Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Саясаттану - саясат туралы пән. Біз күнделікті өмірде саясатты сөз етпей тұра алмаймыз. Әңгімені көп жағдайда нақты саяси білімі жоқ адамдар да жасай береді. Мысалы, авторитарлық, әміршіл-әкімшіл жүйе туралы айтылатын жайларды жиі естуге болады. Сонда олардың баршасы істің мәнін дұрыс түсінеді ме екен? Айталық, біздің қоғамның даму бағыттарын немесе консенсус, саяси оппозиция, билік дағдарысы, т.с.с. саяси ұғымдарды толығымен түсінеміз бе? Қоғам дамуының шым-шытырық бағдардарын түсіндіретін саясаттану пәні болып табылады. Марксистік саяси ғылым туралы пікір таласы ХХ ғасырдың 60-жылдарының ортасынан басталған болатын. Мәселе саясаттанудың қажеттілігі жайлы емес, керісінше, оны басқа қоғамдық ғылымдардан ажыратып алып, оқыту қажет пе деп қойылды. Аталған кезеңде Г.Шахназаров, Ф.Бурлацкий, Ю.Красин, А.Бутенко сынды беделді ғалымдар қоғамтану ғылымдары қатарынан саясаттануға өз алдына дербес орын жеңіп алуға әрекет жасады. Бастапқыда нәтижесі болмаса да кеңес қоғамының тоқырау кезеңінің тереңдей түскен сәтінің өзінде саясаттануға деген оңды көзқарас қалыптаса бастағаны белгілі. Бүгінгі беталысымызға қарасақ, қазіргі оқытылып жүрген қоғамдық пәндер - дүниежүзілік мәдениеттің ажырамас бір тармағы екендігіне көз жеткізер едік.
Ең алдымен саясаттану пәнінің түп-төркінін, мән-мағынасын ажыратар болсақ, саясаттану политология - грек сөзі «политика» - мемлекетті басқару өнері деген ұғым, «логос» - ілім деген түсінік береді екен. Сол себепті саясаттану пәніне алдымен саяси қатынастарды оқып-үйрету өнері жатады. Пәннің құрамына одан басқа мыналар енеді: қоғамның саяси жүйесінің принциптері, саяси жүйенің рөлі мен негізгі құрамдарының өзара қарым-қатынастары болып келетін - мемлекет, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар; мемлекеттік саясатты жасау мен жүзеге асырудың әдістері; қоғамдық-саяси қатынстарды реттеу; демократия деген ұғымды құратын проблемалардың біртұтас комплексі. Саясаттану сондай-ақ сыртқы саясатты да, халықаралық қатынастарды да оқып-үйретеді. Сонымен, саясаттану мемлекетті басқару механизмінің қыр-сырын ашып, саяси билік пен қоғамдағы күнделікті процестердің өзгерістер мен заңдылықтардың себеп-салдарын талдайтын ілім. Дамыған капиталистік елдердің жоғарғы оқу жүйесінде саясаттану негізгі пәндердің бірінен саналады. Біз болсақ, генетика мен кирбернетиканы оқу үрдісінен аластағанымыздай, саясаттану пәнінен де ат-тонымызды алып қашып келдік. Әлемдік өркениеттің деңгейіне көтерілем деген елдің әр азаматы қоғамдық ғылымдарды мұқият оқып-үйреніп, бес саусағындай білуге тиіс. Өйткені ол логикалық ақыл-ойдың, мәдениеттің, дүниені танып білудің, дамудың қайнар көзі деген сөз.Саясат ілімдерінің құрылымы. Батыста саяси философия, саяси ғылым, саяси социология, саяси психология бар. Олардың әрқайсысын ажыратып қарау қалыптасқан. Мысалы, саяси басшылықты саяси ғылым, саяси социология, саяси психология қарастырады. Әрқайсысы өз тұрғысынан зерттейді. Нәтижесінде әрбір қоғамдық ғылымның иесі өз тарапынан тарихшы-саясаттанушы, экономист-саясаттанушы, философ-саясаттанушы, заңгер-саясаттанушы, социолог-саясаттанушы, психолог-саясаттанушы, т.с.с. болып келеді. Десек те, саясаттанудың объектісі: саяси жүйелердің теориясы мен әдістерін, оның ішінде саяси қатынастарды, саяси институттарды, саяси процестерді зерттеу. Саясаттанудың функциялары. Саясаттану пәні адам мен қоғамға пайдалы қызмет атқарады. Бізді қоршаған ортаны танып-білуге үйретеді. Адамды саяси өмірге тартқанда саясаттанудың рөлі арта түседі. Әртүрлі қоғамдық ұйымдардың қызметі өзгерген сайын саясаттануды игерудің қажеттігі айқындала түседі. Мысалы, парламент депутаттарының қызметінің өзгеруі қазіргі уақытта көп мәселелерге өзгеше қарауды қажет етуде. Жариялылыққа, демократияға деген көзқараста да сондай өзгерістер қажет. Қоғамдағы соңғы жаңалықтарды білмеу көптеген адамдарға дұрыс саяси бағдар ұстауға кедергі жасайтыны да содан. Мұны кейбір саяси топтар пайдаланып кетуі мүмкін. Депутаттардың өздерінің ішінде саясаттанымдық білімдерінің жетіспей жататындары да бар. Сондықтан олардың саяси белсенділіктерінің кеміс түсетін сәттері жиі кездеседі. Саясаттану осы кемшіліктерді жоюға жәрдемдеседі. Саясаттану теориялық - әдістемелік функция атқарады. Белгілі бір қоғамдық экономикалық формацияның саяси режимін талдауды, баға беруді осы ілім арқылы жүзеге асыруға болады. Саясаттану саяси шындықты көрсететін пән болғандықтан ол саясатқа әсер ете алады. Қоғамда қолданбалы, практикалық-саяси функция атқарады. Мемлекеттің заң актілерінің дұрыстығына саясаттанудың негізінде көз жеткізуге болады. Саясаттануды саяси болжамдар жасауға да қолданады. Күні кешегі қайта құру процесінің кемшілігі де дәл осы саяси болжамның дер кезінде толық болмауының кесірінен еді. Экономикада, әлеуметтік салада, ұлтаралық қатынастарда, мемлекеттік құрылыста, рухани өмірде орын алған кемшіліктерге алдын-ала жасалған саяси болжам болғанда жол бермеуге болар еді. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, алықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат тарихында саясат негізгі роль атқарады. Себебі кез келген адам бір мемлекеттің шеңберінде өмір сүрген жағдайда сол елдің саясатынан тыс болатын адам жоқ. Сондықтан, саясат қазіргі адамның қажеттілігі, талап тілегі болады деген пікірмен келісеміз. Ол адамның тұрған жерінен, жұмысшылардың алғашқы ұжымынан басталып, мемлекетте, мемлекеттер арасындағы саяси қатынастарда саяси тұрғыдан басшылық етумен аяқталады. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни-мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретінен туған жалпы әлемдік космостық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарадық. Мысалы, Мысырда (Египетте), Вавилонда (қазіргі Ирак), Үндістанда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, басқарушының билік көзі құдайда және ол жер бетіндегі істерді реттеп, тындырып отырады. Көне Кытай мифы бойынша билік құдайдың құдіретімен жүргізіледі де, ал іске асырушы онымем байланысты император болып есептелген. Ежелгі гректерде ен алғашқы билікті жүргізуші құдайлардың өздері болыпты-мыс. Кейінірек адамзаттың іс-тәжірибесінің, ақыл-ойының, мәдениетінің дамуына байланысты саясаттың ұғымдары, түсініктері, тұжырымдамалары пайда бола бастады. Қоғамдық - әлеуметтік және саяси құрылымы мен қатынастарының одан әрі күрделіленуі, материалдық өндірістің, халық санының өсуі оның өміріне мемлекеттің тікелей араласуына әкеліп соқтырды. Мұндай жағдайда ұлы ойшылдар саясатты ғылыми тұрғыдан түрініп, оны орынды пайдаланудың, мемлекетті тиімді басқарудың жолдарын іздестіре бастады. Бұдан келіп саяси теориялар туды. Біздің з.б. бірінші мыңжылдықтың ортасында саясаты діни-мифологиялық танудың орнына философиялық-этикалық түсіну түрі келеді. Мұнда аса зор еңбек еткендер Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ғұлама ғалымдар. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат-мүддесіне сай келуге, адамгершілікке негізделуге тиіс деп ұқты. Әдетте, саясаттанудың негізін қалаушы деп данышпан ғалым Аристотельді атайды. Өйткені ол өз заманында лицей ашып, сонда саяси ғылымды жеке пән ретінде оқытып, өзі жүргізді. «Саясат» деген еңбек жазып, онда ежелгі грек мемлекеттерінің (онда әрбір қала мемлекет болып есептелетін) саяси жүйесін зерттеді. Дегенмен, ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргі біздің - түсінігіміздей басын ашып бере алмады. Ол саясаттың негізі адамның өзімшіл, хайуандық табиғатында жатыр деп ұқты. Жеке адам көзсіз құмарлыққа берілгіш келеді. Сондықтан оның соқыр сезімін тежеп, жалпыға ортақ игілікке, әділеттілікке жетуді жеңілдету, адамның адамгершілік қасиетін арттыру үшін саясат жүргізу керек деп түсінді. Сонымең қатар ол саясаттану мәселелерін, фәлсафа (философия) мәселелерімен бірге қарады. Орта ғасырда саясаттың діни-этикалық түрі қалыптасады. Оның негізін салушы Фома Аквинский саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары кұдайдың калауына қарсы шықса, халықтың оларды құлатуына болады деген байлам айтты.Саясатты қазіргідей түсінуге мол үлес қосқан Италияның XVI ғасырда өмір сүрген ойшылы Никколо Макиавелли болды. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті қойды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың неше түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетті. Соның арқасында саясаттануды біздің казіргідей түсінуімізге жол ашылды.Феодализмнің ыдырап, капиталистік қатынастардың қалыптасу қоғамды демократияландырып, жалпыға бірдей сайлау құқығын кіргізуге; көпшілік саяси партиялар мен қазыналардың кеңінен қанат жаюына, акпарат кұралдарының өрістеуіне, ауқымы кеңейді, саясаттың қызметтері мен міндеттері күрделігіне түсті. Сондықтан саяси құбылыстар мен процестерді арнайы зерттеуге, саясаттану теорияларын жасауға тура келді. Бұл ретте Дж. Локк, .Л.Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар көп еңбек сіңірді.
2Саясаттану зерттеу объектісіне, субъектісіне және зерттеу пәніне анықтама беріңіз және түсіндіріңіз.
Саясат субъектілері..
Бұл дәрісте саясаттын негізгі субъетілері, олардың ұғымдары мен құрылымдары қарастырылады. Саясат субъектісі ретіңнде жекеліктің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Саяси әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдардағы өлеуметтік страратталу процестері, олардың саясатқа ықпалы анықталады. Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсатмүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың субъектілері. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.Сонымен саясаттың субъектілерінің 2 түрі болады: 1) әлеуметтік 2) институционалды.Саясаттың әлеуметтік субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді. - Жалпы әлеумет ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады. - Жекелеген тұлғалар саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар әлеуметтік денгейдегі субъектілер.Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар институционалды денгейдегі субъектілер.Саяси институттар құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект мемлекет болып табылады.
Осылардың ішінде адам бастапқы негізгі субъект. Ол субъект ретінде саясатқа әр түрлі денгейде араласып, қатысады. Адамның саясатқа қатысуы оның мүдесімен анықталады және мынадай түрлерде көрінеді: конвенционалды-заңмен рұқсат етілген және конвенционалды емес, яғни оған заң арқылы тиым салынған.Адам саясаттың субъектісі мен объектісі. «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады. Саясат пен кәсіби айналыспайтын «орташа» адам саясатың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын, өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады.Саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі.Қоғамдық ұйымға, қозғалысқа мүше болатын, бірақ саяси жұмысқа тура арласпайтын азамат. Саяси ұйымдардың мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам. Қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер. Саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясаткер. Ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, «ең соңғы саты» болып саналатын саяси басшы, көсем. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндіе беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материялдық, әлеуметтік-мәдени,саяси-құқықтық алғышарттар қажет.Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. 3.Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптеріжатады. Адам өмірге келгенде тең болып туады, мұны Аристотель табиғи құқық деп атаған. Феодализм уақытында әр таптың өзгеше құқығы болды. Ал капитализм уақытында құқық либерализммен байланысты болды. Азаматтық концепцияны зерделей келе оны Ренессанс деп қарастыруымызға негіз бар. Бұл мәдени құбылыс тұлғаны қайта қарауға мүмкіндік жасады. Тұлғаны бұрынғыдай тек діни тұрғыдан қарастырмай, қайта керісінше оның қоғамдағы ролін барынша қарапайым түрде түсіндіруге тырысты. Н.Макиавеллидің сөзімен айтқанда Әлемнің тірегі құдай емес. Қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным Жаңа заманның басты ұранына айналды. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын. Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес мұра қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо. И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн және т.б. жатады.Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді. Мысалы: 1776 жылы 4шілдесінде АҚШ та Тәуелсіздік Декларациясы бекітілді. Мұнда барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа ие болуға тең құқығы бар, үкімет билігінің қайнары халық, үкімет халықтың қызметшісі, барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркі бар: өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі,т.с.с.айтылған. АҚШ тың Тәуелсіздік Декларациясында көрсетілгендей, негізгі баптар конституциялық түрде 1789 жылы Францияның адам және азаматтар құқығының Декларациясында да бекітілді. 26 мемлекет ұлтшылдыққа қарсы, адам өмірі, бостандығы туралы, тәуелсіздігі оның құқықтары мен әділеттілік үшін күресу еркіндігі жайлы Декларация қабылдады. 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы адам құқықтарының халықаралық Декларациясын қабылдады. Онда адам құқықтары ғана емес, оларды қорғау шаралары да қарастырылады. 1948 жылы геноцидтің алдын алу және ол үшін жаза қолдану туралы конвенция, 1965 жылы нәсілдік алалаушылықтың барлық түрін болдырмау туралы конвенция, т.с.с. қабылданды. БҰҰ шешімі бойынша 10 желтқсан жыл сайын дүние жүзінде адам құқығының күні ретінде атап өтіледі. Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар:
1. Табиғи-тарихи бағыттағы жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Мемлекет бұл құқықты сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды дейді. 2. Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше, азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. 3. Марсизм де адам құқығын мемлекеттік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді.Марсизм комунистік қоғамда мелекетте, саясат та, құқық та болмайды дейді. Қазіргі кезде әлеуметтік саяси ғылымда адам құқығына табиғи-тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. ”Адам құқығы” тар және кең мағынада қолданылады. Кең мағынасына жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынада мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конститутциялық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді. 4.Жеке адамдардың құқықтарының жіктелуі. Қазіргі уақытта жеке адамның құқықтары негативтік, позитивтік, азаматтық , эканомикалық, мәдени болып жіктеледі.
Негативтік бостандық, мемлекет тарапынан жеке адамға зорлықтың, шектеудің жоқтығын білдіреді. Бұл еркіндік үкімет тарапынан адамды қауіп-қатерден, бостандықты бұзып, бұрмалайтын жағдайлардан сақтайды. Позитивтік құқықтар таңдау, талғау еркіндігін, ең бастысы адамның өз мақсатына жете алушылықты, жеке дамуға қабілеттігін көрсете білуді білдіреді.Мұнда мемлекеттің, ұйымдардың азаматтарды қайсібір игіліктермен қамтамасыз етуі, белгілі әрекеттерді іске асыруға мүмкіндік жасауы көрсетіледі. Азаматтық құқық мемлекеттің қол астындағы азаматтардың барлық құқықтарының жиынтығы. Азаматтық құқыққа табиғи, адамнан ажыратылмайтын, адамдардың құқықтары кіреді. Оған өмір сүруге, еркіндікке жеке адамның дербес құқығы, ар-абыройы мен атағын, қадір-қасиетін қорғау қасиеті, айыпталушыны қорғауға бағытталған әділ, тәуелсіз және ашық сотқа жазылған хат және телефон арқылы сөйлескен сөздің құпияалығы, бір жерден екінші жерге еркін барып келуі, тұрақты қоныс таңдау, оның ішіне қандай мемлекеттен болмасын біржолата кетуі немесе қайтып оралу бостандығы және т.б. құқықтар жатады.
Экономикалық құқыққа жеке адамның тұтыну заттары, жеке меншігін, жұмыс көзін, іскерлігін, еркін пайдалана алуы жатады. Мәдени құқық адамның рухани дамуын өрбітіп, өрістетуге бағытталады. Оған білім алуға, мәдени құндылықтарды көруге, өнер техникалық жасампаздыққа, қоғамның мәдени өміріне еркін араласуға құқығы және т.б. жатады. Адам құқығын орындау халықтар арасында сенімді нығайтуға, адамгершілік қатынастарды дамытуға, бейбітшілікті сақтауға кепіл бола алады.
Большие социальные группы как главные субъекты политики. Саясаттың субъектісіне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер, саяси партиялар, қозғалыстар да жатады. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтар мен олардың өзара қарым-қатынастарын дамыту мәселесі қоғам өміріндегі аса қиын да күрделі құбылыс. Өйткені біздің әлемімізде үш мыңнан астам ұлттар, халықтар мен ұлыстар өмір сүреді. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың әртүрлі сатысында тұрған олардың арасында азаттық пен бостандыққа қол жеткізгендері де, оған жете алмай тәуелді болып отырғандары да бар. Дүние жүзіндегі халықтардың 90 пайыздан астамы көпұлтты мемлекет құрамында өмір сүруде. Әлем халықтары 225 мемлекетке топтасқан. Олардың ішінде 175 Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі, ал 187 егеменділік құқы бар ел болып табылады. Бұлардың қатарында 38 дамыған ірі мемлекеттерге тәуелді болып келеді. 1600 халық дамушы елдерде тұрады, шамамен алғанда 100 ұлт дамыған капиталистік елдерді мекендеген. Ал ТМД елдері 17 жуық ұлттар, халықтар, ұлттық және этникалық топтардан тұрады. Әлемдегі 320-дан астам халықтың әрқайсысының саны бір миллионнан асады. Бұл келтірілген мысалдар саясаттың субъектісі ретіндегі әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы жөніндегі мәселенің айрықша назар аударуды талап ететін күрделі де аса маңызды мәселе екенін көрсетеді. Оның ұзақ жыл бойы белсенді түрде жетілдіріліп келгеніне қарамастан қазіргі уақытта бұл мәселе жөнінде жаңаша ой толғау, оның қоғамдағы әрекеті мен ықпалын бағалауға да жаңа талаптар тұрғысынан қарау міндеті алға тартылуда. Әлеуметтік-этникалық қауымдастықтың дамуы көптеген мәселелерді қамтиды. Олардың бәрінің бір мақалада жан жан-жақты қамту, оның түрлері мен өмірдегі терең ерекшеліктерін барынша толық пайымдау мүмкін емес.
3. Антикалық дәуір ойшылдарының саясат және саяси ғылым туралы тұжырымдамаларын түсіндіріңіз.
Батыс елдерінің ішінде саяси идеялар Ежелгі гректерде қатты дамыды. Онда қоғам шығыс елдерімен салыстырғанда көп жағдайда қарама қайшы өрістеді. Греция ол кезде саяси бытыраңқылық күн кешкен ел еді. Саяси өмір тез өрбіді, ал саяси сана теориялық терең дамуына әкелді. Сондықтан олардың саяси санасы мифтан теорияға тез ауысты. Көне гректерде саяси ғылымға мол мұра қалдырған ғалымдар көп. Олар: Платон, Аристотель. Платон б.з.б. 424-347 ж.ж өмір сүрген.Шын аты Аристокс. Платон атақты фәлсафашы Сократтың мектебінде оқып, оның үздік шәкірті болды. Платонның екі жүздей еңбектері бар: «Мемлекет», «Саясатшы», «Заңдар» және т.б. Оның ойынша мемлекет адамдарын алаламай нәсіліне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамай бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек.Ол адамдарды үлкен үш әлеуметтік топқа бөлді: 1) әкімдер 2)қорғаушылар 3) өндірушілер. Әкімдерге фәлсафашыларды жатқызды (жасы елуден кем емес). Бір таптан екінші тапқа өтуге болмайды. Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, алигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішіндегі ең жақсысына аристократиялық мемлекетті жатқызды. Онда ақыл естілік, парасаттылық билейді, оның принциптері адамгершілік, абырой, ар намыс деп санады. Ертедегі гректердің саяси ой пікірлерін одан әрі дамытып, фәлсафасын шыңына жеткізген ұлы ойшыл Аристотель (б.з.б 384-322) болды. Ол Афиныда бірінші рет саяси ғылымды пән ретінде кіргізіп, өзі сабақ берді. Сондықтан Аристотель саясаттанудың «әкесі» саясаттануға қатысты «Саясат», «Афинының политигі», «Этика» деген еңбектері бар. Аристотель саясатқа кең мағына берді. Саясатты адам мен мемлекеттің жоғарғы игілігі, оның мақсаты адамды, мемлекетті жақсы тұрмысқа, молшылыққа, бақытқа жеткізу деп білді. Ол құл иеленушілікті қолдады, құлждар мен ерікті кедейлерге саяси құқық бергісі келмеді. Аристотельдің ойынша, мемлекет қоғамның дамыған түрі, ал қоғам отбасының дамыған түрі болып табылады. Мемлекетке адамдар белгілі бір игілікке жету үшін бірігеді. Ол мемлекетті дұрыс және бұрыс түрлерге бөлді. Дұрыс түріне монархияны, аристократияны және политияны жатқызды. Ал тирания, алигархия және демократияны бұрыс мемлекеттің түріне жатқызды. Мемлекеттің дұрыс түрінде әкімдер халық, ел пайдасын ойлады, билік қоғамға қызмет етеді. Ал бұрыс түрінде олар өз бастарының пайдасын ойлайтын көрінеді. Аристотель Платон айтқандай қоғамдық меншікке қарсы шығып, жеке меншікті жақтады.
4.Қазақ ғалымдарының, ойшылдарының еңбектеріндегі саяси ойдың басым бағыттарын, ерекшеліктерін түсіндіріңіз. (Әл-Фараби, Жүсіп Баласұғини т.б)
Қазақ жеріндегі ойшылдар. Қазақ халқының рухани мұрасы да саяси ой-пікірлерге бай. Қазақтың алғашқы философы, әлеуметтанушысы. Математигі, физигі, астрономы, ботанигі, логика және тіл маманы, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Мұхаммед Ибн Тархан әл-Фараби 870-950 жылдары өмір сүрген. Ол екінші Аристотель атанған. Барлығы 160-тан астам трактат жазған. "Бақытқа жету жолдары", "Саясат туралы", "Азаматтық саясат" деген еңбектері бар. Әл-Фараби басқару түрін екіге бөлген:
1. Қайырлы - халықты бақытқа апарады. 2. Қайырымсыз - мұнда теріс әрекеттер болады. Әл-Фарабидің айтуынша адам бақытты болуға лайықты, сондықтан сол ол бақытын табуға тиіс. Оған ол тынымсыз еңбек арқылы ғана жетуге болады дейді. Ұлы дана халықтар достығын қолдады. Қазақ даласындағы ойшылдардың бірі Жүсіп Хас-хаджиб Баласағұни (1021-1075). Ол - ақын, философ, қоғам қайраткері болған. "Құтадғу білік" (Құтты білік) деген дастаны бар. Ол түрік тілінде жазылған. Мұнда адамның тағдыры, қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың санасы, әдет-ғұрпы, т.с.с берілген. Өмірден әділ заңды, еркіндікті аңсаған. Қазақ халқының, тарихында өшпес із қалдырған хандар да бар. Олар Қасым, Есім, Тәукехандар, "Қасымханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы" деп халық олар жасаған заң, тәртіптерді көпке дейін ұмытпаған. Ал Тәуке хан "Жеті жарғы" деп аталған қазақ әдеп-ғұрып заңдарының жиынтығын жасады. Мұнда құқықтық тәртіп деп мемлекеттік құрылымының негізгі принциптері айқындалды. Ол "халық кеңесі" мен "Билер кеңесін" тұрақты орган ретінде қалыптастырып, рөлін арттырады. Тәуке хан қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер әкелген ірі реформатор болды. Қазақ саяси ойы ХХ ғасырдың басында заманалық өркениетке сәйкестеніп, жаңаша мазмұнда дами бастады. Бұл дамудың өзіндік ерекшелігі оның Ресей империясы орнатқан отарлық езгі ахуалында орын алуына байланысты болатын. Қазақтың белгілі ойшысы-ШоқанУалиханов (1835-1865). Ол ғалым. ағартушы-демократ, саяхатшы, этнограф, зерттеуші. Халықты патша-шенеуліктері мен жергілікті байлардың зорлық-зомбылықтарынан қорғауды, қолынан келгенше оның рухани және
мәдени өркендеуіне ықпал жасауды өзінің мақсат-мүдесі деп білді. Шоқанның ойынша, халықты қанаудан құтқару үшін билікті жою керек, сонда ғана халық бақытты болады.
Қазақ еліндегі тәртіпті өзгертудің жолдарын іздеді. Қоғамдық құрылыстың жаңартудың жолы ретінде реформаны таңдады. "Сот реформасы жайындағы хат" деген еңбек жазды. Сол реформаны іске асыру үшін көп зерттеулер жүргізген. Саясатқа ат салысқан тұңғыш ұстаз - Ыбырай Алтынсарин (1841-1889) халықты дүниеге "дұрыс көзқараспен" қарауға тәрбиелеуді өзінің негізгі мақсаты етіп қойған. Тек білім, ағартушылық қана бұқара халықты билеп-төстеушілердің қысым қыспағынан құтқара алады деп, барлық күш-жігерін олардың білімін көтеруге арнаған. 1887ж. Ырғызда 20 адамдық интернат және қазақ қыздарына арнайы мектеп ашқан. Қазақ даласының ғұлама ойшылы - Абай Құнанбаев (1845-1904). Ол қазақ халқының мүддесі үшін күресте достық, татулық, бірлік- керектігіне назар аударды. Ол адамның "ақыл, ғылым, қайрат" арқылы жоғары дәрежеге көтеріліп, асқақтайтындай қоғамның прогрестік дамуын аңсады. Жиырмасыншы жүзжылдықтың қарсаңы мен басталар шағында қазіргі Қазақстанның сол кездегі аумағында тұратын халықтардың өмірі, экономикасы мен әлеуметтік қарым-қатынастары ірі өзгерістерге ұшырағаны мәлім. Ішкі Ресейдегі шаруалардың басыбайлылығы жойылғаннан (1861) кейін қазақ жеріне бақ-дәулет іздеп, күнкөріс қамымен көшіп келушілер саны арта түскен. Одан, патша үкіметінің қазақ жер-суын мемлекет меншігі деп жариялауына (1891) орай, сырттан келіп қоныстанушыларға - орыс шаруаларының қазақ арасына кіріп өз қожалығын құруы арқылы жаңа жер игеруіне кең жол ашылды. Осылай ету арқылы патшалық билік орталықта шиеленісе түскен шаруалар қозғалысын әлсіретуден үміттенген-ді. Сол оймен “қазыналық жерлерді” (қазақ жер-суын) жеке адамдарға бөліп беру туралы заң шығарды (1901). Қоныс аударту басқармасын құрып, қазақтардан тартып алынған жерлерді “қоныс аудару қоры” есебіне алды. Қазақстан жерінің асты-үстіндегі байлықтарға түгел тұзақ салынып, бәрін орыс және шетел капиталы биледі. Қазақтың жер қойнауы және дәстүрлі шаруашылығы өнімдері арсыздықпен таланып, қанаушылық жолмен сыртқа тасып әкетіле берді. Өстіп, Қазақтар Ресей өнеркәсібін өркендету үшін арзан шикізат өндіріп алатын тау-кен және ауылшаруашылық базасына айналдырылды. Және, әсіресе сорақысы - қазақтардан барлық орман-тоғайлар, құнарлы, шұрайлы жерлер, ірі сулардың (Жайық, Ертіс, т.б.) жағалаулары, егіншілікке қолайлы ата-қоныстары тартып алынды. Қазақтар шөл және шөлейт аймақтарға ығысуға мәжбүр болды. Шөбі шүйгін жайылымдар мен шабындықтардан айрылудың жайыла көшіп мал бағуды кәсіп еткен халықтың шаруашылық жүргізу қалпына қиғаштықтар, теріс өзгерістер енгізіп шаш-етектен зиян тигізгені өз алдына, тұрмыс жағдайын күрт төмендетті, әлеуметтік тыныс-тіршілігіне, рухани өміріне өлшеусіз зор зарар келтірді. Кедейленген, қайыршылыққа ұшыраған көшпелілер жатаққа айналды, оларды түрлі кәсіпшіліктер жалдап, арзан жұмыс күші ретінде, ауыр жұмыстарға салып пайдаланды. Қазақ еліне тереңдей енген Ресейдің капиталистік экономикасы, осылай, жергілікті халықты аяусыз қанап, езу жолымен даму бағытын ұстанды. Патшалық қазақтың ұлттық мемлекеттілігін (1459 1847) біржолата жойып, орнына ел басқарудың ресейдік жүйесін орнатты. Халықты жер-суымен бөлшектеп, бірнеше орыс губерниясы мен генерал-губернаторлықтарына қарату және сан-алуан әкімшілік шараларын жүргізу арқылы, біз қарастырғалы отырған ХХ ғасыр басындағы кезеңге дейін-ақ империялық күштер Қазақстанды Ресейдің басыбайлы отарына айналдырып үлгерген-ді. Әлихан Бөкейханов пен Бақытжан Қаратаев - ХХ ғасырдың бастапқы онжылдықтарындағы қазақ саяси ойын заман талабына сай туындата отырып дамытқан аса көрнекті тұлғалар еді. Екеуі де отарлық езгідегі туған халқына қызмет етуді мұрат етті, бірақ екеуінің бұл орайдағы көзқарасы, ұстанымы мен таңдаған жолы екі бөлек болды. Патша тақтан түскенге дейін және ақпан революциясынан кейінгі жарты жыл бойына Бөкейханов кадет партиясы қатарында қызмет етті. Ал Қаратаев саясат алаңында қазақ кадеттерінің серкесі ретінде көрінер-көрінбестен, одан тез айнып, мұсылман ұйымына көбірек үйірілді (2-Думада мұсылмандар фракциясына тіркелді), 1917 жылға дейін социал-демократтарға жақын жүрді. 10-жылдары Бөкейханов қазақтың дәстүрлі шаруашылық жүргізу тәртібін сақтауға, ал Қаратаев қазақты отырықшылыққа көшуге үндеді. “Батысшыл” Бөкейханов пен “шариғатшыл” Қаратаевтың оқу-ағарту, дін істеріне көзқарастары да екі түрлі болатын. Тіпті, халықтың мұң-мұқтажын талқылау үшін бас қосып ақылдасу, баскөтерер азаматтармен жиналыс өткізу мәселесінде де олар қарама-қарсы пікірде болды. Қаратаев съезд шақыруға ниеттенгендерді қолдады, ал Бөкейханов оны керексіз деп тапты, пікір алмасуды баспасөзде жүргізген жөн деді. Әрине, осынша кереғар ұстанымдар айналасындағы ой таластыруларда олар жеке-дара күрескен жоқ, екеуі де ортақ мақсатқа айтыс-тартыспен ұмтылған екі көштің екі саяси ағымның басында тұрды. Тиісінше әрқайсысының өз пікірлестері және ел арасында беделі зор “Қазақ” газеті мен “Айқап” журналы сынды өз саяси мінберлері бар еді. Қазақ жерінде саяси сананың дамуына XIX ғасырдың аяғы XX ғ. басында пайда болған алғашқы зиялылар қауымы да ықпал етті. Оларға: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, М.Тынышбаев, М.Жұмабаев, Б.Қаратаев, Халел және Жаһанша -Досмұхамедовтерді жатқызуға болады.
5. Реннесанс дәуірі ойшылдарының саясат және саяси ғылымдар туралы ойларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қайта өрлеу дәуірі ірі саяси оқиғалар кезеңі, ол феодалдық қатынастардың ыдырап, капитализм элементтерінің пайда болуымен, буржуазиялық таптың қалыптасуымен сипатталады. Қайта өрлеу кезеңінің идеологтары саяси-әлеуметтік құндылықтарды жинақтау барысында антикалық мәдениет мұратына жүгінеді, сол антикалық мәдениетті қайта жаңартуға тырысады, антикалық өркениет идеяларын уағыздауы - сол кездегі феодалдық қатынасқа, католицизм заңдарына деген наразылықтан туады. Қайта өрлеу дүниетанымында - адам тағдыры оның тұқымына, тегіне, әлеуметтік дәрежесіне байланысты емес, тұлғаның жеке басының қасиеттеріне байланысты деді. Орта ғасырлардағы адамның барлық жақсы қасиеті құдайдан деген қағиданың орнына - адамның қасиеті тұлғаның жеке басының қабілетіне, талантына байланысты деген идеология туады. Әрине, бірақ қайта өрлеу дәуірі антикалық мәдениетті таза түрде жаңарта алмайтын еді. Себебі Қайта Өрлеу кезеңі - теологиялық Орта ғасырдан кейін болды, Қайта Өрлеу мәдениетіне орта ғасырлар мәдениеті ықпал етпей қоймады. Осы кезеңдерде адамзат мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан тұлғалар тарих сахнасына шығады. Ол тек қана өнер саласында ғана емес, саяси салада да өз ізін қалдырады. Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ойларға келетін болсақ,оның басты ерекшелігі бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты “жақсы өмірді,, аңсаумен, тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес керісінше, олардың зерттеу оьбектісіне мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Саяси ойлар бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып, эаңдар оның құралына айналыуы керек деген қахида бірінгші кезекке қойылды. Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткен бұл үлгілер қайта өрлеу зманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды. Қайта өрлеу мен Жаңа заман ойшылдары дүниені түсіндіруде адамның тағдыры, шыққан тегі, атағы, конфессиялық статусы арқылы алдын ала болжанбайды, ол адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері арқылы анықталуы тиіс деп түсіндірді. Азаматтылық, халық игілігіне риясыз қызмет ету тұлғаның-индивидтің ең басты мақсатына айналып, басты мәселесі ретінде қарастырылды. Бұл түсінік теңдік пен әділеттілік ұстанымдарына сүйенеді, жеке адамның бас бостандығының кепілі іспеттес болып, адамға тән табиғи бастамаларына сәйкес келді. Қорыта айтқанда Жаңа заман саяси ойлар жүйесін азаматтық концепциялар жүйесіне жатқызуымызға болады. Өйткені ойшылдар осы заманда тұлға-индивидке ерекше көңіл қойып зерттей бастады. Негізгі мәселе етіп мемлекет пен ондағы жеке тұлға қарастырылды."Қайта өрлеу" және "Ағарту" дәуіріндегі саяси ойдың ерекшеліктері.Қайта өрлеу дәуірінің төмендегідей ерекшеліктері бар. Саяси ғылымның теологиядан оқшаулануы, мемлекеттің пайда болуының табиғи идеяларын негіздеу.Мемлекет туралы жүйелі ілім қалыптастыруға ұмтылу, "Мемлекет" деген ұғымды енгізу.Буржуазиялық мемлекеттің абсолютизмнен республикаға дейінгі формаларын тұжырымдау.Буржуазиялық саяси-құқықтық ойлардың пайда болуы.
Азаматтық қоғам және қоғамдық келісім теориясының өкіметті бөлісу принципі туралы ілімнің қалыптасуы. ХVІ ғасырдағы алғашқы утопиялық социализм және ХVII-ХVIII ғасырлардағы сыншыл утопиялық социализм.Қоғамдық дамудың, білімнің, ақыл-ойдың рөлін дәріптеу.Гуманизм, адам құқы мен бостандығы идеяларын жария ету.Саяси басқару нысандарының ауысу заңдылықтары мен әлеуметтік күрестін мойындау - саяси өзгерістердің қозғаушы күші.Феодализм ыдырап капитализм орнай бастады. Католик шіркеуінің озбырлығы мен оның діни қағидаларына қарсы шыққан халық адам құқығын, ар-намысын қорғауға ұмтылды.Бұл уақыт "Қайта өрлеу" немесе "Гуманизм" деп тарихқа енді. Реформациялау, яғни шіркеуді өзгерту демократияландыру басты мақсат болды. Бірақ гуманистер халыкқа сенбеді. "Қайта өрлеу" дәуірінің негізін салушы Николло Макиавелли (1469-1527) болды.Оның "Патша", "Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жайлы ойлар", "Флоренцияның тарихы", т.с.с. еңбектері болған. Макиавелли дінге қарсы болды. Тұңғыш рет мемлекет ұғымын енгізді. Н.Макиавеллидің сөзімен айтқанда Әлемнің тірегі құдай емес. Қоғам адамдарға қызмет ету керек деген ұстаным Жаңа заманның басты ұранына айналды.Макиавеллидің ойынша мемлекет басқарушы мен бағынушының қарым-қатынасы. Ол Республикалық мемлекеттік еркіндікті, теңдікті аңсады. Мемлекет ерікті болса ғана, қуатты, абыройлы болады деп сенді. Мақсатқа жету үшін амал айланың қай түрін болсын қолдануды сұрады.
6.Саяси ғылымдардың қоғамдық ғылымдар саласында алар орнын және қалыптасу тарихын қысқаша түсіндіріңіз.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланысты дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортақ қоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланады. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен философиямен тығыз байланысты.Философия-табиғат, қоғам және таныс дамуының неғұрлым ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани байлықтардың негізінде де жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты философиялық тұрғыдан дәлелдейді, саяси құбылыстар мен процестерді талдауға дүние-танымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын байқатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заңдылықтарды нақтылайды, айқындайды, саяси танымы тереңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Сайып келгенде, саясаттану өмірдің жалпы жақтарын қарастырғанда философия тұжырымарына сүйенеді, ал саясаттың нақтылы жақтарына келгенде философия саясаттануға жүгінеді. Саясаттану экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономикалық теориямен өзара байланысты. Саяси экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыда дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеумттік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принциптерін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, құқықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін қарастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану құқықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес. Саяси өкімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтық тұрғыда қалыптаспай саяси өкімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі әлеуметтану. Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды. Ал әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның сяаси салаға әсерін зерттейді. Оның айналысатны мәселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде,саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі.
7. Саяси ғылымдардағы билік ұғымдарының анықтамасын беріңіз, мән мағынасын ашып түсідіріңіз.
Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Саяси билік принциптері легитимдік принципі, қорғау принципі, ұтымдылық принципі, сыр бермеу принципі. Саяси билік әдістері - саяси билікті жүзеге асыру құралдары мен түрлері. Құқық, бедел, сендіру, дәстүр, алдап-арбау, зорлау, күштеу арқылы жүзеге асырылады.Саяси биліктің легальдылығы - басқару түрінің зандық негізі, яғни оның құқықтығының барлық тұрғындармен мойындалуы. Кейбір саяси жүйелерде билік легальды болғанымен, легитимді болмауы мүмкін. Мысалы, отар мемлекеттердегі метрополия билігі. Ал, түрғындардың басым көпшілігінің қолдауымен жүзеге асқан революциялықтөңкерістен кейінгі жағдайда билік легитимді, бірақ легальды емес.Легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен немістің көрнекті ғалымыМакс ВеберСаяси биліктің легитимділігі - халықтың келісіміне негізделген әрі заңмен, ережелермен, дәстүрмен анықталған билік сапасы. Легитимдік дегеніміз - халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті қолдауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін келесі екі шарт орындалуы қажет:
1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің еркіне қарай орындалуы керек;
2) мемлекеттік билік конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы М. Вебер билік басына келудегі легитимдіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсеткен:
1) әдет-ғүрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына сіңген салт-дәстүрге сүйенеді;
2) харизматикалық легитимдік. Мүнда өзінің ерекше батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге түскен адамды басшы ету;
3) ақыл-парасаттың, құқықтың легитимдігі. Саяси билік қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға сыйымдылығына негізделеді.
Саяси биліктің маңызды қырла
Саяси биліктің маңызды қырлары: адамдарды нақты іс-әрекетке ояту қабілеті, үстемдік етуші субъектілер мүдделері мен мақсаттары негізінде әрекеттер жасату; адамдардың билікке тиімсіз іс-әрекеттерінің алдын алу қабілеті; нақты күштердің үстемдігін көрінбеген жағдайдың өзінде жүзеге асыру мүмкіндігі; түтастығы, барлық жерде мәжбүрлеу түрінде өмір сүру қабілеті. Мүндай мәжбүрлеу жеке үстемдік ретінде қабылданбайды. Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық,күштеу, демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық - білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскер, полиция, қауіпсіздік органдары, сот,прокуратура құрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.Саяси билік субъектілері - іс-әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен ме- кемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, "иелік етуші" болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті "иелік етушілер" арқылы жүргізеді.
8. Саясаттың басты субъектілері ретіндегі әлеуметтік топтардың, тұлғалардың және мемлекеттің арасындағы қатынасты сипаттап беріңіз.
Саясаттың субъектііне әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттері, саяси партиялар, қозғалыстар жатады. Олар жөніндегі кейінгі тақырыптарда сөз болады. Қазір саясаттың алғашқы, бірінші субъектісі мен объектісі адамға тоқталайық. Тұлға деп деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүрістұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Субъект деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат әлемі жатады. Саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, сяасатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері, көздеген мақсат-мүдделері және т.б қоғамның нақты, тарихи жағдайымен анықталады.
9. Саясаттанудағы саяси жүйелер ұғымына анықтама беріңіз. Саясаттанудағы саяси жүйелерді түсіндіретін теориялардың негізгі ерекшеліктерін қысқаша жазып түсіндіріңіз.
Қоғамның саяси жүйесі деп билік жүргізіп, қоғамда тұрақтылық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, әлеуметтік топтар, таптар, ұлттар, мемлекеттер арасындағы саяси өзара қатынастарды реттейтін ұйым мен мекемелердің жиынтығын айтады. Саяси жүйе төмендегідей қызметтерді атқарады: 1) Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету және биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде, қалыптарда бекітілген, яғни институциалданған түрі. Сондықтан ол конституцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады, ол арқылы қоғамда тәртіп орнайды. 2) Саяси жүйе қоғамдық қатынастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. 3) Саясм жүйе қоғамда жинақтаушылық, топтастырушылық қызмет атқарады. Ол ортақ әлеуметтік саяси мақсаттар мен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар, жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді. 4) Экономикалық қалыпты жұмыс істеп, прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. 5) Қоғамды, оның мүшелерін ішкі және сыртқы бүліндіргіш әрекеттерден қорғау. Мысалы, ұйымдасқан қылмыс, сыртқы агрессиядан және т.б. Саяси жүйе құрылымы: 1) Саяси институттарға мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар және т.б ұйымдар мен бірлестіктер жатады. Бұл ұйымдардың бәрі таптық, топтық, ұлттық, жыныстық, кәсіби, жас мөлшеріне қарай және т.с.с байланысты пайда болатын көптеген әлеуметтік мақсат мүдделерді білдіріп, қорғау үшін құрылады. 2) Саяси қатынастар қоғамдық жүйенің екінші бөлігін құрайды. Оған таптардың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, адамзат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді. Олардың қатынастардан айырмашылығы мұнда олардың саяси және мемлекеттік билікке қатынасы көрініс береді. 3) саяси ережелер саяси жүйенің үшінші бөлігі болып табылады. Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады. 4) Саяси мәдениет - саяси жүйенің төртінші белгісі. Ол саяси сана мен іс әрекетті, саяси қатынастарда, идеяларда, теорияларда, саяси тұжырымдамаларда, шешімдерде, саяси ережелерге қатынаста көрініс табады. Саяси мәдениеттің зерттеушілік қызметі адамдардың іс әрекетіне және олардың ұйымдарына ететін әсерінен білінеді. Саяси жүйені оның саяси тәртібіне қарай тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық деп бөледі. Тоталитарлық саяси жүйеде жеке адам мен қоғам толығымен билікке бағынады. Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық саласын өзінің бақылауына алады. Авторитарлық саяси жүйеде билік басындағы жеке адам немесе адамдар тобы шексіз бмлікке ие болады. Парламент, оппозицмялық партиялар болғанымен олардың ықпалы шамалы келеді. Демократиялық тәртіпте тұлға құқығы биік тұрады, билік жұмысын қоғам бақылауға алады. Онда биліктің өкілдік органдары жалпыға бірдей сайлау арқылы халық сайлайды, азаматтарға саяси құқықтар мен еркіндіктер беріледі, елде заңдылық билейді. Француз саясаттанушысы Ж.Блондель саяси жүйені басқарудың мазмұны мен түрлеріне сай оны 5 түрге бөледі: 1) либералдық демократия. Ол саяси, мемлекеттік шешімдерді қабылдағанда меншікке иелік етуі, еркіндік сияқты құндылықтарды басшылыққа алады. 2) коммунистік жүйе. Ол әлеуметтік игілікті тең бөлуге бағдар ұстайды. 3) дәстүрлі саяси жүйе. Ол ат төбеліндей ақсүйектердің саяси және экономикалық үстемдігіне негізделеді. 4) дамып келе жатқан елдерде қалыптаса бастаған саяси жүйе. Онда авторитарлық басқарум белең алады. 5) авторитарлық консервативтік жүйе. Онда әлеуметтік және экономикалық теңсіздік сақталады, халықтың саяси билікке қатысуына шек қойылады. Батыс саясаттанушылардың арасында саяси мәдениеттің жағдайына қарай, құндылықтар жүйесінің негізінде саяси жүйені жіктеудің төмендегідей 4 түрі кең тараған: ағылшын американдық, құрлықтық еуропалық, индустрияланбаған және жартылай индустрияланған, тоталитарлдық. Саяси жүйенің ағылшын американдық түрі ондағы саяси мәдениеттің бірыңғайлығымен, біртектілігімен сипатталады. Мемлекеттің алдына қойғанмұрат мақсатын халықтың барі қолдайды. Билік тармақталған, ол толығымен жүзеге асады. Мұндай жүйе тұрақты және тиімді қызмет атқарады. (АҚШ, Англия, Канада, Австралия). Құрлықтық еуропалық саяси жүйенің саяси мәдениеті, ұстанатын құндылықтары әр түрлі келеді. Онда ескі мәдениет жұрнақтары мен жаңа мәдениет астарласып жатады. Алайда оның бәрінің либералдық құндылықтарға, заңдылыққа сүйеншген ортақ негізі бар. Сондықтан олар өзара келісім тауып, жымдасып жатады. Индустрияланбаған немесе жартылай индустрияланған саяси жүйеге аралас мәдениет тән. Онда батыстың құндылықтары, этникалық салт дәстүрлер, діни әдет ғұрыптар шоғырланады. Бұл елдерде автолитарлық тәртіп, күшке сүйену бой алған ( Азия, Африка елдері). Тоталитарлық жүйеде саяси мәдениеттің таптьық сипаты бар. Оның құндылықтарын қоғамның барлық мүшелері қолдайды. Бірақ оны еріксіз жасайды. Билеуші партия саяси жүйенің барлық элементтерінің іс әрекетіне бақылау жасайды.
10. Саяси ғылымдардағы «саяси режимдерді» түсіндірудегі негіз теориялық классификацияларды түсіндіріп анықтамасын беріңіз
Саяси режим - дегеніміз елдегі саяси өмірдің сипатын анықтайтын мемлекеттік билікті жүзеге асырудың түрі мен әдістерінің жиынтығы,қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету амалы.
-Саяси режимнің сипаты қоғамның саяси жүйесінің қызмет ету мен ерекшелітеріне тәуелді болады.Сонымен қатар саяси мәдениет пен саяси дәстүрге де байланысты болып келеді.
-Елдің саяси жүйе конституциялық құрылыспен, мемлекеттік билікті жүзеге асыруда қолданылады.
Саяси режимнің сипатын анықтауда саяси ғылымда екі бағыт қалыптасты:
1.Заңды құқықтық бағыт: конституциялық жүйесі және тәжірибе жүзінде іске асырылуы.
2.Әлеуметтік бағыт: қоғамды басқарудағы ерекше әлеуметтік механизм, билік органдарын қалыптастырудың негізгі модельдері, саяси шешім қабылдаудың амалы, саяси субъетінің саясатқа қатысу амалы.
Саяси режимнің типтері:
1.Тоталитаризм
2.Авторитарлық режим
3.Демократиялық режим
Авторитаризммен органикалық байланыстағы және одан тек тоталдығымен,яғни акциялардың, әрекеттердің бәрін қамтып, жекелікті жоққа шығарушылығымен ерекшеленетін ерекше саяси режим.
Тоталитарзмнің белгілері:
-Идеологиялығы
-Бұқаралық партияның болуы
-Мемлекеттік қоғамның барлық саласында бақылау орнату
-Қоғамда плюрализм болмайды
-Оппазиция болмайды
Мемлекеттік биліктің тоталитарлық режимді ұйымдастырудың ерекшелітері:
-Биліктің орталықтандырылуы, биліктің басында диктаторлар болады, репрессивті ақпарат жұмыс жасайды;
- Билеуші партияның монополиясы;
- Биліктің легитимділігі күшке негізделеді;
Азаматтардың еркіндігі мен бостандығы болмайды.
Тоталитарлық жүйелер әр түрлі нышандарға ие болса да оларды саяси практика мен режимнің өзіндік ерекшелітері принциптері саяси процестерде қолданатын әдістері мен құралдары біріктіреді.
Авторитаризм - билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық күрес жок.
Авторитарлық саяси режимнің белгілері:
-Саясаттан басқаның барлығына рұқсат;
-Билікті ұстаушы бір адам немесе бір топ;
-Билік күшке негізделеді;
-Оппазиция болады,бірақ әлсіз;
-Саяси құқықтармен еркіндіктердің шектелуі.
Авторитарлық режимнің формалары:
Демократиялық режим.
Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, қоғамды қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия - әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады.
Демократияның басты ерекшеліктері:
-Еркіндік принципі;
-Саяси бәсекелестік;
-Билік құрушы саяси элитаның қызметін бақылауды қамтамасыз ету мүмкіндігі.
-Мемелекеттік биліктің құрылымдық икемділігі
-Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды қабылдай білу қабілеті
-Саяси қатынастар субъектілерінің іс әрекеті мен қызметі үшін саяси кеңістік жасау
-Саяси және идеологиялық плюрализм
-Демократиялық қоғам ашық қоғам
Демократия консепциялары:
-Ұжымдық антикалық. Ж.Руссо теориясы социялистік демократия
-Антикалық демократия: көпшіліктің шексіз белгісі;
-Руссо теориясы: билік жалпы еріктің негізінде жеке адамдардың бірігуі нәтижесінде пайда болған халықтың қолында болады.
11. Демократия ұғымына анықтама беріңіз, басқа саяси тәртіп түрлеріен ерекшеліктерін түсіндіріңіз
Демократия туралы жалпы түсінік.Демократия” сөзі гректің “демос” халық және “кратос” билік деген сөздерінен шыққан, яғни “халық билігі” деген мағынаны білдіреді. Бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады: 1.Мемлекет түрі. 2.Тендік, сайлау, көпшілік дауыспен шешім қабылдау принциптеріне негізделген ұйымның ұйымдастырылу түрі.3.Қоғамдық құрылымның мұраты. Әр жерде демократия әртүрлі рең алған. Олар мынандай мемлекетті демократиялық деп түсінген. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік билікті басқаруы. Мұнда конституция билік халықтың қолында екендігіне дәлел болады. Халық жоғары билікке өз өкілдерін сайлау арқылы тағайындап, өзгертіп отырады. Демократия теңдік болған жерде ғана болады. Мұнда барлық салада заң шығару, оны орындауда, т.с.с. теңдік болады.
Демократияда әділеттілік болуы керек. Мұнда да қоғамның барлық саласында әділеттілік болуы тиіс. Демократияда сонымен қатар бостандық, еркіндік болуы керек.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтады.
2. Демократияның антикалық, классикалық теориялары
Тұңғыш демократиялық мемлекет б.з.д. V ғасырда Афиныда дүниеге келген. Мұнда “халық кеңесі” жұмыс істеді. Ол мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатын жүргізді, соғыс ашу, соғысты тоқтату шешімдерін қабылдады, т.с.с. Бірақ халық кеңесіне қатыса алмайтын толық құқығы жоқ азаматтар да болған. Оларға Афиныға басқа жақтан көшіп келген азаматтар, сол елде тұратын әйелдер мен құлдар жатады. Халық кеңесі толық құқықты азаматтар көп болса, оларды басқару қиындыққа түседі деп қорықты. Халық кеңесімен қатар бес жүз адамнан тұратын кеңес жұмыс істеді. Оны “бесжүздік” деп атады. Олар халық кеңесінде қаралатын мәселелерді дайындады. Сонымен қатар “халық соты” жұмыс істеді. Ол қылмыс жасаушыларды жазалап отырды. Афинылық демократия Периклдің (б.з.б. 490-429) басшылық еткен дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл уақыт афинылық демократияның алтын ғасыры болып саналады. Периклдің уақытында барлық билік мүмкіндігінше біркелкі бөлінді.
Демократия Ежелгі Римде де болған. Мұнда “халықтық мінбе” жұмыс істеді. Мұның құрамында ақсүйектер де, төменгі топ өкілдері де болған. Бірақ бұл демократияның өрескел жақтары да болды. Азаматтық құқық барлық адамда болған жоқ, себебі қоғам адам өміріне араласты. Антикалық демократиядан бастау алған классикалық демократияның өзгешелігі болды. Мұнда саясатқа барлық тап өкілдері қатыса алды. Олар өз көзқарастарын білдіріп, ортақ шешім қабылдады.
. Қазақстан Республикасындағы демократия
Біз жоғарыда демократия қоғамға сипаттама бердік. Енді осы айтылған жайттардың біздің қоғамымызда қалай жолға қойылғанын сипаттап өтейік. Қазақстан Республикасының Конституциясында: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбатты қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы. Республика қызметінің түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм, мемлекет әмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық, әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентке дауыс беру арқылы шешу” деп көрсеткен (Жалпы ережелер, 1-бап). 1990 жылы 25 қазанда, КСРО тарамай тұрғанда-ақ, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум нәтижесінде жаңа Конституция қабылданды. Қазақстан Республикасының егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы халық. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Қазақстан Республикасында билікті ешкім де иеленіп кете алмайды. Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінеді, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.
“Қазақстан халқы” деген конституциялық ұғым жергілікті қазақ ұлтымен тарихи тағдыры бір және ежелгі қазақ жерінде тұрақты дамыған көп сатылы біртұтас экономика мен жарқын өмір салтының негізінде ортақ тілекпен топтасқан адамдардың саяси этностық бірлігі болып табылатын Қазақстан халқының әлеуметтік ерекшелігін; Конституциялық жолмен белгіленген ұлттық, кәсіптік және азаматтық теңдігін, тең қолданылатын мемлекеттік және ресми тілдерді сан қырлы қазақстандық мәдениет пен туысқандық менталитетті барынша нығайта түседі.
Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет.
Біздің Республикамыздың жағдайында демократиялық мемлекет ең алдымен Конституция қабылдап, тікелей мемлекет басшысын және Парламентті сайлайды, өкілетті мерзімі біткен соң оларды ауыстыруға халықты құрылтайшылар арқылы қатыстырады. Басқару тәртібінің нысанына (президенттік, парламенттік) қарамастан, мемлекеттің жоғарғы органдары арқылы көпшіліктің еркін анықтауға және барынша жүйелі қорғауға қажетті жағдайлар жасайды.
Сонымен қатар демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына, тағы басқа да ерекшеліктеріне қарамастан жекелеген азаматтардың өз мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес сөз, ар-ұждан бостандығы, тілі мен ұлтын өзі анықтауын қамтамасыз ете отырып, бірлесу, митингілер, демонстрациялар, шерулер өткізу ереуілге шығу құқығымен қоса, жекелей және ұжымдық, еңбек дауын шешу, сондай-ақ мемлекеттік қызметке араласып, мемлекеттік, тағы басқа да істерді басқару қызметіне қатысуға тең құқықтар беріледі.
Демократиялық мемлекеттің сипаттық ерекшелігі республика азаматтарының мемлекеттік қызметке араласуын ретке келтіру болып табылады. Демократиялық мемлекет саяси тәртіп жүргізудің демократиялық тәсілдері мен әдістерін көбірек қолданады. Қазақстан Республикасы зайырлы мемлкет. Бұл ұғым Қазақстандағы діни мекемелер мен діннің мемлекеттен ажыратылғандығын білдіреді. Қазақстандағы ислам мен православилік, тағы басқа нанымдық ағымдардың ісіне мемлекет араласпайтындығын білдіреді. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Мемлекет органдары қағидалық заң негізінде емес, онституция негізінде құрылы, жұмыс істейді. Сонымен бірге әркімнің ар-ұждан бостандығына құқығы бар, оны жүзеге асыру мемлекет алдындағы міндет. Наным немесе атеизм мәселесі - әркімнің өзіндік ұстанымы. Елдегі дін қабылдау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды. Қазақстан аумағында шетелдік діни бірлестіктердің жұмыс істеуі, ол орталықтардың Республикадағы діни бірлестік жетекшілерін тағайындауы тек тиісті мемлекеттік органдардың келісімі бойынша ғана асырылуы мүмкін. Қазақстан құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясы құқықтық мемлекеттің бастауы әрі шарты. Оның негізгі принциптері: азаматтар үшін “заңды тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі” , мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін “заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұқсат” болып табылады. Құқықтық мемлекет жұртшылық пен мемлекеттік лауазым иелерінің құқықтық мәдениетін арттыруды, барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттілікті жоғары дәрежеге көтеруді мақсат тұтады. Құқықтық мемлекеттің сапалық белгісі адам және азамат құқығы мен бостандығына халықаралық, өлшем деңгейінде кепілдік беру болып табылады. алдымен оның өзінің санасы мен ерік-жігерінің ісі екендігін атап көрсетеді. Әлеуметтік мемлекет бірінші кезекте жеке бастамалар мен қоғамдағы экономикалық еркіндік үшін қажетті жағдайлар туғызуға міндетті. Осы жағдайлар арқылы “бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму” үйлестіріледі. Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын елдің егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы, аумағының бөлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы шарттарға қол қойылады.
Республика егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығына қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді деп көрсетілген Конституцияда.
12. Саясаттану ғылым шеңберінде «мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз. Мемлекет түрлері мен типтерін қысқаша суреттеп өтіңіз.
Мемлекет белгілі бір аумаққа иелік етіп, сол жердегі халықтың еркін дамуына мүмкіндік беретін, қоғам табиғатынан туындайтын ортақ істерді атқаруға қажетті басқарудың жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жүйесі, саяси билік ұйымы. Егемендікке, заңдастырылған зорлықты пайдалануға монополияға ие және қоғамды басқаруды арнайы механизмдер (аппарат) арқылы жүзеге асыратын қоғамдағы саяси билікті ұйымдастырудың еркеше түрі, саяси жүйенің орталық институты.
Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
Унитарлы мемлекет - әкімшілік-территориялық бірлестіктердің саяси дербестігі болмайтын мемлекеттік құрылыс түрі. Мемлекеттік құрылысқа келесі сипаттамалар тән: елдің бүкіл территориясында тең жүретін біртұтас конституция; заңды күші бүкіл территорияға таралатын жоғарғы мемлекеттік билік органдарының біртұтас жүйесі; біртұтас құқық жүйесі; биліктің муниципалды органдарының жалпы мемлекеттік органдарға бағынуы.[1]
13. «Унитарлы мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1]
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания,Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан,Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
14. «Федеративті мемлекет» ұғымына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріп, мысал келтіріңіз
Федеративті мемлекет - заңдық тұрғыда белгілі дәрежеде саяси дербестігі бар жекелеген мемлекеттік құрылымдардан құралған күрделі одақтық мемлекет. Ұлттық-тілдікфактордың рөліне қарай федеративті мемлекет құрылымын былай анықтау қалыптасқан:
15. Конфедерация дегеніміз не? Анықтама беріңіз және ерекшеліктерін түсіндіріңіз
Конфедерация (кейінгі лат. confederatіo одақ, бірлестік) мемлекеттік құрылым формасы, бұл ретте Конфедерация құрушы мемлекеттер өздерінің тәуелсіздігін толығымен сақтап қалады, әрқайсысының өзіндік мемлекеттік билік жүйесі және басқару органдары болады; арнайы бірлескен органдар тек белгілі бір (әскери, сыртқы саяси, т.б.) мақсаттағы іс-әрекеттерді үйлестіріп отыру үшін жасалады. Конфедерацияға мүше елдердің бәріне бірдей ортақ заң шығарушы орган, ортақ азаматтылық, территория, әскери күштер, салық жүйесі болмайды. Осындай егемен елдер одағына мүше әрбір мемлекет өкілдері Конфедерация органдарын құрады, олар қабылдаған шешімдер одақтас мемлекеттердің үкіметтері және заң шығарушы органдарының келісімі мен бекітуі арқылы жүзеге асады. Конфедерация құру туралы келісім Конфедерацияның құрылуының құқықтық негізі болып табылады. Конфедерация қаржысы оған мүше мемлекеттердің жарналарынан құралады. Конфедерация бірқатар проблемаларды шешуде оң рөл атқарады. Атап айтқанда, ажыратылған ұлттарды біріктіру процесінде (мысалы, Корея Республикасы мен КХДР); жаһандық интеграциялықпроцестер шеңберінде бірнеше мемлекеттерді халықаралық құқықтық, аймақтық бірлестіктерге біріктіруде (мысалы, Еуропалық одақнегізіндегі Еуропалық Конфедерация) тиімді рөл атқарды немесе атқаруы мүмкін. Тарихта Рейн Конфедерациясы (1254 1350 жылдары), Ганей лигасы (1367 1669), Швейцария (1291 1798 және 1816 1848), Нидерланд (1579 1795), АҚШ (1781 1789),Германия Конфедерациясы (1816 1848), Америка конфедерациялық штаттары болды. Сондай-ақ, Конфедерация федеративтікмемлекеттің құрылуына алғышарттар қалыптастырады. 1918 1922 ж., КСРО құрылғанға дейін, ұлттық республикаларды біріктірудің бастапқы кезеңінде Конфедерация және федерация элементтерінің үйлесуі орын алды. Сонымен қатар “Конфедерация” термині кейдеодақ мағынасында әр түрлі ұйымдардың атауы ретінде де қолданылады (мысалы, Франциядағы Жалпыға бірдей еңбек Конфедерациясы, Британия өнеркәсібінің Конфедерациясы, Италиядағы Конфиндустрия, т.б.).
16. Т. Парсонстың «жүйе және жүйешіктер» ұғымын түсіндіріңіз әрбір жүйешіктің ерекшеліктерін сипаттап беріңіз
Т. Парсонстың әлеуметтік жүйе теориясы және оның саяси жүйе теориясының дамуына әсері. Д. Истон және Г. Алмонд саяси жүйе теориясының негізін қалаушылар ретінде, тұжырымдамаларының ерекшеліктері. К. Дойчтың саяси жүйе теориясы. Саяси жүйелердің заманауи түсіндірмелері, саяси жүйенің дербестігі туралы теріс бағалардын алдын алу. Саяси жүйелердің жүйешіктері: институционалды, нормативті, идеологиялық, коммуникативті, мәдени. Саяси жүйенің негізгі қызметтері. Саяси жүйенің легитимділік жағдайы. Саяси тұрақтылық, оның алғышарты және оған жету тәсілдері. Абсолютті, статистикалық және динамикалық тұрақтылық. Саяси қатер, қатердің тетіктері.
17. Г.Алмонд бойынша «саяси жүйелер» типологиясын түсіндіріңіз, мазмұнын ашыңыз.
Г. Алмондтың айтуынша саяси жүйе «кіріс» және «шығыс» қызметтері арқылы қоғамда көрініс табады.
Саяси жүйені бір ғана мағына, тек бір ғана өлшем тұрғысынан жіктеуді ғылыми деуге болмайды. Саяси жүйелерді әр-түрлі өлшем тұрғысынан жіктеуге болады. Мысалы:
- саяси мәдениеттер айырмашылығы тұрғысынан саяси жүйелер англо-американдық, континенталды-европалық, индустриалды елге дейінгі, жартлай индустриалды, постиндустриалды (Г.Алмонд);
Институционалдық тармаққа, мысалы мемлекеттік мекемелер, партиялар, қоғамдық саяси ұйымдар жатады. Олардың ең бастысы - мемлекет. Мемлекет - саяси ұйымның жоғарғы формасы ретінде қоғамның саяси жүйесінің ең басты бөлігі, түйіні болып табылады. Мемлекет Г.Алмондтың айтуы бойынша саяси жүйенің негізгі институты. Демократиялық мемлекеттерде билік үш тармаққа бөліну арқылы жүзеге асады. Билік бөліну деген мемлекет билігінің өкілеттілігін бөлу. Бірақ мемлекеттік билік тұтас болу тиіс, оны бөлшектеу дұрыс болмайды.
18. М.Вебер бойынша «саяси партиялардың даму кезеңдері және олардың ерекшеліктерін» түсіндіріңіз.
Саяси жүйе жалпы адами адамгершілік нормалар мен талаптардың басымдығын сезінгенде ғана берік бола алады. Жалпы алғанда адамзат қоғамы шексіздікке, адам болмысының ақиқаттығына деген сенімді қажет етеді. Бұл өте жұқа материя нағыз шынайылық, онымен есептеспеуге ешқашан жол берілмейді.
Адамгершілік мақсаттардың, жалпыға маңызды құндылықтардың ақиқаттығын, нормативтілігін тануда әртүрлі әлеуметтік күштердің, саяси қозғалыстар мен партиялардың бірігуі өтеді.
Құндылықтарға деген қатынастың деңгейін саяси жүйенің сипаты, полюстері дсспотия мен демократия болып табылатын олардың барлық спектрі анықтайды.
Саяси жүйелер әр алуандығымен ерекшеленеді. Саяси ғылым осы өр алуандықты талдауға, жекелей алғанда шатаспас үшін және оларды түсінуге қол жеткізу үшін олардың формалары мен типтерін анықтауға әрдайым талаптанып келеді. Саяси ғылымда саяси-жүйелердің белгілі бір критерилері бойынша бірқатар типологиясы бар:
1) Әлеуметтік-экономикалық формация типі маңызды критерий болып табылады. Осы тип бойынша саяси жүйелердің маркстік типологиясы құрылған. Формациялық принциптерге сай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық және социалистік саяси жүйелерді бөліп көрсетеді. Формациялық төсіл шекарасы туралы мәселе ашық болып қалса да қарастырылып отырған типология барынша ғылыми. Әлеуметтік топтар мүдделерінің келісімі мен қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз ету тәрізді саяси жүйе типі қоғамдық қатынастардың сипатымен, үстем таптың мүдделерімен анықталынады. Бірақ саяси жүйені лайықты түсіну үшін фориациялық
тәсіл антикалық дәуірден бастау алған өркениеттілікпен толықтырылуы қажет. Бұл әсіресе қазіргі саяси жүйелердің типологиясы үшін маңызды, өйткені қазіргі дөуірде формациялық принцип толықтай жоғалып кетпесе де екінші орынға ығыстырылған.
2) Мұндай тәсілдің негізін М. Вебер қалаған. Саяси жүйені типологияландырудың критерийі немесе негізі билікті негіздеудің, оның легатимділігінің әдісі болады. Осы критерийге сай саяси жүйелер дәстүрлі және рациональды болып бөлінеді.
Біріншіден, бағыну түрткілері болып дағды мен харизма, екіншіден мүдде қызмет етеді. Биліктің дәстүрлі типі дәстүр көрсеткенді атқаратын принциппен қызмет етсе, рационалды немесе легитимді-құқықтық жүйеде билік принциптер мен құқықтық нормаларға негізделінген.
Вебер бойынша билікті, оның легитимділігін негіздеудің бұл дәстүрлік әдісі тек қана заңдылыққа деген сенімге ғана емес, өмір сүріп отырған тәртіп пен биліктің қасиеттілігіне де негізделінген. Өзінің мотивациясы бойынша бұл тип көп жағдайда үлкенге және отбасы иесіне ерікті бағыну дәстүрі берік және тұрақты болатын патриархалды отбасы қатынастарына ұқсас. Легитимацияның дәстүрлі әдісі феодалдық Еуропа мен Шығыс үшін тән. Вебер Батыста да құқықтық мемлекеттің тұрақтылығын нығайту үшін саяси дәстүрлермен бекіту керек деп есептейді. Сол себептен де ол демократияның тұрақтылығы үшін билікті мойындаудың көпғасырлық дәстүрімен мемлекет беделін көтеретін және азаматтардың мемлекетке ерікті бағынуын қолдайтын мұрагерлік монархтың сақталуы пайдалы болар еді деп есептейді.
Сонымен, қазіргі кездегі саяси жүйе туралы алуан түрлі концепциялар бар. Олардың бірі саяси жүйені саясат негізінде жатқан идеялар жиынтығы десе, екінші біреулері оны өзара қарым-қатынас жүйесі деп есептейді. Саяси жүйе туралы ғылыми анықтамалардың бәрін құрылымдық, міндеттік және жүйелі бағыттарға бөлуге болады.
Жалпы алғанда қоғамның саяси жүйесі дегеніміз белгілі бір таптардың, әлеуметтік топтардың, ұлттардың, тіпті жеке адамдардың әрқайсысына және бәріне тән мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған билік жүргізуші құрылымдар жиынтығы. Оған-мемлекет, мемлекеттік мекемелер, саяси партиялар және басқа да түрлі қоғамдық ұйымдар кіреді.
19. М.Вебер, К.Мангейм, Э.Дюркгейм ұсынған: «саяси идеологиялардың» мәдени трактовкаларының ерекшеліктерінің мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
Идеология дегеніміз - биліктің қолдауымен іске асырылатын
идеялар жиынтығы. Идеология мемлекет, саяси билік үшін қоғамды,
азаматтарды бір мақсатқа жұмылдыру үшін пайдаланатын құрал.
Идеология ұғымын ғылыми айналымға, әдебиетке енгізген француз
ғалымы, философы Дестют де Треси (1754-1836 жж.). Кейінірек идеология
деген түсінікті терең зерттеген неміс ғалымы Карл Манхейм болды. Неміс
саясаттанушысы М.Вебер де идеология проблемаларын теориялық тұрғыдан
жан-жақты зерттеуге бірнеше еңбектерін арнады.
Осы ғалымдардың тұжырымдамалары бойынша - идеология мемлекеттің,
саяси топтардың, жеке тұлғалардың қоғам мен әлеуметтік топтар алдындағы
мақсаттарын іске асыру үшін қолданылатын көзқарастар жүйесі. Жалпы идеология туралы түсінік ерте заманда пайда болды. Мысалы,
Аристотель идеология деген түсінікті “энтелехия” деп атаған. Энтелехия
мүмкіндікті шындыққа айналдыратын ізденушілік деп ұлы ойшыл анықтама
береді. Идеология проблемаларын зерттеуші, ғалым К.Манхеймнің ойынша:
“идеология -- ол қоғамдық қарым-қатынастарға көзқарас қалыптастыратын
Құрал, Әрбір адамның іс-қимылы ойдан басталатыны баршаға мәлім.
Адамзаттың саяси өмірінің дамуы да саналы адамдардың ой-пікірлеріне,
ұсыныстарына, идеяларына негізделеді.Идеялардың негізгі көзі, бастауы
ғалымдардың ой-пікірлері мен тұжырымдамалары. Мысалы, кезінде идея
ретінде ұсынылып, кейін идеологияға, теорияға айналған Конфуцидің
мемлекеттік билік пен халық арасындағы теңгергіштік заңы, Аристотельдің
орташылдық, орта таптық концепциясы, Гоббстың антиэтатизм принципі,
Монтескьенің билікті бөлу туралы заңы және т.б. Солардың ішінде бүкіл
адамзаттың дамуына үлкен өзгерістер әкелгендері либералдық, консервативтік,
реформистік, социал-демократиялық идеологиялар.
20. Саяси даму және саяси модернизация ұғымдарына анықтама беріңіз. Дихотомиялық ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Қоғам әрқашан өзгеріп, дамып, жылжып отырады.Соған орай саяси жүйелер де өзгеріп,бір күйден екінші қалыпқа келіп, жетіліп жатады.Саяси даму деп саяси іс-қимылдар, саяси мәдениетте және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Соның нәтижесінде саяси жүйе әлеуметтік мақсат-мүдделердің жаңа үлгілеріне бейімделеді және жаңа жағдайларға икемделген институттар пайда болады.Саяси дамуды саяси прогреспен шатастырмаған жөн.Себебі,соңғысы қоғамдық саяси дамудың барысында бір нәтижеге жетуді, бір кезеңнен екіншісіне өтуді білдіреді.Ал,саяси даму бейтарап ұғым,ол тек даму процесін,өзгерісті ғана бейнелейді.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Көбіне күнделікті өмірге тығыз байланысты болғандықтан,олар сырт көзге онша байқала бермейді.Революцияда қоғамның барық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Сонымен қатар революцияға қоғамдағы үлкен бетбұрысты да жатқызады.Мысалы,бұдан екі жүз жыл бұрын Батыс Еуропаның біраз елдерінде және Солтүстік Америкада қоғамның дәстүрлік әлеуметтік және саяси бейнесін түбегейлі өзгерткен процесс басталды.Соның нәтижесінде қазіргі кезде әлемнің барлық аймақтарында қоғам өмірінің барлық саласы түгелімен түлеп,жаңарып шықты.
Критерийлері:
1) Әртүрлі елдердің жаңа жағдайға көшу,институционалдық құрылымға өту үшін жұмылдырып, іске тартарлық қорлары, мүмкіндіктері бірдей емес;
2) Әртүрлі қоғамдық тарихи дәстүрлі, әлеуметтікэкономикалық құрылымы өзгеше;
3) Ұлттық элиталар арасындағы ұйымдастырылу және мәдени ерекшеліктер. Соған орай ол қазіргі тарихи жағдайды,мәдени мәнін, мазмұнын қабылдайды. Саяси модернизация түсінігі мен мәні.Саяси модернизация теориясы, басқаша айтқанда, саяси даму теориясы саясатты талдаудың дербес бағыты ретінде өткен ғасырдың 50-жылдарында ғана айналысқа енді. Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін зерттеді. Әртүрлі қоғамдық бағыттылық пен єлеуіметтік жєне саяси лектегі жүйеге негізделген оқиғаларды қандай да бір концептуалды єдісемелік сызбалар немесе себеп-салдарлық байланыс деңгейінде қарастырып түсіндіру мүмкін емес. Саяси модернизация - аумақты кеңейту және әкімгершілік-саяси шекараны реттеу ұлттық немесе федеративтік мемлекеттердің құрылуы, орталық (заң шығарушы, атқарушы) биліктің күшеюі, сонымен бірге билік бөлінісі; екіншіден, мемлекеттің қоғамның ішкі бірлігін және тұрақтылығын сақтай отырып экономика, саясат және әлеуметтік салалардағы құрылымдық өзгерістерге дайындығы; үшіншіден, саяси үрдіске түрғындардың кеңінен қосылуы; төртіншіден, саяси демократияның орнауы немесе билікті заңдастыру тәсілдерін өзгерту. Саяси модернизация теориялары - ХХ ғ. 50-60 жж. модернизация теориясы қоғамдық-тарихи даму теорияларының бір бағыты ретінде қалыптасты. Бұл теорияның басты белгісі - универсалдық, яғни, қоғам дамуын барлық елдер мен халықтар үшін ортақ заңдылықтары мен кезеңдері бар жалпы (универсалды) процесс ретінде қарастыру. Модернизация теориясындағы либералдық бағыт. Либералдық бағытты зерттеушілер (Р.Даль, Г.Алмонд, Л.Пай) саяси модернизацияның мақсатын үнемі өзгеріп отыратын әлеуметтік және саяси талаптармен жұмыс істей алатын институттардың қалыптасуынан көреді. Билік өкілдері мен тұрғындар арасындағы диалогтың орнауы. Мұндай диалогты ұйымдастыру ашық әлеуметтік және саяси жүйені орнатуды білдіреді. Бұл жағдайда әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық жойылып, әлеуметтік белсенділік өседі, ал саяси салада әкімгершілік және саяси топтар мен институттар арасындағы қарым-қатынас тиімді реттеледі.Либералдық бағыт үшін саяси модернизацияның негізгі белгісі - азаматтардың саяси араласуының деңгейі мен әртүрлі топтардың, саяси жетекшілердің ашық саяси бәсекелесуінің алғышарты. Модернизация теориясындағы консервативтік бағыт. Консервативтік бағыт өкілдері (С.Хантингтон, Дж.Нельсон) модернизацияның негізгі көзі деп саяси өмірге араласатын бұқара халық күресін үнемі өзгертіп отыратын әлеу¬меттік мақсаттар кепілдігін қамтамасыз ете алатын саяси институттардың беріктігі мен ұйымшылдығын айтты. Қатаң тәртіп қана нарық пен ұлттық бірлікке өтуді қамтамасыз ете алады. Сондықтан да модернизация жоғары орталықтандырылған саяси институттарды талап етеді, яғни, қоғамдық өзгерістер үшін ұйымдық құралдарды институттандыру қажет. Модернизацияның мәні неде? Ол дәстүрлі саяси жүйенің жаңа заманға, жаңа жағдайларға бейімделу үрдістерін, мемлекеттік жүйе мен қоғамды өзгертуге сеп болатын саяси өзгерістердің ішкі механизмдерін жүзеге асыруда. Қазақстан 1991 жылы өз тәуелсіздігін жариялап, социалистік жүйеден бас тартқан уақытта-ақ саяси модернизацияның жолына түскен болатын. Саяси өмірде жүйелік, сапалық өзгерістер қарқын алды. Дәстүрлі қоғамнан (социалистік) жаңа жағдайларға бейімделу, өту процестері үздіксіз жүргізілді. Мемлекеттік жүйе түбегейлі өзгерді, жеке меншік пайда болды. Өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз ете алатын тұрғындардың саны көбейді, нарыққа ерік берілді (либерализация). Шетелдік инвестицияның келуі қоғамның саяси санасына да оңды ықпал етті. Осындай жағдайда жаңа саяси жүйе саналуан мүдделердің басын қосып қана қоймай, жаңа әлеуметтік топтардың талаптарының үддесінен шығып, әлеуметтік жағынан әркелкі қоғамның тұтастығын қатамасыз етуі керек болатын.Сол бір тарихи кезеңдегі қазақстандықтардың самарқаулығы, посткеңестік болмыс пен мінез, сондай-ақ, кеңестік қазақ элитасының өзін-өзі сақтап қалуға талпынған әрекеттері өзгеше қазақстандық жолды таңдауға мәжбүрлеген еді. Саяси реформаларды төменнен емес, жоғарыдан реттеуге тура келді және ол талпыныс сәтті шықты. Қазіргі саяси модернизацияның мәнін тек пәнаралық құралға арналған кірігуші зерттеу бағдарламалары негізінде ірі сараптамалық сызбалар мен жетістіктерді игеруді тарту тұрғысында түсіндіруге болады. Модернизация мәселесінің күрделілігі мен әрқырлылығын ескере отырып, кірігу теориясының модернизацияланған демократияға өтуін және оның консолидацясын құру қажет. Мұндай ұзақ құрылымдық процесс бірнеше күрмеуі күрделі мәселелерді туындатады:
- модернизация жєне оны жүзеге асыру процессінде негізінен жүгінетін бағыттар, үлгілер жєне басқару принциптері қандай болу керек?
- модернизация процесі барысында теориялық мєнге мемлекеттіњ қатысу дењгейініњ сєйкестігі қаншалықты жєне либералды нарықтық экономикасы бар плюралистік қоғамдағы өзін өзі басқару мен ұйымдастыру дењгейі бұл процессте 0аншалықты автономды болып отыр?
Формациялық, өркениетті жєне жахандық сараптама сызбалар негізіндегі бағам көрсетіп отырғандай бұл аталмыш мєселелер тек теориялық тұрғыда анна емес, сонымен қатар саяси жоспарда да күрделілік танытып отыр. Ал бұл жағдай тєжірибеде өтпелі қоғамда демократияландыруда мемлекеттік саясатты белгілі бір импровизацияға ие болуымен сипатталады.
Әлеуметтік саяси ғылымдарда қабылданданғандай өтпелі қоғамға жағдайлар дєстүрлі қоғамнан қазіргі батыстық қоғамға өтуі мінездейтін модернизация теориясыныњ бастысы болып табылады.
Модернизация парадигмасы өзіне бірнеше аксиоманы жұптастырады. Біріншіден, басты қоғамның даму зањдылықтары деп күнделікте өмірде болып жатқан өзгерістер жєне єлеуіметтік, саяси, экономикалық қиындықтар жєне мєдени құрылымдар мен оныњ функцияларыныњ қоғамдық рационалды сұраныстар мен пайдалы мүддеге сай функциялануындағы сєйкестігін тану.
Екіншіден, өтпелі қоғам ол мынандай жетістіктерге ұмтылатын қоғам:
- жоғары дењгейдегі индустриализация;
- жоғары валдық ішкі өнімдер мен энергрияныњ органиқалық емес көзгерін кењінен қолдануда тұрақты экономикалық даму;
- қоғамдық процесс мақсатында ғылыми-техникалық жетістіктерді қолдану;
- халықтың жоғары жєне сапалы тұрғыды өмір сүру дењгейін арттыру;
- өндіріс, ғылым жєне тұтынушы салаларымен байланысты аймақтыњ жоғары мобилді кєсіби салалық құрылымдарын барынша өркендету;
- єлеуіметтік стратификация жүйесіндегі орта класқа ерекше көњіл бөлу жєне т.б.
үшіншіден, модернизация бұл қоғамдық өмірдегі баолық салаларындағы сєйкес өзгерістердіњ қажеттігін жєне психологиялық бағыттағы түрленудіњ кешенді процесі.
Төртіншіден, демократиялық модернизацияныњ феномені жањару механизмінін игеру жєне саяси қызмет технологиясыныњ өзгеруі, сонымен қатар саяси мақсат, доктрина, крнцепция, бағдарлама жєне жобасы болып табылады.
21. Мемлекеттік құрылыс пен басқарудың түрлеріне анықтама беріңіз, ерекшеліктерін ашып түсіндіріңіз.
Мемлекет деп шекараларымен шектелген белгілі бір территориясында тіршілік ететін қоғамның ұйымдасу формасы б.т.Мемл болу үшін ол мынадай белгілерге ие болу қажет:
1. Мемлекетті құрушы ұлт немесе халық
2. Территоррия
3. Дербес экономикасы
4. Ұлттық валютасы
5. Өзін қорғайтын армиясы
6. Егемендігі
Сон қатар әр мемл өзін айқындайтын нышындары/символдары болуы тиіс (ту,әнұран,елтаңба).
Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: Дюринг, Каутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.
22. Г.Гегель еңбектеріндегі «мемлекет пен азаматтық қоғам» концепциясының ерекшеліктерін талдап түсіндіріңіз.
Г.Гегель еңбектеріндегі мемлекет пен азаматтық қоғам. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің орнауы барысында өзара әрекет ететін біруақытты процесс. Бұл өзара әрекеттің сипатын түсіну үшін мемлекет пен қоғам бірлікте бола отырып қарама қарсы талаптар екендігін және олардың арасында бірде ашық бірде құпия қақтығыстар болып тұратындығын ескеру қажет. Азаматтық қоғам мемлекет пен оның құрылымдарының шеңберінен тыс. Мемлекеттің шынайы негізін құрайтын қоғамдық қатынастардың (экономикалық, әлеуметтік, рухани адамгершілік , отбасылық және т.б.) бар жиынтығын қамтиды. Азаматтық қоғам институттарына отбасы, мектеп, мешіт, шіркеу,кәсіптік және т.б. ассоциациялар, ұйымдар жатады. Гегель бойынша азаматтық қоғам қазіргі дүниенің тарихи пайда болған және әлеуметік жіктелумен институализацияның дамыған формасына қол жеткізген феномені мұндай түсінікке келісер болсақ азаматтық қоғам жеке мүдделердің әлемі, партикуляры мүдделер мен индивидуализмнің патшалығы. Азаматтық қоғам көп түрлілікті жүзеге асырады. Азаматтық қоғам тұғырнамасын жасаған Гегель. Азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Аристотель еңбектерінің өзінде біз азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлер кездестіреміз. Ол кім меншікке ие болса, сол биліктің, адамгершіліктің иесі деп жазды. Кейінірек елеулі үлес қосқандар Гоббс,Ш. Монтескье, Ж.Жак Руссо, Т.Мэйн болды, бірақта азаматық қоға мемлекеттен тәуелсіз нарықтық экономиканың әлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін және азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде.
Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасқан әлеуметтік экономикалық және мәдени рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте көп шек қойылады. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар (отбасы, коперациялар, ассоциациялар, қоғамдық ұйымдар, кәсіби шығармашылық, этникалық және т.б. бірлестіктер жатады) азаматтардың өндірістік және жеке өмірі олардың әдет ғұрпы кіреді. Азаматтық қоғам негізгі сан түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшелерінің нақтылы меншіктегі болады және оны өз қалауына сай пайдалана аладыСондықтан мұнда белседі іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Олар мемлекет тапапынан қатаң тәртіптен алынудан сенімді түрде қорғалады.
Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық еркін қатынасуына жағдай жасайды. Мұндай қоғамда адамдар жалпыаралық дәрежеге танылған ережелерге сай төмендегідей азаматтық құқықтарды жүзеге асырылады: Ұлттық-этникалық, саяси,діни жастық, жыныстық белгілері бойынша қандайда болсын алалаушылыққа жол берілмейді.
Жек тұлға мен азаматтық абырой болып саналатын пәтер-үйі мен мүлкі, тұратын мекенін анықтау, сөз құпиялығы, баспасөз және хабарлама бостандығы заң жүзінде сенімді қорғалады.
Адам өзінің көзқарасы мен рухани мүдделерін өзі шешеді.
Азаматтық құқықтар сот органдары мен қоғамдық ұйымдар жағынан толық қорғалады.
Азаматтық қоғам материялдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналды. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты.
23. Саясаттанудағы саяси идеологиялардың танымал типтеріне, классификацияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
«Идеология» деген ұғым гректің идея-бейне және логос-білім деген сөздерден шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке француз ғылымы және фәлсафашы А. Дестют де Траси (1754-1836ж) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндіреді. Кейін келе бұл сөздің мазмұны өзгерді, қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.
Идеология әр түрлі саяси, құқықтық, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясат пен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнақтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немес оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология-жалпы идеологияның да өзегі. Оның ерекшелігі- саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс - әрекетті бағыттайды. Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.Идеология деген сөз гректің идея және логос деген сөздерінен шыққан.Идея-көзқарас,логос-ілім.Ал идеология сөзінің мәні-идея туралы ілім ретінде түсіндіріледі.Идеология-биліктің қолдауымен жүзеге асырылатын идеялар жиынтығы.Саяси идеологиялар түрлері:Либерализм - ең жоғарғы құндылық әрі басымдық ретінде жеке еркіндікті ұстанатын идеология. Либерализмнің әлеуметтік-саяси теориясы қоғамдық және мемлекеттік құрылымның демократиялық принциптеріне негізделеді, әлеуметтік, саяси, экономикалық қатынастардың зорлық-зомбылықсыз түрлерін ұстанады, тұлғаның еркін дамуын шектемейтін және әрбіріне мемлекеттік-құқықтық қорғау, адам құқы мен азамат бостандығын сақтау кепілдігін беретін қоғам құруды көздейдіНеолиберализм азаматтар мен қоғамдың экономикалық және әлеуметтік өмірін мемлекеттік реттеуге бағытталған идеялар жиынтығы.Егер осы екі идеологияны либерализм мен неолиберализмді алып қарасақ,алғашқыда бір-біріне қарама-қарсы идеология болып көрінеді.Себебі либерализм мемлекеттік үстемдікті жұмсарту жолын талам етсе,ал неолиберализм керісінше мемлекеттік реттеуді күшейтуді ұсынады.Консерватизм қоғамда тарихи қалыптасқан саяси,экономикалық,әлеуметтік құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.Неоконсерватизм- қоғамдағы саяси плюрализмді дамыту және саяси процестерді реттеу үшін мемлекеттің рөлін күшейту мақсатындағы идеология.Марксизм-дегеніміз қарулы төнкеріс арқылы қанаушы таптарды,капиталистер,фермерлер,жеке меншікті жойып,социализм және коммунизм құрып,қоғамда әлеуметтік тендік орнату мақсатындағы идеология.Рефоризм дегеніміз эволюциялық даму,реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы тұрақтылықты сақтау идеологиясы.
24. Құқықтық және әлеуметтік мемлекет: құндылықтары мен принциптерін сипаттап түсіндіріңіз.
Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең саналатын, жеке адамның құқығы жан жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады.Құқықтық мемлекеттің негізгі құндылығы халық болып табылады. Сол үшін оның барлық аясында қоғамның құқығы жоғары орында тұру керек. Бұл әрбір құқықты мемлекеттің басты, келелі принципі болып табылады. Яғни құқық әрбір елдің Конституциясы негізгі заңында бекітіліп, басқа да заңдары мен жарлықтарына нұсқа болу керек. Мысалы ҚР Конституциясында « Қазақстан Республикасы демократиялық, зиялы, және біртұтас мемлекет. өзін-өзі билейтін қазақ ұлты мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматтарының құқық теңдігін қамтамасыз етеді» делінген.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты.
Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.
Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.
Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
25. Саяси қақтығыстардың типологиясын түсіндіріңіз, анықтамаларын беріңіз.
Қоғамда әр түрлі таптар, топтар, жіктер болатындығы белгілі. Олардың өзіндік мақсат-мүдделері, талап- тілектері, армандары, қажеттіліктері болады. Олар сәйкес келе бермейді. Осыдан келіп араларында айырмашылықтар п.б. Олар дер кезінде шешілмесе жанжалдарға айналады. Жанжал немесе шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққы ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама- қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір талапты айтады. Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан сол мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым п.б. Ол мейірімсіздікке, төзімсіздікке, озбырлыққа әкелетін, қоғамды бүліндіріп, тығырыққа тірейтін саяси шиеленістердің шығу заңдылықтарын біліп, реттеу жолдарын іздестіріп, оның алдын алуға бағытталады. Соған орай, ол саяси және қоғамдық қатынастарды жетілдіруді де қарастырады. Әлуметтік жанжалдардың бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Себебі әркімнің қоғамдағы мәртебесі, қызметі, билікке қатынасы әр түрлі. Біреулер билік етеді, екіншілері оларға бағынады. Жанжалдың екінші себебіне қажеттілік, мұқтаждық, талап- тілектің өтелмеуі немесе қанағаттандырғысыз өтелуі жатады. Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни т.б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды. Бұл олардың өмірдегі орнын анықтайды және өздерінің жағдайын басқалардан төмен сезініп, мүдделеріне қысым жасалады деп ұғады. Батыстың көптеген саясатшылары шиеленістер себебін адамның санасынан іздейді. Мысалы, жеке адам мен қоғамдық құндылықтар туралы түсініктері сәйкес келмеуі, өмірден адам бір нәтижені күтуі, шындығында басқаша шығуы, адамдардың өзара түсініспеушілігі, олардың ішкі сезімдерінің жетілмегендігі. Жанжалдар қоғам өмірінде маңызды рөл атқарады. Әлеуметтік бақылауға алынған жанжал адамдар, топтар арасында п.б. дау- дамайларды уақытында ушықтырмай, асқындырмай шешуге септігін тигізеді. Қоғамдық организмдегі дағдарыстар мен әлеуметтік дағдарыстар туралы айта отырып ең алдымен, олардың адамдардың тіршілік әрекетімен тығыз байланыстылығын, оның адамның өзінде, оның өмірлік жағдайында, әлеуметтік перспективаларында тікелей көрініс табатынын ескертуіміз қажет, яғни оны фундаменталды адами өлшемге ие немесе тағдырлық мәні бар деп айтуға болады. Қоғамдық өмірдегі дағдарысар көріну сфералары бойынша жіктелуі мүмкін: экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеолгоиялық, адамгершілік, экологиялық және т.б. Бірақ қоғам тұтастық ретінде болғанықтан, осы жеке дағдарыстар қоғамды тұтастай дағдарыстың бір сәті, тұсы болып табылады. Саяси жанжалдар өзінің даму барысында бңрнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туады. Қоғамның кейбір салаларында қиындықтар п.б. Оларға айтарлықтай мән берілмесе, өрби түседі. Мысалы, адамдардың өмір сүру деңгейі төмендейді, құқық сақтау, адамгершілік тәртіптері бұзылады. Әділетсіздікті бұрынырақ сезетін қарсы жақтың алдыңғы қатарлы адамдары өздерінің келіспеушіліктерін білдіре бастайды. Келесі кезеңде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. Билікті халық мойындағанда, оның заңдарын дұрыс түсініп, өз еріктерімен орындағанда билік. Сонда оның беделі де, халықты бағындыратын сиқырлы сыры да болады. Ал мынадай кикілжіңде басқарушы төбе топтың әр түрлі қылмыстары ашылып, беделдері кетіп, оларға сенімсіздік туады. Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін. Екі жақты да көптеген адамдар қолдап, даудың шеңбері кеңиді. Егер мұның бәріне жол табылып, шешілмесе, дау- жанжал өркениетті түрден шығып, қарулы қақтығысқа айналады. Мысалы, Югославиядағы, Таулы Карабахтағы, грузин- абхаз жанжалдары сияқты. Біраз жағдайда билік басындағылар қайшылықты байқаса да байқамаған сыңай білдіреді. Ондайда кикілжің бықсып, жанып өрістеуі, тіпті өртке айналуы мүмкін. Сондықтан жанжалды шешу керек. Сондықтан қазір көбінесе шиеленістерді дер кезінде шешуге тырысады. Оның екі жолы бар: 1.Жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу. Мәміле деп дау-жанжалға қатысушы жақтардың өзара кешірімділік білдіріп, ымыраға келуін айтады. Онда екі жақ бірін- бірі ұғынысып, өзара кешірімділік жасап, ортақ келісімге келуге тырысады. 2. Зорлық негізінде бітістіру, келістіру. Мұндай жағдай бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда, екінші жақ жеңілгенде немесе оны толық жойып жібергенде туады. Екі жақты татуластырудың кең тараған түрі- келіссөздер. Ол арқылы қарсы жақтың пікірі, дәлелдері белгілі болады, күштің арақатынасы айқындалады, келісімнің шарттары анықталады. Дағдарыс жағдайынан шығу үшін оның мәнін, ерекшеліктерін, әлеуметтік негізін және т.б. зерттеп білген жөн. Сонымен бірге, әлеуметтік жанжалдар да сан алуан келеді. Олар мемлекеттер, ұлттар, ұйымдар, жұмысшылар мен әкімшілік басшылары, ері мен әйелі әне т.с.с. арасында кездеседі. Олар әр түрлі топтастырылады, жіктеледі.
26. Саяси элита ұғымына анықтама беріңіз. Саяси ғылымдардағы элиталар туралы танымал теорияларға сүйене отырып ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Саяси элита бұл өздерінің қолына саяси биліктің едеуір көлемін шоғырландырған, қоғамның бірігуін, субординациясын қамтамасызх етуші және саяси ұстанымдарында қоғамның әр түрлі топтарының мүдделерін бейнелейтін және сяаси пиғылдардың жүзеге асу механизмдерін жасап шығаратын салыстырмалы шағын әлеуметтік топ. Саяси элиталарды қалыптастырудың, жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері, көпшілік жұртқа ұнай білу қабілеті басты орын алады. Мұнда кандидаттың байлығына , кәсібіне, біліміне, мамандығына, т.с.с. онша мән берілмейді. Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын, жасампаздығын, белсенділігін көрсете білуі қажет. Мысалы, АҚШ-та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды. Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен, демократиялығымен, үміткерге қойылтын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл түр кең тараған.Саяси элиталарға сұрыптаудың мұндай түрінің кемшілігі саясатқа сырттай жағымды көрінгенімен шын мәнінде кездейсоқ, принципсіз, ұрыншақ, аванюрист адамдардың билік басына келуі. Ондай адамдардың іс-әрекетін болжап, пішіп болмайды. Сондықтан қоғам өмірінде дау-жанжалдар, саяси шиеліністердің мүмкіндігі көбейеді. Гильдия жүйесінде үміткер билік сатысы бойынша баяу болса да анық көтеріліп отырады. Мұнда жоғары лауазымды қызметке үміткерге көптеген талаптар қойылады. Оған кандидаттық білімі, адамдар арасындағы жұмыс тәжірибесі, партиялық стажы және т.с.с. жатуы мүмкін, Талапкер белгілі бір таптың, топтың, тектің, партияның мүшелерінің арасынан шығуы керек. Сондықтан билік басына таңданудың бұл түрі жабық болып саналады . Гильдия жүйесі бәсекелестікке жол бермейді, билеушіні тұйық қоғамдықтоптан іріктеп алатын, кертатпа түр. Оның артықшылығы саясаткердің болашақ іс-әрекетін алдын ала болжауға, соған орай шара қолдануға болады. Билеуші элитаның арасында дау-жанжалдың мүмкіндігін кемітеді. Осындай жүйенің бір түріне бұрынғы социалистік елдерде кең тараған номенклатуралық элита жатады. Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз, кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды. Орыс философы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси саяси элита санының арасында өзара байланыс барлығын ашып, «элита коэффициентін» шығарды. Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігініңхалықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқыруға әкеледі. Ал элитаның коэффициенті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым. Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді қабылдаушыларды айтады. Олардың қатарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізітіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол-қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялық немесе контрэлита деп атайды. Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашық және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандамен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.Индия саясаттанушысы П.Шаран билік ету қорына байланысты элитаны дәстүрлі және қазіргі деп бөледі. Дәстүрлі элитаға дін, салт, жол-жораға байланысты бөлінуді кіргізеді. Оған жоғары дін басыларын, ақсүйектерді, дамып келе жатқан елдердегі әскери басшыларды жатқызады. Қазіргі элитаға заңға, формалды ережелерге сүйенушілерді жатқызып, оларды өз кезегіндее 4 топқа бөледі: 1) билік құрылымдарын басқаратын, маңызды шешімдер қабылдайтын жоғарғы элита; 2) мемлекет қызметкерлерінің жоғары жігін (министрліктер, ведомстволар, комитеттер басшылары) құрайтын әкімшілік элита; 3) белгілі бір табысы, кәсіби мәртебесі және білімі бар адамдар (жоғары қызметкерлр, менеджерлер, ғалымдар, зияткерлер); 4) жоғарыда көрсетілген үш көрсеткіштің (табысы, кәсіби мәртебесі, білімі) біреуі немесе екеуі жетіспейтін аралық (мргиналдық) жағдайдағы адамдар.Қоғамның толыққанды өркендеп, қарқынды дамуы үшін элитамен кереғарлыққа келіп, күреспей, қудаламй, шектеулер қойып қойып, шеңберін тарылтпай, зиялы зерделі қауымның, дарынды тұлғалардың өзін-өзі көрсетіп, халыққа, еліне қызмет етуіне жағдай жасап, сапасын арттыра түскен абзал. Біздің Қазақстандағы элитаға келсек, еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ. Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, коммунистік партия ыдыағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент, Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті, 1993 ж. Конституция бойынша биліктің 3 тармағы тең делінді. Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді. 1995 ж. Қазақстан Республикасының Конституциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегімен жасалған мүлікке ие болды
27. Саясаттанудағы «азаматтық қоғам» тұжырымдамаларымен сипаттап түсіндіріңіз.
Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың мәдени, рухани адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдни және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет Геггельдің айтуы бойынша азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және де экономикалық қажеттіліктен туындаған жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік экономикалық өмір ретінде көрсетіледі. Ол экономикалық ұйымдардың, корпоративтердің, діни бірлестіктердің және т.б жиынтығы ретінде көрінеді. Азаматтық қоғамның құрамына адамдардың өздері тудырған қауымдастықтар, азаматтардың өндірістік және жеке өмірі, олардың әдет-ғұрпы, салттары кіреді.
Азаматтық қоғам экономикасының негізі - әр түрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамның әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады.Саяси өмірде азаматтық қоғам барлық азаматтарға мемлекеттік және қоғамдық істерге еркін қатынасуына жағдай жасайды.ҚР-дағы азаматтық қоғамның перспективалары.Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады.Қазақстанда азаматтық қоғамның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр.Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйытқы болып отыр.Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейге көтеріле қойған жоқСондықтан біраз уақытқа дейін,белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процесске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ. Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады.Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін, отбасын, ана мен әке және бланы мемлекеттің қарауын, идеологиялық және саяси әр алуандықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген Қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.Азаматтық қоғам материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады.
28. В.Парето мен Г.Москаның саяси элиталар концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында капиталистік елдерде орасан зор өзгерістер болды. Мемлекеттік-монополистік капитализм монополиялар мен мен мемлекеттің күшін біріктірді. Бұл системада байлық пен билік тоғысып, ат төбеліндей байлардың құдіретін одан әрі арттыра түсті. Буржуазиялық мемлекеттік, әскери-өндірістік кешеннің ықпалы күшейді. Әлеуметтік қарым-қатынастарды зерттеуде социологиялық тәсілге ерекше көңіл бөлінді.Г.Моска (1856-1941) «Саяси ілімнің негіздері» деген кітабында саясат қарама-қарсы екі таптың үстемдік жүргізуші азшылықтың(элитаның) және оған бағынышты көпшіліктің (халық)-күресінің айналасында болатын жағдай деп түсіндіреді. Ол демократияға қарсы шықты. Демократияны көпіре сөйлеушілердің диктатураға жету жолында саясаттан хабары шамалы көпшілікті өз қулықтарына пайдаланатын утопия, сағым деп санады. В.Парето (1848-1923) «Жалпы социология жөніндегі трактат» деген еңбегінде элита деген атауды саяси ілімге бірінші боп енгізді. Оның ойынша, саяси өмір дегеннің өзі таңдаулылар(элиталар) арасындағы күрес пен олардың орын алмасуы. Қоғамды саясат, экономика және ойшылдық саласында тамаша табысқа жеткен таңдаулылар билейді. Бірақ олар билікті алған соң ерте ме, кеш пе қол жеткен таабыстарымен шектеліп, тынышталады. Өздерінің алғашқы сапасын, ізденімпаздығын, шығармашылық жігерін жоғалтады. Осындай кезде қоғамда билікке ұмтылған күш-қуаты жеткілікті жаңа элита пайда болады. Бірақ билеуші элита оңайлықпен берісе қоймайды. Сондықтан таңдаулылардың алмасуы күш, төңкеріс және революция арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Жалпы алғанда, бұл қоғам үшін пайдалы деп санады Парето. Олар қалай болғанда да қоғамның дамуы элиталардың алмасуы арқылы жүзеге асады деп қорытады.
29. Саяси мәдениеттің саясаттанудың ғылыми категориясы ретіндегі ерекшеліктерінің мән мазмұнын ашып түсіндіріп беріңіз.
Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге мүмкіндік береді. Саяси мәдениет адамдардың жүріс-тұрысы мен әр түрлі ұйымдардың қызметнің, олардың ішкі жәнне сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсер етеді. Саяси мәдениет тұжырымдамасын белгілеп, оның негізгі пікірлерін жасауға М.Вебер, Э.Дюркгейм, Т.Веблен, Т.Парсонс сияқты батыстың ірі саясатшылары мен әлеуметтанушылары да елеулі үлес қосты. Алл жалпы «саяси мәлениет» деген ұғымды бірінші қолданып, ғылыми әдебиетке енгізуші деп ХVIII ғасырда өмір сүрген немістің ағарушысы, философы Иоганн Гердерді санайды. Бірақ олардың қай-қайсысы болмасын «саяси мәдениетті» саяси өмірдің белгілі бір өрісін білдіретін саясаттанудың ұғымы ретінде қолданбады, мұны жасаған жоғарыда аттары аталған американдық ғалымдар болды. Саяси мәдениеттің мағынасын айқындау үшін ең алдымен оның құрылымын жақсы білген жөн. Америкалық саясатшылар Г.Алмонд пен С.Верба саяси мәдениетті адамдардың психологиялық бағдарларының жиынтығы деп түсінеді. Бірталай саясатшылар оны саяси қазыналардың , нанымдардың, нұсқаулардың жиынтығы деп санайды. Сонымен қатар басқа да көзқарастар бар. Мысалы, ағылшын саясатшылары Р.Карр мен М.Бернстейн саяси мәдениетке саяси идеялар мен әлеуметтік тәжірибе, адамдардың саяси өзін-өзі ұстауы да кіреді дейді. Олардың ойынша, саяси мәдениетке әлеуметтік топтардың саяси іс-әрекеттеріндегі тәсілдерді, саяси нанымның табиғаты және оның мүшелерінің қазыналараы жатады.
30. Саяси әлеуметтену үрдістеріне анықтама беріңіз. Саяси әлеуметтену үрдістерінің адам өміріндегі маңыздылығын, қажеттілігін дәйектеңіз.
«Әлеуметтену» деген ұғымды ХІХғ.аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф.Гидденс және француз әлеуметтанушысы және психологы Г.Тар ғылыми айналымға енгізді. Олар әлеуметтену деп тұлғаың әлеуметтік ортаға байланысты қалыптасуын айтады. ХХ ғасырдың 50-60 жылдарында осы ұғым негізінде Америка әлеуметтанушылары және саяаттанушылары «саяси әлеуметтену» деген ұғымды ойлап шығарды. Г.Алмонд, С.Верба, Д.Истон еңбектерінде бұл ұғым кеңінен пайдалынылады.Олар бұл ұғымға жеке адамдардың осы қоғамдағы саяси құндылықтарды, қалыптарды, ережелерді өз бойларына сіңіріп, іс-әрекетінде басшылыққа алуын жатқызды. Саяси әлеуметтену мәселесі ХХ ғасырдың 50-жылдары кеңіненн көтерілді. Оған себеп болған батыс саяси жүйесінің дәстүрлі институттарының дағдарысқа түсуі еді. Бұл кезде сыбайластық жемқорлық көбейді, нәсілдік кемсітушілік, әлі жойыла қоймаған, саяси билік адамдардыңқажеттіліктерін қанағаттандырмады. Сондықтан билік институттарына сенімсіздік көбейді, саяси абсинтеизм, билікке жаппай қарсы шығу және т.б көбейді. Саяси әлеуметтену процесі 3 негізгі мәселені шешуге бағытталады: -қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу; - қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға, саяси іс-әрекет етугежәне шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау; - саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту. Адамның саяси әлеуметтенуі үздіксіз өмір бойы жалғасады. Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді, ережелерді, құндылықтарды бойына сіңіріп, оларды өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыптастыру, саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады. Саяси әлеуметтену барыында адам қоғамның толық қанды мүшесі боларлық саяси ережелерді, салт-дәстүрлерді, білімді меңгереді.
31. Саясаттанудың ғылыми категориялық аппаратына сипаттама беріңіз, ерекшеліктерін беріңіз.
Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
саяси теория;
саяси институтгар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады. Саясаттанудың түсініктері мен категориялары - басқа ғылым салаларындағы сияқты саясаттанудың да өзіндік ұғымдары (категориялары) бар. Оған саяси құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ғылыми терминдер, сөз тіркестері жатады. Мысалы: "саясат", "саяси билік", "саяси жүйе", "саяси тәртіп", "саяси партия", "саяси мәдениет", "саяси әлеуметтену", "саяси өмір", "саяси қатынастар", "қоғамдық үйымдар", "мемлекет", "демократия", "егемендік", "құқықтық мемлекет", "азаматтық қоғам", "ішкі саясат", "сыртқы саясат" және т.б.
32. Саяси мәдениет және оның демократиялық мемлекет құрудағы маңыздылығын анықтаңыз, өз ойыңызша демократияландыруды тиімді жетілдіруде саяси мәдениеттің рөлі қандай екенін негіздеңіз.
Саяси сананың ішінде саяси мәдениетке ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктері жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, шешімдерді абылдау мен іске асыру, билік өкілеттігінің иелері, саяси өмірдегі өз орны, саяси қызметке қатысудың құдіреттілігі мен тиімділігі жөніндегі және т.с.с түсініктерді қамтиды. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жүмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.Саяси мәдениет құрылымы - ең алдымен қоғамның саяси өмірінің әр түрлі жақтарын бейнелейтін әдеттегі қалыптасқан түсініктер жатады. Ол саяси жүйе мен оның институттары, саяси тәртіп, билік тетіктері мен басқару, т.б. Саяси мәдениеттің келесі құрамдас бөлігіне саяси қазыналар мен құндылықтар жатады. Ол "еркіндік", "тендік", "әділдік", т.б. сияқты байлықтардың қайсысына басымдық, артықшылық беруден байқалады. Келесі бөлігі - адамдардың мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасы. Саяси мәдениетке саяси бағдар ұстау де кіреді. Ол субъектілердің саяси құбылыстарға қатынасын білдіреді. Ол саяси білімін көтеру немесе оған мән бермеу, саяси жұмысқа белсене қатынасу немесе қатынаспау және т.б. түрде көрініс табуы мүмкін. Саяси мәдениетте әдет-ғүрып, жүріс-түрыстың да орны зор. Саяси мәдениеттің ерекше белгісіне саяси рәміздер жатады. Әр халық өздерінің ғасырлар бойғы дәстүрлеріне сай ұлттық-мемлекеттік рәміздерін жасайды. Оған ең алдымен Жалау, Елтаңба, Әнүран, Ата Заң, үлттық валюта және т.б. енеді.Саяси мәдениетке жалпы саяси жүйе мен оның институттарының қызмет етуі кіреді. Ол мемлекеттің, партиялардың және т.б. сайлауды ұйымдастыруын, әр түрлі деңгейде қабылданған саяси шешімдердің, саяси-әлеуметтік шиеленістерді ұғыну және зерттеудің мәдениеттілігін қамтиды.
Саяси мәдениет саяси өмірде еркін іс-әрекет жасауға көмектеседі. Сол арқылы адам даңғойлыққа ұрынбай, елдегі және әлемдегі саяси өмірдің алуан түрлі оқиғаларына өзінің жеке қатынасын анықтауына мүмкіндік туады. Саяси өмірге еркін араласып, оның белсенді атқарушысы, субъектісі бола алады.
33. Ш. Луи Монтескьенің "биліктің үш сатысы"концепциясын түсіндіріңіз. Демократиялы мемлекетке тән биліктің үш сатысы: Заң шығарушы, атқарушы және сот билігінің ерекшеліктеріне қатысты өз пікіріңізді дәйектеңіз.
Шарль Монтескье болды.
Ағылшын ғалымы Джон Локк саяси билік проблемасымен байланысты
“Мемлекет басқару туралы екі трактат” деген еңбегінде демократияшыл саяси
жүйе ойдағыдай қызмет атқаруы үшін мемлекеттік билікті екі тармаққа бөлуді
ұсынды: заң шығарушы және атқарушы билік. Ғалымның ойынша бұл жүйенің
негізгі қызметі бір-біріне бақылаушылық (теңгергіштік) міндетін атқарып,
зорлық-зомбылыққа, заңсыздыққа жол бермеу. Бірақ Локктың шешпеген бір
мәселесі егер осы екі биліктің арасында шиеленіс пайда болса, қандай күш,
төреші (арбитр) міндетін атқару керек?
Осы сұраққа толық жауап берген және билікті бөлу теориясының негізін
қалаушы француз ғалымы Шарль Луи Монтескье болды. Оның билік
проблемасына байланысты жазылған шығармалары: “Заңдардың рухы”,
“Парсылық хаттар”, “Римдіктердің ұлылығы мен құлауы туралы ойлар”.
Ш.Монтескье “Заңдардың рухы” еңбегінде зерттеудің өзегі етіп
демократияны ұсынып демократиялық әділеттік арқылы мемлекеттік билік
қалыптастырудың жолын көрсетті. Ол өмір сүрген кезеңде дүние жүзінде
мемлекет басқарудың бір ғана түрі-- монархия болды. Бұндай саяси режимде
халық өкілдерінің билікке келуі, әрине, мүмкін болған жоқ. Сол себептен ғалым
биліктің бұл түрін болашақсыз деп тұжырымдайды. Ш.Монтескьенің қазіргі
кезеңде бүкіл әлемге әйгілі болған осы еңбегін оқығанда ғалым өз ойларын
бүгінгі күні айтып отырған адамға ұқсайды. Яғни, демократиялық қоғамның
болашағын бірнеше ғасыр бұрын болжағаны байқалады. Ғалым мемлекет басшысын халық сайлауы керек деген ойға келеді. Бірақ
ондай елбасы жалғыз-ақ адам болатын болса, оның билігін кім бақылайды, кім
шектейді? Ол шексіз билікті өз қолына түсіріп халыққа зорлық-зомбылық
жасап, жауыздыққа баруы да мүмкін ғой.
Ал «билікке бақылау жүргізуді халыққа тапсырса, мемлекетте
тәртіпсіздік басталып, ереуілдер, көтерілістер көбейіп кетуі мүмкін» деп
қорытындылайды «Заңдардың рухының» авторы. Сөйтіп, француз ғалымы
билікке бақылау қажет, бірақ ол міндеттен халықты босату керек деген
шешімге тоқтайды. «Бұдан мемлекеттік билікке қалайша бақылау орнатуға
болады?» - деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа Ш.Монтескьенің берген
жауабы саяси билікті үш тармаққа бөлу принципі мен биліктің үш
49
тармағының бір-біріне тежемелік, тепе-теңдік жүйені пайдалану арқылы
бақылау жасауы болды.
Ұлы ғалымның билікті бөлу теориясы бойынша алдымен билікке
халықтың қатысуы және көпшіліктің қолдауымен Конституцияның қабылдануы
керек. Конституцияда биліктің тармақтарының ара қатынасы бекітіледі.
Мемлекет билігі - заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарына
бөлініп, олардың бір-біріне тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы, өзара іс-қимыл жасау ұстанымына сәйкес жүзеге асырылады.
Монтескьенің бұл қағидасы бойынша, егер биліктің үш тармағының бірі
үстемдік жасап, заңсыздық жолға түсіп бара жатса, биліктің басқа бір тармағы
оған тойтарыс беру мүмкіншілігі бар (Конституция бойынша дауысқа салу
арқылы). Ш.Монтескье билікті бөлу теориясын аяқтап болғаннан кейін саяхатқа
шығып Еуропа елдерін аралайды. Мақсаты: өз ілімін басқа да мемлекеттерге
ұсыну болатын. Бірақ ешбір жерде оны ешкім дұрыс түсінбеді. Әрине, бұл
таңғаларлық жай емес болатын. Себебі, бүкіл әлемде монархия шарықтап
тұрған кезеңде Монтескьенің ойлап шығарғанындай мемлекеттік биліктің жаңа,
күрделі түрін бірден қабылдау оңай емес болатын. Нәтижесінде өз ілімін «іске
аспайтын теория болды» деген өкінішті оймен ғалым дүние салады.
Бірақ кейін іс жүзінде Ш.Монтескье ілімінің тағдыры басқаша шешілді.
Бір топ ғалымдар сол уақыттың өзінде ғалымның осы теориясымен танысып
жатыпты. Олар сол уақытта «дүниежүзінің шекарасынан тыс мекендеушілер»
деп саналатын американдықтар еді. Ш.Монтескье қайтыс болғаннан кейін 32
жыл өткесін, яғни 1787 жылы Америка Құрама Штаттары өзінің
Конституциясын қабылдады. Француздың ұлы ғалымының саяси билікті бөлу
теориясы осы Конституцияға толығымен енгізілді. Содан кейін саяси биліктің
осы жүйесі басқа елдерге де кеңінен тарай бастады.
Ш.Монтескьенің бұл теориясының жүзеге асырылуы Қазақстан
Республикасы Конституциясында да өзіне тән орын алды. Ол Қазақстан
Конституциясындағы 3-бап, 4-бапша: «Республикада мемлекеттік билік
біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және
сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану
арқылы,өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады», Қазақстан Республикасының Президенті мемлекет басшысы, оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Президент халықтар бірлігінің нышаны болып табылады, көпұлтты Қазақстан Республикасының халқы сайлайды, оның халық атынан сөйлеуге құқығы бар, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік етеді. Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас, бірақ, сонымен қатар билік үш: заң шығарушы, атқарушы және com тармақтарына бөлінеді.
Заң шығарушы билікті Парламент, атқарушы билікті Үкімет, сот билігін соттар жүзеге асырады. Әрқайсысы Конституция және заң арқылы белгіленген міндеттерін атқаруға тиісті. Мемлекеттік биліктің үш тармағы күнделікті қызметінде өзара тығыз және келісімді байланыста болуы керек. Президент мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Президент мемлекеттік биліктің кепілі болып табылады.
Президент мемлекеттік органдардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Ол, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, лауазымды және тағы баска тұлғалардың Конституция мен заңдардың талаптарын бұлжытпай сақтауын камтамасыз етеді. Президент адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Президентті Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматтары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жеті жыл мерзімге сайлайды. Қазақстан Республикасының Президенті болып, тумысынан республика азаматы болып табылатын, қырық жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген және Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұрған республика азаматы сайлана алады.
34. Саясаттанудағы "консерватизм"және "либерализм"идеологияларының концепцияларының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Саяси идеологияның тұңғыш түрлерінің біріне либерализм жатады. Оның негізін Дж.Локк Ш.Л.Монтескье, А.Смит. Ол феодалдық қоғам ыдырап, буржуазиялық қоғамдық қатынастар қалыптаса бастаған дәуірде пайда болады. Буржуазиялық ол кезде экономикалық жағынан белсенділік, іскерлік білдірді, бірақ саяси жағынан еріксіз еді. Сондықтан өзінің саяси билікке деген дәмесін, талабын либералдық саяси доктрина арқылы білдірді. Либерализм ең кең дамыған идеологиялардың біреуі. Ол үшінші сословиенің идеологиясы ретінде пайда болғанымен, кейін келе оның көптеген принциптері жалпы адамзаттық қажеттіліктерге сай келіп, ойынан шықты. Либерализмнің мұраттары қазіргі саяси демократия принциптерінің қалыптасуы мен жетілуіне, дамуына зор ықпал етіп, оның қазына байлығына енді. Оның идеялық негізінде көптеген басқа теориялар пайда болды. Либералдық идеологияның негізгі принципі- адамның еркіндігі, тұлғаның табиғи құқықтары мен бостандықтарының қасиеттілігі мен ажырамастығы, олардың қоғам және мемлекет мүдделерінен жоғары тұруы. Экономикалық салада классикалық либерализ мына қағидаларға негізделеді:адамның жеке меншікке құқығы, нарықтың, бәкеліктің, кәсіпкерліктің еркіндігі, экономикалық іс-әрекеттің мемлекеттен тәуелсіздігі. Саяси либерализм адамның еркіндігін шексіз құндылық деп біледі. Ол тек әділдікті білдіреді және ажырамас адам құқығына қол сұғудан, озбырлықтан қорғайтын заңмен ғана шектеледі. Демократияның либералдық түсінігі адамдардың теңдігі, олардың өмір сүруге, еркіндікке, меншікке құқықтарының теңдігі. Мемлекет азаматтық қоғамнан ажыратылған. Мемлекет қызметі заңмен шектеледі, билік тармақталады. Кейінірек либералдық саяси көзқарас оны жалпыға бірдей сайлау құқығы, парламентаризм, саяси алуан түрлілік, жергілікті өзін-өзі билеу және т.б идеялармен байытты. Консервативтік(латынның консервативус-қорғаушы дегенінен) идеология Ұлы Француз революциясының саяси идеялары мен оқиғаларына жауап ретінде дүниеге келді. Бұл революцияны олар қоғамдық былықтың, бүліншілік пен күйзелістің себебі деп санады. Бірақ ол бастауын ХVII ғасырда пайда болған дәстүрлік діни-монархистік қорғаушы ағымынан алады. Ол ағым дәстүрлі монархиялық биліктегі саяси өмір құрылысын, феодалдық тәртіптер мен оның рухани құндылықтарын сақтағысы келеді. Консерватизмнің негізін қалаушыларға ағылшын философы және мемлекет қайраткері Эдмунд Берк, француз публицисі және қоғам қайраткері Жозеф де Местр, немістің тарихшысы, құқықтанушысы Фридрих фон Савиньи жатады. Консерваторлар монархияны қалпына келтіруге және феодалдық-аристократиялық құрылыстың дәстүрлі құндылықтарын қайта түлетуге тырысты. Олардың ойынша, ортағасырлық тәртіп, қауымдастық қатынастар, отбасы, мектеп, шіркеу қоғамды біріктіреді, оның бірлігін және дамудағы сабақтастығын қамтамасыз етеді. Өмірде әдет-ғұрып дәтүр негізгі рөл атқарады. Сондықтан қоғамдық дамудың негізгі өлшемі әдет-ғұрыпты және халықтың мінезін өзгертуде. Олар ағартушылық пен революцияға, сана мен прогреске қарсы тұрды. Олардың саяси идеологиясының өзекті мәселелері күшті мемлекет, айқын саяси жіктелу, биліктің төбе топ қолында болуы.
35. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "теллурократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
Геосаясатадамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан солтүстікте Ресей, шығыста Қытай және батыста Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан солтүстікте Ресей, шығыста Қытай және батыста Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.
Мистикалық-нәсiлшiл идеология ретiнде дүниеге келген нацизм айтылмыш кезеңде сыртқы саяси мәселелерде әлемдiк тарихта тұңғыш рет «геосаясат» ұғымын қолданды «Геосаясаттың» түп атасы немiс географы Ратцель
36. Саясаттану және геосаясат арақатынастары: "таллосократиялық мемлекет"ұғымына анықтама беріңіз, осы концепцияның мән мазмұнын ашып түсіндіріңіз.
Саясаттану - [грек, politike - мемлекетті басқару өнері, logos - сөз, түсінік, ілім] - саясат, саяси үрдіс, саяси билік туралы ғылым. XX г. 50 жж. саясаттану дербес ғылым саласы және оқу пәні ретінде қалыптасты. 1948 ж. ЮНЕСКО бастауымен Саяси ғылымның халықаралық бірлестігі құрылды. Саяси ғылымның зерттеу объектілері:
саяси теория;
саяси институтгар;
саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;
халықаралық қатынастар.
Саясаттану екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Саясаттану ғылым ретінде қоғамның саяси саласын, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Саясаттану пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. Саясаттану пән ретінде посткеңестік кеңістікте XX ғ. 90 ж. бастап оқу бағдарламаларына енгізілді. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында саясаттану міндетті пән ретінде оқытылады. Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады. Мемлекет деңгейінде бұл әдіс мемлекеттің мүдделеріне жету және қызметін атқаруда саясат, экономика және әскери күшті қалайша қолданатынын көрсетеді. Бұл пікірлер алғашында аймақтың жалпы географиялық және тарихи жағдайын қарастырады, және сонымен қатар бес мемлекеттің саяси, экономикалық және әлеуметтік дамуын жеке-жеке қарастырады.Евразия континентінің төрінде орналасқан Орталық Азия көне Жібек жолындағы ең маңызды жерге ие болып, бірнеше ғасырлар бойы стратегиялық маңыздылыққа ие болды. Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан солтүстікте Ресей, шығыста Қытай және батыста Еуропа. Орталық Азия бұл мемлекеттер арасындағы қатынас жолы және сонымен қатар бұларды бір-бірінен қорғайтын аймақ ретінде пайдаланылды. Атақты Британ ғалымы сэр Хэлфорд Маккиндер (1861-1947), геосаясаттың маманы келесідей пікір ұсынған болатын. Кімде кім Орталық Азияға билік орнатса, Евразия континентіне билік етеді, ал кім Евразия континетіне билік орнатса, онда ол әлемді билеуге мүмкіндік алады. Бұл Орталық азияның ғаламдық геосаяси қатынастардағы маңыздылығын көрсетеді. 1991 жылы Кеңес үкіметінің ыдырауы нәтижесінде Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан мемлекеттері тәуелсіздікке қауышты. Дегенмен, бұлардың халықаралық саяси және экономикалық қатынастардағы орны қырғи-қабақ соғысының аяқталғанына қарамастан әлсіз болатын. Олардың бай мәдениеті мен түрлі-түсті дәстүрлері басқа мықты мәдениеттер тарапынан қабылданбады. Алайда, жағдай Америкадағы 11-і қыркүйек лаңкестік шабуылдарынан соң өзгерді. Бұл шабуылдан соң АҚШ Ауғанстанға әскер енгізді, нәтижеде Орталық Азия аймағы анти-террористік шаралардың базасына айналып, халықаралық қауымдастықтың назарын өздеріне аударды.
37. Саясаттанудағы танымал сайлау технологиялары классификацияларына суреттеме беріңіз. Негізгі ерекшеліктерін талқылаңыз.
Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын, түрлерін, әдіс-тәсілдерін анықтайтын, тәртіпке келтірілген нормалар, ережелер жиынтығын айтады. Сайлау жүйесінің негізгі қағидалары әдетте конституцияда анықталады және арнайы заңда нақтыланады. Мұндай құқықтық нормалардың жиынтығын сайлау құқығы дейді. Оның 2 түрі бар: 1)белсенді түрі, 2) бәсең түрі. Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне сайлау жүйелері мажоритарлық, пропорционалдық және аралас түрі болып бөлінеді. Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы.абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты алған талапкер саналады. Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермейді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі. Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50пайыздан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандаттары келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған. Пропорционалдық жүйенің мажортарлықтан айырмасы ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай көп дауыс болса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде кең дамыған.
38.Мажоритарлы сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін суреттеңіз.
Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді. Қалғандары билік органдарына кіре алмайды. Мажоритарлық жүйенің 2 түрі бар: абсолютті және салыстырмалы.абсолютті жүйеде сайланды деп басым көпшілік дауысты алған талапкер саналады. Мұнша дауысты үміткердің көбі бірінші кезекте ала бермейді. Сондықтан сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі. Мажоритарлық жүйенің салыстырмалы көпшілік түрінде қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50пайыздан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық жүйенің абсолютті және салыстырмалы түрлерінде сайлау округтері бір мандаттары келеді, яғни әрбір округтен бір ғана депутат сайланады. Мәселен, мұндай мажоритарлық жүйе АҚШ, Англия, Франция, Жапонияда дамыған. Сайлаудың мажоритарлық жүйесі қарапайым және оңай сияқты көрінеді. Оның үстіне парламентте көш бастаушы партия тұрақты үкіет қалыптастыра алады. Сондықтан ол жүйе кеңірек тараған. Алайда оның кемшіліктеріде бар. Оның ең бастысы сайлаушылардың 49 пайызының еркі ескерілмейді.
39.Пропорционалды сайлау технологияларына анықтама беріңіз, ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
Пропорционалдық жүйенің мажортарлықтан айырмасы ол көпшілік принципіне негізделмейді. Ол жинаған дауыс пен жеңіп алған мандаттың арасындағы пропорционалдықты басшылыққа алады. Мұнда депутаттық мандат жеке үміткерлердің арасында емес, партиялардың арасында оларға берілген дауыс санына сәйкес бөлінеді. Сайлау кезінде қай көп дауыс болса, соншалықты оның мүшелері депутат болады. Бұл жүйеде сайлау округінен бір емес, парламенттің бірнеше депутаты сайланады. Сайлаушылар партиялық тізімге, нақтырақ айтқанда бағдарламаға дауыс береді. Мұндай сайлау жүйесі Еуропа елдерінде кең дамыған. Сайлаудың пропорционалдық жүйесінің кемшілігі сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.
40.Саясаттанудағы "әлеуметтік мемлекет"концепциясына анықтама беріңіз, басты негіздерін талқылаңыз.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық және ғылыми-технологиялық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік мемлекеттің мәнін терең түсіну үшін оның белгілерін ажырата білу қажет. Бірінші белгісіне - әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы құқықтық табиғаты, мемлекеттің әлеуметтік процестерді бақылау және бағыттау міндеті жатады, екінші - әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жасақталуын айтуға болады, үшінші бюджеттік-әлеуметтік төлемдер, төртінші - әлеуметтік қамсыздандыруды, жұмыспен және мемлекеттік қорғауды қамтамасыз ететін мемлекеттк жүйенің болуы саяды, бесінші қоғамның әрбір мүшесіне мемлекеттің әлеуметтік қолдау көрсетуіне жатады, алтыншы - өз азаматтарының әл-ауқатының жоғары денгейі үшін, жауапкершілігін арттырумен сабақтасқан.Әлеуметтік мемлекеттің екінші функциясы білім және денсаулық сақтау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Бұл екі функция тек әлеуметтік мемлекетке ғана тән еместігін айта кеткен жөн. Адамдардың физикалық және экономикалық өмірінің маңызды алғы шарттары болғандықтан олар кез келген мемлекеттің типіне қарамастан жүзеге асырылады. Ал әлеуметтік мемлекетке келетін болсақ, онда олар адамдардың ажырамас құқығы болып қалыптасады да, сол құқықты қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндетіне (мемлекеттік қаржыландыру, әлеуметтік қамсыздандыру жүйеісн құру) айналады.Әлеуметтік мемлекеттің үшінші функциясы - әлеуметтік қорғау. Оның пайда болуы, ең алдымен, азаматтардың әл-ауқатының деңгейіне мемлекет жауапкершілігінің қалыптасуына байланысты еді. Әлеуметтік мемлекеттің төртінші функциясы - әлеуметтік теңсіздікті бәсеңдету. Оны жүзеге асыру барлық адамдардың бірдей әлеуметтік қолдау табу атрибутының пайда болғанынан бастап мүмкін болды. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік қамтамасыз етудің ертеректе қалыптасқан механизмі мен жалпыға бірдей әлеуметтік қолдау принциптерін жүзеге асыру теңсіздікті толығымен жоюға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік мемлекеттің бесінші функциясы еңбекпен қамтамасыз ету. Германияда Веймар Республикасы кезінде мемлекеттік функция ретінде пайда болған және Ф. Рузвельттің «Жаңа курс» саясатында маңызды рөл атқарған бұл функция тек қана екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, шын мәнінде, мемлекеттің ажырамас қызмет бөлігіне айналған.
41.ҚазақстанРеспубликасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың«Дағдарыстан Жаңару мен Дамуға» атты Ел Халқына Жолдауыныңсаясиәлеуметтік маңызын түсіндіріңіз.
6 наурызда Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.Жолдауда қазақстандықтар екі онжылдық бойы жаңа ел құрып келе жатқаны атап өтілді. Мемлекет соңғы бірнеше онжылдықтар ішіндегі ең күрделі әлемдік дағдарыстың экономикаға кері әсерін тигізіп отырған қиын жағдайда батыл шараларды қолға алып, іске асырып келеді.- Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көзі еліміздің ішінде емес, әлемдік экономиканың теңгерімсіздігінің ішінде бүгулі жатыр. Дағдарыстан қашып кұтылу әрі оны алдын ала білу мүмкін болмады, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.Әлемдік экономикадағы ахуал қиындай түсуде. Бір жылдың ішінде мұнай бағасы 4 есеге жуық, металдарға 2 есеге жуық құлдырады. Экспорттан түсетін түсім едәуір азайды. Біздің сауда-саттықтағы негізгі әрі жақын көршілеріміз Ресей мен Украина - өз ұлттық валюталарын девальвациялады. Қазақстанға отандық тауар өндірушілердің мүддесі үшін теңгені девальвациялауға тура келді.Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, қазақстандықтар еліміздің бұл сынақтарға жай дайын болып қана қоймай, сондай-ақ осы дағдарыстан анағұрлым күшті әрі өркендеуші мемлекет және қоғам болып шығатынын білулері тиіс.Өмір сүруге бейімді және икемді экономика құру үшін ел экономикасында құрылымдық реформалар жүргізілді, әртараптандыру бастау алды, қаржы ресурстарын Ұлттық қорды жинақтаудың тетігі құрылды.Қазақстан дағдарысқа жедел ден қойып, алдын алу шараларын іске асыруға шұғыл кіріскен дүниежүзіндегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Дағдарысқа қарсы жоспарға ұлттық қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау, тұрғын үй құрылысын қолдау мен үлескерлер проблемаларын шешу, шағын және орта бизнесті, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, инновациялық жобаларды жүзеге асыру сияқты бағыттар енді. Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда 2,7 триллионнан астам теңге бөлінді.- Иә, бүгін қиыншылықтар бар, ертең де жеңіл болады деп уәде бере алмаймын. Бірақ бетбұрысты кезеңдер алыс емес. Ол күнге біз батыл іс-әрекет жасап, өзіміздің экономикалық және қаржы ресурстарымызды тиімді пайдаланатын болсақ тезірек жетеміз. Біз туындаған проблемаларды шешуге қоғамды жұмылдыратын болсақ, қиындықтарды жылдам еңсереміз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.Жолдауда Үкімет мемлекеттің әлеуметтік төлемдерді, зейнетақыларды, сондай-ақ бюджет қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөніндегі барлық міндеттемесіне кепілдік беруі тиіс екендігі айтылды.Сонымен бірге дағдарысқа төтеп беріп қана қоймай, алдағы экономикалық өсуге дайын болу қажет.- Біз дағдарыстан кейінгі дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі жаңғыртудың жаңа жоспарын іске асыруымыз керек, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.Алдағы екі жылда экономиканы жаңғыртудың жаңа жоспарын жүзеге асыру үшін 600 миллиардтан астам теңге жұмсалады. Бұл Ұлттық қордан бекітіліп қойған трансферттерден тыс қосымша қаржы.Осы мақсатта, Ұлттық қорға әдетте шикізат секторынан түсетін кіріс 2009-2010 жылдары республикалық бюджеттің мұқтаждықтарына жұмсалатын болады. Бұл орайда елдің қазіргі бар жалпы резервтерінің сол көлемі сақталады. Қаражаттың басқа бір көзі бұл бюджеттің барлық шығыс баптары бойынша қатал үнемдеу мен қатаң қаржылық тәртіп.- Қаржылық тәртіпті бұзушылардан дағдарыс кезеңінің заңдары бойынша қатаң сұрау болуы тиіс. Басым емес шығыстардың барлығы - әкімшілік, инвестициялық және басқалары нөлге теңестірілуге тиіс, - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.Мемлекет басшысы Үкімет пен мемлекеттік органдардың алдына бірқатар міндеттер қойды.Қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру қажет. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 140 миллиардтан астам теңге бөлінеді. Жұмыспен қамту стратегиясын қоса қаржыландыру сондай-ақ жергілікті бюджеттерден де бөлінеді. Осының арқасында кемінде 350 мың қазақстандық жұмыспен қамтамасыз етіледі.Ең алдымен, коммуналдық желілерді сумен, жылумен қамту, энергетика және кәріздер нысандары мен желілерін қайта жаңғырту және жаңарту қажет. Автомобиль жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру керек. Бұл мақсатқа нысаналы трансферттер бөлінуге тиіс. Аудандық мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқару органдары ретінде бұл қаражатты қайда жұмсайтынын өздері шешуі тиіс. Осы орайда қазақстандық өндірушілердің әлеуетін барынша пайдалану қажет.Әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру керек. 2008 жылы 13 мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша өз мүмкіндіктерін іске асырды. Мемлекет басшысы осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырды. Бұл бағдарламалар бойынша 96 мың адам жұмыспен қамтылатын болады.Жұмыссыздарды қолдау мақсатында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны төлеу кезеңінің ұзақтығын 4 айдан 6 айға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.- Дағдарыстан кейінгі дамудың жаңа жоспары аясында біз қазіргі перспективалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен іске асыруды жалғастырамыз, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.Маңызды жобалар қатарында Атырау мұнай-химия кешенінің, Мойнақ су электр станциясының, Екібастұз 1-ГРЭС-ін, Екібастұз 2-ГРЭС-інің үшінші энергиялық блогын, Балқаш жылу электр станциясының құрылысын салу, кеңейту мен жаңғырту, сондай-ақ «Бейнеу Бозой - Ақбұлақ» газ құбырын, «Батыс Еуропа Батыс Қытай» транзиттік дәлізін қайта жаңғырту бар. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту ел үшін маңызды екі міндетті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты әртараптандыру міндеттерін шешуге бағытталады.Экспортқа мамандану болашақта 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құруды және таяудағы бес жылда ішкі жалпы өнімді 8 пайыз шамасында қосымша өніммен қамтамасыз етеді.- Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы біздің мемлекетіміз үшін аса маңызды үш бірдей міндет болып қала береді. Мен осы міндетті шешуге бел будым. Құрметті отандастарым, оны өздеріңізбен бірге шешуге алдарыңызда жауаптымын, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстан Президенті Парламент депутаттарын, «Нұр Отан» партиясын, Қазақстан халқы Ассамблеясын, барша саяси күштерді, мемлекеттік қызметкерлерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлерін, бұқаралық ақпарат құралдарын жаһандағы ең қатал дағдарысты жеңу жолында тізе қосуға үндеді.- Біздің барлық қиындықтарды еңсеріп, Қазақстанды күшті, өсіп-өркендеген және әлем мойындаған мемлекетке айналдыратынымызға сенімдімін! деді Мемлекет басшысы.
42.Қазақстан Республикасын әлемнің бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына қосу стратегиясын жүзеге асырудағы әрбір азаматтың рөлін сипаттап беріңіз.
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-2030” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 6 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының жолдаған Жолдауы да «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді.
Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.
Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.
Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:
- нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні, маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;
- ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;
- бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
43.Қазақстандықтар үшін Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» ұлттық даму стратегиясының мәнін қалай түсінесіз?
Қазақстан-2030 Стратегиясы ел дамуының 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық бағдарламасы. Стратегияда көзделген мақсат ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі бағыттар бөліп көрсетілді:Ұлттық қауіпсіздік: аумақтық тұтастықты толық сақтай отырып, еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы. Мемлекеттің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін барлық қажеттіліктер шеңберіндегі бастапқы шарт ұлттық қауіпсіздік және мемлекеттіліктің сақталуы. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі көрсеткіші ретінде демократиялы, индустриясы дамыған басты мемлекеттермен байланыстарды күшейту, халықаралық институттар мен форумдардың көмегі мен жәрдемін пайдалану қажеттігі атап көрсетілді. Мұның өзі халықар. қоғамдастық тарапынан Қазақстанға қолдау жасаудың жақсы жолға қойылуын, бай табиғи қорлардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Ішкі саясаттың орнықтылығы және қоғамның шоғырлануы:бірлік қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамуының кепілі. Бұл салада барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктің және барлық этн. топтар үшін тең құқықтың болуына кепілдік беру, ауқаттылар мен кедейлер арасындағы айырманы азайту, әлеум. мәселелерді шешу, саяси орнықтылық пен қоғамның шоғырлануын ұзақ мерзімге қамтамасыз ететін дәулетті Қазақстан мемлекетін орнату міндеті қойылды. Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақ қаражаттың деңгейі жоғары болатын ашық нарықтық экономика негізінде экономикалық өрлеу. Негізгі қағидалары: мемлекеттің белсенді рөлін сақтай отырып, оның экономикаға араласуын шектеу, макроэкономиканы орнықтыру, экон. өрлеуді қамтамасыз ету, экономиканың нақты секторын сауықтыру, күшті әлеум. саясат жүргізу, қатаң қазыналық және монетарлық шектеулер жағдайында бағаны ырықтандыру, ашық экономика мен еркін сауда қатынасын орнату, энергет. және табиғи қорды өндіруді одан әрі жалғастыру, шетелдік инвестицияларды қорғау. Қазақстандықтардың денсаулығы, білім алуы және игілігі: азаматтардың тұрмыс жағдайы мен деңгейін көтеру, экол. ортаны жақсарту. Сырқаттардың алдын алу және салауатты тұрмыс салтына ынталандыру, азаматтарды салауатты тұрмыс салтын ұстауға, дұрыс тамақтану, гигиена мен тазалық ережелерін сақтауға баулу, нашақорлық пен наша бизнесіне қарсы күресу, маскүнемдік пен темекі шегуді қысқарту, ана мен баланың денсаулығын сақтау, қоршаған орта мен экологияны таза ұстау мәселелерін қамтиды. Энергетикалық қорлар: тұрақты экономикалық өрлеу үшін мұнай мен газ өндірудің және оларды шетке шығарудың көлемін жедел ұлғайту жолымен энергетикалаық қорды тиімді пайдалану. Бұл стратегия: таңдаулы халықар. технологияларды, ноу-хауды және қомақты капиталды тарту, қордың тез де ұтымды пайдаланылуы үшін басты халықар. мұнай компанияларымен ұзақ мерзімді серіктестік орнату, мұнай мен газ экспорты үшін құбырлар желісінің жүйесін жасау, отын қорын пайдалану қызметінде дүниежүзілік қоғамдастықтағы ірі елдердің Қазақстанға және оның әлемдік отын берушілік рөліне ынтасын ояту бағытын ұстау, ішкі энергет. инфрақұрылымды жасау, өзін-өзі қамтамасыз ету және бәсекеде тәуелсіз болу мәселелерін шешу мәселелерін қамтиды. Инфрақұрылым (көлік және байланыс):ұлттық қауіпсіздікті, саяси тұрақтылықты нығайту, экон. өрлеуді күшейту. Отандық көлік-коммуникац. кешеннің әлемдік рыноктағы бесекелестік қабілетін қамтамасыз ету және Қазақстан арқылы өтетін сауда ағынын ұлғайту міндеті қойылған. Қазақстан осы стратегиялық міндеттерді орындай отырып, 2030 жылға қарай дамыған елдердің деңгейіне жетуге, дүние жүзінің ең дамыған жиырма елінің қатарына қосылуды көздейді. Реформалар стратегиясында экон. және саяси құрамдағы ырықтандырудың өзара ажырамайтын байланыста болатындығы ескерілген. Бәсекелестік қабілеті ашық та риясыз жағдайда қалыптасқан қоғам орнату одан әрі демократияландыру арқылы өтеді, ол, түптеп келгенде, сайлауды әділ өткізуге, саяси партиялардың, парламенттің рөлін, үкіметтің мүмкіндігін күшейтуге, сот жүйесін реформалауға, БАҚ-қа еркіндік беруге, әйелдердің қоғамдағы рөлін күшейтуге саяды.
44.Қазақстан Республикасында болып отыратын сайлау үрдістерін демократияландыру тенденцияларының ерекшеліктерін суреттеңіз.
Сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.
Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.
Сайлау жүйесiнiң тепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдыды және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басыьдылық мажоритарлы жүйе тусында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артык дауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi.
Салыстырмалы басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi.
Казақстан Республикасында Президенттi және Парламент депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттi деп саналады.Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидат
тарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.
Жергiлiктi озiн-өзi баскару органдарының мушелерiн сайлау кезiнде басқа кандидатарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады.
Қазақстандағы сайлау жүйесі
Атқарушы органдардың қызметін Үкімет басқарды. Ал оның құрылуына Президент тікелей қатысады. Өз қызметінде Үкімет Елбасы алдында жауапты әрі Парламентке есеп беріп отырады. Тікелей және өздері сайлаған өкілдер арқылы халық ел басқару ісіне қатыса алады. Қазақстандағы сайлау республика азаматының өзінің сайлау және сайлану құқыктарын еркін жүзеге асыруга негізделген. Президентті, мәжіліс және мәслихат депутаттарын, жергілікті езін-өзі басқару органдары мүшелерін сайлау дауыс берудің құпиялылығы сақталып, жалпыға бірдей төте сайлау қүқыгы нсгізімдо өткізіледі. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті.Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде «Қазақстан азаматтық партиясы», «Қазақстан халықтық республикалық партиясы», «Отан» республикалық саяси партиясы, «Қазақстан аграрлық партиясы» жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, ұлттық-мәдени орталықтар мен діни бірлестіктер қоғамдық сананың түрліше тұстарын қамтыды. Өйткенмен, бұлардың ішінде саяси партиялар ғана қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекерлеуші буын қызметін атқара алады. Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде қалың көпшіліктің мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.
45.ТМД кеңістігі көлеміндегі ҚРдың саяси көшбасшылық рөлін айқындап отырған басым факторларға нені көрсетуге болады?
Тәуелсіз Мемлекет Достастығы 1991 жылы құрылды . Достастықтың құрылуы тәуелсіз мемлекеттердің бір мемлекеттен өркениетті формаға өтуін қамтамасыздандырып, олардың арасында толық егеменді мемлекет және халықаралық құқық принципінің негізінде жаңа қатнасты құруға көмектесті. Мұндай мемлекеттердің кеңесінде республикалар арасында еңбек бөлінісі қолайлы , яғни олардың әр қайсысы өнім түрлерін оларға қолайлы жағдайда өндіру үшін. Белгілі салада арнайы территориялар арқылы өнімді орналастыру қоғамдық еңбек үнемді болады. Бұл ТМД елдерінде жақсы өткізіліп отыр. ТМД ға кіріп отырған әрбір мемлекет өз бағыты бойынша машықтануда. Қазақстанның жаңа тарихы 15 жыл шамасымен есептеледі. Бір кеңестік уақыт кезінде республиканың экономикасы халық шаруашылығының кешені беріліп отырған мәтінде қаралса, ал енді Қазақстанның орны мен рөлін жаһандық экономикада толығымен айталамыз. Әлемдік экономиканың конценрациясының көлемі келесі параметрмерге шағылысады. Әлемдегі ішкі өнімнің ЖІӨ - нің көптен бір бөлігі 29 дамыған мемлекетке қатысты 54,6 %, оның ішінде үлкен 7 ке 43,0% кіреді,АҚШ 20,9%, 12 мемлекет кіреді Евроодақ 15,3% кіреді. Әлемдегі 146 мемлекеттен құрайтын жаңа құрушы нарық пен дамушы мемлекетке әлемдік ЖІӨ - нің 7,2% құрайды, оның ішінде 3,8% ТМД ның 12 мемлекеті кіреді. Қазіргі уақытта Қазақстан әлемдік ЖІӨ - де 0,1% құрайды. Сонда да, 1995 жылдан бастап 1,75% ке өсті 1999 жылы осы көрсеткіш айқын төмендеді, яғни ол 2 факторға байланысты. Біріншіден, 1997 1998 жылығы Азия Ресей қаржы дағдарысының салдарынан. Екіншіден, 1999 жылдың сәуір айында республикада өткен ұлттық валюталық девальвациясы. Ал 2000 жылдан бастап Қазақстан әлемдік ЖІӨ - мі тұрақты өсуде. Бірақта өсу қарқыны бойынша Қазақстанды әлемдегі көптеген мемлекеттер озуда. Тасмалдау экономикасының өсу динамикасының салыстырмалы анализінің көрсеткіші бойынша, 1999 жылдан бастап Орталық және Шығыс Европа мемлекеттері мен салыстырғанда Қазақстанның ЖІӨ - нің арқыны өзгеріс табуда. 90 жылдармен салыстырғанда, соңғы жылдары Қазақстандағы ЖІӨ - нің өсуі ірі мұнай экспортының түсуіне байланысты.Экспорттық кірісте көмірсутегі шикізаты негізі қайнар көзі болып есептелетін мемлекеттерде экономика динамикасының өсіуі экспортық кірісте энегетика тауары емес мемлекеттермен салыстырғанда төмен. Әлемдік тауар және қызмет экспорты дамыған мемлекеттерде 71,8% құрайды, оның ішінде, осы көрсеткіштің 42,3% әлемдегі 7 жетекші мемлекеттің үлесіне кіреді әлемденгі тауарлар мен қызмет экспортының 21,2% дамушы мемлекеттерге қатысты, транзиттік экономика мемлекеттерінің үлесіне 7%, оның ішінде ТМД мемлекеттеріне 2,7% кіреді. Қазіргі Қазақстанның әлемдік шаруашылықпен бірігіуін сыртқы сауда маңызды болып отыр. Соңғы 10 жылда Қазақстанның тауар экспорты мен қызметі 2 есеге артты. Бұл 3 фактормен түсіндіріледі. Біріншіден, шетел инвестициясының ағымының көлеміне қолайлы инвестициялық климат құру ықпалын тигізді, оның үлесі мемлекеттегі мұнай шығару саласының дамуына баңытталады. Өз кезегінде, бұл газ және мұнай алу өсімін шақырды. Екіншіден, әлемдік нарықтағы көмірсутегінің шиказытының қолайлы конъюнкурасы Республикадағы экспорт потенциалының өсуіне ықпалын тигізді. Үшіншіден, соңғы он жылда, Қазақстандық тауар және қызмет экспортының үлесі әлемдік сауданың қарқынды дамуымен салыстырғанда өсті.Қазақстандағы тауар экспортының өсуі әлемдегі басқа мемлекеттермен салыстырғанда жоғары. Осы он жылда тауар экспорты 3,8% есеге, ал импорт 3,3 % есесге өсті. Қазақстанның тауар экспортының жоғары қарқынды өсуі соңғы 3 жылда білінді. Қазақстанның әлемдік экономикадағы интеграциясының (бірігуі) көлемін шетел инвестициясы ағымындағы жақындық және аймақтық географияны оқуы негізінде жобалау керек. Республикадағы экономикалық реформалар негізігі бағыттарының біріинвестициялық саясаттың тартымдылығы болып қала береді, яғни ол жергілікті және шетел инвестициялары үшін қолайлы жағдай туғызады. Қазақстандағы инвестициялық жағдай транзиттік мемлекеттер арасында тартымды болып отыр. Бұл республикамыз ТМД мемлекеттерінің арасында инвестициялық деңгейде кредиттік рейтингіні бірінші болып алуымен расталады. Қазақстан потенциалдық инвесторлар үшін экономиканың тартымдылығы, саяси жүйенің тұрақтылығы және қаржы ресурстары арқылы ТМД-дағы қалған мемлекеттердің алдында келе жатыр. Қазақстан транзиттік экономика мемлекеттірінің арасында шетел инвестициясының тура ағымы (ПИИ) көлемі бойынша жетекші орындардың біріне ие. Жаһандық көлемі бойынша Қазақстанның шетел инвестициясының тура ағымына үлесі жылдан жылға өсу үстінде. 1999-2000 жылдары республикадағы шетелдік инвестицияның тура ағымының салмағы әлемдік көлемде төмендеді, бірақта бұл көрсеткіш тез арада өзгерді. Соңғы 3 жылда жаөандық ағымдағы Қазақстанның шетелдің инветсициясының тура ағымы 0,35% деңгейінде тұр.бұл көрсеткіштің максималды мағынасы жағдайы 2000 жылдан белгіленді. Ереже бойынша инвестициялық климат қолайлы. Кейін, ішкі секілді инветсициясының көлемі өседі. Шетелдегідей, олардың өндірісі мемлекеттегі экономиканың қарқынды өсуі қолдауды шешеді. Қазақстан, соңғы 9 жылда әлемдегі көптеген мемлекеттер мен аймақтардың шетелдік инвестициясының ағым динамиканың тартымы бойынша анықтады. 2003 жылы 1995 жылмен салыстырғанда, өсу 214,5% өсті. Дамушы мемлекеттерде бұл көрсеткіш 178,2 %-ке тең, ал дамушыларда ол 153,8 %, орталық шығыс Европа мемлекеттерінде 147 %, ал Ресейде 43,3 % түскені белгіленді. 1993-2004 жылдар аралығында шетелдік инвестициялық ағымының Қазақстан экономикасына бағытталған комулятивті ағымы $ 34 млрд. құрады, оның көп бөлігі мұнай-газ секторынан келеді. $ 18,9 млрд. немесе жалпы көлемі 55,1 % . Әлемдік көлемде макроэкономикалық параметрлерге қарамастан, қазақстанда перспективті дамуы үшін ірі потенциалдар бар, яғни ол табиғи ресурсқа бай. Қазіргі кезде 500 орында 1225 минералды шикізат түрі барын айтуы жеткілікті. Республика осы түрлері бойынша әлемдегі позицияда жетекші орын алады. Қазақстан мырыш, вольфрам және бариттен әлемде бірінші орын алады, ал күміс, қорғасын, хромнан екінші мыстан, марганец,флюориттан үшінші, малибденнен төртінші орындар алып, алтын бойынша бірінші ондыққа кіреді. Біздің мемлекет әлемде темір рудасы бойынша 8 % құрайды, ураннан шамамен 25 %-ын құрайды. әлемде мұнайды барлау бойынша Қазақстан 13-ші орынға ие. 2003 жылдың басында мұнай және газ барлау бойынша 4,6 млрд тонна құрады, оның ішінде газ 331,5 млн. тонна құрайды. Каспийдегі мұнай 1,6 млрд қа бағаланады, ол «қара алтының» 38% құрайды. Табиғи газ 3 трлн шаршы метрге тең. 1995-2004 жылдары ішкі сауда көлемі 3,6 есеге өсіп, 2004 жылы 32877,5 млн. АҚШ долларын құрады. 1999 жылдан кейің экспорт операциясының өсу қарқыны 10%, ал 2000 жылы 50 %, 2004 жылы 56 % өсті. Ішкі сауда өсімі экспорт көлеміінң ұлғаюы секілді, импорт операцисынада ықпалын тигізді. Сыртқы сауда географиясы өндірістің әртүрлілігінің кеңеюі (диверсифицированность), яғни тәуелсіздің жылдарында ТМД-ны қосты. 2004 жылы Қазақстандағы сауда құрлымындағы бірінші орынға Европалық одақ, Ресей, Швейцария және Қытай шықты. Қазақстан Республикасындағы мекемелер әлемдегі 171 мемлекеттер сауда серіктестіктер бар. өткен жылдарда экспорт және импорт географиялық құрлымында өзгерістер болып, ТМД және басқа да мемлекеттер арасында проценттер өзгерді. 2004 жылы Қазақстанның ішкі сауда айналымы ТМД мемлекетірмен 10 215,1 млн АҚШ долларын құрап, 2003 жылымен салыстырғанда 48 %-ға өсті, оның ішінде экспорт $ 4097,2 млн., импорт $ 6117,9 млн. құрады. әлемдегі басқа мемлекеттермен сыртқы сауда айналымы 22662,4 млн құрап, 2003 жылмен салыстырғанда 57 % өсті, ал экспорт $ 15999,0 млн.құрап 61 % өсті, импорт $6663,4 млн.құрап, 49 % өсті.
ТМД мемлекеттерімен қатынастың дамуы, соның ішінде көпжақты интеграциялы өзара әрекет Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының ең маңызды бағыттарының бірі. ТМД шеңберіндегі көпжақты ынтымақтастықтың қазақстандық әдістемесінің негізінде тығыз интергациясы астасып жатқан елдердің шағын тобын қалыптастыру мүмкіндігінен туындайтын қарқыны әрқилы интеграция тұжырымдамасы жатыр. Қазақстан Достастық кеңістігіндегі субаймақтық бірлестіктер әрекетінің ашық түрде жүргізілуін, ал олардың мақсаттары мен практикалық әрекеттері ТМД дамуының ортақ арнасында ұштасуын қолдайды. Достастыққа көпжақты өзара әрекеттестіктің түрлі салаларына мемлекеттердің іріктеліп қатысуы тән, яғни, мүдделік білдіретін тараптар форматында жүзеге асады. ТМД органдарының шешімдерінің күші тек оларды қабылдауға қатысқан мемлекеттер үшін ғана таралады. ТМД әрекетінің тиімділігін арттыру, құрылымын жетілдіру мақсатында қазақстан тарапының бастамашылық етуімен шын мәнінде ынтымақтастықтың барлық бағытын қамтитын ТМД-ны одан әрі даму тұжырымдамасы мен оны жүзеге асу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, ол 2007 жылғы қазанда Душанбеде мақұлданды.. Олардың негізінде ТМД-ның 2020 жылға дейінгі Экономикалық дамуы стратегиясы әзірленіп, қабылданды. Еркін сауда аймағын
құру, сауда, ауылшаруашылық, электрэнергетика және т.б. нарықтарды қалыптастыру жұмыстарын аяқтау жоспарлануда. Саяси, гуманитарлық, көлік, қауіпсіздік және көші-қон салаларында өзара әрекеттестік жалғасуда. Аталған Жоспарда бірлестік әрекетін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар тізбесі көрініс тапқан. Атап айтқанда, осы құжатқа сәйкес 2008 жылғы қазанда ТМД-да төрағалық ету туралы, Ұлттық үйлестірушілер туралы ережелер қабылданды. Достастықтың салалық органдарын оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, ТМД Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ТМД-ның Жоғарғы органдарындағы рәсімдеудің жаңа ережесін қабылдау жоспарлануда. «Бір жыл- бір тақырып» формуласы бойынша жұмыс принципін ескере отырып, 2007 жылы келісілген көші-қон саясаты жөніндегі ұсыныстарды дайындауға арналса (2007 жылғы 5 қазанда Душанбеде тиісті Декларация қабылданды), 2008 жыл келісілген көлік саясаты саласындағы ынтымақтастық жөнінде ұсыныстар дайындау жылы, ал 2009 жыл энергетика саласындағы ынтымақтастық жылы.
46. Қазақстанның саяси партиялық жүйесіндегі соңғы онжылдықтағы негізгі саяси сипаттамаларға қысқаша талдама беріңіз.
Саяси жүйеге мемлекетпен қатар саяси партиялар да кіреді. «Партия» деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді. Парттия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталғанортақ мүдде, бір идеология негізінде құралған адамдардың ерікті одағын айтады. Қоғамның қай жігіне партияның ықпалы күшті жүріп, олардан ұзақ уақыт қолдау тапса, сол топ партияның әлеуметтік негізін құрайды.
Қазақстанда 10 саяси партия бар:
1.Нұр Отан халықтық-демократиялық партиясы. Төрағасы─Н.Ә.Назар- баев. Бірінші орынбасары─Кәлетаев Дархан. 38 депутат сайланды.
2.Қазақстан Коммунистік партиясы. Бірінші хатшысы─Серікболсын Әбділдәұлы Әбділдин. Партия 1998ж. 27-тамызда тіркелген. 54246 адам құрамында бар.
3.Қаз. коммунистік халықтық партиясы .Бірінші хатшысы─Владимир Борисович Косарев. 90 мың адам құрамында.
4.Қаз-ң «Ауыл» социал-дем-қ партиясы. Төрағасы-Ғани Қалиев. Құрамында 61243 адам бар.
5.Қаз-ң «Патриоттар» партиясы.Төрағасы-Ғани Қасымов. 2007ж Қасымов президент жарлығымен парламент сенатының депутаты болып тағайындалды.
6.«Ақ Жол» демократиялық партиясы. Төрағасы- Әлихан Бәйменов. Құрамында 175862 адам бар.
7.«Руханият» партиясы. Төрайымы─Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова. 72 мың адам бар.
8.«Әділет» демок-қ партиясы. Төрағасы─ Мақсұт Сұлтанұлы Нәрікбаев. 70 мың адам бар.
9.Жалпыұлттық социал-дем-қ партиясы. Төрағасы─Жармахан Тұяқбаев. Орынбасары-Ә.Қосағов. 140 мың адам бар.
47.Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы өндіріс пен индустрия саласындағы потенциалды арттырудың рөлін түсіндіріңіз.
Жаһанды билік және жаһанды басқару. Жаһанды басқарудың институттары және акторлары: Дүниежүзілік банк, G 8, ХВФ, ТҰК, АТЭЫ, ЕЭБ. Қауіпсіздік саясаты жаһандық бәсеке және оған деген жауап. Су қауіпсіздігі. Энергетикалық қауіпсіздік. Азықтық қауіпсіздік. Экологиялық қауіпсіздік. 2007 жылдың екінші жартысында басталған дүниежүзілік қаржы экономикасындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қаржы мамандарының айтуы бойынша, дүниежүзілік қаржы экономикасындағы тұрақсыздық жағдайының шығу себебі қаржы саласы активтерінің шектен тыс көтеріліп, ішкі жалпы өнімдердің нақты өсімінен әлдеқайда асып түсуінде болып отыр. Экономикалық ғылымда дамудың неоклассикалық және кейнсиандық модельдері деген ұғымдар бар. Оның біріншісі еркін рынок деген ұғымды білдірсе, екіншісі нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуы арқылы дамыту деген сөз. Яғни, бүгінгі таңда дамыған елдердің мемлекеттік саясатында неоклассикалық экономиканың даму үрдісі белең алып, іргелі экономика мен қаржы саласының дамуы сәйкессіздікке ұшыраған.
Дағдарысқа қарсы тұрудың бүгінгі таңдағы ең тиімді жолы ретінде бірқатар мемлекеттер банктер, қор рыногы, мемхолдингтер арқылы экономикаға орасан зор қаржы құюда. Мәселен, АҚШ, Еуропа елдері, Жапония және Ресей банктердің, сақтандыру компанияларының, инвестқорлардың активтерін көптеп сатып алып, кейбір банктерді мемлекет меншігіне де алып жатыр. Бұл қазіргі таңдағы ең дұрыс шешім. Себебі, әлемдік экономика қаржыға, ақша-несие үдерісіне өте зәру болып отыр.
Нақ осындай үрдіс Қазақстанда бәрінен бұрын басталды. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған шаралар кешенін жедел қабылдап, іске асырды. Сондай қажетті шешімдерді жедел қабылдап қаржы тұрақсыздық жағдайынан шығу жолдарын жүйелі талдап және бақылаулар өткізгеннің арқасында еліміздің қаржы экономикасының дамытуы курстық жұмысымның өзекті мәселесі болып отыр.
48.Елді жаһандық қаржыэкономикалық дағдарыстан алып шығудағы мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын түсіндіріңіз. Жаһанды билік және жаһанды басқару. Жаһанды басқарудың институттары және акторлары: Дүниежүзілік банк, G 8, ХВФ, ТҰК, АТЭЫ, ЕЭБ. Қауіпсіздік саясаты жаһандық бәсеке және оған деген жауап. Су қауіпсіздігі. Энергетикалық қауіпсіздік. Азықтық қауіпсіздік. Экологиялық қауіпсіздік. 2007 жылдың екінші жартысында басталған дүниежүзілік қаржы экономикасындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қарқынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерін төмендетуде, ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит беру көлемін қысқартуда көрінді. Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы азық-түлік тауарлары бағасының шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.
Қаржы мамандарының айтуы бойынша, дүниежүзілік қаржы экономикасындағы тұрақсыздық жағдайының шығу себебі қаржы саласы активтерінің шектен тыс көтеріліп, ішкі жалпы өнімдердің нақты өсімінен әлдеқайда асып түсуінде болып отыр. Экономикалық ғылымда дамудың неоклассикалық және кейнсиандық модельдері деген ұғымдар бар. Оның біріншісі еркін рынок деген ұғымды білдірсе, екіншісі нарықтық экономиканы мемлекеттің араласуы арқылы дамыту деген сөз. Яғни, бүгінгі таңда дамыған елдердің мемлекеттік саясатында неоклассикалық экономиканың даму үрдісі белең алып, іргелі экономика мен қаржы саласының дамуы сәйкессіздікке ұшыраған.
Дағдарысқа қарсы тұрудың бүгінгі таңдағы ең тиімді жолы ретінде бірқатар мемлекеттер банктер, қор рыногы, мемхолдингтер арқылы экономикаға орасан зор қаржы құюда. Мәселен, АҚШ, Еуропа елдері, Жапония және Ресей банктердің, сақтандыру компанияларының, инвестқорлардың активтерін көптеп сатып алып, кейбір банктерді мемлекет меншігіне де алып жатыр. Бұл қазіргі таңдағы ең дұрыс шешім. Себебі, әлемдік экономика қаржыға, ақша-несие үдерісіне өте зәру болып отыр.
Нақ осындай үрдіс Қазақстанда бәрінен бұрын басталды. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тапсырмасымен Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған шаралар кешенін жедел қабылдап, іске асырды. Сондай қажетті шешімдерді жедел қабылдап қаржы тұрақсыздық жағдайынан шығу жолдарын жүйелі талдап және бақылаулар өткізгеннің арқасында еліміздің қаржы экономикасының дамытуы курстық жұмысымның өзекті мәселесі болып отыр.
49.Әлемнің қарқынды дамыған елдері қатарына қосылудағы интеллектуалдық капиталды күшеюту рөлін қалай түсінесіз?
Өткен жылғы Елбасы сайлауы экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскен елімізде орныққан ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа негізделген саясатты барша қазақстандықтардың жаппай қолдайтындығын айқын дәлелдеді. 4 желтоқсанда біздің халқымыз өзінің болашағы үшін дауыс берді, бұл болашақтың формуласы өте қарапайым: тұрақтылық пен жаңарудан - өркендеуге. Қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткізіп, біз тағы бір стратегиялық міндетті - таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойдық.Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Жаңа Үкімет үшін басымдықтар мен міндеттер мынадай: І басымдық: Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді. Бірінші. Фискалдық саясат.Салық және тариф саясатын реформалау сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және кәсіпкерлікті, бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.Біз салықтардың жиналуын ұлғайтуға, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге тиіспіз. Бизнес мүддесі тұрғысынан жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігін зерттеу керек. Екінші. Несие-ақша саясаты. Инфляциямен күрес - несие-ақша саясатының басты мақсаты. Біз өзіміздің шетелдегі әріптестеріміздің бұған дейін байқап көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін қамтамасыз етуге тиіспіз. Үшінші. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру.Мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты, қосылған құн дәрежесі жоғары салалардың озық дамуына жағдайлар туғызу керек.Әрбір кен орны тұрмыстық қызмет саласынан бастап ең осы заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге дейінгі кәсіпкерлікті дамытудың әлеуетті базасы ретінде қарастырылуы тиіс.Біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, Норвегияның үлгісі бойынша елді мұнай-сервистік кластерге айналдыруға тиіспіз. Мемлекет елде және шетелде біздің мұнай компанияларымыздың қызметін кеңейтуіне қолдау білдіруі тиіс.Төртінші. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру. Мемлекет экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай алады және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе бақылауға тиіс емес. Мұны рынок істейді.Экономиканың салауатты жеке сұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес ортасын дамыту және рынокты монополияландыруға жол бермеу үшін қажетті реттеуші рөлін ғана атқаруға, ал ондай сұраныс жоқ жерлерде оны жасауға жәрдемдесуі тиіс.Бесінші. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекетті қолдау.Кәсіпкерлікті дамытуға, шағын және орта бизнесті, ішкі сұранысты кеңейту мен нығайтуға қолдау білдірудегі мемлекеттік саясаттың жаңа, рынокқа бағынған тетіктерін ұсына отырып, мемлекет салық режімін индустриялық саясаттың көптеген құралдарының бірі ретінде ғана пайдалануға тиіс екенін ескерген жөн. Бәсекелестікті дамыту кәсіпкерлікті дамыту үшін басымдыққа айналуы тиіс.Алтыншы. Әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпорациялары.Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және "локомотив" рөлінде бола алатын әртараптандырылған, қаржы жағынан тұрлаулы ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық үшін әкімшілік және нормативтік алғышарттар туғызуды көздеуі тиіс.Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бірнеше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар - өңірдің Әлеуметтік дамуы мен кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы - өңірдің даму мүдделері тұрғысынан активтерді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвестициялар тарта алады. Олардың қызметінің басты бағыты - өңірде пайда табатын ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты туғызу.Жетінші. Нарықтық қағидаттар негізінде экономикалық өзара ықпалдастықты дамыту. Қоғамда келісім-шарттық қатынастарды дамытудың және жеке меншік институтын нығайтудың маңыздылығы даусыз. Бірақ та олардың кері кетпеушілігі үшін қосымша заңнамалық, әкімшілік шаралар және даулар мен арбитраждық ресімдерді тәуелсіз қарау жүйесінің дамығаны керек.Экономикаға мемлекеттің қатысу тиімділігін біз мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінің өкілеттіктерін шектеуді және оңтайландыруды, мемлекеттің экономиканы бақылауын төмендетуді көздейтін әкімшілік реформалар есебінен арттыруға тиіспіз. Сегізінші. Рентабельді емес кәсіпорындарды нәрлендіру және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру.Біз өзімізге жұмыс істеп тұрған рентабельді емес кәсіпорындарды "есептен шығару" мүмкіндігін бере алмаймыз. Бірақ та оларды "қағидат үшін" қаржыландыру да - ысырапқорлық.Әлеуетті түрде перспективалы кәсіпорындар жаңа бизнестерді дамыту үшін негіз болуы тиіс. Оларды қайта құрылымдау және "ширату" керек. Үкімет мұндай кәсіпорындарды дағдарыстық басқаруға қатысу мүмкіндігін қарастыруға міндетті. Егер қажет болса, белгілі бір кәсіпорындарды сатып алып, оларды Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісінің басқаруына берудің орындылығын қарастыруға міндетті.Мұндай кәсіпорындардың негізінде рынокқа керекті жаңа индустриялар мен жаңа технологиялар дамуы тиіс. Ал өңірлік корпорациялар сараптамалар мен капитал тартуда, жаңа рыноктар игеру мен жаңа жобаларды іске асыруда жарысып көрсін. Бүкіл әлем осылай жұмыс істейді. Біз де солай жұмыс істеуге тиіспіз.Тоғызыншы. Аумақтық даму. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңарудың "локомотивтері" болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті шоғырландыруға, заңнамалық, экономикалық және әкімшілік шаралар жүйесін қарастыруға тиіспіз.Дамыған өңірлік орталықтардың әлеуетін ортақ теңдестірілген өңірлік даму мен тоқыраған өңірлердің дәуірлеуіне пайдалану үшін бізге жаңа көші-қон саясаты керек.ІІ басымдық: Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету.Қазақстан экономикасының одан әрі өсуі, ең алдымен, сыртқы сауда және конъюнктура факторларымен айқындалатын болады. Елдің жедел экономикалық дамуының бірқатар "сыртқы локомотивтері" анық.
50.Егемендік алғаннан бергі Қазақстан Республикасының Заң шығарушы органының жетілу кезеңдерінің қысқаша ретроспективасын түсіндіріп беріңіз.
Заңнама билігі Парламенттің екі палатасынан тұрады. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қос палаталы Парламенті - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметiн жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкiлдi органы. Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы Республика Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және Республиканың басқа да заң актiлерiмен белгiленедi. Кезекті сайланған Парламенттің өкілеттігі оның бірінші сессиясы ашылған кезден басталады және келесі сайланған Парламенттің біріншi сессиясы жұмысының басталуымен аяқталады. Бұл орайда Парламент сайланымының кезектiлігі Мәжіліс сайланымының кезектілігімен айқындалады. Парламенттің өкілеттік мерзімі кезекті сайланған Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімімен айқындалады. Парламенттiң және Парламент Мәжілісінің өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртіппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.
Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.
Сенат
ҚР Парламентінің Сенаты әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстық, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және қоғамның өзге де елеулі мүдделеріне өкілдікті қамтамасыз ету қажеттілігін ескере, он бес депутатын ҚР Президенті тағайындайды. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі алты жыл.
Палатаны мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшілік дауысымен сайланған Төраға басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Парламенттің Жоғары палата депутаттарының жалпы саны 47 адам.
ҚР Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі (Парламенттің Жоғарғы палатасы):
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуы бойынша Республика Жоғарғы Сотының Төрағасы мен Жоғарғы Сот судьяларын сайлау және қызметтерінен босату, олардан ант қабылдау;
Республика Президентінің Республика Ұлттық Банк Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру Республиканың Ұлттық Банкінің Төрағасын, Бас прокурорын, Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сот судьяларын ешкімнің тиіспеуі құқығынан айыру;
Мәжіліс өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуынан туындаған оның уақытша болмауы кезеңінде конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау бойынша Республика Парламентінің функциясын орындау;
Конституциямен Парламент Сенатына жүктелген басқа да міндеттерді атқару.
Мәжіліс
Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпылай, теңдік және тікелей және құпия сайлау құқығы негізінде жүргізіледі. Мәжілістің депутаттық корпусы пропорционалды және можаритарлы жүйемен сайланған депутаттармен жасақталады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
ҚР Парламенті Мәжілісінің ерекше өкілеттігі (Парламенттің төменгі палатасы):Парламентке енгізілген конституциялық заңдар мен заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және осы жобаларды қарау;Палата депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен Республика Президентіне Республика Премьер-Министрін тағайындауға келісім беру;Республика Президентінің кезекті сайлауын хабарлау;Конституциямен Парламент Мәжілісіне жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыр
51.ҚРда экономикалық потенциалды арттырудағы ауылшаруашылық секторындағы саяси реформалардың модернизацияларын қандай факторлармен сипаттауға болады?
Қазақстан әлемдегі айтарлықтай тұрақты және үдемелі дамыған елдердің бірі болып табылады. Біз тұрақты экономикалық өсу жолымен одан әрі алға жылжи береміз.
Соңғы жеті жылда Қазақстанда ЖІӨ өсу қарқыны орташа алғанда жылына 10 пайызды құрады. Халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ деңгейі 2006 жылы 5200 АҚШ долларына жетіп, 2000 жылғы деңгейден 4 есе артты.
Орташа мерзімді бағдарламаға сәйкес, Үкімет қызметінің стратегиялық мақсаты еліміз Президентінің маңызды бастамасын жүзеге асыру әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру болып табылады.
Осы ретте біз Үкіметте елдің бәсекеге қабілеттігі деңгейіне, экономиканың тиісті салаларының тәуекелдік бағасына ықпал ететін барлық факторларға жан-жақты талдау жасадық. Үкіметтің күш-жігері, бәрінен бұрын, өндірістің артуын ынталандыруға және экономиканың құрылымын жақсартуға бағытталғанын атап өткім келеді. Бұл қағидатты мәселе, өйткені, тек экономикалық қарым-қатынастар жүйесін реформалау арқылы біз мемлекеттің тұрақты жоғары бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуіміз мүмкін.
Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі бағыттарын мен алғаш рет Сіздер үшін арнайы ромбы түрінде ұсынып отырмын. Бүгінгі дәріске дайындалар кезде мен ақпараттың үлкен көлемін жүйелендіріп, оны осылайша беру жайын көбірек ойладым.
Ромбы негізін мен «Іргетас» деп атадым, бұл дегеніңіз база, яғни экономикалық саясаттың негізі, үлкен есеппен алып қарағанда, онсыз елдің экономикалық тіршілік етуі мүмкін емес.
Аталған сала бойынша Үкімет пен әкімдіктер жұмысының бірнеше бағыты бар.
Бұл мемлекеттік қызметті одан әрі реформалау: еңбекақы төлеу, мемлекеттік қызмет қозғамдамасы (мотивация), олардың кәсіби дамуы және т. б.
Қазіргі заманғы кезеңдегі маңызды міндет мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру болып табылады:
тұтынушыларға бағытталған, сондай-ақ оларды қанағаттандыратын қызмет деңгейін, мемлекеттік қызмет сапасы мен түрін анықтау үшін тұрақты түрде халықтың арасында сауалнама жүргізу;
• мемлекеттік қызметтің сапа стандартын әзірлеу және енгізу;
• тиісті ақпарат алу және арыз айту рәсімдері қызметіне халықтың толық қол жетімділігіне мүмкіндік жасау;
• халықтың арызының шешімін табуының тиімді жағдайларын қамтамасыз ету.
Аталған блок аясында сондай-ақ «Электронды Үкімет» қалыптастыру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.
«Әлеуметтік жауапкершілік»
Аталған блок өз мақсаты ретінде халықтың өмір сүру көрсеткішінің сапасы артуын, әлеуметтік шиеленісушілікті төмендетуді, мүлік дифференциясы тәуелділігін жоюды қарастырады.
Осы блок бойынша жұмыс істеу сондай-ақ тұрғын үй құрылысы саласындағы белсенді мемлекеттік саясатты және халықтың әлеуметтік қорғалмаған тобына көмек көрсетуді күшейтуді көздейді.
Мен тоқталып өтетін тағы бір маңызды мәселенің бірі жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамыту. Біз аталған салада көшбасшымыз және солай болып қала береміз, алайда мынадай проблемаларды шешуге тиіспіз: жинақтаушы зейнетақы қорларына жарнасын төлемейтін адамдардың едәуір бөлігі жоқ емес; инвестициялық қаржы үшін қаржылық инструменттер тізбесін кеңейту және т. б.
«Жаңа ұрпақ» - аталған блок өз мақсаты ретінде денсаулығы мықты, рухы күшті, шыныққан, еліміздің ұлттық кадрлар корпусын қалыптастыруға үлес қосатын жаңа ұрпақтың пайда болуы үшін күш-жігер жұмсауға жағдай туғызуды көздейді.
Сіздер аталған сала бойынша Үкімет жұмыс жүргізіп келе жатқан Мемлекет басшысының игі бастамасын жақсы білесіздер. Бұл 100 мектеп пен 100 аурухана құрылысы; әлемдік деңгейге сәйкес әлеуметтік стандарттарды әзірлеу және енгізу; «үштұғырлы» тіл бастамасы және т.б.
«Мемлекеттің технологиялық дамуы» - бұл кешенді шара іс жүзінде елімізде кезең ауысуының сапалы табалдырығынан өтуін табысты жүзеге асыруға жол ашады. Нақталып айтқанда, өнеркәсіптік және технологиялық артта қалушылықты жеңіп шығу, келешекте әлемдік саяси және экономикалық жүйеде сапалы да лайықты орын алу.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, белгілі ғалымдар мен инженерлердің шығуы қоғам мен экономикада жүйелі өзгерістердің заңдық тұрғыдағы нәтижесі бола алады.
Мысалы, инженерлік және экономикалық білім сапасының артуы есімдері әлемге белгілі экономистер Николай Кондратьев пен Василий Леонтьевтің, инженерлер Игорь Сикорский мен Николай Жуковтың танылуына мүмкіндіктер туғызды.
Инженерлік ой-сананың бұзып-жарып шығуы басқару теориясындағы әзірлемелермен қатар жүрді Алексей Гастевтің еңбек қондырғысының мектебі, Тейлордың тереңдету теориясы «еңбек психологиясы», «ұйым теориясы» және басқа да осындай бірнеше бағыттардың пайда болуына ықпал етті.
Осының бәрі де экономикалық білімге өту кезеңінде «адам» капиталының мыңыздылығын тағы да бір рет айқындай түседі. Осы кезеңде білім беру ісі ерекше орын алады, қазақстандықтардың жаңа ұрпағы үшін сапалы білім берудегі педагогтердің рөлі артады.
52.Қазақстандағы тұрақтылық пен этносаралық татулықтың жетілуіндегі қазақ ұлтының саяси рөлін түсіндіріңіз?
Қазақстан қоғамын үйыстырушы маңызды фактор мемлекетқұраушы қазақ ұлты.
Әлемнің өзгеруімен бірге этникалық құбылыстар да өзгеруде. Ешқандай мемлекет ұлтсыз қалыптаспаған. Сонымен бірге - әр кезде кейде үстемдік жүргізген, кейде өзгенің ұлттық ерекшеліктерін жоюға тырысқан, болмаса ұлттардың басын қосуға ұмтылған мемлекетқұраушы этнос та болған. Бұл бірлікке қол жеткізудің жолдарына байланысты. Сондай-ақ, Қазақстанның тұрақты дамуы үшін қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт ретінде жаңару мәселесі маңызды. Оған барлық этникалық қауымдастықтар мүдделі болуға тиісті.
Жеке азаматтың хұқы әлеуметтік, этникалық, басқа топтардың хұқықтарынан маңызды болғанымен, мемлекет құраушы ұлт жаһандық әлеуметтік, экономикалық өзгерістер тұсында өзінің тағдырына ғана емес, мемлекетте өмір сүруші барлық этникалық қауымдастықтардың қарым-қатынастарына саналы түрде жауапкершілігін сезінеді. Қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт ретінде қабылдамау елімізді ұлттан тыс мемлекет моделіне бағыттар еді, мемелекет қазақтар мәселесін шешуден шеттетіледі, ал ол біздің басты құндылығымыз - Тәуелсіздігімізді мәнсіз етеді.
Бүгін қазақтар барлық мемлекетқұраушы ұлт талаптарына саяси және этникалық жағынан сай: өзінің байырғы жерінде, сан жағынан елде басым және барлық диаспоралардың хұқын қорғап отыр. Қазақтардың мемлекетқұраушы ұлт мәртебесі Қазақстан халқы бірлігіне көлеңке түсірмейді, керісінше, оның елді біріктіруші қызметін айқындайды. Атап айтқанда, мемлекетқұраушы ұлт елдегі өмір сүретін барлық этникалық қауымдастықтардың тең хұқықтығына жауапты, сондай-ақ, қазақтар да олардың қолдауына мүдделі. Мемлекетқұраушы ұлт ретінде қазақтар Казақстанда қоныстаған диаспоралардың басын қосатын ұйытқы.
Ұлттық және діни құндылықтар рухани мәдениетте бұрын да, бүгін де бір-бірімен ажырамас бірлікте. Дәстүрлі діндер ұлттық мәдениетті сақтаудың нақты тетігі қызметін атқарып келеді. Зайырлы мемлекет ретінде Қазақстанның ұлт саясаты бұл үрдісті ескеруі тиіс. Барлық дәстүрлі конфессияларды мойындай және сыйлай отырып, Қазақстан экстремистік ұйымдардың қызметіне тыйым салады.
«Қазақстан Республикасының жаңа ұлт саясатының Тұжырымдамасын» (онан әрі-«Тұжырымдама») дайындау мен қабылдаудың қажеттілігі қоғам және әлемдегі жаңа этнодемографиялық, әлеуметтік Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы және геосаяси, ұлттық және діни фактордың өсуі жағдайында Қазақстан халқының бірлігін және тұрақтылықты нығайтуға бағытталған 2011-2020 жылдардағы мемлекет саясатының нақты мақсаттары, қағидаттары мен міндеттерін анықтаудан туындайды.
Жаңа ұлт саясаты әртүрлі этностық қауымдастықтардың қарым-қатынастарын, олардың ерекшеліктерін есепке ала отырып жүйелеуге және оған бағыт беруге арналады. Бұл саясат әлеуметтік-экономикалық, саяси тетіктер, рухани құндылықтар, мәдениет пен тіл арқылы этносаралық және конфессияаралық бірлікке жеткізетін жолдар мен шешімдерді анықтайды.
«Тұжырымдама» Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері және адам құқықтары мен түрлі этникалық қоғамдастықтарға жататын адамдардың ең басты бостандықтары жөніндегі халықаралық құқықтың жалпы талаптарына сүйенеді. Ол экономикалық, саяси, әлеуметтік тетіктер және тіл мен мәдениет негізінде этника және дінаралық келісімге жетудің әдістері мен құралдарын анықтайды.
53.ҚРның Ата Заңына 2007 жылы енгізілген толықтырулар мен өзгерістердің саясиқұқықтық рөлі мен маңызын айқындаңыз.
Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген нақты ұсыныстардың ең негізгісі - Қазақстан Республикасы Парламентінің рөлін арттыру бастамасы болды дей аламыз. Жаңа реформаға сәйкес енді бұдан былай Мәжіліс депутаттары пропорционалдық сайлау жүйесі бойынша сайланатын болды, мәжілісмендердің саны 107-ге дейін ұлғайтылып, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан өкілдік ететін болды. Сенат депутаттарының саны президенттік квотаның есебімен 7-ден 15 депутатқа дейін жеткізілді. Сонымен қатар, еліміздің саяси жүйесінің президенттіктен президенттік-парламенттік жүйеге ауыстырылуына, Парламенттің Үкімет қызметіне бақылау жасау жөніндегі өкілеттілігі күшейтілуіне, саяси партиялардың рөлін арттыруға бағытталған өміршең алғышарттар жасады. Жалпы алғанда, 2007 жылғы Ата Заңға енгізілген осындай өзгерістер мен толықтыруларды Қазақстандағы демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы деп те қабылдауға болатын еді.
Қазақстанның көпұлтты, көпдінді халқының достығын нығайтудағы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз етудегі Ата Заңның рөлі айрықша екендігі даусыз. Оның кешегі өтпелі кезеңде елдің бірлігін сақтап, түрлі ұлыстардың ұюына үлкен ұйытқы болғаны бұған дәлел.
1995 жылы елімізде ұлт саясатын іске асырудың тағы бір бірегей тетігі ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғаны белгілі. 2007 жылғы іске асырылған конституциялық реформа бұл Ассамблеяның мәртебесін одан әрі жоғарылатты. Сол арқылы басқа этностардың да еліміздің дамуына қосатын үлесіне зор жауапкершіліктер жүктелді.
Қазақстан қоғамы бүгінде бүкіл әлем сусап отырған ұлтаралық татулық пен келісімді, саяси тұрақтылық пен өзара берік сенімге негізделген қарым-қатынасты қамтамасыз етуші бірден бір мемлекет болып отыр. Мұндай ұстаным еліміздің бүкіл тәуелсіздігі жылдарында да мемлекеттің бүкіл ішкі саясатының сара өзегі болды. Қазақстанда ұлттық-мәдени саналуандық пен бірлікті жаңғырту, сонымен қатар елді дамытудың мемлекеттік саясаты жүзеге асырылды. Елде шағын ұлттардың тілі мен мәдениетіне оңтайлы жағдайлар туғызылуда. Олардың мүддесін қорғайтын арнайы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заңының қабылдануы да, Парламенттегі Ассамблея атынан сөйлейтін 9 өкілдің депутат болып отыруы да осы айтқандарымыздың айқын дәлелі іспетті.
54.Әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қатарына қосылудағы қазақ ұлтының алдындағы тұрған талаптарды қалай түсінесіз? Өз пікіріңізді дәйектеп жазыңыз.
Өткен жылғы Елбасы сайлауы экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түскен елімізде орныққан ұлтаралық татулық пен тұрақтылыққа негізделген саясатты барша қазақстандықтардың жаппай қолдайтындығын айқын дәлелдеді. 4 желтоқсанда біздің халқымыз өзінің болашағы үшін дауыс берді, бұл болашақтың формуласы өте қарапайым: тұрақтылық пен жаңарудан - өркендеуге. Қазірдің өзінде көп нәрсеге қол жеткізіп, біз тағы бір стратегиялық міндетті - таяудағы он жылда Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына шығару міндетін қойдық.Бұл стратегияның негізіне ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаһандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған. Ұсынылып отырған бағыт Қазақстанды 2030 жылға дейін дамыту қағидаттарына негізделеді, оларды бүгінгі күннің нақтылығын ескере отырып тереңдетеді. Жаңа Үкімет үшін басымдықтар мен міндеттер мынадай: І басымдық: Қазақстан экономикасын жаңарту және оған серпінді сипат беру, олар өзара байланысты міндеттер кешенін шешуді көздейді. Бірінші. Фискалдық саясат.Салық және тариф саясатын реформалау сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қоюға және кәсіпкерлікті, бизнес пен халықаралық сауданы дамытуды ынталандыруға мүмкіндік береді.Біз салықтардың жиналуын ұлғайтуға, салық салу құрылымын жеңілдетуге және салықтар санын шектеуге тиіспіз. Бизнес мүддесі тұрғысынан жеке тұлғалар үшін табыс салығының белгіленген ставкасын енгізу және Салық кодексін жеңілдету мүмкіндігін зерттеу керек. Екінші. Несие-ақша саясаты. Инфляциямен күрес - несие-ақша саясатының басты мақсаты. Біз өзіміздің шетелдегі әріптестеріміздің бұған дейін байқап көрілген ұсыныстары мен кеңестеріне арқа сүйей отырып, валюта саясатын басқарылатын ырықтандыру есебімен инфляция өсуінің келеңсіз салдарын барынша төмендету мақсатында нақты айырбас бағамының қажетті икемділігін қамтамасыз етуге тиіспіз. Үшінші. Экономиканың отын-энергетика және өндіруші секторлары тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру.Мұнай-газ кешенімен тікелей байланысты, қосылған құн дәрежесі жоғары салалардың озық дамуына жағдайлар туғызу керек.Әрбір кен орны тұрмыстық қызмет саласынан бастап ең осы заманғы бағдарламалық қамтамасыз етуге дейінгі кәсіпкерлікті дамытудың әлеуетті базасы ретінде қарастырылуы тиіс.Біз мұнай мен газды өндіріп қана қоймай, Норвегияның үлгісі бойынша елді мұнай-сервистік кластерге айналдыруға тиіспіз. Мемлекет елде және шетелде біздің мұнай компанияларымыздың қызметін кеңейтуіне қолдау білдіруі тиіс.Төртінші. Экономиканың өсуін қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру. Мемлекет экономикадағы сұранысты ынталандыратын жағдайлар жасай алады және жасауға міндетті, бірақ та өндірісті өзі ұйымдастыруға немесе бақылауға тиіс емес. Мұны рынок істейді.Экономиканың салауатты жеке сұраныс бар салаларында мемлекет бәсекелес ортасын дамыту және рынокты монополияландыруға жол бермеу үшін қажетті реттеуші рөлін ғана атқаруға, ал ондай сұраныс жоқ жерлерде оны жасауға жәрдемдесуі тиіс.Бесінші. Кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекетті қолдау.Кәсіпкерлікті дамытуға, шағын және орта бизнесті, ішкі сұранысты кеңейту мен нығайтуға қолдау білдірудегі мемлекеттік саясаттың жаңа, рынокқа бағынған тетіктерін ұсына отырып, мемлекет салық режімін индустриялық саясаттың көптеген құралдарының бірі ретінде ғана пайдалануға тиіс екенін ескерген жөн. Бәсекелестікті дамыту кәсіпкерлікті дамыту үшін басымдыққа айналуы тиіс.Алтыншы. Әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өңірлік корпорациялары.Мемлекеттік саясат шағын және орта бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және "локомотив" рөлінде бола алатын әртараптандырылған, қаржы жағынан тұрлаулы ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық үшін әкімшілік және нормативтік алғышарттар туғызуды көздеуі тиіс.Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бірнеше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар - өңірдің Әлеуметтік дамуы мен кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы - өңірдің даму мүдделері тұрғысынан активтерді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвестициялар тарта алады. Олардың қызметінің басты бағыты - өңірде пайда табатын ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты туғызу.Жетінші. Нарықтық қағидаттар негізінде экономикалық өзара ықпалдастықты дамыту. Қоғамда келісім-шарттық қатынастарды дамытудың және жеке меншік институтын нығайтудың маңыздылығы даусыз. Бірақ та олардың кері кетпеушілігі үшін қосымша заңнамалық, әкімшілік шаралар және даулар мен арбитраждық ресімдерді тәуелсіз қарау жүйесінің дамығаны керек.Экономикаға мемлекеттің қатысу тиімділігін біз мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінің өкілеттіктерін шектеуді және оңтайландыруды, мемлекеттің экономиканы бақылауын төмендетуді көздейтін әкімшілік реформалар есебінен арттыруға тиіспіз. Сегізінші. Рентабельді емес кәсіпорындарды нәрлендіру және Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру.Біз өзімізге жұмыс істеп тұрған рентабельді емес кәсіпорындарды "есептен шығару" мүмкіндігін бере алмаймыз. Бірақ та оларды "қағидат үшін" қаржыландыру да - ысырапқорлық.Әлеуетті түрде перспективалы кәсіпорындар жаңа бизнестерді дамыту үшін негіз болуы тиіс. Оларды қайта құрылымдау және "ширату" керек. Үкімет мұндай кәсіпорындарды дағдарыстық басқаруға қатысу мүмкіндігін қарастыруға міндетті. Егер қажет болса, белгілі бір кәсіпорындарды сатып алып, оларды Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар желісінің басқаруына берудің орындылығын қарастыруға міндетті.Мұндай кәсіпорындардың негізінде рынокқа керекті жаңа индустриялар мен жаңа технологиялар дамуы тиіс. Ал өңірлік корпорациялар сараптамалар мен капитал тартуда, жаңа рыноктар игеру мен жаңа жобаларды іске асыруда жарысып көрсін. Бүкіл әлем осылай жұмыс істейді. Біз де солай жұмыс істеуге тиіспіз.Тоғызыншы. Аумақтық даму. Біз экономикалық және әлеуметтік жаңарудың "локомотивтері" болуға қабілетті дамыған өңірлік орталықтарда экономикалық қызметті шоғырландыруға, заңнамалық, экономикалық және әкімшілік шаралар жүйесін қарастыруға тиіспіз.Дамыған өңірлік орталықтардың әлеуетін ортақ теңдестірілген өңірлік даму мен тоқыраған өңірлердің дәуірлеуіне пайдалану үшін бізге жаңа көші-қон саясаты керек.ІІ басымдық: Қазақстанның жедел экономикалық дамуы үшін серпінді секірістерді қамтамасыз ету.Қазақстан экономикасының одан әрі өсуі, ең алдымен, сыртқы сауда және конъюнктура факторларымен айқындалатын болады. Елдің жедел экономикалық дамуының бірқатар "сыртқы локомотивтері" анық.
55.Шығыс пен Батыс әлемін байланыстырудағы қазақ елінің геосаяси әлеуетінің мүмкіндіктерін қандай басым факторлар арқылы сипаттауға болады?
Қазақстанның сыртқы саяси және экономикалық байланыстарында Шығыс Еуропаға көрнекті орын беріледі. Өтпелі кезеңдегі аймақтың елдері қайта құрылу жолына түсіп, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық мәселелерді шешуде айтарлықтай тәжірибе жинақтады. 1989 жылы басталған осы аймақта демократиялық мемлекеттер қалыптастыру процессі қазірде түбегейлі аяқталған.
Халықаралық қатынастар саласында Шығыс Еуропа елдері де, Қазақстанға да басты міндет - әлемдік қауымдастыққа бірте-бірте бейімделу. Қазақстанның осы мемлекеттермен екі жақты және көп жақты байланыстарының дамуы біздің еліміздің халықаралық сахнадағы ұстанымын нығайтатын бірден-бір фактор. Қазақстан үшін аймақтағы елдерді демократизациялау процессі, атап айтқанда, әлеуметтік және ұлттық мәселелерді шешу тәжірибесі, жаңа демократиялық институттарды құру және тоталитарлық-бюрократтық реттеу тәжірибесі маңызды. Өз кезегінде Қазақстандағы демократиялық құрылымдардың табысты жылжуы Шығыс Еуропа елдері тарапынан ел басшылығының саясатына сенім тудырады. Бұл фактор геостратегиялық орнымен, саяси тұрақтылығымен және табиғи ресурстарымен біріге келе Қазақстанды Шығыс Еуропа елдері үшін олардың Орталық Азия аймағындағы саяси және экономикалық мүдделерге көзқарасы тұрғысынан тамаша әріптесі.Технологиялар алмасуда, нарық іздеуде, серіктестікті дамытуда көңіл аудара отырып Шығыс Еуропа елдері Қазақстанның сыртқы экономикалық қызметінде маңызды орын алады.
Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері арасындағы ортақ мүдделердің бір көрінісі Қазақстанның Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен территориясы, географиялық жағдайы және пайдалы қазбаларының мол қоры жағынан ерекше орын алатындығы. Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттерге қарағанда аймақтық беделінің ерекше екендігінің негізділігі. Табиғи мол байлығы және еліміздің Еуразиядағы геосаяси жағдайы, Қазақстан үкіметінің халықаралық қатынастардағы белсенді саясаты БҰҰ-ның құрамында, аймақтық ұйымдар шеңберіндегі нақты қадамдары көңілге сенім тудырады.
Шығыс Еуропа елдерінің нарығы, олардың әлеуметтік-экономикалық реформаларының тәжірибесі, Еуропадағы өскелең экономикалық және саяси салмағы, ішкі аймақтық мәселелерді шеше білуі Қазақстан үшін қызығушылық тудырады. Әңгіме экономикалық процесстердің түрлері мен әдістерін көзсіз көшіру туралы емес. Олардың тәжірибесі Қазақстанның халықаралық қатынастардағы жаңа тәсілдерді және әлемдегі геоэкономикалық ауысымдарды түсінуіне мүмкіндік береді.
Қазақстанның Еуропадағы аталған аймақтардың елдерімен байланысу қажеттігін байқай отырып, Қазақстан Еуразиялық геосаяси кеңістікті нығайтып, Азия мен Еуропа арасын байланыстыруда. Бұл жұмыста ішкі саяси қызметке, өзара пайдалы қатынастарды дамытуға жағдай жасауға басымдылық беріледі.
XXI ғасырға Шығыс Еуропа елдері нарықтық экономиканың мықты қорымен және жүйелі реформалармен кірді.Табысты реформаларға ықпал ететін ішкі саяси тұрақтылық, шетел капиталын аймақтағы елдерге тарту жағдайы мен кепілділігі, инвестициялар, технологиялар, туристер тарту жөніндегі ашық есіктер саясаты; кез-келген жобаға қызмет көрсетуге және несие ресурстары арқылы кең қызметті іске асыруға мүмкіндік беретін дамыған қаржылық инфрақұрылым; түрлі механизмдер арқылы экономикалық дамуды реттеу сияқты жүйелерге ерекше орын беріледі. Мұның барлығы Шығыс Еуропа елдерінің реформалық тәжірибесін зерттеу үшін талпынуға мүмкіндік береді.
Әрине, Орталық Азияның маңызды мемлекеттерінің бірі Қазақстан мен Шығыс Еуропа аймағының елдері бір-біріне қажет: Шығыс Еуропа-жаңа технологияларды экспорттау, Орталық Азияның ішкі нарығын меңгеру үшін трамплин жасау үшін; Қазақстан-экономиканың аса мұқтаж салаларына қажетті инвестиция, заманауй технологиялар тарту, өзінің сыртқы саудасын осы елдермен теңестіру үшін. Сондай-ақ, экономикалық даму үлгілерінің тәжірибесін зерттеу және Азия мен Еуропа арасындағы көпір болу қажеттілігі тұр.
Әрине, аймақтағы елдердің экономикалық даму үлгісін әспеттеудің қажеті жоқ. Олардың түрлі мәселелерге көзқарастарында айырмашылық болған және бола береді. Шығыс Еуропа үшін капитализмнің түрлі формасы тән. Венгрияда экономикалық шетел капиталы басты рол ойнайтын болғандықтан либералды капитализм. Польша капитализм дамуының итальяндық жолымен келе жатыр: концерндердің көпшілігі мемлекет билігінде, бірақ үлкен сектор шағын және орта фирмаларда. Чехия мен Словакияда француз жүйесі басым. Румыния мен Болгарияда латынамерикандық жүйеге ұқсас капитализм іске асырылуда.
Шетел инвесторларының иелігіне өнеркәсіпті үлкен және орта мекемелерді бере отырып, шағын және орта бизнестің өсуін реттей отырып Шығыс Еуропа елдері жаңа жоғары технологияларды меңгерді және меңгере бермек.
Жоғарыда айтылғандар елшіліктің аймақтағы елдердің тәжірибесін зерттеу, түрлі механизмдерді пайдалана отырып, екі жақты ынтымақтастықты дамыту арқылы реформалардың қозғалуына ықпал етуді қамтамасыз ету жұмыстарының бағытын анықтады.
Теміржол жүктерінің өтуіне жағдай жасаса, онда біздің еліміз өзінің көне қызметі- Ұлы Жібек жолын қайта қалпына келтіріп, көбейтеді. Орталық және Шығыс Еуропа Астанада өткен тасымалдау жөніндегі ТрансЕвразия конференциясына қатысуы осының тікелей айғағы.
Қазақстан мен Шығыс Еуропа елдері кең мағынадағы еуразиялық қауіпсіздіктің нығаюына ықпал ете отырып, жан-жақты, өзара пайдалы ынтымақтастықты құруға мүмкіндіктері мол. Бұл мүмкіндіктер тәжірибеде қаншалықты кең қолданылса, қызыққан тараптар соншалықты пайда алады.
Қазақстанның Еуропа елдерімен өзара түсінісу шеңбері қанша кең болса, Қазақстанның әлемдік жүйеден мүмкіндіктерін пайдалана отырып және XXI ғасырдың шындықтарын пайдалана отырып алатын орны соншалықты жоғары болмақ.
56.Қазақстан Республикасының Парламентінің төменгі палатасы Мәжіліс депутаттарын сайлаудағы соңғы сайлау (2007 жылғы) ерекшеліктері және оның келешегі?
Мәжіліс
Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпылай, теңдік және тікелей және құпия сайлау құқығы негізінде жүргізіледі. Мәжілістің депутаттық корпусы пропорционалды және можаритарлы жүйемен сайланған депутаттармен жасақталады. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды. Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.
ҚР Парламенті Мәжілісінің ерекше өкілеттігі (Парламенттің төменгі палатасы):
57.Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының көпвекторлығының қалыптасуындағы саяси астарларды атап көрсетіңіз?
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде ҚР құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың ҚР халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.
Жас тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.
Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. "Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша ҚР тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері ҚР мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда ҚР сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.Үшіншіден, ҚР халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау ҚР халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т.б.) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты.Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде ҚР ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет етуі және мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек.Әрине, осы сыртқы саяси принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін деструктивті болмауы шарт. Олар халықаралық қатынастар принциптеріне және халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуі қажет. ҚР тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын жобалау мен дамытуда елдің алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың көрнекті рөл атқарғандығын ескере кеткеніміз жөн.ҚР қазіргі әлемнің ірі мемлекеттерінің мүдделері астасып жатқан күрделі геосаяси кеңістікте орналасқан. Бұл жағдай "мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға" (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы) болып табылатын ел Президентінен саяси ерік пен бастаманы, ойластырылған және салмақты әрекетті, превентивті шешімдер мен шараларды қабылдау қабілеттілігін талап етеді. Осы түрғыда ҚР президенті Н.Э.Назарбаев тарапынан ұсынылған еуразиялық идеясы ерекше мәнге ие. Бұл идея ТМД мемлекеттерінің интегративтік мүмкіндіктерін, яғни ТМД шеңберіндегі интеграңияны, сондай-ақ экономикалық және сыртқы саяси мүдделері еуразиялыққа жақын басқа елдердің қатыстырылуын қамтиды. Қазіргі еуразиялық идея өркениет дамуының түйінді желілерінде мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығы үшін аса кең геосаяси кеңістікті құруды көздейді. Еуропа мен Азияны жалғастыратын тарих және дәстүрлі көпір ретінде Қазақстан еуропа елдерімен де, азия елдерімен де өзінің экономикалық байланыстарын кеңейтуге кең мүмкіндіктерін алады. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еуразиялық идеясы біздің болмысымыздың геосаяси, экономикалық, тарихи, өлеуметтік-мәдени, этникалық шындығы болып табылады. Осы негізде ҚР үкіметі Президенттің басшылығымен екіжақты және көпжақты келісімдерді, қазақстандық шекараның е бойында тыныштық пен қақтығыстарды болдырмауды қамтамасыз ететін өзімен көршілес барлық елдермен келісімшарттар жасауды қалыптастыру бойынша белсенді саяси қызметтер атқаруда. Қазақстан еуропа елдерінің барлығымен дерлік дипломатиялық қатынастарды жолға қоя отырып ОБСЕ, НАТО тәрізді еуропалық мемлекетаралық ұйымдармен де байланыс орнатты. Қазақстанның НАТО-мен біріккен жаттығулар өткізу үшін әскери бөлімдерді дайындау бойынша жеке ынтымақтастық бағдарламасы бар. Бұл қазақстандық әскери контингенттің БҰҰ бітімгершілік акцияларына қатыстырылуына мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың арасынан Ресеймен мемлекетаралық байланыс ерекше мәнге ие.Ресей империясының қол астында, одан кейінгі көпұлтты мемлекеттік құрылым КСРО-ның құрамында болған Қазақстан тарихи және дәстүрлі түрғыда аграрлық-шикізат көзі болды, сондықтан Орталыққа, метрополия ретіндегі Ресейге экономикалық тәуелді еді.
Осы жағдай Қазақстанның шаруашылық инфрақұрылымының Ресейге толықтай тәуелділігінің қалыптасуына алып келді және оның салдары экономикалық түрғыда оны Ресейге, оның ішкі проблемаларына қатыстырады. Ресейдегі экономикалық тоқырау мен қиындықтар соған сәйкес бізде де көрініс тауып отырады. Ресейдегі экономикалық жандану біздің экономикамызды да қоректендіреді. Осы жағдайлардын барлығы мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің шынайы негізі көпвекторлы сыртқы саясаттың қалыптасу қажеттілігін тудырады. Бірақ біздің сыртқы саясатымыздың ресейлік векторы көп позиция жағынан басымдыққа ие. Осы ахуал Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әрдайым назарында және ол келісімдер, шарттар, мақсаттар тәрізді дипломатиялық акцияларда көрінеді. Көптеген халықаралық проблемалар бойынша Қазақстан мен Ресей біртүтас немесе жақын позиңияларда болады.Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтын, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция түрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Кытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай бұл жақын көршілікте түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді атқарады. Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта қазіргі әлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктері ретінде қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пөкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатынастарды жолға қойды.ҚР басшылығы Ауғанстан, Таяу ШЫІҒЫС, Балқан елдері тәрізді "дағдарысты аймақтарға" да назар аударады. Қазақстанның бұл жерлерде жеке геосаяси мүдделері жоқ болса да, біз осы "дағдарыстық аймақтардың" әлемге тудырып отырған қауіптілігін сезінеміз. Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президешінің басшылығымен құрамына сыртқы істер министрлігін, елшіліктер мен консулдықтарды қамтитын атқарушы орган дипломатиялық қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының басшылығы қысқа мерзімнің ішінде табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық қызметті кұра алды. Бұл Қазақстан Республикасының билік құрушы элитасы меңгерген кәсіптік қызметгің жаңа түрі. Осы құрылымда жүмыс істеу кәсіби білікгілік пен білімді талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты түрде атқарып отыр деп толық сеніммен айтуға болады.
58.ҚРдағы әлеуметтік саясаттың басым бағыттарын атаңыз және әлеуметтік мемлекеттілік сипаттамаларын көрсетіңіз?
Әлеуметтік саясат (ағылш. social politicy; лат. socialis - общеатен; адамдар өмірімен байланысты)- халықтың, оның негізгі жіктерінің, топтары мен санаттарының тұрмыс жағдайына ықпал етумен байланысты жалпы мемлекеттік саясат бөлігі. Қамтитын аумағы: табысты реттеу, жұмыспен қамту, әлеуметтік қамсыздандыру саясаты; білім беру және денсаулык сақтау аяларындағы саясат; тұрғын үй саясаты, т. б. Әлеуметтік саясат адамға, оның халықаралық және ұлттық заңнамада көзделген құқықтарын қорғауға бағдарланған. Әлеуметтік саясаттың мақсаты кез келген коғамның жоғары құндылығы ретіндегі адамды қолдау және дамыту. Әлеуметтік саясат үлгісінің нақты іске асырылуы саяси құрылысқа, экономилық даму деңгейіне, меншік қатынастарына, басқару құрылымына, мәдениетке, тарих пен дәстүрлердің ерекшеліктеріне байланысты. Әлеуметтік саясат өндірістік қоғамдық өнімді бөлуге негізделеді. Қазақстанда бүгінгі таңда әлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бері, мемлекетіміз әлеуметтік бағытқа үлкен мән беріп келеді, себебі біз нарықтық әлеуметтік бағытты таңдадық.
Бірақ елімізде жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат, әрине мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне, экономикалық дамуға байланысты. Соңғы жылдардағы экономикамыздың қарқында өсуі, ЖІӨ еселеп жоғарлауы әлеуметтік салаға құйылатын қаржының көлемін ұлғайтты. Бұның бәрі түптеп келгенде халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған мемлекетіміздің сындарлы саясатына байланысты.Әлеуметтік-саяси шаралардың мақсаты нарықтық еркіндік принципінің әлеуметтік өтеу принципімен және әр адамның лайықты өмір сүруге ажырамас құқығының үйлесімімен қамтамасыз етілуі қажет, ал бұл міндеттерді шешуге және халықтың әлеуметтік әлсіз қабатына адамға лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік шаралардың жиынтығы оның әлеуметтік саясатын анықтайды.Мемлекеттің әлеуметтік саясаты сол елдің бастан кешіріп отырған экономикалық даму кезеңінен, сол мемлекеттің ұстанып отырған экономикалық саясатынан және тағы да басқа факторлардан тәуелді болады.Еліміз әлеуметтік саясаттың қалыптасуы мен дамуында, әлеуметтік саясаттың заңнамалық негізін, негізгі бағыттарын жасап алды. Негізгі білім, денсаулық, демографиялық жағдай, халықты әлеуметтік қорғау мен қамсыздандыруға, зейнетақы төлеу, халықты жұмыспен қамту саясаты болып келеді. Сонымен әлеуметтік саясат қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, әр адамның лайықты өмір сүруге деген құқығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы. Бұл саясатты жүргізу және әр адамның осы ажырамас құқығының орындалуы үшін жауапкершілік мемлекетке жүктеледі, бұл мақсаттарда ол сәйкесінше табыстар қайта бөлінуін ұйымдастырады, еңбек нарығы мен еңбек қатынастарын реттеуді жүзеге асырады, әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастырады және дамытады, осының барлығы әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттарын құрайды.
Барлық аймақтардың әкімдерімен өткізген кеңесте ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 9 айдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысын жасады.Өткен кеңестің негізгі арқауы- « еліміздің экономикасы өсудің жақсы қарқынын көрсетуде».Сонымен қатар мемлекеттік саясаттың басты басымдылығыболып, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мәселесі қала береді.Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет үлескерлердің түйінді мәселелерін және басқа да әлеуметтік мәселелерді шешті: жыл басынан зейнетақы,шәкіртақы,бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы өсті.Одан басқа,биылғы жылы 37 мектеп салынып,10 ірі медицина мекемесі ашылды.Бір жылдан аз уақыт ішінде 457 жаңа балабақша мен шағын- орталықтар құрылды.Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, «мұның бәріне бірлік пен тұрақтылықтың арқасында қолымыз жетіп, халық үшін қарапайым азаматтар жасалып жатыр».Экономика әлі де ғаламдық экономикалық дағдарыстың келеңсіз зардап-тардан бұрынғы қалпына келтіріліп жатқанына қарамастан, биылғы жылы Қазақстанда әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға мемлекеттік бюджеттің шығындары көбейтілді- олар былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қаңтар-қыркүйек айларында 20,5% өсті.2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлеу бойынша Мемлекеттік орталықтың зейнетақы көлемі 25 %, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының көлемі орташа алғанда 9%-ға көтерілді.
59.Саясаттану ғылымы мен сіздің мамандығыңыздың арасындағы ұқсастықтар, байланыстар және ерекшеліктерді қалай түсінесіз?
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды. Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі ортаққоғамдық өмір. Олар бірталай ортақ ұғымдарды да пайдаланаді. Бірақ та әрбір қоғамтану ғылымының өзіндік пәні бар. Сондықтан саясаттанудың басқа гуманитарлық ғылымдар арасындағы ерекшелігін, алатын орнын анықтап алған ләзім. Саясаттану ең алдымен фәлсафамен (философиямен)тығыз байланысты. Фәлсафа табиғат, қоғам және таным дамуының неғұрлым ортақ зандылықтары туралы ғылым. Ол тіршіліктің түпкілікті себептерін, рухани-байлықтардың негізінде не жатқанын және т.с.с ашып, дүниеге тұтас көзқарас туғызады. Сондықтан ол басқа пәндер сияқты саясаттануға жалпы әдістемелік ғылым болып келеді. Ол саясатты фәлсафалық тұрғыдан дәлелдейді, саяси кұбылыстар мен процестерді талдауға дүниетанымдық бағдар береді. Бірақ ол мәселелерді, құбылыстарды, өмірдің жекелеген жақтарын қарастырғанда өзінің өресі тарлығын бай-қатады. Саясаттану қоғам өмірінің саяси саласындағы жалпы заң-дылықтарды нақгылайды, айқындайды, саяси танымды терңдетеді, саяси көзқарасты қалыптастырады. Саясаттану экономикалықикалық теориямен өзара байланысты. Сая-си экономия саяси процестерді экономикалық тұрғыдан дәлелдей отырып, ол процестердің негізінде әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүдделерін жүзеге асыру үшін күресіп жатқанына көз жеткізеді. Саясаттану экономикалық саясатты дайындау және іске асыру, ол процестерді мемлекеттік реттеу принцип-терін ғылыми түрде негіздейді. Саясаттану құқықтық ғылыммен тығыз байланысты. Құқық адамдардың қоғамдағы қатынастары мен тәртібін, жүріс-тұрысын реттейді. Ол саяси шешімдерді дайындап, іске асырудың құқықтық тетіктерін көрсетеді, кұкықтық және мемлекеттік нормалар мен институттардың қиысқан, түйіскен жерлерін карастырады. Құқықты К.Маркс заңға айналдырылған экономикалық үстем таптың еркі деп атаған. Саясаттану күкықтануға жалпы теория, оның теориялық-әдістемелік негізі іспеттес. Саяси екімет жүйесінсіз әлеуметтік, оның ішінде құқықтық ережелер мен қатынастар жалпыға міндетті сипат алып орындалмайды. Сонымен қатар құқықтык тұрғыда қалыптаспай саяси екімет те әдеттегі қызметін атқара алмайды. Саясаттануға жақын ғылымдардың бірі әлеуметтапу (социология). Саясаттану саясатты белгілі бір заңдылықтарға бағынып, іс жүзінде белгілі бір принциптерді жүзеге асыратын, дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қарайды әлеуметтану оған процесс ретінде емес, адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға етер әсерін зерттейді. Оның айналысатын мөселелері адамды және қауымдастықты дамытуға саясат не бере алады және саясатты жетілдіру үшін адамдар не істей алады. Сайып келгенде, саясаттанудың негізгі назары саясатта болса, әлеуметтанудың назары саясатты жасаушы адамда болады. Олардың арасындағы байланыс әсіресе саясаттануды сандық әдіс-тәсілдерді пайдалануға байланысты күшейе түседі. Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап, суреттейді. Аты аталған ғылымдармен қатар саясаттану баска да адамгершілік ғылымдарымен байланысты. Солай бола тұра саясаттанудың өзіне тән зерттеу объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық саяси құбылыстар мен процестер жатады.
60.Қазақстандағы демократиялық үрдістер, халықтың саяси сауаттылығын арттыру мәселелерінің маңызын талдап түсіндіріп жазыңыз.
мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық.
Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер 3209 адам, елден кеткендер 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мемлекеттегі соңғы демографиялық ахуалға байланысты брифинг өткізді. Демографиялық саладағы соңғы көрсеткіштерді жағымды деп айтуға болады. Агенттік төрағасының берген мәліметтері бойынша жыл басынан бері Қазақстанның халық саны 42 мың адамға өсіп, 2013 жылдың 1 наурызына 16 млн. 953 мың адамға жетті. Осы жылдың алғашқы екі айында 66,4 мың сәби дүниеге келді. Бұл өткен жылдың көрсеткіштерінен 0,8 пайызға артық. Өлім көрсеткіші 2012 жылдың алғашқы екі айымен салыстырғанда 2,3 пайызға кеміп, 25 мың адам болды. Біздің елге келгендер 3209 адам, елден кеткендер 2650 адам, осылайша миграциялық сальдо 559 адамды құрады. Алдын ала болжанғандай осы жылы тұңғыш рет Қазақстанның тарихында халық саны 17 миллиондық межеге жетеді.
Жалпы, демографиялық мәселе біздің ел үшін қазіргі таңдағы маңыздылардың бірі. Кеңес Одағы орнаған тұста қазақ халқының демографиялық потенциалы өте жоғары болатын. Сол кезеңде қазақтар Орталық Азияда басқа этностардың арасында саны жағынан ең көбі болды. Қазіргі күнді алатын болсақ, көршілес Өзбекстанның халық саны 30 миллионға жетіп отыр, ал Қазақстанда 17 миллионға жуықтап қалды (оның ішінде 11 млн. қазақ).
Кейбір тарихи оқиғалар қазақ халқының демографиясына үлкен соққы тигізді. Оның ішінде қазақ даласында орын алған ашаршылықтың зардабы ауыр болды. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың айтуынша, аштық әсерінен қазақтар халық санының жартысына жуығынан айырылған. Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыста 2 миллионнан аса қазақтың 350 мыңы соғыста қайтыс болды. Демографтың ойынша, егер осы оқиғалар болмағанда, қазақтардың саны осы күні 32-35 миллионға жетуі мүмкін еді.
Мемлекетіміздің қазіргі демографиялық бейнесіне толығырақ тоқталайық. Территориясының көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын Қазақстанда бір шаршы шақырымға не бары 6,2 адамнан ғана келеді екен. Халық тығыздығы бойынша мемлекетіміз әлем елдері арасында 184-орында тұр. Тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес Одағының көптеген бұрынғы мемлекеттеріндегідей Қазақстанда да демографиялық дағдарыс басталды. Экономикалық жағдайдың нашарлауы бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуіне алып келген болатын. Бірақ соңғы жылдары әлеуметтік жағдайдың жақсаруы бала туудың үздіксіз өсуіне септігін тигізді. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
Кестедегі сандарға сараптама жасайтын болсақ, 2003 жылмен салыстырғанда 2011 жылы туылған балалардың саны 1,5 есеге (124598 адам) өскен. 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 22,50 болып отыр. Бұл дегеніміз 2011 жылы халық санының 2,25%-на тең сәби дүниеге келді. Біріккен Ұлттар Ұйымы, АҚШ Орталық барлау басқармасы, Дүниежүзілік банк секілді құрылымдардың деректеріне сүйенсек, 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша біз бұрынғы Кеңес Одағы мемлекеттері арасында Тәжікстан мен Қырғызстаннан кейінгі үшінші орында тұрмыз.
Халық санының тиімді өсуі үшін туу көрсеткішінің жоғары болуымен қатар, өлім деңгейінің кемуі де қажет. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы бұл көрсеткіш 2011 жылы 8,71-ге дейін кеміді. Біздің мемлекеттің экономикалық тұрғыда Орталық Азия елдерінен әлдеқайда озық тұрғанына қарамастан, өлім деңгейі ол елдерде біздікінен төмен: Қырғызстан 6,9, Тәжікстан 6,49, Түркіменстан 6,21, Өзбекстан 5,29.
Қазақстан Республикасының статистика агенттігі
Сонымен қатар, Қазақстанның өзіне тән демографиялық ерекшіліктері бар. Ең басты үрдіс әр түрлі этностардың әр түрлі демографиялық көрсеткіштерінде. Азиялық этностарда бала туу деңгейінің жоғары және өлім деңгейінің төмен болуы байқалуда. Керісінше, еуропалық халықтарда өлім туудан көп болып отыр. Осы орайда, саны жағынан ең көп екі халық қазақ және орыс этностарын алып қарастырайық.2011 жылы туылған 372544 баланың 272707-сі, яғни 73,2% қазақ ұлтының балалары, ал 47770-сі орыс ұлтының, яғни 12,8% болды. 2011 жылдың басына қазақ ұлтының үлесі 64,03 пайыз, орыс ұлтының үлесі 22,83 пайыз болғандығын ескерген жөн. Қазақтардың туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 25 (жалпы халықтың 2,5%-ы) болып отыр. Орыс халқында бұл көрстекіш 12 деңгейінде. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі дағдарыс болған қиын кезеңдердің өзінде қазақтардағы бұл көрсеткіш 17-ден кем болған жоқ, ал 80-жылдардың аяғында туу 1000 адамға шаққанда 30 болғанын ескеретін болсақ, әлі де өсудің потенциалы бар екендігі анық.Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей қазақтардағы өлім көрсеткішінің деңгейі аймақтағы басқа елдермен шамалас деңгейде. Оған ең негізгі фактор қазақтардың жас халық болуы. Халықтың демографиялық ахуалының бір көрінісі ретінде халықтың орташа жас көрсеткіші маңызды болып табылады. Орташа жас дегеніміз халықтың тең жартысы сол жастан төмен, тең жартысы сол жастан жоғары болатын көрсеткіш. Мамандардың айтуынша қазіргі таңда қазақ халқының орташа жасы 26-27 шамасында, орыс халқында әр түрлі деректер бойынша 45-47 төңірегінде болып отыр. Яғни, қазақтарда репродуктивті адамдардың үлесі жоғары. Ал еуропалық этностарда туудың төмен болуы және елден көшіп кетіп жатқандар арасында экономикалық белсенді адамдардың басым болуы олардың демографиялық жағдайларының нашарлануына өз септігін тигізуде.2009 жылғы халық санағынан кейін қазақ халқының үлесі 63,1%, ал орыс халқы 23,7% болды, 2013 жылдың 1 қаңтарына қазақ халқының пайыздық үлесі 65-ті құрап отыр, орыстар 21,8 пайызға дейін қысқарды. Бұл ретте көпшілігі айтып жатқандай орыс ұлтының жаппай көшу мәселесі жоқ. Қазақтардың жылдам өсуі олардың үлесін көбейтуде (табиғи өсім 200 мың үстінде). Қазіргі үрдістер жалғаса беретін болса, болашақта біздің елдің демографиялық бет-бейнесі күрделі өзгереді.