У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

мемлекет белгілеген жалпы~а міндетті белгілі бір ~зін~зі ~стау м~нері ережелеріні~ ж~йесі оны~ к~мегі ар

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-07-05

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 10.3.2025

БИЛЕТ  № 1

  1.  Құқық түсінігі  және белгілері

  Құқық - мемлекет белгілеген жалпыға міндетті, белгілі бір өзін-өзі ұстау мәнері ережелерінің жүйесі, оның көмегі арқылы жеке тұлғаның және қоғамның аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқық нормаларымен қоса қоғамда қарым-қатынасты реттеуші ретінде мораль нормалары, діни нормалар т.б. қызмет жасайды. Алайда құқық басқа әлеуметтік нормалардан мемлекет тарапынан шығатындығымен ерекшеленеді; құқық нормалар жалпыға бірдей міндетті; жазбаша түрде ресімделген, бекітілген.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттей алу үшін сыртқы көрінісі болуы керек. Құқықтық доктринада құқықтың қайнар көзі, яғни жеткізу амалы және құқықтық нормаларды бекіту секілді ұғым пайдаланылады.

Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр - мемлекет рұқсат бергендәстүр; 2) заңдық прецедент  - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді.

 Құқық саласы - біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Аса ірі салалар аясында оған тәуелді салалар іштей бөлінеді. (мысалы, конституциялық құқық, оның тәуелді саласы сайлау құқығы). Құқық институты - салалар аясында түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар тобы. (мысалы, констиуциялық құқықта азаматтық институты, отбасылық құқықта неке институты т.б.). Құқық салаларын материалдық және іс жүргізу деп бөледі. Біріншісітікелей қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларынан тұрады (азаматтық, қылмыстық, еңбек). Екіншісі ұйымдастырушылық қатынастарды реттейді (азаматтық прцессуалдық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік-іс жүргізу құқық). Ешбір мемлекеттің құқықтық жүйесіне енбейтін халықаралық құқық - құқықтың ерекше саласы болып табылады.

  1.  ҚР конституциялық құқығы – құқықтың қайнар көзі ретінде

Конституциялық құқық құқық саласы секілді конституциялық құрылымның  негіздерін, азамат пен адамның құқықтық мәртебесін, мемлекеттің саяси-аумақтық ұйымдасуын, жүйесін, құрылу тәртібін, мемлекеттік үкімет пен   жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтерінің негізгі принциптері мен құзырлылығын бекітеді.

Конституциялық-құқықтық норма  деген  мемлекеттің қоғамдық қатынастарын реттейтін, мемлекеттік үкімет пен қоғамды басқаруды ұйымдастыру жөніндегі жеке және қоғамдық мемлекет белгілеген немесе ықпалшара жасаған жалпыға  міндетті тәртіп ережесі.

Орындаған қызметтеріне қатысты оларды келесі түрлерге классификациялауға болады: - құқық беруші – барлық мемлекеттік органдарға өкілеттілікті белгілейді; тыйым салушылар – қатал белгіленген тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ереже; міндеттейтіндер - әрекет етуге міндеттерін белгілейді немесе олардың нұсқамаларына  қатал түрде сәйкес келгенде ол әрекеттерден тыйылуды мінндеттейді.

Конституция- бұл  конституциялық құрылымның негізін реттейтін мемлекет пен қоғамның негізгі заңы , жеке  адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік құрылудың негіздері мен мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру.

Осылайша, конституция мемлекеттің басты негізгі нормативтік актісі болып табылады. Онда қоғам өмірінің негізгі барлық саласын реттейтін нормалар бар, ол барлық қолданыстағы заңның нормативтік базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда  республикалық референдумда қабылданған. Ол егеменді Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі 28.01.1993 жылы қабылдаған бірінші Конституциясының орнына келді, 7.10.1998 жылғы Конституциялық заңмен қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданған болатын.

ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипаты мен 9 бөлім бойынша жинақталған 98 бабын  көрсететін кіріспеден тұрады . Онда негізгі мәселелерінің  3 блогы көрсетілген: 1) республиканың конституциялық құрылымының негіздері. 2) жеке бас мәртебесінің құқықтық негіздері. 3) мемлекеттік үкімет органдарының жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқару негіздері.

Конституцияның  нормативтік-құқықтық акт ретіндегі ерекшеліктері  оның мынандай заңды қасиеттері: Конституцияның 4 бабының 2 тармағында бекітілген жоғары заңды күші; Республиканың барлық аумағына конституцияның тікелей әрекет етуі; қабылдануы  мен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі; конституцияның ерекше қорғалуы.

  1.  ҚР мемлекеттік қызмет ұғымы және қағидаттары

Мемлекет - елдің барлық аумағына мен оның халқына бірдей таралатын, елдің ресми өкілі ретінде танылатын және қажет болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларына бара алатын жария саяси билік ұйымы.

Мемлекет функциялары - оның қызметінің негізгі бағыттары. Олар мемлекеттің ішкі мән-мазмұнымен анықталады. Мемлекет қызметінде таптық, жалпы әлеуметтік бастаулар да болады. Мемлекет функциялары ішінен ішкі және сыртқы, уақытша және тұрақты дегендерін бөліп атауға болады. Экономикалық, саяси, мәдени және басқа да түрлері бар.

Мемлекет механизмі - мемлекеттік билік жүзеге асырылатын, қоғамды басқаратын мемлекеттік органдар жүйесі.

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Мемлекеттік аппарат - билікті жүзеге асыру үшін тиісті өкілеттіктермен қаруланған мемлекеттік органдардың жиынтығын көрсететін мемлекет механизмінің бөлігі.

Мемлекет механизмі құрылымына мемлекеттік аппараттан басқа мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар кіреді. Мемлекеттік мекемелер - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау т.б. малаларда мемлекет функцияларын орындау бойынша тікелей практикалық әрекет жасайтын мемлекеттік ұйымдар. Мемлекеттік кәсіпорындар - өнім өндіру немесе онымен қамтамасыз ету, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызмет көрсететін  және түрлі жұмыстарды орындау мақсатында шаруашылық қызметті іске асыратын мекемелер.

Мемлекеттің ішкі мән-мазмұнына байланысты оның формасы айқындалады. Оның қасиеттерін сипаттайтын үш жағы бар.

Басқару формасы - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар ұйымы, лоардың пайда болу тәртібі, оларды қалыптастырудағы халықтың қатысуы деңгейі. Басқару формасының негізгі екі түрі бар: монархия және республика.

Мемлекеттік құрылым формасы - мемлекеттің ішкі бөлінісі және олардың өзара қарым-қатынасы. Құрылым формасы бойынша унитарлық, федеративті және конфедеративті болып бөлінеді.

Саяси режим - мемлекеттік биліктііске асырудың амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттік режимнің демократиялық және антидемократиялық түрлерін атап көрсетуге болады.

БИЛЕТ  № 2

  1.  Мемлекет түсінігі және белгілері

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың ішінде таптық теория жетекші орынға ие. Алайда осы қоғамдық институтты таным үдерісіне елеулі үлес қосқан басқа да теориядар тарихтан белгілі (теологиялық, патриархалдық, келісім, зорлық, органикалық, психологиялық).

Мемлекет белгілері:

1) Тұрғындардың аумақтық жағынан ұйымдасуы. Мемлекетті билік бір аумақтағы барлық тұрғындарға бірдей қатысты (құрлық, жер қойнауы,су, әуе кеңістігі т.б.) Бұл азаматтық институтын туындатады. Аумақ пен тұрғындар - мемлекеттің бар болуының қажетті материалдық алғышарттары.

2) Қоғамды басқарудың аппаратының бар болуы. Мемлекет өз органдары мен мекемелер жүйесі арқылы қоғамды басқаруды іске асырады, саяси биліктің белгілі бір режимін бекітеді және жүзеге асырады, өз шекарасын қорғайды.

3) Мемлекет қоғамдық өмірді құқықтық негізде ұйымдастырады.

4) Мемлекет билікті дербес ұйымдастыруды ұсынады. Мемлекеттік тәуелсіздік - бұл осы мемлекеттің ел ішіндегі басқа да биліктерден, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынастарда егемен болуы.

5) Фискалды органдардың болуы (мемлекеттің қаржылық-экономикалық негізі ретінде салықтардың алынуы).

Мемлекет - елдің барлық аумағына мен оның халқына бірдей таралатын, елдің ресми өкілі ретінде танылатын және қажет болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларына бара алатын жария саяси билік ұйымы.

Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болу себептерімен айқындалады. Мемлекетаса маңызды әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

  1.  Құқық әкімшілік құқығы – құқықтың қайнар көзі ретінде

Қазақстандық заң жүйесінде өзін - өзі басқарушы саласы әкімшілік құқық болып табылады. Жалпы түрінің өзінде әкімшілік құқықты – басқарушы құқық деп атауға болады. Ол мемлекеттік әкімшілік құру және қалыптастыру барысында туындайтын қатынасты жүзеге асырады және мемлекеттік және муниципалдық басқару саласына қызмет етеді. Ол ҚР өзге салалық құқықтармен бекітілген қатынастардан басқа барлық басқарушы қатынасты реттейді.

Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік басқару процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың құқықтық саласы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік қатынастары ( тараптардың заңды тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды  түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 45-бабы әкімшілік сөгістің келесі түрлерін қарастырады: ескерту; әкімшілік айып пұл; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйым немесе затты алу;  әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйымды, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы келген кірісті, ақшаны және құнды қағазды  алу;  арнаулы құқығынан шектеу; рұқсат қағазынан, арнаулы біліктілік аттестатынан (куәлік) айыру немесе жекелеген әрекет түріне күшін тоқтату, немесе жекелеген әрекет жасау; жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе тыйым салу; рұқсатсыз салынған құрылысын қирату; әкімшілік тұтқындау; шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шекарасынан шығарып жіберу.

  1.  Қылмыстық құқық бойынша қылмыс түсінігі

Қылмыстық құқық – қылмыстылықты және әрекеттің жазаланатындығын, қылмыстық жауапкершілік негізін, жаза жүйесін, олардың тағайындалу тәртібі мен жағдайын, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік пен жазадан босатуды анықтайтын, жоғарғы мемлекеттік билік органдарымен бекітілген құқық нормаларының жиынтығын құрайтын құқық саласы.

Қылмыстық құқықтың бірден-бір қайнар көзі 16.07.1997 жылғы ҚР Қылмыстық кодексі (бұдан кейін ҚР ҚК)болып табылады.

Қылмыстық құқық жүйесі жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Қылмыстық құқықтың жалпы бөлімі – қылмыстық заңнаманың міндеттерін, оның қағидаларын, қылмыстық жауапкершілік негіздерін, кінә және оның нысандары жайлы сұрақтарды анықтайды. Ерекше бөлім қылмыстың нақты түрлері мен жаза түрлері мен мөлшерлерін анықтайды.

Қылмыс - жазалау қатерiмен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауiптi әрекет (iс-әрекет немесе әрекетсiздiк) деп танылады. Қылмыс белгілері болып мыналар табылады:қоғамдық қауіптілік, құқыққа қарсылық, кінәлілік және жазаланатындық.

Қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатына байланысты барлық қылмыстар аса ауыр емес, орташа ауырлықтағы, ауыр және ерекше ауыр қылмыстарға жіктеледі.

Қылмыс құрамы – қоғамдық қауіпті әрекетті нақты қылмыс ретінде анықтайтын, заңмен бекітілген белгілерінің жиынтығы.Ол белгілерге мыналар жатады:

Қылмыс объектісі –елеулі зиян немесе ондай зиян келтіруге қауіп туғыза отырып, қылмыс қол сұғатын, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Теорияда жалпы, тектік және тікелей объектілер бөліп көрсетіледі.

Объективтік жағы - әрекеттің өзі (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) тұлғаның саналы белсенді немесе енжарлы мінез-құлқы, сыртқы сипаттамасы.

Субъект – қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамдық қауіпті әрекетті жасаған және қылмыстық жауапкершілікті орындай алатын, ақыл – есі дұрыс жеке тұлға. Жалпы тәртіп бойынша қылмыстық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды. Бірақ заң кейбір қылмыстар үшін (ҚР ҚК 15 бап 2 тарм.) 14 жастан бастап жауакершілікке тартуды қарастырған.

Жаза  - соттың үкiмi бойынша тағайындалатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы, қылмыс жасауға кiнәлi деп танылған адамға қолданылатын және ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан қылмыстық заңмен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

ҚР Қылмыстық кодексі жазаның негізгі және қосымша түрлерін қарастырған. Негізгі жаза түрлеріне мыналар жатады:айыппұл;белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары;әскери қызметі бойынша;бас бостандығын шектеу; қамау; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жазалар: арнаулы, әскери құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру;мүлкін тәркілеу.  Айыппұл және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру негізгі жаза ретінде, сонымен қатар қосымша жаза ретінде де қолданылады.

БИЛЕТ  № 3

  1.  Конституция ұғымы және оның мәні

Конституция- бұл  конституциялық құрылымның негізін реттейтін мемлекет пен қоғамның негізгі заңы , жеке  адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік құрылудың негіздері мен мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру.

Осылайша, конституция мемлекеттің басты негізгі нормативтік актісі болып табылады. Онда қоғам өмірінің негізгі барлық саласын реттейтін нормалар бар, ол барлық қолданыстағы заңның нормативтік базасы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда  республикалық референдумда қабылданған. Ол егеменді Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі 28.01.1993 жылы қабылдаған бірінші Конституциясының орнына келді, 7.10.1998 жылғы Конституциялық заңмен қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданған болатын.

ҚР конституциялық заңдылығының құрылу кезеңі келесі конституциялық актілерді қабылдаумен белгіленген: 1) кеңестік кезең – 21.11.1917 жылғы Алаш партиясының бағдарламасы; 6.10.1920 жылғы Қырғыз АССР еңбекшілерінің құқықтарының декларациясы; 1926 жылғы Конституция жобасы; 1937 және 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясы. 2) 24.04.1990 ж. «Қазақ ССР Президентінің постын бекіту туралы» ; 25.10.1990 жылғы «Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы. 3) 10.12.1991 жылғы «Қазақ ССР  атауының өзгеруі туралы ҚР Заңы»; 16.12.1991 жылғы «Мемлекеттік тәуелсіздік туралы» Заңы. 4) 28.01.1993 жылғы ҚР Конституциясы. 5) ҚР 30.08.1995 жылғы Конституциясы. 6) ҚР 7.10.1998 жылғы «ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы.

ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипаты мен 9 бөлім бойынша жинақталған 98 бабын  көрсететін кіріспеден тұрады . Онда негізгі мәселелерінің  3 блогы көрсетілген: 1) республиканың конституциялық құрылымының негіздері. 2) жеке бас мәртебесінің құқықтық негіздері. 3) мемлекеттік үкімет органдарының жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқару негіздері.

Конституцияның  нормативтік-құқықтық акт ретіндегі ерекшеліктері  оның мынандай заңды қасиеттері: Конституцияның 4 бабының 2 тармағында бекітілген жоғары заңды күші; Республиканың барлық аумағына конституцияның тікелей әрекет етуі; қабылдануы  мен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі; конституцияның ерекше қорғалуы.

Конституцияны мынандай түрлерге классификациялауға болады:

  1.  сыртқы нысаны: а) жазылған (Ресей, АҚШ), б) жазылмаған (Англия, Дания);
  2.  өзгеріс пен толықтырулар енгізу тәртібі: а) икемділігі, б) қаттылығы;
  3.  қабылдау тәсілі: а) елдің өкілетті заңды органы қабылдаған, б) бүкіл халықтық дауыс беру жолымен, в) октроирлі (қабілеттілігі)

  1.  Әкімшілік құқықбұзушылық және оның құрамы

Әкімшілік құқық бұзушылық – мемлекеттік басқару немесе қоғамдық тәртіпке, мемлекеттік немесе жеке меншікке,  азаматтардың құқықтарымен бас еркіндіктеріне қол сұғу, заңға қайшы, айыптаушы әрекет (қасақана немесе байқаусызда) немесе әрекетсіздікке заңнамамен әкімшілік жауапкершілік жүктеу қарастырылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы – қоғамға қарсы жасалған іс-әрекет әкімшілік құқық бұзушылық болып табылатын элементтер жиынтығы. Оны келесі элементтер құрады:

  1.  нысан – қол сұғушылық себепкері, мемлекеттік басқару саласындағы  заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар;
  2.  объективті  жақтары – сыртқы іс-қимыл актісі, әрекет немесе әрекетсіздік, оның салдары, сондай-ақ әрекет пен оның салдары арасындағы себептік байланыс;
  3.  субъект – құқық бұзушылық жасағанға дейін 16-ға толған жеке, сондай-ақ заңды тұлға;  
  4.  субъективті жақтары – заң бұзушының істеген қылмысына психологиялық қатынасы, әдейі немесе байқаусызда жасаған ісіне айыбы.

Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды  түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 45-бабы әкімшілік сөгістің келесі түрлерін қарастырады: ескерту; әкімшілік айып пұл; әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйым немесе затты алу;  әкімшілік құқық бұзушылыққа себепкер болған бұйымды, әкімшілік құқық бұзушылық жасау арқылы келген кірісті, ақшаны және құнды қағазды  алу;  арнаулы құқығынан шектеу; рұқсат қағазынан, арнаулы біліктілік аттестатынан (куәлік) айыру немесе жекелеген әрекет түріне күшін тоқтату, немесе жекелеген әрекет жасау; жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтату немесе тыйым салу; рұқсатсыз салынған құрылысын қирату; әкімшілік тұтқындау; шетелдіктерді және азаматтығы жоқ тұлғаларды ҚР шекарасынан шығарып жіберу.

Аталған сөгістің қайсыбірін қолдану бір жыл бойы тұлғаның әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын білдіреді, тек бір жылдан кейін әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.

Әкімшілік сөгіс шараларынан басқа қайтадан құқық бұзушылықты ескерту мақсатында заңмен соттан тыс әкімшілік құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, жол қозғалысы ережелерін білуін тексеру және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары.

Әкімшілік мәжбүрлеу шаралары қоғамдық тәртіпті сақтау, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың құқықтары мен бас еркіндіктерін қамтамасыз ету мақсатында атқарушы органдар мен лауазымды тұлғалардың қызметінде көрініс табады. Олардың арасында әкімшілік – мәжбүрлеу шаралары, әкімшілік – жолын кесуші және әкімшілік – қалпына келтіруші шаралар басым.

  1.  Азаматтық құқықтағы мәміле

Қазақстан құқық жүйесінде азаматтық құқықтар ең бір елеулі салалардың бірі болып табылады. Бұл құқықтық саласының тауар-ақша өзге де теңдікке негізделген, мүліктік қатынастарға негізделген қатысушылардың сол сияқты мүліктік, жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін нормалары.

Азаматтық құқыққа азаматтық заңдар сәйкес келеді. ҚР азаматтық кодексі (ендігі жерде ҚР АК) жалпы бөлімнен (27.12.1994 ж.) және ерекше бөлімнен (01.06.1999 ж.) құралған. Жалпы бөлімде пән, әдіс, азаматтық құқық жүйесі, азаматтық құқықтар қатынастары, азаматтық құқықтар субъектілері және т.б. жалпы сұрақтар қаралады. Ерекше бөлімде нақты міндеттемелер (сатып алу-сату, тасымалдау, сыйлау және т.б.) сондай-ақ мұрагерлік мәселелері, зияткерлік меншік құқығы және халықаралық жеке құқығы қаралады.

Азаматтық құқық қатынастары бұл- мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.

ҚР АК 12 бабы – жеке тұлға бұл – ҚР азаматтары, өзге мемлекет азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар екендігін анықтайды. Құқық қатынастарының қатысушылары болу үшін азаматтық құқық қабілеті және іс-әрекетке қабілеттілік болуы қажет.

Азаматтық құқық қабілеттілігі бұл – азаматтық құқықтардың болу қасиеті және жауапкершілікті мойындау. Ол барлық азаматқа тепе-тең өлшемде жүктеледі. Туылған күнінен пайда болып дүниеден өткенде тоқтатылады. (ҚР АК 13 бабы).

Азаматтық іс-әрекетке қабілеттілік - өз іс-әрекетімен азаматтық құқықтар мен міндеттерді өзі үшін ие болу, жүзеге асыру, жасау және оларды орындау.

Іс-әрекеттің болуының құқықтық қабілеттіліктен өзгешелігі төмендегі қасиеттермен шартталған – жекелеген психикалық кәмелеттік меже, құқықтық нормаларды түсіну – бұл жас ерекшелікке және денсаулыққа тәуелді.

Заң іс-әректетке қабілеттілікті (18 жасқа жету), кәмелетке жетпегендердің іс-әрекетке қабілеттілігін (14 жастан 18жас аралығы), жас балалардың іс-әрекетке қабілеттілігін (ішінара іс-әрекетке қабілеттілікті, 14 жасқа дейін) жекелейді.

БИЛЕТ №4

             1.Құқықтың қайнар көздер түсінігі және түрлері

      Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болу себептерімен айқындала- ды. Мемлекетаса маңызды әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.

Құқық - мемлекет белгілеген жалпыға міндетті, белгілі бір өзін-өзі ұстау мәнері ережелерінің жүйесі, оның көмегі арқылы жеке тұлғаның және қоғамның аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқық нормаларымен қоса қоғамда қарым-қатынасты реттеуші ретінде мораль нормалары, діни нормалар т.б. қызмет жасайды. Алайда құқық басқа әлеуметтік нормалардан мемлекет тарапынан шығатындығымен ерекшеленеді; құқық нормалар жалпыға бірдей міндетті; жазбаша түрде ресімделген, бекітілген.

Құқық қоғамдық қатынастарды реттей алу үшін сыртқы көрінісі болуы керек. Құқықтық доктринада құқықтың қайнар көзі, яғни жеткізу амалы және құқықтық нормаларды бекіту секілді ұғым пайдаланылады.

Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы құқықтың дерек (қайнар) көздері деп аталады. Құқықтың қайнар көздерінен құқықтың нысандарын (формаларын) айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың қайнар көздері әрқашан құқықтың нысан түрінде институтталған, ал құқық нысаны құқық шығару (құқық қабылдау) іс- әрекетінің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-құлығын құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері анықтайды, реттейді. Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр – мемлекет рұқсат берген дәстүр; 2) заңдық прецедент  - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді. Сондай-ақ, құқықтану, құқық негіздеріне байланысты әдебиеттерде құқықтың алты қайнар көздері былай көрсетіледі: құқықтық дәстүр, нормативтік кесім, соттық үлгі, шарт (соның ішінде әкімшілік), сот практикасын байыту, ғылыми құқықтық доктрина.

    Құқықтың ең алғашқы қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығы құқықтық дәстүр деп ат\ды. Дәстүр мемлекет пайда болған кезде ғана құқықтық сипатқа ие болады. Себебі, дәстүр мемлекеттің қолдауына сүйеніп жалпыға бірдей міндеттілікке айналады.

      Құқықтың қайнар көздерінің тағы бірі докторина деп аталады. Докторина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мыс, діни докторинаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие бола алады. Нақтырақ айтсақ Ислам дінінде Құранның, Шариғаттың көмегімен кейбір отбасы –некелік, мүліктік ж\е де басқа даулар қаралып шешілген. Сонда Шариғаттық докторинаға негізделіп қабылданған шешім заң деп есептелген.

       Құқықтың қайнар көзіне келесі бір құқықтық өске өнеге болатын құқықтық үлгі де жатады. Құқықтың үлгінің соттық ж\е әкімшілік сияқты екі түрі болады.

      Барынша көп тараған құқықтың қайнар көздерінің бірі, мінез-құлықтың қайнар көздерінің бірі, мінез-құлықтың жалпы міндетті ережесі, мем\ң органдары жасаған не бекіткен ресми іс-құжаттардың жиынтығы нормативтік құқықтық актілер болып есептеледі.

2. Азаматтық құқықтық қатынас субьектілері

Азаматтық құқық қатынастары бұл - мүліктік және жеке мүліктік емес азаматтық құқық қатынастары нормаларымен реттелу нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Субъектілік құқықтар және оның қатысушыларының міндеттері оның мазмұның құрайды. Азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, әкімшілік-аумақтық бірліктер азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары бола алады. Азаматтық құқық қатынастары көп және әртүрлі, одан мүліктік және мүліктік емес; жай және күрделі; абсолюттік және салыстырмалы құқық қатынастары бөлініп шығады.

      Азаматтық құқықтар мен міндеттер құқықтың субьектілері деп аталатын құқықтық қатынасқа қатынасушыларға тән. Азаматтық құқықтық қатынастардың субьектілеріне:

-азаматтар;

- заңды тұлғалар;

- мемлекет;

- сондай-ақ әкімшілік-аумақтық бөоіністер жатады.

     Аталған суб\ң азаматтық құқ\қ қатынастарға қатынасуының алғышарты олардың азаматтық құқықтық қабілеттілікке ж\е аз\қ әрекет қаб\не ие бола алуы болып табылады.   

3. Әкімшілік жауапкершілік

     Әкімшілік жауапкершілік әкімшілік құқық бұзушылыққа заңды  түрде жауап беру болып табылады. Заңмен және заңдық актілермен белгіленеді. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, соттау немесе жұмыстан босату сияқты жазалар қолдануды қажет етпейтін, әкімшілік сөгіс қарастырылған. Әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдануға негіз құқық бұзушылық болып табылады (құқық бұзушылық белгілерінің болуы).

      ҚР –ң әкімшілік құқық бұзушылық мәселелерін ҚР 2001ж\ғы қаңтардың  30 жұлдызында қабылдаған «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі ж\е басқа құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.

         Тәртіпсіздікке бару әкімшілік жауапкершілікті туындатады. Әкімшілік жауаптылықта болуға тиісті тұлғаларға мыналар жатады:

  1.  ақыл-есі дұрыс он алты жасқа толған жеке адам;
  2.  заңды тұлға;

Әкімшілік жазаның түрлеріне:

  1.  ескерту жасау;
  2.  әкімшілік айыппұл салу;
  3.  әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей

обьектісі болған заттың өтемін төлеп алып қою;

  1.  әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей обьектісі болған, әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған кірістерді, ақшаны ж\е бағалы қағаздарды тәркілеу;
  2.  арнаулы құқықтан айыру;
  3.  лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, біліктік аттестатынан (куәліктен) айыру немесе қызметтің белгілі бір түріне берілген не белгілі бір іс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;
  4.  жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру н\е оған тыйым салу;
  5.  өз бетімен салынып жатқан н\е салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
  6.  әкімшілік қамауға алу;
  7.  шетелдік н\е азаматтығы жоқ адамды ҚР\ң шегінен әкімшілік жолмен кетіру жатқызылады.

Әкімшілік жауапкершіліктің жекелеген түрлері мен негіздері Кодекстің ерекше бөлімінде көрсетілген (меншікке қарсы, кәсіпкерлік, салық, қоршаған ортаны қорғау, еңбек, транспорт, қоғамдық тәртіп, шекара т.с.с).

БИЛЕТ№5

  1.  Құқықтық қатынас түсінігі

Құқықтық қатынастар ұғымы заң ғылымының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Бұл - субъектілердің бір-біріне деген құқықтар мен міндеттемелерден көрініс табатын, ішкі мазмұнында құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.

Құқықтық қатынасқа қатысу үшін болашақ қатысушылардың барлығына және әрбіріне заңмен белгіленген немесе танылған белгілі бір қасиеттерінің болуы керек. Бұл қасиеттердің жиынтығы тұлғаның немесе ұйымның құқық субъектілігі ұғымын құрайды. Оған жататындар:

Құқық қабілеттілігі - субъектінің заңмен белгіоенген құқық пен міндеттемелерге ие болу мүмкіндігі. Субъектіде туғаннан бастап пайда болып, өмірден қайтқан соң аяқталады;

Іс-әрекет қабілеттілігі - тұлғаның заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттемелерді өз іс-әрекеті арқылы ала алу және іске асыру мүмкіндігі;

Заңдық деректер - құқық нормасының гипотезасында қарастырылған құқықтық қатынастардығ пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Олар оқиғалар, яғни адамдардың еркінен, санасынан тыс жағдайлар мен іс-әрекеттер, яғни адамдардың саналы әрекеті болып бөлінеді. Іс-әрекет заңға сәйкес немесе заңға қайшы болуы мүмкін.

  1.  Конституциялық-құқықтық нормалар ж\е олардың түрлері

   Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыпта-суының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқықазаматтық құқыққылмыстық құқыққаржы құқығы және т.б.

Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқықазаматтық құқыққылмыстық құқыққаржы құқығы және т.б.

Конституцияның нормалары кез келген басқа актіні кабылдауынсыз қолданылады. Кез келген азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін Конституцияны, оның нормаларын мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдану арқылы колдана алады.

     Конституцияның нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени аяларына ықпал етеді. Олар қоғамдық қатынастардың басты жақтарын реттейді.

Халықаралық келісімшартнормалары да конституциялық құқықтың кайнар көзіне жатады. Себебі, мұнда адам құқығы, қоғамдық бірлестіктер, Қазақстан Республикасы азаматтарының құкықтары мен міндеттері туралы нормалар бар. Қоғамның құрылымы мен мемлекеттік билікті ұйымдастырумен байланысты басқа да нормативті құқықтық актілер конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жаткызылуы мүмкін.

  1.  Конституция ұғымы ж\е оның мәні

       Конституция ( латынның лат. constitutio — яғни «құрылым» сөзінен шыққан) — Мемлекеттің негізгі заңы, елдегі барлық басқа заңдарға қатысты жоғары заңды күшке ие заң немесе заңдар тобы.

      Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Қазіргі кезде Парсы шығанағындағы кейбір абсолютті монархияларда (Сауд Арабиясында, Оманда) ғана Конституция жоқ. Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Конституциялық қағидалардың бұзылуы өте елеулі құқық бұзушылық болып табылады.

     1995 жылдың 30-ыншы тамызында Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен он жеті жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.

      Тоқтала кететін тағы бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 17 жасқа толып отыр. Әрине, тарихи ауқыммен алыр қарағанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай алмағайып заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.

БИЛЕТ№6

  1.  Әкімшілік құқық бұзушылық ж\е оның құрамы

Жалпы әкімшілік құқық-қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы.

     Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана н\е абайсызда жасалған) іс-әрекеті не әрекетсіздігі н\е заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады.

     Әкімшілік құқық бұзушылықтың обьектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік құқық бұзушылықтың субьектісі болады.

     Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілері «әрекет» ж\е «әрекет-сіздік» болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына оның обьектісі,обьективті жағы, субьектісі, субьективтік жағы жатады.

     Әкімшілік құқықтың обьектісіне әкімшілік заңдармен қорғалатын, белгілі бір іс-қимыл қауіп төндіретін қоғамдық қатынастар жатады.

Обьективті жағы әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-қимылдың (әрекеттің, әрекетсіздіктің) өзін көрсетеді. Сондай –ақ оның бірнеше мәрте жасалуы да жатады.

  1.  Мемлекеттік басқару түсінігі ж\е мәні

     Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мем\ң істерін басқару, мем\к органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады. Мемлекеттік басқару дегеніміз:

а) заңдарды орындау барысындағы іс-әрекет; б) обьектілер мен адамдарға ағымдағы өкімдік жасау және олардың орындауға міндетті болып табылатын, заңдық күші бар нормативтік актілерді қабылдаумен б\ты іс-әрекет.Мемлекеттің түпкі мәні қандай болса да оның ұғымының, белгілерінің, нысандарының,механизмінің, атқаратын қызметтерінің мазмұны да сондай болады. Демек, осы тұрғыдан қарағанда мемлекетті оқып білуді оның мәнін ашып көрсетуден бастау дұрыс әдіс. Мемлекеттің мәні дегеніміз оның табиғатын, мазмұнын, қызмет ету мақсатын, қоғамдағы қажеттілігін анықтайтын барынша маңызды, тұрақты ішкі ж\е сыртқы жақтары мен қасиеттерінің жиынтығы. Мемлекеттің мәнін ашып көрсетудің екі жолы қалыптасқан: таптықт(маркстік-лениндік) ж\е жалпы әлеуметтік.Басқару формасы - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар ұйымы, олардың пайда болу тәртібі, оларды қалыптастырудағы халықтың қатысуы деңгейі. Басқару формасының негізгі екі түрі бар: монархия және республика.

     Мемлекеттік құрылым формасы - мемлекеттің ішкі бөлінісі және олардың өзара қарым-қатынасы. Құрылым формасы бойынша унитарлық, федеративті және конфедеративті болып бөлінеді.

  1.  Әкімшілік құқықтық қатынас

Әкімшілік құқық – атқарушы билік құрылымдарын қалыптастыру барысында, өкілеттіктерін, міндеттерін, құқықтары мен мемлекеттік қызметшілердің жауапкершіліктерін белгілегенде, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірлерін, құқытары мен еркіндіктерні қорғауды жүзеге асыруда мемлекеттік басқару процесінде туындаған қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың құқықтық саласы.

Әкімшілік құқықтық қатынастар – мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Оның субъектілері болып мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпорындар, мекемлер, ұйымдар, азаматтар, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар табылады. Әкімшілік құқықтық қатынас ерекшеліктері, билік қатынастары ( тараптардың заңды тепе-теңдігі болмайды), (мемлекеттік басқару саласында болғандықтан) онда мемлекет мүддесі қаралады.

Әкімшілік құқықтық қатынастарды келесі біліктілік санаттары бойынша бөлуге болады:

  1.  қатысушылар құрамы бойынша: а) аппарат ішіндегі, б) аппараттан тыс;
  2.  тараптар арасындағы заңды байланыс сипаттарына қарай: а) тік (әрбір тарап билік құзырына ие, көлемі бірдей), б) көлденең (тікелей басқаруға ұқсас, онда тараптар заңды түрде бірдей).

Билет №7

  1.  Азаматтық құқықтағы міндеттеме

Азаматтық құқықтағы міндеттеме дегеніміз — мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгіл бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді."Міндеттеме" ұғымы әртүрлі мағынада пайдаланылады: құқық қатынасы;борыш, міңдет;осы міндет көрсетілген құжат (қолхат, квитанция, вексель,чек,облигация, мемлекеттік қазыналық міндеттеме).АК-ның 268-бабында міндеттеме құқықтық қатынастар ретінде беріледі: "Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекетгер жасауға, не белгілі бір әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышкерден өз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышкерден атқарғанды қабылдауға міндетті".
Міндеттемелік құқық қатынастарының негізгі ерекшеліктері, экономикалық тұрғыдан алғанда, еңбектің мүліктік нәтижелерінің ауысуынан туындайды (өндіріс өрісінен айналым өрісіне, ол арқылы тұтыну өрісіне ауысуы).Азаматтық құқықтар мен мiндеттер заңдарда көзделген негiздерден, сондай-ақ азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерiнен пайда болады, өйткенi ол әрекеттер азаматтық заңдарда көрсетiлмегенiмен, олардың жалпы негiздерi мен мәнiне байланысты азаматтық құқықтар мен мiндеттердi туғызады.
      Осыған сәйкес азаматтық құқықтар мен мiндеттер:
      1) заңдарда көзделген шарттар мен өзге де мәмiлелерден, сондай-ақ заңдарда көзделмегенiмен, оларға қайшы келмейтiн мәмiлелерден;
      2) заңдарға сәйкес азаматтық-құқықтық жағдайларды туғызатын әкiмшiлiк құжаттардан;
      3) азаматтық құқықтар мен мiндеттер белгiлеген сот шешiмiнен;
      4) заң құжаттарында тыйым салынбаған негiздер бойынша мүлiктi жасау немесе иемдену нәтижесiнде;
      5) өнертабыстар, өнеркәсiптiк үлгiлер, ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын және интеллектуалдық қызметтiң өзге де нәтижелерiн жасау нәтижесiнде;
      6) басқа жаққа зиян келтiру салдарынан, сол сияқты басқа жақ есебiнен мүлiктi негiзсiз сатып алу немесе жинау (негiзсiз баю) салдарынан;
      7) азаматтар мен заңды тұлғалардың өзге де әрекеттерi салдарынан;
      8) заңдар азаматтық-құқықтық жағдайлар басталуын байланыстыратын оқиғалар салдарынан пайда болады.

2. Қылмыстық құқық – құқық қайнар көзі ретінде

Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлімжәне ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

3. ҚР конституциялық құрылыс

Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы ұғымы және принциптері. Әрбір мемлекет өзінің Консттуциясына сәйкес мемлекеттік билікті ұйымдастыруды белгілейді сонымен қатар олардың адам және азаматтың аталмыш қоғам өмірімен қарым қатынасын бекіте отырып, мемлекеттік органдар жүйесінің негізін қалайды. Қазақстан Республикасының құрылысы мемлекетті ұйымдастыру тәсілдеріне, оның тұлғамен қатынасына негіз болатын, Конституция нормаларымен бекітілген және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын қоғамдық қатынастардың жүйесі болып табылады. Конституцияда Қазақстан Республикасының құрылысына негіз болатын барлық принциптер бекітілген. Олар – халықтық билік, мемлекеттік егемендік, біртұтастіқ, биліктерді бөлу принципі, құқықтың үстемдігі, мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешу, идеологиялық және саяси әр алуандылық және т.б. принциптер болып жіктеледі. Қазақстан Республикасының мемлекетін құру концепциясында Қазақстан Респубикасы конституциялық құрылысның негізгі белгісі ретінде халықтық билікті атап айтуға болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына «Мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы халық» деп белгіленген (3-б). Халық билікті республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады. Сондай-ақ халық өз илігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді. Сондықтан да Қазақстан Республикасын демократиясының тікелей және өкілді нысандары туралы берік сеніммен айтуға болады. Мемлекеттің егемендігі конституциялық құрылыс негіздерінің бірі ретінде Конституциямен жария етіледі. Егемендік республиканың бүкіл аумағын қамтиды, өз аумағында және одан тысқары жерлерде Қазақстан Республикасы халқының ерік жігері негізінде басқа мемлекеттерге тәуелсіз жағдайда, өз алдына дрбес мемлекет функцияларын жүзеге асыруына мумкіндік береді. Қазақстан Республикасының егемендігін қаматамасыз етуде 1995 жылы 25 қазанда қабылданған «ҚазССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» айрықша рөлге ие. Қазақстан Республикасының егемендігін 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы одан әрі нығайта түсті. Ол Қазақстан Республикасын дербес және тәуелсіз мемлекет ретінде бекітті. Сөйтіп, Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет болып табылады.

8 бБИЛЕТ №8

  1.  1. Азаматтық құқықтыққатынас.Азаматтық заңдармен тауар - ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шар еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол бермеуге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
        Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.
                   Азаматтық құқықтық субъектілері.
         Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне : жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық,бөліністер жатады.
        Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар.Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.Азаматтың құқықтың қабілеттілігі - бұл азаматтық құқық пен азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі.Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.
     Құқықтың қабілеттілігінің негізінде азаматтар:
    -    өзінің меншігіндегі мүлікке ие бола алады;
    -    мүлікті мұрагерлікке беріп және өсиет ете алады;
    -    заңмен шектелмеген кез келген кәсіпкерлікпен шұғылдана алады;
    -    заңды тұлға құра алады;
    -    заңмен тыйым салынбаған кез келген мәмілелер жасап міндеттемелерге қатыса алады;
    -    тұрғылықты тұратын жер таңдап ала алады;
    -    әдебиет пен өнер, ғылыми еңбектердің авторы, өнертапқыштық және басқа да заңмен қорғалатын интеллектуалдық қызметке авторлық құқығы болуға;
    -    басқа да мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие бола алады.
  2.  2. Құқықтық жүйе— құқықтық шындықтың басқа белсенді элементтерімен — құқықықтық идеологиямен жəне сот тəжіри-бесімен біртұтас қарастырылатың құқық. 1. Құқық жүйесінің түсінігі. Құқық жүйесі – бұл құқықтың өзінің құрылымы, оның салаларға, институттарға бөлінуі. Құқық-тың жүйелік құрылымы оның белгілі бір байланыстағы көптеген элементтерден құралған біртұтас құрылым екендігін білдіреді.

Құқық жүйесінің негізгі сипаттары:

1) оның алғашқы элементі болып құқық нормалары табылады, олар, өз кезегінде, біріге отырып, ірі құрылымдарды – институт-тарды, салаларды құрайды;

2) оның элементтері бір-біріне қайшы келмейді, іштей үйлес-кен, тығыз байланыстылыққа ие; бұл құқық жүйесінің тұтастығын қамтамасыз етеді;

3) ол əлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мəдени, тарихи факторлармен тығыз байланысты;

4) ол объективтік сипатқа ие, себебі, объективтік сипаттағы қатынастаға тəуелді жəне адамдардың субъективтік қалауы бойынша қалыптасуы мүмкін емес.

3. Меншік құқығы және басқа да мүліктік құқықтар
Меншікдегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің 
заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.

Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.

Меншік құқығын иемдену тәртібі

Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.

Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.

БИЛЕТ №9

  1.  Әділ сот түсінігі және қағидалары

Әділ сот ісін жүргізу құқығы жеке құқықтардың қосылуын білдіреді, сот төрелігін жүргізу барысында олардың әрқайсысын қамтамасыз ету сот ісін жүргізудің әділ болу-болмауын анықтауға мүмкіндік береді. Әділ сот ісін жүргізу құқығын оны құрайтын құқықтарды топтастырып, үш элементке бөлуге болады: 1) сотқа дейінгі құқықтар, 2) сот процесі кезіндегі құқықтар, 3) соттан кейінгі құқықтар.

Сотқа дейінгі құқықтарға мыналар жатады: бостандық құқығы; қылмыс жасады деген күдікпен тұтқындалған немесе ұсталған адамдардың ақпарат алу құқықтары; сотқа дейінгі қорғаушы алу құқығы; тез арада судьяның немесе басқа сот лауазымды адамның алдында болу құқығы; тұтқындаудың/ұстаудың заңдылығын даулау құқығы; ақылға қонымды мерзімде сотта қаралу немесе қамаудан босау құқығы; жауап алу кезіндегі құқығы, қамауда ұстаудың адамның қадір-қасиетіне лайықты болу және азаптаудан еркін болу құқығы.

«Сот процесі кезіндегі құқықтар» тобы заң мен сот алдындағы тең құқықты; істі заң анықтайтын білікті, тәуелсіз және әділ соттың қарауы құқығын; әділ сот қарауы құқығын; кінәсіздік презумпциясын; түсінік беруге немесе кінәсін мойындауға мәжбүрленбеу құқығын; азаптау немесе мәжбүрлеудің басқа жолымен алынған түсініктерді алып тастауды; кері күші бар қылмыстық заңнаманы қолдануға және бір іс бойынша қайта қудалауға тыйымдарды; өзін жеке басы арқылы немесе адвокат көмегімен қорғау құқығын; сотта және апелляция беру кезінде қатысу құқығын; куәларды шақыру және сұрақ беру құқығын; аудармашыға және жазбаша аудармаға құқығын; апелляция құқығын қамтиды.

Соттан кейінгі құқықтар тобына шағымдану құқығы және жіберілген сот қателігі үшін зиянды өтеуді талап ету құқығы кіреді.

Қылмыстық іс бойынша әділ сот ісін жүргізу құқығы осы жеке тұлғаны қылмыстық процеске тартқан сәттен пайда болады. Қандай да бір сот ісінің жағдайына қарай бұл сәт ұстаумен, тұтқындаумен немесе айып тағылумен қабат кеп қалуы мүмкін. Осылайша, әділ сот ісін жүргізу кепілдіктері қылмыстық істі қозғау, алдын ала тергеу және жауап алу процестерінде, сондай-ақ соттың мүмкін болатын апелляциялық (байқау) шағымы бойынша әрекеттерін қоса алғандағы соттың істі қарауы барысында қамтамасыз етілуге тиіс.

  1.  2.Азаматтылық түсінігі

Азаматтылық - әлеуметтік-саяси ғылымда отанға деген сүйіспеншілікпен, патриотизммен, жетілген саяси санамен сипатталатын субектілердің нақтылы моральдық-өнегелік, психологиялық, әлеуметтік-саяси сапаларының жиынтығы; адамның мінез-құлқы мен санасында өз Отанының және қоғамның шынайы гүлденуіне ықпалы бар жоғары моральдық сапалардың болуы. "Азаматтылық" ұғымының мәні әртүрлі:

  1.  өзін азамат ретінде сезіне білу және іс-әрекетке бара білу мүмкіндігі;
  2.  саяси қауымдастықтың ісіне белсенді әрі саналы түрде қатысу;
  3.  адамдар қауымдастығының толыққанды, еркін қатысуының жоғарғы ізгілігі;
  4.  саяси қауымдастық мүдделеріне қызмет ету, осы мүдделер жолында жанын құрбандыққа шалу.
  5.  Азаматтылық - біз үшін мемлекетке формальды түрде қатысты болу ғана емес, сондай-ақ жауапкершілік және міндеттілік сезімдерімен байланысты екендігін айта кету маңызды. Азаматтық ұстанымынның өзгеруі үрдісінде, азаматтар санасында азамат рөлін түсінуге нормативтік үйлесім басымдылық танытады. Оның басты қасиеті – заңдарды орындауы, сақтауы, мемлекетке көмектесуге дайындығы, экстремизмге қарсы тұру құрамының ұйытқысы болуы қажет.
  6.  
    Азаматтылықты қалпына келтіру (реинтеграция) 
    Азаматтылықты қалпына келтіру дегеніміз - белгілі бір
    Азаматтылықты беру - бұл әдіс төмендегідей: 
    Мемлекет өзінің азаматтылығын беруде қажетті натурализация
    "Қазақстан Республикасының азаматтылығы туралы" Заңның 18-бабына сәйкес бұрын
    Басқа мемлекеттерде тұратын республика территориясын тастап шығуға
    Қазақстан Республикасының азаматығын қалпына келтіру туралы өтініш
    Басқа азаматтығы бар немесе азаматтығы жоқ адамдар үшін
    аумағынан тысқары кетпесе не олардың республика аумағында
    Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру туралы құжаттарды 
    Осы Ереженің 5-тармағында көзделген құжаттардан басқа Қазақстан
    Басқа мемлекеттің азаматы мен азаматтығы жоқ адам олардың
    Азаматтық туралы мәселе Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен шешіледі.
    егер өтініш білдіруші азаматтығын алған тараптың аумағында туған
    өтініш білдірушінің біреуі болса да азаматтығын алатын тараптың


Жа3.ЖАнұя заңдылығына сәйкес неке түсінігі

Неке-ерлі – зайытылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.

Неке – отбасы құқықтарын жүзеге асыру және міндеттерді орындау отбасының басқа мүшелері мен құқықтарын, бостандығын және заңды мүдделерін бұзбауға тиіс.

Неке – отбасы құқықтары заңмен қоғалады, бұған осы құқықтардың мақсатына қайшы келетін жағдайлар қосылмайды.

Некеге тұру үшін некеге тұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет.

Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді.

Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.

Неке жасын төмендету туралыөтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғанышылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.

БИЛЕТ №10

  1.  Мемлекеттік қаржы қызметі

Мемлекеттің қаржылық қызметі оның ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану сияқты үш жалпы бағытта іс - әрекет ететін толып жатқан және сан қырлы функцияларында бөлінеді. Бұлардың әрқайсысындағы ажырағысыз элемент бақылаудың функциясы болып табылады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің сан алуандығы қаржы жүйесін құрудың ерекшеліктері мен анықталады.Мемлекет әр - түрлі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорларға, сондай – ақ меншіктің басқа нысандарының шаруашылық жүргізуші субьектілерінің ақша қаражаттарына өзінің ықпалын жая отырып, бюджет ресурстарын, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы –қаражаттарын жасау, бөлу және пайдалану жөніндегі функцияларын жүзеге асырады.

Мемлекеттің қаржылық қызметі мына факторларға "

Мемлекеттің іс - қимыл етуінің нақтылы кезендеріндегі оның міндеттерін

Қаржылық бақылаудың түрлері бойынша сыныпталу

- қаржы құқығы субьектілерінің қызметі негізделген меншіктің нысандарына”

- мемлекет кірістерінің көздеріне”

- ақша қаражаттарын пайдаланудың мақсаттарына

- мемлекеттің қарамағына түскен қаражаттар мен оларға деген қажеттіліктердің ара салмағына байланысты әр түрлі әдістерімен жүргізіледі.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің мынадай әдістері пайдаланылады”

  1.  Жеке тұлғаның конституциялық-құқықтық мәртебесі

ҚР тұлғаның құқықтық мәртебесі

Тұлғаның құқықтық дәрежесі әрекет ететін құқықтың барлық салаларының нормаларында көрсетілген адам мен азаматтың құқығының бүкіл жиынтығымен анықталады. Тұлғаның құқықтық дәрежесінің негізі бүкіл құқық пен еркіндіктің аздаған бөлігін құрайтын, конституциямен бекітілген құқығы мен еркіндігін қамтиды.

Неге бір құқық конституциямен бекітіледі, ал басқалары ағымдағы заңмен бекітілетінділігінің келесі себептерін көрсетуге болады.  Сол құқық пен еркіндіктің адам мен қоғам үшін мәні: Конституция жеке адам үшін, сондай-ақ толығымен қоғам үшін өмірлік маңызды және неғұрлым әлеуметтік маңызды құқықтар мен еркіндіктерді бекітеді. Сондықтан негізгі құқықтар мен еркіндіктер мемлекетпен тек қана танылмайды, сонымен бірге оның өмір сүруіндегі қажетті шарт ретінде қорғанылады.

ҚР Конституциясының 12 бабында көрсетілген, «адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды». Дәл осы тұрғыдағы құқықтар конституцияда бекітіледі.

Адам мен азаматтың конституциялық (негізгі) құқықтары мен еркіндіктері – бұл оған тумысынан немесе азаматтық күшіне сәйкес берілетін, мемлекетпен қорғанатын және тұлғаның құқықтық дәрежесінің ядросын құрайтын, оның ажырамас құқығы мен еркіндігі. Адам құқығы – бұл адам өмірге келген соң ие болатын және оның белгілі бір мемлекетке қатыстылығына байланысты емес өмір сүру, еркіндік пен құқығына жеке қол сұғылмау сияқты табиғи ажырамас құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы. .

ҚР Конституциясының 2 бөлімі адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігіне арналған, олардың басым бөлігі нақты құқықтар мен еркіндіктерді қамтып 29 бабтан тұрады. Олар логикалық негізі бар қарапайым емес нақты бір жүйенің жиынтығын көрсетеді.

  1.  Құқық қорғау органы жүйесіндегі әділет

Қоғам дегеніміз — адамдар мен олардың ұйымдары арасындағы қарым-қатынастардың өте күрделі жүйесі. Мемлекет арнаулы органдар арқылы қоғамды басқарады, көпшілік бұқара үшін маңызы бар мәселелерді шешеді және қоғамдағы тәртіпті қамтамасыз етеді. Мемлекеттің түрлі органдары бар, олар өздерінің тікелей биліктік міндеттерін атқаруда өзара тығыз байланыста және бір-біріне бағынышта болады. Мемлекеттік органдар арасында құқық қорғау органдары айрықша орын алады. Олар қоғамдағы құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етеді. Құқық қорғау органдарына: сот, прокуратура, Ішкі істері органдары, Ұлттық қауіпсіздік, Әділет органдары, Кедендік бақылау органдары, жемқорлық және басқа кәсіби қылмыстармен күрес органдары жатады.

Құқық қорғау органдары жүйесі заңдылық кағидасы негізінде әрекет етеді. Заңдылық — бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, бұлжытпай орындау және сақтау қағидаты, әдісі мен тәртібі. Заңдылықтың мәні — құқық қорғаушы органдардың құқықтық нормаларды адал, жауапкершілікпен сақтауында, орындауында, пайдалана және қолдана білуінде. Заңдылық, ең алдымен, осы органдардың заң негізінде және оның шеңберінде мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға белсенді қатысуларын көздейді.

Заңдылық табиғатын түсіну үшін оның негізгі қағидаттарын анықтап алу қажет. Заңдылық қағидаттары — бұл заңдылықтың мазмұнын бейнелейтін негізгі идеялар, бастаулар.

БИЛЕТ №11

  1.  Жер құқығы түсінігі

Жер -  бұл кеңістікпен, рельефпен, климатпен, топырақ қабатымен, өсімдіктер әлемі мен жер қойнауымен, су көздерімен сипатталатын, ауыл және орман шаруашылығында өндірістің басты құралы әрі халық шаруашылығының барлық салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін негізгі базис болып табылатын қоршаған ортаның  маңызды бөлігі.

      Құқықтық және жер құқығының жалпы теориясына сәйкес жер құқығының пәні болып объектісі жер болып табылатын ерікті қоғамдық жер қатынастары табылады.

      Жер қатынастарын мемлекеттікбасқару функцияларын (есеп, кадастр, мониторинг жүргізу) жүзеге асыру үшін жер қатынастарын реттеудің императивтік әдісі қолданылады.

Жерге меншік құқығын және жер пайдалану құқығын жүзеге асыру үшін диспозитивтік (латын сөзі «диспоноре» - «тандаймын») әдіс қолданылады, ол меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға жер учаскілерін пайдаланумен байланысты шаруашылық мәселелерін дербес шешуге мүмкіндік береді.

Жерге табиғи объект ретінде экономикалық әдіс қолданылады, ол құқықтық реттеу пәнінің, яғни, жердің табиғи қасиеттерін есепке алуды білдіреді.

Жер құқығы әдістерінің түрлері:

  1.  диспозитивтік;
  2.  императивтік;
  3.   Диспозитивтік әдістің түрлері:
  4.   ұсынушы;
  5.  санкциялаушы;
  6.  құқық беруші;

Императивтік әдістің түрлері:

  1.  құқықтық қатынастар субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін орнықтырушы;
  2.   тыйим салушы (шекараларды, жер құқығы қатынастары қатысушыларының тиісті жүріс-тұрысын анықтау);
  3.  экологиялық әдіс.

Жер құқығы өзінің жүйесі бар құқық саласы ретінде жалпы және ерекше бөлімдерден құралады.

 Жалпы ережелерден тұратын, әрекеті реттелетін жер қатынастарының барлығына немесе басым көпшілігіне таралатын институттардың жиынтығы жер құқығының жалпы бөлімін құрайды.

Жер құқығының жалпы бөлімі келесі институттардан (тараулардан) тұрады:

  1.  Жер құқығының түсінігі, пәні, әдісі және жүйесі. Жер құқығының сабақтас құқық салалармен ара қатынасы;
  2.  ҚР жер заңдарының міндеттері, мақсаттары және қағидалары;
  3.  Жер құқығының тарихы;
  4.   Жер құқығының қайнар көздері;
  5.   Жер құқығы қатынастары;
  6.  Жерге меншік құқығы;
  7.  Жер пайдалану құқығы;
  8.  Жеке меншік құқығы мен пайдалану құқығындағы жер учаскілерінің құқықтық режимі;
  9.  Жерге жеке меншік құқығы жер пайдалану құқығын қорғау және зияндарды өлтіру;
  10.  Жер үшін төленетін төлем;
  11.  Сервитуттар;
  12.  Жер құқығы қатынастары саласындағы басқару органдарының құзіреті және мемлекеттік басқарудың жалпы мәселелері;
  13.  Жерді қорғау, мемлекеттік бақылау, жерге орналастыру, мониторинг және жер кадастры;
  14.  Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық;
  15.  Жер даулары;
  16.  Құқық қорғау қызметі

Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтықнегізі

      1. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңмен көзделген ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қызметін реттейтін заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзге қағидалар көзделген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3-бап. Құқық қорғау органдары

      Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.18 N 547-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      4-бап. Құқық қорғау қызметінің принциптері

      1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

      2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

      3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;

4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

      5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.

      5-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

      Осы Заңның күші, Қазақстан Республикасының әскери қызмет туралы  заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдарының әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерін қоспағанда, барлық қызметкерлерге қолданылады.

      Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қолданылады.

  1.  Салық, оның белгілері, түрлері

Салық - белгілі бір мерзімде және белгілі бір көлемде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер. Салық белгілі бір объектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер,көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі- бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтардың меншікті салмағы 70 пайызын құрайды.Салықтың мәні мемлекет өз пайдасына жалпы ішкі өнімнің белгілі мөлшерін нақтылы жарна ретінде алып қалады.

- Материалдық категория жағынан — бұл белгілі бір ақша сомасы болса;

- Экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;

- Заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.

 Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:

- Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;

- Салық – ақшалай нысанды төленеді;

- Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады:

- Салық – баламасыз сипатта болады;

- Салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;

- Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;

- Салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;

- Салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;

- Салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;

- Салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;

- Салық – мәжбүрлеме сипатта болады;

- Салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.

Салық түрлері

Акциздар. Акциздарды төлеушілер болып акцизделетін тауарларды өндіретін немесе акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының территориясына импорттайтын жеке және заңды тұлғалар табылады.

 

 Жер салығы. Төлеушілер – меншік құқында, тұрақты жер пайдаланушы құқында және алғашқы қайтарымсыз уақытша жер пайдалану құқында салық салу нысандары бар жеке және заңды тұлғалар.

Жеке табыс салығы. Жеке табыс салығын төлейтіндер – салық салу нысандары бар резидент және резидент емес жеке тұлғалар.

Корпорациялық табыс салығы. Корпоративті табыс салығын төлейтіндер – жалпыға ортақ тәртіпті қолданатын ҚР-ның резидент-заңды тұлғалары, ҚР-да тұрақты мекеме арқылы өз қызметтерін жүргізіп жатқан резидент емес заңды тұлғалар

қосымша құн салығы. ҚҰС дегеніміз – тауар (жұмыс, қызмет) өндірісі және айналымы процесінде қосылып, сатылған кезде салық салынатын айналымның бір бөлігін бюджетке төлеу, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына тауарды импорттаған кезде төленетін төлем.

Көлік құралдарына салынатын салық. Төлеушілер – меншік құқында салық салу нысандары бар жеке тұлғалар, меншік құқында салық салу нысандары бар заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері.

Cалыктар. Салық – мемлекет бекіткен, міндетті ақшалай немесе натурамен жасалатын төлем болып, белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыз, эквивалентсіз және тұрақты түрде төленеді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнайы төлемдері. Жер қойнауын пайдалану амалдарын орындау бойынша салық салу іс-әрекеттері табыстан тыс пайдаға, арнайы төлемдерге, бонустарға, роялтиға және т.с.с. салық салу тәртібін орнатады. Экспортталып жатқан мұнай, газды конденсат үшін ренталық салық. Мұны төлеушілер болып мұнай шикізатын, газды конденсатты экспортқа шығаратын жеке және заңды тұлғалар табылады, алайда бұлардың ішіне өнімді бөлісу туралы контракт жасасқан жер қойнауын пайдаланушылар кірмейді.

әлеуметтiк салық. әлеуметтік салықты төлеушілер – заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар.

БИЛЕТ №12

  1.  Экологиялық құқық – құқықтың қайнар көзі ретінде

Экологиялық құқық (орыс. Экологическое право) — экологиялық-заңдылық нормалардың (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді.[1]

Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экология) қатынастарды реттейтін заңи нормаларының жиынтығы. Экологиялық Құқықтың негізгі көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1999), Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Су кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Орман кодексі (2003), Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993) , “Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы” (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады. Экологиялық Құқық нормалары құқықтың көптеген көздерінде, соның ішінде заңнаманың басқа салаларында да кездеседі.

ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану — коғамның экономикалық даму барысын жетілдірудін міндетті шарты.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану коғамның дамуының конституциялык қағидаларына енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы-мемлекеттік, жалпыхалықтық міндет болып табылады.

2. Экологиялык құқық — бұл осы кезең мен болашактын адамдардың мүдделері үшін коғам мен табиғат аясындағы қарым-катынасқа байланысты коғамдық қатынастарды ретгейтін жана құкык салаларының бірі болып табылады. «Экология» — бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз — «Жер» туралы ғылым.

Алғашқы рет бұл ғылыми терминді 1866 жылы неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзак уақыт бойы тек биология ғылымы негізінде тар аяда колданылды. Ол өзінін әйгілілігіне XX ғасырдың екінші жартысында ие болды, өйткені тура осы кезден бастап адам мен орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология — тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым-катынасты анықтайтын ілім ретінде колданылады.

  1.  Жеке еңбек шарты

Жеке еңбек шарты дегеніміз — қызметкер мен жұмыс беруші арасында жазбаша түрде жасалынатын келісім. Ол шарт бойынша қызметкер белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуге, ал жұмыс беруші қызметкерге жалақысын дер кезінде әрі толықтай көлемде төлеп тұруға міндеттенеді.

Қызметкер еңбек шартына сәйкес белгілі бір қызмет түріне қатысты, яғни мамандығына, кәсібіне, біліктілігіне және дәл сол кезеңде орындауға тиіс қызметіне және өндірістің жалпы қажетіне орай айқындалатын жұмысқа қатысты қызметті орындауға міндеттенеді.

Кәсіпорынның (мекемелердің, ұйымдардың) өндірістік қызметіне қызметкердің өз басының жеке, тікелей қатысуы жеке еңбек шартының тағы да бір белгісі болып табылады. Бұл жағдай қызметкерді құрамға (штатқа) кіргізіп, оны кәсіпорынның өндірістік қызметіне қосуды көздейді.

Жұмыс берушінің қызметкерге жалақы төлеп тұруға міндеттілігі жеке еңбек шартының ерекшелігі болып табылады.

Еңбек шартының мерзімі

Жеке еңбек шартын жасасудың мынадай мерзімдері болады:

белгісіз мерзімге — жеке еңбек шартының уақыты көрсетілмейді;

белгілі бір мерзімге — бір жылдан аспайтын;

істелетін жұмыстың аз уақытта атқарылуына немесе орындау жағдайына, сондай-ақ жұмыста жоқ қызметкердің орнын ауыстыруға байланысты бір жылдан аспайтын белгілі бір мерзімге.

Екі жақ оның барлық елеулі шарттары бойынша келісімге келген кезде — жеке еңбек шарты жасалды деп есептелінеді. Жеке еңбек шарты кем дегенде екі дана болып толтырылады және тараптардың қолы койылады. Қол қойылған жеке еңбек шартының бір данасы — қызметкерге, ал екіншісі —жұмыс берушіге беріледі.

Жеке еңбек шартының негізінде жалданатын қызметкердің еңбегіне ақы төлеу және материалдық көтермелеу шарттары тараптардың келісімі бойынша белгіленеді. Жеке еңбек шарты 16 жасқа толған соң жасалады.

Жұмысқа қабылдау кезіндегі сынақ мерзімі

Жұмысқа алар кезде сынақ мерзімін белгілеу мүмкіндігі қарастырылады. Сынау еңбек шартының міндетті емес шарттарының қатарына жатқызылады. Сынақ мерзімі қызметкердің оған тапсырылатын жұмысқа сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі үш айдан артпауы керек.

Егер сынақ мерзімі өтіп кетсе және екі жактың бірде біреуі жазбаша түрде екінші жақты жеке еңбек шартын бұзу туралы ескертпесе, шарттық әрекет етуі жалғаса береді және оның тоқтатылуына жалпы негізде жол беріледі. Сынақтың нәтижесі қанағаттанғысыз болса, қызметкер жұмыс берушінің келісімі арқылы жұмыстан босатылады. Қызметкер өз кезегінде жұмыстан мұндай босатуға сот тәртібімен шағымдануына болады.

Қызметкерлерді маусымдық жұмысқа алған кезде тараптардың келісімімен сынақ мерзімін белгілеуге болмайды. Сынақтан өткізу шарты жеке еңбек шартында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. Егер ол жұмысқа алу жөніндегі бұйрықта ғана көрсетілген болса, онда сынақ мерзімін белгілеуді заңды деп есептеуге болмайды, өйткені бұйрық — бір жақты ғана кесім, ал заң мұндай шарттар жөнінде жұмыс беруші мен қызметкердің келісуін талап етеді. Жұмыс берушінің бір жақты сынақ мерзімін белгілеуі бұл қызметкердің құқығын бұзғандық болып табылады

Қызметкердің сынақ кезіндегі еңбек жағдайы өзге қызметкерлердің еңбек жағдайынан өзгеше болмауы керек. Қызметкер ішкі еңбек тәртібі ережелеріне мойынсұнады, оның еңбегі жалақы нормалар мен бағалауға сәйкес не еңбекақы ретінде төленеді. Сынақ мерзімімен жұмыс істейтін қызметкерлердің әлеуметтік сақтандыруға құқығы бар. Сыннан сүрінбей өткен қызметкерді жұмысқа түпкілікті алу жөнінде бұйрық шығарудың қажеті жоқ

Жеке еңбек шартын бұзу тәртібі

Жеке еңбек шартын бұзудың белгілі тәртібі болады. Шартты бұзу жөніндегі бастаманың қызметкерлерден. де, жұмыс берушіден де және жауапты тұлғалардан да (сот, әскери комиссариат, кәсіподақ, т.б.) шығуы мүмкін. Өз ұсынысымен бастама көтеріп, еңбек шартын бұл туралы екінші жақты жеке еңбек шартында келісілген мерзімде жазбаша ескертуі керек. Жалпы ереже бойынша бір жақтың (шартты бұзудың бастамашысы) екінші жақты ескерту мерзімі жеке еңбек шартын бұзған сәттен бір айдан кем болмауы қажет.

  1.  Мемлекеттік билік органдарының жүйесі

Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасы соттарының жүйесі. Осы органдардың бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республиканың Президенті — халык пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді (40-бап).

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде туған, 40 жасқа толмаған мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайтынын атап көрсету қажет. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тідді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс.

Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата түрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие.

Қазақстан Республикасының Парламенті—Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы.тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан — Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан Республикасы Парламентінің төменгі Палатасы — Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары Палатасы — Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады (51-бап).

Қазақстан Республикасының Үкіметі — атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады, аткарушы органдардын жүйесін басқарады және олардын, қызметіне басшылық жасайды. Оны Казақстан Республикасының Президенті құрады.

Сот билігін — сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстык және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді (75-бап).

Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен Занға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі сотіың қызметіне кандайда болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судьяның қызметі депутаттык мандатпен, окытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылык кызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқарумен, кәсіпкерлікпен айналысумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кенесінің құрамына кірумен сыйыспайды.

Мемлекеттік биліктің бірынғай жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің орны айрықша. Мемлекет басшысы ретінде нак Президент билік тармақтарынын әркайсысының кызметіне белсене араласады.

Президент деген ұғым конституциялық құқылык мағынада мемлекет басшысы дегенді білдіреді. Бұл кызмет сол үшін елемдік тәжірибеде тағайындалған (АҚШ, Франция).

Президент кызметі түнғыш рет Қазақстанда 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған Заңмен тағайындалды, онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Кейін 1991 жылғы 16 қазанда Президент сайлауы туралы Заң қабылданып, мұнда Президентті республика халкының жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құкығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайлауы көзделді. Осы Заңның негізінде Республика Президентінің сайлауы өткізіліп, онда Н. Ә. Назарбаев тағы да сайланды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес одан ант кабылдады және осы сәттен бастап ол қызметіне кірісті деп есептеледі әрі сол күн оның Қазақстан Республикасы Президентінін қызметінде болу мерзімін есептеудің басы болып табылады Соңьшан, 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

БИЛЕТ №13

  1.  Қылмыстық жаза түсінігі, оның мақсаты
  2.  Адам және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтары жүйесі, міндеттері
  3.  Қылмыстық іс-жүргізу түсінігі

1.Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды.

Қылмыстық заңның негізгі міндеттеріне қылмыстық жауатылықтың талаптары мен принциптері, негізін, қылмыс түсінігінің жалпылама белгілердің, қоғамға қауіпті іс-әрекеттер мен әрекетсіздіктер шеңберін, қолданылатын жазалардың түрлерін анықтау жатса, осы міндеттерді орындау арқылы қылмыстың алдын алу, яғни қылмыстарды болдырмау мақсатын көздейді.

2.Конституциялық құқық — адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.Азаматтық құқық — құқықтың мүліктік қарым-қатынастарды және солармен байланысты жеке мүліктік емес қарым-қатынастарды, мыс., азаматтың немесе заңды тұлғаныңар-намысын, абыройын, іскерлік беделін қорғау және т.б. реттейтін саласы. Азаматтық заңдармен реттелетін қарым-қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды Тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-территория бөліністер болып табылады. Азаматтық құқық олардың тең құқылығын, меншіктеріне қол сұғылмауын, жеке ісіне кімнің болса да өктемдікпен араласуына жол берілмеуін, азаматтық құқыларының кедергісіз жүзеге асырылуын, бұзылған құқыларының қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауы қажеттігін тануға негізделеді. Азаматтар мен заңды тұлғалар өз мүдделерін көздей отырып, азаматтық құқыларын ерікті түрде иеленеді және оларды жүзеге асырады. Сонымен қатар, Азаматтық құқық кәсіпкерлік қызметсаласында туындайтын қарым-қатынастарды да реттейді.

3. Қылмыстық іс жүргізу қағидасы – бұл заңда көрсетілген қылмыстық іс жүргізудің елеулі жақтарын көрсететін, қылмыспен күресудің қамтамасыз етілуін сипаттайтын және қылмыстық сот ісін жүргізуде тұлғаның құқықтарын кепілдендіретін жалпы басшылыққа алатын ережелер.

Қылмыстық сот ісін жүргізу қағидаларын тұжырымдау үшін оларға қойылатын талаптарды білу маңызды. Қағидалардың теориялық-құқықтық маңызы – тиісті құбылыс мәнінің талданған, объективті орын алып отырған ақиқат және онда қолданылатын заңдылықтарды бейнелейтін көрінісі.

Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етілген қағидалар жүйесі қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген: Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау қағидасы Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленген. Бұл қағида негізіне Конституцияның 34-бабы алынған [1.], онда былай делінген: «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті».

БИЛЕТ №14

  1.  Меншік құқығы және басқа да мүліктік құқықтар

1. Меншікдегеніміз—бұл жеке адамның затқа байланысты қарым қатынасы. Сондай-ақ меншік заң бойынша қорғалды Біздің елімізде меншіктің заңдастырылған екі түрі бар: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Қазақстан республикасының Конституциясына сәйкес олар бірдей мойындалады және қорғалады. Жеке меншік—бұл азаматтардің және мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктерінің меншігі, ал мемлекеттің иелігіндегі мүліктер мемлекеттік меншік болып есептеледі Біздің еліміздегі нарықтық қатынастар мемлекеттік меншіктің әр түрлі формаларының қажеттілігін тудырады.Сондықтан да біздің елімізде мемлекеттік меншікті жеке меншікке айналдыру (приватизация) жүргізіліп жатыр.

Кейбір жағдайларда мүлік тек біреудің меншік құқығында ғана емес, бірнеше адамға тиісті болуы мүмкін. Бір немесе одан да көп бірнеше тұлғаның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Ортақ меншіктің үлестік және бірлескен ортақ меншік деген түрлері бар. Меншік иелерінің үлестері белгілі болса, онда ол үлестік ортақ меншік болады. Меншік құқығына қатысты үлестері белгіленбеген болса, онда олардың үлестері өзара тең. Бұл — бірлескен ортақ меншік.

Меншік құқығын иемдену тәртібі

Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.

Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.

Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған.

Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.

Иелену құқығы дегеніміз

Иелену құқығы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету. Мысалы, адам іссапармен жол жүріп кетсе де, артында қалған мүліктің толық иесі бола алады.

Пайдалану құқығы дегеніміз

Пайдалану құқығы дегетміз — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда — кіріс, өсім, жеміс, төл алу, т.б. нысандарында болуы мүмкін. Бір ескеретін жағдай майдалану құқығы иелену құқығынан кейін пайда болады. Мәселен, жеке меншік болып табылатын тракторды шаруашылықта пайдалану — иелену құқығы, ал оны басқа тұлға пайдалануға беру—пайдалану құқығы болып табылады.

Билік ету құқығы дегеніміз

Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілуі. Бұл мүлікке байланысты заңға қарсы келмейтін қандай да болсын әрекеттерді жасау мүмкіндігі. Мысалы, өзіне тиесілі мүлікті біреуге сату, айырбастау немесе оны жойып жіберу, т.б. Меншік иесі заң жүзінде мүліктің тағдырын шешуге қабілетті.

Заттық құқықтар — бұл өзінің мүддесін қанағаттандыру мақсатында өзіне тиесілі мүлікті басқа тұлғаның пайдалануына берyi. Заттай құқықтың иесі мүлікке деген құқығын басқа тұлғаның меншігіне өткен жағдайда да сақтап қалады. Бұларға: жерді пайдалану құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы және т.б. жатады.

  1.        Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы түсінігі

Әлеуметтік қамсыздандыруда бұл қағида тек еңбекпен немесе қоғамдық жұмыспен айналысқан ғана емес, сонымен қатар жұмыс істемеген азаматтардың да (мысалы, жетім балалар, мүгедектер, жұмыс істемеген қартаң адамдар әлеуметтік зейнетақы алуға құқылы) зейнетақы алу құқығына ие болатынынан көрініс табады.

Сонымен қатар, жалпыға ортақтық қағидасы әлеуметтік қамсыздандыру құқығын тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана емес, соған қоса, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдік тұлғалар мен азаматтығы жоқ тұлғалар да иеленетіндігінен көрініс табады.

Біздің өмірімізде туындаған жаңа экономикалық жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік қамсыздандыру құқығының келесі қағидаларын атауға болады:

- әлеуметтік қамсыздандырудың жалпыға ортақтығы және қол жететіндігі;

- әлеуметтік қамсыздандыру түрлерінің жан-жақтылығы және көптүрлілігі;

  1.  ҚР сайлау жүйесі және сайлау құқығы

Еліміздегі сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары болып табылады. Олардың біртұтас жүйесін мыналар құрайды:

республикалық Орталық сайлау комиссиясы;

аумақтық сайлау комиссиялары;

округтік сайлау комиссиялары;

учаскелік сайлау комиссиялары.

Сайлау комиссиясының өкілеттілік мерзімі — бес жыл. ҚР-ның Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиясының бірыңғай жүйесіне басшылық етеді. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін Республика Президентінің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі қызметке сайлайды және қызметтен босатады. Орталық сайлау комиссиясы тұрақты жұмыс істейтін және еліміздің барлық аумағында сайлау туралы заңнамалардың орындалуына басшылық етуді жүзеге асыратын орган болып табылады. ОСК Президент және Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастырады, Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге басшылық жасайды, Президент және Парламент сайлауының еліміздегі қорытындыларын шығарады, сайланған Президентті және Парламент депутаттарын тіркейді, заңда керсетілген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар құратын, облыстық, аудандык, калалық, каладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары деп аталады. Олар Президентті, Парламенттің және мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауды әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етеді. Округтік сайлау комиссиялары саяси партиялардың ұсынысы негізінде жергілікті мәслихаттар сайлайтын орган, ол сайлау округтерінде Парламент Мәжілісінің және мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді камтамасыз етеді, сайлау округтерінде Мәжіліс депутаттары мен мәслихат депутаттары сайлауын өткізуді тікелей ұйымдастырады. Учаскелік сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастырып, үйлестіріп отырады, учаскелік сайлау комиссияларынан дауыс берудің нәтижелері туралы хаттамаларды алады, солардың негізінде округ бойынша сайлау нәтижелерін аныктайды, бұл туралы БАҚ хабар жариялайды. Учаскелік сайлау комиссияларын аудандық мәслихаттар саяси партияларды ұсынысы негізінде сайлайды. Олар сайлау учаскелерінде Президент, Парламент Мәжілісінің, мәслихаттарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жөніндегі шараларды жүргізеді (сайлау учаскелерінде сайлаушылардың тізімін анықтайды, сайлау күні сайлау учаскесінде дауыс беруді ұйымдастырады).

Сайлау құқығы Сайлау және сайлану құқығы Қазақстан Республикасы азаматының ең басты саяси құқығы (ҚР Конституциясы. 33-бап). Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы болып табылады. Сонымен қатар сайлауға қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы. Әрбір мемлекет сайлауға азаматтардың басым көпшілігінің қатысуына жағдай туғызады. Сайлауға қатысу — азаматтардың бейкам бақылаушы емес, өз елі үшін жаны ауыратындығының көрсеткіші. Бейкамдык пен қатыспаушылық жағымсыз құбылыстарға жол ашады. Сайлаушылардың сайлауга келмеуі абсентеизм деп аталады.

БИЛЕТ №15

  1.  Әкімшілік іс жүргізу

Әкімшілік іс жүргізу дегеніміз – нақты жеке әкімшілік істерді қарау және шешу бойынша өкілетті субъектілердің нормативті реттелген қызметтерінің тәртібі.

Әкімшілік іс жүргізушілік басқалардан шешетін істерінің сипаттарымен ерекшеленеді.

Істердің сипаты іс жүргізудің алдында тұрған нақты міндеттердің ерекшелігін анықтайды, мысалы, әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату, арыз бойынша шешім қабылдау.

Құқық беруші әкімшілік процеске мынадай іс жүргізулердің түрлері жатады:

-    жеке құрамды жинақтау (әскери қызметке шақыру, ЖОО қабылдау);

-    жекешелендіру;

-    азаматтардың арыз, өтініштерін қарау;

-    өнертапқыштық туралы істерді, патент туралы істерді;

-    мемлекеттік және қоғамдық мұқтаждық үшін жерлерді алу;

-    жер бөліктеріне иелік етуге, пайдалануға және азаматтар мен заңды тұлғаларға жалға беру;

-    тарату.

Әкімшілік-юрисдикциялық процеске мына іс жүргізулер жатады:

- әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс;

- қоғамға үлкен қауіп төндірмейтін қылмыстың белгілері бар әрекеттер туралы істер бойынша әкімшілік жазалау шараларын қолдану;

-  әкімшілік кесу шараларын қолдану;

- арыздар, шағымдар;

- ҚР-сының шегінен шетел азаматтарын және азаматтығы жоқ тұлғаларды қуу;

- өздігінен шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды қулату туралы істер;

- бюджетке белгіленген мерзімде төлемеген салықтар және өзге де төлемдерді төлеттіру туралы істер, кәсіпорындардан бірінші кезекте және даусыз;

- даусыз тәртіпте республикалық бюджеттен бөлінген және мақсатқа сай пайдаланылмаған құжаттарды бюджетке қайтару;

- жерлерді пайдалану ерекшеліктерін үздіксіз бұзғаны үшін жер учаскелерін алу.

Іс жүргізуді сәйкес процестің құрамды бөлігі ретінде ғана қарастыруға болмайды, сондай-ақ әкімшілік-процессуалдық құқықтың институты ретінде де қарастыруға болады. Өзінің тұрғысынан алып қарағанда іс жүргізу дегеніміз – нақты категориядағы істер бойынша құқық қолдануды реттейтін процессуалдық нормалардың жиынтығы.

2.Еңбек құқығы – құқық қайнар көзі ретінде

Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы:

• жұмыскермен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

• өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;

• еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

• еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар

Еңбек құқығы — меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқықтарын қорғайтын нормалар жиынтығы.

Еңбек құқығының қайнар көздері – бұл қай органның қандай мәселелерге қатысты қабылдағанына байланысты ерекшеленетін еңбек заңнамасының нормативтік құқықтық актілері.

В.Н.Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді: негізгі және туынды. Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады.

3.ҚР құқық қорғау органдары жүйесіндегі Прокуратура

Прокуратура — мемлекет атынан заңнама мен құқықтарды сонымен қатар адамның және азаматтың еркіндіктерін қадағалап бақылайтын құқық қорғау органы. Және де басқада функцияларды шектеулі, ұлттық заңнамамен орындалуын қадағалайды.

БИЛЕТ №16

1.Қазақстан Ресмубликасы Президентінің құқықтық мәртебесі ең алдымен Қазақсган Республикасының Конституциясымен, 1995 жылгы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының Президенті туралы'' Конституциялық заңмен, 1999 жылдың 6 мамырында енгізілген өзгертулері мен толықтыруларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қазандағы "Қазақстан Республикасы Президентімің қызметін қамтамасыз ету туралы" Жарльн ғымен регтеледі.

Республика Конституциясыиың III бөлімі Президенгтің құқықтық мәртебесін бекітеді. Президент ең алдымен — мемлекет басшысы және оның ең жоғары лауазымды тұлғасы. Мемлекет басшысы ретінде Президент ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда мемлекет атынан өкілдік ететін ең жогары лауазымды тулға болып табылады. Конституцияға сәйкес Президенттің абыройы мен арнамысына қол сұғылмайды.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің нышаны, халық пен мемлекеттің бірлігінің, Конституцияны мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мем бостандықтарының кепілі.

Қазақстан Республикасы Президентінің мімдетіне Конституция мемлекеттік биліктің барлық үш тармагыныц келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етуді енгізеді (40-6).

2.Жұмыс Уақыты– қызметкер (жұмысшы немесе қызметші) кәсіпорынның (фирманың‚ мекеменің‚ ұйымның) ішкі тәртібінің ережелеріне сәйкес жұмыс орнында болуға және еңбек міндеттерін орындауға тиіс күнтізбелік мерзім, қызметкердің еңбек процесіне қатысу ұзақтығының өлшемі. Оған, сондай-ақ, әкімшіліктің өкімімен белгіленген нормадан тыс орындалатын Жұмыс уақыты да (мысалы‚ демалыс күндеріндегі жұмыс‚ т.б.) жатады. Еңбек заңнамасында Жұмыс уақыты жұмыс күнінің, жұмыс аптасының, жұмыс айының, жұмыс жылының ұзақтығымен өлшенеді. Жұмыс күні – қызметкердің кәсіпорында бір тәулік ішінде еңбек ететін мерзімі.

1. Күнделiктi жұмыс (ауысым) iшiнде қызметкерге демалу және тамақтану үшiн жинақтап алғанда ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзiлiс берiлуге тиiс. Бұл үзiлiс жұмыс уақытына енгiзiлмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады.

2. Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiлерiнде, жеке еңбек, ұжымдық шарттарда белгiленедi. 

3. Өндiрiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкiн емес жұмыстарда жұмыс берушi қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және тамақтану тәртiбi мен орны қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша жұмыс берушiнiң актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi.

Ескерту. 53-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2004.12.23. N 20 Заңымен. 

3.Азаматтық іс жүргізу құқығы — азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқылары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін лгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды.Материалдық құқық — құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.

Материалдық құқықтың нормалары меншік нысандарын мүліктер мен адамдардың заңдық жағдайларын бекітеді, мемлекеттік органдардың құрылу тәртібі мен құрылын айқындайды, азаматтардың құқықтық мәртебесін, құқық бұзушылық үшін жауапкершілік негіздері мен шектерін белгілейді. Сонымен, мүліктік еңбек, отбасы және өзге де қатынастар — материалдық құқықтың объектілері. 

Іс жүргізу құқығының өзі— бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады — азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың тәртібін реттейтін құқық нормаларын мәжбүрлеп орындату тәртібі азаматтық іс жүргізу құқығы деп аталады.

Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық істерді қарау және шешу барысында, сондай-ақ сот шешімдерін орындауға байланысты сот пен процеске қатысушылардың арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды құрайды. Мұндай қатынастарды реттеу тәсілі императивті диспозитивтік деп аталады.

Императивтік (императив — «өкімет», «үзілді-кесілді талап» заң — таңдауға жол бермейтін) деген соттың мемлекеттікбилік органы екендігін және биліктік өкілеттіктер берілгенін білдіреді.

Соттың және судьяның талаптары, тапсырмалары, шақырулары және басқа да өтініштері, сот отырысының төрағалық етушінің өкімдері процеске қатысушылар үшін міндетті болып табылады. Сот төрелік етуді жүзеге асыру мақсатында процеске қатысушыларға мәжбүрлеу шараларымен (мысалы, сот отырысынан тәртіп бұзушыларды шығарып жіберу, мәжбүрлеп алып келуді жүзеге асыру), айыппұл салуға құқылы. Сондықтан азаматтық жүргізу қатынастарын билік және бағыныштылық қатынастары ретінде сипаттайды.

Диспозитивтік азаматтық құқық субъектілерінің осындай құқық объектілеріне билік етуге бағытталған әрекеттерді жасауға толықтай ие екендіктерін білдіреді.

БИЛЕТ №17

1.  Қаржылық бақылау - каржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау, бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған айрыкшалык кызмет жэне каржыны баскарудың функциялык элементтерінің бірі. Ол баскарудың қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті басқару сияқты басқа элементтерімен тығыз байланысты жэне бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы экономикалық категория ретіндегі каржыға бақылау функциясының тэн болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функ- ция арқылы каржы бөлудің калыптасып отырған үйлесімдері, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдаланылуы туралы ескертіп оты- рады. Қаржының бақылау функциясы материалдык игіліктерді өндіру, айырбас- тау, бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам, ең алдымен мемлекет тарапынан ықпал жасауға мүмкіндік береді. Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық катынастарда ғана адамдардың катысуымен, мынадай белгілі бір шарттардың кезінде: бақылаудың айрықша органдарын күсрғанда; оларды білікті мамандармен толыктырғанда; бұл органдардың құқыктарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп, бақылау функциясы қаржыны бакылаудың кұралы ретінде пайда- лану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде колдану коғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистің қатынастарын, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, каржыны басқарү элементтерінің (жоспарлау, есеп жэне талдаумен катар) бірі ретіндегі каржылық бакылау кондырмалық категория болып табыла- ды. Практикада каржының бақылау функциясы қаржылык бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бацылау функ- циясы - каржының ішкі касиеті, ал қаржылық бақылау каржыға тэн объективті мазмұн ретіндегі бакылау функциясын практикалық қолдану болып табылады. Қаржылык бакылау жеке емес, баска функциялармен етене байланысты іс-әрекет етеді.

Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі - оның ақшалай нысанда жүзеге асырылатындығында. Оның объекті қаржылық ресурстарды, соның ішінде ұлтт>Л{Лхіаруашылыктың барлық деңгейлері мен буындарында табыстар мен қорланымдарды калыптастыру үдерістері, акшалай қорларды жасау жэне пайда- лану болып табылады. Қаржылық бакылаудың алдында тұрған міндеттерге мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің карамағындағы акшалай ресурстар- ды (бюджеттік жэне меншікті каражаттарды, банк кредиттерін, бюджеттен тыс каражаттарды) пайдаланудың дұрыстығын тексеру; мемлекет, ұйымдар жэне халық алдында қаржылық міндеттіліктердің орын- далуын тексеру; каржылық ресурстарды өсірудің, соның ішінде өзіндік кұнды төмендету жэне өнім, қызметтер рентабелділігін арттыру жөнінде ішкі өндірістік резевтерді аныктау; кәсіпорындарда, ұйымдарда және мемлекеттік мекемелерде қаржылық опера- цияларды, есеп айырысуларды жасаудың және ақшалай каражаттарды сақтау ере- желерін сақтауды материалдық құндылықтар мен ақшалай ресурстарды ұтымды жұмсауды тексеру; қаржылық тәртіпті бұзуларды жою жэне ескерту. Оларды айқындап біл- ген жағдайда ұйымдарға, лауазымды адамдарға жэне азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал ету шаралары қолданылады, мемлекетке және ұйымдарға залал- ды өтеу қамтамасыз етіледі. Қаржылық бақылаудың міндеттерін жүзеге асыру нәтижесінде заңдылык жақтарының бірін білдіретін қаржылық тәртіп нығаяды. Қаржылыц тәртіп - бұл мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару субъектілерінің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақшалай қорларын жасаудың, бөлудің жэне пайдаланудың белгі- ленген ұйғарымдары мен тэртібін айқын сақтау.

2.Заңдык мағынасында отбасы дегеніміз — бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзгеде нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке катысты емес жекебастың құқықтарымен байланыскан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы-неке қатынасын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңы болып табылады. Отбасылық құқық тек шартты түрде ғана отбасылық деп атауға болатын өзге де қатынастарды реттейді. Мәселен, немерелері мен әжелерінің арасындығы қатынастар; өздерінің отбасын құрып, бөлек тұратын кемелетке толған ағалары мен қарындастарының арасындағы қатынастар. Бұл көрсетілген қатынастардың негізіне көбінесе туыстық жатады, сондыктан да мұндай қатынастарды туыстық қатынастар деп атау керек. Туыстық дегенде бір негізден немесе ортақ бір атадан тарайтынқандас адамдардың байланысы түсініледі. Туыстықтың екі тармағы болады: тікелей және жанама туыстық. Тікелей туыстық адамдардың бір негізден тарайтындығына негізделеді. Туыстық жоғары және төменгі тармаққа ажыратылады. Туыстықтың жоғары тармағы ұрпақтан арғы атаға қарай тарайды (әкеге, шешеге, атаға, атаның атасына және т.б.), төменгі тармак — арғы атадан ұрпақтарына карай тарайды (балағанемерегешөбереге және т.б.).

3.Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы биліктің жоғары органы болып табылады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың іс-әрекетіне басшылық етеді. Үкімет бүкіл елде мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады. Үкімет мүшелері республика халқына және Президентке ант береді. Үкімет Президент өкілеттігі мерзімінің негізінде әрекет етеді және жаңадан сайланған Президент алдында өз өкілеттігін доғарады. Үкімет мүшелерінің өкілетті органдарда (мысалы: Парламент,мәслихат) депутат болуға, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруға (оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда), кәсіпкерлікпен шұғылдануға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе бақылаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жок. Үкіметке кең ауқымды өкілеттіктер берілген. Бұл өкілеттіктердің бәрі — Конституцияда және "ҚР Үкіметі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген.

БИЛЕТ №18

1. Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылы 17 желтоқсанда қабылданған. 2007 жылы 27 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Бұл Заң мынадай бөлімдерден тұрады

Бұл Заңның Отбасы бөлімінде ата-ана және бала туралы айтылады. Бұл бөлім мынадай 5 тарауларды қамтиды:

  1.  8-тарау. Балалардың туу тегін белгілеу (45-51 баптар)
  2.  9-тарау. Баланың құқықтары (52-59 баптар)
  3.  10-тарау. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттері (60-66 баптар)
  4.  11-тарау. Ата-ана құқықтарынан айыру және оларды шектеу (67-75 баптар)
  5.  12-тарау. Бала асырап алу (76-99 баптар)

Қазақстан   Республикасында   баланың   құқықтары   туралы   заңнама   Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады: «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV Кодексі.    Қазақстан Конституциясының 27-бабында неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттiң қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы әрi мiндетi деп белгіленген. Әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы бар. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан, және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады.
2. . Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.

  1.  1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы ) сайланды.

 Қазақстан Республикасы Парламентінің құқықтық мәртебесі Парламент республиканың заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғары өкілді органы болып табылады. Ол қос палаталы, тұрақты негізде жұмыс істейтін — Сенат пен Мәжілістен тұрады. Сондықтан да біздің Парламентіміз кәсіби заң шығарушы орган ретінде қаралады.

Сенат әр облыстан, республикалық манызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан, тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасынын барлық актілеу органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды.

Мәжіліс жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардын саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат партиялық тізім бойынша сайланады. Парламент өз жұмысын сессиялық тәртіппен жүзеге асырады. Сессия бірлескен және бөлек палаталардан, палаталар бюроларынан, тұрақты комитеттерден және палаталардың бірлескен комиссияларынан тұрады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысында республикалық бюджет қаралады және бекітіледі, оның орындалуы туралы Үкіметесеп береді.

Парламент депутаты бір мезгілде екі палатаның мүшесі бола алмайды. Сенат депутаттарының өкілеттілік мерзімі — алты жыл. Мәжіліс депутаттары бес жылға сайланады. Қазақстан Республикасыньың кемінде бес жыл азаматы болған, отыз жасқа толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі (стажы) бар, тиісті облыстың (яғни оны депутаттық я сайлайтын облыстың), республикалық маңызы бар қаланың не республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы Сенат депутаты бола алады.

Қазақстан Республикасынын жасы жиырма беске толған азаматы Мәжілісдепутаты бола алады. Мәжіліс депутаттығына кандидат өзінің тұрақты қайсы жерде тұратын мекеніне қарамастан 67 сайлау округінің қалаған біреуінен дауысқа түсе алады. Парламенттің конституциялық-құқықтық мәртебесімен таныса отырып, мынадай жағдайды анықтаудың маңызы зор. Конституция түптегенде нақтылап мыналарды белгілейді:

  1.  тек қана екі палатаның біріккен отырысында қандай мәселелер қаралады;
  2.  қандай мәселелер тек кана әрбір палатаның құзыретіне жатады;
  3.  қандай мәселелерді әрбір палата дербес, яғни басқа палатаның қатысуынсыз қарауы мүмкін;
  4.  тұтас алғандағы Парламент құзыретіне жататын мәселелер палаталардың бөлек отырысында қалай қаралады.
  5.  Парламент депутатының мәртебесін көтеру мақсатында депутаттық қызметке арнайы кепілдіктер беріледі.

Парламент депутатын оның өкілеттік мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын оларға қолдануға (қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда), тиісті палатаның келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.

3. Адам құқықтарын реттейтін халықаралық актілер мен шарттар

XXI ғасыр адамның құқықтары мен бостандығын бірінші орынға койды. Әрбір демократиялық мемлекет адам құқықтарын құрметтеуге, оларды қамтамасыз етуге және бұзбауға міндеттенеді.

1948 жылғы 10 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясын қабылдады, онда адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу барлық мемлекеттер мен қоғамның аса маңызды міндеті екендігі жария етілді. Бұл Декларацияда өмір сүру құқығы, барлық адамдардың теңдігі, бостандық пен жеке басқа қолсұғылмаушылық құқығы, тұрғын үйді қорғау құқығы, азаматтық және саяси құқықтар алғаш рет айқындалды. Оның үлкен халықаралық маңызы да осында. Бұл Декларация 30 баптан түрады. Олардың кейбіреулеріне жеке-жеке тоқталып өтейік.

1-бап. Барлық адам өзінің абыройы мен құқығы жөнінен бір-бірімен тең әрі азат болып туады. Оларға ақыл-ой мен ар-ождан берілген, ендеше бір-бірімен бауырмалдық рухында ғана қарым-қатынас жасауға тиісті.

3-бап. Әрбір адамның өмір сүруге, еркіндікке және қолсұғылмайтын дербестікке құқығы бар.

7-бап. Барлық адам заң алдында тең және ешқандай айырмасыз заңды түрде теңдей қорғалуға құқылы.

29-бап. Әрбір адам өзінің еркін әрі толық кемелденуіне мүмкіндік бере алатын қоғам алдында борышты.

Өкінішке орай, жалпыға бірдей Декларацияда халықтар мен ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, соғысты насихаттауға тыйым салу көрініс таппаған. Декларацияда жарияланған адам құкықтары мен бостандықтарын мемлекеттердің сақтау міндеттеріне нұскау берілмеген, кепілдіктер көрсетілмеген, жарияланған адам құқықтарын жүзеге асыру жолдары мен құралдары айтылмаған. Алайда әлемдік қауымдастық әркашан әлемдегі соғыс пен зорлыққа тыйым салуға ұмтылады. Адам құкықтарының жалпыға бірдей Декларациясынан басқа адам құқықтары туралы халықаралық пактілер бар. Олар — экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакті, 1966 жылғы 19 желтоқсандағы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті.

Оларда мынадай ережелер мазмұндалған: халықтар мен ұлттардың өзінің мемлекеттік құрылысын өзі шешу құқығы, еңбек ету құкығы, кәсіподақтық бірлестіктер құру құқығы, білім алу, ерлер мен әйелдердің теңдігі туралы жалпылама тең және құпия дауыс беру туралы құкықтар және т.б.[1]

БИЛЕТ №19

  1.  Заңды тұлға түсінігі және түрлері
  2.  Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша құқықтыққатынас түсінігі және түрлері
  3.  Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі Конституциялық Кеңес

  1.  Заңды тұлға – заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т.б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады. Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.

2.    Әлеуметтік қамсыздардыру саласындағы құқықтық қатынастардың түсінігі

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар қоғамдық қатынастардың бір түрі болып табылады. Олар бір мезетте әлеуметтік қорғану құқығын жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.

Кез келген құқықтық қатынастар сияқты әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық нормалардың әсерімен туындайды, өзгереді және тоқтатылады. Сол себепті, құқықтық қатынастар ретінде қатынастар қатысушылары (субъектілері) арасындағы байланыстар, сонымен қатар, олардың өзара құқықтары мен міндеттері аталады. Яғни, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар құқықтық қатынастар болып табылады, себебі олар тиісті заңдардың нормаларын қолдану кезінде туындайды.

Соған қоса, әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты құқықтық қатынастар іс жүзіндегі қатынастар болып табылады және материалдық, мүліктік қатынастардың санатына жатады. Сондықтан, олар тек құқықтық нормаларға ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік қамсыздандыруға құқық беретін немесе бермейтін олармен байланысты материалдық жағдайларға, өмір жағдайларына, заңды фактілерге де тәуелді болады.

Сол себепті, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы құқықтық қатынастарды құқық нормаларының негізінде туындайтын, ақша төлемдерін төлеуге, қызмет, жеңілдіктер көрсетуге қатысты, мемлекеттік органдар, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен оларға құқылы жеке тұлғалардың арасында туындайтын қатынастар ретінде сипаттауға болады.

Әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты қатынастар сипаты бойынша әртүрлі, олар өз құрылымына, элементтер жиынтығына ие және осы ерекшеліктері арқылы ашылады.

3  Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі Конституциялық Кеңес

Конституциялық кеңес – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын ерекше сот органы (Франция, т.б. елдерде). Ол белгілі бір заңның, әкімшілік актінің немесе өзге шараның Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені сот рәсімдемесінің ережелері бойынша талқылау жолымен емес, кеңестің бір мүшесінің осы мәселе бойынша баяндамасын талқылау арқылы қарайды. Конституциялық кеңес Конституциялық сот сияқты, әдетте, аралас негізде жасақталады: мүшелердің бір бөлігін республика президенті, бір бөлігін парламент палаталарының төрағалары немесе өзге органдар тағайындайды. Қазақстан Республикасында Конституциялық кеңес – Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз ететін мемлекеттік организация Конституцияның мәртебелілігі – билік органының немесе оның лауазымды тұлғасының қандайда болсын құқықтық актісінің, іс-әрекетінің Конституцияға сай келуі, оған қайшы келмеуі. Конституциялық кеңестің өкілеттіктері де Конституция нормаларының бұзылуына жол бермеуге, оның алдын алуға бағытталған. Конституцияның мәртебелілігін қамтамасыз етуде Конституциялық кеңес дербес және мемлекеттік органдарға, лауазымды тұлғалар мен азаматтарға тәуелсіз болып табылады және тек Конституцияға ғана бағынады, қандай да болсын және басқа саяси себептерді негізге ала алмайды. Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі жеті мүшеден жасақталады. Бұған қоса республиканың экс-Президенттері де оған өмір бойы мүше болады. Конституциялық кеңестің Төрағасын Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Қазақстан Республикасы Конституциясы 72-бабының 1-тармағына сәйкес Конституциялық кеңестің қарауына мынадай мәселелер жатады: дау туған жағдайда республика Президенті сайлауының, Парламент депутаттары сайлауының және республикалық референдумның дұрыс өткізілгендігі туралы мәселені шешеді; Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қойғанға дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Республиканың халықаралық шарттары бекітілгенге дейін олардың Конституцияға сәйкестігін қарайды; Конституция нормаларына ресми түсініктеме береді; Парламент республика Президентін мерзімінен бұрын қызметінен босату туралы шешім қабылдағанға дейін және республика Президентін қызметінен босату туралы түпкілікті шешім қабылданғанға дейін – белгіленген конституциялық рәсімдердің сақталуы туралы қорытынды береді. Сондай-ақ, сот қолданыстағы заң немесе өзге де нормативтік-құқықтық акт адам мен азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапқан жағдайда, акт Конституцияға сай келмейді деп тану туралы соттардың өтініштерін қарау және конституциялық іс жүргізу тәжірибесін қорыту нәтижелері бойынша жыл сайын Парламентке республикадағы конституциялық заңдылықтың жайы туралы жолдау жіберу өкілеттіктері де Конституциялық кеңестің құзырына жатады. Аталмыш 5 өкілеттік тобын Конституциялық кеңес республика Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының, Парламент депутаттары жалпы санының кемінде бестен бір бөлігінің, Премьер-Министрдің өтініші бойынша жасақтайды.

БИЛЕТ №20

  1.  Құқық қорғау органдарының жүйесіндегі ҰҚК
  2.  Қылмыс құрамы
  3.  Некені бұзу, тоқтату, жарамсыз деп тану

  1.  Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары - Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын және өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн арнаулы мемлекеттiк органдар.

Ұлттық қауiпсiздiк органдарының мiндеттерi:

      1) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;

      2) «Сыртқы барлау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының мүддесі үшін барлау ақпаратын іздеп табу;

      3) шетел мемлекеттерi арнайы қызметтерi мен ұйымдарының, сондай-ақ жекелеген адамдардың Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiне нұқсан келтiруге бағытталған барлау және өзге де қызметiн анықтау, алдын алу және тыю;

      4) Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, тұтастығын бұзуға және қауiпсiздiгiн әлсiретуге бағытталған терроризм және өзге де қызметтi анықтау, алдын алу және тыю;

      5) заңмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының жүргiзуiне жатқызылған қылмыстарды анықтау, тыю, ашу және тергеу;

      6) Қазақстан Республикасының Президентiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарын, Қарулы Күштерiн, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларын бейбiт кезде және соғыс уақытында үкiметтiк байланыспен қамтамасыз ету;

      7) Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарында, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарында шифрлау жұмысын ұйымдастыру;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi және қорғауды қамтамасыз ету болып табылады

2. Қылмыс — бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет — қылмыс деп танылады».

Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.

  1.  Қылмыс әрқашан іс-қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет — бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
  2.  Қылмыс — бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
  3.  Қылмыс — әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық—бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
  4.  Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
  5.  Жазалалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.

Қылмыстың жіктелуі

Қылмыстарды жіктеу — бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет — онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсызда жасалған әрекет — орташa ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет — ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет — аса ауыр қылмыс деп танылады.

3. Некені тоқтату және оның негізі

Ерлі – зайыптылардың жәке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған білгілі бір оқиғаардың тууына байланысты немесе ерлі – зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:

-ерінің қайтыс болуы;

-соттың ерлі – зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;

-некенің бұзылуы (ажырасу).

Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу.

Ерлі – зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда – жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі – зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай – ақ жұбайлардың біреуінің өтініші -бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:

-АХАТ органдарында ерлі – зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;

-кәмелетке толмаған балаларының болмауы;

-бір – біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.

Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі – зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып – тоғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы, некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды. Ерлі – зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді. АХАТ органдарының некенің бұзылуын тіркеу кезінде ажырасудың себептерін анықтауға, ерлі – зайыптыларға татуласу үшін мерзім беруге қақысы жоқ.

БИЛЕТ №21

  1.  ҚР құқық қорғау органдарының жүйесі
  2.  Жергілікті мемлекеттікбасқару
  3.  Мәмілелер түсінігі, түрлері

  1.  ҚР Құқық қорғау органдары

      Құқық қорғау органдарына өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының прокуратура, ішкі істер, қаржы полициясы, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, кеден органдары жатады.

      Құқық қорғау қызметінің принциптері:

      1. Құқық қорғау органдарындағы қызмет Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің принциптеріне және құқық қорғау қызметінің арнаулы принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Құқық қорғау қызметінің арнайы принциптері мыналар болып табылады:

      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғау міндеттілігі;

      2) азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық;

      3) құқық қорғау органдарында құқық қорғау қызметін ұйымдастыруға көзқарастың біртұтастығы;

      4) дара басшылық пен субординация (бағыныстылық);

      5) саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіз болу.

  1.  Жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

  1. Жергілікті өзін-өзі басқару облыс, аудан, қала, қаладағы аудан, ауылдық (селолық) округ, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл (село) шегінде жеке жүзеге асырылады.

      2. Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қоғамдастық мүшелері тікелей, сондай-ақ мәслихаттар мен басқа да жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырады.

      Облыстың, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның, ауылдық (селолық) округтің, ауылдық (селолық) округтің құрамына кірмейтін кент пен ауылдың (селоның) әкімі мемлекеттік басқару функцияларымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын да жүзеге асырады.

  1.  ҚР  Азаматтық Кодексінің 147-бабында көрсетілгендей мәмілелер дегеніміз азаматар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттер.

Мәміле ауызша, жазбаша, не болмаса конклюдентті әрекет арқылы және үндемеу (әрекетсіздік) сияқты түрпішіндері болады.

Мәмленің ауызша түрпішіні мәміле жасаушы тараптардың өзара еріктерінің тікелей қабылдануы. Бұл жерде мәм іле жасаушылардың еркі тараптардың бір-бірімен  ауызша келісіміне негізделеді. Мұндай келісім телефон, тараптардың тікелей кездесуі, жүздесі не олардың өкілдері арқылы жасалуы мүмкін.

Жазбаша мәмілелер:

  1.  Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы талап көрсетілмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатын әрекеттен басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын әрекет жағдайында;
  2.  Мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткштен жоғары сомаға жасалатын мәміле жазбаша түрпішінде жасалуы тиіс;
  3.  Заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген зге де реттерде жазьаша түрде жасалуға тиіс.

Мәміленің түрлері:

Мәміле жасауғ араласатын тараптардың санына байланысты :

-біржақты;

-Екіжақты;

-көпжақты

Бір жақ екінші жаққа көрсеткен қызметі, жұмысы үшін ақы алатын мәміле ақылы мміле делінеді. Керісінше болса, ақысыз д.а.

Мәміленің жасалу уақытына байланысты:

-нақты (заттық, мүліктік)

-келісімді (консенсуалды) мәміле

Мерзімді дәне мерзімсіз мәмілелер болады. Мерзімсіз мәміледе оның күшіне ену не

БИЛЕТ №22

  1.  ҚР сот билігі

Қазақстан Республикасының сот жүйесін — Жоғарғы Сот және жергілікті соттар — облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.

Аудандық (қалалық) соттар — соттар жүйесінің негізгі буыны — сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.

Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) — орта буын соттарын — Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.

Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты — сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды.

2ҚР-ның экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы.

Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз.

Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4.  Жеке тұлғалар.

3ҚКұқықтың қайнар көзі

  1.  Жалпыға міндетті, заңдық маңыз берілген, мемлекеттен шығатын және мемлекет мойындаған ресми іс-құжатты нысанда көрінетін нормалардың жиынтығы құқықтың дерек (қайнар) көздері деп аталады. Құқықтың қайнар көздерінен құқықтың нысандарын (формаларын) айыра білу керек. Біріншіден, құқықтың қайнар көздері әрқашан құқықтың нысан түрінде институтталған, ал құқық нысаны құқық шығару (құқық қабылдау) іс- әрекетінің нәтижесі. Екіншіден, адамдардың мінез-құлығын құқықтың нысанына сіңген құқық ережелері анықтайды, реттейді. Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр – мемлекет рұқсат берген дәстүр; 2) заңдық прецедент  - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді. Сондай-ақ, құқықтану, құқық негіздеріне байланысты әдебиеттерде құқықтың алты қайнар көздері былай көрсетіледі: құқықтық дәстүр, нормативтік кесім, соттық үлгі, шарт (соның ішінде әкімшілік), сот практикасын байыту, ғылыми құқықтық доктрина.
  2.  Құқықтың ең алғашқы қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығы құқықтық дәстүр деп ат\ды. Дәстүр мемлекет пайда болған кезде ғана құқықтық сипатқа ие болады. Себебі, дәстүр мемлекеттің қолдауына сүйеніп жалпыға бірдей міндеттілікке айналады.
  3.  Құқықтың қайнар көздерінің тағы бірі докторина деп аталады. Докторина деген сөз ілім, ғылыми философиялық не құқықтық теория, құқықтық білімдер жүйесі деген мағына береді. Мыс, діни докторинаға сүйеніп біршама қоғамдық қатынастар құқықтық сипатқа ие бола алады. Нақтырақ айтсақ Ислам дінінде Құранның, Шариғаттың көмегімен кейбір отбасы –некелік, мүліктік ж\е де басқа даулар қаралып шешілген. Сонда Шариғаттық докторинаға негізделіп қабылданған шешім заң деп есептелген.
  4.  Құқықтың қайнар көзіне келесі бір құқықтық өске өнеге болатын құқықтық үлгі де жатады. Құқықтың үлгінің соттық ж\е әкімшілік сияқты екі түрі болады.

БИЛЕТ №23

Еңбекақы Жалақы — еңбектің күрделілігіне, саны мен сапасына сәйкес төленетін сыйлық (табыс). Еңбекақы — қаржыландыру көзіне қарамастан , ақшалай немесе заттай түрде еңбекке төленетін ақылардың барлық түрі, сондай-ақ, әр алуан сыйақылар, қосымша төлемдер, үстеме ақылар мен әлеуметтік жеңілдіктер. Бұлардың қатарына арнаулы заңға сәйкес қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыты (жыл сайынғы еңбек демалысы, мерекелік күндер, т.б.) үшін берілетін ақша сомасы да жатады. Е-ны нормалау негізгі екі әдіс: орталықтық және келісімшарттық реттеу арқылы жүзеге асырылады. Еңбекке ақы төлеуді орталықтан реттеу дегеніміз Е. тарифтерін, қызметкерлердің барлық категорияларына Е. төлеуге арналған бірегей тарифтік кесте қолданудың негізгі шарттарын, қызметкерлердің кәсіби біліктілігі бойынша сараланған разрядаралық кесімді коэффициенттерді, т.б. мемлекеттің тағайындауын білдіреді. Яғни Е-ны орталықтан реттеу мемл. нормалау тәсілі болып саналады. Сондай-ақ, Е-ны келісімшарт арқылы нормалау әдісі де қолданылады. Нарықтық қарым-қатынастардың, еңбек нарығының қалыптасу жағдайында Е. мөлшерін ұжымдық-келісімшарттық және жекеше-келісімшарттық реттеудің (ұжымдық және жеке еңбек келісімшарттары, шарттамалар) үлес салмағы артып келеді. Ал орталық реттеу тәртібі, негізінен, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің еңбегіне қатысты қолданылады. Жалақының ең аз мөлшері — Қазақстан Республикасының Конституциясы кепілдік беретін меншік түрлеріне қарамастан, ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін адамдарға төленетін ақшалай төлемдердің ең аз мөлшері. Жалақының ең аз мөлшерін Қазақстан Республикасының Парламенті жыл сайынғы республика бюджеті бойынша анықтайды.

Мемлекет жалақының ең аз мөлшеріне кепілдік береді. Соның өзінде бұл ереже олардың қызмет саласы мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, экономиканың мемлекеттік секторының барлық кәсіпорындары мен ұйымдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ жекеменшік ұйымдарда жалданып жұмыс істейтін қызметкерлерге де қатысты.

Еңбекақынын ең аз мөлшері жылға тиісті бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы белгіленеді және жыл сайын қайта қаралады. Мысалы, 2005 жылы еңбекақының ең аз мөлшері жеті мың теңгені құрады.

Жалақыны нормалау мемлекет орталықтандырған және шарттық деп аталатын негізгі екі әдіс бойынша жүзеге асырылады.

Жалақыны орталықтандырылған әдіспен реттеу мемлекеттік нормалау әдісін білдіреді. Ол мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын мекемелердің, ұйымдардың қызметкерлеріне қатысты.

Жалақыны шарттық әдіспен реттеу ұжымдық және жеке еңбек шартының негізінде жүргізіледі.

Айлық тарифтік ставкалар мен лауазымдық ақылар еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттік тарифтер болып табылады.

2 Мемлекеттік басқаріБасқару мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда, қоғамдық құрылыстың барлық саласында қолданылып, аз шығындармен барынша тиімділікке қол жеткізуді көздейді. Сондықтан да басқару теориясы мен тәжірибесі барлық деңгейлерге тән. Басқару процес ретінде жалпылама сипатқа ие болып, табиғаттың барлық құбылыстарында, яғни өлі табиғатта, тірі табиғатта және қоғамдағы әлеуметтік жүйені басқару процестерінде орындалады. Осыған байланысты басқару ісі барлық бірдей территориялық бөліктерде, әлеуметтік экономикалық жүйелерде обьективті түрде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудағы дербестілік саяси алғышарттарының қажеттілігін ескертеді. 80 жылдардың екінші жартысынан тастап бұрынғы Кеңес одағында, сондай-ақ Қазақстан қоғамдық саяси ахуал қарама - қайшылықтармен сипатталып, қоғамдық тұрақсыздықты көрсетті. Орталықтың Республика мен оның аймақтарының мүдделерін ескермеуі, қоғамдық және территориялық еңбек бөлінісінде орын алып отырғандай, мекемелік және жергілікті мүдделердің қарама-қайшылығының артуы, табиғи ресурстардың бей - берекет пайдаланылуына мүмкіндік беруі экономикалық ахуалдың шиеленісе түсуіне әкеліп соқтырды. Тұрақсыздықтың ең басты себебі жоғарыда аталғандай жүйенің ішкі тоқырауында болды. Тіпті 1993 жылдың аяқ кезіне дейін дербес экономикалық саясат орын алмады. 
Барлық шаруашылық жүргізу жүйелерінің ішінде ең тиімдісі болып нарықтық экономика табылады. Ол еңбекті ынталандыруды жетілдіреді, өнім өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етеді, өндірушілердің монополиясына жол бермейді және өндірісті тұтынушы сұранысына бағыттайды.
Республикамызда терең де батыл өзгерістерді жүзеге асыруда нақтылы алғышарттар қажет етілді. Осы бағытта 1990 жылы 25 қазанда Қазақстан мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы және 1993 жылы Республиканың Ата Заңының қабылдануы мемлекетіміздің тарихындағы жаңа сәт болып табылды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 30 тамызында қабылданған екінші Конституциясы және 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң еліміздің әлеуметтік экономикалық дамуында айрықша орын алады.\ ірінші заң Қазақстан Республикасының Конститутциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзретін, қызметтің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихат депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді. Сонымен бірге өзін-өзі қаржыландыру мәселесі де қарастырылған. Заңның үшінші бабында былай деп жазылған: жергілікті мемлекеттік басқару қызметінің экономикалық және қаржылық негізін: жергілікті бюджет; коммуналдық заңды тұлғаларға бекітілген мүлік, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес коммуналдық меншіктегі өзге де мүлік құрайды.
Ұғыну барысында екі заңның айырмашылығын білу өте қажет. 

3.Мемлекеттiк қызмет туралы заңдар 

М
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппараттарындағы кәсіптік қызметі. Мемлекеттік қызмет әрқашан да мемлекет қаражат қорынан қаржыландырылады, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы мен жолсапар шығындарыбюджеттен өтеледі және қажет болған жағдайда арнайы баспанаға, ғимаратқа орналастырылып, өздеріне жүктелген өкілеттілікті атқаруға қажетті арнаулы керек-жарақпен жабдықталады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметкердің айрықша мәртебесі болады. Қызмет мерзімі ішінде мемлекеттік қызметшілерге өз өкілеттігін жүзеге асыруға керекті міндеттер мен арнайы құқықтардан бөлек әлеуметтік артықшылықтар мен жеңілдіктер беріледі. Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 21-бабында әрбір адамның өз елін басқаруға қатысуға құқы танылған. ҚР сол декларацияға қосылушы мемлекет ретінде өзінің әрбір азаматының Мемлекеттік қызметке кіруге деген тең құқығын Конституцияда белгіледі. Мемлекеттік қызметке үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына қарай әртүрлі болады. Соған орай азаматтың Мемлекеттік қызметке кіруіне кедергі болатын негіздер де заңдарда көрсетіледі. Басты негізге азаматтың қасақана қылмыс үшін сотталғандығы жатады. Шет ел азаматтарының ҚР-ның Мемлекеттік қызметіне кіруіне құқы жоқ. Конституцияға сәйкес, мемлекеттік қызметкердің жасы 60-тан, ерекше жағдайларда 65- тен аспауы тиіс екендігі көрсетілген. ҚР-да Мемлекеттік қызмет жүйесін

  1.  саяси
  2.  әкімшілік болып екі санатқа бөлінген лауазымдар құрайды. Саяси лауазымға мемлекеттік саясатқа ықпалды жоғары лауазымдар жатады, қалған лауазымдар әкімшілік санатта одан әрі жіктеледі.

емлекеттiк қызмет туралы заңдар Конституциядан, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 

3-бап. Мемлекеттiк қызметтiң принциптерi 

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк қызмет:
1) заңдылық
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттiк өкiметтiң заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетiмдiлiк, яғни Республика азаматтарының мемлекеттiк қызметке қол жеткiзуге және өз қабiлеттерi мен кәсiби даярлығына сәйкес мемлекеттiк қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттiк қызметке кiруiнiң ерiктiлiгi;
7) мемлекеттiк қызметшiлердiң кәсiбилiгi мен жоғары бiлiктiлiгi;
8) мәнi бiрдей жұмыстарды орындағаны үшiн еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өз өкiлеттiгi шегiнде қабылдаған шешiмдердi орындаудың бағынысты мемлекеттiк қызметшiлер мен төменгi мемлекеттiк органдардың қызметшiлерi үшiн мiндеттiлiгi;
10) мемлекеттiк қызметшiлердiң бақылауда болуы және есептiлiгi;
11) мемлекеттiк құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетiн қызметтi қоспағанда, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтық және әлеуметтiк қорғалуы;
13) мемлекеттiк қызметшiлердi қызметтiк мiндеттерiн адал, ынталы атқарғаны, ерекше маңызды және күрделi тапсырмаларды орындағаны үшiн көтермелеу;
14) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны не тиiсiнше орындамағаны және өздерiнiң өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны үшiн жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды үздiксiз жүргiзу принциптерiне негiзделедi.

БИЛЕТ №24

  1.  Әкімшілік жауапкершілік Әкімшілік жауапкершілік — азаматтар мен лауазымды адамдардың өздерінің әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттері үшін заңалдындағы жауапкершілігінің бір түрі. Кінәлі адамдар өзі құқық бұзған уақытта және территорияда қолданылатын заңдар негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Қазақстан Республикасында 1984 жылы 24 наурызда қабылданған (1995 жылы 1 сәуірде бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізген) “Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі” қолданылады. Осы құжат бойынша әкімшілік жауапкершілікке құқық бұзған сәтте 16 жасқа толған азаматтар ғана тартылады. Әскери қызметшілер мен әскери жиындарға шақырылатындар, ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқықты бұзған ретте тәртіптік жарғылар бойынша жазаланады. Қазақстан Республика Парламентінің депутаттарын — сәйкесті Парламент палатасының, жергілікті мәслихат депутаттарын — сәйкесті өкілетті органның келісімінсіз, ал Қазақстан Республикасының судьяларын Қазақстан Республика Президентінің келісімінсіз Әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сондай-ақ республикадағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды, өзінің іс-әрекетіне есеп бере алмайтын, есі дұрыс емес адамдарды т.б. Әкімшілік жауапкершілікке тартуға қатысты мәселелер қолданыстағы әкімшілік кодексте егжей-тегжейлі көзделген.
  2.  Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-субъектілігі. Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет қабілеттіліктен. 
    Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі. Бұларға тән белгі нақты әкімшілік-құқықтық қатынастарға шынайы түрдегі қатысудың өзі емес, соларға қатысушы бола алатын мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік осындай ұғымында жеке немесе заңды тұлғаның әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Сондықтан әкімшілік құқықтың субъектілері мен әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілерін теңдестіруге болмайды, олардың арасында айтарлықтай айырмашылық бар. 
    Әкімшілік құқықтың субъектілері әкімшілік құқық субъектілігінің екінші элементін, яғни әкімшілік әрекет қабілеттілікті иеленген кезде әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады. Бұл адамның немесе ұйымның өзінің іс-әрекеттерімен құқықтар иемденуді, өзіне заңдық міндеттер алуды, сондай-ақ өзінің іс-әрекеттері үшін жауап беретіндігін болжайды. Нақтылап айтқанда сөз адамның немесе ұйымның өзінің әкімшілік құқық қабілеттілігін нақты әкімшілік-құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асыратын іскерлік қабілеттілігі туралы болып отыр. Құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік әкімшілік құқық субъектілігінің статиқалық (тұрақты) және динамикалық (өзгермелі) белгілері ретінде ара қатыста болады. Бірақ практикада олардың арасына айқын шек қою әрқашанда мүмкін емес.
  3.  Әкімшілік құқықтық қатынас

Әкімшілік-құқықтық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандай да болмасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда, құқықтық норманың біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісі қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі; осы қатынас тараптарының іс-қимылдарын (мінез-құлықтарын) құқықтық нормамен реттеу: құқықтық нормамен белгіленетін құқықтық қатынас тараптарының өзара міндеттері мен құқықтарын сәйкестендіру (корреспонденциялау) және с.с.
Сонымен, әкімшілік-құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік құқық нормаларымен реттелінген басқарушылық қоғамдық қатынастар, ондағы тараптар әкімшілік-құқықтық нормалармен тағайындалған және кепілденген өзара байланысты міндеттер мен құқықтарды иеленуші болып табылады.
Бұл құқықтық қатынастардың қатысушылары (тараптары) мыналар болуы мүмкін: Қазақстан Республиксының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар;
мемлекеттік ұйымдар: атқарушы билік (мемлекеттік басқару) органдары: мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер; мемлекеттік емес ұйымдар; қоғамдық бірлестіктер (партиялар, одақтар т.с.с); еңбек ұжымдары; жергілікті өзін-өзі басқару органдары; коммерциялық құрылымдар; жеке кәсіпорындар мен мекемелер.
Әкімшілік-құқықтық қатынастар тараптардың қайсысының болса да - басқару органының, азаматтың және сол сияқты басқалардың - ынтасы бойынша пайда болады. Бірақ екінші тараптың келісім немесе тілегі олардың пайда болуына барлық жағдайларда міндетті шарт емес. ол екінші тараптың тілегіне қарамастан немесе оның келісімінсіз де пайда болуы мүмкін. Бұл белгі оларды азаматтық-құқықтық қатынастардан ерекшелейді.
Тараптардың арасындағы әкімшілік-құқықтық даулар, қағида бойынша, әкімшілік тәртіппен, яғни өкілетті басқару органының немесе лауазымды адамның тікелей заңдық биліктік және біржақты өкім ету жолымен шешіледі.

БИЛЕТ №25

  1.  Қаржы құқығы -  құқық  қайнар көзі ретінде

Қаржы құқығының объектісі болып тек мемлекеттік қаржылар көрінетін атаған жөн. Жеке қаржының құрамына кіретін осы қатынастарға сүйене отырып қаржы құқығының пәні болуы мүмкін емес.

Демек, мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болатын қатынастар қаржы құқығының пәні бола алады.

Қаржы құқығымен реттелмейтін қаржы қызметінің процессінде пайда болған қаржы қатынастары туралы айтқанда, бір қатар бұндай қатынастарды тек қателікпен қаржылық және мемлекеттің қаржы қызметін жүргізу барысында пайда болушылық ретінде жіктейтінін ұмытпаған дұрыс. Бұл аталған қызметтің шегін негізсіз ұлғайтқанның салдарынан болады. Бұндай қатынастарды санына мемлекеттік ақшалық қорларды пайдалануға байланысты тауар-ақшалы бола тура, не қаржылық, не мемлекеттің қаржылық қызметінің процессінде пайда болушылық болмайтын қатынастар жатады. Сондықтан, бұл қатынастар бұл қызметке ешқандай қатысы жоқ, ол тек кәдімгі шаруашылық (көбінесе кәсіпкерлік) қызметтің өнімі болып табылады. Мемлекеттің қаржы қызметінің процессінде пайда болушылықты реттеулік және реттелмеулік қаржы құқығымен шектеуге кейде заңгерлік құқықтық реттеу тәсілі түрінде критерий енгізеді. Бұндай қатынастардың санына шарттармен орталанған қатынастар жатады. Яғни «Шартты – демек қаржылық-құқықтық емесе» деген принцип қолданылады. Барлық мемлекеттік қаржылық қатынастар бұл қатынастарды құқықты реттеу тәсіліне байланыссыз түрде қаржылық құқықтың пәні болатынын атап айтқан дұрыс. Сонымен, қаржы құқығының саласы толық мемлекеттің қаржылық қызметінің саласымен сай келеді және керісінше.Қаржылық құқықтың қайнар көздері қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін өкілдік және атқару органдарының нормативтік құқықтың актілері болып табылады.

Қаржылық құқықтың ең басты қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. Бірақ қаржылық өатынастарды құқықтық реттеуде І-кезекте ҚР Үкіметінің қаулылары, және заңастылы актілері маңызды ролі атқарады жалғастырып келеді. Қаржы Министрлігінің, мемлекеттік табыс Министрлігінің, ал кейбір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банк актілерімен яғни ведомствовалық құқықтық актілер арқылы құқықтың реттеу тәжірибесі қолданылады.

Қазіргі уақытта экономика да, қоғам тұттасымен де бірқалыпта жұмыс атқара алмайтын еліміздің ақшалық жүйесінің мемлекет қаржылық заңдар жинағымен анықтайды.

Қаржылық құқықта құқықтың реттеушіліктің 2-тәсіл қолданылады: бұйрықты және келісімді.

  1.  Жарамсыз мәмілелер

Жарамсыз мәміленің ұғымы. Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық кодекстің 157-бабында бұл туралы былай делінген: "мәміленің нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерік білдіру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделі адамдардың, тиісті мемлекеттік органның не прокурордың талабы бойынша мәміле жарамсыз деп танылуы мүмкін".

Жарамсыз мәмілелердің түрлері. Азаматтық құқык теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді: а) субъект құрамының ақауы болатын мәміле; ә) еріққе қатысты ақауы бар мәміле; б) нысанның ақауы бар мәміле; в) мазмұнының ақауы бар мәміле. Азаматтық кодексте мазмұны заң талаптарымен сәйкес келмейтін кез келген мәміле жарамсыз болатындығы жөнінде жалпы норма бар (АК-тің 158-бабы).

Субъектілік құрамының ақауы бар мәміле екі топқа бөлінеді. Оның біріншісі азаматтардың әрекет қабілетсіздігімен, екінші — занды тұлғалардың арнайы кұқық кабілетгілігімен немесе олардың органдарының мәртебесімен байланысты болады.

Қатысушылардың жасы мен психикалық жағдайынан туындаған әрекеттер мәміленің жарамсыз болуына басты негіз болып есептеледі.

Ондай жарамсыз мәмілелерге мыналар жатады:

а) Азаматтық кодекстің 23-бабында көзделген мәмілелерді қоспағанда, он төрт жасқа толмаған адам жасаған мәміле жарамсыз болады (АК-тің 159-бабының 3-тармағы);

ә) он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған баланың ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамкоршыларының келісімінсіз жасаған мәмілесін, зан бойынша оның өзі дербес жасауға құқығы бар мәмілелерді қоспағанда, сот ата-анасының (асырап алушыларының) немесе қамқоршысының талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін (АК-тің 159-бабының 4-тармағы);

  1.  Қылмыстық жаза жүйесі және түрлері

Жаза жүйесі дегеніміз – қылмыстық заң бойынша белгіленген жазалардың ауырлығына қарай белгілі бір тәртіппен орналасуы. Жаза жүйесі ол жазалардың түрлері. Жазаның жүйе ретінде қарастыру оларды жүйелі, соттық тәжіриби үшін аса маңызды. Қылмыс жасаған адамға жаза тағайындау барысында негізді дұрыс, әділ жаза тағайындалмауына үлкен септігін тигізеді.

Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар міндетті болып табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарт, шегі және тәртібі белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай жазаның түрлері мынадай топқа бөлінеді:

1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан айыру.

2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза түрлері : белгілі бір лауазым атықарыу немесе белгілі бір қызметпен шұғылдану құқығыннан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.

3. Соттталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты жазалар: түзету жұмыстары, айыппұл мүлікті тәркілеу;

4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға байланысты жаза түрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топқа бөлінеді: бірінші топты негізгі жазалар құрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң бойынша жеке – дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.

БИЛЕТ №26

  1.  Қаржылық бақылау түсінігі және түрлері

аржылық Бақылау

Қаржылық бақылаудың түсінігі.

 Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық звеноларының ресурстарды құру, бөлу, пайдалану негізін тексеруге бағытталған ерекше қызметі.

 Қаржылық бақылаудың  мақсаты мемлекеттің қаржы саясатын ұтымды жүргізуге, қаржы ресурстарын құру мен тиімді бөлу үдерісін қамтамасыз етуге бағытталған. Қаржылық бақылаудың құн катигориясын пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде мақсаты және белгілі бір қолдану аясы бар.

 Қаржылық бақылаудың объектісі  болып қаржы ресурстарын, оның оның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық звенолары  мен деңгейлерінің ақша қаражаттары қоры нысанында, құру және пайдалану барысындағы ақшалай, бөлу үдерістері танылады.

 Қаржылық бақылау мынадай тексерулерді қамтиды: экономикалық заңдардың талаптарын сақтау; жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлудің оңтайлы пропорциясы; бюджетті құру және орындау (бюджеттік бақылау);шаруашылық жүргізуші  субъектілердің, бюджеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдар мен қорлардың, басқа да заңды тұлғалардың қаржылық жағдайы мен еңбек, материалдық, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану; салықтық бақылау. Қаржылық бақыаудың іс жүзіндегі көптеген типтері, түрлері және нысандарын мынадай белгілері бойынша жіктемелеуге болады:

  1.  Бақылау қызметтерінің суъектісі мен сипаты: мемлекеттік, ведомстволық пен сыртқы ведомстволы, корпоративтік, меншік иесінің бақылауы, комиссиялық  және жекелік;
  2.  Бақылау объектісі: ішкі, сыртқы, технологиялық, экономикалық, басқарушылық технологиялық, экологиялық, заңдылықжәне т.б.;
  3.  Бақылау аясы: халықаралық, қоғамдық, тәуелсіз, парламенттік, үкіметтік, соттық, салалық, салааралық, ішкі-шаруашылық;
  4.  Бақылау нысаны; аудит, тексеру, тақырыптық тексеру, зерттеу шолуы талдау, қаржылық – бухгалтерлік сараптама:
  5.  Өккізу мерзімі: алдынала, жедел, ағымдағы, келесі, жылдық, тоқсандық, ай сайынғы, он күндік және тәуелдік;
  6.   Қамтау толықтығы: толық, ішінара, кешенді, камерельдық, операциялық, тақырыптық, жаппай, іріктелуі, бір және көп мәнді;
  7.  Бақылаудың түрлері: орындалудың бақылауы, сәйкестігін бақылау, есеп беруді бақылау, тиімділігін бақылау мен арнаулы бақылау;
  8.  Бақылау әдістері: құжаттық, нақтылық, атқарымдық, жүйелік, логикалық, ыңғвйласпалық, ұйымдастырушылық, математикалық, құқықтық, компьютерлік, мониторингтік, технологиялық;
  9.  Бақылаудың кезеңдігі: бір жолды, қайталамалы, жүйелі, жоспарлы, төтенше және т.б.

  1.  Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары

Алименттік қатынастар және оның түрлері Алименттер (лат. alimentum деген сөзінен — "тағам, асырап-бағу" дегенді білдіреді) — заңда белгіленген жағдайларда бір отбасы мүшелерінің оның өзге мүшелерінің пайдасына төлеуге міндетті белгілі бір ақшалай қаражат. Алименттік міндеттемелер негізгі отбасылық қатынастар болып табылады, ал олардың мақсаты — отбасының еңбекке қабілетсіз және көмек қажет ететін мүшелерін асырау. Алименттер сот шешімімен (алименттер төлеудің соттық тәртібі) немесе тараптардың келісімімен (алименттер төлеудің ерікті тәртібі) төленеді.

Алименттік міндеттемелердің өзіне тән мынадай белгілері болады:

• бұл қайтарып берілмейтін сипаттағы міндеттеме. Алимент төлеушінід өз шығынын қандай да бір орнын толтыруға құқығы жоқ;

• олардың қатаң жекебастық сипаты бар. Мұнын мөнісі, алимент төлеуге міндетті адам ол міндетін орындауды басқа біреуге тапсыруға қақысы жоқ. Екінші жағынан, алимент алуға құқықты адам, бұл құқығын езге біреуге бере алмайды. Алимент алу құқығы және алимент төлеу міндеті мұрагерлік тәртіппен басқа адамға кешпейді;

• алименттік міндеттеме мүліктік-құндық болып табылады, яғни бұл арада материалдық игіліктерді (әдетте, ақшалай қаражатты) алушының мүлкіне өткізу (косу) жүзеге асырылады.

Алименттік міндеттемелерге төмендегідей заңдық фактілер негіз болады:

• субъектілер арасында туыстық немесе өзге де отбасылық байланыстың болуы (мысалы, ерлі-зайыптық қатынастар);

• заңда немесе талаптардың келісімінде көрсетілген шарттардың болуы (мысалы, алимент алушынын мұктаждығы, еңбекке жарамсыздығы, алимент алушылардын көмелетке толмағандығы және баскалары);

• тараптардьщ алимент төлеу жөніндегі келісімі немесе соттың алимент өндірш алу жөніндегі шешімі.

Алименттік міндеттемелердің немесе алименттік қатынастардың мынадай түрлері болады:

• ата-аналардын балаларға қатысты алименттік міндеттемелері;

• балалардың ата-аналарға қатысты алименттік міндеттемелері;

• ерлі-зайыптылардың және бұрынғы жұбайлардың алименттік міндеттемелері; көмелетке толған ағалары мен қарындастарының, әжелері мен аталарының алименттік міндеттемелері.

  1.  Іс жүргізу құқығы түсінігі

Қылмыстық іс жүргізу құқығы қылмыстық құқықпен тығыз байланысты. Қылмыстық іс жүргізу құқығы — бұл қылмыстық істер бойынша іс жүргізу тәртібін бекітетін және қылмыстық істерді қозғау, тергеу, сотта қарау бойынша анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура мен сот үкімінің орындалуы мен ісжүргізу мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар жүйесі.

Қылмыстық процесс — бұл алдын ала тергеу, прокурор, судья және сот органдарының заңмен реттелген қызметі. Ол қылмыстар туралы өтініштерді (хабарларды) алдын ала тексеру, қылмыстық істерді тергеу, қарау және шешу, үкімнің орындалуы бойынша қызметтер болып табылады, Қылмыстық процестің екі мақсаты бар:

тікелей — әрбір қылмыс жасаған адам әділ жазаға тартылуы тиіс; әрбір кінәсіз адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, сотталмасын;

жалпы — заңдылықты нығайту; қылмыстардың алдын алу және жою;азаматтарды құқықтық және адамгершілікке тәрбиелеу.

Қылмыстық процестің міндеттері мынадай: қылмыстарды тез арада және толықтай ашу; кінәлілерді табу; заңдарды дұрыс қолдану.

Қылмыс жасалғаннан кейін бірнеше құқықтық қатынастар туады. Олардың ішінде ең маңыздысы — өкімет органдары мен қылмыс жасаған азаматтардың арасындағы құқықтық қарым-қатынас. Бұл қатынасты қылмыстық процессуалдық қатынас деп атайды.

Жалпы мемлекет және құқық теориясына сәйкес қылмыстық құқықтық қарым-қатынас мемлекет пен қылмыс жасаған адамның арасында туатыны белгілі, ал процессуалдық қарым-қатынас қылмыстық іс жүргізетін орган мен қылмыскердің арасында туады, қылмыстық заң қылмыс жасаған азаматтардың жауапкершілігінің негізі мен шегін анықтайды, ал  қылмыстық іс жүргізу  заңы айыпкерді жауапқа тарту негізі мен тәртібін анықтайды.

Қазіргі қолданыстағы заң бойынша қылмыс жасаған адам дәлелсіз тағылған айыптан, орынсыз сотталудан және әділетсіз жазадан заңды түрде қорғануға құқылы. Алайда тергеуші, не болмаса прокурор қылмыстық іс қозғап, алдын ала тергеу жүргізбесе, процессуалдық қарым-қатынас тумайды, себебі қылмыстық іс қозғауға құқылы мемлекет органдары мен  лауазымды адамдар қылмыс болғанын білмейді. Басқаша айтқанда, ең бірінші қылмыстық құқықтық қарым-қатынас пайда болады, содан кейін құқықтық процессуалдық қарым-қатынас туады (арыз, шағым не болмаса хабарлама түскеннен соң), өйткені материалдық заңының өмір сүру жолы іс жүргізу болып саналады. Қылмыстық құқықтық қарым-қатынас қылмыстық процессуалдық қарым-қатынассыз жүзеге аса алмайды.

БИЛЕТ №27

  1.  Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету жолдары
  2.  ҚР атқарушы билікті ұйымдастыру жүйесі

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстан Республикасында жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.

Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады.

Үкімет мәртебесі, құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Конституциясының V тарауы бойынша және Қазақстан Республикасының Үкімет туралы заңы бойынша реттеледі.

Үкіметтің құқықтық мәртебесі

Қазақстан Ресупбликасының Үкіметі — мемлекеттік билiктiң ерекше тармағы ретiнде министрлiктерден, агенттiктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкiмшiлiктерден тұратын жергiлiктi атқарушы органдар жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесiнiң негiздерi Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген (64-бап). Үкiметтiң құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбi ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгiленген. Үкiмет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.

Үкіметті құру

Үкiметтi Республика Президентi ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртiппен құрады. Премьер-Министр Үкiмет басшысы болып табылады. Премьер-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент Премьер-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт.атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды.

Қазақстан Үкiметi — алқалы орган. Оның құрамына Үкiмет мүшелерi — республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кiредi. Премьер-Министр мен Үкiмет мүшелерi қызметке кiрiсер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкiметi туралы конституциялық заңда белгiленген тәртiппен ант бередi. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берiлген. Ол Президентке Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметiне кандидатуралар жөнiнде, министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi, Үкiметтiң қызметiн ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшiн дербес жауап бередi.

  1.  Конституцияның заңдық қасиеттері

Конституцияны нормативтик құқықтық актілердің басқа түрлерінен ерекшелендіретін өзіндік бірнеше заңдық қасиеттері бар. Біріншісі, конституцияның үстемдігі- оның жоғарғы заңдық күші. Ол дегеніміз: Конституцияның нормалары басқа құқық салалары үшін дереккөзі; нормативтік актілерді тек Конституцияда көрсетілген органдар ғана қабылдай алады; нормативтік актілердің барлығы Конституция нормаларына сәйкес болуы қажет; мемлекеттік органдар, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару органдары, лауазымды адамдар, азаматтар, бірлестіктер Конституция нормалары мен баптарын бұзбай сақтауға міндетті. Конституцияның үстемдігі сол Конституцияның өзімен бекітіледі. Екіншісі, Конституцияның құрылтайлық сипаты. Конституция мемлекеттік құрылыс пен мемлекеттік биліктің іске асырылуының негізін құрайды, бекітеді. Конституцияның нормалары мен баптары басқа нормативтік актілерге қарағанда алғашқы болып табылады. Үшіншіден, Конституцияның тура, тіке әрекеті.  Бұл қасиетін төмендегідей түсіну керек: Конституцияның нормалары заң шығару, атқару және сот билігі үшін міндетті болып есептеледі; Конституцияның нормалары сотта құқық субъектілері өз құқықтарын қорғау үшін пайдаланылуы мүмкін. Төртіншіден, Конституцины өзгертудің және қабылдаудың ерекше тәртібі  бар. Конституцияны қабылдау не оған толықтырулар мен өзгерістер енгізу, тек Конституцияда бекітілген ерекше жолмен, яғни конституцияның дәрежесіндей заңдық күші бар актінің көмегімен және ол актіні қабылдауға құзіреті мен құқы бар органның еркімен жүзеге асырылады. Бесіншіден, Конституция ерекше құқықтық қорғауға жатады. Конституцияны құқықтық қорғау дегеніміз конституциялық заңдылықтың сақталу тәртібін қамтамасыз ететін заңды құралдардың жиынтығы. Конституция мен конституциялық құрылысты қорғауда ерекше рөл, мемлекет басшысы, ең жоғарғы лауазымды мемлееттік қызмет, Конституцияның мызғымастығының кепілі, Конституцияны қорғауға ант беретін Қазақстан Республикасы Президентінің үлесіне тиеді. Сонымен бірге Конституцияны қорғау мақсатында құқық қорғау органдары құрылады.

БИЛЕТ №28

  1.  Құқық нормасы түсінігі және құрылымы

Құқық көптеген адамдар мен жағдайларға таралатын, ұзақ уақыт бойы әрекет ететін құқықтық нормалардың, мінез – құлық ережелерінің күрделі әрі, әр алуан жүйесі.

Құқық нормасы құқықтық бастапқы элементі. Сондықтан да, құқыққа тән анықтама, белгілер құқықтық нормаға да тән. Сонымен, құқық нормасы – бұл жалпыға міндетті, формальді анықталған мемлекет бкіткен не санкциялаған және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған мінез – құлық ережелері. Құқықтық норма әлеуметтік нормалардан бір түрі, бірақ өзіне ғана тән белгілер бар:

1. жалпыға міндетті сипатты – бұл құқық нормасының көптеген нақты өмірлік жағдайларға және көптеген адамдарға жаралады. Құқықтық норма тек жеке тұлғаларға емес, сонымен қатар, ұйымдарға да міндетті.

2. формальді анықтылығы – ресми құжаттарда жазбаша нысанда тиісті атаулы болады.

3. мемлекетпен байланысы – мемлекеттік органдармен не қоғамдық ұйымдармен белгіленеді, және мемлекеттік күштеу, ынталандыру, жазалау шараларымен қамтамассыз етіледі.

4. ұсынушы және міндеттеуші – адамдардың мүмкін не міндетті мінез – құлқын мемлекеттік үстем ережелері.

5. микрожүйелігі – бүртүрімен байланысты гипотеза, диспозиция және санкция сияқты элементтерден тұруын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы – бұл оның ішкі құрылысы, бір – бірімен байланысты құрылымдық бөліктердің болуын білдіреді. Заңи норманың құрылымы – бұл оның функционалдық дербестігін қамтамассыз ететін қажетті элементтердің тәртіпке келтірілген тұтастығын білдіреді.

Құқықтық норманың құрылымы:

1. гипотезадан;

2. диспозициядан;

3. санкциядан тұрады.

1. Гипотеза – бұл оның қолданылу жағдайын (уақыт, орын субъективті құрам) көрсететін қ. нормасының элементі.

2. Диспозиция – бұл гипотезада көрсетілген заңи фактінің туындағанда субъектілердің мінез – құлқын білдіретін құқықтық норманың бір элементі. Диспозиция норманың негізгі реттеуші бөлімі (мысалы, азаматтық құқықта диспозиция тараптардың құқықтары мен міндеттерін білдірсе, қылмыстық құқықта тиым салған әрекеттерді жасауды көрсетеді).

3. Санкция – бұл диспозицияны іске асырғаны не асырмағаны үшін субъектіге белгілі бір салдарды көрсететін құқықтық норманың бір бөлігі.

Олар жағымсыз – жазалау шаралары және жағымды – ынталандыру шаралары деп бөлінеді.

  1.  Табиғатты пайдалану құқығы

Жалпы мағынасында табиғат пайдалану деп адамның өзінің әралуан өмірлік қажеттерін (экономикалық, экологиялық, рухани, мәдени-сауықтыру, имандылық - эстетикалық қажеттерін) қана-. ғаттандырумен итермелейтін адамның табиғатпен өзара әрекеті ұғынылады. Мысалы, ҚР "Қоршаған ортаны қорғау туралы" За- ңына сәйкес табиғат пайдалану — адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалану.

Табиғат пайдалану ұғымын экологияны пайдалану ұғымынан айыра білу керек. Егер табиғат пайдалану адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғи ресурстардың тәртібі ретінде ұғынылатын болса, онда экологияны пайдалануда ең алдымен қоршаған ортаны және тұтастай алғанда экологиялық жүйені барынша сақтау мүддесі үстем болады.

Табиғат пайдалану құқығы объективтік мағынасында — табиғат объектілерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып табылады.

Субъективтік мағынасында табиғат пайдалану — бұл адамның әр алуан өмірлік қажеттерін қанағаттандыру үшін табиғат объектілерін пайдалану жөніндегі табиғат пайдаланушылардың заңмен белгіленген құқықгары мен міндеттерінің жиынтығы.

Сөйтіп, тұтастай алғанда табиғаттың пайдалы қасиеттерін немесе жекелеген табиғи ресустарды қолданыстағы заңмен белгіленген шектерде және шарттарда өздерінің кэжеттерін кднағаттандыру үшін пайдалану құқығы деген анықгама беруге болады.

Барлық уақытта да мынаны ескерген жөн: табиғат пайдалану тек адамның өмірлік қажеттерін қанағаттандыру құралы қызмет атқарып қоймай, сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға теріс ықпал етуі де мүмкін.

Табиғат пайдалану құқығын беру негіздерінің бірі — бүл табиғи ресурстарды пайдалануға берілетін лицензия және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмепің жекелеген түрлерін жүзеге асыру.

Қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласыңда мына төменде аталған шаруашылық қызметінің эко- логиялық жағынан қауіпті түрлері міндетті түрде лицензиялауға жатады:

Улы, радиоактивтік және басқа да қауіпті зиянды заттармен ластанған жерлерді техникалық қалпына келтіру

Су объектілерін ластануға және бітеліп қалуға жеткізетін аса қауіпті химиялық және биологиялық заттар мен радиоактивтік материаддарды өндірістік мақсаттарға пайдаланатын кәсіпорыңдар мен құрылыстарды су жинайтын алаңдарда салу мен орналастыру;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін техногендік минералдық түзілістерді сақтау;

Қоршаған ортаға зиянды ықпал ететін химиялықжәне биологиялық заттарды өндіру.

Сондай-ақ, қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында экологиялық аудиторлық қызмет, сонымен бірге табиғат қорғау жобалауы, нормалау және экологиялық сараптама саласындағы жұмыс міндетті түрде лицензиялануға тиіс.

  1.  ҚР бюджет жүйесі

Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.

Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесін құрудың кағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары. Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да жерлердің (ландтардың), Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлың (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердін оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дэрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сакталады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджет; республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті бекітіледі, атқарылады және дёр^ес болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).

Қазақстан Республикасында талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын мемлекеттік және шоғырландырылған бюджеттер, облыс бюджеті жасалады. Мемлекеттік бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» үғымы қолданылады. Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады. Облыс бюджеті - өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, облыстық бюджетті, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерін біріктіретін ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры. Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджет әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін. Мемлекеттік төтенше бюджет республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және Қазақстан Республикасында төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі және осы мерзім ішінде қолданыста болады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасынын, Парламенті дереу хабардар етіледі. Мемлекеттік төтенше бюджеггің қолданылу уақытында республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейлердегі жергілікті орғандардың бюджеттері туралы мэслихаттар шешімдерінің қолданылуы токтатыла тұрады. Мемлекеттік төтенше бюджеттің қолданылуы токтатылысымен Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау жүргізіледі. Қазақстанның бюджет жүйесінің буыны ретіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры оқулықтың 16 тарауында қаралған.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез келген басқа мемлекеттер дегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады.

БИЛЕТ №29

  1.  ҚР еңбек құқығының түсінігі, пәні, әдісі, жүйесі

Еңбек құқығының нарығы жұмыс істеу үрдісіндегі еңбекті қолдану мен оны ұйымдастыру барысында  қалыптасып,  қоғамдық қатынастарды реттейді.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын  қоғамдық  қатынастардың шеңбері  кең және неғұрлым күрделі.

Ондағы негізгі орынды-жұмыскер мен жұмыс беруші арасында жұмыскердің  өз еңбек қызметін  іске асыру кезінде  пайда болған еңбек қатынастары алады. Еңбек қатынасының негізгі мағынасы мен оның обьектісі  жұмыс, яғни  азаматтың еңбекке деген  мүмкіндігін іске асырудан басталады

Еңбек құқығының пәні келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

Ø      қарым қатынастар  ішкі еңбек қатынасы жағдайында  жұмыскерді  белгіленген өзара еңбек ету жағдайына бағындырудан шығады;

Ø      жұмыскер нақты бір мекеменің еңбек ұжымына  енгізіледі;

Ø      еңбек қатынастары – жұмыскерді   жеке еңбек келісім шарты арқылы жұмысқа  жіберуге негізделген ерекше заңды деректерге байланысты пайда болады;

Ø      еңбек қатынасының мазұмыны   жұмыскердің  қатаң түрде белгіленген,  кәсіпке, мамандыққа, біліктілік пен лауазымға  негізделген  жұмысты атқаруымен байланысты.

Еңбек құқының  пәнін құрайтын еңбек қатынасынан басқа  қатынас   шеңберіне  еңбекке қатысты (еңбекке қосарланатын, одан шығатын немесе онымен бірігетін) қатынастар да жатады. Ондай қатынастар мыналар;

Ø      ұйымдастыру-басқару қатынасы;

Ø      жұмысқа алу бойынша қатынастар;

Ø      жұмыс барысындағы  кәсіби дайындығы мен  біліктілігін арттыру қатынастары;

Ø      еңбек келіспеушілігін қарастыру барысындағы қатынастар;

Ø      еңбек заңдылығын сақтау мен  оны бақылауға байланысты қатынастар.

2. Еңбек құқының әдістері

   Еңбек құқының қазіргі кездегі әдістері  төрт негізгі  белгілермен сипатталады:

1. Еңбек қатынастарының  орталықтанған және оқшауланған  реттеулерінің  өзара  бірлесуі. Бұл белгі еңбекті басқарудың   мемлекеттік –құқықтық  негізін көрсетеді. Орталықтанған басқару  нормативтік-құқықтық  актілерді  қабылдау арқылы жүзеге асырылады, онда еңбекке қатысудың ең төменгі кепілдігі белгіленеді. Оқшауланған  реттеулер  жекеленген және  ұжымдық  еңбек келісім шартына отыру арқылы, сондай-ақ  жұмыс берушінің актісін қабылдау арқылы жүзеге асады.

2. Келісімдік, ұсынылған және  императивтік  реттеу әдістерінің  бірлесуі. Келісімдік  реттеулер  еңбек қатынастарында туындайтын  көпшілік жағдайында   олар  өз бетімен оған қатысушы болады, яғни келісім шартқа отыру арқылы (мысалы,  жұмыс істеу аптасы мәселесін шешу барысында, еңбек ақы төлеу жағдайын шешу барысында т.б.) Ұсынылған әдіс  ұсыну әдістері болған жағдайда  көрінеді, оны сақтау заң шығарушы үшін міндетті болып саналады, алайда екі тарап ешқандай санкция  қолданылудан қорықпайтын жағдайда  оны сақтамауына да болады.   Мұндай нормаға  бірінен кеиін бірін екі бірдей  демалыс күнін беру жатады. Реттеудің императивтік әдісі  міндетті түрде норманы  сақтаудың барлығымен көрінеді.  Негізінен еңбекті қорғаудың барлық  институттары  императивтік  нормадан тұрады.  Сонымен қатар  заң шығарушы  жалақы көлемін, демалыс уақытына т.б. жұмысқа алу  жасына  қатысты ең төменгі талаптар қояды.

3. Кәсіподақтық мекемелердің  еңбек қатыныстыран реттеуге қатысу. Кәсіподақтық  негізгі екі  функцияны  жүзеге асырады- өкілетті және қорғаушы, сондай-ақ ұжымдық келісім шартқа отыру кезінде, жеке еңбек келісім шартына отыру барысында  және ұжымдық  еңбек келіспеушілігі кезінде  жұмыскердің мүддесін қорғайды.

4. Жұмыскерлердің  еңбек құқығын қорғау  әдістерінің өзіндігі.  Ол ерекшелік ең бірінші  еңбек  құқы-  ол кәсіподақтық мекемелердің  әрекет ету негізінен көрінеді. Сонымен қатар  арнайы мекемелер мен  еңек  келіспеушілік жағдайларын қарастаратын   әдістер бар- ол  мекемелер келісім коимссиясы, немесе  көтеріліс жасау сияқты әдістер

3. Еңбек құқығының жүйесі.

ҚР еңбек құқының жүйесі-ол бір  тұтас (сала) негіз құрайтын,  неғұрлым жеке өзіндік білім беруге бөлінетін жүйе (институттар), сондай-ақ басқа да  одан да  құрылымдық бөлшекті  норманы құрайтын (институт ішіндегі жіктердің) нақты  жалпылығы.

Еңбек құқының барлық жүйесі  құралым бойынша  екі үлкен – Негізгі және Ерекше бөлімге бөлінеді.

  1.  Құқықбұзушылық түсінігі және оның құрамы

ұқық , құқық бұзушылық термині пайда болған кезінен, бұл тақырыпқа зерттеушілер көп еңбек арнаған. Оның себебі, адамзат қандай да прогресстік жолға шықса да, адам мен адам, тұлға мен қоғам арасында әрқашан да түсінбеушілік пайда болады. Қоғам ішіндегі проблемаларды шешу үшін, біздің заманымызға дейн адамзат заң мен жеке құқықты ойлап тапты. Құқық бұзушылықпен, адам баласы жер бетін алғашқыда басып жүрген кезінен кездескен. Эмилем Дюркгейм айтқандай: Құқық бұзушылық әр сау қоғамның бір белгісі . Сонымен де, құқық бұзушылықтын қандай да формасы, жеке тұлғаға, жалпы қоғамға, тұтас мемлекетке де, материалдық, социалдық, психологиялық, саяси да, зиян келтіреді. Жақын туыстарынан айырылуы, ақша жағынан зиянға ұшырауы, денсаулыққа зардап шегуі және т.б., бұның барлығы әр адамға өте ауыр тиеді. Ал әлемдік масшабтағы құқық бұзушылықты алсақ, бұл – терроризм, геноцид, соғыстар, рассалық бөлініс, бүкіл адамзатқа, планетарлық масштабта зиян келтіреді. Сондықтан да, біз қоғамды реттейтін заңды ережені, құқық , немесе норма деп атаймыз. Осыған байланысты ережелерге қарсы әрекеттерді, біз құқық бұзушылық , немесе қылмыс деп те, атаймыз.

Құқық бұзушылықты түсіну және ашу, бұл мемлекет және құқық теориясы пәнінің басты қызметтердің бірі. Бұл проблемаға өте терең зерттеу жүргізу, оның социальдық маңызын білу, қоршап тұрған факторды есепке алу, болашақта заң бузұшылықты азайту, жетістіктерге қол жеткізе білу, бұның барлығы болашақ заңгерлерге үлкен көмек береді.

Бұл тақырыпты зерттегенде алғашқыда, құқық бузұшылықтың жалпы белгілерге дұрыс, жеке сипаттама беру керек. Құқық бузушылықтың классификациясы болса да (азаматтық, әкімшілік және т.б. қ.б.), оларды біріктіретін ортақ белгісі бар бұл – белгіленген ережелерді орындамау немесе заңға бағынбау. Есімізге салған жөн, құқық бұзушылық, бұл адамдар әрекетті (немесе әрекетсіздігі) және де, жауапқа тек адамдар тартылады. Қоғамға табиғат немесе жануар әрекетінен зиян келсе, олар жауапқа тартылуы мүмкін емес. Бірақ та, тарихқа назар аударсақ, 18 ғасырға дейн Еуропаның кейбір елдерінде жануарларды жауапқа тарту процестері кездескен. Жаупқа тарту процесстерінде де, өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, 14 жасқа толмаған балаларды заң алдына жауапқа тартуға болмайды. Тек қана белгілі елдің азаматы ғана емес, сонымен бірге басқа елдің азаматтары да, қылмыс үшін жаупқа тартылады.

Мемлекет және құқық теориясы, құқық бұзушылық түсінігін студенттерге терең анализ жасауға, субьективті және обьективті қарауға, дұрыс шешімді таңдап алуға үйретеді.

  1.  Ерлі-зайыптылардың құқытары мен міндеттері

Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

Тіркелген неке ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен міндеттерді тудырады.

«Неке және отбасы туралы» Заңның 29-бабына сәйкес ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарына мыналар жатады: тегін таңдау құқығы, қызмет түрін, мамандықты, тұрғылықты жерді таңдау құқықтары, отбасы өмірінің мәселелерін бірлесіп шешу құқығы.

Заңға сәйкес ерлі-зайыптылар тең құқықтарды пайдаланады және тең міндеттерді атқарады. Ерлі-зайыптылардың жеке құқықтарының теңдігі отбасы өмірінің барлық жалпы мәселелерін (ана, әке болу, балаларға тәрбие мен білім беру мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелері) олардың бірлесіп және өзара келісе отырып шешуінен көрінеді. Алайда, ерлі-зайыптылардың ешқайсысы да жеке құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру кезінде артықшылықты пайдалануға тиіс емес.

БИЛЕТ №30

  1.  Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері

Азаматтық құқықтарды қорғау тәсілдері

Қорғау құқығы құқыққа өкілетті тұлғаға мүмкіндіктің үш тобын

Азаматтық құқықтарды қорғау арнайы қарастырылған заңнамалық актілер жағдайында

Қорғау әрекеттерінің басқаларымен салыстыру бойынша – бұл қорғау

Құқыққа өкілетті субъект басқа тараптардың заңды мүдделері мен

Азаматтық құқықты өзіндік қорғау тәсілдерінің бірі қажетті қорғану

Өзін -өзі қорғау шараларын аса қажеттілік жағдайында қолдану

Жедел ықпал ету шаралары – бұл мемлекеттік құзыретті

Азаматтық заңнамаларда қолданыстар ережелерде жедел ықпал ету шараларына

Жедел ықпал ету шаралары нақты емес заңды сипатта

Азаматтық заңнамалардың қолданыстағы ережелерімен мынадай жолдарда құқық бұзушыға

Егер заңнамалық актілер немесе шартпен өзгедей көзделмесе, қолданыстағы

Заңнамаға сай кәсіпкерлік түсінігі мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылықтың жүргізу

Мемлекеттік қауіпсіздік мақсатында, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, қоршаған

Субьективті азаматтық құқықтарды қорғау әдістері ретінде заңмен бекітілген

Көптеген әдебиеттерде бұзылған құқықтар мен игіліктерді (жеке мүліктік

Ал Азаматтық Кодекстің 47-тараудың 4-параграфында-моральдық зиянды өтеу (возмещение

Алайда Азаматтық Кодексте бұл екі термин арасында қайсыбір

Азамат пен заңды тұлғаның ар-намысы, қадір – қасиеті

1) кір келтіретін мағлұматтарды, егер ондай мағлұматты таратушы

2) кір келтіретін мағлұматтарды, егер олар бұқара ақпарат

3) бұқара ақпарат құралдарында азаматтың немесе заңды тұлғаның

4) мағлұматтар ұйымнан шыққан құжатта болса, мұндай құжат

5) кір келтіретін мағлұматтарды теріске шығарумен бірге олардың

Демек, заң шығаруцшы осындай жеке мүліктік емес құқықтардың

ҚР Жоғары Сотының №3 Нормативтік Қаулысының 2-бөлігінде азаматтардың

1. Мүліктік емес игіліктер мен өзіндік құқықтар бұзылғанға

2. Мүліктік емес игіліктері мен өзіндік құқықтардың бұзылуының

3. Моральдық зиянға ақша нысанында өтем жасау жолымен

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 682-бабында: «моральдық

келтірілген зиян үшін ресми кешірім сұрау;

ақшалай өтемақы туралы талап-арыз қою;

бұқара ақпарат құралдарында жарияланған кір келтіретін мәліметтерді жалған

әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті орган

Сонда бұл – «моральдық зиянның орнын толтыру»

Жоғарыда келтірілгендерді сараптай келе, төмендегідей тұжырымдар мен сұрақтарды

моральдық зиянның табиғатын қарастырған кезде, жалпы зиян деп

заңнаманы шолып, жеке мүліктік емес құқықтарды қорғау

заңнамада қолданылатын моральдық зиянның орнын толтыру (өтемін төлету)

  1.  ҚР қылмыстық құқығы

Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы. Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де Қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқықының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқықҚылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. Мысалы, меншік, ең алдымен, азаматтық құқық нормаларымен реттеліп, қорғалады, бірақ меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан (ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық) қорғау Қылмыстық құқықтың міндетіне жатады. Қылмыстық-құқықтық нормалар тек қана тыйымдардан құралады. Осыған орай қылмыстық-құқықтық қатынастар бір жақты сипатта болады: қылмыскер жазаға тартылуға тиіс, ал мемлекет сот органдары арқылы оны жазалауға құқылы.[1]

Қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғаудың ерекше әдістері де қолданылады. Олар: қылмыстық-құқықтық санкциялар, яғни қылмыстық жазаның алуан түрлерін қолдану; қылмыстық жауаптылықтан босату; мед. сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану.

Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

Қылмыстық құқық субъектілері (қылмыстық-құқықтық қатынастарға қатысушылар) — мемлекет органдары және азаматтар. Мұнда мемлекет белсенді рөл атқарады: ол қылмыстық-құқықтық санкцияларды белгілейді және қолданады. Азаматтар мен басқа да жеке тұлғалар қылмыс субъектісінің, сондай-ақ қажетті қорғаныс, аса қажетті жағдайда және қылмыстық жауаптылықты жоққа шығаратын басқа да жағдайларда әрекет ететін тұлғалар рөлін атқаруы мүмкін. ҚР Қылмыстық құқық-ында заңды тұлға қылмыс субъектісі бола алмайды, ол қылмыстық-құқықтық қатынастарға тек жәбірленуші ретінде ғана қатысады. Қазақстанда Қылмыстық құқықтың бірден бір көзі — 1997 ж. қабылданған ҚР Қылмыстық кодексі. Қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, өзгертетін немесе оның күшін жоятын басқа заңдардың бәрі ҚР Қылмыстық кодексінің мәтініне енгізілуге тиіс. Сондай-ақ ҚР Конституциясы, ҚР Конституц. Кеңесінің (кей елдерде Конституциялық сот) шешімдері және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар (мысалы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықараралық пакт, 1966) да Қылмыстық құқық көздері болып табылады. Кейбір елдерде қылмыстық кодекспен қатар қылмыстық жауаптылықты белгілейтін өзге де заңдар Қылмыстық құқық көзі болып табылады. Ағылшын-саксон елдерінің Қылмыстық құқық жүйесінде соттың айрықша шешімдері де Қылмыстық құқық көздері деп танылады. Бірқатар мұсылман елдерінде шариат нормалары Қылмыстық құқықтың аса маңызды көзі болып саналады.

  1.  Ұжымдық еңбек шарттары

Осы заң ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасасу және орындаудың жалпы құқықтық әрі ұйымдық негіздерін анықтайды.  

        1-бап. Ұжымдық шарт

      Ұжымдық шарт тараптардың - кәсіпорын иесінің (жұмыс берушінің, кәсіпкердің) және еңбек ұжымының мүдделерін келістіру құралы қызметін атқарады, қолданылып жүрген заңдар негізінде жасалады әрі бір жағынан - еңбек ұжымының, оның мүшелері мен олардың отбасыларының еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу жөніндегі меншік иесінің міндеттемесін, екінші жағынан - меншік иесінің құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі еңбек ұжымының міндеттемесін қамтиды.  

        2-бап. Ұжымдық шартты әзірлеу, жасасу және орындау принциптері

  Ұжымдық шарт:  

 тараптардың әлеуметтік серіктестігі, өзара сенімі мен құрметі, құқықытары мен міндеттерінің ара жігін ажырату;  

шарт қағидаларын әзірлеуге еңбек ұжымы мүшелерінің кеңінен қатысуы;  

шарт қағидаларын әзірлеуде тараптардың тең құқықтылығы;  

тараптарға жүктелетін міндеттемелерді материалдық, өндірістік және қаржылай қамтамасыз етудің нақты мүмкіндіктерін ескеру, олардың заңды құқықтары мен мүдделерін сақтау;  

шартқа енгізілген міндеттемелердің орындалуы үшін тараптардың бақылау жасауы және жауапкершілігі принциптері негізге алына отырып жасалады.

3-бап. Ұжымдық шарттың тараптары және олардың өкілдері

Мемлекеттік кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік құрылымда (бұдан әрі - "мемлекеттік кәсіпорын") жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.  

Мемлекеттік емес кәсіпорында немесе өзге де мемлекеттік емес құрылымда (бұдан әрі - "мемлекеттік емес кәсіпорын") жасалатын ұжымдық шарттың тараптары кәсіпорын иесі немесе ол өзінің өкілі болуға уәкілдік берген кәсіпорын басшысы мен еңбек ұжымы болады.  

Еңбек ұжымы жалпы жиналыс (конференция) кейпінде тұтастас не кәсіподақ немесе өзі уәкілдік берген өзге де орган кейпінде қатыса алады. Кәсіпорындарда бірнеше кәсіподақ ұйымдары болған кезде шартқа қол қою процесінде еңбек ұжымының атынан қатысу құқығын олардың ішінде қай органға беру не оларға ортақ өкілдік тапсыру туралы мәселе ұжымның жалпы жиналысында (конференциясында) шешіледі.  




1. Развитие личности ребенка под влиянием факторов среды
2. Пословицы и афоризмы в системе социального и индивидуального знания.html
3. Реферат- Государственный и правовой строй Древней Греции
4. Екатеринбург Рос
5. Финансовый риск как объект управления
6. Пояснительная записка
7. НА ТЕМУ- Вирулентные и лизогенные фаги.html
8.  Изучаемое физическое явление и законы- Тепловое излучение
9. просвещенного абсолютизма2
10. Концепции развития современных технологий и энергетики