У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і ~німдерді сатудан ж~мыс ~ызмет т~скен табыстар мен шы~ындар есебі

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 10.4.2025

Дәріс-13.  Табыстар мен шығындарды тану

Қарастырылатын сұрақтар:

  1.  Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері.
  2.  Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі.
  3.  Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі.
  4.  Кезең шығындарының есебі.

Табыстар мен шығындарды тану

Табыстар мен шығындарды анықтау, тану критерийлері

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметтерінің нәтижесі-алынған табыстары мен жұмсалынған шығындарынан қалыптасады. Табыстар мен шығындар кәсіпорынның қаржылық нәтижесін өзгертіп отырады.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда-табыс кәсіпорынның меншігіне түсетін қаражаттар сапасында танылатындықтан олар активтердің көбеюін көрсетеді. Кәсіпорынның құрылған күніндегі құрылтайшылардың салған қаражаты табыс болып табылады.

Нарықтық қатынастар жағдайында бастапқы кезеңде банктерден немесе басқа да заңды тұлғалардан уақытша алынған қаражаттарда табыс сипатында болады.

Экономикалық маңызына сай-шығыстартабыс алу мақсатында ұйымның меншігінен нақтылы жұмсалынған қаражаттар сапасында танылады. Жұмсалған қаражаттар активтердің азаюын көрсетеді. Сонымен шаруашылық субъектісінің табыстары деп-№18 ’’Түсім’’деп аталатын Халықаралық есеп стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін (ақша қаражаттарының, басқада мүліктердің келіп түсуін, кіріске алынуын) және міндеттемелердің азаюы (өтелінуі) негізінде капиталдың көбеюін (үлес қосушылардың қосқан жарналарынан басқа) , яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Мұндай табыстарға:

  •  Дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;
  •  Қызмет көрсетуден алынатын табыстар;
  •  Дивидендтер, роялтилер және пайыз түрінде алынатын және тағы да басқа табыстар жатқызылады.

Жоғарыдағы аталған табыстар қатарына шаруашылық субъектісіне келіп түскен, кіріс етілген және субъектінің төлеген сомалары мына жағдайларда жатқызылмайды:

  •  Алдын-ала аванс ретінде алынған табыстар;
  •  Алынған несиелердің және қарыздардың қайтарылуы.

Сондай-ақ қызметтер көрсету жөніндегі мәміленің (келісімнің) нәтижесін барынша дұрыс бағалау мүмкін болмаған уақытта табыс жұмсалынған шығындар мөлшерінде ғана танылады.

Алынған табыстар шаруашылық субъектісінің қызметінің түріне және бағытына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді:

  •  Негізгі қызметтен алынған табыстар;
  •  Негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.

Субъектінің негізгі қызметтен алынған табыстары мен негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстарының қосындысы оның жиынтық табысын құрайды. Ал бұл тбыс сатылған өнімнен, көрсетілген қызметтен алынған немесе алынуға тиісті өткізу құны бойынша бағаланады. Өткізу құны шаруашылық субъектісімен активті сатып алушының немесе пайдаланушының арасындағы келісім-шарт бойынша анықталады.

Шаруашылық субъектісінің табыстары мынандай шарттар қанағаттандырылған кезде танылады:

  •  Табыс сомасы дұрыс бағаланған жағдайда;
  •  Субъектінің экономикалық пайдаларды алу ықтималдығы болған жағдайда;
  •  Субъекті сатып алушыға меншік құқығын берген жағдайда;
  •  Мәмле бойынша нақтылы жұмсалған немесе күтіліп отырған шығындар дұрыс бағаланған жағдайда.

Сонымен табыстар деп-есепті жылдағы түскен табыстар сомасының жұмсалған шығындар сомасынан артық дәрежесін айтамыз. Егер шығындар сомасы табыстар сомасынан көп сомада болса, онда кәсіпорындар зиян шегеді.Негізінен табыстар есепті жыл ішіндегі өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді және басқалай құндылықтарды сатудан алынған түсіммен анықталады. Түскен түсім деп-осы кәсіпорынның ақша қаражаттарының көбеюін айтады.

Сатудан түскен түсім сомасы өндірілген өнімдердің өзіндік құнын, сатуға байланысты операциялық шығындар сомасын жабуды және міндетті түрде табыс алуды қамтамасыз етуі керек. Сатылған өнімдердің өзіндік құнымен сатудан түскен артық айырманы жалпы табыс деп атаймыз.

Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде мәміле бойынша табыс танылады. Ұқсас тауарлар мен қызметтерді айырбастау кезінде табыс алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны бойынша танылады және бағаланады. Егер алынған тауарлар мен қызметтердің өткізу құны дұрыс бағаланбайтын болса, табыс берілген тауарлардың немесе көрсетілген қызметтердің өткізу құны мөлшерінде танылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда табыстардың есебі субъектілердің бухгалтерлік есебі мен қаржы-шаруашылық қызметі есептерінің типтік шоттар жоспарындағы №6 ’’Табыстар’’, ал шығыстардың есебі №7 «Шығыстар» деп аталатын бөлімнің шоттарында жүргізіледі. Бұл екі бөлімнің шоттарының қорытындысы жыл соңында ’’Капитал’’ бөліміндегі 5610- ’’Жиынтық пайда (зиян)’’ шотына апаралып жабылады.

Негізгі қызметтің табыстары мен шығындарының есебі

Шаруашылық субъектісінің негізгі қызметтен алатын табыстары деп-кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі өндірісі шығарған тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында табыстары саналады. Сондай-ақ басқадай кәсіпорындардыңосы ұйым активтерін пайдаланғандығы үшін төленген пайыздары, дивидендтері, лицензиялық төлемдері, жал төлемдері жатады.Негізгі қызметтен алынған табыстар есебі 6010-«Өнімді сатып өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс» пассивті шотында жүргізіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі емес қызметінен түскен табыстары деп-субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды (қызметтерді) орындауы (атқаруы) барысында тапқан табыстарын айтады. Оларға: материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды, құнды қағаздарды,инвестицияларды сатудан алынған табыстар, акциялар бойынша дивиденд алудан түскен табыстар, бағамдық айырымнан түскен табыстар, атқарушы органдардың берген көмегі, негізгі қызметке жатпайтын басқалай жатады.Шаруашылық субъектісінің мұндай қызметтерді атқаруы, жұмыстарды орындауы барысында алған табыстары  6110-6280  шоттарында жүргізіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың сатқан өнімдерінің, тауарларының басқа да активтерінің өзіндік құны, сондай-ақ оларды сату, есептен шығару барысында пайда болатын шығындар сомасының жиынтығы субъектінің шығыстары болып табылады.

Шаруашылық субъектісіндегі шығыстардың есебі типтік шоттар жоспарындағы №7 бөлім «Шығыстар» бөліміндегі 7010-7710 шоттарда жүргізіледі.Атап айтқанда, 7010 -’’Сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) өзіндік құнын, 7110 - ’’Өнімдерді сатып-өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстар, 7210 - ’’Әкімшілік шығыстар’’, 7310- ’’Сый-ақылар бойынша шығыстар’’, 7510 - ’’Тоқтатылған қызметпен байланысты шығыстар’’, 7710 - ’’Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар’’ шоттарында  есептелінеді.

 

Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар мен шығындар есебі 

Өнімдерді сатудан (жұмыс, қызмет) түскен табыстар  нақтылы сатылған объектілердің өзіндік құнымен салыстырылады. Шығындар жұмсау мен табыстар алудың мерзімі бірдей кезеңде теңдей бола бермейді. Жұмсалынған шығындар – бастапқыдағы өндірістік ресурстарды және қызметтерді ақшалай өлшеммен жұмсау, ал өзіндік құн өндірістік процестің соңғы нәтижесі болып танылады. Өзіндік құн өндірістен өндірілген өнімдермен бірге өндірістік процестен өтіп, айналысқа түседі. Өндірілген өнімдердің (жұмыстар, қызметтер) өзіндік құнын есептеп шығару үшін жұмсалған шығындарды кезеңдік шығындар мерзіміне (уақытына) қарай ажырату немесе сәйкестіккекелтіру керек. Яғни белгілі бір кезеңде шығарылған өнімдерге (оның өзіндік құны) қандай шығындардың жұмсалғандығын, қандай шығындар басқа кезеңдерге (басқадай өнімдердің өзіндік құнына) жатқызылатындығын есепке алу қажет.

Сатылған өнімдерден (тауарлар, қызмет, жұмыс) алынған табыстардың 6010 - «Өнімді сатып-өткізуден  және қызмет көрсетуден түскен табыс» пассивті шотында жүргізіледі.

Белгілі бір мерзімде кәсіпорынның қолда бар тауарларының көлемін тауар босалқылары деп атаймыз. Сатуға араналған тауарлардың өзіндік құны  екі фактор – жыл басындағы тауар босалқыларына жыл ішіндегі таза сатылып алынған тауарлар құнын қосу арқылы анықталады.

Егер есепті осы кезең ішінде кәсіпорын өз тауарын ғана сататын болса, онда сатылған тауарлардың өзіндік құны сатуға арналған тауарлар сомасымен бірдей болар еді. Алайда, көптеген жағдайларда тауарлар қалып отырады. Сондықтан, сатылған тауарлардың нақтылы өзіндік құнын есептеп шығару үшін жыл ішіндегі сатуға арналған тауарлардың жалпы сомасынан жылдың соңында қалған тауар босалқыларының құнын шегеру керек.

Сатылған өнімдердің (тауарлар, қызмет, жұмыс) өзіндік құндарының есебі 7010 - «Сатып-өткізілген өнімнің және көрсетілген қызметтің өзіндік құны» шотында жүргізіледі.

Кезең шығындарының есебі

Кезең шығындары есепті кезең ішінде түгенделе қоймайтын шығындар. Кезеңдік  шығындар немесе есепті кезең шығындары есепті кезең ішінде көрсетілген қызметтерді басқаруға жұмсалған шығындармен байланысты. Мұндай шығындар өнімнің өзіндік құнын анықтауға немесе есептеуге қосылмайды. Оған - әкімшілік шығыстары, өнімді (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығыстар, сый-ақылар бойынша шығыстар жатады. 

Әкімшілік шығыстарға кәсіпорынды басқарумен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты шығындар кіреді.Кәсіпорынның басқару аппараты персоналына есептелген еңбек ақы және еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; іс-сапар шығыстары; өкілдік шығыстар; офистік, типографиялық, почта-телеграфиалық және телефондық шығыстар;жалпы зауыттық (жалпы фирмалық) бағыттағы негізгі құралдарды ұстау және жөндеу шығындары, олардың амортизациясы; өндіріске зерттеу, тәжірибе жүргізу, жалпы зауыттық (жалпы фирмалық)мақсатта жүргізілген еңбекті қорғау шығындары; кадрлар дайындау; басқа да шаруашылық шығыстары; салықтар, алымдар және басқа да міндетті аударымдар және шығыстар; зауыт қоймаларындағы сақтаудағы материалдар және өнімдердің бүлінуінен болған шығындар; зауыт қоймасындағы материалдар мен өнімдердің жетіспеушілігі; басқа да жалпы және әкімшілік мақсаттағы шығыстар. 

Типтік шоттар жоспарында әкімшілік шығыстардың есебі 7210-«Әкімшілік шығыстар» активті шотында жүргізіледі. 

Салық кодексіне сәйкес, әкімшілік шығыстардағы кейбір шығыстар салық салынатын табыстарды анықтауда шегерімге жатпайды. 

Әкімшілік шығыстары есебімен өнімдердің (жұмыс, қызмет) жеке түрлерінің рентабельділігін анықтау кезінде, өнімдердің (жұмыс, қызмет)  жеке түрлерінің арасында өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбек ақы сомасына және жабдықтарды ұстау және эксплутациялау шығындарына пропорционалды түрде бөлінеді.

  Сату бойынша шығыстарға тауарлы-материалдық босалқыларды сатумен байланысты шығыстар жатады:

  •  сату бөлімі меншігіндегілерді сақтандыру бойынша шығыстар;
  •  бөлім жұмысшыларының іс-сапар шығындары;
  •  тауарларды сатуда пайдаланылатын негізгі құралдардыұстау бойынша шығыстар және олардың тозуы;
  •  жүктерді қаладан тыс тұратын сатып алушыларға және қала ішіндегі сатып алушыларға жеткізу бойынша, сонымен қатар тиеу-түсіру жұмыстары бойынша шығындар;
  •  дайын өнім қоймасындағы өнімдерді орауға және олардың ыдысына кеткен шығындар;
  •  өткізу нарығын меңгерудегі жарнамаға, жәрменкелер мен көрмелерге қатысуға кеткен шығындар;
  •  сатып алушыларға немесе делдал ұйымдарға қайтарусыз, тегін берілген, тауар үлгілерінің құны;
  •  тауарларды (жұмыс, қызмет) сатумен байланысты басқа да шығыстар.

Дайын өнімдерді (тауар, жұмыс) сату бойынша шығыстар есебі типтік шоттар жоспарының 7110 – «Өнімдерді сатып-өткізу және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» пассивті шотында жүргізіледі. Сый-ақылар бойынша шығыстарға – банк несиесі және жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады. 

Пайыздар – несие алушының ақша капиталын несиеге алғаны үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі. Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану процесінен туындайтын құн болып табылады.

Сый-ақылар бойынша шығыстардың есебі типтік шоттар жоспарының 7310 – «Сый-ақылар бойынша шығыстар» пассивті шотында жүргізіледі.

Қаржы есеп беру кезінде шаруашылық субъектісі түсініктеме жазбахатында мыналарды ашып көрсетулері тиіс:

а) табысты тану үшін қабылданған есеп жүргізу саясатын, соның ішінде қызметтер көрсету жөніндегі келісімдердің аяқталу кезеңдерін айқындау тәсілін;

б) есепті кезең үшін танылған табыстардың әрбір маңызды түрінің сомасын, соның ішінде:

  •  Тауарлар өткізу;
  •  Қызметтер көрсету;
  •  Пайыздар (проценттер);
  •  Роялти;
  •  Дивиденттер нәтижесінде туындайтын табыстарды, олардың ішінде тауарлар немесе қызметтер алмасу нәтижесінде туындайтын, табыстардың әрбір маңызды түріне енгізілген табыстар сомасын.

Тақырыбы: .  Табыстар мен шығындарды тану

Шаруашылық субъектісінің табыстары деп-ҚР бухгалтерлік есебінің №5 «Табыс» деп аталатын стандартына және №18 «Түсім» деп аталатын Халықаралық есеп стандартына сәйкес есепті кезеңдегі активтердің көбеюін және міндеттемелердің азаюы негізінде капиталдың көбеюін, яғни экономикалық пайда табуды айтамыз.

Субъектінің табыстарына жататындар:

- дайын бұйымдар мен тауарларды сатудан алынатын табыстар;

- қызмет көрсетуден алынатын табыстар;

- дивиденттер, пайыз түрінде алынатын және тағы басқа да табыстар.

Табыстардың екі түрі бар:

- негізгі қызметтен алынған табыстар;

- негізгі емес қызметтен (жанама қызметтен) алынған табыстар.

Активтердің азаюына немесе сенімді өлшенетін міндеттемелердің ұлғаюуына байланысты болашақ экономикалық пайданың кемуі шаруашылық субъектісінің шығыстары деп танылады.

Кезеңдік шығыстарға жататындар:

- жалпы және әкімшілік шығындар;

- тауарларды (жұмыс, қызметті) сатып-өткізу бойынша шығындар;

- пайыздық (проценттік) шығындар.

Жалпы және әкімшілік шығыстарға -кәсіпорынды басқарумен және өндірісті ұйымдастырумен байланысты, сондай-ақ  өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына кірмейтін басқа да шығындар жатады. Оның есебі 7210 «Әкімшілік шығыстар» активті шотында жүргізіледі.

Сату бойынша шығыстарға– тауарларды (жұмысты, қызметті) сатып-өткізумен байланысты барлық шығындар кіреді. Оның есебі 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар» активті шотында жүргізіледі.

Пайыздар бойынша шығысқа- банк несиесі және жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар жатады. Оның есебі 7310 «Сыйақылар бойынша шығыстар» активті шотында жүргізіледі.

Кәсіпорынның табыстарының есебі-  тиіптік шоттар жоспары бойынша №6 «Табыстар» бөлімінде, яғни 6010-6420 аралығындағы пассивті шоттарда жүргізіледі.

Кәсіпорынның шығыстарының есебі-  типтік шоттар жоспары бойынша  №7 «Шығыстар» бөлімінде, яғни 7010-7710 аралығындағы активті шоттарда жүргізіледі.

Табыстар мен шығыстар бөлімінің шоттары есепті кезеңнің соңында жабылып, 5610 «Жиынтық табыс (зиян)» шотына апарылады.




1. Мир Элли Паркер содрогнулся когда ее брата обвинили в страшном преступлении
2. Белогрудый, или гималайский, медведь
3. Тема 11 Педагогика в системе наук о человеке 3 Тема 1
4. Статья- Франсуа Кенэ
5. учасниці цієї Конвенції визнаючи що міжнародні змішані перевезення є одним засобів що сприяють цілеспр
6. Курсовая работа на тему- Инжиниринг
7. Учебное пособие- Внешне-экономическая деятельность
8. Реабілітація верхніх кіцівок після переломів.html
9. тема образів у романі Р
10. С точки зрения Кошки Елена Филиппова С точки зрения Кошки доп