалық сауда-саттық барысында биржа тіркеген биржа қатысушыларының тауарларға қатысты жасасқан шарты. Биржалық мәмілелердің түрлері:

  •  форвардтық мәмілелер – нақты тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді өзара келешекте беру жөніндегі келісім.
  •  фьючерслік (опциондық) мәмілелер – стандарттық шарттар негізінде келешекте берілетін биржалық тауарға қатысты құқықтар мен міндеттерді беру жөніндегі мәмілелер.

Биржа дегеніміз – көрсететін қызметінен түсетін кірісі оның шығындарын жабуға, ақпараттық-техникалық және әлеуметтік дамуына жұмсалатын субъект. Биржа өз қызметін лицензия негізінде жүзеге асырады.

Биржалық сауданың қатысушылары:

  •  брокерлік ұйымдар, делдалдар, бір жолғы келушілер
  •  брокер – биржалық мәмілелерді клиент атынан және есебінен немесе клиент атынан, бірақ өз есебінен немесе өз атынан бірақ клиент есебінен жасайтын тұлға;
  •  делдал – биржада қайта сату мақсатында өз атынан және есебінен биржалық мәмілелерді жасайтын тұлға;
  •  бір жолғы келуші – биржалық мәмілелерді өз атынан және өз есебінен бір рет жасайтын тұлға.

Тауар биржаларының түрлері:

  •  жабық (биржалық саудаға тек қана биржа мүшелері қатысады);
  •  ашық (биржалық саудаға кез-келген тұлға жіберіледі)

Тауар биржасның органдары:

  •  биржа құрылтайшыларының жалпы жиналысы;
  •  биржалық кеңес;
  •  тексеру комиссиясы

4.2 Мәміленің жарамдылық жағдаяттары (алғышарттары)

Мәміле жарамдылығының түсінігі - құқықтық талаптарға сәйкес келуі және тараптардың мәмілені жасаған кездегі ниет еткен құқықтық салдарды туындату мүмкіндігі. Мәміле жарамдылығының жағдаяттарын төрт топқа бөлуге болады:

- тиісті субъектілік құрамының болуы: мәмілеге қатысушы жеке тұлғалардың әрекет қабілеттілігі, заңды тұлғалардың жалпы немесе арнайы құқыққабілеттілігінің болуы;

- шарт жасасу кезіндегі ерік білдіру мен тараптардың шынайы еркінің сәйкес келуі;

- мәміле мазмұнының заңдылығы, яғни мәміле мазмұны заң талаптарына сәйкес болуға тиіс;

- мәміле нысанының сақталуы:

  •  ауызша (орындалу сәті мен жасалу сәті бір мезгілде жүзеге асырылса; конклюдентті мәмілелер – тұлғаның мәміле жасауға ерік білдіру әрекеті болып табылады. Мысалы, автоматтандырылған құралға ақша салып кофе, шәй, сусын алу және т.б.). Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру болып танылады (АК 151-ші бабының 4-ші тармағы)
  •  жазбаша: 1) кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын; 2) мәміленің жасалу сәті мен орындалу сәті бір мезгілде жүзеге асырылмаса және мәміле бағасы жүз айлық есептік көрсеткіш сомасынан асатын болса; 3) заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасалуға тиіс. Жазбаша нысанның өзі жай жазбаша немесе білікті, яғни нотариалды куәландыру түрінде, ал кейбір мәмілелер үшін мемлекеттік тіркеу міндетті болып табылады. Екі заңды тұлға арасында жасалған мәміле жай жазбаша нысанда жасалған болып саналады. Ал, рента шарттарының (тұрақты рента, ғұмырлық рента, өмір бойы асырауда ұстау) нотариалды куәландырылуы міндетті болп табылады. Жылжымайтын мүлікпен байланысты мәмілелер мемлекетті тіркеуді қажет етеді. Сол сияқты көлік құралдарымен (соның ішінде жиі кездесетіні-автокөліктермен) жасалатын мәмілелерді де мемлекеттік тіркеу міндетті болып табылады.

4.3 Жарамсыз мәміле түсінігі, түрлері және құқықтық салдары

Жарамсыз мәміле дегеніміз – тараптардың қалайтын құқықтық нәтижесін туындатпайтын, ал кейбір жағдайларда тараптар үшін жағымсыз салдар туғызатын мәміле.

Жарамсыз мәмілеге қарағанда жасалынбаған мәміле кейбір қажетті элементтердің болмауына байланысты жасалынбады деп танылады, заңи факт болып табылмайды және құқықтық салдар туғызбайды.

Жарамсыз мәмілелердің түрлері:

  •  даулы мәміле – сот жарамсыз деп таныған сәттен бастап жарамсыз болатын мәмілелер. Мысалы сыйға тарту шарты жасалғаннан кейін, сыйға тартушының денсаулығына сый алушы зиян келтірсе, сый тартушының талабы бойынша сот шартты жарамсыз деп таниды.
  •  мардымсыз мәміле - жасалған сәтінен бастап жарамсыз деп танылатын мәмілелер. Мысалы, әрекет қабілеттілігі жоқ адам жасасқан немесе заң талаптарына қайшы келетін мәмілелер жасалған сәтінен бастап жарамсыз деп танылады.
  •  жалған мәміле - заңдық салдар туғызу ниетін көздемей тек қана көз алдау үшін жасалған мәмілелер.
  •  қулықпен жасалған мәміле - мәміле екінші бір мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалатын мәміле. Бұл жағдайда тараптар шын мәнінде ойлаған мәмілеге қатысты ережелерді қолданады.
  •  кіріптарлық мәміле - басқа тарап пайдаланған жағдайларға қарағанда тұлға өзі үшін мүлде тиімсіз ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған мәміле.

Мәміленің мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі тұлғалардың, тиісті мемлекеттік органның немесе прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін (АК 157-ші бабы).

Егер мәмілені оның жарамсыз бөлігін енгізбей-ақ жасауға болар еді деп ойлау мүмкін болса, мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы оның басқа бөліктерінің жарамсыз болуына әкеліп соқтырмайды.

Мәміленің жарамсыздығының жалпы және арнайы негіздері.

Жалпы негіздеріне мәміленің заңнама талаптарына сәйкес келмеуі болса жатқызылса, арнайы негіздері:

  •  мәміле мазмұны туралы талаптардың бұзылуы (қажетті лицензия алмай жасалған мәміле; теріс пиғылды бәсеке мақсатын көздеу немесе іскерлік әдеп талаптарын бұзу);
  •  мәмілені жасауға қабілеті жоқ тұлғаның жасауы (әрекет қабілеттілігі жоқ, 14 жасқа дейінгі азаматтың жасаған жасына сай келмейтін ұсақ тұрмыстық емес мәмілесі, заңды тұлғаның құқық қабілеттілігін асыра пайдалануы);
  •  ерік білдірудің тараптардың шынайы еркіне сәйкес келмеуі (жалған және қулықпен жасалған мәмілелер; алдау, зорлық, қорқыту ықпалымен жасалған немесе елеулі мәні бар жаңылысу салдарынан жасалған мәмілелер);
  •  мәміленің жасалу нысанын немесе оны мемлекеттік тіркеу талабын бұзу (мәміленің жай жазбаша, нотариалды куәландыру немесе мемлекеттік тіркеу талабының сақталмауы) оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Мәміленің жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады;

Заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәміленің жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады;

Сыртқы экономикалық мәміленің жай жазбаша нысанын сақтамау мәміленің жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.

Мәміле жарамсыздығының құқықтық салдары:

  •  мәміле жарамсыз деп танылғанда - оны орындауға жол бермеу;
  •  қулықпен жасалған мәміле жарамсыз деп танылғанда,талаптардың шын мәнінде ойлаған мәміле ережелері қолданылады;
  •  егер әрекет қабілеттілігі жоқ немесе 14 жасқа дейінгі азаматтар жасаған мәмілелер олардың пайдасына жасалса, қорғаншыларының (ата-анасы, асырап алушылары) талабымен сот жарамды деп тануы мүмкін;
  •  екі жақты реституция (тараптардың мәміле жасалғанға дейінгі жағдайын қалыпқа келтіру), немесе
  •  бір жақты реституция (мәміле жасалғанға дейінгі бір тараптың ғана жағдайын қалпына келтіру), немесе
  •  реституцияға жол берілмеуі (мәміле бойынша алынған және алынатынның барлығы мемлекет пайдасына өтеді - тәркілеу) мүмкін.

Тапсырмалар:

  1.  Мәміле, шарт, құқықтық қатынас ұғымдарының арақатынасы мен ерекшеліктерін анықтаңыз.
  2.  Кез келген шарт мәміле болып табылады, ал кез келген шарт мәміле бола алмайды, дегенді қалай түсінесіз?
  3.  Мәміле жарамды болуы үшін қандай талаптарға қойылады?
  4.  Мәмілені жарамсыз ететін жағдаяттар мен олардың салдары қандай?

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер:

  1.  Нотариат туралы 14 шілде 1997жылғы ҚР заңы
  2.  Бағалы қағаздар рыногы туралы 2 шілде 2003 жылғы № 461 ҚР заңы
  3.  Тауар биржалары туралы 4 мамыр 2009 жылғы N 155-IV ҚР заңы

5 – тарау. Өкілдік және сенімхат (ҚР АК 163-171 баптары)

5.1 Өкілдік түсінігі, белгілері, түрлері

Өкілдік дегеніміз – бір тұлға (өкіл), оған берілген өкілеттіктерге сай екінші бір тұлға (өкілдік беруші) атынан, есебінен және соның мүддесінде мәмілелерді және өзге де заңи маңызы бар әрекеттерді жасау жөніндегі күрделі азаматтық құқықтық қатынас.

Өкілдік белгілері:

- өкіл өз атынан емес, өкілдік беруші атынан әрекет етеді;

- мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер өкілде емес, өкілдік берушіде туындайды, өзгереді, тоқтатылады;

- өкіл оған берілген өкілеттіктер шеңберінде ғана әрекет етуге тиіс;

- өкіл ретінде толық әрекет қабілеті бар жеке тұлға немесе заңды тұлға бола алады;

- өкіл арқылы өзіндік сипаттағы құқықтарды жүзеге асыруға болмайды (некеге тұру және т.б.);

- өкіл арқылы кейбір мәмілелерді жасауға болмайды (мысалы, өсиет жасау);

- өкіл өкілдік беруші атынан жүзеге асыратын әрекеттерді өз атына рәсімдей алмайды.

Өкілдік түрлері:

- Заңды өкілдік заңның тікелей көрсетуі бойынша туындайды. Заңды өкіл ретінде ата – ана, асырап алушы, қорғаншы, қамқоршы танылады;

- Шартты өкілдік мәміле негізінде туындайтын құқықтық қатынас (мысалы, сенімхат беру арқылы өкілдікті рәсімдеу);

- Коммерциялық өкілдік – коммерциялық өкіл дербес және тұрақты негізде бір мезгілде шарт жасаушы бірнеше тараптың мүддесін (олардың келісімімен) білдіре алады. Коммерциялық өкілдік өтемелі негізде ғана жүзеге асырылады.

5.2 Сенімхат түсінігі, түрлері, мерзімдері, тоқтатылуы

Сенімхат дегеніміз – бір тұлғаның (сенім білдірушінің) екінші тұлға сенім білдірілген өкілге) беретін жазбаша уәкілдігі. Сенімхат – өкілдік қатынастарын рәсімдеу құралы.

Сенім білдірілген өкіл сенім білдіруші атынан, есебінен және соның мүддесінде үшінші тұлғалармен құқықтық қатынастарға түседі.

Сенім білдірілген өкілге берілген өкілеттіктер сипаты мен көлеміне байланысты сенімхаттың үш түрі болады:

  •  біржолғы сенімхат. Бір рет нақты құқық және/немесе міндетті жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жазбаша уәкілдік. Мысалы, сенім білдірушінің нақты көрсетілген ай үшін жалақысын алу.
  •  арнайы сенімхат. Сенім білдірушінің белгілі бір материалдық игілікке байланысты құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жазбаша уәкілдігі. Мысалы, сенім білдіруші сатып алған автокөлікгін сенім білдірілген өкілдің жол полициясы басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуі, мемлекеттік нөмір алуы, оны сақтандыруы, салығын төлеуі және т.с.с.
  •  бас сенімхат. Сенім білдірушінің белгілі бір материалдық игілікке немесе өзге де құқықтық әрекетке байланысты кез келген құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жазбаша уәкілдігі. Мысалы, сенім білдірушінің тұрғын үйіне қатысты заңнамамен тыйым салынбаған кез келген мәмілені жасауға берілген сенімхат.

Сенімхаттың әрекет етуінің жоғары мерзімі үш жыл. Егер оның әрекет ету мерзімі көрсетілмесе бір жылға ғана жарамды. Егер, сенімхатың берілген уақыты көрсетілмесе, ол жарамсыз.

Қайта сенім білдіру алғашқы берілген сенімхатта көрсетілсе ғана күші бар.

Сенімхаттың тоқтатылу жағдайлары:

- мерзімі аяқталса;

- сенімхатты берген тұлға сенімхаттың күшін жойса;

- сенімхат берілген тұлға одан бас тартса;

- сенім білдіруші қайтыс болса, әрекетке қабілетсіз, шектеулі әрекет қабілеті бар, хабар ошарсыз кетті деп танылса;

- заңды тұлға тоқтатылса және өзге де заңнамада және/немесе шартта көзделген жағдайларда сенімхаттың қолданылуы тоқтытылуы мүмкін.

Тапсырмалар:

  1.  Өкілдік пен сенімхаттың арақатынасы мен ерекшеліктері неде?
  2.  Өкілдік қатынастары қандай шарттан көрініс табуы мүмкін?

6 – тарау. Мерзімдер. Талап қою мерзімі (ҚР АК 172-187 баптары)

6.1 Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түсінігі және түрлері

Мерзім дегеніміз – туындауы немесе өтуі азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын уақыт мезеті немесе кезеңі.

Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады.

Құқықтық табиғатына сәйкес мерзім заңи факті болып табылады, себебі заң онымен белгілі бір заңи салдардың туындауын байланыстырады. Заңи факті оқиға немесе әрекетті қамтиды. Оқиға - тұлғалардың еркінен тыс, тәуелсіз пайда болатын заңи маңызы бар фактілер (адамның тууы, өлімі, мерзімнің өтуі т.с.с.)

Анықталу дәрежесіне қарай мерзімдер:

- императивтік, яғни тараптардың келісімімен өзгеруі мүмкін емес мерзімдер (талап қою мерзімі);

- диспозитивтік, тараптардың келісімі бойынша бекітілетін мерзімдер (міндеттемені орындау мерзімі)

Мерзімдердің басталуына немесе өтуіне әкеп соғатын құқықтық салдары бойынша:

- құқықты (орнықтыратын) түзетін;

- құқықты өзгертетін;

- құқықты тоқтатын мерзімдер болып бөлінеді.

Абсолютті анықталған, шамамен (салыстырмалы) анықталған және анықталмаған мерзімдер болуы мүмкін.

- абсолютті анықталған мерзімдер нақты уақыт кезеңі немесе күнтізбелік уақытты көрсетумен бекітіледі;

- шамамен анықталған мерзімдер нақты емес, болуы мүмкін оқиға мерзімін жобалап уақыт кезеңімен немесе мерзімді бағалау ұғымдарымен көрсетеді (тез арада, ақылға сыйымды мерзім т.б.);

- анықталмаған мерзімдер – міндеттеменің мерзімділігі анықталу керек болса да, мерзімі көрсетілмейді (мүлікті мерзімсіз жалдау).

Мерзімдерді есептеу. Заңдармен, мәмілемен белгіленген не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.

Мерзім жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен есептелетін уақыт кезеңі ретінде белгіленуі мүмкін.

Уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімнің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады;

  •  жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді;
  •  жарты жылмен есептелетін мерзімге айлармен есептелетін мерзімнің ережелері қолданылады;
  •  жыл тоқсандарымен есептелетін мерзімге, бір тоқсан - үш айға тең деп есептеледі, ал тоқсандарды есептеу жыл басынан бастап жүргізіледі;
  •  айлармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы айының тиісті күнінде бітеді; Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күннің саны жоқ айға тура келсе, мерзім сол айдың соңғы күнінде бітеді. Мысалы, төр жылда бір келетін ақпан айының жиырма тоғызыншы күні немесе жыл сайын ауысып отыратын кейбір айлардың отызы мен отыз бірінші күндері;
  •  жарты аймен белгіленетін мерзім - күндермен есептелетін мерзім ретінде қаралады да, он бес күнге тең болып есептеледі;
  •  апталармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы аптасының тиісті күнінде бітеді. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс емес күнге келетін болса, келесі жұмыс күнінде мерзім аяқталады.

6.2 Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және азаматтық міндеттерді орындау мерзімдері

Мерзімдер қандай тұлғаның белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдері деп бөлінеді.

Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі – уәкілетті тұлға субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі (меншік құқығы, авторлық құқық т.б.).

Субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі - уәкілетті тұлға белгілі бір субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға шынайы мүмкіндігі болатын уақыт кезеңі (сенімхаттың әрекет ету мерзімі)

Тыйым салатын мерзім - уәкілетті тұлға өзіне тиесілі құқықты жүзеге асырмаған немесе тиісті түрде жүзеге асырмаған жағдайда оны мерзімінен бұрын тоқтату қаупі болатын қатаң шектеулі уақыты бар мерзім (олжаны сақтау мерзімі - 6 ай ҚР АК 245 бабының 4-ші тармағы).

Шағымдану мерзімі - уәкілетті тұлға бұзылған өз құқығын қорғау үшін сотқа шағымданғанға дейін тікелей міндетті тұлғаға талап қою уақыт бөлігі (тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда сотқа талап арызын бермес бұрын құқығын бұзушыға талап қоюға құқылы/міндетті).

Кепілдік мерзімі - сатушының немесе дайындаушының көрсеткен мерзімі ішінде тауардың үздіксіз қызмет атқаруын және осы мерзім ішінде анықталған кемшіліктерін ақысыз жоюды қарастыратын уақыт кезеңі (теледидар, шаң сорғыш т.б. берілетін кепілдік мерзімдері).

Жарамдылық мерзімі - нормативтік актілермен бекітілген  мерзім ішінде азық-түлік, дәрі-дәрмек, парфюмерлік-косметикалық тауарлар пайдалануға жарамды болатын уақыт кезеңі.

Қызмет мерзімі - дайындаушы кейбір заттар үшін белгілі бір уақыт кезеңі ішінде олардың қалыпты пайдалану мүмкіндігін қарастыратын, сонымен қатар дайындаушы кінәсінен болған кемшіліктерді жоюды қамтитын уақыт кезеңі (киім-кешек т.б.)

Азаматтық құқықтың пайда болу мерзімі - субъективтік азаматтық құқықтың пайда болуы байланыстырылатын мерзім (иелену мерзімі - меншік иесі болып табылмайтын тұлға қозғалмайтын мүлікті ең азы 15 жыл, басқа мүлікті 5жыл бойы адал, ашық, ұдайы иеленген жағдайда ол мүлікке меншік құқығын /иелену мерзімін/ алады - ҚР АК 240 бабы)

Азаматтық міндетті орындау мерзімі - міндеттемелермен

қарастырылған әрекеттерді міндетті тұлғаның жасауға тиісті уақыт кезеңі (заем шарты бойынша қарыз ақшаны қайтаруц мерзімі).

6.3. Талап (талаптың ескіруі) қою мерзімінің түсінігі, маңызы, қолданылуы. Талаптың ескіруі - тұлға құқығының немесе заңмен қорғалатын мүддесінің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі. Талап қою мерзімдері және ооларды есептеу тәртібі заңмен көзделеді және оларды тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды.

Талап қоюдың жалпы мерзімі 3 (үш) жыл болып белгіленеді. Талап қою мерзімінің өтуі тұлға құқық бұзушылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен басталады (АК 180 бап) /айрықша жағдай азаматтық кодекс және өзге де заң актілерімен қарастырылуы мүмкін/.

Талаптардың жекелеген түрлері үшін заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзімімен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзімдері белгіленуі мүмкін (қысқартылған мерзім: қорлық немесе қорқыту ықпалымен мәміле жасалып, мәмілені жарамсыз деп тануға негіз болып табылатын өзге де мән-жайларды білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап талап қою мерзімі – 1 жыл болады ҚР АК 162 бабының 2 тармағы).

Талап қою мерзімінің өтіп кетуіне қарамастан бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алады. Талап қойғанға дейін талап қою мерзімінің өтіп кетуі соттың талаптан бас тарту туралы шешім шығаруына негіз болады.

Талап қою мерзімінің өтуін тоқтата тұру (АК 182 бабы)

Талап қою мерзімінің өтуі:

  1.  егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаса;
  2.  міндеттемелердің бұл түрін орындау ҚР-сы Президентінің жариялауымен кейінге қалдырылуына байланысты (мораторий);
  3.  егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына көшірілген әскери бөлімшелер құрамында болса;
  4.  егер әрекет қабілеттілігі жоқ адамның заңды өкілі болмаса;
  5.  тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.

Тоқтата тұруға әкеліп соқтырған мән-жайлар тоқтатылған күннен бастап талап қою мерзімінің өтуі одан әрі жалғасады. Бұл орайда мерзімнің қалған бөлігі 6 айға дейін, ал егер қою мерзімі 6-айдан аспаса - талап мерзіміне дейін ұзартылады.

Талап қою мерзімінің өтуіндегі үзіліс (АК 183 бап)

Талап қою мерзімінің өтуі белгіленген тәртіппен талап қою, сондай-ақ міндеткер адамның борышты немесе өзге міндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы арқылы үзіледі.

Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады; үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді.

Талап қою мерзімін қалпына келтіру (АК 185 бап). Ерекше жағдайларда, талапкердің жеке басына байланысты мән-жайлар (ауыр науқас, дәрменсіз халде болу, сауатсыздық және т.б.) бойынша талап қою мерзімі өтіп кетуінің себебін сот орынды деп таныған кезде, азаматтың бұзылған құқығы қорғалуға тиіс. Егер себепті жағдайлар талап қою мерзімінің соңғы 6 ай ішінде орын алған болса, ал егер бұл мерзім 6 айға тең немесе 6 айдан аз болса - талап қою мерзімінің өтіп кету себептері орынды танылады.

Белгілі бір іс бойынша сот шешімін орындаудан бас тартылуына байланысты заң актілеріне сәйкес талапкердің тап сол іс бойынша жаңа талап қою құқығы пайда болған ретте талап қою мерзімі қалпына келтіріледі және қайтадан өте бастайды.

Талап қою қолданылмайтын талаптар. Талап қою:

  1.  заң актілерінде көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктер мен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға;
  2.  салымшылардың банкіге банктік салымдарды беру туралы талаптарына;
  3.  азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзімі өтіп кеткеннен кейін қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң 3 жылдан асырмай қанағаттандырылады;
  4.  егер меншік иесінің немесе өзге заң иеленушінің өз құқығының кез келген бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмаса, олардың осы құқық бұзушылықты жою талабына;
  5.  заң актілерінде белгіленген реттерде басқа да талаптарға да қолданылмайды.

Тапсырмалар:

- Азаматтық құқықтағы мерзімдердің өзге құқық салаларындағы мерзімдерден айырмашылықтары мен ерекшеліктері неде?

- Азаматтық құқықтағы мерзімдердің түрлерін атап шығыңыз.

- Талап қою ұғымы қашан пайда болды және нені білдіреді?

- АҚШ, Батыс еуропа және кейбір Азия елдерінің заңнамасы бойынша талап қою мерзімін талдап, еліміздің азаматтық заңнамасымен салыстырыңыз.

7 – тарау. Меншік құқығы және өзге де құқықтар (ҚР АК 188-234 баптары)

7.1 Меншік құқығы жөніндегі жалпы ережелер

7.1.1 Меншік құқығының ұғымы және мазмұны

Меншік, бұл зат та емес, мүлік те емес. Бұл - белгілі бір экономикалық қатынас (Суханов Е.А. Гражданское право. том 1, М.,1998 стр. 477). Меншік дегеніміз - адамдар арасында тарихи қалыптасқан белгілі бір материалдық игілікке қатысты туындайтын қоғамдық қатынас. Бұл материалдық игіліктер бір тұлғаның иелігінен шығып жатса, екінші бір тұлғаларға тиесілі болып жатады.

Меншік иесі затқа өз қалауы бойынша толықтай билік етеді.

Меншіктің экономикалық қатынастарын заңи рәсімдеу құқықтың әртүрлі салаларынан көрініс табады. Азаматтық құқықта меншік қатынастарының статикасы меншік құқығы және өзге де заттық құқықтармен, ал динамикасы міндеттемелік құқықпен рәсімделеді.

Меншік құқығының объективтік мағынадағы түсінігі - материалдық игіліктердің нақты тұлғаларға тиесілі болуын реттейтін және қорғайтын азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы (меншік құқығы институты). Бұл нормалар:

  •  заттардың нақты тұлғаларға тиесілігін түзетін (орнықтыратын) нормалар;
  •  меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті пайдалану өкілеттіктерін анықтайтын нормалар;
  •  меншік иесінің құқықтарын қорғау құралдарын белгілейтін нормалар болып қалыптасуы мүмкін.

Меншік құқығының субъективтік мағынадағы түсінігі - меншік иесінің болуы мүмкін жүріс-тұрысының өлшемі.

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң актілері арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы.

  •  иелену құқығы дегеніміз мүлікке нақты ие болуды заң жүзінде қамтамасыз ету;
  •  пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге нысандарда болуы мүмкін;
  •  билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі.

Меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс.

Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Заң актілерінде көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншік иесі өз мүлкін басқа тұлғалардың шектеулі түрде пайдалануына жол беруге міндетті.

Меншік құқығының мерзімі шексіз. Мүлікке меншік құқығы ҚР АК-де көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.

7.1.2 Меншік нысандары: жеке меншік және мемлекеттік меншік

  1.  Жеке меншік - азаматттар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді. Жеке меншіктің объектісі ретінде азаматтық айналымнан алынбаған кез келген жылжитын және жылжымайтын (қозғалатын және қозғалмайтын) мүлік болуы мүмкін. Азаматтар кәсіпкерлік қызметпен айналыспай-ақ жеке меншік объектілеріне ие бола алады. Сонымен қатар, кәсіпкерлік және/немесе басқа да қызметпен айналысу арқылы да мүлікке меншік иесі болулары мүмкін. Жеке кәсіпкерлік түрлері:
  •   дара кәсіпкерлік (заңды тұлға құрмай-ақ және оның белгісі жоқ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар);
  •   микробизнес (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 10-нан аспайтын заңды тұлғалар);
  •  шағын кәсіпкерлік (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50-ден және жылдық активтерінің жалпы құны 60 000хАЕК аспайтын заңды тұлғалар);
  •  орта кәсіпкерлік (заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар және қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250-ден және жылдық активтерінің жалпы құны 325 000хАЕК аспайтын заңды тұлғалар);

- ірі бизнес (қызметкерлерінің орташа жылдық саны 250-ден және жылдық активтерінің жалпы құны 325 000хАЕК асатын заңды тұлғалар).

Жеке меншіктегі мүліктің меншік иелері ретінде жеке тұлғалардан басқа мемлекеттік емес заңды тұлғаларда болуы мүмкін екенін көрсеткенбіз. Олардың қатарында коммерциялық ұйымдар (шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер) және коммерциялық емес (мемлекеттік емес мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, діни бірлестіктер, тұтыну кооперативтері, акционерлік қоғамдар, жеке қор, корпоративтік қор, қоғамдық қор, заңды тұлғалардың бірлестігі) болуы мүмкін.

  1.  Мемлекеттік меншіктің республикалық және коммуналдық меншік түрлері бар.

- республикалық меншік мемлекеттік қазынадан және заң актілеріне сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Республикалық бюджеттің қаражаты, алтын валюта қоры және алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасын құрайды.

- коммуналдық меншік жергілікті қазынадан және заң актілеріне сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Жергілікті бюджет қаражаты мен мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де коммуналдық мүлік жергілікті қазынаны құрайды.

7.1.3 Жекешелендіру дегеніміз меншік иесі ретінде мемлекеттің еркі бойынша жеке, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне мемлекеттік мүліктің сатылуы.

Елімізде жекешелендіру үш сатыда жүзеге асырылғанды. Бірінші сатыда жалға алушылар тұрып жатқан мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлер (мемлекеттік пәтерлер) 1992 – 1997 жылдар аралығында жекешелендірілді. Азаматтар тұрып жатқан мұндай пәтерлерді жекешелендіру үшін тұрғын үй жекешелендіру купондары шығарылды және олардың еңбек үтіліне (стажына) қарай таратылды. Бір жылдық еңбек үтілі үшін төрт жүз купоннан берілді, еңбек үтілі (стажы) жоқ немесе болуы мүмкін емес, бірақ мемлекеттік пәтерде тұрып жатқан адамдарға (мүгедектерге) бес мың тұрғын үй купоны, ал оқу орындарында оқитын еңбек үтілі жоқ студенттер мен курсанттарға үш мың тұрғын үй купонынан берілді. Азаматтар тұрып жатқан тұрғын үйлерін жекешелендіруге купондар жеткіліксіз болған жағдайда ақшалай сома енгізіп толықтыруға және жекешелендіруді жүзеге асыруға мүмкіндіктер жасалды. Сатушы болып жергілікті атқарушы орган, мемлекеттік пәтер кімнің атына тұрақты пайдалануға берілген болса, сол адам сатып алушы ретінде танылды. Мұндай жекешелендіру шартында сатып алушы мен оның отбасы мүшелері толықтай көрсетілді. Тіпті жекешелендіру уақытында басқа елді мекенде немесе басқа мемлекетте жүрген отбасының кәмелетке толған мүшелерінің де жекешелендіруге қатысты жазбаша келісімі талап етілді. Жекешелендірілген пәтер сатып алушы мен оның отбасы мүшелерінің ортақ бірлескен меншігіне рәсімделді. Отбасының кәмелетке толмаған мүшелерінің мүдделерін олардың ата-аналары жүзеге асырды.

Жекешелендірудің екінші сатысында инфрақұрылым объектілері (дүкендер, ресторандар, кафелер, дәріханалар, шаштараздар және т.б.) сатылды.

Жекешелендірудің үшінші сатысында мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарды сату орын алды. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы экономикалық жағдай мен нарықтық экономика талаптары осындай қадамдарға баруға негіз болды. Бұл жекешелендіруде де ізгі мақсат болатынды. Сол кезеңде жекешелендірілетін мемлекеттік кәсіпорында және мемлекеттік мекемеде жұмыс істеген адамға (қызметкерге, жұмысшыға) инвестициялық жекешелендіру купондары берілгенді. Мұның мақсаты осындай кәсіпорында жұмыс істеп жүрген адамдардың жекешелендіруге қатысып сол кәсіпорынның меншік иесі болуларына мүмкіндік жасау болатынды. Сонымен қатар кәсіпорынға қатысы жоқ, бірақ ақшасы бар шетелдіктер мен өзге де қазақстандықтарды шеттете тұру да есепке алынғанды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерді жекешелендіру үшін қажетті сомада шығарылған инвестициялық жекешелендіру купондарының басын біріктіру қажеттігі туындады. Осындай сәтте кәсіпкерлікке епті адамдар инвестициялық жекешелендіру қорларын құрып, купондарды жүйелі түрде сатып алуды жүзеге асыру нәтижесінде жекешелендіруге қатысып, сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушы ретінде танылып, кейіннен осындай кәсіпорындардың меншік иелері болды.

Қазіргі таңда жекешелендіру субъектілері ретінде сатушы және сатып алушы танылады. Сатушы - жекешелендіруді жүзеге асыруға өкілетті мемлекеттік орган. Сатып алушы - жекешелендіру процесінде мүлікті алушы жеке тұлға, мемлекеттік емес заңды тұлға.

Жекешелендіру объектілері ретінде:

  1.  мүліктік кешен болып табылатын мемлекеттік кәсіпорын немесе мемлекеттік мекеме;
  2.  мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның технологиялық циклын бұзбайтын өндірістік және өндірістік емес құрылымдары;
  3.  кәсіпорынның мүлкі;
  4.  акциялар;
  5.  ЖШС-тің жарғылық капиталдарындағы мемлекеттің үлестері;
  6.  мемлекетке тиесілі акцияларға құқықты растайтын туынды бағалы қағаздар;
  7.  мемлекеттік мекемеге бекітілген өзге де мемлекеттік мүлік.

ҚР-ның заң актілеріне және ҚР-ның Президенті мен Үкіметінің шешімдеріне сәйкес жекешелендіруге болмайтын және тек қана мемлекеттік меншікте болуы тиіс мүлік жекешелендіру объектісі бола алмайды.

Жекешелендіру түрлері:

  1.  аукцион, тендер нысанында саудада, қор биржасында, екі сатылы процедура арқылы конкурста, туынды бағалы қағаздарды сату;
  2.  тікелей адресті сату.

Мемлекеттік мүлікті жекешелендіруге қатысты сауда өткізу 30 күн (қор биржасы саудасында 15 күн) бұрын ресми ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландырылуы тиіс.

Сауданы ұтып алған тұлға және сатушы аукцион немесе тендер өткізілген күні сауда нәтижелері туралы хаттамаға қол қояды. Тараптар сатып алу-сату шартына сауда аяқталғаннан кейін 10 күн ішінде қол қоюлары тиіс.

Екі сатылы процедура арқылы конкурс өткізудің бірінші сатысына - қаржы кеңесшісін тарту, жекешелендіру объектісін жан-жақты талдау, бағалау, объектіні сату жөнінде хабарландыру беру, ең жақсы ұсыныс білдірген екі сатып алушымен тиісті сұхбат өткізу кіреді. Екінші саты - сатушы қаржы кеңесшісінің қатысуымен бұрынырақ ұсынылған жағдаяттарды жақсарту мақсатында конкурстың бірінші сатысының жеңімпазымен келіссөз өткізеді.

Егер конкурс жеңімпазы сатып алу-сату шартына сатушы белгілеген мерзім ішінде қол қоюдан бас тартса, ұсыныстары жақсы деп танылған келесі сатып алушымен (инвестормен) шарт жасалады.

Тапсырмалар:

- Меншік және меншік құқығы ұғымдарының арақатынасын анықтап, түсінік беріңіз.

- Меншік нысандары қандай? Халық меншігі деген ұғымды қалай түсінесіз және елімізде қолданылады ма?

- Жекешелендіру сатылары қандай және елімізде ол қалай жүргізілді, жүзеге асуда?

7.2 Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуы (ҚР АК 235-258 баптары)

7.2.1 Меншік құқығы туындау негіздері

Меншік құқығының пайда болу тәсілдері дегеніміз тұлғаның меншік құқығының туындауына әкеліп соғатын заңи фактілер. Меншік құқығын алудың жалпы азаматтық және арнайы тәсілдері бар.

Жалпы азаматтық тәсілдерді азаматтық құқықтың кез-келген субъектісі пайдалануы мүмкін. Мысалы, сатып алу-сату, сыйға тарту және т.б. шарттар арқылы меншік құқығын алу.

Арнайы тәсілдер бойынша меншік құқығы құқықтың нақты тұлғаларында ғана пайда болады. Мысалы, тәркілеу, реквизиция т.б. негіздер.

Меншік құқығын алудың тәсілдері бастапқы және туынды болып бөлінеді. Бастапқы тәсіл бойынша мүлікке меншік құқығы бұрынғы меншік иесінің еркінен тыс алғашқы рет пайда болады. Ал туынды тәсіл бойынша затқа меншік құқығы бұрынғы меншік иесінің еркі және жаңа меншік иесінің келісімі бойынша туындайды. Бұл жағдайда жаңа меншік иесі құқықтарының көлемі бұрынғы меншік иесіне тиесілі болған құқықтардың көлеміне байланысты болады. Тиісінше жаңа меншік иесіне меншік құқығының барлық ауыртпалығы, шектеулері де (жаңа меншік иесіне ауысқан мүлікке қатысты сервитуттар, өзге де заттық құқықтар, үшінші тұлғалардың құқықтары) ауысады.

Бастапқы тәсілдер:

  •  жаңа затты жасау (құру) жаңадан жасалған қозғалатын және қозғалмайтын мүлікке меншік құқығын алу;
  •  заң негізінде мүлікті пайдалану арқылы тұлғаның кіріс, өсім, жемістерге меншік құқығын алуы;
  •  затты қайта өңдеу;
  •  иесіз (меншік иесі бас тартқан, олжа /сыйақы-30%/, көмбе /сыйақы-50%/, қараусыз жануарлар) мүлікке меншік құқығын алу;
  •  жинау үшін жалпыға бірдей заттарды меншікке айналдыру (саңырау құлақтарды жинау, балық аулау т.б.)
  •  иелену мерзімі (ҚР АК 240-шы бабы) (мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей 15 жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде 5 жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын алады)

Туынды тәсілдер:

  •  сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту немесе басқа да мәмілелер арқылы мүлікке меншік құқығын алу;
  •  өсиет немесе заң бойынша мұрагерлік;
  •  заңды тұлға қайта құрылған жағдайда мүлікке меншік құқығын алу;
  •  тұрғын үй, тұрғын үй-құрылыс, гараж немесе т.б. тұтыну кооперативі мүшесі пай жарнасын толықтай төлеген жағдайда тиісті жайға меншік құқығын алады.

7.2.2 Меншік құқығының тоқтатылуы

Меншік құқығын тоқтатудың жалпы негіздері:

  •   меншік иесі өз мүлкін басқа тұлғаларға берген жағдайда (сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.);
  •   меншік иесі меншік құқығынан бас тартуы (басқа тұлға бұл мүлікке меншік құқығын алғанға дейін бас тартқан меншік иесінің құқығы тоқтатылмайды);
  •   мүліктің қирауы немесе жойылуы және оны қалпына келтіру мүмкін болмаса меншік құқығы тоқтатылады.

Мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз (еркінен тыс) алып қою мына жағдайларда орын алуы мүмкін:

 Ақысыз (өтемесіз) негізде:

  •  меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлкінен ақы өндіріліп алу (мүлікті сот шешімі негізінде алған тұлғаның меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады (ҚР АК 251бабы);
  •  тәркілеу (заң актілерінде көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алынуы мүмкін (ҚР АК 254 бабы).

Ақылы (өтемелі) негізде:

  •  реквизициялау (дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте қоғам мүддесі үшін мемлекеттік органдар шешімі бойынша заң актілерінде белгіленген тәртіп пен жағдайларда меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы мүмкін);
  •  жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айыру (меншік иесіне құны тең мүлік беріп және өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдарын толық көлемде өтей отырып меншік құқығының тоқтатылуына жол беріледі (ҚР АК 255 бабы);
  •  заң құжаттарына сәйкес белгілі бір тұлғаға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиярсыз иеліктен айыру (тұлғаға тиесілі бола алмайтын мүлік оның меншігінде болып шықса, меншік құқығы пайда болған кезден бастап 1 жыл ішінде иеліктен айыруға тиіс. Орындамаса сот шешімімен иеліктен айырылады (ҚР АК 252 бабы);
  •  күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алу (мемлекет меншік иесінен сот шешімі негізінде сатып алу немесе жария саудаға салып сату арқылы алуы мүмкін (ҚР АК 256 бабы);
  •  ұлт меншігіне алу (арнайы қабылданған нормативтік құқықтық акті негізінде мүлікті мемлекет меншігіне алу).

Тапсырмалар:

  1.  Меншік құқығының туындау негіздерін барынша толық атап шығыңыз.
  2.  Меншік құқығы қандай ауыртпалықтар мен міндеттерді жүктеуі мүмкін?
  3.  «Аузы қисық болса да, бай баласы сөйлесін» дегенге пікіріңіз қандай?
  4.  Көмбе мен олжаның негізі айырмашылықтары неде?

7.3 Ортақ меншік (ҚР АК 209-227 баптары)

7.3.1 Ортақ меншіктің түсінігі, түрлері, мазмұны

Екі немесе бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады.

Ортақ меншіктің пайда болу негіздері:

  •  бөлінбейтін мүліктің (мысалы: автомобильдің) немесе заң актілеріне негізінде бөлінуі мүмкін емес (шаруа/фермер қожалығының мүлкі) бірнеше тұлға меншігіне түсуі;
  •  заң немесе шартпен (сатып алу-сату т.б.) бекітілген басқа да жағдайларда;

Ортақ меншік құқығының қатысушылары ретінде азаматтық құқықтың кез келген субъектісі болуы мүмкін.

Ортақ меншіктің түрлері:

  •  ортақ үлестік меншік - мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестерінің белгіленуі.

Ортақ үлестік меншік ортақ меншік құқығындағы әр меншік

иесі үлесінің анықталуымен сипатталады. Егер заң немесе шартпен өзгеше көзделмесе, барлық меншік иелерінің үлестері тең деп танылады. Ортақ мүліктің (құнының жоғарылауына, сапасының артуына) жақсаруына оның пайдалану тәртібін сақтай отырып ажырамайтын жақсартулар жасаған тұлғаның өз үлесінің тиісті өсуіне құқығы бар.

Ортақ мүлікті иелену мен пайдалану барлық меншік иелерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Келісімге қол жетпеген жағдайда сот бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады. Әр меншік иесі мүліктің өз үлесіне сәйкес келетін бөлігін пайдалануға құқылы.

Ортақ мүлікке билік ету барлық меншік иелерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен, әрқайсысы ортақ меншік құқығындағы үлесіне (басқа қатысушылардың сатып алудың басым құқығын ескере отырып) дербес билік етуге құқылы. Егер үлесті меншіктің басқа қатысушылары сатып алудан бас тартса немесе қозғалмайтын мүлікке меншік құқығындағы сатылатын үлесті 1 ай ішінде, ал басқа мүлік жөнінен - хабар алған күннен бастап 10 күн ішінде сатып алмаса, сатушы өз үлесін кез келген тұлғаға сатуға құқылы. Үлес сатып алудың басым құқығы бұзыла отырып сатылған жағдайда үлесті меншіктің кез келген басқа қатысушысы 3 айдың ішінде сотта өзіне сатып алушының құқықтары мен міндеттерін аударуды талап етуге құқылы.

Ортақ мүлікті бөлу ортақ үлестік меншікті тоқтатуға әкеп соғады. Ал меншік иелерінің біреуінің үлесін бөліп шығару /екі тұлға болмаса/ үлестік меншікті тоқтатпайды.

  •  ортақ бірлескен меншік - мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестерінің белгіленбеуі (анықталмауы) негізінде болады. Ортақ бірлескен меншікте:
  1.  ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі;
  2.  шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі;
  3.  жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік ретінде көрініс табады.

Ортақ мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету барлық меншік иелерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады. Егер меншік иелерінің біреуінің ортақ мүлікке қатысты басқаларының келісімін алмай жасаған мәмілесі сот тәртібімен жарамсыз деп танылуы мүмкін.

7.3.2 Кондоминиум - меншіктің нысаны

Кондоминиум – жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері (мысалы, пәтерлер және/немесе тұрғын емес жайлар) оның ішінде кейбір жер учаскелері азаматтардың, заңды тұлғалардың және (немесе) мемлекеттің дара (бөлек) меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте емес бөліктері ортақ үлестік меншік құқығымен жылжымайтын мүлік бөліктерінің иелеріне тиесілі болатын меншіктің нысаны.

Әрбір меншік иесінің ортақ мүліктегі үлесі оның жылжымайтын мүліктің өзіне тиесілі бөлігіндегі дара меншігінен ажырағысыз.

Меншік құқығын қорғау (ҚР АК 259-267 баптары)

Меншік құқығын қорғаудың азаматтық- құқықтық тәсілдер жүйесі

Заттық құқықтық тәсілдер

Міндеттемелік құқықтық тәсілдер

Өзге де тәсілдер

Виндикациялық талап

Шарттық жауапкершілік

Мәмілелердің жарамсыздығына байланысты тәсілдер

Негаторлық талап

Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану немесе өлді деп жариялауға байланысты тәсілдер

Меншік құқығын тану туралы талап

Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер

Мемлекеттік орган мен лауазымды адамдарға қойылатын талаптар

Заттық-құқықтық тәсілдер меншік құқығын кез келген үшінші тұлға тарапынан қорғау үшін қолданылады (абсолюттік қорғау).

Міндеттемелік-құқықтық тәсілдер тараптар арасында шарттық немесе шарттан тыс міндеттеме болған жағдайда қолданылады.

Виндикациялық талап дегеніміз – меншік иесі өзгенің заңсыз иеленуінен өз мүлкін талап етуі. Мысалы, меншік иесі өз меншігінде болған, бірақ жоғалып кеткен автокөлігін өзге адамның заңсыз иеленіп жүргенін байқап, сотқа талап қою арқылы кері қайтарып алуға құқылы немесе өз ақшасын басқа адамнан ала алмай жүрген адам да виндикациялық талап шеңберінде оны қайтарып алу жөнінде сотқа талап қоя алады.

Талап нысанасы (пәні) ретінде тек қана жеке белгілерімен анықталған зат табылады. Талаптың қанағаттандырылуы үшін меншік иесі талап етіп отырған затқа меншік құқығы бар екенін дәлелдеуі қажет. Талап қанағаттандырылған жағдайда даулы зат заңсыз иеленушіден алынып меншік иесіне беріледі.

Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан ақылы алынып, алушы мұны білмесе, және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иесі немесе меншік иесі мүлікті иеленуге берген тұлға жоғалтқан, не мұның екеуінен де ұрланған не олардың иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы (ҚР АК 261 баптың 1 тармағы).

Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегін алынса, меншік иесі барлық ретте мүлікті талап етіп алдыруға құқылы (ҚР АК 261 баптың 3 тармағы).

Егер мүлік сот шешімдерін атқару үшін белгіленген тәртіп бойынша сатылған болса ҚР АК 261 баптың 1 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мүлікті талап етіп алдыруға жол берілмейді.

Ұсынушыға берілетін ақшаны, сондай-ақ бағалы қағаздарды адал иеленушіден талап етіп алдыруға болмайды.

Негаторлық талап дегеніміз – меншік иесінің өз құқықтарының бұзылуы иеліктен айыруға байланысты болмағанымен, оларды бұзудың қандайын болса да жоюды талап етуі. Мысалы, тұрғын үйінің терезесінен күн сәулесінің түсуіне мүмкіндік берметін кедергілерді жою жөніндегі меншік иесінің талабы сот қарауына алынады.

Тапсырмалар:

  1.  Қандай жағдайларда мүлік ерлі-зайыптылардың ортақ меншігінде болмауы мүмкін?
  2.  Мүліктің ортақ бірлескен меншікте болу негіздері.
  3.  «Ортақ өгізден оңаша бұзау артық» дегенді қалай түсінесіз?

Тақырып бойынша қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі:

  1.  Жылжымайтын мүліктерге құқықтарды және жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы 26.07.2007 жылғы ҚР заңы
  2.  Азаматтық құқық Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г. - Алматы, 2003
  3.  Сулейменов М.К. и др. Право собственности в РК. Алматы, 1998
  4.  Вещные права в РК // под ред Сулейменова М.К. Алматы, 1999
  5.  Скрябин С.В. Қазақстан Республикасындағы меншік құқығы. Алматы, 2000
  6.  Джусупов А.Т. Право собственности и иные вещные права. Алматы, 1996
  7.  Сулейменов М.К., Осипов Е.Б. Залоговое право. Алматы, 1999

8 – тарау. Міндеттемелік құқық

8.1 Міндеттеме ұғымы және оның тараптары (ҚР АК 268-271 баптары)

8.1.1 Міндеттемелік құқықтың ұғымы және жүйесі

Міндеттемелік құқық дегеніміз – мүлікті меншікке немесе уақытша пайдалануға беру, жұмыс орындау, қызмет атқару, зиян келтіру немесе негізсіз баюға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін азаматтық-құқықтық нормалардың жиынтығы.

Міндеттемелік құқық жүйесі:

жалпы бөлім – міндеттемелер және шарт туралы жалпы ережелерді қамтиды.

ерекше бөлім – міндеттемелердің кейбір түрлерін реттейді. Соның ішінде:

- мүлікті иеліктен шығару (сату, айырбастау, сыйға тарту т.б.) жөніндегі міндеттемелер

- мүлікті пайдалануға беру (жалдау, ссуда) жөніндегі міндеттемелер

- жұмыстарды орындау (мердігерлік) жөніндегі міндеттемелер

- қызмет көрсету (өтемелі қызмет, тасымалдау, факторинг, банктік қызмет, сақтау, тапсырма, комиссия, франчайзинг, сақтандыру т.б.) жөніндегі міндеттемелер

- интеллектуалдық қызмет нәтижелерін құру (жасау) және пайдалану (авторлық шарт, лицензиялық шарт т.б.) жөніндегі міндеттемелер

- зиян келтіру және негізсіз баю жөніндегі міндеттемелер

Міндеттеме дегеніміз– бір тарап - борышқордың екінші тарап - несие беруші пайдасына белгілі бір әрекетті (мүлікті беру, жұмысты орындау, қызметті атқару, ақшаны төлеу) жасауға немесе белгілі бір әрекетті жасаудан тартынуға міндеттенуін, ал несие беруші борышқордан өз міндеттерін орындауын талап ету құқығын қамтитын құқықтық қатынас.

Міндеттеме түрлері:

1) тараптардың құқықтары мен міндеттерінің арақатынасына қарай:

- біржақты міндеттемелер (бір тарапта тек қана құқық, ал екінші тарапта тек қана міндет болады. Мысалы, заем шарты);

- өзара міндеттемелер (әр тарап бір мезгілде құқықтарға да міндеттерге де ие болады);

2) Борышқор міндетінің анықталу дәрежесіне қарай:

- борышқордың нақты қатаң міндеті бар міндеттемелер

- баламалы міндеттемелер (борышқордың таңдауы бойынша міндеттеме жағдаяттарында көрсетілген әрекеттердің біреуін жасау арқылы орындау);

- факультативтік міндеттемелер (борышқор белгілі бір әрекетті жасауы тиіс, ал ол мүмкін болмаса, міндеттемемен көзделген басқа бір әрекетті жасауы);

3) Қатаң жеке сипаттағы міндеттемелерде тарапты алмастыруға жол берілмейді. (нақты анықталған адамның алименттік міндеттемесі, нақты бір адамның кітап жазып шығуы жөніндегі авторлық шарт т.б.);

4) Пайда болу негізі бойынша:

- шарттық, яғни шарттардан туындайтын міндеттемелер;

- шарттан тыс, яғни зиян келтіру немесе негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелер;

- біржақты ерікті әрекеттерден туындайтын міндеттемелер (конкурстық /сыйақыға жария уәде беру, тендер, аукцион/, лотерея, тотализатор т.б.);

5) дербестік дәрежесіне қарай:

- басты (негізгі) міндеттеме;

- қосымша (акцессорлық), яғни негізгі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалатын міндеттеме (айып төлеу, кепіл, кепілпұл т.б.).

8.1.2 Міндеттеменің пайда болу (туындау) негіздері – құқықтық нормалар міндеттемелік құқықтық қатынастардың орнатылуын (бекітілуін) байланыстыратын заңи фактілер.

Міндеттемелердің пайда болу негіздерінің түрлері:

заңнамаға қайшы келмейтін шарттар және өзге де мәмілелер

мемлекеттік органдардың актілері (мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын жай беру туралы шешім)

сот шешімдері

азамат немесе заңды тұлғаға зиян келтіру

негізсіз баю, яғни заңнамамен немесе мәмілелемен бекітілген негіздерсіз басқа тұлға есебінен мүлікті алу немесе үнемдеу

азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттері (басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау)

оқиға, онымен заң немесе басқа да құқықтық акт азаматтық-құқықтық салдардың туындауын байланыстырады (сақтандыру оқиғасының туындауы сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеу міндетін туындатады)

Міндеттеменің субъектілері

- борышқор – міндетке ие тұлға

- несие беруші – құқыққа ие тұлға

- үшінші тұлғалар

Тараптары көп тұлғалардан тұратын міндеттеме дегеніміз – борышқор немесе несие беруші жағында бірнеше тұлға болатын міндеттеме.

Міндеттемедегі тұлғалар көптігінің түрлері:

белсенді /автивті/ (несие беруші жағында бірнеше тұлғаның болуы)

енжар /пассивті/ (борышқор жағында бірнеше тұлғаның болуы)

аралас

Көп тұлғалары бар міндеттемелердің түрлері:

үлестік

ортақтасқан

субсидиарлық

Регрестік міндеттеме – несие беруші борышқор үшін үшінші тұлғаға төлеген сомасын немесе берген мүлкін борышқордан талап ету жөніндегі міндеттеме. Мысалы, кепіл болушылықтағы міндеттеме бойынша кепіл болушы борышқор үшін үшінші тұлғаға төлеген ақша сомасын немесе берген мүлкін, борышқордан талап етуі.

үшінші жақтың пайдасына бағытталған міндеттемелер (әкесі баласының атына банкке баласының кәмелет жасқа жеткен кезде алатын жағдаятымен ақша сомасын банктік шартты салым шарты бойынша салуы)

8.1.3 Міндеттемедегі тұлғалардың ауыстырылуы. Міндеттемедегі несие берушіні ауыстыру – алғашқы несие берушінің орнына жаңа несие берушінің кіруі (болуы). Несие берушіні ауыстыру мына жағдайларда орын алуы мүмкін:

әмбебап құқық қабылдаушылық - тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттерінің екінші бір тұлғаға ауысуы (заңды тұлғаны қайта құру, мұрагерлік)

жеке (сингулярлық) құқық қабылдаушылық – нақты құқықтың бір тұлғадан екінші бір тұлғаға ауысуы. Жеке құқық қабылдаушылық мына негіздер бойынша:

- сот шешімі;

- кепіл болушы немесе кепіл беруші (салушы) борышқордың міндеттемесін орындауына байланысты, оған (кепіл болушы немесе кепіл берушіге) талап ету құқығы ауысады;

- суброгация жағдайында сақтандырушыға сақтанушының зиян келтірушіге қоятын талабы ауысады;

- талап ету құқығын беру;

- заңнамамен көзделген басқа да жағдайларда ауысуы мүмкін.

Қатаң жеке сипаттағы құқықтар (алимент алу немесе өмір, денсаулыққа келтірілген зиян орнын толтыру құқықтары) басқа тұлғаға ауыспайды.

Талап ету құқығын беру –нақты міндеттеме бойынша алғашқы несие берушінің талап ету құқығының жаңа несие берушіге ауысуы жөніндегі келісім. Талап ету құқығын беру нысаны алғашқы мәміле сияқты жасалады.

Талап ету құқығын берудің ерекшеліктері:

егер заңмен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, жаңа несие берушіге құқық сол көлемде және сондай жағдаяттармен (яғни, алғашқы несие берушіге тиесілі) ауысады;

жалпы ереже бойынша борышқордың келісімі талап етілмейді, тек қана оны хабардар етеді;

алғашқы несие беруші талаптың жарамсыздығы үшін ғана жауапты, ал борышқордың міндеттемені жаңа несие беруші алдында орындамағаны үшін жауап бермейді.

егер несие берушінің тұлғалығы борышқор үшін маңызды болып табылса, борышқордың келісімінсіз талапты беруге болмайды

талап ету құқығы заңнамаға (жеке сипаттағы құқықтар) немесе шартқа қайшы келетін болса, беруге болмайды.

Жеке сипатқа ие емес міндеттемедегі борышқорды ауыстыру жағдайлары:

әмбебап құқық қабылдаушылық (бұл жағдайда, әдетте, несие беруші борышқордан міндеттемені мерзімінен бұрын орындауын, міндеттемені бұзуды және келтірілген залалды өтеуді талап етуге құқылы)

борыштың ауысуы – нақты міндеттеме бойынша борыштың үшінші тұлғаға ауысуы жөніндегі борышқор мен үшінші тұлға арасындағы келісім. Борышқордың борышының басқа тұлғаға ауыстырылуына тек қана несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы.

Тапсырмалар:

- «Міндеттеме» термині тек қана міндет жүктейтін болғандықтан пайда болды ма немесе оның басқа да ұғымы бар ма?

- Ортақтасқан міндеттеме мен субсидиарлық міндеттеменың айырмашылықтары неде?

- Деликтілік міндеттеме нені білдіреді және қандай қатынастарды қамтиды?

Тақырып бойынша қажетті әдебиеттер:

  1.  Сүлейменов М.К.,Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. Алматы, 2003
  2.  Гражданское право под ред.Сергеева А.П.,Толстого Ю.К., ч.1., М.,1997
  3.  Диденко А.Г. Обеспечение исполнения обязательств, Алматы, 2003

8.2 Міндеттемені орындау (ҚР АК 272-291 баптары)

8.2.1 Міндеттемені орындау ұғымы, қағидаттары, мерзімі, жері, әдістері

Міндеттемені орындау дегеніміз – борышқордың міндетін құрайтын әрекеттерді жасауы (мүлікті беруі, қызметті көрсетуі, жұмысты орындауы) немесе міндеттеменің жаяғдаяттарымен қарастырылған нақты бір әрекеттерді жасаудан тыс қалуы (әрекеттерді жасамауы).

Міндеттемені орындау қағидаттары:

- міндеттемені тиісінше орындау қағидаты – міндеттеме және/немесе заңнама талаптарына сәйкес орындау;

- міндеттемені нақты (табиғи) орындау қағидаты – міндеттеме жағдаяттарымен қарастырылған әрекеттерді ғана борышқордың жасауы, яғни бұл міндеттемелерді залалдардың орнын толтыру немесе ақша сомасымен алмастырусыз орындау қажет. Міндеттеменің тиісінше орындалмауы (залал орны толтырылып және айып төленсе де) борышқорды міндеттемені нақты орындаудан босатпайды.

- заңнамамен қарастырылған жағдайлардан өзге, міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол бермеу қағидаты.

Міндеттемені бөлшектеп орындау:

Егер міндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгіленбесе немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы.

Міндеттемені бірқалыпты орындау жөніндегі талаптар:

Ұзақ мерзімде орындалатын болып есептелген міндеттемелер, егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, не міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан туындамаса, бірқалыпты, міндеттеменің осы түрі үшін ақылға қонымды кезеңдерде (күн, онкүндік, ай, тоқсан және т.б.) орындалуға тиіс.

Міндеттемені орындау мерзімі – егер міндеттемеде ол орындалатын күн немесе ол орындауға тиісті уақыт кезеңі көзделсе немесе анықтауға мүмкіндік берсе, міндеттеме сол күні немесе тиісінше сол кезең ішінде кез келген уақытта орындалуға тиіс.

Міндеттемеде ол орындалатын мерзім көзделмесе және бұл мерзімді анқытауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс.

Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезбен белгіленген міндеттеменің егер заңдардан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен басқа мерзімде орындау міндеті туындамаса, борышқор несие беруші оның орындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімде орындауға міндетті.

Міндеттемені мерзімінен бұрын орындау.

Егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, және оның мәнінен туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы.

Кәсіпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген, не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі.

Міндеттеме орындалатын жер. Егер міндеттеме орындалатын жер заңдарда немесе оның шарттарында белгіленбесе немесе міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан көрінбесе, ол:

1) міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру – мүлік орналасқан жерде;

2) міндеттеме бойынша тауарды немесе өзге де мүлікті тасымалдауды пайдалана отырып беру мүлікті несие берушіге жеткізу үшін оны бірінші тасымалдаушыға тапсыратын жерде;

3) кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар немесе өзге де мүлікті беру егер бұл жер міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса, – мүлік дайындалған немесе сақталатын жерде;

4) ақшалай міндеттеме бойынша – несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты/орналасқан жерінде;

5) басқа да барлық міндеттемелер бойынша – борышқордың тұрғылықты/орналасқан жерінде орындалуға тиіс.

Ақшалай міндеттеме:

- ҚР аумағындағы ақшалай міндеттемелер теңгемен жүргізілуге тиіс.

- Есеп айырысуда шетел валютасын пайдалануға ҚР-ның заң актілерінде көзделген реттер мен жағдайларда және тәртіпке сәйкес жол беріледі.

- ұзақ мерзімді міндеттемелерде тараптар шарттарда төлемді индекстеуді қарастыруы мүмкін.

Тапсырмалар:

- Міндеттемені жүзеге асыру мен орындау ұғымдарының арқатынасы қандай?

- Міндеттемні орындаудың қағидаттарын атыңыз.

- Міндеттеме орындалатын жер қалай анықталады?

8.3 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету (ҚР АК 292-348 баптары)

8.3.1 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің ұғымы, белгілері

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістері – борышқордың міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған ретте оны орындауға ынталандыратын, итермелейтін, мәжбүр ететін, ал несие берушіні қосымша құқықтармен қамтамасыз ететін заңнама немесе шартпен қарастырылған арнайы шаралар.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің белгілері:

- мүліктік сипатқа ие;

- несие берушінің мүддесін қамтамасыз етеді және міндеттемені орындауға бағытталған;

- бұл әдістер заң немесе тараптардың келісімі негізінде бекітіледі;

- негізгі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететіндіктен, қосымша (акцессорлық) сипатқа ие. Сол себептен де негізгі міндеттеменің тоқтатылуы немесе жарамсыз болуы оның орындалуын қамтамасыз ететін қосымша міндеттемені де тоқтатады немесе жарамсыз етеді;

- өндіріп алу мүмкін болатын борышқор мүлкінің бар, жоғына қарамастан қолданылады.

8.3.2 Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түрлері

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің түрлері: айып төлеу, кепіл, кепілдік, кепіл болушылық, кепілпұл, борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу, заңнама немесе шартпен қарастырылған басқа да әдістер.

Айып төлеу – борышқор міндеттемесін толықтай немесе ішінара орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті болатын заңнамамен немесе шартпен белгіленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсім) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес.

Айып төлеудің ерекшеліктері:

- міндеттеме пайда болған сәттен-ақ айып төлеудің мөлшері тараптарға белгілі болады;

- несие берушіге шынайы залал келтірілді ме жоқ па, оған қарамастан міндеттеменің бұзылғаны үшін-ақ айып төлеу өндіріледі;

- заңнамада көзделген шектеулерден басқа, айып төлеудің мөлшерін, шарттықтарын және өндіріп алу тәртібін тараптардың дербес белгілеу мүмкіндігі;

- айып төлеу туралы келісім, негізгі міндеттеменің нысанына қарамастан, жазбаша түрде жасалуға тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады;

- айып төлеудің мөлшері міндеттемені бұзу салдарына сәйкес келмейтін болса, сот оның мөлшерін азайтуға құқылы;

- айып төлеу – азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарасы болып табылады.

Айып төлеудің түрлері:

Айып төлеуді анықтаудың (бекітудің) қайнар көзі бойынша:

- келісімді айып төлеу;

- заңды айып төлеу – несие беруші тараптардың келісімінде айып төлеу міндеті көзделген-көзделмегеніне қарамастан, заңдарда белгіленген айып төлеуді талап етуге құқылы.

Залалдарды өндіріп алу арақатынасына байланысты:

  •  сынақтық – айып төлеумен қамтылмаған залалдар өтеледі;
    •  айыппұлдық – айып төлеудің сыртында залалдар толық мөлшерде өндіріледі;
    •  баламалы – несие берушінің қалауы бойынша залалдар немесе айып төлеу өндіріледі;
    •  айрықша – залалдар емес, тек қана айып төлеу өндіріледі.

Кепіл дегеніміз – борышқор кепілмен қамтамасыз еткен міндеттемені орындамаған ретте міндеттемеге сәйкес несие берушінің (кепіл ұстаушының) кепілге салынған мүлік құнынан өзіне тиесіліні өндіріп алуға құқығы болатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.

Кепіл шартқа сәйкес немесе заңнама негізінде пайда болады.

Кепіл мәні (нысанасы) ретінде:

- кез-келген мүлік (зат); ақша; мүліктік құқықтар бола алады.

Кепіл құқығы болашақта кепілге салушының меншігіне немесе шаруашылық иелігіне түсетін мүлікке шарт бойынша қолданылуы мүмкін.

Мүліктің, соның ішінде азаматтардың ақы өндіріп алуға жол берілмейтін мүлкінің жеке түрлерін кепілге салу заң актілерімен (ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген) тыйым салынуы немесе шектелуі мүмкін.

Кепіл мәні (нысанасы) болып табылатын ақша банкке орналастырылады.

Кепіл мәні (нысанасы) бола алмайтын заттар, құқықтар:

- азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар;

- несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар (алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар);

- заңнамамен басқа тұлғаға беруге тиым салынған өзге де құқықтар (үйлену т.б. құқықтары).

Кепіл түрлері:

- ипотека – кепілге салынған мүлік кепіл салушының немесе үшінші бір тұлғаның иеленуі мен пайдалануында қалатын кепіл түрі. Кәсіпорындар, құрылыстар, үйлер, пәтерлер, ғимараттар, көлік құралдары, ғарыш объектілері, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады.

- кепілзат – кепілге салынған мүлікті кепіл беруші (салушы) кепіл ұстаушының иеленуіне беретін кепіл түрі. Кепіл ұстаушының келісімімен кепілге салынған зат (мүлік) кепіл ұстаушының құлпы салынып, мөрі басылып, кепіл салушыда қалдырылуы мүмкін. Кепілге салынған мүлікке кепілді куәландыратын белгілер салынып (анық кепіл), кепіл берушінің иеленуінде қалдырылуы мүмкін.

- мүліктік құқықтар кепілі - кепіл нысанасы ретінде кәсіпорындарды, құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды жалға беру құқығы, шаруашылық серіктестік мүлкіндегі үлеске құқық, борыштық талап қою, авторлық, өнертапқыштық және өзге мүліктік құқықтар болуы мүмкін. Жер учаскесіне құқықтарды, сондай-ақ өзге табиғи ресурстарға құқықтарды кепілге беруге заңнамада белгіленген шектер мен ережелер бойынша жол беріледі.

Мерзімді құқық оның әрекет жасау мерзімі біткенге дейін ғана кепіл мәні бола алады.

Кепіл құқығының борышқоры кепіл туралы хабардар болуға тиіс.

Бағалы қағазбен куәландырылған мүліктік құқықты кепілге берген кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, ол кепіл ұстаушыға беріледі немесе банкке орналастырылады.

Егер шартта өзгеше белгіленбесе, кепіл мәні болып табылатын ақша банкке орналастырылады. Осы ақшы үшін есептелетін сыйақы (мүдде) кепіл берушіге тиесілі болады.

Кепіл қатынастарының тараптары:

- кепіл беруші – борышқор немесе үшінші бір тұлға; Кепілге салынатын құқыққа ие тұлға құқықты кепілге беруші бола алады. Жалға беру құқығын немесе бөтен тұлғаның затына құқықты оны меншік иесінің немесе заттық құқық иесінің келісімінсіз кепілге салуға жол берілмейді.

- кепіл ұстаушы – міндеттемедегі борышқорға қарсы несие беруші.

Кепілді тоқтату. Кепіл:

1) кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелер тоқтатылғанда;

2) кепілге салынған мүліктің жоғалу немесе бүліну қаупі туындаса, кепіл ұстаушы өз міндеттерін өрескел бұзған жағдайда, кепіл беруші кепілдің мерзімінен бұрын тоқтатылуын талап етуге құқылы;

3) кепілге салынған мүлік жойылса немесе бүлінсе не оған меншік құқығы немесе шаруашылық жүргізу құқығы заң актілерінде белгіленген негіздер бойынша тоқтатылса, кепілге салынған құқық толтатылған реттерде;

4) кепілге салынған мүлікті жария саудаға салып сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкіндігі болмаған ретте тоқтатылады;

Кепілдің тоқтатылғаны туралы кепіл шарты тіркелген реестрде белгі соғылуға тиіс.

Кепілдік – кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа тараптың (борышқордың) несие берушісі алдында борышқор міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенуі жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.

Егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, бірлесіп кепілдік берген тұлғалар, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді.

Кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін.

Кепіл болушылық – кепіл болушы басқа тараптың (борышқордың) несие берушісі алдында борышқордың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосымша (қосалқы) жауап беруге міндеттенуі жөніндегі міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.

Кепіл болушылық пен кепілдік шарттарының негізінде кепілдік және кепіл болушылық пайда болады. Кепілдікті қолдану заңмен белгіленуі мүмкін.

Кепіл болушылық пен кепілдік шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Жазбаша нысанның сақталмауы олардың жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Кепілдік берушінің және кепіл болушының жауапкершілігі:

Кепілдік және кепіл болушылық, егер шартта өзгеше белгіленбесе, тек заңды талапты ғана қамтамасыз етеді. Кепілдік беруші мен кепіл болушы, егер олар әрекет қабілетсіздігі туралы өздеріне күні бұрын белгілі болған борышқорға кепіл болса, ал несие беруші бұл мән-жайды білмесе, жауапкершіліктен босатылмайды.

Кепілдік беруші несие беруші алдында, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, борышқор сияқты айыпақы, сыйақы (мүдде) төлеуді қоса алғанда, борышты өндіріп алу жөніндегі сот шығындарын және борышқордың міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы салдарынан туындаған несие берушінің басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап береді.

Кепіл болушы несие беруші алдында, егер кепіл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады.

Кепілдік және кепіл болушылықтың тоқтатылуы:

Кепілдік және кепіл болушылық өздері қамтамасыз еткен міндеттеменің тоқтатылуымен бірге, сондай-ақ осы міндеттеме кепілдік беруші мен кепіл болушының жауапкершілігін олардың келісімінсіз арттыруға өзге де қолайсыз салдарға әкеліп соқтыратындай өзгерген жағдайда, тоқтатылады.

Кепілдік және кепіл болушылық, егер кепілдік беруші мен кепіл болушы несие берушіге жаңа борышқор үшін жауап беруге келісім бермесе, кепілдіктен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеме жөніндегі борышты басқа тарапқа ауыстырумен тоқтатылады.

Егер қамтамасыз етілген міндеттемені орындау мерзімінің басталуына қарай борышқор немесе кепілдік беруші мен кепіл болушы ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса кепілдік және кепіл болушылық тоқтатылады.

Кепілдік және кепіл болушылыққа қатысты шарттарда көрсетілген мерзім біткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзім көрсетілмесе, міндеттемені орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жыл ішінде несеие беруші кепілдік беруші немесе кепіл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негізгі міндеттеменің орындалу мерзімі көрсетілмеген және белгілеуге болмайтын немесе талап етуімен белгіленген кезде, несие беруші кепілдік беруші немесе кепіл болушыға тиісті шарт жасалған күннен бастап екі жыл ішінде қуыным жасамаса, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кепілдік және кепіл болушылық тоқтатылады.

Кепілпұл – уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома кепілпұл деп танылады.

Кепілпұл жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Бұл ереже негізгі міндеттеме нотариалдық жолмен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтырады.

Міндеттеменің орындалуы басталғанға дейін тараптардың келісімі бойынша не олардың кінәсінсіз-ақ оны орындаудың мүмкіндігі болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепілпұл қайтарылуға тиіс.

Егер міндеттеменің орындалмауына кепілпұл берген тарап жауапты болса, ол екінші тарапта қалады, ал егер кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпұлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті. Оның үстіне шартта өзгеше көзделмегендіктен, міндеттеменің орындалмауына жауапты тарап екінші тарапқа кепілпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті.

Борышқордың мүлкін алып қалу – несие беруші борышқорға немесе ол көрсеткен үшінші тұлғаға тиесілі мүлікті борышқор өз міндеттемесін орындаған уақытқа дейін ұстап қалуға құқылы болатын міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі.

Тапсырмалар:

  1.  Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету дегенді қалай түсінесіз?
  2.  Кепіл, кепіл болушылық, кепілдік, кепілпұл арақатынасы мен айырмашылықтары неде?
  3.  Айыптөлеу түрлерін атаңыз.
  4.  Мүліктік құқықтар кепілін түсіндіріңіз.

8.4 Міндеттемені тоқтату (ҚР АК 367—377 баптары)

8.4.1 Міндеттемені тоқтату ұғымы және негіздері

Міндеттемені тоқтату дегеніміз - борышқор мен несие берушіні байланыстыратын және міндеттеменің мазмұнын құрайтын тараптардың құқықтары мен міндеттерінің тоқтатылуы.

Міндеттемені тоқтату негіздері:

Міндеттемені орындау арқылы тоқтату – міндеттеме тиісті дәрежеде орындалғанда тоқтатылады.

Бас тарту төлемі (отступное) – тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін юеру (ақша төлеу, мүлік беру т.б.) арқылы тоқтатылуы мүмкін. Бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімдерін және тәртібін тараптар белгілейді.

Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтату – міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген біртектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлік-бөлігімен тоқтатылады. Есепке жатқызуға бір тараптың өтініші жеткілікті. Дегенмен, егер тараптардың бірінің өтініші бойынша талапқа заңды талап мерзімін қолдануға болса және ол мерзім өтіп кетсе; азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы; алимент өндіріп алу туралы; өмір бойы асырау туралы талаптарды; заңдарда немесе шартта көзделген нақты өзге де жағдайларда есепке жатқызуға жол берілмейді.

Міндеттеменің жаңғыртылуына байланысты тоқтатылуы – міндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы міндеттемені ауыстыру туралы келісіммен сол тұлғалардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен жаңғыртылуға байланысты тоқтатылады.

Борышты кешіру – несие беруші борышқорды мойнына алған міндеттерінен босатқанда, егер бұл несие берушінің мүлкіне қатысты басқа тұлғалардың құқықтарын бұзбайтын болса, міндеттеме тоқтатылады (мысалы: сыйға тарту т.б.).

Орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеменің тоқтатылуы – егер мүмкіндіктің болмауы борышқор жауап бермейтін жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкіндік болмағандықтан міндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженің күші ақшалай міндеттемелерге қолданылмайды. Борышқор несие берушінің әрекеттері кінәсінен міндеттемені орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда несие берушінің одан міндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.

Мемлекеттік органның актісі негізінде міндеттеменің тоқтатылуы – егер жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың акті (жария акті) шығаруы салдарынан міндеттемені толық немесе ішінара орындау мүмкін болмаса, міндеттеме толық немесе тиісті бөлігінде тоқтатылады.

Борышқор мен несие берушінің бір тұлға болуы себепті тоқтатылу – міндеттеме борышқор мен несие беруші бір тұлға болуы себепті тоқтатылады. (Мысалы: заем шарты бойынша заем беруші қайтыс болғаннан кейін талап ету құқығы мұрагерлікпен борышқорға өткенде, борышқор бір мезгілде несие беруші болып шығады).

Егер міндеттемені орындау борышқордың жеке өзінің қатысуымен жүргізілмейтін болса немесе міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса (алименттік міндеттемелер, азамат өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиян орнын өтеу міндеттемелері) борышқордың қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады.

Егер міндеттемені орындау несие берушінің жеке өзіне арналса, не міндеттеме басқаша түрде борышқордың жеке басымен ажырамастай байланысты болса, несие берушінің қайтыс болуымен міндеттеме тоқтатылады.

Таратылған заңды тұлғаның міндеттемесін орындау заңдармен басқа заңды тұлғаға (азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келуі салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша) жүктелген жағдайлардан басқа реттерде, міндеттеме заңды тұлға (борышқор немесе несие беруші) таратылғанда тоқтатылады.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдарды қоса алғанда, мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру осы органдар борышқор болған міндеттемелерді тоқтатпайды. Егер тиісті органдардың қызметін тоқтату немесе оларды қайта құру туралы шешімде өзгеше көзделмесе, көрсетілген міндеттемелерді орындау қарамағында бюджет қаражаты бар органға жүктеледі.

Тапсырмалар:

- Міндеттемені тоқтатудың негіздерін атаңыз және олардың әрқайсысына спиаттама беріңіз.

- Борышқор мен несие берушінің бір тұлға болуына байланысты міндеттеменің тоқтатылуы мүмкіндігін ашықтаңыз.

- Борышты кешіруге байлансты міндеттеменің тоқтатылуына мысалдар келтіріңіз.

9 – тарау. Азаматтық құқықтық жауапкершілік (ҚР АК 349—366 баптары)

9.1 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымы, ерекшеліктері, түрлері

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік – азаматтық айналымның заңи тең қатысушыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге және қалыпты экономикалық қатынастарын көтермелеуге бағытталған мүліктік сипаттағы санкцияларды қолдану жөніндегі мемлекеттік күштеу шарасы.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ерекшеліктері:

- мүліктік сипатқа ие болуы, бұзушы жеке басымен емес, мүлкімен жауап береді;

- бір контрагенттің (бұзушының) екінші бірісінің (жәбірленуші) алдындағы жауапкершілігі;

- жәрдемақы сипатында болуы, яғни азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі мақсаты – жәбірленуші тараптың мүліктік жағдайын қалпына келтіру болып табылады;

- азаматтық-құқықтық жауапкершілік көлемінің келтірілген зиян немес залал көлеміне сәйкес болуы;

- азаматтық-құқықтық жауапкершілік шарасын қолданған кездегі азаматтық айналым қатысушыларының теңдігі.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің түрлері:

пайда болу (туындау) негіздері бойынша:

- келісімді (шарттық) жауапкершілік – шарттан пайда болған міндеттемені орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда туындайды;

- шарттан тыс жауапкершілік – шарттық қатынастарда жоқ зиян келтірушінің жәбірленушіге зиян немесе залал келтіруі негізінде туындайды. Мысалы, қылмыс жасау арқылы жәбірленушінің мүлкіне зиян келтіру.

егер міндетті тарап жағында бірнеше тұлға болса, жауапкершілік:

- үлестік жауапкершілік - әр борышқордың заңмен немесе шартпен белгіленген нақты үлесіне сәйкес жауапты болуы;

- ортақтасқан жауапкершілік - заңмен немесе шартпен тікелей қарастырылған жағдайларда ғана туындайды (мысалы, бірлесіп зиян келтіру ҚРАК 932 бабы);

- субсидиялық жауапкершілік – негізгі борышқордың міндеттемесі бойынша субсидиялық борышқордың қосымша жауапкершілігі. Мысалы, он төрт пен он сегіз жас арасындағы азамат келтірген зиян үшін оның ата-анасы немесе өзге заңды өкілі қосымша жауапты.

- аралас жауапкершілік – зиян немесе залал екі тараптың да кінәсінен туындайды.

- регресс тәртібі бойынша жауапкершілік.

9.2 Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің алғышарттары

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің туындау негізі болып заң немесе шарт талаптарын бұзатын азаматтық құқық бұзушылық табылады. Кез келген азаматтық құқық бұзушылық азаматтық-құқықтық жауапкершілікті туындатуға әкелетін типтік алғышарттарға ие болады, мұны азаматтық құқық бұзушылықтың құрамы деп атайды және ол мына элементтерді (алғышарттарды) қамтиды:

- бұзушы жасаған әрекеттің/әрекетсіздіктің құқыққа қайшылығы дегеніміз – заңнама немесе шарт талаптарын бұзу және тұлғаның субъективтік құқығын кеміту;

- зиян немесе залалдың болуы. Зиян дегеніміз – тұлғаның жеке және/немесе мүліктік игілігінің кемуі, азаюы. Зиян мүліктік немесе моралдық болуы мүмккін. Залал дегеніміз – келтірілген зиянның ақшалай баламасы. Залал құрамына шығындар – жәбірленуші мүлкінің жойылуы немесе бүлінуі (нақты зиян), оның бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шығындар және алынбаған кірістер – жәбірленушінің құқығы бұзылмағанда азаматтық айналымның әдеттегі жағдайында оның алатын кірістері (айрылып қалған пайда)

- құқыққа қайшы әрекет/әрекетсіздік пен зиян немесе залал келтіру арасындағы себепті байланыс - әрекет немесе әрекетсіздіктің зиянның туындауына және келтірілуіне негіз болған байланыс;

- құқық бұзушының кінәсі. Кінә дегеніміз – құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы мінез-құлқына (жүріс-тұрысына) және оның нәтижесіне қатысты психикалық көзқарасы. Кінә нысандары:

- теріс пиғыл – тұлғаның зиянды салдардың туындайтынын білуі және оның туындауын қалауы немесе туындауына қалай болса солай қарауы;

- абайсыздық (өрескел және өрескел емес) тұлғаның зиянды салдардың туындайтынын білуі, бірақ өз сенімімен оның алдын алуға үміттенуі немесе зиянды салдардың туындайтынын білуі қажет және мүмкін болса да, білмеуі (ҚР АК 935 бабы).

- құқық бұзушы кінәсінің презумпциясы – құқық бұзушы өзінің кінәсіз екенін дәлелдегенге дейін кінәлі болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің кінәға байланыссыз туындау жағдайлары:

кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға міндеттеменің орындалмауын немесе тиісінше орындалмауын бой бермейтін күш негізінде болғанын дәлелдей алмаса жауапты болып табылады. Дүлей (бой бермейтін) күш дегеніміз – төтенше және алдын алу мүмкін жағдайлар (оқиғалар).

жоғары қауіптілік көздері (көлік ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар т.б.) иелерінің жауапкершілігі (ҚР АК 931 бабы)

кәсіби сақтаушының жауапкершілігі (тауар қоймасында, ломбардта сақтау)

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мөлшері:

Зиян келтіруші келтірген зиян немес залал орнын толық көлемде өтеуге тиіс.

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің мөлшерін төмендетуге (азайтуға):

- егер зиян екі тараптың да кінәсінен туындаса (жол-көлік авариясы)

- егер несие беруші залал мөлшерінің ұлғаюына ықпал етсе немесе залалдың азаюы үшін ақылға қонымды шараларды жүзеге асырамаса;

Егер заңдармен тыйым салынбаса, тараптардың келісімімен заңды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін (ҚР АК 295 бабының 2-ші тармағы).

 

Тапсырмалар:

  1.  Келісімді (яғни, шарттық) жауапкершілік пен деликтілік жауапкершілік айырмашылықтары неде?
  2.  Азаматтық құқықтағы кінә мен қылмыстық және әкімшілік құқық салаларындағы кінә мәселелерінің заңнама тұрғысынан шешілу жағдайлары
  3.  Қандай жағдайда азаматтық құқық бойынша зиян келтіруші (кінәсіне қарамастан) жауапкершіліктен босатылмайды?

10 – тарау. Шарт ұғымы және ережелері (ҚР АК 378 – 405 баптары)

10.1 Шарт ұғымы, шарттан туындайтын қатынастар, шарт еркіндігі, бағасы, қолданылуы

Шарт дегеніміз – екі немесе одан да көп тұлғаның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату жөніндегі келісімі.

Шарт екі және/немесе көп жақты болуы мүмкін.

Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.

Азаматтар мен заңды тұлғалар шарт жасасуға ерікті. Азаматтық кодексте, заң актілерінде немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берілмейді.

Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.

Шарттың орындалуы тараптардың келісімімен белгіленген баға бойынша төленеді. Заң актілерінде көзделген жағдайларда уәкілдік берілген мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін баға (тарифтер, бағаларғ ставкалар және т.б.) қолданылады. Шарт жасалғаннан кейін бағаны өзгертуге шартта, заң актілерінде көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң актілерінде белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерін негізге ала отырып оны анықтау мүмкін болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезінде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын баға бойынша жүргізілуге тиіс деп есептеледі.

Шарт оны жасасқан кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Тараптар өздері жасасқан шарттың ережелері олардың шартты жасасуға дейін пайда болған қатынастарына қолданылатындығын белгілеуге құқылы. Егер заңдарда немесе шартты шарттың қолданылу мерзімі көзделсе, осы мерзімнің аяқталуы, шарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуына әкеліп соқтырады. Қолданылу мерзімі көрсетілмеген шарт тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауы аяқталып біткен кезге дейін қолданылады деп танылады. Шарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы осы мерзім біткенге дейін орын алып келген шартты бұзғандық үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Шарт тараптар үшін оны жасасу кезінде қолданылып жүрген заңдармен белгіленген міндетті ережелерге (императивтік қалыптарға) сәйкес келуге тиіс. Егер шарт жасалғаннан кейін шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелер заңдармен белгіленген болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгілегендегіден басқа жағдайларда, өз күшін сақтайды.

10.2 Аралас, ақылы және ақысыз, жария, қосылу, алдын ала жасалатын, үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарттар

Аралас шарт дегеніміз – әртүрлі шарттардың элементтерінен тұратын шарт.

Өз міндеттемелерін орындағаны үшін тараптың ақы алуы немесе бір-біріне бір нәрсе керек болса – ақылы (өтемелі) шарт болып табылады.

Бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай немесе ешнәрсе бермей бір нәрсені ұсынуды міндетіне алған шарт – ақысыз шарт болып табылады.

Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт жария шарт деп танылады. (бөлшек сауда, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметін көрсету және т.б.).

Ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдай алатын шарт қосылу шарты деп танылады. Егер қосылу шарты заңдарға қайшы келмегенімен, бұл тарапты осындай шарттар бойынша берілетін құқықтардан айыратын болса не қосылған тарап үшін онда анық қиындық келтіретін, шарттың талаптарын белгілеуге қатысатын мүмкіндігі болып тұрғанда өзінің ақылға қонымды түсінілетін мүдделерін негізге ала отырып қабылдамай-ақ қоятын талаптары болса, шартқа қосылған тарап шартты бұзуды талап етуге құқылы. Осы көзделген мән-жайлар болғанкезде, өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына байланысты шартқа қосылған тараптың шартты бұзу туралы қойған талабы, егер қосылған тарап шарттың қандай жағдайларда жасалғанын білсе немесе білуге тиіс болса, қанағаттандырылуға жатпайды.

Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасаалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенеді. Алдын ала жасалатын шарт негізгі шарт үшін заңдарда белгіленген нысанда, ал негізгі шарт нысаны белгіленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердің сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шарттың мәнін, сондай-ақ басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер болуға тиіс. Алдын ала жасалатын шартта негізгі шартты жасасуға міндеттенетін мерзім көрсетіледі. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзім белгіленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап 1(бір) жыл ішінде жасалуға тиіс. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды.

Тараптар несие берушіге емес, шартта көрсетілген немесе көрсетілмеген және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшінші жаққа борышқор орындап беруге міндетті деп көрсеткен шарт үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт болып танылады. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшінші жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап тараптар өздері жасасқан шартты үшінші жақтың келісімінсіз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды. Борышқор шартта өзінің несие берушіге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшінші жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы. Үшінші жақ шарт бойынша өзіне берілген құқықтан бас тартқан ретте несие беруші, егер заңдарға және шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты пайдалана алады.

10.3 Шарт жасасу: шарттың елеулі ережелері, нысаны, оферта, акцепт, шарт жасасу тәртібі, шарт жасасатын жер

Тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі. Шарттың мәні туралы ережелер, заңдарда елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер. Сондай-ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер елеулі ережелер болып табылады. Егер шарт жасасу үшін заң актілеріне сәйкес мүлікті беру қажет болса, шарт тиісті мүлік берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі.

Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан талап етілмесе де, шарт оған уағдаласқан нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі.

Шарт жасасу туралы бір немесе бірнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткілікті дәрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзін сонымен байланысты деп есептеу жөніндегі ниетін көрсетсе, оферта деп танылады. Егер ұсыныста шарттың елеулі ережелері немесе оларды анықтау тәртібі көрсетілсе, ол жеткілікті дәрежеде айқын деп табылады. Оферта жіберген жақ оны алушының қолына тигеннен бастап байланысты етіп қояды. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледі. Егер офертаның өзінде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцепті үшін белгіленген мерзім ішінде қайтарып алуға болмайды. Жарнама және беймәлім тұлғалар тобына жіберілген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тікелей өзгеше көрсетілмесе, оферта жасауға шақыру ретінде қаралады. Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады.

Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады. Акцепт толық және бұлтарыссыз болуға тиіс. Егер заң актісінен, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы іскерлік қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиісті соманы төлеу және т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі. Егер акцепті қайтару туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі.

Офертада акцептіге арналған мерзім көрсетілген жағдайда, егер оферта жіберген жақ акцепті онда көрсетілген мерзім (мерзім көрсетілмесе – жеткілікті дәрежеде қажетті уақыт) ішінде алса, шарт жасалған болып есептеледі. Офертада ұсынылғаннан өзге жағдайларда шарт жасасуға келіскендік туралы жауап акцепт болып табылмайды. Мұндай жауап офертадан бас тарту және сонымен бірге жаңа оферта деп танылады.

Егершартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жерінде жасалған болып танылады.

10.4 Шартты өзгерту және бұзу

Егер заңнама мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келісуімен өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

Тараптардың біреуінің талабы бойынша шарт:

  •  екінші тарап шартты едәуір бұзған кезде;
  •  басқа да жағдайларда тек сот шешімімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.

Тараптардың біреуі шартты бұзып, ол екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға құқылы болғанынан едәуір дәрежеде айрылып қалатындай шығынға әкеп соқса бұл шарттың едәуір дәрежеде бұзылуы деп танылады.

Шартты орындаудан біржақты бас тартылған жағдайда (шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаған, банкрот деп таныған, мемлкекттік органның актісі күшін жойған жағдайда) шарт өзгертілді немесе бұзылды деп есептеледі.

Шартты бұзу кезінде тараптардың міндеттемелері тоқтатылады. Егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейін міндеттеме бойынша өздері атқарған жұмысты қайтарып беруді талап етуге құқығы жоқ.

Шартты бұзуға немесе өзгертуге бір тараптың шартты едәуір бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың өзгертілуінен немесе бұзылуынан келтірілген залаладың орнын толтырылуын талап етуге құқылы. Тараптар шарттың қолданылуын жаңа мерзімге ұзартуға құқылы.

Тапсырмалар:

  1.  Азаматтық құқықтық қатынастар бойынша жасалатын шарт пен еңбек құқықтық қатынастары бойынша жасалатын шарттың айырмашылықтары бар ма? Өз көзқарасыңызды дәлелдеуге тырысыңыз.
  2.  Шарт пен уәде арақатынасы қандай? «Уәде – құдай сөзі», «Шарт ақшадан да қымбат» дегенді қалай түсінесіз?
  3.  Үшінші тұлғаның пайдасына жасалатын шарттарға мысал келтіріңіз.

۞ ۞ ۞ ۞ ۞ ۞ ۞

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы

(жалпы бөлім) бойынша

ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАР

1. Қандай қоғамдық қатынастар Азаматтық құқықтың нысанасы (пәні) болып табылады?

  1.   қатысушылардың теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген мүліктік қатынастар, мүліктік емес жеке қатынастар
  2.   жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қалыптасатын қоғамдық қатынастар
  3.   мемлекеттің қаржылық қызметі процесінде туындайтын қатынастар
  4.   мемлекеттің қызмет ету аясында туындайтын әкімшілік-құқықтық қатынастар
  5.   қатысушылардың теңдігіне негізделген кез-келген қоғамдық қатынастар

2. "Заңды тұлға" түсінігі қандай нормативтік құқықтық актіде берілген?

  1.   Нормативтік құқықтық актілер туралы ҚР заңында
  2.   ҚР Үкіметінің қаулысында
  3.   ҚР Азаматтық кодексінде
  4.   Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ҚР заңында
  5.   ҚР Әділет Министрлігінің бұйрығында

3. ҚР-сы Азаматтық кодексі (жалпы бөлім) қабылданған уақыт:

  1.   1994 жылғы 27 желтоқсан
  2.   1995 жылғы 1 наурыз
  3.   1998 жылғы 1 шілде
  4.   1995 жылғы 31 тамыз
  5.   1992 жылғы 28 қаңтар

4. ҚР Азаматтық кодексінің (жалпы бөлім) заңды күшіне енген уақыты:

  1.  1992 жылғы 28 қаңтар
  2.  1995 жылғы 1 наурыз
  3.  1994 жылғы 27 желтоқсан
  4.  1998 жылғы 1 шілде
  5.  1995 жылғы 31 тамыз

5. Төмендегі нормативтік құқықтық актілердің қайсысының заңдық күші басым?

  1.  ҚР-сы Азаматтық кодексі(жалпы бөлім)
  2.  ҚР-сы Азаматтық кодексі(ерекше бөлім)
  3.  ҚР-сы Конституциясы
  4.  Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР Заңы
  5.  Шаруашылық серіктестіктер туралы ҚР заңы

6. Жалпы ереже бойынша азаматтық заң актілерінің кері күші бар ма?

  1.  Үкімет қаулысында көрсетілсе, кері күші болады
  2.   кері күші болады
  3.   оларды күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылады
  4.  кері күші болмайды және ол күшінен енгізілгеннен кейін пайда болған қатынастарға ғана қолданылады
  5.   Облыс әкімінің шешімінде көзделсе, кері күші болады

7. Азаматтық кодекске сәйкес азаматтық заңдардың ұқсастығына қарай қолданылуы - дегеніміз:

  1.  тараптың құқықтары мен міндеттерін азаматтық заңдардың мәніне қарай белгілеу
  2.   тараптардың құқықтары мен міндеттерін адал, парасатты және әділ әрекет жасау талаптарына сәйкес жүзеге асыру
  3.   құқық ұқсастығы ұғымымен бірдей
  4.  іскерлік әдет-ғұрыпты қолдану
  5.   ұқсас қатынастарды реттейтін азаматтық заң қалыптарын қолдану

8. ҚР Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) құрылымына қанша бөлім, тарау және бап кіреді?

  1.  6 бөлім, 40 тарау, 400 бап
  2.   5 бөлім, 20 тарау, 410 бап
  3.   10 бөлім, 32 тарау, 460 бап
  4.  3 бөлім, 24 тарау, 405 бап
  5.    2 бөлім, 20 тарау, 366 бап

9. Азаматтық құқықтағы міндеттеме мен шарттың арақатынасы қандай?

  1.  міндеттеме - құқықтық қатынас, ал шарт – келісім
  2.   міндеттеме - әр кез қаржылық құқықтық қатынас, ал шарт – келісім
  3.   міндеттеме - тек қана экологиялық құқықтық қатынас, ал шарт - мәміле
  4.  міндеттеме - азаматтық іс жүргізу құқығындағы қатынас, ал шарт – бұйрық сипаттас құжат
  5.   міндеттеме - әр кез конституциялық құқықтық қатынас, ал шарт - келісім

10. Азаматтық құқықтың қатынастардың мазмұнын не құрайды?

  1.  моралдық құқықтар мен міндеттер
  2.   азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері
  3.   қатысушылардың тек мүліктік жағдайына негізделген қоғамдық қатынастар
  4.  мемлекеттік мүлікті басқаруға байланысты мемлекеттік органдардың қызметі
  5.   қоғамдық маңызы бар кез-келген фактілер

11. Азаматтық құқықтың қатынастардың пайда болуы, өзгеруі және тоқтатылуының негізі қайсысы

  1.  заңды фактілер
  2.   заңды тұлғаның әрекет қабілеттілігі
  3.   азаматтың деликті қабілеттілігі
  4.  азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың субъективтік құқықтары мен субъективтік міндеттері
  5.   кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі

12. Заңды (заңи) фактілердің түрлері:

  1.  абсолютті және қатысты
  2.   құқық тудыратын, құқық өзгертетін, құқық тоқтататын
  3.   міндетті, ерікті
  4.  бастапқы және туынды
  5.   негізгі және қосалқы

13. Азаматтық құқықтың субьектілерінің толық құрамы қайсысы?

  1.  жеке тұлғалар және заңды тұлғалар
  2.   мемлекет және мемлекеттік органдар
  3.   мемлекет және әкімшілік - аумақтық бөліністер
  4.  жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік - аумақтық бөліністер
  5.   жұмысшы және жұмыс беруші

14. Азаматтық құқықтың обьектілері:

  1.  субъектілер ретіндегі заңды тұлғалар
  2.   материалдық және материалдық емес игіліктер мен құқықтар
  3.   жеке тұлғалар
  4.  адам және азаматтар
  5.   Қазақстан Республикасының ауа кеңістігі

15. Азаматтық құқықты қорғауды қай орган жүзеге асырады?

  1.  конституциялық кеңес
  2.   парламент
  3.  үкімет
  4.  сот
  5.  министрліктер мен ведомстволар

16. Төменде аталғандардың қайсысы құқық қорғау тәсілдеріне жатады?

  1.  міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару
  2.   құқықты шектен тыс пайдалану
  3.   кінәсіздік презумпциясы
  4.  кінәлілік презумпциясы
  5.   тіркеу

17. Өзін - өзі қорғау дегеніміз не?

  1.  жылы киініп, өзін-өзі күтіп ұстап жүруі
  2.  заң құжаттарында арнайы көзделген реттерде азаматтық құқықтарды қорғау құқығы бұзылған тұлғаның тікелей іс жүзіндегі немесе заңды әрекеттерімен жүзеге асырылуы
  3.  бұзылған құқықты қорғау үшін өкімет билігі немесе басқару органына жүгіну құқығы
  4.  бұзылған құқықты қорғау үшін ҚР Президент әкімшілігіне жүгіну құқығы
  5.  шарты бір жақты тәртіпте бұзу

18. Коносамент дегеніміз -

  1.  теңіз тасымалдауында оны ұстаушының онда көрсетілген жүкке билік ету және тасымалдау аяқталған соң жүкті алу құқын куәландыратын тауарға билік ету құжаты
  2.  өз ұстаушысының акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивиденттер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз
  3.  оны иеленушінің атаулы құнын немесе өзге де мүліктік эквивалентін шығарған тұлғадан оны шығару шартында белгіленген мерзімде алу құқын куәландыратын бағалы қағаз
  4.  салымшының белгіленген мерзім өткеннен кейін салымнан және одан түсетін процентті алу құқын куәландыратын ақшалай құралды салу туралы банктің жазбаша куәлігі
  5.  чек берушінің банк салушыға жазбаша бұйрығынан тұратын, олардың арасында осындай бұйрықта көрсетілген ақша сомасы бойынша чек ұстаушыға төлеу туралы шартқа негізделген төлем құжаты

19. Акция дегеніміз -

  1.  чек берушінің банк салушыға жазбаша бұйрығынан тұратын, олардың арасында осындай бұйрықта көрсетілген ақша сомасы бойынша чек ұстаушыға төлеу туралы шартқа негізделген төлем құжаты
  2.  салымшының белгіленген мерзім өткеннен кейін салымнан және одан түсетін процентті алу құқын куәландыратын ақшалай құралды салу туралы банктің жазбаша куәлігі
  3.  өз ұстаушысының акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивиденттер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз
  4.  оны иеленушінің атаулы құнын немесе өзге де мүліктік эквивалентін шығарған тұлғадан оны шығару шартында белгіленген мерзімде алу құқын куәландыратын бағалы қағаз
  5.  оны ұстаушының онда көрсетілген жүкке билік ету және тасымалдау аяқталған соң жүкті алу құқын куәландыратын тауарға билік ету құжаты

20. Облигация дегеніміз –

  1.  оны иеленушінің атаулы құнын немесе өзге де мүліктік эквивалентін шығарған тұлғадан оны шығару шартында белгіленген мерзімде алу құқын куәландыратын бағалы қағаз
  2.  жекешелендіру объектілерін алу үшін төлем құралы ретінде мемлекеттің нысаналы мақсатта пайдаланылатын бағалы қағазы
  3.  салымшының белгіленген мерзім өткеннен кейін салымнан және одан түсетін процентті алу құқын куәландыратын ақшалай құралды салу туралы банктің жазбаша куәлігі
  4.  чек берушінің банк салушыға жазбаша бұйрығынан тұратын, олардың арасында осындай бұйрықта көрсетілген ақша сомасы бойынша чек ұстаушыға төлеу туралы шартқа негізделген төлем құжаты
  5.  өз ұстаушысының акционерлік қоғам таза табысының бір бөлігін дивиденттер түрінде алуына, акционерлік қоғамның істерін басқаруға қатысуға және ол таратылғаннан кейін қалған мүліктің бір бөлігіне құқығын куәландыратын бағалы қағаз

21. Ұсынушыға бағалы қағазбен куәландырылған құқықты басқа тұлғаға беру үшін

  1.  бағалы қағазды сол тұлғаға тапсыру жеткілікті
  2.  сол қағазда алушы атын жазу жеткілікті
  3.  міндеттемені орындайтын тұлғаны көрсету қажет
  4.  берілетін қағазды жою қажет
  5.  жаңа қағазға ауыстыру арқылы берілетін қағазды жою қажет

22. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар тиесілі болатын тұлға:

  1.  онда аталған тұлға
  2.  бағалы қағазды ұсынушыға
  3.  басқа уәкілетті тұлға
  4.  тіркеуші
  5.  номиналды (бастапқы) ұстаушы

23. Бағалы қағазды берген тұлға және оны индоссиялаған барлық тұлғалар оның заңды иесінің алдындағы жауапкершілігі

  1.  жауап бермейді
  2.  ортақтасып жауап береді
  3.  субсиядиярлық жауап береді
  4.  үлестік тәртіпте жауап береді
  5.  талапты орындағаны үшін және тиісті талаптың жарамдығы үшін жауапты болады

24. Ордерлік бағалы қағаз бойынша (индоссант) құқық берген тұлға жауапкершілігі

  1.  құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін де жауапты болады
  2.  құқықтың болуы және бұл құқықтың мерзімі өткен үшін
  3.  құқықтың болуы үшін жауапты
  4.  жауапкершілік жоқ
  5.  бағалы қағаз бойынша орындау үшін жауапты

25. Атаулы бағалы қағаз бойынша құқық беруші тұлға не үшін жауап болады?

  1.  құқықтың жұзеге асырылуы үшін
  2.  бағалы қағаз бойынша орындау үшін
  3.  құқықтың болуы үшін ғана емес, оның жүзеге асырылуы үшін
  4.  құқықтың болуы үшін, оның жүзеге асырылуы үшін, және бұл құқықтың мерзімі өткені үшін
  5.  талапты орындау үшін емес, тиісті талаптың жарамсыздығы үшін

26. Атаулы қағазбен куәландырылған құқықтар басқа тұлғаға қалай беріледі?

  1.  делькредере арқылы
  2.  коносамент арқылы
  3.  суброгация жеткілікті
  4.  сатып алу-сату шарт арқылы
  5.  индоссамент арқылы

27. Бағалы қағаз түрлеріне қайсылары жатады?

  1.  суперфиций, сервитут
  2.  акция, облигация, коносамент, жәй қойма куәлігі, қос қойма куәлігі
  3.  цессия мен облигация
  4.  чек, вексель, делькредере
  5.  суброгация, акция

28. Бағалы қағазда жасалған индоссамент индоссатқа (құқықтар берілетін тұлғаға):

  1.  барлық құқықтарды ауыстырады
  2.  бағалы қағазбен куәландырылған құқықтардың жартысын ғана ауыстырады
  3.  қағаздың өзінде өзінде көрсетілген жағдайда, құқықтардың жартысын ғана ауыстырады
  4.  бұл құқықтарды индоссатқа беремей-ақ, бағалы қағазбен куәландырылған құқықтардың жүзеге асыру құқығын ғана ауыстырады
  5.  егер бағалы қағазда өзгеше көзделмесе, құқықтардың үште бірін ғана ауыстырады

29. Орындауға тиіс тұлға көрсетілмей жасалған индоссамент қалай аталады?

  1.  бланкілі индоссамент
  2.  нөлді индоссамент
  3.  кәдімгі индоссамент
  4.  сену индоссаменті
  5.  вексельдік индоссамент

30. Бағалы қағазбен куәландырылған құқықтарды жүзеге асыру ұшін, бұл құқықтырды индоссатқа беремей-ақ жасалған индоссамент қалай аталады?

  1.  сену индоссаменті
  2.  бланкілі индоссамент
  3.  өкілдік индоссамент
  4.  кәдімгі индоссамент
  5.  жалпы индоссамент

31. Индоссат қандай жағдайда өкіл ретінде әрекет жасайды?

  1.  сену индоссаментінде
  2.  бланкілі индоссаментте
  3.  өкілдік индоссаментте
  4.  кәдімгі индоссаментте
  5.  жалпы индоссаментте

32. Жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлікті кепілге беру:

  1.  мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап пайда болады
  2.  мүліктің берілуі кезден бастап пайда болады
  3.  кепіл шартына қол қойылған кезден бастап пайда болады
  4.  нотариалдық куәландыру өткен кезден бастап
  5.  кепіл ұстаушының мөрі басылған кезден бастап пайда болады

33. Қандай мүліктер бөлінбейтін мүлік болып танылады?

  1.  кез - келген мүлік
  2.  өзінің шаруашылық мақсатын( міндетін ) өзгертпей бөлуге болмайтын немесе заң құжатында ұйғарылуына қарай бөлуге жатпайтын мүлік
  3.  космос кеңістігі
  4.  ондай мүлік болмайды
  5.  шетелдіктердің мүлігі

34. Азаматтық құқық объектісі ретінде кәсіпорын дегеніміз -

  1.  заңды тұлға
  2.  мемлекеттік мекеме
  3.  акциясының 100 проценті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам
  4.  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолданылатын мүліктік кешен
  5.  акциясының 25 проценті мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам

35. Құқықтарды беру индоссамент жасау арқылы өтетін бағалы қағаз қалай аталады?

  1.  ордерлік бағалы қағаз
  2.  варрант
  3.  опцион
  4.  ұсынушы бағалы қағазы
  5.  атаулы және ұсынушы бағалы қағаздары

36. Қайсысы туынды бағалы қағаз болып табылады?

  1.  акция
  2.  облигация
  3.  варрант
  4.  коносамент
  5.  делькредере

37. Қайсысы бағалы қағаз?

  1.  делькредере
  2.  варрант
  3.  суброгация
  4.  суперфиций
  5.  сенімхат

38. Егер әр текті заттар оны бірігу мәнін белгілейтін мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін бүтін бір затты құраса, оның атауы:

  1.  күрделі зат
  2.  бөлінбейтін зат
  3.  жеке анықталған зат
  4.  қозғалмайтын мүлік
  5.  бағалы қағаз

39. Берілуге, пайдалануға рұқсат етілмейтін заттар қалай аталады?

  1.  қозғалмайтын мүлік
  2.  бөлінбейтін зат
  3.  айналымнан алынып тасталған
  4.  жеке анықталған зат
  5.  текті белгілермен айқындалған

40. Төмендегі терминдердің қайсысы акцияға қатысты қолданылады?

  1.  күрделі
  2.  жоғары
  3.  орташа
  4.  артықшылықты
  5.  кемшілікті

41. ҚР заңдарына сәйкес варрант дегеніміз -

  1.  биржалық мәміленің бір түрі
  2.  мемлекеттік емес мекеменің меншік иесі
  3.  туынды бағалы қағаз
  4.  мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету
  5.  шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты

42. Жеке тұлғалар ұғымының толық анықтамасына қайсылары жатқызылады?

  1.  Қазақстан Республикасының азаматтары
  2.  апатридтар
  3.  шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар
  4.  жеке кәсіпкерлер
  5.  Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар

43. Азаматтардың құқық қабілеттілігі дегеніміз -

  1.  азаматтық құқыққа ие болу және міндет атқару қабілеті
  2.  меншік құқығында кез - келген мүлікке ие болу қабілеті
  3.  азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге аыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеттілігі
  4.  заңмен тиым салынбаған кез- келген мәмілелерді жасауға және міндеттемелерге қатысу мүмкіндігі
  5.  Қазақстан Республикасының территориясында еркін жүріп тұру және тұрғылықты жерді таңдау мүмкіндігі

44. Азаматтың құқық қабілеттілігі басталатын кезең:

  1.  кәмелетке толу кезеңі (18 жас)
  2.  дүниеге келу кезеңі
  3.  16 жасқа толу кезеңі
  4.  14 жасқа толу кезеңі
  5.  21 жасқа толу кезеңі

45. Азаматтың құқық қабілеттілігі тоқтатылатын сәт:

  1.  қайтыс болу сәті
  2.  соттың адамды хабар ошарсыз кетті деп шешім шығарған сәт
  3.  мүдделі тұлғалар азаматты өлді деп жариялау туралы сотқа арыз беру сәті
  4.  азаматты хабар- ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген кезде
  5.  зейнеткерлік жасқа толған сәт

46. Жалпы талаптар бойынша азаматтың есіміне кіретін ұғымдар:

  1.  псевдоним
  2.  тегі және өз аты мен әкесі атының қысқаша атауы
  3.  есімі мен әкесінің аты
  4.  тегі, өз есімі, сондай- ақ, қаласа әкесінің аты
  5.  тегі ғана

47. Азаматтың тұрғылықты жері ұғымы

  1.  азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын мекен-жайы
  2.  азаматтың ата мен әжесі тұратын мекен-жайы
  3.  азаматтың апа жездесінің тұратын мекен-жайы
  4.  азаматтың ата- анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері
  5.  азаматтың тұрақты немесе көбінесе тұратын облысы

48. Он төрт жасқа толмаған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайы ретінде танылатын жер:

  1.  олардың ата- аналарының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының тұрғылықты жері
  2.  кәмелетке жасы толмағандардың көбінесе тұратын мекен-жайы орналсқан жер
  3.  кәмелетке жасы толмағандардың тұрақты немесе көбінесе тұратын мемлекеті
  4.  кәмелетке жасы толмағандардың тұрақты тұратын облысы
  5.  кәмелетке жасы толмағандардың тұрақты немесе көбінесе тұратын ауданы

49. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі түсінігі:

  1.  еңбек құқықтарына ие болып, міндеттер атқару қабілеті
  2.  ҚР территориясында еркін жүріп тұруы
  3.  заңмен тиым салынбаған кез- келген мәмілелерді жасауға және міндеттемелерге қатысу мүмкіндігі
  4.  азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болу және оны жүзеге асыру, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындау қабілеттілігі
  5.  кез - келген мүлікке меншік құқығымен ие болу қабілеті

50. Жалпы ереже бойынша азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық көлемде қай жастан пайда болады?

  1.  туған кезден
  2.  14 жасқа толғанан бастап
  3.  16 толғанан бастап
  4.  кәмелетке толғанда (18 жасқа) толғаннан бастап
  5.  21 жасқа толғанан кейін

51. Он төрт жасқа дейінгі азаматтар жасай алатын мәмілелер:

  1.  ешқандай да мәмілелерді жасай алмайды
  2.  ұсақ тұрмыстық
  3.  автокөлікті сатып алу-сату
  4.  ата-анасының киімдерін сыйға тарту
  5.  тұрғын үйді сатып алу-сату

52. Жасы он сегізге толмаған азаматтар қалай аталады?

  1.  әрекет қабілеттілігі жоқтар
  2.  әрекет қабілеттілігі шектеулілер
  3.  кәмелетке толмағандар
  4.  жасөспірім ұлдар мен қыздар
  5.  ерте есейгендер

53. Он төрт жасқа дейінгі азаматтар өз қалауынша қандай мәмілелерді жасай алады?

  1.  банкілерге олардың атына біреудің салған салымдарына билік етуге
  2.  ұсақ тұрмыстық мәмілелерді
  3.  ешқандай мәміле жасауға құқылы емес
  4.  ата - анасының , асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен мәмілелер жасауға
  5.  республикалық референдумға қатысуға

54. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігіне кіретін құқықтары:

  1.  тұрмыстық ұсақ мәмілелерді жасауға, өздерінің табысына, стипендиясына, өзге де кірістеріне және өзі жасаған интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне билік ету
  2.  тек қана ұсақ тұрмыстық мәмілелерді жасау
  3.  ата-әже табысына билік ету
  4.  ата-ана ақшасына билік ету
  5.  аға-апа мүлкін айырбастау

55. Қандай мемлекеттік орган азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп таниды?

  1.  облыс әкімдігі
  2.  полиция
  3.  прокурор
  4.  қорғаншылық және қамқоршылық органы
  5.  сот

56. Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылуы мүмкін?

  1.  егерде ол есірткі заттарға салынса
  2.  егерде ол өзін және өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса
  3.  егерде ол спирт ішімдіктеріне салынса
  4.  егерде ол жүйке ауруы немесе ақыл- есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмаса және не істегенін білмесе
  5.  егерде ол спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарына өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса

57. Қандай жағдайда азаматтың әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін?

  1.  егерде ол спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса
  2.  егерде ол жүйке ауруы немесе ақыл- есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмаса немесе не істегенін білмесе
  3.  егерде ол өзін және өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратса
  4.  егерде ол есірткі заттарға салынса
  5.  егерде ол спирт ішімдіктеріне салынса

58. Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану үшін қанша мерзім қажет?

  1.  алты жыл
  2.  үш жыл
  3.  екі жыл
  4.  бір жыл
  5.  алты ай

59. Егер азамат туралы деректер болмаса, сот оны қанша мерзімнен кейін өлді деп жариялауы мүмкін?

  1.  алты жыл
  2.  төрт жыл
  3.  үш жыл
  4.  бір жыл
  5.  он жыл

60. Егер азаматты өлім қатері төнген немесе жазатайым оқиғадан қаза тапты деп жорамалдауға негіз болатын болса, қанша мерзімнен кейін оны сот өлді деп жариялауы мүмкін?

  1.  1 жыл
  2.  10 жыл
  3.  5 жыл
  4.  3 жыл
  5.  6 ай

61. Соғыс қимылдарына байланысты жоғалып кеткен әскери қызметші соғыс қимылдары аяқталғаннан кейін қанша мерзімнен кейін өлді деп жариялануы мүмкін?

  1.  2 жыл
  2.  3 жыл
  3.  1 жыл
  4.  6 ай
  5.  3 ай

62. 14 жасқа дейінгі кәмелетке жасы жетпегендер үшін қайсысы тағайындалады?

  1.  қамқоршылық
  2.  қорғаншылық
  3.  патронаж
  4.  бақылау
  5.  тексеру

63. Құқық қабілеттігі

  1.  ешнәрсеге тәуелсіз барлық жағдайларда беріледі
  2.  психикалық жағдайына баайланысты беріледі
  3.  жасына байланысты беріледі
  4.  денсаулығына байланысты беріледі
  5.  азаматтығына байланысты беріледі

64. Құқық қабілеттігі шектелуі мүмкін негіз қайсысы?

  1.  заңнамаға сәйкес
  2.  жасалған шартқа сәйкес
  3.  егер тұлға құқық қаблеттігінен ішінара өзі бас тартқан жағдайда
  4.  Үкімет актісіне сәйкес
  5.  прокурордың актісіне сәйкес

65. Дара кәсіпкерліктің субъектісі болып қайсысы табылады?

  1.  заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғалар
  2.  жеке тұлғалар мен шаруашылық серіктестіктер
  3.  жеке тұлғалар мен коммерциялық емес заңды тұлғалар
  4.  шағын кәсіпкерліктің субъектілері
  5.  жеке тұлғалар, ЖШС мен өндірістік коперативтер

66. Бірлескен кәсіпкерлік нысандарының бірі -

  1.  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің кәсіпкерлігі
  2.  пәтер иелері кооперативінің кәсіпкерлігі
  3.  акционерлік қоғамның кәсіпкерлігі
  4.  ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі
  5.  жеке азаматтың кәсіпкерлігі

67. Кәсіпкерлік дегеніміз -

  1.  жеке кәсіпкер өзіне тиесілі барлық мүлік жиынтығымен, сонымен қоса мүліктік құқықтар негізінде өз қызметін жүзеге асыратын міндетті жұмыс
  2.  азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, өз мүліктік жауапкершілігі мен тәуекеліне негізделген, өз атынан жүзеге асырылатын ынталы қызметы
  3.  заңды тұлға құру арқылы жүзеге асырылатын қызмет
  4.  заңды тұлға құрмай-ақ кез-келген қызметпен айналысу
  5.  бағасы он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заттарды сату жөніндегі қызмет

68. Коммерциялық заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары:

  1.  мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, тұтыну кооперативі
  2.  акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор
  3.  өндірістік кооператив, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік
  4.  толық серіктестік, акционерлік қоғам, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік
  5.  мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив

69. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға қандай нысандарда құрылуы мүмкін?

  1.  мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, заңды тұлғалардың қауымдастығы, өзге де нысанда
  2.  мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
  3.  мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік мекеме, тұтыну кооперативі
  4.  акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор
  5.  өндірістік кооператив, тұтыну кооперативі, акционерлік қоғам, шаруашылық серіктестік, қоғамдық қор

70. Заңды тұлғаның орналасқан жері ретінде танылатын мекен-жай:

  1.  тұрақты жұмыс істейтін (атқарушы) органы орналасқан жер
  2.  пошталық мекен-жайы
  3.  заңды тұлғаның филиалдары орналасқан елді мекен
  4.  құрылтайшылардың орналасқан немесе тұратын жері
  5.  заңды тұлға өкілдігінің басым көпшілігі орналасқан елді мекен

71. Жалпы ереже бойынша заңды тұлғаның құрылтай құжаттары

  1.  жарғы, немесе жарғы және құрылтай шарты
  2.  заңды тұлғаның орналасқан жерін растайтын құжат
  3.  нормативтік құқықтық актілер
  4.  статистикалық карточка және салық төлеушінің тіркеу нөмірі
  5.  мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

72. Ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуін жүзеге асыратын орган?

  1.  нотариус
  2.  прокурор
  3.  әділет органдары
  4.  сот
  5.  сол заңды тұлғаның лауазым адамымен

73. Жариялаған жарғылық капиталының мөлшері азайған жағдайда заңды тұлға:

  1.  тіркелуі тиіс
  2.  қайта тіркелуі тиіс
  3.  таратылуы тиіс
  4.  қайта құрылуы тиіс
  5.  бөлінуі тиіс

74. Филиал дегеніміз -

  1.  заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін, соның ішінде өкілдік міндетін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі
  2.  заңды тұлға кейбір қызметін жүзеге асырушы еншілес ұйым
  3.  коммерциялық емес ұйым
  4.  азаматтардың ерікті бірлестігі
  5.  қоғамдық бірлестік нысандарының бірі

75. Өкілдік дегеніміз

  1.  заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның міндеттерінің бәрін немесе бір бөлігін жүзеге асырушы оқшау бөлімшесі
  2.  коммерциялық емес ұйым
  3.  коммерциялық ұйымдардың бір нысаны болып табылады
  4.  азаматтардың ерікті бірлестігі
  5.  заңды тұлғаның отұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер мен өзге де құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі

76. Қайсысы заңды тұлғаны қайта құрудың нысаны болып табылады?

  1.  акционерлендіру
  2.  банкрот деп тану
  3.  ерікті түрде таратылу
  4.  мәжбүрлеп тарату
  5.  өзгерту

77. Заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған жағдайда ол:

  1.  қайта құрылуы тиіс
  2.  сот тәртібі бойынша банкрот болып танылуы тиіс
  3.  лицензиядан айырылуы тиіс
  4.  сот шешімі бойынша таратылуы тиіс
  5.  қылмыстық жауапкершілікке тартылуы тиіс

78. Шаруашылық серіктестік дегеніміз -

  1.  заңды тұлғаның оқшау бөлімшесі
  2.  коммерциялық емес ұйым
  3.  -жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымына) бөлінген коммерциялық ұйым
  4.  азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде құратын ерікті бірлестігі
  5.  қоғамдық бірлестік

79. Толық серіктестіктің қатысушысы ретінде бола алатындар:

  1.  тек жеке тұлғалар
  2.  жеке тұлға және заңды тұлғалар
  3.  коммерциялық ұйымдар
  4.  коммерциялық емес ұйымдар және азаматтар
  5.  шетел азаматтары мен шетел заңды тұлғалары

80. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталына үлес ретінде салынатындар:

  1.  тек ақша
  2.  ақша мен бағалы қағаздар
  3.  ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік құқық, санаткерлік қызмет нәтижесі құқығын қоса алғанда, өзге де мүлік
  4.  тек жылжитын (қозғалатын) мүлік пен ақша
  5.  тек жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлік пен ақша

81. Шаруашылық серіктестіктің жоғарғы органы

  1.  бақылау органы
  2.  президент
  3.  тексеру комиссиясы
  4.  дирекция
  5.  оның қатысушыларының жалпы жиналысы

82. Толық серіктестік дегеніміз -

  1.  азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде ерікті бірлестігі
  2.  серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушыларды серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын коммерциялық ұйым
  3.  заңды тұлғаның оқшау бөлімшесі
  4.  серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушыларды серіктестіктің міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға салған салымы көлемінде тәуекел ететін коммерциялық ұйым
  5.  акционерлік қоғамның бір түрі

83. Толық серіктестік қатысушыларының серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі қандай?

  1.  ортақ, өздеріне тиесілі барлық мүлкімен
  2.  субсидиарлық
  3.  үлестік
  4.  қосымша
  5.  өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап береді

84. Сенім серіктестігі дегеніміз -

  1.  ұйымдастырушылары серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда өзінің барлық мүлкімен ортақ жауапкершіліке болатын ұйым
  2.  серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен (толық серіктермен) қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, серіктесіктің (салымшылардың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін коммерциялық ұйым
  3.  заңды тұлғаның оқшау бөлімшесі
  4.  коммерциялық емес заңды тұлғалар
  5.  кәсіпкерлік мақсатта құрған азаматтардың ерікті бірлестігі

85. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз -

  1.  коммерциялық емес заңды тұлға
  2.  кәсіпкерлік мақсаттағы азаматтардың ерікті бірлестігі
  3.  қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейтін және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің жарғылық капиталға қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел ететін коммерциялық ұйым
  4.  қатысушылары серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікке болатын ұйым
  5.  акционерлік қоғамның бір түрі

86. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталының заңнамамен бекітілген  төменгі мөлшері:

  1.  1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс
  2.  100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс
  3.  5000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс
  4.  500 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс
  5.  200 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауға тиіс

87. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша қалай жауап береді?

  1.  ортақ жауапкершілік
  2.  өзінің барлық мүлкімен толық жауап береді
  3.  өзінің барлық мүлкімен ортақтасып жауап береді
  4.  үлестік жауапкершілік
  5.  өз салымдарының көлемі шегінде еселенген мөлшерде қосымша жауап береді

88. Акционерлік қоғам дегеніміз -

  1.  өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға
  2.  міндеттемелері бойынша мүлкі жетпеген жағдайда қатысушылары ортақ жауапкершілікте болатын заңды тұлға
  3.  заңды тұлғаның акция шығаратын оқшау бөлімшесі
  4.  акционерлік діни бірлестік
  5.  кәсіпкерлікпен бірлесіп айналысу мақсатында құрылған азаматтардың мүшелік негіздегі ерікті бірлестігі

89. Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері:

  1.  100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс
  2.  50 000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс
  3.  10 000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс
  4.  20 000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс
  5.  1000 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс

90. Азаматтық құқыққа ғана тән қағидат (принцип)

  1.  заңдылық
  2.  әділдік
  3.  демократизм
  4.  жариялылық
  5.  шарт еркіндігі

91. Еншілес шаруашылық серіктестігі дегеніміз -

  1.  -шаруашылық серіктестіктер, мұнда басқа бір /негізгі/ шаруашылық серіктестігі жарғылық капиталдың басым бөлігін құрайды немесе өзара жасалған шарт бойынша өзгеде тәсілдермен серіктестіктің шығарған шешімдеріне ықпал етіп оны айқындайды
  2.  кез-келген шаруашылық серіктестігі
  3.  филиалдар
  4.  өкілдіктер
  5.  шаруашылық серіктестіктің құрамдас бөлігі

92. Өндірістік кооператив ұғымы

  1.  қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша мүлік жетпеген жағдайда барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын ұйым
  2.  заңды тұлғаның дараланған бір бөлігі
  3.  коммерциялық емес ұйым
  4.  азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі
  5.  қоғамдық бірлестік

93. Өндірістік кооперативтің мүшелері бола алатындар:

  1.  жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар
  2.  коммерциялық ұйымдар
  3.  тек азаматтар
  4.  коммерциялық емес ұйымдар
  5.  тек жеке кәсіпкерлер

94. Мемлекеттік кәсіпорындардың түрлері:

  1.  коммуналды және жергілікті
  2.  шаруашылық жүргізу құқығына және оралымды басқару құқығына негізделген
  3.  қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер
  4.  коммерциялық және коммерциялық емес
  5.  тәуелді және еншілес

95. Мекеме дегеніміз -

  1.  саяси партиялар, кәсіби одақтар
  2.  қайырымдылық мақсатты көздейтін ұйым
  3.  басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес сипаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым
  4.  азаматтардың рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін құрылатын ерікті түрдегі бірлестік
  5.  заңды тұлғалар қауымдастығы

96. Қауымдастық дегеніміз -

  1.  қоғамдық бірлнстіктер
  2.  мемлекеттік заңды тұлға
  3.  заңды тұлғаның құрамдас бөлігі
  4.  коммерциялық ұйым
  5.  заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі (одағы)

97. Жай серіктестік деген не?

  1.  шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаты
  2.  ЖШС құрылтай құжаттары
  3.  шарт, ол бойынша екі немесе одан да көп тұлғалар /серіктер/ салымдарын біріктіріп ЖШС құру туралы міндеттенеді
  4.  шарт, ол бойынша екі немесе одан да көп тұлғалар /серіктер/ заңды тұлға құрмай-ақ таза пайда табу мақсатында немесе заңға қайшы келмейтын өзге де мақсаттарға жету үшін өздерінің салымдарын біріктіріп және бірлесіп әрекет жасау туралы келісім
  5.  коммерциялық емес ұйымдардың құрылтай құжаттары

98. Консорциум дегеніміз -

  1.  заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны
  2.  коммерциялық емес ұйым
  3.  толық серіктестік
  4.  бірлескен шаруашылық қызмет туралы заңды тұлғалар арасындағы шарт; олардың тең құқықты уақытша одағы (бірлестігі);
  5.  шаруашылық серіктестік

99. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталы

  1.  шаруашылық серіктестіктің акциялары
  2.  құрылтайшылар шаруашылық серіктестікке салым ретінде тапсырған ақша және өзге мүлік
  3.  құрылтайшылардың үлестік меншігі
  4.  құрылтайшылардың біреуінің үлесі
  5.  шаруашылық серіктестіктің дербес балансы

100. Қатысушылары тек азаматтар болып табылатын ұйым

  1.  толық серіктестік
  2.  акционерлік қоғам
  3.  жауапкершілігі шектеулі серіктестік
  4.  мемлекеттік кәсіпорын
  5.  мемлекеттік мекеме

101. Мүлкіне қатысушылары міндеттемелік құқыққа ие заңды тұлғалар:

  1.  өндірістік кооперативтер және шаруашылық серіктестіктер
  2.  шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар
  3.  діни және қоғамдық бірлестіктер
  4.  қоғамдық қорлар
  5.  оралымды басқару құқығындағы мемлекеттік мекемелер

102. Қатысушылары заңды тұлғаның мүлкіне меншік құқығын немесе өзгеде заттық құқығын сақтап қалатын ұйымдар:

  1.  қоғамдық қорлар
  2.  акционерлік қоғамдар
  3.  мемлекеттік кәсіпорындар
  4.  шаруашылық серіктестіктер
  5.  діни бірлестіктер

103. Қатысушылары заңды тұлғаның мүлкіне меншік құқығын сақтамайтын ұйымдар:

  1.  қоғамдық бірлестіктер, діни ұйымдар
  2.  өндірістік кооперативтер мен шаруашылық серіктестіктер
  3.  акционерлік қоғамдар
  4.  мемлекеттік кәсіпорындар
  5.  мемлекеттік мекемелер

104. Заңды тұлғаның таратылуы кезінде еңбек шарты бойынша жұмыс істеген тұлғалардың жұмыс ақысын төлеу бойынша және авторлық шарттардың сый ақыларын төлеу бойынша талаптар қандай кезекте қанағаттандырылады?

  1.  бірінші кезекте
  2.  екінші кезекте
  3.  үшінші кезекте
  4.  төртінші кезекте
  5.  бесінші кезекте

105. Жалпы ереже бойынша заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі пайда болатын кезең:

  1.  заңды тұлға тіркелгенде
  2.  құрылтай құжаттарына қол қойғанда
  3.  салық органдарына есепке тұрғанда
  4.  құрылтай шартқа қол қойғанда
  5.  жарғыға қол қойғанда

106. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өз борыштары үшін қандай мүлкімен жауап береді?

  1.  өзінің барлық мүлкімен
  2.  меншік иесімен ортақтасып
  3.  меншік иесімен үлестік тәртіпте
  4.  тек ақшалай
  5.  тек меншік иесі жауап береді

107. Заңды тұлға таратылған кезде бюджетке міндетті төлемдер жөніндегі міндеттемелер қандай кезекте қанағаттандырылады?

  1.  бірінші кезекте
  2.  екінші кезекте
  3.  үшінші кезекте
  4.  төртінші кезекте
  5.  бесінші кезекте

108. Лицензия дегеніміз -

  1.  белгілі бір кәсіппен айналысу үшін тауарды, қызметті, жұмысты жүзеге асыру құқығын беретін мемлекеттік органның рұқсаты
  2.  заңды тұлғаның құрылтай құжаты
  3.  әділет органдарының банктерге банктік қызметпен айналысуға беретін рұқсаты
  4.  жарғыға қосымша тіркелетін құжат
  5.  салық органдарының салық төлеушінің құқығын растауға беретін рұқсаты

109. Заңды тұлғалардың қандай нысаны мүлікті шаруашылық жүргізу құқығы негізінде иеленеді?

  1.  қоғамдық бірлестік
  2.  мемлекеттік кәсіпорын
  3.  мекеме
  4.  өндірістік кооператив
  5.  акционерлік қоғам

110. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың саны:

  1.  шектеулі
  2.  шектелмеген
  3.  30-дан кем болмауы тиіс
  4.  50-ден аспауы тиіс
  5.  100 бен 1000 арасында болуы қажет

111. Акционерлік қоғамның акционерлерінің саны

  1.  шектеулі
  2.  шектелмеген
  3.  30-дан кем болмауы тиіс
  4.  50-ден аспауы тиіс
  5.  100 бен 1000 арасында болуы қажет

112. Заңды тұлғаны қосу барысында оның құқықтары мен міндеттері қандай құжатқа сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді?

  1.  өткізу актісі бойынша
  2.  бөлу балансы бойынша
  3.  жарғы бойынша
  4.  құрылтай шартына сәйәкес
  5.  құрылтай шарты мен жарғы бойынша

113. Бір заңды тұлғаны екінші бір заңды тұлғаға біріктіру барысында соңғысына құқықтары мен міндеттері қандай құжаттарға сәйкес өтеді?

  1.  өткізу актісі бойынша
  2.  бөлу актісі бойынша
  3.  жарғы бойынша
  4.  құрылтай шартымен
  5.  құрылтай шарты мен жарғы бойынша

114. Заңды тұлғаны бөлу кезінде оның құқықтары мен міндеттері жаңа пайда болған заңды тұлғаға қандай құжат негізінде өтеді?

  1.  өткізу актісі
  2.  жарғы
  3.  бөлу балансы
  4.  құрылтай шарты
  5.  жарғы және құрылтай шарты

115. Бір заңды тұлғаның құрамынан бір немесе оданда көп заңды тұлға бөлініп шыққанда олардың әрқайысына бөлінген заңды тұлғаның құқықтары мен міндеттері қандай құжатқа сәйкес өтеді?

  1.  бөлу балансы
  2.  өткізу актісі
  3.  жарғы
  4.  құрылтай шарты
  5.  жарғы және құрылтай шарты

116. Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны өзгергенде қайта құрылған заңды тұлғаға құқықтар мен міндеттер қандай құжаттар бойынша өтеді?

  1.  өткізу актісі
  2.  бөлу балансы
  3.  жарғы
  4.  құрылтай шарты
  5.  жарғы және құрылтай шарты

117. Өткізу актісі мен бөлу балансының мазмұнында мына мәліметтер болуы тиіс:

  1.  қайта құрылған заңды тұлғаның барлық несие берушілері мен борышқорлары алдындағы міндеттемелері мен тараптар арасында дау тудырған барлық міндеттерге құқық сабақтастығы туралы ережелер
  2.  жаңа пайда болған заңды тұлғаның банкілік реквизиттері мен адресі
  3.  жаңа пайда болған заңды тұлғаның қызметінің пәні мен мақсаты
  4.  жаңадан құрылған заңды тұлғаны басқару туралы тәртіп ережелері
  5.  жаңадан пайда болған заңды тұлға органдарының құрылу тәртібі мен өкілеттігі туралы ережелер

118. Заңды тұлға таратылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген несие берушілердің талаптары жөніндегі міндеттемелер қандай кезекте қанағаттандырылады?

  1.  бірінші кезекте
  2.  екінші кезекте
  3.  үшінші кезекте
  4.  төртінші кезекте
  5.  бесінші кезекте

119. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі:

  1.  өзінің барлық мүлкімен
  2.  өзінің қарамағындағы барлық ақшамен
  3.  меншік иесі ғана жауапты
  4.  меншік иесімен ортақтасып жауап береді
  5.  меншік иесімен қосымша жауап береді

120. Банкроттық деген не?

  1.  заңды тұлғаның әрекет қабілетінің шектелуі
  2.  заңды тұлғаның құқық қабілетінің шектелуі
  3.  жеке кәсіпкерді қайта құру
  4.  заңды тұлғаның заңнама ережелерін бұзғаны үшін қызметін тоқтату
  5.  борышкердің соттың шешімімен танылған оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі

121. Сауықтыру (санация) ұғымы:

  1.  төлем қабілеті жоқ борышкердің таратылуына жол бермеу мақсатымен оның мүлкінің меншік иесі (өкілетті орган) мен өзге де несие берушілер тарапынан борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіріп, қаржы мен өзге де ресурстарын жұмылдыруға бағытталған шаралар
  2.  қасақана банкроттыққа ұшырату
  3.  борышкердің төлем қаблетсіздігі
  4.  заңды тұлғаға қатысты конкурстық іс қозғау
  5.  конкурстық басқарушының өкілеттігін куәландыратын құжат

122. Типтік жарғы негізінде шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын ұйымды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі:

  1.  бір жұмыс күні ішінде
  2.  үш жұмыс күні ішінде
  3.  бес жұмыс күні ішінде
  4.  он жұмыс күні ішінде
  5.  он бес жұмыс күні ішінде

123. Коммерциялық емес ұйымдарды заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі:

  1.  он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде
  2.  бес жұмыс күні ішінде
  3.  үш жұмыс күні ішінде
  4.  бір ай ішінде
  5.  жеті күнтізбелік күн ішінде

124. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу мерзімі:

  1.  1 жұмыс күні ішінде
  2.  5 жұмыс күні ішінде
  3.  7 күн ішінде
  4.  15 күнде
  5.  20 күнде

125. Мәміле дегеніміз -

  1.  әкімшілік актілер
  2.  құқыққа қайшы іс - әрекеттер
  3.  азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды салдардың пайда болуына бағытталған құқықтық әрекеттері
  4.  оқиғалар
  5.  азаматтар мен заңды тұлғалардың заңды салдардың пайда болуына әкеліп соқтырмайтын құқықтық әрекеттері

126. Мәміле біржақты болып саналады, егер:

  1.  оны жасау үшін үшінші жақтың ерік білдіруі қажет болса
  2.  оны жасау үшін екі жақтың да ерік білдіруі қажет болса
  3.  ол ешқандай заңды салдардың туындауына әкелмесе
  4.  оны жасау үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет және жеткілікті болса
  5.  ол үшін еріктің болуы міндетті емес болса

127. Заңды тұлғаның бір белгісі:

  1.  міндетті түрде ең азы 10 қызметкерінің болуы
  2.  дербес сметасының болуы
  3.  мөрінің болуы
  4.  жеке меншіктегі ғимаратының болуы
  5.  оқшау мүлкінің болуы

128. Екі жақты мәміле дегеніміз -

  1.  оны жасау үшін екі тараптың келісімімен ерік білдіруі қажет болатын мәміле
  2.  оны жасау үшін екіден де көп тараптардың ерік білдіруі қажет болатын мәміле
  3.  үшінші жақ үшін міндеттеме туғызатын мәміле
  4.  оны жасау үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет мәміле
  5.  оны жасау үшін еріктің болуы міндетті емес мәміле

129. Реституция дегеніміз -

  1.  бөтен біреудің заңсыз иеленуінен мүлікті талап ету
  2.  міндеттемені орындау тәсілі
  3.  міндеттемені тоқтату тәсілі
  4.  меншік иесі міндеттемелері бойынша мүлікті өндіріп алу
  5.  мәміле жасағанға дейінгі тараптардың жағдайын қалпына келтіру

130. Мәмілелерді тіркеуден бас тарту

  1.  жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалғанда ғана мүмкін болады
  2.  жазбаша түрде рәсімделуге тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасамау қажет
  3.  ауызша түрде рәсімделуі тиіс және заң талаптарының бұзылуына сілтеме жасалмауы мүмкін
  4.  нотариалды түрде рәсімделуі мүмкін
  5.  мәміленің тиімсіздігіне байланысты жол беріледі

131. Мәмілені жарамсыз деп тану негізі қандай?

  1.  тараптардың келісімі
  2.  әкімнің шешімі
  3.  прокурор қаулысы
  4.  заңнама
  5.  ата-ана келісімі

132. Мәміле кейінге қалдырылатын шартпен жасалады деп есептеледі, егер тараптар:

  1.  құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса
  2.  құқықтар мен міндеттердің тоқтатылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса
  3.  құқықтар мен міндеттердің туындауын кейінге қалдырса
  4.  шарттың басталуына ықпал етпеу туралы келіссе
  5.  шарт жасасуға келіссе

133. Мәміле жою шартымен жасалған деп есептеледі, егер тараптар

  1.  құқықтар мен міндеттердің тоқтатылуын оның болатынын немесе болмайтыны белгісіз жағдайға тәуелді етіп қойса
  2.  міндеттердің тоқтатылуын оның болатыны немесе болмайтыны белгілі жағдайға тәуелді етіп қойса
  3.  құқықтардың пайда болуын оның болатыны немесе болмайтыны белгісіз жағдайға тәуелді етіп қойса
  4.  міндеттердің өзгеруін оның болатыны немесе болмайтыны белгісіз жағдайға тәуелді етіп қойса
  5.  құқықтардың өзгеруін оның болатыны немесе болмайтыны белгілі жағдайға тәуелді етіп қойса

134. Мәміле -

  1.  кез-келген жағдайда, ол шарт
  2.  құқықтық әрекет
  3.  кез-келген жағдайда, ол келісім
  4.  суброгация
  5.  кез келген жағдайда цессия

135. Толық серіктестік

  1.  акционерлік қоғам нысаны
  2.  шаруашылық серіктестіктің нысаны
  3.  мемлекеттік кәсіпорын нысаны
  4.  жай серіктестік нысаны
  5.  коммерциялық емес ұйым нысаны

136. Жазбаша нысанда жасалуы тиіс мәмілелер:

  1.  конклюдентті әрекеттерді қамтитын мәмілелер
  2.  мәміленің бағасы 20 айлық есептік көрсеткіштен асса
  3.  ұсақ тұрмыстық мәмілелер
  4.  кәсіпкерлік мақсатта, мәміленің жасалу және орындалу сәттері бір мезгілде болмаса, мәміле бағасы жүз айлық есептік көрсеткіштен асатын болса
  5.  жасалу кезінде орындалатын мәмілелер

137. Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау

  1.  оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады
  2.  оның жарамсыз болуына әкеліп соқтырады
  3.  оның міндетті мемлекеттік тіркелуіне әкеліп соқтырады
  4.  оның міндетті нотариалдық куәландыруіне әкеліп соқтырады
  5.  дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, мазмұнын немесе орындалуын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады және мәміленің жарамсыздығына негіз болады

138. Егер мемлекеттік тіркеуді керек ететін мәміле тиісті нысанда жасалса, бірақ тараптардың бірі оны тіркеуден жалтарса:

  1.  екінші тараптың талап етуімен сот мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға құқылы
  2.  екінші тараптың талап етуімен прокуратура мәмілені тіркеу туралы шешім шығаруға міндетті
  3.  мәміле жарамсыз деп танылады
  4.  мәмілені нотариалды куәландыру қажет
  5.  мәмілені екінші тараптың талап етуімен қайтадан жазбаша рәсімдеу қажет

139. Кімнің талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылу мүмкін?

  1.  тек полицияның талабы бойынша
  2.  жергілікті атқару органының талабы бойынша
  3.  мүдделі тұлғалардың, мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша
  4.  тараптардың келісімі бойынша
  5.  ҚР конституциялық кеңесінің талабы бойынша

140. Мәміле жарамсыз деп танылғанда қылмыстық ниет болмаса:

  1.  тараптардың әрқайсысы екінші тарапқа мәміле бойынша алынғанның бәрін қайтарып беруге міндетті
  2.  мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі соттың шешімі бойынша тәркіленуге тиіс
  3.  мәміле бойынша алғандарының бәрі прокурордың шешімі бойынша тәркіленуге тиіс
  4.  әр тарап қарсы жақ шығынының орнын толтыруы қажет
  5.  бұл факт нотариалды куәландырылуы тиіс

141. Жалған мәміле дегеніміз -

  1.  басқа мәмілені бүркемелеу мақсатымен жасалған мәміле
  2.  әрекет қабілеттілігі жоқ тұлғамен жасалған мәміле
  3.  заңдық салдар туғызу ниетін көздемей, тек көз алдау үшін жасалған мәміле
  4.  кәмелетке толмаған тұлғамен жасалған мәміле
  5.  мәміленің нысаны бұзылып жасалуы

142. Мәміле қулықпен жасалған болып табылады, егер мәміле:

  1.  екінші бір мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалса
  2.  заңдық салдар тудыруды көздемей тек көз алдау үшін ғана жасалса
  3.  жаңылысу салдарынан жасалса
  4.  кәмлетке толмаған тұлғамен жасалса
  5.  тұрмыстық мұқтаждыққа байланысты жасалса

143. Мәміле кіріптар деп танылады егер:

  1.  заңдық салдар тудыруды көздемей, тек көз алдау үшін жасалған міміле
  2.  ауыр мән-жайлардың салдарынан жасауға мәжбүр болған міміле
  3.  екінші бір мәмілені бүркемелеу мақсатында жасалған мәміле
  4.  кәмелетке жасы толмаған тұлғамен жасалған мәміле
  5.  ақыл есі дұрыс емес адаммен жасалған мәміле

144. Кіріптар мәмілелерді жарамсыз деп тануға байланысты дауларға белгіленген талап қою мерзімі:

  1.  бір жыл
  2.  екі жыл
  3.  үш жыл
  4.  бес жыл
  5.  он жыл

145. Жымысқы ниетпен жасалған мәмлені жарамсыз деп тануға байланысты дауларға белгіленген талап қою мерзімі:

  1.  бір жыл
  2.  екі жыл
  3.  үш жыл
  4.  бес жыл
  5.  он жыл

146. Форвардтық мәмілелер дегеніміз -

  1.  іс жүзінде бар тауарға қатысты тапсырылуы сәтін кейінге қалдырып өзара құқықтар мен міндеттерді беру жөніндегі мәмілелер
  2.  болашақта болуы мүмкін тауарға қатысты тапсырылуы сәтін кейінге қалдырып өзара құқықтар мен міндеттерді беру жөніндегі мәмілелер
  3.  болашақта биржалық тауарды тапсыруға стандарттық контрактілер жөніндегі құқықтар мен міндеттерді өзара беру бойынша мәмілелер
  4.  биржалық тауармен немесе биржалық сауда ережелерінде қарастырылған контрактімен жасалатын мәміле
  5.  ең азы үш жылдан соң пайда болатын тауарға қатысты тапсырылуы сәтін кейінге қалдырып өзара құқықтар мен міндеттерді беру жөніндегі мәмілелер

147. Фьючерстік мәміле бойынша:

  1.  биржалық стандартық шарттарға сай құқықтар мен міндеттерді тараптар бір-біріне береді
  2.  нақты тауарларға байланысты құқықтар мен міндеттерді тараптар бір-біріне береді
  3.  нақты тауарға байланысты құқықтар мен міндеттерді тараптар бір-біріне беріп, тауарды жеткізіп беру кейінге қалдырылады
  4.  биржалық тауар жеткізілімі бойынша биржалық тауарға немесе контрактіге байланысты құқықтарды келешекте беру көзделеді
  5.  биржалық сауда ережесіне сай биржалық тауарлар мен контрактілер сатылады

148. Опциондық мәміле дегеніміз -

  1.  биржалық тауар немесе биржалық тауарды тапсыруға құқықтар мен міндеттерді болашақта беруге талап ету құқығын беру бойынша мәміле
  2.  іс жүзіндегі тауарға қатысты өзара құқықтар мен міндеттерді беру бойынша мәмілелер
  3.  іс жүзінде бар тауарға қатысты тапсырылуы сәтін кейінге қалдырып өзара құқықтар мен міндеттерді беру бойынша мәмілелер
  4.  болашақта биржалық тауарды тапсыруға стандарттық контрактілер жөніндегі құқықтар мен міндеттерді өзара беру бойынша мәмілелер
  5.  биржалық тауармен немесе биржалық сауда ережелерінде қарастырылған контрактімен жасалатын мәміле

149. Мәміленің бір бөлігінің жарамсыздығы мәмілені:

  1.  егер оның жарамсыз бөлігін енгізбей-ақ мәмілені жасауға болар еді деп ойлау мүмкін болса, ол мәміленің басқа бөліктерінің жарамсыз деп тануға негіз болмайды
  2.  жарамсыз деп тануға негіз болады
  3.  қайта жасауға негіз болады
  4.  тараптардың мүлкін тәркілеуге негіз болады
  5.  мемлекеттік тіркеуге міндеттейді

150. Мәміле жасауға уәкілдік берілмеген тұлғаның басқа тұлға атынан немесе өкілеттілігін асыра пайдаланып жасалған мәмілесі:

  1.  өкілдік беруші осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана ол үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады
  2.  кез-келген жағдайда өкілдік беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады
  3.  өкілдік беруші үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғыза алмайды
  4.  өкілдік беруші үшін тек азаматтық құқықтарды туғызады
  5.  өкілдік беруші үшін тек заңмен көзделген жағдайда ғана жауапкершілік туғызады

151. Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші тұлға (коммерциялық өкіл) қандай құжат негізінде әрекет жасайды?

  1.  өкілдің өкілеттілігі көрсетілетін жазбаша шарт негізінде
  2.  жазбаша шарт негізінде
  3.  жазбаша шарт пен сенімхат негізінде
  4.  сенімхат пен ауызша шарт негізінде
  5.  жазбаша шарт, сенімхат және патент негізінде

152. Коммерциялық өкіл бір мезгілде өзінің қатысуымен жасалатын түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады ма?

  1.  білдіре алмайды
  2.  білдіре алады
  3.  жоқ, егер заңды құжаттарда өзгеше көзделмесе
  4.  иә, тек заңды құжаттарда көзделген жағдайда
  5.  жоқ, егер кодексте өзгеше көзделмесе

153. Сенімхат дегеніміз -

  1.  бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілдігі
  2.  бір адамның (сенім білдіргіштің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім танушыға) берген жазбаша уәкілдігі
  3.  бір адамның (сенім білдірушінің) өз атынан өкілдік ету үшін екінші адамға (сенім білдірген) берген ауызша уәкілдігі
  4.  сенім білдіруші көрсетілген кез келген құжат
  5.  сенім білдірген көрсетілген кез келген құжат

154. Қандай сенімхатты нотариат куәландыруға тиіс?

  1.  егер заң құжаттарында өзгеше белгіленбесе мүлікке билік етуге және нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты
  2.  кез келген сенімхатты
  3.  тек мүлікке билік жасауға берілетін сенімхатты
  4.  мүліктің жеке түрлеріне билік жасауға берілетін сенімхатты
  5.  нотариаттың куәландыруын талап ететін мәмілелер жасауға берілетін сенімхатты

155. Басқа тұлғаның атынан бір тұлғаның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне немесе әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен мәміле жасау не деп аталады?

  1.  тапсырма
  2.  өкілдік
  3.  жәй тапсырма
  4.  арнайы өкілдік
  5.  сенімхат

156. Сенімхаттың әрекет етуінің ең жоғары мерзімі қандай?

  1.  егер заңды актілермен өзге белгіленбесе, 1 жыл
  2.  егер Азаматтық кодекспен өзге көзделмесе, 6 ай
  3.  3 жыл
  4.  5 жыл
  5.  10 жыл

157. Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі:

  1.  негізге алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолдану мерзімінен аспауы керек
  2.  3 айдан аспауы керек
  3.  6 айдан аспауы керек
  4.  1 жылдан аспауы керек
  5.  3 жылдан аспауы керек

158. Егер сенімхатта қолдану мерзімі көрсетілмесе:

  1.  ол жарамсыз болып танылады
  2.  белгіленбеген мерзімге берілген болып танылады
  3.  ол тек 6 ай жарамды болады
  4.  ол 1 жылға берілген болып танылады
  5.  ол тек 30 күнге жарамды болады

159. Талап қою мерзімі өтіп кеткен жағдайда:

  1.  сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты, талап қою мерзімі өтіп кетуіне қарамастан, өз қарауына алады
  2.  бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алмайды
  3.  талап қою мерзмі өтіп кету себебіне қарай сот бұзылған құқықты қорғау туралы талапты өз қарауына алады
  4.  талап қою мерзмі өтіп кету себебін сот орынды деп таныған кезде, бұзылған құқықты қорғау туралы талапты өз қарауына алады
  5.  бұзылған құқықты қорғау туралы талапты сот өз қарауына алмауға құқығы бар

160. Сот талап қою мерзімін қандай жағдайда қолдана алады?

  1.  тек дауға қатысты тараптар жасаған мәлімдеме бойынша
  2.  кез келген тұлғаның мәлімдемесі бойынша
  3.  кез келген тұтынушының мәлімдемесі бойынша
  4.  соттың өз қарауына байланысты
  5.  әркез жауапкердің мәлімдемесі бойынша

161. Сот талап қою мерзімін қандай уақытта қолдана алады?

  1.  шешім шығарғанға дейін
  2.  тек талап-арыз жасалған кезде
  3.  тек дау шешілгеннен кейін
  4.  сот шешімі шыққаннан кейін
  5.  кез келген уақытта

162. Басты талап бойынша талап қою мерзімінің бітуіне байланысты қосымша талаптар бойынша талап қою мерзімі аяқталады ма?

  1.  қосымша талаптар (айыптарды өндіріп алу, кепілдік берушінің жауапкершілігі жәнә т.б. туралы) бойынша да талап қою мерзімі бітеді
  2.  қосымша талаптар (айыптарды өндіріп алу, кепілдік берушінің жауапкершілігі жәнә т.б. туралы) бойынша да талап қою мерзімі бітпейді
  3.  айыптарды өндіріп алудан басқа қосымша талаптар бойынша да талап қою мерзімі бітеді
  4.  кепілдік берушінің жауапкершілігінен басқа қосымша талаптар бойынша да талап қою мерзімі бітеді
  5.  тек қана ұстап қалуды өндіріп алу талаптары бойынша талап қою мерзімі бітеді

163. Төмендегі көрсетілген талаптардың қайсысына талап қою қолданылмайды?

  1.  факторинг шартынан туындайтын талаптарға
  2.  зиянның орнын толтыру талаптарына
  3.  франчайзинг шартынан туындайтын талаптарға
  4.  заң құжаттарында көзделгеннен басқа реттерде материалдық емес игіліктермен мүліктік емес өзіндік құқықтарды қорғау туралы талаптарға
  5.  заем шарты бойынша талаптарға

164. Эмансипация ұғымы

  1.  кәмелетке толған адамды қоғам мүшесі деп тану
  2.  кәмелетке толған адамды халықаралық құқық субъектісі ретінде тану
  3.  кәмелетке толмаған адамды қазіргі заманға сай деп тану
  4.  кәмелетке толмаған адамды әскер қатарына шақыру
  5.  кәмелетке толмаған адамды толығымен әрекетке қабілетті деп жариялау

165. Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысында талап қою мерзімінің өтуі үзіледі?

  1.  белгіленген тәртіппен талап қойған жағдайда
  2.  егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын өқиға (бой бермейтін күш) кедергі жасаса
  3.  міндеттемелердің бұл түрін орындау ҚР Президентінің жариялауымен қалдырылуына байланысты (мораторий)
  4.  егер талапкер немесе жауапкер соғыс жағдайына кошірілген әскери бөлімшілер құрамында болса
  5.  тиісті қатынасты реттейтін заңдардың қолданылуының тоқтатылуы

166. Үзілістен кейін талап қою мерзімінің өтуі

  1.  қайтадан басталады
  2.  қалған мерзімге жалғасады
  3.  жартылай жалғасады
  4.  прокурор шешіміне сай реттеледі
  5.  толықтай тоқтатылады

167. Талап қоюдың жалпы мерзімі

  1.  6 ай
  2.  3 жыл
  3.  егер шарттарда өзгеше көзделмесе, 3 жыл
  4.  5 жыл
  5.  егер кодексте өзгеше көзделмесе, 1 жыл

168. Талап қою мерзімін тараптардың келісуімен өзгертуге болады ма?

  1.  иә, болады
  2.  болмайды
  3.  егер нотариустың рұқсаты болса, болады
  4.  иә, тек 1 жылдан аспайтын мерзімге
  5.  егер тараптар қарсы болмаса, өзгертуге болады

169. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге тура келсе:

  1.  содан кейінгі ең таяу жұмыс күні мерзімінің аяқталған күні болып танылады
  2.  мерзім белгісіз уақытқа ұзарған болып танылады
  3.  мерзімнің өтуі қайтадан басталады
  4.  мерзім 5 жылға дейін ұзарады
  5.  мерзімнің өтуі тоқтатыла тұрады

170. Поштаға тапсырылған жазбаша мәлімдемелер мен хабарламалар мерзімінде жасалған боп саналады, егер:

  1.  жұмыс күнінің соңына дейін жасалса
  2.  мерзімнің соңғы күніндегі сағат 12:00 ішінде жасалса
  3.  мерзімнің соңғы күніндегі сағат 24:00 ішінде жасалса
  4.  мерзімнің соңғы күніндегі сағат 18:00 ішінде жасалса
  5.  мерзімнің соңғы күніндегі сағат 20:00 ішінде жасалса

171. Бұзылған құқықты қорғау туралы талап соттың қаралуына қабылдана ма?

  1.  талап қою мерзімін өтіп кетуіне қарамастан, қабылданады
  2.  талап қою мерзімі өтіп кетуінен 10 күн бұрын, қабылданады
  3.  талап қою мерзімі шегінде ғана қабылданады
  4.  талап қою мерзімі өтіп кеткенге дейін 6 ай бұрын қабылданады
  5.  қабылданбайды

172. Міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі

  1.  талап қою мерзімін өзгертуге әкеліп соқтырмайды
  2.  талап қою мерзімнің өтуін қайтадан бастауға негіз болады
  3.  талап қою мерзімнің өтуін тоқтатуға негіз болады
  4.  талап қою мерзімі өтуінің тоқтатыла тұруына негіз болады
  5.  талап қою мерзімі өтуінің үзілуіне негіз болады

173. Талап қою ұғымы

  1.  ерлі-зайыптылар арасындағы отбасылық қатынастарды реттеу үшін қажетті уақыт кезеңі
  2.  қылмыс жасаған адамның ақталуы үшін қажет уақыт кезеңі
  3.  мемлекеттер арасындағы туындайтын дауларды шешу үшін қажет уақыт кезеңі
  4.  тұлға құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденің бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкін болатын уақыт кезеңі
  5.  моральдық нормалардың бұзылуын қанағаттандыру мүмкін болатын уақыт кезеңі

174. Талап қою мерзімін есептеу тәртібі

  1.  заңмен көзделеді және оларды тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды
  2.  тараптардың келісуімен белгіленеді
  3.  прокурор рұқсатымен өзгертілуі мүмкін
  4.  кез-келген ұйымның ішкі құжаттарымен өзгеруі мүмкін
  5.  сот ғана анықтайды

175. Мемлекеттік меншіктің түрлері

  1.  республикалық, облыстық, қалалық, аудандық
  2.  қоғамдық, қалалық, облыстық
  3.  орталық және жергілікті
  4.  республикалық және коммуналдық
  5.  айрықша және кәдімгі

176. Республикалық меншікті құрайтындар:

  1.  мемлекеттік кәсіпорындардың меншігі
  2.  бюджет пен Ұлттық банктің валюта-алтын қоры
  3.  республикалық қазнадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктер
  4.  мемлекеттік мекемелердің меншігі
  5.  айрықша меншік объектілері

177. Коммуналдық меншікті мыналар құрайтындар

  1.  жергілікті бюджет
  2.  жергілікті қазнадан және қазыналық кәсіпорындарға бекітіліп берілген мүліктер
  3.  мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың меншігі
  4.  айрықша меншіктер
  5.  әкімшілік-аумақтық бөліністегі заңды тұлғалардың меншігі

178. Жалпы ережеге сәйкес мүлікті күтіп ұстау ауыртпашылы кімге жүктеледі?

  1.  кез-келген иеленушіге
  2.  мемлекеттік кәсіпорындарға
  3.  меншік иесіне
  4.  пәтер иелерінің кооперативіне
  5.  үшінші бір тұлғаға

179. Жалпы ереже бойынша иеліктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүліну қаупі сатып алушыға қай кезде өтеді?

  1.  меншік құқығы пайда болған сәттен бастап
  2.  шарт жасалған сәттен бастап
  3.  құны төленгенде
  4.  жеткізіліп берілгенде
  5.  мәміле бойынша барлық елеулі жағдайлар туралы келісілгенде

180. Жалпы ереже бойынша өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығы тиесілі тұлға

  1.  материалдың меншік иесі
  2.  материалды өңдеуші
  3.  мемлекет
  4.  үлеспен материалдың меншік иесі мен өңдеуші
  5.  бірлескен меншікпен материалдың меншік иесі мен өңдеуші

181. Жылжымайтын мүлікке меншік құқығының пайда болу сәті:

  1.  нотариалды түрде куәландыру сәті
  2.  мүлік бағасын төлеу сәті
  3.  мүлікті беру сәті
  4.  мемлекеттік тіркеу сәті
  5.  шартқа қол қою сәті

182. Иелену мерзімі дегеніміз -

  1.  меншік құқығына иелену көнелігіне сәйкес ие болу
  2.  заңды тұлғаны таратуға байланысты меншік құқығына ие болу
  3.  меншік құқығына жаңа жасалған,өңделген затқа сәйкес ие болу
  4.  жекешелендіруге сәйкес меншік құқығына ие болу
  5.  тәркілеуге байланысты меншік құқығына ие болу

183. Иелену көнелігіне сәйкес жылжитын мүлікке меншік құқығы қанша мерзімнен соң пайда болады?

  1.  6 айдан соң
  2.  1 жылдан соң
  3.  3 жылдан соң
  4.  5 жылдан соң
  5.  10 жылдан соң

184. Жылжымайтын мүліке меншік құқығы иелену көнелігіне сәйкес қашан пайда болады?

  1.  6 айдан соң
  2.  3 жылдан соң
  3.  5 жылдан соң
  4.  10 жылдан соң
  5.  15 жылдан соң

185. Жалпы ереже бойынша жаңа затқа қатысты меншік құқығы кімге тиесілі?

  1.  мемлекетке
  2.  егерде заңда немесе шартта өзгеше белгіленбесе, затты дайындаған немесе жасаған тұлғаға
  3.  сатушыға
  4.  сыға алушыға
  5.  ешкімге де тиесілі болмайды

186. Реквизициялау дегеніміз -

  1.  азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеттемелерін қамтамасыз ету
  2.  азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығының пайда болуы
  3.  азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығының күшпен тоқтатылуы
  4.  азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеттемелерін тоқтатылуы
  5.  азаматтар мен заңды тұлғалардың міндеттемелерін орындауы

187. Тәркілеу дегеніміз -

  1.  азаматтардың міндеттемелерін қамтамасыз ету
  2.  азаматтардың меншік құқығының күшпен тоқтатылуы
  3.  азаматтардың міндеттемелерін орындауы
  4.  азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығының пайда болуы
  5.  заңды тұлғалардың міндеттемелерін орындауы

188. Ұлттықтандыру дегеніміз -

  1.  азаматтардың міндеттемелерін орындауы
  2.  азаматтардың міндеттемелерін қамтамасыз ету
  3.  азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығының тоқтатылуы
  4.  азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік құқығының пайда болуы
  5.  заңды тұлғалардың міндеттемелерін орындауы

189. Жалпы ереже бойынша ерлі - зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі дегеніміз -

  1.  ерлі - зайыптылардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі
  2.  әрқайсысының жеке пайдаланған мүлкі
  3.  ерлі - зайыптыларға некеге тұрғанға дейін тиесілі болған мүлік
  4.  ерлі - зайыптылардың біреуінің сыйға алған мүлкі
  5.  ерлі - зайыптылардың біреуінің мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі

190. Кондоминиум дегеніміз -

  1.  жылжымайтын мүлікке меншік нысаны
  2.  жылжымайтын мүлікке мемлекеттік меншік түрі
  3.  жылжымайтын мүлікке жеке меншік түрі
  4.  ортақ бірлескен меншік
  5.  халық меншігі

191. Жалпы ережеге сәйкес ортақ үлестік меншіктегі мүлікті иелену,пайдалану және билік етуді кім жүзеге асырады?

  1.  барлық қатысушылар өзара келісіммен
  2.  әрбір қатысушы өз қалауы бойынша
  3.  сот шешіміне сәйкес
  4.  мемлекеттік орган нұсқауы бойынша
  5.  тұрғын үй кооперативтерінің мүшелері

192. Ортақ үлестік меншік құқығындағы үлесті басқа бір тұлғаға сатқанда қалған қатысушылардың құқықтары қандай?

  1.  үлесті қалған қатысушылардың сатылатын баға бойынша сатып алуға басымдылық құқығы бар
  2.  ешбір басымдылық құқықтары жоқ
  3.  үлесті сатуға шек қоюға
  4.  басқа бір затқа айырбастап алуға
  5.  арзан бағамен сатып алуға

193. Ортақ үлестік меншіктегі үлесін сатқысы келетін сатушы

  1.  сатылу шарты жайлы қалған қатысушыларға хабарлауға міндетті
  2.  ол туралы хабарлауға міндетті емес
  3.  сатылу ережесі жайлы егер қатысушылардың өз арасындағы шартта көзделсе ғана хабарлауға міндетті
  4.  жария саудаға салып сатудың шарттары туралы хабарлауға міндетті
  5.  басқа қатысушыларды ескертуге міндетті емес

194. Ортақ үлестік меншіктің қатысушысы өзіне тиесілі үлесін кез-келген уақытта басқа бір тұлғаға сата алады, егер

  1.  өзге қатысушылардың сатып алу басымдылық құқығын бұзбай әрі оларды ескертсе
  2.  мүлік жылжитын мүлік болса
  3.  ол өз үлесін мемлекетке сататын болса
  4.  ол мүлік жылжымайтын мүлік болса
  5.  кемінде бір қатысушының келісімі болса

195. Басымдылықпен сатып алу құқығы бұзылған ортақ меншіктің қатысушысы, сатып алушының құқықтарын өзіне аударуды сот арқылы қандай мерзім ішінде талап ете алады?

  1.  3 ай
  2.  1 жыл
  3.  3 жыл
  4.  1 ай
  5.  5 жыл

196. Қайсысы түрі ортақ бірлескен меншікте болуы мүмкін?

  1.  ЖШС-тің құрылтайшыларының меншігі
  2.  ерлі зайыптылардың меншігі
  3.  толық серіктестіктегі толық серіктердің меншігі
  4.  акционерлердің меншігі
  5.  жай серіктестіктің меншігі

197. Жалпы ережеге сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан жекешелендірілген тұрғын үйлер:

  1.  жалға берушінің жеке меншігіне өтеді
  2.  мемлекет пен жалға алушының меншігіне өтеді
  3.  сол үйде тұрақты тұрып жатқан жалға алушы мен отбасы мүшелерінің ортақ бірлескен меншігіне өтеді
  4.  сол үйде тұрақты тұрып жатқан отбасы мүшелері мен жалға алушының ортақ үлестік меншігіне өтеді
  5.  мемлекет пен жалға алушының үлестік меншігіне өтеді

198. Үлестік меншік құқығындағы үлесті сату кезінде сатып алуға басымдылық құқығы

  1.  үлестік меншіктің қалған қатысушыларының сатылатын үлесті сатып алу құқығы
  2.  жоғары баға ұсынған сатып алушының құқығы
  3.  өкілетті мемлекеттік органдардың конкурссыз сатып алу құқығы
  4.  виндикация ережелерін қолдану
  5.  цессия ережелерін қолдану

199. Ортақ бірлескен меншікте болуы мүмкін меншік түрі

  1.  шаруа (фермер) қожалығының меншігі
  2.  кондоминиум
  3.  консорциум
  4.  акционерлік меншік
  5.  өндірістік меншік

200. Үлестік меншіктегі мүлік қатысушылар арасында қалай бөлінеді?

  1.  сот шешімі бойынша
  2.  шаруа (фермер) қожалығы басшысының шешімі бойынша
  3.  олардың арасындағы келісімі бойынша
  4.  толық серіктестік шешімі бойынша
  5.  консорциум шешімі бойынша

201. Заңнамаға сай ортақ бірлескен меншікте болуы мүмкін?

  1.  жекешелендірілген тұрғын үй (пәтер)
  2.  ормандар мен көлдер
  3.  балық және жануар әлемі
  4.  мемлекеттік меншіктегі ауруханалар
  5.  ет және сүт өнімдері

202. Үлестік меншік құқығындағы үлес, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе сатып алушыға қай кезден ауысады?

  1.  шарт жасасқан кезден бастап ауысады
  2.  шарт бойынша міндеттемелерді орындаған кезден
  3.  зат құнын төлеген кезден
  4.  тауарды берген кезден
  5.  тек иелену және пайдалану құқығы ғана ауысады

203. Кондоминиум

  1.  бірлесіп табыс табу туралы жасалған шарт
  2.  кәсіпкерлікті жүзеге асыруға пайдаланатын мүліктік кешен
  3.  меншіктің нысаны, ол бойынша көп қабатты тұрғын үилердегі пәтерлер меншікте болады да, ал үйдің ортақ пайдаланудағы бөліктері ортақ үлестік меншікте болады
  4.  бірдей заттарға ортақ меншік
  5.  белгілі мақсаттарға жету үшін құрылған уақытша одақ

204. Шаруашылық жүргізу құқығы болып қайсысы табылады?

  1.  акционерлік қоғамның меншік құқығы
  2.  мүлікті мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқықтары АК -пен және өзге де заң құжаттарымен белгіленген шекте жүзеге асыратын мемлектткік кәсіпорынның заттық құқығы
  3.  шаруа (фермер) қожалығының меншік құқығы
  4.  шаруашылық серіктестіктерінің меншік құқығы
  5.  мемлекеттік қазналық кәсіпорынның АК-пен және өзге де заңнамаларға сәйкес белгіленген шекте мүлікті иелену,пайдалану және оған билік ету жөніндегі заттық құқығы

205. Оралымды басқару құқығы

  1.  меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мекеменің ,мемлекеттік мекеменің меншк иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына , меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсаттарына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті ие
  2.  акционерлік қоғамның меншік құқығы
  3.  шаруа (фермерлік ) қожалықтардың меншік құқығы
  4.  өндірістік кооперативтің пайдалану және билік ету құқығы
  5.  шаруашылық серіктестіктерінің меншік құқығы

206. Сервитут

  1.  бір тұлғаның басқа адамның меншік құқығындағы немесе жер пайдалану құқығындағы жер учаскесін мақсатына сай шекті түрде пайдалану құқығы
  2.  меншік иесінің есебінен қаржыландырылатын мекеменің заттық құқығы
  3.  кондоминиумның бір түрі
  4.  кәсіпкерлікті жүзеге асыруға арналған мүліктік кешен
  5.  бірлесіп қызмет жасау туралы шарт

207. Иелену құқығы

  1.  мүліктің заңды тағдырын белгілеу
  2.  мүлікке нақты ие болу
  3.  мүліктің пайдалы және табиғи қасиеттрін алу
  4.  мүлікті ұстауға байланысты ауырпашылығын көтеру
  5.  мүліктің кездей соқ жойылып кету қаупі

208. Пайдалану құқығы болып заңмен қамтамасыз етілген төмендегі мүмкіндік

  1.  мүлікті ұстауға байланысты ауыртпашылықты көтеру
  2.  мүліктің кездейсоқ жойылу қауіп
  3.  мүлікке нақты иеленуді жүзеге асыру
  4.  мүліктен оның пайдалы және табиғи қасиеттерін алу
  5.  мүліктің заңды тағдырын белгілеу

209. Билік ету құқығы

  1.  мүлікті нақты иеленуді жүзеге асыру
  2.  мүліктен оның пайдалы және табиғи қасиеттері алу
  3.  мүліктің заңды тағдырын анықтау
  4.  мүлікті күтіп ұстау
  5.  мүлікті пайдалануға байланысты оның ауыртпашылын көтеру

210. Виндикациялық талап

  1.  бөтен біреудің заңсыз иеленуіндегі мүлікті талап ету туралы талап
  2.  меншік құқығын тану туралы талап
  3.  сатып алған мүлікті талап ету
  4.  меншік иесіне келтірілген зиянның орнын толтыру туралы талап
  5.  негаторлық талаптың бір түрі

211. Мүліктік емес қатынастарды қай құқық саласы реттейді?

  1.  моралдық құқық
  2.  діни құқық
  3.  салық құқығы
  4.  қылмыстық құқық
  5.  азаматтық құқық

212. Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы жоқ тұлғадан тегін алынса, меншік иесі

  1.  барлық ретте мүлікті талап етіп алдыруға құқылы
  2.  бұл мүлікті талап етуге құқығы жоқ
  3.  сот шешімін орындауға белгіленген тәртіппен сатылған мүлік ерекше жағдайында ғана бұл мүлікті талап етуге құқығы жоқ
  4.  тек арам ниетті иеленушіден талап етуге құқығы жоқ
  5.  жария саудада сату жағдайларын қоспағанда талап етуге құқығы жоқ

213. Негаторлық талап

  1.  деликттен туындайтын міндеттеме
  2.  меншік иесіне келтірілген залалдың өтелуі
  3.  иеліктен айырумен байланысы жоқ, меншік құқығын жүзеге асырудағы бөгеттерді жоюды талап ету
  4.  меншік құқығын тану туралы талап
  5.  мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету

214. Цессия дегеніміз -

  1.  талап ету құқығын беру
  2.  мәміле жасағанға дейінгі бастапқы жағдайға тараптардың оралуы
  3.  міндеттемені тоқтату әдістерінің бірі
  4.  борышты кешіру
  5.  міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінің бірі

215. Борышқорлардың әрқайсысы міндеттемені басқа біреумен тең үлесте орындауға міндетті болуына сәйкес көп жақтар қатысатын міндеттемелер:

  1.  үлестік
  2.  ортақтасқан
  3.  субсидиялық
  4.  регрестік
  5.  баламалы

216. Несие берушінің ауысуы

  1.  цессия
  2.  борышты ауыстыру
  3.  қайта адреске жіберумен орындау
  4.  жаңғыртылу
  5.  қайта тапсырумен орындау

217. Борышқордың ауысуы

  1.  борышты ауыстыру
  2.  узуфрукт
  3.  жаңғыртылу
  4.  қайта тапсырумен орындау
  5.  делькредере

218. Талап ету құқықтарын ауыстырған несие беруші атауы

  1.  цедент
  2.  цессионарий
  3.  легатарий
  4.  сенім білдіруші
  5.  өкіл

219. Міндеттемедегі міндетке ие тұлға атауы

  1.  талапкер
  2.  жауапкер
  3.  заңды тұлға
  4.  борышқор
  5.  несие беруші

220. Жалпы ереже бойынша талап етуді берген бастапқы несие беруші

  1.  жаңа несие берушінің алдында оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін жауап береді, бірақ осы талаптарды борышқордың орындамағаны үшін жауап бермейді
  2.  жаңа несие берушінің алдында осы талаптарды борышқордың орындамағаны үшін жауап береді, бірақ оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін жауап бермейді
  3.  жаңа несие берушінің алдында оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін және осы талаптарды борышқордың орындамағаны үшін жауап береді
  4.  жаңа несие берушінің алдында оған берілген талаптардың жарамсыздығы үшін және осы талаптарды борышқордың орындамағаны үшін жауап бермейді
  5.  барлық жағдайда жаңа несие берушінің алдында жауап береді

221. Жалпы ереже бойынша үшінші тұлғалардың алдындағы жай серіктестік қатысушыларының міндеттемелері

  1.  ортақтасқан
  2.  үлестік
  3.  субсидиялық
  4.  баламалы
  5.  жауапкершілік жоқ

222. Қазақстан Республикасы аумағындағы ақшалай міндеттемелер

  1.  АҚШ долларларымен жүргізілуі мүмкін
  2.  теңгемен жүргізілуі тиіс
  3.  кез-келген шетел валютасымен жүргізілуі мүмкін
  4.  теңгемен жүргізілуі мүмкін
  5.  бағалы қағаздармен жүргізілуі мүмкін

223. Міндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы міндеттемені ауыстыру туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен келісім, дегеніміз -

  1.  жаңғыртылу
  2.  бас тарту төлемі
  3.  есепке жатқызу
  4.  цессия
  5.  реституция

224. Баламалы міндеттемелер

  1.  борышқордың екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауы
  2.  борышқордың міндеттемелерді орындаудан бас тарту немесе орындау құқығы
  3.  несие берушінің міндеттемені орындауды талап етуі немесе бас тарту құқығы
  4.  борышқордың міндеттемені үшінші тұлғаға орындатуы немесе өзінің жеке орындау құқығы
  5.  несие берушінің айып төлеуді талап ету немесе міндеттемені орындаудан бас тарту құқығы

225. Құқықтық салдарға әкеліп соқтыратын міндеттеменің туындау негіздерінің бірі

  1.  адамның өз затын бір елді мекендегі үйінен екінші бір елді мекендегі үйіне апарып қоюы
  2.  меншік иесінің өз затын нақты пайдаланудан бас тартуы
  3.  зиян келтіру
  4.  меншік иесінің мүлкін иеленуі
  5.  меншік иесінің мүлкін пайдалануы

226. Міндеттеме дегенміз -

  1.  құқықтық қатынас
  2.  келісім
  3.  шарт
  4.  алажақ
  5.  қарыз

227. Борышқор дегеніміз -

  1.  талап етуші тұлға
  2.  кез-келген тұлға
  3.  мемлекет ғана
  4.  міндетті тұлға
  5.  талап етуші де міндетті де тұлға

228. Несие беруші, орындағанды қабылдаудан бас тартуы мүмкін, егер

  1.  борышқордың мерзімін кешіктіруіне байланысты ол үшін маңыздылығын жоғалтса
  2.  орындалу қажеттілігі қажет болмаған жағдайда
  3.  орындалуды қабылдау мүмкінділігі болмаса
  4.  басқа адамға орындауды ауыстырса
  5.  борышқормен есептесуге қажетті құралдың болмауы

229. Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көзделмесе және бұл мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол қандай мерзімде орындалуы тиіс?

  1.  пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде
  2.  қол қойған сәттен жеті күн мерзім ішінде
  3.  қол қойған сәттен отыз күн мерзім ішінде
  4.  несие берушінің өз міндеттемелерін орындаған кезден отыз күн мерзім ішінде
  5.  несие берушінің өз міндеттемелерін орындаған кезден жеті күн мерзім ішінде

230. Несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алу салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан айырылу қаупі төнген үшінші жақ

  1.  несие берушінің талабын борышқордың келісімінсіз өз есебінен қанағаттандыруға құқылы
  2.  өз міндеттемелерін қанағаттандыру құқығы жоқ
  3.  несие берушінің талабын борышқор есебінен қанағаттандыруға құқылы
  4.  несие берушінің талабын борышқордың келісімімен өз есебінен қанағаттандыруға құқылы
  5.  өз талабын мүлік үшінші тұлғалар мен борышқордың үлестік меншігінде болған жағдайды қоспағанда қанағаттандыруға құқылы

231. Кепілзат

  1.  кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі
  2.  кепілге салынған мүлікті кепіл беруші кепіл ұстаушының меншігіне беретін кепіл түрі
  3.  кепілге салынған мүліктің кепіл берушінің иеленуінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі
  4.  уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасасу мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома
  5.  басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына негізгі борышқормен ортақтасып ішінара жауап беретін тұлғаға қатысты міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі

232. Ипотека

  1.  кепілге салынған мүлік кепіл салушының иелігінде және пайдалауында қалатын кепіл түрі
  2.  кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының меншігіне өтетін кепіл түрі
  3.  кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының иелігіне өтетін кепіл түрі
  4.  уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінщі тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома
  5.  бір тұлға басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенетін міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдіс

233. Кепіл мәні (насанасы) бола алатындар:

  1.  заң актілерінде көзделгендерді қоспағанда, кез - келген мүлік
  2.  азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар
  3.  алименттерді өндіріп алу туралы талаптар
  4.  адамның өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар
  5.  заң актілерімен басқа тұлғаға беруге тыйым салынған құқықтар

234. Кепіл мәні (нысанасы) болып табылатын ақша қайда орналастырылады?

  1.  банкке
  2.  нотариус депозитіне
  3.  кепіл берушінің иеленуінде және пайдалануында қалады
  4.  кепіл ұстаушының иеленуіне беріледі
  5.  кепіл ұстаушының мөрі соғылып, кепіл берушіде қалады

235. Анық кепіл

  1.  кепіл туралы белгісі бар кепіл берушінің иеленуіне қалдырылған кепіл
  2.  мүлік кепіл ұстаушының иеленуі мен пайдалануына берілеті мүлік кепіл
  3.  жылжымайтын мүлікті кепілге салу
  4.  мүліктік құқықты кепілге салу
  5.  айналымдағы тауарларды болашақта кепіл ұстаушыға беру

236. Айналымдағы тауарларды кепілге салу

  1.  тауарды кепіл берушіде қалдыру және кепіл берушіге салынған мүліктің құрамы мен нақты түрін өзгерту құқығын беру
  2.  тауарды кепіл берушіге беру
  3.  кепіл ұстаушыға салынған мүліктің құрамы мен нақты түрін өзгерту құқығын беру
  4.  тауарларды кепіл беруші мен кепіл ұстаушыға беру
  5.  кепіл берушінің иеленуіне қалдырылған кепіл

237. Кепілпұл

  1.  уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші бір түрі тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома
  2.  кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының меншігіне өтетін кепіл түрі
  3.  кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының иелігіне өтетін кепіл түрі
  4.  кепілге салынған мүлік кепіл салушының иелігіне және пайдалауында қалатын кепіл түрі
  5.  бір тұлға басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенетін міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі

238. Кепілдік

  1.  бір тұлға басқа жақтың несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына борышқормен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенетін міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі
  2.  кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының меншігіне өтетін кепіл түрі
  3.  кепілге салынған мүлік кепіл берушіден кепіл алушының иелігіне өтетін кепіл түрі
  4.  кепілге салынған мүлік кепіл салушының иелігіне және пайдалауында қалатын кепіл түрі
  5.  уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома

239. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдісі

  1.  цессия
  2.  борыштың ауысуы
  3.  бас тарту төлемі
  4.  кепіл
  5.  есепке жатқызу

240. Өсім

  1.  айып төлеу түрі
  2.  кепілзат түрі
  3.  кепілпұл түрі
  4.  ипотека түрі
  5.  бас тарту төлемі

241. Кепілпұлды алған және міндеттемені орындамаған тарап

  1.  кепілпұлды қайтару
  2.  кепілпұлдың екі еселеген сомасын төлеуі тиіс
  3.  кепілпұлдың үш еселеген сомасын төлеуі тиіс
  4.  кепілпұлды өзіне қалдырады
  5.  айып төлейді

242. Айып төлеу

  1.  міндеттемені орындамаған үшін төленетін ақшалай сома
  2.  моральдық зиян
  3.  айрылып қалған пайда
  4.  нақты нұқсан
  5.  міндеттеме орындалмаған жағдайда бұрын алынған кепілпұл үстінен төленетін сом

243. Айып төлеу туралы келісімнің нысаны

  1.  ауызша
  2.  жазбаша
  3.  кез келген
  4.  нотариаттық куәландырылғаң жазбаша нысан
  5.  бұл келісім мемлекеттік тіркеуден өту керек

244. Кепілге салынған мүлік кепіл салушының иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі қалай аталады?

  1.  кепілзат
  2.  кепілпұл
  3.  ипотека
  4.  бас тарту төлемі
  5.  есепке жатқызу

245. Кепіл беруші кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының иелігіне беретін кепіл түрі қалай аталады?

  1.  бас тарту төлемі
  2.  есепке жатқызу
  3.  кепілпұл
  4.  ипотека
  5.  кепілзат

246. Қосымша борышқордың негізгі борышқор міндеттемесі бойынша толық немесе ішінара ортақтасып орындауына жауап беруге міндеттенуі қалай аталады?

  1.  кепілдік
  2.  кепіл болушылық
  3.  борышқор мүлкін алып қою
  4.  кепіл
  5.  айып төлеу

247. Міндеттемені қамтамасыз ету үшін қосымша борышқор негізгі борышқордың несие берушісінің алдында өзіне міндет алуы қалай аталады?

  1.  кепіл болушылық
  2.  цессия
  3.  узуфрукт
  4.  цессионарий
  5.  суброгация

248. Жалпы ереже бойынша, кепіл болушылық шартының жасалу нысаны

  1.  жазбаша
  2.  ауызша
  3.  нотариалдық куәландырылатын жазбаша нысанда
  4.  мемлекеттік тіркелетін жазбаша нысанда
  5.  конклюдентті әрекет арқылы

249. Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілетін ақшалай сома

  1.  кепіл болушылық
  2.  кепіл
  3.  кепілпұл
  4.  айып төлеу
  5.  бас тарту төлемі

250. Шығындар айып төлеумен қамтылмаған шығынның бір бөлігімен өтелетін айып төлеудің бір түрі

  1.  есепке жатқызу
  2.  баламалы
  3.  айыппұл
  4.  заңды
  5.  айрықша

251. Егер шығындар айып төлеуінің үстінен толық түрінде төленсе, ол айып төлеудің қандай түріне жатады?

  1.  айыппұл
  2.  есепке жатқызу
  3.  баламалы
  4.  айрықша
  5.  заңды

252. Несие берушіге шығынды немесе айып төлеуді таңдауға мүмкіндігін беретін айып төлеудің бір түрі

  1.  баламалы
  2.  есепке жатқызу
  3.  айрықша
  4.  заңды
  5.  айыппұл

253. Айрықша айып төлеу

  1.  шығындар емес тек айып төлеу өндіріп алынатын, айып төлеу
  2.  залал онымен толтырылған бөлігінде өтелмеген айып төлеу
  3.  залал онымен толтырылмаған бөлігінде өтелмеген айып төлеу
  4.  айыппұл немесе өсім
  5.  несие берушінің таңдауы бойынша айып төлеу әлде шығын, айып төлеу

254. Шығынды толығымен өтеу қағидасы нені білдіреді?

  1.  несие берушіге келтірілген нақты шығынды қоса алынбаған пайда қоса өтеу
  2.  зиян келтірушінің жалақысы көлемінде шығынды өтеу
  3.  айып төлеу
  4.  жауапкершіліктен босату
  5.  өсім төлеу

255. Нақты шығын дегеніміз -

  1.  несие берушінің құқығы бұзылуына байланысты барлық шығындардың жиынтығы
  2.  алынбаған табыс
  3.  несие берушінің сотқа шығарған шығындары
  4.  несие берушінің үшінші жақтар алдындағы шығарған шығындары
  5.  артық төленген салық төлемдері

256. Алынбаған пайда

  1.  несие берушінің құқығы бұзылмаған жағдайда зат айналымы нәтижесінде алынуы тиіс табыстар
  2.  несие берушінің бүлінген және жоғалған мүліктің орнын толтыруға шығарған шығындары
  3.  несие берушінің үшінші тараптар алдындағы міндеттемелеріне байланысты шығындары
  4.  міндеттемені орындамау
  5.  артығымен төленген салықтар

257. Кінә дегеніміз

  1.  құқыққа қарсы әрекетке және әрекетсіздікке психикалық қатынас
  2.  құқыққа қайшы жүріс - тұрыс
  3.  тұлғаның қасақана жүріс- тұрысы
  4.  өз әрекеттерінің мағынасан түсінбеу
  5.  тұлғаның байқаусыз жүріс- тұрысы

258. Борышқорлардың ортақтасқан жауапкершілігі болған жағдайда несие беруші:

  1.  барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез-келгенінен де, оның үстіне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы
  2.  борышқор несие берушінің міндеттемені орындау талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға мәлімделуі міндетті
  3.  барлық борышқорлардан тек нақты залалды өтеуді талап етуге құқылы
  4.  борышқорлардың әрқайсысынан тек айып төлеуді талап етуге міндетті
  5.  барлық борышқорлардан тең үлесте орындауды талап етуге құқылы

259. Борышқорлардың субсидиялық жауапкершілігі болған жағдайда несие беруші

  1.  борышқор несие берушінің міндеттемені орындау талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орындалмаған бөлігінде басқа борышқорға мәлімделуі міндетті
  2.  барлық борышқорлардан да, жеке-жеке алғанда олардың кез-келгенінен де, оның үстіне борышты түгелдей де, бөлшектеп те орындауды талап етуге құқылы
  3.  барлық борышқорлардан тек нақты залалды өтеуді талап етуге құқылы
  4.  борышқорлардың әрқайсысынан тек айып төлеуді талап етуге міндетті
  5.  барлық борышқорлардан тең үлесте орындауды талап етуге құқылы

260. Регрестік міндеттемелер

  1.  несие беруші борышқордың кінәсынан үшінші тұлғаларға төлеген ақшалай сомасын борышқордан талап ету құқығы
  2.  қосымша борышқор несие берушінің алдында негізгі борышқорға қосымша жауапкершілік атқарады
  3.  әр борышқор несие берушінің алдында заңнамаға немесе шартқа сәйкес белгіленген үлес шеңберінде жауапкершілік атқарады
  4.  несие беруші барлық борышқорларды да, жеке-жеке алғанда олардың кез-келгенін де жауапкершілікке тартуға құқылы
  5.  борышқор екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті

261. Мүлікті ұстап қалу дегеніміз

  1.  міндеттемені тоқтатудың бір түрі
  2.  міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі
  3.  кепілдің бір түрі
  4.  кепілболушылық түрі
  5.  міндеттемінің орындалуын өзгерту туралы келісім

262. Міндеттеменің орындалмауы несие берушінің кінәсінен болса, сот:

  1.  борышқорды жауапкершіліктен босатады
  2.  борышқор жауапкершілігін ұлғайтады
  3.  борышқордың жауапкершілік мөлшерін өзгертпейді
  4.  реституция қолданады
  5.  үшінші тарапты жауапкершіліктен босатады

263. Өзгенің ақшасын заңсыз пайдаланғаны үшін қолданылатын шара?

  1.  айып төлеу
  2.  моралдық зиянды өтеу
  3.  лицензияны қайтарып алу
  4.  кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыру
  5.  кепілпұл салу

264. Міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын толтырудан борышқорды босату жөніндегі тараптардың міндеттеме бұзылғанға дейін қабылдаған келісімі

  1.  жарамсыз болады, алайда, тараптар өзара келісім бойынша мүліктегі нақты келтірілген зиянды ғана өндіріп алуды көздеуі мүмкін
  2.  жарамсыз болады, алайда, тараптар өзара келісім бойынша мүліктегі тек айырылып қалған пайданы ғана өндіріп алуды көздеуі мүмкін
  3.  жарамсыз болады, алайда, тараптар өзара келісім бойынша нақты келтірілген зиянды және айырылып қалған пайданы да өндіріп алуды көздеуі мүмкін
  4.  жарамды
  5.  нотариалдық куәландырылғанда жарамды

265. Қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретіндегі азамат несие беруші болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершілік мөлшерін шектеу жөніндегі келісім

  1.  жарамсыз болады, егер міндеттемелердің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңдармен белгіленген болса
  2.  жарамсыз болады
  3.  жарамды болады, егер міндеттемелердің осы түрі немесе осындай құқық бұзушылық үшін жауапкершілік мөлшері заңдармен белгіленген болса
  4.  барлық жағдайда жарамды
  5.  құзыретті орган шешімі бойынша жарамды

266. Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор

  1.  несие берушінің алдында мерзімді өткізіп алу арқылы келтірілген залал үшін және мерзімін өткізіп алу кезінде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшін жауап береді
  2.  несие берушінің алдында мерзімді өткізіп алу арқылы келтірілген залал үшін жауап береді
  3.  несие берушінің алдында мерзімді өткізіп алу арқылы келтірілген залал үшін құзыретті орган шешімі бойынша жауап береді
  4.  мерзімін өткізіп алу кезінде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салдары үшін жауап береді
  5.  несие берушінің алдында жауап беремейді

267. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде борышқор үшінші жақтардың әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер

  1.  оған бойбермейтін күштер себепші болса
  2.  ол олардың кінәлі еместігін дәлелдесе
  3.  әртүрлі себептер негізнен туындаса
  4.  рынокта қажетті тауар, жұмыс немесе қызмет жоқ болса
  5.  міндеттеме пәні үшінші тұлғалардың құқығымен шектелсе

268. Несие беруші мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының жауапкершілігі кімде?

  1.  несие беруші мен борышқор ортақтасып жауап береді
  2.  мерзімді өткізіп алған несие беруші
  3.  несие беруші және борышқор үлестік жауапта
  4.  несие беруші және борышқор қосалқы жауап береді
  5.  несие беруші және борышқор баламалы жауапта

269. Белгілі бір затты меншікке немесе несие берушінің пайдалауына жеке беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, несие беруші:

  1.  затты борышқордан алып қоюды және несие берушіге беруді әр жағдайда талап етуге құқылы
  2.  бұл затқа үшінші жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие беруші оны борышқордан алып қоюды және несие берушіге беруді талап етуге құқылы
  3.  тектік белгілерімен айқындалған заттың бағасын талап етуге құқылы
  4.  несие берушінің бұл затқа артықшылықты құқығы бар
  5.  бұл затты борышқордан алып қоюын талап етуге несие берушінің құқығы жоқ

270. Ішінара әрекет қабілеттілік қай жастар арасын қамтиды?

  1.  10 мен 14 жас арасы
  2.  16 мен 18 жас арасы
  3.  15 пен 18 жас арасы
  4.  14 пен 18 жас арасы
  5.  егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттемені орындаудан босатпайды

271. Міндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамаған үшін айып төлеу

  1.  егер заңдарда өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттемені орындаудан босатады
  2.  егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады
  3.  борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатпайды
  4.  борышқорды барлық жағдайларда міндеттемені орындаудан босатады
  5.  егер шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттемені орындаудан босатады

272. Міндеттемені тоқтату негізі

  1.  бас тарту төлемі
  2.  кепілдік
  3.  кепілпұл
  4.  кепіл болушылық
  5.  цессия

273. Міндеттемені есепке жатқызу арқылы тоқтату үшін

  1.  бір тараптың өтініші жеткілікті
  2.  екі тараптың да ауызша келісімі қажет
  3.  екі тараптың да жазбаша келісімі қажет
  4.  екі тараптың да нотариалдық куәландырылған келісімі қажет
  5.  тараптардың өтініші қажет емес

274. Міндеттеме тараптардың арасында болған бастапқы міндеттемені ауыстыру туралы келісіммен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанасын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен тоқтату, дегеніміз -

  1.  жаңғыртылу
  2.  бас тарту төлемі
  3.  есепке жатқызу
  4.  міндеттемені орындау
  5.  борышты кешіру

275. Шарт дегеніміз -

  1.  үшінші жақтың ерік білдіруі қажет келісім
  2.  әкімшілік акт
  3.  бір тараптың ерік білдіруі жеткілікті мәміле
  4.  заңды амал
  5.  екі немесе одан да көп тұлғалардың азаматтық құқықтармен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі

276. Шарттың ережелерін кім анықтайды?

  1.  шарттың ережелері заңмен көзделмеген кезде, тараптар келісімімен анықталады
  2.  заң актілерімен анықталады
  3.  әкімшілік актілермен анықталады
  4.  сот анықтайды
  5.  үшінші тұлғалар анықтайды

277. Шарттың елеулі ережелері дегеніміз -

  1.  заңдарда елеулі деп танылған немесе шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, сондай-ақ бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер
  2.  сотпен бекітілген ережелер
  3.  тек қана тараптардың келісімімен бекітілген ережелер
  4.  үшінші жақпен бекітілген ережелер
  5.  толықтыратын және өзгертетін ережелер

278. Шынайы (реалды) шарт дегеніміз -

  1.  шартты жасасу үшін оның жасауы туралы келісім бар болуы жеткілікті деп табылатын шарт
  2.  жасалу сәті мен орындалу сәті сәйкес келетін, мүлікті беру кезінен жасалды деп табылатын шарт
  3.  жарамсыз шарт
  4.  алдын ала жасалатын шарт
  5.  біржақты мәміле

279. Консенсуалды шарт

  1.  мүлікті беру кезінен жасалды деп табылатын шарт
  2.  біржақты мәміле
  3.  шартты жасасу үшін келісім бар болуы жеткілікті деп табылатын, сонымен қатар, жасалу сәті мен орындалу сәті сәйкес келмейтін келісім
  4.  жарамсыз шарт
  5.  алдын ала жасалатын шарт

280. Алдын ала жасалатын шартта болуы тиіс ережелер

  1.  шарттың мәні (нысанасы), сондай-ақ басқа да елеулі жағдайларын белгілеуге мүмкіндік беретін ережелер 
  2.  шарттың бағасы
  3.  шарттың мәні
  4.  тараптардың атаулары
  5.  тараптардың құқықтары мен міндеттері

281. Шарттан қандай қатынастар туындауы мүмкін?

  1.  тек заттық қатынастар
  2.  нормативтік актілермен көзделген кез келген қатынастар
  3.  міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге қатынастар
  4.  шарттан тыс қатынастар
  5.  тек міндеттемелік қатынастар

282. Ақылы шарт дегеніміз -

  1.  ережелері формулярда немесе басқа стандарттық нысандарда белгіленген шарт
  2.  пәні заңды тұлғалардың коммерциялық мақсатта жұмыс орындау немесе қызмет көрсетуін көздейтін шарт
  3.  бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай бір нәрсе ұсынуды міндетіне алу туралы келісім
  4.  өз міндеттемелерін орындағаны үшін бір тарап екінші тараптан ақы алуы керек болатын шарт
  5.  келешекте шарт жасасу туралы келісім

283. Ақысыз шарт дегеніміз -

  1.  бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай бірнәрсе ұсынуды міндетіне алу туралы шарт
  2.  шарт бойынша тараптың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне бір затты басқа затқа айырбасқа беруін көздейтін шарт
  3.  шарт жағдайы формуляр да немесе басқада стандартты нысандарда белгіленген шарт
  4.  пәні заңды тұлғалардың коммерциялық мақсатта жұмыс орындау немесе қызмет көрсету болып табылатын шарт
  5.  келешекте шарт жасасу туралы келісім

284. Жария шарт дегеніміз -

  1.  пәні (насанасы) баршаға коммерциялық мақсатта жұмыс орындау немесе қызмет көрсету болып табылатын шарт
  2.  шарт жағдайы формулярда немесе басқа да стандартты нысандарда белгіленген шарт
  3.  бір тарап екінші тараптың меншігіне бір затты беруге, ал екінші тарап сол затты алып оның ақысын төлеуді міндеттейтін шарт
  4.  шарт бойынша тараптың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне бір затты басқа затқа айырбасқа беруін көздейтін шарт
  5.  бір тарап екінші тарапқа одан ақы алмай бір нәрсе ұсынуды міндетіне алу туралы шарт

285. Аралас шарт дегеніміз -

  1.  шарттың бір тарабы мемлекет болатын шарт
  2.  заңдарда көзделген әртүрлі шарттардың элементтері бар шарт
  3.  ҚР резиденттері еместер арасында жасалатын шарт
  4.  ҚР резиденті және резиденті еместер арасында жасалатын шарт
  5.  заңдармен көзделмеген шарттар

286. Қосылу шарты дегеніміз -

  1.  шарт жағдайы формулярда немесе басқада стандартты нысандарда белгіленген шарт
  2.  келешекте шарт жасасу туралы шарт
  3.  шарттың бір тарабы мемлекет болатын шарт
  4.  жария шарт
  5.  үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт

287. Шарт жасасуға мәжбүр етуге жол беріле ме?

  1.  тек шарт жасасу міндеттемелері заң актілерінде көзделген немесе ерікті түрде қабылдаған міндеттемелер жағдайын қоспағанда, жол берілмейді
  2.  прокурор рұқсаты негізінде жол беріледі
  3.  кез-келген жағдайда жол беріледі
  4.  әкімнің шешімі бойынша жол беріледі
  5.  маслихаттың шешімі бойынша жол беріледі

288. Тараптар заңдарда көзделмеген шарттарды жасаса ала ма?

  1.  ия
  2.  тек ғана заңдарда көзделген шартты жасаса алады
  3.  тек ғана қаулыларда көзделген шартты жасаса алады
  4.  тек сот шешімінде көрсетілген шартты жасаса алады
  5.  тек азаматтық кодексте көрсетілген шартты жасаса алады

289. Шарттың бағасын кім анықтайды?

  1.  тараптардың келісімімен анықталады
  2.  әрқашанда заңдармен анықталады
  3.  жергілікті әкім шешімімен анықталады
  4.  өкілетті мемелекеттік орган анықтайды
  5.  сот анықтайды

290. Шарттың өзгеруі және бұзылуы мүмкін бе?

  1.  егер нормативтік құқықтық актілерді немесе шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың келісімімен мүмкін
  2.  кез-келген жағдайда мүмкін емес
  3.  сот шешімі болмаса, мүмкін емес
  4.  Үкімет қаулысында көзделсе ғана мүмкін
  5.  жергілікті әкім шешіміне орай, мүмкін

291. Шарт бұзылған жағдайда, міндеттемелер

  1.  тоқтатылады
  2.  бұрынғы күшінде қалады
  3.  жартылай тоқтатылады
  4.  өзгереді
  5.  өзгертілген түрінде қолданыла береді

292. Шарт өзгертілген кезде, тараптардың міндеттемелері

  1.  өзгертілген түрінде қолданыла береді
  2.  бұрынғы күшінде қалады
  3.  жаңа шарт жасалады
  4.  тоқтатылады
  5.  жартылай тоқтатылады

293. Егер шартты бұзұға немесе өзгертуге бір тараптың шартты бұзғаны негіз болса, екінші тарап:

  1.  шарттың бұзылуынан немесе өзгертілуінен келтірілген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы
  2.  шарттың бұзылуынан немесе өзгертілуінен келтірілген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы емес
  3.  айып төлеу туралы етуге құқылы
  4.  егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың бұзылуынан немесе өзгертілуінен келтірілген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы
  5.  егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, шарттың бұзылуынан немесе өзгертілуінен келтірілген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы

294. Шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол беріледі ме?

  1.  кодексте, заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде көделген жағдайларда жол беріледі
  2.  жол берілмейді
  3.  әр уақытта жол беріледі
  4.  сот шешімі болса ғана, жол беріледі
  5.  Үкімет қаулысы болса ғана, жол беріледі

295. Шарттың қолданылуын жаңа мерзімге ұзартуға жол беріледі ме?

  1.  тараптар ол туралы келісімге келген жағдайда жол беріледі
  2.  жол берілмейді
  3.  тек сот шешімі бойынша жол беріледі
  4.  тек сот шешімі бойынша және тек белгілі бір мерзімге жол беріледі
  5.  тек бір жылға дейін жол беріледі

296. Оферта дегеніміз -

  1.  шартты жасасу туралы ұсыныс
  2.  шартты жасасу туралы ұсынысты қабылдау жауабы
  3.  міндеттемені қамтамасыз ету әдісі
  4.  міндеттемені тоқтату әдісі
  5.  шартты жасаудан бас тарту

297. Акцепт дегеніміз -

  1.  міндеттемені қамтамасыз ету әдістері
  2.  міндеттемені тоқтату әдісі
  3.  шарт жасасу туралы ұсынысты қабылдау туралы жауап
  4.  шартты жасасу туралы ұсыныс
  5.  мүлік жалдау шарты

298. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт жасалған жер ретінде қайсысы танылады?

  1.  азаматтың тұрғылықты жері немесе оферта жіберген заңды тұлғаның орналасқан жері
  2.  акцепт жіберген заңды тұлғаның орналасқан жері
  3.  шарт пәні (нысанасы) орналасқан елді-мекен
  4.  шарт пәні орналасқан мекен-жай
  5.  шарт куәландырылған нотариалды контораның орналасқан жері

299. Жария оферта дегеніміз не?

  1.  ұсыныс жасаушы жақтың кез-келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетілген жағдайларда шарт жасасу еркі көрінетін, шарттың барлық елеулі ережелері бар ұсыныс
  2.  шарт жасасу туралы нақты тұлғаға жасалған ұсыныс
  3.  шарт жасасу туралы бірнеше нақты тұлғаларға жасалған ұсыныс
  4.  кез-келген жазбаша нысандағы ұсыныс
  5.  ақысыз шарт жасау туралы ұсыныс

300. Қандай жағдайда шарт жасалды деп есептеледі?

  1.  тараптар шартқа қол қойған кезде
  2.  тараптар шартты нотариалдық куәландырған кезде
  3.  тараптар шартты мемлекеттік тіркеген кезде
  4.  шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тараптар арасында келісімге қол жеткен кезде
  5.  тараптар шарт бұзылған кезде туындайтын жауапкершілік туралы келісімге келген кезде

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім)

11 – тарау. Мүлікті (тауарды) меншікке, шаруашылық жүргізуге немесе оралымды басқаруға беру жөніндегі міндеттемелер

11.1 Сатып алу-сату шарты туралы жалпы ережелер (ҚР АК 406-444 баптары)

Сатып алу-сату шарты дегеніміз бір тарап (сатушы) затты (тауарды) екінші тараптың (сатып алушының) меншігіне, шаруашылық жүргізуіне немесе жедел басқаруына беруге міндеттенуі, ал сатып алушы затты (тауарды) қабылдауға және ол үшін нақты бір соманы төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарттың нысанасы (объектісі) ретінде азаматтық айналымнан алынбаған сатушының меншігіндегі немесе ол жасайтын, яки сатып алатын кез келген азаматтық айналымнан алынбаған зат (тауар) табылады.

Жалпы ереже бойынша сатып алу-сату шартының субъектілері ретінде кез келген жеке тұлға, заңды тұлға, мемлекет және әкімшілік-аймақтық бөлініс бола алады. Дегенмен, сатып алу-сату шартының кейбір түрлері бойынша нақты субъектілер де көзделеді.

Сатып алу-сату шарты ауызша немесе жазбаша (жай жазбаша, білікті жазбаша: нотариалды куәландыру және мемлекеттік тіркеу) нысанда жасалуы мүмкін.

Сатып алу-сату шарты екі жақты (сатушы мен сатып алушы), консенсуалды (тараптар шарттың елеулі ережелеріне қол жеткізуімен қатар, шарттың жасалу және орындалу сәттері бір мезгелде жүзеге аспау мүмкіндігі), ақылы (бір тараптың құқығына екінші тарап міндетінің үйлесуі, сай келуі) шарт болып табылады.

Сатып алу-сату шартының түрлері:

бөлшектеп сатып алу-сату;

тауар жеткізілімі шарты;

келісім шарт жасасу шарты;

энергиямен жабдықтау шарты;

қозғалмайтын мүлікті сатып алу-сату шарты;

кәсіпорынды сатып алу-сату шарты.

Жалпы ереже бойынша сатып алу-сату шартының елеулі ережелері болып тауардың атауы және тауардың саны табылады.

Сатушы сатып алушыға тиісті сандағы тауарды беруге міндетті. Тауардың санын тараптар нақты өлшеммен (метр, дана, тонна және өзге де есептеумен) анықтайды.

Егер, сатушы шартта көзделгеннен аз (кем) сандағы тауарды беретін болса, сатып алушы сатушының жетіспейтін тауарды толықтырып беруін талап етуге немесе берілген тауардан толықтай бас тартуға құқылы.

Егер, сатушы шартта көзделгеннен артық сандағы тауарды беретін болса, сатып алушы: артық тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы; - егер, сатушының ақылға қонымды мерзім ішінде шешімі болмаса, артық тауарды қабылдауға құқылы.

Сатушы тауарды тиісті ассортиментте беруге міндетті. Ассортимент дегеніміз – кейбір белгілері (түрлері, модельдері, көлемі, өлшемі, түсі және т.б.) бойынша жіктелетін және берілетін тауардың саны көрсетілетін нақты атауы бар тауарлардың тізімі.

Егер шартта ассортимент туралы ереже болмаса, дегенмен тауардың атауы бойынша болуы тиіс болса, сатушы: - сатып алушының қажетін есепке ала отырып, тауарлардың ассортиментін жеке анықтауға құқылы, немесе -шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Шарттың ассортимент туралы ережелерін сатушы бұзатын болса, онда сатып алушы тауарды қабылдаудан бас тартуға және төлемеуге құқылы.

Сатушы сатып алушыға тиісті сападағы тауарды беруге міндетті. Тауардың сапасы шартта немесе мемлекеттік стандартта көрсетілуі мүмкін. Егер шартта тауардың сапасы туралы ережелер болмаса, мақсатына жарамды тауарды беруге міндетті. Тауар берілген соң да сатушы оның сапасына қатысты қосымша кепілдік мерзімін беруге құқылы. Сатушы тауардың сапасына қатысты ережелерді бұзатын болса, сатып алушы сатушыдан - сатып алу бағасын тиісінше азайтуды немесе тауардың кемшіліктерін ақылға қонымды мерзім ішінде сатушы есебінен жоюды немесе тауардың кемшіліктерін өз есебінен жойғаны үшін, шығындарын өтеуді талап етуге құқылы. Егер тауардың сапасына қатысты елеулі кемшіліктерді қалпына келтіру немесе жою мүмкін болмаса, сатып алушы шартты орындаудан және төленген соманы кері қайтаруды немесе тауарды алмастыруды талап етуге құқылы.

Сатушы тауарды шарт ережелеріне немесе нормативтік актілердің талаптарына немесе оның сақталуын, жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында буып түюге (упаковка жасауға) міндетті.

Шарттың ережелеріне сай, сатушы тауарды жиынтықта (комплектіде), яғни жиынтыққа кіретін барлық заттарымен бірге беруге (мебельдің гарнитурлары) міндетті. Егер тауар жиынтығында берілмесе, сатып алушы сатушыдан сатып алу бағасын тиісінше төмендетуді немесе ақылға қонымды мерзім ішінде тауарды толық жиынтығында беруді талап етуге құқылы. Егер тауар толықтырылмаса, сатып алушы тауарды жиынтықтағы тауарға алмастыруды немесе шартты орындаудан бас тартуға және төленген соманы кері қайтаруды талап етуге құқылы.

Сатып алу-сату шарты бойынша сатушының негізгі міндеті шарт ережелеріне сай тауарды сатып алушыға беру. Сатушының тауарды беру міндетінің орындалған сәті болып:

- егер шартта сатушының тауарды жеткізіп беру міндеті көзделген болса, тауарды сатып алушыға беру сәті;

- егер тауар орналасқан жерде беру көзделсе, тауарды сатып алушы билігіне беру сәті;

- басқа жағдайларда, сатып алушыға жеткізіп беру үшін тауарды тасымалдаушыға немесе өзге де байланыс ұйымына беру кезеңі табылады.

Тауар беру мерзімі шартта көзделеді. Егер, шартта мерзім көрсетілмесе ҚР азаматтық кодексіндегі ережелер қолданылады.

Тауардың бағасы шартта көрсетіледі. Егер, шартта көрсетілмесе, ұқсас тауарларға сай әдетте алынатын баға қолданылады. Шартта тараптар нақты бағаны белгілеуі немесе бағаны келешекте келісіп отыру жөнінде келісуі немесе міндеттеменің орындалу сәтіне бағаны анықтау тәртібін бекітуі мүмкін.

Сатып алушының негізгі міндеті тауарды қабылдау және оның бағасын төлеу. Шартта тауар бағасын толықтай немесе алдын-ала немесе нақты бір мерзім ішінде төлеу қарастырылуы мүмкін. Соңғы жағдайда шарттың елеулі ережелері болып тауардың бағасы, төлемдердің тәртібі, мерзімдері және мөлшері табылады.

11.2 Бөлшектеп сатып алу-сату шартының ерекшеліктері (ҚР АК 445-457 баптары)

Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша тауарларды бөлшектеп сатуды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын сатушы, тауарды сатып алушыға беруге міндеттенеді, ал сатып алушы тауарды кәсіпкерлік мақсатпен байланысты емес жеке, отбасылық, тұрмыстық мақсатта пайдалану үшін қабылдауға және бағасын төлеуге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

- сатушы - тауарларды бөлшектеп сатуды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

- берілетін тауар кәсіпкерлік мақсатпен байланысты емес жеке, отбасылық, тұрмыстық мақсатта пайдаланылады;

- шарт ауызша немесе жазбаша нысанда жасалуы мүмкін. Жазбаша нысан шарттың жасалу және орындалу сәттері сәйкес келмейтін болса қолданылады. Мысалы, тауарды несиеге сату. Егер сатушы сатып алушыға шарттың жасалғанын растайтын тауар чегін немесе өзге дәлелді құжатты беретін болса, шарт тиісті нысанда жасалған болып саналады;

- шарт екі жақты, ақылы және жария болып табылады;

- сатушы барлық сатып алушылармен тең жағдайда шарт жасауға міндетті;

- сатушы жария оферта ұсыныс білдірген кез-келген тұлғамен шарт жасауға міндетті;

- сатып алушы шарт ережелерін қосылу арқылы қабылдай алады (қосылу шарты);

- сатушы тауардың сипаты, оны пайдалану және сақтау ерекшеліктері жөнінде сатып алушының нақты мәліметі болатындай мағлұматты беруге міндетті;

- сатушы шарт ережелеріне саны, сапасы, жиынтығы, буып-түюі сай келетін тауарды сатып алушыға беруге міндетті;

- сатып алушы тауарды қабылдауға және бағасын төлеуге міндетті.

11.3 Тауар жеткізілімі шартының ерекшеліктері (ҚР АК 458-477 баптары)

Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тауар жеткізуші (сатушы) келісілген мерзім ішінде өндіретін (шығаратын) немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін сатып алушыға беруге міндеттенуі, сатып алушы қабылдауға және бағасын төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарттың ерекшеліктері:

- тауар жеткізуші ретінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер;

- сатып алушы тауарды кәсіпкерлік мақсатта пайдалану үшін сатып алады, сол себептен де сатып алушы болып заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер табылады;

- шарттың жасалу және орындалу сәттері бір мезгілге сай келмейді және бір сәтте жүзеге аспайды;

- тауар жеткізілімі шарты бір жылға жасалуы мүмкін. Сонымен қатар, одан да ұзақ мерзімдік қатынастарды да қамтиды және тауарларды жеткізу бір жолғы емес, керісінше шарт мерзімі шеңберінде жеке-жеке партиялармен жүзеге асырылады;

- тауар жеткізуші өзінде жоқ, бірақ келешекте өндіретін (шығаратын) немесе сатып алатын тауарларды сату жөнінде шарт жасауы мүмкін;

- шарт еркіндігі қағидасы тауар жеткізілімі шартына да қолданылады. Дегенмен, тауар жеткізуші (сатушы) нарықта үстемді жағдайға ие болатын болса, заңнама ережелеріне сәйкес шарт жасауға мәжбүрленуі де мүмкін. Мысалы, нарықта монополиялық жағдайға ие және тауарды өндіру немесе жеткізу мүмкіндігі бола тұра бас тартатын тауар жеткізуші («бидай өнімдері» саласы бойынша Госпродкорпорация) шарт жасауға мәжбүр етілуі мүмкін.

- шарт жай жазбаша нысанда жасалады. Әдетте, тауар жеткізілімі шарты:

шарттың мәтінінен;

тауардың ассортименті мен санын қамтитын ерекшелігінен;

Сонымен қатар, шартқа бағаны келісу хаттамасы, тауарларды (бір күндік, он күндік т.с.с.) жеткізу кестесі;

- тауарларды сатып алушы көрсеткен мекен-жайға жеткізу тапсырмасын қамтиды.

- шарттың елеулі ережелері ретінде тауардың атауы және саны табылады.

11.4 Келісім шарт жасасу шартының ерекшеліктері (ҚР АК 478-481 баптары)

Келісім шарт жасасу шарты бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші өзі өсірген (шығарған) өнімді қайта өңдеу және сату үшін алатын дайындаушыға беруге міндеттенуі, ал дайындаушы қабылдауға және бағасын төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарттың ерекшеліктері:

- екі жақты, консенсуалды және ақылы болып табылады;

- тараптар: ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші және дайындаушы;

- шарт кәсіпкерлік мақсатта ғана жасалады;

- шарттың нысанасы (пәні) ретінде өңделмеген, бірақ қайта өңделуге жататын ауыл шаруашылығы өнімдері табылады;

- шарттың жасалу және орындалу сәттері сәйкес келмейді, себебі, өсірілетін өнім шарттың нысанасы болады;

- шарттың әлсіз жағы ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші басымдылықпен қорғалады. Себебі, оның қызметі табиғаттың әртүрлі жағдаймын байланысты. Мысалы, бидайдың сапалы да мол шығуы үшін су және күн сәулесі жеткілікті болуы қажет. Ал, күн сәулесінің жеткілікті болуы адамға байланысты емес.

- шарттың елеулі ережесі болып берілетін ауыл шаруашылығы өнімінің саны жөніндегі жағдаят табылады.

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші міндеттемесін толықтай немесе тиісінше орындамаған жағдайда, кінәсі болса ғана жауап береді;

- егер шартта өзгеше жағдай көзделмесе, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаушы өнімді орналасқан жерінде қабылдауға және өз күшімен алып кетуге міндетті;

- егер, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші шарт ережелеріне сай өнімді ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаушыға жеткізіп берсе, оның қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ;

- шартта дайындаушының қайта өңделген өнімнің қалдықтарын өндірушіге қайтарып беру міндеті қарастырылуы мүмкін;

- дайындаушы бой бермейтін күш негізінде шарттың орындалуын қамтамасыз ете алмаса ғана, жауаптан босатылады. Өзге жағдайларда (кездойсоқ зиян үшін де) жауапты.

11.5 Энергиямен жабдықтау шартының ерекшеліктері (ҚР АК 482-492 баптары)

Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым тұтынушыға (абонентке) қосылған тетіктер арқылы энергияны беруге міндеттенуі, ал тұтынушы (абонент) қабылданған энергияны төлеуге, оны тұтыну режимін сақтауға, пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарттың ерекшеліктері:

- шарт екі жақты, ақылы, жария;

-энергиямен жабдықтаушы ұйым ретінде тұтынушыларға өндірілген немесе сатып алынған электр немесе жылу энергиясын сататын коммерциялық ұйым табылады. Тұтынушы ретінде қосылған тетіктер арқылы электрэнергиясын пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар бола алады.

- шарт объектісі болып табылатын электр энергиясын жинақтап ұстауға және сақтауға болмайтындығы;

- электр энергиясын тұтыну оны алумен бірге жүреді, сол себептен де оны қайтарып беру мүмкіндігінің жоқтығы;

- электрэнергиясын беру тоқтаусыз процесс болып табылады;

- электр энергиясын тасымалдау (беру) қосылған тетіктер арқылы ғана мүмкін;

- тұтынушының қосымша міндеттері:

энергияны пайдалану режимін сақтау;

энергия тетіктерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

энергияны қабылдайтын тұтыну құралдарының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

- шарт ұзақ мерзімді сипатқа ие;

- шарт жасау үшін тұтытнушыда энергия жіберетін тетіктердің болуы қажет;

- егер заңнамамен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, энергиямен жабдықтау шартының ережелері қоыслған тетіктер арқылы берілетін жылу, су, мұнай, мұнай өнімдері қатынастарына да қолданылады;

- энергиямен жабдықтаушы ұйым техникалық құралдар мен оларды пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жасауға құқылы;

- азаматтың тұрмыстық мақсатта пайдалану үшін алатын энергиясының смөлшері (саны) шектелмейді. Заңды тұлға мен жеке кәсіпкерге берілетін энергия мөлшері шартта көрсетіледі.

- энергияны берудегі үзіліс, энергия беруді шектеу немесе тоқтату:

тараптардың келісімі бойынша;

энергетикалық құралдардың қанағаттанарлықсыз күйінен апат қаупі туындаса немесе азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса;

апаттың алдын алу мақсатында кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыру қажет болса ғана энергияны берудегі үзіліс, энергия беруді шектеу немесе тоқтату орын алуы мүмкін.

11.6 Кәсіпорынды сату шартының ерекшеліктері (ҚР АК 493-500 баптары)

Кәсіпорынды сату шарты бойынша сатушы сатып алушының меншігіне кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде беруге міндеттенеді, ал сатып алушы қабылдауға және келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

- шарт консенсуалды, екі жақты, ақылы;

- кәсіпорын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен болып табылады;

- Кәсіпорын құрамына кіретіндер:

жер учаскелері;

ғимараттар;

құрал-жабдықтар, шикізат, дайын өнімдер;

талап ету құқықтары, қарыздар;

кәсіпорынды дараландыратын айрықша құқықтар (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі);

- кейбір міндеттер мен құқықтар сатып алушыға ауыспайды (мысалы, лицензияцы қызмет, жұмыс түрлері);

- кәсіпорынның қызметкерлеріне, жұмысшыларына қатысты құқықтары мен міндеттері сатушыдан сатып алушыға еңбек заңнамасына сай ауысады;

- кәсіпорынды сату сатылары:

- кәсіпорынның құрамы мен бағасын анықтау;

- кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жасау;

- кәсіпорынның сатылатыны жөнінде несие берушілерді хабардар ету;

- өткізу актісін жасау арқылы кәсіпорынды сатып алушыға беру;

- кәсіпорынға меншік құқығының ауысуын мемлекеттік тіркеу.

Шарт жай жазбаша нысанда жасалады және мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Шарт мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап жасалған болып табылады.

Кәсіпорын сатып алушыға екі талап өткізу актісіне қол қойған сәттен бастап ауысты, деп саналады. Осы сәттен бастап кәсіпорын құрамындағы мүліктің кездейсоқ жойылу және бүліну қаупі (тәуекелі) сатып алушыға ауысады.

Сатылатын кәсіпорынның несие берушілері кәсіпорын сатып алушыға берілгенге дейін жазбаша түрде хабардар етілуі тиіс.

Кәсіпорынның сатылатыны жөнінде хабар алған несие беруші, өз алажағының жаңа сатып алушыға ауысуын қаламаса, хабар алған күннен бастап 3 ай ішінде сатушының міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауын немесе тоқтатуын және келтірілген шығында талап етуге немесе кәсіпорынды сату шартын толықтай яки белгілі бөлігін жарамсыз деп тану талап қоюға құқылы.

Кәсіпорынның сатылатыны жөнінде хабардар етілмеген несие беруші, кәсіпорынның сатушыдан сатып алушыға берілгенін білген немесе білуі тиіс күннен бастап 1 жыл ішінде сотқа талап қоюға құқылы.

Несие берушінің келісімінсіз сатылған кәсіпорын құрамына енгізілген қарыздар бойынша сатушы мен сатып алушы несие беруші алдында ортақтасып жауап береді.

11.7 Айырбас шарты (ҚР АК 501-505 баптары)

Айырбас шарты бойынша әр тарап айырбасқа тауарды екінші тараптың меншігіне, шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына беруге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

- шарт екі жақты, ақылы, консенсуалды;

- шарттың нысанасы (пәні) ретінде азаматтық айналымнан алынбаған және айналымы шектелмеген заттар табылады;

- әр тарап беретін тауарға қатысты сатушы, алатын тауарға байланысты сатып алушы болып табылады. Сол себептен де айырбас шартына сатып алу-сату шартының ережелері қолданылады.

- жалпы ереже бойынша тауарлар тең бағалы деп танылады. Егер, тауарлар бағасында айырмашылық болса, тауары төмен бағаланған тарап екінші тарапқа айырмашылықты төлеуге міндетті;

тараптарға меншік құқығы әр тарап тиісті тауарды беру жөніндегі өз міндеттемесін орындаған соң ауысады.

Тапсырмалар:

  1.  Сатып алу-сату шарты бойынша мүлікке қатысты қандай құқықтар туындайды және оны негіздеңіз?
  2.  Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша сатушы бола алатын тұлғаларды атаңыз.
  3.  Тауар жеткізілімі шартының объектісі бола алмайтын материалдық игіліктер мен мүліктік құқықтар?
  4.  Энергиямен жабдықтау шарты шарты қандай шарт және оның ерекшеліктері неде?
  5.  Келісім шарт жасасу шартының объектісі қандай, субъектілерін атаңыз?
  6.  Кәсіпорын сату шарты қандай мақсатта жасалады және кәсіпорын құрамына не кіреді?
  7.  Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу арқылы сатып алу мен жекешелендіру арқылы сатып алудың ерекшеліктері қандай?
  8.  Айырбас шарты мен сатып алу-сату шартының айырмашылығы неде?

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер:

  1.  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» ҚР 26 шілде 2007 жылғы № 310 заңы.
  2.  Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы 4 мамыр 2010 жылғы № 274-IV ҚР заңы
  3.  Тауар биржалары туралы 4 мамыр 2009 жылғы № 155-IV ҚР заңы
  4.  Мемлекеттік мүлік туралы 1 наурыз 2011 жылғы № 413-IV ҚР заңы
  5.  Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 13 маусым 2005 жылғы ҚР заңы
  6.  Мемлекеттік сатып алу туралы 21 шілде 2007 жылғы № 303-III ҚР заңы
  7.  Азаматтық құқық. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин. Алматы. КазГЗА. 2003
  8.  Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 2: Договоры о передаче имущества. – М.: “Статут”, 2000

12 – тарау. Рента және өмір бойы асырауда ұстау (ҚР АК 517-539 баптары)

12.1 Рента шарты туралы жалпы ережелер

Рента шарты бойынша бір тарап (рента алушы) екінші тараптың (рента төлеушінің) меншігіне мүлік береді, ал рента төлеуші алған мүлік үшін белгілі бір ақша сомасын немесе өзгеше нысандағы асырауды жүзеге асыруға міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

- шарт екі жақты, ақылы, консенсуалды;

- Рента түрлері: тұрақты рента, ғұмырлық рента және өмір бойы асырауда ұстау.

- рента шарттары жазбаша нысанда жасалуы және нотариалды куәландырылуы тиіс.

Жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару мемлекеттік тіркеуді қажет етеді.

Рента негізінде иеліктен шығарылатын мүлік рента төлеуші меншігіне беріледі.

- Рента, оны төлеу үшін берілген жер учаскесі, сол сияқты кәсіпорын, ғимарат немесе өзге де жылжымайтын мүлік құқығына ауыртпалық түсіреді (яғни, шектейді). Егер, мұндай (ауыртпалықты) мүлікті рента төлеуші иелігінен шығарса, оның рента міндеттемелері мүлікті алушыға ауысады. Егер, мүлікті сатып алушы рента шартының міндеттемелерін орындамаса, мүлікті беруші (бұрынғы рента төлеуші) субсидиялық жауапта болады.

- Рента алушы жер учаскесіне немесе басқа да жылжымайтын мүлікке деген құқықты рента төлеушіге бере отырып, шарт орындалуын қамтамасыз ету мақсатында бұл мүлікке кепіл құқығын алады.

- Ақша сомасын немесе басқа да жылжитын мүлікті рента төлеміне беруді қарастыратын шарттың елеулі ережелері ретінде 1) рента төлеушінің өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету міндеті немесе 2) бұл міндеттемелердің орындалмау яки тиісті дәрежеде орындалмау тәуекелін рента алушы пайдасына сақтандыру міндеті қарастырылады. Егер, осы негіздер бойынша ренті төлеуші міндеттемелерін орындамаса, рента алушы шартты бұзуға және келтірілген зиян орнын толтыруды талап етуге құқылы.

- Егер шартта өзгеше көзделмесе, рента төлеуші рентаны төлеу мерзімін өткізіп алған жағдайда, ҚР Ұлттық банкі белгілеген банкілік пайыздың орташа есептеу ставкасы негізінде рента алушы талабы қанағаттандырылуы мүмкін.

12.2 Тұрақты рента шартының ерекшеліктері. Тұрақты рента шарты бойынша рента алушы ретінде азаматтар және қызмет мақсатына қайшы келмейтін болса коммерциялық емес ұйымдар бола алады.

Тұрақты рента ақшалай төленеді.

Шарт бойынша ақша сомасына сай келетін зат беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету рента төлемі ретінде қарастырылуы мүмкін.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, төленетін рентаның мөлшері айлық есептік көрсеткіштің мөлшеріне сай өзгеріп отырады.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұрақты рента әр тоқсан соңында төленеді.

Рента алушы рента төлеушіден мына жағдайларда:

1) шартпен өзгеше көзделмесе, рента төлеуші рента төлемін бір жылдан астам уақыт төлемесе;

рента төлеуші рента төлемін қамтамасыз ету міндеттемелерін бұзса;

рента төлеушінің төлем қабілеті жоқ деп танылса немесе шартпен қарастырылған мөлшер мен мерзімде рентаның төленбейтінін дәлелдейтін басқа да себептер туындаса;

рента төлеміне берілген мүлік ортақ меншікке келіп түссе немесе бірнеше тұлға арасында бөлінсе;

шартпен қарастырылған өзге де жағдайларда рентаны сатып алуды талап етуге құқылы.

Тұрақты рента төлеміне берілген мүлік кездойсоқ жойылса немесе бүлінсе, оның тәуекелі (қаупі) рента төлеушіге жүктеледі. Бұл жағдайда, рента төлеуші рента төлеу міндеттемелерінің тоқтатылуын немесе рентаны төлеу жағдаяттарының өзгертілуін талап етуге құқылы.

12.3 Ғұмырлық рента шартының ерекшеліктері

Ғұмырлық рента шарты бойынша рента алушы мүлігін рента төлеуші меншігіне береді, ал рента төлеуші оған және/немесе өзге адамдарға өмір бойы рента төлеп отыруға міндеттенеді.

рента алушы ретінде бір немесе бірнеше адам бола алады;

егер шартта өзгеше көзделмесе, бірнеше адам пайдасына жасалған ғұмырылық рента шарты бойынша олардың біреуі қайтыс болса, оның үлесі басқа рента алушыларға ауысады;

ғұмырлық рента туралы азаматтың пайдасына жасалатын шарт күшіне енгенге дейін рента алушы – азамат қайтыс болса, шарт жарамсыз болып табылады;

ғұмырлық рентаның мөлшері ең төменгі айлық жалақыдан төмен болмауы тиіс және әр күнтізбелік ай соңында төленіп отырады;

мүлік кездойсоқ жойылса немесе бүлінсе де, рента төлеуші рента төлеу міндеттемелерінен босатылмайды.

Шарт рента алушының қайтыс болуымен тоқтатылады.

12.4 Өмір бойы асырауда ұстау шартының ерекшеліктері

Өмір бойы асырауда ұстау шарты бойынша рента алушы-азамат өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті рента төлеуші меншігіне береді, ал рента төлеуші бұл азаматты немесе ол көрсеткен өзге адамды өмір бойы асырауға міндеттенеді.

Рента төлеуші міндетіне кіруі мүмкін ережелер:

рента алушыны тұрғын үйде тұрумен қамтамасыз ету;

киіммен, тамақпен, бағып күту өзге де қажетті көмекпен қамтамасыз ету;

діни қызметтерді (жерлеу, кәделерін өткізу және т.б.) көрсету көзделуі мүмкін.

Шарт бойынша рента төлеуші көрсететін айлық асырау мөлшері екі айлық төменгі жалақыдан төмен болмауы тиіс.

Шартпен көрсетілетін күтімді ақшалай нақты сомаға алмастыру мүмкіндігі де көзделуі мүмкін.

Шарт рента алушының қайтыс болуымен тоқтатылады.

Рента төлеуші өз міндеттемелерін толықтай немесе ішінара орындамаған жағдайда, рента алушы жылжымайтын мүлкін қайтарып алуға немесе шартпен қарастырылған рента құнының бір жылдық төлемін талап етуге құқылы.

Тапсырмалар:

  1.  Рента ұғымы қандай шықты және нені білдіреді?
  2.  Тұрақты рентаның мерзімі туралы не айта аласыз?
  3.  Ғұмырлық рента мен өмір бойы асырауда ұстау шарттарының айырмалықтары қандай?

13 – тарау. Сыйға тарту шарты (ҚР АК 506-516 баптары)

13.1 Сыйға тарту шартының түсінігі, ерекшеліктері

Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) екінші тарап (сый алушы) меншігіне затты, өзіне немесе үшінші тұлғаға деген мүліктік құқықты береді немесе беруге міндеттенеді, немесе сый алушыны мүліктік міндеттен босатады яки босатуға міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

- шарт екі жақты мәміле, себебі тек қана сыйға тартушының ғана емес, сонымен қатар, сый алушының да келісімін қажет етеді;

- сыйға тарту шарты ақысыз (өтемесіз) шарт;

- шынайы немесе консенсуалды шарт;

Шарт ауызша жасалуы мүмкін, яғни сыйды тапсыру немесе символикалық түрде кілтті немесе құжаттарды тапсыру арқылы да болуы ықтимал.

Болашақта сыйды беруге уәде етілсе шарт жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Осы негіздер бойынша шарт ауызша жасалса, жарамсыз болып саналады.

Жылжымайтын мүлікті сыйға тарту шарты мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Сыйға тартушы қайтыс болған жағдайда затты сыйға тартуға заңнама тыйым салады.

Сыйға тартушы ретінде өзін нақты бір мүліктен (материалдық игіліктен) ерікті түрде айыратын тұлға табылады.

Сый алушы болып сыйды қабылдайтын тұлға танылады.

Құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сыйды мына санаттардағы азаматтарға қабылдауға болады:

кәмелетке толмағандардың және әрекетке қабілетсіз деп танылғандардың атынан олардың заңды өкілдері;

емдеуде, асырауда жатқан адамдардан және олардың туыстарынан емдеу, тәрбиелеу, әлеуметтік бейімделу қызметкерлері.

Егер сыйдың бағасы он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, мемлекеттік қызметкерлерге сыйда қабылдауға болмайды.

Егер мүлік заңды тұлғаның оралымды басқару немесе шаруашылық жүргізу құқығында болса және құны он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса, меншік иесінің келісімімен ғана сыйға берілуі мүмкін.

Ортақ бірлескен меншіктегі затты сыйға тарту үшін барлық меншік иелерінің келісімі қажет.

Нақты сыйға берілетін мүлік (зат) көрсетілмей, барлық мүлікті сыйға тарту, міндеттен босату жөніндегі уәде жарамсыз болып танылады.

Сый алушы сыйды қабылдағанға дейінгі кез-келген уақытта одан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда шарт бұзылған болып саналады. Егер шарт жазбаша нысанда жасалса, бас тарту да жазбаша нысанда рәсімделуі тиіс. Егер сыйға тарту шарты мемлекеттік тіркеуден өтсе, бас тартуда мемлекеттік тіркеумен жасалуы қажет. Егер сыйға тарту шарты жазбаша нысанда жасалса, сыйға тартушы сый алушыдан бас тартуына байланысты келтірілген нақты шығынды өтеуін талап етуге құқылы.

Болашақта сыйды беру уәде етілген соң, сыйға тартушының отбасы немесе мүліктік жағдайы немесе денсаулығы нашарлап, оның өмір деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтыратын болса, сыйға тартушы сыйға тарту шартын орындаудан бас тартуға құқылы.

Егер сый алушы сыйға тартушының немесе оның отбасы мүшелері немесе жақын туыстарының өміріне немесе денсаулығына зиян келтірсе, сыйға тартушы (оның туыстары) сыйға тарту шартының күшін жою туралы сот арқылы талап қоюға құқылы.

Егер сыйланған зат сыйға тартушы үшін рухани құндылық болса және сый алушы тарапынан оның жойылуы қаупі туындаса, шарттың күшін сот арқылы жоюға құқылы.

Егер сый тартушы сый алушыдан ұзақ өмір сүретін болса, шартта оның күшін жою туралы сый тартушының құқыға көзделуі мүмкін (яғни, сый сый тартушыға қайтып оралады).

Егер, шартты өзгеше көзделмесе, сыйды болашақта беруге уәде етілген болса және сый алушы қайтыс болып кетсе, оның құқықтары мұрагерлеріне ауыспайды.

Сыйға уәде еткен сый тартушының міндеттері (шартта өзгеше көзделмесе) оның мұрагерлеріне ауысуы мүмкін.

13.2 Қайырмалдық

Қайырмалдық дегеніміз – жалпы пайдалы мақсатта заттарды немесе құқықтарды сыйлау.

Қайырмалдық азаматтар, емдеу, тәрбиелеу, әлеуметтік бейімделу, ғылым, оқу орындары, қорлар, мұрағаттар, мәдени орталықтар, қоғамдық, діни бірлестіктер, мемлекет пайдасына жасалуы мүмкін.

Қайырмалдықты қабылдау үшін рұқсат немесе келісім талап етілмейді.

Нақты мақсатты берілген қайырмалдықты қабылдаған заңды тұлға осы мүлікті (затты) пайдалану жөнінде арнайы есеп жүргізуге міндетті. Егер қайырмалдықты мақсатына сай пайдалану туындаған жағдайларға байланысты мүмкін болмаса, қайырмалдық жасаушының келісімімен басқа мақсатта пайдаланылады. Егер, қайырмалдық жасаушы адам қайтыс немесе заңды тұлға таратылған болса, сот шешімі қажет. Егер, қайырмалдық өзге мақсатта пайдаланылса, қайырмалдық жасаушы немесе оның құқық қабылдаушылары қайырмалдықтың күшін жоюды талап етуге құқылы.

Тапсырмалар:

  1.  Сыйға тарту шарты қандай қатынастардан туындайды?
  2.  «Сыйға – сый, сыраға – бал» мәтелінің сыйға тарту шартына қатысы бар ма?
  3.  Сыйға тарту шарты мен қайырмалдық, қайырымдылық ұғымдары арасында қандай айырмашылықтар бар?

14 – тарау. Мүлікті пайдалануға беру жөніндегі міндеттемелер

14.1 Мүлік жалдау шартының жалпы ережелері (ҚР АК 540-564 баптары)

Мүлік жалдау шарты - жалға беруші мүлікті жалға алушының уақытша ақылы пайдалануына және иеленуіне беруге міндеттенуі, ал жалға алушы мүліктің қалыпты тозуын (көнеруін) ескере отырып пайдалануға және жалдау ақысын төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарттың ерекшеліктері:

шарт екі жақты, ақылы, консенсуалды, мерзімді;

мүлік жалға алушыға (егер өзгеше көзделмесе меншік құқығы ауыспастан) уақытша пайдалану мен иеленуге беріледі;

шарт объектісі ретінде жеке белгілерімен анықталған тұтынылмайтын заттар табылады;

шарт жай жазбаша, субъектілеріне қарай нотариалды куәландыру және объектісіне қарай мемлекеттік тіркеу түрінде жасалуы мүмкін;

Жалға берушінің негізгі міндеті шарт объектісі болып табылатын мүлікті жалға алушыға беру. Жалға беруші осы міндетін орындамаған жағдайда, жалға алушы мүліктің берілуін талап етуге немесе шартты бұзуға құқылы.

Жалға алушының негізгі міндеті – жалдау ақысын уақтылы төлеу. Егер жалға алушы мүлікті мақсатына сай пайдаланбаса, жалға беруші шарттың бұзылуын талап етуге құқылы.

Жалға алушы жалға берушінің келісімімен жалданған мүлікті қосымша жалға, тегін пайдалануға, жалдау құқықтарын кепілге беруге құқылы. Сонымен қатар, мүлікке жақсартулар жасауға құқылы.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, жалданған мүліктің күрделі жөндеуі жалға берушіге, ал ағымдағы жөндеуі жалға алушыға жүктеледі.

Жалдау шартының түрлері: прокат, көлік құралдарын жалдау, кәсіпорынды жалдау, ғимараттарды жалдау, лизинг шарты, тұрғын үйді жалдау.

14.2 Прокат шартының ерекшеліктері

Прокат шартының ерекшеліктері (ҚР АК 595-600 баптары):

жалға беруші – кәсіпкер (жеке кәсіпкер немесе коммерциялық ұйым);

шарт нысанасы (пәні) ретінде тұтыну мақсатында пайдаланылатын жылжитын мүлік табылады;

шарт жария болып табылады;

шарт бір жылдан аспайтын мерзімге жасалады;

шарт жазбаша нысанда жасалады;

жалға алушының шартты ұзартуда басымдылық құқығы болмайды;

жалға беруші шарт жасасқан кезде мүліктің (заттың) қалыпты жұмыс істеуін тексеруге және оны пайдалану ерекшеліктерімен жалға алушыны таныстыруға міндетті;

жалға алушы жалға берушіні он күн алдын ала ескерте отырып, шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы;

жалдау ақысы ақшалай нысанда төленеді;

мүліктің күрделі де ағымдағы да жөндеуі жалға берушіге жүктеледі;

жалға алушының жалға алған мүлікті қосымша жалға, өз құқықтарын үшінші тұлғаға беруге, кепілге беруге, тегін пайдалануға беруге құқығы жоқ.

14.3 Көлік құралдарын жалдаудың ерекшеліктері (ҚР АК 585-594 баптары)

Көлік құралын жалдау шарты бойынша жалға беруші көлік құралын жалға алушының уақытша ақылы пайдалануына және иеленуіне беруге міндеттенеді, ал жалға алушы көлік құралының қалыпты тозуын (көнеруін) ескере отырып пайдалануға және жалдау ақысын төлеуге міндеттенеді.

көлік құралдарын экипажымен және экипажсыз жалдауға болады;

- шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс;

- көлік құралын экипажымен жалдау шарты бойынша көлік құралының күрделі де ағымдағы да жөндеу жұмыстары жалға берушіге жүктеледі;

- осы шарт бойынша мерзімі ішінде көлік құрылының қалыпты және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жалға берушіге жүктеледі;

жалға беруші көлік құралын экипажбен қамтамасыз етуге міндетті және экипаж мүшелерінің қызметін жалға беруші төлейді, себебі соның қызметкерлері болып табылады;

көлік құралын сақтандыру міндеті және көлік құрылын пайдалануға байланысты келтірілген зиянды жалға беруші өтейді.

Көлік құрылын экипажсыз жалдау шартының ерекшеліктері:

көлік құралының күрделі де ағымдағы да жөндеу жұмыстары жалға алушыға жүктеледі;

көлік құрылын техникалық жөндеу және басқару жалға алушы есебінен жүзеге асырылады;

көлік құралын сақтандыру міндеті және көлік құрылын пайдалануға байланысты келтірілген зиянды жалға алушы өтейді.

14.4 Кәсіпорынды жалдау шартының ерекшеліктері(ҚР АК 573-580 баптары)

Кәсіпорынды жалдау шарты бойынша жалға беруші кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде кәсіпкерлік мақсатта жалға алушының ақылы негізде уақытша пайдалануына және иеленуіне беруге міндеттенеді, ал жалға алушы жалдау ақысын төлеуге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

жалдау нысанасы (пәні) ретінде кәсіпорын – мүліктік кешен ретінде қарастырылады.

қызметтің, жұмыстың лицензия негізінде жүзеге асырылатын түрлері жалдау шарты арқылы берілмейді;

кәсіпорын несие берушілерін міндетті түрде жалдау шарты жасалатыны жөнінде хабарландыру;

шарт жай жазбаша нысанда жасалады;

кәсіпорынды беру өткізу актісі негізінде жүзеге асады;

шартты мемлекеттік тіркеу міндетті;

егер шартпен немесе заңнамамен өзгеше қарастырылмаса, жалға алушы кәсіпорынды қосымша жалға, қайта жалдауға беруге, сатуға құқылы, бірақ кәсіпорынның бағасы төмендемеуі тиіс;

жалға алушы жалға берушінің келісімінсіз кәсіпорынның құрамына жақсартулар енгізуге құқылы;

егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, жалға алушы мүлікке енгізген ажырамайтын жақсартулардың шығынын жалға берушіден талап етуге құқылы.

14.5 Лизинг шартының ерекшеліктері

Лизинг шарты (ҚР АК 565-572 баптары) ҚР «Қаржы лизингі туралы» 5 шілде 2000 жылғы Заңы.

Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан сатып алуға және кәсіпкерлік мақсатта қолдану үшін лизинг алушының ақылы пайдалануына және иеленуіне беруге міндеттенеді, ал лизинг алушы жалдау ақысын төлеуге міндеттенеді.

Шарт нысанасы (пәні) ретінде ғимараттар, машиналар, құралдар, көліктер, жер учаскелері және өзге де тұтынылмайтын заттар табылады.

шартта мүлікті сатушының атауы;

лизинг алушыға мүлікті беру жағдаяттары мен мерзімі;

төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;

шарт мерзімі;

егер шартта көзделсе, мүліктің лизинг алушы меншігіне өту жағдаяттары.

Лизинг беруші мүліктің лизинг алушыға беру үшін арналғаны жөнінде сатушыны хабардар етуге міндетті;

Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүліктің кездойсоқ жойылу немесе бүліну қаупі мүлік лизинг алушыға өткен сәттен бастап, оған жүктеледі;

Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті лизинг алушыға (ол орналасқан жерге) сатушы беруге міндетті;

Егер мүлік шарт мерзімі ішінде лизинг алушыға берілмесе және ол үшін лизинг беруші жауапты болса, лизинг алушы шартты бұзуға және келтірілген зиян орнын өтеуді талап етуге құқылы;

Мүліктің сапасына, жиынтығыны, жеткізілу мерзіміне және өзге де ережелеріне қатысты орындалмау жөніндегі талаптарын тікелей сатушыға қоюға құқылы;

Сатушы алдында лизинг беруші мен лизинг алушы ортақтасқан несие беруші болып табылады;

- егер шартта өзгеше көзделмесе және мүлікті лизинг беруші таңдаған болса, онда лизинг алушы мүліктің сапасына және шарттың орындалмаған өзге де жағдаяттары бойынша талапты сатушыға да лизинг берушіге де қоюға құқылы және олар лизинг алушы алдында ортақтасып жауап береді.

14.6 Тұрғын үйді жалдау ерекшеліктері

Тұрғын үйді жалдау ерекшеліктері (ҚР АК 601-603 баптары, Тұрғын үй қатынастары туралы 16 сәуір 1997 жылғы ҚР Заңы).

Тұрғын үйді жалдау шарты бойынша меншік иесі немесе өкілетті тұлға (жалға беруші) тұрғын үйді уақытша немесе тұрақты тұру үшін азаматқа (жалға алушыға) және оның отбасына ақылы негізде пайдалануға және иеленуге беруге міндеттенеді, ал жалға алушы тұрғын үйді мақсатына сай пайдалануға және жалдау ақысын төлеуге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

- түрлері: мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау және жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау:

Шарт ережелері

Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау

Шарт нысанасы (пәні)

Жеке тұрғын үй, пәтер, оқшау бөлме, жапсарлас бөлме, бөлме бөлігі

Жеке тұрғын үй, пәтер, оқшау бөлме

Шарт нысаны

Жазбаша. 1 жылға дейінгі мерзімге жасалса, салық комитетінде тіркелуі қажет. Бір жылдан астам мерзімге жасалса, (халыққа қызмет көрсету орталығында) мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

Жергілікті атқарушы орган шешімі шыққан соң 14 күн ішінде шарт жасалуы тиіс. Мемлекеттік тіркеу қажет етілмейді.

Жалға алушы ретінде

Кез-келген жеке және заңды тұлға

Қазақстан азаматтары және оралмандар

Жалға беруші ретінде

Меншік иесі немесе өкілетті болып табылатын кез-келген жеке және заңды тұлға

Жергілікті атқарушы орган немесе мемлекеттік кәсіпорын әкімшілігі

Шарт мерзімі

Шектеулі мерзім

Қызметтік пәтерлер бойынша – қызмет мерзіміне беріледі. Мысалы, депутаттар, әскери қалашықтағы қызметтік пәтерлер

Қызметтік пәтерге теңестірілген пәтерлер бойынша – тұрақты мерзім

Мемлекеттік жатаханада - уақытша

Төлемдер

Жалға алушы жалдау ақысын төлейді. Коммуналдық қызметтерді де төлеуі мүмкін

Жалға алушы коммуналдық қызметтерді ғана төлейді

Құқықтар мен міндеттер

Жалпы ереже бойынша тұрғын үйдің күрделі жөндеуін меншік иесі, ағымдағы жөндеуін жалға алушы жүргізеді.

- жекешелендіру жоқ;

- жалға беруші жалға алушымен бірге тұратын болса, бір ай бұрын мүдделі тарап екінші тарапты ескерте отырып шартты бұзуға құқылы;

- жалға беруші жалға алушымен бірге тұрмайтын болса, үш ай бұрын мүдделі тарап екінші тарапты ескерте отырып шартты бұзуға құқылы.

Мемлекеттік пәтерді алу үшін мүдделі азамат жергілікті атқарушы органға барып кезекке тұруы қажет.

Жалпы ереже бойынша тұрғын үйдің күрделі жөндеуін меншік иесі, ағымдағы жөндеуін жалға алушы жүргізеді.

- Қызметтік пәтерге теңестірілген пәтерлер жекешелендірілуі мүмкін;

- жалға алушы «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үйден тұруға ыңғайлы немесе жарамды басқа тұрғын үй беріле немесе берілместен шығарылуы мүмкін.

 

Тапсырмалар:

  1.  Мүлікті пайдалану және иелену ұғымдарының арақатынасы қандай?
  2.  Прокат шартының объектісі мен мерзімі қандай?
  3.  Көлік құралдарын экипажымен және экипажсыз жалдау ерекшеліктерін атап шығыңыз.
  4.  Лизинг шартының субъектілері мен объектілері қандай?
  5.  Кәсіпорынды жалдау шартының мақсаты қандай?
  6.  Мемлекеттік тұрғын үй қорларындағы тұрғын үйлерді (пәтерлерді) жалдау шартын жасау үшін жалға алушылар қандай талаптарға сай болуы қажет?

15 – тарау. Жұмыс орындау жөніндегі міндеттемелер

15.1 Мердігерлік туралы жалпы ережелер (ҚР АК 616-682 баптары)

Мердігерлік шарты бойынша мердігер тапсырыс берушінің тапсырмасы бойынша белгіленген жұмысты орындауға және оның нәтижесін келісілген мерзімде тапсырыс берушіге тапсыруға міндеттенеді, ал тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

шарт екі жақты, ақылы, консенсуалды, мерзімді;

егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс тәуекелі мердігерге жүктеледі;

егер, шартпен өзгеше көзделмесе, тапсырыс беруші тапсырмасын орындау әдістерін мердігер өзі белгілейді;

егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс мердігер материалдарымен, күшімен, құралдарымен орындалады және сол үшін жауапты;

егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмысты тапсырғанға дейін материалдардың кездойсоқ жойылу немесе бүліну тәуекелін материалдарды берген тарап көтереді;

егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, жұмыс нәтижесін тапсыру және қабылдауды өткізіп алуға байланысты кездойсоқ жойылу немесе бүліну қаупі орын алса, тапсыру немесе қабылдап алу мерзімін өткізіп алған тарап көтереді;

егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, мердігер шартты орындау үшін үшінші тұлғаларды (қосымша мердігерлерді) тартуға құқылы. Бұл жағдайда, мердігер тапсырыс беруші алдында бас мердігер болып табылады, ал қосымша мердігер алдында тапсырыс беруші болып саналады;

бас мердігер қосымша мердігер алдында тапсырыс беруші міндеттемесін орындамаған үшін және тапсырыс беруші алдында қосымша мердігер міндеттемесін орындамаған үшін де жауапты болады;

егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше қарастырылмаса, тапсырыс беруші мен қосымша мердігердің бас мердігерге байланысты шарт ережелерін орындамағандарына қатысты бір-біріне талап қоюға құқықтары жоқ;

бас мердігердің келісімімен тапсырыс беруші кейбір жұмыстарды орындау жөнінде үшінші тұлғалармен шарт жасауға құқылы. Бұл жағдайда үшінші тұлға жұмыстың орындалмағаны үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады;

егер, шарт бірнеше мердігермен жасалған болса және міндеттеме пәні бөлінбейтін болса, олардың барлығы да тапсрыс беруші алдында ортақтасқан борышқор немесе ортақтасқан несие беруші болып табылады. Егер, міндеттеме пәні бөлінетін болса, олардың әрқайсысы өз үлесі көлемінде құқыққа ие, міндетті атқарады;

шартта жұмысты орындаудың бастапқы және аяқталу (соңғы) мерзімдері көрсетілуі қажет;

егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, мердігер шарттың бастапқы, аралық және/немесе соңғы мерзімдерін бұзғаны үшін де жауапты;

жұмыс бағасы (смета) болжамды (шамамен) немесе нақты болуы мүмкін. Егер, шартта өзгеше баға көрсетілмесе, жұмыс бағасы нақты деп танылады. Егер, қосымша жұмыстарды жүргізу және осыған байланысты баға өзгеру қажеттігі туындаса, мердігер уақтылы тапсырыс берушіні ескертуге және жұмысты тоқтата тұруға міндетті. Тапсырыс беруші бағаның өсуіне қарсы болса, шарттан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, мердігер орындаған жұмысының бағасын тапсырыс берушіден талап етуге құқылы;

бағаның көтерілетіні жөнінде тапсырыс берушіні уақытылы ескертпеген мердігер жасалған шартты орындауға және онда көрсетілген жұмыс бағасын алуға ғана құқылы;

материалдарды үнемдеу арқылы мердігер жұмысты аяқтаған болса, шартта көрсетілген бағаны тапсырыс берушіден талап етуге құқылы. Егер, мердігердің үнемдеуі жұмыс сапасына кері әсерін тигізген болса, тапсырыс беруші даулауға құқылы;

егер шартта алдын ала төлеу қарастырылмаса, тапсырыс беруші жұмыс бағасын жұмыстың орындалып, тапсырылуы бойынша төлейді. Егер заң актілерінде немесе шартта көзделсе, мердігер белгілі бір алдын-ала төлемді аванс немесе кепілпұл түрінде талап етуге құқылы;

егер тапсырыс беруші шартта көзделген жұмыс сомасын уақытылы төлемесе, мердігер жұмыс нәтижесін, тапсырыс берушінің құрал-жабдықтарын, пайдаланылмаған материалдарын ұстап қалуға құқылы. Тапсырыс беруші де жұмыс ақаулықтары анықталған жағдайда мердігерге тиесілі сомадан ұстап қалуға құқылы;

мердігер тапсырыс беруші берген материалдарды үнемдеп және есеппен пайдалануға және жұмыс аяқталған соң есеп беруге міндетті. Қалған материалдарды тапсырыс берушіге қайтаруға немесе оның келісімімен өзінде қалған материалдары есебінен жұмыс бағасын азайтуға міндетті;

мердігер өзіндегі тапсырыс беруші материалдарының сақталуы үшін жауапты;

тапсырыс беруші жұмыс барысын және сапасын (мердігер қызметіне араласпастан) тексеруге құқылы;

егер мердігер жұмысты бастамаса немесе баяу атқаратын болса және шарт мерзімі ішінде жұмыстың аяқталуы мүмкін болмаса, тапсырыс беруші шарттан бас тартуға және келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы;

егер шартпен өзгеше көзделмесе, тапсырыс беруші мердігердің орындаған жұмысын (мердігерге шарттан бас тарту туралы хабар жеткенге дейінгіні) төлей отырып, жұмыс нәтижесі тапсырылғанға дейінгі кез-келген уақыт ішінде шарттан бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда, тапсырыс беруші, шарттың тоқталуына орай мердігердің орындаған жұмысы мен шарттың бағасы арасындағы айырмашылық көлемінде мердігерге шығындарды өтеуге міндетті.

Мына жағдайларда мердігер тапсырыс берушіні тез арада ескертуге және жұмысты тоқтатуға міндетті:

тапсырыс беруші берген материалдар, құжаттар жұмысты орындау үшін жарамсыз болса;

жұмысты орындаудың тапсырыс беруші көрсеткен әдістері ол үшін тиімсіз және жағымсыз салдарға ұшырататын болса;

- мердігерге байланысты емес өзге жағдайлар жұмыс нәтижесінің жарамдылығына немесе беріктігіне қауіп төндірсе немесе жұмысты мерзімінде аяқтау мүмкін болмаса, мердігер тапсырыс берушіні тез арада ескертуге және жұмысты тоқтатуға міндетті.

Егер шартта көзделген болса, тапсырыс беруші мердігерге көмектесуге міндетті. Мысалы, ғимарат салатын жер учаскесі тапсырыс берушіге тиесілі болса, тиісті құжаттарды жинақтау, беру т.б. Тапсырыс беруші осындай міндеттерін орындамаса, соған байланысты жұмыс тұрып қалса, жұмыс орындау мерзімі ауыстырылса, мердігер келтірілген шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

Тапсырыс беруші мердігер қатысуымен жұмыс нәтижесін тексеруге және қабылдауға міндетті. Егер жұмыс нәтижесінде шарттан ауытқулар орын алса немесе жұмыс нашар орындалса, тез арада мердігерге хабарлауға міндетті.

Егер тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін тексерусіз қабылдаса, көзге көрініп тұрған кемшіліктерді мердігер есебінен жою құқығынан айрылады.

Егер тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін қабылдаған соң, көзге көрінбеген кемшіліктер (жасырын кемшіліктер) анықталса, мердігердің ақылға қонымды мерзім ішінде жоюын талап етуге құқылы.

Жасырын кемшіліктер бойынша жұмыс қабылданған күнен бастап мердігерді хабарландыру мерзімі – 1 жыл, ғимараттарға қатысты және әдейі мердігер тарапынан жіберілген кемшіліктер бойынша – 3 жыл.

Жұмыс (нәтижесі) сапасына байланысты заң актілерімен немесе шартпен мерзімдер (соның ішінде кепілдік мерзімі) қарастырылуы мүмкін.

Егер мердігер жұмысты шарттан ауытқи отырып орындаған болса және жұмыс нәтижесі нашар және пайдалануға келмейтін болса, тапсырыс беруші мына құқықтарға ие:

мердігердің есебінен кемшіліктердің жойылуын талап етуге немесе жұмыстың шартпен бекітілген бағасының тиісінше азайтылуын талап етуге немесе кемшіліктерді өз есебінен жойып, шыққан шығындарды мердігерден өндіріп алуға құқылы.

Тараптардың кейбір келіслген мәліметтері жаңа шешімдер мен техникалық ілімдерді қамтитын болса, коммерциялық құпия ретінде танылуы мүмкін және олардың келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмеуге тиіс.

15.2 Тұрмыстық мердігерлік шартының ерекшеліктері (ҚР АК 640-650 баптары)

Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша тиісті кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мердігер азаматтың (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша тұрмыстық немесе өзге де жеке қажеттерді қанағаттандыруға бағытталған нақты жұмысты орындауға міндеттенеді, ал тапсырыс беруші жұмысты қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.

мердігер ретінде тиісті мердігерлік жұмыстарды орындайтын кәсіпкер табылады;

тапсырыс беруші ретінде азамат танылады;

шарт азаматтың тұрмыстық және өзге де жеке қажеттерін қанағаттандыруға бағытталады;

шарт жария болып табылады;

мердігердің шартқа қосымша жұмыстарды енгізуіне тыйым салынады. Тапсырыс беруші мұндай қосымша жұмыстарды төлеуден бас тартуға құқылы;

жұмысты орындау мүмкіндігінің болмауын дәлелдеу мердігерге жүктеледі;

мердігердің орындаған жұмысын төлей отырып, тапсырыс берушінің шарттан бас тарта алмайтыны жөніндегі ежережелер мардымсыз болып табылады;

шарт жасалғанға дейін мердігер орындалатын жұмыс жөніндегі барлық мәліметті (жұмыстың сипаты, түрі, ерекшеліктері, бағасы, төлеу тәртібі және т.б.) тапсырыс берушіге беруге міндетті;

мердігер жұмыс нәтижесін тиімді және қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптарды тапсырыс берушіге хабарлауға міндетті;

егер жұмыс сапасыз орындалса, тапсырыс беруші мердігердің өз есебінен қайтадан сапалы орындауын талап етуге құқылы;

егер жұмыс нәтижесі тапсырыс берушінің немесе өзге тұлғалардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін болса, мұндай кемшіліктерді жою жөніндегі талап жұмыс қабылданған күннен бастап 3 жыл ішінде мердігерге қойылуы мүмкін.

Егер, тапсырыс беруші жұмыс нәтижесін келісілген мерзім ішінде алмаса (қабылдамаса), мердігер тапсырыс берушіні жазбаша ескерткен күнен екі ай өткен соң, жұмыс нәтижесін сатуға, өзіне тиесілі ақша сомасын алып қалуға, қалған ақша сомасын нотариус депозитіне тапсырыс берушінің атына салуға құқылы.

Егер, екі тараптың бірінің қайтыс болуына байланысты шарт тоқтатылатын болса, шарттың тоқтатылу салдары қайтыс болған тұлғаның құқық қабылдаушысы мен екінші тарап арасындағы келісіммен анықталады. Келісімге қол жетпеген жағдайда сот тәртібімен шешіледі.

15.3 Құрылыс мердігерлігінің шарты (ҚР АК 651-672 баптары)

Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы 7 шілде 2006 жылғы N180 ҚР заңы бойынша мердігер тапсырысшының тапсырмасына сай келісілген мерзімде белгілі бір объектіні салуға немесе өзге де құрылыс жұмысын орындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігердің жұмысты орындауы үшін қажетті жағдайлар жасауға, жұмыс нәтижесін қабылдап алуға және ол үшін келісілген бағаны төлеуге міндеттенеді.

Шарт екіжақты, консенсуалды және ақылы болып табылады.

Егер өзгеше көзделмесе, құрылыс мердігерлігінің шарты көппәтерлі үйлерді және ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу қатынастарын да қамтиды.

Егер құрылыс жұмыстары азаматтың тұрмыстық немесе жеке қажеттіктерін қанағаттантандыруға бағытталса, мұндай қатынастарға тұрмыстық мердігерлігінің қалыптары қолданылады.

Құрылыс қызметінің кейбір түрлері үшін мердігердің лицензиясы болуы қажет.

Құрылыс объектісіне меншік құқығы мердігерден тапсырысшыға объект мемлекеттік тіркеуден өткен соң ауысады.

Шарттың ажырамас бөліктері ретінде жұмыстардың көлемін және өзге де сипаттамасын анықтайтын смета және техникалық құжаттама табылады.

Техникалық құжаттамада есепке алынбай қалған жұмыстарды есепке алу қажеттігі туындаған жағдайда, мердігер жұмыстарды тоқтата тұрып, бұл жөнінде тапсырысшыға хабарлауға міндетті. Тапсырысшы қабылдаған шешімін он күн ішінде мердігерге хабарлауға міндетті. Егер мердігер осы мерзім ішінде хабардар етілмесе, тұрып қалған уақытқа байланысты келтірілген залалдардың орнын өтеуді тапсырысшыдан талап етуге құқылы.

Мердігер тапсырысшы мүддесінде әрекет еткенін дәлелдеген бірақ оның келісімін күте алмаған жағдайда, шартта қарастырылмай орындаған жұмыстарын тапсырысшының төлеуін талап етуге құқылы.

Мердігер өзінің кәсіби қызметі аясына жатпайтын қажетті қосымша жұмыстарды орындаудан бас тартуға құқылы.

Шартта өзгеше көзделмесе, құрылыс үшін қажетті жер учаскесін тапсырысшы беруге міндетті.

Тапсырысшы жұмыс барысын тексруге және бақылауға құқылы, бурақ мердігердің жұмсын жүргізуіне кедерегі жасамауы қажет.жұмыс нәтижесін қабылдау сатылы түрде немесе оның толық аяқталуына қарай жүргізілуі мүмкін. Жұмысты өткізу екі тарап қол қоятын қабылдау-тапсыру актісімен рәсімделеді.

Анықталған кемшіліктер жұмыс нәтижесін шартта көзделген мақсатқа сай пайдалануға мүмкіндік бермейтін болмаса, тапсырысшы жұмысты қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Мердігер өзі жауапты емес кемшіліктерді ақылы негізде жоюға міндетті.

15.4 Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері (ҚР АК 673-682 баптары). Шарт бойынша мердігер (атқарушы, яғни ғылыми қызметкер немесе жобалаушы және с.с.) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулерді жүргізуге, ал тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша жаңа бұйымның үлгісін, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгі дайындауға міндеттенеді, ал тапсырысшы мердігерге техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді.

Мердігер (атқарушы) ғылыми зерттеулерді жеке өзі жүргізуге міндетті. Үшінші тұлғаларды жұмысқа тарту қажеттігі туындаса тапсырысшының келісімі қажет.

Тараптар қажетті мәліметтерді құпия ретінде шартта көрсетуге құқылы және оның құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті. Мердігер шарт бойынша алынған жұмыс нәтижелерін патенттеуді тапсырысшының келісімімен ғана жүзеге асыра алады.

Мердігер толық аяқталған ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмысты тапсыруға, ал тапсырысшы қабылдауға және оған ақы төлеуге міндетті.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысында жұмыс нәтижесіне қол жеткізу мердігерге байланыссыз себептер салдарынан мүмкін болмаса, тапсырысшы жүргізілген жұмыс құқын төлеуге міндетті.

Мердігер жұмысты орындамағаны және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін (кінәлі болса) жауапты. Шартты бұзған мердігер, егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы шеккен залалды нақты зиян түріндегі жұмыстың құқны шегінде өтеуге міндетті.

Тапсырмалар:

  1.  Азаматтық құқықтың объектісі болуы мүмкін жұмыс пен еңбек құқығындағы жұмыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
  2.  Тұрмыстық мердігерлігі шарты не жөнінде жасалатын мәміле?
  3.  Құрылыстағы мердігерлігі шартының ережелері күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қатынастарына қолданылады ма?
  4.  Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша мердігердің (атқарушының) негізгі міндеті қандай?

16 – тарау. Көлік қатынастарын құқықтық реттеу

16.1 Көлік қатынастарына қатысты негізгі терминдер, көлік құралдарына қойылатын талаптар

ҚР-ның көлігі дегеніміз – оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен және магистральді құбыр көліктері

Көлік кәсіпорны – ҚР-ның заңнамасына сәйкес әрекет ететін жүктерді, жолаушыларды, жүктемені тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет және жөндеу жөніндегі шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға.

Тасымалдаушы – меншік құқығы немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралына ие, жолаушыларды, жүктемені, жүкті және поштаны ақы немесе жалдау арқылы тасымалдау қызметін көрсететін және осыған лицензиясы немесе тиісті рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға.

Клиент – тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға немесе мемлекет (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, фрахталаушы)

Тікелей аралас бағыт – жүк, жолаушы және жүктемені бір көлік құжаты бойынша көліктің әр түрлерімен тасымалдау;

Уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының көлік кешені қызметін үйлестіруді және реттеуді, көлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Жүкті, жолаушыларды, жүктемені, поштаны тасымалдау үшін тасымалдаушының міндеттері:

тасымалдауға құқық беретін лицензияның болуы;

 сертификаты бар көлік құралын беру;

клиентпен бекітілген нысанда шарт жасау;

ақшалай баламада клиентке және үшінші тұлғаға келтірілген зиянды өтеу;

жолаушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оған жақсы жағдай жасап, қызмет көрсету және жолаушы теңдеме жүкті тапсырған жағдайда бұл жүктің сақталуын және уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету;

жүріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

көлік қызметтері рыногында клиенттің көлік құралын таңдауға мүмкіндік жасау;

жөнелтілетін жүктің сертификатына сәйкес екенін растайтын құжаттарды алу;

әлеуметтік-қажетті және қорғаныс мақсатында қажетті жүктерді тасымалдау жөніндегі мемлекеттік және жергілікті өкілдік, атқарушы органдардың талаптарын орындау;

тасымалдаушының заңды және жеке тұлғаларға заңда қарастырылған жағдайлардан басқа реттерде тасымалдаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Тасымалдаушы реттелетін тасымалдаулардан басқа жағдайларда тасымалдау бағасын еркін тағайындауға құқылы.

Клиенттің құқықтары:

тасымалдаушымен арасында жасалған шартты орындауды талап етуге;

тасымалдаушы тарапынан келтірілген зиянды өтеуді талап етуге ;

тасымалдау сапасының сертификатқа сәйкес еместігін даулауға құқылы.

Клиент міндеттері:

тасымалдаушымен жасалған шарт ережелерін сақтауға;

тасымалдаушыға тапсырылатын жүктің сертификатқа сай келетінін растайтын құжатты беруге;

тасымалдау ережелерін орындауға;

жүк және теңдеме жүктің тасымалдау үшін қажетті түрде беруге міндетті.

Көлік құралдарына қойылатын талаптар

көлік құралдарының қауіпсіздік талаптарына, дәрігерлік-санитарлық, еңбек және экологияны қорғау нормаларына, халықаралық және мемлекеттік стандарттар мен техникалық жағдаяттарға сай келетін сертификаты болуы тиіс;

көлік құралдары заңнамамен бекітілген тәртіпте тіркелген болуы қажет;

жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдайтын көлік құралдарының тасымалдау үшін лицензиясы болуы қажет;

көлік құралдарының экипажы біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс;

сертификацияны өтпеген және тіркелмеген көлік құралдарын пайдалануға жіберуге болмайды.

16.2 Тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жолаушының жауапкершілігі

Тасымалдаушы жүк, теңдеме жүк және поштаны тасымалдау үшін қабылдап алған сәттен бастап жүк алушыға тапсырған сәтке дейінгі сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

Тасымалдаушы егер жүктің, теңдеме жүктің және поштаның жоғалғаны, жетіспеушілігі немесе бүлінуі үшін кінәсі жоқ екенін дәлелдей алмаса, жауап береді.

Тасымалдау кезінде жүк, теңдеме жүк, пошта жоғалған немесе жетіспеген жағдайда, тасымалдаушы жоғалған немесе жетіспеген жүк, теңдеме жүк, пошта бағасының мөлшерінде жауап береді.

Бүлінген жағдайда, жүктің, теңдеме жүк және пошта бағасының бүліну негізінде азайған бағасы мөлшерінде жауап береді.

Жүк, пошта, теңдеме жүк жоғалған жағдайда, егер олардың

бағасы тасымалдаушыға тапсырған кезде жарияланған болса, жарияланған бағасы мөлшерінде жауап береді.

Жүк немесе теңдеме жүк бағасы уәкілетті мемлекеттік орган немесе Қазақстан қосылған тиісті халықаралық конвенцияға сәйкес тасымалданатын заттардың және көлік түрлеріне байланысты бекітіледі.

Тіркелген жүк, теңдеме жүк жеткізілетін уақытынан кейін жеті күн ішінде мекенге келмесе, жоғалды деп танылады. Егер 7 күн мерзімнен кейін жүк немесе теңдеме жүк келіп жетсе, жүк алушы оны қабылдауға және тасымалдаушы төлеген соманы оған қайтаруға міндетті.

Жүк немес теңдеме жүктің сақталмауына байланысты тасымалдаушы жасайтын коммерциялық акт, басқа құжаттармен қатар тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші, жүк алушы жауапкершілігіне қатысты дау туындаған кезде сот тарапынан есепке алынады.

Жүк жөнелтуші (жүк алушы), жолаушы тасымалдаушыға сот

арқылы талап арызын қойған уақытқа дейін, оған талап қоюға міндетті. Талап (претензия) 3 ай ішінде, ал айыппұл мен өсім төлеу жөніндегі талап 1 ай ішінде қойылуы мүмкін.

Тасымалдаушы кінәсінен жолаушы кешіккен жағдайда, тасымалдаушы әр кешіктірген сағат үшін билет бағасының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді. Тасымалдаушыдан өндірілетін айыппұл мөлшері билет құнынан аспауы тиіс; егер, жолаушыға кешігуінің салдарынан шығын келтірілсе оны да өтеу жөнінде талап қоюға құқылы.

Теңдеме жүкті жеткізуді тасымалдаушы кешіктірген жағдайда, әр кешіктірген күн үшін тасымалдау ақысының 10 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді, бірақ айыппұл мөлшері тасымалдау ақысының 50 пайызынан аспауы қажет.

Жүкті жеткізуді тасымалдаушы кешіктірген жағдайда, әр кешіктірген күн үшін тасымалдау ақысының 5 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді, бірақ айыппұл мөлшері тасымалдау ақысының 50 пайызынан аспауы қажет;

Егер тасымалдаушының жүкті, теңдеме жүкті, жолаушыны кешіктіруде кінәсі болмаса, жауапкершіктен босатылады;

Жолаушы, жүк жөнелтуші, жүк алушы кінәсінен басқа тұлғаларға немесе тасымалдаушыға (олардың мүліктеріне) келтірілген зиян үшін (бұл үшін тасымалдаушы жауапты болса) жауап береді;

Жүк жөнелтуші көлік құжаттамасындағы мәліметтердің дәл еместігі, олық еместігі немесе дұрыс еместігі негізінде келтірілген немесе келтірілуі мүмкін шығын үшін тасымалдаушы алдында жауап береді;

Тасымалдаушы жәбірленушінің теріс пиғылынан немесе бой бермейтін күш негізінде жолаушының өміріне немесе денсаулығына зиян келтірілгенін дәлелдей алмаса мүліктік жауапкершікке тартылады.

Жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды (ҚР АК 935 бабының 1 тармағы);

Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берілмейді (ҚР АК 935 бабының 2 тармағы).

16.3 Жүкті тасымалдау шарты (ҚР АК 688-707 баптары)

Жүкті тасымалдау шарты дегеніміз - бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті тұлғаға оны беруге міндеттенуі, ал жүк жөнелтуші жүгінің тасымалданғаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Жүкті тасымалдау шартының ерекшеліктері:

екі жақты, ақылы және нақты шарт;

шарт жасалған кезде қатыспайтын, бірақ белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие үшінші тұлғаның (жүк алушының) болуы. Жүк алушы ретінде жүк жөнелтушінің өзі немесе оның экспедиторы болуы мүмкін;

шарт бір ғана құжатқа қол қоюмен шектелмейді, сонымен қатар көлік заңнамасымен қарастырылған түбіртек, коносамент және сол сияқты басқа да құжаттармен рәсімделеді;

тасымалдау ақысы келісім-шарттармен, ал негізінен алғанда белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер негізінде айқындалады;

Жүкті тасымалдау шартының түрлері:

көлік түрлеріне қарай:

ν жалпы пайдаланастағы көлікпен тасымалдау шарттары:

а) теміржол көлігімен тасымалдау шарттары;

б) ішкі су көлігімен тасымалдау шарттары;

ν әуе көлігімен таысмалдау шарттары;

ν теңіз көлігімен тасымалдау шарттары:

а) халықаралық теңіз тасымалдауы;

б) каботаждық тасымалдау (мемлекет ішінде тасымалдау), оның ішінде кіші каботаж (бір теңіз порттарының арасындағы тасымалдау) және үлкен каботаж (әртүрлі теңіздер порттарының арасындағы тасымалдау)

Тасымалдаушы жағындағы көлік ұйымдарының санына қарай:

ν егер тасымалдаушы жағында бір көлік ұйымы болса, жергілікті бағытта тасымалдау;

ν бір көлік құжаты бойынша бір көлік түріндегі бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын тікелей бағыттағы тасымалдау;

ν бір көлік құжаты бойынша әртүрлі көліктермен бірнеше көлік ұйымдары жүзеге асыратын тікелей аралас бағыттағы тасымалдау;

Жүкті тікелей (соның ішінде аралас) тасымалдау шарты бойынша әр тасымалдаушы бүкіл тасымалдау шарты үшін жауапты болып табылады, ал кейіннен қажетті есеп айырысуды өзара жасайды.

Теміржол көлігінде жүктің санына қарай:

ν кіші (ұсақ) тасымалдау (10 тоннаға дейін);

ν вагондық тасымалдау;

ν маршруттық тасымалдау (бүтін теміржол құрамымен тасымалдау)

Теңіз көлігінде тасымалдау түрлері:

ν нақты кестеге сәйкес белгілі бір бағытта жүзеге асырылатын линиялық тұрақты тасымалдау;

ν чартер жасау арқылы, тараптардың ерікті келісімі негізінде жүзеге асырылатын трамполық (тұрақты емес) тасымалдау.

Фрахталау (чартер) шарты теңіз және әуе көлігімен тасымалдауда жиі қолданылады.

Фрахталау (чартер) шарты дегеніміз - бір тарап-фрахтаушы екінші тарапқа-фрахталаушыға жүк, жолаушы және жүктеме тасымалдау үшін бір немесе бірнеше көлік құралын толық немесе оның сыйымдылығының бір бөлігін бір немесе бірнеше рейске ақы төлекттіріп беруге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдауда тіркеп алып жүру шарты және тайм-чартер шарты қолданылады.

Тіркеп алып жүру (буксировка) шарты бойынша бір кеме иесі сыйақы үшін басқа бір кемені немесе өзге бір жүзетін объектіні белгілі бір қашықтыққа немесе белгілі бір уақыт ішінде немесе маневр орындау үшін тіркеп алып баруға (жеткізуге) міндеттенеді.

Тайм-чартер (кемені уақытша фрахталау) шарты бойынша бір-тарап - кеме иесі екінші тарапқа (фрахталаушыға, жалға алушыға) сыйақы (жал ақысы) үшін кемені белгілі бір уақытқа жүкті, жолаушыны тасымалдауға береді. Негізінен алғанда, бұл көлік шарты емес, жалдау шарты типіне жатады.

Жүкті тасымалдау шартын жасау және оның мазмұны.

Тасымалдаушы міндеттері:

шартта көрсетілген мерзім ішінде көлік құралын жүкті тиеу үшін беруге міндетті;

жалпы пайдаланыстағы көлікпен тасымалдау шартын кез-келген ұсыныс білдірген тұлғамен жасауға міндетті;

жүкті тасымалдаушы қабылдап алған сәттен бастап шарт жасалынды деп танылады;

көлік жарғылары мен тиісті заңдар көлік құралын уақтылы бермегені және жүкті уақтылы ұсынбағаны үшін жауапкершілік қарастырады. Сонымен қатар мұндай жауапкершіліктен босату (бой бермейтін күш, жүкті тасымалдауға шектеу қою т.б.) жағдайларын да қамтиды;

жүкті тасымалдау шарты жүк жөнелтушіге көлік құжатын (коносомент немесе көлік заңнамасымен қарастырылған басқалай құжат) жасау және беру арқылы расталады.

Көлік құжатының функциялары:

шарт жасалғанын растайды;

жүкке билік етуге құқық береді;

теңіз коносаменті тауарға билік етуге құқық беретін бағалы қағаз болып табылады.

Көлік құжаттары бекітілген нысандағы арнайы бланкілерде рәсімделеді.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері:

Тасымалдаушы:

көлік құралын тиісті жүкті тасымалдауға дайын, жарамды күйінде беруге міндетті;

жүктің сақтауын қамтамасыз етуге міндетті;

жүкті белгіленген мекенге мерзіміне сай жеткізіп беруге міндетті;

жүкті тасымалдау кезінде кедергілер туындаса, дереу жүк жөнелтушіге хабарлауға және оның тапсырмаларына сәйкес шешім қабылдауға міндетті;

Жүк жөнелтуші:

жүкті жол бойында сақталуын қамтамасыз ететін буып-түю ережелеріне сәйкес тасымалдаушыға беруге міндетті;

жүк тасымалдану үшін қабылданған жағдайда тасымалдау ақысын төлеуге міндетті;

тез бұзылатын заттар тасымалданатын жағдайда, олардың сапасына қатысты құжатты тасымалдаушыға беруге міндетті;

егер шартта өзгеше қарастырылмаса, жеткізілген жүкті түсіріп және қабылдап алуға міндетті

Егер жүк сақталмаған болса, коммерциялық акт жасалады.

Тараптардың жауапкершілігі:

Тасымалдаушының жауапкершілік негіздері:

жүктің сақталмағаны үшін тек қана кінәсі болған жағдайда жауап береді. Яғни кінәсі жоқ екенін дәлелдеуі қажет. Жауапкершілігі жүктің бағасы мөлшерінде болады. Алынбаған пайданы өтемейді;

жүкті уақтылы жеткізбегені үшін кінәсі болған жағдайда жауап береді және айрықшы (артық шығынды өтемейді) айып төлеу негізінде жүзеге асырылады;

жүкті тасымалдау шарты бойынша басқа да міндеттемелерді бұзғаны: яғни жүк жөнелтушінің ол міндетті болып табылатын тапсырмаларын орындамағаны, жүкті шартта көрсетілмеген елді-мекенде берген жағдайда, тасымалдау құжаттарын жоғалтқаны үшін жауапты.

Жүк жөнелтушінің жауапкершілігі:

көлік құжатында жүк туралы мәліметтерді қате берсе;

тасымалдаушының көлік құралын бүлдіргені (сындырғаны және т.б.) үшін (зиян өтеу);

станциядан жүкті уақтылы алып кетпегені үшін жауапты.

16.4 Жолаушыларды тасымалдау шарты (ҚР АК 690, 698, 700, 704, 707 баптары)

Жолаушыларды тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны баратын мекеніне, ал жолаушы теңдеме жүкті тапсырған жағдайда теңдеме жүкті де баратын мекеніне апаратын мекеніне жеткізуді және оны теңдеме жүкті алуға құқығы бар тұлғаға беруге міндеттенеді, жолаушы жолына, ал теңдеме жүгін тапсырған кезде - теңдеме жүгін алып баруға ақы төлеуге міндеттенеді.

Жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау шарты тиісінше жол жүру билетімен және теңдеме жүк түбіртегімен рәсімделеді.

шарт екіжақты, ақылы және келісімді;

шарттың жасалуы және жол ақысының төленуі жолаушыға бекітілген нысандағы жол жүру билетін беру арқылы, ал теңдеме жүкті тапсыру тиісті түбіртекпен расталады;

тасымалдаушы жолаушыға алынған билетке сай орын немесе оның келісімімен басқа бір орын беруге міндетті.

тараптардың өзге құқықтары мен міндеттері жалпы ережелерде (алғашқы тақырыпта) айтылды.

Жолаушылардың құқықтары, олар үшін қарастырылған жеңілдіктер:

жолаушыларды тасымалдауға ашық кез-келген бағыт бойынша және кез-келген көлік түріне билет алуға;

билетке сай орын алуға;

жолаушы тасымалдауға теңдеме жүк ретінде заттарын төлей отырып тапсыруға құқылы;

жолаушы тасымалдау ақысын төлей отырып тапсырылатын теңдеме жүгінің бағасын жариялауға құқылы;

жолаушы ауырған жағдайда билеттің жармадылық мерзімін ұзартуға, билеттің құнын кері алып оны тасымалдаушыға қайтаруға құқылы. Тасымалдаушы тиісті ұстамды ұстап қалуға құқылы;

жолаушы жолда аялдама жасауға құқылы;

7 жасқа (халықаралық тасымалдауда 5 жасқа) дейінгі бір баланы арнайы орын (орынсыз, алдына алып отыру) берместен таксиден басқа көлік түрімен ақысыз алып жүруге;

халықаралық тасымалдауда 5-пен 12 жас арасындағы балаларға билеттің толық құнының 50 пайызын төлеп билет алуға;

ҚР тасымалдаушылары тасымалдауларында 7 жас пен 15 арасындағы балаларға билеттің толық құнының 50 пайызын төлеп билет алуға; егер әртүрлі мемлекеттің тасымалдаушылары жолаушыларды тасымалдайтын болса, жолаушыларға бұл құқық ҚР-ның тасымалдаушысы тасымалдаған кезде беріледі;

қалалық және қала маңы көлігінен басқа көлік түрлерімен жол жүріп бара жатқанда билеттің жарамдылығын 10 күнге дейін ұзартуға;

тасымалдау басталғанға дейін билетін тапсырып, құнын қайтарып алуға құқылы;

әуе көлігінде, қалалық және қала маңы автобустарында 20 кг дейін қол жүгі мен теңдеме жүкті ақысыз алып жүруге;

теміржол, теңіз, ішкі су көлігі, халықаралық автобустарда 35 кг дейін қол жүгі мен теңдеме жүкті ақысыз алып жүруге құқылы.

рейс 10 және одан да көп сағатқа кешіккен жағдайда тасымалдаушы өз есебінен жолаушыларды қонақ үйіне орналастыруға және тамақтандыруға міндетті.

16.5 Көлік экспедициясы шарты

Көлік экспедициясы шарты (ҚР АК 708-714 баптары) дегеніміз бір тарап (экспедитор) сыйақы үшін және басқа тараптың (клиенттің - жүк жөнелтушінің немесе алушының) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты шартта белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасасуға міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарт ерекшеліктері: экспедитордың жиі кездесетін міндеттері:

экспедитор немесе клиент таңдаған маршрут бойынша көлікпен жүк тасымалдауын ұйымдастыру;

клиент немесе өз атынан жүкті тасымалдау шартын жасау;

жүкті жіберуді және қабылдап алуды қамтамасыз ету;

экспедитордың қосымша қызметі:

экспорт немесе импорт үшін талап етілетін құжаттарды алу;

кедендік және өзге де шарттықтарды орындау;

жүктің саны мен жай-күйін тексеру, тиеу мен түсіру;

жөнелтушіге жүктелетін баждарды, алымдар мен басқа да шығындарды төлеу;

жүкті сақтау, оны баратын жерінде алу;

жүкті жеткізу үшін қажетті өзге де операцияларды жүзеге асыру;

Экспедитор ретінде экспедиторлық қызметпен айналысуға лицензиясы бар тұлға бола алады.

Көлік экспедициясы шарты жазбаша түрде жасалады. Жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға, егер оның міндеттерін атқаруға қажет болса, сенімхат беруге тиіс.

Жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасымалдау ережелері туралы құжаттарды, сондай-ақ қажетті өзге де ақпаратты беруге міндетті;

Экспедитор жүк жөнелтушіге (алушыға) алған ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда жүк жөнелтушіден (алушыдан) қажетті қосымша деректерді сұрауға міндетті;

Жүк жөнелтуші (алушы) қажетті ақпаратты бермеген жағдайда, экспедитор осындай ақпарат берілгенге дейін өзінің тиісті міндеттерін атқаруға кіріспеуге құқылы;

Егер, шартта өзгеше көзделмесе, экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Бұл жағдайда экспедитор клиент алдындағы жауаптылықтан босатылмайды.

Экспедитордың экспедициялық қызмет көрсеткені үшін алуы тиіс сыйақы төленбесе, ол жүкті (жүк жөнелтушінің, жүк алушының) ұстап қалуға құқылы.

Бір тарап екінші тарапқа қисында мерзімде ескерте отырып, шартты орындаудан бас тартуға құқылы. Шартты орындаудан біржақты бас тартуды мәлімдеген тарап екінші тарапқа шарттың бұзылуына байланысты келтірілген залалды өтейді.

Экспедитордың жауапкершілік жағдаяттары (шарттықтары) кез келген кәсіпкердің жауапкершілігі сияқты, яғни шарт бойынша міндеттемелердің орындалмауына бой бермейтін күш себеп болса ғана, жауаптылықтан босатылады, басқа жағдайда толық көлемде жауап береді, соның ішінде айрылып қалған пайда да кіруі мүмкін.

Тапсырмалар:

  1.  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көліктің қандай түрлері көрсетілген?
  2.  Жолаушыларды тасымалдау шарты мен жүкті тасымалдау шартына сипаттама беріңіз.
  3.  Жүкті тасымалдау шарты мен көлік экспедициясы шартының айырмашылықтарын атаңыз.

17 – тарау. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (Факторинг) шарты (ҚР АК 729 - 738 баптары)

17.1 Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының түсінігі, нысанасы (пәні), нысаны

Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты бойынша бір тарап (қаржы агенті) ақшаны басқа тараптың (клиенттің) билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (кредит берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқармен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.

Шарт екі жақты және ақылы болып табылады.

Ақшалай талапты беру клиенттің қаржы агенті алдындағы қандай да бір міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілі болып табылуы мүмкін. Бұл жағдайда осы талаппен қамтамасыз етілген міндеттемені клиент орындамағанда ғана ақшалай талап қаржы агентіне ауысады.

Қаржы агенті шартқа бухгалтерлік есеп, төленген есептерді бақылау, клиентке қаржы қызметтерін көрсету жөніндегі шарттықтарды енгізуі мүмкін.

Шарт жай жазбаша немесе білікті жазбаша (нотариалды және/немесе мемлекеттік тіркеу қажет болса, оны да қамтитын) нысанда жасалуға тиіс.

Қаржы агентіне ақшалай талапты беру, тіпті клиент пен оның борышқоры арасында тыйым салу немесе оны шектеу туралы келісім болғанда да жарамды болып табылады.

Егер ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартында өзгеше көзделмесе, қаржы агентінің ақшалай талапты кейін беруіне жол берілмейді.

Қаржы агенті ретінде тиісті қызметпен айналысуға рұқсаты бар банк немесе өзге де несие беруші коммерциялық ұйым бола алады.

Шарт нысанасы ретінде:

қойылып келген талап, яғни төлем мерзімі келген ақшалай талап;

келешектегі талап, яғни болашақта туындайтын ақша алу талабы;

бірнеше ақшалай талап.

17.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі

Төлемі күман тудыратын ақшалай талаптардан қаржы агенті бас тартуға құқылы.

Сома мөлшері, төлем мерзімі және басқа да белгілері көрсетілген нақты ақшалай талап берілуі мүмкін.

Борышқордың ақшалай талапты орындау ерекшеліктері:

Борышқор клиенттен немесе қаржы агентінен ақшалай талапты беру туралы (соның ішінде талапты беру және қаржы агенті жөнінде) жазбаша хабарлама алған жағдайда ғана қаржы агентіне төлем жасауға міндетті.

Қаржы агентінен жазбаша хабарлама алған кезде талапты беруді растайтын дәлелдерді талап етуге, егер ақылға сыйымды мерзім ішінде дәлелдерді ала алмаса - төлемді клиентке жасауға (жіберуге) құқылы.

Борышқорды қаржы агентіне төлем жасауы, оның клиент алдындағы міндеттемелерінен босатады.

Клиент борышқормен жасалған шарт бойынша өзінің міндеттемелерін бұзған жағдайда, соңғысы агентке ауысқан талаптар бойынша өзі төлеген сомаларды, егер борышқордың осындай соманы тікелей клиенттен алуға құқығы болса, қайтаруды қаржы агентінен талап етуге құқығы жоқ.

Талапты берудің нәтижесінде қаржы агентіне төленген соманы тікелей клиенттен алуға құқығы бар борышқордың қаржы агентінен бұл сомаларды қайтаруды, егер соңғысының клиент алдындағы талаптың берілуі бойынша оны қаржыландыруды жүзеге асырудағы міндеттерін орындамағаны не борышқордың алдындағы талаптың берілуіне байланысты қаржыландыруға жататын міндеттемені клиенттің орындамағанын біле тұра қаржыландыруды жүргізгені дәлелденсе, талап етуге құқылы.

Клиент борышқор алдындағы міндеттемелерін бұзған жағдайда және бұл борышқордың төлем төлеуден бас тартуына құқық беретін болса, төленген соманы қайтаруды клиенттен (қаржы агентінен емес) талап етуге құқылы.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талаптың жарамсыздығы үшін клиент қаржы агенті алдында жауапты болады.

Егер клиент ақшалай талапты беру құқығына ие болса және осы талапты беру кезінде борышқордың ол талапты орындамауға құқығы болатын мән-жайлар белгісіз болса, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талап жарамды деп танылады.

Егер клиент пен қаржы агенті арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, клиент пен қаржы агенті оны орындауды ұсынған жағдайда, беру нысанасы болып табылатын талапты борышқордың орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін, клиент жауап бермейді.

Тапсырмалар:

  1.  Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шартының нысанасы (пәні) болып не табылады?
  2.  Клиент қаржы агенті алдында жауап бермейтін жағдайлар қандай?
  3.  Шарттың жасалу нысанын сақтамау салдары қандай?

18 – тарау. Банктік қызмет көрсету міндеттемелері

18.1 Банктік қызмет көрсету шарты

Банктік қызмет көрсету шарты (ҚР АК 739 - 746 баптары; Банктер және банктік қызмет туралы 31 тамыз 1995 жылғы N 2444 ҚР заңы) бойынша бір тарап - банк екінші тарап - клиенттің тапсырмасы бойынша банктік қызмет көрсетуге, ал клиент, егер шартта өзгеше көзделмесе, осы көрсетілген қызметке ақы төлеуге міндеттенуі жөніндегі келісім.

Тұлғалардың банктегі ақшаларына тек сот, тергеу, анықтау және атқарушылық іс жүргізу органдары өздерінің іс жүргізуіндегі қылмыстық және азаматтық істер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен, негіздерде және мерзімдерде тыйым сала алады.

Заңды тұлғалар мен азаматтардың банктегі ақшаларын олардың келісімінсіз алып қою тек соттың заңды күшіне енген үкімі немесе шешімінің, сот бұйрығының, сонымен қатар салық кодексінде көзделген жағдайларда ғана жүргізілуі мүмкін.

Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыру үшін оның банктегі ақша сомасы жеткілікті болса, клиенттен келіп түсетін өкімдерге сай талаптар қанағаттандырылады.

Егер, клиентке бірнеше талап қойылған жағдайда, банк клиенттің ақшасын мына кезек бойынша алуды жүзеге асырады:

адам өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алименттерді өтеу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүзеге асырылады;

еңбек шартына сәйкес демалыс жәрдемақылары мен еңбекақы төлеу, авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу үшін ақша алуды көздейтін атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі;

клиенттің бюджет алдындағы міндеттемелері бойынша ақша алу жүргізіледі;

басқа да ақшалай талаптарын қағаттандыру көзделген атқарушы құжаттар бойынша ақша алу жүргізіледі;

клиентке қойылған басқа да талаптарды қанағаттандыру үшін күнтізбелік кезектілік тәртібімен ақша алу жүргізіледі.

Клиент болып табылатын заңды тұлға тараған кезде несие берушілердің талаптары мына кезек бойынша қанағаттандырылады:

таратылған заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына залал келтірген үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырылады;

еңбек шартына еңбекақы және өтем төлеу, соның ішінде алимент және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі берешектерді өтеу, сондай-ақ авторлық шарт бойынша сыйақы төлеу жөнінде есеп айырысулар жүргізіледі;

несие берушілердің таратылған банкроттың кепілмен қамтамасыз етілген мүлкінің міндеттемелері жөніндегі талаптары қамтамасыз ету сомасы шегінде қанағаттандырылады;

бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;

заң актілеріне сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айырысады.

Бір кезекке жататын талаптар бойынша банктен ақша алу атқарушы құжаттардың түскен уақыты бойынша кезектілікпен жүргізіледі.

Банк көрсеткен қызметтер үшін клиент шартта көзделген ережелер мен тәртіпке сай ақы төлейді. Банк құпиясын жария етпеуге банк кепілдік береді.

18.2 Банктік шот шарты

Банктік шот шарты (ҚР АК 747-753 баптары) бойынша бір тарап (банк) екінші тарапқа (клиентке) шот ашуға, оның (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және шартта көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенуі жөніндегі келісім. Клиенттік банктегі ақшасына есеп жүргізу мақсатында клиентке бір ыңғайландырылған дербес код беріледі.

Шарт екіжақты, ақылы.

Шарт нысаны - жәй жазбаша. Жазбаша нысанның сақталмауы шарттың жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе банктік шот шарты мерзімсіз болып табылады.

Банктік шот ашу - кез-келген банктік операцияларды жүзеге асырудың алғы шарты болып табылады.

Банктік шот түрлері:

депозиттік (ақша сомаларын сақтау мақсатында ашылатын шот түрі);

есеп-айырысу шоты (теңгемен есеп айырысу үшін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге ашылатын шот түрі);

ағымдағы шот (кейбір мекемелердің, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне күнделікті шығындарын /күнделікті жөндеу, жалақы т.б./ өтеу үшін ашылатын шот түрі);

валюталық шот (шетел ақшасымен сыртқы экономикалық мәмілелерде есеп-айырысу үшін қажет шот);

бюджеттік шот (бюджеттік ақшаға билік ететін құқық берілген субъектілер /билік органдары, әкімшіліктер/ үшін ашылатын шот);

контокорренттілі шот (шот иесін ақша сомасы болмаған жағдайда несиелеу және өзара талаптар сальдосы бойынша есепке алуды жүргізу үшін ашылатын шот);

корреспонденттік шот (банкттің басқа бір банктегі өзара есеп айырысу шоты / контокорренттілі шоттың бір түрі/).

Тараптардың құқықтары мен міндеттері:

Банктің құқықтары:

егер заң актілерінде немесе банктік шот шартында өзгеше көзделмесе, банк клиенттің банктегі ақшасын алып қоюды клиент өкімінің негізінде жүзеге асырады;

а) банк ережелері және шартпен қарастырылған төменгі мөлшерден шоттағы ақша аз болып шықса және банктің ескертуінен кейін 1 ай ішінде қалпына келтірілмесе;

б) егер шартпен өзгеше қарастырылмаса шот бойынша операциялар 1 жыл ішінде жүргізілмесе сот тәртібімен шартты бұзуды талап етуге құқылы.

Банктің міндеттері:

банк жариялаған шарттықтарда клиентпен шарт жасауға;

клиент талап еткен кезде ақшаның болуын қамтамасыз етуге;

клиенттік пайдасына түскен ақшаны қабылдауға;

клиенттік үшінші тұлғалар пайдасына ақша аудару туралы өкімін орындауға;

егер банктік шот шартында көзделсе, үшінші тұлғалардың клиенттің ақшасын алып қою туралы өкімдерін орындауға;

шартта белгіленген тәртіп бойынша клиенттен қолма-қол ақша алуды және оған беруді жүзеге асыруға;

шартпен қарастырылған тәртіпке сай клиенттің ақша сомасы мөлшері және жүргізілген операциялар туралы ақпаратты тлап етуіне қарай беруге;

заңнамада, шартта, банктік тәжірибеде қолданылатын іскерлік айналым дағдыларында көзделген өзге де банктік қызмет көрсетуге міндетті;

келіп түскен ақшаны келесі күннен кешіктірмей тиісті тұлғаға аударуға міндетті;

банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартта белгіленген мөлшер мен тәртіп бойынша сыйақы төлейді;

банктік құпия болып табылатын мәліметтерді сақтауға міндетті.

Клиент банктік құпияны құрайтын мәліметтерді банктің жариялау арқылы келтірілген залалдарды банктің өтеуін талап етуге құқылы.

Клиент шоттағы ақшасының пайдалану бағытын белгілеу мен бақылауға, өз қалауынша ақшаға билік етуге құқылы.

Шартта өзгеше қарастырылмаса, шот шартын кез келген

уақытта бұзуға құқылы. Бұл жағдайда банкте қалған ақша клиентке беріледі немесе оның нұсқауы бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына аударылады.

Банктік шот шарты бұзылған жағдайда, банк клиенттің шотын жабады.

18.3 Ақша аудару туралы шарт

Ақша аудару туралы шарт (ҚР АК 754-755 баптары; «Төлемдер және ақша аудару туралы» 29 маусым1998 жылғы N 237 ҚР-ның заңы) бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) тапсырмасы бойынша клиентке бірыңғайландырылған дербес код бермей-ақ үшінші тұлғаға ақша аударуға міндеттенеді.

Егер клиент осындай тапсырма берген болса, банктік шот ашпай-ақ ақша аудару туралы шарт жасалған болып есептеледі.

Клиенттің банк-алушыға ақшаны бенефициар пайдасына аудару туралы тапсырма беруі негізінде жүзеге асады.

Бенефициар - ақша аударымында ақша алушы ретінде көрсетілетін тұлға.

Ақша аудару клиринг нәтижелері немесе клиенттің жеке тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады. Клиринг - клиринг ұйымы жүзеге асыратын клиринг қатысушыларының өзара талаптарын және таза позицияларын /сальдо/ анықтау жинау, салыстыру, сорттау және есепке жатқызу процесі, сонымен қатар клиенттер арасындағы өзара талаптар бойынша көрсетілген әрекеттерді орындау.

18.4 Банк салымы шарты

Банк салымы шарты (ҚР АК 756-767 баптары) бойынша бір тарап (банк) екінші тараптан (салымшыдан) ақша (салым) алуға, олар бойынша шартта көрсетілген мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлеуге және салымды қайтаруға міндеттенеді. Салымның әр түрі бойынша банк клиенттің ақшасын есепке алу мақсатында оған бірыңғайландырылған дербес код береді. Код беру, жою, клиенттің ақшасына есеп жүргізу банк қызметін реттейтін заң актілерінде белгіленеді.

Банк салымдарының түрлері:

талап етілмелі салым - салымшының бірінші талап етуі бойынша толық немесе ішінара қайтарылуға тиіс.

мерзімді салым - белгілі бір мерзімге салынады.

шартты салым – ақша сомасы шартта белгіленген мән-жайлар туындағанға дейін сақталады.

Шарт нысаны - жай жазбаша. Жазбаша нысанның сақталмауы/жинақ кітапшасы, сертификат немесе өзге де құжат/шарт жарамсыздығына әкеп соқтырады.

Банк ретінде ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған жеке және заңды тұлғалардың ақшаларын салым ретінде тартуға операциялар жүргізе алатын коммерциялық ұйым табылады.

Шарт жасасу қарсаңында қайтыс болған азаматтың немесе сол кезде болмаған заңды тұлғаның пайдасына жасалған банк салымы шарты жарамсыз болып табылады.

Салымшы - кез-келген заңды және жеке тұлға.

Шарт мерзімі:

банк салымы шарты салым сомасы банкке келіп түскен күннен бастап жасалған болып саналады;

талап етілмелі банк салымы шарты мерзімсіз болып табылады;

салымшы мерзімді салымның сомасын оның мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ шартты салымның сомасын банк салымы шартты салымның қайтарылуын байланыстыратын мән-жайлар пайда болғаннан кейін талап етпесе, банк салымы шарты талап етілмелі шарттарымен ұзартылған болып саналады.

Егер шартпен өзгеше қарастырылмаса, салымшыға пайыз банк пайызының есептік ставкасы мөлшерінде төленеді.

Салымшының /мерзімді шарт/ талап етуі бойынша банк салымшыға мерзімді пайыз сомасын емес, талап етілмелі салым сомасын беруге міндетті.

Егер шартпен өзгеше көзделмесе, мерзімді шарт бойынша көрсетілген уақыт ішінде салым талап етілмесе, шарт талап етілмелі уақытына дейін ұзартылды деп саналады.

Егер шартпен өзгеше көзделмесе, талап етілмелі салым шарты бойынша банк 1 ай бұрын салымшыны ескерте отырып, салым пайыз мөлшерін өзгертуге құқылы.

Банктің мерзімді шарт бойынша пайыз мөлшерін азайтуға құқығы жоқ. Банктің мұндай құқығын қарастыратын жағдаят мардымсыз.

Шартпен өзгеше көзделмесе, салым сомасына пайыз тоқсан сайын жүргізіледі.

Банк салымдарды сақтандыруға міндетті.

Банк салымшыға шартта көрсетілген мөлшерде салым сомасына сыйақы төлеуге міндетті.

Шартта өзгеше көзделмесе, салымшылар салымдарды қолма-қол ақшамен де, қолма-қол ақшасыз да аудару арқылы енгізуге құқылы.

Салымшы банкке салымды белгілі бір үшінші тұлғаның атына енгізуге құқылы.

Салымшы банк салымдары бойынша жасалған операциялар жөніндегі банк көрсеткен қызметтерге шартта көзделген тәртіппен ақы төлеуге міндетті.

Тапсырмалар:

  1.  Банктік қызмет көрсету шарты бойынша көрсетілетін қызметтерді атаңыз.
  2.  Банктік шот шартына сай шоттардың түрлері қандай болуы мүмкін?
  3.  Ақша аудару түрлері қандай?
  4.  Шартты салым шартының ерекшеліктері неде?

19 – тарау. Есеп айырысу міндеттемелері (Төлемдер және ақша аудару туралы ҚР-ның 29 маусым 1998 жылғы N 237 ҚР заңы)

19.1 Есеп айырысу туралы жалпы ережелер

Есеп айырысу қатынастары берілген мүлік, орындалған жұмыс, атқарылған қызмет үшін төлемді жүзеге асыруда қолданылады. Есеп айырысудың қолма-қол (нақты түрде - банктік, казначейлік билеттер, монеттер) және қолма-қолсыз (екінші деңгейдегі банктер арқылы) түрлері бар. Есеп айырысу тәсілдері субъектілердің мәртебесіне және төлем жүзеге асырылатын негізге байланысты болады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысы жоқ азаматтардың қатысуымен болатын есеп айырысулар сомасы шектеусіз қолма-қол немесе қолма-қолсыз орындалуы мүмкін. Ал, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен болатын есеп айырысулар жалпы ереже бойынша қолма-қолсыз жүзеге асырылады.

Қолма-қолсыз есеп айырысудың нысаны дегеніміз - қолма-қолсыз төлемді орындау жөніндегі клиент пен оған қызмет көрсететін банк  міндеттемесінің бір түрі. Қолма-қолсыз есеп айырысу клиенттер есеп шотын ашқан банктер арқылы жүзеге асырылады. Есеп айырысу ақша негізінде жүзеге асады. Ақша - төлем құралы және құн өлшемі қызметін атқарады.

Банктік тәжірибеде есеп айрысулар бірқалалық және қалааралық, халықаралық болып бөлінеді.

Есеп айрысу қатынастарына қатынасатындар: төлеуші; төлеушінің банкі (эмитент-банк, инкассалық банк); алушы және алушының банкі (ремитент-банк, орындаушы банк). Бұдан басқа есеп айырысудың нақты нысанына байланысты арнайы функцияларға ие банктер (гарант) қатысуы мүмкін.

Есеп айырысу нысандарын есеп айырысу құжаттарынан айырып білу қажет. Есеп айырысу құжаттары есептік-бухгелтерлік және информациялық функцияларды атқарады.

Есеп айрысуға қатысты негізгі ұғымдар:

ақша аудару - төлемді немесе басқа да мақсаттарды жүзеге асырумен байланысты жөнелтушілердің ақшаны беру жөніндегі тапсырмаларын алушы-банктің тұрақты орындауы;

төлем - қолма-қол ақшаны немесе ақша аударуды қолма-қолсыз пайдалану немесе төлем құжатын беру немесе ақша төлеу жөніндегі бұйрық арқылы ақшалай міндеттемені орындау; бенефициар - ақша аудару кезінде төлем тапсырмасы немесе талабында көрсетілетін ақша алушы;

төлем құжаты - төлемдер мен ақша аударулар жүзеге асырылатын құжат.

19.2 Төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру

Төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру тәсілдері:

- төлем карточкасы – төлемді жүзеге асыруға (алуға, валюта айырбастауға және басқа операцияларды орындауға) мүмкіндік беретін мәліметті қамтитын электронды терминал немесе басқа да құрылымдар арқылы ақша алу/беру құралы;

- төлем тапсырмасы – бенефициар пайдасына ақша сомасын аудару жөніндегі жөнелтушінің алушы-банкке тапсырмасын қамтитын төлемді және/немесе ақша аударуды жүзеге асыру тәсілі;

- банктік шотты тікелей дебеттеу – ақшаның нақты бір сомасы және/немесе нақты бір мерзім ішінде жөнелтушінің алдын-ала рұқсаты негізінде бенефициар пайдасына ақшаны жөнелтушіден алып, беру жөніндегі төлемді жүзеге асыру тәсілі;

- чек – чек ұстаушыға бұйрықта көрсетілген ақша сомасын төлеу жөніндегі чек беруші мен алушы-банк арасындағы шартқа негізделген жазбаша бұйрықты қамтитын төлем құжаты;

вексель – біржақты шартсыз ақшалай міндеттемені қамтитын қатаң бекітілген нысандағы төлем құжаты;

инкассалық өкім – жөнелтушінің банктегі есеп шотынан оның келісімінсіз ақшаны алу үшін қолданылатын төлемді жүзеге асыру тәсілі;

аккредитив арқылы есеп айырысу - (akkreditiv – қандай да бір әрекеттерге өкілеттік) сатушының төлем жөнінде толық кепілдік алуын және сатып алушының тауарға толық құқық алуын реттейтін есеп айырысу тәсілі. Аккредитив есеп айырысу құжаты мен аккредитивтік міндеттемені қамтиды. Есеп айырысудың бұл түрі құжатты аккредитив деген атауға да ие. Себебі, сатушы банкке тауарларды сатып алушы адресіне (түсіргені) жібергені туралы құжаттарды бере отырып өзіне тиесілі ақшаны ала алады, ал сатып алушы осы құжаттарды алған сәттен бастап меншік иесі құқықтарына ие бола алады. Аккредитив арқылы есеп айырысу халықаралық саудада, соның ішінде тауарлардың экспортында қолданылады.

Аккредитивтік міндеттемеге төрт қатысушы қатысады:

төлеуші (сатып алушы немесе аккредитивке бұйрық беруші)

төлеушінің банкі (банк-эмитент)

алушының банкі (атқарушы банк)

ақшаны алушы (сатушы немесе өзге де бенефициар)

Аккредитивтік есеп айырысу қатысушыларының өзара қатынастары 4 сатыдан тұрады:

төлеушінің (сатып алушы) банк-эмитентке төлем туралы нұсқаулары бар аккредитив ашу жөнінде тапсырма беру;

төлемді жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктерді банк-эмитенттен атқарушы-банкке (алушының банкіне) беру;

сатушының тауарды түсіргенін растайтын аккредитивте көрсетілген құжаттарды ұсынуы;

орындаушы (атқарушы) банктің төлемді жүзеге асыруы.

ҚР-ның заң актілерімен бекітілген өзге тәсілдер.

Тапсырмалар:

  1.  Қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысуларды қандай тұлғалар жүзеге асыра алатын айтыңыз.
  2.  Аккредитив арқылы есеп айырысудың артықшылықтары бар ма?
  3.  Есеп айырысудың қандай түрлері тиімді деп ойлайсыз?

20 – тарау. Сақтау жөніндегі міндеттемелер (ҚР АК 768-802 баптары)

20.1 Сақтау шартының түсінігі, нысаны, мерзімі, сыйақы мөлшері, тараптардың жауапкершілігі

Сақтау шарты бойынша сақтаушы жүк берушінің берген затын сақтауға және бұл затты сақталған күйінде қайтаруға міндеттенеді.

Шарт екі жақты (сақтаушы мен жүк беруші), ақылы /тегін де болуы мүмкін/ (жүк беруші сақтауға тапсырған жүгі үшін сақтаушыға сыйақы төлейді). Сақтауды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын сақтаушының техникалық мүмкіндігі бола тұра затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ., яғни мұндай жағдайларда сақтау шарттары жария деп танылады (ҚР АК 387 бабы).

Зат сақталуға берілген кезден бастап шарт жасалған деп танылады.

Негізінде жеке белгілерімен анықталған заттар шарттың пәнін құрайды, дегенмен, заттарды иесіздендіріп сақтауға да болады. Мысалы, элеваторларда бидай өнімдерін сорттары мен құндылығына қарай сақтау.

Сақтаушының нөмірлер, жетондар және басқа да заңды деп танылған белгілер беруі арқылы заттарды қысқа мерзімге сақтауға сақтау камераларына және вокзалдардың, әуежайлардың, мекемелердің, кәсіпорындардың, театрлардың, мұражайлардың, стадиондардың, асханалардың және т.б. киім ілгіштеріне өткізулерді қоспағанда, сақтау шарты жазбаша түрде жасалуға тиіс.

Егер сақтауға алынған заттар сақтаушы жүк берушіге сақтау қолхатын, түбіртек, куәлік, сақтаушы қол қойған өзге де құжаттар беру жолымен куәландырылатын болса, шарттың жазбаша нысаны сақталған болып есептеледі.

Тұрмыстық қызмет көрсету түріндегі сақтау шарты ауызша нысанда жасалуы мүмкін.

Сақтауға алынған зат пен сақтаушы қайтарған заттың бірдейлігі туралы дау туған жағдайда куәгерлік айғақтарға жол беріледі.

Заттарды төтенше жағдайлар (өрт, су тасқаны және басқалар) кезінде сақтауға өткізу, шарттың жазбаша нысаны болмаған жағдайда сақтауға өткізілген заттардың құнына қарамастан куәгерлік айғақтар бойынша дәлелденуі мүмкін.

Сақтау мерзімі тараптардың арасында келісімде көрсетіледі. Егер затты сақтау мерзім көрсетілмесе, сақтаушы осындай жағдайлардағы заттың әдеттегі сақталу мерзімі өткен соң жүк берушінің заттарды қайтарып алуын талап етуге құқылы, бірақ жүк берушінің затты қабылдап алуға жететіндей қисынды мерзім беруге міндетті.

Жүк беруші шарт бойынша сақтаудың өзге мерзімі көзделгенде де кез келген уақытта сақтаушыдан затты талап етуге құқылы. Алайда міндеттеменің мерзімінен бұрын тоқтатылу салдарынан туған сақтаушының залалдарын өтеуге міндетті.

Шарт бойынша сыйақы мөлшері тараптардың келісімімен белгіленеді. Заң актілерінде белгіленген жағдайларда сыйақының мөлшері таксалар, ставкалар, тарифтер бойынша айқындалуы мүмкін.

Сақтаушы сақтауға алынған затқа өз заты сияқты қамқорлық жасауға міндетті.

Зат оның табиғи бұзылуы немесе табиғи кемуі ескеріле отырып сақтауға қаьылданған күйінде қайтарылуға тиіс.

Затты пайдалану оның сақталуын қамтамасыз ету үшін қажет болған жағдайларды қоспағанда, сақтаушының затты пайдалануға құқығы жоқ.

Сақтаушы жүк берушінің келісімінсіз затты үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ. Сақтаушы затты сақтауға берген үшінші тұлғаның іс-әрекеті үшін жауапты және бұл жөнінде жүк берушіге дереу хабарлауға міндетті.

Сақтаушы сақтауға алған заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жауап береді. Егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлінуі өзінің кінәсінен болмағанын дәлелдесе, жауаптылықтан босатылады.

Сақтауды өзінің кәсіпкерлік қызметіне орай жүзеге асыратын тұлға, тек заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуі дүлей күштің салдарынан не заттың өзіне тән ерекшелігінен, не жүк берушінің қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан болған жаңдайларда ғана заттың сақталмағаны үшін жауаптылықтан босатылады.

Заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен жүк берушіге келтірілген шығындарды сақтаушы өтейді.

Егер шартта немесе сақтаушы берген өзге де құжатта көрсетілгендей сақтауға өткізу кезінде затқа баға беру жүргізілген болса, сақтаушының жауаптылығы баға сомасының негізінде айқындалады.

Тегін сақтау кезінде жүк берушіге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен келтірілген залалдар: затты жоғалтқаны және оның кем шыққаны үшін – жоғалған немесе кем шыққан заттың құны мөлшерінде; заттың бүлінгені үшін – оның құны төмендеген соманың мөлшерінде өтеледі.

Егер сақтаушы заттың сақтауға қабылдағанда бұл ерекшеліктер туралы білмесе және білуі тиіс болмаса, жүк беруші сақтаушыға заттың өз ерекшеліктерінен туындаған залалдардың орнын толтыруға міндетті. Мысалы, жүк беруші сақтауға мұздатылған сары майды өткізген кезде оның ерекшелігін (яғни мұздатқышта сақтау қажеттігін) сақтаушыға хабарламағандығынан, біраздан кейін май еріп, сақтаушының сақтау орнына ағып, ластады және өзге сақтаудағы заттарға да (өзге жүк берушілердің сөмкелеріне және т.б.) залал келтірді. Бұл жағдайда, жүк беруші сақтаушыға келтірілген залал орнын өтеуі қажет.

20.2 Затты ломбардта сақтау  ерекшеліктері

Затты ломбардта сақтау атаулы сақтау түбіртегін беру арқылы рәсімделеді. Ломбардқа сақтауға өткізілетін зат тараптардың келісуі бойынша, осы тектес және сапасы сондай затқа, оны сақтауға қабылдау кезі мен жеріндегі саудада әдетте белгіленетін бағаларға сәйкес бағалануға тиіс. Ломбард сақтауға қабылдаған затты жүк берушінің пайдасына сақтандыруға міндетті. Жүк беруші затты қайтарып алудан жалтарған жағдайда ломбард оны үш ай бойына сақтауға міндетті. Бұл мерзім өткен соң ломбард жүк берушіні бір ай бұрын ескерте отырып талап етілмеген затты сатуға құқылы. Затты сатудан түскен сомадан ломбард өзіне тиесілісін ұстап қалуға құқылы, ал қалғанын сақтау түбіртегінің иесіне оны көрсетуі бойынша қайтарады.

20.3 Құндылықтарды банкте сақтау

Құндылықтарды банкте сақтау шарты бойынша банк бағалы қағаздарды, қымбат металдарды, тастарды және өзге де құндылықтарды, сондай-ақ құжаттарды сақтауға қабылдай алады. Шарт банктің жүк берушіге атаулы сақтау құжатын беруімен рәсімделеді, оны көрсету банктің жүк берушіге немесе оның өкіліне сақтаудағы құндылықтарды беруі үшін негіз болып табылады. Жеке банк сейфін (сейфтің ұясын, сақтауға арналған бөлек үй-жайды) пайдалану арқылы құндылықтарды сақтау шарты банктің жүк берушіге сейфтің кілтін, жүк берушінің сәйкестендірме карточкаларын, көрсетушінің сейфті ашу мен одан құндылықтарды алу құқығын куәландыратын өзге де белгі немесе құжат беруі жолымен жасалады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк беруші кез келген уақытта сейфтен құндылықтарды алуға, оларды қайта қоюға, сақтаулы жатқан құжаттармен жұмыс істеуге құқылы. Банктің бұл орайда жүк берушінің құндылықтарды алғандығын және қайтарғандығын есепке алуға құқығы бар. Жүк беруші сейфтегі құндылықтардың бір бөліген, оның ішінде уақытша алған жағдайда банк құндылықтардың қалған бөлігінің сақталуына жауапты болады. Егер банк өз сейфін мүліктік жалдау талабымен басқа тұлғаға пайдалануға берген жағдайда сейфтегі құндылықтар үшін жауапты болмайды.

20.4 Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты

Көлік ұйымдарының сақтау камераларында сақтау шарты бойынша сақтау камералары жол жүру құжаттарының болуына қарамастан жолаушылардың және өзге де азаматтардың заттарын сақтауға қабылдауға міндетті. Мұндай шарт жария шарт деп танылады. Заттардың сақтау камерасына (автоматты камерадан басқа) қабылдануын растап жүк берушіге түбіртек немесе нөмірлі жетон беріледі. Түбіртек немесе жетон жоғалған жағдайда, жүк беруші заттардың өзіне тиесілі екенін дәлелдеген жағдайда ғана заттар оған қайтарылады. Сақтау камерасына өткізілген заттардың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлінуінен жүк беруші шекеен залалдардың сомасы, егер заттарды сақтауға өткізу кезінде бағалау жүргізген болса не егер тараптар өтелуге тиісті залалдардың сомасына қатысты келісімге келген болса, жүк берушіге тәуліктік мерзімде төленеді. Заттар сақтау камерасына арнайы ережелерде немесе тараптардың келісімінде белгіленген шектердегі мерзімге өткізіледі. Көрсетілген мерзімде талап етілмеген заттарды сақтау камерасы тағы да үш ай бойына сақтауға міндетті. Бұл мерзім өткен соң талап етілмеген заттар сатылады, сақтау камерасы осы сомадан өзіне тиесілісін ұстап қалуға құқылы, қалған соманы жүк беруші есебіне салып қоюға міндетті.

Ұйымдардың киім ілгіштерінде сақтау сыйақы беруі айтылмаған болса, тегін болады деп ұйғарылады. Сақтаушы заттың киіс ілгішке қабылданғанын растайтын нөмірлі жетон немесе басқа да таңба береді. Киім ілгішке өткізілген зат жетонды көрсеткен адамға беріледі. Алайда жетонның оны көрсеткен адамға тиесілі екені күман тударытн болса, затты (киімді) оған қайтаруды тоқтата тұруға болады. Жүк беруші жетонды жоғалтып алған жағдайда да сақтауы оған затты құқылы, дегенмен зат сол адамға тиесілі екені күман тудырмауы қажет және жүк беруші заттың өзінікі екенін дәлелдеуі керек.

20.5 Заттарды қонақүйлерде сақтау

Қонақүй сақтаушы ретінде онда тұратын адамның нөмірінен жоғалған ақша, өзге де валюталық құндылықтары мен бағалы қағаздары үшін, сонымен қатар, заттың жоғалуы мен бүлінуі дүлей күштің, заттыңөз ерекшеліктері салдарынан не тұратын адамның өзінің, оның қасында жүргендердің немесе оған келушілердің кінәсінен балған жағдайда жауап бермейді. Яғни, қалыпты жағдайда қонақүй бөлмесінен онда тұратын адамның ақшасы, валюталық құндылықтары мен бағалы қағаздарынан басқа зат жоғалатын болса, қонақүй жауапты. Қонақүйде тұратын адам бұл жөнінде қонақүй әкімшілігіне дереу мәлімдеуге міндетті. Бұлай жасамаған жағдайда қонақүй заттың сақталмағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Егер, қонақүй бөлмесінде тұратын адамның ақшасы, валюталық құндылықтары мен бағалы қағаздары арнайы сақтауға қабылданғаннан соң жоғалатын болса, қонақүй жауап береді. Осы ережелер мейрамханаларға, демалыс үйлеріне, санаторийлерге, жатаханаларға және осы сияқты ұйымдарға келуші азаматтардың сыртқы киімдерін, бас киімдерін және өзге де заттарын сақтау үшін арнайы орын бөлінген ұйымдарға қатысты да қолданылады.

20.6 Даулы заттарды сақтау (секвестр)

Затқа деген құқық жөнінде екі немесе одан көп тұлға арасында дау туындаған жағдайда, соттың шешімі (сот секвестрі) немесе дауласып жүрген барлық тұлғалардың келісімі (шарттық секвестр) бойынша бұл зат кімге тиесілі және берілетін болса, сол тұлғаға қайтаруды міндетіне алатын үшінші тұлғаға беріледі. Секвестр тәртібімен сақтауға қозғалатын да, қозғалмайтын да заттар берілуі мүмкін.

20.7 Тауар қоймасында сақтау

Тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтаға байланысты қызметтер көрсететінкоммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп танылады. Ортақ пайдаланылатын тауар қоймасымен (яғни кез келген тұлғадан тауарды қабылдайтын) жасалатын қоймада сақтау шарты жария шарт деп танылады. Тауар қоймасы сақтауға қабылдау кезінде өз есебінен тауарларға тексеру жүргізуге міндетті. Тауардың бүлінуі байқалған жағдайда қойма дереу акт жасауға және тауар иесін оның тауар қоймасына мәлімдеген мекен-жайы бойынша хабардар етуге міндетті. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тауар иесі қоймадан тауар алу кезінде дұрыс сақталмаудың салдарынан тауардың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлінгені туралы, ал көзге байқалмайтын бүлінулер туралы - оларды табу үшін қажет әдеттегі мерзім ішінде тауар қоймасына мәлімдеуге міндетті. Егер тауардың бүлінгені немесе кем шыққаны жөнінде тиісті мерзімде мәлімденбеген болса, бұл залалдар оның қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан келтірілген жағдайларды қоспағанда, тауар қоймасы залалдар үшін жауапты болмайды. Қойма жүк беруші мүддесінде жүзеге асырған жұмыстары үшін (тауарларды сақтандыру, тиеу-түсіру, жұмыстары, кеден баждарын төлеу және т.б.) одан шығындарының орнын толтыруды талап етуге құқылы. Қойма осы мақсатта жүк берушінің тауарын ұстап қалуға құқылы. Егер жүк беруші елеулі зиян келтіруге қауіп төндіретін тауарлардың қатерлі сипатын жасырса, тауар қоймасы сақтау шартын орындаудан бас тартуға құқылы. Тауар қоймалары тауарлардың сақтауға қабылданғанын растайтын құжаттары ретінде жай қойма куәлігін, қос қойма куәлігін беруі мүмкін. Қос қойма куәлігі, оның әр бөлігі және жай қойма куәлігі бағалы қағаздар болып табылады. Қос және жай қойма куәлігі кепіл нысанасы бола алады. Жай қойма куәлігі ұсынушының атына беріледі. Қос қойма куәлігі мазмұны бойынша бірдей және қажет болған жағдайда біреуін бақасынан айыруға болатын қойма куәлігінен және кепіл куәлігінен (варранттан) тұрады.

Тапсырмалар:

  1.  Сақтау шарты қандай шарттарға жатады және нысанасы (пәні) болып не табылады?
  2.  Азаматтар қымбат бұйымдары мен асыл заттарын ломбардқа сақтау үшін тапсыра ма, әлде өзге себептері бар ма?
  3.  Қандай заттардың жоғалғаны үшін қонақ үй және сол сияқты ұйымдар (санаторий, профилакторий және т.б.) жауап бермейді және неге?
  4.  Жай қойма куәлігі мен қос қойма куәлігінің айырмашылықтары неде деп ойлайсыз?

21 – тарау. Сақтандыру міндеттемелері (ҚР АК 803-845 баптары)

21.1 Сақтандыру ұғымы, объектісі, нысандары, түрлері

Сақтандыру дегеніміз – шартпен анықталған сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиға орын алған кезде сақтандыру ұйымының өз активтері есебінен азаматтар мен заңды тұлғалардың заңи мүдделерін мүліктік қорғау жөніндегі қатынастардың кешені.

Сақтандыру - азаматтар мен заңды тұлғалардың материалдық және жеке материалдық емес игіліктерін тиімсіз салдардан сақтандыру мақсатында сақтандыру ұйымына ақша жарналарын төлеуі, ал сақтандырушы көрсетілген салдар орын алған жағдайда сақтанушыға немесе өзге тұлғаға келісілген соманы төлеу жөніндегі қажетті қоғамдық пайдалы қызметтің түрі.

Сақтандыру объектісі болып – заңды тұлға немесе азаматтың кез келген мүддесі табылады.

Сақтанушының құқыққа қайшы мүдделері сақтандыруға жатпайды.

Сақтандыру нысандары:

- объектісі бойынша жеке және мүліктік;

- міндеттілік дәрежесі бойынша ерікті және міндетті;

- сақтандыру төлемін жүзеге асыру негіздері бойынша жинақтаушы және жинақтаушы емес.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі өмірді сақтандыру және жалпы сақтандыру деп екі салаға бөлінеді. “Өмірді сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1) өмірді сақтандыру;

2) аннуитеттік сақтандыру.

“Жалпы сақтандыру” саласы ерікті нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

медициналық сақтандыру;

көлікті (автомобиль, темір жол, әуе, су) сақтандыру;

жүктерді сақтандыру;

көліктен өзге де мүлікті сақтандыру;

кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

көлік (автомобиль, темір жол, әуе, су); иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

көліктен басқа зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Аннуитеттік сақтандыру – сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, енбек ету қабілетін (жасына, мүгедектігіне, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру – сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету қабілетін жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайларда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Медициналық сақтандыру – сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолданымдарымен туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру – көлік құралын иеленуге, пайдалануға, билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Жүктерді сақтандыру – жүктерді иеленуге,пайдалануға, билік етуге байланысты тұлғалардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Мүлікті сақтандыру – мүлікті иеленуге,пайдалануға, билік етуге байланысты тұлғардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру – кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісім-шарт жасасушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелін, соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

21.2 Сақтандыру құқықтық қатынастарына қатысушылар және өзге де ұғымдар

Сақтанушы – сақтандырушымен сақтандыру шартын жасасқан тұлға. Заңды тұлғалар мен азаматтар сақтанушылар бола алады.

Сақтандырушы – сақтандыруды жүзеге асыратын, яғни сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта айқындалған соманың (сақтандыру сомасының) шегінде сақтандыру төлемін жүргізуге міндетті тұлға. Сақтандырушы ретінде тіркелген және сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар /коммерциялық/ акционерлік қоғам бола алады.

Сақтандырылған адам – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.

Пайда алушы – сақтандыру шартына немесе міндетті сақтандыру туралы заң актілеріне сәйкес сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға. Заңды тұлға да, азамат та пайда алушы бола алады.

Актуарий – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға.

Сақтандыру брокері (делдалы) – сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттарын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.

Сақтандыру агенті – берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.

Уәкілетті аудиторлық ұйым (уәкілетті аудитор) – уәкілетті мемлекеттік органның тиісті лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиті жөніндегі қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым (аудитор).

Қайта сақтандыру – сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар.

Ортақ сақтандыру – бірнеше сақтандыру ұйымдарымен бір мезгілде сақтандыру шарты бойынша сақтандыру тәуекелдерін қабылдап, олардың жауапкершілігін өздерінің арасында жасаған ортақ сақтандыру шартына сәйкес бөлуге байланысты туындайтын қызмет және соған байланысты қатынастар.

Қос (көпше) сақтандыру – белгілі бір объектіні бірнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру.

Топтық сақтандыру – бір сақтандыру шартымен бір мезгілде өздері пайда алушы болып табылатын бірнеше сақтандырылған адамның қамтылуы.

Сақтандыру жағдайы – басталған бойда сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.

Сақтандыру сыйлықақысы – сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру немесе аннуитет шартында көзделген мөлшерде сақтандыру төлемін жүргізу міндеттемесін қабылдағаны үшін сақтанушы сақтандырушыға төлеуге міндетті ақша сомасы.

Сақтандыру сомасы – сақтандыру объектілері сақтандырылғанын және сақтандыру жағдайы басталған кездегі сақтандырушы жауаптылығының шекті көлемін білдіретін ақша сомасы.

Сақтандыру төлемі – сақтандырушы сақтанушыға (пайда алушыға) сақтандыру жағдайы туындаған кезде немесе жинақтаушы сақтандыру шартында белгіленген мерзім туындаған кезде сақтандыру сомасы шегінде төлейтін ақша сомасы.

21.3 Сақтандыру шартының ұғымы, мазмұны, нысаны

Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта өзге тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.

Сақтандыру шартының мазмұны:

1) сақтандырушының атауы, орналасқан жері және банктік реквизиттері;

2) сақтанушының тегі, аты (атауы), әкесінің аты, тұрған жері (орналасқан жері, банктік реквизитері);

3) сақтандыру объектісін көрсету;

4) сақтандыру жағдайын көрсету;

5) сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі мен мерзімдері;

6) сақтандыру сыйлықақысының мөлшері, оларды төлеудің тәртібі мен мерзімдері;

7) шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі;

8) егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;

шарттың (сақтандыру полисінің) нөмірі, сериясы;

шарттың талаптарына өзгерістер енгізу жағдайлары мен тәртібі;

сатып алу сомасын (жинақтаушы болып табылатын сақтандыру үшін) төлеудің шарты және оның мөлшері.

Егер шартта сақтанушының жағдайын нашарлататындай талаптар болса, АК-мен белгіленген ережелер қолданылады.

Сақтандыру шартында көрсетілуге тиіс талаптардың толық болмағаны үшін сақтандырушы жауапты болады. Оның жекелеген талаптарының толық болмауы салдарынан сақтандыру шарты бойынша дау туындаған жағдайда дау сақтанушының пайдасына шешіледі.

Сақтандырушының міндеттері:

1) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң актілерінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;

2) сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға;

3) сақтанушыға (сақтандырылған адам) сақтандыру жағдайы кезінде олардың залалдарды азайту үшін жұмсаған шығындарын өтеуге;

4) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге міндетті.

Сақтанушының міндеттері:

1) сақтандыру шарты белгілеген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйлықақыларын төлеуге;

2) сақтандыру тәуекелінің жай-күйі туралы сақтандырушыны хабардар етуге;

3) сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлауға;

4) сақтандыру жағдайынан туатын залалдарды азайту үшін шаралар қолдануға;

5) сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамнан талап ету құқығының сақтандырушыға өтуін қамтамасыз етуге міндетті.

Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:

1) тараптар бір құжат жасауы;

2) сақтанушыны бір жақты тәртіпте (бірігу шарты) сақтандырушы әзірлеген үлгілік шарттарға (сақтандыру ережелеріне) қосу;

3) сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлігін полисін беруі жолымен;

4) тараптардың шарт жасауға өз еркімен келіскендігін және оның барлық елеулі талаптары бойынша келісімге қол жеткізгендігін құжатпен растауға мүмкіндік беретін өзге де әдіспен жасалады.

Жазбаша шарттың нысанын сақтандырушы айқындайды не ол тараптардың келісімімен айқындалады.

Сақтандыру шартының жазбаша нысанын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соқтырады.

21.4 Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздері

Сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы:

1) сақтанушының, сақтандырылған адамның және/немесе пайда алушының, қажетті қорғану және аса қажетті жағдайда жасалған іс-әрекеттерді қоспағанда, сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған іс-әрекетінің;

2) заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтанушының, сақтандырылған адамның және/немесе пайда алушының қасақана жасалған қылмыстар немесе сақтандыру жағдайына себепті байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс-әрекетінің салдарынан болса, сақтанушыға сақтандыру төлемінен толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.

Егер сақтандыру жағдайы жауаптылықта сақтандыру объектісі болып табылатын тұлғаның кінәсінен болса, онда сақтандырушы азаматтық құқықтық жауаптылықты сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылмайды.

Сақтандырылған адам қайтыс болған жағдайда, егер өлім өзін-өзі өлтірудің салдарынан болса және осы уақытқа дейін сақтандыру шарты кемінде 2 жыл қолданылып келсе, жеке сақтандыру шарты бойынша төленуге тиіс сақтандыру төлемін жүзеге асырудан сақтандырушы босатылмайды.

Өз еркімен сақтандыру шартында және міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде өзгеше көзделмегендіктен, егер сақтандыру жағдайы:

1) ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивтік зақымданудың әсері;

2) әскери қимылдардың;

3) азамат соғысының, алуан түрлі халық толқуларының, жаппай тәртіп бұзушылықтардың немесе ереуілдердің салдарынан басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

Мүліктік сақтандыру шартында өзгеше көзделмегендіктен, сақтандырушы адып қою, тәркілеу, реквизициялау, тұтқындау немесе мемлекеттік органдардың өкімімен сақтандырылған мүліктерді жою салдарынан болған залалдар үшін сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босатылады.

Сақтандырушы сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тартуы үшін мыналар да:

- сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

- сақтанушының сақтаныдру жағдайынан болған залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;

- сақтанушының залалдар келтіруге кінәлі тұлғадан мүліктік сақтандыру бойынша залалдарға тиісті өтем алуы;

- сақтанушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерін белгілеуде сақтандырушыға кедергі жасауы;

- сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабарламауы;

- сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сақтандырушыға тиісті құжаттарды беруден бас тартуы да кіреді.

21.5 Суброгация. Суброгация дегеніміз – сақтанушының залалдарды өтеу құқықтарының сақтандырушыға ауысуы. Сақтандырушы сақтандыру төлемін сақтанушы пайдасына жүзеге асырса, талап қою құқықтарын алуға құқылы. Алайда қасақана залал келтірген тұлғаға қойылған талап қою құқықтарының сақтандырушыға ауысуын жоққа шығаратын шарт талабы жарамсыз болады. Егер сақтанушы сақтандырушы төлеген шығындар үшін жауап беретін тұлғаға талап қою құқықтарынан бас тартса немесе сақтанушының кінәсінен бұл құқықты жүзеге асыру мүмкін болмаса, сақтандырушы сақтандыру төлемін толық немесе тиісінше оның бір бөлігін жүзеге асырудан босатылады және артық төлеген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

21.6 Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату

- сақтандыру объектісі өмір сүруін тоқтатса;

- сақтанушы болып табылмайтын сақтандырылған адам (ауыстырылмастан) қайтыс болса;

- сақтанушы мүліктік сақтандыру объектісін өз иелігінен шығарса;

- өзінің кәсіпкерлік тәуекелін немесе осы қызметке байланысты азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандырған сақтанушы белгіленген тәртіппен кәсіпкерлік қызметін тоқтатса;

- сақтандыру жағдайының басталу мүмкіндігі жойылса шарт мерзімінен бұрын тоқтатылады. Сақтанушы сақтандыру шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы.

21.7 Сақтандыру шартының жарамсыздығы

Сақтандыру шартының жарамсыздығы:

- шарт жасасу кезінде сақтандыру объектісі болмаса;

- құқыққа қарсы мүдделер сақтандыру объектісі ретінде әрекет етсе;

- соттың заңды күшіне енген тиісті шешімінің негізінде тәркіленуге жататын мүлік немесе қылмыстық жолмен алынған немесе қылмыстың нысанасы болып табылатын мүлік сақтаныдру объектісі болып табылса;

- басталу мүмкіндігі мен кездейсоқ белгілері жоқ және шарттың қолданылуы шегінде амалсыз әрі нақты болуға тиіс оқиға сақтандыру жағдайы ретінде көзделсе, бұл туралы тараптар немесе, кем дегенде, сақтанушы алдын ала білген болса;

- сақтанушы шарт жасасу кезінде заңсыз пайда табуды алдын ала мақсат еткен болса, оның ішінде сақтандыру жағдайы басталған соң шарт жасалса;

- кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты сақтанушыдан басқа тұлғаның мүдделері немесе пайдасы үшін жасалған болса;

- шарт бойынша жауапкершілікті сақтандырған кезде сақтанушыдан басқа адамның жауаптылық тәуекелі сақтандырылған болса;

- сақтандырылған адамның келісімі міндетті болып табылатын жағдайларда, оның келісімі болмаса;

- шарттың жазбаша келісімі сақталмаса, шарт жарамсыз деп танылады.

21.8 Сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау

Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 1 шілде 2003 жылғы ҚР заңына сәйкес теңіз және әуе тасымалдауы бойынша тасымалдаушының жолаушы алдындағы міндетті азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру бойынша, сақтандырушы жолаушы-жәбірленушінің өміріне және денсаулығына келтірілген зиян үшін төлейтін сақтандыру төлемінің мөлшері (айлық есептік көрсеткішпен - АЕК):

- өлім жағдайында – 2000 х АЕК;

- I – топтағы мүгедектікке – 1600 х АЕК;

- II  топтағы мүгедектікке – 1200 х АЕК;

- III - топтағы мүгедектікке – 800 х АЕК.

Темір жол, ішкі су және автомобиль тасымалдауы бойынша жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін төленетін сақтандыру төлемінің мөлшері:

- өлім жағдайында – 1000 х АЕК;

- I – топтағы мүгедектікке – 800 х АЕК;

- II  топтағы мүгедектікке – 600 х АЕК;

- III - топтағы мүгедектікке – 400 х АЕК.

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 1 шілде 2003 жылғы ҚР заңы бойынша көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыруы бойынша жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін төленетін сақтандыру төлемінің мөлшері:

- өлім жағдайында – 600 х АЕК;

- I – топтағы мүгедектікке – 500 х АЕК;

- II  топтағы мүгедектікке – 400 х АЕК;

- III - топтағы мүгедектікке – 300 х АЕК

Мүгедектікке әкеп соқтырмаған дене жарақаты үшін- әр күндік стационарлық емделу үшін 1,5 х АЕК кем болмауы тиіс, бірақ барлық төлем 200 х АЕК аспауы қажет

Әр жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін – сақтандыру төлемі келтірілген зиян мөлшерінде болады, бірақ 250 х АЕК аспауы тиіс.

Тапсырмалар:

  1.  Сақтандыру оқиғасы дегенді қалай түсінесіз?
    1.  Сақтандыру шартының объектісі болып не табылады?
      1.  Актуарий түсінігн айтыңыз.
      2.  Кімнің мүлкі міндетті түрде сақтандырылады?
      3.  Әуе көлігі мен теміржол көлігі апатынан қайтыс болған адамдарға әртүрлі сақтандыру төлемі төленеді. Неге, негіздеуге тырысыңыз?

Тақырып бойынша қажетті нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі:

Сақтандыру қызметі туралы 18 желтоқсан 2000 жылғы ҚР заңы

Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы 25 сәуір 2003 жылғы ҚР заңы

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 1 шілде 2003 жылғы ҚР заңы

Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 1 шілде 2003 жылғы ҚР заңы

Худяков А.И. Страховое право РК, Алматы, 1997

Райхер В.К. Общественно-исторические типы страхования. М., 1993

Шахов В.В. Страхование. Учебник для вузов. М., 1997

22 – тарау. Тапсырма шарты (ҚР АК 846-854 баптары; Нотариат туралы 14 шілде 1997жылғы ҚР заңы)

22.1 Тапсырма шартының түсінігі мен мазмұны.

Тапсырма шарты бойынша бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді. Сенім білдірілген өкіл жасаған мәміле бойынша құқықтар мен міндеттер тікелей сенім білдірушіде пайда болады.

Тапсырма шарты жазбаша нысанда жасалады. Тапсырма шарты фидуциарлы, яғни тараптар қатынастарының жеке-сенім сипатына негізделген шарттарға жатады.

Тараптар: сенім білдіруші және сенім білдірілген өкіл. Тапсырма шарты бойынша, әрекет қабілеттілігі бар адамдар ғана сенім білдіруші мен сенім білдірілген өкіл бола алады. Егер тапсырма шарты коммерциялық өкілдіктің қатынастарын рәсімдейтін болса, онда сенім білдірілген өкіл ретінде кәсіпкер болып табылатын - азамат немесе коммерциялық заңды ұйым қана бола алады.

Тапсырма шартының пәні болып материалдық емес заңи салдар туғызатын қызметтер көрсету табылады.

Сенім білдірілген өкіл өзіне берілген тапсырманы сенім білдірушінің нұсқауларына сәйкес орындауға міндетті. Сенім білдірушінің нұсқаулары нақтылы, заңды және жүзеге асырыла алатын болуы тиіс.

Сенім білдірілген өкілдің міндеттері:

өзіне берілген тапсырманы өзі орындауға;

сенім білдірушіге оның талап етуі бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәліметтерді хабарлауға;

сенім білдірушіге жасалған мәміле бойынша алынғандардың бәрін дереу беріп отыруға;

тапсырманы орындаған соң қолдану мерзімі аяқталмаған сенімхатты кешіктірмей сенім білдірушіге қайтаруға және егер ол тапсырманың сипаты бойынша талап етілетін болса, ақтайтын құжаттарды қоса отырып есеп беруге міндетті.

Сенім білдірушінің міндеттері (егер шартта өзгеше көрсетілмесе):

сенім білдірілген өкілді тапсырманы орындау үшін қажетті қаражатпен қамтамасыз етуге;

сенім білдірілген өкілдің тапсырманы орындау үшін қажет болған шығындарының орнын толтыруға і;

сенім білдіруші шартқа сәйкес сенім білдірілген өкіл орындағанының барлығын кешіктірмей қабылдауға;

егер заң актілерінде немесе шартта көзделген болса, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілге сыйақы төлеуге;

егер тапсырма шарты тараптардың екеуінің немесе олардың бірінің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына байланысты болса, шартта өзгеше көзделмесе, сенім білдіруші сенім білдірілген өкілге сыйақы төлеуге міндетті.

Егер шартта немесе заң актілерінде шартты орындаудың өтелуі көрсетілсе, бірақ сыйақының мөлшері көрсетілмесе, онда осыған ұқсас қызметтер үшін әдетте қабылданған баға ескеріле отырып айқындалады. Сенім білдірілген өкіл барлық талап етілген іс-әрекеттерді тиісті түрде атқарғанын, бірақ тапсырма оның кінәсінсіз орындалмай қалғанын дәлелдеген кезде сыйақы төленуге тиіс.

22.2 Тараптардың жауапкершілігі, шартты тоқтату

Тапсырма шартын тоқтатудың жалпы негіздерімен қатар:

сенім білдірушінің тапсырманы ауыстыруы;

сенім білдірілген өкілдің бас тартуы;

сенім білдірушінің немесе сенім білдіріліген өкілдің қайтыс болуы, олардың біреуін әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі немесе хабарсыз кетті деп танудың салдарынан тоқтатылады.

Егер сенім білдірілген өкіл тапсырма шартының тоқталғаны туралы білмесе және білуге тиіс болмаса, онда сенім білдірушінің нұсқауы бойынша жасалған оның іс-әрекеті, сенім білдірушіні үшінші тұлғаға және сенім білдірген өкілге қатысты міндеттейді.

Басқаның мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау (ҚР АК 855-864 баптары). Мүдделі тұлғаның тапсырмасынсыз, өзге де нұсқауынсыз немесе алдын ала уәде берілген келісімінсіз оның жеке басына немесе мүлкіне зиян келтірілуін болдырмау, оның міндеттемесін орындау немесе оның өзге де заңға қарсы емес мүдделері (басқаның мүддесі үшін іс-әрекет жасау) мақсатындағы іс-әрекеттер істің мән-жайлары бойынша қажетті қамқорлықпен және сақтықпен, мүдделі тұлғаның айқын олжасына немесе пайдасына және іс жүзіндегі немесе ықтимал ниеттеріне сүйеніп жасалуы тиіс. Осы іс-әрекеттерді мүдделі тұлға мақұлдайтын болса, онда тапсырма және өзге де осындай шарттардың ережелері қолданылады.

Қатерге ұшыраған адамның өміріне төнген қауіпті жою мақсатындағы іс-қимылға осы адамның еркіне қарсы, ал біреуді асырау жөніндегі міндеттерді орындауға – осындай міндеті бар тұлғаның еркіне қарсы жол беріледі.

Мүдделі тұлға өзінің мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасаған тұлғаға келтірілген қажетті шығындар мен өзге де нақты зиянды өтеуге тиіс. Бірақ, мүдделі тұлға мақұлдамағаннан соң оның пайдасына жасалған іс-әрекет үшін ол өзінің мүддесіне әрекет еткен адамға да және үшінші тұлғаға да міндетті емес, яғни жауаптылық алмайды.

Басқаның мүддесінде тапсырмасыз әрекет еткен тұлға мүдделі тұлға үшін оң нәтижелерге қол жеткізген болса, одан сыйақы алуға құқылы.

Тапсырмалар:

  1.  Тапсырма шарты бойынша сенім білдірілген өкіл бола алмайтын тұлғаларды атаңыз.
  2.  Тапсырма шарты, өкілдік, сенімхат арақатынасы қандай?
  3.  Басқаның мүддесінде тапсырмасз іс-әрекет жасау салдары қандай?

23 – тарау. Комиссия шарты (ҚР АК 865-882баптар)

23.1 Комиссия шартының түсінігі

Комиссия шарты бойынша бір тарап (комиссионер) екінші тараптың (комитенттің) тапсыруы бойынша сыйақы үшін комитент есебінен өз атынан бір немесе бірнеше мәміле жасауға міндеттенеді. Комиссия шарты екі тарапты, келісімді және ақылы шарт.

Шарт пәні - сауда айналымы саласында делдалдық қызмет көрсету.

Ішкі қатынастарға комитент-комиссионер, ал сыртқы қатынастарға комиссионер - үшінші тұлға қатысуы мүмкін.

23.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері

Тараптардың құқықтары мен міндеттері:

комиссионер үшінші адаммен жасаған мәміледен туындайтын барлық міндеттерін орындауға және барлық құқықтарды жүзеге асыруға тиіс;

комиссионер өзіне алған тапсырманы комитенттің нұсқауларына сәйкес орындауға, ал шартта мұндай нұсқаулар болмаған кезде- іскерлік айналамның дағдыларына немес әдетте комитент үшін неғұрлым тиімді жағдайларда қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындауға міндетті;

үшінші тұлғаны таңдауда комиссионер тиісті сақтық көрсетпеген болса, не мәмілінің орындалу кепілдігін өз мойнына алған (делькредере) болса және мәміле орындалмай қалса комиссионер алдында жауап береді;

комиссионер комитент есебінен жасаған мәмілені үшінші тұлғаның орындамағаны үшін жауап бермейді. Бұл жағдайда комитентке дереу хабарлауға және қажетті дәлелдерді жинау мен қамтамасыз етуге міндетті;

мүлікті комиссионермен келіскен бағадан төмен сатқан комиссионер, егер ол мүлікті келісілген бағамен сатуға мүмкіндік болмағанын және неғұрлым төмен бағамен сату бұдан да көп залалдан сақтағанын, сондай-ақ оның нұсқауларынан ауытқуға комитенттің алдын-ала келісімін алуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдей алмаса, комитентке айырманы өтеуге міндетті;

комиссионер жасасқан мәміле бойынша комитентке не үшінші тұлғаға берілуге тиіс мүлікті өзіне тиесілі сома төленгенге дейін ұстап қалуға құқылы;

комиссионер комитенттің есебінен түскен барлық соманың ішінен комиссияның шарты бойынша өзіне тиесілі соманы ұстап қалуға құқылы;

комиссионер өзіндегі комитент мүлкінің жоғалуына, кем шығуына немесе бүлінуіне ұшыратқан әрбір қателігі үшін комитент алдында жауап береді;

комитент, комиссионерден шарт бойынша барлық орындалғанды қабылдауға міндетті;

комитент, өзі үшін комиссионер сатып алған мүлікті қарауға және осы мүлікте байқалған кемшіліктер туралы оған дереу хабарлауға міндетті;

комиссионерді комиссиялық тапсырманы орындау жөнінде үшінші тұлға алдында қабылдаған міндеттемелерден босатуға міндетті.

Комиссия шартын тоқтату. Комитент комиссия шартында көзделген барлық тапсырмалардың күшін жойған жағдайда, шарт тоқтатылады. Комиссия шарты өзге негіздермен қатар:

комиссионердің шартты орындаудан бас тартуының;

комиссионердің қайтыс болуы, оны әрекетке қабілетсіз, әрекетке қабілеті шектеулі, хабар-ошарсыз кетті немесе банкрот деп танылу салдарынан тоқтатылады.

Комитент те, комиссионерде мерзімі көрсетілмей жасалған комиссия шартынан бір біріне бір айдан кешіктірмей хабарлап, шарттан кез келген уақытта бас тартуға құқылы.

Тапсырмалар:

  1.  Комиссия шарты не жөнінде жасалатын мәміле?
  2.  Комитент пен комиссионер бола алатын тұлғалар?
  3.  Комиссия шартын мерзімінен бұрын тоқтату негіздері мен салдары.

24 – тарау. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты (ҚР АК 883-895 баптары)

24.1 Мүлікті сенімгерлікпен басқару (МСБ) шартының түсінігі, нысаны, субъектілері, объектілері

Мүлікті сенімгерлікпен басқару (МСБ) шартының бойынша бір тарап – сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы екінші тарапқа – сенімгер басқарушыға мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру, ал екінші тарап құрылтайшы атаған – пайда алушының мүдделері үшін осы мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндеттенуі жөніндегі келісім.

Шарт екі жақты, келісімді және ақылы болып табылады.

МСБ шартында:

МСБ шартының нысанасы мен мерзімі;

сенімгерлікпен басқаруға берілетін мүліктің құрамы;

пайда алушы туралы нұсқау;

сенімгер басқарушының есеп беру мерзімдері мен нысаны;

МСБ шарты тоқтатылған жағдайда сеніп тапсырылған мүлікті алатын адамды көрсету көзделуі тиіс.

МСБ шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Шарт нысанын сақтамау немесе жылжымайтын мүлікке арналған шарттың тіркелімінің болмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады.

Шарт ерекшеліктері:

шарт немесе заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сенімгер басқарушы өзінің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілген мүлікті пайда алушының мүддесі үшін өз атынан басқаруды жүзеге асыруға міндеттенеді.

МСБ мәміле (шарт, өсиет), сот шешімдері (банкротттық, әрекетке қабілетсіз, хабар-ошарсыз кеткен немесе өлді деп жарияланған азаматтың мүлкіне қорғаншылық белгіленген кезде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда), әкімшілік акт (кәмелетке толмаған, қайтыс болған адамның мүлкіне қорғаншылық белгіленген; кәсіпкер мемлекеттік қызметке кірген кезде және заң актілерінде көзделген басқа жағдайларда) негізінде пайда болады (белгіленеді).

Заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке кірген уақыттан бастап 1 ай ішінде сол қызмет мерзіміне, заң негізінде оған тиесілі ақша мен жалға берілген өзге мүліктен басқа коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталындағы үлесін (акциялар пакетін) және өзге де мүлігін сенімгерлікпен басқаруға беруге міндетті.

МСБ субъектілері:

сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы ретінде – мүліктің меншік иесі, өзге де заттық құқық субъектісі немесе мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруге уәкілетті құзыретті орган бола алады;

заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сенімгер басқарушы ретінде кез-келген тұлға бола алады. Сенімгер басқарушы тек оның келісімімен тағайындалуы мүмкін.

пайда алушы ретінде – сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген тұлға, сондай-ақ мемлекет немесе әкімшілік-аумақтық бөлініс бола алады. Егер өзгеше көзделмесе мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.

МСБ объектілері:

ақша;

бағалы қағаздар;

мүліктік құқықтар;

басқа да кез келген мүлік.

Материалдық емес игіліктер сенімгерлікпен басқару объектісі бола алмайды.

Сенімгерлікпен тапсырылған мүлік (сенімгер басқарушы мүлкінен) бөлек есепке алынуы тиіс.

Өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру процесінде сенімгер басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлік сеніп берілген мүлік құрамына енгізіледі.

24.2 Шарт бойынша жауакершілік, шартты тоқтату

Құрылтайшының сенімгерлікпен басқаруға берген мүлкіне оның (банкроттығы мен мұра қалдырушы ретіндегі борыштарынан өзге) борыштары бойынша өндіріп алуға жол берілмейді.

Кепілге салынған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кепіл ұстаушыны осы мүлікті өндіріп алу құқығынан айырмайды.

МСБ шарты бойынша мүлікке меншік құқығы сенімгер басқарушыға ауыспайды.

Сенімгер басқарушы заңи және өзге де әрекеттерді жүзеге асыра алады.

Сенімгер басқарушы мүлікті басқаруды өз атынан (сенімгер басқарушы екенін көрсете отырып) жүзеге асырады. Егер сенімгер басқарушы өзіне берілген құқықты асыра пайдаланып немесе өзі үшін белгіленген шектеулерді бұзып жасаған мәміле бойынша міндеттемені өз мүлкі есебінен мойнына алады.

Сенімгер басқарушы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды жеке өзі жүзеге асырады. Егер басқару құрылтайшысы (пайда алушы) мақсатында мүлікті сенімгерлікпен басқаруды басқа тұлғаға беру қажеттігі туындаса немесе мәжбүр болса және оларға уақтылы хабарлау мүмкіндігі болмаса, сенімгер басқарушы басқаруды басқа тұлғаға тапсыруға құқылы. Бұл орайда сенімгер басқарушы өзі таңдап алған сенім білдірілушінің іс-әрекеті үшін өзі жасағандай жауап береді.

Сенімгер басқарушы мүлікті тиісінше басқармаған жағдайда құрылтайшы немесе пайда алушы сотқа сенмігерлікпен басқаруды тоқтату және залалдарды өтеу туралы талап қоюға құқылы.

Егер міндеттерді тиісінше орындау үшін өзіне қатысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдей алмаса, сенімгер басқарушы кінәлі деп саналады.

Сенімгер басқарушы үшінші тұлғалардың алдында басқаруда тиісінше іс-әрекеттер жасамауы салдарынан келтірілген залалы үшін өз мүлкімен субсидиарлы жауапты болады.

МСБ шарты:

сенімгер басқарушы-азамат қайтыс болса;

өлді деп жарияланса;

хабар-ошарсыз кетті деп танылса;

әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылса;

заңды тұлға-сенімгер басқарушы таратылғанда;

сенім білдірілген мүлікті басқаруды жеке жүзеге асыру сенімгерлікпен басқарушы үшін мүмкін болмауына байланысты сенімгер басқарушы немесе құрылтайшы бас тартқанда;

шартта көзделсе сенімгер басқарушыға залалдар және сыйақы төленген жағдайда, құрылтайшы шартты орындаудан бас тартқанда;

егер шартта көзделсе, кепіл ауыртпалығымен берілген мүлікті сыйақы бере отырып басқаруға беру туралы сенімгер басқарушыға забарланбаған жағдайға орай ол бас тартқанда тоқтатылады.

Сеніп тапсырылған мүлікке меншік құқығының ауысуы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатпайды.

Шарт тоқтатылған кезде сеніп тапсырылған мүлік шартта көрсетілген тұлғаға беріледі.

Құрылтайшы банкрот болған кезде мүлікті сенімгерлікпен басқару тоқтатылады және сеніп тапсырылған мүлік конкурстық массаға беріледі.

Жеке тұлға-құрылтайшы қайтыс болған жағдайда сеніп тапсырылған мүлік мұрагерлік массасына келіп түседі.

Егер заң актілерінде немесе шарттта өзге мерзім көзделмесе, тараптардың бірінің бастамашылығы бойынша шарт тоқтатылған кезде екінші тарап кемінде үш ай бұрын хабардар етілуі тиіс.

Тапсырмалар:

  1.  «Мүлікті сенімгерлікпен басқару» алғашқы рет қай елде пайда болды?
  2.  Қазақстан Республикасы мен Англия және АҚШ мемлекеттеріндегі мүлікті сенімгерлікпен басқару шарттары арасында қандай айырмашылықтар бар?
  3.  Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартын жасаудың мүмкіндігінше барлық негіздерін атаңыз.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Мемлекеттік қызмет туралы 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-1 ҚР заңы

Толеуов А.С. Право доверительного управления имуществом, Алматы, 1999

25 – тарау. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) шарты (ҚР АК 896-909 баптары; Кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы 24 маусым 2002 жылғы N 330 ҚР заңы)

25.1 Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты: түсінігі және нысаны

Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты бойынша бір тарап (кешенді лицензиар) екінші тарапқа (кешенді лицензиатқа) сыйақыға айрықша құқықтар кешенін (лицензиялық кешен) беруге міндеттенеді.

Шарттың ерекшеліктері:

Шарт екіжақты, ақылы, келісімді болып табылады.

Шарт объектісі:

фирмалық атау;

қорғалатын коммерциялық ақпаратты пайдалану құқығы;

тауар белгісі;

қызмет көрсету белгісі;

патент және т.б.

Шарт субъектілері:

- кешенді лицензиар және кешенді лицензиат ретінде коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер.

Шарт жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Лицензиардың міндеттері:

шартта көзделген мерзім мен көлемде лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттаманы беруге;

лицензиатқа қажетті өзге де ақпаратты ұсынуға;

лицензиатты оқытуға және консультация беруге;

тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасы бойынша лицензиатқа қойылатын талаптарға сәйкес субсидиарлық жауапкершілікте болуға;

егер шартта өзгеше көзделмесе, шарттың тіркелуін қамтамасыз етуге міндетті.

Лицензиаттың міндеттері:

лицензиардың лицензиялық кешенін шартта көрсетілген түрде пайдалануға;

лицензиарды өзінің өндірістік аумағына жіберуге;

лицензиарға қажетті құжаттаманы беруге,

лицензиар берген айрықша құқықтардың дұрыс пайдалануына бақылау жасауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетуге;

лицензиардың айрықша құқықтарды пайдалану әдісі мен шарттарына қатысты барлық нұсқауларын сақтауға;

лицензиардың өндірістік құпиясын және одан алынған коммерциялық жасырын ақпаратты жария етпеуге;

сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) айрықша құқықтар кешінін пайдаланатындығы туралы хабардар етуге міндетті.

25.2 Шарттағы шектеу (эксклюзивтік) талаптары:

лицензиардың лицензиатқа бекітілген аумақта қолдану үшін басқа ұқсас кешенді кәсіпкерлік лицензияларды бермеуі немесе осы аумақта тікелей дербес қызметті жүргізуден тартыну міндеттемесі;

лицензиаттың айрықша құқықтар бойынша жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметіне қатысты лицензиармен бәсекеге түспеу міндеттемесі;

лицензиардың бәсекелестерінен басқа да кәсіпкерлік лицензияларды алудан лицензиаттың бас тартуы;

шарт бойынша берілген айрықша құқықтарды жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын үй-жайдың орналасқан жерін, сондай-ақ оның сырты мен ішін безендіруді лицензиармен келісу мендеттемесі көзделуі мүмкін.

Франчайзинг шартының шектеу талаптары мынадай жағдайда:

лицензиардың лицензиат сататын тауардың (орындайтын жұмыс, көрсететін қызмет) бағасын анықтауға не аталған бағаның жоғарғы немесе төменгі шегін белгілеуге құқығы болғанда;

лицензиаттың белгілі бір санаттағы сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) ғана не шартта белгіленген аумақта ғана орналасқан жері бар ерекше сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тауарлар сатуға (жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге) құқығы болғанда жарамсыз деп табылады.

25.3 Кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты

Кешенді кәсіпкерлік қосалқы лицензия шарты да жасалуы мүмкін. Негізгі шарттың тоқтатылуы немесе жарамсыз деп танылуы қосалқы лицензия шартын да тоқтатады немесе жарамсыз деп таниды. Егер шартта өзгеше көзделмесе, қосалқы лицензиаттың іс-әрекетімен лицензияарға келтірілген зиян үшін лицензиат субсидиарлық жауапты болады.

Лицензия кешеніне кіретін қандай да болсын жекелеген айрықша құқықтың басқа тұлғаға ауысуы шартты өзгертуге немесе бұзуға негіз болып табылмайды. Жаңа құқық иеленуші басқаға ауысқан айрықша құқыққа қатысты құқықтар мен міндеттер бөлігінде шартқа кіреді.

Шарт:

лицензиарға тиесілі фирмалық атау немесе коммерциялық ақпаратқа құқық тоқтатылған жағдайда;

лицензиар фирмалық атауды лицензиаттың келісімінсіз өзгерткен жағдайда;

тараптың бірі банкрот деп жарияланғанда;

егер шартта ұзақ мерзім көзделмесе, бір тарап басқа тарапты алты ай бұрын хабардар ете отырып, бас тартқанда тоқтатылады.

Лицензиар-азамат қайтыс болған жағдайда оның құқықтары мен міндеттері алты ай ішінде кәсіпкер ретінде тіркелетін мұрагерге ауысады. Өзге жағдайда шарт тоқтатылады. Мұрагер тиісті құқықтар мен міндеттерді қабылдағанға дейінгі немесе мұрагерді кәсіпкер ретінде тіркегенге дейінгі кезеңде лицензия кешенін басқаруды белгілі тәртіппен нотариус тағайындаған сенімгер басқарушы жүзеге асырады.

Тапсырмалар:

- Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын не себептен франчайзинг шарты деп те атайды?

- Кешенді лицензиар мен кешенді лицензиат бола алатын тұлғалар.

- Лицензияланатын қызмет, жұмыс түрлеріне кешенді лицензиялау шартының қатысы бар ма?

26 – тарау. Конкурстық міндеттемелер (ҚР АК 910-916 баптары)

26.1 Конкурстық міндеттемелердің ұғымы мен түрлері

Конкурстық міндеттеме дегеніміз – бастамашысы конкурстың өзі айқындаған нысанасы мен бастапқы шарттарының негізінде тұлғалардың белгісіз немесе белгілі бір тобына оған қатысуға ұсыныс жасау және конкурстың жеңімпазына сыйақы төлеуге және (немесе) онымен конкурстың мазмұнына сәйкес шарт жасасу жөніндегі міндеттеме.

Конкурсқа қатысуға ұсынысты конкурстың бастамашысы тікелей немесе конкурстың делдал-ұйымдастырушысы арқылы жасауы мүмкін. Конкурс бастамашысының конкурсқа қатысуға шақырған ұсынысы баспасөзде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында барлық тілек білдірушілерге хабарлау жолымен жолданғанда – ашық немесе конкурсқа қатысуға шақырған ұсыныс конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгілі бір тобына жолданғанда – жабық болуы мүмкін.

Сыйақығы жария уәде беру – жұмысты жақсы орындағаны немесе өзге де нәтижелерге жеткені үшін ақшалай немесе өзгеше нысанда сыйақы төлеу туралы жария хабарлаған кез келген тұлға конкурс шарттарына сәйкес оның жеңімпазы болып танылған кез келген тұлғаның алдында өз міндеттемесін орындауы тиіс.

Сыйақы төлеу туралы шешім мен оны төлеудің өзі уәдеде белгіленген мерзімдерде қабылдануға және іске асырылуға тиіс.

Конкурс ғылым, әдебиет немесе өнер туындысын жасауға арналып хабарланса, сыйақыға жария уәде беруде өзгеше белгіленбесе, жария уәде берген тұлға туындыны жасаушымен оған қаламақы төлей отырып, оны пайдалануға шарт жасауға басым құқық алады.

Конкурсқа үн қосқан тұлға міндеттемеде көрсетілген іс-әрекеттерді орындап қойған жағдайлардан басқасында, бастамашы берілген уәдеден сол нысанда бас тартуға құқылы. Хабарландыруда көзделген іс-әрекеттерді жасауға байланысты үн қосқан тұлға шеккен шығындарын бастамашы өтеуге тиіс. Барлық жағдайларда өтеудің мөлшері хабарландыруда аталған сыйақыдан аспауға тиіс.

Тендер–конкурстық саудаластық кезінде оның бастамашысы (ұйымдастырушысы) өзі ұсынған бастапқы шарттарға сай келетін ең жақсы, тиімді жағдаяттар ұсынған қатысушы-жеңімпаз деп аталатын міндеттеме түрі.

Тараптар: сатушы, сатып алушы, тапсырысшы, мердігер, жалға беруші, жалға алушы және т.б. болуы мүмкін.

Тендерге қатысушылар, тендер шарттарында белгіленген мерзімнің шегінде, тендер бастамшысына тендермен ұйғарылған барлық құжаттаманы қоса бере отырып, өз ұсыныстарын жазбаша түрде жібереді. Тендердің шарттарында ұсыныстарды желімделген конверттермен және девиздермен жіберу көзделуі мүмкін.

Ұсыныстарды беру мерзімдерін бұзу, егер оның бастамашысы, егер оның бастамашысы мерзімін өткізіп алған тұлғаның тендерге қатысуға жіберілгені туралы жазбаша түрде хабарламаса, мерзімін өткізіп алған тұлғаны тендерге қатысушылардың қатарынан шығаруға әкеп соғады.

Егер тендерге қатысушылардың арасынан оның жеңімпазын таңдауды тендер бастамашысы немесе ол құрған комиссия жабық немесе тендердің шарттары бойынша ашық тәртіппен жүргізеді.

Егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстары оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, бастамашы тендерді өткізілмеген деп тануы мүмкін.

Тендердің жеңімпазы мен бастамашысы тиісті шарт жасасады. Тендердің бастамашысы жеңімпазбен тиісті шарт жасасудан бас тартқан жағдайда тендердің жеңімпазы оған келтірілген залалдарды өтетіп алуға құқылы.

Тендер шарттарында (жағдаяттарында) тендерге әрбір қатысушының тендер қорытындылары шығарылғаннан кейін қатысушыларға қайтарылатын кепілдік жарнаның енгізілуі көзделуі мүмкін. Егер тендерге қатысушы тендердің мерзімі өткенге дейін өз ұсынысынан бас тартса немесе оны өзгертсе, немесе жеңімпаз бастамашымен тиісті шарт жасасудан бас тартса кепілдік жарна қайтарылмайды.

Аукцион – конкурстық саудаластық кезінде сатушы аукционның заты (нысанасын) үшін неғұрлым жоғары баға ұсынатын қатысушыға сату жөніндегі міндеттеме.

Сатушы жариялаған бағаны арттыру немесе кеміту талаптарымен аукционды өткізуі мүмкін.

Аукционның нысанасы болып:

- жылжитын (қозғалатын) мүлік;

- жылжымайтын (қозғалмайтын) мүлік;

- интеллектуалдық меншік объектілері;

- импорттық, экспорттық және өзге де квоталар мен лицензиялар;

- шарттар мен мүліктік құқықтар.

Аукцион ұсыныстарында болуы тиіс мәліметтер:

аукцион нысанасы (заты);

аукционның өтетін орны мен уақыты;

өзге де мәліметтер (кепілдік жарнасы, ашық, жабық түрде өтуі т.б.).

Аукционға кемінде екі қатысушы (сатып алушылар) қатысса ғана, аукцион жарамды деп танылады.

Аукцион затын (нысанасын) қатысушылардың бірде біреуі сатып алмаса, бастапқы баға төмендетілуі немесе аукционның заты осы аукционнан алынып тасталуы мүмкін.

Егер аукцион жеңімпазы (сатып алушы) сатушымен сатып алу-сату шартын жасасудан бас тартса, ол аукционға қатысушылардың қатарынан шығарылады және оған кепілдік жарнасы қайтарылмайды. Бұл жағдайда аукцион заты қайтадан саудаластыққа қойылуы мүмкін.

Аукционға қатысқан, бірақ онда ештеңе сатып алмаған тұлғаларға кепілдік жарнаның момасы қайтарылады. Ал сатып алған тұлғаның кепілдік жарнасының сомасы сатып алған затының бағасына (кіреді) есептеледі.

26.2 Лотереялар, тотализаторлар және өзге де ойындар өткізу ерекшеліктері

Бәс тігу (пари) – тәуекелге негізделген екі немесе одан да көп жеке, заңды тұлғалардың арасында жасалған, нәтижесі туындайтыны немесе туындамайтыны белгісіз жағдайға байланысты ұтыс туралы келісім;

Құмар ойын – тәуекелге негізделген және ойын мекемесі белгілеген ереже бойынша екі немесе одан да көп жеке, заңды тұлғалардың арасында жасалған, нәтижесі туындауына тараптардың ықпал етуге мүмкіндігі бар жағдайға байланысты ұтыс туралы келісім;

Тотализатор – қатысушының ұтысы болжамның туындаған нақты фактілермен ішінара немесе толық сәйкес келуіне байланысты болатын қатысушы ойындық, спорттық, өзге де жағдайда қандай да болмасын бір оқиғаның нәтижесіне болжам жасайтын (бәс тігетін) ойын.

Тотализаторлар мен казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері (лицензиар) жүзеге асырады.

Лицензия бас және басқаға беруге болмайтын болып табылады. Лицензияның бланкі қатаң есептіліктегі бланк болып табылады. Субъектілердің қызметі біліктілік талаптарына сәйкес келетін болса, бір ай ішінде лицензия беріледі. Қайта рәсімдеу он күн ішінде жүзеге асырылады.

Лотерея, тотализатор немесе өзге де ойындар өткізу шарттарына (жағдаяттарына) сәйкес ұтыскер болып танылатын тұлғаларға ойындардың бастамашысы (ұйымдастырушысы) ойындарды өткізудің шарттарында көзделген мөлшерде, нысанда (ақшалай немесе заттай) және мерзімдерде, ал егер бұл шарттарда (жағдаяттарда) мерзім көрсетілмесе – ойындардың нәтижелері шыққан кезден бастап он күннен кешіктірмей ұтысты төлеуге тиіс. Ойындардың ұйымдастырушысы осы міндеттерін орындамаған жағдайда, ұтыскер ұтысты төлеуді, сондай-ақ өзіне келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы. Ал басқа талаптар (ұтылып қалуы т.б.) сот қорғауына жатпайды.

Тапсырмалар:

  1.  Конкурстық міндеттемелердің нысанасы (пәні) бола алатын және бола алмайтын игіліктер мен құқықтар қандай?
  2.  Аукцион мен тендер айырмашылықтарын атаңыз.
  3.  Бәс тігу, құмар ойын және тотализатор ерекшеліктері неде?

Нормативтік құқықтық актілер тізімі:

1. Мемлекеттік сатып алу туралы 21 шілде 2007 жылғы N 303 ҚР заңы

2. Мемлекеттік мүлік туралы 01 наурыз 2011 жылғы ҚР заңы

3. Тотализаторлар және казиноларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялау Ережесі 1432 нөмірлі 9 қараша 2001 жылғы ҚР Үкіметінің қаулысы.

27 – тарау. Зиян келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер (ҚР АК 917-952 баптары)

27.1 Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме ұғымы мен алғышарттары

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – жәбірленуші зиян келтірушіден келтірген зиян орнын мүлікпен немесе басқаша өтеуін талап ете алатын азаматтық-құқықтық қатынас.

Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме – деликтілік міндеттеме (Суханов Е.А.)

Зиян келтіруден туындайтын міндеттемені деликтілік міндеттеме деу дұрыс емес (Толстой Ю.К.)

Шартсыз жауапкершілік зиян келтірушіге мына жағдайларда жүктеледі:

зиян болғанында;

зиян келтірушінің құқыққа қайшы жүріс-тұрысы (мінез-құлқы) негізінде;

келтірілген зиян мен құқыққа қайшы мінез-құқық арасындағы себепті байланыс;

зиян келтірушінің кінәсі.

27.2  Зиян келтірілгені үшін жауаптылықтың кейбір түрлері

Қажетті қорғану жағдайында келтірілген зиян, егер оның шегінен асып кетпесе өтеуге жатпайды.

Аса қажетті жағдайда, яғни зиян келтірушінің өзіне немесе басқа тұлғаларға қатер туғызатын қауіпті жою үшін келтірілген зиян, егер бұл қауіпті осы жағдайларда өзге құралдармен жою мүмкін болмаса, оны зиян келтірген тұлға өтеуге міндетті. Мұндай зиян келтірілген мән-жайларды ескере отырып, сот оны өтеу міндетін зиян келтіруші мүддесіне іс-әрекет жасаған үшінші бір тұлғаға немесе үлестік тәртіппен осы үшінші тұлға мен зиян келтірушіге жүктеуі, сондай-ақ үшінші тұлғаны да, зиян келтірушіні де зиянды өтеуден толық немесе ішінара босатуы мүмкін.

Заңды тұлға немесе азамат өз қызметкері келтірген зиян үшін жауапты.

Мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ олардың лауазымды адамдары келтірген зиян мемлекеттік қазына есебінен өтеелуге тиіс.

Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз іс-әрекеттерімен келтірілген зиян мемлекет есебінен өтеледі.

Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін олардың ата-анасы (асырап алушылары), қорғаншылары жауап береді.

Он төрт пен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін олар дербес жауап береді. Егер олардың зиянды өтеу үшін мүлкі болмаса немесе жеткіліксіз болса олардың ата-анасы (асырап алушылары), қамқоршылары (қосымша) жауап береді.

Ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналардың кәмелетке толмағандар келтірген зиян ата-ана тәрбиесінің салдары екені анықталса, мұндай ата-анаға сот ана-аналық құқықтарынан айрылғаннан кейінгі үш ішінде жауаптылықты жүктеуі мүмкін.

Әрекетке қабілетсіз деп танылған азамат келтірген зиян үшін кінәлі болса оның қорғаншысы немесе оған қадағалауды жүзеге асырауға міндетті ұйым өтейді.

Әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтың спирт ішімдіктерін немесе есірткі заттарды пайдалануы негізінде келтірген зиян үшін осы азаматтың өзі жауап береді.

Өз іс-әрекетінің мәнін түсіне алмаған немесе өзіне-өзі ие бола алмайтын жағдайда зиян келтірген әрекетке қабілетті азамат, сондай-ақ он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін жауап бермейді. Егер азамат спирт ішімдіктерін немесе есірткі заттарды пайдалануы негізінде өзін осындай күйге жеткізіп зиян келтірсе жауаптылықтан босатылмайды.

Қызметі айналасындағылар үшін жоғары қауіптілікпен байланысты заңды тұлғалар мен азаматтар (көлік ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, көлік құралдарының иелері және т.б.) егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндетті.

Бірлесіп келтірілген зиян үшін бір жоғары қауіптілік көзі иесінің екінші жоғары қауіптілік көзі иесіне келтірген зиянын, кінәлісі өтейді.

Жоғары қауіптілік көзі иесі кінәсінен оған зиян келтірілсе зиян өтелмейді.

Жоғары қауіптілік көздері иесінің екеуі де кінәлі болса, әрқайсысының кінәсінің дәрежесіне қарай зиян өтеледі. Олардың кінәсінің дәрежесін белгілеу мүмкін болмаған кезде жауаптылық олардың арасында тең бөлінеді.

Зиян келтіруде тараптардың кінәсі болмаған кезде олардың бірде-біреуінің зиянды өтеуді талап етеуге құқығы жоқ.

Бірлесіп зиян келтірген тұлғалар жәбірленуші алдында ортақтасып жауап береді. Сот жәбірленушінің арызы бойынша және оның мүдделері үшін бірлесіп зиян келтірген тұлғаларға үлестік жауаптылық жүктеуге құқылы.

Мүліктік зиянды өтеу туралы талапты қанағаттандыра отырып, сот істің мән-жайына сәйкес зиян үшін жауапты адамды келтірген зиянды толық өтеуге немесе оны заттай өтуеге (тегі мен сапасы нақ сондай зат беруге, бүлінген затты жөндеуге және т.б.) міндеттейді.

Мүліктік зиянды өтеу әдісі табиғи немесе өтемақы күйінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Зиян өтеу мөлшерін азайту немесе бас тартуға байланысты жәбірленуші кінәсі есепке алынады (мысалы, өрескел абайсыздығы). Жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды. Азаматтың өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайда зиянды өтеуден толық бас тартуға жол берілмейді (ҚР АК 935 бабының 3 тармағы).

Жәбірленушінің кінәсі қосымша шығындарды (кіріс, емделуге, қосымша тамақтануға, протез салғызуға және т.б.) өтеу кезінде, азаматтық қайтыс болуы салдарынан залал шеккен адамдарға зиянды өтеу кезінде, сондай-ақ жерлеуге жұмсалған шығындарды өтеу кезінде ескерілмейді. Зиян келтірушінің мүліктік жағдайы да есепке алынады.

27.3 Азаматтың өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу

Азаматқа жарақат немесе денсаулығына өзгедей зақым келтірілген кезде жәбірленуші жоғалтқан, онда болған немесе анық иелене алатын табыс (кіріс), сондай-ақ денсаулыққа зақым келтіруден туындаған шығындар (емделуге, қосымша тамақтануға, дәрі-дәрмектер сатып алуға, протез салғызуға, бөгде адамның бағып-күтуіне, санаторий-курорттық емделуге, арнайы көлік құралдарын сатып алуға, басқа мамандыққа даярлауға және т.б.), егер жәбірленуші көмек пен күтімнің осындай түрлеріне мұқтаж және оларды тегін алмайды деп танылса, өтеуге жатады.

Жоғалтқан табысты (кірісті) анықтау кезінде жарақаттануына немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілуіне байланысты жәбірленушіге тағайындылған мүгедектік бойынша жәрдемақы, денсаулығына зиян келтірілгенге дейін де, одан кейін де тағайындалған басқа да жәрдемақы түрлері, сондай-ақ зейнетақы төлемдері өтеу есебінен қосылмайды. Зиянды өтеу есебіне жәбірленушінің денсаулығы зақымданғаннан кейін алатын табыс та есептелмейді.

Жоғалтылған табыстың (кірістің) құрамына негізгі жұмыс орны бойынша да, сондай-ақ қоса атқаратын жұмысы бойынша да, еңбек және азаматтық-құқықтық шарттар бойынша еңбекақы төлеудің жеке табыс салығы салынатын барлық түрлері кіреді.

Уақытша еңбекке қабілетсіздік және жүктілік пен босануға байланысты демалыс кезеңі үшін төленген жәрдемақы есептеледі. Кәсіпкерлік қызметтен алынатын кірістер, сондай-ақ авторлық қаламақы жоғалтылған табыстың құрамына кіреді, бұл орайда кәсіпкерлік қызметтен алынатын кіріс салық органы деректерінің негізінде енгізіледі.

Табыстың (кірістің) барлық түрлері салықтар ұсталғанға дейін есептелген сомаларда ескеріледі. Бір жолғы сипаттағы төлемдер (пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақылар, жұмыстан босатылған кездегі шығу жәрдемақысы және т.б.) есептелмейді.

Орташа айлық табыс (кіріс) денсаулыққа зақым келтірудің не еңбек қабілетін жоғалту басталардың алдындағы жұмыстың он екі айындағы табыстың (кірістің) жалпы сомасын он екіге бөлу жолымен есептеледі. Зиян келтірілген кезде жәбірленуші он екі айдан аз уақыт жұмыс істеген жағдайда орташа айлық табыс (кіріс) денсаулыққа зақым келтірудің алдындағы нақты жұмыс істелген айларда тапқан табыстың (кірістің) жалпы сомасын осы айлардың санына бөлу жолымен есептеледі. Денсаулықтың зақымдануына байланысты өтелетін зиянның мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.

Кәмелетке толмаған адамның денсаулығы зақымданған кезде зиянды өтеу мөлшері де он айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс.

27.4 Моральдық зиянды өтеу

Моральдық зиян – жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемсітілуі немесе олардан айырылуы, соның ішінде жәбірленушінің өзіне қарсы құқық бұзушылықтың жасалуы салдарынан басынан кешірген (төзімін тауысқан, уайымға салған) жан азабы немесе тән азабы (қорлау, ызаландыру, қысым жасау, ашуландару, ұялту, түңілту, тән қиналуы, залал шегу), қолайсыз жағдайда қалу және т.б.). Моральдық зиян ақшалай нысанда өтеледі.

Тапсырмалар:

  1.  Зиян мен залал бір ұғым ба, әлде айырмашылықтары бар ма?
  2.  Шарттық және шарттан тыс туындайтын міндеттемелер арақатынасы мен айырмашылқтары қандай?
  3.  Кінәсіз жауапкершілік дегенді қалай түсінесіз, ол мүмкін бе?

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер тізімі:

Сот тәжірибесінде жеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың ар-намысы мен абыройын және іскерлік беделдігін қорғау жөніндегі заңдылықты қолдану туралы ҚР Жоғарғы Сотының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысы (Пленумның 1998 жылғы 15 мамырындағы № 5 қаулысымен және 2004 жылғы 18 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысымен өзгертулер енгізілген).

Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысы (2003 жылғы 20 наурыздағы № 3 нормативтік қаулысымен өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).

Басин Ю.Г. Вина как условие ответственности за нарушение обязательства. ГК РК – толкование и комментирование. Выпуск № 2, Алматы, 1997

Базарбаев Б.Б. Возмещение морального вреда по законодателству Республики Казахстан. Гражданское законодательство Выпуск № 15, Алматы, 2004

Белякова А.М. Гражданско-правовая ответственность за причинение вреда. М., 1986

28 – тарау. Негізсіз баю салдарынан туындайтын міндеттемелер (ҚР АК-ның 953 – 960 баптары) 

28.1 Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме ұғымы, түрлері

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме дегеніміз – заңдармен немесе мәмілемен белгіленген негіздерсіз мүлікті басқа тұлғаның (жәбірленушінің) есебінен иеленіп алған немесе жинаған тұлға (сатып алушы) заңнамада қарастырылған жағдайлардан басқа ретте, негізсіз иеленіп алынған немесе жинақталған мүлікті алдыңғысына қайтаруға міндеттенуі жөніндегі міндеттеме (құқықтық қатынас).

Негізсіз баюдан туындайтын міндеттеме түрлері:

жарамсыз мәміле бойынша орындалғандарды қайтару туралы;

меншік иесінің мүлікті біреудің заңсыз иеленуінен талап етуі;

міндеттемедегі бір тараптың екіншісіне осы міндеттемеге байланысты орындалғандарды қайтару туралы;

зиянды, оның ішінде байыған тұлғаның теріс пиғылынан келтірілген өтем туралы талаптарға да қолданылуға тиіс.

Мүлікті иеленушінің негізсіз байлығын құрайтын мүлік жәбірленушіге заттай қайтарылуға тиіс.

Мүлікті иеленуші баюының негізсіздігі туралы ол білгеннен немесе білуге тиісті болғаннан кейін болған, оның ішінде негізсіз иеленілген немесе жинақталған қандай болса да мүліктің кездейсоқ кем шыққаны немесе бүлінгені үшін жәбірленушінің алдында жауап береді. Бұған дейін ал тек жасырын ниеті мен өрескел абайсыздығы үшін ғана жауап береді.

Негізсіз алынған немес жинақталған мүлікті заттай қайтарып беру мүмкін болмаған жағдайда мүлікті иеленуші жәбірленушіге осы мүліктің оны алған кездегі нақты құнын өтеуі, сондай-ақ егер мүлікті иеленуші оның құнын баюдың негізсіздігі туралы білгеннен кейін дереу өтемесе, мүлік құнының кейінгі өзгеруі арқылы келтірілген шығындарды өтеуге тиіс.

Басқаның мүлкін не басқаның қызмет көрсетулерін негізсіз уақытша пайдаланған (оны иелену ниетінсіз) тұлға жәберленушіге пайдалану тоқтатылған кездегі және оның болған жеріндегі бағамен осындай пайдалану салдарынан жинақтағанын өтеуге тиіс.

Талаптарын беру арқылы немесе өзіне өзге де түрде тиесілі құқығын жоқ немесе жарамсыз міндеттеме негізінде басқа тұлғаға берген тұлға өзінің бұрынғы жағдайын қалпына келтіруді, оның ішінде берілген құқықты куәландыратын құжаттардың өзіне қайтарылуын талап етуге құқылы.

Мүлікті негізсіз алған немесе жинақтаған тұлға мұндай

баюдың негізсіздігі туралы білген немесе білуге тиісті болған уақыттан бастап осы мүліктен өзі алған немесе алуға тиісті болған барлық кірістерді жәбірленушіге қайтаруға немесе өтеуге міндетті.

Негізсіз ақшалай баюдың сомасына ақшаны иемденушіге ақша алудың немесе жинақтаудың негізсіздігі туралы білген немесе білуге тиісті болған уақыттан бастап бөгде ақшаны пайдаланғаны үшін тұрақсыздық айыбы есептелуге тиіс.

28.2 Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық

Негізсіз байлық ретінде:

1) егер міндеттемеде өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындау үшін оны орындау мерзімі басталғанға дейін берілген мүлік;

2) талап ету мерзімі өткеннен кейін міндеттемені орындау үшін берілген мүлік;

3) азаматқа оның тарапынан теріс пиғыл болмаған жағдайда күнкөріске арналған қаражат ретінде (жалақы, авторлық сыйақы, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, зейнетақы, алименттер және т.б.) берілген және иемденуші пайдаланған ақша сомасы және өзге де мүлік;

4) егер иемденуші мүліктің қайтарылуын талап еткен тұлғаның міндеттеменің жоқтығы туралы білгендігін не мүлікті қайырымдылық мақсатында бергенін дәлелдесе, болмаған міндеттемені атқару үшін берілген ақша сомасы мен өзге мүлік қайтарылуға жатпайды.

Тапсырмалар:

  1.  Зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер мен негізсіз баюдан туындайтын міндеттемелердің айырмашылықтарын түсіндіріңіз.
  2.  Қайтарылуға жатпайтын негізсіз байлық дегенді қалай түсінесіз?

29 – тарау. Интеллектуалдық меншік құқығы (ҚР АК 961-970 баптары)

29.1 Интеллектуалдық меншік құқығы туралы жалпы ережелер

Интеллектуалдық меншік құқығының объектілеріне:

1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелері;

2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижелеріне:

ғылым, әдебиет және өнер туындылары (авторлық құқық);

эфирлік және кәбільдік хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары (сабақтас құқықтар);

өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер (патенттік құқық);

селекциялық жетістіктер;

интегралдық микротәсім топологиялары;

ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау);

ҚР азаматтық кодексінде немесе өзге де заң актілерінде көзделген реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтің басқа да нәтижелері жатады.

Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру құралдарына:

1) фирмалық атаулар;

2) тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері);

3) тауарлар шығарылатын жерлердің атаулары (шығатын жерін көрсету);

4) ҚР азаматтық кодексінде және заң актілерінде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетулердің басқа да дараландыру құралдары жатады.

Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық оларды құру фактісінің күшімен не заңнамада көзделген жағдайлар мен тәртіп бойынша уәкілетті органның құқықтық қорғауды беруі нәтижесінде туындайды.

Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерінің авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарға ие болады. Жеке мүліктік емес құқықтар, оның мүліктік құқығына қарамастан, авторға тиесілі болады және оның мүліктік құқығы басқа тұлғаның интеллектуалыдқ шығармашылық қызметінің нәтижелеріне ауысқан жағдайда өзінде сақталып қалады.

Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесінің авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) мүліктік емес құқыққа жатады және шығарманы (туындыны) жасаған адам оның авторы танылады.

Егер шығармашылық туынды екі немесе одан да көп адамның авторлығымен жасалса, олар тең (серіктес) авторлар болып танылады.

Интеллектуалдық меншік құқығының объектісін оның иесі өз қалауы бойынша кез келген зағнамамен тыйым салынбаған әдіспен пайдалануға құқылы.

Айрықша құқық объектісін басқа тұлғалардың пайдалануына тек құқық иесінің келісімімен ғана жол беріледі.

Тапсырмалар:

- Интеллектуалдық меншік құқығының объектісі бола алмайтын игіліктер мен құқықтарды атаңыз?

- Контрафактілі тауарларға түсінік беріңіз.

29.2 Авторлық құқық және сабақтас құқықтар (ҚР АК 971 – 990 баптары)

29.2.1Авторлық құқық ұғымы мен қағидалары.

Авторлық құқық – ғылым, әдебиет және өнер шығармаларын (туындыларын) құрумен (жасаумен) және пайдаланумен байланысты мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін азаматтық-құқықтық институт.

Авторлық құқықтың қағидалары:

шығармашылық еркіндік;

жеке және қоғамдық мүдделердің үндестігі; өзге тұлғалардың жеке қажеттіктерін қанағаттандыру үшін авторлық шығармаларды пайдалану мүмкіндігі;

авторлардың жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарын тану арқылы моральдық және материалдық қолдау;

авторлардың құқықтарын қорғау.

Авторлық құқықтың объектілері ретінде ғылым, әдебиет және өнер шығармалары (туындылары) табылады. Олар шығармашылық, яғни интеллектуалдық қызметтің нәтижесі болып табылады, жаңа (түпнұсқалық) шығарманы жасауға бағытталған, сонымен қатар, объективтік нысанға ие, яғни автордың қатысуынсыз көрініс таба алады (қолжазба т.б.).

Авторлық құқық халыққа жеткізілген (жарияланған, жарыққа шыққан, басылым көрген, жария орындалған, жария көрсетілген) және белгілі бір объективтік нысанда бар халыққа жеткізілмеген шығармаларға да қолданылады. Объективтік нысан ретінде:

жазбаша (қолжазба, компьютерлік, машиналық теру, нота жазбасы және т.б.);

ауызша (жария айту, жария орындау және т.б.);

Дыбыс және видеожазбалар (механикалық, сандық, магниттік және т.б.);

қол өнер туындылары (сурет, нобай, картина, жоспар, сызба, кино-, теле-, видео- немесе фотокадрлар және т.б.);

көлемді – кеңістікті насында (мүсін, модель, макет, ғимарат және т.б.);

өзге де нысандарда болуы мүмкін.

Авторлық құқық өзіндік идеяларға, тұжырымдамаларға, қағидаларға, әдістерге, жүйелерге, процесстерге, ашылымдарға, фактілерге қолданылмайды.

29.2.2 Авторлық құқықтың объектілерінің түрлері (ҚР АК 972 бабы):

әдеби туындылар (көркем-әдеби, ғылыми, оқу, жариялымдық және т.б.);

драмалық және музыкалық-драмалық туындылар;

сценарийлік туындылар;

хореография және пантомима туындылары;

мәтінді және мәтінсіз музыкалық туындылар;

аудио-бейне туындалар (кино-, теле- видеофильмдер, диафильмдер және өзге де кино-, телетуындылар), радиошығармалары;

кескіндеме, мүсін, графика туындылары мен басқа да бейнелеу өнерінің туындылары;

қолданбалы өнер туындылары;

сәулет, қала құрылысы және бау-саябақ өнері туындылары;

фотосурет туындылары және фотосуретке ұқсас әдістермен алынған туындылар;

географияға, топографияға және басқа ғылымдарға қатысты карталар, жоспарлар, эскиздер, безендірмелер мен үш өлшемді туындылар;

ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;

өзге де туындылар.

Авторлық құқық объектілеріне, сондай-ақ:

1) туынды шығармалар (аудармалар, өңдеулер, аннотациялар, рефераттар, түйіндеулер, шолулар, инсценировкалар, музыкалық аранжировкалар және ғылым, әдебиет пен өнер туындыларының басқа да қайта өңделімдері);

2) жинақтар (энциклопедиялар, антологиялар, деректер базалары)

29.2.3 Авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтындар (ҚР АК 974 бабы):

ресми құжаттар (заңдар, сот шешімдері, заң шығару, әкімшілік, сот және дипломатиялық сипаттағы өзге де мәтіндер), сондай-ақ олардың ресми аудармалары;

мемлекеттік рәміздер мен белгілер (жалаулар, елтаңбалар, ордендер, ақша белгілері және өзге де мемлекеттік рәміздер мен белгілер);

халық шығармашылығының туындылары;

ақпараттық сипаттағы оқиғалар мен фактілер туралы хабарлар.

29.2.4 Авторлық құқықтың субъектілері:

- авторлар, яғни туындыларды шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлғалар;

- шетел азаматы, егер оның шығармасы Қазақстан Республикасы аумағында жарыққа шыққан немесе ел шеңберінде қандай да бір объективтік нысанда болса, авторылық құқықтың субъектісі ретінде танылады. Өзге жағдайларда Қазақстан Республикасының арнайы халықаралық келісімдері негізінде ғана шетел азаматы қазақстандық құқық бойынша автор ретінде танылады.

- кейбір жағдайларда авторлық құқықтың өзге де субъектілері болуы мүмкін. Олар шығарманы (туындыны) жасауда тікелей қатыспайды. Мысалы, мұрагерлер, мемлекет, нақты заңды тұлғалар. Оларға шарт арқылы немесе мұрагерлік тәртібімен шығармаларды (туындыларды) пайдалануға қатысты белгілі бір құқықтар (шығарманы жариялау, тарату с.с. құқықтары) ауысады, дегенмен автор ретінде шығармашылық еңбегімен шығарманы (туындыны) жасаған тұлға танылады.

Бірлескен (серіктес, тең) авторлық – шығарманы екі немесе одан көп тұлғаның біріккен еңбегімен жасау.

Бірлескен (серіктес, тең) авторлық белгілері:

▪ бірлескен шығармашылық еңбек;

▪ ортақ шығарманы жасау (құру);

▪ шығармаға авторлық құқықтың серіктес авторларға тиесілі болуы.

Егер, жасалған шығарма (туынды) бүтін бөлінбейтін болса, онда бұл бөлінбейтін біріккен (серіктес) авторлық, деп аталады.

Егер, ортақ шығарма (туынды) бөлімдерден тұратын және әр бөлімнің дербес маңызы мен қолданымы болса, онда бұл бөлінетін біріккен (серіктес) авторлық. Мысалы, өлеңнің сөзін бір ақын, ал әнін басқа бір сазгер жазған. Бұл жағдайда, егер олардың арасындағы келісіммен өзгеше көзделмесе, әр автор шығарманың өзіне тиесілі (яғни өзі жасаған) бөлігін өз қалауынша пайдалануға (қолдануға) құқылы.

Туынды шығармаларға (аудармалар, өңдеулер, жинақтар және с.с.) авторлық құқық субъектілері ретінде оларды шығармашылық еңбегімен жасаған адамдар (аудармашылар, жинақтарды құрастырушылар) табылады. Авторлық құқықтың объектілері болып табылатын шығармалардың аудармаларын, жинақтарын пайдалану үшін (аудару, жинақтау т.б. үшін) авторлардың келісімі қажет.

29.2.5 Сабақтас құқықтардың объектілері. Сабақтас құқықтар:

▪ қойылымдарға;

▪ орындаушылыққа;

▪ фонограммаларға;

▪ эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдардың хабарларына, олардың мақсатына, мазмұны мен маңызына, сондай-ақ олардың көрсетілу әдістері мен нысандарына қарамастан қолданылады.

Сабақтас құқықтардың субъектілері ретінде орындаушылар, фонограмма жасаушылар мен эфирлік және кабельдік хабар таратушы ұйымдары табылады.

29.2.6 Авторлардың құқықтары және қорғау. Авторлардың мүліктік емес жеке құқықтары:

▪ туынды (шығарма) авторы ретінде танылу және оны пайдалану кезінде осы туындыға басқа тұлғалардың авторлығын тануды болғызбайтын нақ осындай тануды талап ету құқығы (авторлық құқық);

▪ туындыны (шығарманы) өз атынан, бүркеншек атпен немесе жасырын атпен пайдалану құқығы (автор есіміне құқық);

▪ өз туындысына (шығармасына) өзгерістер мен толықтырулар енгізуге және оның атауын қоса алғанда, туынды жарық көргенде, көпшілік алдында орындалғанда немесе өзге түрде пайдаланылғанда автордың келісімінсіз кімнің болса да өзгерістер мен толықтырулар енгізуінен туындыны қорғау құқығы (туындыға қол сұқпаушылық құқығы). Автордың келісімінсіз оның туындысын шығарғанда безендірулер, алғысөздер, соңғысөздер, түсініктемелер немесе қандай да болсын түсіндірмелер беруге тыйым салынады. Автор қайтыс болғаннан кейін оның туындысын қол сұғушылықтан қорғауды өсиетте көрсетілген тұлға, ал мұндай нұсқау болмаған жағдайда – автордың мұрагерлері, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес авторлық құқықтарды қорғау жүктелген тұлғалар жүзеге асырады;

▪ белгісіз тұлғалар тобының туындыны ашуға рұқсат құқығы (халыққа жария ету құқығы).

Авторлық, автордың есімі және туындыға қол сұқпаушылық мерзімсіз қорғалады.

Автордың мүліктік құқықтары – туындыны (шығарманы) айрықша пайдалануға құқықтары:

- туындыны қайта жаңғырту құқығы;

- тарату құқығы;

- көпшілікке көрсету құқығы;

- көпшілік алдында орындау құқығы;

- көпшілікке хабарлау құқығы;

- эфирде хабарлау құқығы;

- аудару құқығы;

- өңдеу құқығы;

- қала құрылысы, сәулет, безендіру жобасын іс жүзіне асыру құқығы;

Туынды (шығарма) авторы заң актілеріне қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат етуге немесе тыйым салуға құқылы.

Туындыға авторлық құқық оның жариялануына қарамастан туындыны үшінші тұлғалардың қабылдауына қолайлы объективті нысан берілген кезден бастап қолданыла бастайды. Ауызша туындыға авторлық құқық оны үшінші тұлғаға хабарлаған кезден бастап қолданылады.

29.2.7 Авторлық құқық мерзімі. Авторлық құқық автордың бүкіл өмірі бойына және ол қайтыс болғаннан кейін, автор қайтыс болғаннан кейінгі келесі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде, жетпіс жыл бойы күшінде болады.

Бірлесіп шығарылған туындыға авторлық құқық серіктес авторлардың бүкіл өмірі бойына және басқа да серіктес авторлардың ең соңғысы қайтыс болғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшінде болады.

Бүркеншік атпен немесе жасырын атпен алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде, жетпіс жыл бойы күшінде болады. Егер көрсетілген мерзім ішінде жасырын немес бүркеншек ат ашылса, авторлық құқық автордың бүкіл өмірі бойына және ол қайтыс болғаннан кейін, автор қайтыс болғаннан кейінгі келесі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде, жетпіс жыл бойы күшінде болады.

Автор қайтыс болғанан кейінгі жетпіс жыл ішінде авторлық құқық автордың мұрагерлеріне тиесілі болады және мұрагерлік бойынша ауысады., автормен, оның мұрагерлерімен және одан кейінгі құқықтық мирасқорларымен шарт бойынша құқық алған құқықтық мирасқорларына тиесілі болады.

Автор қайтыс болғаннан кейін отыз жылдың ішінде алғаш рет жарыққа шыққан туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейінгі жетпіс жыл бойы күшінде болады.

Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзімі біткеннен кейін ол қоғамның игілігіне айналады.

Қоғамның игілігі болып табылатын туындыларды кез келген тұлға авторлық сыйақы төлеместен еркін пайдалана алады. Дегенмен, авторлық құқық, автор есіміне құқық және туындыға қол сұқпаушылық құқығы сақталуға тиіс.

Орындаушыға қатысты сабақтас құқықтар алғаш рет орындалғаннан кейін немесе қойылғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшінде болады. Орындаушының аты-жөніне және орындауды немесе қойылымды бұрмалаудан қорғауға құқықтары мерзімсіз қолданылады.

Фонограмма шығарушыға қатысты сабақтас құқықтар фонограмма алғаш рет жарияланғаннан кейін жетпіс жыл бойы не, фонограмма бұл мерзім ішінде жарияланбаса, ол алғаш рет жазылғаннан кейін жетпіс бойы күшінде болады.эфирлік хабар тарату ұйымына қатысты сабақтас құқықтар мұндай ұйым эфирге алғаш рет хабар беруді жүзеге асырғаннан кейін жетпіс жыл бойы күшінде болады.

29.2.8 Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау

Авторлық және сабақтас құқықтардың бұзылғаны үшін қолданыстағы заңнамамыз бойынша азаматтық, әкімшілік жауаптылықтар қарастырылған. Мысалы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 30 маусым 1996 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 49 бабында аавторлық және сабақтас құқықтарды қорғау ерекшеліктері қарастырылса, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 30 қаңтар 2011 жылғы Қазақстан Республикасы Кодексінің 129 бабына сай әкімшілік жаза (айыппұл) көзделген.

Туындының және фонограмма даналары даярлау немес тарату авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың бұзылуына (яғни, автордың келісімінсіз, оның еркінен тыс) әкеліп соқтыратын болса контрафактілі деп аталады.

Авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау тәсілдері:

▪ құқықтарды тану;

▪ құқық бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру және құқықты бұзатын әрекеттерді тоқтату;

▪ алынбаған пайданы қоса алғанда, шығындарды өтеу;

▪ авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу арқылы алынған кірісті, шығынның орнына, өндіріп алу;

▪ шығын өтеудің немесе кірісті өндіріп алудың орнына жиырмадан елу мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақы төлеттіру;

▪ ЭЕМ немесе деректер базасын бұзғаны үшін бес жүзден елу мың айлық есептік көрсеткішке дейін ақы өндіріп алу;

▪ туындының немесе фонограмманың даналарын авторлық немесе сабақтас құқықтардың иесіне беру немесе тәркілеу және жою;

▪ заң актілерімен қарастырылған өзге де шаралар.

Тапсырмалар:

  1.  Заңды тұлғаның туынды (шығарма) авторы ретінде танылуы мүмкін бе?
  2.  Авторлық құқық объектілері болып қандай салалар табылады?
  3.  Халық шығармашылығы туындылары дегенді қалай түсінесіз?
  4.  Сабақтас құқықтар атауы қайдан пайда болды және оның объектілері қандай?

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиет:

1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы 10.06.1996 жылғы ҚР заңы

2. Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности, Алматы, 1999

3. Чигир В.Ф. (автор текста и составитель Попов И.В.) Авторское право и смежные права. Минск, 1999

29.3. Патенттік құқық (ҚР АК 991-1005 баптары)

29.3.1 Патенттік құқық ұғымы, объектілері, субъектілері

Патенттік құқық – өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге авторлықты тануға байланысты туындайтын жеке мүліктік емес және мүліктік қатынастарды реттейтін, олардың пайдалану және қорғау режимін бекітетін, авторлар мен патент иемденушілердің құқықтарын қорғайтын азаматтық құқықтың институты.

Өнертабыстар, пайдалы модельдер және өнеркәсіптік үлгілер авторлық құқықтың объектілеріне қарағанда қайталануы және бір мезгілде бірнеше адам тарапынан жасалуы (құрылуы) мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, патенттік құқықтың белгілерін анықтау қажеттігі туындайды.

Патенттік құқықтың объектілері ретінде құқықтық қорғау берілетін өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер табылады.

Жаңа, өнертапқыштық деңгейі бар және өнеркәсіпте қолдануға болатын техникалық шешім құқықтық қорғау берілетін өнертабыс болып танылады.

Пайдалы модель – жаңа және өнеркәсіпте қолдануға болатын өндіріс құралдары мен тұтыну заттарын конструкторлық орындау құқықтық қорғау берілетін пайдалы модель болып танылады.

Бұйымның сыртқы түрін белгілейтін, жаңа, түпнұсқалық және өнеркәсіпте қолдануға болатын көркемдік-конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып танылады.

Өнертабыс объектілері:

- құрал-жабдықтар (өнімдер, конструкциялар: машиналар, приборлар, механизмдер, құралғылар);

- әдістер;

- зат (вещество);

- микроорганизмдер, штаммалар;

- жаңа бағыт бойынша танымал құралды, әдісті қолдану.

Патентке қабілетті болып табылмайтындар:

- ғылыми теориялар мен математикалық әдістер;

- шартты белгілер, тәсімдер;

- шаруашылықты ұйымдастыру әдістері мен оны басқару;

- ЭЕМ үшін бағдарламалар мен алгоритмдер;

- ғимараттар мен аумақтардың жобалары мен тәсімдері және т.б.

Өнертабыстың, пайдалы модельдің және өнеркәсіптік үлгінің авторлары ретінде олардың объектілерін шығармашылық еңбегімен жасаған жеке тұлғалар табылады.

Егер өнеркәсіптік меншік объектісін жасауға бірнеше тұлға қатысқан болса, олардың барлығы да біріккен (серіктес) авторлар ретінде танылады. Құқықтарды пайдалану олардың арасындағы келісіммен анықталады.

Патенттік құқықтың субъектілері болып авторлар, патент иемденушілер, мемлекет танылуы мүмкін.

Өнеркәсіптік меншіктің объектілерін жасауда өздерінің шығармашылық еңбегімен қатыспаған, бірақ техникалық, ұйымдастырушылық немесе материалдық көмек көрсеткен тұлғалар автор ретінде танылмайды.

29.3.2 Өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгіге құқықтарды рәсімдеу

Патент дегеніміз –өнертабыс, пайдалы модель немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға басымдылықты (уақыт бойынша алғашқылықты) және оны иемденушінің айрықша құқығын, авторлығын куәландыратын патенттік орган (ілгеріде – патент органы, патенттік орган, Қазпатент терминдері заңнамаға сай қолданылады) берген қорғау құжаты.

Өнертабысқа құқық инновациялық патентпен немесе патентпен, ал пайдалы модель мен өнеркәсiптiк үлгiге - патентпен қорғалады.

Өнертабысқа инновациялық патент өнертабысқа инновациялық патент беруге өтiнiмге сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi. Пайдалы модельге патент пайдалы модельге патент беруге өтiнiмге жүргiзiлген сараптаманың нәтижесi бойынша берiледi.
      Өнертабысқа және өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiмге ресми сараптама және мәнi бойынша сараптама жүргiзiлгеннен кейiн берiледi.
      Инновациялық патент пен патент өнеркәсiптiк меншiк объектiсiне басымдықты, авторлықты және ерекше құқықты куәландырады. Инновациялық патент өтiнiм берушiге дүниежүзiлiк жаңалыққа және өнертабыстық деңгейге қатысты тәуекелiмен және жауапкершiлiгiмен берiледi.

Өнертабысқа инновациялық патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол екi жылдан аспауы керек.

Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды.

Заңдарға сәйкес пайдаланылуы үшiн құзыреттi органның рұқсаты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.

Пайдалы модельге патент өтiнiм берiлген күннен бастап бес жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол үш жылдан аспауы керек.

Өнеркәсiптiк үлгiге патент өтiнiм берiлген күннен бастап он жыл бойы күшiн сақтайды, патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек Арыз беруші бас тарту туралы патенттік органның шешімін алған күннен бастап екі ай ішінде апелляциялық кеңеске шағымдануға құқылы. Апелляциялық кеңестің шешімі соңғы шешім болып табылады.

Патент алу туралы арызда болуы қажет мәліметтер:

- өнертабыс авторы мен патент иемденушінің аты-жөні мен тұрғылықты мекен-жайы;

- өнертабысты толық және жеткілікті жүзеге асыру үшін қажетті оның түсінігі;

- өнертабыс мәнін толықтай түсіндіретін және ашатын формула;

- өнертабыс мәнін түсіндіруге қажетті өзге де сызбалар мен материалдар;

- реферат;

- мемлекеттік баждың төленгенін растайтын немесе оны төлейден босататын құжат.

Патент алу үшін он екі ай ішінде негізі бойынша сараптама жүргізіледі.

Патент органының Патент беру жөніндегі шешімі оның ресми бюллетенінде алты ай ішінде жариялануы тиіс. Онда автордың, патент иемденушінің аты-жөні, өнертабыстың, пайдалы модельдің атауы мен формуласы, өнеркәсіптік үлгінің негізгі белгілері т.б. көрсетіледі.

Өнеркәсіптік үлгіге берілетін патент Патент органына арыз берілген күннен бастап он жыл ішінде әрекет етеді және патент иемденушінің арызы бойынша тағы да бес жыл мерзімге ұзартуға болады.

Пайдалы модельге берілетін патент Патент органына арыз берілген күннен бастап бес жыл мерзімге жарамды және патент иемденушінің арызы бойынша үш жыл мерзімге ұзартуға болады.

Тапсырмалар:

  1.  Патенттік құқықтың объектілерін атаңыз және олардың авторлық құқық объектілерінен айырмашылықтары неде?
  2.  Патент иеленуші ретінде кім бола алады және оған түсінік беріңіз.
  3.  Патент пен алдын ала патент айырмашылықтарын түсіндіріңіз.

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер:

  1.  Қазақстан Республикасының 16 шілде 1999 жылғы Патент заңы.
  2.  Сергеев А.П. Патентное право. М., 1994
  3.  Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности. Алматы, 2003
  4.  Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности. Алматы. 1999

29.4 Селекциялық жетістіктерге құқық (ҚР АК 1006-1012 баптары)

29.4.1 Селекциялық жетістіктердің түсінігі мен оларға қойылатын талаптар

Өсімдік шаруашылығында жасанды жолмен немесе сұрыптау жолымен алынған және оны қолда бар өсімдіктер сорттарынан ерекшелендіретін бір немесе бірнеше шаруашылық белгілері бар өсімдік сорты селекциялық жетістік деп танылады.

Мал шаруашылығында адам жасап шығарған және оны осы түрдегі жануарлардың өзге тұқымдарынан айыруға мүмкіндік беретін генеологиялық құрылымы мен қасиеті бар және бір тұқым ретінде көбейту үшін сан жағынан жеткілікті тұқым, яғни шығу тегі ортақ жануарлардың саны көп тұтас тобы селекциялық жетістік деп танылады.

Өсімдіктердің жаңа сортттарына және жануарлардың жаңа тұқымдарына құқық (селекциялық жетістіктер) патент берілген жағдайда қорғалады. Патент арқылы патент иесінің селекциялық жетістіктерді, оның басымдылығын пайдалануына және селекционердің авторлығына айрықша құқықты куәландырады.

Жаңа, өзгеше, біркелкі және тұрақты селекциялық жетістікке ғана патент беріледі.

Егер, селекциялық жетістіктің тұқымын немесе өзге де материалды, сондай-ақ таңдап алынған сортты, олардың автор немесе құқық қабылдаушысы Қазпатентке өтінім бергенге дейін өзге тұлғаларға сатпаған болса, жаңа деп танылады. Егер тұқым Қазпатентке өтінім бергенге дейін Қазақстан аумағында бір жыл ішінде, басқа мемлекеттер аумағында бір жылдық культура бойынша төрт жыл ішінде, ал көпжылдық культура бойынша алты жыл ішінде сатылмаған болса, жаңа деп танылады.

Сорт пен тұқым жалпыға танымал өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарынан өзгеше болуы тиіс. Жалпыға танымалдық сорт немесе тұқымды ресми тіркелімге енгізу, сондай-ақ пайдалану, жариялау арқылы анықталады. Сорт немесе тұқымның өзгешелік белгілері қалпына келтірілетіндей (алғашқы қалпына келетіндей) және нақты түсіндірілетіндей болуы тиіс.

Егер өсімдік сорты немесе жануар тұқымының будандастыру нәтижесіндегі селекциялық белгілері бірдей болып шықса, біркелкі деп танылады.

Егер әр сорт немесе тұқым будандастыру нәтижесінде негізгі белгілері бойынша өзгерместен қалып отырса, тұрақты деп танылады.

Селекциялық жетістікке патент алу үшін Қазпатентке өтінім беріледі. Өтінімді автордың өзі немесе оның құқық қабылдаушысы бере алады. Егер, селекциялық жетістік қызметтік тапсырма немесе еңбек шарттарына сай жасалған болса, онда Қазпатентке өтінімді жұмыс беруші бере алады.

Селекциялық жетістікке бірнеше тұлға қол жеткізген болса, Қазпатентке өтінімді олардың барлығы немесе сенімхат негізінде әрекет ететін ортақ өкіл арқылы береді.

Өсімдіктің жаңа сортына немесе жануардың жаңа тұқымына патент алу үшін өтінім сорт пен тұқымның әрқайсысына рәсімделеді және мына құжаттар болуы қажет:

- патент алу жөніндегі өтінім;

- селекциялық жетістік анкетасы;

- істі сенім білдірілген өкіл жүргізетін болса сенімхат;

- мемлеекттік баждың төленгенін растайтын құжат.

Өтінімді мемлекеттік немесе орыс тілінде беруге болады.

Селекциялық жетістіктің атауы оған ұқсас, қысқа және қолданымдағы ботаникалық және зоологиялық селекциялық жетістіктерден өзгеше болуы тиіс. Селекциялық жетістіктің атауы тек қана сандардан тұрмауы қажет, сондай-ақ шығу тегіне, пәніне, селекционердің тұлғасына қатысты шатастырмауы, сонымен қатар, мораль және адамгершілік қағидаттарына қайшы келмеуі тиіс.

Селекциялық жетістікке патент беру үшін жүргізілетін алдын ала сараптаманың мерзімі екі ай. Осы мерзім ішінде қажетті құжаттардың болуы тексеріледі. Мақұлданған жағдайда өтінімнің көшірмесі мен селекциялық жетістіктің анкетасы мемлекеттік комиссияға жіберіледі. Егер алдын ала сараптама нәтижесінде өтінім талаптарға сай келмейтін болса, оны қараудан бас тарту жөнінде шешім шығарылады. Өтінім беруші екі ай ішінде мұндай шешімді шағым кеңесіне шағымдана алады. Шағым кеңесінің шешімін де алты ай ішінде сотқа шағымдануға болады.

Патент алғанға дейін селекциялық жетістікке уақытша құқықтық қорғау беріледі. Осы уақыт ішінде селекционер жаңа сорт пен жаңа тұқымды ғылыми мақсатта пайдалануға немесе олардың қорын қамтамасыз ету үшін сатуға құқылы.

Селекциялық жетістіктің авторы ретінде оны шығармашылық еңбегімен жасаған адам танылады. Селекциялық жетістікті бірнеше адам жасаған болса, олар тең (серіктес) авторлар болып танылады. Селекциялық жетістікке қатысты олардың құқықтары араларындағы келісімммен анықталады және оларға бір патент беріледі.

Селекциялық жетістіктің авторына ұйымдастырушылық, материалдық немесе техникалық көмек көрсеткен тұлғалар автор болып танылмайды.

Авторлық ажырамас жеке мүліктік емес құқық болып табылады және мерзімі шектеусіз (мерзімсіз) қорғалады. Авторлық Қазпатенттің селекциялық жетістік авторына берген авторлық куәлігімен расталады.

29.4.2 Селекциялық жетістіктер авторларының және пиемденушілердің құқықтары мен міндеттері.

Селекциялық жетістік авторының құқықтары:

автор өз есімін селекциялық жетістікке беруге құқылы;

автор патент иемденушіден авторлық сыйақы алуға құқылы. Сыйақының мөлшері селекциялық жетістікті пайдалана отырып патент иемденуші алатын жылдық кірістің бес пайызынан кем болмауы тиіс. Егер автор мен патент иемденуші арасында өзгеше қарастырылмаса, авторға сыйақы күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейінгі алты ай ішінде төленуі тиіс. Бірнеше авторға (серіктес авторларға) сыйақы төлеу олардың арасындағы келісіммен анықталады.

Патент иемденушінің құқықтары мен міндеттері:

селекциялық жетістікті пайдалануда айрықша құқықа ие;

селекциялық жетістікті өсіруге, өндіруге, көбейтуге, қайта шығаруға құқылы;

селекциялық жетістікті сату үшін ұсынуға және сатуға құқылы;

селекциялық жетістікті импорттауға және экспорттауға құқылы;

селекциялық жетістікті сақтауға құқылы;

өндірісте пайдаланылатын өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарын айналымға енгізуге міндетті;

өсімдіктердің сорттары мен жануарлардың тұқымдарын қойылатын талаптарға сай күтіп ұстауға міндетті;

патент күшінде болуы үшін оның құнын жыл сайын төлеп отыруға міндетті.

29.4.3 Патенттің қолданылу мерзімі. Өсімдіктердің жаңа сорттарына берілетін патенттің қолданылу мерзімі 25 жыл, жануарлардың жаңа тұқымдарына берілетін патенттің қолданылу мерзімі 30 жыл, жеміс пен жидектерге патенттің қолданылу мерзімі 35 жыл.

Патент иемденушінің өтінімі бойынша патенттің мерзімі Қазпатент тарапынан 10 жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

Тапсырмалар:

  1.  Селекциялық жетістіктер өсімдіктер мен жануарлардан басқа салада қолданылуы мүмкін бе?
  2.  Өсімдіктің жаңа сорты, жануардың жаңа тұқымы дегенді қалай түсінесіз?
  3.  Селекция негізде алынған өсімдіктің жаңа сорты немесе жануардың жаңа тұқымы жетістік екені қалай анықталады?

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер:

1. Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы 13 шілде 1999 жылғы ҚР заңы.

2. Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности. Алматы. 1999

29.5 Интегралды микротәсім топологиясына құқықтар. Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы (ҚР АК 1013-1019, 126, 966 баптары)

29.5.1 Интегралды микротәсім топологиясына құқықтардың түсінігі, белгісі, тіркеу

Топология (грек тіліндегі «тopos – орын, жер және «logos» - ғылым» дегенді білдіреді) дегеніміз – геометриялық фигуралардың жалпы қасиеттерін (фигуралардың кез келген тоқтаусыз қозғалыстарында өзгермейтін қасиеттер) зерттейтін математика тарауы.

Автордың шығармашылық қызметі нәтижесінде жасалып, материалдық көздерде көрсетілген интегралды микротәсімдер мен олардың арасындағы байланыстардың элементтері жиынтығының кеңістік-геометриялық орналасуы интегралды микротәсімның түпнұсқалық топологиясы деп танылады.

Құқықтық қорғау топологияда іске асуы мүмкін идеяларға, әдістерге, жүйелерге, технологияға немесе кодтандырылған ақпаратқа қолданылмайды.

Топологияның материалдық көзі (тасушысы) болып интегралды микротәсімнің кристалдары табылады, яғни жартылай өткізгіш пластина бөлігі, онда орналасқан жартылай өткізгіш микротәсімдер, элементаралық байланыстар және байланыстырушы алаңшалар.

Құқықтық қорғау берілетін топологияның жалғыз және негізгі белгісі болып түпнұсқалығы табылады. «Интеллектуалдық меншік туралы» 1989 жылғы Вашингтон келісіміне сай құқықтық қорғау түпнұсқалық топологияға ғана беріледі. Интегралды микротәсім топологиясының авторы немесе өзге де құқық иемденушісі өкілетті мемлекеттік органға өтінім беру арқылы топологияны тіркеуге құқылы. Топологияны алғашқы пайдаланған күннен бастап екі жылдан аспайтын мерзім ішінде өтінімді тіркеуге беруге болады. Тіркеудің мақсаты топологияның құқық иемденушісінің құқықтарын тану және қорғау бойынша жеңілдік жағдайларын жасау болып табылады. Топологияға немесе топологияны қамтитын өнімдерге құқықтық қорғауды жүзеге асыру мақсатында «Т» әрпі қойылып, дайындалған күні көрсетілуі мүмкін.

Интегралды микротәсім топологиясы құқықтарының субъектілері ретінде интегралды микротәсім топологиясын шығармашылық еңбегімен жасаған авторлар; авторлардың мұрагерлері; заң немесе шарт негізіндегі өзге де тұлғалар. Заңды тұлғалар автор емес, тек құқықты пайдаланушы бола алады. Заңнама немесе шартпен өзгеше көзделмесе, авторлар топологияны пайдалануда, таратуда, қолдануда және авторлық сыйақы алуда айрықша құқыққа ие.

29.5.2 Интегралды микротәсім топологиясына құқықтардың субъектілері, оларды қорғау. Құқық иемденуші азаматтық-құқықтық шарттар негізінде өзге тұлғаларға мүліктік құқықтарын толықтай немесе ішінара беруге құқылы. Мұндай шарттардың елеулі ережелері болып топологияны пайдалану көлемі мен әдістері; сыйақы мөлшері мен төлеу тәртібі; шарттың әрекет ету мерзімі табылады. Топологияны пайдалануға айрықша құқық топология тіркелген күннен бастап он жыл бойы күшінде болады. Топологияға құқықтарды қорғау тәсілдері құқықты тану; бұзылған құқықты қалпына келтіру; құқықты бұзатын әрекеттерге тыйым салу; келтірілген шығынды және алынбаған пайданы өтеу.

29.5.3 Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау

Талаптары бойынша техникалық, ұйымдық немесе коммерциялық ақпаратты, оның ішінде үшінші тұлғаларға белгісіз (ашылмаған ақпарат) өндірістік құпияларды (ноу-хау) заңды түрде иеленетін тұлғаның үшінші жаққа белгісіз болуына байланысты ақпараттың нақты немесе потенциалды коммерциялық құны болып, онымен заңды негізде еркін танысуға болмайтын және ақпаратты иеленуші оның құпиялылығын сақтауға шара қолданатын ретте, осы ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға құқығы бар.

Ашылмаған ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғау құқығы осы ақпаратқа қатысты қандай да болсын шарттылықты орындауға (оны тіркеу, куәлік алу және т.б.) қарамастан туындайды.

Ашылмаған ақпаратты қорғау туралы ережелер, заң актілеріне сәйкес қызметтік немесе коммерциялық құпия бола алмайтын мәліметтерге (заңды тұлғалар туралы мәліметтер, мүлікке құқықтар және олармен мәмілелер туралы мәліметтер, мемлекеттік статистикалық есеп беру ретінде ұсынылуға жататын мәліметтер және басқалары) қолданылмайды.

Ашылмаған ақпаратты заңсыз негізде алған немесе таратқан не оны пайдаланушы тұлға осы ақпаратқа заңды түрде иелік етушіге оны заңсыз пайдаланудан келтірілген залалдарды өтеуге міндетті.

Ашылмаған ақпаратқа заңды иелік етуші тұлға оны кім заңсыз пайдаланса, содан оның пайдаланылуын дереу тоқтатуды талап етуге құқылы. Алайда сот ашылмаған ақпаратты адал ниетті алушының оны пайдалануға жұмсаған қаражатын ескере отырып, оны айрықша тегін лицензия талаптарымен одан әрі пайдалануға рұқсат беруі мүмкін.

Ашылмаған ақпараттың мазмұнын құрайтын мәліметтерді өз бетінше және заңды түрде алған тұлға бұл мәліметтерді тиісті ашылмаған ақпарат иесінің құқықтарына қарамастан пайдалануға құқылы және мұндай пайдалану үшін оның алдында жауап бермейді.

Ашылмаған ақпаратқа иелік етуші тұлға осы ақапараттың мазмұнын құрайтын мәліметтердің бәрін немесе оның бір бөлігін лицензиялық шарт бойынша басқа тұлғаға бере алады.

Тапсырмалар:

  1.  Интегралды микротәсім топологиясына мысалдар келтіріңіз.
  2.  Ашылмаған ақпараттың белгілерін атаңызы.
  3.  Ашылмаған ақпаратты заңсыз иеленуден қорғау тәсілдерін түсіндіріңіз.

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер:

1. Интегралды микротәсім топологиясын құқықтық қорғау

туралы 29 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасының заңы.

2. Каудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности.

Алматы. 1999

30 – тарау. Азаматтық айналымға, тауарларға және қызмет көрсетулерге қатысушыларды дараландыру құралдары (ҚР АК 38, 1020-1037 баптары)

30.1 Фирмалық атауға құқықтың түсінігі, әрекет етуі және оны иеліктен алу.

Фирмалық атау дегеніміз – заңнамамен танылған және бекітілген тәртіпте тіркелген, азаматтық айналымға түсуге мүмкіндік беретін, заңды тұлғаны өзге ұқсас қатысушылардың айыратын (ерекшелендіретін) оның атауы.

Заңды тұлғаның ресми бланкілерінде, баспа басылымдарында, жарнамаларда, маңдайша жазуларда, анықтамалықтарда, шоттарда, тауарлар мен олардың қорабында және заңды тұлғаны даралауға қажетті өзге де жағдайларда фирмалық атауды пайдалануға айрықша құқығы бар.

Заңды тұлғаның фирмалық атауы оның жарғысын бекіткен кезде белгіленеді. Заңды тұлға белгілі бір фирмалық атаумен Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.

Тіркеліп қойған заңды тұлғаның фирмалық атауына ұқсас фирмалық атауды пайдалануға болмайды, өйткені мұның өзі тиісті заңды тұлғалардың ұқсап кетуіне, сондай-ақ олар шығаратын тауарлар мен көрсететін қызметтер жөнінде жаңылыстыруға әкеп соғуы мүмкін. Сол себептен де фирмалық атау заңды тұлғаның шынайы құқықтық жағдайын көрсетуі тиіс және азаматтық айналымның өзге қатысушыларын адастырмауы қажет, яғни заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны (мыс. АҚ, ЖШС немесе с.с.) мен қызмет түрлерін (өндірістік, ғылыми, сауда және т.б.) қамтуы керек.

Фирмалық атау жаңа және пайдаланудағы фирмалық атаулардан өзгеше болуы тиіс.

Заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны бар кезеңде фирмалық атау да сақталуы және (объективтік жағдайлардан басқа кездерде) өзгермеуі тиіс.

Фирмалық атау міндетті және қосымша бөліктерден құралуы мүмкін. Мысалы, міндетті бөлігі – ұйымдастыру-құқықтық нысаны (акционерлік қоғам /АҚ/, өндірістік кооператив /ӨК/, жауапкершілігі шектеулі серіктестік /ЖШС/ және т.б.) және қосымша бөлігі, мысалы: «Ақсай-нан» АҚ, «Шаруа» ӨК, «Кірпіш зауыты» ЖШС және т.б.

Фирмалық атау айрықша, абсолюттік және ажырамас болып табылады.

Фирмалық атау мерзімсіз.

Фирмалық атауға құқық заңды тұлға таратылған, заңнаманы бұзған, өзге тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзған жағдайда тоқтатылуы мүмкін.

Заңды тұлға қайта құрылған және кәсіпорын толықтай иеліктен шығарылған жағдайлардан басқа реттерде фирмалық атауға құқықты толықтай беруге және иеліктен шығаруға жол берілмейді.

Фирмалық атау құқығының иемденушісі өз фирмалық атуын өзге тұлғаның пайдалануына шарт негізінде (мысалы, кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты) рұқсат ете алады. Дегенмен, мұндай шарттарда тұтынушыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды жаңылыстырмауға бағытталған шаралардың болуы қажет.

30.2 Тауар белгісінің түсінігі мен қолданылуы.

Тіркелген не халықаралық шартқа орай тіркеусіз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдік белгілер немесе бір тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші тұлғаның біртектес тауарлары мен қызметтерінен ерекшелеу үшін қолданылатын басқа да белгілер тауар белгісі (қызмет көрсету белгісі) деп танылады.

Тауар белгісіне құқық куәлікпен куәландырылады.

Тауар белгісіне құқық иесінің өзіне тиесілі белгілерді қолдануға және билік етуге айрықша құқығы бар.

Тауар белгісін кез келген айналымға енгізу: дайындау, қолдану, әкелу, сақтау, сатуға ұсыну, тауар белгісін немесе осы белгімен белгіленген тауарды сату, маңдайшадағы жазуда, жарнамада, баспа өнімдерінде немесе өзге де іскерлік құжаттамада пайдалану – тауар белгісін пайдалану болып саналады.

Тауар белгісінің басымдығы, егер тауар белгілері туралы заң актілерінде өзгеше көзделмесе, патенттік органға (ұйымға) өтінім түскен күн бойынша белгіленеді.

Тауар белгісіне құқық өтінім тіркелген кезден бастап он жыл бойы күшінде болады. Бұл мерзімді тағы да он жыл мерзімге ұзартуға болады. Ұзарту шектеусіз сан мәрте жүргізілуі мүмкін.

Тауар белгісін дәлелсіз себептермен бес жыл бойы үздіксіз пайдаланбаған жағдайда кез келген мүдделі тұлғның талап етуі бойынша оның тіркелу күшінің жойылуы мүмкін.

Тауар белгісін пайдалануға лицензиялық шарт жасасу оны пайдалану болып есептеледі.

Құқық иесі куәлікте көрсетілген барлық тауарлар мен қызмет көрсетулер сыныптарына не олардың бір бөліктеріне қатысты тауар белгісіне құқығын шарт бойынша басқа тұлғаға беруі мүмкін.

Егер тауар белгісіне құқық тауарға немесе оны дайындаушыға қатысты жаңылыстарға себепкер болса, ол белгіге құқықты беруге жол берілмейді.

Тауар белгісіне құқықтың ауысуы, соның ішінде оның шарт бойынша немесе құқықтық мирасқорлық тәртібімен берілуі патенттік органда (ұйымда) тіркелуге тиіс.

Тауар белгісіне құқықтың қолданылуы тоқтатылған жағдайда лицензиялық шарттың қолданылуы тоқтатылады.

Тауар белгісіне құқықтың басқа тұлғаға ауысуы лицензиялық шарттың тоқтатылуына әкеп соқпайды.

Тауар белгісіне құқық беру туралы шарт немесе лицензиялық шарт жазбаша нысанда жасалып, патенттік органға тіркелуге тиіс. Жазбаша нысан мен тіркеу туралы талапты сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады.

Тауар белгісін заңсыз пайдаланушы тұлға тәртіп бұзуды тоқтатуға және тауар белгісінің иесіне келтірілген залалдарды өтеуге міндетті.

Тауар белгісін заңсыз пайдаланушы тұлға тауар белгісінің дайындылған бейнелерін жоюға, тауардан немесе оның қорабынан заңсыз пайдаланылған тауар белгісін немесе олармен араласу дәрежесіне дейін ұқсас белгілеуді алып тастауға міндетті. Егер бұл талаптарды орындауға мүмкіндік болмаған жағдайда тиісті тауар жойылуға тиіс.

30.3 Тауардың шығу жері атауының түсінігі, қолданылуы

Айрықша қасиет ерекшелігімен немесе негізінен географиялық объектіге тән табиғи жағдайлармен немесе өзге де факторлармен не табиғи жағдайлардың және сол факторлардың ұштасуымен айқындалатын тауарды белгілеу үшін пайдаланылатын елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа да географиялық объектінің атауы тауардың шыққан жерінің атауы деп танылады.

Тауар шығарылатын жердің атауы географиялық объектінің тарихи атауы болуы мүмкін.

Географиялық объектіні білдіретін немесе оның атауын беретін, бірақ Қазақстан Республикасында тауар әзірленген жерге байланыссыз белгілі бір тауар түрінің белгісі ретінде жаппай қолдануға еніп кеткен белгі тауар шығарылатын жердің атауы деп танылмайды және ол құқықтық қорғау мақсаты үшін тіркелуге жатпайды. Мысалы, Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысы құрамында Сарыағаш елді мекенінің атауымен «Сарығаш» минералды сусындары, Қарағанды облысының аумағында шығарылатын «Қарағанды кәмпиттері», «Қазақстан», «Медеу» атаулы темекі өнімдері және т.б.

Тауар шығарылатын жердің атауын тіркеуді патенттік орган жүзеге асырады. Тіркеудің негізінде тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығы туралы куәлік беріледі.

Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығын иеленуші тұлға осы атауды тауарға, оның қорабына, жарнамада, анықтамалықтарда, шоттарда орналастыруға және осы тауарды азаматтық айналымға енгізуге байланысты оны өзге де түрде пайдалануға құқылы.

Тауар шығарылатын жердің тіркелген атауына бара-бар немесе ұқсас географиялық белгілеуді ол алғаш тіркелген күнге дейін кемінде алты ай бұрын адал ниетпен пайдаланған тұлға патенттік орган белгілеген мерзім ішінде, бірақ аталған тіркеу күнінен бастап санағанда кемінде жеті жыл бойы одан әрі пайдалану құқығын сақтайды.

Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығын иеліктен алуға, оны беру туралы өзге де мәмілелерге және оны лицензия негізінде пайдалануға беруге жол берілмейді.

Құқықтық қорғау Қазақстан аумағында орналасқан тауарлар шығарылатын жердің атауларына беріледі. Басқа мемлекеттегі тауар шығарылатын жердің атауын құқықтық қорғау, егер осы атау тауар шығарылатын елде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген болса, Қазақстан Республикасына беріледі.

Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығына куәлік патенттік органға өтінім түскен күннен бастап есептегенде он жыл бойы қолданылады және шектеусіз он жыл мерзіммен ұзартылуы мүмкін.

Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығын иеленуші тұлға, сондай-ақ тұтынушылардың құықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар бұл атауды заңсыз пайдаланушыдан оны пайдалануды тоқтатуды, тауардан, оның қорабынан, бланкілерінен және басқа да құжаттамадан заңсыз пайдаланылған атауды алып тастауды, атаудың немесе олармен араласу дәрежесіне дейін ұқсас белгінің дайындалған бейнелерін жоюды, ал егер бұл мүмкін болмаса, тауарды және (немесе) оның қораптарын алып тастау мен жоюды талап ете алады.

Тауар шығарылатын жердің атауын пайдалану құқығын иеленуші тұлға осы құқықты бұзушыдан келтірілген залалдарды өтеуді талап етуге құқылы.

Тапсырмалар:

  1.  Бір облыс аумағында (әділет органында) тіркелген фирмалық атауды екінші бір заңды тұлға өзге облыс аумағында тіркеп, пайдалана ала ма?
  2.  Тауар белгісіне түсінік беріңіз.
  3.  Тауар шығарылатын жердің атауын кез келген тұлға пайдалануға құқылы ма?

Ұсынылатын нормативтік құқықтық актілер мен әдебиеттер:

Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу жерлерінің атаулары туралы 26 шілде 1999 жылғы ҚР заңы.

Қаудыров Т.Е. Право интеллектуальной собственности. Алматы, 1999.

31 – тарау. Мұрагерлік құқық (ҚР АК 1038-1083 баптары)

 

31.1 Мұрагерлік түсінігі, негіздері. Мұраның құрамы, ашылуы, ашылу орны

Мұрагерлік дегеніміз – қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкінің басқа тұлғаға (тұлғаларға) – мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы. Мұра қалдырушының мүлкі (сондай-ақ мүліктік құқықтары) әмбебап құқық мирасқорлығы (толықтай және біртұтас кейпінде) немесе нақты бір мүлік жеке құқық мирасқорлығы негізінде (сингулярлық мирасқорлық) тиісті мұрагерлерге ауысуы мүмкін. Әмбебап құқық мирасқорлығы заңды тұлғалар қайта құрылғанда, өсиет қалдырылмаған жағдайда заң бойынша мұрагерлікте және мұра қалдырушының өсиет бойынша да заң бойынша да мұрагерлері болмаған немесе лайықсыз мұрагерлер деп танылған жағдайларда (мұраның мемлекетке өтуі) қолданылады.

Мұрагерлік өсиет және (немесе) заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет қалдырылмаған болса немесе өсиетте бүкіл мұраның тағдыры айқындалмаса, заң бойынша мұрагерлік орын алады. Мысалы, мұра қалдырушы қайтыс болған кезде өзіне тиесілі (яғни меншігіндегі) мүлікке қатысты ешқандай ықтиярын (еркін) білдірмесе немесе өсиетте мүлкінің бір бөлігін мұрагерлерге қалдыру жөнінде көрсетіп, қалған мүлкіне байланысты ешқандай ерік білдірмеген болса, мүліктің тағдыры анықталмаған бөлігіне заң бойынша мұрагерлік қолданылады.

Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесілі мүлік, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен міндеттері кіреді. Ал мұра қалдырушының жеке басына тығыз байланысты құқықтары мен міндеттері мұраның құрамына кірмейді. Олардың қатарына егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға мүше болу құқығы; өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу құқығы; алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер; зейнетақы төлемдеріне құқы,ы; жәрдемақылар, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы басқа да төлемдер алу құқығы; мүліктік құқықтармен байланысы жоқ жеке мүліктік емес құқықтары жатады. Тек қана мұра қалдырушыға тиесілі болған мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игіліктерді мұрагерлердің жүзеге асыруы және қорғауы мүмкін.

Азаматтың қайтыс болуы немесе оны соттың өлді деп жариялауы мұраның ашылуна негіз болып табылады.

Мұраның ашылу уақыты ретінде мұра қалдырушының қайтыс болған күні немесе азаматты өлді деп жариялау туралы сот шешімінде көрсетілген күн немесе сот шешімінің күшіне енген күн саналады.

Егер бірінен кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса, олар бір мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысынан кейін мұрагерлік ашылады да олардың әрқайсысының мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады. Мысалы, мұра қалдырушының заң бойынша бірінші кезекте мұрагер бола алатын әкесі мен екінші кезекті мұрагерлікке шақырылуы мүмкін бірге туған інісі бір күнде автомобиль апатынан қайтыс болса, олардың әрқайсысының (яғни әкесі мен інісінің) мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады.

Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ал егер ол белгісіз болса – мүліктің немесе оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып табылады. Мұра қалдырушы өмірінің соңғы кезеңдерінде бірнеше жерде (елді мекендерде, соның ішінде Алматыда – үш ай, Астанада – үш ай, Атырауда – үш ай) тұрды делік, яғни соңғы тұрған жерін анықтау қиынға соғады. Бұл жағдайда оған тиесілі мүліктің басым бөлігі орналасқан елді мекенді анықтау қажет болады. Алматыда – үш бөлмелі пәтері, Астанада – төрт бөлмелі пәтері, Атырауда – бес бөлмелі пәтері болып өзге мүлкі болмаса, қай пәтер нарықтық бағасы бойынша қымбатырақ болса, сол елді мекен мұраның ашылу орны болуы қажет. Мұраның ашылу орнының іс жүзінде алар орны ерекше. Себебі, мұра қалдырушының мүліктері еліміздің аумағында орналасқан болса – жақсы, ал егер оның мүліктері әртүрлі мемлекеттерде орналасса, мұраның ашылу орнын анықтау мен оған мұрагерлерді шақыру, оларды сол елдерде орналастыру, нотариус, адвокат, аудармашы қызметтерін төлеу және т.б. сол сияқты сұрақтар туындауы мүмкін.

31.2 Мұрагерлер. Мұрадан лайықсыз мұрагерлерді шеттету

Мұра ашылған кезде тірі жүрген, сондай-ақ мұра қалдырушының тірі кезінде іште қалған және мұра ашылғаннан кейін (270 күн ішінде) тірі туған азаматтар өсиет және заң бойынша мұрагер бола алады. Мұра ашылғанға (яғни мұра қалдырушы қайтыс болғанға) дейін құрылған және мұраның ашылу уақытнда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ мемлекет өсиет бойынша мұрагерлер болуы мүмкін.

Мұра қалдырушыны немесе мүмкін болатын мұрагерлердің біреуін қасақана өлтірген немесе олардың өміріне қастандық жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ. Дегенмен, өміріне немесе денсаулығына қастандық жасаған мұрагердің пайдасына өсиет қалдырушы қайтадан мұра қалдыратын болса, мұндай адам мұрагер ретінде таныла алады.

Мұра қалдырушының соңғы еркін жүзеге асыруға қасақана кедергі жасаған және сол арқылы олардың өздерін немесе оларға жақын адамдарды мұрагерлікке шақыруға не мұраның оларға тиесіліүлесін көбейтуге ықпал жасаған адамдардың өсиет бойынша да, заң бойынша да мұра алуға құқығы жоқ.

Балаларына қатысты ата-аналық құқықтарынан айрылған және мұра ашылған кезде бұл құқықтарын қалпына келтірмеген ата-аналар балаларынан қалған мұраны, сондай-ақ мұра қалдырушыны күту жөніндегі өздеріне заң күшімен жүктелген міндеттерді орындаудан жалтарған ана-аналар (асырап алушылар) және кәмелетке толған (асырап алынған) балалары заң бойынша мұрагер бола алмайды.

Мұрагерлікке құқығы жоқ немесе мұрагерліктен шеттетілген адам (лайықсыз мұрагер) мұраның құрамынан негізсіз алған барлық мүлікті қайтаруға міндетті. Мұрагерлік мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде лайықсыз мұрагер оның нарықтық құнын өтеуге міндетті.

31.3 Өсиет бойынша мұрагерлік

Өсиет дегеніміз – азаматтың қайтыс болған жағдайда өзіне тиесілі мүлікке билік ету жөніндегі өз ықтиярын білдіруі.

Өсиетті жасау үшін өсиет қалдырушының толық әрекет қабілеттілігі болуы қажет.

Азамат өзіне тиесілі барлық мүлкін немесе оның бір бөлігін кез келген тұлғаға, соның ішінде заң бойынша мұрагерлер болып табылатын адамдарға да, сондай-ақ заңды тұлғаларға және мемлекетке өсиет етіп қалдыра алады.

Өсиет қалдырушы өсиетті өзі жасауға тиіс. Өсиетті өкіл арқылы жасауға жол берілмейді.

Мүлік өсиет қалдырушыға тиесілі (меншігінде) болғандықтан ол себебін түсіндірместен заң бойынша мұрагерлердің біреуін, бірнешеуін немесе барлығын мұрадан айыруға құқылы.

Мұра қалдырушы өсиетінің күшін кез келген уақытта жоюға және өзгертуге құқылы, себебін көрсетуге және түсіндіруге міндетті емес.

Өсиетте өсиет қалдырушы мұрагер етіп тағайындаған адамдарға, егер олар қайтыс болса өзі өсиет еткен мүлікті нақты адамдарға өсиет ету туралы міндеттер жүктеуге құқығы жоқ.

Өсиет қалдырушы мұрагердің мінез-құлқының сиапатына қатысты мұра алуды белгілі бір талаппен байланыстыруға құқылы. Дегенмен, мұра қалдырушының мұрагерге қойған заңға қайшы келетін талаптары, сондай-ақ орындалмайтын талаптары, мұрагердің талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

Өсиет оның жасалған жері мен уақыты көрсетіле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиіс. Өсиетке өсиет қалдырушының өзі қол қоюы қажет. Егер өсиет қалдырушы дене кемістіктеріне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзі қол қою алмайтын болса, оның өтініші бойынша оған нотариустың немесе өсиетті куәландырушы басқа адамның (нотариатта куәландырылған өсиетке теңестірілетін өсиеттер: емдеу мекемелерінің директорлары, бас дәрігерлері, кемелелердің капитандары, әскери бөлімдер, мекемелер және әскери оқу орындарының басшылары, бас бостандығынан айыру мекемелерінің бастықтары куәландырған өсиеттер) қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзі қол қою алмауының себебін көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкін.

Өсиет жасалған кезде куә бола алмайтындар және өсиет қалдырушының орнына қол қоя алмайтын адамдар: нотариус немесе өсиетті куәландыратын өзге адам; пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелері мен шөберелері, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлері; толық әрекет қабілеттілігін иеленбеген азаматтар; сауатсыз және өсиетті оқуға қабілетсіз басқа да адамдар; жалған жауап бергені үшін соттылығы бар адамдар.

Нотариустың, өсиетті куәландыратын басқа адамның , куәлардың, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоятын азаматтың мұра ашылғанға дейін өсиетттің мазмұнына,оның жасалуына, күші жойылуына немесе өзгертілуіне қатысты мәліметтерді жария етуге құқығы жоқ.

Тиісті нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Егер сот мұра қалдырушының өз еркін білдіруін түсінуге әсер етпейді деп белгілесе, өсиетті жасау, қол қою немесе оны растау кезінде жіберілген емле қателері және техникалық сипаттағы басқа да елеусіз қателер өсиетті жарамсыз деуге негіз бола алмайды.

Өсиеттегі жекелеген өкімдердің жарамсыздығы өсиеттің қалған бөлігінің жарамдылығын қозғамайды.

Өсиеттік бас тарту дегеніміз – өсиет қалдырушының мұрагерге мұра есебінен бір немесе бірнеше адамның (бас тартылушылардың) пайдасына қандай да болсын міндеттемені орындауды жүктеуі. Бас тартылушылар (легатарийлер) ретінде заң бойынша мұрагерлер қатарына кіретін де кірмейтін де адамдар бола алады.

Легаттың нысанасы мұраның, иеленудің құрамына кіретін заттарды бас тартылушының меншігіне, пайдалануына немесе өзге заттық құқығына беру және оған мұра құрамына кірмейтін мүлікті беру, ол үшін белгілі бір жұмысты орындау, оған белгілі қызмет көрсету және т.б. болуы мүмкін.

Егер тұрғын үйді өмір бойы пайдалану құқығы берілген легатарий тұрғын үйге меншік құқығы кейіннен ауысқан (яғни мұрагер сатқан, айырбастаған т.б.) жағдайда да осы құқығын сақтайды.

Өмір бойы пайдалану құқығы иеліктен айырылмайды, берілмейді және бас тартылушының мұрагерлеріне ауыспайды және өсиетте өзгеше көзделмесе ол қайтыс болған жағдайда оның отбасы мүшелерінің тұруына негіз болмайды.

Өсиеттік бас тарту (легат) жүктелген мұрагер қайтыс болған жағдайда немесе ол мұраны қабылдамаған жағдайда өсиеттік бас тартуды орындау оның үлесін алған басқа мұрагерге, не мүлік иесіз қалса, мемлекетке ауысады.

Легатарий мұра қалдырушының борыштары үшін жауап бермейді.

Өсиет қалдырушы өсиетті орындауды мұрагер болып таблмайтын, өсиетте өзі көрсеткен адамға (өсиетті орындаушыға, өсиет жүктелген өкілге) тапсыра алады. Бұл адамның өсиетті орындаушы болуға келісімі оның не өсиеттің өзіне өз қолымен жазған жазбада не өсиетке қоса берілген өтініште көрсетілуге тиіс.

31.4 Заң бойынша мұрагерлік

Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас туыстарға теңестіріледі.

Асырап алынғандар мен оның ұрпақтары асырап алынушының туған ата-анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер бола алмайды.

Асырап алынушылардың ата-анасы мен оның басқа да қандас туыстары асырап алынушы және оның ұрпақтары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша мұрагер бола алмайды.

Заң бойынша мұрагерлердің әрбір келесі кезегі алдыңғы кезектегі мұрагерлер болмаған, оларды мұрадан шеттеткен, олар мұраны қабылдамаған не одан бас тартқан жағдайда, (ҚР АК 1074 бабының 5-тармағына сай басқа тұлғалар пайдасына бас тартқан жағдайларды қоспағанда) мұрагерлік құқығын алады.

Заң бойынша мұрагерлердің кезектері. Мұрагер болу құқығын:

1) бірінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының балалары, соның ішінде ол қайтыс болғаннан кейін тірі туған балалары, сондай-ақ мұра қалдырушының жұбайы мен ата-анасы алады;

2) екінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының ата-анасы бір, ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), сондай-ақ оның әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасы мен әжесі алады;

3) үшінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағалары мен апалары алады;

4) төртінші кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының алтыншы атаға дейінгілерін қосқанда басқа туыстары алады, бұл ретте туыстық дәрежесі неғұрлым жақын туыстар туыстықтың неғұрлым алысырақ дәрежедегі туыстарын мұрагерлерін шеттетеді.

Туыстық дәрежесінің жақындығы ортақ ата-бабасынан туу саны негізінде анықталады. Әрбір дүниеге келу бір ата (бір туыстық) дәрежесі деп аталады;

5) бесінші кезекте егер мұра қалдырушымен бір отбасында кемінде 10 жыл бірге тұрса, тең үлеспен оның туыстас аға-інілері мен апа-сіңлілері, (қарындастары), өгей әкесі мен өгей шешесі алады.

6) алтыншы кезекте тең үлеспен мұра қалдырушының кемінде бір жыл асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар алады.

Егер заң бойынша мұрагер мұра ашылғанға дейін қайтыс болса, ашылатын мұрадағы оның үлесі ұсыну құқығы бойынша оның ұрпақтарына ауысады. Қайтыс болған мұрагердің үлесі заң бойынша мұрагер ұсынған туыстығы бірдей дәрежедегі ұрпақтар арасында тең бөлінеді.

Тікелей өзінен трайтын туыстық дәреже шектелмей қалданылады, ал көлденең туыстық бойынша мұрагерлік жағдайында ұсыну құқығын тиісінше оның туған аға-інілерін (апа-сіңлілерін, қарындастарын) ұсына отырып, мұра қалдырушының жиендері не оның туған немере ағасын немесе апасын ұсына отырып, немере аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) алады.

Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттің мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлік кезінде олардың әрқайсысына тиесілі болатын үлестің (міндетті үлес) кемінде жартысын мұраға алады.

Мұрадағы міндетті үлеске құқығы бар мұрагер үшін өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның міндетті үлесінен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.

Егер мұра қалдырушымен неке мұра ашылғанға дейін іс жүзінде тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешімімен ерлі-зайыптылар заң бойынша мұрагерліктен шеттетілуі мүмкін.

31.5 Мұра алу

Мұрагер мұраны алу үшін оны қабылдауға тиіс. Иесіз қалған мүлікті алу үшін мұраны қабылдау талап етілмейді. Мұраны шартпен немесе ескертпелермен қабылдауға жол берілмейді.

Мұра ашылған жер бойынша нотариус мұрагердің өтінішімен оған мұрагерлікке құқық туралы куәлік береді.

Мұрагерлікке құқық туралы куәлік мұра ашылған күннен бастап алты ай өткеннен кейін беріледі.

Мұрагер өзінің мұрагерлікке шақырылғандығы туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 6 айдың ішінде мұрадан бас тартуға құқылы (мұрадан бас тарту мұраның ашылған жері бойынша нотариусқа арыз берумен жасалады), Дәлелді себептер болған жағдайда бұл мерзімді сот ұзартуы мүмкін, алайда бұл екі айдан аспауға тиіс.

Мұрадан бас тартуды кейіннен күшін жоюға немесе қайтарып алуға болмайды. Өсиет қалдырушы мұрадан айырған мұрагерлердің пайдасына мұрадан бас тартуға жол берілмейді.

Мұра қалдырушының несие берушілері өздерінің мұра қалдырушының міндеттемелерінен туындайтын талаптарын өсиетті орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) немесе әрбір мұрагерге ауысқан мүлік құнының шегінде ортақ борышқорлар ретінде жауап беретін мұрагерлерге қоюға құқылы.

Егер өсиет бойынша да заң бойынша да мұрагерлер болмаса не мұрагерлердің ешқайсысының алуға құқығы болмаса, не олардың бәрі мұрадан бас тартса, мұра иесіз деп танылады.

Мұра ашылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мұра ашылған жер бойынша жергілікті атқарушы органның арызы негізінде сот мұраны иесіз қалған деп таниды.

Иесіз қалған мұра мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке ауысады (өтеді).

Тапсырмалар:

  1.  Мұра, мұрагерлік, мұра құрамы, мұраның ашылуы, ашылу жері ұғымдарын түсіндіріңіз.
  2.  Өсиет түсінігі мен ерекшеліктерін атаңыз.
  3.  Заңды мұрагер бола алмайтын тұлғалар.
  4.  Өсиеттік бас тарту, мұрагерлік трансмиссия нені білдіреді?
  5.  Мұраны алу, мұрадан бас тарту ерекшеліктерін атап шығыңыз.
  6.  Иесіз мұра – қандай мұра?

۞ ۞ ۞ ۞ ۞ ۞ ۞

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (ерекше бөлім) бойынша

ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАР

1. Сатып алу-сату шартының ең толық және дұрыс анықтамасы

  1.  сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне немесе өзге де заттық құқығына беруге міндеттенеді, ал сатып алушы мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлеуге міндеттенеді
  2.  сатушы мүлікті алушының өзге де заттық құқығына беруге міндеттенеді, ал алушы мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлеуге міндеттенеді
  3.  сатушы мүлікті сатып алушының меншігіне береді, ал сатып алушы ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді
  4.  сатушы мүлікті оның меншігіне беруге міндеттенеді, ал лизинг алушы мүлікті қабылдауға және ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлеуге міндеттенеді
  5.  сатушы мүлікті комиссионердің меншігіне береді, ал комиссионер болса мүлікті қабылдайды және ол үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді

2. Жалпы ереже бойынша сатып алу-сату шартының елеулі ережелері

  1.  пәні (нысанасы), бағасы
  2.   барлық ережелер елеулі
  3.   шартта көрсетілген мерзімі
  4.  тауар сапасы мен саны
  5.   шарт пәні мен тауар түсі, түрі

3. Егер шартта тауардың сапасы туралы келісім болғаны көрсетілмесе

  1.  сатушы осы тектес әдетте қолданылатын мақсатқа жарамды тауарды сатып алушыға беруге міндетті
  2.   сатушы тауардың сапасы туралы сатып алушымен қосымша ақыға келісім жүргізуге міндетті
  3.   шартты тараптардың қайсысы болса да бұзуға құқылы
  4.  сатушы кез келген тауарды беруге құқылы
  5.   шарт жарамсыз деп танылады

4. Эвикция ұғымы

  1.  сот тәртібімен затты иеленуден айыру
  2.   реституцияның бір түрі
  3.   сотта қаралатын затты қайтарып алу туралы іске сатушының қатысуы
  4.  үшінші жақтың талабымен зат қайтарылғанда, сатып алушы шеккен залал
  5.   сатушы мен сатып алушы арасындағы затты қайтарып алу туралы келісім

5. Егер сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушының меншік құқығы затты оған бермей тұрып пайда болса

  1.  сатушы затты нашарлатпай сақтауға міндетті
  2.   сатушы затты өз есебінен сақтандыруға міндетті
  3.   сатушы затты сақтау үшін кәсіби сақтаушыға беруге міндетті
  4.  сатып алушы затты сақтау үшін кәсіби сақтаушыға беруге міндетті
  5.   сатушы затты сатып алушының есебінен сақтандыруға міндетті

6. Кемшіліктері бар затты сатқаны үшін сатушы жауапты ма?

  1.  егер заттың кемшіліктері шартта көрсетілген болса, сатушы сатып алушының алдында жауапкершіліктен босатылады
  2.   сатушы кез-келген жағдайда жауапкершіліктен босатылады
  3.   сатушы жүкті бола тұрып затты сатқан болса, жауапкершіктен босатылады
  4.  сатушы заттың сапасыздығын білмегенін алға тартса, жауапкершіліктен босатылады
  5.   сатушы затты ауырып тұрып сатқан болса, жауапкершіктен босатылады

7. Сатушының негізгі міндеті

  1.  келісілген затты сатып алушыға беру
  2.   ұқсас затты сатып алушыға беру
  3.   бағасы сай келетін кез-келген затты сатып алушыға беру
  4.  сатып алушыға ақшасын қайтарып беру
  5.   сатып алушының кез-келген талабын орындау

8. Сатып алу-сату шарты бойынша сатып алушының тауарға меншік құқығы қай сәттен бастап пайда болады?

  1.  егер тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, тауар берілген кезден бастап немесе оны алушыға жөнелту үшін көлік ұйымына (поштаға) өткізген сәттен
  2.   шарт жасалған сәттен
  3.   тауар үшін елу пайыз төлем жасалған сәттен
  4.  тауар үшін он пайыз төленген сәттен
  5.   тауарды сатып алушы таңдаған сәттен

9. Сатып алу-сату шарты бойынша заттың кездейсоқ жойылуы қаупі сатып алушыға қай кезде ауысады?

  1.  егер келісіммен өзгеше көзделмесе, сатушы затты беру туралы өз міндеттерін орындаған сәттен бастап
  2.   шарт жасалған кезден бастап
  3.   шарт жасау туралы ниет хаттамасына қол қойылған сәттен бастап
  4.  тауардың елу пайызы төленген сәттен бастап
  5.   тауардың бағасы жүз пайыз төленген сәттен бастап

10. Егер тауар жеткізілімі шартында мерзімі белгіленбесе және міндеттеме мәнінен анықталмаса шарт қандай мерзімге жасалған деп саналады:

  1.  бір жылға
  2.   белгісіз мерзімге
  3.   бір айға
  4.  алты айға
  5.   үш жылға

11. Жекешелендіру жүргізілгенде сатылатын объектілердің сатып алушысы бола алмайтындар:

  1.  қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер
  2.   қазақстандық акционерлік қоғамдар
  3.   Қазақстан Республикасының азаматтары
  4.  шетелдік жеке тұлғалар
  5.   қазақстандық дара кәсіпкерлер

12. Жекешелендіру объектісі сатылғанда тендердің жеңімпазы саналатын тұлға

  1.  жоғары баға ұсынған тұлға
  2.   тендерлік комиссияның қорытындысы бойынша ең жақсы және қолайлы жағдайдар ұсынған тұлға
  3.   объектіні сатып алу ниетін бірінші білдірген тұлға
  4.  тендерге қатысу туралы ресми өтінішін бірінші берген тұлға
  5.   Қазақстан Республикасында 3 жылдан кем емес мерзімде тұрақты жұмыс атқарып келген тұлға

13. Тендерді ұйымдастырушы қандай қатысушымен шарт жасауға міндетті болады?

  1.  жоғары бағаны белгілеген
  2.   төмен бағаны белгілеген
  3.   ең жақсы және қолайлы жағдай ұсынған қатысушымен
  4.  жақсы рәсімделген құжаттары бар қатысушымен
  5.   ақылға қонымды баға ұсынған қатысушымен

14. Егер жекешелендіру объектісін сату жөніндегі сауда-саттыққа бір ғана сатып алушы қатысса, онда аукцион мен тендер өткізілген болып танылады ма?

  1.  объектіні жалғыз қатысушыға сатылуы мүмкін болатын үшінші және одан кейінгі жүргізілген сауда-саттықты қоспағанда өткізілмеген болып танылады
  2.   кез келген жағдайда өткізілген болып танылады
  3.   осы жағдайда тендер немесе аукцион өткізілген болып танылады
  4.  бір немесе екі тұлға қатысса да, өткізілмеген болып танылады
  5.   ең азы жеті тұлға қатысса ғана, өткізілген болып танылады

15. Қайсысы жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шартының жарамсыздығына әкеп соқтырады?

  1.  объектіні сатып алуға құқығы жоқ тұлғаға сату
  2.   объектіні баланстағы құнынан арзанға сату
  3.   сатып алушылар жағында бірнеше тұлғаның қатысуы
  4.  шартта көрсетілген кемшіліктері бар объектінің сатылуы
  5.   объектінің коммерциялық ұйымға сатылуы

16. Жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарты жарамсыз деп танылған жағдайда, талап ескіру мерзімі қандай

  1.  шартқа қол қойған күннен бастап 6 ай
  2.   талапкер өзінің құқығы бұзылғаны жөнінде білген немесе білуге тиісті күннен бастап 3 ай
  3.   талапкер өзінің құқығы бұзылғаны жөнінде білген немесе білуге тиісті күннен бастап 1 ай
  4.  егер тараптар келісімімен басқа мерзім белгіленбесе 1 жыл
  5.  3 жыл

17. Келісім шарт жасасу шарты қандай объектілерге қатысты қолданылады?

  1.  болашақта негізгі шартты жасауға бағытталатын алдын-ала жасалатын шарт объектілеріне қатысты
  2.   мүлікті ықтиярсыз (еріктен тыс) сатып алуға байланысты
  3.   қайта өңдеуге болатын ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және сатуға қатысты
  4.  сыйға тарту шартының бір түрі
  5.   шетелдік заңды тұлғаларға отандық техниканы сату туралы шарт

18. Энергиямен жабдықтау шарты қандай шарт?

  1.  нақты
  2.   жария
  3.   опциондық
  4.  біржақты
  5.   форвардтық

19. Тауар жеткізілімі шартының объектісі бола алмайтындар:

  1.  темір жол және автокөліктер
  2.   құрылыс материалдары
  3.   топырақ пен құм
  4.  жер учаскесі, бағалы қағаздар
  5.   көмір мен ағаштар

20. Бөлшектеп сатып алу-сату шарты бойынша азық-түлікке жатпайтын тиісті сападағы тауарларды айырбастауға мүмкіндік беретін мерзім қандай?

  1.  одан да ұзақ мерзімді сатушы белгілемесе,14 күн
  2.   7 күн
  3.   30 күн
  4.  2 ай
  5.   6 ай

21. Сатып алу-сату шартының нысанасы бола алмайтын объектілер:

  1.  автокөліктер
  2.   фирмалық атау, тауар белгісі
  3.   жер учаскелері
  4.  тұрғын үйлер
  5.   кәсіпорындар

22. Егер шартта өзгеше белгіленбесе сатушының сатып алушыға тауарды беру міндеті қай сәттен бастап орындалды деп есептеледі?

  1.  затты берген сәттен бастап немесе тауарды көлік тасымалдау ұйымдары (пошта) арқылы сатып алушыға жөнелту немесе тапсыру үшін берген сәттен бастап
  2.   шарт жасалған сәттен бастап
  3.   тауар бағасын толық өтегеннен кейін
  4.  тауар үшін ақша алдын-ала төленген сәттен
  5.   затты таңдаған сәттен бастап

23. Жекешелендіру обьектісін сатып алу-сату шартының жарамсыздығына байланысты дауларда талапкер ретінде үшінші тұлға немесе прокурор болса, талап қою мерзімі қандай?

  1.  талапкер құқық бұзышылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 6 ай ішінде , бірақ шарт жасаған күннен 3 жылдан ұзақ емес мерзімде
  2.  талапкер құқық бұзышылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 3 ай
  3.  талапкер құқық бұзышылық туралы білген немесе білуге тиіс болған күннен бастап 1 жыл
  4.  шарт жасаған күннен бастап 9 ай
  5.  шарт жасаған күннен бастап 5 жыл

24. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша аталған әрекеттердің қайсысы абоненттің міндеті болып табылмайды?

  1.  алынған энергия үшін ақы төлеу
  2.  тұтынудың шартта көзделген режимін сақтау
  3.  берілген энергия жөнінде энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлап отыру
  4.  өзінің қарауындағы энергетика желілерін пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  5.  энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету

25. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамаған жағдайда:

  1.  тараптар бір-біріне нақты шығынды ғана өтейді
  2.  осыған кінәлі энергиямен жабдықтаушы ұйым немесе абонент құқығы бұзылған тұлғаға барлық шығынды толық өтеуге міндетті
  3.  энергиямен жабдықтаушы ұйым құқығы бұзылған тұлғаға шығынды да, алынбаған пайданы да толық көлемде өтейді
  4.  энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке шығынды толық өтейді, ал абонент - алынбаған пайданы өтейді
  5.  тараптар бір-біріне залал өтеуден босатылады

26. Айырбас шартына қатысушы тараптар қалай аталады?

  1.  цедент және цессионарий
  2.  комиссионер және комитент
  3.  өнім беруші мен орындаушы
  4.  тауар жеткізуші және сатып алушы
  5.  сатушы және сатып алушы

27. Айырбас шартына қандай шарттың ережелері қолданылуы мүмкін?

  1.  лизинг
  2.  сатып алу-сату
  3.  франчайзинг
  4.  тұрмыстық мердігерлік
  5.  қызмет көрсету

28. Айырбас шарты қандай шарт?

  1.  егер тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, ақылы
  2.  егер тараптар келісімінде өзгеше белгіленбесе, ақысыз
  3.  ақылы
  4.  ақысыз
  5.  аралас

29. Айырбас шарты

  1.  ақылы, консенсуалды, біржақты
  2.  ақылы, консенсуалды, екіжақты
  3.  ақысыз, консенсуалды, біржақты
  4.  ақысыз, нақты, біржақты;
  5.  ақылы, нақты, екіжақты

30. Ортақ меншіктегі үлес сатылған кезде ортақ меншіктің қалған иелерінің құқықтары

  1.  оны сатып алуға үшінші жақтардың алдында басымдылық құқығына ие болады
  2.  үшінші жақтардың алдында оны иелігіне алуға басымдылық құқығы жоқ
  3.  50 пайыздық жеңілдікпен сатып алуға үшінші жақтардың алдында басымдылық құқығына ие
  4.  үшінші тараптың алдында 25 пайыздан аспайтын мөлшерде үлес бөлігін алу артықшылығына құқығы бар
  5.  үшінші жақ тұлғалардың алдында 10 пайыздан аспайтын мөлшерде үлес бөлігін алу артықшылығына құқығы бар

31. Айырбас шарты бойынша

  1.  тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне немесе басқа заттық құқығына бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді
  2.  бір тарап басқа тараптың пайдалануына тауарды беруге міндеттенеді
  3.  тараптардың әрқайсысы басқа тараптың иеленуіне тауарды беруге міндеттенеді
  4.  бір тарап екінші тараптың пайдалануы мен иеленуіне тауарды беруге міндеттенеді
  5.  тараптардың әрқайсысы басқа тараптың меншігіне затты сыйға беруге міндеттенеді

32. Айырбас шарты бойынша тауарларды беруге байланысты шығындарды кім өтейді?

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы жүзеге асырады
  2.  сатушы 70 пайыз, ал сатып алушы 30 пайыз жүзеге асырады
  3.  сатып алушы жүзеге асырады
  4.  екі тарап та тең үлесте жүзеге асырады
  5.  сатушы 30 пайыз, ал сатып алушы 70 пайыз жүзеге асырады

33. Айырбас шарты бойынша тауарларды қабылдап алу жөніндегі шығындарды қайсысы өтейді?

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы жүзеге асырады
  2.  сатушы жүзеге асырады
  3.  сатып алушы 70 пайыз, ал сатушы 30 пайыз мөлшерінде өтейді
  4.  екі тарап та тең үлесте жүзеге асырады
  5.  сатып алушы 40 пайыз, ал сатушы 60 пайыз мөлшерінде өтейді

34. Айырбас шарты бойынша тауарларға меншік құқығы қай сәттен туындайды?

  1.  тараптардың әрқайсысы тиісті тауарларды беру міндеттемелерін орындағаннан кейін бір мезгілде туындайды
  2.  тауарды берген немесе тасымалдаушы ұйымға тапсырған кезде
  3.  шартта белгіленген уақытта ауысады
  4.  сатушы тауарды беру міндетін орындаған сәтте
  5.  сатып алушы тауардың ақшасын төлеген сәтте

35. Сыйға тарту шарты

  1.  әрқашанда консенсуалды, ақысыз
  2.  шынайы немесе консенсуалды, ақысыз
  3.  тек қана шынайы, ақысыз
  4.  консенсуалды, ақысыз немесе ақылы
  5.  шынайы немесе консенсуалды, ақылы

36. Сыйға тарту шарты жазбаша нысанда жасалуы тиіс жағдай:

  1.  тараптар азаматтар және сый мөлшері бес айлық есптік көрсеткіш мөлшерінде
  2.  сыйға алушы шет ел азаматы болса
  3.  сыйдың құны бес пен он айлық айлық есептік көрсеткіш шамасында болса
  4.  шарттың нысанасы жылжымайтын мүлік болса
  5.  сыйдың құны он айлық есептік көрсеткіштен жоғары болмаса

37. Сыйдың құны жүз айлық есептік көрсеткіштен төмен болса, шарт қандай нысанда жасалады?

  1.  егер алдағы уақытта сыйға тартуға уәде етілмесе, ауызша
  2.  кез келген жағдайда жазбаша
  3.  ауызша және жазбаша
  4.  нотариалды куәландыру
  5.  мемлекеттік тіркеу

38. Қандай жағдайда сый тартушы бір жақты сыйға беру шартынан бас тарта алмайды?

  1.  егер сый тартушы сый алушыдан ұзақ өмір сүрсе және ол шартта белгіленсе
  2.  егер сый алушы сый тартушының өміріне қастандық жасаса
  3.  егер сый алушы қасақана сый тартушының отбасы мүшелеріне дене жарақатын салса
  4.  сый алушы сый тартушының отбасы мүшелерінің өміріне зиян келтірсе
  5.  кез келген жағдайда

39. Сыйға тарту шартының нысанасына (пәніне) кіретін объектілердің барлығы қайсысы?

  1.  зат, мүліктік құқық немесе сый алушыны сый берушінің және үшінші бір тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босату
  2.  тек заттар
  3.  кез-келген құқықтар
  4.  адамның өмірі мен денсаулығы
  5.  іскерлік бедел, ар-намыс және абырой

40. Егер дәлелденсе, сый алушы сыйдың кемшіліктері салдарынан өзіне келтірілген зиянды өтеуді талап ете ала ма?

  1.  ия, олар анық кемшіліктер қатарына жатпаса және бұл кемшіліктер затты беруден бұрын пайда болғаны дәлелденсе, ал сый тартушы ол жөнінде біле тұра, сый алушыны ескертпеген болса
  2.  ия, кемшіліктер сыйға алушы сыйда алған соң пайда болса
  3.  ия, кемшіліктер сыйға тарту шартында көрсетілген болса
  4.  жоқ, сый алушы талап қоя алмайды, себебі ол сыйды ақысыз қабылдады
  5.  жоқ, сый алушы сыйды қабылдағаннан соң кемшіліктер туындас;

41. Сыйға тарту шартының тараптары қалай аталады?

  1.  сыйға лайықты және сыйды алушы
  2.  сыйға тартушы және сый алушы
  3.  сыйға тартушы және сыйды қабылдаушы
  4.  сый беруші және сыйланған
  5.  сыйлаушы және сыйланушы

42. Сыйға тарту шарты бойынша сыйға тартуға уәде берілген сый, сый алушы қайтыс болса, оның мұрагерлеріне ауысады ма?

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлеріне ауыспайды
  2.  егер шартта көзделмесе, оның мұрагерлеріне ауысады
  3.  қандай жағдай болмасын, оның мұрагерлеріне ауыспайды
  4.  оның мұрагерлеріне ауысады
  5.  ауысу, ауыспау тек қана заңнамамен қарастырылады

43. Сыйға тартуға уәде берген сыйға тартушының міндеттері:

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе,оның мұрагерлеріне ауысады
  2.  кез-келген жағдайда оның мұрагерлеріне ауысады
  3.  оның мұрагерлеріне ауыспайды
  4.  егер шартта өзгеше көзделмесе,оның мұрагерлеріне ауыспайды
  5.  бұл сұрақ заңнамда шешілуі тиіс

44. Рента шартының тараптары:

  1.  - рента төлеуші және рента алушы;
  2.  - рента беруші және рента қабылдаушы;
  3.  - рента төлеуші және рантье;
  4.  - төлеуші және алушы;
  5.  - мүлікті иеліктен шығарушы және мүлікті алушы;

45. Рента шартының қандай нысанда жасалады?

  1.  нотариалды куәландырылған нысанда
  2.  әрқашан жай жазбаша
  3.  әрқашан заң тұлға қатысуымен жазбаша нысанда
  4.  әрқашан ауызша
  5.  егер шартта өзгеше көзделмесе жазбаша нысанда

46. Азаматтық кодексте көзделген рента шартының түрлері:

  1.  ғұмырлық рента мен тұрақты рента, және ғұмырлық рента шартының бір түрі ретінде өмір бойы асырауда ұстау
  2.  ғұмырлық рента және өмір бойы асырауда ұстау
  3.  тұрақты рента және өмір бойы асырауда ұстау
  4.  тек ғұмырлық рента
  5.  ғұмырлық рента және тұрақты рента

47. Егер шартта өзгеше көзделмесе,тұрақты рента әрбір күнтізбелік:

  1.  тоқсан аяқталғаннан кейін төленеді
  2.  әр күн аяқталғаннан кейін төленеді
  3.  апта аяқталғаннан кейін төленеді
  4.  ай аяқталғаннан кейін төленеді
  5.  жыл аяқталғаннан кейін төленеді

48. Жалдау шартының пәні:

  1.  жеке белгілерімен анықталған тұтынылмайтын заттар
  2.  жеке белгілерімен анықталған тұтынылатын заттар;
  3.  тектік белгілермен сипатталатын тұтынылатын заттар
  4.  кез келген заттар
  5.  тектік белгілермен сипаталатын тұтынылмайтын заттар

49. Жалға алушы жалдау объектісіне жасаған ажырамайтын жақсартудың құнын жалға берушіден талап етуге құқылы ма?

  1.  егер ол жақсарту жалға берушінің келісімімен жүргізілсе,талап ете алады
  2.  жоқ, талап ете алмайды
  3.  он пайзынталаптетуге құқылы
  4.  елу пайызын ғана талап етуге құқылы
  5.  сот шешімімен анықталады

50. Жалдау шарты қандай шарт?

  1.  ақылы, консенсуалды, екіжақты
  2.  ақылы, шынайы, біржақты
  3.  ақылы, шынайы, екіжақты
  4.  ақысыз, консенсуалды, екіжақты
  5.  ақылы, шынайы, біржақты

51. Жалға алушы затқа жасаған ажырайтын жақсартулар кімге тиесілі?

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушыға
  2.  үшінші тарапқа
  3.  жалға берушіге
  4.  жалға алушы мен жалға берушінің ортақ меншігі болады
  5.  сот шешімімен анықталады

52. Жалға алушының қандай міндеті диспозитивтік міндет:

  1.  күнделікті жөндеу жүргізу;
  2.  жалдау ақысын шартта көрсетілген уақытта төлеп тұру;
  3.  затты мақсатына және шартқа сәйкес пайдалану;
  4.  шарттың мерзімі аяқталуына байланысты, мүліктің қалыпты ескіруін ескере отырып, жалға берушіге қайтарып беру
  5.  мүлікті өз кінәсынан нашарлатқан болса жалға берушіге келтірілген залалдарды өтеу

53. Мүлікті жалдау шартының бір түрі болып қайсысы табылады?

  1.  Мүлікті жалдау шартының бір түрі болып қайсысы табылады
  2.  карыз
  3.  франчайзинг
  4.  ссуда
  5.  факторинг

54. Кәсіпорынды жалдау шартының жасалу нысаны:

  1.  міндетті мемлекеттік тіркелуі қажет ететін жазбаша нысан
  2.  ауызша
  3.  нотариалды куәландырылған жазбаша
  4.  біржақты жазбаша
  5.  конклюдентті әрекет арқылы жасалатын шарт

55. Жалдау объектісі болып табылатын затты жөндеу міндеті кімге жүктеледі?

  1.  шартта өзгеше көзделмесе, күрделі жөндеу жалға берушіге, ағымдағы жөндеу жалға алушыға жүктеледі
  2.  шартта өзгеше көзделмесе, күрделі жөндеу жалға алушыға, ағымдағы жөндеу - жалға берушіге жүктеледі
  3.  күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеу жалға берушіге жүктеледі
  4.  күрделі жөндеу мен ағымдағы жөндеу жалға алушыға жүктеледі
  5.  екі тарап та жөндеу жасамайды

56. Прокат шартының жасалу нысаны:

  1.  ауызша
  2.  жай жазбаша
  3.  мемлекеттік тіркелетін жазбаша нысан
  4.  нотариалды куәландыру нысанында
  5.  ауызша да жазбаша болуы мүмкін

57. Жалдау шартының мерзімі:

  1.  кез келген мерзім
  2.  49 жылға дейін
  3.  3 жылдан 99 жылға дейін
  4.  10 жылға дейін
  5.  6 айға дейін

58. Чартер шарты - бұл:

  1.  жолаушы, багаж және жүк тасымалдау үшін көлік құралының (көлік құралдарының) толық сыйымдылығын немесе оның бір бөлігін жалдау
  2.  құрал жабдықтарды жалдау
  3.  қаржы лизингі туралы ережелер бойынша әуе кемесін жалдау
  4.  автокөлікті экипажымен жалдау
  5.  халықаралық конвенцияларды сақтай отырып, теңіз кемесін жалдау

59. Лизинг қандай шарт?

  1.  екі жақты, ақылы, консенсуалды
  2.  бір жақты, ақылы, консенсуалды
  3.  үшжақты, ақысыз, шынайы
  4.  екіжақты, ақылы, шынайы
  5.  үшжақты, ақылы, шынайы

60. Лизинг шарты бойынша мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі кімге жүктеледі?

  1.  кез-келген жағдайда лизинг берушіге
  2.  кез-келген жағдайда лизинг алушыға
  3.  мүлікті сатушыға
  4.  мүлік сатушыдан лизинг берушіге өткен сәттен батап соңғысы жауапты
  5.  қатысы бер кез келген тұлғаға 

61. Бір жылдан асатын мерзіміге берілетін жылжымайтын мүлікті жалдау шартының жасалу нысаны:

  1.  жазбаша нысанда міндетті түрде мемлекеттік тіркеу арқылы
  2.  ауызша нысанда
  3.  нотариалдық куәландыру арқылы жазбаша нысанда
  4.  жай жазбаша нысанда ғана
  5.  ауызша, бірақ нотариалды куәландыру арқылы

62. Меншік иесі тұрмайтын тұрғын үйді жалдау шартын мерзімінен бұрын бұзу үшін жалға алушыны қанша уақыт бұрын ескерту қажет?

  1.  үш ай
  2.  екі ай
  3.  бір ай
  4.  төрт ай
  5.  кез келген мерзімде

63. Жалға алушының жалға алған мүлікке құқықтары:

  1.  иелену, пайдалану және белгіленген шекте билік ету
  2.  иелену
  3.  пайдалану
  4.  билік ету
  5.  пайдалану және билік ету

64. Жалдау шартының объектісі болып:

  1.  жеке белгілерімен анықталған, тұтынылмайтын зат (мүлік) табылады
  2.  тектік белгілерімен анықталған зат (мүлік) табылады
  3.  тұтынылатын зат (мүлік) табылады
  4.  тектік белгілерімен анықталған есірткі заттары
  5.  азаматтық айналымнан алынбаған кез-келген зат (мүлік) табылады

65. Жалдау шарты қай кезде ауызша нысанда жасалуы мүмкін?

  1.  жеке тұлғалар арасындағы бір жылға дейінгі мерзімге жасалған жалдау шарты
  2.  мерзімі бір жылдан астам болса
  3.  шарттың мерзімі 6-айға дейінгі және тараптың біреуі заңды тұлға болса
  4.  егер шарттың мерзіміне қарамай-ақ, тараптар заңды тұлғалар болса
  5.  егер шарттың мерзімі 3 жыл болса және тараптар жеке тұлғалар болса

66. Егер жалдау шартының мерзімі көрсетілмей жасалса, әрбір тарап екінші тарапты қанша уақыт бұрын ескертіп бас тартуға құқылы?

  1.  егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жылжымайтын мүлікті жалдаған жағдайда үш ай бұрын, өзгеше мүлікті жалдаған жағдайда бір ай бұрын
  2.  бір ай бұрын
  3.  қозғалмайтын мүлікті жалдаған жағдайда алты ай бұрын, өзге мүлікті жалдаған жағдайда үш ай бұрын
  4.  үш ай бұрын
  5.  алты ай мен бір жыл ішінде

67. Жалға алған мүлікті пайдалану нәтижесінде жалға алушының алған өнімі, жемістері және өзге де кірістері кімнің меншігі болып табылады?

  1.  егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушының меншігі болып табылады
  2.  егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жалға берушінің меншігі болып табылады
  3.  егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, мемлекеттің меншігі болып табылады
  4.  егер заң актілерінде немнесе шартта өзгеше көзделмесе, екі тарапқа да тиесілі
  5.  егер заң актілерінде немнесе шартта өзгеше көзделмесе, екі тарапқа да тиесілі

68. Лизинг алушы мен лизинг берушінің сатушыға қатысты құқықтық мәртебесі қандай?

  1.  бірлескен несие берушілер болып табылады 
  2.  борышқорлар болып табылады
  3.  үшінші тұлғалар болып табылады
  4.  үлескерлер болып табылады
  5.  жауапкерлер болып табылады

69. Көлік құралын экипажымен жалдау шартының нысаны:

  1.  жазбаша нысан
  2.  ауызша
  3.  конклюдетті әрекет арқылы
  4.  ауызша да жазбаша да болуы мүмкін
  5.  нотариалды куәландырылу міндетті

70. Прокат шарты бойынша жалға алушы жалға алған мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алады ма?

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, тек тұтыну мақсатында пайдаланады
  2.  кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алады
  3.  сот шешімі бойынша ғана кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алады 
  4.  жергілікті атқару органының келісімімен кәсіпкерлік мақсатта пайдалана алады
  5.  тұтыну мақсатында да және кәсіпкерлік мақсатта да пайдалана алады

71. Жалға алушы прокат шартынан бас тартуы жөнінде жалға берушіні қанша уақыт бұрын ескертуге міндетті?

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан бір күн бас тартуға құқылы
  2.  егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан үш күн бұрын бас тартуға құқылы
  3.  егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан бір апта бұрынбас тартуға құқылы
  4.  егер шартта өзгеше көзделмесе, жалға алушы прокат шартынан бір ай бұрын бас тартуға құқылы

72. Прокат шарты бойынша жалға берілген мүліктің ағымдағы жөндеуі кімнің міндеті болып табылады?

  1.  жалға алушы
  2.  жалға беруші
  3.  екеуінің де міндеті
  4.  ешқайсысы да жауапты емес
  5.  мемлекеттік орган міндеті

73. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастарын тікелей реттеуге арналған нормативтік құқықтық акт атауы

  1.  1997 жылғы “Тұрғын үй қатынастары туралы” Қазақстан Республикасының заңы
  2.  1994 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің “Жаңа тұрғын үй саясаты туралы” заң күші бар Жарлығы
  3.  1992 жылғы Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексі
  4.  1995 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің “Жекешелендіру туралы” жарлығы
  5.  2007 жылғы Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексі

74. Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қорларының түрлері

  1.  жеке және мемлекеттік
  2.   өзіндік және мемлекеттік
  3.  жеке және корпоративтік
  4.  қоғамдық және мемлекеттік
  5.  мемлекеттік және кооперативтік

75. Тұрғын үй меншік иесінің борыштары бойынша оның тұрғын үйіне меншік құқығы күшпен тоқтатылған жағдайда 

  1.  меншік иесі мен отбасы мүшелері басқа тұрғын үй берілместен шығарылады
  2.  меншік иесіне, мөлшерін сот анықтайтын, ақшалай өтем төленеді
  3.  меншік иесі мен оның отбасы мүшелері басқа тұруға жарамды тұрғын үй беріле отырып шығарылады
  4.  меншік иесі мен оның отбасы мүшелері басқа тұруға жарамды тұрғын үй беріле отырып шығарылады
  5.  меншік иесі мен оның отбасы мүшелеріне басқа тұрғын үй мен өтемақы беріле отырып шығарылады

76. Кондоминиум дегеніміз -

  1.  тұрғын емес үй-жайларды басқару үшін құрылған үй-жайлар иелерінің коммерциялық ұйымы
  2.  тұрғын емес үй-жайларды басқару үшін құрылған үй-жайлар иелерінің коммерциялық емес бірлестігі
  3.  мүлік жалдау шартының бір түрі
  4.  үй-жай жеке, заңды тұлғалардың, мемлекеттің бөлек (жеке-дара) меншігінде болатын, ал ортақ мүлік оларға ортақ бірлескен меншік құқығымен тиесілі болатын жағдайда бірыңғай мүліктік кешен ретіндегі жылжымайтын мүлікке меншіктің нысаны
  5.  мемлекеттік меншіктің бір түрі

77. Пәтер иелерінің кооперативі (ПИК) дегеніміз:

  1.  көп пәтерлі тұрғын үйдегі үй-жайлар иелерінің кондоминиум объектісін басқару мақсатындағы коммерциялық емес ұйым
  2.  кондоминиум объектісін басқару мақсатымен құрылған коммерциялық ұйым
  3.  тұрғын үйдегі жылжымайтын мүлікті басқару мақсатындағы ұйым
  4.  кондоминиум объектісін барлық меншік иелерінің бірлесіп басқаруы
  5.  кондоминиум объектісін басқару үшін құрылған ерекше ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға

78. Кондоминиум қандай жағдайда құрылады

  1.  екі немесе одан көп меншік иесі бар және олардың ортақ пайдалануында ортақ мүлік болған жағдайда
  2.  меншік иесі жалғыз заңды тұлға болған жағдайда
  3.  екі немесе одан көп меншік иесі болған және олардың ортақ пайдалануында ортақ мүлік болмаған жағдайда
  4.  меншік иесі тек мемлекет болған жағдайда
  5.  меншік иесі тек жалғыз адам болған жағдайда

79. Кондоминиум объектілеріндегі ортақ мүлікке меншік құқығы қандай болады?

  1.  ортақ үлестік меншік
  2.  ортақ бірлескен меншік
  3.  тек қана жеке меншік
  4.  тек қана мемлекеттік меншік
  5.  ҚР Үкіметінің тағайындаған үлесінде болады

80. Пәтер иелері кооперативінің (ПИК-тің) құрылу мақсаты

  1.  кондоминиум объектілерін басқару үшін
  2.  азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін
  3.  заңды тұлғаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін
  4.  тұрғын үй шығындарын өтеу үшін
  5.  коммуналдық шығындарды төлеу үшін

81. Мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша пайдалануға алған мүлікті күрделі жөндеуді жүзеге асыру кімнің міндеті болып табылады?

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлікті берушінің міндеті
  2.  егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлік алушының міндеті
  3.  мүлік алушының отбасы мүшелерінің міндеті
  4.  мүлік берушіның отбасы мүшелерінің міндеті
  5.  мүлік алушы мен мүлік берушінің ортақтасқан міндеті

82. Мерзімі көрсетілмей жасалған мүлікті тегін пайдалану шарты бойынша шартты мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде екінші тарапқа қай мерзім ішінде хабарлауға міндетті?

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, бір ай бұрын
  2.  бір жыл күн бұрын
  3.  он күн күн бұрын
  4.  үш ай бұрын
  5.  алты ай бұрын

83. Егер мердігерлік шарты бойынша шамалас сметаны едәуір арттыру қажеттігі туындаса:

  1.  қайта шарт жасалуы тиіс
  2.  егер тапсырыс беруші шарттан бас тартпаса, мердігер сметадан артық төлемді талап етуге тек тапсырыс берушіні уақытылы ескерткен болса ғана құқылы
  3.  тапсырыс беруші орындалатын жұмыстың бағасын толық көлемінде төлеуге міндетті
  4.  тапсырыс беруші шартты бұзуға құқығы жоқ
  5.  тапсырыс беруші өз қалауы бойынша жұмыс бағасын төлеуге немесе шартты бұзуға құқылы

84. Еңбек шартының мына сипаттарының қайсысы мердігерлік шартқа да қатысы бар?

  1.  орындалатын жұмысқа бағаның төленуі
  2.  тұлға қызметкерлер штатына қосылуы
  3.  жұмыс күнінің нормамен белгіленуі
  4.  еңбек кітапшасына жазбаның енгізілуі
  5.  жұмыс орындаушы - әр кезде жеке тұлға болуы

85. Тұрмыстық тапсырыс шарты бойынша тапсырыс берушінің құқықтарын қорғау туралы заң атауы

  1.  Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы
  2.  Тапсырыс берушілердің құқықтарын қорғау туралы
  3.  Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы
  4.  Жеке кәсіпкерлік туралы
  5.  Тапсырыс берушілердің құқықтарына кепілдіктер туралы

86. Жалпы ережеге сай мердігерлік шарты бойынша жұмыстың нәтижесі тапсырылғанға дейінгі материалдың кездейсоқ жойылу қаупін көтеретін тарап?

  1.  материал иесі
  2.  кез келген үшінші жақ
  3.  тапсырыс беруші
  4.  мердігер
  5.  бұл мәселе тараптардың келісімімен шешіледі

87. Құрылыс мердігерлігі шарты бойынша бой бермейтін күштің салдарынан жұмыстың нәтижесін тапсырғанға дейін жасалған объект жойылған немесе бүлінген жағдайда:

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, тапсырыс беруші мердігердің орындаған жұмысын төлеуге міндетті
  2.  тапсырыс беруші мердігердің орындаған жұмысы үшін ақы төлеуге міндетті емес
  3.  шарт жарамсыз деп танылады
  4.  тапсырыс беруші мердігерден шеккен залалдарын өтеуді талап етуге құқылы
  5.  мердігер өз есебінен сол объектідегі жұмыстарды қайта орындауға міндетті

88. Мердігерлік шартының объектісі

  1.  жұмыс немесе жұмыстың нәтижесі
  2.  қызмет
  3.  зат (мүлік)
  4.  мүдде
  5.  заңды қызмет 

89. Мердігерлік шарты бойынша орындалатын жұмыстың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға

  1.  мердігер
  2.  тапсырыс беруші
  3.  үшінші тұлға
  4.  кепілдік беруші
  5.  кепіл болушы

90. Жұмыс қабылданған соң анықталған жасырын кемшіліктері бойынша мердігерге хабарлау үшін қойылған мерзім қандай?

  1.  егер ұзағырақ мерзім заңдылық актімен немесе шартпен белгіленбесе, жұмысты қабылдаған күннен бастап 1 жыл
  2.  шартқа қол қойылған күннен бастап 3 жыл
  3.  жұмысты қабылдаған күннен бастап 5 жыл
  4.  жұмысты қабылдаған күннен бастап 6 ай
  5.  шартқа қол қойған күннен бастап 10 жыл

91. Тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша мердігер ретінде кім бола алады?

  1.  кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға
  2.  кез келген кәмелетке толған жеке тұлға
  3.  коммерциялық емес ұйым
  4.  кез келген коммерциялық ұйым
  5.  мемлекет

92. Тұрмыстық мердігерлік шартының тиісті нысанда жасалғаны қай сәтпен анықталады?

  1.  тапсырысшыға шарт жасалғанын куәландыратын түбіртек немесе басқа құжат берілген кезден
  2.  шартқа қол қойылған сәттен
  3.  жұмыстың толық көлемде ақысы төленген сәттен
  4.  - мердігерге материал берілген сәттен
  5.  - мердігерге материал берілген сәттен

93. Егер тұрмыстық мердігерлік шарты бойынша жұмыс тапсырысшының материалынан орындалатын болса, түбіртекте көрсетілуі тиіс мәлімет (толық жауап берілуі қажет)

  1.  - материалдың нақты атауы, саны, сипаты және бағасы
  2.  - материалдың атауы және бағасы
  3.  - материалдың бағасы, құрамы, түрі, түсі, көлемі мен өлшемі
  4.  - материалдың сипаты мен түрі
  5.  - материалдың салмағы мен бағасы

94. Құрылыс мердігерлігі шартындағы кепілдік мерзімі қандай?

  1.  егер заң актілері немесе шартпен өзге кепілдік мерзімі көзделмесе, тапсырысшы объектіні қабылдаған күннен бастап 10 жыл
  2.  тапсырысшы объектіні қабылдаған күннен бастап 20 жыл
  3.  шартқа қол қойылған сәттен бастап 7 жыл
  4.  шартқа қол қойылған сәттен бастап 15 жыл
  5.  егер шартпен өзге кепіл мерзімі көзделмесе, тапсырысшы объектіні қабылдаған күннен бастап 5 жыл

95. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мердігерлік шарты бойынша жұмыстың нәтижесін мердігер

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, жеке мақсатында пайдалануға құқылы
  2.  кез келген мақсатта пайдалануға құқылы
  3.  пайдалануға құқығы жоқ
  4.  жалпы қоғамдық мақсатта пайдалануға құқылы
  5.  жеке және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға құқылы

96. Әуе көлігі тасымалдаушысын жауаптылықтан босату негіздері

  1.  жәбірленушінің қасақана әрекеті немесе бой бермейтін күш
  2.  жолда жанар-жағар майдың тауысылуы
  3.  әуе көлігінің техникалық ақауы
  4.  жолаушылардың салонда толық болмауы
  5.  салонда артық жолаушының болуы

97. Әуе көліктері қақтығысып қалғанда оларға тең жауаптылық жүктеу негізі

  1.  әр жақтың кінәсінің деңгейін айқындау мүмкін болмаса
  2.  қақтығыс бір жақтың да кінәсінен болса
  3.  тараптардың екеуі де кінәсіз болса
  4.  белгіленген тәртіпте тіркелмеген әуе көліктері болса
  5.  кақтығыс үшінші елдердің әуе кеңістігінде болса

98. Егер әуе кемелерінің қақтығысуына екі тарап та кінәсіз болса

  1.  әр жақ өз мүддесінің шегінде қалады
  2.  олардың жауаптылығын келісім комиссиясы белгілейді
  3.  бір тарап міндетті түрде жауап береді
  4.  жауаптылыққа қақтығыс болған әуе кеңістігінің мемлекеті тартылады
  5.  тараптардың жауаптылығын Халықаралық арбитраж белгілейді

99. Қазақстан Республикасының "Көлік туралы" заңына сәйкес көлік түріне жататыны қайсысы?

  1.  темір жол көлігі 
  2.  ат арба
  3.  велосипед
  4.  мотоцикл
  5.  түйе арба

100. Экспедиция шартындағы бір тарап атауы

  1.  экспедитор
  2.  экспедицияға қатысушы
  3.  экспедиция мүшесі
  4.  курьер
  5.  комиссионер

101. Әуемен жолаушыны тасымалдау шартын бір жақты тоқтатуға тасымалдаушының бастамасы бойынша:

  1.  жолаушы заңмен қойылған арнайы тексеру өтуден бас тартқанда және ол өзінің әрекетімен әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндіргенде жол беріледі
  2.  жолаушы ұшпаймын деген жағдайда жол беріледі
  3.  тек қана жолаушы заңмен қойылған арнайы тексеру өтуден бас тартпаса жол беріледі
  4.  жолаушы өзінің өмірін сақтандырмағанда жол беріледі
  5.  тек қана жолаушы өзінің әрекетімен әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе жол беріледі

102. Фрахт алушы (фрахтователь) дегеніміз:

  1.  жолаушыларды, жүкті тасымалдау үшін көлік құралдарының барлық сиымдылығын немесе оның бір бөлігін шарт негізінде алушы тұлға
  2.  әуемен тасымалдаушы
  3.  жалға беруші
  4.  тасымалдаушымен шарт жасаған жеке тұлға
  5.  көлік құралының сиымдылығын екінші тарапқа беруші тасымалдаушы

103.Тіркелген жүк немесе теңдеме жүкті жоғалды деп тану мерзімі

  1.  жүк немесе теңдеме жүк тасымалдау мерзімі өткеннен кейін 7 күн ішінде межеленген жерге келмесе
  2.  тасымалдаушы 3 күн соң осы жағдайды мойындаса
  3.  жүк немесе теңдеме жүк жеткізілетін жерге 30 күн ішінде жетпесе
  4.  тасымалдау мерзімі өткеннен кейін жүк немесе теңдеме жүк тиісті жеріне 60 күн ішінде жеткізілмесе
  5.  тасымалдау мерзімі өткеннен кейін жүк немесе теңдеме жүк тиісті жеріне 15 күн ішінде жеткізілмесе

104. Жолаушыны тасымалдау шарты қандай шарт?

  1.  консенсуалды
  2.  конклюдентті
  3.  консенсуалды және шынайы
  4.  алдын ала жасалатын шарт
  5.  кейінге қалдыру шартымен жасалатын мәміле

105. Заем шартының нысанасы (пәні)

  1.  азаматтық айналымнан алынбаған кез келген заттар
  2.  жылжымайтын мүлік
  3.  кез келген жылжитын мүлік (зат) 
  4.  тектік белгілерімен анықталған заттар
  5.  жеке белгілерімен анықталған заттар

106. Заем шарты бойынша зат заемшының

  1.  меншігіне өтеді
  2.  пайдалануына беріледі
  3.  иеленуіне ғана беріледі
  4.  шаруашылық жүргізуіне өтеді
  5.  оралымды басқаруына өтеді

107. Банктік заем шарты

  1.  ақылы, консенсуалды, екі жақты
  2.  ақысыз, консенсуалды, екі жақты
  3.  ақысыз, біржақты
  4.  ақылы, консенсуалды, бір жақты
  5.  ақысыз, шынайы, бір жақты

108. Банктік заем шартының пәні

  1.  ақша
  2.  тұтынылатын зат
  3.  тұтынылмайтын зат
  4.  өзге де материалдық игіліктер
  5.  материалдық емес игіліктер

109. Банктік қызмет көрсету шартына қайсысы кіреді?

  1.  ақша аудару шарты
  2.  франчайзинг
  3.  cсуда шарты
  4.  чартерлік шарт
  5.  факторинг шарты

110. Егер заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен өзгеше көзделмесе, банктік шот шартының мерзімі

  1.  мерзімсіз
  2.  алты айлық
  3.  екі жылдық
  4.  үш жылдық
  5.  он жылдық

111. Банктік заем шартының жасалу нысаны

  1.  жазбаша
  2.  ауызша
  3.  мемлекеттік тіркеу
  4.  конклюдентті
  5.  ауызша да жазбаша да болуы мүмкін

112. Банктік заем шарты бойынша заем беруші болып табылатындар

  1.  ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған ислам банкі
  2.  ҚР Ұлттық банкінің лицензиясын алған банктер мен өзге де заңды тұлғалар
  3.  ҚР Ұлттық лицензиясын алған кез келген тұлға
  4.  ҚР Ұлттық банктың лицензиясын алған қаржылық институттар
  5.  ҚР Ұлттық банктың заем беруге рұқсат құжаты бар жеке тұлғалар

113. Факторинг шарты

  1.  ақшалай талапты беріп қаржыландыру
  2.  кешенді кәсіпкерлік лицензия
  3.  заем шартының бір түрі
  4.  қаржы агенттігі
  5.  төлем құралы

114. Инкассалық өкім - дегеніміз

  1.  банкі шотынан клиенттің ақшасын оның келісімінсіз алып қою
  2.  ҚР Ұлттық банкінің коммерциялық банктен лицензиясын қайтарып алу туралы өкімі
  3.  чек берушінің қабылдаушы банкке көрсетілген соманы чек ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы
  4.  ордерлі бағалы қағаздағы құқықтардың берілгені туралы жазба жасау
  5.  банктің атқарушы органының ақшаны банкінің кассасына түсіруі туралы өкімі

115. Мерзімді салым шарты

  1.  франчайзинг шартының бір түрі
  2.  факторинг шартының бір түрі
  3.  банктік заем шартының бір түрі
  4.  банктік ақша аудару шартының бір түрі
  5.  банктік салым шартының бір түрі

116. Банктік құпияны жарияламауға кім кепілдік береді?

  1.  клиент
  2.  маслихат
  3.  жергілікті атқарушы орган
  4.  сот
  5.  банк

117. Факторинг шартында өзгеше көзделмесе, ақшалай талаптың жарамсыздығы үшін қаржы агенті алдында кім жауапты?

  1.  клиент
  2.  борышқор
  3.  клиент пен борышқор 50 пайыздан жауапты
  4.  қаржы агентінің өзі жауапты
  5.  ешкім де жауапты емес

118. Мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы болып қайсысы танылады?

  1.  мемлекет
  2.  жеке тұлға
  3.  коммерциялық емес ұйым
  4.  коммерциялық ұйым
  5.  халықаралық ұйымдардың өкілдіктері

119. Егер заңнамамен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, банктік шот шартын клиенттің бұзу мерзімі 

  1.  кез келген уақытта
  2.  1 ай бұрын жазбаша ескертуі тиіс
  3.  10 күн бұрын жазбаша ескертуге міндетті
  4.  6 ай бұрын жазбаша ескертуге құқылы
  5.  ең азы 1 апта бұрын ауызша хабарлауы қажет 

120. Мемлекеттік заем шарты

  1.  ерікті шарт 
  2.  міндетті шарт
  3.  ерікті де, міндетті де болуы мүмкін
  4.  әркез үшінші тұлға пайдасына жасалатын шарт
  5.  банктердің қолдауымен жүзеге асырылатын міндетті шарт

121. Мемлекеттік заем шарты бойынша заем беруші болып табылатындар

  1.  азамат немесе заңды тұлға
  2.  мемлекеттік кәсіпорын және мемлекеттік қорлар 
  3.  мемлекеттік мекемелер
  4.  шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ дар адам
  5.  тек қана Қазақстан азаматтары

122. Банктік салым шартының жазбаша нысанын сақтамау

  1.   шартты жарамсыз етеді
  2.   шарт жарамды болады
  3.   шарт ішінара жарамды болады
  4.   шарт ауызша жасалатындықтан, жазбаша нысан қажет емес
  5.   шарт мемлекеттік тіркеуден өтетіндіктен, жазбаша нысан қажет емес 

123. Банктік заем шарты бойынша заем беруші болып табылатындар

  1.   тиісті лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға
  2.   кез келген коммерциялық ұйым
  3.   тек қана коммерциялық емес ұйым
  4.   жеке (дара) кәсіпкер
  5.   кез келген азамат

124. Исламдық банк заем беруші болып табылатын банктік заем шарты бойынша банк сыйақы ала ма 

  1.   банк сыйақы алмайды
  2.   банк сыйақы алады
  3.   банк сыйақына 50 пайыздан аспайтын мөлшерде ғана алады
  4.   банк сыйақыны 3 пайыздан аспайтын көлемде ғана алады
  5.   банк сыйақыны 1 пайыздан аспайтын көлемде алады

125. Факторинг шартының пәні

  1.  ақшалай талап
  2.  заттай талап
  3.  кез келген талап
  4.  тұтынылатын заттарға қатысты талап
  5.  тұтынылмайтын заттарға қатысты талап

126. Банктік салым шартын жасалды деп тану сәті

  1.  салым сомасы банкке келіп түскен сәттен
  2.  шартқа қол қойылған сәттен
  3.  шарттың елеулі ережелері бойынша келісімге келу сәті
  4.  шарттың елеулі ережелері бойынша келісімге келу сәті
  5.  шартты болашықта жасасу жөнінде ниет хаттамасына қол қою сәті

127. Мерзімді банктік салым шарты бойынша салымшының салымды қайтарып алу талабына сай, банктің оған салымды қайтару мерзімі

  1.  5 күннен кешіктірмей
  2.  1 күн ішінде
  3.  3 күн ішінде
  4.  7 күннен кешіктірмей
  5.  30 күннен кешіктірмей

128. Банк салымы шарт бойынша мемлекеттік емес банктегі сыйақының мөлшері

  1.  Банк салымы шарт бойынша мемлекеттік емес банктегі сыйақының мөлшері
  2.  тек қана банк анықтайды
  3.  ҚР Ұлттық банкі анықтайды
  4.  салымшы анықтайды
  5.  ҰБ қайта қаржыландыру ставкасына сай көзделеді

129. Көлік экспедициясы шартының жасалу нысаны

  1.  жазбаша
  2.  әркез нотариалды куәландыру
  3.  мемлекеттік тіркеу
  4.  ауызша
  5.  ауызша

130. Клиент пен борышқор арасында ақшалай талапты қаржы агентіне беруге байланысты тыйым салу немесе шектеу болса да, факторинг шарты

  1.  жарамсыз
  2.  жартылай жарамды
  3.  үштен екі бөлігі жарамсыз
  4.  үштен бір бөлігі ғана жарамсыз
  5.  борышқор мен қаржы агенті анықтайды

131. Талаптарды беру туралы АК жалпы ережелері факторинг шартына қолданыла ма?

  1.  егер факторинг туралы Кодекстегі нормалармен өзгеше көзделмесе, қолданылады
  2.  кез келген жағдайда және толық қолданылады
  3.  толық қолдданылмайды
  4.  АК цессия туралы белгіленген бөлігінде толық қолдынылмайды
  5.  бұл сұрақ ҚР Ұлттық банкінің актілерімен шешіледі

132. Жүкті тасымалдау шарты бойынша тараптар атауы

  1.  тасымалдаушы және жүк жөнелтуші
  2.  тасымалдаушы және жүк қабылдаушы
  3.  экспедитор және жүк жөнелтуші
  4.  жүк жөнелтуші және жүк қабылдаушы
  5.  комитент және жүк жөнелтуші

133. Төлем тапсырмасы - дегеніміз

  1.  белгілі алушының пайдасына белгіленген соманы аудару туралы банктік тапсырма берілуі
  2.  тапсырманы ұсынушыға қолма-қол ақша беру
  3.  ұсынушының пайдасына төлеушінің келісімімен оның шотынан ақшаның алынуы
  4.  ұсынушының пайдасына төлеушінің келісімінсіз оның шотынан ақша алынуы
  5.  ақша алушы алдындағы қарызды мойындау

134. Чектің түрлері

  1.  ордерлі, үшінші тұлғаға
  2.  чек беруші және чек алушы түрлері
  3.  вексельді және вексельсіз
  4.  атаулы және ұсынбалы
  5.  жай және күрделі

135. Егер тұлға банктен чек берушінің аты-жөні көрсетілмеген, бірақ сомасы белгіленген чек бойынша ақша алғысы келсе, бұл қандай чек?

  1.  атаулы
  2.  ордерлі
  3.  ұсынбалы
  4.  жай
  5.  күрделі

136. Шартпен көзделмесе және заттың қалыпты сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі болмаса,сақтаушының өзіне сақтауға берілген мүлікті пайдалануға құқығы бар ма?

  1.  жоқ
  2.  бар
  3.  жартылай бар
  4.  үштен бір жағдайда жоқ
  5.  сот анықтайды

137. Заттарды иесіздендіріп сақтау - дегеніміз

  1.  тектік белгілерімен айқындалған заттарды сақтау
  2.  ерекше қасиеті бар заттарды, осыған арнайы арналған орында сақтаудың ерекше тәртібі
  3.  прокуратура актісіне сай сақтау
  4.  жеке белгілерімен айқындалған заттарды сақтау
  5.  - сот шешімімен кез келген затты сақтау

138. Секвестр дегеніміз -

  1.  даулы заттарды сақтау
  2.  біртектес белгілермен айқындалған заттарды сақтау
  3.  ерекше қасиеті бар заттарды арнайы бөлінген жерде ерекше режимде сақтау
  4.  кәсіби емес сақтау
  5.  тауар қоймасында сақтау

139. Сақтауды өзінің кәсіпкерлік қызметі ретінде жүзеге асыратын тұлға, заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлінуі жағдайларында жауаптылықтан босатылу негіздері

  1.  дүлей күштің салдарынан, не мүлік иесінін қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан немесе заттың өзіне тән ерекшелігінен болса
  2.  тек мүлік иесінін кінәсіздігінен болса
  3.  үшінші тұлғалардың әрекеттерінен болса
  4.  кездейсоқ алдын алу мүмкін жағдайлардан болса
  5.  сақтаушының абайсыз әрекеттерінен болса

140. Заң актілерінде өзгеше көзделмесе және техникалық мүмкіндіктері бар затты сақтауды кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыратын сақтаушының затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы бар ма?

  1.  затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ
  2.  затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы жартылай бар
  3.  затты сақтауға қабылдаудан бас тартуға құқығы толықтай бар
  4.  затты сақтауға қабылдаудан бас тарту мәселесі сот шешімімен анықталады
  5.  затты сақтауға қабылдаудан бас тарту мәселесін ҚР Президенті анықтайды

141. Сақтау шартының пәні болып не табылады? 

  1.  нақты қызмет
  2.  заңды қызмет
  3.  жұмыс нәтижесі
  4.  тасымалдау нәтижесі
  5.  интеллектуалдық қызмет нәтижесі

142. Сақтандыру шартының күшіне ену сәті 

  1.  - сақтандыру сыйлық ақысын немесе бірінші сақтандыру жарнасын төлеген сәттен
  2.  - шартқа қол қойған сәттен
  3.  - шартты мемлекеттік тіркеген сәттен
  4.  сақтандыру оқиғасы орын алған сәттен
  5.  екі тарап шартқа мөр соққан сәттен

143. Бірнеше сақтандырушының бір шартпен обьектіні сақтандыруы

  1.  ортақ сақтандыру
  2.  қос сақтандыру
  3.  топтық сақтандыру
  4.  қайта сақтандыру
  5.  өзара сақтандыру

144. Сақтандыру сомасының түсінігі

  1.  сақтандыру объектісі сақтандырылған ақша қаражатының сомасы және ол сақтандыру оқиғасы болған жағдайдағы сақтандырушы міндеттемелерінің шекті көлемі
  2.  сақтанушының сақтандырушы алдындағы міндетті төлемі
  3.  сақтандыру оқиғасы болған кезде сақтандырушының төлейтін төлемі
  4.  сақтандыру үшін төлем және оны уақтылы төлемегені үшін өсім сомасы
  5.  сақтандырушының активтерінің мөлшері

145. Сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға болмайтын жағдай

  1.  сақтанушы сақтандыру полисін жоғалтқанда
  2.  егер, сақтандыру жағдайы соғыс әрекеттерінен пайда болса
  3.  шығынды зиян келтіруші өтегенде
  4.  бұқаралық толқулар болған кезде
  5.  сақтанушы сақтандыру обьектісі туралы сақтандырушыға көрінеу жалған мәліметтер хабарласа

146. Мемлекеттік емес сақтандырушы ұйымдардың құрылатын ұйымдық-құқықтық нысаны

  1.  акционерлік қоғам
  2.  қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
  3.  толық серіктестік
  4.  өндірістік кооператив
  5.  мемлекеттік мекеме

147. Сақтанушы ұғымы

  1.  сақтандырушымен сақтандыру шартын жасаған тұлға
  2.  сақтандырылғанмен сақтандыру шартын жасаған тұлға
  3.  актуариймен сақтандыру шартын жасаған тұлға
  4.  жеке тұлға
  5.  заңды тұлға

148. Объектісіне қарай сақтандыру түрлері

  1.  міндетті және ерікті
  2.  жеке және мүліктік
  3.  мүліктік және дербес
  4.  кооперативтік және ұжымдық
  5.  жеке және корпоративтік

149. Міндетті сақтандыру түрлері

  1.  көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру
  2.  көлік құралдарын сақтандыру
  3.  кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру
  4.  азаматтық денсаулығын сақтандыру
  5.  прокурорлардың мүлкін сақтандыру

150. Сақтандыру сыйлық ақысының түсінігі

  1.  сақтанушының сақтандырушыға төлеуге міндеттенген ақша сомасы
  2.  сақтандырушының сақтанушыға ай сайын төлейтін ақша сомасы
  3.  сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға төленетін ақша сомасы
  4.  сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға төленетін ақша сомасы
  5.  сақтандырылған мүліктің нақты құны

151. Сақтандыру шартының объектісі

  1.  мүдде
  2.  жұмыс
  3.  зат
  4.  жылжымайтын мүлік
  5.  интеллектуалдық қызмет нәтижесі 

152. Сақтандырудың міндеттілік дәрежесіне қарай түрлері

  1.  міндетті және ерікті
  2.  міндетті және міндеттемелік
  3.  міндетті және ықтиярсыз
  4.  ықтиярлы және ерікті
  5.  жәй және күрделі

153. Сақтанушы ретінде кім бола алады

  1.  сақтандыру шартын жасаған жеке немесе заңды тұлға
  2.  сақтандыру шарты бойынша кепілді түрде сақтандыру төлемін алушы
  3.  сақтандыру шартын жасауға жәрдемдесуші
  4.  сақтандыру шартын жүзеге асырушы және сол бойынша төлем төлеуші
  5.  сақтандыру шартын жүзеге асырушы және сол бойынша төлем төлеуші

154. Актуарий ұғымы

  1.  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға
  2.  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын заңды тұлға
  3.  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қаржысымен қатысатын кез келген тұлға
  4.  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қажетті төлем жасайтын жеке тұлға
  5.  сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында қауіпсіздікке жауапты заңды тұлға

155. Сақтандыру ұйымына заемдар алуға болмайтын пайыз мөлшері

  1.  өз капиталы мөлшерінің 10 пайызынан асатын көлемде
  2.  өз капиталы мөлшерінің 7 пайызынан асатын көлемде
  3.  өз капиталы мөлшерінің 5 пайызынан асатын көлемде
  4.  өз капиталы мөлшерінің 3 пайызынан асатын көлемде
  5.  өз капиталы мөлшерінің 1 пайызынан асатын көлемде

156. Сақтандыру агенті ұғымы

  1.  берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға
  2.  берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын тек қана жеке кәсіпкер
  3.  берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым
  4.  берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан кез келген делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға
  5.  берілген өкілеттігіне сәйкес сақтандыру ұйымының тапсыруымен сақтандыру шарттарын орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға

157. Сақтандыру бойынша ірі мәмілелер жасау жөніндегі шешімді кім бекітеді?

  1.  жеке дара атқарушы органы
  2.  алқалы атқарушы органы
  3.  директорлар кеңесі
  4.  бақылаушылар кеңесі
  5.  тексеру комиссиясы

158. Аннуитеттік сақтандыру ұғымы

  1.  сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке сақтандыру түрлерінің жиынтығы
  2.  сақтандыру шарттарын жасасу және орындау қызметін жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға қызметі
  3.  сақтандыру бойынша делдалдық қызмет жүзеге асыратын жеке тұлға қызметі 
  4.  сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін ерікті мүліктік сақтандыру түрлерінің жиынтығы
  5.  сақтандырылушы еңбек ету қабілетін (жасына, мүгедектігіне, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін мүліктік сақтандыру түрлерінің жиынтығы

159. Сақтандыру жағдайы ретінде қарастырылатын оқиғаның негізгі белгілері

  1.  оның басталуының кездейсоқтығы және ықтималдығы
  2.  оның басталуының кездейсоқтығы
  3.  оның басталуының мүмкіндігі
  4.  оның басталуының мүмкін еместігі
  5.  оның басталуының міндеттілігі

160. Сақтанушының залалдарды өтеуді талап ету құқықтарының сақтандырушыға ауысуы

  1.  суброгация
  2.  реститутция
  3.  эвикция
  4.  новация
  5.  субституция

161. Белгілі бір объектіні бірнеше сақтандырушыда әрқайсысымен дербес шарт бойынша сақтандыру

  1.  қос сақтандыру
  2.  ортақ сақтандыру
  3.  топтық сақтандыру
  4.  ұжымдық сақтандыру
  5.  қайта сақтандыру

162. Бір сақтандыру шартымен бір мезгілде өздері пайда алушы болып табылатын бірнеше сақтандырылған адамның қамтылуы

  1.  топтық сақтандыру
  2.  қос сақтандыру
  3.  тектік сақтандыру
  4.  қосымша сақтандыру
  5.  ортақ сақтандыру

163. Үшінші бір тұлғаны сақтандыру кімнің есебінен жүзеге асырылады?

  1.  сақтанушы
  2.  сақтандырушы
  3.  сақтандыру агенті
  4.  пайда алушы
  5.  сақтандырылған тұлға

164. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтандыру тәуекелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беру

  1.  қайта сақтандыру
  2.  қос сақтандыру
  3.  топтық сақтандыру
  4.  ортақ сақтандыру
  5.  көпше сақтандыру

165. Тапсырма шартының ұғымы

  1.  бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі бір заңды іс-әрекет жасауға міндеттенеді
  2.  бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен кез келген іс-әрекет жасауға міндеттенеді 
  3.  бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен белгілі сыйға тартуды жасауға міндеттенеді
  4.  бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен сатып алу-сатуды жүзеге асыруға міндеттенеді
  5.  бір тарап (сенім білдірілген өкіл) екінші тараптың (сенім білдірушінің) атынан және соның есебінен жұмысты орындауға міндеттенеді

166. Жалпы ереже бойынша тапсырма шартын біржақты тәртіппен бұзуға бола ма?

  1.  егер шартпен өзгеше белгіленбесе, кез-келген уақытта бұзуға болады 
  2.  шартқа қарамастан кез-келген уақытта
  3.  шартты бұзу жалпы ереже бойынша іске асады
  4.  жеке тұлға ғана шартты кез келген уақытта бұзуға құқылы
  5.  шартты мерзімінен бұрын бұзуға жол берілмейді

 

167. Тапсырма шарты мен комиссия шартының айырмашылығы

  1.  сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің атынан және есебінен заңды іс-әрекет жасайды, ал комиссионер өз атынан мәміле жасайды
  2.  тапсырма шарты әр кезде ақылы, ал комиссия шарты ақысыз
  3.  тапсырма шарты әр кезде ақысыз, комиссия шарты ақылы
  4.  сенім білдірілген өкіл өз атынан әрекет жасайды, ал комиссионер өз есебінен әрекет жасайды
  5.  айырмашылығы тек тараптардың атауларында

168. Комиссия шартына сәйкес комиссионердің міндеті

  1.  комиссионер өз атынан, бірақ комитент есебінен бір немесе бірнеше мәміле жасайды 
  2.  комиссионер комитент атынан және есебінен бір немесе бірнеше мәміле жасайды 
  3.  комиссионер өз атынан және есебінен бір немесе бірнеше мәміле жасайды 
  4.  комиссионер комитент атынан және комитент көрсеткен үшінші тұлға есебінен бір немесе бірнеше мәміле жасайды 
  5.  комиссионер комитент көрсеткен үшінші тұлға атынан және есебінен бір немесе бірнеше мәміле жасайды 

169. Комиссия шарты бойынша мүлік кездойсоқ бүлінсе немесе жойылса, жауапты тұлға

  1.  комиссионер
  2.  комитент
  3.  екі жаққа тең бөлінеді
  4.  комитент көрсеткен үшінші тұлға жауапты
  5.  екі жақта жауаптылықтан босатылады

170. Комиссионердің комитеттен алған немесе комитенттің есебінен алған мүліктің меншік иесі

  1.  комитент
  2.  комиссионер
  3.  комитент пен комиссионердің ортақ меншігі
  4.  шаруашылық жүргізу құқығымен комиссионерге тиесілі
  5.  шаруашылық жүргізу құқығымен комиссионерге тиесілі

171. Егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше белгіленбесе, тапсырма шарты

  1.  ақылы да, ақысыз да болуы мүмкін
  2.  әркез ақысыз
  3.  шарттың ақылы немесе ақысыз болуын сот анықтайды
  4.  шарттың ақылы немесе ақысыз болуын сот анықтайды
  5.  бұл мәселе тек шартпен анықталады

172. Сенім білдірілген өкілдің тапсырманы орындауды басқа тұлғаға беру (жүктеу) жағдайлары

  1.  егер бұл шартта көзделген болса не сенім білдірілген өкіл сенім білдірушінің мүдделерін қорғау мақсатында туындаған мән-жайлармен өзге тұлғаға беруге мәжбүр болса
  2.  заң актілерінде қарастырылса ғана жол беріледі
  3.  кез келген жағдайда беруге болады
  4.  сот шешімі болуы тиіс
  5.  сенім білдірілген өкіл тапсырманы тек өзі орындауға міндетті

173. Тапсырма шарты бойынша құқықтар пен міндеттер кімде пайда болады?

  1.  сенім білдірушіде
  2.  сенім білдірілген өкілде
  3.  кімде болатынын, сот анықтайды
  4.  екі тарапта да
  5.  кімде болатынын шарт анықтайды 

174. Бір тарапқа кәсіпкерлікпен айналасу міндетін жүктейтін тапсырма шарты

  1.  елу де елу 
  2.  егер шартта өзгеше белгіленбесе, ақылы 
  3.  егер заңда немесе шартта ерекше белгіленбесе, ақысыз
  4.  әркез ақылы болады
  5.  сот анықтайды

175. Комиссия шартының пәні

  1.  бір немесе бірнеше мәміле жасау
  2.  жұмыс орындау
  3.  кез-келген қызмет көрсету
  4.  мүдде
  5.  зат

176. Тапсырма шартының жасалу нысаны

  1.  ауызша
  2.  жай жазбаша
  3.  мемлекеттік тіркеуді қажет етеді
  4.  нотариалды куәландыру
  5.  конклюдентті әрекет арқылы

177. Көлік құралын экипажсыз жалдау шарты бойынша жалға берілген көлік құралының күрделі жөндеуі кімге жүктеледі?

  1.  шартта өзгеше қарастырылмаса, жалға алушыға
  2.  жалға берушіге
  3.  жалға алушы мен жалға беруші 50 пайыздан күрделі жөндеуді төлейді
  4.  жалға алушы көрсеткен үшінші тұлғаға
  5.  сақтандырушыға

178. Егер сенім білдірілген өкіл кәсіпкер болса,шартты мерзімінен бұрын тоқтатуы жөнінде сенім білдірушіні хабардар ету мерзімі

  1.  егер шартта ұзағырақ мерзім көзделмесе, бір ай бұрын
  2.  14 күн бұрын 
  3.  егер шартта өзге мерзім көзделмесе, 6 ай бұрын
  4.  үш ай бұрын
  5.  жеті күн бұрын

179. Басқаның мүддесіне тапсырмасыз әрекет етуден туындайтын міндеттеме тараптарының атауы 

  1.  гестор және доминус
  2.   кастодиан және доминикан
  3.  цедент және цессионарий
  4.  клиент және қаржы агенті
  5.  комитент және комиссионер

180. Тапсырма шарты бойынша сенім білдірілген өкілдің негізгі міндеті

  1.  тапсырманы өзінің орындауы
  2.  тапсырманы асыра орындауы
  3.  тапсырманы тез арада орындауы
  4.  тапсырманы мазмұнды орындауы
  5.  тапсырманы ақысыз орындауы

181. Сақтандыру шарты бойынша франшиза ұғымы

  1.  белгілі бір мөлшерден аспайтын шығынды өтеуден сақтандырушыны босату
  2.  сақтандырушының лақап аты
  3.  сақтанушыны сақтандыру сыйлық ақыны төлеуден босату
  4.  франчайзинг шартында кездесетін атау
  5.  комиссионердің қосымша атауы

182. Сақтау шартының түрлері

  1.  Сақтау шартының түрлері
  2.  автокөлік камерасында сақтау
  3.  дүкенде сақтау
  4.  ғимаратта сақтау
  5.  офисте сақтау

183. Комиссия шартының жасалу нысаны

  1.  жазбаша
  2.  ауызша
  3.  нотариалды куәландыру
  4.  мемлекеттік тіркеу
  5.  конклюдентті әрекет негізінде

184. Франчайзинг шарты бойынша тараптар атауы

  1.  кешенді лицензиар және кешенді лицензиат
  2.  кешенді франшиз және кешенді лицензиат
  3.  кешенді комиссионер және кешенді комитент
  4.  кешенді гектор және кешенді доминат
  5.  кешенді сатушы және кешенді сатып алушы

185 Комиссия шарты құрамында болуы мүмкін шарт атауы

  1.  қосалқы комиссия шарты
  2.  қосулы комиссия лицензия шарты
  3.  арнайы комиссия шарты
  4.  қосымша комиссия шарты
  5.  негізгі комиссия шарты

186. Егер комиссионер мүлікті комитентпен келіскен мөлшерден жоғары бағаға сатып, айырмашылығын өз есебіне алатынын хабарласа, комитент

  1.  жасалған мәміледен бас тартуға құқығы жоқ
  2.  жасалған мәміленің үштен бірінен бас тартуға құқылы
  3.  жасалған мәміледен бас тартуға құқылы
  4.  жасалған мәміледен бас тартуға жартылай құқылы
  5.  шартта көзделген өзге де әрекеттерді жасауға құқылы

187. Комиссия шарты бойынша комиссионер сыйақы алуға қүқылы ма?

  1.  құқылы
  2.  жоқ
  3.  заңнамада көрсетілсе ғана құқылы 
  4.  сот шешімінде көзделсе құқылы
  5.  комитенттің қалауы бойынша шешіледі

188. Егер комитентке байланысты себептермен комиссия шарты орындалмаса, комиссионерге сыйақы төлене ме?

  1.  төленбейді
  2.  елу де елу болып шешіледі
  3.  заңнамада көзделсе, төленеді
  4.  комитент қалауына сай шешіледі
  5.  комиссионер бас тартуға міндетті

189. Делькредере дегеніміз

  1.  комитент алдында комиссионердің үшінші тұлғамен жасалған мәміленің орындалуына кепіл болушылығы
  2.  комиссия шартының латын тіліндегі атауы
  3.  комитенттің комиссионерді жауапкершілікке тартуы
  4.  АК-те көзделген негіздер бойнша комитенттің комиссия шартынан бас тартуы
  5.  үшінші тұлға үшін комитенттің комиссионер алдында кепіл болушылығы

190. Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың үшінші жақтардың алдындағы міндеттемелері

  1.  егер шартта өзгеше көзделмесе, ортақтасқан міндететме
  2.  егер шартта өзгеше көзделмесе, заттық міндеттеме
  3.  егер шартта өзгеше көзделмесе, үлестік міндеттеме
  4.  егер шартта өзгеше көзделмесе, баламалы міндеттеме
  5.  егер шартта өзгеше көзделмесе, регресстік міндеттеме

191. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша мүліктің сенімгерлікпен басқарушыға берілуі

  1.  егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, иеленуге, пайдалануға және билік етуге
  2.  уақытша иеленуге және пайдалануға
  3.  иеленуге, кез кезде билік етуге
  4.  ұзақ уақытттық иеленуге және пайдалануға
  5.  пайдалануға ғана

192. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша пайда алушы бола алатын тұлға

  1.  егер заң актілерімен немесе шартпен өзгеше көзделмесе, сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы
  2.  кез келген жеке тұлға 
  3.  сенімгер басқарушы
  4.  комитент
  5.  сенімгерлікпен басқарушының ең жақын туыстары

193. Мүлікті сенімгерлікпен басқарудың объектілері

  1.  егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген мүлік, соның ішінде ақша, бағалы қағаздар және мүліктік құқықтар
  2.  жұмыстар
  3.  қызметтер
  4.  интеллектуалдық меншік объектілері
  5.  мүліктік емес игіліктер мен құқықтар

194. Кепілге салынған мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру, кепіл ұстаушыны осы мүліктен өндіріп алу құқығынан айыра ма?

  1.  өндіріп алу құқығынан айырмайды
  2.  өндіріп алу құқығынан жартылай айырады
  3.  өндіріп алу құқығынан толықтай айырады
  4.  өндіріп алу құқығынан айыру немесе айырмауды сот шешеді
  5.  өндіріп алу құқығынан айыру немесе айырмауды Үкімет шешеді

195. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының елеулі ережелері

  1.  пәні, мерзімі, мүліктің құрамы, пайда алушы, есеп беру мерзімі мен нысаны туралы мәліметтер
  2.  баға, жұмыс түрлері мен мерзімі туралы мәліметтер
  3.  баға мен пәні, қызмет нысаны және мерзімдері туралы мәліметтер
  4.  берілетін мүліктің құны, шарт пәні, мерзімі туралы мәліметтер
  5.  бағасы, пәні және мерзімі.

196. Сенімгер басқарушы жылжымайтын мүлікті иеліктен шығаруға және кепілге беруге құқылы ма?

  1.  егер сенімгерлікпен басқаруды құру құжаттарында тікелей көзделсе, құқылы
  2.  құқығы жоқ
  3.  сот шешімінде көзделсе, құқылы
  4.  ҚР Үкіметінің қаулысында қарастырылса, құқылы
  5.  әркез құқылы

197. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шартының жасалу нысаны

  1.  нотариалдық куәландыру
  2.  мемлекеттік тіркеу
  3.  жай жазбаша
  4.  хаттама жасау жеткілікті
  5.  ауызша

198. Үшінші тұлғалар алдында сенімгер басқарушының жауаптылығы

  1.  мүлікті басқаруды тиісті дәрежеде орындамағандықтан келтірілген залал үшін өзіне тиесілі мүлікпен қосымша жауап береді
  2.  құрылтайшысымен ортақтасып жауап береді
  3.  құрылтайшысымен үлестік жауап береді
  4.  егер шартпен өзгеше көзделмесе, жауап бермейді
  5.  егер шартпен өзгеше көзделмесе, жауаптылық мәселесі прокуратурада шешілуі тиіс

199. Франчайзинг шартының пәні

  1.  айрықша құқықтар кешені
  2.  ақшалар
  3.  жеке белгілерімен анықталған заттар
  4.  мүліктік емес құқықтар кешені
  5.  азаматтық айналымнан алынбаған кез келген зат

200. Франчайзинг шартында белгіленген шектеулердің жарамсыз болу негіздері

  1.  Франчайзинг шартында белгіленген шектеулердің жарамсыз болу негіздері
  2.  лицензиаттың лицензиармен бәсекелеспеу туралы міндеттемесі
  3.  лицензиардың конкуренттерінен кешенді кәсіпкерлік құқықтарды алудан лицензиаттың бас тартуы
  4.  лицензиярдың тауар өндіру құпияларын жарияламау
  5.  лицензиардың дәл осындай кешенді кәсіпкерлік лицензияны пайдалануға лицензиаттың территориясындағы өзге тұлғаларға бермеу

201. Тауар сапасының нашар болуына байланысты лицензиатқа қойылған талаптар бойынша лицензиардың жауапкершілігі 

  1.  қосымша
  2.  ертақтасқан
  3.  баламалы
  4.  негізгі
  5.  қосалқы

202. Франчайзинг шарты бойынша лицензиардың фирмалық атауын өзгертуінің құқықтық салдары

  1.  егер лицензиат шартты бұзып шығынды өтеуді талап етпесе, лицензиардың жаңа фирмалық атауын қолданады, шарт бұзылмайды
  2.  лицензиаттың шығындарын өтеген жағдайда шарт бұзылмайды
  3.  шарт бұзылады
  4.  туындаған мәселені ҚР Үкіметі ғана шешеді
  5.  сот шешімімен ғана шарт бұзылуы немесе бұзылмауы мүмкін

203. Франчайзинг шарты бойынша лицензиар-азамат қайтыс болуының құқықтық салдары

  1.  лицензиардың мұрагері алты айдың ішінде кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда, мұрагерге ауысады
  2.  ешбір жағдайда лицензиар құқықтары мұрагерлеріне ауыспайды
  3.  лицензиар құқықтары оның мұрагерлеріне елу пайыз көлемінде ғана ауысады
  4.  лицензиар құқықтарының ауысуы ҚР Үкіметі қаулысымен анықталады
  5.  лицензиар құқықтарының ауысуына сот шешімі қажет

204. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шарты ұғымы

  1.  бір тұлғаның екінші тұлғаға айрықша құқықтар кешенін пайдалануға беру туралы келісім
  2.  бір тұлғаның екінші тұлғаға тұтынылатын заттарды беру туралы келісім
  3.  бір тұлғаның екінші тұлғаға мүліктік емес жеке құқықтарды пайдалануға беру туралы келісім
  4.  бір тұлғаның екінші тұлғаға тектік белгілерімен анықталған заттарды беру туралы келісім
  5.  бір тұлғаның екінші тұлғаға жеке белгілерімен анықталған мүлікті беру туралы келісім

205. Мерзімі көрсетілмей жасалған кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын әрбір тараптың бұзу мерзімі

  1.  егер шартта ұзақ мерзім белгіленбесе, басқа тарапты 6 ай бұрын хабардар ете отырып бұзуға құқылы 
  2.  басқа тарапты 30 күн бұрын хабардар ете отырып, бұзуға құқылы 
  3.  тек қана бір тарап таратылған жағдайда, бұзуға құқылы 
  4.  тек қана банкроттық іс қозғалғанда, бұзуға құқылы 
  5.  шартты бұзуға сот шешімі қажет

206. Лицензиат сатқан тауардың ,орындаған жұмыстың, көрсеткен қызметтің сапасына байланысты жауапкершілік кімге жүктеледі?

  1.  лицензиатқа қойылған талаптар бойынша лицензиар субсидиарлы жауапты болады
  2.  лицензиар лицензиатпен ортақтасып жауап береді
  3.  жауапкершілік мәселесін сатушы мен сатып алушы келісіммен анықтайды
  4.  сот шешімімен анықталады
  5.  республикалық бюджеттен төленеді

207. Франчайзинг шартындағы бір тарап атауы

  1.  кешенді лицензиар
  2.  жалға беруші
  3.  цедент
  4.  қаржы агенті
  5.  франчайзи

 

208. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының жасалу нысаны

  1.  жазбаша
  2.  конклюдентті әрекет арқылы
  3.  ауызша
  4.  нотариалды куәландыру
  5.  мемлекеттік тіркеу

209. Сенімгерліктегі мүлікке меншік құқығының ауысуы, осы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатады ма? 

  1.  сенімгерліктегі мүлікке меншік құқығының ауысуы, осы мүлікті сенімгерлікпен басқаруды тоқтатады ма 
  2.  тоқтатады
  3.  елу пайыз тоқтатса, елу пайыз тоқтатпайды
  4.  ҚР Үкіметі анықтайды
  5.  бұл сұрақ сот шешімімен анықталады

210. Кешенді кәсіпкерлік лицензия шартының ең ұзақ қолданылу мерзімі

  1.  заң актілерімен белгіленбеген
  2.  5 жыл, одан кейін тағы да 5 жылға ұзартуға болады
  3.  10жыл
  4.  егер тараптардың келісімімен одан ұзақ мерзім белгіленбесе,10 жыл
  5.  сот шешімімен анықталады

211. Патент құқығының объектілері

  1.  өнертабыс, өндірістік үлгі, пайдалы модель
  2.  ғылым, әдебиет, өнер туындылары
  3.  жылжитын мүліктер
  4.  жылжымайтын мүліктер
  5.  фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі

212. Лизинг қандай шартқа жатады

  1.  мүлік жалдау
  2.  қызмет көрсету
  3.  жұмыс орындау
  4.  сатып алу-сату
  5.  сақтандыру

213. Концорциум ұғымы

  1.  бірлескен қызмет туралы заңды тұлғалар арасындағы шарт
  2.  заңды тұлғалардың одағы
  3.  жеке және заңды тұлғалар бірлестігі
  4.  мемлекеттік мекемелер бірлестігі
  5.  мемлекеттік органдар жиналысы

214. Франчайзинг терминінің өзгеше атауы

  1.  кешенді кәсіпкерлік лицензия
  2.  кешенді коммерциялық лицензия
  3.  ақшалай талапты ауыстыру
  4.  сақтандыру агентіне берілетін комиссиялық сыйақы
  5.  комиссионерге берілетін сыйақы

215. Конкурстық міндеттеме ұғымы

  1.  көпшілік алдында сыйақы беруге уәдеден және сауда-саттық негізінен туындайтын құқықтық қатынастар 
  2.  зиян келтіруден туындайтын құқықтық қатынастар
  3.  негізсіз баюдан туындайтын құқықтық қатынастар
  4.  лизинг негізінде туындайтын құқықтық қатынастар
  5.  факторинг негізінде туындайтын құқықтық қатынастар

216. Көпшілік алдында сыйақы беруге уәде етудің салдары

  1.  көпшілік алдында уәде еткенде қойылған мерзімде және мөлшерде конкурстың жеңімпазына сыйақы төленеді
  2.  конкурстың жеңімпазымен ол жасаған шығарманы сату-сатып алу шарты жасалады
  3.  конкурстың бастамашысы конкурс женімпазымен оның шығармасын пайдалану құқығы туындайды
  4.  конкурстың жеңімпазы өзінің шығармасын пайдалану құқығын иеленеді
  5.  конкурстың жеңімпазы конкурстың бастамашысымен еңбек шартын жасауға басым құқық алады

217. Конкурс түрлері

  1.  ашық және жабық
  2.  ашық және шектеулі
  3.  жабық және жария
  4.  ашық және жария
  5.  бас және қосымша

218. Жабық конкурс түсінігі

  1.  қатысуға шақырған ұсынысты конкурс бастамашысының таңдауы бойынша тұлғалардың белгілі бір тобына жолдау
  2.  қатысуға шақырған ұсынысты әскери қызметкерлер тобына жолдау
  3.  қатысуға шақырған ұсынысты Қазақстан азаматтарына жолдау
  4.  оған қатысу мүмкіндігі тұлғалардың немесе азаматтардың жағдайына байланысты болуы
  5.  оған мемлекеттік қызметшілер қатыса алатын болуы

219. Конкурс ғылым,әдебиет немесе өнер шығармаларын жасау жөнінде жарияланған болса, конкурс бастамашысы иеленетін құқықтар

  1.  егер көпшілік алдында сыйақы уәде еткенде өзгеше көзделмесе, шығарма авторымен келісіп, шығарманы сыйақы төлеп пайдалану жөнінде шарт жасасуда басым құқыққа ие
  2.  сыйақы төлемей шығарманы пайдалануда басым құқыққа ие
  3.  сыйақы төлей отырып шығарманы өз атына аударып алуда басым құқыққа ие
  4.  шығарманы автор келісімінсіз үшінші тұлғаларға сатуда басым құқыққа ие 
  5.  шығарманы автор келісімінсіз өзге тілдерге аударуда басым құқыққа ие

220. Көпшілік алдында сыйақы төлеу туралы уәде еткен тұлғаның сол уәдесінен бас тартуына болмайтын жағдайлар

  1.  бас тартуға жол берілмейтіндігі хабарландырудың өзінде көзделген немесе одан туындайтын немесе сыйақыға уәде берілген іс-әрекеттерді жасау үшін белгілі бір мерзім берілген немесе бас тарту туралы хабарланған кезде соған үн қосқан тұлғалардың ең болмағанда біреуі міндеттемеде көрсетілген іс-әрекеттерді орындап қойған жағдайларда
  2.  кез келген уақытта және жағдайда бас тартуға құқылы
  3.  жартылай бас тартуға құқылы
  4.  ҚР Үкіметінің шешіміне орай шешіледі
  5.  сот шешімі қажет

221. Лоторея, тотализатор немесе өзге ойындар жүргізгенде ұтыс төлеу мерзімі олардың ережелерінде көрсетілмесе, ұтыс төленетін мерзім

  1.  ойындардың нәтижесін шығарған кезден бастап он күннен кешіктірмей
  2.  ойындардың нәтижесін шығарған күннен кейін келесі күн бойы
  3.  ойындардың нәтижесін шығарған күннен бастап бір айдан кешіктірмей
  4.  дереу
  5.  нәтиже шыққан күннен бастап жеті күннен кешіктірмей

222. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құмар ойындар мен бәстігуді ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары

  1.  Азаматтар мен заңды тұлғалардың құмар ойындар мен бәстігуді ұйымдастыруға, өткізуге немесе оларға қатысуға байланысты талаптары
  2.  жалпы тәртіппен сот қорғауына жатады
  3.  сот қорғауына жатпайды және тәуекелді қатысушылар толық көлемінде көтереді
  4.  ерекше өндіріс тәртібі мен сот қарауына жатады
  5.  оларды жүргізу қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болғандықтан қорғалуға жатпайды, жалпы тәртіппен сот қорғауына жатады

223 Қазақстанда құмар ойындарды жүргізуге құқылы тұлғалар 

  1.  мемлекетке, әкімшілік-аумақтық бөліністерге және уәкілетті мемлекеттік органнан лицензия алған тұлғаларға жол беріледі
  2.  кез келген заңды тұлғалар
  3.  кез келген жеке тұлғалар
  4.  жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар
  5.  ойын орны деген жазуы бар ұйымдарға

224. Тендер жеңімпазы ретінде танылатын тұлға

  1.  ең қолайлы жағдайлар ұсынған тұлға
  2.  ең жоғары баға ұсынған тұлға
  3.  кез келген тұлға
  4.  сот шешімі ғана қажет
  5.  ҚР Үкіметі жеңімпазды анықтайды

225. Тендерді бірінші саудаластықта өткізілмеді деп тану негіздері

  1.  егер оған қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса
  2.  егер оған қатысушылар үшеуден аз болса
  3.  егер оған төрт адамнан кем қатысса
  4.  тек қана тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердің талаптарын қанағаттандырмайды деп ҚР Үкіметі шешімі негізінде таныса
  5.  жергілікті атқару органының қалауы негізінде

226. Тендер өткізілгенде оны ұйымдастырушының міндеттері

  1.   өзі ұсынған бастапқы шарттардың негізінде тендер бастамашысы үшін шарттың ең жақсы талаптарын ұсынған тендер қатысушысы мен шарт жасасу (сатушы, сатып алушы,тапсырысшы, мердігер, жалға беруші, жалға алушы және т.б.)
  2.   мүлікті ең жоғары баға ұсынған адамға сату
  3.  ең жоғары баға ұсынған жеке тұлғаға қызмет көрсету
  4.  ең жоғары баға ұсынған тұлғаға жұмыс орындау
  5.  ең жақсы талаптар ұсынған тұлғаға мүлікті сыйға тарту

227. Ағылшындық әдіспен өткізілетін сауда-саттық ұғымы

  1.  бағаны арттыру (көтеру) арқылы өткізілетін сауда-саттық
  2.  бағаны төмендету мен өткізілетін сауда-саттық
  3.  төлемді кейінге қалдырып өткізілетін сауда-саттық
  4.  алдын-ала төлеу арқылы өткізілетін сауда-саттық
  5.  бағаны төмендету арқылы өткізілетін сауда-саттық

228. Голландық әдіспен өткізілетін сауда-саттық ерекшелігі

  1.  бағаны төмендету арқылы өткізілетін сауда-саттық
  2.  бағаны арттыру арқылы өткізілетін сауда-саттық
  3.  төлемді кейінге қалдырып өткізілетін сауда-саттық
  4.  алдын-ала төлеу арқылы өткізілетін сауда-саттық алдын-ала төлеу арқылы өткізілетін сауда-саттық
  5.  бағаны өзгертпей өткізілетін сауда-саттық

229. Келтірілген зиян өтелуге жатпайтын жағдайлар

  1.  қажетті қорғаныс жағдайында, қажетті қорғаныстың шегінен шықпай зиян келтірілсе
  2.  әрекет қабілеттілігі шектеулі адам келтірілсе
  3.  кәмелетке толмағандар келтірген болса
  4.  жоғары қауіптілік көздері келтірген болса
  5.  заңсыз соттау салдарынан азаматтарға келтірген болса

230. Жұмыс орындау немесе қызмет көрсету кезінде қызметкерлерге келтіргілен зиянды өтейтін тұлға

  1.  жұмыс беруші
  2.  қызметкерлердің өздері
  3.  қызмеркерлердің бастықтары
  4.  ҚР Үкіметі
  5.  кәсіподақ

231. Жәбірленуші алдындағы бірлесіп зиян келтірушілердің жауапкершілігі

  1.  бірлескен
  2.  қылмыстық
  3.  баламалы
  4.  тәртіптік
  5.  әкімшілік-құқықтық

232. Қажетті қорғану жағдайында келтірілген зиян өтеле ме?

  1.  егер оның шегінен асып кетпесе, өтеуге жатпайды
  2.  әрқашанда өтеледі
  3.  қандай жағдайда болмасын, өтеуге жатпайды
  4.  зиянды кәмелетке толмаған азамат келтірілсе, өтеуге жатпайды
  5.  зиянды әрекетке қабілетсіз деп танылған адам келтірсе, өтеуге жатпайды

233. Заңды тұлға қызметкері келтірген зиянды кім өтейді?

  1.  кінәлі жеке тұлға өтейді
  2.  заңды тұлға өтейді
  3.  ҚР Үкіметі өтейді
  4.  жергілікті атқарушы орган өтейді
  5.  зиян өтелмейді

234. Мемлекеттік органдардың заңнамаға сай келмейтін актілерді шығаруының салдарынан келген зиян қалай өтеледі

  1.  мемлекеттік қазына есебінен
  2.  жалпы негіздер бойынша
  3.  осы органдардың есебінен
  4.  лауазымды адамдардың мүлкі есебінен
  5.  зейнетақы есебінен

235. Он төрт жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін жауап беруші

  1.  егер зиян өздерінің кінасынан болмағанын дәлелдемесе, оның ата- анасы (асырап алушылары), қорғаншылары
  2.  кәмелетке толмағандардың өздері
  3.  жергілікті бюджет есебінен 
  4.  ешкім жауапкершілікке тартылмайды -
  5.  қорғаншылық пен қамқоршылық органдары

236. Жоғары қауіп көзінен туған зиянды өтеу 

  1.  егер зиян дулей күштердің немесе жәбірленушінің теріс пиғылының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғары қауіп көзінің иесі өтейді 
  2.  барлық жағдайда, жоғары қауіп көзінде жұмыс істеген адам өтейді
  3.  өтелмейді
  4.  ҚР Үкіметі есебінен өтеледі
  5.  жергілікті бюджет есебінен өтеледі

237. Моралдық зиян өтеу нысаны

  1.  ақшалай
  2.  ауызша, кешірім сұрау арқылы
  3.  нақты мүлікпен (затпен) өтейді
  4.  жазбаша, кешірім сұрау арқылы
  5.  туыстық жолмен

238. Кәмелетке толмағандар келтірген зиян үшін олардың ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналары жауапты жағдайлары

  1.  егер зиян келтіру ата-аналарының ата-аналық құқтарынан айырылғаннан кейін 3 жыл ішінде келтірілген болса және сот сол баланың ата-аналары тәрбиелеу міндеттерін тиісті дәрежеде жүзеге асырмаған деп тапса
  2.  ата-аналық құқығынан айрылған соң 5 жылдан кейін баласы зиян келтірсе
  3.  егер зиян келтірген баланың іс қимылы ата-аналарының соңғы 10 жылда сол баланы тәрбиелеу міндеттерін тиісті дәрежеде жүзеге асырмағанының салдары болса
  4.  ата-аналық құқықтарына айрылса да кез-келген жағдайда және уақытта жауапты, себебі зиян келтіруші солардың баласы
  5.  егер ата-аналары баласын тиісті дәрәжеде ата-аналық құқықтарынан айырылғанға дейін тәрбиелемегеніне кінәлі екендігі дәлелденбесе

239. Он сегіз жасқа дейінгі азамат келтірген зиянды өтеген оның ата-аналары кейін оның кәмелетке толуы байланысты кері талап қоя ала ма?

А. қоя алмайды

В. қоя алады

С. сот шешеді

D. прокуратура шешеді

E. жергілікті атқарушы орган шешеді

240. Қандай зиян өтелуге жатпайды? 

  1.  зиян келтірушінің кінәсімен келтірілген зиян 
  2.  жәбірленушінің қасақана кінәсімен келтірілген зиян 
  3.  әрекет қабілеті шектеулі адам келтірген зиян
  4.  заңды тұлға келтірген зиян 
  5.  14 жасқа дейінгі азамат келтірген зиян

241. Тауардың жеткіліксіздігі салдарынан келтірілген зиянды өтеу жүктелетін тұлғалар

  1.  жәбірленушінің таңдауы бойынша тауарды сатушы немесе дайындаушы
  2.  сатып алушы
  3.  сыйға тартушы
  4.  жалға алушы
  5.  сатушы

242. Бірнеше жоғары қауіптілік көздерінің өзара іс қимылдарының салдарынан келтірілген зиян үшін жауаптылық

  1.  ортақтасқан
  2.  кері талап қою
  3.  сингулярлық құқық мирасқорлығы тәртібімен
  4.  баламалы
  5.  дербестік тәртіппен

243. Зиян келтіруден туындайтын міндеттеме

  1.  деликтілік міндеттеме 
  2.  шарттық міндеттеме
  3.  конкурстық міндеттеме
  4.  негізсіз баю міндеттемесі
  5.  мәміле

244 Келтірілген зияны үшін жауап бермейтін тұлғалар

  1.  14 жасқа дейінгі азаматтардың өздері
  2.  заңды тұлғалар
  3.  жоғары қауіпті көзінің иесі
  4.  әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат
  5.  мемлекет

245. Әрекетке қабілеті жоқ деп танылған азамат келтірген зиянды кім өтейді?

  1.  кінәсіз екенін дәлелдей алмаса, оның қорғаншысы
  2.  зиян келтіруші
  3.  жәбірленуші
  4.  қамқоршы
  5.  қорғаншы мен қамқоршы ортақтасып

246. Әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азамат келтірген зиянды кім өтейді?

  1.  осы азаматтың өзі өтейді
  2.  оның ата-анасы өтейді
  3.  қамқоршысы өтейді 
  4.  жергілікті бюджет есебінен өтеледі
  5.  кім өтейтінін сот шешеді

247. Зиян келтірушінің кінәсінің бар жоғына қарамастан өтелетін моралдық зиян

  1.  жоғары қауіптілік көзінен азаматтың өмірі және денсаулығына келтірілсе
  2.  жоғары қабатта тұратын көрші үйден су ағып, зиян келтірілсе
  3.  өрт шығып мүлікке зиян келтірілсе
  4.  азамат азаматшамен неке тұрам деп, алдап кетсе
  5.  су қайығы аударылып, азаматтың жеке басын растайтын құжаттары мен ақшасы суға кетіп, зиян келтірілсе 

248. Мүліктік зиян мен моралдық зиянның өтелу ерекшеліктері 

  1.  моралдық зиян өтелуге тиіс мүліктік зиянға қарамастан өтелуі тиіс
  2.  моралдық зиян өтелмейді, себебі мүліктік зиян өтеледі
  3.  мүліктік зиян өтелмейді, себебі моралдық зиян өтеледі
  4.  ҚР Үкіметі анықтайды 
  5.  сот біреуін ғана өтеу жөнінде шешім шығарады

249. 14 пен 18 жас арасындағы азамат келтірген зиян үшін кім жауапты?

  1.  жалпы ереже бойынша оның өзі дербес жауап береді
  2.  әрқашанда ата-анасы жауап береді
  3.  қорғаншысы жауап береді
  4.  қамқоршысы жауап береді
  5.  кәмелетке толмағандықтан, заңнамада жауаптылық қарастырылмаған

250. Тауардың (жұмыстың,қызметтің) жарамдық (қызмет) мерзімі белгіленбесе және олардың кемшілігінен туындаған зиян өтелуі тиіс мерзім

  1.  тауар (қызмет көрсету, жұмыс) өндірілген күннен бастап10 жыл ішінде
  2.  тауарды (жұмысты,қызметті) алған күннен бастап 5 жыл ішінде
  3.  тауар (жұмыс,қызмет көрсету) өндірілген күннен бастап 20 жыл ішінде
  4.  тауар (жұмыс,қызмет көрсету) өндірілген күннен бастап 1 жыл ішінде
  5.  тауарды (жұмысты,қызмет көрсетуді) алған күннен бастап 3 жыл ішінде

251. Моральдық зиян ұғымы

  1.  жеке және заңды тұлғалардың өзіндік мүліктік емес игіліктері мен құқықтарының бұзылуы, кемуі, соның ішінде тән және жан азабы
  2.  жеке және заңды тұлғаларға келтірілген жан азабы
  3.  жеке тұлғаларға келтірілген тән азабы
  4.  тек заңды тұлғаларға келтірілген тән және жан азабы
  5.  мемлекеттің мүліктік құқықтарының бұзылуы, кемуі

252. Негізсіз баюды құрайтын мүлікті иемденуші:

  1.  мүлікті табиғи күйінде қайтаруға міндетті
  2.  ақшалай нысанда қайтаруға міндетті
  3.  қайтаруға міндетті емес 
  4.  мемлекетке өткізсе болады 
  5.  қайырымдылық үйіне берсе жеткілікті 

253. Мүлікті (затты) меншікке беру жөніндегі міндеттемелерге жататыны 

  1.  тауар жеткізілімі шарты 
  2.  сақтандыру шарты
  3.  факторинг шарты
  4.  франчайзинг шарты
  5.  авторлық шарт

254. Мүлікті (затты) пайдалануға беру жөніндегі міндеттемеге жататыны

  1.  лизинг шарты
  2.  энергиямен жабдықтау шарты
  3.  мердігерлік шарты
  4.  факторинг
  5.  франчайзинг

255. Негізсіз байыған тұлға мүліктен алған пайданы жәбірленушіге қайтару сәті

  1.  мұндай баюдың негізсіздігі туралы білген немесе білуге тиісті болған сәттен бастап
  2.  сол мүлікті иелену сәтінен бастап
  3.  тұлға алған пайданы қайтаруға міндетті емес
  4.  бұл сұрақ тек тараптардың келісімімен шешіледі
  5.  бұл сұрақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттелмейді

256. ҚР Азаматтық кодексіне сай жұмыс орындау жөніндегі міндеттемелерді қамтитын шарт

  1.  мердігерлік
  2.  комиссия шарты
  3.  франчайзинг шарты
  4.  лизинг шарты
  5.  сақтау шарты

257. Сабақтас құқықтардың қолданылу мерзімі

  1.  алғашқы орындаудан, қойылымнан немесе эфирге шығарудан бастап 70 жыл бойы
  2.  алғашқы орындаудан немесе қойылымнан бастап 10 жыл бойы
  3.  орындаушы қайтыс болған кезден бастап 20 жыл бойы
  4.  орындаушы қайтыс болған кезден бастап 50 жыл бойы
  5.  алғашқы орындаудан немесе қойылымнан бастап 100 жыл бойы

258. Өнертабысқа берілетін патенттің қолданылу мерзімі

  1.  ҚР патенттік органына өтініш түскен күннен бастап 20 жыл бойы
  2.  ҚР патенттік органына өтініш түскен күннен бастап 5 жыл бойы
  3.  ҚР патенттік органына өтініш түскен күннен бастап 10 жыл бойы, патент иесінің өтініші бойынша тағы 5 жылға ұзартылуы мүмкін
  4.  ҚР патенттік органына өтініш түскен күннен бастап 30 жыл бойы
  5.  ҚР патенттік органына өтініш түскен күннен бастап 40 жыл бойы

259. Пайдалы модельді патентке қабілетті деп тану негіздері

  1.  жаңа және өнеркәсіпте қолдануға болатындығы
  2.  техникалық шешім және өнеркәсіпте қолдануға болатындығы
  3.  өнеркәсіпте қолдануға болатындығы
  4.  жаңа болуы
  5.  жаңа болуы және түпнұсқалығы

260. Өнертабыс, пайдалы модель және өнеркәсіптік үлгінің авторы ретінде танылатын тұлға

  1.  шығармашылық еңбегімен патент құқығының объектісін жасаған (шығарған) жеке тұлға
  2.  кез келген жеке және заңды тұлға
  3.  шығармашылық еңбегімен патент құқығының объектісін жасаған (шығарған) әкімшілік-аумақтық бөлініс
  4.  шығармашылық еңбегімен патент құқығының объектісін жасаған (шығарған) мемлекет
  5.  шығармашылық еңбегімен патент құқығының объектісін жасаған (шығарған) заңды тұлға

261. Авторлық құқықтың қолданылу мерзімі

  1.  автордың өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 70 жыл бойы
  2.  автордың өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 50 жыл бойы
  3.  автордың өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 100 жыл бойы
  4.  автордың өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 75 жыл бойы
  5.  автордың өмір бойы және ол қайтыс болғаннан кейін 30 жыл бойы

262. Авторлық құқықтың объектілері болып табылмайтын шығармалар

  1.  халық шығармашылығы туындылары
  2.  хореография шығармалары
  3.  әдебиет туындалары
  4.  өнер туындылары
  5.  ғылыми туындылар

263. Шығарманың (туындының) авторына және өзге авторлық құқықтардың иелеріне тиесілі мүліктік құқықтар

  1.  шығарманы қайталап шығару, аудару, жария тарату, көрсету, орындау құқықтары
  2.  шығарманың авторы ретінде танылу құқығы 
  3.  автордың беделін қорғау құқығы
  4.  өз есіміне құқығы
  5.  шығармаға қол сұқтырмаушылық құқығы

264. Шығарманың (туындының) авторына тиесілі мүліктік емес жеке құқықтар

  1.  шығарманы аудару құқығы
  2.  шығарманы қайталып шығару құқығы
  3.  шығарманы жария орындау құқығы
  4.  шығармаға авторлық құқығы
  5.  шығарманы жария тарату құқығы

265. Авторлық құқықты қорғау белгісінің бір түрі

  1.  шығарманың әр данасында қоршаудағы С латын әрпінің болуы, автордың есімі, алғашқы жарияланған жылы 
  2.  шығарманың әр данасында қоршаудағы Т латын әрпінің болуы, автордың есімі, алғашқы жарияланған жылы 
  3.  шығарманың әр данасында қоршаудағы Р латын әрпінің болуы, автордың есімі, алғашқы жарияланған жылы 
  4.  шығарманың әр данасында қоршаудағы А латын әрпінің болуы, автордың есімі, алғашқы жарияланған жылы 
  5.  шығарманың әр данасында қоршаудағы Н латын әріпінің болуы, автордың есімі, алғашқы жарияланған жылы 

266. Өнертабыс түсінігі

  1.  жаңа, өнертабыстық деңгейі бар және өндірісте қолданылымды техникалық шешім
  2.  өндірісте қолдануға жарамды көркемдік-конструкциялық зат
  3.  жаңалау маркетингтік шешім
  4.  өндірісте қолдануға жарамды жаңа конструкторлық шешім
  5.  өнертабыстық деңгейі бар менеджерлік шешім

267. Тауар белгісіне құқықтың қолданылу мерзімі

  1.  өтінім тіркелгенннен бастап он жыл бойы
  2.  өтінім тіркелгенннен бастап бес жыл бойы
  3.  өтінім тіркелгенннен бастап жетпіс жыл бойы
  4.  өтінім тіркелгенннен бастап елу жыл бойы
  5.  өтінім тіркелгенннен бастап жиырма бес жыл бойы

268. Сабақтас құқықтарды қорғау белгісі

  1.  қоршаудағы Р латын әрпі, иесінің есімі (атауы), орындау немесе фонограмма жазбасының алғашқы жарияланған жылы 
  2.  қоршаудағы С латын әрпі, иесінің есімі (атауы), орындау немесе фонограмма жазбасының алғашқы жарияланған жылы 
  3.  қоршаудағы А латын әрпі, иесінің есімі (атауы), орындау немесе фонограмма жазбасының алғашқы жарияланған жылы 
  4.  қоршаудағы К латын әрпі, иесінің есімі (атауы), орындау немесе фонограмма жазбасының алғашқы жарияланған жылы
  5.  қоршаудағы ИФ латын әріптері, иесінің есімі (атауы), орындау немесе фонограмма жазбасының алғашқы жарияланған жылы 

269. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, қызметтерді дараландыру құралдары

  1.  фирмалық атау, тауар белгісі, тауардың шыққан жерінің атауы
  2.  жеке тұлға есімі
  3.  заңды тұлғаның орналасқан жерінің атауы
  4.  заңды тұлғаның сақтандыру белгілері
  5.  ноу-хау және коммерциялық құпия 

270. Қос және жәй қойма куәліктері қандай шартта кездеседі және олардың мәртебесі

  1.  сақтау шартында кездеседі, бағалы қағаздар
  2.  акционерлік қоғамдарда кездесетін бағалы қағаздар
  3.  сақтандыру шартында кездесетін актуарий синонимы
  4.  комиссия шартында кездеседі, комитенттің бір атауы
  5.  факторинг шартында кездеседі, қаржы құралдары

271. Келісім шарт жасасу шарты

  1.  сатып алу-сату шартының бір түрі
  2.  франчайзинг шартының бір түрі
  3.  мүлікті жалдау шартының бір түрі
  4.  өтемелі қызмет көрсету шартының бір түрі
  5.  сақтандыру шартының бір түрі

272. Заң бойынша мұрагер бола алмайтын адамдар

  1.  мұра қалдырушы өміріне зиян келтірген мұрагер
  2.  мұра қалдырушы тірі кезінде іште қалып, ол өлгеннен кейін дүниеге келген мұрагер
  3.  мұра қалдырушының шет елде тұратын мұрагері
  4.  мемлекетке қарсы қылмыс жасағаны үшін өмір бойына сотталған мұра
  5.  3 жасқа дейінгі мұра қалдырушының мұрагері

273. Өсиеттік бас тарту (легат)

  1.  өсиет қалдырушының мұра есебінен үшінші жақтардың пайдасына қандай да бір әрекеттерді орындауды мұрагерге жүктеуі
  2.  өсиет қалдырушының жұбайын (жолдасын) мұрадан айыру
  3.  өсиет қалдырушының балаларын мұрадан айыру;
  4.  мұрагердің мұраны үшінші жақтың пайдасына беруі
  5.  мұрагердің өз еркімен мұра алудан мемлекеттің пайдасына бас тартуы

274. Мұраның ашылу орны

  1.  мұра қалдырушының соңғы тұрақты тұрғылықты жері, ал егер ол белгісіз болса - мүлкінің орналасқан жері немесе оның негізгі бөлігі орналасқан жер
  2.  мұра қалдырушының уақытша тұрғылықты жері
  3.  мұра қалдырушының тіркелген жері
  4.  мүлкінің орналасқан жері
  5.  мұра қалдырушының мүлкінің негізгі бөлігі орналасқан жері

275. Мұрагердің мұрадан бас тарту құқығы

  1.  мұрагер мұрагерлікке шақырылғаны туралы білген немесе білугі тиіс күннен бастап 6 айдың ішінде бас тартуға құқылы 
  2.  мұргер мұра ашылған кезден бастап кез келген уақытта бас тартуға құқылы
  3.  мұргер мұра ашылған күннен бастап бір жыл ішінде бас тартуға құқылы 
  4.  мұргер мұра ашылған күннен бастап үш жыл ішінде бас тартуға құқылы 
  5.  мұргер мұра ашылған күннен бастап тоғыз ай ішінде бас тартуға құқылы

276. Мұрадағы міндетті үлестің мөлшері

  1.  заң бойынша мұрагерлік жүргізілгенде тиесілі болатын үлестің кемінде жартысы
  2.  жалпы мұра құрамындағы мүліктің үштен бірінен кем емес
  3.  заң бойынша мұрагерлік жүргізілгенде тиесілі болатын үлестің кемінде 2/3 бөлігі
  4.  жалпы мұра құрамындағы мүліктің 1/4 үлесінен кем емес
  5.  заң бойынша мұрагерлік жүргізілгенде тиесілі болатын үлестің кемінде 1/5 бөлігі

277. Өсиет қалдырушының өсиетті өзгерту және күшін жою құқықтары

  1.  өсиет қалдырушы кез келген уақытта өсиетті өзгертуге және күшін жоюға құқылы
  2.  жол берілмейді
  3.  өсиетте көрсетілген мұрагердің келісімімен жол беріледі
  4.  өсиетті өзгертуге ғана жол беріледі, нотариалды куәландырылып қоюына байланысты оның күшін жоя алмайды
  5.  нотариалдық куәландырылған күннен бастап 1 жыл ішінде ғана өсиеттің күшін жоюға жол беріледі

278. Мұра қалдырушыға несие берушілердің құқықтары

  1.  мұра қалдырушының міндеттемелері бойынша өздеріне мұра ретінде ауысқан мүлік құнының шегінде мұрагерлер жауапты
  2.  мұра қалдырушының мүліктік емес міндеттемелері бойынша да мұрагерлер жауапты
  3.  мұра қалдырушының міндеттемелері бойынша тек мемлекет ғана жауапты
  4.  мұра қалдырушының міндеттемелері бойынша оған тиесілі болған заңды тұлғалар жауапты
  5.  мұра қалдырушының міндеттемелері бойынша ешкім де жауап бермейді

279. Иесіз мұра ұғымы

  1.  өсиет және заң бойынша мұрагерлердің болмауы немесе олардың мұрадан бас тартуы
  2.  өсиет бойынша мұрагерлердің болмауы
  3.  өсиет бойынша мұрагердің болуы, заң бойынша мұрагер болмауы
  4.  заң бойынша мұрагер бар болып, өсиет бойынша мұрагер болмауы
  5.  өсиет және заң бойынша мұрагерлер болғанымен мұра қалдырушыны жерлеуден бас тартуы

280. Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегі

  1.  мұра қалдырушының бірге туған аға, іні, апа, қарындас, сіңлілері, әкесі мен анасының ата-аналары (өз және нағашы аталары мен әжелері)
  2.  мұра қалдырушының бірге туған аға, іні, апа, қарындас, сіңлілері, әкесі мен анасының ата-аналары (өз және нағашы аталары мен әжелері)
  3.  мұра қалдырушының жұбайы (жолдасы)
  4.  мұра қалдырушының ата-анасы
  5.  мұра қалдырушының нағашылары мен жиендері

281. Өсиетке енгізілмеген мүлік бөлігінің құқықтық жағдайы

  1.  заң бойынша мұрагерлердің арасында тиісті кезегіне сай бөлінеді
  2.  заң бойынша мұрагерлердің арасында тиісті кезегіне сай бөлінеді
  3.  өсиет бойынша мұрагерлер арасында олардың үлестеріне сай бөлінеді
  4.  мұра қалдырушымен кемінде бір жыл бірге тұрған еңбекке жарамсыз адамдарға беріледі
  5.  міндетті үлеске құқылы мұрагерлерге беріледі

282. Мұра қалдырушымен заңды некеде тұрған, бірақ іс-жүзінде бірге тұрмайтын оның жұбайына (жолдасына) мұра тиесілі бола ма? 

  1.  мұра ашылғанға дейін ең кемі бес жыл бірге тұрмаса, сот шешімімен мұрадан шеттетілуі мүмкін
  2.  мұра ашылғанға дейін ең кемі алты ай бірге тұрмаса, сот шешімімен мұрадан шеттетілуі мүмкін
  3.  мұра ашылғанға дейін ең кемі үш жыл бірге тұрмаса, сот шешімімен мұрадан шеттетілуі мүмкін
  4.  мұрадан шеттетілмейді 
  5.  мұра ашылғанға дейін ең кемі үш ай бірге тұрмаса, сот шешімімен мұрадан шеттетілуі мүмкін

283 Мұрагерлік қатынастарда туған немере аға-інілілер мен апа-сіңлілердің туыстықтық дәрежесі

  1.  туыстықтың төртінші дәрежесі
  2.  туыстықтың екінші дәрежесі
  3.  туыстықтың бесінші дәрежесін
  4.  туыстықтың алтыншы дәрежесі
  5.  туыстықтың сегізінші дәрежесі

284. Мұра қалдырушының борышы бойынша мұрагерлер жауаптылығы

  1.  әр бір мұрагер өзіне өткен мүлік құныны шегінде жауапты;
  2.  толық көлемінде жауапты
  3.  жауапты болмайды
  4.  заң актілерінде өзгеше көзделмесе, толық көлемінде жауапты
  5.  өсиет бойынша олардың жауапкершілігінің шектеулері белгіленбесе, толық жауаптылықта болады 

285. Немерелер мен шөберелердің мұрагерлікке шақырылу кезегі 

  1.  ұсыну құқығы бойынша бірінші кезекте
  2.  тек төртінші кезектегі мұрагерлер қатарында
  3.  мұра қалдырушының балалары мен қоса бірінші кезектегі мұрагерлер қатарында
  4.  легат негізінде
  5.  екінші кезектегі мұрагерлер қатарында

286. Мұрагерлік трансмиссия түсінігі 

  1.  мұраны қабылдауға құқықтың ауысуы
  2.  мұрадан бас тарту
  3.  мұра ашылатын жердің синоним атауы
  4.  мұрагерлердің сегізінші кезегін білдіреді
  5.  -өзі келгеннен кейін мұраны бөлу жүзеге асырылғанда оған тиесілі үлеске құқылы.

287. Мұра қалдырушының мүлкі оның несие берушілерінің талаптарын қанағаттандыруға жеткіліксіз болу салдары

  1.  несие берушінің талаптары мәлімденгені бойынша қанағаттандырылады, қалғандары қанағаттандырылды деп танылады
  2.  қалған борыштар мұрагерлер мүлкінің есебінен өтеледі
  3.  мұра қалдырушы банкрот деп жарияланады
  4.  ешкімге де ештеңе төленбейді
  5.  кредит берушілердің талаптары негізгі міндеттемелердің мерзіміне сәйкес қанағаттандырылады.

288. Иесіз мұраның құқықтық жағдайы 

  1.  мұраның ашылған жері бойынша коммуналдық меншікке өтеді
  2.  республикалық меншікке өтеді 
  3.  мұра қалдырушының азаматтық кодексте көзделмеген өзге туыстарының меншігіне өтеді
  4.  арыз берген кез келген жеке тұлға меншігіне өтеді 
  5.  арыз берген заңды тұлға меншігіне өтеді

289. Мұра қалдырушының борыштары бойынша легатарий жауаптылығы 

  1.  жауап бермейді 
  2.  мұрагерлермен ортақтасып жауап береді
  3.  мұрагерлермен үлестік жауапта болады
  4.  өзіне өткен мүлік көлемінде ғана жауапты
  5.  толық көлемде жауапты

290. Өсиетте көрсетілген мұрагер мұрадан бас тартып, басқа адамның пайдасына бас тартуын көрсетпеудің салдары

  1.  оның үлесі заң бойынша мұрагерлерге ауысады
  2.  оның үлесі міндетті үлеске құқылы мұрагерлерге ауысады
  3.  оның үлесі қалған өсиет бойынша тағайындалған мұрагерлерге ауысып олардың мұрадағы үлестеріне бара-бар бөлінеді
  4.  коммуналдық меншікке ауысады

291. Мұраның ашылу уақыты

  1.  мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны өлді деп жариялаған кезде - сот шешімі күшіне енген күн
  2.  мұра қалдырушының өсиетті нотариалды куәландырған күні
  3.  азаматты өлді деп жариялау туралы сот шешімі қабылданған күн
  4.  мұра қалдырушының қайтыс болуы себепті көмілген күні
  5.  мұраны қабылдау туралы арызды нотариус қабылдаған күн

292. Өсиет нысаны

  1.  жазбаша нысан және нотариалды куәландырылуы тиіс
  2.  жәй жазбаша нысан
  3.  мемлекеттік тіркеу талап етіледі
  4.  екі куә қол қойса жеткілікті 
  5.  өсиет қалдырушының жұбайы мен балалары қол қоюлары қажет

293. Мұраға құқық туралы куәліктің берілетін мерзімі

  1.  мұра ашылған күннен бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін
  2.  мұра ашылған күннен бастап 3 (үш) айға дейін
  3.  мұра ашылған күннен бастап кез келген уақытта
  4.  мұра ашылған күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң
  5.  мұра ашылған күннен бастап 2 (екі) жыл өткен соң

294. Мұрагерлердің тұрғын үйге, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-іші тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқықтары

  1.  мұра ашылғанға дейінгі бір жыл ішінде мұра қалдырушымен бірге тұрған мұрагерлер;
  2.  мұра қалдырушының барлық балалары
  3.  мұра қалдырушының жұбайы немесе жолдасы
  4.  мұра қалдырушының ата-әжесі
  5.  мұра қалдырушының еңбекке жарамсыз ата-анасы

295. Заң бойынша мұрагерлердің бірінші кезегіне кіретіндер

  1.  мұра қалдырушының балалары
  2.  мұра қалдырушының туған аға-інілері мен апа-сіңлілері
  3.  мұра қалдырушының атасы мен әжесі
  4.  мұра қалдырушының ағалары мен апалары
  5.  мұра қалдырушының інілері мен сіңлілері

296. Заң бойынша мұрагерлердің екінші кезегі

  1.  мұра қалдырушының туған аға-інілері мен апа-сіңлілері(қарындастары)
  2.  мұра қалдырушының ата- анасы
  3.  туыстас аға-інілері мен апа-сіңлілері(қарындастары)
  4.  алтыншы атаға дейінгі туыстары
  5.  мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдары

297. Мұрадағы міндетті үлес құқығы тиесілі адамдар

  1.  мұра қалдырушының кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балалары
  2.  мұра қалдырушының еңбекке жарамды жұбайы
  3.  мұра қалдырушының жақын туыстары
  4.  мұра қалдырушының еңбекке жарамды және кәмелетке толған балалары
  5.  мемлекет

298. Мұраның құрамына кірмейтін міндеттемелер

  1.  алименттік міндеттемелерден туындайтын құқықтар мен міндеттер
  2.  жылжымайтын мүлік
  3.  мұра қалдырушының қарыздары
  4.  борышқорлардан талап ету құқығы
  5.  мұра қалдырушының меншік құқығындағы жер участкілері

299. Коммориенттер дегеніміз -

  1.  бірінен кейін бірі ықтимал мұрагер болуға құқылы, бір күнде қайтыс болған тұлғалар
  2.  асыраудағы еңбекке жарамсыз адамдар
  3.  мұрада міндетті үлеске құқығы бар мұрагерлер
  4.  лайықсыз мұрагерлер;
  5.  мұра қалдырушының кәмелетке толмаған балалары

300. Өсиет ұғымы

  1.  азаматтың өлім жағдайына байланысты өзіне тиесілі мүлкіне ерік білдіруі
  2.  азаматтың өлім жағдайына байланысты өзіне тиесілі мүліктік емес құқықтарына ерік білдіруі
  3.  заң бойынша мұрагерліктің бір түрі
  4.  тапсырманың бір түрі
  5.  өсиет қалдырушының мемлекеттік органдарға нұсқау беруі

ҚЫСТАУБАЙ Өмірбай Сайынұлы

Азаматтық құқық

Оқу құралы

Шығарушы редактор ______________

Компьютерде беттеген ______________

Басылуға 27.03.2011 ж. қол қойылды.

Пішімі 1/16. Көлемі – 20,5. Офсеттік қағаз.

Таралымы 500 дана. Тапсырыс655

Асыл Мұра- Алматы қаласы? 2011




1. Курсовая работа Изучение особенностей психологического развития
2. Террористические акты в Лондоне 2005 году
3.  Визначення зміст та основні напрямки моральнопсихологічного забезпечення бойового чергування Бойов
4. Історія цивілізації Майя
5. Кажется что перед нами роман ~ с завязкой и сюжетом.html
6. Контрольная работа- Современные интерпретации менталитета российского общества
7. Таланты мира Под руководством Давида Гвинианидзе Представляет 8 января 2014 года в 2000 в Камерном зал
8. РЕФЕРАТ дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Луганськ 2005
9. задание составляющих скоростей VN вдоль меридиана и VЕ вдоль параллели см
10. Инфраструктура рыночной экономики
11. Каслинский промышленно ~ гуманитарный техникум 456835 Челябинская область г
12. Курсовая работа- Государство в сфере трудового права
13. правовых норм как общеобязательных правил поведения установленных государством адресованных определенно
14.  Сгибание рук со штангой стоя 1
15. Задание 1 1.10.04
16. Место религии в жизни общества история и современность
17. х лет третий день находится в отделении микрохирургии глаза после операции связанной с проникающим ранение
18. Английский язык Тесты
19. доктор философских наук профессор заведующий кафедрой социологии политологии и правоведения Красноярско
20. і... Колись все те що зараз із гордістю красуэться на вітринах магазинів було бездушною купою брухту обабіч