Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

жылды~ жас а~ыны наминациясы бойынша Дарын жастар сыйлы~ыны~ наминанты

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

Қайырбек Салтанат  Ерланқызы 1995 жылы 4 тамызда Алматы обл Жамбыл ауданы Ұзынағаш елді мекенінде дүниеге келген. 2011жылы Қарағанды әкімінің «жылдың жас ақыны» наминациясы бойынша «Дарын» жастар сыйлығының наминанты. Қалалық жыр мүшайраларының жүлдегері. Өлеңдері Қарағанды ақындарының «Қасымнан ғасырға» аудиоанталогиясына, 2013ж  Қазақстан облыстары ақындарының "ДАЛА ДАРЫНЫ" атты сериямен шыққан «Сарырқа сазы» жыр-жинағына енген. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің 1 курс студенті.

Арнау

Бірер сөз...

Бірер іс...

Шақ қалды.

Ренжісе салмақпыз қазір-ақ.

Жанымыз ақ көңіл-ақ қарды

Еріте салуға әзір-ақ.

Шілдеден нөсерді күтпеген,

Мұңаям балауса гүлдердей.

Ауысты рөліміз бүкпеп ем,

Тек қана барамын үлгермей.

Бәрі де ақылға қонымды,

Кез келген өлеңім өңдермін.

Байқамай ауыртып жанымды-

Жүргенге келмейді жол бергім.

Өлеңім, өзің деп өр едім!

Тыйымдар. Ауыр ғой тыныстау.

Көнемін, қалауы ...төренің-

Дұрыс қой, осылай дұрыстау...

(Бастысы ұрыспау…)

Болсыншы қалауы, дегені,

Атымды өшірмес көнген күн.

Бектігін танытсын  тек елі,

Ал мені өлген күн.

 

***

Ұмытам, көңлім көнсе егер,

Жыладым ылғи баласып.

Кетуің керек болса егер-

Кетіп қал. Жол ашық.

Мұңы тым ауыр, шынайы,

Жүрегім мұндай күткен бе?

Мінезің жиған «ұпайы»

Келерсің бір күн біткенде.

Өткеннен қашам қайда боп?

«Ұмытам»  десем жас тамад.

Жылдардан толқын пайда боп,

Жанымды шайып тастамақ.

Тазалық іздеп тұнықтан,

Өмірдей мына қалалық.

Әлдене мен де ұмытқам-

Әкелемін деп жаңалық.

Балалық еді, ауылым,

Көңілім бе еді кіршіксіз?

Көрмеген гүлін, жауынын,

Көктемім бе еді бүршіксіз?

...Ұмытам деймін, қайдағы!

Айналып кетем шоқтарға.

Ұмыту сірә, пайдалы-

Жауапкершілігі жоқтарға.

Күлкі мен шаттық төгілген,

Өлеңін оқып көңілден,

Өмірім мәңгі өрілген

Өзің ұмытқан өмірмен.

***

Сезім бе? Сезім...

Ұмыттым әнін.

Жүрегім нені ұқтырад?

Көзіңнен сөзің біліп тұрамын

Сезімнен осым мықтырақ!

 

Сезім бе?

Сезім қимайды екен.

Ұмытып. Қызық, онысы.

Қосылса жасын тыймайды екен,

Осыдан қорқад көбісі.

 

Түсінбес, көрмес ешқандай адам,

Алдынан шықсын күткені.

Жасалған кезде кеш қалмай қадам-

Сезімнің соңы-түктені.

 

Нүктені қояр сезімге өмір

Өлгендігіңді ескеріп.

Жарқ ете қалған кезінде көңіл,

Ел аузындағы естелік

 

Түсінбес, көрмес ешқандай адам,

Күттіріп қойып күткені,

Жасалған кезде кеш қалмай қадам-

Сезімнің соңы-түктені!

 

Екеуміз бірақ білеміз,білем.

Жүрегің нені ұқтырад?

Ұғынып қана жүреміз, жүрем.

Бәрінен осы мықтырақ!


            

                             

«Бес күн жалған дегенім бар болғаны-балалығым екен ғой...»

Мирас Асан

Ризамын, мейріміңді төккен болсаң,

О, тағдыр! Махабатты жасырмаған.

Қайтетін ем бүршіксіз көктем болсам-

Түнерген аспан болсам ашылмаған?!

Жанарыңнан бір сезім сығалады.

Мөлдірін-ай, қарар ем күлімсіреп.

Қарамадым, жүрегің ұға алады-

Мен бүгін жаныңдамын, бірінші рет.

Қара қыздың бақытқа бөленгені-

Алғашқы рет сүйетін, сый алатын.

Қаншама сезім жайлы өлеңдері-

Қол ұстасып жүруге ұялатын.

Жазылмаса қағазға несі  мұңды?

Жанарынан оқыдым тосын өлең.

Еркелете атады есімімді-

Жүрегіме бір жүрек қосып өлем.

Бұйырар ма ізгі амал қайта маған?

Өткенімде, өлеңде жас қалыпты.

Шуақ шашты, қалайша байқамағам-

Мендік өмір енді-енді басталыпты,

Біздің өмір-басқа, мықты.

*****

Өзіңді...

Сағынышымнан таппадым,

Жоқтайтын көңіл күзі ғой.

Сағынуға да батпадым

Сен жайлы кейде үзік ой.

Көндіріп көңіл қалғанға

Шақырады екен қайда арман?

Алам деп еске жалғанда-

Қорқамын жылдар, айлардан.

Санама ұзақ жолдағы

Әлденелерді түйген күн.

Біреуге сыңар болғалы

Сүйген күн, күліп үйрендім.

Сен болсаң солай алыста

Біреуге бақыт болып тек.

Жарыңмен солай табыс та

Мені де сырттай көріп кет.

Жаралы, жалғыз күнімде

Келмеді, түк те демеді.

Өкінер. Қайдам, түбінде

Үндемейтіндер жеңеді.

Мен болсам тұрам жаңғырып,

Сырласам тау боп бұлттармен.

Жеңілген  жақсы мәңгілік

Маза болмаса ұтқанмен.

Әкеме

Құшақтап тұрып биіксің дедің бәрінен

Күншілдер күліп, міншілдің сөзі батқанда.

Жаныма үрей төндірді одан әрімен

Бала көңілім адасып бара жатқанда.

Ешкімге сенбе.Ешкімге сенбеу ұстаным.

Алыстым ылғи санамда сансыз сұрақпен.

Ұстанымдардың өзгертіп кейбір тұстарын

Рас, бір адамға сеніп келемін бірақ мен.

Ішімнен тынам.Мұңымды шертпес домбыра,

Бойжетіп барам, бала шақ қолын бұлғасын.

Қуантса да өмір бақыттың құсын қондыра-

Болған да емес өзіңнен артық сырласым.

Ақ жүрегіңді, мейіріміңді кім ұқсын?

Туған жерің бе, таулары бәлкім Қасымнаың?

Сынақ та сынақ көрсе де көңлі тұнық шын,

Айтыңдар енді, мейірімді кімдер, асыл кім?

Жамбылдың жері, Ұзынағаш қарсы алған ба,

Өмірге келіп тұңғышың көзін ашқанда.

Жығылсам тұрып, жол тапсам мына жалғанда-

Күлімдеп қана қарайтын едім аспанға.

Еркелетсең ғой...

Айтпай-ақ бәрін түсінем.

Қызығы түбі ұғады екем кеш нені?

Білсең ғой, оқу, жеке өмірімнің ішінен

Келгім келеді ерке қызың боп бестегі.

Жыладық, күлдік. Расымен талай өткен сын.

Төзімді болдық, өткердік кейде алаңмен.

Ешкімде де жоқ мейіріміңменен өпкенсің-

Жүрегімдесің анаммен.

Ал, құрбым

               Назеркеге

Көңілің қалды, сеземін

Бар сезіміңді жоқ дедің.

Ұяңдық алды кезегін

Орыны жоқ деп өкпенің.

Сезімдер мұң боп тарады

Қатыгез қандай ойын, қап!

Жүректер соңы қалады-

Сүйетіндерін мойындап.

Мойындағанмен кімге  не

Айтады дейсің қыз бірақ.

Кінәң жоқ мүлде, үндеме,

Сол өлеңдерің үздік-ақ

Шарасызбыз біз бірақ.

Алдайсың тұнық сезімді-

Дәлелдеріңді жаудырып.

Жырладың жалғыз кезіңді

Сезім мен гүлді тау қылып,

Санаңда мәңгі қалдырып.

Сезімді қойдың тау қылып,

Ол сенің шыңың, биігің.

Назданды, қандай бал қылық-

Пердесі көңіл күйінің.

Үзілді дей ме бір ақын

Сезімге болмай пайдалы іс.

Жүректе үнсіз тұратын-

Үндемейтін бір байланыс.

Бақыт тіледің ішіңнен

Жүректің өлең жасын ұқтырып.

Сезімді мінез күшіңмен

Жолдадың нұрың шашылып тұрып,

Әлдене жасырып тұрып.

Тамшылар...

Онда бір сезім бар шығар,

Қуанар кезің бар шығар,

Тамшылар..

Құр өлең

Құр алақан калдырмасы белгілі,

Тағдыр көркі көктем, сонсоң ызғартын

Таңырқаймыз кейпімізге ендігі

Уақыт емес, өтіп кеткен біз бәлкім.

Құрбым жайлы не айтамын ашылып,

Шет жағасын біледі ғой басқалар

Моншақ моншақ естелігім шашылып,

Оң мен солды көрмей кетем, жас тамар

Құрғыр көңіл босап кетед ондайда

Жағдайларда өзгеруге епті, қап!

Жұбатқанмен көл көңілім көнбейді ә,

Тартылса да тасығысы кеп тұрад

Құрып кетті, сенім, достық гүл әлем

Бәлкім солай данды жейді құр алаң

Сөну, көну сүйген жанға бұлар ем,

Деп білгеннен өмір жолы бұралаң

Құрдасымдай болып кетті жеңешем

Сырласуы әрі күдік, әрі үміт

самай шашы неге ағарды демесең

Бұл өмірде өтірік сөз кәрілік

Құрақ құрып өткіземіз өмірді

Қуанта алмай байлық билік құт астық,

Хәл үстінде сұрай алмай көңілді

Бұзылған соң орны толмас тұтастық

Құрмет тұтсам жан деп біліп өр емес

Тарапынан түрлі жаңа бастама

Бір кемеде менсінбеуі жөн емес

Қызғануы  масқара!

Құралайдың суығымен ширағам

Қауіп қатер төндіргенде сұр қала

Ана қызын көк пен жерге қимаған

Терезеден қарай беріп ұрлана

Құралай көз кезді күтті бұрынғы

Сағынышты жеткізе алмай барамыз

Анашымның мейріміммен

Әйнек бөліп тұрған біздің арамыз.

Құрсын күндер дүние үшін тартысқан

Бар білгенді бәсекеге жеккенбіз

Ақыл айтпас асса дағы алпыстан

Қария көп, жастар мұң боп кеткенбіз

Құрғақ сезім жұмыс үй мен үй жұмыс

Құрғақ көзің бір сағыныш қалмас

Елемесең алтын жина, жый күміс

Бәрі бекер сендік әуре далбаса

Құсағында тұншыға ма баласы

Жат көргенде надан жігіт надан қыз

Өкінішке жұбаныш жоқ шамасы

Арылмаймыз, сонысымен адамбыз

Құр қол қайтып бармасымыз белгілі

Құран біл деп ескен тағдыр, ызғартын

Таңырқаймыз кейпімізге ендігі

Уақыт емес, жылжып жатқан біз бәлкім.




1. Тема классного часа- Москва и москвичи Задачи- 1
2. темах 1Який порядок престолонаслідування був запроваджений Ярославом Мудрим 2
3. Кунст и Альберс владело 32 филиалами в Приамурье и офисами в СанктПетербурге МосквеОдессе Риге Варшав.html
4. х годов прошедшего века когда еще не было столь популярно понятие глобализации внимание социальных мыслите
5. N beenrdquo; Essy ldquo;How successful hs the U
6. Реферат- Темперамент и личность
7. ДТП с участием собаки нередко грозят ей смертельной опасностью
8. 1 Настоящий федеральный государственный образовательный стандарт начального профессионального образован
9. Чем же необычно это плато Известняки слагающие его территорию значительно пострадали от разрушающего и ра
10. АВТОКОМФОРТ первая в регионе получила допуски к установке и обслуживанию тахографов-в соответствии с ме
11. Пектиавтобуса ОЛ Горный Красноярск ул
12. 0182- средняя температура воздуха наиболее холодной пятидневки tH5
13. на тему- Доминирование Турции и Саудовской Аравии в 2000е на Ближнем Востоке Дисциплина- История
14. Семей ~ 21 19601969~ара~анды металлургия зауытында
15. Музыкальноинформационное поле в эволюционных процессах искусства
16. Реферат- Детский церебральный паралич- понятие, этиология, симптомы
17. Человек есть мера всех вещей существующих что они существуют и не существующих что они существуют
18. Основы технологий производственных процессов
19. ономасіологічному аспекті Прізвище це родова назва людини яка приєднується до її імені і яку людина одер
20. . де максимальне зусилля в стрічці кгс; n запас міцності; в ширина стрічки см; Межа міцності на р