Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Циклон
Catarina циклоны
Rolling-thunder-cloud.jpg
Циклон (гр. kyklon айналушы, айналым) атмосфераның қысымы төменгі аймағы. Атмосфера әрекетінің орталықтарының бірі. Циклонда ауа қысымы ортасынан шетіне қарай артады. Солтүстік жарты шарда сағат тілінің айналу бағытына қарсы, Оңтүстік жарты шарда сағат тілі бағытымен қозғалады. Синоптик. картада бұл құбылыс жинақталған тұйық изобарлар түрінде бейнеленеді. Циклон көбіне атмосфераның жер бетіндегі қабатының ауа ағындарын параллель жылы және суық ауаға бөліп тұратын тұрақты атмосфера шебі үстінде қалыптасады.[1] Бұл шептен жоғары биіктік шеп зонасы орналасады. Циклон қамтитын өңірдің ені кейде 1000 3000 км-ге жетеді. Жаңа Циклон өткен кезде ауа райы бұзылып, жылы шептің жақындағаны (жел күшейеді, шарбы бұлт қоюланады) сезіледі. Жаңа Циклонның суық шебінің өтуі (будақ жаңбырлы бұлттан нөсер жаңбыр жауады) суық ауаның адвекция құбылысына жалғасады. Көбінесе Циклонның қалыптасуы бірнеше тәулікке созылады, бастапқыда қарқынды жылжиды (көбінесе батыстан шығысқа, кейде солтүстікке ауысады), соңынан баяулайды. Кейде жаңа термиялық ауытқулар (мысалы, Циклонға неғұрлым суық ауа массаларының кіруі) Циклон регенерациясын (қайта қалыптасуын) тудырады.
Циклондар орталығында қысымы төмен облыспен бірге атмосфераның құйынды қозғалуы. Циклондар облысы едәуір кеңістікті, кейде бірнеше мың квадрат километрлік алапты қамтиды. Жердің өз осінде айналғанда қысымның әр түрлі болуына байланысты орталыққа карай ағылған ауа массалары Солтүстік жарты шарда оңға қарай, ал Оңтүстік жарты шарда солға қарай ауытқиды да, жоғары көтеріледі. Циклондардың орташа қозғалу жылдамдығы сағатына 35 км шамасында болады. Батыс Еуропа мемлекеттері мен бұрынғы КСРО елдеріне олар Атлант мұхиты жағынан келеді, ал оның жылжуы оңтүстік-батыс және батыс бағыттардан болып тұрады. Циклондар ауа райына көп әсер етеді де, көбінесе оңтүстік секторда бұлттар мен жауын-шашынды ала жүреді. Олардың жақындағанын:
батыста тарамдалып орналасқан қазбауыр бұлттардың пайда болуынан
барометрлік қысымның төмендеуінен
шығыс румбалық желдердің соғуынан
бұлттанудың жиіленуінен білуге болады.
Циклондар орталығы өткеннен кейін барометрлік қысым жоғарылайды да, жаңбырлы ауа райы ашық күндермен ауысады. Қыста олардың алдыңғы жағында температура жоғарылап, жазда төмендейді де, ал соңғы жағында керісінше болады. Циклондардың жылжуы қоңыржай ендіктердегі атмосфераның жоғарғы қабаттарында басым болып келетін шығыс бағытnағы желдердің әсерінен болады. Бьеркнестің пікірі бойынша, циклондар ауа фронттарынан, яғни әртүрлі ауа массаларының арасында бөлу бетінің болып тұруынан пайда болады. Бұл бөлу беттері батыстан шығыс0а қарай ауысып отыратын бұрылыстар және толқын тәріздес ауытқулар жасап отырады. Солтүстік жарты шарда жылы ауа массалары солтүстікке қарай жылжитын жерінде циклондар, ал оңтүстікке қарай бұрылыс жасаған жерінде антициклондар құрайды.
Циклон - ортадан тепкйл және екпінді күштердің әсерімен ауаны шаңнан, газдан тазартатын құрылғы.[2][3]
Метеорологиялық сипаттағы төтенше жағдай төмендегі жағдайлардың әсерінен болуы мүмкін:
Желдің. Оның ішінде боранның, дауылдың, құйынның. Бұл жағдайлар желдің 25м/с пен одан жоғары жылдамдық болған жағдайында орын алады.
Нөсер жауында. 12 сағат ішінде жауынның көрсеткіші 50мм және одан да көп болған жағдайы. Ірі бұршақтарда. Бұршақтың диаметрі 20мм және одан үлкен болған жағдайда. Қатты қар жауғанда. 12 сағат ішінде 20см биіктіктегі қарды жауып тастауы
Қатты бұрқасында. Желдің жылдамдығы 15м/с және одан да жоғары болғанда
Шаңды дауылда. Жылы мезгілдегі. Бір денен күннің суығанда (замороски). Вегетациялық периодтағы топырақтың температурасы 0С дейін жеткенде
Ауа массалары тропосфераның көлбеу бағытта біртұтас болып қозғалатын ірі, біртекті бөліктері. Белдемдік орнына байланысты: арктикалық (Оңт. жарты шарда антарктикалық), қоңыржай белдеулік, тропиктік және экваторлық болып негізгі 4 түрге бөлінеді. Әрқайсысының өзіне тән темп-расы, ылғалдылығы, көріну қашықтығы, т.б. ерекшеліктері болады. Бұлардың өзі теңіздік және құрлықтық болып екіге бөлінеді. Термодинамик. сипатына қарай салқын, жылы және жергілікті болып аталады. Салқын тұрақты ауа массалары құрлық үстінде, қыста үлкен антициклон жүйесінде, жер бетінің радиациялық салқындауы нәтижесінде пайда болады. Оған Сібір антициклонында қалыптасатын Саха (Якутия) үстіндегі құрлықтық ауа массасы жатады. Ол Қазақстан климатына (әсіресе қыста) елеулі ықпал жасайды. Қыс кезінде Сібір антициклонының әсерінен ауаның жоғарыдан төмен қозғалуына байланысты бұлт азайып, жер беті суып, аязды ауа райы қалыптасады. Сондықтан оны «Сібір қысы» деп атайды. Жазда Орт. Азия аумағы үстінде орнығатын тропиктік ауа массасы темп-расы жоғары, өте құрғақ ауа райын қалыптастырады. Оны «Азиялық жаз» деп атайды.
АУА МАССАЛАРЫ - белгілі бір жалпы қасиеттері бар және материктер мен мұхиттардың үлкен бөліктері бойынша влшенетін тропосфераның біртекті бөлігі; біртекті төселме беттің үстінде біртекті радиациялық жағдайда қалыптасады. Атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ағыстардың бірінде тұтасымен орын ауыстырады және бір-бірінен атмосфералық Шептермен бөлініп тұрады.
Қара дауыл - өте таралған табиғи апат. Әсіресетундрадағы, мұздардадағы, теңiздегі, таулардағы дауыл желдерөте қауіпті. Кез келген қатты жел қыстыгүнiбұрқасынмен, қарлы боранмен, жаздыкүнi - тозаңмен, құмменбiрге жүре алады.
Егер жел топқа ашық жерде тап болса, дереу баспана жасауға кірісу керек. Бұл жәбірленуші адамдарға басты және жалғыз қол жететiн қауiпсiздiк өлшемi.
Шөлде не далада жел жағынан кез келген жерде нық орналасқан заттың ығына(тас, қалың бұталар,жануарлар мәйіті және т.б) жату керек. Киімді түймелеп, тыныс мүшелерін шаң мен құмнан қорғау үшін шүберек затпен қорғау қажет. Жаныңызға, қол астыңызға тұщы су қорымен құты қойыңыз.
Таулы аймақтарда жел ағынымен параллель жатқан шатқалдар, шыңдар, асулар сияқты аэродинамикалық шарттары қолайсыз орындардан жылдам кетуге тырысыңыз. Қуыстарға, қою орманға, көлемді бөгеттер сияқты қауіпсіз жерлерге тығылыңыз. Мұның өзінде қара дауыл әкелуі мүмкін тас көшкіні жүру қаупі бар аймақтардан сақтаныңыз.
Барлық жағдайларда дауыл соңын сенімді орналасқан лашыққа қарағанда, түбегейлі салынған баспанада күткен дұрыс.
Құйынмен кезігу де аса қауіпті. Құйын дүлейіндегі жылдамдық 100 м/с болса, көлденең жылдамдығы 30-40 км/сағ жетуі мүмкін. Үлкен жылдамдықта ауаға көтерілген және жан-жаққа ұшырылған табиғи және басқа да қоқыстар,ұсақ тастар, сынған бұтақтар үлкен қауіп төндіреді. Дауыл, қара дауыл және т.б. желдерге қарағанда құйын 10-100 метр жолақ болып жіңішке жолмен жүретіндіктен одан сытылып шығу мүмкіндігі әрқашан болады. Тек құйын жылдамдығы мен бағытын білсеңіз болғаны, қарсы бағытқа қашыңыз. Құйын ортасында қалсаңыз жиналыңыз,жерде қозғалмайтын затқа мықтап жармасыңыз, бетіңізді, әсіресе көзіңізді шүберекпен жабыңыз, үлкен киімдерді алдын ала шешіп тастаңыз.
Егер үйде болған кезіңізде боран, дауыл, құйын соқса жргілікті азаматтық қорғаныс штабы не метеорологтар ескертуін тындап, шаруашылық құрылыстарын жел ұшырмас үшін бекемдеңіз. Әсіресе бұл тақтайлар, фанералар, шиферлер, шатыр заттары сияқты жеңіл салмағы және үлкен көлемді заттарға қатысты. Бұндай беттер жел күшімен тез көтеріліп ғимараттарға улкен зардаптар, электр жүйесін үзуі, машиналар кузовын сындыруы мүмкін. Мұндай ұшуы жылдам заттарды бірге байлап, жерге терең қағылған қазықшаларға мықтап байлау керек. Оларды әдеттегідей ағаштан тұрғызылған сарайларға кіргізу дұрыс емес. Себебі, қатты желден сарайлардың өзі де апат екпініне төтеп бере алмай бұзылуы мүмкін.
Ескі шаруашылық құрылыстарын шатырарқылы жүргізілген арқан арқылы жерге қағылған қазыққа байлануы керек.
Болжаммен жел өтіндегі терезелерді қақпақтармен, олар жоқ болса тақтайлармен бітеу керек. Қарсы жақтан терезеледі, есіктерді ашық күйінде қалдырған жөн. Кері жағдайда әуе ыдырауы эффектісі орын алып, атмосфералық қысым айырмашылығынан есік терезе өздігінен ұшып кетеді.
Электрді алдын ала өшірген дұрыс. Шамдар, шам үшін керосин және қолшамға батарейка даярлауды ұмытпаңыз. Бірнеше күн құрғақ тамақпен қоректенбес үшін артық баллонымен газ плитасын дайындауды ұмытпаңыз.
Бұдан басқа үйде ауыз су қорын, қысқы уақытта отын қорын жасауды ұмытпаңыз.
Алапат зор күшті құйын не дауыл жақындаған кезде, не үйіңіз әбден ескірген кезде баспана ретінде үйіңіздің жерқоймасын пайдалануға болады. Ол үшін онда алдын ала жылы киімдер, көрпелер, ауыз су, тамақ, жарықтандыру құралдарын,балта мен күректерді түсіріп қойыңыз.
Қарсыз уақытта қара дауылды ескі үйден жылдам кетіп қабырғалардан, құлауы мүмкін құрылыстардан алысырақта қазылған траншеяда өткізген дұрыс.
Жел кезінде терезелер мен есіктер жанында тұруға болмайды, ал егер қабырғада жарылыстар пайда бола бастаса бұрыштарға тұрған дұрыс.
Егер дауыл ашық алаңда кездессе, рельефтің биік нүктелерінен кетуге, жеке тұрған ағаштардан алысырақ кетуге асығыңыз. Ойық шұңқыр тауып түбіне жатып алуға тырысыңыз. Киіміңізді толығымен түймелеп басыңызды қолмен басып жатыңыз.
Қазақстанда бірқатар қауіпті метеорологиялық құбылыстар болады, олар ауа массасының қозғалысынан болады. Олардың қатарына жатады: дауыл, екпінді жел, қатты жел, дауыл көтерілуі т.б.
Дауыл жойқын күшті және едәуір ұзақтықтағы жел (желдің жылдамдығы 32ш/сек жоғары).
Теңіз дауылы теңізде күшті толқын көтеретін және құрлықты жойқын қирататын ұзақ, қатты жел (желдің жылдамдығы 20ш/сек жоғары).
Екпінді жел атмосферадағы конвективті процестермен байланысты, бағыты өзгермелі, кенеттен желдің қатты күшеюі, (желдің жылдамдығы 20-30ш/сек).
Қатты жел жер бетіндегі салыстырмалы ауа қозғалысы (жылдамдығы 14ш/с жоғары).
Дауылдың, теңіз дауылы, қатты желдің қиратқыш күші орасан зор.
40 м/с жылдамдықтағы жел 100кг/ш.м әсер ететіндігі, ал 80ш/сек.-400кг/ш.м әсер ететіндігі есептелген. Сондықтан қатты және дауылды желдерде айтарлықтай құрылыс объектілерінің және ең алдымен шатырлардың қирауына әкеліп соғады.
Дауылдан қалай сақтану керек?
(Мекеме бастығына кепілдеме )
- болу мүмкін табиғат апаты туралы барлық персоналдарды құлақтандыру;
- алыс жолдарға жалғыз автомашиналардың шығуына уақытша тыйым салу;
- өндірістерде барлық сыртқы құрылыстарды тоқтату, барлық жүк тиеу-жүк түсіру жұмысарын тоқтату;
- жарылыс немесе өртке әкеп соғатын электр энергиясымен қамтамасыз ету көздерін, барлық агрегаттардың және механизмдердің сөндірілуін ұйымдастыру. өрт сөндіру құралдарын және электр энергиясымен қамтамасыз ету авариялық көздерін дайындау.
- ТЖ пайда болғанда және қауіпқатері төнгенде (бөлімшелер) авариялық-құтқару құрамаларын дайындыққа келтіру;
орынбасарлар арасында тәуліктік күзет ұйымдастыру (бақылау қызметі);
- ауыз судың, медициналық көмек құралдарының қорын құру;
- ғимараттардың есіктерін, шатырдағы үйлердің, үй төбесіндегі терезелердің ауа тазартқыш саңылауларын жабу. Үлкен терезелер мен витриналарды тақтаймен, қалқандармен қоршау. Шыныларды тілімделген қағаздармен немесе матамен желімдеу.
- ауылдық жерлерде фермалардағы малдарға жем, су қорын дайындау;
- қолданған шаралар туралы қалалық (аудандық) ТЖ комиссиясына белгіленген тәртіп бойынша баяндау;
- жоғалған адамдар мен ауылшаруашылық малдарын іздестіруді ұйымдастыру;
- зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем көрсету және емдеу мекемелеріне жеткізу жұмыстарын ұйымдастыру;
- қажет жағдайда қауіпті аймақтан адамдарды көшіру;
- барлық жұмыстарды тек топпен және бірнеше адамдар істейді;
- құтқару жұмыстарына жеке басшылық ету.
Тұрғындарға кепілдеме
Тұрғындарға қорғану орындарын тауып және дайындалу қажет болатындықтан, уақыт есебімен, дауылдар мен құйындар қауіп-қатері туралы ақпарат күні бұрын жүзеге асырылады. Ол нақты аймаққа табиғат апатының келу уақытын, оның сипаты және қалыптасқан жағдайға сәйкес келетін, адамдардың іс-әрекеті туралы мәлімдейді.
Сигнал алғаннан кейін:
- ғимараттардың орнықтылығын арттыру жұмысына кіріседі және адамдарды басқа орындарға жайғастыру, өрт шығармау шараларын жасайды және қажетті қор құрады.
- ғимараттың жел соғатын жағындағы терезелерді, есіктерді, ауа тазартқыш тесіктерін және шатырлардың люктарын тығыздап жабады. Терезе шыныларын желімдеп, терезе және витриналарды терезе қақпақтарымен және қалқандармен жабады. Іштегі қысымды теңестіру мақсатында ғимараттың ық жағындағы есік және терезелерді ашады.
- қажетті электр фонарларын, керосинді шамдар, жорық плитасын, азық-түлік қорын құрып, ауыз су және дәрі-дәрмектер дайындау керек.
- магистральды су жүргізетін крандардың және газдардың, электр сөндіргіштердің күйін және орналасуын тексереді.
Қатты құйын мен дауылдың жақындауы туралы тікелей ақпарат алысымен жасырынатын немесе алдын ала ғимараттарда дайындалған орындарға бару қажет, ал құйын болған жағдайда тек жертөле мен жерасты ғимараттарына жасырыну керек.
Ғимарттың ішінде болғанда, терезе әйнектерінің сынығынан сақтану қажет. Қатты жел екпінінде терезеден аулақ кетіп, қабырға қуыстарына, есік тесіктеріне немесе қабырғаға нығыздалып тұру қажет.
Далада ашық аспан астында болғанда ғимараттардан алыстап кетіп, жыра аңғарларда, шұңқырларда, ор, жыра, жол шетіндегі орларда қорғану қажет. Сонымен қатар, түбіне жасырына, жерге жабыса жату қажет. Қатты дауылдар мен құйындарда лақтырылған қоқыс үйінділерінде мұндай әректтер жарақат санын едәуір төмендетеді. Көпір үстінде, құбырларда, обьектілерге тікелей жақын орналасқан жерлерде, күшті әсер ететін улы заттар (КӘЕУЗ) және тез тұтанатын заттар сияқты жерлерде жүруге болмайды. Егер де қатты дауыл мен құйындар найзағаймен қабаттас болса, электр зарядтармен зақымдану мүмкіншілігі үдейтін жағдайлардан аулақ болу керек. Сондықтан, қатты дауыл мен құйын болған уақытта, жеке тұрған ағаштар, бағаналар, діңгектер астына тығылуға болмайды. Бұзылған ғимараттарға кіруге болмайды, қажет болған жағдайда оны сақтықпен істеу керек, сатылардың, іргелердің, айтарлықтай бүлінбегеніне көз жеткізу кажет. Қарлы және шаңды боран кезде ғимраттарды тастап кету ерекше жағдайда және тек жеке топпен ғана рұқсат етіледі. Сонымен қатар, міндетті түрде қозғалыс бағытын және оралу уақытын хабарла қажет. Тек негізгі жолмен ғана қозғалу керек. Бағыттан адасып қалған жағдайда, көліктен алыс кетуге болмайды. Әрі қарай қозғалу мүмкіншілігі болмаған жағдайда тұратын орынды белгілейді.
Дауыл бұл өте үлкен күші мен ұзақ уақытта сақталу мүмкіншілігі бар жел. Бұл кезде желдің жылдамдығы 32м\с және одан да көп болып, желдің күші Боферт шкаласы бойынша 12 баллдан асады. Дауылдың размерлері әр-түрлі болуы мүмкін. Әдетте дауылдың енін катастрофалық қираған зонаның енімен алады. Кейбір жағдайлардадауылдың ені 1000км-ге дейін жетіп қалады. Тайфунның қирау ені (разрушении) 15-45км. Дауылдың орташа ұзақтығы 9-12 күн. Дауыл өзінің стихиялық апат әсері жағынан жер сілкінісінен кем болмайды. Көп жағдайда дауыл нөсер жаңбырмен қатар өтіп халық пен шаруашылыққа тигізер зиян зардабын өте күрделі масштабтарға дейін жеткізуі мүмкін.
Дауыл
Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел. Дауылдардың себебi - жақын аралықтағы атмосфералық қысымның үлкен айырмашылығы жиi циклондарменбайланысты. Әсiресе Кариб теңiзiне және мексика шығанағындағы қорқынышты Антил дауылдары, олар АҚШ жазызықтықтарындағы жиi кездеседі.
Дауылдар әдетте жазда, яғни теңіз бен теңіз үстіндегі ауа аса жылынғанда пайдаболады. Ыстық күн көзі үлкен массадағы суды буландырады. Ылғалды ауа жылдам жоғары көтеріледі. оның орынына ағып келетiн перифириясы бар салқын ауадан айналады, және аса зор шұңқырға ұқсас дауыл пайда болады.Диаметрі 35 кмге дейін жететін дауыл көзі деп аталатын оның орталығында жылынған ауаның тігінен шығуы жалғасады. Бірақ онда мүлдем желсіз және бұлтсыз. Жылдамдығы 400км/сағатқа жететін құлақ тұндыратынгүрілмен дауылды жел көздің маңайында соғып тұрады.
Солтүстік Америкада дауылдардың пайда болуы тау жоталарының болмауынан. Яғни бұл солтүстіктен арктикалық ауа массаларының енуіне жағдай туғызады. Бұл Мексикашығанағына дейін созылуы мүмкін. Ал материктің солтүстігіне тропикалық ауа массалары еш тосқауылсыз енеді. Температура мен осы екі ауа массаларының қысымы арасындағы үлкен айырмашылық материкжазығында қатты дауыл желдердің пайда болуына жағдай жасайды. Олар аяқ асты пайда болады және көптеген апаттарға ұшыратады.
Ағылшын адмиралы Фрэнсис Бофорт 1806 жылдың өзінде 12 балдық жел шкаласын ұсынған. Желшкаласы оның атымен Бофорт шкаласы деп аталды. Ол желдерді ауа массаларының қозғалуына байланысты бөлген. Жылдамдығы 20-24 м/cек жететін 9 баллдық желдер ескі құрылыстарды қиратып, үйлердің шатырларынқұлатады. Оны дауыл деп атайды. Егер жел жылдамдығы Егер жел жылдамдығы 32км/с жетсе, бұл дауылға айналады.
Дауылдар өзен жағалары мен ірі өзендердің сағаларында қауіпті және дауыл су толқындарын қуалайды.Бұл толқындар жағаларға шығып, су басады және желден аман қалғанның барлығын қиратады. Еуропа дауылды және дауылды желдерге душар болып есептеледі. 1953... [продолжает]
Боран күшті желдің (жылд. 15 м/с-тан астам) әсерінен топырақтың, құмның, қиыршықтастың, қардың ұйтқып соғуы. Боран соққан кезде айнала түтеп, ештеңе көрінбей кетеді. Шаруашылыққа орасан зор зиянын тигізеді. Қарлы Боранның Қазақстанда «Арқаның ақ бораны», «ақтүтек», құмды өңірлерде Мойынқұм Бораны деп, тауаралық аңғарлар мен жазықтықтағы Боранды Ебі Бораны, Сөгеті Бораны деп атайды. Қазақ атауларында жаяу борасын, суырынды борасын, ақ боран деп те атай береді.
[1]
Боран қатты жел соққандағы және ауа температурасы төмен болған кездегі бұрқасын. Термин, негізінен, Қазақстан мен Сібірдің далалы аудандарында қолданылады.[2]
Құйын[1], атмосферадағы құйын диаметрі ондаған метрден (су айдынында) жүздеген, мыңдаған километрге дейін (құрлықта) жететін қандай да бір ось бойынша жүретін ауаның айналмалы қозғалысы; ауаның жер бетінен топырақты, қарды немесе суды дөңгелете көтеріп, екпінді қозғалуы. Ол көтерілген кезде жылжып бара жатқан биік бағанаға ұқсайды. Құйын 10 20 м/с жылдамдықпен жылжиды. Ондағы дөңгелене ескен желдің жылдамдығы 50 100 м/с-қа жетеді. Құйын қатты қызғандықтан жоғары қарай тез көтерілген ыстық ауаның өз жолындағы салқын қабатпен (көбіне жаңбырлы будақ бұлтпен) кездескен жерінде құралған төмен қысымды аймақтан басталады. Құйын бағанасының орталық бөлігінде ауа қысымының төмендігінен Жер бетінен бұлтқа қарай сорылу процесі жүреді. Бірнеше құйын қосылып аса күшті дауылға айналатын кездер болады. Шағын құйындар Қазақстанның шөлейтті құмды өңірлерінде жиірек байқалады. Құйынның мысалына тромб, торнадо, циклон, қара дауыл, т.б. жатады.
ҚұйындануӨңдеу
Құйындану - 1) циклондық буырқанудың пайда болуы; 2) циклондық буырқанудың толқынды жағдайдан құйынға айналуы, яғни циклонның окклюзиялануы; 3) құйынның, мысалы, бөгеттің ық жағында пайда болуы.[2][3]
Дауыл бұл үлкен көлемді, жылдамдығы сағатына 120 метр, ал жерге жақын жерлерде сағатына 200 км ауа құйыны.
kn2 Боран ұзақ соғатын, жылдамдығы сағатына 20 сек. өте қатты жел. Әдетте циклон өткенде байқалады, теңізді қатты буырқантып, құрғақта қиратады.
kn2 Құйын күн күркірегенде бұлтта пайда болып, төмен, көбінде жердің бетіне дейін тарайтын диаметрі ондаған, жүздеген метр бұлт жеңі немесе піл тұмсығы тәрізді ауа құйыны. Бұлтпен бірге қозғалып, ұзақ болмайды.
Бұлар сияқты табиғи құбылыстарда адамдар үшін қауіптісі жолдар мен көпір беттерінің, имараттардың, электржеткізгіштер мен байланыс желілерінің, жер үстіндегі құбырлардың бұзылуы, сонымен қатар адамдардың қатты жылдамдықпен ұшып жатқан қираған имараттар, шыны сынықтарынан жарақаттануы болып табылады. Сонымен бірге ғимараттар толық қираған жағдайда адамдардың мерт болуы және жарақат алуы мүмкін. Қарлы және шаңды боран кезінде далалар, жолдар мен елді мекендерді қар басып қалуы, шаңның жиналуы («қара дауыл») және судың лайлануы қауіпті. Дауыл, боран мен құйындардың негізгі сипаты жел жылдамдығының күшеюі, ауа қысымының күрт төмендеуі, нөсер жауын мен дауылдың суды айдауы, қардың қарқынды жаууы мен шаңның қатты соғуы. Егер сіз дауыл, боран, құйын соғу қаупі бар аудандарда (Ресей федерациясының Алыс-шығыс, Орталық және де басқа экономикалық аудандары) тұратын болсаңыз, төмендегімен танысыңыз:
Ураган, буря, смерч Ураган, буря, смерч
- жақындап келе жатқан табиғи зілзала туралы хабарлау дабылдарымен, адамдарды қорғау тәсілдері және ғимараттардың (имараттар) қатты жел мен дауылдың суды айдауы әсеріне төзімділігін жоғарылату туралы;
- дауыл, боран және құмды бұрқасын, құйын болған кездегі адамдардың әрекеті туралы ережелермен;
- дауылдар, құйындар, дауылдың суды айдауы, қарлы, құмды құйындардың салдарын жою тәсілдерімен, құралдарымен, сонымен қатар қираған ғимараттар мен имараттардың астында қалған, зардап шеккендерге көмек көрсету тәсілдерімен;
- жақындағы жертөлелер, ықтар мен неғұрлым мықты төзімді ғимараттарда сіздің отбасыңыз, туыстарыңыз бен көршілеріңіз паналайтын орындармен;
- қауіптілігі жоғары аймақтардан ұйымдастырылған көшіру кезіндегі шығу жолдары мен орналастыру аудандарымен;
-Өзіңіздің елді мекеніңіздегі АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі әкімшілік пен комиссиясының мекенжайлары мен телефондарымен.
Дауыл туралы дабылды естігеннен кейін келесі әрекеттерге көшіңіз: шатырды, пеш және желдету құбырларын бекіту;
-шатыр жайларының терезелерін бекіту (тақтайдан жасалған қалқандармен, шарбақтармен немесе қаңылтырмен), балкондар мен аула аумағын өрт қауіпті заттардан босату;
- қауіпсіз аудандарға көшіру жағдайына 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен су және өзі жанатын жарық көздерін (фонарьлар, керосин шамдары) дайындау;
- жеңіл құрылыстарынан неғұрлым мықты құрылыстарға немесе азаматтық қорғаныстың қорғау имараттарына көшіңіз.
kn2 Если вы проживаете в районе, подверженном воздействию ураганов, бурь и смерчей, то вам необходимо знать следующее:
-сигналами оповещения о приближающемся данном стихийном бедствии; способами защиты людей и повышения устойчивости зданий (сооружений) к воздействию ураганного ветра и штормового нагона воды;
-правилами поведения людей при наступлении ураганов, снежных и песчаных бурь, смерчей;
-способами и средствами ликвидации последствий ураганов, смерчей, штормового нагона воды, снежных и песчаных бурь, а также приемами оказания помощи пострадавшим, оказавшимся в завалах разрушенных зданий и сооружений;
-местами укрытия в ближайших подвалах, убежищах и наиболее прочных и устойчивых зданиях членов Вашей семьи, родственников соседей;
-путями выхода и районами размещения при организованной эвакуации из зон повышенной опасности;
-адресами и телефонами управления ГО и ЧС, администрации и комиссий по чрезвычайным ситуациям Вашего населенного пункта. После получения сигнала о штормовом предупреждении приступайте к следующим действиям: укреплению крыши, печных и вентиляционных труб;
-заделыванию окон в чердачных помещениях (ставнями, щитами из досок или фанеры) к освобождению балконов и территории двора от пожароопасных предметов;
-к сбору запасов продуктов и воды на 2-3 суток на случай эвакуации в безопасный район, а также автономных источников освящения (фонарей, керосиновых ламп, свечей);
-переходите из легких построек в более прочные здания или в защитные сооружения гражданской обороны.
kn2 Дауыл, боран, құйын кезінде қалай әрекет ету керек
Егер дауыл, боран, құйын сіз ғимаратта болғанда басталса, терезеден аулақ тұрыңыз да, жайдың ішкі жақ қабырғаларының жанында, дәлізде, құрылған шкафтардың қасында, жуынатын бөлмелерде, дәретханада, қойма, мықты шкафтарының жанында, үстелдің астында қауіпсіз орындарға тұрыңыз. Пештегі отты, электр энергиясын өшіріңіз, газ желілерінің шүмектерін жабыңыз.
Қараңғы уақытта фонарьлар мен шамдарды пайдаланыңыз, АҚ және ТЖ басқармалары, төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының ақпараттарын есту үшін радиоқабылдағышты қосып қойыңыз, мүмкіндігінше терең паналарда, жерқоймаларда отырыңыз.
Егер дауыл, боран, құйын сіз елді мекеннің көшесінде жүргенде басталса, неғұрлым жеңіл құрылыстар ғимараттар, көпірлер, электр өткізгіш желілер, діңгектер, тоғайлар, өзен, көлдер мен өндіріс обьектілерінен алыс жүріңіз.
Ұшып жатқан шыны сынықтарынан қорғану үшін қаңылтыр, қатты қағаз немесе пластик жәшіктер, тақтай немесе қолда бар кез-келген заттарды пайдаланыңыз. Тезірек елді мекендегі жертөлелерде, жерқоймалар мен радияцияға қарсы паналарда тығылуға тырысыңыз. Зақымдалған ғимараттарға кірмеңіз, себебі қайта соққан желде құлауы мүмкін. Қарлы боранда ғимараттарға тығылыңыз. Егер далада немесе ауыл жолдарында келе жатсаңыз уақ-уақ тазаланып отыратын, және сізге көмек берілу мүмкіндігі бар басты жолға шығыңыз. Шаңды құйын кезінде бетіңізді дәкемен, шытпен, мата қиындысымен, көзіңізді көзілдірікпен жабыңыз.
Құйынның жақындауы туралы дабыл түскен кезде дереу ық жерге, үй жертөлесіне немесе қоймажайына түсу керек, немесе төсектің, басқа да жиһаздың астына кіру қажет. Егер құйын сіз ашық жерде жүргенде басталса, жол шетіне, шұңқырға, орларға, тар сайларға тығылып, басыңызды киіммен немесе тоғай бұтақтарымен жауып жерге жақын жатыңыз. Автомобильде қалмаңыз, шығып, жоғарыда көрсетілгендей тығылыңыз.
Торнадо диаметрі 75 м, ала жел жылдамдығы 64-177 км/сағ болатындай, жер беті мен бұлттар тобы арасын қосатын құйын, ауа ұрасы. Антарктикадан басқа барлық құрлықтарда кездескенімен басым бөлігі АҚШ-та орын Алады. АҚШ-тың шығыс жартысында, әсіресе Миссисипидің орта ағысында көбінесе көктем мен жаз айларында жиі болып тұратын көлемі кіші, бірақ әжептәуір күші бар дауыл.
Дыбыстың шуыӨңдеу
Әртүрлі шулардың музыкалық дыбыстардан ерекшелігі сол оларға қандай да бір белгілі тербеліс жиілігі сәйкес келмейді.
Шуәр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Жапырақтың сыбдыры, өзен суының сылдыры, құстардың дауысы, судың сәл шалпылы сияқты шулар адамға жағымды естіледі. Алайда дыбыстардың мұндай табиғи үнін үлкен елді мекендер мен қалаларда өнеркәсіп, көлік және т.б. шулары басып тастауда. Мысалы, өнеркәсіп шуының қаттылық деңгейі кейбір өндіріс орындарында 90 дБ-ге жетеді және одан да жоғары болуы мүмкін. Тұрмыстық; техника деп аталатын шулардың жаңа көздері пайда бола бастаған біздің үйімізде де тыныштық жоқ.
Адамды қалыпты күйінен шығаратын шу кез шағылыстыратын жарықтан, улы газдан, күйіп қалудан туындайтын салдар сияқты зиянды әсер етеді.
Шуға бұрын көп көңіл бөлінбейтін, ол өркениет пен техника дамуымен ілесе жүретін салдар ретінде түсінілетін. Алайда қазіргі кезде шу адам денсаулығына кері әсерін тигізе бастады. Шу деңгейінің жоғары болуы құлақтың дыбыс қабылдауын нашарлатады және оның организмнің жүйке-психологиялық әрекетіне тигізетін зияны өте зор, оның байқаусыз әсері шу ауруына әкелуі мүмкін.
Адамды шудың теріс ықпалынан қорғау үшін денсаулық сақтау мекемелері шудың шекті деңгейінің сындық санитарлық нормаларын бекіткен. Осы нормаларға сәйкес шудың қаттылық деңгейі 3040 дБ-ден артпауы тиіс.[1]
Дыбыс
Дыбыс, кең мағынасында газ, сұйықтық немесе қатты күйдегі серпімді орта бөлшектерінің толқын түрінде таралатын тербелмелі қозғалысы; тар мағынасында адамдар мен жануарлардың арнаулы сезу органымен субъективті түрде қабылданатын құбылыс.
Мазмұны
Жалпы мәліметтер
Дыбыстың сипаттамалары
Дыбыстың шағылуы
Жаңғырық
Ультрадыбыс
Форманттар
Aкустика
Дыбыс қаттылығы
Дыбыстық қысым
Дыбыс өткізбеу
Дыбыс шығару
Дыбыстық ақпарат
Дыбыстың күштілігі
Дереккөздер
Жалпы мәліметтерӨңдеу
Адам 16 Гц-тен 20 кГц-ке дейінгі жиіліктегі дыбысты ести алады. Дыбыс жөніндегі физикалық ұғым адам құлағына естілетін, естілмейтін дыбыстардың барлығын қамтиды. Жиілігі 16 Гц-тен төмен болатын дыбыс инфрадыбыс деп, 20 кГц-тен жоғары болатын дыбыс ультрадыбыс деп аталады. Ал 109 Гц-тен 1012 1013 Гц-ке дейінгі ең жоғары жиіліктегі серпімді толқындар гипердыбысқа жатады. Дыбысты қарапайым гармониялық тербелістерге жіктеу (жиіліктік дыбыс талдау) нәтижесінде алынатын спектр дыбыстың маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер дыбыс тербелісінің энергиясы жиіліктің кең аймағында таралып жатса, онда ол тұтас спектр деп, ал дискретті (үзілісті) жиілік құраушыларының жиынтығы болса, онда ол сызық спектр деп аталады. Тұтас спектрі бар дыбыс шу (мысалы, ағаштардың желдің әсерінен болатын сыбдыры, механизмдер дыбысы) ретінде қабылданады. Музыкалық дыбыс еселі жиіліктері бар сызықты спектрге жатады; мұнда естілетін дыбыстың негізгі жиілігі дыбыс биіктігін, ал оның гармониялық құраушыларының жиыны дыбыс тембрін анықтайды. Сөйлеу кезіндегі дыбыс спектрінде форманттар болады.
Бохумский колокол.jpg
Дыбыс көздерінің тербелісін қоздыру, көбінесе, соққы (мысалы, қоңырау, шектер) арқылы жүзеге асырылады. Мұнда автотербеліс режимі (мысалы, үрлемелі музыкалық аспаптарда ауа ағыны есебінен) ұсталуы мүмкін. Табиғаттағы дыбыс, ауа ағыны қатты денелерді орай аққанда, құйындардың түзілуі және құйындардың сол денелерден бөлінуі (мысалы, жел соққан кездегі сымдар мен құбырлардағы дыбыс, т.б.) кезінде пайда болады. Төменгі және инфратөменгі жиіліктегі дыбыс жарылыс, опырылыс кезінде туады. Қазіргі кезде адам организміне және техникалық жабдықтарға зиянды әсері болатын өнеркәсіптік, көліктік шуларды және аэродинамикалық шу көздерін зерттеуге үлкен көңіл аударылып отыр. Дыбыс қабылдағыштар қабылдаған дыбыс энергиясын энергияның басқа түрлеріне түрлендіреді. Мысалы, адамдар мен жануарлардың есіту аппараты дыбыс қабылдағышқа жатады. Техникада дыбысты қабылдау үшін, көбінесе, электр акустикалық түрлендіргіштер (мысалы, ауада микрофон, суда гидрофон, ал жер қыртысында геофон) пайдаланылады. Дыбыс толқындарының таралуы, ең алдымен, дыбыс жылдамдығымен сипатталады. Газдар мен қатты денелерде қума толқындар (бөлшектердің тербеліс бағыты толқынның таралу бағытымен бағыттас) тарай алады. Ортаның біртекті болмауы да дыбыс толқындарын (мысалы, су көпіршігіндегі, теңіздің толқынданған бетіндегі, т.б. дыбыстың шашырауы) шашыратады. Дыбыстың таралуына атмосфера, теңіздегі қысым, температура, желдің күші мен жылдамдығы да әсер етеді.
Дыбыстың сипаттамалары
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Дыбыстың сипаттамалары
Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.
Дыбыстың қаттылығы неге байланысты болатынын анықтау үшін камертонды пайдаланамыз. Камертон доға тәрізді қысқа сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Камертонның бір тармағын таяқшамен ұрсақ, белгілі бір дыбыс естиміз. Камертонның екі тармағы да тербеліп, қоршаған ауада дыбыс толқынын тудырады. Енді оның тармақтарының біріне инені бекітейік, осыдан кейін оның ине бекітілген тармағын қарайтылған әйнек үстімен жүргізсек, дыбыс шығарып тұрған камертонның гармоникалық (синусоидалық) тербелісінің графигін аламыз. Гармоникалық тербеліс тербелістердің ең қарапайым түрі болып табылады, сондықтан камертонның гармоникалық дыбысын да қарапайым дыбыс деп санаймыз. Әдетте, мектеп камертондары бірінші октаваның "ля" нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.[1]
Дыбыстың шағылуыӨңдеу
Fiz 07.png
Дыбыс көзінен шыққан дыбыс толқындары барлық бағытта тарайтыны өздеріңе жақсы таныс. Ал осы дыбыс толқындары тарала отырып, өзінің жолында қандай да бір бөгетті кезіктірсе, онда олар шағылады. Дыбыс толқындарының таралуы материялық бөлшектердің қозғалысына ұқсас болғандықтан, оның шағылуы серпімді соққыдан (мысалы, қабырғаға соғылған доптың кері серпілуінен) онша ерекшеленбейді. Қарапайым бақылау дыбыстың шағылуы кезінде а түсу бұрышы оның в шағылу бұрышына тең болатынын көрсетеді.
Жаңғырық
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Жаңғырық
Fiz 08.png
Тауда естілетін жаңғырық та дыбыстың бөгеттен шағылу нәтижесі болып табылады.
Жаңғырық қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
Дыбыс кедергілерден шағыла отырып, бақылаушыға сәл кідіріп жетеді. Шағылған дыбысты біз дыбыс көзі мен кедергі арасындағы қашықтықты дыбыс толқындары екі рет (дыбыс көзінен кедергіге жетуі және қайтып оралуы) жүріп өткен кезде естиміз. Шағылған дыбыстың барлығын біз жаңғырық ретінде қабылдай бермейді екенбіз. Адам құлағы алғашқы дыбыс пен шағылған дыбысты жеке-жеке қабылдаған кезде ғана жаңғырық пайда болады. Бұл екі дыбыстың қабылдану уақытының арасы 0,1 с-тан кем болмаған кезде ғана дыбыстар жеке-жеке қабылданады екен. Бұдан біз жаңғырықты дыбыс кезі мен бөгеттің арасы едәуір алыс болған кезде ғана ести алатынымыз байқалады.
Егер ауада дыбыс жылдамдығы 340 м/с болса, онда дыбыс 0,1 с аралығында бөгетке дейін және одан қайтып оралғанша 2s-ке тең жол жүреді. Онда бұл қашықтық шамамен
s = vt/2 ; s = (340м/с * 0,1с) /2 = 17 м.
Дыбыс жақын аралықтағы кедергілерден шағылған кезде, ол алғашқы дыбыспен қосылады да, оны күшейтеді. Сондықтан үйдің ішіндегі дыбыс сырттағы дыбыстан қаттырақ болып естіледі.
Тыңдаушылар аз жиналған кең залда баяндамашының сөзі жаңғырып, түсініксіз болады. Қабырғалардан, орындықтардан шағылған дыбыс тындаушыларға бір мезгілде жетпейді. Осының нәтижесінде, алғашқы дыбысқа қарағанда тыңдаушыларға естілетін дыбыс ұзағырақ болып естіледі.
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жұмсақ жиһаздары бар, кілем төселген және адам көп жиналған бөлмелер дыбыс толқындарын жақсы жұтады, мұндай орындардың реверберациясы аз болады. Сонымен қатар реверберация уақытын өте азайтып жіберуге де болмайды. Өйткені ол кезде дыбыс тез өшеді, олардың жеткілікті дәрежедегі қаттылығы мен айқындығы болмайды. Әншілер мен музыканттар жұмсақ жиһаздарға толы шағын бөлмелерде өлең айтудың, аспапта ойнаудың қолайсыздығын жақсы біледі.[1]
УльтрадыбысӨңдеу
Crystal Clear app kdict.png Толық мақаласы: Ультрадыбыс
Тербеліс жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыс толқындары инфрадыбыстар, ал 20 000 Гц-тен жоғарысы ультрадыбыстар деп аталады.
Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды, бірақ олар белгілі бір дәрежеде адам организміне әсер етеді. Мысалы, 5 Гц-тен 9 Гц-ке дейінгі жиілік аралығында инфрадыбыстар бауырдың, асқазанның, көкбауырдың тербеліс амплитудаларын арттырады, көкірек қуысында ауыртпалық туғызады, ал 1214 Гц жиіліктерде құлақта шуыл пайда болады. Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері болғандықтан, олар техникада кеңінен қолданыс таппаған.
Алайда инфрадыбыстардың бірнеше жүздеген километрге таралу мүмкіндігі оның әскери мақсатта, балық аулау кәсібінде пайдаланылуына жол ашты. Теңізде туындайтын инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.[1]
ФорманттарӨңдеу
Форманттар белгілі бір фонетикалық элементтерге сәйкес келетін жиілік құраушыларының тұрақты тобы. Ішіндегі қысымы не механикалық кернеуі өзгерген денелер (газ, сұйықтық, қатты) дыбыс көзіне айналады. Практикада қатты денелердің тербелісі түріндегі дыбыс көздері (мысалы, дыбыс зорайтқыштың диффузоры мен телефонның мембранасы, музыкалық аспаптардың ішектері, пьезоэлектрлік немесе магнитострикциялық материалдардан жасалған пластинкалар мен стерженьдер) кең тараған. Ортаның шектелген көлемінің тербелісі де (мысалы, орган түтіктерінде, үрлемелі аспаптарда, ысқырғыштарда, т.б.) дыбыс көзі бола алады. Адамдар мен жануарлардың дыбыстық аппараты күрделі тербелмелі жүйеге жатады.
AкустикаӨңдеу
Адам өміріне дыбыс толқындарының, сондай-ақ, оларды зерттейтін ғылым акустиканың атқаратын рөлі орасан зор. Дыбыстың барлық сипаттамаларын зерттеу ақпарат берудің (жеткізудің) жетілген жүйелерін жасауға, сигналдау жүйесін дамытуға, жетілдірілген музыкалық аспаптарды жасауға мүмкіндік береді. Дыбыс толқындары су асты байланысында, навигацияда, локацияда қолданылады. Төменгі жиілікті дыбыс жер қыртысын зерттеудің негізгі бір әдісі болып есептеледі. Ультрадыбыстың практикада қолданылуы қазіргі техниканың тұтас бір саласы ультрадыбыс техникасының пайда болуына ықпал етті. Қазіргі кезде жоғары жиілікті дыбыс толқындары, әсіресе гипердыбыс, қатты дене физикасында зерттеулер жүргізудің аса маңызды құралы болып отыр.[2]
Дыбыс қаттылығы
Дыбыс қаттылығы (Громкость звука) дыбыс әсерін әр адам организмінің өзінше қабылдауы. Оны фонмен өлшейді. Бірдей белсенділік жағдайда дыбыстың ең күштілігі 700-6000 Гц жиілік аралығында болады.
Дыбыстық қысым
Дыбыстық қысым (Звуковое давление) толқындар жоқ кездегі қысыммен салыстырғандағы толқындар таралған ортадағы қысымның өлшемі. Децибелмен өлшенеді.
Дыбыс өткізбеуӨңдеу
Дыбыс өткізбеу (Звукоизоляция) - ауада таралған әр түрлі бөтен шулардан сақтау. Таралған шу адам өміріне көптеген технологиялық әсер тигізіп, олардың агрессивтілігін көтеріп, әлеуметтік денсаулығын нашарлатады. Сондықтан Дыбыс өткізбеу деңгейі мөлшерлі дыбыстан артық болмауы тиіс.
Дыбыс шығаруӨңдеу
Дыбыс шығару (Звуковое излучение) серпімді (қатты, сұйық, газды) ортада дыбыс толқындарын қозғау. Естілетін дыбыс 16 Гц 20 кГц, инфрадыбыс 16 Гц-дан төмен, ультра- дыбыс 21 кГц 1 ГГц және гиперды- быс 1 ГГц-дан жоғары.
Дыбыстық ақпаратӨңдеу
Дыбыстық ақпарат (Звуковая информация) дыбыс толқындарын қабылдау арқылы организмнің қоршаған орта туралы мәлімет алуы. Адам өзін қоршаған орта туралы барлык ақпаратының 7%-ын есту арқылы алады.[3]
Дыбыстың күштілігіӨңдеу
Дыбыстың күштілігі - берілген дыбыстан есту түйсігін сипаттайтын және оның қарқандылығы мен жиілігіне. Сонымен бірге тербелу түріне тәуелді болатын мөлшер.[4]
Шу амплитудасы және жиілігі әртүрлі болған тербелісті айтамыз. Шу дегеніміз адам организміне механикалық тербелістің әсер етуі, тербелістің жиілігіне, интенсивтілігіне және берілу ортасына байланысты болады. Шудың адам организміне күнділікті әсер етуі кәсіби ауруларға әкеледі. Сонымен бірге, жүйке, жүрек, қан тамыры жүйесіне, қан тамыры қысымына, көздің көруіне әсер етеді. Шудың адам организміне ұзақ уақыт әсер етуі, бірнеше қолайсыз жағдайлардың пайда болуына әкеледі: көру, есту мүшелерінің жұмысы төмендеп қан қысымы көтеріледі.
Шумен күресудегі ең негізгі шаралары бұл үш негізгі бағытта жүзеге асырылатын техникалық шаралар:
шудың пайда болу себебін немесе оның көзінің шуын азайту шаралары;
беру жолдарының шуын азайту;
цехтағы жұмысшыларды қорғау.
Шуды азайтудың негізгі құралы бұл шуды көп шығаратын технологиялық құбылыстарды аз шулы немесе мүлде шу шығармайтын құбылыстарға ауыстыру.
Өндірістік орталардағы қолайсыз факторларға шу жатады. Адам ағзасына олардың әсері ең алдымен жаңа жоғары өнімді құралдарды қолдану кезіндегі әртүрлі станоктар мен агрегаттардың жоғары жылдамдықта жұмыс істеулерімен байланысты. Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы құралдар шудың көзі болып табылады. Сонымен қатар, соңғы жылдардағы қаладағы транспорттардың көбеюіне байланысты, қолайсыз факторлар ретінде шудың әлеуметтік маңызы да зор.
Шудың әсерінен адам ағзасында ең алдымен есту, жүйке, жүрек тамыр жүйесінің өзгерістері дамиды. Олардың айқындылығы шудың параметрлеріне, шу жағдайындағы жұмыс ету стажына, жұмыс уақытындағы шудың ұзақтығына және ағзаның сезімталдығына байланысты.
Шумен байланысты еңбек процесі кезінде, адам денесі мәжбүрлі қалыпта болатынын, белгілі бір бұлшық еттер тобының кернелікте болуын, нервтік-эмоционалдық кернеулікті және осыған қоса дірілдің, шаңның, улы заттардың, қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың әсерін ұмытпау керек. Бұның барлығы аурудың клиникасын қиындататын факторларға жатады.
Патогенезі. шудың адам ағзасына әсерінің механизмі күрделі және толығымен зерттелмеген. Шу туралы пікірлер айтылған жағдайларда, ең алдымен есту мүшесіне аса көңіл аударылады. Сонымен қатар шу есту мүшелерінен бөлек терідегі сезімьал рецепторлар арқылы да қабылдануы мүмкін. Ол есту қабілетінен айырылған адамдарда, сипап сезу арқылы дыбыс сигналдарын анықтау мүмкіндіктерінің бар екендігімен бағаланған.
Тері жабындыларындағы дірілді сезетін рецепторлардың дыбыс толқындарын қабылдау қабілеті ағзаның дамуының ерте кезеңдерінде есту ағзасының қызметтерімен жүзеге асуымен түсіндіріледі. Кейінірек эволюциялық даму процесі кезінде, тері жабындыларынан есту ағзасы қалыптасады, ол акустикалық дыбыстарға әсер ете бастайды. Адам құлағының акустикалық тербелістерді қабылдау диапазонының жиілігі кең 16 20 000 Гц. 1000-3000 Гц дыбыс жиілігін қабылдауға есту анализатор-лары өте сезімтал.
Ішкі құлақтың есту анализаторларының шеткі бөлімдерінің шудың әсерінен жарақаттануына байланысты, бірқатар зерттеушілердің тексерулері бойынша, ету ағзасындағы өзгерістердің пайда болуымен түсіндіріледі. Осымен ішкі спирал және спиралды ағзадағы (кортиев) зақымдалған клеткалардың алғашқы орналасқан жерлері түсіндіріледі. Кейбір авторлардың айтуы бойынша ұзақ шудың әсері ішкі құлақтағы тұрақты қан айналымның бұзылыстарына әкеледі, ол лабиринттегі сұйықтықтардың өзгерістерінің себептері болып табылады және спиралды ағзаның сезімтел элементтерінің дегенеративті процестерін тудырады.
Есту ағзасының зақымдануының патогенезінде ОНЖ маңызын еске алу керек. Қарқынды түрдегі ұзақ шудың әсерінен ұлудың нервтік аппаратында дамыған патологиялық өзгерістер қыртысты есту орталықтарына шамадан көп күш түсумен негізделген.
Естудің төмендеуі кейбір биохимиялық процестерге негізделген. Жануарлардың спиралды ағзасын гистохимиялық тексерулер кезінде, гликогенннің құрамындағы нуклеин қышқылдарын, сілтілі және қышқылды фосфатазаны, янтарлы дегидрогеназа және холинэстеразалық өзгерістер анықталған.
Адекватты емес өзгерістердің пайда болуы мен шудың әсерлеріне жауаптары есту анализаторларының анатомиялық физиологиялық байламдарындағы нерв жүйесінің әртүрлі бөліктерінде орналасуға байланысты. Есту анализаторларының рецепторлық аппараты арқылы әсер ететін, акустикалық тітіркендіргіштер, тек қана қыртысты бөлімде ғана емес сонымен қатар басқа ағзалардың да қызметтеріндегі рефлекторлы ығысуларды шақырады.
Кәсіби кереңдіктің клиникасы. Шулардың адам ағзасына қолайсыз жағдайларының клиникасындағы маңызды белгілерге естудің кохлеарлы тип бойынша баяу үдемелі төмендеулері жатады. Екі құлақта бір деңгейде зақымданады. Есту ағзасының профессионалды себебін анықтау үшін, науқастың шағымдарын, жұмыс орындарындағы басқа адамдардағы аурудың кездесулерін, сонымен қатар жұмыс істейтін орнының санитарлық гигиеналық жағдайларын анықтаймыз. Естудің профессионалды төмендеулері кезіндегі отоскопиялық картиналардың ерекшеліктері жоқ.
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады. Бұл өзгерістер алғашында естуді қабылдауға әсер етпейді, сондықтан жұмысшылар есту қабілеттернің төмендегенін байқамайды. Естудің төмендеулерінің субьективті көріністері дыбысты қабылдау аймақтарының 500, 1000, 2000 Гц жиілікке дейін төмендеулерімен сипатталынады, ол баяу дамып, осы мамандық бойынша жұмыс істеу стажына байланысты ақырындап өседі. Аудиометриялық тексерулер кезінде жоғарғы жиіліктерді қабылдайтын аймақтарда (4000-8000 Гц), сөйлеу диапазонының жиілігі (500, 1000 және 2000 Гц), және естудің одан да төмен жиілікке дейін төмендеуімен (125-250 Гц) сипатталады.
Барлық дыбыс диапазоны бойынша дыбыстың өткізілуінің бұзылулары сүйек және ауа арқылыда бірдей. Шу және шудың вибрациясының әсерін бір уақытта алатын, «шулы» мамандықта жұмыс істейтін адамдардың есту қызметінің жағдайындағы клиникалық аудиологиялық көрнісі бірдей. Жалпы алғанда «шулы» мамандықта жұмыс істейтін жұмысшылардың барлық топтарының 4000, 6000, 8000 Гц жоғары жиіліктегі дыбысты қабылдау аймақтарының біршама төмендегенін байқаймыз. Алғашқы 5 жылыдқта осы аймақ бойынша естудің алғашқы қадамдарын жоғарлату бойынша жұмыстың нәтижесі онша жоғары емес. Олардың жоғарғы көрсеткіштері 10-40 дБ аралығында болады. Кейінірек естудің жоғарлауы 500, 1000, 2000 жиілікте таралады. Осыған қарамастан мамандық бойынша жұмыс стажының өсуіне байланысты естудің төмендеуі дыбысты қабылдайтын 4000, 6000, 8000 Гц жиіліктер деңгейінде қалады. Аз мөлшерде 500, 1000, 2000 Гц жиіліктегі дыбысты қабылдау деңгейіне төмендейді, және 125-250 Гц жиіліктегі дыбысты есту төмендейді.
Диагностикасы. Кохлеарлы невриттің салыстырмалы диагностикасын жүргізеді: науқастың шағымдары, аурудың анамнезі, аурудың дамуы мен ерекшеліктері (шумен байланысы, байланыстың ұзақтығы), отоскопиялық сипаты және есту қызметінің клиникалық аудиологиялық тексерулері, босағалық және босаға үстілік тонды мәліметтерді қоса отырып, естудің ультрадыбыстық аймақтарының жиіліктерін тексеру жатады.
Аурудың анамнезі мен отоскопиялық көріністің сипатына негізделе отырып сүлелі іріңді немесе адгезивті отиттің диагнозын анықтау қиын емес. Шудың әсерінен пайда болған профессионалды кохлеарлы невритті пайда болу себебінде шудың әсерлері жоқ аурулар, яғни отосклероз және басқа невритпен салыстырудың қиындығы бар.
Кәсібиге қарағанда басқа себептен пайда болған кохлеарлы невриттің дамуы жедел және кез келген деңгейдегі айқындықта болуы мүмкін. Естудің зақымданулары бір жақты немес екі жақты болуы мүмкін. Ауру белгілі бір себепке байланысты дамиды: тұмау, нейроинфекция, менингит, контузия немесе ототоксикалық дәрілік заттрады (стрептомицин, мономицин, хинин және т.б) қолданудан кейін.
Отосклероз кезінде профессионалды кохлеарлы невриттегі сияқты естудің төмендеуі бачу жүреді. Кәсіби кохлеарлы неврит үнемі екі жақты болса, ал отосклероз бір жақты және жас әйелдерде кездеседі. Осы жағдайларда салыстырмалы диагностика дыбыстың сүйектен және ауадан өтуін зерттеудің динамикасына негізделген (динамикалық аудиометрия).
Отосклероз және басқа себептен пайда болған невриттердің арасындағы салыстырмалы диагностика аудиометриялық зерттеулердің мәліметтеріне негізделген.
Кәсіптік кереңдік кезінде жоғарғы жиілікті қабылдаудың бұзылулары (4000-8000 Гц) аудиомтриялық қисықтың төмендеуімен сипатталады, ал аурудың өршуі кезінде орташа және төменгі диапазонның жиіліктерін қабылдауда қатысады. Кез келген этиологиялы кохлеарлы неврит кезінде дыбысты қабылдау жиілігінің жоғарлауы, барлық дыбыстың диапазонында және әртүрлі деңгейдегі айқындылықта болуы мүмкін, кереңдікке дейін. Осы және басқада жағдайларда ауалық және сүйектік дыбысты өткізу бір деңгейде зақымданады.
Отосклероздың тимпаналды түрі сүйек арқылы дыбысты қабылдаудың сақталуы кезінде, ауа арқылы дыбысты қабылдаудың төмендеуімен сипатталады. Отосклероздың кохлеарлы түрінде сүйек және ауа арқылы өткізілудің арасында айырмашылық болмауы мүмкін немесе аз мөлшерде, және аудиограмманың мәліметтері дыбысты қабылдайтын анализаторлардың бөліктерінің нейросенсорлы кереңдіктеріне ұқсайды. Бұндай жағдайларда қосымша зерттеу әдістері керек: босағңалық тестер, естудің ультрадыбыстық диапазонындағы жиілігін.
Басқа себепті кохлеарлы невритте қалыпты жиіліктегі ултрадыбыстық диапазонын қабылдау кезінде ФУНГ1 оң және Si=Si тесті оң болады, ал профессионалды неврит кезінде салыстырмалы ажыратуды жүргізу кезінде, қазіргі кезде кеңінен қолданылатын босаға үсті тестерін тоналды аудиометриялық тексерулер қосымша көрсеткіштер болып табылады. Отосклероздың кохлеарлы түрі бар науқастарда ФУНГ оң болады. Сонымен қатар сөзді 100% қабылдайды және ультрадыбысты қабылдау қалыпты немесе аздап төмендеген (90-100 кГц).
«Шулы» мамандығы бар жұмысшылардағы естуді бағалау критерилері. Шудың әсерін зақымдайтын адекватты көрсеткіштерге есту ағзасындағы естудің төмендеуі жатады.
Аудиометриялық тексерулердің көрсеткіштерін ескере отырып, құлақтың жағдайын динамикалық бақылау кезінде және әсіресе, еңбек ету сұрақтарын шешу кезінде, «шулы» мандықтағы жұмысшылардың естулерінің төмендеу деңгейін бағалаймыз. Тондық аудиометрия мәліметтері бойынша «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың сөзді қабылдайтын аймақтағы есту қабілеттерінің төмендеуімен жүретін өзгерістер, құлақтың есту жағдайларын көрсетеді. Сондықтан есту қызметінің жағдайын бағалаудағы маңызды тексерулерге 4000 Гц жиіліктегі және сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының орташа көрсеткіштері болып табылады.
Аудиометриялық тексерулерді дәрігердің бақылауымен орташа медицина қызметкері жүргізе алады.
Аудиометриялық тексерулердің үш әдісі бар:
Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000, 3000, 4000 және 8000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шудың әсерінен естуді төмендету кезінде 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерді анықтаудың маңызы зор. Қосымша аудиометрияның босаға үстілік тексерулері жүргізіледі. Осындай экспертизаларды жүргізуге құқығы бар медициналық мекемелерде еңбек сараптамасын жүргізу үшін қолданылады.
Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Алдын ала және кезеңді түрдегі медициналық тексерулер кезінде қолданылады.
Әдіс. Әр бір құлақтар үшін жеке сүйектік және ауалық дыбыстық өткізулерді 125, 250, 500, 1000, 2000 және 4000 Гц жиіліктерде құлақтың есту қабілетінің жоғалуын анықтаймыз. Шулы өндірістерді қараған кезде, медициналық мекемелерде есту ағзасына бастапқы шудың әсерін анқтау үшін қолданылады.
Аудиометриялық тексерулер үшін тондық аудиометрия қолданылады, босағалық деңгейдің экиваленттері ГОСТ 13655-75 деңгейіне сәйкес келеді. Аудиометриядағы тондардың өзгерістері біркелкі және баспалдақты болу керек, 5 Дб артық болмау керек.тексерулер үшін қолданылатын аудиометриялардың ГОСТ 8.002-71 бойынша мемлекеттік тексеру куәліктері болу керек. Аудиометрияның кезеңді тексерулері жылына бір рет жргізіледі. Тексерулерлер алдында аудиометриялық аппараттың инструкция бойынша дұрыстығын тексеру керек, сонымен қатар кем дегенде 5 адамның «биологиялық» калибровкалары жүргізілді.
Аудометриялық тексерулер мекемелерде жүргізіледі, шулардың деңгейі аспау керек: 1 әдіс үшін 15 дБА және 50 ДБА; 2 әдіс үшін 30 дБА және 65 дБА; 3 әдіс үшін 35 дБА және 70 ДБА. Шуды арнайы шумомермен өлшейді оның класы ГОСТ 17187 71 бойынша 2 төмен болмау керек. Бөлмеде эксперементті жүргізетін адам және тексерілетін адамнан басқа ешкім болмау керек.
Аудиометриялық тексерулерді 80 дБА жоғары деңгейі бар кәсіпорындарда есту қабілетін қалыптастыру үшін 14 сағат ішінде жүргізеді. Есту босағалырының уақыттық ығысуларын шудың әсері тоқтағаннан кейін 5-ші минутта жүргізеді. Тексерулер кезінде арнайы шарттар бар, ол тексерілуші аудиометрияның панелін көрмеу керек және манипуляцияны жүргізетін адамның түрін көрмеу керек.
Есту босағасын анықтауды келесі келесі дыбыс жиіліктерін өткізу тәртібімен жүргізген дұрыс: 1000, 2000, 3000, 4000, 6000, 8000, 1000, 500, 250 және 125 Гц 1 әдістер үшін; 1000, 2000, 4000 2 әдіс үшін; 1000 және 4000 Гц 3 әдіс үшін.
Есту босағасын анықтау дыбысты ауалық өткізумен арнайы оң және сол құлақтарға сәйкес әрбір құлақтар үшін аудиометр телефондары арқылы анықталынады, ал 1 әдісті қолданған кезде сүйектік телефонды қолданады. Тексерілуші әр жиіліктегі тондардаың естілулерімен таныс болу керек. Дыбыс пайда болған кезде сигнал кнопкасын басады (саусағын көтереді), ол жоғалған кезде кнопканы түсіреді. (саусағын түсіреді); жауаптардың дұрыстығын сигналдардың үзілістерімен тексереді.
Егер нәтижесінде 3 сәйкестік болса, есту босағасы осы жиілікте бекітілген болып саналады.
Аудиомериялық тексерулердің ұзақтығы 30 минуттан аспау керек.
Жұмысшылардың есту жағдайлары кереңдікке байланысты анықталады, естудің аудиометриялық тексерулер нәтижесі кестедегі естудің сандық критерилері бойынша анықталады (Остапкович В.Е., Пономарев Н.И.,1977ж).
Есту қызметтерін бағалау критерилері
Естуді жоғалту деңгейі
Тондық баспалдақты аудиометрия
Сыбырлап сөйлеуді қабылдау
500, 1000 және 2000 Гц дыбыс жиіліктерінде (орташа арифметикалық мәні) ести алмау(дБ) 4000 Гц және тербелістердің мүмкін болатын шегінде ести алмау (дБ)
Есту ағзаларын шудың әсер ету белгілеріЕстудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит
Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит
Естудің ауқымды түрде төмендеуімен кохлеарлы неврит
10 дейін
11-20
21-30
31-45
50±20
60±20
65±20
70±20
5±1
4±1
2±1
1±0,5
1 дәрежесі есту ағзасына шудың әсер ету белгілері. Қарқынды өндірістік жағдайында шумен жұмыс істейтін жұмысшыларда осы түрі қолданылады. Естудің бұл жағдайы сөзді қабылдау аймағында естудің босағасы 10 дейінгі дБ жоғарлауы, 4000Гц тен 50 дБ(±20); сыбырлап сөйлеуді қабылдау 5м дейін (±1).
2 дәрежесі Естудің жеңіл дәрежелі төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 11 ден 20 дБ жиілігінде, 4000 Гц 60-қа дейін дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 4 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
3 дәрежесі Естудің шамалы төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 21 ден 30 дБ жиілігінде, 4000 Гц 65 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 2 м (±1) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
4 дәрежесі айқын дәрежелі естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит. Осы дәрежедегі естудің төмендеуі сөзді қабылдау аймағындағы есту босағасының 31 ден 45 дБ жиілігінде, 4000 Гц 70 дБ (±20) қабылданғанда, және сыбырлап сөйлеудің 1 м (±0,5м) дейін естудің төмендеуінде қалыптасады.
Ағзаға шудың арнайы емес әсері. Күшті шу деңгейлері орталық жүйке жүйесіне жарақаттық әсер етуі мүмкін және естен тану жағдайларын, эпилепсиялық ұстамаларды, психикалық бұзылыстарды шақыруы мүмкін. Осындай жағдайдағы жұмысшыларда дисциркуляторлы энцефалопатия синдромы бақыланды, ол церебралды микроорганикалық симптоматикалармен сипатталып, басқа этиологиялы энцефалопатиялардан ерекшеленбеді. Соңғы он жылдықта тәжірибеде шудың осы ақаулары кездеспейді.
Жұмысшыларды тексеру кезінде орталық жүйке жүйесіндегі шудың арнайы емес өзгерістері шамалы айқындықтағы неврастения синдромы түрінде және сирек вегетативтік-тамырлық дисфункция (нейроциркуляторлы дистония) түрінде анықталынады. Қарқынды шу жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адмдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы бастың аурулары; көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін ауыспалы сипаттқа көшеді. Сонымен қатиар тітіркендіргіштік, жылауықтық, ұйқысының бұзылулары(жиі үзікті ұйқы, ұйқысыздық, сирек ұйқысының келуі), жоғары шаршағыштық, жүрек айсағындағы ауырсыну, басының айналуы(денесін басқа жағдайға ауыстырған кезде көзінің қарауытуы), есте сақтау қабілетінің төмендеуі, тершеңдік. Ер адамдарға қарағанда әйелдер шуға бейім болып келеді.
Терең зерттеулер нәтижесі бойынша үлкен стажы бар жұмысшыларда вегетативті жүйке жүйесі жағынан өзгерістер болады. Симпатикалық жүйке жүйесі жағынан көрінетін өзгерістерге пиломаторлы рефлекстің төмендеуі (Дрогичина Э.А., 1957ж), адреналинді тері ішіне енгізген кезде тері реакциясының әлсіреуі (Милков Л.Е., 1963ж), несептегі тәуліктік катехоламиндердің құрамы төмендейді (Макотченко Л.Е және т.б., 1978).
Шудың әсерінен вестибулярлы, көру және тері анализаторларының қызметтері өзгереді, қолды созған кезде саусақтардың треморы байқалады, айқын жағдайларда көзді жұмып Ромберг позасында тұрған кезде тұрақсыздық байқалынады.
Аяқ қолдардың дисталды бөліктерінде ауырсыну сезімдері анықталуы мүмкін. Қабылдау вибрациясының арнайы рецепторлары болып саналатын вибрациялық сезімталдықтың төмендеуі.
ЭЭГ мәліметтер ретикулярлы формацияның әлсіреуін және басқада қыртысты құрылымдардағы қыртыс асты түзілістердің өзгерістерін көрсетеді. Баяу регулярлы белсенділік, қалыпты ЭЭГ өзгерістер, альфа-белсенділіктің төмендеуі дені сау адмдарда да және шулы жағдайларда ұзақ уақыт жұмыс істеген адамдарда да кездеседі (Дрогичина Э.А және т.б., 1965ж; Волкова А.М., 1970ж; Хаймович М.Е., Соколова Е.И., 1978ж және т.б).
Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың жоғарлауларымен көрінеді (Шаталов Н.Н., 1971ж). Көз түбінің артерияларының шамалы тарылулары анықталынады. М.Е. Хаймович және С.В. Кныш (1979) зерттеулері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған қанның систолалық және минуттық көлемдерінің ұлғаюлары түріндегі орталық гемодинамика көрсеткіштерінің ығысулары анықталған. Гиперкинетикалық жүрек синдромдарына тән ығысулар анықталынады. Осы авторлардың мәліметтері бойынша қарқынды шудың әсерлерінен пайда болған, жүрек тамыр жүйесіндегі бұзылыстар экивалентті шу жағдайында жұмыс істейтін жұмысшыларға қарағанда жиі кездеседі.
Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған тұрғындардың арасында кеңінен таралған, арнайы емес сипаттары бар, естудің профессионалды төмендеулерінің белгілері болмаған кездеріндегі шудың әсерінен жүрек тамыр жүйесіндегі және жүйке қызметтерінің бұзылуларының байланыстары қиындайды.
Емі. Шудың себебінен пайда болған кохлеарлы неврит кезінде консервативті емдеу әдісі қолданылады; ол лабиринттің рецепторларының қызметін жақсартуға бағытталған. Емдеу әдістері медикаментозды, физиотерапиялық, дауысты белсендіретін болуы мүмкін, рефлексотерапияда қолданылады.
Кохлеарлы невриті бар науқастарға ототоксикалық әсерлері бар дәрілерді қолдануға болмайды, әсіресе аминогликозид қатарының антибиотиктерін.шудың әсерінен пайда болған кереңдіктің медикаментозды емі кезінде, И.Б.Солдатов және А.Я.Миркин бойынша (1979), төрт енгізгі бағытта әсер беретін дәрілік заттардың комплексін тағайындаған дұрыс: 1). Жүрек жүйесіне әсер ететін, церебралды және ішкі құлақ артериясындағы қан айналымды жақсартатын; 2). Жасушалық және тіндік метаболизмге әсер ететін; 3). Ішкі құлақтың рецепторлы аппаратын тонуста ұстайтын және жүйке импулстарының өтімділігін жақсартатын; 4). Бас миының үлкен жартысындағы қыртыстағы негізгі жүйке қатынастарының реттелуі. Ұлудың қан айналымын папверин, платифиллин, эуфиллин жақсартады.
Егде жастағы адамдарға профессионалды неврит кезінде стугерон, девинкан немесе винкапанды тағайындаған дұрыс. Емдеу курсы 3-4 апта А және Е витаминдерімен бірге жүргізіледі. Алмасу процестерін жақсарту үшін витамин препараттарын қолданамыз. Осы мақсатта В1, В6, В15 витаминдерін қолданады. Кокарбаксилаза, АТФ, А витаминін қолдану көрсетілген. Биостимуляторлардан кеңінен алоэ экстрактысы қолданылады, ФиБС- 30 күн бойы тері астына, гумизоль 2 мл бұлшық етке және апилак 0,01г ішке 20 күн бойы.
Нерв импулстерінің өтімдігін жақсарту үшін және лабиринт рецепторларына тонусты әсер мақсатында аз мөлшерде дибазол (10-14 күн бойы бұлшық етке 0,5 % 1мл), антихолинэстеразды препараттар (галантамин, прозерин, оксазил). Аталған заттардың ішінде ең нәтижелісі галантамин (20 күн бойы тері астына 0,5 мл 1 %), ол гематолабиринтті және гематоэнцефалды барьер арқылы өтіп, есту анализаторларының шеткі бөліктеріне ғана емес сонымен қатар орталық бөліктеріне де әсер етеді. Профессионалды кохлеарлы неврит емінде нейродинамикалық бұзылыстардың қалыптасуына көңіл аударылады. Осы мақсатта бром, валериан, кофеин және транквилизаторлық препараттар көрсетілген (элениум, седуксен, мепробамат, тазепам және т.б).
Шудың әсерінен пайда болған кереңдікті емдеу кезінде М-холинолитикалық (атропин, платифиллин, красавка препараттары) және Н-холинолитикалық (ганглиоблокаторлар) әсері бар холинолитикалық заттарды қолданулар кезінде нәтижесі оң болады. М-холинолитикалық белсенділігі бар беллоид және беллатаминал заттарына үлкен көңіл аударылады, олар ағзаның орталық және шеткілік адренергиялық және холинергиялық жүйелерінің қозғыштықтарын төмендетеді, құлақтағы шуды азайтып, сол арқылы естуді жақсартады.
Арнайы емес шудың әсерінен пайда болған патологияларды емдеу кезінде, неврастения және вегетотамырлық дисфункциялық сипаттағы нейродинамикалық және вегетативтік-тамырлық бұзылыстар қалыптастыруға бағытталған. Осы мақсатта жалпыбекітетін, седативті, вегетотропты препараттар, транквилизаторлар, инелік ем, электросон, гидротерапияны қолданады.
0,5% галантамин ертіндісімен, 0,05% прозерин ертіндісімен, 0,5-1% никотин қышқылының ертінділерімен эндоуралды электрофорез оң нәтиже береді.
Профессионалды кереңдікпен соған қосымша жүретін ауруларды ерте емдеу ұсынылады. Емнің нәтижесін бекіту үшін комплексті емнің курсын қайталау керек.
Алдын алу. Қарқынды өндірістік шулардың әсерінен пайда болған маңызды алдын алу шараларына, шуға қарсы қолданылатын индивидуалды қорғаныс заттары жатады, оны қолданылатын жағдайлар: 1) параметрлер рұқсат етілген деңгейден жоғарлаған кезде; 2) техникалық заттар және шуды төмендететін әдістерді қолдану мүмкін емес жағдайларда немесе олар қауіпсіз деңгейге дейін шуды төмендете алмайды; 3) қарқынды шу жағдайларына жұмысшылардың үздіксіз келуі кезінде.
Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға қойылатын бірқатар талаптар бар, олар шудың әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек. «Шудан жеке қорғаныс заттары. Гигиеналық талаптар» ГОСТ 1576270 олардың нәтижелігін бағалау, шуға қарсы заттар немесе әдістерді таңдау, талаптар жазылған.
Жеке қорғаныс заттарын қолдану кезінде белгілі бір деңгейде ыңғайсыздық болуы мүмкін, сондықтан жұмысшылар үйрену үшін белгілі бір уаұыт қажет. Ішкі және ортаңғы құлақ, бет терісімен бастың қабынбалы аурулары кезінде шудане қорғанатын қорғаныс заттарын қолдануға жол берілмейді. Тәжірибеде көрсетілгендей тәжірибеде шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу және гигиеналық талаптар бойынша жеке қорғаныс заттарын қолдануды енгізу, бірқатар жағдайларда профессионалды кохлеарлы невриттің дамуын азайтады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Есту ағзаларының профессионалды зақымданулары кезіндегі әртүрлі деңгейдегі айқындылықтағы естудің төмендеуінде жұмысшылардың еңбек қабілетін анықтау үшін, келесі жағдайларды ескеру керек: 1) еңбек жағдайы мен істейтін жұмыстың сипатын (санитарлық-гигиеналық мәліметтер бойынша жұмыс жағдайының жұмыс орнындағы шу параметрлерінің көрсеткіштерімен сипаты); 2) барлық жыл бойындағы кәсіптік маршруты бойынша жұмысшының негізгі кәсібінің еңбек ісәрекеті (еңбек кітапшасының көшірмесі); 3) есту қызметтерінің және ЛОР ағзаларыың тексеру нәтижелері (аудиометрия мәліметтері); 4) «шулы» мамандығындағы жұмыс кезінде және шу жағдайындағы жұмысқа дейінгі есту қабілетінің төмендетуіне әкелетін, бұрындары басынан кешкен аурулары; 5) сандық критерилер бойынша бағалау мәліметтері. Аурудың ағымы мен сипатын, естудің төмендеуімен даму ерекшеліктерін әрбір маңызды жағдайларда ескеру қажет.
Есту жағдайының төрт категориясын қарайтын естуді бағалау критерилері, «шулы» мамандықтағы жұмысшылардың есту жағдайын салыстырмалы бағалау үшін, кәсіптік естудің төмендеуін дер кезінде алдын алу және еңбек ету сараптамасының қабілеттерін шешу кезінде қажет. Жұмысшыларда есту дің төмендеуінің І деңгейі анықталған кезде, естудің төмендеуінде кәсіптік ауру шешімі қойылмайды және осыған сәйкес шұғыл хабар парағы толтырылмайды. Есту қабілетінің төмендеуінің І деңгейі бар жұмысшылар өз мамандығы бойынша жұмысты жалғастыра береді және міндетті түрде шуға қарсы заттарды қолданады, жылына бір рет есту қабілетінің жағдайын тексеріп отырады.
Егер кохлеарлы невритпен естудің ІІ деңгейлі төмендеуі қойылса (жеңіл), жұмысшы есту жағдайы бойынша өз мамандығымен еңбек ете беруге болады. Бірақ келесі жылдарындағы аудиометриялық тексерулердегі есту босағасының көрсеткіштері тұрақты болып қалса. Егер динамикалық бақылау кезінде есту босағасы жоғарлайтын болса, есту жағдайының 3 жағдайы бойынша бағаланады.
Егер жұмысшыларды кохлеарлы невритпен естудің ІІІ деңгейлі төмендеуі қойылса (шамалы), шулы жағдайда 10 жыл жұмыс істеу нәтижесінде дамыған болса, оны ДЕСК бағыттайды. Үлкен стажы бар маманданған жұмысшыларда естудің төмендеуімен кохлеарлы неврит дамыса жәнеөршуі болмаса, жұмысшылар өз мамандығы бойынша жұмыс істей береді. Егер кереңдіктің өршу белгілері болса, жұмысшыларды шудың әсерінен шығарып ДЕСК бағыттайды.
Егер кохлеарлы неврит айқын естудің төмендеуімен (ІҮ деңгей) жүрсе, қарқынды шу жағдайында жұмыс істеу көрсетілмейді. Жұмысшыларды ДЕСК бағыттайды және өндірістік шу жағдайынан шығарады. ІІ,ІІІ,ІҮ деңгейдегі естудің төмендеулері анықталған кезде, есту ағзасының кәсіптік аурулары туралы шұғыл хабар беріледі.
Есту қабілетінің сараптамасының принциптері, біздермен ұсынылған есту қабілетінің жоғалту деңгейінің жіктелуіне негізделген. Берілген еңбек ету қабілетінің сараптамасының сұрақтарын шешу тек, І-ІҮ деңгейдегі естудің төмендеуімен кохлеарлы невриті бар «шулы» мамандықтағы жұмысшылар үшін арналған. Бұл сұрақтарды жеке және есту қабілетінің жоғалуын ғана емс жіне басқа ағзалар жағынан өзгерістердің айқындылығын, тұрақтылығын, және ең бірінші орталық жүйке жүйесі және жүрек тамыр жүйесі жағынан өзгерістерді ескеру керек.
Барлық жағдайларда жұмысшының басқа жұмысқа ауыстыру кезінде зақымдану деңгейінің жеке медициналық көрсеткіштер ғана емес, сонымен қатар жасын, шудың әсері жоқ мамандықта жұмыс істеу мүмкіндігін де ескеру керек.
Қарқынды өндірістік шуы бар цехтарға орналасудағы адамдарды кәсіптік таңдау. Бұл жағдайда жеке адамдардың шудың әсерлеріне сезімтелдығын анықтайды. Тестің көмегімен жұмысқа алушылардың арасынан қарқынды шуға сезімталдығы жоғары адамдарды анықтауға болады. Қарқынды шудың ұзақ әсеріне тексерілушінің қандай әрекет жасайтынын, кәсіптік тексерулер кезіндегі алынған мәліметтер бойынша алдын ала болжауға мүмкіндік беретін тестерге орасан зор көңіл аударылады. Шын мәнінде есту адаптациясын немесе шаршау мөлшерін оқиды.
Есту анализаторларының қайтымды және қайтымсыз өзгерістерінң даму механизмінің біркелкілігін болжауға кәсіптік таңдау кезіндегі шудың ұзақ уақыт әсерінен шаршау тестерінін қолдану кезіндегі нәтижелері хабаршысы болып табылады. Қарқынды шудың үздіксіз реакцияларының есту босағасының ығысуы және есту босағасының тұрақты ығысуы түріндегі естудің шаршауы, немесе тұрақты кереңдік байланыстарының сұрақтарын шешуде, бәсекелестік тудырады. Есту қызметіне қандай ұзақтықтағы шудың қалай әсер етуі туралы көптеген авторлар (S. Ward, B. Glorin және т.б)есту ағзасының шуға сезімталдығымен немесе дыбыс тондарының тітіркенулерінен кейін есту босағаларының уақытша ығысуларының Я.С Темкин (1973), В.Е Остапкович (1977) мәліметтері бойынша талқылауға мүмкіндіктер береді. Олар босағаның уақытша ығысуларымен және тұрақты кереңдік арасында аналогияны жүргізеді.
Алайда осы қарастырылып отырған тестер шын мәнінде есту ағзасының шуға немесе дыбысқа әсер етулерінің сезімталдығын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл сезімталдық көп жағдайларда босағаның дискофорт деңгейі мен рекруитмент феноменінің жеткілікті анықталуына байланысты, бірақта олар біркелкі есту босағалары кезінде, кейде қалыпты жағдайдың өзінде де әртүрлі болуы мүмкін.
15-16 жастағы жасөспірімдерде шудың әсерінен есту сезімталдығы мен басқада функционалды жүйелерде айқын өзгерістердің пайда болатыны туралы барлығымызға мәлім.осыған байланысты цехтарға жұмысқа жаңа кадрларды алу кезінде жастың маңызы зор. В.Е Остапкович, Н.И Пономорев, И.В Крамаренко (1971, 1973) 15-19 жас және 21-30 жас аралығындағы жұмысқа жаңадан орналасқан немесе оқып жүрген жұмысшылардағы есту қызметінің жағдайына ретроспективті анализ жүргізген кезде, шу негізгі қолайсыз факторлардың бірі болып табылған.
Шулы өндірістерге жұмысқа орналасқан жастарда әртүрлі жағдайларда есту қабілетінің төмендеулернің кездесу жиіліктерінің көрсеткіштері жоғары болған. 15 жасынан тігінші болған 11-20 жылдық стажы бар жұмысшыларды 79%, ал 18 жасынан бастап жұмыс істегендерде 51% жағдайларда есту қызметінде өзгерістер анықталған. Соңғыларынды естудің төмендеуінің ІІІ және ІҮ джеңгейі болмаған, ал алғашқыларында 32% жағдайда кездескен. өндірістік шудың әсеріне 16-17 жасынан бастап жұмыс істегендер 15 жасынан бастап жұмыс істегендерге қараған да тұрақты болды және 18 жастарынан бастап жұмыс істегендерге қарағанда тұрақтылықтары аз болып саналды.
Осы зерттеулердің нәтижесіне келетін болсақ, егер жасөспірім неғұрлым жас болса, шу жағдайында жұмысты алғаш бастаған болса, соғұрлым ішкі құлақтағы нерв элементтерінің дистрофиялық өзгерістері дамиды.
15 жасынан немесе 30 жастан жоғары алғаш рет жұмыс бастаған адамдар арасында қарқынды шудың әсерінен естудің тереңдігі кеңінен тараған. Бірақта бұл жағдайда дамыған ақаулардың себептері біркелкі емес. Есту қызметтерінің жас кездерінде бұзылуларының кеңінен тарауы есту анализаторларының және жүйке жүйесінің әлі толық қалыптаспауымен байланысты. 21-30 жас аралығында қарқынды шуы бар цехтарға алғаш рет жұмыс істеуге келген адамдарда есту қызметтеріндегі өзгерістер 15 жылдан кейін дамыған. Осыған байланысты 15-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді қарқынды шулары бар цехтарға жұмысқа алуға болмайды және жұмысқа тек 35 жастан жоғары адамдар ғана алынады.