Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

1 Хал~ы 2 1

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 21.5.2024

Мазмұны

1 Кіріспе

2

1.1 Халқы

2

1.2 Транспорт инфраструктурасы

2

1.3 Өнеркәсібі

2

1.4 Ауыл шаруашылығы

3

1.5 Мәдени саласы

3

2 Байғанин ауданы

6

3 Қандыағаш ұрысы

8

Қосымша А

9

Қосымша Б

10

1 Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысы — Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан. Терістігінде — Ресей Федерациясының Орынбор облысымен, оңтүстігінде — Өзбекстан Республикасыныңқұрамындағы Қарақалпақстанмен, батысында — Маңғыстау облысыАтырау және Батыс Қазақстан, шығысында — Қостанай, оңтүстік-шығысында — Қызылорда облыстарымен шектесіп жатыр. Осындай үлкен аймақты алып жатқан облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 2 кент бар. Әкімшілік орталығы — Ақтөбе қаласы.

1.1 Халқы

1999 жылғы санағының қорытындысы бойынша облыста 682 558 адам тұрады. Оның ішінде 383,7 мың адам қалада, 298,9 мың адам ауылда тұрады. Облыста 91 ұлтттар мен ұлыстардың өкілдері бар. 2006 жылғы қортынды бойынша облыс аумағында 280 мың адам тұрса, 2009 жылы 300 мыңнан асып түсті.

1.2 Транспорт инфраструктурасы

Географиялық жағынан қолайлы орналасқан Ақтөбе облысында транспорт байланысы желісі жақсы дамыған. Орал және МаңғыстауОрта Азия және Еуропағақарай маңызды бағыттағы теміржолдар 1000-нан астам шақырымға созылып жатыр. Облыс территориясы арқылы Шымкент-Самара трансконтинентальді автокөлік магистралі өтеді. Ақтөбе халықаралық әуежайы Қазақстанның батыс өңірі бойынша әуе қозғалысын басқаруда қазіргі заманғы автоматтандырылған жүйемен жарақтандырылған.

1.3 Өнеркәсібі

Ақтөбе облысы теңдессіз минералды-шикізат базасын иеленіп жатыр. Оның территориясында көмірсутекті шикізатының, (мұнайгаз және газ конденсаты) Қазақстан территориясындағы барланған қорының 10% және болжамды ресурстарының 30%, сондай-ақ, республикадағы жалпы қордан отандық хромның барлық қоры, никель — 55%, титан — 40%, фосфор — 34%, мырыш — 4,7%, мыс — 3,6% , алюминий — 2%, көмірдің 1,4% жинақталған. Облыс әлемде хром рудасы қорының — 400 млн тн. шамасымен бірінші орынды, Қазақстанда мыс рудасынан — 100 млн тн.(құрамында таза мыс-1,5 млн.тн.) және өндірістік мұнай қоры — 900 млн.тоннасымен үшінші орынды, газ қоры бойынша Республика бойынша төртінші орынды иеленеді. Облыс Қазақстандағы ірі өнеркәсібі дамыған аймақтардың бірі болып саналады. Облыстағы экспортқа бағытталған ірі кәсіпорындары — «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» ААҚ, «Казхром» ТҰҚ ААҚ-ның құрамындағы Ақтөбе ферроқорытпа зауытыжәне Дөң тау-кен байыту комбинаты, «Ақтөбе хром қосындылары зауыты» ААҚ, «№406 ГА авиажөндеу зауыты», «Ақтөберентген» ААҚ-ның өнімдері таяу және алыс шетел рыноктарында кеңінен танымал. Облыс тау-металлургия, химия, мұнай өнеркәсібі және аспаптық жабдықтаудың қуатты базасы саналады. Қазақстанның барлық хром рудасы, хром тұздары өндірісі, рентгенаппаратура және республика бойынша өндірілетін ферроқорытпаның 45% шығаруды топтастырды. Өнеркәсіп өндірісінде түрлі меншіктегі 686 шамасында кәсіпорын істейді, оның 545-і Ақтөбе қаласында орналасқан. 2002 жылы олардың шығарған өнімдері 139,3 млрд теңгені құрады.

1.4 Ауыл шаруашылығы

Ақтөбе облысы — Қазақстан Республикасындағы ірі ауыл шаруашылық аймағы. Ақтөбе бидайы жоғары құрамдағы ақуыз және ұлпасымен ерекшеленеді. Ауыл шаруашылығының өнімінің жалпы түсімі 2002 жылы 21,5 млрд теңгені құрады. Бір жылда өндірілген сүт көлемі 225,5 мың тн., жұмыртқа — 83,8 млн дана, ет- 70,5 мың тн. құрады.

1.5 Мәдени саласы

Ақтөбе қаласы еліміздің батыс өңірінің ірі мәдени, білім және ғылым орталығы болып саналады. Қалада 11 жоғарғы, 16 арнаулы оқу орны бар. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе университетіМ. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина АкадемиясыАқтөбе жоғары әскери авиация училищесі және т.б. тек қана Қазақстанға ғана емес, шетелдерге де танымал оқу орындары бар. Қалада қазақ және орыс труппасы істейтін драма театры, қуыршақ театры, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, Кеңестер Одағының батыры Алия Молдағұлова атындағы мұражайы қызмет істейді.

Белгілі тұлғалары

Ақтан Керейұлы - қазақтың халық ақыны, жырау, жыршы.

Ахмет Жұбанов - музыкант, дирижер, халық әртісі.

Әбілқайыр хан - Кіші жүз ханы

Әйтеке би - Кіші жүз биі, Әйтеке би ауданы

Байтақ мақсым - діндар, Таймас Ишанның туған ұлы, діни лауазымы "мақсым", туған жері қазіргі Байғанин ауданы.

Кенжеғали Кенжебаев - профессор, академик, қазақтың еңбек сіңірген ұлы математигі, физика-математика ғылымына үлес қосқан тұлға.

Көбен би - кіші жүздің барымта биі, әлім елі мен адай еліне төрелік еткен би.

Көтібар батыр - қазақ батыры, Сүйінғар батырдың баласы

Түрікпенбай палуан - кіші жүздің жауырыны жерге тимеген палуаны.

Таймас Ишан - көріпкелдігімен атақты әулие, туған жері қазіргі Байғанин ауданы.

Мөңке би - қазақтың ұлы биі, туған жері Шалқар қаласы

Мыңбай батыр - кіші жүздің батыры, би әрі болыс болған тұлға, "Адай көтерілісінде" орыс үкіметіне қарсы ерекше қолбасшылығымен аты қалған.

Есет Көтібарұлы батыр - қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қоқан ханға қарсы шыққан

Қазанғап Тілепбергенұлы - қазақтың ұлы музыканты, күйшісі. Шалқар қаласы

Құдайберген Жұбанов - Алғашқы қазақ тіл зерттеушісі, филолог

Қобланды батыр - қазақтың ұлы батыры, Әбілқайыр батыры, Қобда ауданы, арғы аталары Торғай өзенінің бойында тұрған

Шығанақ Берсиев - Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде тары, бидай өсіруден рекордшы, Ойыл ауданы

Нұрпейіс Байғанин - қазақ күйшісі, қазақтың халық ақыны

Жауғашты Нәбиев - ҚР-ның еңбек сіңірген саясаткері, қазақ комерциялық банкінің қалаушысы және басшысы, Қазақстан нарығының дамуына үлкен үлес қосқан тұлға.

Жарас батыр - Кеңес одағының батыры, М.Ғабдулиннің "Майданда" шығармасының басты кейіпкері.

Жұбанова Ғазиза - Белгілі композитор, Кеңес Одағының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова 1927 жьлдың 2 желтоқсанында заманымыздың заңғар композиторы, академик Жұбанов Ахмет Қуанұлының отбасында дүниеге келді- Мәскеуде білім алды.

Әлия Молдағұлова - Екінші дүниежүзілік соғысының батыры, снайпер, ефрейтор. Туған жері Қобда ауданы

Оспанов Марат - саясат қайраткері, Қазақстан Республикасы Парлементінің спикері болған

Орал Бәйсенгіров - атақты ақын, журналист, әнші.

Лидия Каденова - қазақ және КСРО әртісі, Шалқар

Есен Елеукен - бұрынғы радиожүргізуші, қазіргі Жайдарман президенті, қазақша КВН-ге ерекше үлес қосып жүрген азамат, туған жері Шалқар ауданы.

Ақтөбе облысының аудандары

  1.  Алға ауданы
  2.  Әйтеке би ауданы
  3.  Байғанин ауданы
  4.  Қарғалы ауданы
  5.  Қобда ауданы
  6.  Мартөк ауданы
  7.  Мұғалжар ауданы
  8.  Ойыл ауданы
  9.  Темір ауданы
  10.  Хромтау ауданы
  11.  Шалқар ауданы
  12.  Ырғыз ауданы

2 Байғанин ауданы

Байғанин ауданы — Ақтөбе облысының оңтүстік-батыс бөлігіндегі әкімшілік аудан. Байғанин, — "Адай уезінің" солтүстік-шығысындағы ірі аудан болған, кейін Ақтөбе облысының әкімшілігіне енді. Халық ақыныН. Байғаниннің құрметіне аталған (1961). Бұл өлкеде қазаққа атақты жырау Ақтан ақын дүниеге келген. Халыққа белгілі тұлғалар: Түрікпенбай палуан, шегем - Көбен би, Таймас Ишан, Байтақ мақсым, Мыңбай батыр осы өлкенің қадірлі мақтанышы. Сондай ақ бұл өлкені би әрі болыс болған Бабық Мыңбай батыр басқарған. Өңірдің тарихы: қалмақ шапқыншылығынан табын руларының қарақалпақ жеріне босып кетуіне байланысты табын руы уақытша қоныс қылған "Оймауыт" ауылының түзілуімен толығады. Жер аумағы 61,0 мың км². Тұрғыны 29,0 мың адам (1997). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге 0,5 адамнан келеді. Орталығы — Қарауылкелді. Ауданда 31 елді мекен бар. Олардың ірілері — НоғайтыОймауытЖарқамысЕбейтіЖарлы,КемершіҚопа аудандары. Байғанин ауданының жері негізінен үстіртті (биіктігі 200—300 метр), оңтүстік Доңызтау тауы және Шағырай үстіртіалып жатыр. Кен байлықтарынан гипсәктасборқиыршық тас, т.б. құрылыс материалдары өндіріледі. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы –10ӘС, шілденің орташа температурасы 25ӘС. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшер ауданның оңтүстігінде 150 мм, солтүстігінде 250 мм. Байғанин ауданы жерінің солтүстік бөлігі шөлейтті белдемге, ал оңтүстік бөлігі шөлді белдемге жатады. Ірі өзендері: ЖемСағыз, көлдері СоркөлТоғысқанМыңжасар. Жазда суы тартылып қалатын кішігірім өзендер көп. Ауданның жері — негізінен оңт-те сортаң топырақты, солт-те қоңыр топырақты. Өсімдіктерден: бозбетегежусанжантақши,өлеңқамыс өседі; жануарлардан: елікақбөкенқарақұйрыққасқыртүлкіқоянқарсақсарышұнақ; құстардан: бөдене,қазүйрек т.б. мекендейді. Мал шаруашылығы (ірі қарақой мен ешкіжылқытүйе) және ішінара суармалы егіншілік (дәнді дақылдар, жемшөптік дақылдар, картоп) дамыған. Бұл өлкеде шөлге, аязға төзімді келетін жүйрік адай жылқыларымен ерекшеленеді. Ауданның солтүстігінен Атырау — Қандыағаш темір жол және автомобиль жолы өтеді. Ауданда оқу-тәрбие, мәдени-ағарту, денсаулық сақтау мекемелері бар.

Темір ауданы – Ақтөбе облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлініс. Жер аумағы 12,6 мың км². Тұрғыны 36,0 мың адам (2005). Орталығы – Шұбарқұдық кенті. Аудандағы 29 елді мекен 1 қалалық, 2 кенттік және 7 ауылдық округке біріктірілген. Ауданның іргесі 1869 жылы құрамында 17 болысы бар уезд орталығы болып қаланған. 1921 жылы 27 болыс болды және Ақтөбе губерниясындағы аудан орталығы, 1923 жылы Ақтөбе губерниясының іріленуіне байланысты Темір уезі (14 болыс) аталған. 1928 жылы уез таратылып, 1930 жылы ауданға айналды. 1935 жылы одан Жұрын ауданы бөлініп шықты. Қазіргі Темір ауданы 1972 жылы құрылған. Аудан Мұғалжар тауының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Ең биік жері 355 м (Бадамша ауылының тұсында). Оңтүстік-батысы сай-жыралармен тілімделген жазық болып келеді. Жер қойнауынан мұнай, тас темір, құрылыс материалдары барланған. Олардың кейбіреуі өндіріледі. Климаты тым континенттік, қысы суық, жазы ыстық, қуаң. Ауаның орташа жылдық температурасы қаңтар айында –15 – 17ӘC, шілдеде 22 – 24ӘС. Аудан жерімен ОйылТемірШиліҚұмдыБабатай,Шағырлықұмды, т.б. өзендер ағып өтеді. Жер қыртысында негізінен қызғылт қоңыр, бозғылт қоңыр және сортаңды сұр топырақ басым. Оларда бозбетегежусанизенсұлыбасқамысқұрақ өседі. Аңдардан қасқырқарсақборсықжабайы шошқаақбөкен,ондатрсарышұнақаламан кездеседі. Аудан тұрғынының басым бөлігін қазақтар құрайды (97,0%). Одан басқа орыс,украинтатар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Аудан аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Тұрғын халықтың басым бөлігі автомобиль және темір жол және ірі өзен бойларында, мұнай өндіретін өңірлерде біршама тығыз қоныстанған. Халықтың 1 км²-ге шыққандағы тығыздығы 3,0 адамға жуықаласы Ірі елді мекендері: Шұбарқұдық (11,3 мың адам), Кеңқияқ (4,9),Шұбаршы (3,7) кенттері, Темір қаласы (2,0), Шұбарқұдық кәсіпшілігі (1,8), Алтықарасу (1,2), Қопа (1,2), Сарыкөл (1,0), Тасқопа(1,0). Ауданда 1996 жылға дейін астық, оған қосымша биязы жүнді қойетті-сүтті малжылқыкөкөнісбақша өсіруге маманданған 6 кеңшар, 1 мал бордақылау бірлестігі болған. Нарықтық экономикаға өтуге байланысты олар түгелімен дерлік жекешелендірілді. Нәтижесінде ауданның ауыл шаруашылығы саласында 6 ЖШС және 384 шаруа қожалығыұйымдастырылды (2005). Ауыл шаруашылығына жарамды жердің аумағы 1,261 миллион га, шабандығы 36,1 мың га, жайылымы 1,131 миллион га. Ауданда қой мен ешкінің саны 94,7 мың бас, жылқы 5,5 мың бас, түйе 0,45 мың бас болды (2005). Өнеркәсіп саласында аудан аумағында бірнеше ірі кәсіпорындар бар. Олардың ішіндегі ірілері: “Қарақамыс”, “Стройуниверсал” ЖШС, “Көлік” АҚ, “Әлия жолдары”, “Шанс-1”, “Манас”, “Айқап”, “Сагор”, “Тасқұдық”, “Ақтөбемұнайгаз”, Кенжылуэнергия”, “Толғанай” ЖШС-лары, т.б. Білім беру, мәдениет мекемелерін жалпы білім беретін 32 мектеп, 2 мәдениет үйі, 14 кітапхана құрайды. 3 аурухана, ауданы аурухана, санэпидстанса, 17 фельдшаруашылығы-акушерлік пункт ел денсаулығын сақтауға қызмет етеді. Аудан аумағында археологиялық және табиғат ескерткіштерінің жалпы саны – 41. Аудан жерімен Атырау – Қандыағаш темір жолы, Ақтөбе автомобиль жолы өтеді.  Қандыағаш - Қазақстандағы қала, Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданының орталығы. Мәскеу — Ташкент және Атырау — Орсктеміржол түйінінде орналасқан. Жалпы қаланың аты-қала жаңадан салына бастаған кезде көп болған "қандыағаш" атты ағашпен байланыстырылады.

3 Қандыағаш ұрысы

         Қандыағаш ұрысы-1738 ж. Қазақ қосындары мен Жұрын бастаған торғауыт қалмақтарының арасында болған ұрыс.Шақшақ Жәнібектің үлкен ұлы Түктібайды үйлендіріп, ұлан-асыр той жасау сәтін пайдаланған торғауыттар Жем мен Сағыз бойындағы қазақ ауылдарын шауып, қырғынға ұшыратқан. Сонда тама Есет Көкұлы, табын Бөкенбай, шақшақ Жәнібек жігіттерімен жауды қуып жетіп, сұрапыл шайқас жүргізеді.Содан бастап бұл жер Қандыағаш атанған.Үш батыр торғауыттардың жіберген қолын Астрахан қаласына дейін қуып барып, ген.-губернатор В.Н. Татищевке өтініш айтқан. Қарақшылық шабуыл жасаған Еділ бойы қалмақтарың жазалау үшін Ресей жерінің үстімен өтуге рұқсат сұраған. Бірақ губернатор қазақ батырларының Еділден өтуіне рұқсат бермей,тартқан сыйлықтарын қабылдамаған. Сол Қ. Ұ-нда қолға түскен қалмақтардың әскербасы Жұрын кейін Есет батырға адал қызмет етіп, оның тұтқында із-түссіз кеткен ұлының орнына ұл болған. Батыс Қазақстан т.ж бойындағы қазіргі Жұрын ст. Соның есімімен

Пайдаланған әдебиет

"Қазақстан". Ұлттық инциклопедиясы 6-том

       

Қосымша А

 

Қосымша Б




1. Бродячие сюжеты
2. Методология государственного управления Переход к ситуационному анализу и использованию синергетического подхода
3. на тему- ldquo;Аналіз національної податкової системи-проблеми ефективності оподаткування rdquo;
4. Харвест 2003 Содержание Предисловие Введение Мое детство Школа Студенческие годы Психиат
5. Сон Смешного человека
6. Эффективные решения в BTL
7. Аттестация бухгалтеров и аудиторов
8. Проблемы развития АПК в Красноярском крае
9. 1Установление недостоверности сведений на основании которых выдана лицензия на осуществление банковских оп
10. тематичне моделювання ХАРКІВ 2003 Дисертацією є рукопис
11. тыс тг за 2008 год На начало периода На конец пе
12. Александр Блок
13. Базовые параметры финансового менеджмента
14. Тема-
15. Психологические особенности творческой личности
16.  Ожидания работника О основанные на сопоставлении затрат труда и результатов выполнения задания представл
17. СанктПетербургский государственный лесотехнический университет имени С
18. болею не упоминая истинного значения этого слова применительно к данной ситуации всегда сопутствует дожд
19. Мир чеховского рассказа.html
20. 24040