Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Құрметті достар!
Өлеңге келгенде өзеуреп өмір сүргіміз келетіні рас. Өлең-көңіл толқыны, жүрек лүпілі.
Қасиетті қараөлеңді жанына кие тұтқан Аспантаудың перзенті, Кайнарымның қарлығашы Жігер Сопиев бауырым жайында айтқым келеді.
Тағдырдың жазуымен Жігер абайсызда бала күнінде аттан жығылып, қос балдаққа таңылып қалған еді.
Өмір, сен не шыға алмайтын өр ме едің,
шыңың тұрмақ белесіңді бермедің.
Қиындығың қисапсыз боп келгенмен,
Қызығыңның біреуін де көрмедім.
Қақпастан ақ қырқылғанда қанатым,
енді нең бар менен тағы алатын?
Көрсетпедің көлегейлеп күн нұрын,
Көрсеткенің қорқынышты қара түн!- деп тағдырына налыған сәттері аз болмады.
Бірақ мұңы мен қуанышын қаламына арқау етіп:
Күш бер маған о Аллам, жаныма бір,
мың тілді құс мен үшін жалына жүр.
бір қопарып тастайын бөгеттерді,
Қара дауыл қақ жарып қаныма кір! - деп жігерленеді. Өлеңнің де серті осы. Өлеңдеріне эстрада жұлдыздарының орындауында бірнеше әндер жазылған.
Достар, наурыздың 10 жұлдызында Ғ. Мүсірепов ат. Жастар театрында Жігердің шығармашылық кеші өтеді. Қазаққа ортақ ақжарма жырға ақжолтай тілек қосып кешке келіңіздер!
Жігер Сопиев
«Сырласу» атты жыр кеші
1-бөлім: Өмір жолы.
Шымылдық ашылады. Сахнаға 2 жүргізуші шығады. Халықпен амандасып, Жігердің өмірі жайлы баяндайды (артында экранда Жігердің суреттері көрсетіліп тұрады).Кеш иесі Жігерді ортаға шақырады.
Жігер келіп халықпен амандасады. Жігер өзі жайлы толығырақ таныстырады. 8-наурызбен құттықтау. Залдағы аналарға гүл ұсынылады. Эстарда әншісі ән орындайды.
Сахналық қойылым. Көшедегі сабылысқан адамдар 10 шақты қыз-жігіт. Жігер шығады. Бәрінің назары Жігерге ауады. Жігерді кемсітеді. Жігерді қағады, құлайды. Музыка ойналғанда, актерлар қатып қалады.
Жігер «Мен де адаммын» өлеңін оқиды. Әр актерды түрткенде олар өлең оқиды, сахна артына кете береді. Жігер жалғыз қалғанда «Жігіттік намыс» өлеңін оқиды. Өмір жайлы өлеңдер топтамасы оқылады. Жігер Қанат Жігерді шақырады. Қанат Жігердің сөзіне жазылған «Өмір жолы» әнін орындайды. Экранда әнге түсірілген бейнебаян көрсетіліп тұрады.
2-Бөлім. Махаббат, Жастық шақ.
Екі жүргізуші ортаға шығады. Жігер жайлы махаббаты жайлы әңгіме шертіп, толыққанды білу үшін Жігерді шақырады. Жүргізушілер мен Жігердің арасындағы әзіл сұхбат. «Бойдақ өмір» өлеңі оқылады. Махаббат жайлы өлеңдерін кезегімен оқиды.
Жігердің сөзіне жазылған Қанаттың орындауында «Келші жаныма» әні орындалады. Эстарда әншісі ән орындайды...........................
3-Бөлім. Шүкір деймін!
Жүргізушілер шығады. Жігердің өлеңдерін жас інілері кезекпен-кезек оқиды.
Жігер шығады. Әр-түрлы өлеңдерін оқиды.
Дәстүрлі ән н/е терме.
Сахналық қойылым. «Клоун» н/е «Аман жүргеніңе шүкірлік» жайлы қойылым. Жігер «ШҮКІР ДЕЙМІН» өлеңін оқиды.
Жүргізуші сөйлейді.
КЕШ СОҢЫ.