Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

БЕКІТЕМІН Экономика бизнес ж~не ~леуметтік ~ылымдар Жо~ары мектебіні~ директоры Д

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Қазақстан  Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

       Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

директоры

       Д.Кром

       _____________________________

                             «___»  _________________  2014 ж.

ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 Пәні  «Эксперименттік психология»

Студенттер үшін мамандығы

5В050300 - Психология

 

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебі

Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасы

Астана – 2014 ж.

5В050300 – Психология бакалавр мамандықтары бойынша мемлекеттік білім берудің жалпы стандарттарының негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені дайындалды.

Пәннің оқу-әдістемелік кешенін  Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасының доценті, пс.ғ.к. Байжұманова Бибіанар Шаймерденқызы дайындады __________________________________________________

Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № ____  «_____» ______________________________  _________ж.

Кафедра меңгерушісі  

______________  «_____» __________________________     ___________ ж.

Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған.

Хаттама № ____  «_____»_________________________         ___________ж.

Төраға

__________________  «_____» ____________________         ___________ж.

  

Пәндердің оқу- әдістемелік

кешенінің мазмұны

                                                                                                                              бет

1. Типтік оқу бағдарламасы ( егерде пән міндетті компонент  болса,)…..........

2.Оқу бағдарламасы таңдау компоненті бойынша…………. ……………...…..

3. Студенттер үшін пәннің оқу бағдарламасы  (syllabus):…………..................

Пәннің сипаттамасы, автор туралы мәлімет, пәннің постреквизиттері, пререквизиттері......................................... .............................................................

Пәнді оқытудағы дәрістердің тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен..........................................................................................................

Пәнді оқытудағы семинар (семинар (практикалық) сабақтардың жоспары) тақырыптық жоспары әдістемелік нұсқаулармен..........………………………….........................................................

Пәнді оқытудағы СОӨЖ  тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен...........................…………………………...................

Пәнді оқытудағы СӨЖ  тапсырмаларын тапсыру және орындау графигі әдістемелік нұсқаулармен …………………………….........................................

Әдебиеттер тізімі ………………………………………………............................

Білімдер бағалау жалпы шкаласы..............……….................................................

Баға критерилері....……....…………….……………..........…….……………….

Апелляция процедурасы ………………………………….........………………...

4.  Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз …………...…………............

5. Белсенді таратылым материал  (АРМ) (Handouts)………….……………..

6.Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін  көтеруге арналған   үлестірмелі материал;

7.Дәріс комплексі (дәріс тезистері, әдебиеттер тізімі)………….......................................................................................................

8. Әлеуметтік бейінді бағыттағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық............................................................................................................

9. Студенттердің оқу жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары (жазбаша, тест сұрақтары, өздік дайындалу үшін сұрақтар тізімі, емтихан сұрақтары және т.б.)…………….................................................………..............

10. Оқытудың бағдарламалық және мультимедиялық қамтылуы  (плакатар, слайдтар және т.б)………….…............................................................................

Қазақстан  Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пәннің атауы «Эксперименттік психология»

Оқу формасы күндізгі

Курс  3                                        Семестр 6

Емтихан  6  семестр

АСТАНА – 2014

Алғы сөз

«Эксперименталды психология» курсы университетте психолог мамандарды дайындаудың фундаменталды негізінің және ғылыми зерттеулердің негізгі тәсілдерін меңгеруді және принциптерін түсіндіруді құрайды. «Эксперименталды психология» курсын меңгеру барысында студенттер эксперименталды зерттеуді өткізу заңдылықтарымен танысады, оның негізгі әдістерін меңгереді және оларды өз еркімен қолдануға үйренеді. Осыған байланысты бұл пәннің өткізілу барысында практикада материалдарды бекітетін, қажетті дағдыларды қалыптастыратын дәрістер мен практикалық сабақтарға көңіл бөлінеді.

 

Эксперименттік психология курсының мақсаты және міндеттері.

«Эксперименталды психология» курсының мақсаты-  студенттерді эксперименталды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті білім меңгерген, өз еркімен зерттеу жүргізуге жаттықтыру болып табылады.

    «Эксперименталды психология» курсының міндеттері:

  •  психология дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге қатысты, практикада бақылау мен басқада эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту;
  •  психологиялық экспериментті жоспарлап, және оны ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту;
  •  эксперименталды зертеудің өтілу барысында практикалық дағдыларды қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін білуі;
  •  ғылыми зерттеудің өтілуінің белгілі бір мәдени деңгейін  және эксперименталды жұмысқа бағытталуын қадағалау.

«Эксперименталды психология» курсын оқу процесінде студенттер білуі қажет:

  •  эксперименталды психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білуі керек;
  •  эксперименталды психологияның өзекті мәселелерін білуі керек;
  •  психологиядағы теориялық және эмпирикалық білім туралы ұғымда\рды білуі керек;
  •  теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі керек;
  •  психологиялық эксперимент ерекшелігін, іс-әрекеттің эксперименталды психологиясы жайлы, әрекеттің табиғи және жасанды түрлері жайлы білімдері болуы керек.

«Эксперименталды психология» пәнін оқыту нәтижесінде студент меңгеруі қажет:

  •  практикалық жұмыстарды жоспарлау  және жүргізу дағдысын меңгеруі керек;
  •  түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын меңгеруі керек;
  •  психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек;
  •  зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек.

      «Эксперименталды психология»  курсын оқудағы студенттердің осы пәннің негізгі мазмұнын меңгеруі шеңберінде оқытылатын  мәліметтерді өңдеуде математикалық статистикалық аймақтағы білімдердің қатысуын, сонымен қатар қалыпты және патологиялық заңдылықтардың білімдерін болуын талап етеді.

«Эксперименталды психология» курсы келесі пәндермен байланысты: психодиагностика, педагогикалық психология,  психологиядағы математикалық әдістер, жеке адам психологиясы, психология бойынша прктикум.

«Эксперименталды психология» курсын оқыту нәтижесінде студенттер негізгі білімдерді, ептіліктерді, дағдыларды меңгереді. Студенттерге «Эксперименталды психология» курсын оқыту нәтижесінде  эксперименталды зерттеу әдістерінің өзіндік ерекшеліктерін және жеткілікті білім қорларын пайдалану ұсынылады.

Курстың мазмұны дәрістерде ашылып, семинар, лабороториялық сабақтарда бекітіледі. Курстың негізгі тарауларына, арнайы әдебиеттерді конспектілау мен реферат жазуға бағытталған студенттердің өзіндік жұмыстары қарастырылған.

Студенттердің білімін тексеру қорытынды тест түрінде жүргізіледі. Курсқа  135 сағат берілген: дәріске-45 сағат, СОӨЖ-на -45 сағат, СӨЖ –на 45 сағат.

Пәннің мазмұны

«Эксперименталды психология» курсы 050103- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалаврларды кәсіби даярлауда маңызды орын алады. Курс студенттердің  болашақ педагогикалық-психологиялық қызметінде қажет білімдері мен біліктерін пайдалану мақсатында «Эксперименталды психология» пәні бойынша  теориялық және практикалық дайындықтарына бағытталған.

Курстың пәні «Эксперименталды психология»  пәнін оқытуда білім, білік және дағдыларды қалыптастыру процесі болып табылады.

«Эксперименталды психология» курсын оқытудың обьектісі экспериментті өткізу техникасы мен процедурасын, теориялық  ұғымдардың  реті болып табылады. Оқыту әдістері болып дәрістік және практикалық сабақтар  (семинар) саналады. Эксперименталды психологияның даму тарихына  төмендегідей кезеңдер кіреді: педагогикалық және медициналық міндеттерге байланыстағы эксперименталды әдістердің дамуы, ғылыми жаратылыстану циклндағы ғылымдармен сабақтастық аспектілері, обьективті зерттеу әдістеріндегі психологияның даму қажеттілігімен байланысы.

Аталған  курс сегіз бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлім  «Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері» деп аталады, онда психологиялық ғылымның жалпы жүйесінде қазіргі заманғы эксперименталды психологияның  мақсаттары мен міндеттері, эксперименталды психологияның принциптері, негізігі ұғымдар мен бағыттар, оның негізгі  зерттеу әдістері қарастырылады.

«Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістері» деп аталатын екінші бөлімде әдіснама, әдіс және әдістеме мәселелері,  эксперименталды психологияның  дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері т.б. мәселелер қарастырылады.  

«Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістерін жіктеу» деп аталатын үшінші бөлім эксперименталды психологиядағы ұйымдастырушылық әдістер мен эмпирикалық әдістерді, психологиялық зерттеу кезеңдері жайлы мәселелерді қарастырады.  

 Төртінші бөлім   «Бақылау және эмпирикалық зерттеу әдістері»  деп аталады, бұл бөлім бақылау мен эксперименттің өтілу барысы мен техникасы бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті, психологиялық зерттеу кезеңдерін қарастыруға ерналған.  Бесінші бөлім, «Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық аспектілері» деп аталады. Бұл бөлімде экспериментте зерттеуші  мен сыналушының қарым-қатынасы,  оның тұлғасы мен іс-әрекеті,  мотивациясы, эксперимент жүргізудің этикасы қарастырылады.

Алтыныш бөлім «Экспериментті жоспарлау» деп аталады, бұл бөлім  эксперименттің валидтілігі, оның түрлерін, болжам және оның түрлерін, тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу мен шкалалау тәсілдерін, экспериментті жүргізудің кезеңдерін қарастыруға бағытталған.

«Алғашқы мәліметтерді өңдеу» деп аталатын жетінші бөлімде нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері, мәліметтерді өңдеу әдістері,  факторлық талдау әдістері мәселелері қарстырылады.

            Сегізінші бөлім, «Ғылыми нәтижелерді ұсыну»  деп аталады, онда эмпирикалық     нәтижелерді  интерпретациялау әдістері, зертеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну формалары, ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар  туралы мәселелер жан-жақты қарастырылады.

   Курсты меңгеру оқытудың ақпараттық- дамытушы, практикалық, көрнекі әдістері қолданылатын дәрістік, практикалық сабақтар және СОӨЖ сабақьары барысында жүзеге асырылады.

      Пәнді оқытудың соңында емтихан алынады.

Негізгі бөлім.

     І. Бөлім. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері

1 тақырып. Эксперименталды психология пәні. Эксперименталды психологияның міндеттері. Эксперименталды психологияның даму тарихы.

2 тақырып. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы. Эксперименталды психология дамуының негізгі бағыттары.

ІІ. Бөлім. Психлологиядағы ғылыми зертеудің әдістері

3  тақырып. Әдіснама, әдіс және әдістеме. Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері. Психологиядағы ғылыми зертеудің құрылымы мен принциптері.

4 тақырып. Психологиялық теория және оның құрылымы. Ғылыми мәселе, болжам. Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері.

ІІІ.Бөлім. Психлологиядағы ғылыми зертеудің әдістерін жіктеу.

5 тақырып. Ұйымдастырушылық әдістер. Эмпирикалық мәліметтерді жинау әдістері. Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу әдістері. Алынған мәліметтерді интрепретациялау әдістері. Психологиялық зерттеудің кезеңдері.

ІҮ.Бөлім.  Бақылау және эмпирикалық зерттеу әдістері.

6 тақырып. Бақылау және эксперимент. Бақылаудың өтілу барысы мен техникасы. Жоспарлау мен бақылаушы позициасын таңдау.

7 тақырып. Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті.  Эмпирикалық мәліметтерді жинаудың басқада әдістері. ( анкета, сұхбат, интервью)  Психологиялық зерттеу кезеңдері.

Ү.Бөлім. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық аспектілері.

8 тақырып. Экспериментте психолог пен зерттелушінің қарым-қатынасы. Экспериментатор мен зерттелушінің тұлғасы мен іс-әрекеті. Психологиялық эксперименттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

9 тақырып. Зерттелушінің мотивациясы. «Фасад», «Плацебо» эффектілері. Эксперимент жүргізудің этикасы.

ҮІ.Бөлім. Экспериментті жоспарлау.

10 тақырып. Эксперименттің валидтілігі. Валидтіліктің түрлері. Болжам және оның түрлері, Эксперименталды болжамның құрылуы. Тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу.

11 тақырып. Негізгі жиынтық және таңдау. Зерттелушілерді таңдау ережесін қалыптастыру. Экспериментке дейінгі  және квазиэксперименталды жоспарлау. Эксперименталды жоспарды таңдау. Экспериментті жүргізудің кезеңдері.

ҮІІ. Бөлім. Алғашқы мәліметтерді өңдеу.

12 тақырып. Нәтижелерді өңдеудің негізгі әдістері. Алғашқы мәліметтерді  және өлшеудің  деңгейін өңдеу әдістері.  Мәліметтерді өңдеудің  статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері.

13 тақырып. Коореляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері. Факторлық талдау. Алғашқы мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасы.

ҮІІІ. Ғылыми нәтижелерді ұсыну.

14 тақырып. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері. Зертеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы.  Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері.  Ғылыми мақаланың жазылу ережесі.   

Семинар сабақтарының тақырыптары

  1.  Эксперименталды психологияның даму тарихы және әдістері.
  2.  Эксперименталды психологияның дамуы
  3.  Психологиялық өлшемдер жүргізу техникасы
  4.  Эмпирикалық әдістердің классификациясы.
  5.  Бақылау және эксперимент.
  6.  Экспериментке дейінгі және квазиэксперименталды жоспарлар.
  7.  Эксперименталды жоспарлар
  8.  Корреляциялық зерттеулер.
  9.  Алғашқы мәліметтерді компьютерлік өңдеу.
  10.  Ғылыми нәтижелерді түсіндірудің қазіргі формалары.

СӨОЖ тақырыбы

  1.  Готтеданкер Г. «Основы писхологического эксперимента» М., 1982 оқулығына конспекті жазу.
  2.  Эксперименталды психологияның әдіснамалық мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді зерттеу және тұжырым жасау (Куликов Л.В. , «Методология иметоды психологического исследования»., Быков В.В. Методы науки м.1972)
  3.   Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979 еңбегіне конспект жазу.
  4.  Рейковский Я. «Экспериментальная психология эмоции» М.,1966 ж еңбегіне конспект жазу.
  5.  ОӘК зерттеу және талдау.
  6.  Эксперименталды психология бойынша терминдерге арналған сөздік жүргізу.
  7.  Қазақстанның және әлемдік эксперименталды психологиялық ғылымның қалыптасу және даму мәселері бойынша жүргізілетін әңгімелердің жоспарын құру.
  8.  Хармон Г. «Современный факторный анализ» М., 1972 жылғы еңбегіне конспект жазу.

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001
  3.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  4.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  5.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  6.  ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994
  7.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  8.  Закс Л. Статическое оцениыание, М, Статистика, 1976
  9.  ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983
  10.  Хармон Г.  Современный факторный анализ. М1972

Қосымша:

  1.  Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979
  2.  Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984
  3.  Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978
  4.  Быков В.В. Методы науки М.1972
  5.  Фресс, Ж.Пиаже. Эксперементальная психология. М. Прогресс 1966

Қазақстан  Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Қазақ гуманитарлық заң университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

       Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар Жоғары мектебінің

директоры

       Д.Кром

       _____________________________

                             «___»  _________________  2014 ж.

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ  

(syllabus)

Пәннің атауы: «Эксперименттік психология»

5В050300 – Психология 

Оқу нысаны:  күндізгі болім

Пәннің коды:

Барлығы   -  кредит 2

Курс    - 3                              Семестр – 6

Дәрістер -  20 сағат                                                       

Практикалық, семинар - 10 сағат

СӨЖ  - 45 сағат  

СОӨЖ  - 15 сағат  

Емтихан  - 6 семестр     

Жалпы көлемі – 90 сағат                                              

А С Т А Н А – 2014 ж.

Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Байжуманова Бибіанар Шаймерденқызы психол.ғ.к, ӘПП кафедрасының аға оқытушысы

Әлеуметтік-психологиялық пәндер кафедрасы, каб. 413а

«Эксперименттік психология» пәнін  меңгеру барысында студенттер-психолгтар бірінші рет  психология ғылымының негізгі  әдістерімен тәжірибе жүзінде кездесіп, оларды дұрыс қолдану ережелерімен танысады және психологиялық ғылыми зерттеу жүргізу үшін қажетті білімдер мен іскерліктерді меңгереді. Сондықтан   «Психология бойынша практикум» негізгі пәндердің біреуі болып есептеледі.  Психолог-практик мамандығын игеру үшін өте маңызды пәндердің бірі.

«Эксперименталды психология» курсы университетте психолог мамандарды дайындаудың фундаменталды негізінің және ғылыми зерттеулердің негізгі тәсілдерін меңгеруді және принциптерін түсіндірудің құрайды.  «Эксперименталды психология» курсын меңгеру барысында студенттер эксперименталды зертеуді өткізу заңдылықтарымен танысады, оның негізгі әдістерін меңгереді және оларды өз еркімен қолдануға қалыптасады. Осыған байланысты бұл пәннің өткізілу барысында практикада материалдарды бекітетін, қажетті дағдыларды қалыптастыратын дәрістер мен практикалық сабақтарға көңіл бөлінеді.

Пререквизиттер: Эксперименттік психология пәні студенттердің таңдау пәні болғанымен кәсіби біліктілік пен шеберлікті қалыптастырады. Сондықтан бұл пәнді оқу үшін жалпы психология, психология тарихы, психодиагностиканың негіздері, практикалық психология туралы білімдері болуы керек.

Постреквизиттер: Эксперименттік психология пәнінен алған білімдер студенттерге келешекте кәсіби білімдердің терең меңгеруіне мүмкінділігін береді. Мысалы, практикалық психология, психодиагностикалық іс әрекеттер теориясы, психотерапия ілімі, психологиялық кеңес беру т.б.    

Пәнді оқытудың мақсаты: студенттерді эксперименталды жұмысты жүзеге асыру үшін қажетті білім меңгерген, өз еркімен зерттеу жүргізуге жаттықтыру болып табылады.

Пәнді оқып-меңгерудің негізгі міндеттері: психология дамуындағы эксперименталды кезеңге дейінгілерге қатысты, практикада бақылау мен басқада эмпирикалық әдістер туралы білімдерін қалыптастыру және бекіту;

психологиялық экспериментті жоспарлап, және оны ұйымдастыру бойынша теориялық білімдерді меңгерту;

эксперименталды зертеудің өтілу барысында практикалық дағдыларды қалыптастырып, оның алған нәтижелерінің ұсынылуы мен өңделуін білуі;

ғылыми зерттеудің өтілуінің белгілі бір мәдени деңгейін  және эксперименталды жұмысқа бағытталуын қадағалау.

Курсты бітіргеннен кейін білуі және меңгеруі тиіс.

«Эксперименталды психология» курсын оқу процесінде студенттер білуі қажет:

  •  эксперименталды психологияның қалыптасуы мен даму тарихын білуі керек;
  •  эксперименталды психологияның өзекті мәселелерін білуі керек;
  •  психологиядағы теориялық және эмпирикалық білім туралы ұғымда\рды білуі керек;
  •  теориялық білімдерін тәжірибеде пайдалана білуі керек;
  •  психологиялық эксперимент ерекшелігін, іс-әрекеттің эксперименталды психологиясы жайлы, әрекеттің табиғи және жасанды түрлері жайлы білімдері болуы керек.

«Эксперименталды психология» пәнін оқыту нәтижесінде студент меңгеруі қажет:

  •  практикалық жұмыстарды жоспарлау  және жүргізу дағдысын меңгеруі керек;
  •  түрлі әлеуметтік жүйелерде эксперименталды зерттеулер жүргізу дағдысын меңгеруі керек;
  •  психологиядағы ғылыми-ұғымды аппараттарды игеру шеберлігін меңгеруі керек;
  •  зерттеу іс-әрекет дағдыларын меңгеруі керек.

ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ

Тақы

рып

№ сабақ

Тақырыбы, сағаты

бақылау сұрақтары          

Сабақтын мақсаттары, міндеттері

Мәселелері

1.

І. Бөлім. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері

1 тақырып. Эксперименталды психология пәні. Эксперименталды психологияның міндеттері. Эксперименталды психологияның даму тарихы.

4 сағат

Эксперименталды психология пәні, мақсат, міндеттері және эксперименталды психологияның даму тарихы туралы білім беру.

Қазіргі кездегі эксперименталды психологияның ахуалы.

2

2 тақырып. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы. Эксперименталды психология дамуының негізгі бағыттары.

2 сағат

Эксперименталды психология дамуының негізгі бағыттары туралы түсінік қалыптастыру.

Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы.

3

ІІ. Бөлім. Психлологиядағы ғылыми зертеудің әдістері

3  тақырып. Әдіснама, әдіс және әдістеме. Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері. Психологиядағы ғылыми зертеудің құрылымы мен принциптері.

2 сағат

Психологиядағы ғылыми зертеудің құрылымы мен принциптерімен таныстыру.

Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының оң және теріс әсері.

4

4 тақырып. Психологиялық теория және оның құрылымы. Ғылыми мәселе, болжам. Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері.

Ғылыми мәселе, болжам туралы түсінік қалыптастыпу.

Ғылыми мәселе мен болжамның күрделілігі.

5

ІІІ.Бөлім. Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістерін жіктеу.

5 тақырып. Ұйымдастырушылық әдістер. Эмпирикалық мәліметтерді жинау әдістері. Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу әдістері. Алынған мәліметтерді интрепретациялау әдістері. Психологиялық зерттеудің кезеңдері.

2 сағат

Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістері туралы және алынған мәліметтерді интрепретациялау әдістері туралы білім беру.

Алынған мәліметтерді интрепретациялау қиыншылықтары.

6

ІҮ.Бөлім.  Бақылау және эмпирикалық зерттеу әдістері.

6 тақырып. Бақылау және эксперимент. Бақылаудың өтілу барысы мен техникасы. Жоспарлау мен бақылаушы позициасын таңдау.

2 сағат

Бақылау әдісінің өтілу барысы мен техникасы туралы түсіндіру.

Бақылау және эксперимент әдістерінің өзіндік өзгешелік мәселелері.

7

7 тақырып. Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті.  Эмпирикалық мәліметтерді жинаудың басқада әдістері.

(анкета, сұхбат, интервью)  Психологиялық зерттеу кезеңдері.

2 сағат

Эмпирикалық мәліметтерді жинаудың әдістері және психологиялық зерттеу кезеңдері туралы білім беру.

Эмпирикалық мәліметтерді жинаудың күрделі мәселелері.

Ү.Бөлім. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық аспектілері. 

8 тақырып. Экспериментте психолог пен зерттелушінің қарым-қатынасы. Экспериментатор мен зерттелушінің тұлғасы мен іс-әрекеті. Психологиялық эксперименттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

2 сағат

Экспериментатор мен зерттелушінің тұлғасы мен іс-әрекеті және зерттелінушімен қатынасы туралы мәлімет беру.

Психологиялық эксперименттің әлеуметтік-психологиялық аспектілі мәселелері.

9 тақырып. Зерттелушінің мотивациясы. «Фасад», «Плацебо» эффектілері. Эксперимент жүргізудің этикасы.

Зерттелушінің мотивациясы және эксперимент жүргізудің этикасы туралы білім беру.

Зерттелушінің мотивациясы мәселелері.

ҮІ.Бөлім. Экспериментті жоспарлау.

10 тақырып. Эксперименттің валидтілігі. Валидтіліктің түрлері. Болжам және оның түрлері, Эксперименталды болжамның құрылуы. Тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу.

2 сағат

Эксперименттің валидтілігі және оның түрлері, болжам және оның түрлері, болжамның құрылуы туралы білім беру.

Тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу күрделілігі.

11 тақырып. Негізгі жиынтық және таңдау. Зерттелушілерді таңдау ережесін қалыптастыру. Экспериментке дейінгі  және квазиэксперименталды жоспарлау. Эксперименталды жоспарды таңдау. Экспериментті жүргізудің кезеңдері.

2 сағат

Экспериментке дейінгі  және квазиэксперимен

талды жоспарлау, экспериментті жүргізудің кезеңдері туралы түсінік қалыптастыру.

Эксперименталды жоспарды таңдау мен экспериментті жүргізудің қиыншылықтары.

ҮІІ. Бөлім. Алғашқы мәліметтерді өңдеу.

12 тақырып. Нәтижелерді математикалық статистикалық өңдеудің негізгі әдістері. Алғашқы мәліметтерді  және өлшеудің  деңгейін өңдеу әдістері.  Мәліметтерді өңдеудің  статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері.

2 сағат

Нәтижелерді математикалық статистикалық өңдеудің негізгі әдістерімен таныстыру.

Алғашқы мәліметтерді  және өлшеудің  деңгейін өңдеу қиыншылықтары.

13 тақырып. Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері. Факторлық талдау. Алғашқы мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасы.

2 сағат

Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістерімен таныстыру.

Алғашқы мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасын құру мәселесі.

ҮІІІ. Ғылыми нәтижелерді ұсыну.

14 тақырып. Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері. Зертеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну. Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы. Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы.  Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері.  Ғылыми мақаланың жазылу ережесі.   

2 сағат

Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формалары туралы білім беру.

Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы мәселелері.

Барлығы: 20  сағат


Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары

іІ     І?№

Сабақ тақырыптары, сағаттар

Аызша сұрау, мәселелі сұрақтар

Тесттер, бақылау, карточкалармен жұмыс, баяндамалар, рефераттар, үй жұмысы

Қазіргі оқыту әдістері, оқу процесінде қолданылатын инновациялық технологиялары

Оқу-монографиялық әдебиеттерді зерттеу

1

Эксперименталды психологияның елімізде және шетелдерде дамуы.

1 сағат

Эксперименталды психологияның даму тарихы.

Эксперименталды психологияның елімізде және шетелдерде дамуы.

Силлабус бойынша тақырыпты баяндау.

Интернет-сайттарды ашу, мәліметтер жинау.

Василюк.Ф.Е. Уровни построения переживаний и методы психологической помощи. Москва 1991.

Хухлаева.о.в. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. Москва 2008.

2

Эксперименталды психологияның   әдістері.

2 сағат

Эмпирикалық әдістердің классификациясы. Эксперименталды психологияның   әдістері.

Тесттерге жауап беру (5 минут) Схемаларды

тесттерді дайындау. Кесте құру.

Проектор арқылы материалдар ұсыну

Абрамова.Г.С. Практическая психология. Екатеринбург 1999.

Намазбаева.Ж.Ы. Психология және психотерапия. Алматы 2006.

Акимова М. К., Гуревич К. М„ Зархин В. Г. Диагностика индивидуально-психологических различий в обучении / Вопросы психологии. № 6. М., 1984.

3

Психологиялық өлшемдер жүргізу техникасы

1 сағат

Психологиялық өлшемдер жүргізу техникасы

Тесттерге жауап беру (10 минут)

рефераттар жазу. Зерттеу жұмыстарына талдау жасау.  

Ауызша рефераттар қорғау Интерактивтік жауап

Алмазов Б. И. Психическая средовая дезадаптация несовершеннолетних. Свердловск,1986.

Андгуладзе Т. Ш. Формирование установки социального поведения у несовершеннолетних правонарушителей: Автореф. дис. ... канд. психолог, наук. М., 1980.

4

Бақылау және бақылаудың өтілу барысы мен техникасы.

1 сағат

Бақылау және бақылаудың өтілу барысы мен техникасы.

Анкета, сұхбат, интервью әдістері

Тесттерге жауап беру

Проектор арқылы көрсетілетін материалдарды жинау.

Зерттеу жұмыстарына талдау жасау.  

Ауызша рефераттар қорғау барысында жөнінде пікірталас өткізу

Андрущенко Т. Ю., Карабекова Н. В. Коррекция психического развития младшего школьника на начальном этапе обучения/ Вопросы психологии, № 1. М., 1993.

Антонова Г. П. О различиях в мыслительной деятельности школьников при решении задач. Сб.: Типические особенности умственной деятельности младших школьников. М., 1987.

5

Эксперимент  және эксперименталды жоспарды таңдау

1 сағат

Эксперимент  және эксперименталды жоспарды таңдау

Экспериментке дейінгі және квазиэксперименталды жоспарлар.

Эксперименталды жоспарлар

Үйде дайындалған схемаларды ұсыну. Тесттерге жауап беру.

Зерттеу жұмыстарына талдау жасау.  Рөльдік ойынға дайындалу.

Ауызша интерактивтік пікірталас өткізу

Проектор арқылы материалдар ұсыну

Беличева С. А Социально-психологические основы предупреждения дессоциализации несовершеннолетних: Автореф.дис. ... докт. психолог, наук. М., 1989.

Берлайн Д. Е. Любознательность и поиск информации / Вопросы психологии. № 3. М., 1966.

.

6

Эксперимент жүргізудің этикасы

1 сағат

Эксперимент жүргізудің этикасы

Тесттерге жауап беру, тақырып бойынша рефераттар, Зерттеу жұмыстарына талдау жасау.  

Тақырып бойынша пікірласу, интерактивтік диалог жүргізу. Ауызша рефераттар қорғау

Бочкарева Г. Г. Психологическая характеристика мотивационной сферы подростков-правонарушителей: Автореф. дис. .канд. психолог, наук. М., 1968.

Бурменская Г. В., КарабановаО.А., Лидере А. Г. Возрастно-психологическое консультирование. Проблемы психическогоразвития детей. М.: МГУ, 1990.

7

Корреляциялық зерттеулер.

1 сағат

Корреляциялық зерттеулер.

Алғашқы мәліметтерді компьютерлік өңдеу.

Тесттерге жауап беру (5минут)

Конспект жасау, Зерттеу жұмыстарына талдау жасау.  

Тақырып бойынша пікірласу, интерактивтік диалог жүргізу.

Власова Т. А., Певзнер М. С. О детях с отклонениями в развитии. М.: Просвещение. 1973.

ГелъмонтА. М. О причинах неуспеваемости и путях ее преодоления. М.: АПН РСФСР, 1954.

Гуревич К. М. Принцип коррекционности в методах психологической диагностики. Сб.: Научно-методические основы использования в школьной психологической службе конкретных психо-диагностических методик. М.: АПН СССР, 1988.

8

Ғылыми нәтижелерді түсіндірудің қазіргі формалары

2 сағат

Ғылыми нәтижелерді түсіндірудің қазіргі формалары

Ғылыми мақаланың жазылу ережесі. Импакт фактор.

Конспект жасау, Тесттер дайындау.

Зерттеу жұмыстарына талдау жасау.  

Тақырып бойынша пікірласу, интерактивтік диалог жүргізу.

Дети с задержкой психического развития / Под ред. Т. А. Власовой, В. И. Лубовского, Н. А. Цыпиной. М.: Прогресс, 1984.

Заика Е. В., Крейдун Н. П., ЯчинаА. С. Психологическая характеристика личности подростков с отклоняющимся поведением// Вопросы психологии. № 4. М., 1983.

Иванова Е. К Динамика формирования пониженной обучаемости и возможности ее изменения. Автореф. дис. ... канд.психолог, наук. М., 1979.

Барлығы:10 сағат

Пән бойынша СОӨЖ  тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының  графигі

Тақырып

Тақырып бойынша тапсырманың мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

СОӨЖ-ді жүргізу формалары

Өткізу апталары

және сағаттары

1

Готтеданкер Г. «Основы писхологического эксперимента» М., 1982 оқулығына конспекті жазу.

Психокоррекция мен психотерапияның негізгі әдістерін оқып-меңгеру.

Психологиялық ғылым таңдау пән ретінде.

Психологиялық зерттеудің методологиялық негізі.

Калмыкова 3. И. Проблемы преодоления неуспеваемости глазами психолога. М.: Знание, 1982.

Лебединская К. С, Райская М. М., Грибанова Г. В. Подростки с нарушениями в аффективной сфере. М.: Педагогика,1988.

Логинова М. С. Особенности адаптации к условиям школы подростков восьмиклассников с пограничными состояниями: Автореф. дис. ... канд. психолог, наук. М., 1983.

Картотека, әдебиеттер бойынша жүйе кесте құру  Аннотация

3-ші апта

1 сағат

2

Эксперименталды психологияның әдіснамалық мәселелері бойынша психологиялық әдебиеттерді зерттеу және тұжырым жасау (Куликов Л.В. ,

Студенттің өзінің жеке психологиялық зерттеу тақырыбын таңдауы.

Экспериментатор, оның жеке тұлғасы және әрекеті.

Сыналушы, оның жеке тұлғасы және әрекеті.

Студенттің өз жеке эксперименталды зерттеуін ұйымдастыруы және жүргізуі.

Максимова Н. Ю. Диагностика и коррекция поведения трудных подростков // Вопросы психологии. М., 1988, № 3.

Маркова А. К., Лидере А. Г., Яковлева Е. Л. Диагностика и коррекция умственного развития в школьном и дошкольном возрасте. Петрозаводск, 1992.

.

Картотека конспект Әдеби материалдарына картотека жасау

Реферат

4-ші апта

2 сағат

3

«Методология иметоды психологического исследования»., Быков В.В. Методы науки м.1972)

Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979 еңбегіне конспект жазу.

Тестілеу және оның эксперименттегі рөлі.

Эксперименталды зерттеулердегі коррекциялық талдау.

Матвеев В. Ф., ЛебедевА. В. Особенности отношения дезадаптированных

подростков к личностным качествам людей /Вопросы психологии. М, 1984, № 3.

Михеева.И. Н. Амбивалентность личности. М.: Наука, 1991.

Реферат жазу концепцияларды салыстыру

5-ші апта

2 сағат

4

Рейковский Я. «Экспериментальная психология эмоции» М.,1966 ж еңбегіне конспект жазу.

ОӘК зерттеу және талдау.

Эксперименталды психология бойынша терминдерге арналған сөздік жүргізу.

Эмпирикалық және  теоретикалық зерттеу.

Реалды және идеал зерттеулер, зерттеуішілік әдістердің жіктелуі.

Мурачковский Н. И. Типы неуспевающих школьников. // Психологические проблемы неуспеваемости школьников. М.: Педагогика, 1971.

Орлова Л. В. Интеллектуально пассивные учащиеся // Вопросы психологии. М., 1991, № 6.

Сурет

Реферат Картотека

Аннотация. конспекттеу

6-ші апта

2 сағат

5

Қазақстанның және әлемдік эксперименталды психологиялық ғылымның қалыптасу және даму мәселері бойынша жүргізілетін әңгімелердің жоспарын құру.

Ғылыми зерттеу типтері мен  түрлері.

Эксперименталды таңдаулар.

Эксперименталды өзгергіштер және оларды бақылау тәсілдері.

Эксперименталды зерттеулердің психологиялық факторлары

Психологиялық зерттеулер әдістерін жүйелеу.

Орлова Л. В. Психологический анализ интеллектуальной пассивности младших школьников: Автореф. дис. ... канд. психолог, наук. М., 1992.

Пирожков В. Ф. Психологические основы перевоспитания учащихся специальных профтехучилищ. М.: Юридическая литература, 1988.

Реферат Конспект

7-8 ші апта

2 сағат

6

Хармон Г. «Современный факторный анализ» М., 1972 жылғы еңбегіне конспект жазу.

Психолог- экспериментатор мен психолог- практиктің жекелеген қасиеттері.

Қарым-қатынас факторларының экспримент нәтижелеріне әсерін бақылау.

Плоцебо- эффектісінің психологиялық механизмі.

Психологиялық экспериментке қатысушы сыналушының жеке ерекшеліктері.

Пономарев Я. А. Задержки развития внутреннего плана действия и их ликвидация / Новые исследования в педагогических науках. № 4. М., 1965.

Пономарев Я. А. Этапы развития внутреннего плана действия // Новые исследования в педагогических науках. СПб.: Известия АПН РСФСР, 1964, вып. 133.

Баяндама Кітәпханада периодика материалдарды іздестеру

9-ші апта

1 сағат

7

Эксперименттің ішкі және сыртқы валидтілігі.

Эксперименттің ішкі және сыртқы валидтылық факторлары.

Есірткіліктің әлеуметтік факторларын психологиялық зерттеу.

Ішімділікке салынғандардың жеке түзілулерінің зерттеу.

Потаки Ф. Некоторые проблемы отклоняющегося (девиантного) поведения //Психологический журнал. 1987. № 4.Т.8. С. 92-102.

Славина Л. С. Индивидуальный подход к неуспевающим и недисциплинированным школьникам. М.: АПН РСФСР, 1958.

Реферат Әңгімелесу

Шығарма жазғыздыру Студенттерді бекіту және музеймен таныстыру

10-ші апта

2 сағат

8

Зерттеу нәтижелерін өңдеу әдістері.

Статистикалық өңдеу мен экспериментті жоспарлаудың жылдам әдістері.

Әлеуметтік-психологиялық зерттеулердегі социометриялық зерттеулер.

Худик В.А Психология аномального развития личности в детском и подростковом возрасте. Киев: Здоровье, 1993.

Цетлин В. С. Неуспеваемость школьников и ее предупреждение.М., 1976.

Сурет
Тест

Реферат

11-12ші апта

2 сағат

9

Эксперимент жүргізу техникасы мен қағидалары.

Түрлі мамандықта оқитын студенттердің жекелеген ерекшеліктерін салыстырмалы талдау.

Түрлі курс студенттерінің мазасыздану деңгейлерін зерттеу.

Жеке тұлғалық және ситуативті мазасыздануды зерттеу.

ЮницкийВ.А. Психологические особенности детей, потерявших родителей / Автореф. дис.. канд. психолог, наук. М.,1982.

Юркевич В. С. Индивидуальные различия в саморегуляции и обучаемости // Вопросы психологии. М., 1974, № 4

Реферат Шығарма

13-14ші апта

2 сағат

10

Әлеуметтік психологиядағы жеке қолданбалы зерттеулердегі эксперимент модельдері.

Әлеуметтік психологиядағы жеке қолданбалы зерттеулердегі эксперимент модельдері.

Қазақстан жарнамадағы эксперименталды психология.

Калмыкова 3. И. Проблемы преодоления неуспеваемости глазами психолога. М.: Знание, 1982.

Лебединская К. С, Райская М. М., Грибанова Г. В. Подростки с нарушениями в аффективной сфере. М.: Педагогика,1988.

Логинова М. С. Особенности адаптации к условиям школы подростков восьмиклассников с пограничными состояниями: Автореф. дис. ... канд. психолог, наук. М., 1983.

Толтырылған карта

Конспект

Реферат

15-ші апта

1 сағат

Пән бойынша СӨЖ  тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі

Тақырып

Тақырып бойынша тапсырманың мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Тапсырма орындауына әдістемелік ұсыныстар

Тапсыру мерзімдері

және сағаттары

1

Эксперименттік психологияға кіріспе.

Эксперименттік психология пәні, міндеттері. Эксперименттік психология тарихы.

Василюк.Ф.Е. Уровни построения переживаний и методы психологической помощи. Москва 1991.

Хухлаева.о.в. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. Москва 2008.

Тарихнама мазмұның оқып, картотека жасау Картотека  Аннотация

3-ші апта

 5 сағат

2

Ғылыми зерттеу, оның теория-лары.

Ғылыми зерттеудің құрылымы. Ғылыми зерттеу мәселелері. Библиографиялық  дайындық. Әдебиетпен жұмыс. Әдебиетке шолу құрылымы. Зерттеу мәселесі, обьектісі және пәні.

Абрамова.Г.С. Практическая психология. Екатеринбург 1999.

Намазбаева.Ж.Ы. Психология және психотерапия. Алматы 2006.

Акимова М. К., Гуревич К. М„ Зархин В. Г. Диагностика индивидуально-психологических различий в обучении / Вопросы психологии. № 6. М., 1984.

Әдеби материалдарына картотека жасау Картотека конспект

4-ші апта

5 сағат

3

Психологиялық педагогикалық зерттеудің түрлері.

Психологиялық педагогикалық зерттеудің типологиясы. Мектеп қабырғасында қарастырылатын зерттеу мәселелері.

Алмазов Б. И. Психическая средовая дезадаптация несовершеннолетних. Свердловск,1986.

Андгуладзе Т. Ш. Формирование установки социального поведения у несовершеннолетних правонарушителей: Автореф. дис. ... канд. психолог, наук. М., 1980.

концепцияларды салыстыру Реферат жазу

5-ші апта

5 сағат

4

Эксперименттік психология методологиясы.

Психологиялық зерттеу әдістерінің жіктелуі. Эксперименттік емес психологиялық зерттеу әдістері.

Андрущенко Т. Ю., Карабекова Н. В. Коррекция психического развития младшего школьника на начальном этапе обучения/ Вопросы психологии, № 1. М., 1993.

Антонова Г. П. О различиях в мыслительной деятельности школьников при решении задач. Сб.: Типические особенности умственной деятельности младших школьников. М., 1987.

конспект жасау Реферат жазу Сурет

Картотека

Аннотация

6- 7-ші апта

5 сағат

5

Эксперименттік қарым-қатынас.

Экспериментатордың жеке басы және іс-әрекеті. Зерттелушінің эксперимент кезіндегі іс-әрекеті. Зерттелінушінің жеке басы және эксперимент ситуациясы.

Беличева С. А Социально-психологические основы предупреждения дессоциализации несовершеннолетних: Автореф.дис. ... докт. психолог, наук. М., 1989.

Берлайн Д. Е. Любознательность и поиск информации / Вопросы психологии. № 3. М., 1966.

.

Әдеби материалдарына картотека жасау Конспект

8- 9-ші апта

        5 сағат

6

Экспериментальды психологиядағы балалардың психологиялық дамуын жеделдету мәселелері.

Психологиялық эксперименттің өзіндік ерекшеліктері. Психологиялық экспериментті дәлелдеу логикасы.

Бочкарева Г. Г. Психологическая характеристика мотивационной сферы подростков-правонарушителей: Автореф. дис. .канд. психолог, наук. М., 1968.

Бурменская Г. В., КарабановаО.А., Лидере А. Г. Возрастно-психологическое консультирование. Проблемы психическогоразвития детей. М.: МГУ, 1990.

Кітәпханада периодика материалдарды іздестеру Баяндама

10-ші апта

5 сағат

7

Ғылыми зерттеу теорияларын талқылау.

Зерттеудің көкейтестілігі. Топтық құбылыстар арасындағы айырманы  анықтау тәсілдері. Корреляциялық анализ.

және оларды тексеру тәсілдері.

Власова Т. А., Певзнер М. С. О детях с отклонениями в развитии. М.: Просвещение. 1973.

ГелъмонтА. М. О причинах неуспеваемости и путях ее преодоления. М.: АПН РСФСР, 1954.

Гуревич К. М. Принцип коррекционности в методах психологической диагностики. Сб.: Научно-методические основы использования в школьной психологической службе конкретных психо-диагностических методик. М.: АПН СССР, 1988.

Картамен жұмыс және толтыру Пікір-талас жүргізу

11- 12-ші апта

5 сағат

8

Психологиялық зерттеулердің ғылыми және қолданбалы бағыттары.

Психологиялық эксперимент нәтижелерін өңдеу. Эксперимент мәліметтерін өңдеудегі бірінші және екінші нәтиженің негізгі көрсеткіштері. Дисперсия анықтамасы. Корреляциялық тәуелдікті құру және олардың интерпретациясы.

Дети с задержкой психического развития / Под ред. Т. А. Власовой, В. И. Лубовского, Н. А. Цыпиной. М.: Прогресс, 1984.

Заика Е. В., Крейдун Н. П., ЯчинаА. С. Психологическая характеристика личности подростков с отклоняющимся поведением// Вопросы психологии. № 4. М., 1983.

Иванова Е. К Динамика формирования пониженной обучаемости и возможности ее изменения. Автореф. дис. ... канд.психолог, наук. М., 1979.

Картамен жұмыс және толтыру Сурет Тест

Толтырылған карта

13- 14-ші апта

5 сағат

9

Экспериментальды психологиялық зерттеудің негізгі белгілері.

Идеалды эксперимент және шындықтағы эксперимент. Шындықтағы эксперимент және “толық сәйкестіктегі” эксперимент. Эксперименттік таңдау. Эксперименттік өзгерістер

Василюк.Ф.Е. Уровни построения переживаний и методы психологической помощи. Москва 1991.

Хухлаева.о.в. Основы психологического консультирования и психологической коррекции. Москва 2008.

Периодикамен танысу Толтырылған карта Шығарма

15-ші апта

5 сағат

Барлығы: 45 сағат


Әдебиеттер тізімі

Негізгі

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001
  3.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  4.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  5.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  6.  ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994
  7.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  8.  ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983

Қосымша

  1.  Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979
  2.  Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984
  3.  Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978
  4.  Фресс, Ж.Пиаже. Эксперементальная психология. М. Прогресс 1966

Білімдер бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялық әріптік баға

Баллдардың сана эквиваленті

Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазмұны

Дәстүрлі жүйе бойынша

Баға

А

4,0

95-100

өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

қанағаттандырарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60,64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттындырылмаған

                                   

Пән бойынша қорытынды баға пайыздық қатынаста келесідей анықталады:

                      Б1   +    Б2

Қ %     =     ---------------   × 0,6  +  Е × 0,4

                  2

Мұнда:

Б1   -   1 бақылаудың бағасының пайыздық көрінісі

Б2   -   2 бақылаудың бағасының пайыздық көрінісі

Е  -     Емтихандық бағаның пайыздық көрінісі

Пайыздық көріністегі қорытынды баға Қ %  3 қосымшада көрсетілген, кестеге сәйкес ҚБ сандық эквивалентке қорытынды баға ретінде аударылады.

Студенттерді бағалаудың жалпы критерийлері

«Өте жақсы» (А; 4,0;95-100%;  А-; 3,67;90-94%) баға , егерде студент толық материалды меңгерсе, ешқандай қатесіз орындауы, уақтылы және дұрыс үй тапсырмасын,коллоквиумдерді, бақылау жұмыстарын орындауы, осыған қоса айрықша ойлау қабілеті, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы,өз бетінше қосымша ғылыми әдебиеттерді қолданса, дербес бағдарламаны материалдарын жүйелесе қойылады.

«Жақсы» (В+;3,33; 85-89%; В; 3,0; 80-84%; В-; 2,67; 75-79%) баға, егер студент бағдарламалық материалды 75 % -дан төмен емес жағдайда меңгерген болса, оған қоса жауаптарда дөрекі қателік жіберілмесе, бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды, коллоквиумдерді, үй тапсырмаларын уақтылы орындаған жағдайда, оқытушының көрсетілуімен берілген қосымша әдебиеттерді қолданса, сондай-ақ студенттердің өз бетінше жөндеген мәнсіз қателіктер жіберілсе, оқытушының көмегімен оқу бағдарламалық метериалдарды жүйелей алса қойылады

«Қанағаттанарлық» (С+; 2,33; 70-74%; С – ;2,0; 65-69%; С-; 1,67; 60-64%; D+; 1,33; 55-59%; D; 1,0;50-54%) баға, егер студент бағдарламалық материалды 50 % -дан төмен емес жағдайда меңгерген болса, бақылау және зертхана жұмыстың орындалуы, үй тапсырмаларын оқытушының көмегімен

мұқтаж болды, коллоквиумдерді дәлсіздікті және мәнсіз тапсырса, ғылыми-зерттеу жұмысында белсенді айналыспаса, тек қана оқытушының көрсетілуімен берілген қосымша әдебиеттерді қолданса,оқу бағдарламалық метериалдарды жүйелей алмаса қойылады.

«Қанағаттанарлық емес»  (F; 0; 0-49%) баға, егер студент негізгі оқу бағдарламаны меңгермегенін көздесе, көзделген бағдарламаның жартысынан көп меңгермесе, оған қоса жауаптарда дөрекі қателік жіберілсе, бақылау жұмыстарын, тапсырмаларды, үй тапсырмаларын уақтылы,алдын ала қарастырылған ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын орындамаған жағдайда, бағдарламада көзделген негізгі әдебиеттерді қолданбаса.

Апелляция процедурасы

Білім алушы, егер емтихан бағасымен келіспесе, апелляция коммисиясына өтініш беруге құқылы, апеляцияны 13  сағаттан кешіктірмей келесі күнге  өтініш қабылданбайды. Апелляцияға беретін өтініші студенттің өзі апелляция комиссия төрағасына беріледі. Осы мақсатпен емтихан сессия уақытында Жоғары мектеп проректор-директор бұйрығымен пәні бойынша, біліктілігі оқытушылардың қатарынан арнайы апелляция коммисиясы құрылады. Өтініш берушінің шағымы, апелляция комиссиясымен екі күннің ішінде қарастырылады, өтініш бірілген күннен бастап, студент пен оқытушы қатысуымен қарастырылады. Студент шағым нәтижелері (ауызекі немесе жазбаша) таныстырылады. Шағымның нәтижелері апелляциялық ведомостқа енгізіледі және пән бойынша қорытынды баға болып есептеледі. Емтихан бағасын өзгерту үшін, апелляция пәні болмағандықтан, пән апелляцияға жіберілмейді.

Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі

Эксперименттік психология пәні

Учебная литература

Бабаев С.Б.

Көрнекі психология(СД)

Алм.

2008

1

Гогин Т.В. и др.

Модели НПП в работе психологии.

2002

2

Зиверт Х и др.

Подготовка к тестированию.

1998

29

Касенов К.

Очерки практической психологии

2006

1

Квинн В.Н.

Прикладная психология: учебник

560с.

Спб.

2000

3

Котлячков А. и др.

Оружие – слово.

2003

2

Куликов Л.В.

Психологическое исследование

2002

2

Литвак М.Е.

Если хочешь быть счастлив?. Уч. пособие.

2002

1

Немов Р.С.

Практическая психология. Познание себя

2002

3

Ошо

Интуиция знание за пределами логики.

2002

2

Практическая психология / М.К. Тутушкиной: Учебник

2005

10

Практикум по общей, экспериментальной, практической психологии / А.А.Крылова

2003

2

Практикум по психологии состояний./ А.О. Прохорова.

2004

10

Реуш Л.А.

Практикум по наблюдению и наблюдательности.

2001

1

Рогов Е.И.

Настольная книга практической психологии

2003

5

Чикер В.А.

Психологическая диагностика организации и персонала.

2004

15

Чудновская А.

Читать человека как книгу

2005

3

Вагин И.

Мастер-класс Игоря Вагина. Лучший психолог.

2005

10

Потемкина О.Ф. и др.

Психологический анализ рисунка и текста.

2005

10

Психологические тесты. Т. 1/ Карелина А.А.

2003

5

Психологические тесты. Т. 2/ Карелина А.А.

2003

5

Самоукина Н.В.

Первые шаги школьного психолога.

2002

4

Белсенді таратылым материал  (АРМ) (Handouts)

Балалардың психикалық дамуын диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын көрнекі материалдар

ГЛОССАРИЙ бойынша студенттерге тақырыпқа байланысты карточкалар таратылады, карточканың бірінші бетінде термин жазулы тұрады, ал студент сол терминге түсініктеме жазады.

Дәріс сабақтарының курсы

№ 1 дәріс. Эксперименталды психологияның пәні мен міндеттері 

Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психология ғылымы туралы білім беру

Жоспар: 

Эксперименталды психология пәні.

Эксперименталды психологияның міндеттері.

Эксперименталды психологияның даму тарихы.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001
  3.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  4.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  5.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982

«Эксперимент» термині - латын сөзі experimentum – (тәжірибе, сынау, бақылап көру).

Эксперименттік психология пәні - психологияның теориялық және эмпирикалық білімі туралы мәселелерді, психологиялық эксперементтің өзіне тән ерекшеліктерін, іс-әрекеттің эксперементтік психологиясын, іс-әрекеттің табиғи және жасанды түрлері туралы және жеке адам санасының эксперементтік  психологиясын қарастырады.

Эксперементтік психологияның міндеттері – психологиялық эксперементтің  зерттеу  теориялары мен құрылымын, ғылыми мәселелердің ерекшеліктерін қарастыруды шешеді.

Психологиялық эксперперементтің психологиялық  заңдылықтарын, экспериментатор мен зерттелінушілердің жеке басы мен эксперемент кезіндегі іс-әрекеттері туралы, эксперименттік зерттеуді ұйымдастыру мен өткізу процедуралары туралы, адамға зерттеуді жүргізудегі этикалық талаптар туралы мәселерді қарастырады. Эксперименттік және эксперименттік емес жоспарларды, экспериментке дейінгі және эксперименттен кейінгі жоспарларды, корреляциялық зерттеуді, эксперименттік зерттеуді жоспарлаудың тиімді жолдарын айқындайды. Идеалды эксперимент, шындықтағы (реальды) эксперимент, «эксперименттің толық сәйкестігі» арасындағы өзгешіліктер, сонымен қатар, психологиялық өлшемдер туралы, нәтижелерді интерпретациялау заңдылықтарын қарастырады.

Зерттеу туралы алғашқы ойлар ежелден келе жатыр. Алғашқы адамзатты зерттеу мәселелері Қытай империясынан туындаған.

Ежелгі Грецияда зерттеу - дене жетілуі, ойлау және талдау өнерін бағалау ретінде қолданылады. Платонның ұсынған әскери қабілеттіктерді зерттеуі - эксперименттің алғашқы элементтері болып табылады.

Б.э.д. IV ғ. өмір сүрген Греция өкілі Аристотель философ, әрі табиғатты зерттеуші болған. Александр Македонский өзінің бұл оқытушысына, өзінің жеңіп алған  аймағындағы өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігін зерттеуді бұйырған. Түрлі фактілерді жинақтай отырып, тірі организмдер тіршілігіне талдау жасалынды.

XVI ғ. өмір сүрген Френсис  Бэкон Англияда эмпиризм ғылымының эффективті әдістеріне тәжірибе жасау арқылы ғылымының методологиясына жаңа идеялар енгізді.

Гоббс Локк (1632-1704ж.ж.) адам санасының пайда болу жағдайларына тәжірибе жүргізді.

Р.Декарт теория мен тәжірибені өзара байланыстырушы өкілдің бірі вебер, Фехнер, Дондер, Гельмгольц физиология, философия ілімдерінде негізгі тән-сананы ала отырып, ішкі тәжірибелік зерттеу жұмыстарын жүргізіп, олардан өзгешеленетін ерекше факторлар мен заңдылықтарды көрсетті.

Бертін келе В.Вундт (1832-1920) алғашқы психолог-экспериментатор болу себебі, физиология ілімінен психология ілімін түрлі зерттеулер құру арқылы ерекшелеп алды. Ол алғаш Лейпцикг қаласында 1875ж арнайы педагогикалық институт ашады. Онда 136 неміс, 14 американ, 10 ағылшын, 6 поляк, 3 орыс, 2 француз оқыды және бұлар  экспериментаторлардың алғашқы ұрпақтары болып саналады.

Арнайы лабороториялық кабинеттерде ғылымдағы жан құбылыстарын терең тану үшін, арнайы приборларды эксперимент жүргізу арқылы іске енгізеді. Мұнда қолданған алғашқы негізгі әдістер-интроспекция әдісі болды.

Бұл институт түлектері О.Кюльпе (1862-1915) Вюрцбургта, Франц Брентано (1838-1917) өз мектептерін аша бастап, эксперименттік зерттеудің тамырын жая бастады.

Алған ақыл-ойды эксперименттік негізде зерттеген американ ғалымы Дж. М. Кеттэл болды. Ол өзінің докторлық  диссертациясын Вундтың эксперименттік лабараториясында дайындайды. Кейінгі уақыттарда 1888ж. Кембриджде Ф.Гальтонмен бірлесе жұмыс істей отырып, адамдардың индивидуальды өзгешеліктеріне анықтау мәселесіне  үлкен көңіл бөлді. Кэттелдің басқа зерттеудің  өзгешелігі - ол өте күрделі  психикалық функцияларды  зерттеуге  бағытталған.

Осы бағыттағы  Э. Крепелин зерттеуі  қарапайым арифметикалық тапсырмаларды  шешуге бағытталды. Француз дәрігер-психолог және  педагогы  А.Бинс және В. Анридің зерттеу жұмыстар  эмпирикалық зерттеу мәселелеріне бірқатар жаңалықтар енгізеді.

Сонымен эксперименттік психологияның туындауына ассосциация ілімдері  өкілдерінің еңбектері себеп болады. Р. Декарт, Вундт, Ф. Бэкон, Г. Локк, Кеттэл, Крепелин еңбектеріндегі эмпирикалық  зерттеу жұмыстарындағы  ашқан жаңалықтар эксперименттік психологияның алғашқы  фундаменті болып табылады.

№ 2 дәріс. Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы.

Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттік психологияның қазіргі хал ахуалын баяндау.

 

Жоспар: 

Эксперименталды психологияның қазіргі жағдайы.

Эксперименталды психология дамуының негізгі бағыттары.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994
  2.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  3.  ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983

Ресейдегі эксперименттік психологияға  жаңа жетістіктер әкелген- Н.Н.Лангенің Новороссиский университетіндегі лабораториясындадағы  зерттеулер, Токарскийдің Мәскеу гуманитарлық университетендегі лабораториясы  В.В.Чихтың - Харьков университетінің  лабораториясындағы зерттеу жұмыстары болды.

Эксперименттік психологияда А.Ф. Лазурскийдің (1874-1917) еңбектерін ерекше  атап өткен жөн. Петербург  университетіндегі жүйелік және жандық аурулар  кафедрасында жұмыс атқара жүре, лабораториялық эксперименттің  индивидуальды ерекшеліктерін ілім ретінде көрсете отырып,  характерологияны және жеке адамның құрылымын жасады.

Қазіргі кездегі психологиялық ғылымның дамуы бірнеше жылдар бойы  тәжірибеде жиналған білімдерді практикада қолдану негізінде, адамдардың  іс-әрекеті туралы жаңа ілімдерді  кеңейтілуімен сипатталады.

Оны өзіміздің еліміздегі психологиялық ғылымның қолданбалы саласында біршама қарқынмен дамығандығын көруге болады. Еліміздегі психологтардың көпшілігі зерттеу және оқыту жұмыстарының психологиялық заңдылықтарын өлшеумен шұғылданса, енді біреулері қолданбалы өңдеулермен, енді біреулері кеңестік психотерапиялық  және адамға психодиагностикалық көмек көрсетумен айналысуда.

Жалпы алғанда эксперименттік психология тарихы төрт мағынаны анықтайтын кезеңнен тұрады:

  1.  В.Вундт және С.Стивенс т.б. түсінігі бойынша эксперименттік психологияның негізінде адамдар мен жануарлар әрекеттерін  зерттеу кезеңі.

Ғылыми психология  эксперименттік психологиямен теңеседі және психологияның философиялық, интероспекциялау, ойша жорытушылық амалдың және гуманитарлық көзқарастармен қарсы тұрады.

  1.  Эксперименттік психология-нақты зертеулерде іске асатын экспериментті жүйе ретінде дәлелдеп түсіндіру кезеңі.
  2.  Эксперименттік психология терминінің мағынасын кеңейте отырып, психологтар психологиялық әдістер мәселелерімен айналысатын ғылыми пәндер жүйесі үшін пайдаланылу кезеңі.
  3.  Эксперименттік психология - психологиялық эксперименттің теориясын, эксперименттің жалпы ғылыми теорияларын негіздеу және ең бірінші кезекте, оны жоспарлау және алынған мәліметтерді өңдеу туралы мәселені қарастыру кезеңі.

Ғылым-адам іс-әрекетінің басқа салаларынан мақсатымен, құралдарымен, мотивтерімен және жағдайларымен өзгешеленеді. Егер ғылымның мақсаты-шындықты түсіну болса, онда оның тәсілі-ғылыми зерттеу болып табылады. Зерттеу іс-әрекет нормасы ғылыми әдіске негізделген. Оның іске асуы зерттеу мақсатын белгілеу және анықтау, зерттеу құралдары, нәтижеге негізделетін бағдар арқылы жүреді.

Зерттеу теориялары:

Жеке адам  ерекшеліктерін зерттеуді Э. Фромм «агрессияның қатерлілік» себептерін зерттеудің ғылыми бағдарламасын жасайды.

К. Левин бағдарламасы-тартымдылық деңгейді, табысқа жету мотивациясын, топтық динамиканы және т.б. зерттеудің  қойылымының негізі болды.

Б.Ф. Ломов ұсынған бағдарлама қарым-қатынас процесінің когнитивті процестерге әсерін зерттеуі сенсорлық тапсырмаларды бірлесе шешудің динамикасы мен нәтижелілігін зерттеуді, есте сақтау, ойлау процестерінің жеке даралық және топтың өзгешіліктерін салыстыруды зерттеуді қарастырды.

№3 дәріс. Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістері

Мақсаты мен міндеттері: Психология ғылымындағы ғылыми зерттеу әдістері туралы, зерттеу әдістерінің жіктелуі туралы түсінік қалыптастыру.

 

Жоспар: 

Әдіснама, әдіс және әдістеме.

Эксперименталды психология дамуына гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдарының әсері.

Психологиядағы ғылыми зертеудің құрылымы мен принциптері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979
  3.  Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984
  4.  Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978
  5.  Фресс, Ж.Пиаже. Эксперементальная психология. М. Прогресс 1966

Ғылыми мәселенің қойылуы- кез-келген зерттеудің бастамасы. Тіпті балалардың шынайы сұрақтары мәселенің түбі болып табылады. Адамда неғұрлым мақсатқа талпынушылық көп болса, соғұрлым көп жақсы жұмыс істейді.  Мотивация төмен болған жағдайда, іс-әрекетте қателіктер көбейе бастайды, үйреніп білу баяу дамиды.

Бірқалыпты өзгермелісіз жағдайға бейімделген адамда мәселе туындамайды. Тек өмірдің ауыспалығы және адамның өзінің ішкі жан дүниесінің белсенділігі ғана мәселені туындататды. Ғылыми мәселелер тұрмыстық мәселелерге қарағанда нақты ғылыми саладағы терминдердің негізінде қалыптасады.

 «Күн неге жарқырайды?» - десек,  бұл сұрақ, мәселе емес.

«Адамдардың жеке басындағы қасиеттің бірі – агрессивтік-генетикалық белгілер өзгешелігі ме, жоқ әлде жанұя тәрбие әсеріне байланысты ма?» - бұл мәселе. Психология дамуындағы терминдердің жинақталу негізінде көрініп тұр және бұл нақты әдістер арқылы шешіледі.

Мәселенің қойылымы болжамдық тұжырымдаудан тұрады. Ғылымда мәселенің болуы-шындықты түсіндіру және сипаттау үшін мәліметтің жетіспеу салдарынан туындайды.

Сонымен мәселенің туындауындағы кезеңдер:

  1.  Ғылыми білімде шындық туралы жетіспеушіліктің көрінуі.
  2.  Қарапайым тіл деңгейде мәселені сипаттау.
  3.  Ғылыми пәндер терминінде мәселелерді тұжырымдау.

Екінші кезең міндетті түрде керек, өйткені қарапайым тіл деңгейінде мәселені сипаттау белгілі бір ғылыми салада, басқа ғылым салаларына ауысуына мүмкіндік береді. Мысалы: адамдарға агрессивтілік қасиетті тек психолгиялық факторлар негізінде ғана емес, сонымен қатар жалпы және молекулалы генетика әдстерді пайдалану арқылы шешуге немесе астрологиялық білімдерге сүйене отырып планеталық адам әрекетімен мінезіне әсері туралы тұжырым жасауға болады. Осыған сәйкес мәселені тұжырымдау, шешу мүмкіншіліктері тереңдейді, зертеу болжамы ұсынылады.

Ғылыми мәселе-зерттеушінің табиғатқа қоятын риторикалық сұрағы, бірақ оған өзі жауап беруі тиіс.

Ғылыми мәселелер төмендегіше топталады:

  1.  Шындықтағы мәселелер.
  2.  Мәнді болып көрінетін жалған мәселе
  3.  Шешімі жоқ мәселелер. Мәселенің шешімінің жоқтығын дәлелдеудің өзі оны шешудің бір варианты болып табылады.

Р.С. Немов экперменттік педогогикалық психологияның мәселелерін былайша топтастырады.

  1.  Балалардың  және ересектердің психологиялық дамуын жеделдету мәселелері.
  2.  Жас ерекшелік даму дағадарыстарын анықтау және жеңу мәселелері.
  3.  Дамудағы сензитивтік кезеңді диагностикалау және басқару мәселелері.
  4.  Баланы психологиялық дамуындағы мүмкіндіктері мен перспективаларына сәйкес оқу мазмұнын таңдау мәселелері.
  5.  Оқытудың әдістері мен құралдарын дамытушылыққа айналдыру, яғни адамның таным, жеке бастық, өзара жеке бастық даму деңгейін жоғарылату мәселелері.
  6.  Оқытушылар мен тәрбиешілердің кәсіби психологиялық дайындығы мен мамандықты жетілдіру мәселелері.

№ 4 дәріс. Психологиялық теория және оның құрылымы

Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеудің ғылыми теориясы мен құрылымы, ғылым аппарат туралы білім беру.

 

Жоспар: 

Психологиялық теория және оның құрылымы.

Ғылыми мәселе, болжам.

Жалпы ғылымдық зерттеу әдістері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001
  3.  Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984
  4.  Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978
  5.  Фресс, Ж.Пиаже. Эксперементальная психология. М. Прогресс 1966

Зерттеу-ғылымның мақсатын тәжірибе жүзінде іске асырады. Зерттеу кез-келген мәселенің өзіне тән талаптары болуы шарт:

  1.  Ғылыми зерттеу мәселенің көкейтестілігі – зерттеу үшін оны  таңдауға қажетті негізігі аргумент. Көкейлестілігі - дәл қазіргі уақытта өз уақытында, сол күнге қажеттілікке сәйкес мәселені шешу міндеттілігін білдіреді.
  2.  Жаңашылдығы-мәселенің өзіне қатысты емес, ұсынылатын шешімге қатысты сипаттамасы. Жаңашылыдығы мәселені шешуге талпыну, тексеруді кең және терең үйренудің нәтижесінде құралады.
  3.  Практикалық мәні-мәселенің шешімі қаншалықты шындықтағы іс жағдайын жақсы, тиімді жаққа қарай өзгертетіндігімен анықталады.

Кез-келген зерттеу белгілі бір принциптерге сүйенуі қажет.

  1.  Гуманизм және педагогикалық оптимизм принциптері, кез келген зерттеуге зиян келтірмей, керісініше дамытуға әсер ету керек. Сыпайы, қайырымды, ұқыпты қатыста іске асыру.
  2.  Объективтілік және ғылыми принциптері, психикалық даму, өзінің заңдылықтарына сәйкес ашылуы қажет. Дамудың әрбір кезеңіндегі өзіне тән заңымен, мазмұнымен түсіндірілуі қажет.
  3.  Комплекстік және жүйелік принциптері. Зерттеу бірізді жүреді, жеке бір параметрлері емес дамудың жақтары тұтас қаралу негізінде әрбір психикалық сапасының орнын анықтау арқылы, олардың өзара байланысын ашу керек.
  4.  Детерменизм принципі. Кез келген психикалық құбылыстың дамуы, басқа психикалық құбылыстардың дамуымен тығыз байланысты, психикалық ерекшеліктердің қалыптасыуындағы себеп салдарды айқындау қажет.
  5.  Іс-әрекетте психиканың және сананың даму принципі. Іс-әрекет тек психиканың  даму жағдайы ғана емес, сонымен қатар, іс-әрекет-оны зерттеудің бір жолы.
  6.  Сана мен іс-әрекеттің бірлік принципі. Л.С.Рубинштейн ұсынған. Сана мен іс-әрекеттің өзара байланысы мен өзара әсерін көрсетеді. Сананы зерттеу іс-әрекет арқылы жүреді, өйткені сана іс әрекетті басқарады және сана іс-әрекетте қалыптасады.
  7.  Жеке даралық және жеке тұлғалық қатынас жасау принципі. Психикалық дамудың жалпы заңдылықтары - әрбір индивидта өзіндік сипатта және басқаларда қайталанбайтын формада кездеседі.

№ 5 дәріс. Психологиядағы ғылыми зертеудің әдістерін жіктеу.

Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу әдістерін жіктеудің әдіснамалық негізін түсіндіру.

 

Жоспар: 

Ұйымдастырушылық әдістер.

Эмпирикалық мәліметтерді жинау әдістері.

Эмпирикалық мәліметтерді өңдеу әдістері.

Алынған мәліметтерді интрепретациялау әдістері.

Психологиялық зерттеудің кезеңдері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  2.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  3.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  4.  ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994
  5.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002

Нағыз ғылыми эксперимент ұзақ, мұқият дайындықты талап етедi, оны зерттеуде мынадай міндеттер іске асады:

1. Тақырыпты белгiлеу және зерттеу мәселесiн алдын-ала анықтау.

2. Әдебиеттi таңдау және оларға талдау жасау.

3. Зерттеудiң тапсырмасын, болжамын және мәселесiн анықтау.

4. Психодиагностикалық, зерттеулiк, әдiстемелердiң апробациясын және өңделуiн жинақтау.

5. Эксперименттiң өтyi мен дайындығы.

6. Эксперименттiң ұйымдастырылуы мен жүргiзуiнiң схемасын талдау.

7. Эксперименттен алған нәтижелердi өңдеу және талдау.

8. Алынған мәлiметтердiң қорытындысын және практикалық ұсыныстар негiзiндегi түсіндірмелер.

Әрбiр аталған эксперименттiң дайындалған, ұйымдастырылған, жүргiзу кезеңдері, тек кейбiреулерi болмаса, өз бетiнше тәуелсiз зерттеу жүргiзе алады. Бұл байланыста эксперименттен

басқа психологиялық  педагогикалық зерттеудiң алты түpi бар бөлемiз:

1. Бейнелiк-аналитикалық (талдаулық) зерттеу.

2. Бейнелiк критикалық (сынды) зерттеу

3. Теоретиялық зерттеу

4. Эмпирикалық (көріністік) бейнелiк зерттеу

5. Эмпирикалық түсiндiрмелi зерттеу.

6. Әдiстемелiк зерттеу.

Бейнелiк талдаулық зерттеу - таңдалған тақырыпқа зерттеушi түгелдей көлемде зерттеп көрсетiп және практикалық бағалау есебiнде әдебиеттерге жүйелiк талдау жасайды және өңделген материалды талдау арқылы оқыту мен тәрбиелеудiң тиiмдi жолдарын iздестiрудi қарастырады.

Негiзгi тапсырма берiлген әдебиеттердің көмегімен iстiң немесе жұмыстың жалпы шетiн анықтап, жауаптары белгiлi сұрақтарды белгiлеп және әлi жауап беретiн сұрақтарды белгiлеуден тұрады.

Мағлұматтық материал әдебиеттi оқудың нәтижесiнде жинақталған ғылыми реферат түрiнде ұсынылады: ол жерде жүргiзiлген зерттеулердiң үлгiсiмен, нәтижелердiң қысқа көрсеткiштерiнен басқа, мәлiметтердiң себептi таңдауы тар. Егер осындай түрдегi зерттеу өздiгiнен емес, ол күрделi зерттеудiң бөлiгi ретiнде орындалса, мысалы, жоспарланған эксперименттiң алғашқы кезеңі сияқты, онда нәтижесiнде алынған жазбаша мәтін, эксперименттiк жұмысты сипаттайтын жеке тарау болуы мүмкін.  Жоғарыда бөлiнген психологиялық - педагогикалық зерттеулердегi бейнелiк - талдау анағұрлым  мелшерде қиын болып табылады. Оған, әдетте келесi негiзгi талаптар ұсынылады:

а) талданған әдебиеттiң мазмұны, таңдалған тақырыпқа сәйкестiгi.

б) оқытылған әдебиеттiң тiзiмiнiң толықтылығы.

в) реферат мазмұнындағы алғашқы әдебиеттiк қайнарыньң терең өңделуi.

г) берiлген әдебиет мәлiметiнiң жүйелiк талдануы.

д) реферат мәтіндері  логикалығы мен қатесiздiгi, оны жасаудағы ұқыптылығы және билиографиялық талаптардың дұрыстығы.

Реферат аяқталысымен қарастырылған мәселе күйiне қатысты қорытынды, талдау жасау ұсынылады; мәселе бойынша қандай жұмыстар жасалынады немесе жасалыныды мәселемен байланысты, оның сұрақтарына тугелдей жауап беру үшiн қандай шаралар қолдану керек?

№ 6 дәріс. Бақылау және эмпирикалық зерттеу әдістері.

Мақсаты мен міндеттері: Психологиялық зерттеуді ұйымдастыруда бақылау әдісін жүргізудің технологиясы туралы түсіндіру.

 

Жоспар: 

Бақылау және эксперимент.

Бақылаудың өтілу барысы мен техникасы.

Жоспарлау мен бақылаушы позициасын таңдау.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994
  3.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  4.  Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984
  5.  Адлер Ю.П. Предпланирование эксперимента М,1978

Кiрiспе есебiнде әдетте пайдаланған әдебиет тiзiмi берiледi. Бейнелi сындық зерттеу – сыни сипаттармен ерекшеленедi. Бұл жағдайда, мiндеттi бейнелiк аналитикалық бөлiктен басқа, онда мәселе бойынша жасалған, аргументтер мен сәйкесiнше қорытындылар болуы мүмкін. Сыни талдау қойылған мәселенi мумкiндiгiнше шешуге қатысты идеяларды және де не жайлы жазылатын реферат авторының өзiндiк ой-толғаныстарын құруы мүмкін.

Бұндай ой-толғаныстармен реферат мәтіндері байланысуы мүмкін немесе аналитикалық, критикалық және конструктивтi – теориялық жұмыс бөлiктерi арасындағы өтпелi болып табылатын оның жеке қатары бөлiнуi мүмкін.

Теоретикалық зерттеу деп қойылған мәселенiң шешiлуiне бағыталған, әдебиеттiң бейнелiк және  критикалық талдауынан басқа автордың өзiнiң теориялық ұсыныстары бар зерттеудi айтамыз. Бұл автордың шешiлетiн мәселе теориясына қосқан үлесi, оның жаңа көрінісі, көзқарастың ерекшелігі.

Теориялық - зерттеуде келесi мiндеттер қойылады: қолданылған түсiнiктердің өзара анықталған, логикалығы, эмпирикалықтың негiзiнде, зерттеулер берiлген әдебиеттерге, түсініктерге емес, ақиқатты  фактiлерге сүйенедi.

Бұндай зерттеу әдетте анықталған әдiс жинағының және фактiлердi талдауының қолданылуымен жүргiзiледi. Эмпирикалық зерттеу қажеттi фактiлер жинауы мен анықтауы үшiн жасанды эксперименталды ситуацияны құруды талап етпейдi. Бұндай зерттеу түрiнде зерттеуші немесе практик тек жазып алады, сипаттайды, талдайды және өмiрде олардың көмегiнсiз немесе араласуынсыз не болғанын қорытындылайды. Осында эмпирикалық зерттеудi эксперименталдықтан ажыратады. Егер, мысалы зерттеушіні өзінің алдына баланың ақыл есінің даму процесiн зерттеу мәселесiн қойса, ары қарата осы процестiң табиғи жағдайда қалай жүзеге асырту процесiн констациялайды, онда мұндай зерттеу эмпирикалық болады. Егер зерттеуші оқу процесiн өзгертiп ақыл-есiнiң дамуы мiнезiн қамтысын десе, онда мұндай зерттеу психологиялық -педагогикалық эксперимент болады.

Эмпирикалық зерттеу жазбаша және түсiндiрмелi болуы мүмкін. Бірінші түрдегi зерттеу аз зерттелiнген объектi немесе құбылыстар тәжiрибе арқылы іске асады, және кейбiр жаңа фактiлерге сүйенедi. Түсiндiрмелi эмпирикалық зерттеу жинақталған, фактiлердiң түсiндiруiн құрайды. Бұндай түсiндiру кезiнде белгi емес фактiлермен белгiлер apacындa түсiндiрмелi себептi және себеп-салдар фактiлер арасындағы тәуелдiлiктi құрайды.

Әдістемелік зерттеулер ерекше топқа жатады. Оның негiзгi мақсаты - практикадағы валидтiлiк, тұрақтылық, өңдеу, негiздеу және тексеру, сонымен қатар кейбiр психикалық қасиетті қалыптастыратын жаңа психодиагностикалық әдiстi ойлап табу. Егер жасалынған (текст) әдiс тест түрiнде болса, oған мiндеттi түрде тәсiлi және алыған мәлiметтiң интеграциясы, процедурасы дәл тексеріліп сипатталады.

№ 7 дәріс. Бақылау құралдары мен мәліметтерді фиксациялау реті.  

Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу барысында қоданылатын бақылау әдісінің техникасы мен технологиясы туралы, бақылау әдістері бойынша алынған мәліметтерді талдау туралы білім беру.

 

Жоспар: 

Эмпирикалық мәліметтерді жинаудың басқада әдістері.

(анкета, сұхбат, интервью)  

Психологиялық зерттеу кезеңдері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  2.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  3.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  4.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  5.  Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984

Ғылымдар қатарында бақылау әдісі жалғыз эмпирикалық әдіс болып табылады. Классикалық бақылаушы ғылым астрономия болып табылады. Оның барлық жетістіктері бақылау техникаларын жетілдірумен байланысты.

Бақылау дегеніміз зерттелініп отырған объектіні мақсатқа бағытталған, ұйымдасқан және белгілі-бір жолмен қызмет ететін қабылдау және объекті жүріс-тұрыстарын тіркеу. Бақылау – зерттелініп отырған объекті туралы қажетті ақпараттар оның тікелей көру арқылы қабылдауы мен бағалауының нәтижесінде алынатын психологиялық зерттеу әдісі

 Бақылау әдісінің түрлері:

  1.  Бақылау объектісіне байланысты: тұтас бақылау және селективті бақылау;
  2.  Бақыланатын объектінің орналасуына қарай: сыртқы объективті дүниені бақылау және ішкі субъективті дүниені бақылау, немесе өзін-өзі бақылау-интроспекция;
  3.  Зерттеу мақсатына сәйкес: еркін бақылау (басқарылмайтын, мақсатсыз бақылау) және мақсатты бақылау;
  4.  Сипаттау, баяндау бірлігіне қарай: жүйеленген және жүйеленбеген бақылау. Жүйелік бақылау белгілі-бір жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылаушы жүріс-тұрыстың тіркелетін ерекшеліктерін көрсетеді және сыртқы ортаның шарттарын жіктейді. Индивидтің немесе топтың белгілі шарттардағы жүріс-тұрыс көрінісі. Жүйеленбеген емес бақылау зерттеу үстінде жүргізіледі. Ол этнопсихология, даму және әлеуметтік психологияда қолданылады.
  5.  Бақылаушының позициясына қарай: сырттай бақылау және қосарланған бақылау. Сырттан бақылаудың өзі ашық және жабық болып бөлінеді;
  6.  Бақылауды ұйымдастыру тәсіліне байланысты: лабораториялық бақылау, еркін жағдайдағы бақылау (полевое наблюдение), арнайы қалыптастырған жағдайдағы бақылау (спровоцированное наблюдение);
  7.  Бақылауды хронологиялық ұйымдастыруға байланысты: лонгитюдті бақылау,  белгілі-бір кезеңдік бақылау, жеке жағдайды бақылау.

Психологиялық бақылау жүргізетін құбылыстар:

  1.  Индивидтің мінез-құлық ерекшеліктері;
  2.  Психикалық әрекет өтуінің сыртқы формасы;
  3.  Эмоционалды қалыптардың экспрессивті формалары;
  4.  Тұлғалық қырлар, қасиеттер;
  5.  Сөздік формада көрінген сана көріністері.

Бақылаудың категориялары мен бірліктері

Бақыланатын объектіні саналы түрде сипаттау үшін бақылау барысында арнайы бөліп шығарылған категориялар мен бірліктер болады. Яғни, субъект белсенділігінің құрамына жасанды бірліктерді бөліп шығару арқылы жүргіземіз. Мұндай бірліктерді бөліп шығару 1-ден бақылау процессінің белгілі-бір рамкамен шектелуін, 2-ден зерттелінетін құбылысты, сондай-ақ  мәліметтерді тікеу тәсілін таңдап алуды, 3-ден теориялық негіздің эмпирикалық мәліметттерді алу процессіне енуін жүйелеу мен қадағалауды қамтамасыз етеді.

Ал категориялар зерттелушінің белгілі-бір теориялық көзқарасы жүйесіндегі өзіндік мәнге ие болған бағалау бірліктері.

Бақылау мәліметтерін алуда сапалық және сипаттаулар, бағалаулар қолданылады. Сапалық түрде бағалаудың 2 типі бар:

1) Тұрмыстық тілде сипаттау. Шартты атаулар мен белгілер;

2) Жасанды белгілер мен кодтарды қолдана отырып сипаттау.

Ал, сандық сипаттаудың 2 тәсілі бар:

1) Баллдық бағалаулар түрінде қолданылатын психологиялық  шкалалау;

2) Уақытты өлшеу немесе хронометраж (белгілі бір уақыт аралығында бірліктердің кездесу жиілігін есептеу).

Тұтас бақыланатын процестен тіркеу үшін белгілі-бір уақыт аралығы алынады. Бұл кезең барлық кезеңді репрезентациялай алуы керек.

Бақылау жүргізу процедурасы:

  1.  Дайындық кезеңі. Мұнда бақылау объектісі туралы бастапқы түсінік алу, бақылау түрін таңдау, бақылау мақсатын, міндеттерін және жағдай мен бақыланушыны анықтау;
  2.  Бақылау сызбасын, нақты жоспарын және бақылау техникасын қалыптастыру;
  3.  Бақылау жүргізудің кезеңі. Эмпирикалық мәліметтерді алу процесі, яғни осы кезеңнің нәтижесі ретінде;
  4.  Нәтижелерді өңдеу және интерпретациялау.

№8 дәріс. Эксперименталды зерттеудің әлеуметтік – психологиялық аспектілері. 

Мақсаты мен міндеттері: Эксперименттатор мен зерттелінушінің өзара қарым қатынастық әрекеттерінің ерекшеліктері турал білім беру.

 

Жоспар: 

Экспериментте психолог пен зерттелушінің қарым-қатынасы.

Экспериментатор мен зерттелушінің тұлғасы мен іс-әрекеті.

Психологиялық эксперименттің әлеуметтік-психологиялық аспектілері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  3.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  4.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  5.  Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979

Психологиялық эксперимент экспериментатор мен зерттеушiнiң өзара бiрлескен ic-әрекетi. Бiрлескен ic-әрекетi ұйымдастыру және іскe асыру процесi – қарым-қатынас  болып табылады. Зерттелуші экспериментаторға өзінің өмірлік жоспары, мотиві, экспериментке қатынасу мақсатымен келедi. Әрине, зерттеу нәтижесiне экспериментатормен қарым-қатынаста пайда болған оның жеке басының ерекшелiктерi әcep етедi. Бұл мәселемен  эксперименттің әлеуметтiк психологиясы айналысады. Психологиялық эксперимент бiр тұтастық ситуация ретiнде қарастырылады. Жағдай балалардың ақыл-ойына тест жүргiзуге әcepi туралы сөз осы ғасырдың 20-30 жылдары болған. Атап айтқанда Бине-Симон Tecтi бойынша балалардың интелектiсiнiң дамуының бағасы оның жанұясының әлеуметтiк статусына тәуелдi eкeңi анықталған. Ол кез-келген зерттеуде кез-келген таңдауда кез-келген yaқытта немесе кез-келген елде көрінеді.

Егер тестік жағдайда әртүрлі қоғамдық топтағы балалармен қарым – қатынас кезiндегi түрлi бағыттағы пайдалану, сонымен қатар балаға үйреншiктi тiлдi қолдану қоғамдық топтағы балалардың интелектi дамуында айырмашылық болмайды.

Көптеген психологтар - эксперимент ситуациясы оның нәтижесiне әcepiнің маңызын мойындайды. Эксперимент процедурасы ересектерге қарағанда балаға көп әcep ететiндiгi анықталған. Бұны түсiндiру бала психикасының ерекшелiктерiне байланысты.

1. Ересектерге қарағанда балалар эмоционалды келеді. Ересек бала үшiн үнемі психологиялық үлкен мәні бар объект болып табылады. Ол не пайдалы, не қауiптi, не сүйкiмдi, не жағымсыз немесе одан алшақ болуы мүмкін. Балалар таныс емес ересектерге ұнағысы келедi немесе олармен контакт жасаудан қашады. Баланың экспериментаторға қатынасы - экспериментке қатынасын көрсетедi.

2. Балалардың жеке басының ерекшелiктерiнiң көрінуі ересектерге қарағанда көп деңгейде ситуацияға  байланысты келеді.  Ситуация қатым - қатынас жасау барысында жинақталады. Бала экспериментатормен нәтижелі қатынас құру керек, оның сұрақтары мен талаптарын түсіну қажет. Ол әдеби немесе қарапайым тiлде сөйлеуi, ал экспериментатор әдеби ғылыми тiлде сөйлей отырып балаға тәрбие беру керек.

3. Бала ересектерге экпериментаторға қарағанда, көбiне шындықты тipi қиял ретінде игередi.  

Психологиялық эксперименттiң әлеуметтік психологиялық аспектiсiн алғаш негiзiн салушы С.Розенцвейг болды. 1933ж. баспадан шыққан еңбегi экспериментiң нәтижесiн бұзудың қарым қатынасы негiзгi факторларын көрceттi.

1. Бақылаушыға қатынас құрудағы қателер. Олар реакцияны таңдау негiзiндегi зерттеушiнiң шешiмдi қабылдау критериларын түciнyre байланысты.

2. Зерттеушiнiң мотивациясына байланысты қателер. Зерттелінушi экспериментатордың мақсатына сәйкес емес, эксперименттiң мақсаты мен міндетіне өз түсінігі бойынша сәйкес әpeкeт жасауы мүмкін, не болмаса, зерттелінушiнiң көрсеқызарлығы, көкіректігі, атаққұмарлығы себеп болуы мүмкін.

3. Зерттелінушінің экспериментатордың жеке басын қабылдауына байланысты, жеке тұлғаның әсерiндегi қателер. Зерттелінушi экспериментке өз epкімен, не ceнімімен қатысуы мүмкін. Зерттеуге қатысудың өзi артефакт себептерi болып табылатын зерттеушiдегi түрлi мiнез -құлқын көрсетедi. Экспериментатордың жеке іс - әрекеті бойынша негiзгi 2 мәселенi қараған жөн:

1. Эксперимент нормасынан ерiксiз шығып кету қабілеттері. Мұны кейде жөндеуге болады.

2. Эксперимент ситуациясы барысына әcep eтeтiн және санасыз психикалық әpeкeт бағытына әcepi болып табылады. Экспериментатордың  тұрақты мiнез-құлық тенденциясы.

№ 9 дәріс. Зерттелушінің мотивациясы.

Мақсаты мен міндеттері: Зерттелінушінің зерттеуге қатынасу мотивтерін талқылау.

 

Жоспар: 

Зерттелушінің мотивациясы.

«Фасад», «Плацебо» эффектілері.

Эксперимент жүргізудің этикасы.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  3.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  4.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  5.  Шмелев А.Г. «Введение в экспериментальную психосементику» М.,1979

Зерттелінушiлердегi түрлi мiнез-құлық ерекшеліктеріне қарай, бірқатар нәтижелі көрсеткіштер кездеседі.

Бұлардың көп кездесетіндері:

  1.  «Плацебо» эффектiсi,
  2.  Хотторн эффектiсi,
  3.  Аудитория эффектiсi  

  1.  Плацебо эффектi медиктерге табылған: зерттелінушiге препарат және дәрiгер әрекетi оның саулығына сәйкестенентіндiгiн сезсе, оларда  денсаулығының жақсарғандығы байқалады. Эффект – сенiм, өзiн-өзiн сендiру механизмдерiне негiзделген. Хоттарн эффектiсi – фабрикаларда әлеуметтiк психологиялық зерттеу жүргiзген кезде көрiнген. Психологтардың өткізген экспериментке қатынасуға тарту, қызықтыру, зерттелушінің жеке өзiне деген көзқарасын бағалаған. Зерттелінушiлер экспериментатор күткендей етiп өздерiн ұстаған. Хотторн эффектісінен егер зерттелінушiлерге зерттеу гипотезасы және жалған (ортогональды) гипотеза беру, сондай-ақ селқостық тонда инструкциямен таныстыру да мәлiмделмесе бас тарту қажет. Аудитория эффекттісі немесе әлеуметтiк фасилитация (күштi) эффекттісін Г.Зайонц ұсынған. Кез-келген сыртық бақылаушының болуы. (Экспериментатор және ассисенттің болуы) зерттелінушiнiң орындайтын кез-келген жұмысын, адамның мiнез - құлқын өзгертедi. Эффект спортшыларда жарыс кезiнде өте айқын көрiнедi. Жаттығуда және көпшiлiк алдында көрсеткен нәтиже айырмашылығы мысал бола алады. Зайонц – үйрету кезiндегi көрермендердiң болуы, олардың қысылу күйiне соқтырады және iс-әрекеттiң нәтижесiн төмендетедi. Егер әрекет қарапайым тәндiк күшке негiзделсе нәтиже жақсарады. Қосымша зерттеулер өткiзгеннен соң төмендегiдей тәуелдiктер анықталады.

Эксперимент нормасы, оны өткiзу құрылымы объективтi болу кереқ яғни нәтиже  экспериментатордың кәсiби шеберлiк әpeкeтіне сыртқы орта жағдайына байланысты болу керек.

Эксприменттiң iс-әрекеттiк позициясы - бұл зерттелінушiнiң iс-әрекетiн езгерте отырып психикалық ерекшелiгiн көpceтeтiн зерттелінушiге әcep eтeтiн экспериментатордың  iс-әрекетi болып табылады. Эксперимент процедурасы экспериментатордың белсендiлiк қызметiн атқарады: яғни ол зерттелінушi жұмысын ұйымдастырады, oғaн тапсырма бередi, нәтижесiн бағалайды, эксперимент жағдайына жетекшiлiк етедi. Зерттелінушi әpeкeтін немесе оның  iс-әрекетiнiң нәтижесiн тipкeyre алады. Әлеуметтiк психологиялық көзқарас бойынша экспериментатор жетекшi мұғалiм, ойын инициаторы ролiн, ал зерттелінушi бағынушы, орындаушы, оқушы, ойынға қатысушы ролiн атқарады. 1960 жылы Американ психологтарының эксперимент өткiзу процедурасы бiрдей, бiрақ экспериментатордың жеке басына байланысты өтуi әртүрлi деген көзқарасын Н.Фридман қолдай отырып, экспериментаторлар әртурлi бақылайды, әртүрлi бағалайды деп көрсетедi. Мұндағы негiзгi мәселе экспериментатордың мотивация өзгешелiктерi егерде олардың барлығы жаңа нәpсeнi танып бiлуге тырысқанмен сипатталынса, олардың танып бiлу жолдары, құралдары, мақсаттары әртүрлi. Л.Бергер зерттелінушiнiң iс-әрекетiнiң нәтижесiн бағалау кезiнде экспериментатордың қателер типiн былайша көрсетедi:

1. Өте жоғары нәтижелердi төмендету.

2. Соңғы бағалардан бас тарту (ортадан жоғары мәлiметтердi топтау).

3. Зерттелінушiнiң бiр қасиетiнiң мәнін немесе бiр тапсырмасының мәнін жоғарылату.

4. Эффект қысқа мерзiмдi психологиялық жағдай.

5. Жеке адамның кез-келген қасиетiне қатынас туралы концепцияға негiзделген бағалаудағы аналогиялық жағдай.

6. Зерттеушiнiц эмоциясына, жағдайға байланысты әcepre негiзделген қателер.

        Эксперименттiк зерттеу объектiсi – адам, ол адам психикасы бола отырып, зерттелінушiнiң экспериментатормен бiрлескен iс-әрекетiн өзгешелеуге болмайды. Зерттелінушi тек зерттеу мақсаты мен мiндеттерiн ғaнa бiлiп қоймау қажет, сонымен қатар эксперимент барысында не және не ушiн iстey керек екендiгiн де түciнe бiлу керек. Зерттелінушiнiң көзқарасы бойынша эксперимент өзiнiң жеке проблемаларын шешу үшiн экспериментатормен қарым-қатынас жүргiзудегi жеке өмірінің бiр бөлiгi (уақыты, әpeкeтi, күні т.б.) болып табылады. Зерттелінушi қарым-қатынаста, еңбек, оқу, ойын әрекетiнде белсендi болуы мүмкін, оның белсендiлiгi эмоционалдық немесе творчествалық болуы мүмкін  Г.С.Журавлев эксперименттi зерттелінушi iс-әрекетi ретiнде қарастыра отырып, оның сипаттамасының бiрқатар жоспарын көрсетедi.

1. Пәндiк: экспериментке қатысушы адамдар зерттеушi жасайтын немесе манипуляциялайтын объект – зерттелінушi пайдаланатын құрал:  

экспериментатор жүргiзетiн жағдай.

2. Функционалдық: зерттелінушiге тән әрекет тәсiлдерi зерттеушiнiң мiндеттi түрде компетендiк деңгейi зерттелінушiнiң ic-әрекет сапасының  баға критериi; зерттелінушiнiң ic-әpeкeтіне және эксперимент жүргiзудің уақытша сипаттамасы.

3. Белгi-таңбалық символикалық (зерттеушi-инструкциясы).

4. Зерттелінушiнің ic-әрекет мақсаты және зерттеу мақсаты.

5. Әрекет ережелерi мен тәсiлдерi.

6. Экспериментатормен қарым-қатынасы.

7. Мотивациялық құрылымымен танысу.

Психологиялық эксперимент бул зерттелушiнiң экспериментатормен кездесуi. Дегенмен кейiн айырылысуға тура келедi. Эксперимент ситуациясы iшкi немесе сыртқы жағдайда қарастырылады. Сыртқы жағдайға кipy және шығу iшкi жағдайға эксперимент өткiзу кезiнде не болғаны жатады.

Зерттелінушi-зерттеуге ез epкімен немесе epiктi қатысуы мүмкін. Егер табиғи экспериментке қатысатын болса, өзiнiң зерттелінушi болғанын бiлмей де к,алуы мүмкін. Көптеген адамдар зерттеуге өзiнiң көрсеқызарлығымен өз epкiмен қатысады. Көбiне олар өзi туралы, айналасындағалардың қатынасы туралы бiрнәрсе бiлгiсi келедi. Өз  epкiмeн экспериментке қатысушы зерттелінушiлер ақша жасауға, сынақ алуға тырысады, көрсеқызарлығы, достарының ұсыныстары кейде, ғылымға қызмет жасауға тырысудан туындайды. Екiншi бiр жағы - зерттелінуші экспериментке мiндеттi түрде қатысу керек. Бұл мәселеге арнайы зерттеулер экспериментке қатынасуға керектігін көз жеткiзу, экспериментке сын көзбен к,арайтындығы, экспериментаторға  қастық және сенiмсiз көзқараспен қарайтындығын дәлелдейдi. Мұндай зерттелінушiнiц кейбiрi экспериментатордың жоспарын бұзуға тырысады, эксперимент ситуациясы конфликт ретiнде құрылуы мүмкін. Американ психологтары 70 пайыздан 90 пайызға дейiн зерттелінушi студенттер, оның iшiнде студент психологтар екенін дәлелдейдi. Көп жағдайда ер азаматтар қатынасады.

Көптеген психологотарды зерттелінушiнің жеке басы туралы мәселелер  қызықтырады, тiптi Розенцвейг «зерттеушi - өз epiктi адам», «Испытуемый – доброволец» кiтабын жазады. Онда қатыстырған зерттелінушілер:

1. Бiлiм деңгейiнiң жоғарылығымен;

2. Жоғары әлеуметтiк ситуациямен;

З. Жоғары деңгейлi интеллектiсiмен;

4. Әлеуметтiк қолдауды жоғары деңгейде қажетiлiгiмен;

5. Жоғары әлеуметтiлiгiмен өзгешеленедi.

Писхологиялық эксперимент ситуациялар типтерiне.

1. Өз epiкті психологиялық кеңес беру ситуациялар жатады.

2. Кәсiби таңдау, оқу орнына психологиялық таңдау ситуациялар, бұл көптеп кездеседі.

З. Мiндеттi түрде қатысатын көпшiлiк зерттеу.

4. Психологтың күнделiктi өмiрiнде және күнделiктi жұмысында туындайтын көптеген диагностикалық ситуациялар жатады. Эксперименттік зерттеудi ұйымдастырудьщ iшкi және сыртқы түpi болады.

№ 10 дәріс. Экспериментті жоспарлау.

Мақсаты мен міндеттері: Экспериментті жоспарлау әдіснамасы туралы білім беру.

 

Жоспар: 

Эксперименттің валидтілігі.

Валидтіліктің түрлері.

Болжам және оның түрлері,

Эксперименталды болжамның құрылуы.

Тәуелді және тәуелсіз ауыспалыларды бөлу.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001
  2.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  3.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  4.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  5.  ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983

Зерттеу жұмысы тұтас образды болу үшiн төмендегiдей жүйелiлiкпен жүредi.

1. Сөздiктердi, энциклопедияны пайдалана отырып қарастырылатын тақырыпқа қатысты негiзгi ұғымдардың анықтамаларымен танысу керек.

2. Жүйелi каталог көмeгiмeн қарастыратын тақырып бойынша библиография құру; кiтапхана неғұрлым ipi болса, каталогпен жұмыс iстey соғұрлым нәтижелi болады. Библиографиялық сипаттама негізінде өзiндiк карточкалар арқылы өз картотеканы құрып алған жөн, ол алфавит бойынша емес, жүйелi болған тиiмдi.

З. Fылыми журналдармен таныса отырып, зерттеу пәнiмен тағы алдын-ала танысуды жүзеге асыру керек. Журналдардың соңғы жылдары шыққанын қолданған жөн. Биология Психология Адам мен жануар физиологиясы және морфологиясы.

4.Психологиядан басқа қоғамдық ғылымдардың библиографиялық және (анықтамалық) сөздік түсіндірме – басылымдармен танысу.

Библиографиялық дайындық жүргізу арқылы – таңдалған, қарастыратын тақырып бойынша шығарылған ғылыми еңбектердің саны туралы, сол мәселеге оқымыстылардың, ғалымдардың көзқарасы туралы, белгім, жемісті авторларды іріктеп алуға машықтанады. Әр  оқуды ең белгілі атақты авторларды оқудан бастаған жөн яғни, сол тақырып жөнінде алғашқы сөз қозғаған ғылыми еңбегі құнды болып келеді және бұл басқа ғылыми жұмыстардың мазмұнын түсінуді жеңілдетеді. Яғни, әрбір кітапты ретсіз басынан, аяғына дейін оқып шыққанша жинақталған әдебиетті әтұтас ретінде қарастырған жөн.

Кітаптағы ең мәнді зерттеуге қажет фрагменттермен тауып ең мәнді зерттеуге қажет фрагменттермен тауып үйреніп танысқан жөн, кітапты толық оқып шығу қажеттілігі керек емес. Кітапты уақытша кітапханадан алған жағдайда оны конспектілеген жөн. Оған уақыт жоғалады деп ойласаңыз, оны қайта іздестіріп қайта оқып шығуға одан көп уақыт жұмсайсыз. Әдебиеттің негзгі мазмұнын тауып, оны қысқарту қиынғңа соқса, автордың қорытындысы қандай, сол күйінде көшіріп алған жөн. Конспектіде белгілеу жүйесін қолданған тиімді. Яғни автордың ойын көрсеткен уақытты және өзіңіздің ұсынысыңыз бен ескертпеңіз болған жөн. Тұтастық болу үшін конспектің әрбір фрагменті кітаптың қай бетінде екенін көрсеткен жөн. Цитата үшін бұл міндетті түрде керек. Қысқарту жүйесі конспектіні жеделдетеді. (Штернберг Л.Ф. «Скоростное конспектирование») тексті қысқартудың ең оңай жолы дауысты әріптерді тастап кету. Әлбетте қысқарту әр адамның ойлау, есте сақтау, психомоторика ерекшелігіне, тәжірибесіне, т.б. факторға байланысты әртүрлі болады.  
Зерттеу жұмысын конспектілеуде – экспериментатор зерттеуді сипаттаауда оның мынадай сипатын ескеру қажет: қолданған әдістемелер тізімі, оригиналды әдістеме сипаты, эксперимент процедурасын сипаттау, зерттелінушілерді таңдай көлемі (жас ер ерекшелігі, жынысы, білім деңгейі, кәсіби нақты жататын әлеуметтік тобы көрсетілу тиіс), қажет емес немесе қажетті нәрсе таба алмай қалған жағдайда оның библиографиялық сипатын және өзіңіздің қысқаша ұсынысыңыз болу керек. Жеке меншік өз кітаптарыңызды біраз уақыт өткен сайын қайта оқып отырған тиімді. Өз кітаптарыңдағы зертеу тақырыпқа сәйкес ең қызықты, мәнді жерін белгілеп қойған жақсы.

Жинақталған материалдар хронологиялық талап бойынша жинақталған болуы мүмкін, яғни еліміздегі шетел ғалымдарының зерттеу мәселелерінің кезеңдері баяндалады. Ал логикалық құрылымның тиімділігі сол, зерттеу құбылысының табиғатын терең танып білуге болады. Әдебиетке шолу құрылымы төмендегідей болуы мүмкін:

  1.  Феноменологиялық сипаттау  яғни көріну сипатты. Мәселесінің көріну көлемі, көріну жилігі, сипаттамасы, уақыттылығы, интенсивтілігі.
  2.  3ерттеу құбылысын басқа психикалық процестердің алатын орны яғни өзара байланыстылығы, өзара әсері. Оны негіздейтін факторлар, әсер ететін факторлар.
  3.  Жүйелі, тұтас комплексті орталық т.б. (подходқа бекініс ретінде қарастыру) зерттеу ұбылыстың жүйесі. Өту компоненттері, элементері арасындағы тұрақты байланысы. Психологияда структура дегеніміз алдымен функционалды құрылым, яғни басқа жеке  функциялар арасындағы өзара тұрақты байланыс.
  4.  3ерттеу құбылысының табиғатты, мәні, құбылыстың әсіресе бар жинақталған анықтамасы. Зерттеу құбылысын түсінудегі әртүрлі образдағы деңгейіне сипаттама.
  5.  3ерттеу құбылысының бағынатын заңдылықтары.
  6.  Психологиялық құбылыс, қасиет немесе функциялық қолданбалы, практикалық қолданылуы.

Әдебиетке шолу құрылымы әдетте қарастырылып отырған құбылыстардың өзіндік ерекшелігіне оның  зертелінген деңгейіне және факторларға байланысты болғандықтан бұл қатып қалған жүйе емес.

Зерттеу  жұмысы текстінде бұл бөлік ең алғашқы фрагменттердің бірі болуы керек. Ең алдымен ұсынылып отырған әдебиеттерге шолуға негізделе отырып таңдап алынған зерттеу мәселесінің зертелінген дәрежесіне сипаттама беру керек. Толығымен ол қаншылықты дәрежеде зертелгені, кейбір жақтары, аспектері бірдей қаншалықты зертелінгенін айту қажет. 3ерттеу құбылысының табиғатын түсінудегі қарама-қайшы көзқарастарға, аз зерттелінген жақтарына, немесе тіпті зерттелінбеген жақтарына көп көңіл бөлу керек.

Білім, мәлімет, ғылыми ой - тұжырымдардың қарама-қайшылығының жетіспеушілігі – ғылыми мәселенің қалыптасуы үшін жағдай туғызады.

Ғылыми мәселенің құрылымы төмендегідей:

  1.  Мұндай дифициттің бар екенін  табу (көрсету)
  2.  Дифициттің қажеттілігін таныту (түсіндіру)
  3.  Проблемалық ситуацияны қарапайым, табиғи тілде сипаттау.
  4.  3ерттеу проблемасын ғылыми терминде реттеу, жинақтау.

3ерттеу объектісі. 3ерттеу объектісі – сыртқы әлем  фрагменті, яғни зерттеу субъектісіне (зерттелінуші және зерттеп отырған ғылымға қатысы жоқ нәрсенің фрагменті. Психологиялық зерттеу объектісі – индивид, адамдар тобы, адамдар қоғамы, психикасы бар жануарлар болуы мүмкін.

№ 11 дәріс. Негізгі жиынтық және таңдау.

Мақсаты мен міндеттері: Экспериментке қатысушыларды таңдау және негізгі жиынтық туралы мәлімет беру.

 

Жоспар:

Зерттелушілерді таңдау ережесін қалыптастыру.

Экспериментке дейінгі  және квазиэксперименталды жоспарлау.

Эксперименталды жоспарды таңдау.

Экспериментті жүргізудің кезеңдері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Годфруа Дж. Что такое психология? В 2-х томах. М,2001
  3.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  4.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  5.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982

Статистикалық мәліметтер талдауға жататын негізгі элементтер. Мәліметтер ретінде қандай да бір популяция мүшелеріне тән қасиеттер немесе сандық қорытындылар болуы мүмкін, яғни өңдеу мақстаныда категорияларға бөлініп, классификацияланатын кез келген информация алынады.

Мәліметтердің үш түрі бар:сандық, сапалық, реттік.

  1.  Сандық мәлімет-нақты өлшеу барысында алынды. Мысалы: тестілеу нәтижесінде алынған сандық шамалар, уақыт, жас мөлшері т.б. Бұл мәліметтерді шкала бойынша тең интервалдармен орналастыруға болады.
  2.  Сапалық мәлімет-қандай да бір болмасын популяция немесе таңдау тобы элементтері қасиеттерінің сипаты. Оларды өлшеу мүмкін емес, олардың бір ғана сандық бағалануы болуы мүмкін-ол сол қасиеттердің кездесу жиілігі.
  3.  Реттік мәлімет-элементтердің өсу реті бойынша  орналасқандағы сәйкес орны. Мысалы: 1-ші, 2-ші, 7-ші, 54-ші, 100-ші.

Сандық мәліметтерді талдау және интерпретациялау алдында оларды жалпылау және топтау қажет.

Мәліметтерді графикалық бейнелеу зерттелінуші құбылысты неғұрлым көрнекті түрде талдап, зерттеуге мүмкіндік береді.

Қандайда бір топтың жалпы сандық заңдылықтарын сипаттау, түрлі жиынтықтарды салыстыру мақсатында көбінесе мынадай статистикалық есептеу мәндері қолданылады.

  1.  Орталық тенденция мәндері. Топ көрсеткіштерінің орталық тенденциясы арифметикалық орта, мода және медиана шамалары арқылы анықталады. Орташа тенденция мәндерінің ішінде ең жеңіл табылатыны-мода. Мода (Мо)-бұл таралуда неғұрлым жиі кездесетін мән. Мысалы мына мәндер жиынтығында: 3, 6, 6, 7, 8, 9, 9, 9, 10, 12 мода ретінде 9 алынады. Себебі, бұл мән басқа мәндерге қарағанда жиі кездеседі (3 рет). Мода жоқ болуы мүмкін.

Медиана Md-бұл алынған мәндер жиынтығын өсу ретімен орналастырғандағы ортаңғы мән.

Орташа арифметикалық шама-алынған мәндердің қосындысының ортасы  немесе  ретінде белгілейді .

  1.  Өзгергіштік мәндер. Орташа тенденция мәндері сандық шкаладағы мәндер тобының жинақталынуы туралы ғана айтады. Ал топ ішіндегі бағалаулар өзгерісін (варияциясын) өлшеуде басқа  сипаттаушы статистиканың қажеттігі туындайды. Орташа мәндерді әр кез вариация көрсеткіштерімен толықтырып отыру қажет.
  2.  Қалыпты үлестірім заңдылығы. Әдеттегі зерттеу барысында таңдау тобында шеткі мәндер сирек кездеседі де, орташа мәндер, әсіресе арифметикалық ортаға жақын мәндер неғұрлым жиі кездеседі. Мұндай үлестірімді графикалық түрде көрсетсек, график қоңырау тәрізді формаға жақын келеді. Үлестірімдегі мұндай форманы қалыпты  үлестірім қисығы деп атайды. Бұл үлестірім қисығы 3 ғалымның ашқан заңдылығына сүйенеді. 1733 жылы Англияда Де-Муавр 1809 жылы Германияда Гаусс, 1812 жылы Францияда Лаплас.

y

                                                                 х

1. Статистикалық гипотеза түрлері.

Гипотеза-бұл әлі де бекітілмеген және әлі жоққа, бекерге шығарылмаған теориядан туындайтын болжам.

  1.  Теориялық гипотеза
  2.  Элипирикалық гипотеза                            Х1 – Х2 =0, салыстырып
  3.  Ғылыми гипотеза                             отырған белгілер арасында
  4.  Статистикалық гипотеза                         айырма жоқ.

  1.  Альтернативті гипотеза (белгіленуі Н1)
  2.  Нолдік (Н0) гипотеза
  3.  Бағытталған гипотеза
  4.  Бағытталмаған гипотеза

Статистикалық гипотезаны тексеру.

2. Статистикалық критерийлер-бұл дұрыс гипотезаны жоғарғы дәлдікпен қабылдап, қате гипотезаны жоғарғы дәлдікпен шектеуді қамтамасыз ететін  шешуші  ереже.

№ 12 дәріс. Алғашқы мәліметтерді өңдеу.

Мақсаты мен міндеттері: Зерттеуден алынған мәліметтерді талдау, өңдеу әдістері туралы білім беру.

 

Жоспар: 

Нәтижелерді математикалық статистикалық өңдеудің негізгі әдістері.

Алғашқы мәліметтерді  және өлшеудің  деңгейін өңдеу әдістері.  

Мәліметтерді өңдеудің  статистикалық өлшемі мен шкалалардың түрлері.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  2.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  3.  ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994
  4.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  5.  ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983

Түрлі психология, педагогикалық психологиялық зерттеулерде түрлі топтардағы көрсеткіштерді салыстыру, белгілер арасындағы айырманы нақтылы көрсету қажеттігі туындайды. Мұндай салыстырулар сол топ ерекшелігі  эксперименталды әсер шамасын анықтауға мүмкіндік береді. Нақтылы бір зерттеу қорытындыларын өңдеуге қажетті әдісті таңдап алу мәліметтердің түріне таңдау тобы ерекшелігіне және таралу типтеріне тәуелді. Әдетте ені таңдау тобы үшін ортаңғы мәндер айырмашылығының жеткіліктілігін Стюдент әдісі (t-тест) ал одан көп топтары үшін Т-тест және дисперциялық анализ қолданылады. Ал сандық емес мәліметтермен кездескенде немесе таңдау тобында аз адам болған жағдайда параметрикалық емес әдістер қолданылады.  Х2-критерий (хи-квадрат), Манна-Уитни және Вилкоксонның рангілік кретерий қолданылады.

1.Стюдент әдісі тәуелді және тәуелсіз топтарға арналған жеке есептеу тәсілдерін ұсынады.

Тәуелсіз таңдау тобы үшін орта мәннің айырмашылығын есептеуде мына формула  ұсынылады.

                                        

            

М1 және М2 -әр таңдау тобының орта мәні.

S1 және S2 - әр таңдау тобының стандартты ауытқуы

n1 және n2 - әр таңдау тобының элементтерінің саны

Тәуелді таңдау тобы үшін мына формула қолданылады.

                  

d - әр жұп арасындағы айырма

n- жұп саны.

2. Манна-Уйтни (әдісі) критерийі (U) екі таңдау тобында қандайда белгі бойынша айырманы бағалау үшін реттік мәліметтермен жұмыс істеуге қолданылады.

3,.Пирсон әдісі (х2 критерийі) психологиялық зерттеу жүргізу барысында бірнеше топтағы зерттеуші белгінің эмпирикалық үлестірімдер арасындағы айырманы анықтауды талап ететін жағдайлар жиі кездеседі.

4. Спирменнің рангілі корреляциясы коэффициенті бұл параметрикалық емес әдістер қатарына жатады.

         Психологиялық зерттеулерде қандай да бір екі айналымның қандай байланыста екендігін анықтау қажеттілігі жиі туындап отырады. Мысалы: оқушылардың мектептегі үлгерім көрсеткіші мен олардың Равеннің матрицалары тесті нәтижелері арасындағы байланыс және жеткіншектердің өзіндік бағалауы мен қобалжу деңгей арасындағы өзара байланыс т.б.

«Корреляция» термині өзара байланыс, өзара тәуелділігі мағынасын білдіреді.

13 дәріс. Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері.

Мақсаты мен міндеттері: Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері туралы мәлімет беру.

 

Жоспар: 

Корреляциялық байланысты құру және әртүрлі сенімділікті тексерудің параметрлік және параметрлік емес әдістері.

Факторлық талдау.

Алғашқы мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасы.

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Гайда В.К. Захаров В.П. Психологическое тестирование. М, МГУ. 1982
  2.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  3.  ДЮК В.А. Компьтерная психодиагностика. СПб, Братство, 1994
  4.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  5.  ПаповянС.С. Математические методы в социальной психологии. М, 1983

Психологиялық эмпирикалық әдістерінің көпшілігіне, қойылатын талаптары жалпы ғылыми талаптары мен зерттеуді ұйымдастыруға  қойылатын талаптарға тоқталайық. Эмпирикалық материалдар жинақтауға қолданылатын барлық әдістер активті және пассивті болып бөлінеді. Активті әдістерге: лабораториялық эксперимент және оның түрлі модификациясы, квазиэксперимент жатады. Пассивті эксперименттке – бақылау, клиникалық әдістер, іс-әрекеттің нәтижесін талдау әдістері, өлшемдік және коррекциялық зертеулер, мәлімет жинақтау әдісі және т.б. жатады. Бірінші әдісте – объектіге өте күшті әсер, өзгеріс қолданылады. Екінші әдісте табиғи процестің барысын тіркеп отырады.

Экспериментатор

Зерттелінуші

Процеске әсері

Табиғи процесті тіркеу

Тапсырма орындалуы

Табиғи әрекеті

Эксперимент

Өлшеу

Әңгіме, сұрақ – жауап

Бақылау

Эксперименттік зертеуде– көп жағдайда өлшеу құралдары қолданылады. Бақылау әдістеріде инструментальды болуы мүмкін, айталық видеозапись, магнитофон заттары тағы басқа ақпарат құралдары қолданылады. Дегенмен оның өлшемдік корекциялық зертеуден өзгешілігі зертелінуі инструментпен өзара әрекеттесу болмайды (тест орындау да сол сияқты) Ал эксперименте және өлшеуде зертелінуші тапсырманы орындау әрекетінде болады. Ал бақылау және сұрақ - жауапта оған ешқандай тапсырма берілмейді, ол өзін табиғи күйінде ұстайды.

Зерттеуді ұйымдастыру әдістеріне не қойылатын (талаптар) зерттеу әдістерін өзгешелейді.

  1.  Эксперименттік зертеулер, жүйелі бақылау коррекциялық зерттеу. Бұлардың ерекшелігі сол, зертеуші сыртқы өзгерістерді тексере отырып, негізгі өзгерг
  2.  істердің арасындағы  себеп-салдардық немесе коррекциялық байланысты анықтауға тырысады. Бұл үшін ол мақсатқа бағыттау зертелінушілер немесе бақыланушылар индивидтер тобын жинақтайды, өзінің әрекетін жүйелі түрде анықтауды жоспарлайды.
  3.  Табиғи эксперимент немесе бақылау, әңгіме, клиникалық әдіс, кейбір ситуациларды сипаттау т.б. Бұл әдістер адамның мінез құлық ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Бұлар кейінгі теориялық қорытындылар мен критикалық экспериментерде тексеру үшін жасалынған материалдар болуы үшін эмпирикалық қорытынды және индуктивті гипотеза жасаудың негізгі құралы болып табылады.
  4.  Квазиэксперимент. 3ерттеу өткізудің табиғи әдісі мен өзгерістерді қатаң түрде тексеруде қолданылатын әдістер арасындағы «аралық» (промежуточный). Табиғаттағы өзара әрекетестік эксперимент пен бақылау арасындағы аралық жағдай мен айналысатын зат әдістерді зертеушіге тәуелсіз нәрсе сияқты табиғи жүретін байқай алуға болады. Квазиэксперимент идеалды зерттеу деп көрсететін схеманы қажет нәрсе деп толық жүзеге асыра алмаймыз. Әдіс деп түсіндіруге де болады, бірақ мұндай байланыстар кей жағдайда ерекше квазиэксперименттік жоспарларды қолдану арқылы компенсацияланады.

Әдетте эксперименттік зерттеу болу үшін, жеткіліксіз нәрселер болған жағдайда эксперимент емес зерттеу бола алады да – эксперимент емес зертеулердің барлығы эксперименттік зертеуге қарама-қарсы зертеулер болып табылады.

 

№ 14 дәріс. Ғылыми нәтижелерді ұсыну.

Мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысын қортындылау және ғылыми нәтижелерді ұсыну әдістері мен жолдары туралы мәлімет беру.

 

Жоспар: 

Эмпирикалық нәтижелерді интерпретациялау әдістері.

Зертеудің нәтижелерін ауызша және жазбаша формада ұсыну.

Ғылыми нәтижелерді ұсыну кезеңдеріндегі зерттеушінің этикасы.

Ғылыми нәтижелердің ұсынылу формасы.  

Ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптар және оның түрлері.  

Ғылыми мақаланың жазылу ережесі.   

Әдебиеттер тізімі:

  1.  Анастази А., УрбинаС. Психологическое тестирование СПб, Питер, 2001
  2.  Дружинин В.Н.  Эксперементальная психология. Учебное пособие М.2001
  3.  Готтендонкер Р. Основы психологического эксперимента. М,МГУ, 1982
  4.  Налимов В.В. Теория эксперимента. М.2002
  5.  Кумеков Л.В. Психологическое исследование «Наука» Санк-Перетбург 1984

Ф. – Дж. Мак. Гиган эксперименттік әдістерге төмендегілерді қарама-қарсы деп есептейді.

1. Классикалық клиникалық әдіс

2. Табиғи бақылау

3. Сұрақ-жауап

4 Архзивтік зерттеу

5. Коррекциялық байланыс құру

6. Квазиэксперимент

М.В. Мэтлин экспериментке қарсы басқа әдістер тізімін көрсетеді.

1. Табиғи бақылау және табиғи эксперимент

2. Сұрақ – жауап

3. Коррекциялық зерттеу

4. Архивтік зерттеу

5. Кейбір ситуациялық жағдайды зерттеу.

П.К.Козби коррекциялық әдісті және эксперимент әдісіне дейінгі әдістерді: сұрақ – жауап, табиғи бақылау және табиғи эксперименттерді қарама-қайшы қояды.

Психологияда экспериментті зерттеу – басқа зерттеу әдістерінен өзгешелігі сол, экспериментатор өзгеріске тәуелсіз нәрселерді өте күшті жағдайда монипуляциялайды. Эксперименттік зерттеудің қабылдау варианттын – зертелінушілердің негізгі және бақылау топтары болуымен сипаталады. Эксперимент емес зертеулерде, барлық топ бірдей, сондықтан оларды салыстыру жүргізіледі.

Формальды негіздеме бойынша экеспериментті зерттеудің бірнеше типтері бар. Зерттеу (ізденіс) және бекітуші эксперимент. Ізденіс эксперимент – тәуелді және тәуелсіз өзгерістер арасында байланыс болу – болмауы белгісіз жағдайда жүргізіледі. Сондықтан ізденіс зерттеу А және В (Мұндағы А - тәуелді өзгеріс, В – тәуелсіз өзгеріс) өзгерістері арасында себепті тәуелсіздік бар болуы және жоқ болуы туралы гипотезаны тексеруге бағытталады. Егер екі өзгерістің арасында сапалы байланыс туралы информация болса, онда бұл байланыстардың түрі туралы гипотеза жасалынады. Бұл жағдайда зерттеуші тәуелсіз және тәуелді өзгерістер арасындағы сандық байланыс түрі жасалынатын бекітуші эксперимент жүргізеді.

Зерттеу алгоритмі жалпы алғанда былайша сипатанылады:

  1.  А және В сапалы себептік байланыстар туралы гипотеза жасалынады.
  2.  Ізденіс эксперимент жүргізіледі.
  3.  Гипотеза бекітілмей қалған жағдайда басқа сапалы гипотеза жасалынады да жаңа ізденіс эксперимент жүргізііледі, егер сапалы гипотеза бекітілсе, сандық функционалдық гипотеза жасалынады.
  4.  Бекітуші эксперимент жүргізіледі.
  5.  Өзгерістер арасындағы байланыс түрі туралы гипотеза мақұлданады нақтыланады (немесе бекерге шығарылады)

Психологиялық зерттеулік тәжірибесінде эксперименттік зерттеулердің әртүрлі түрін сипаттауда «критикалық эксперимент» және пилатажное зерттеу немесе пилотакенті эксперимент, полевое эксперимент терминдері қолданылады.

  1.  Критикалық эксперимент – барлық мүмкіншілікті гипотезалар бір мезгілде тексерілу үшін қолданылады
  2.  Пилотаж эксперимент тексеріп көру, алғашқы экспериментті жүргізу сипатында қолданылады.
  3.  Полевой  эксперименттік – зерттеу күнделікті өмірде шындықтағы өзгерістер арасындағы байланысты зерттеу үшін жүргізіледі. Мысалы топтағы балалардың статусымен құрбылары арасындағы ойын барысындағы оның сандық контакт арасындағы байланысын зерттеу. Психологиядағы эксперименттік зерттеу басқа кез-келген ғылымдар сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Оның кейбір бөліктері міндетті түрде болып келеді, кейбір бөліктері жоқ болуы мүмкін, бірақ қарапайым қателік болмас үшін жүргізілу жүйесін міндетті түрде есте сақтап отыру қажет. Психологиялық эксперименттік зерттеудің негізгі кезеңдеріне тоқталайық және олардың мазмұнына қысқаша сипаттама берейік:

1. Кез келген зерттеу оның тақырыбын анықтап алуда басталады. Тақырып зерттеу төңірегімен, проблема шеңберімен, пән, объект және әдісті таңдап  алумен шектелінеді. Мәселен алғашқы құрылым құрып алынады. Зерттеуші қазіргі кездегі психологиялық білімге қанағатанбайтындығы кейбір мәселелердің қаралмай қалғандығы қандай факті мен заңдылықтарды түсіндіруге болмайтындығы, қандай теориялық адамдардың әрекетін түсіндіруде бір-біріне қарама-қайшылық туғызатындығы туралы түсіндіре алу қажет

Эмперикалық зерттеу негізгі 3 жағдайда жүргізіліеді:

  1.  Құбылыстың болуы туралы гипотезаны тексеру.
  2.  Құбылыстың бар екендігі туралы гипотезаны тексеру
  3.  А құбылысынан В құбылысына дейінгі себептік тәуелділікк гипотезаны туралы тексеру.

2. 3ерттеу мәселесін құрып алған соң ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу кезеңдері басталады. Зертеуші түсіндіруге тырысқан басқа психологтардың эксперименттік мәліметтерімен, өзі таңдап алған тақырыптың себептерімен танысуы керек. Мұнда Интернет, релком кітаптары, арнайы журналдағы мәліметтерді қолдануға болады. Зерттеудің келесі кезеңінде бастапқы жұмысқа базалы түсінік берілген анықтамаларды ізденістіруден басталады. Психологиялық сөздік, басқа аралас пәндердегі энциклопедиялар т.б. қолданылады.

Алғашқы мәселенің құрылымы оған бірқатар жауаптар варианттарын ұсынудан тұрады. Мысалы: Жалпы ақыл – ой дамуының деңгейіне – тұқымқуалаушылық немесе орта факторларының қайсысы басым әсер етеді деген сұраққа көптеген жалпы теориялық ұсыныстар беріледі.

Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық

Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар

Әлеуметтік және психологиялық пәндері кафедрасының пәндері бойынша аудиторияға арналған материалдық жұмыстар барлық сабақтар кредиттік жүйеге сәйкес оқытудың дәстүрлі және интерактивті  үлгісін ескере отырып дайындалған.  Пәндер бойынша әртүрлі сабақ түрін өткізу және рейтинг тапсырмаларын орындау сабақтары уақытпен белгіленуі тиіс.

Дәрістердің қысқаша  курсы (тезистер) оқу бағдарламасының материалдарынан (силлабусс), яғни  мазмұны жағынан тиімді  көлеммен  және керекті ақпараттардан құралған, жалпы алғанда жүргізіліп отырған пән бойынша барлық мәліметті қамтамасыз етеді. Дәріс курсының мазмұнында қазіргі заман ғылымының жетістіктері мен  ғылымның даму болашағы жөнінде қарастырылуы міндетті.

Семинар (практикалық) сабақтарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулықтарды орындау барысында, кафедраның пәндері бойынша  зертханалық және әртүрлі үлестіріліп берілетін материалдар қосымша дайындау қарастырылған,  практикалық және семинар сабақтарына арналған материалдар дәріс курсының материалдарын бекітіп және қайталауға арналған, сонымен қатар пәннің кейбір бөлімдері бойынша  дәріс курсында қарастырылмаған тақырып бойынша білімін толықтыруға арналған.

Кредиттік жүйе бойынша студенттің өзіндік жұмысы екі түрге бөлінеді: (СӨОЖ) – оқытушының  басшылығымен оқытылатын аудиториялық жұмыс, аталған сабақ оқытушының сабақ кестесінде белгіленген және педагогикалық жүктемесінде енгізілген, СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы, яғни аудиториядан тыс студенттің кітапханадағы және ғаламтор торабындағы тәжірибелік жұмысы. Өзіндік жұмыс  – студенттің терең және сапалы  білім алуына және білім сапасын арттырудағы маңызды фактор болып табылады.

Студенттердің өзіндік  жұмысына арналған материалдарының мазмұны мемлекеттік   типтік оқу жоспарынан құралған. Өзіндік жұмысқа (СӨОЖ), (СӨЖ) арналған сұрақтар оқытылатын курстың мақмұнын толықтырып, тереңдетіп отыруы қажет. Тапсырмалар тақырыптардың негізгі сұрақтарынан құралуы тиіс.

Тапсырмалардың түрі мен мазмұны пәндердің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, сонымен қатар ОӘК дайындаушы-оқытушының жеке авторлық көзқарасымен дайындалады.  Өзіндік жұмысқа арналған материалдар кафедраның шешімімен талқыланып, бекітіледі.

Тапсырмалардың сандық есебі кредиттік  технология бойынша ПОҚ педагогикалық жүктемесіндегі сағат санымен сәйкестендіріліп ЖОО Ғылыми кеңесімен, сонымен қатар пәндерді оқытуға бөлінген кредит санын ескере отырып әзірленген.

1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар

Студенттердің білімін бақылауға арналған материалдар бірыңғай білімді бақылау ережелері мен қағидаларына сәйкестендірліп дайындалады. Ағымдық бақылауға арналған тапсырмаларды СӨОЖ сабақ аясында ауызша немесе жазбаша сұрақ түрінде және тест түрінде алуға болады.

Емтихан материалдары  (ауызша сұрақтар, тесттер) пән бойынша типтік оқу бағдарламасына және СӨЖ тапсырмаларының материалдарына сәйкестендіріліп  дайындалуы тиіс. Емтихан материалдарын дәріс оқытушысы дайындайды, дайындалған материалдар кафедраның құрамымен талқыланып, бекітіледі.

ОӘК студенттерге қажетті әдебиеттер тізімі көрсетіледі (негізгі және қосымша), осы әдебиеттер бойынша студенттер ағымдағы және қорытынды бақылау жұмыстарының сұрақтарына дайындалады, сонымен қатар СӨЖ  тапсырмаларын орындау үшін беріледі. Студенттердің  пән бойынша сабақтың барлық түрінен дайындалуға бағытты және тапсырмаларының мазмұнын қазіргі ғылыми және әдістемелік деңгейдегі әдебиеттермен дайындалу үшін, әдебиеттер тізімі ұсынылады.

1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық

Дәріс – білім беру көзі, студенттерді мәліметпен қамтамасыз ету мақсатында оқытылады,  оқыту қызметін жүзеге асыратын қажетті бөлігі. Дәрістер тұжырымдамалармен идеяларды студенттерге жеткізу үшін,  сонымен қатар сыни ойлау жүйесін ынталандыру мақсатында  қолданылады. Дәріс – бұл мәліметті беру әдісі ғана емес. Білікті оқытушының қолындағы дәрістер серпінді және әмбебап оқыту жүйесімен жүргізіледі. Тақырыпты оқытудағы тиімді жинақталған  дәрістер мазмұны жағынан мынандай  сипаттамаларға бөлінеді:

жүргізіліп отырған пән бойынша мәліметтердің санын шектен тыыс асырмау керек, өйткені студенттер мәліметтерді қабылдап естерінде сақтаулары тиіс.

студенттердің оқу үрдісіне белсенді қатысулары үшін әртүрлі әдістерді қолданады.

Егер дәріс оқытушысының мақсаты  - білімді студентті дайындап шығару болса, ол оларға тақырыпты толығымен меңгеру мүмкіндігін (жұмыс жасау қағидаларын түсіну, тәжірибиеде қолдану, жоспарлар құру, бұл шындықты қалай қолдану керек) мол ақпарат беру арқылы жеткізу керек. Оқытушының тағы бір басты бір міндеті  - дәрістерді дайындау барысында кілтті бөлімдерді бірнеше рет қайталап отыру әдісін қолдана отырып әзірлеу керек.

Басты қағида  - дәрісті құру болып табылады, дәріс тақырыптарын оқытуда жаңа бірегей тәжірибелі әдісті игеру ұсынылады. Тәжірибиеде қолданылмаған 10 жаңа әдісті қолдансаңыз да қолжетімді көрсеткішті бермейді өйткені бұл өте тиімсіз.

Дәрістер қысқа да нұсқа болу керек.  Дәрістердің құрылымы жағынан басы өте қызықты басталып, ортасы  сенімді ойлармен және аяғы маңызды аяқталуы тиіс.

Студенттерге терең ой салып басталынатын дәрістер студенттердің оқытылып отырған пәнге деген қызығушылығын арттырады,  мұндай дәрістер аудитория назарын оңай баурап алуға тиімді. Оқытушы оқытылатын материал жөнінде мынандай шолу жасау керек: аталған пәнді неліктен оқу керек және әрқайсысы үшін маңызы қандай, осы берілген білім студенттің кедергілерден өтіп, алдына қойған мақсаттарына жеткізе ала ма, материалды жоғары деңгейде меңгерту үшін қандай тәжірибиелік сабақтарды жүргізуге болады.

Сенімді ой пікірлерге толы дәрістің ортаңғы бөлімі дәрістің негізгі өзегі болып табылады. Бұл  дәрістің – сүбелі ой тұжырымдары, белгілі бір бағытта дамуына негіз бола алады. Дәріс кезінде ең маңыздысы  - KISS принципін ұстану керек. Бұл дегеніміз мынаны білдіреді: таныс сөздерді қолдану, екімағыналы терминдермен анықтамаларды қолданбау, көрнекілік құралдарын пайдалану, ой тудыратын картинкалар, деректер және мысалдарды қолдану. Деректерді келтіргенде статистика өте сенімді әдіс болып табылады. Айтылған деректерді бәр ауыз дерексөздер келтіру арқылы түйіндеп отыру қажет.

Дәрісті оқытудың басқа да түрлерін қолдана отырып оқытуға болады, мысалы, сұрақт-жауаптар, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану, кестелерді, жобалық аппараттармен фильмдерді. Осының барлығы сабақтың әртүрлі өтуіне және студенттің ақпаратты толығымен қабылдауына жағдай жасайды. Пәнге қатысты оқып білуге үлестіріліп берілген сабақ материалдары, студенттерді пікірталасқа тартуға көмектеседі.

Дәрістердің соңғы бөлімі  кілтті сөздермен аяқталады және студенттерге бірнеше әдісті ұсынады, соның арқасында олар оқығандарын өмірде жүзеге асырады. Дәрістің осы кезеңінде студенттермен жеке жеке немесе топ бойынша сабақтан қандай әсер алғандары жөнінде ой бөліскен өте пайдалы. Дәрісті аяқтау кезінде қайталап шолу жасау тақырыпты толықтай меңгеріп келесі тақырыпты жалғастыруда тиімді қызмет атқарады.

Сәтті оқылған дәрістер -  яғни бұлар мұқият жоспарланып үш принципте құрылғандар: біріншіден, олар өте қысқа, жаңа идеялармен құралған ақпарат көздері «аз мөлшерде» ақпараттандыру; екіншіден, сәтті жоспарланған дәрістер қызықты бастамалардан, сенімді ортаңғы бөлімінен және нәтижелі қорытындыдан тұрады; үшіншіден, оқытушылар дәрістерді оқыту барысында студенттердің белсенді қатысуларына мүмкіндік жасау керек.

1.4. Семинар, СӨОЖ сабақтары бойынша және  СӨЖ тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық

Кредиттік технология бойынша интерактивті оқыту жүйесіне басты назар аударады. Аудиториялық сағаттарда, дәріс немесе семинар, СӨОЖ сабақтарында дәстүрлі әдісті және интерактивті сабақ үлгісін жүргізуге болады. Интерактивті оқыту жүйесі студенттердің қабілеттілігін дамытады:

Өз пікірін қалыптастырып айта білу;

Өзгенің пікірін құрметтеу;

Оқу материалын мұқият меңгеру;

Материалды орындауда шығармашылық қабілетті таныту;

Үлкен аудитория алдында өз көзқарасын дәлелдеу;

Алынған мәліметтерге анализ жасау;

Табысты жұмысы мен өзіндік ізденушілігін дамыту; Жеке даралығын көрсете білу;

Әртүрлі  ситуациялардан  өту арқылы өмірлік тәжірибие жинау.

Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері 

Дебат – студенттердің дұрыс жауап және мағыналы қорытындыны іздестіру мақсатында ауызша пікір алмасу.

Дискуссия (талқылау) – оқытылып отырған тақырып бойынша студенттер арасында ой пікірлерді талқылау. Студенттердің ой пікірлерді талқылауға қатысуы – білімді естерінде сақтау мен сіңірудің кілті болып табылады. Дискуссия – бұл студенттерді оқыту үрдісіне тартудың серпінді әдісі болып табылады.

Рөлдік ойындар студенттерді сабаққа деген белсенділігін,  қызығушылығын тудыратын көпжақты оқыту әдісі.

«Аквариум» - топты командаға бөлу арқылы оқыту әдісі. Команданың бір тобы тапсырманы талқылаумен немесе шешумен айналысса,  осы уақытта келесі топ жүріп жатқан процессті зерттеп жазып алады. Қорытындысы белгіленген ереже шешіміне дейін талқыланады.

Топтық нұсқау - оқытушы кілтті деректерді немесе  «тақырыптың негізгі  кезеңдерін» береді, осының негізінде бұдан әрі сабаққа қатысты сұрақтармен жауаптар қалыптастыру.

Топтық талқылау - аудитория дәрістен кейін, топқа бөлініп  өзіндік ой пікірлерімен, көзқарастарымен, сұрақтарымен және қорытынды пікірлерімен топ көшбасшыларымен бірге талқылау өткізу .

   Кейс - әдісі - білім беру әдісі, студенттерге тиімді ойлауға көмектеседі. Топқа нақты жағайға негізделген, сонымен бірге кейбір мәселелерді талқылауға ұсынылып, жағдайларға сараптама беріп және нұсқауларды жасап шығаруға бағытталған нақты ақпарат беріледі. Кейсттер әр түрлі әдістермен беріле алады.  Олар ұзақ және бүкіл ақпаратты көрсете алады немесе қысқа болуы мүмкін, қандай жағдайда болмасын олардың мақсаты бір – студенттердің берілген фактіге қандай да бір ой тұжырымға келу.  

Кейс-әдісі сонымен қатар топтық дискуссия түрінде өте алады. Әдетте кейс-әдісі екі кезеңде өткізіледі: бірінші кезеңде қатысушыларға кейс беріліп, оны қажетті уақыт аралығында оқып бүкіл материалды түсіну керек. Дискуссияны мадақтау үшін студенттерге сұрақтарды таратып беруге болады. Екінші кезеңде қатысушыларды кейстерді талқылауды сұрайды. Барлық қатысушылар өз пікірлерін айтуға мүмкіндігі болуы тиіс, өздерінің ой тұжырымында логикалық негіздеме беруі керек. Бұл процестің нәтижесінде дискуссия барысында оқытушы қатысушылардан кейстердің фактіден белгілі бір қорытынды жасауды сұрайды. Бұл әдістің артықшылығы – студенттердің басқарушылық, белгілі бір шешімдерді қабылдау, бақылаушылық дағдыларын жетілдіруге көмектеседі.  Жақсы дайындалған студенттер өздері кейсті жаза алады.

Презентация - білім беру әдісі, презентация арқылы студент  кез келген тақырыпты таңдап алып, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алады.    Презентация уақыты – 8-10 минут. Презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.

Сыни жағдайды өңдеу әдісі — сыни жағдайды өңдеу әдісі зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс нақты жағдайды моделдеуге негізделген, студенттерге белгілі бір сыни жағдайдың негізгі ақпараты беріліп, сосын өзара сұрақтар қойып және ақпаратты талап етуге болады. Әдіс мәселені анықтау үшін тиімді қолданылатын әдіс болып табылады.

Қатені анықтау әдісі – студенттер үй жұмысын алып, болатын дәрістің мазмұнымен танысады. Оқытушы оқу материалына өзгерістер енгізіп, қате кеткен мәліметтерді қайтадан құрастырады. Оқытушы дәріс оқу барысында студенттер қателерді анықтау қажет. Бұл әдіс студенттердің бүкіл оқу барысында критикалық тыңдау қабілеттілігін жетілдіреді.

«Миға шабуыл» әдісі – интерактивтік оқытудың ең қарапайым және тиімді әдістерінің бірі, шығармашылық ойлау қабілеттігін, топтарды құрастыру және белгілі бір мәселені шешу дағдыларын жетілдіретін әдіс. Шығармашылық пікірлерді жетілдірудің тәсілі, ал қатысушылар болса бұл тәсілдерді әрі қарай қолдануын ұсынады.

 Өткенді қайталау – бұл әдіс тақырыпты талқылауда, қорытындылау кезінде қоданылады, бұл тақырыпты студенттер толығымен меңгеріп, арасында қолданылуын қамтамасыз ететін әдіс. Бұл әдіс бірнеше мақсатқа жетуді көмектеседі: студенттердің топ ішіндегі әрекетін ояту, кейбір тәжірибеге бағыт беру, аталған материал бойынша студенттердің қабылдауын қандай дәрежеде екенін анықтау, студенттер мен оқытушылар арасында қатымды байланысын көрсететін әдіс және т.б. Өткенді қайталаудың әр түрлі түрлері кездеседі.

«Дөңгелек үстел әдісі» - жылдам, әрі тиімді әдіс, әр бір студенттің өз пікірін айта алуы мысалы,  «бүгін мен үш нәрсені білдім», «мен пән жөнінде білдім...» және т.б.

Ақырын ойлану - әдетте жазбаша түсініктеме беру, сұрақтар ьойынша тақтада немесе қағазда көрсету.

Топтық ойлану – шағын топтарды өткен тақырыпты қайталау және басқаларға айту әдісі.

Білдіретін әңгімелесу әдісі – студенттің сабақта ашық немесе сұрақтармен мен құрылымын баяндап беруі.

Хатты құрастыру әдісі – белгілі бір материалды меңгеруге бағытталған әдіс, бұл әдісте негізгі сөз берілген, осыдан хат сызба түрінде құрастырылады, осы сызба негізгі сөздің мағынасын ашып береді.

Тәжірибелік (семинар сабақтарын) СӨОЖ және СӨЖ сабақтарын өткізу келесі формалары ұсынылады:

Кез келген танымды анықтау, шағын эссе жазу – 1-1,5 бет.

Тақырып бойынша жалпы шолу – ұсынылған тақырып бойынша ақпараттық рессурс басылым мен Интернеттен шағын әдеби шолу (эссе) жазу. Глоссарий жазу – терминдердің шағын түсініктемесі және берілген тақырып бойынша түсінік беру, сөзжұмбақтарды қолдануға болады.

Презентация – студенттің берілген тақырып бойынша өз презентацияны жасау барысында, қарастырылып отырған мәселе бойынша өзінің түсінігін немесе түсініксіздігін айта алауы,  презентацияда қарастырған кейбір аспекттерді қарастыру. Презентацияның уақыты - 8-10 минут, презентация келесі критериялар арқылы бағаланады: тақырыптың ашылуы, берілген мәселе басқаларды қызықтырды ма, қарастырылып отырған мәселе бойынша студент өзінің кәсібилігін көрсете алды ма деген талаптар қойылады.

Іскер ойын – рольдік немесе топтық, болашақ кәсіби қызметі үшін іскерлігін және дағдылануды өндірту.

Топтық жоба – топта 4-5 адамнан артық болмау керек, әр бір топ өзінің жобасын құрастырып, оны қорғау керек.

Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу

Реферат қысқаша мазмұнда құралған немесе ғылыми еңбектің мазмұнында жазылған аудиториялық баяндама, таңдалған тақырып бойынша мамандардың еңбектері, аталған бағыт бойынша әдебиеттерге шолу.  Осындай шолу оқырманға кез келген мәселе бойынша қазір заманға сай болуы, мамандардың пікірін қосып қарастыру.

Рефераттың мақсаты – басқалардың жетістіктерін ижалпылау, фактілер базасында әдебиет бойынша мәселені өзіндік сараптама жасау.

Жоғарыда көрсетілгендей, реферат – бұл оқылғанның қысқаша мазмұндауы, жауапты жұмыс, автордың өте ұқыпты дайындығының нәтижесі болып табылады. Және ғылыми жұмыс тән маңыздырақ оқу-әдiстемелiк мақсаттар рефераты ғалымдар қатар танысуды басты мiндетiмен зорға ескертемiз. Бұл – алдын ала ойластырылған тақырып, библиографиялық ізденіс, ғылыми әдебиеттердегі фактілердің сараптау және таңдау, олардың топтастырылуы, реферат авторының өз бағалауы және жоспарға сәйкес логикалық мазмұндамасы, анықтама аппаратын құрастыру, (сілтемелер және қолданылған әдебиеттер) және бүкіл тексті рәсімдеу. Рефератпен шұғылдана, ғылыми әдебиеттiң талдауының дағдылары студент, ғылыми зерттеудiң әдiстемесi және жазбаша жұмыстың әзiрлеуiнiң негiздерiмен ие болуға тауып алуға мүмкiншiлiк алады. Әрине, таңдап алынған ғылыми тақырыпқа рефераттың жазуы тиiстi тарихи мерзiм жататын материалдармен танысуға тым тереңiректерiне көмектеседi, табандатқан кiтаппен жеке алғанда өз алдына жұмыс iстейтiн қасында пайдалы дағдыларды меңгеруiне мүдде айқындалып және болуы мүмкiн ары қарай ғылыми жұмыстардың шеңберiн анықтауға көмектеседi мүмкiндiк туғызады.

Рефераттың көлемі 20-30 бет.

Конспект – жүйелік, оқытылатын материалдың мазмұны логикалық сабақтастығы, жоспарды біріктіретін, көшірмелер немесе осы аталған екі әдістің қосындысы.

Көшiрмелерге қарағанда және мазмұнның ашылуы конспектiнiң тезистерiнiң ол оқылатын көзде ұсынылатын мазмұндаманың тiзбектерiнде көрсетілгендей.

Конспектті құрастыру үшін ең маңызды және қажетті ақпарат алынады.

Бас жағдайлар көрінеді, аталы сөз, тiркестердi асты сызылады. Әрбiр жаңа ой жаңа жолдан басталады. Конспектте автордың фамилиясы, қайнар көздiң атауы, оның шығаруы, беттiң орын, уақыты көрсету керек.

Қайнар көздермен жұмыс жасау:

 - кiтап немесе тараудың атауына ұғыну, оның мағынасын түсiну;

 - тексті ынтамен оқып шығу және негізгі ойларын оқу барысында қысқаша жазу;

 - бiр ойды басқа ойға бөлiңiз, олардың тезис түрiнде жазып алыңыз;

 - негізгі категорияларды және түсініктерді көшіріп алыңыз, кең   

 - педагогикада қолданылуын, және олардың басқа ғылымдарды қолданылуын анықтап алу;

- жұмысты аяқтағаннан соң барлық қайнар көздерін көшіріп алыңыз.

Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу

Оқу процесі барысында кафедра оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын, білім беру саласындағы ақпараттық технологиялар және қазіргі заманға сай ғылыми жетістіктерін пайдалана отырып қолданады. Олар студенттердің шығармашылық қабілеттілігін және өзіндік жұмыс жасауды бағытталған. Олар ақпараттық білім беру технологияларын қолдануды қарастырады, сонымен бірге оқу-әдістемелік материалдарын, әлемдік деңгейге сәйкес келуі, пәндерді оқыту барысында:

мультимедиялық оқулықтарды қолдану, пәндерді оқыту кезінде эксклюзивті электрондық курстарды қолдану;

медиаресурстарды қолдану, энциклопедиялар, электронды кітапхана мен  Интернет желісі;

рефераттардың электрондық презентация ретінде өткізу, курстық жұмыстарды және білікті тітіруші жұмыстары;

видеоконференцбайланыс режимінде сабақтарды өткізу;

электрондық пошта арқылы студенттерге кеңес өткізу;

студенттердің білімін бақылау үшін бағдарламалық-педагогикалық тест тапсырмаларын қолдану және т.б.

Эксперименттік психология пәні бойынша

1 аралық бақылау сұрақтары

  1.  Ғылыми зерттеу методологиясы, оның деңгейлері. Әдіс және әдістеме
  2.  Әдіс және принцип. Ғылыми принциптердің функциялары
  3.  Эксперименттік-психологиялық зерттеу жүргізудің принциптері
  4.  Психологиялық зерттеу әдістерінің классификациясы
  5.  Эмпирикалық және эксперименттік әдістер
  6.  Эксперименттік психологияның қалыптасу тарихы
  7.  Басқа ғылымдар дамуының эксперименттік психологияның дамуына әсері
  8.  Алғашқы лаборатория, психофизикалық, психофизиологиялық зерттеулер
  9.  Түрлі психологиялық мектептердің эксперименттік психологияның дамуына әсері
  10.  Эмпирикалық мәлімет типтері
  11.  Писхологиялық зерттеудің кезеңдері
  12.  Эмпирикалық және эксперимент әдістерінің ара  қатынасы
  13.  Бақылау әдісі
  14.  Бақылау әдісінің  негізгі ерекшеліктері
  15.  бақылау түрлері
  16.  Бақылауға бағытталған және еркін бақылау
  17.  Табиғи, лаборотариялық және арнайы қалыптастырған бақылау
  18.  Лонгитюдті, кезеңдік және бір ғана бақылау
  19.  Стандартталынған және стандартталмаған бақылау
  20.  Бақылаудағы субъективті факторлар
  21.  Гала-эффект
  22.  Логикалық қателік
  23.  Котраст қателігі
  24.  Орталықтану қателігі
  25.  Бақылау мәліметтерінің объективтілігі мәселесі
  26.  бақылау әдісін қолданудағы валидттілік
  27.  Бақылаудың  сенімділігі
  28.  Бақылауды жоспралау
  29.  Бақылаудың  стандартталған процедурасы
  30.  Бақылауды хронологиялық тұрғыда ұйымдастыру
  31.  Оқиғаларды классификациялау
  32.  Бақылау бірліктері мен категориялары
  33.  Сандық мәліметтер алудың негізгі тәсілдері
  34.  сұрақтама әдістері
  35.  Сұрақтама әдісінің түрлері
  36.  әңгімелесу әдісі, стандартталынбаған және жартылай стандартталынған әңгімелесу
  37.  Интервью әдісі
  38.  Анкета әдісі
  39.  Анкеталық сұрақтардың классификациясы
  40.  Анкетаның жалпы композициясы
  41.  Анкетаны қалыптастыру ережелері
  42.  Контент-анализдің негізгі бірліктері  мен категориялары
  43.  Контент-анализ жүргізу кезеңдері
  44.  Контент-анализ әдісінің сандық және сапалық бірліктері
  45.  Контент-анализдің матрицасы
  46.  Контент-анализ бірліктерінің мүмкіндік және фактілік бір-бірімен кездесуі түрлері
  47.  Ч. Осгуд бойынша кездейсоқ және кездейсоқ емес байланыстарды табу
  48.  Психологиялық эксперименттегі айнымалылар: тәуелді, тәуелсіз, және қосымша айнымалылар
  49.  Эксперимент валидттілігі
  50.  Ішкі және сыртқы валидттілік
  51.   Ішкі және сыртқы валидттілікті  төмендетуші факторлар
  52.  Эксперименттің негізгі түрлері
  53.  Реалды және идеалды эксперимент
  54.  Экспериментті жүргізу кезеңдері
  55.  Эксперимент гипотезасы: индуктивті және дедуктивті
  56.  Түрлі гипотезалардың өзара қатынасы
  57.  Экспериментті жоспарлаудың принципі
  58.  Эксперимент жоспарларын классификациялаудың  критерийлері
  59.  Экспериментке дейінгі жоспар түрлері
  60.  Соломон жоспары
  61.  қадағалаудың индивидуалды схемасын шығару
  62.  Эксперимент валидттілігін төмендетуші қосымша факторлардың түрлі эксперимент жоспарларындағы қадағалану шамасы
  63.  Факторлық эксперимент артықшылықтары
  64.  Факторлық эксперимент жоспарының түрлері
  65.  Екі айнымалылы факторлық эксперимент
  66.  Факторлық экспериментке қатысты   қадағалаудың индивидуалды, топаралық, және индивид аралық схемаларды қолдану
  67.  Корреляциялық зерттеулердің түрлері
  68.  Корреляциялық зерттеулердің сенімділігі мен репрезентатаивтілігі
  69.  Косымша факторларды статистикалық әдіс арқылы қадағалау
  70.  Психологиялық зерттеулердің объективтілік мәселесі
  71.  Психологиялық тесттер түсінігі
  72.  Тесттерге қойылатын талаптар
  73.  Статистикалық гипотезалар
  74.  Тесттерді адаптациялау процедурасы
  75.  Психологиялық зерттеу жүргізудің этикалық принциптері

Эксперименттік психология пәні бойынша

2 аралық бақылау сұрақтары

Бақылау жұмысы №1  ( атқару формасы- жазбаша, өткізу мерзімі 9 апта)

Сұрақтар:

  •  Ғылыми зерттеу жүргізу методологиясының деңгейлері
  •  Методология, әдіс, әдістеме, теория, принцип түсініктерін салыстыру
  •  Психологиялық әдістерге қойылатын талаптар
  •  Эксперименттік психологияның қалыптасу тарихы
  •  Эмпирикалық және эксперименталды әдістер
  •  Бақылау әдісі
  •  Сұрақтама әдісі және оның түрлері
  •  Әңгімелесу әдісі

Бақылау жұмысы №2  ( атқару формасы- жазбаша, өткізу мерзімі 14 апта)

Сұрақтар:

  •  Эксперимент –каузалды гипотезаларды тексеру процедурасы ретінде
  •  Эксперимнеттің түрлері
  •  Экспериментті жоспарлаудың принциптері мен шарттары
  •  Эксперименттік жоспарлар
  •  Қосымша факторларды қадағалау схемалары
  •   Корреляциялық зерттеулер
  •  Өлшеу шкалалары

Практикалық тапсырмалар

  1.  “Вопросы психологии” журналынан эксперименттік зерттеу жұмысын рефераттау.
    1.  “Мектептегі психология” журналы материалдарынан альбом дайындау.
      1.  Эксперименттік зерттеулер материалдарын жинау.

Студенттердің өзіндік жұмыстарына (СӨЖ) арналған тапсырмалар

  1.  Еліміздегі және шетелдердегі даму психологиясы мәселелерін зерттеудің негізгі бағыттары.
  2.  Әртүрлі психологиялық теориялар бойынша дамуға әсер ететін тұқымқуалаушылық және әлеуметтік факторлар.
  3.  Даму процесін сипаттайтын ғылыми психологиялық ұғымдар жүйесі.
  4.  Бала өмірінің дамуындағы әртүрлі сензитивтік кезеңдердің ерекшеліктері мен жіктелуі.
  5.  Ойлау дамуының диалогты және монологты сөйлеудің қалыптасуына тәуелділігі.
  6.  Нәресте жас кезеңінде қимыл-қозғалыстың дамытуын жеделдету жолдары.
  7.  Бөбек жас кезеңінде баланың сөйлеуін жетілдірудің құралдары.
  8.  Бөбек жастағы балалардың дамытушылық ойындары.
  9.  Мектеп жасындағы балалардың еңбек іс-әрекетінде таным процестерінің дамуы.
  10.  Баланы мектептегі оқуға психологиялық даярлауды қамтамасыз етудің тиімді жолдары.
  11.  6-7 жастағы балалардың мектепке адаптацияланудағы жеке даралық өзгешеліктері.
  12.  Бастауыш мектеп жасындағы балалардың зейіні, есте сақтауы, ойлауы мен сөйлеуінің дамуының мазмұны мен негізгі бағыттары.
  13.  Жоғары сынып оқушыларының танымдық дамуындағы жеке даралық ерекшеліктері.
  14.  Жеткіншектер мен жасөспірімдердің интеллектуалды дамуын жетілдірудің негізгі жолдары .
  15.  Қазіргі кездегі жеке тұлғаның қалыптасу мәселелері.
  16.  Баланың жеке басының дамуына әсер ететін негізгі әлеуметтік институттар мен факторлар.
  17.  Жеке адамның дамуы мен қарым-қатынасындағы жасқа байланысты ерекшеліктер.
  18.  Баланың жеке басының дамуын түсіндіретін әртүрлі теорияларға салыстырмалы талдау жасау.
  19.  Әртүрлі теориялар бойынша баланың жеке басының дамуындағы түсіну процесі.
  20.  Мектеп жасындағы балалардың жетістікке жету мотивациясын нәтижелі дамытудың жағдайлары.
  21.  Баланың адамгершілігінің жедел дамуын қамтамасыз ететін факторлар мен жағдайларды жүйелеу.
  22.  Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жетістікке жету мотивациясы дамуының тежелу немесе жеделдеу себептері мен факторлары.
  23.  Жасөспірімдердің жеке тұлғалық өзіндік анықталуын зерттеу.
  24.  Қазіргі кездегі жоғары сынып оқушыларының көзқарастарының қалыптасуының әлеуметттік-психологиялық проблемалары.
  25.  Мектеп жасына дейінгі балалардың ырықты және ырықсыз зейінін дамытуға бағытталған тапсырмалар мен арнайы жаттығулардың жүйесі.
  26.  Бастауыш мектеп оқушыларының дамытушылық ойындары.
  27.  Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың сабаққа үлгермеу себептеріне психологиялық талдау.
  28.  Адаптациялану сипатындағы психологиялық қиыншылықтарды жеңу жолдары.
  29.  Тәрбиелік психологиялық әсердің әртүрлі құралдарының жетістіктері мен кемшіліктеріне салыстырмалы талдау жасау.
  30.  Ұжымда баланың изоляциялану себептері.
  31.  Ішкі отбасылық атмосфераны жақсарту негізіндегі әлеуметтік-психологиялық кеңес мәселесі.
  32.  Орта ересек жастағы жеке тұлғалық қасиеттердің өзгеру қиыншылықтары.
  33.  Балалардың өзбеттілік қасиеттерінің дамуын жеделдетудің психологиялық-педагогикалық тәсілдері.
  34.  Әртүрлі педагогикалық бағалаудың эффектілігіне салыстырмалы талдау.
  35.  Практик психолог жұмысындағы даулы сұрақтар және оларды шешу жолдары.
  36.  Педагогтың коммуникативтік қабілеттерін жақсартудың психологиялық құралдары.
  37.  Педагогтың іс-әрекетінде өзіндік реттеуді талап ететін педпгогикалық ситуациялар.
  38.  Педагогтың өзін-өзі жетілдіру процесіндегі аутогенді жаттығу және оны қолдану.
  39.  Психологиялық өзіндік білім алу бойынша педагог жұмысын жүйелеу.
  40.  Педагогикалық ұжымдағы жеке адамаралық конфликтіні шешу және оның алдын алудың эффективті тәсілдері.
  41.  Бастауыш мектеп жасындағы оқыту барысында қолданылатын творчестолық тапсырмалардың мәні.
  42.  Оқыту барысында дидактикалық ойындарды қолданудың психологиялық мәні.
  43.  Конфликтілі жағдай және оны шешу жолдары.
  44.  Ұжымдағы психологиялық климаттың іс-әрекетке әсері.
  45.  Жоғары сынып оқушыларының кәсіптік анықталуындағы мамандықты таңдау ерекшеліктері.
  46.  Жеткіншектердің өзін-өзі бағалауына ата-аналарының қатынасы.
  47.  Жарнама және оның психологиялық жақтары.
  48.  Жоғары оқу орнындағы студенттердің жеке тұлғалық қасиеттерінің өзгеруін зерттеу.
  49.  Студенттердің кәсіби дайындығына психологиялық талдау.
  50.  Тарихи оқиғалардың жасөспірімдерінің көзқарасына әсері.
  51.  Оқушылардың өзара конфликті жағдайларын басқарудың психологиялық ерекшеліктері.
  52.  Педагогикалық бағалаудың психологиялық негізі.
  53.  Ертегі мазмұнының бастауыш сынып оқушыларының жеке басының дамуына әсері.
  54.  Қазақтың ұлттық тыйымдары және оның психологиялық жақтары.
  55.  Әлеуметтену барысындағы жеке тұлғалық қасиеттердіңөзгеруі.
  56.  Адамды адам қабылдаудағы қателіктер және оның өзгеру сипаты.
  57.  Психологиялық қызмет көрсету барысындағы арттерапия ерекшеліктері.
  58.  Психолог қызметіндегі танатотерапия ролі.
  59.  Гештальттерапия және оны психолог қызметінде қолдану ерекшеліктері.
  60.  Жеке адамның топқа, топтың жеке адамға әсері.
  61.  Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдерің өзін-өзі бағалауын зерттеу.
  62.  Оралмандардың мекен-жайын ауыстыру барысындағы жеке тұлғалық қасиеттерінің өзгеру сипаты.
  63.  Психикалық дамуында ауытқуы бар балалардың өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін зерттеу.
  64.  Қазіргі кездегі компьютерлік ойындардың сипаты және оның бала психикасына әсері.
  65.  Бастауыш мектеп жасындағы балалардың творчестволық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктері.
  66.  Қарттар психологиясына теориялық талдау.
  67.  Қазіргі кездегі мектептердегі тұрмыстық деңгейі әртүрлі балалардың өзара қарым-қатынасын зерттеу.
  68.  Телесериалдар туралы ой-пікірлерге психологиялық талдау.
  69.  Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің дүниетанымы мен мамандықты таңдау ерекшеліктері.
  70.  Оралмандардың өзін-өзі бағалау сипатына психологиялық талдау.

Эксперименттік психология пәні бойынша емтихан сұрақтары

Эксперименттік психология пәні бойынша зерттеу жұмыстарына арналған сұрақтар

Семинар №1

Семинар сабағының тақырыбы

Эксперименттік психология пәніне кіріспе

Тапсырмалар Психодиагностикалық құралдарды класификациялау: тест, сұрақтама, проективті әдістер:

Әдебиеттер 

Әдістемелік ұсыныстары Үй жұмысы -Силлабус бойынша келесі тақырыпқа дайындалу –тесттер дайындау, баяндамалар дайындау. Материалдарды пән бойынша портфолиоға жинау, папка құрастыру.

Интернет-сайттарды ашу, мәліметтер жинау.

Лекция 1.  (4  сағаты)  Тақырып.  Ғылыми зерттеу методологиясы, әдістемесі және әдіс туралы түсінік. Методология және оның деңгейлері. Ғылыми теорияның функциялары. Әдіс және әдістеме. Эксперименттік-психологиялық зерттеу жүргізудің принциптері: адекваттік, параллелдік, экстремалдық, референттік принциптері. Психологиялық әдістерін классификациялау.

Тақырып. Ғылыми зерттеу методологиясы, әдістемесі және әдіс туралы түсінік. Психологиялық әдістемелерге қойылатын талаптар. Жалпы психологиялық принциптер. Психологиялық әдістердің ерекшеліктері.

Лекция 2. (4 сағат) Тақырып. Эксперименттік зерттеудің даму тарихы. Эксперименттік психологияның қалыптасуының алғышарттары. Басқа ғылымдар дамуының эксперименттік психологияның дамуына әсері. Психофизикалық, психофизиологиялық зерттеулер. Алғашқы психологиялық лаборатория. Түрлі психологиялық мектептердің эксперименттік психология

дамуындағы үлесі.

Тақырып. Эксперименттік зерттеудің даму тарихы.

Психологиялық әдістердің даму тарихы. В. Дильтей түсіндіруші және түсінуші психологиясы.

В. Вундттың эксперименттері,  Ф. Гальтон, Эббингауз, Д. Уотсон эксперименттері.

2 МОДУЛЬ. ЭМПИРИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ АЛУ ПРЦЕДУРАЛАРЫ.

Лекция 3. (4 сағат) Тақырып. Алғашқы мәліметтеріді алу әдістерінің жалпы сипаты.

Эмпирикалық мәлімет тптері. Эмпирикалық және эксперимнет әдістерінің арақатынасы. Психологиялық зерттеудің  негізгі кезеңдері.

Тақырып. Алғашқы мәліметтеріді алу әдістерінің жалпы сипаты.

Психологиялық тапсырмаларды орындау. Тапсырмалар « Практикум по общей психологии.»

М.: Просвещение, 1990ж. – 41-42 Б. кітабінен  алынады.

Лекция 4. (6 сағат) Тақырып. Бақылау әдісі. Бақылау әдісінің негізгі ерекшеліктері, бақылаудың түрлері: бақылау мақсатына байланысты ( мақсатқа бағытталған және еркін бақылау), бақылауды ұйымдастыруға байланысты (табиғи, лабораториялық және арнайы қалыптасрыған бақылау), хронологиялық ұйымдастыруға байланысты  (лонгитюдті, кезендік және бір ғана бақылау), есеп беру түріне байланысты (стандартталынған және стандартталынбаған). Бақылау қателері: гала-эффект қателігі, логикалық қателіг, конраст қателігі, орталықтану қателігі.  

Бақылау әдісі. Бақылаудың процедурасы мен техникасы.

 Бақылауды жүргізу кезеңдері, бақылауды жоспарлау. Бақылау бірліктері мен категориялары.  Сандық мәліметтер алудың негізгі  тәсілдері: психологиялық шкалалау, хронометраж.

Бақылау әдісі. Практикалық сабақ. Темперамент ерекшеліктерін бақылауға арналған  бақылау жоспарын құрастыру.

Лекция 5. (4 сағат) Тақырып. Р. Бэйлз әдістемесі. Әдістеменің жалпы сипаты, мақсаты.  Бақыланатын 12 категириялардың сипаты.

Практикалық сабақ.  Р. Бэйлз әдістемесі бойынша пікірталас барысында қарым-қатынасты бақылау.

Лекция 6. (4 сағат) Тақырып. Анкета сұрақтама әдісі ретінде.  Сұрақтама әдісі туралы түсінік. Оның түрлері. Әңгімелесу әдісі, стандартталынбаған және жартылай стандартталынған әңгімелесу. Интервью әдісі, түрлері (диагностикалық интервью, клиникалық интервью).  Оны жүргізу ерекшеліктері. Анкета қалыптастыру процедурасы. Анкеталық сұрақтардың классификациясы: мазмұны бойынша, түрі бойынша және функция бойынша. Анкетаның жалпы композициясы. Анкетаны қалыптастыру ережелері.

Сұрақтама әдісі.

Жеке тұлғалық сұрақтамалардың ерекшеліктері. (Анастази А. «Психологическое тестирование».- СПб.: Питер, 2005. – 380-420 Б. кітабы бойынша )

(4 сағат) Практикалық сабақ. Әр бір студент  мінез ерекшеліктерін анықтауға бағытталған жартылай стандартталынған әңгімелесу схемасын жасап, өзі таңдаған  бір группаласына  жүргізеді, талдау жасайды.

(2 сағат) Практикалық сабақ. Барлық студенттер шағын топтарға (4 - 5 адамнан) бөлініп, студенттердің оқу үлгеріміне әсер етуші факторларды анықтауға байланысты анкета қалыптастырады.

Лекция 7. (4 сағат) Тақырып. Контент-анализ.  Оның тарихы. Контент-анализдің негізгі бірліктері мен категориялары. Контент-анализ жүргізу кезеңдері. Сандық және спалық бірліктер.

Практикалық сабақ. Контент-анализдің матрицасын практикада құру, жүргізу, тапсрыманы өткізу.

Лекция 8. (2 сағат) Тақырып. Ч. Осгуд бойынша матрица құру. Ч. Осгуд ұсынған Семантикалық дифференциал (СД) әдісінің ерекшеліктер.  Сөдің мағынасы мен мәні, сөздің пракгматикалық мәні. Психосемантика ұғымы.

Практикалық сабақ. Ч. Осгуд әдісі бойынша сөздер-стимулдар арасындағы мағыналық байланыстарды анықтау.

Тақырып. Психосемантика .

1. Сана мен тіл арасындағы байланыс.

2. СД әдісінің ерекшеліктері. 3. Вербалды және вербалды емес СД әдісін салыстыру. (Петренко В.Ф. основы психосемантики: Оқұлық. – М.: МГУ., 1997. – 110-119 Б.  )

3 МОДУЛЬ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ.

Лекция 9. (2 сағат) Тақырып. Эксперимент –каузалды гипотезаларды тексеру процедурасы ретінде. Себепті қортындыны атқарудың негізгі шарттары. Психологиялық эксперименттегі айнымалылар.(тәуелді, тәуелсіз, қосымша). Эксперименттің валидттілігі оның түрлері.  Сыртқы және ішкі валидттілікті төмендетуші факторлар.

Тақырып. Эксперимент. Себепті қортындыны атқарудың негізгі шарттары. Психологиялық эксперименттегі айнымалылар.(тәуелді, тәуелсіз, қосымша).  Эксперимент мәліметтерінің сенімділігі, валидтілігі мен репрезентативтілігі оларды тексеру жолдары.

Лекция 10. (2 сағат) Тақырып. Эксперимнеттің түрлері. Реалды және идеалды эксперимент. Мінсіз эксперимент және оның түрлері.

Тақырып. Эксперименттің түрлері.

(Готтсданкер Р. Основы психологического эксперимента кітабінің  1-ші таруы бойынша дайындалу).

Лекция 11. (2 сағат) Тақырып. Экспериментті жоспарлаудың алғышарттары. Экспериментті жоспарладуың принциптері, шарттары. Эксперимент жоспарларының түрлері.  Экспериментке дейінгі жоспар түрлері. Нағыз эксперименттік жоспарлау.

Тақырып. Экспериментті жоспарлау. (Кэмпбелл Д. Модели экспериментов в социальной психологии и прикладных исследованиях кітабі бойынша дайындалу.)

Лекция 12. (2 сағат) Тақырып. Ғылыми гипотезалар және олардың түрлері. Ғылыми гипотеза туралы түсінік. Теоретикалық және эмпирикалық гипотезалар№ Мағынасы бойынша гипотезалар. Готтстонкердің бөліп шығарған гипотезалары.

Тақырып. Ғылыми зерттеулердегі тексерілетін статистикалық гипотезалар. (Дружинин В. Математические методы в психологии 1 глава бойынша дайындалу)

Сабақтардың апталар бойынша тақырыптық жоспары. 

Тақырып

1

1 Модуль. Эксперименттік психологияға кіріспе 

Ғылыми зерттеу методологиясы, әдістемесі және әдіс туралы түсінік

2

Эксперименттік зерттеудің даму тарихы

3

2 Модуль. Эмпирикалық мәліметтерді алу прцедуралары. Алғашқы мәліметтерід алу әдістерінің жалпы сипаты

4

Бақылау әдісі

5

Р. Бэйлз әдістемесі бойынша пікірталас барысында қарым-қатынасты бақылау

6

Анкета сұрақтама әдісінің түрі ретінде

7

Контент-анализ

8

Ч. Осгуд бойынша матрица құру

9

3 Модуль. Психологиялық эксперимент. Эксперимент –каузалды гипотезаларды тексеру процедурасы ретінде

10

Эксперимнеттің түрлері

11

Экспериментті жоспарлау

12

Ғылыми гипотезалар

Тапсырмаларды орындау және өткізу графигі

Жұмыстың түрі

Тапсырманың мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау уақыты

Ұпай

Бақылау формасы

Өткізу мерзімі

1

лекция және семинар сабақтарына қатысу

Белсенді қатысу, семинар сабақтарына дайындалып келу

силлабус материалдарыоқу әдебиеттері .

Семестр

бойында

10   

Сабақ сайын тексеру

әр сабақ сабақ жүргізу кестесіне сәйкес

2

«Психологиядағы объективтілік мәслесі» тақырыбына Эссе

Ғылыми тақырыптар бойынша өз ойын жеткізе алу дағдысын қалыптастыру

Лекцияның материалдары оқу әдебиеттері,

  1.  апта

1 ОСӨЖ сағаты

5

СӨЖ Тексеру

2 апта

3

Вопросы философии 1977ж. №7 «Проблема объективного в психологии» мақаланың конспектісін жасау

Ғылыми текстердің конспектісін жазу дағдысын қалыптастыру  

Вопросы философии 1977ж. №7 журналы

  1.  апта

1 ОСӨЖ сағаты

5

СӨЖ Тексеру

3 апта

4

«Эксперименталды психологияның қалыптасу тарихы» тақырыбына реферат

Информацияны өз бетімен талдау, жалпылау дағдыларын қалыптасыру

Лекцияның материалдары оқу әдебиеттері

  1.  апта

1 ОСӨЖ сағаты

5

СӨЖ Тексеру

4 апта

5

Р. Бэйлз әдісі бойынша пікірталас барысында қарым-қатынасты бақылау

Бақылау әдісін іс жүзінде орындау

силлабус материалдарыоқу әдебиеттері Лекцияның материалдары

5 апта

2 семинар сағаты

5

Сабақ үстінде тексеру

5 апта

6

Топтағы бір студентті бақылау, оның психологиялық сүреттемесін жасау (жазбаша)

Бақылау әдісін іс жүзінде орындау

Лекцияның материалдары оқу әдебиеттері

6-8

2 ОСӨЖ сағаты

5

СӨЖ Тексеру

8 апта

7

Оқу үлгеріміне әсер етуші факторларды анықтауға байланысты анкета қалыптастырады.

«Сұрақта-малар» тақырыбы бойынша алынған білімдерді тексеру

Лекцияның материалдары оқу әдебиеттері

8-9 апта

2 ОСӨЖ сағаты

5

СӨЖ Тексеру

9 апта

8

Өздері таңдаған тақырып бойынша газеттерге контент-анализ жасау

«контент-анализ» тақырыбы бойынша алынған білімдерді тексеру

Лекцияның материалдары оқу әдебиеттері

10 апта

5

СӨЖ Тексеру

10 апта

9

«Эксперимент және оның түрлері» тақырыбына реферат

Информацияны өз бетімен талдау, жалпылау дағдыларын қалыптасыру

Лекцияның материалдары оқу әдебиеттері

11-12 апта

5

СӨЖ Тексеру

12 апта

10

Бақылау жұмысы №1 жазбаша

«эксперименттік психологияға кіріспе»,  «эмпирикалық әдістер» бөлімдері бойынша алынған білімдерді тексеру

Лекцияның материалдары оқу әдебиеттері

9 апта

1 ОСӨЖ сағаты

5

тексеру

9  апта

11

Бақылау жұмысы №2

жазбаша

«психологиялық эксперимент».

Лекцияның материалдары оқу әдебиеттері

14 апта

1 ОСӨЖ сағаты

5

тексеру

14 апта

Емтихан

Пән бойынша алынған білімдерін тексеру

Оқұлықтар, сөздіктер, қосымша әдебиет тізімі интернет лекция, семинар материалдары

1күн

40

Тест, жазбаша, ауызша

17 апта




1. ТЕМА 7- Договір підряду Поняття та юридична характеристика договору підряду
2. Мои мечты бесполезны мои планы всего лишь прах
3. t tht time it ws smll frontier settlement
4. Безопасность жизнедеятельности в техносфере
5. САНОЙЛ 25 21 Характеристика предприятия САНОЙЛ 25 2
6. Бешенство (Rbies)
7. ЧРЕЗВЫЧАЙНЫЕ СИТУАЦИИ ТЕХНОГЕННОГО ХАРАКТЕРА 1
8. Анализ производственно-сбытовых возможностей ОАО МНПЗ
9. Німеччина після Другої світової війни
10. вариант 1 Программа на языке Паскаль начинается с ключевого слова-B progrm 2 Раздел описания переменных на
11. Продаж цих цінних паперів дає банку кошти для надання іпотечних позик
12. Тамбовский государственный технический университет Кафедра Экономика Профиль Бухгалтерский учет
13. Острый живот. Неотложные состояния в гинекологии.html
14.  Министерство торговли Республики Беларусь далее ~ Минторг является республиканским органом государстве
15. тема со стороны пр
16. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Сімферополь
17. Еволюція теоретичних основ школи Анналів
18. ТЕМА 1 Розвиток та сучасний стан теорії управління Менеджмент розвивався в залежності від розвитку еко
19. единственной а в их коэволюции осуществляемой посредством многостороннего перекрестного диалога или даже
20. Эллисона ульцерогенный аденоматоз поджелудочной железы исходящий из островковых клеток Лангерганса