Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

саттык пен ~ол~нер катар дамы~ан

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 18.5.2024

22. Исламға дейінгі ежелгі түркі халықтарының мәдениетіне сипаттама беріңіз. Арабтар жаулап алар тұста көне түркілер мекендеген Тұран жерінде диқаншылыкпен, мал өсірумен қатар алтын, күміс, жез, темір, қорғасын өндірген елдің өзіндік мәдениеті болған. Түркі қалаларында тоқымашылық, сауда-саттык пен қолөнер катар дамыған. Түркілердің Мары (Мерв), Шаш (Ташкент), Шауғар (Түркістан), Сауран, Отырар, Сайрам, Тараз, Баласағүн сияқты қалалары Ұлы Жібек жолының бойына орналасқандықтан, Үндістан, Қытай, Византия мемлекеттерімен сауда-саттық жасап, тікелей дипломатиялық қатынастар орнатуға жол ашқан. Феодалдық мемлекеттерден бізге жеткен материалдық ескерткіштер өте мардымсыз. Негізінен, қыстақтар мен қала жұрттары, обалар (зираттар). Археолог ғалымдар осы аталған ескерткіштерге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, алынған бұйымдардың калдықтарына талдау жасай отырып, олардың материалдық жағдайының қандай дәрежеде болғандығын анықтайды. Бірақ ол ескерткіштер де жеткілікті зерттеле қойған жок. Түркі дөуірінің алты ғасырға жуық (VI—XII ғғ.) мерзім ішінде өмір кешкен Түрік, Батыс түрік, Түркеш, Қарлүқ, Оғыз, Қимак-қыпшақ және Қарахан қағанаттықтарының мәдениетін айтуға болады.

Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар егін шілікпенмен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолөнері де дамыды, мата тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын өндіріп, металл құйды. әл-Идриси қимақтар хақанының Ертіс өзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен қоршалғанын жазады. 9 – 11 ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының қалдықтары өріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және мәдени жағынан 6 – 8 ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. 11 ғасырдың басында қимақтардың орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді.

Орт. Азия аум-нда түрік қағандарының саяси үстемдігі орнағаннан кейін барлық жергілікті тайпалардың аттары жазбаша деректемелерден жойылып, олардың орнына, әдетте жеңіп шыққандардың әулеттік есімі енгізілді. Түркі тілдес тайпалардың саяси, экон. және этн.-мәдени жағынан Батыс Түрік қағандығы құрамына бірігуі біртектес, бірақ бытыраңқы этностардың топтасу үрдісінің басы болды. Түркілер Қазақстан жеріне жерлеу ескерткіштерінің жаңа түрлерін, атап айтқанда, тастан жасалған антропоморфты балбалдардың тізбекті мүсіндерін ала келді. Жерлеу ғұрпы өзгерді, мысалы, мәйіттің басын батысқа қаратып жерлейтін ғасырлар бойы орнығып келген дәстүрлі бағыт жойылып, мәйіт басын солт-ке бағдарлап жерлеу басым бола бастады. Молалардың көпшілігінде адамның сүйектері жорыққа мінген аттарының сүйектерімен, қару-жарақтарымен бірге қойылды. Темір үзеңгілер, жебелердің темір ұштары және қанжарлардың, қылыштардың жаңа түрлері пайда болды. Мүсінді металл қаптырмалар жиынтығымен сәнделген жауынгерлік белдіктер кеңінен тарады. 6 – 7 ғ-лардың 1-жартысына сәйкес келетін көзелер Жетісу жеріндегі қыстақ, кенттердің, қалалардың (ЖамбылАқмешіт, Аспара, т.б.) орындарында жүргізілген археол. зерттеу жұмыстарының нәтижесінде белгілі болып, ыдыстардың көпшілігі қолдан жасалғаны анықталды. 6 ғ-дың 2-жартысы мен 9 ғ. материалдары Оңтүстік Қазақстандағы қала жұрттарынан (ОтырарСайран, т.б.) табылды. Көзелер құмыра жасайтын ұршықтарда (станок) жасалған

30. Кеңес Одағының құрамындағы түрiк халықтарының тарихын сипаттаңыз. Кеңес өкіметі құрамындағы түркі халықтары бір-бірімен өте тығыз байланысты болды. 1936 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның екінші Конституциясы қабылданып, 

38. Түркiлердiң пайда болуы туралы аңыздарға тоқталыңыз.  Ертедегі аңыздарға жүгінсек, түркілер өздерін бөріден тарағанбыз дейді. Түркілердің Алтай өңірінен шыққаны туралы жырланған “Көк бөрі“ дастанындағы көне аңыздың қысқаша мазмұны мынандай: Көне заманда “Со” елінің көсемі Қапан-пу аса қайырымды әрі асқан батыр болыпты. Оның өзіне жақын он алты бауырының біреуінің анасы бөрі екен. Анасы бөрі бала ер жетіп үйленеді. Оның екі әйелі болады. Сол екі әйелдің біреуі – қыс Тәңірісінің қызы, ал екіншісі жаз Тәңірісінің қызы екен. Екі әйелдің әрқайсысы екі-екіден ұл табады. Тұңғыш ұл аса күшті, қайсар, болып өседі. Оған бұл елде ешкім тең келмейді. Сол үшін оған халық “Түркі”, яғни күшті, мықты, ержүрек деп ат қойыпты. Бүкіл түркі халқы сол “Түркінің” ұрпағы екен. “Көк бөрі” дастанындағы бұлардан басқа да аңыз-хикаялардың негізгі айтары – ежелгі түркілердің ата-тегі бөрі дегенге келіп саяды. Әр кездегі түркі мемлекеттерінің туларында көк бөрі бейнеленген. “Көк Тәңірі”, “Көк аспан”, “Көк бөрі” - осының бәрі түркілер үшін қасиетті ұғымдар. Сондықтан олар бөріні өздерінің пірі санайды. Ол туралы Сүйінбай Аронұлының: Бөрі басы – ұраным, Бөрілі менің байрағым, Бөрілі байрақ көтерсе, Қозып кетер қайдағым, – деген жыр жолдарынан түркі халықтары үшін қасиетті “бөрінің” генетикалық ес деңгейіндегі ұғым екенін көреміз. Көптеген тарихи деректерде сақтарды иран тілділер, яғни парсылар деп жүр. Бұл мәселенің жауабын көне түркінің “Татсыз түрік болмас, бассыз бөрік болмас” деген мақалы береді. Мұның мағынасы – бассыз бөрік болмайтыны сияқты, парсыларсыз түркі де болмайды. Мыңдаған жылдар көрші тұрып, қоян-қолтық араласқан екі халықты ажырату өте қиын. Сондықтан да болар, Геродоттан бастап көптеген тарихшылар сақ атаулының барлығын скифтерге жатқызған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі.

46. Ұйғыр қағанаты. Ұйғыр қағанатының қытаймен, қарлұқтармен және басқа да түpкi тайпаларымен қарым-қатынасына сипаттама беріңіз. Ұйғырлар — Орталық Азиядағы көне түркі халықтарының бірі.  '''Ұйғыр қағандығы'''  (745 — 840) — Орталық Азияныңшығыс бөлігінде түркі тілдес тайпалар құрған ортағасырлық мемлекет. Селенга, Орхон, Толаөзендері бойында орналасқан. 8 ғ-дың бас кезінен бастап яглакар руы бастаған тоғыз-оғыз тайпалар одағы Шығыс түрік қағандығына қарсы өз тәуелсіздіктері үшін кескілескен ұрыс жүргізді. Бірте-бірте олар бір мемлекетке бірікті. Жаңа мемлекет Ұйғыр қағандығы деп аталды. 744 ж. Шығыс түрік қағандығының әскерін күйрете талқандаған олар саяси әскери билікті тұңғыш рет өз қолдарына алды. Шығыс түрік қағандығының орнына жаңа мемлекет — Ұйғыр қағандығы пайда болды. Оның астанасы — Орхон өз. бойындағы Қарабаласағұн қ-на орналасты. Алғашқы қаған Пэйло (746) болды. Оның кезінде қағандық аумағы Алтай тауларынан Үлкен Хинганга, Саянжоталарынан оңт-те Гоби шөліне дейін созылды. Пэйло өлгеннен кейін оның баласы Мойыншор таққа отырды (746 — 759). Ол мемлекетті нығайтып, Орта Азиямен және Қытаймен қарым-қатынас орнатты. Мойыншор Тываны өз қол астына қаратты. Ұйғыр қағандығының әскери және саяси қуатының артқаны соншалық 757 ж. Қытайдасоғдылық Ань Лу-шань бастаған көтерілісшілер бас көтергенде Қытай императоры Мойыншордан көмек сұрады. Ұйғыр қағандығы түркі тектес көшпелі тайпалардың одағынан тұратын ортағасырлық мемлекет болды. Бас билік қағанның қолында шоғырланды. Халық негізінен мал ш-мен және егіншілікпен айналысты. Қала, бекініс, елді мекен салу дами түсті. Қолөнер кәсібі өрге басты. Сирия алфавиті негізінде ұйғыр жазуы пайда болды. Ұйғырлардың бір бөлігі буддизм дінін қабылдаса, 8 ғ-дың аяғынан манихей дініне көше бастады. Дегенмен, халықтың негізі тәңіршілдікті ұстанды. Ұйғыр ақсүйектерінің өзара қырқысулары мен тайпалардың қағанның билігіне қарсы күресі салдарынан 8 ғ-дың аяғында қағандық әлсіреді. Ақыры 840 ж. Енисей (Енесай) қырғыздарының соққысынан күйреді. Ұйғырлардың бір бөлігі (15 аймақ) Алтай мен Тарбағатайаралығындағы Қарлұқ қағандығына қашты. Қалғаны Шығыс Түркістан мен Ганьсу аймағына қоныс аударды. Ұйғыр қағандығы жүз жылдай Қытайдың Орт. Азияға шығуына күшті кедергі болды.  Қарым-қатыныстары. Қарлұқтар мен ұйғырлардың аралығындағы шекара 745 ж. әскери қақтығыстар нәтижесінде белгіленген болатын. Түріктерді талқандағаннан кейін қарлұқтар ұйғырларға қарсы түркештермен одақтасты, бірақ жеңіліп қалды. Осының салдарынан қарлұқтардың Қара Ертістегі қоныстары Ұйғыр қағанатының құрамында қалып қойды. Ұйғырлар қарлұқтар мен түркештерді өкшелей қуалады, қуып жетіп, олардың барлық дүние-мүліктерін тартып алды. Түпкі материал бұдан әрі "үш әулие" туралы еске алмайды; сірә, бұл жолы олардың шаруасын бітірген болар. Жазудың бұдан арғы тексті қатты бүлінген. Тек 753 ж. басмалдармен және қарлұқтармен кескілескен шайқастардың одан әрі жалғасқандығы, оларға қандай да бір түріктердің, мүмкін 650 ж. Алтайда жасырынып қалғандарының арасынан келіп қосылғандығы ғана аңғарылады. 755 ж. қара соғыс ұйғырлардың толық жеңісімен аяқталды. Ұйғырлар қарлұқтардың Сауыр мен Тарбағатайға дейінгі шығыс қоныстарын басып алды. Бұл кезде қоныстары Төменгі Еділ бойына дейін жайылған печенегтер ұйғырларды батысқа қарай одан әрі жібермеді. Аталмыш жауынгер халық көршілерінің бәрімен: хазарлармен, қыпшақтармен және гуздармен жанжалдасып қалған еді. Соңдықтан олардың арасындағы қиян-кескі соғыс бір минут та тынбады. Мұның өзі ұйғырлар үшін пайдалы болды, оларға батыс шекараларын орнықтырып алуға мүмкіндік берді. Қидандардың өз еріктерімен бағынуы Ұйғыр қағанатының шығыс шекарасын нығайта түсті, ал Ань Лушаньнің көтерілісі және одан кейін Қытайға жасалған жорықтар оңтүстіктегі шеткергі жерлерді соғыс олжалары есебінен байытты. Қырғыздар 758 ж. дейін қарсылық көрсеткен солтүстік қана қалды. Жеңіліске ұшырап, бағынғандарымен қырғыздар өздерін-өздері басқаруын жоғалтпады. Олардың басшысы ұйғыр ханынан "Кэхань" деген қосымшасыз "Білгі-тонг-еркін" құрметті атағын алды. Сірә, бұл арада кіріптарлықтың қандай да бір түрі болған тәрізді, қауымдардың (оғуздардың) және соғыс тұтқындары — құлдардың ерікті мүшелерінен құралған қоғамда феодалдық қатынастарды іздестіруге сылтауратпау үшін оны тәуелділік деп атауға болмайтын еді. Табиғи шекараларға жеткеннен кейін солтүстік пен батысқа қарайғы жаңа территорияларды басып алушылық тоқтатылды. Ұйғырлардың өздері елдеріне қосылып алынған тайпаларды "қонақтар" деп атады; түріктерді жеңулерін өз елдерінің екінші рет көтерілуі деп қарады, "тақта отырған хан халықты өз балаларындай басқарды" немесе ол "өз жұмыртқаларынан балапандар шығаратын ұябасар тауық сияқты" деп есептеді. Олардың көз алдымызға елестеткен гүлдену және рахат-береке суреттерінің бояңқыралып жіберілгендігі сөзсіз.

54. Жошы, Шағатай ұлыстарының ыдырауынан кейін құрылған түрік халықтары мен мемлекеттерін атап, сипаттама беріңіз.  Жошы ұлысының орнына кұрылған мемлекеттер: Алтын Орда мен Ақ Орда. Алтын Орда  — Басындамоңғол — кейінірек түркіленген— 1240 жылдары Рус княздіктері жауланып алынғаннан кейінМоңғол империясының батыс бөлігінде орнаған хандық; Шарықтау дәуірінде Алтын Орда Шығыс Еуропаның Орал тауларынан Днепр өзенінің оң жақ жағалауына дейінгі жерлерді алып, Сібірге терең бойлап еніп жатты. Қайтыс боларының алдында Шыңғыс хан өз иелігіндегі жерлерді төрт ұлына бөліп берді. Жошының үлкен ұлдары Бату мен Орданың еншісіне моңғол иеліктерінің қиыр батысында жатқан оңтүстік Ресей мен Қазақстанның жерлері тиді. Бату Көк Орданы, Орда Ақ Орданы билей бастады. 1235 жылы Бату (тұңғыштық жолымен) қолбасшы Сүбедей баһадурдың көмегімен батысқа қарай жаңа жорық бастап, алдымен башқұрттарды, сосын 1236 жылы Еділ Бұлғариясын жаулап алады. 1237 жылы ол Украинаның оңтүстік даласын жаулап, ондағы құмандарды батысқа қарай ығыстырды. Содан ол солтүстікке қарай бұрылып, Русьқа басып кірді де үш жыл бойы орыс княздықтарын жаулаумен болды, сол кезде Күйік пен Қадан оңтүстікке қарай жылжыды. Құмандардың батысқа қашып, Мажарстан королінің жерін паналап отырғанын желеу етіп, Бату ШайбанОрда Ежен,Байдар және Мөңке сияқты Шыңғыс әулеті мен өз бауырларымен бірге батысқа жорық жасады. Легница жәнеМухи маңында неміс-поляк рыцарьларынан жиналған әскермен шайқасып, оларды талқандады. Бірақ сол 1241 жылы Үгедей ханқайтыс болып, Бату енді ғана қоршап-қамай бастаған Венанытастап, елге қайтып кетті. Моңғол әскерінің ең батыстағы жаулап алуы осы болды. 1242 жылы Мажарстан арқылы қайтып (жолшыбай Пешт қаласын жаулап), Болгарияны бағындырды.Бату астанасын ежелгі Хазар қағанатының астанасының орнында орналасқан, Еділдің төменгі ағысындағы Сарай-Жүк қаласында орнатты. 15-ші ғасырдың алғашқы бөлігінде Литуанияның патшасы Витаутастыңәскерлерін Ворскла өзеніндегі шайқастаталқандаған Едіге билікті қолға түсіріп,Ноғай Ордасын құрды. 1440-шы жылдары Ордада тағы бір азамат соғысы бұрқ ете түсті. Енді ол бірнеше хандықтарғабөлшектеніп кетті: Қасым хандығыҚазан хандығыАстархан хандығы,Қазақ хандығыӨзбек хандығы және Қырым хандығы әрқайсысы өз алдына билік құра бастады. Бұл хандықтардың ешқайсысы да Мәскеу княздығымен күш сынаса алмады; ақыры 1480 жылы «Угра өзенінде болған тұрудан» кейін Мәскеу бағынудан мүлдем шықты. Мәскеу княздығы түбінде сол хандықтардың әрқайсысын (1550 жылдары Қазан мен Астарханнан бастап) басып алды. Ғасырдың соңына қарай Сібір хандығы Ресейдің құрамына кіріп, оның хандарының ұрпақтары орыстың патшасының қызметіне кірді. Қырым хандығы 1475 жылы Османлы империясына бағынышты мемлекетке айналып, 1502 жылға қарай Ордадан қалғанды өздеріне бағындырып болды. 16-шы ғасырда және 17-ші ғасырдың басындаҚырым татарлары оңтүстік Ресей, Украина және тіпті Польшаны жиі-жиі шауып отырды, бірақ Ресейді жеңуге немесе Мәскеуді басып алуға күштері жетпеді. Османлылардың көмегінің арқасында Қырым хандығыжалғаса беріп, тек 1783 жылғы сәуірдің 8-інде ғана ІІ-ші Екатеринаныоны тарқатып, жерін қосып алды. Алтын Орда мемлекетінің ең ұзаққа созылған мұрагер мемлекеттерінің бірі осы еді. Ақ Орда - Алтын Орданың шығысындағы дербес ұлыс, сосын тәуелсіз ел. 14-15 ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты.Ақ Орданың халқы - қыпшақтар, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттерүйсіндер,қарлұқтар. Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханды) қоршауға алды.Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болды. Ақ Орда иелігі Орыс ханның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кездеМаңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтаған жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады. 1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.

Шағатай ұлысының орнына құрылған мемлекеттер: Моғолстан мен Темір мемлекеті.

Моғолстан — 14 ғ. орталығында құрылған мемлекет. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған Тоғлық Темір (1348—1362) болды.Моғолстан атауы моңғол деген сөздің түркішепарсыша атауы болып табылады. 1415 ғғ. Моғолстан құрамына Түркістан, оңтүстік-шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір аумақтары кірді. Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды. Ақсақ Темір онымен бірге Моғолстанға қарсы шығып, Мәуереннахрды өздерінің қол астына біріктіруге кірісті. Ақсақ Темір мен Хұсайн Моғолстан әскерлерін талқандады. Енді Хұсайн мен Ақсақ Темір арасында билік үшін күрес басталды. Осындай шайқастардың бірінде Темір Балқы қаласында Хұсайнды өлтіріп, Мәуереннахрға ие болды. Моғол хандығының тағына негізінен Шығыс тұқымдары мен монғол ақсүйектері отырған. Әрине, монғол шапқыншылығы кезінде келген арлат, чорас, калучи сияқты тайпалар алғашқы кезінде өздерінің басымдылығын көрсеткенмен, уақыт өткен сайын жергілікті түрік тілдес тайпалар басымдылық алып, монғолдарды өздеріне сіңіре бастаған. Ал қалғандары Шығыс Түркістанға, ұйғырларға қоныс аударып, соларға араласып, өздерінің монғол атынан мүлде айырылған. 16 ғ. аяғында Әмір Темір Моғолстан жеріне бас көтертпей, дүркін-дүркін жорықтар жасайды. Алғашқы жорығы 1371-1372 жылдары болған. Бұл жорықта Алмалық қаласына дейін жетеді, бірақ қалаға кірмейді. Жол бойындағы елді мекендерді тонап, халықтың мал-мүлкін талан-таражға ұшыратып, көптеген тұтқын алып қайтады. Екінші жорықта 1375-1377 жылдары оңтүстік Қазақстан арқылы жүріп, жетісудің Шарын өзеніне дейін жетеді. Моғол ұлысының басшысы Қамар ад-динмен шайқасып, оны жеңеді. Қамар ад-дин Шығыс Түркістанға, Үш Тұрфанға қарай қашып құтылады. Моғолстандағы жағдай 1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін де сол баяғы бытыраңқы күйінде қалады. Хандық билік үшін талас енді Уәйіс ханның балалары Жүніс пен есен-бұға арасында басталады. Таластың нәтижесінде дулат әмірлерінің қолдауымен есен-бұға 1433-1462 жылдары хан тағына отырады. Бірақ Жүніс хандық өкімет үшін таласын тоқтатпайды. Ол Темір әулеті әбу Саидтан көмек сұрайды. Тартыс 1462 жылы Есен-бұғаның қаза болуымен аяқталады. Ферғана жерінде – Жетікентте билік құрып отырған Жүніс дереу Моғолстанға оралып, өзін хан етіп жариялайды. Моғолстан хандығы Жүніс ханның немересі Абдар-рашид ханның кезінде ыдырай бастайды. Оның Жетісу аймағы Қазақ хандығының құрамына енеді. Әмір  Темір алғашында Қашқадария уәлаятының билеушісі болды (1361). Осы кезден бастап ол Моғолстан ханы Тоғлұқ-Темірмен, оның ұлы Қлияс Қожа және Балх пен Самарқан әмірі Хұсейнмен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 ж. Мауераннахрды өзінің қолына алды. Жас кезінде Түркістан маңындағы бір шайқаста аяғынан жарақаттанған. 14 ғ-дың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол “Aksak Tіmur” (Ақсақ Темір), ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды. Ә. Т-дің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемл. (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381) Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңт. Әзербайжан, 1384), Тебриз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Ә. Т. 1370 — 90 ж.Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Ә. Т-дің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзербайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Ә. Т. мемл-нің құрамына енді. 1398 ж. Үндістан басып алынды. Сирия мен Лубнан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Ә. Т-дің билігін мойындады. 1402 ж. жазда Ә. Т. Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид Қ) тұтқындады. Ә.Т-дің үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя —Темір мемлекеті  құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км2-ге жетті. Ә. Т. 1405 ж. Қытайға жорыққа шыққанда жолай Отырарда қайтыс болды. Ол 68 жас, 10 ай, 9 күн өмір сүрді. Сүйегі Самарқандағы Гүр-Әмір кесенесіне жерленді. Ә. Т-дің 4 ұлы болды: Жиїангер (1356 — 1376), Әмір Шейї (1356 — 1394), Мираншах (1366 — 1408), Шаїрух (1377 — 1447). Темір әулетінен ұлы ғалым Ұлықбек (1394 — 1449), Моғол империясын құрушы Бабыр (1483 — 1530) сынды атақты адамдар шықты. Ә. Т. өлгеннен кейін мирасқорларының билікке таласуынан Темір мемл. ыдырап кетті. Ол әлемдік тарихта талантты қолбасшы, тегеурінді саясаткер ретінде қалған. Орталық Азиядағы бірқатар сәулетті ғимараттардың пайда болуы, қалалардың өркендеуі, шөл даладағы жер суландыру құрылыстарының салынуы, қолөнер мен сауданың дамуы Ә. Т. есімімен тығыз байланысты. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениеті мен өнерінің өкілдері, ғалым-ойшылдары Ә.Т-дің тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды. Ә. Т. қазақ жерінде мәңгілік өшпес ескерткіш — қасиетті Қожа Ахмет Иасауи кесенесін салып қалдырды. Сонымен қатар жаулап алынған елдердегі Ә. Т-дің шектен тыс қатыгездігі оны күрделі тарихи тұлға ретінде танытады.




1. Международные отношения на Дальнем Востоке в XVIIXIX веках
2. Принцип гуманизма в социальной педагогике
3. Однако всегда стоит помнить что там указываются цены на самый скромный пакет услуг- с минимумом комфорта и у
4. Шаг к успеху, или как стать общительным
5. вариантов- It is necessry for the UK to the jurisdiction of the Europen Court of Justice in mtters of EU lw
6. Социальная психология - прошлое, настоящее и будущее
7. Реферат- Приём выведения общих правил (на примере причины меандрирования рек)
8. Пабло Руис Пикассо
9. Тема Конституционное право человека на жизнь Фамилия студента Чека
10. тематическая семейная разделенная; чаще всего обозначается символом Е shred или Ес common общая описываются ти
11. Судебное усмотрение в праве
12. методические рекомендации министерства просвещения в которых представлены и строительные норы типового ка
13. Тема Ф
14. Тема заседаний ~ национализм как политика идеологических течений
15. Формирование, учет и анализ резервов
16. это наука о взаимодействии химических соединений веществ используемых как лекарственные вещества с живы
17. Создание сборочного чертежа одноступенчатого цилиндрического редуктора
18. трамплин длительный подъем по служебной лестнице и затем резкий прыжок вниз лестница каждую ступень
19. Курсовой проект РАЗРАБОТКА ТЕХНОЛОГИЧЕСКОГО ПРОЦЕССА ТЕРМИЧЕСКОЙ ОБРАБОТКИ ПРУЖИНЫ ИЗ СТАЛИ 60С2А.
20. ТЕМАХ 51 Общие требования и рекомендации 5