Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

2655557409 ~олжазба ы~ында ШОРТАНОВА АЛШАЙЫМ

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

ӘОЖ 002.2+655.5(574(09)                                             Қолжазба құқығында

ШОРТАНОВА АЛШАЙЫМ АХЫЛБЕКОВНА

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

(ХХ ғ. 20–40 жж.)

07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

         

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009


Жұмыс
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңес дәуіріндегі Қазақстан тарихы бөлімінде орындалды.

Ғылыми жетекші:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Мажитов С.Ф.

Ресми оппоненттер:

тарих ғылымдарының докторы,

профессор Құдайбергенов Ә.Н.

тарих ғылымдарының кандидаты

Селкебаева А.Т.

Жетекші ұйым:

ҚР БҒМ ҒК Р.Б. Сулейменов атындағы

Шығыстану институты 

Диссертация 2009 жылы «09» шілде сағат 14-30 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты жанындағы тарих ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 53.33.01 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының қолжазбалар қорында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).

Автореферат 2009 жылы  «____»    ___________   таратылды

 

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы, тарих

ғылымдарының докторы А.Т. Қапаева

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Тақырыптың өзектілігі. Кітап мұрасы дүние жүзі халықтарының көпғасырлық мәдениеті мен тарихын, тілі, дәстүрі мен әдет-ғұрпын бейнелеп қана қоймай, ұжымдық естеліктің басты бөлігі болып есептеледі. Осы асыл мұраларға байланысты біз бүгін көп қырлы көп ғасырлық дүние жүзілік өркениеттің даму тарихын терең зерттеп, барлық адамзаттың пайдаланған таптырмас тәжірибесін пайдалана аламыз.

Диссертациялық жұмыста ХХ ғ. 20-40-жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы зерттелген. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы отандық тарихымыздың ақтаңдақ беттерін ашуға көмектеседі, өйткені ол еңбектердің көпшілігіне кезінде оқуға тиым салынған. Қазіргі кезде «құлыпталған» ғылыми мұраларды зерттеп, талдауға қол жеткізілгендіктен, сол кездегі баспа ісінің ғылыми бағыттарын айқындауға да мүмкіндік туғаны көрсетіледі. Бұған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және басқа да шаралар куә.

ХХІ ғасырда білімі мен ғылымын дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Ұлттық тарихымыз қайта өрлеп, өркениетті елдердің қатарына жетуге бетбұрыс жасап, экономикада сындарлы жылдарда әр түрлі сатылардан өткен соң, ғылымның бір міндеті Қазақстан тарихын белгілі бір жүйеге келтіру. Қазақстанның қазіргі кездегі әлемдік бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру Стратегиясында бәсекеге қабілетті болу үшін елдің ғылымы мен білімі жоғары деңгейде болу қажеттігі көрсетілген. Ғылымның негізі – кітапта. Сондықтан ғылыми кітаптардың тарихын зерттеу арқылы біз еліміздегі ғылымға қалай көңіл бөлінетінін, қандай деңгейде болғанын анықтаймыз.

Танымның, рухани өндіріс пен әлеуметтік институттың ерекше түрі ретінде ғылым Еуропада ХVI-XVII ғғ. пайда болып, дербес дами бастайды. Ғылым – табиғат, қоғам және танымның өзі туралы білімді жасайтын адамдардың рухани қызметінің формасы. Оның тікелей мақсаты шындыққа қол жеткізу және объективті заңдарды ашу. Классикалық дәуірге дейінгі ғылымның негіздері Ежелгі Шығыста, Греция, Римде қалыптасты. Қазақ даласында әлемге әйгілі Шығыс ғұламалары әл-Фараби, Махмұд Қашғари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки т. б. өмір сүріп, мәңгі өшпес рухани мұра қалдырды. Олардың қолжазбалары, шыққан кітаптары осы заманға дейін жетті. Кітаптың құдіреті де осында.

Баспа өндірісі, соның ішінде кітап басу ісі экономика айналымының елге қызметін жақсартуға өз тарапынан үлес қосуына мүмкіндік жасайды. Кітап – қоғамдық сананы, тәрбиені, ағарту ісін, ақпарат таратуды қалыптастырудың қуатты құралы. Сонымен бірге оның тұтыну құны да бар. Жалпы мәдениет төмен болған жағдайда кітапқа деген зәрулік әлеуметтік-мәдени тоқырауға әкеледі. Кітап баспа ісі бірқатар ішкі қайшылықпен сипатталады: басылым санының көптігі және әдебиеттің жеке түрлеріне зәрулік; оқырман сұранысының төмендеуі, балалар мен жастардың кітап оқуға деген ниетінің төмендігі; ғылыми-техникалық үрдіс және монографиялық басылымдар санының азаюы. Жыл сайын баспадан шығарылатын кітаптар бойынша кітап саудасы ұйымдарының тапсырысы 50-60 пайызға қанағаттандырылады. Сараптамаға қарағанда, кітап дүкендерінде саудадағы 10 пайыз кітап қалып қалады.

Қазақстанның тарихи жолының объективті бейнесін қалпына келтіру мақсатында ғасыр басындағы ұлт зиялыларының ғылыми мұраларының басылу тарихына талдау жасау мәселенің әлі де жеткілікті түрде зерттелмегенін көрсетеді. Қазақ зиялыларының еңбектерін ешкім білмеді. Бәрі мұрағатта шаң басып жатты, оны алуға рұқсат болған жоқ, себебі олардың қоғам өмірінде орын алған мәселелердің барлығына жан - жақты қалам тартқандығын байқаймыз. Сондықтан  ол ғылыми еңбектерді пайдаланбай ХХ ғ. басындағы қазақ тарихы туралы бірде-бір ғылыми жұмыс жазылуы мүмкін емес.

Сол кездегі Ғылыми қоғамдардың шығарған басылымдарына да қол жеткізу қиын еді. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымы тарихы тұрпаты жағынан баспа ісімен байланыстырыла зерттеуді қажет етеді. Себебі 20-30-жылдары қазақ зиялыларының ғылыми еңбектері Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосты. Осы жағынан алғанда біздің тақырыбымыз толығымен зерттеу объектісі болады деп есептейміз. Елімізде «Мәдени мұра» бағдарламасы іске асып жатқанда, кітап – үлкен қазына, нағыз тарихи құндылық. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ел экономикасының болашағын барлай отырып «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты биылғы Жолдауы мазмұны жағынан да ерекше, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу арқылы азаматтарды басқа адамдардың тәжірибесі арқылы үйрету керек. Біздің ғылыми және шығармашылық интелегенцияға да осындай роль жүктеледі» деп көрсетті [1].Сондықтан бұл тақырып бүгінгі күні ғылыми-тарихи сабақтастық қағидасын сақтап өзекті болып табылады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. 1917-1940 жж. Қазақстан көлемінде жарыққа шыққан кітаптар және 1930 жылға дейінгі Қазақ республикасы үшін Орынборда, Ташкентте, Москвада, Қазанда басылған кітаптар зерттеу аясына енгізілді. Бұл қалаларда басылған кітаптарды қарастырудың негізгі себебі 1925 жылға дейін Орынбор қазақ республикасының әкімшілік орталығы болғандықтан Қазақстанның полиграфиялық базасы сонда болды. Ташкентте, Москвада, Қазанда Қазақ КСР өкіметінің тапсырысымен қазақ тіліндегі кітаптар басылды.

ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихы кеңестік жүйеде мәдени революция шеңберінде сипатталды. Шын мәнісіне келгенде қазақ қолжазбалары мен баспалар туралы 50-жж. дейін арнайы зерттеу еңбектер болған жоқ. Тек қазақ кітаптарының жиынтық каталогтарында, библиографиялық көрсеткіштер, тізімдерде, кейбір мақалаларда олардың аттары көрсетіліп жүрді.

Қазанда шығыс халықтарының көптеген кітаптары шыққаны белгілі. Осы мәселеге алғаш қалам тербеген ресейлік ғалымдар болды. Н.П. Лихачев еңбегінде Қазандағы кітап баспа ісінің тарихына тоқталса [2], Н.Ф. Катанов Шығыс библиографиясын жүйелеуге тырысқан [3].

ХХ ғ. 20-жж. М.Е. Салтыков-Щедрин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасы жанындағы ғылыми-зерттеу институты 1927, 1929, 1932 жж. үш жинақ шығарады. Жинақта кітап тарихы, кітап ісі теориясы, полиграфия, кітапты безендіру, библиографияның теориясы мен практикасын дамытудағы институттың сіңірген еңбегі көрсетілген.

Ресейде кітап туралы журналдар тұрақты шығып тұрды. Мысалы, Москвада А.С. Бубнов, Ф.В. Константинов редакторлығымен «Правда» баспасынан 1932-1940 жж. ай сайын сын-библиографиялық «Книга и пролетарская революция» деген журнал шығарылып, онда жаңадан шыққан көркем әдебиет шығармалары, философия тарихы, марксизм-ленинзм, саяси экономия туралы кітаптарға библиографиялық сипаттамалар жарияланып тұрды. Ал П.М. Керженцев жауапты редакторлығымен «Кітап және революция» деген журнал 1920-1923 жж. Петроградта, кейіннен Москвада шықты, мұнда әдеби, білім-ғылымның барлық саласы бойынша мақалалар басылды.

20-30 жж. мәдени  революция нәтижесінде кеңестік қоғамда баспаның ролінің өсуіне байланысты ғылымның жетістігі кітаптың әлеуметтік ролін, оның идеологиялық қызметін көрсетті. Кітапқа деген бұл тәсілді академик А.С. Орлов, П.Н. Берков, И.В. Новосадский қолданды, алайда олар сол кезде етек алған тұрпайы әлеуметтанымдық рухында жазды.

Қазақстан шығыстану ғылымында Н. Сәбитов қазақ тілінің тарихи лексикасын, деректеме мен библиография саласында айтарлықтай еңбек сіңірді. 1940 ж. Шығыс кітаптары туралы мақаласы «Казахстанская правда» газетінде жарияланады. 1941 жылы 1917-1939 жж. шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткіштерін жасауға қатысады және А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік көпшілік кітапханасындағы сирек кітаптардың қорлары туралы мақала жазады. Нығмет Сәбитов бірінші абайтанушы-библиографтар қатарына кіреді. Ол алғаш рет 1889-1945 жж. Абайдың 100 жылдық мерейтойына арналған Абай шығармаларының библиографиялық көрсеткішін жасады. 1917 жылға дейінгі Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен шығыс деректері бойынша көрсеткен еңбегі әлі күнге дейін өзекті деп есептейміз [4]. Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиеті (1862-1917)» библиографиялық көрсеткішінің бірінші басылымында кітап аттары орыс графикасына негізделген қазақ әрпімен қатар сол кездегі араб әрпімен қоса берілген. Сонымен бірге Н. Сәбитов қазақ ағартушылары Ш. Уәлиханов және Ы. Алтынсариннің өмірі мен қызметі, еңбектері бойынша библиографиялық көрсеткіш құрастырған.

Қазақстан КП «Орталық Комитеттің партиялық баспасы» туралы библиографиялық көрсеткіштер 30-шы жж. шығады. Кеңес үкіметі тұсында мәдениет жөніндегі әдебиеттердің бәрі коммунистік идеологияны, Ленин, Сталин идеяларын дәріптегені белгілі. Ол еңбектерді біз тарихнамадан алып тастай алмаймыз, сондықтан біз қазақ баспа ісінің дамуына қатысты тұстарын сұрыптап, оларға шолу жасағанды жөн көрдік.

50-70-жж. кеңестік ұлттық баспасөздің қалыптасуы туралы біраз еңбектер жарық көрді. Мысалы, Қазмембаспадан шыққан жинақта Советтік Қазақстандағы мәдени өмірдің бір қыры ретінде ұлттық баспасөз және баспасөздік емес басылымдарды сипаттаған мақалаларда қазақ халқының мәдениеттің түрлі саласында, оның ішінде Кеңес өкіметі тұсында баспа ісінде де қандай жетістікке жеткені туралы мазмұндалған [5]. Кеңестік баспа ісінің алғашқы қадамдары мен полиграфияның дамуы туралы И.С. Смирнов еңбегінде мазмұндалса, А.И. Назаровтың кітабында кеңестік баспа ұйымдары шығарған еңбектердің таралуына сипаттама берілген.

Қазан революциясының 40 жылдығына арналған Р.Б. Сүлейменов пен Х.И. Бисенов еңбектерінде Кеңестік мәдениет құрылысы сипатталған. Мәдени революцияның Қазақстанда қалай жүзеге асқаны туралы Р.Б. Сүлейменов жан-жақты зерттеген. Кеңестік тарихнамада Р.Б. Сүлейменов Қазақстан мәдениетінің тарихын зерттеу мектебін қалыптастырып, шығыстану мәселесін республикада жолға қоюдың негізін қалады. К. Кереева-Канафиева орыс-қазақ әдеби байланыстарының тарихын революцияға дейінгі орыс баспасөзі бойынша сипаттаған [6].

«Советтік Қазақстан кітаптары» (1917-1945) атты екі томдық библиографиялық көрсеткіштің әр томы қазақ және орыс тілінде құрастырылған екі бөлімнен тұрады. Библиографиялық көрсеткіштің бірінші томына саяси-қоғамдық, көркем әдебиет және балалар әдебиеттері, тіл білімі, өнер, баспа, кітапхана, библиография жұмыстары туралы кітаптар тіркелген [7]. Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым мәселесі орыс тілінде бірінші томға, қазақ тілінде екінші томға енгізілген [8].

Қазақстанда мәдениет мәселесімен айналысқан ғалымның бірі А. Қанапин өз еңбектерінде баспа ісі, полиграфия, кітап саудасы жөніндегі мәселені де қарастырған. Қазақстандағы ұлттық баспа ісі туралы Ш. Үржанов, А.К. Бектемісов жазса, 60-жж. Орыс кітап баспа ісінің 400 жылдық тарихына арналған еңбекте кітап баспа ісінің қағидалары мен ұлттық баспа ісі туралы материалдар да бар.

Ә. Жиреншиннің кітаптары екі тілде де жарық көрген. Ол қазақтың баспа кітаптарының тарихын 1800 жылдан 1917 жылға дейінгі Ресей мен Қазақстан көлеміндегі тасқа басылған қазақ кітаптарының қашан, қай жерде басылғаны, оларды шығарушылар кімдер екендігі, жазба мұраны жинаушылар мен авторлар жайында мәлімет береді [9]. Рухани мәдениетіміздің тарихына арналған көлемді кітабы орыс тілінде де жарық көрді. М.К Мамажанов, М.П. Коротовский еңбегінде республикадағы кітап баспа ісінің дамуына, қазақ әдебиетінің маркстік-лениндік идеяны таратудағы қызметіне, баспа өнімдерінің насихат жүргізудегі роліне назар аударған.

Қазақ кітаптары туралы библиографиялық көрсеткіштердің маңызы зор, өйткені библиография – білім кілті. Бұл тақырыпқа 80-жылдары жазған ғалымдар шоғыры С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина 1807-1917 жылдары шыққан қазақ кітаптарының көрсеткіштерін құрастырған [10]. Бұл көрсеткішке алғы сөз жазған Ү. Субханбердина әр кітапқа сипаттама жасап, анықтама берген.

Ә. Бектемісовтың кітабында Қазақстанда кітап баспаларының өткен жолы мен өркендеуі, қаз тұрып қадам басуы, оқулық әдебиеттері, қазақ баспагерлері туралы әр жылдарда жазылған естеліктері бар[11].

А.Г. Каримуллин еңбегінде Қазан төңкерісінен кейінгі кітап баспа ісінің қалыптасуын сипаттап, оның кейбір жеке қайраткерлеріне тоқтаған [12]. Бұл еңбектің құндылығы Москвада шыққан татар кітаптарына анықтама жасап, Москва, Қазан қалаларындағы мұрағат құжаттарын ғылыми айналымға енгізгенінде. Бұдан татар және қазақ баспа істері осылайша тығыз байланыста болғанын байқаймыз.

Біз өз зерттеуімізде кітап тарихына қатысты еңбектерді пайдалана отырып, баспалардың қандай бағытта жұмыс атқарғанына талдау жасадық. Кітап баспа ісі туралы Ресейде шыққан еңбектерді тақырыптың кейбір тұстарын ашуда қолдандық. Атап айтқанда, И. Баренбаум еңбегінде кітап тарихына сипаттама жасалған. Кітапта мемлекеттік баспалардың, жалпы Кеңес дәуіріндегі баспаның тарихы ғылыми түрде жазылған. Автор кітап тарихына байланысты ғылыми методологияны ұтымды пайдаланған. Осы бағытта жазылған еңбекке К.И. Абрамовтың зерттеуін жатқызуға болады.

А.К. Бочагов еңбегінде Қазақстандағы кітап баспа ісінің алғашқы бастауындағы атқарылған жұмыстары баяндалған. Ғылым мен кітапты бұқара арасына кең тарату туралы үкімет ұран тастады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында кітапхана ісі туралы еңбектер де жарық көрді.

Кеңестік кітап баспа ісінің мәселелері, кітап тарихы туралы пікір-талас материалдарын жариялаған Бүкілодақтық Кітап палатасының «Кітаптар. Зерттеулер мен Материалдар», Қазақ ССР А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапханасының «Вопросы истории и кнгиговедения», ҚР Ұлттық кітапханасының «Кітапханатану, библиография, кітаптану» жинақтарының маңызы зор.

90 жж. біз тәуелсіздігіміздің тізгінін қолымызға алып, өзімізді тарихи тұрғыдан тани бастағанда тарихтың «ақтаңдақ» беттерін жаңа көзқараспен саралап, бұрын тиым салынған деректерімізді зерттеуге мүмкіндік алдық. М. Қозыбаевтың еңбегін елдегі мәдени революцияны жаңа көзқараспен сипаттағанымен құнды деп есептейміз. М. Қозыбаев, І. Қозыбаевтың тарихнама туралы жазған кітаптарында Қазақстандағы ғылыми қоғамдар жұмысы туралы толық мәліметтер бар.

Т. Қожакеевтің еңбегі 1937-1938, 1950 жж. қуғын-сүргінге ұшыраған және Ұлы Отан соғысы кезінде ерлікпен қаза тапқан жиырмасыншы жылдардың көрнекті публицист баспагер журналистерінің шығармашылық қызметіне арналған.

Ә.Н. Құдайбергеновтің «Мәдени мұра» бағдарламасының білім беру үдерісіндегі маңызы жайында жазылған мақаласында ХХ ғ. 20-40 жж. республиканың мәдени және ғылыми тынысына қатысты тұжырымдар берілген.[13]

Ө. Озғанбай кітабында Алаш зиялыларының еңбектеріне талдау жасай отырып, патша үкіметінің отаршылық саясатын аша білген. Алашорданың күрделі мәселелерін зерттеуде үлкен қадам жасаған К. Нұрпейісов болды. Ол тарихи әдебиетте алғаш рет Ә. Бөкейхановтың «Алаш» партиясын құру, «Алашорданың» төрағасы болған кездегі қызметін, жалпы ел басқарудағы рөлін көрсеткен. Автордың бұл еңбегінің біз үшін құндылығы сол кездегі баспасөз материалдарына, мұрағат құжаттары бойынша кейбір еңбектер мен мақалаларға сипаттама жасағаны болып табылады. М. Қойгелдиевтің зерттеулерін Алаш зиялы қауымының өз заманындағы тарихи оқиғаларға ат салысып атқарған қызметтері мен ғылыми еңбектеріне талдау жасағанымен құнды деп есептейміз. 20-40 жж. тарихи оқиғаларына ғылыми түрде сипаттама жасап, мұрағат құжаттары мен сол кездегі еңбектерге сараптама жасаған Т.Омарбековтың еңбегі де маңызды болып табылады. 

Біз зерттеуімізде ұлттық баспа ісінің бастауында оның қалыптасуына зор еңбек сіңірген Алаш зиялыларының өз еңбектерін де мүмкіндігінше пайдалануға тырыстық. Атап айтқанда, Ә. Бөкейхановтың, А. Байтұрсыновтың, Ж. Аймауытовтың, Х. Досмұхамедовтың, М. Тынышбаевтың, С. Сейфуллиннің, М. Дулатовтың еңбектері пайдаланылды. М. Құлмұхамедтің Жақып Ақбаев туралы еңбегі сол кездегі баспадан шыққан материалдарды алуға септігін тигізді. Алаш тарихнамасын зерттеген Р. Нұрмағамбетованың еңбегі ескі және жаңа көзқарастарды салыстыруға көмектесті. М. Тынышбаев туралы Г. Жүгенбаеваның еңбегінде тарихи-танымдық еңбектер қатарына жатқызамыз.

Қазақ ССР Мемлекеттік кітапханасы басшылығы 1931 ж. «Қазақстантану» жабық, ерекше (нөлдік) қорында Алаш Орда белсенділерінің кәмпескеленген кітаптарының қорын ұйымдастырды. ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстантану» кітап қорларының қалыптасуы жөніндегі Р. Бердіғалиеваның еңбегінің де маңызы зор. ХIХ екінші жартысы мен XX басындағы Қазақстанда кітапхана ісі туралы В.З. Галиевтің еңбегінде аталған мәселенің кейбір тұстарын ашуда пайдаландық [14]. С. Рахимжанованың Қазақстан кітаптарының тарихына арналған оқу құралында 1945–1960 жж. кітап баспа ісіне сипаттама берілген [15]. Өз зерттеуіміздегі ХХ ғасырдың 20-40 жж. кітап баспа ісінің дамуы мен міндеттерін ашуда автордың 40 жж. қатысты мәліметтерін пайдаландық. Қазақстан баспа ісінің көрнекті қайраткері, белгілі журналист, білікті аудармашы М. Мамажанов кітап тарихы туралы зерттеулер мен танымдық маңызы бар еңбектер жазды. Автор бір еңбегінде республикалық кітап мұражай қорындағы құжаттар мен жәдігерлерге сүйене отырып, кітап тарихын жаңа көзқарас тұрғысынан зерделесе, келесі бір еңбегіне жылдар бойы жинақтаған ізденістері, аударма еңбектері енгізілген.

Кезінде қазақ баспасөзі тарихының очеркін Қ. Бекхожин жазса, 90-жж. әлем баспасөзі тарихын қосып, қазақ баспасөзіне сипаттама жасаған еңбектер де шықты. Сонымен қатар қазақ баспасөзіндегі материалдарды тарихи дерек ретінде зерттеген Қ. Атабаевтың еңбегі де ғылымға қосылған үлкен үлес деп санаймыз. ХІХ-ХХ ғ. басындағы қазақ кітап баспа ісінің тарихын фольклор, көркем әдебиет және цензура тақырыбында сипаттама жасаған Ж. Шалғымбаеваның зерттеуі ұтымды еңбек болып саналады.

ХХІ ғ. басында да баспа ісі мен баспагерлер туралы әдебиеттер шыға бастады. Мысалы, Ү.Х. Субханбердина революцияға дейінгі қазақ баспасөзі бетіндегі жарияланған материалдарды қазақ халқының атамұраларын, арыстар қалдырған аманаттарды жинақтаумен айналысты. Ол әр материалдарды терең зерттеп, ғылымдағы маңызын түсіне білді. Оның барлық еңбегінде Қазақстанның төңкеріске дейінгі бейнесін көрсететін қазақ мерзімді баспасөзі туралы теңдесі жоқ бағалы мәліметтер берілген. Автордың cондай еңбегінің бірін біз төңкеріске дейінгі ғылыми еңбектерді сипаттағанда пайдаландық.

Қазақстанда кітап баспа ісі үлгісінде мәдени құрылыс тарихынан оқу құралын жазған Д.А. Атабаев, Ә.Ғ. Есенғалиеваның еңбегі де мәдени құрылыс тарихындағы кітап баспа ісі үлгісіндегі әдебиеттер қатарын толықтырады. Қазақстан Ғылыми қоғамдарының жарық көрген еңбектеріне анықтама жасағанда Г.А. Демешеваның библиографиялық көрсеткішін пайдаландық [16]. Е. Валиханов Орыс Географиялық қоғамы, А.Т. Селкебаева Қазақстанды зерттеу қоғамының ғылыми-ағартушылық қызметінің нәтижелері мен құрылу тарихы туралы еңбектер жазған [17]. Т.А. Мансұровтың КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы, түрік халықтарының жазуын латын әліппесіне көшіру жөніндегі Орталық Комитеттің төрағасы қызметін атқарып, 1928–1936 жж. Төтенше және өкілетті өкіл (сол кездегі ең жоғарғы дипломатиялық атақ) деген лауазыммен Кеңес Одағының қазіргі Сауд Арабиясындағы елшісі болған, 1937 ж. «халық жауы» деген айыппен атылған Нәзір Төреқұлов туралы зерттеуі баспагерлер тұлғасын ашқан үлкен еңбек деп санаймыз. Бұл туралы тарихшылар К.Н. Бурханов пен С.Ф. Мажитовтың мақаласында да жоғары баға берілген.[18]

Қазақстандағы мәдени революция идеологиясы тұжырымдамасы 20-30жж мәдениеті баспа ісі, ғылым және ғылыми қоғамдар тарихы бойынша қорғалған соңғы жылдардағы докторлық және кандидаттық диссертациялар қатарына Қ.Ә Ахметов., А.Т Қапаева., С.Р Рахимжанова, Д.А. Атабаев, Е.Д. Қасымов, А.Т. Селкебаева т.б. ғылыми зерттеулерін жатқызуға болады.

Аталған мәселенің зерттелу деңгейі бойынша байқағанымыз біріншіден, бұл тақырып кеңестік жүйедегі мәдени саясат шеңберінде болған үрдістердің ғылыми түрде талдануы үшін әлі де өзекті екендігі. Екіншіден, ХХ ғасырдың 20-40 жж. жарық көрген ғылыми кітаптар мен басылымдарға байланысты осы күнге дейін арнайы зерттеу ісі жұргізіліп, жан-жақты баға берілмегендігі. Үшіншіден, мемлекетіміздегі «Мәдени мұра» Ұлттық стратегиялық бағдарлама аясында жүргізіліп жатқан шараларды жүзеге асыруда ғылыми кітаптардың басылымы, олардың қоғамдағы рөлін анықтау ісі әлі қолға ойдағыдай алынбай жатыр.

Зерттеу нысаны. Қазақстандағы ғылыми кітаптардың бағыттары, салалары, баспа ісінің дамуы, дайындалу және олардың жарық көру үрдісін зерделеп, оның тарихын жүйелі түрде көрсету.

Зерттеу пәні. ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар тарихын жан-жақты зерттеп, оған объктивті баға беру. 

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің басты мақсаты ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихын зерттей отырып, оның Отан тарихында алатын орнын айқындау. Осы мақсатқа орай алға мына міндеттер қойылды:

  •  1917 жылға дейінгі Қазақстан бойынша ғылыми кітаптар басылымының жағдайына сипаттама жасау;
  •  Кеңес өкіметінің халыққа білім беру және баспа ісі саласындағы мемлекеттік саясатын талдау;
  •  Қазақстанда баспа ісінің ұйымдастырылуын көрсетіп, оның міндеттерін айқындау;
  •  ХХ ғ. 20-40 жж. баспа өнімдерінің негізгі бағыттарын көрсету;
  •  Оқулықтар мен оқу құралдарына сипаттама жасау;

– Ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптар мен басылымдарға анықтама жасау;

  •  Қазақстанды зерттеу қоғамы және басқа да ғылыми, ғылыми-көпшілік ұйымдар мен мекемелердің басылымдарына талдау жасау;
  •  Қазақ зиялыларының өлкені зерттеу және баспа ісін ұйымдастырудағы қызметін көрсету;
  •  Қазақ ғылыми басылымының ХХ ғ. 30 жж. даму үрдісі қандай деңгейде болғанын айқындау.

Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. ХХ ғ. 20-40 жж., яғни ел азаматтық қорғаныс кезеңінен бас көтеріп, қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, жаңа экономикалық саясат жүргізілген кезде кітап баспа ісінде де өзгерістер болды. 30 - жж. елде ұжымдастыру саясаты жүріп, қалжыраған халық Ұлы Отан соғысын бастан кешірді. 1946 жылы Ғылым Академиясы құрылып, Қазақстан ғылымы бой көтере бастады. Осы уақыттар аралығында бірқатар жаңа баспалар жұмыс істеді.

Зерттеу жұмысының әдістемелік базасына тарихилық қағидалары алынды. Зерттеуге негізгі диалектикалық методология тұрғысынан қарап, салыстырмалы, индуктивтік, дедуктивтік, құрылымдық-функционалдық әдістер бойынша талдау жасалынды. Ғылыми тәсілдер ішінен өркениетті тәсілді қолдануға тырыстық.

Қазақстандағы қоғамдық-саяси өзгерістердің дамуын нақты зерттейтін тарихи объективтілік және тарихты диалектикалық заңдылық тұрғысынан қарастыру қағидалары негізге алынды. Кеңес үкіметіне, партиялық материалдарға салыстырмалы-тарихи түрде сыни талдау жасалынды. М.Қ. Қозыбаев, К.Н. Нұрпейіс, М.Х. Асылбеков, С.Ф. Мажитов, т.б. бірқатар ғалымдардың теориялық маңызы бар еңбектеріндегі методологиялық ой тұжырымдарын негізге алуға талпыныс жасадық.

Зерттеудің деректік негізі. ХХ ғ. 20-30 жж. шыққан басылымдар зерттеу нысанының дерек көзі ретінде алынды. Атап айтқанда, Қазақ АКСР мемлекеттік баспасы туралы 1929 ж. шыққан каталог [19]. Ол қазақ тілінде араб шрифтісімен шыққан. Сол сияқты 1930–1934 жж. басылымдар каталогын, Қаз ССР мемлекеттік библиография орталығының «Кітап шежіресін» атауға болады. Қазақстандағы біріккен мемлекеттік баспасының каталогы да жарық көрген. Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің «Мемлекеттік баспа туралы» декреті кітап баспа ісін қолға алғанын дәлелдейді.

Кеңес Одағының коммунистік партиясының мәдениет бойынша жинақталған құжаттар жинағы партияның баспа ісі саласындағы саясатын талдағанда қолдандық. «Печать Каз ССР » статистикалық материалдар, 1917–1967 жж. Қазақстандағы баспа өнімдері туралы көрсеткіштер бар. КОКП резолюцияларын, партия съездері, Пленумдары материалдарын да дерек көзі ретінде қолдандық.

Баспа ісіндегі Кеңес үкіметінің саясатын ашып көрсету үшін сол кездегі мемлекет құжаттары мен заңдық материалдарын, Кеңес үкіметінің декреттерін тақырыптың кейбір тұстарын дәлелдеуде пайдаландық. Қазақ кітаптарының жиынтық каталогы да сараптама жасағанда дерек ретінде пайдаландық. Қазақстандағы социалистік құрылыс туралы құжаттар мен материалдар жинағынан Кеңес өкіметінің халыққа білім беру саласындағы саясатын сипаттағанда қолдандық.

Деректердің бір тобын Ғылыми қоғамдардың Еңбектері, Жазбаларындағы материалдар құрады. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағатының (ҚР ОММ) Кеңестік кезең қорындағы 30, 929, 1241, 1384, 1386, 693, 1252, ҚР Президент мұрағатының (ҚР ПМ) 720 қорларындағы тақырыпқа байланысты материалдар алдық. Сонымен қатар республикалық кітап мұражайындағы, ҚР Ұлттық кітапханасындағы, ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының материалдарын да мүмкіндігінше пайдаландық. Республикалық кітап мұражайының сирек кездесетін кітаптар каталогы да негізгі дерек болды.

Деректердің келесі тобын баспасөз материалдары құрайды. Олардың ішінде «Новый Восток», «Сарыарқа», «Еңбекші қазақ», «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» т. б. бар. Түркістан қаласындағы газеттерде «Ғылыми хабарлар» рубрикасы шығып тұрды. Баспасөзде қазақ зиялы қауымының мақалалары кезінде көп жарияланған. Мысалы, Н. Төреқұловтың Орталық баспаға 5 жыл толуына байланысты шыққан мақаласы 1929 ж. «Новый Восток» газетінде жарияланған.

Сол сияқты Қ. Сәтпаевтың хаттары, орталыққа жазған баспа істері туралы өтініштері біз үшін маңызды дерек болды.

Анықтамалық материалдардан сөздіктер, энциклопедияларды да қолдандық. Кітаптану туралы энциклопедия да коммунистік идеология тұрғысынан жазылғанына көзіміз жетті.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отандық тарих ғылымында алғаш рет ғылыми тұрғыда Қазақстанда алғашқы жарыққа шыққан ғылыми кітап басылымдарының тарихы қазіргі замана талабына сай талданып отыр. Алынған ғылыми жаңалықтарды былай көрсетуге болады:

– Қазақстан тарих ғылымында алғаш рет ХХ ғ. 20–40 жж. ғылыми кітаптардың тарихы жүйеленіп, кешенді түрде зерттеледі;

– Қазақстандағы кітап баспа ісі тарихы бойынша бұрынғы мәліметтер жаңа көзқарас тұрғысынан талданады;

– ХХ ғ. басындағы реформаторлық қозғалысты бастаған қазақ зиялыларының ғылыми мұраларын игеру ғылыми кітаптардың тарихын зерттеудің негізі екені дәлелденеді;

– ХХ ғ. 20-40 жж. оқулықтардың тарихи танымдық жағы мен қазақ тіліндегі оқулық жазу талаптары қазіргі кезбен салыстырыла айқындалады;

– КСРО Ғылым Академиясының хабаршылары, бюллетендері республикадағы ғылыми кітаптар басылымының негізі болды;

  •   нақты деректер негізінде ғылыми кітаптар басылымы қазіргі уақыт талабы тұрғысынан объективті түрде талданды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

– ХХ ғ. 20-40 жж. ғылыми кітаптардың тарихы жалпы ғылыми әдістер негізінде жүйеленді;

– 20-30 жж. қазақ зиялыларының өзі баспагерлік қызметте болғандықтан, қазақ тілінде ғылыми еңбектер жазыла бастады;

– Қазақстандағы ғылыми кітаптардың тарихын Алаш зиялыларының еңбектері бойынша анықтау ұсынылады, өйткені 20–30 жж. Алаш зиялыларының ғылыми еңбектері Қазақстан ғылымына қосылған үлкен үлес.

– Қазақстандағы ХХ ғ. 30-40 жж. баспа ісінің ерекшелігі арнайы баспалар ашыла бастады («Казтехиздат», «Педагогика»).

– Кітап палатасының құрылуы елімізде кітап ісінің, көрсеткіштерінің дамуына ықпалын тигізді. Кітаптар тізбесінің жасалуы сараптама жасауға да жеңілдік туғызды.

– Кеңес үкіметінің баспа ісін ұйымдастырудағы саясатында кеңестік үлгідегі отарлау саясатының белгілері көрініс тапты;

Диссертациялық зерттеу жұмысының қолданбалық маңызы. Зерттеу нәтижесі болашақ тарихи зерттеулерге негіз бола алады деп есептейміз. Зерттеу жұмысының деректері мен ғылыми материалдарын қоғамдық ғылымдар саласында қолдануға болады.

Зерттеу нәтижесі Қазақстан тарихы, отандық кітапхана ісіне қатысты еңбектердің қатарын толықтырады. Сонымен қатар оларды оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар, Қазақстан тарихынан ғылыми еңбектер жазғанда қолдануға болады.

Еңбектің нәтижесін жоғары оқу орындарында жүргізілетін дәрістерде, тарих факультеттері студенттеріне жүргізілетін арнайы курстар мен семинарларда қолдануға болады деп есептейміз.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары бойынша ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімдегі ғылыми басылымдарда 3 мақала жарияланды. Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында өткен халықаралық конференцияларда 4 баяндама жасалды.

Жұмыс ҚР БҒМ ҒК Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихы бөлімінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың негізгі мазмұны

Жұмыстың «Кіріспе» бөлімінде зерттеу тақырыбының өзектілігі, міндеті мен мақсаттары, әдістемелік негіздері, ғылыми жаңалығы мен қолданбалық маңызы айқындалды және зерттелу дәрежесіне тарихнамалық талдау жасалынып, пайдаланылған дерек көздеріне сипаттама берілді.

«ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы баспа ісінің дамуы» атты бірінші тарауда 1917 жылға дейінгі Қазақстан бойынша ғылыми кітаптар басылымының жағдайы, Кеңес өкіметінің халыққа білім беру және баспа ісі саласындағы мемлекеттік саясаты, Қазақстанда баспа ісінің ұйымдастырылуы және міндеттері қарастырылады.

Қазақ кітаптарының араб шрифтінде шығарылуының статистикасы А.Г. Каримуллиннің еңбегінде келтірілген. Осы жерде айтып кететін нәрсе Ресейде араб жазуы негізіндегі баспа ісі ХVIII ғ. басында пайда болды. 1722 жылы І Петрдің бұйрығымен Астраханда жорық баспасында мұсылман халқына үндеу «Манифест» жарияланған. Ал ХVIII ғ. екінші жартысында араб шрифтімен Ғылым Академиясы және Москва университеті баспасында кітаптар шыға бастаған. 1776 ж. академиялық баспада француз тілінен аударылып Холдерманның «Түрік грамматикасы» араб графикасымен шықса, университет баспасынан Сағит Халфиннің «Татар тілінің әліппесі» жарық көреді. Ал 1785 жылы Петербургте кітап саудагері Вейтбрехт төрт баспа станогымен араб, парсы, татар, түрік тілдерінде типография ашады. Ол 1786 жылы татар тілінде «Губерния мекемелері» және «Полиция жарғысын», 1787 ж. 477 беттен тұратын Құранды басып шығарады. Татар және түрік тілдерінде осы баспадан маңызды мемлекеттік құжаттар шығып тұрған.

1768 ж. Қазан, Уфа, Орынбор губернияларынан Қазақстанға қазақтар туралы мәліметтер жинауға адамдар жіберіледі. Осы сапардың нәтижесінде 1772 жылы Н.П. Рычковтың «Дневные записки путешествия в киргиз-кайсацкой степи» атты еңбегі жарық көреді [20 ].

Ресей мұсылмандарының сұранысын қанағаттандыру үшін дін иелерінің өтінішімен және І Павелдің бұйрығы бойынша Қазанда «Азиат» типографиясы ашылады. Оған Петербордан екі баспа станогы және араб литерлері жіберіледі. Бұл типографияны ұйымдастырған прапорщик Абдулғазиз Бурнашев еді. ХІХ ғ. ортасына дейін «Азиаттық» баспада діни кітаптар – Құран, Хефтиэк, Иман шарты басылып шыққан. Бұл кітаптар Ресейді мекендеген мұсылман қауымына, оның ішінде қазақтарға да тарады деген дерек бар. Жалпы Шығыс ғалымдарының еңбектерін басып шығару ғылым мен мәдениеттің дамуына ықпал етті. Кейіннен европалық елдерде шығыстану орталықтары ашылып, шығыс ғұламаларының қолжазбаларын жинастырып, жариялап отырған. Қазақ, өзбек, башқұрт, азербайжан, тәжік, түркімен, құмық тілдеріндегі алғашқы кітаптарды татар баспагерлері шығарған. Түркі халықтарының тілдік негізі мен әдеби дәстүрлері бір, олардың фольклорлық шығармалары да ұқсас. Ал олардың дербес тілдері араб графикасын қолданған уақытта қалыптаса бастаса керек.

А.Г. Каримуллиннің айтуынша, қазақ тілінде шыққан алғашқы кітап – «Киссаи Тамимдарды» 1866 жылы Ш. Хусаинов шығарған. Қазанда ол 6 рет – 1882, 1895, 1896, 1906, 1913 жж. баспадан шығарады. Ш. Хусаиновтың жеке баспасы болмағандықтан Қазанның түрлі баспасына тапсырыс беріп отырған [12, 176-б.]. Кітап шежіресіне қарағанда қазақ тілінде шыққан бірінші кітап «Ер Тарғын» болып есептеледі.

Еділ бойында және Орал маңында 500 атау кітап 2186305 данамен шығарылды. Оның ішінен 474 атаулы кітаптардың 2037480 данасы Қазанда басылып шықты. ХІХ ғ. екінші жартысында Қазанда қазақ тілінде 114 кітап шыққан, оның жалпы тиражы жүздеген мың дана болған [12, 112-б.]. Кеңес дәуіріне дейін Ресейде, қазақ аймақтарын қосқанда 1100 атау қазақ кітаптары шығарылды. Қазақ халқының арасында кітаптың таралуына Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев үлкен үлес қосты.

Қазақ кітаптарын таратуда татарлардың кітап саудасы үлкен септігін тигізді. ХІХ ғ. аяғында құрылған мәдени-ағарту қоғамдарының бұл іске қосқан үлесі де үлкен. Қазақ тіліндегі кітаптардың басылып, оның сатылуы қазақ тілінде жазатын авторлардың да көбеюіне әсер етті. Кітап басу ісі, республикадағы баспасөз шығармашылығы қазақ тілінің синтаксис, грамматика, лексикасын нығайтумен байланысты болды. Шығыс тілдері мәселесі де Кеңес өкіметі үшін өткір мәселе болды. Латын әліпбиіне өту жөнінде 1926 ж. Бакуде І Бүкілодақтық түркологиялық съезде қарастырылды. Ал 1928 жылы Қазақ КСР Орталық Атқару комитетінің ІV сессиясы латын әліпбиіне көшуді заңдастырады. Партиялық бағыттағы басылымдардың негізгі міндеті партия ұстанған саясат пен идеологияны насихаттау болды. Партия мүшелерінің саяси мәселелер жөніндегі ой-пікірлері, идеялары бір жерден тоғысып жатуы тиіс болды.

Қазақ мерзімді баспасөздерінде партия құжаттары, В.И. Лениннің, И. Сталиннің сөздері жарияланып тұрды. 1921–1930 жж. қазақ тілінде В.И. Лениннің 31 шығармасы 141 500 данамен шыққан болатын.

1922 ж. күзінде типографияның бастауымен баспа жұмысшыларын дайындау үшін қысқа мерзімді курстар ашылды. Бұл республикадағы қазақ мамандарының бірінші жұмысшы отряды еді.

1920 ж. наурызда Ташкентте алғашқы Орта Азия мен Қазақстанда «Түркістан мемлекеттік баспасы» құрылып, 1921 жылы ол өзбек тілінде 2 147 850, қазақ тілінде 680570, түркімен, тәжік, т. б. тілдерде 233 800 дана кітап, 50 мың дана әліппе, т. б. шығарды. 4 мамыр 1920 ж. Ленин Қазақстан өкілдерін қабылдап Мемлекеттік баспа мен Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесі баспасына типография, қағаз жағынан көмектесу жөнінде тапсырма береді. Бұл қазақ кітап баспа ісін дамытуға септігін тигізді. 3 қараша 1920 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті Президиум мүшелері С. Мендешев, В.А. Радус-Зенькович, С. Сейфуллин т.б. алғаш рет баспа ісін талқылады. Мәжілістің № 9 хаттамасына қарағанда С. Мендешев ҚазАКСР-гі баспа ісінің құқықтары мен міндеттері айқындалған «Мемлекеттік баспа» туралы Ережеге қол қояды. Осылайша қазақ халқы тарихында мемлекеттік баспа Мембаспасы (кейіннен «Қазақстан» баспасы) құрылады. Ол идеологиялық және мәдени жұмыстың орталығы болды.

30-жж. басында Москвада БКП(б) ОК жанында орталықтанған «Партбаспа» жұмыс істей бастады. Ол негізінен партиялық-саяси әдебиеттерді шығарып тұрды. БКП(б) Қазақ өлкелік комитеті 1932 ж. 9 мамырда «Партбаспаның» Қазақ бөлімшесін ұйымдастыру туралы шешім қабылдайды. Орталықтанған билік жүйесі тұсында барлық жұмыс осылай жүргізілді, яғни Москва не істесе, оның көшірмесі шет аймаққа таратылды. 1937 ж. қаңтарда Қазақ КСР ХАК жанынан Қазмембаспасын да, газет-журнал баспасын, республика типографиясын бағындырған полиграфия мен баспа басқармасы құрылады. Мұның өзі қоғамдық-саяси, көркем әдебиет, басқа да әдебиеттерді шығаруға мүмкіндік берді. Дегенмен де, экономика, ауыл шаруашылығы, техника саласы бойынша кітаптар өте аз шықты. Жоғары оқу орындары мен техникумдарға кітаптар, оқу құралдары  жетіспеді. Полиграфиялық баспа өнімдері жоғары сапалы деңгейде шықты деп айту қиын.

Жазушы Ғ. Мүсірепов те Қазақстандағы кітап баспа ісінің дамуына көп үлес қосқан. Ол көп жылдар бойы Қазмембаспасының бас редакторы қызметінде болды. Қазақстан жазушылар ұйымының жетекшісі, елдің мәдени қызметкері бола отырып, редакциялық-баспа істеріне белсене қатысып, әсіресе, көркем әдебиеттерді шығаруға көп үлес қосқан.

1937 ж. 19 маусымда Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің қаулысы бойынша Қазақ КСР-нің Мемлекеттік кітап палатасы құрылды. Мемлекеттік библиография орталығының дамуы республикадағы баспа ісінің дамуымен тығыз байланыста болды. Содан бастап Кітап палатасы республикамыздың мемлекеттік библиография орталығына айналды. 1939 ж. бастап жылына бір рет «Кітап жылнамасы» мен «Журнал мақалаларының шежіресін» қазақ және орыс тілінде шығарып отырды. Кітап палатасы Советтік Қазақстанда шыққан кітаптардың библиографиялық көрсеткішін «Кітап шежіресі», статистикалық материалдар ретінде Қазақстанда шықан басылымдар туралы жан-жақты толық мәлімет беріп отырды.

Бірінші тарауға қорытынды жасасақ, ХХ ғ. 20-40 жж. Қазақстандағы баспа ісінің ұйымдастырылуы қазақ халқы үшін жаңа нәрсе емес еді деп түсінеміз, өйткені 1917 жылға дейін-ақ қазақ тіліндегі кітаптармен Н. Сәбитовтың «Қазақ әдебиетінің библиографиялық көрсеткіші» арқылы таныс болды. Қазан, Орынбор, Уфа қалаларындағы басылған баспа өнімдерінің қазақ оқырмандарының рухани болмысын өрістетуде үлесі зор еді. Кеңес өкіметінің халыққа білім беру саясаты мен Қазақстанда баспа ісін ұйымдастыруда өз есебі болды, өйткені қазақ мектептерінің саны көп болды деп айту қиын, негізгі бағыт орыс тілінің шет аймақтарда мәртебесін көтеру еді. Сауатсыздық жою жолындағы жұмыстар да осы бағытта жүрді. Жоғары оқу орындарында қазақша факультеттер аз болды, ал техникалық мамандықтар факультеттерінің қазақшасы мүлдем жоқ еді. Баспадан шыққан қазақ кітаптары негізінен көркем әдебиеттер болса, техникалық әдебиеттердің қазақшасын айтпағанда орысшасының өзі аз болды. Қазақтың қисса-дастандары, эпостардың бірнеше нұсқалары шықты. Мәдени революция деген желеумен халықтың рухани құндылықтары толығымен халықтың алдына берілді, ашық қолдануға болды деп айту қиын. Қалай болғанда да Қазмембаспа, Өлкелік біріккен мемлекеттік баспа, арнайы салалық баспалардың құрылуы Қазақстанда кітаптардың көбеюіне, руханияттың дамуына ықпалын тигізді деп тұжырымдаймыз.

Екінші тарау «Қазақстандағы 20-30 жж. баспа өнімдерінің негізгі бағыттары, түрлері» деп аталады. Бұл тарауда оқулықтар мен оқу құралдарының шығуы, ғылыми және ғылыми-көпшілік кітаптар мен басылымдар, Қазақстанды зерттеу қоғамы және басқа да ғылыми, ғылыми-көпшілік ұйымдар мен мекемелердің басылымдары қандай деңгейде болғаны туралы мәселелер қарастырылған.

1920 ж. наурызда РКФСР Оқу Халық Комиссариатының ұлттар бөлімінде сауатсыздықты жою жөнінде арнаулы комиссия құрылады. Осы комиссияға қазақ және қырғыз тілдерінде 500 мың дана «Әліппе» шығару тапсырылады. Қазақстан үкіметі шұғыл түрде республика Оқу Халық Комиссариатына қазақ тілінде оқулықтар шығаруды міндеттеді.

1921 ж. 31 қаңтарда Қазақ АКСР Оқу Халық Комиссариаты мен Қазақстан Мемлекеттік баспасы редколегиясының біріккен кеңесінде 1-2-басқыш мектептерге арнап қазақ тілінде оқулықтардың жоқ екенін, атап айтқанда, арифметика, геометрия, жаратылыстану, физика, алгебра, химия, жалпы тарих, қазақ тарихы, мектеп гигиенасы, педагогика, дидактика мен методикалық әдебиеттерді қазақ тіліне аударып шығару қажеттілігі айтылды. Оқу кітабын, синтаксис, қазақ тілінің теориясын жазу ісі қолға алыну қажеттігіне де мән берілді.

1922-23 оқу жылында әліппе, грамматика, есеп құралы оқулықтары 178 мың дана болып шыққан. Дегенмен де басқа оқулықтар мектептерге жетіспеді. «КСРО халықтарының кіндік баспасы» ұйымдастырған комиссия 1923 ж. 9 маусымда қазақ тілінде мектеп оқулықтарын шығару мәселесін қарап, Қазақ республикасы кітаптан қатты тарығып отыр деп көрсетті де, қазақша оқулықтар мен құралдарды қарқынды түрде жылдам баспадан бастырып шығару туралы арнайы қаулы қабылдады. 1922-1923 оқу жылында қазақ мектептері 14 оқулық алған болса («Грамматика», «Физика», «Алгебра», «Педагогика», «Мектеп гигиенасы» т. б.), 1924/25 оқу жылында 16 оқулықпен қамтылып, олардың жалпы тиражы 322 мың данаға жетеді. Оқулықтар негізінен орыс тілінен аударылып, әр қалада (Москва, Ленинград, Ташкент) басылып шықты. 30-40 жж. бастауыш мектептеріне арналған оқулықтар барлық пәндер бойынша шығып тұрған. Ал әліппенің көбі үлкендер мектебіне арналып шыққан. Оның авторлары Қ. Төлебаев, А. Медетов, М. Омарова. Қазақстан Өлкелік партия комитеті 1934 ж. 17 наурызда оқулық шығару жөнінде қаулы қабылдап, онда республикадағы аз ұлттар (ұйғыр, дұнған) тілінде мектеп оқулықтары мен методикалық әдебиеттерді шығаруды ұйымдастыруды қолға алуды көздеді. 1943 жылы баспалардың тақырыптық жоспарында таралымдар мен барлық сала бойынша әдебиеттерді көбейту көзделді. 170-ке жуық оқулық кітаптарын шығару жоспарланса, оның жүзі орыс тілінде шығу керек, ал олардың қатарында Қазақстанның басқа ұлт тілдерінде тұрақты оқулықтар шығарылуы тиіс деп жүктелді. Жиырма бір оқулық жоғары оқу орындары мен педучилищелерге арналды. Алаш зиялылары да оқулық жазуға ат салысып, қазақ балаларының сапалы білім алу, ғылымның негізгі салаларын меңгерту мақсатында күш жұмсады. А. Байтұрсынов, Х. Досмұхамедов, Ә. Бөкейханов, Қ. Сәтпаевтар т.б. бұл іске араласуы үлкен азаматтықтың белгісі еді. Олардың жазған оқулықтары қазақ даласындағы алғашқы жүйеленген оқулықтар болатын. Әрқайсысы өзінің жазған саласында еңбек еткен, ол пәннен білімдері де жоғары еді.

Ғылыми басылым классикалық шығармалар, құжаттар, мұрағат материалдарының түріне жатады. Ол мәтін мен жарияланымды ерекше дайындауды талап етеді. Ғылымның басты қызметі адамдардың практикалық іс-әрекетіне қызмет көрсету болып табылады. Жаратылыстану ғылымдары мен техника адамдардың өндірістік іс-әрекетімен байланысты болып, қоғамдық өндірістің дамуына теориялық негіз жасайды. Қоғамдық ғылымдар болса қоғамдық өмірді прогрестік тұрғыдан қайта құруға бағытталған адамдардың практикалық қызметін теориялық жағынан сипаттайды. Алайда теориялық қызмет басты қызмет болғанымен, бір нәрсе деп қарауға болмайды. Өйткені ғылым идеологиялық қызметті де атқарады. Ғылымға таптық тәсілді қолданған кезде ғылым идеологиялық жағынан бейтарап, объективті білімді жасап, барлық таптарға бірдей қызмет көрсетеді деп санады. Жаратылыстану, қоғамдық ғылымдар адамдарды идеологиялық жағынан тәрбиелеп, нақты дүниетанымын қалыптастырады.

20-жж. басында Қазақ АССР Оқу Халық Комиссариатында Академиялық орталық құрылды, екі секцияда жұмыс атқарды Мемлекеттік ғылыми секция ғылыми-саяси, ғылыми-техникалық, ғылыми-педагогикалық жұмыстарға жетекшілік етті, қазақ терминологиясы, жазу, алфавит, оқу әдебиеттері баспаға даярланды және ғылыми кітаптар қазақ тіліне аударылды. Осы жұмыс барысында жас ғалымдар, журналистер, баспагерлер бір-бірімен тығыз байланыс жасады. Осы кезде этнография, халық музыкасы, қазақтардың қолданбалы өнері туралы материалдар жинақталды. 1931 ж. Қазақ өлкелік партия комитеті Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы шешім қабылдады. Осы қаулыға сәйкес Қазақ баспасының редакциялары әдебиеттің түрлері бойынша маманданды. Сонымен бірге осы жылы өндірістік-техникалық әдебиеттерді шығару үшін «Қазақ техникалық баспасы» құрылды. Бұл ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен байланысты кітаптар, кітапшалар шығаруға ықпал жасады.

30-жж. басында Қазақстанда ондаған ғылыми-зерттеу мекемелері мен тәжірибе станциялары жұмыс істеді. 1932 ж. наурыздың басында КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы құрылды. Қазақстан ҒА базасының алғашқы «Еңбектері» 1934 ж. Ленинградта академик А.Н. Самойловичтің редакциясымен шығады. «Еңбектерде» Қарағанды зоология экспедициясының қорытынды жұмысы туралы мақала, Алтай-Ертіс ауданы мәселесін кешенді зерттеу және табиғи өндіргіш күштерін игеру жөніндегі материалдарды жинақтаған екінші шығарылымы жарияланады. 1934 жылы «КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының Бюллетені» ғылыми-зерттеулер мен жаңалықтардың жаршысы болды. Бюллетеньде Қазақстан ҒА филиалы базасының екі жылдағы қызметі және республикада ғылыми-зерттеудің одан әрі дамуы сипатталады.

Қ.И. Сәтбаев Қазақстандағы қоғамдық ғылымдар мәселесін шешуге тікелей араласқан. ХХ ғ. 40-жж. «Қазақ КСР тарихының» алғашқы екі томын даярлау комиссиясының төрағасы, М. Әуезовтың «Абай» романына «Қазақ өмірінің энциклопедиясы» ретінде баға берді. Қ.Сәтбаев Ш.Ш.Уәлихановтың толық шығармалар жинағын шығаруда редколегия мүшесі болды. 1927 жылы Қ. Сәтбаевтың Мәскеуде қазақ тілінде басылған «Ер Едіге» жыры және оған «Сөз басы» үлкен кіріспе-зерттеуі қазақ тарихына, көркем сөз тарихына, әдебиеттануға қосылған үлкен ғылыми үлес. 1935 жылы «Үлкен Жезқазған» атты ірі ұжымдық еңбек шығады. Оны шығаруға орталық ғылыми-зерттеу институттары, КСРО Мемлекеттік жоспарлау қызметкерлерімен бірге Түрлі-түсті металл басқармасы, Жезқазған комбинатының мамандары қатысады.

Қазақстан зерттеушілерінің монографиялық зерттеулері 1938 жылдан бастап жарық көрді. 1946 жылға дейін 40-қа жуық кітап шығады. Жыл сайын ғылыми зерттеулерге қорытынды жасаған реферативті журналдар шығып тұрды. 1939 жылы КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының «Хабаршылары» шыға бастады. «Хабаршының» зоология сериясындағы «Редакциядан» деген кіріспесінде ғылыми зерттеу еңбектерін өз уақытында шығарып отыру қажеттігі айтылды. 1946 ж. «Хабаршының» тоғыз сериясы шығады. Мұның өзі ғылыми зерттеулердің шарықтап дамығанын дәлелдейді. 1934-1940 жж. Қазақстан базасының, кейіннен КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының 20–ға жуық шығарылымы Москва мен Ленинградта жарық көрді. 1939 ж. «КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан филиалының хабаршысы. Зоология сериясының» бірінші нөмірі, келесі жылы «КСРО ҒА Қазақстан филиалының Хабаршысы. Тарих сериясының» бірінші нөмірі жарық көрді.

С.Д. Асфендияровтың «Ежелгі дүниеден бастап Қазақстан тарихының» І бөлімі, «Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс» атты еңбектерінің шығуы Қазақстан тарихы ғылымы үшін жетістік еді. С.Д. Асфендияровтың редакциялауымен «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» құжаттар жинағы шығады. Бұл да Қазақстан тарихының деректану бөлімін байытты. Ол ұлыдержавалық, ұлтшылдық көзқарастарды сынады. Осы жылдары А.Х. Диваев жинақтаған «Батырлар жыры» шығады.

20-30-жж. Алаш зиялыларының да ғылыми еңбектері шығып, Қазақстан ғылымына үлкен үлес қосты. Соның бірі М. Тынышбаев. ХХ ғ. 20 жж. оның біраз еңбектері Қызылордада «Қазақстанды зерттеу қоғамы» баспасынан, Ташкентте Қырмембаспасының Шығыс бөлімі жариялап тұрды. Ол әйгілі шығыстанушы Бартольдтың ғылыми еңбектеріне үлкен ден қойып, қазақ тарихына қатысты деректеріне ерекше мән берген.

Мемлекеттік библиографияның дамуы Қазақстандағы баспа ісінің дамуымен тікелей байланысты. 1918-1920 жж. жыл сайын Қазақстанда 6-8 атаулы кітап аздаған тиражбен шығатын. Қырмембаспаның құрылуымен 1922 ж. үш мың данамен 47 атау кітап шыққан. 1937 ж. Қазақстанда 400 кітаптың жалпы тиражы 5 316 мың дана болған. 1934 ж. жазда Қазақстан Өлкелік партия комитеті «Марксизм-ленинизм классиктері шығармаларын қазақ тіліне аударып, бастыруды ұйымдастыру туралы» қаулы қабылдайды. Осы жылы көлемі 270 баспа табақтай 28 атау кітап шығару белгіленеді. Өлкелік партия комитетінің 1934 жылы 11 сәуірдегі қаулысы бойынша Қазақтың ғылыми-зерттеу марксизм-ленинизм институты мен Өлкелік партия комитетінің партия тарихы институтын біріктіріп, Қазақстанның Маркс-Энгельс-Ленин институтын ашамыз деп шешіп, оның алдына төмендегі міндеттерді қояды: а) Маркс, Энгельс, Ленин еңбектерін қазақ тіліне аудару; ә) Қазақстан партия ұйымдарының, Қазан төңкерісі мен революциялық қозғалыстардың тарихы жөніндегі құжаттарды, материалдар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын дайындап, бастырту. Мембаспа білім деңгейі әр түрлі оқырмандар үшін ғылыми-көпшілік сериясын шығарады. Сауаты бар жұмысшылар мен шаруалар үшін «Ғылым бәріне» сериясы шығады, ал «Көпшілік ғылыми кітапхана» өте маңызды әдебиеттерді шығарды. ХХ ғ. басында Қазақстан тарих ғылымында ғылыми қоғамдар үлкен роль атқарды. ХХ ғ. 20-30 жж. Семей мен Орынборда құрылған ғылыми қоғамдар «Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы» (1920 ж.), кейіннен ол «Қазақстанды зерттеу қоғамы» (1920 ж.) деп аталды. «Қазақстанды зерттеу қоғамының Семей бөлімі» (1929 ж.), «Қырғыз өлкесін зерттеудегі Орынбор қоғамы» (1920 ж.), «Сырдария статистикалық комитеті» (1920 ж.), Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Түркістан бөлімі, Императорлық Орыс Географиялық қоғамының Батыс Қазақстан бөлімі т.б. Қазақстанды зерттей бастады. Қысқа мерзім ішінде бұл қоғамдар көп жұмыс тындырған. Ғылыми экспедициялар ұйымдастырды, қоғам баспаларында еңбектерде, жазбаларда, ескерткіш кітаптарда, мекен-жай күнтізбелерде ғылыми материалдар жариялады, мұражайлар мен кітапханалар ашты.

1924 ж. 27 қарашада Өзбекстандағы ғылыми қоғамдар мен мекемелердің конференциясына Орыс Географиялық қоғамы Түркістан бөлімінің 108 мүшесінен Археология және Этнография секциясының төрағасы А.А. Семенов және М. Тынышбаев екеуі ғана сайланады. М. Тынышбаев конференция тапсырмасы бойынша кейіннен ұйымдастыру комитетіне хат жазады. Конференция материалдары жинақ болып шықса, қысқаша «Қазақ тарихын» жазып беруге әзір екенін жазады. Сөйтіп, «Қырғыз-қазақтар ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда (Қырғыз-қазақ халқының тарихи материалдарына қосымша)» атты еңбегі осылай жазылған еді.

«А. Байтұрсыновтың ғылыми қызметі» атты І. Омаровтың мақаласын осы қоғамның жариялауы назар аудартады деуге болады. Мақала Еңбектердің 7-16 беттерінде 1922 ж. ІІІ шығарылымында жарық көрді. Автор ақын, публицист, педагог, қоғам қайраткері А. Байтұрсыновтың қазақ грамматикасы саласындағы жаңалықтарын талдаған. 1923 ж. М. Тынышбаевтың «Түркі-Монғол тарихы» еңбегі, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы» жарық көріп, мектептерде кеңінен қолданыла бастады. 1924 ж. Міржақып Дулатовтың Орынборда «Қирағат кітабы», Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. Орыс Географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің 1922 жылғы есебі «Еңбектердің» 1922 ж. ІІІ шығарылымында (195-213бб) жарық көреді. Аталмыш қоғам өздерінің іс-әрекетін таразыға салып, пайымдамаларын «Есептерінде» жариялап отырған. Мысалы, 1922-1923 жж. есептері бар. «1922 ж. Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамының есебі, Қырғыз өлкесін зерттеу қоғамы мүшелерінің 1923 ж. тізімі берілген есеп 1922 ж. «Еңбектердің» ІІІ шығарылымының 183-194 беттерінде жарияланады [16, 237-б.]. Осы сияқты қоғамның 1923 жылғы есебі де 1924 ж. «Еңбектердің» VІ шығарылымында көлемі алты бетпен шыққан.

Қорыта айтқанда, ғылыми және ғылыми-көпшілік әдебиеттердің баспадан жарық көруі Қазақстанда да едәуір жетістікке жетті деп есептейміз. Ал Қазақстанда техникалық, экономикалық әдебиеттер басылымының саны дегенмен де бұл кезде аз болды. Оларды көбінесе біз жоғарыда көрсеткендей тікелей Москвада жұмыс атқарған баспалар шығарды.

«Баспа ісі және қазақ зиялылары» атты үшінші тарауда қазақ зиялыларының өлкені зерттеу және баспа ісін ұйымдастырудағы қызметі, қазақ ғылыми басылымының ХХ ғ. 30-жж. даму үрдісі, қазақ ғылыми басылымының ХХ ғ. 40-жж. даму үрдісі талданған.

Қазақ зиялыларының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынов ұлтымыздың бас баспагері, қазақ кітабының тұңғыш Мемлекеттік баспасының шаңырағын өз қолымен көтеріп, қазақ халқын рухани мұрамен сусындатты. Ол Қазақ Автономиялы Республикасы Оқу Ағарту халық комиссары, одан кейін комиссариат жанындағы ғылыми-әдеби кәмәсия төрағасы, әрі Қазақ Өлкесі Төңкеріс комитетінің мүшесі, Қазақ Өлкелік зерттеу қоғамының құрметті төрағасы, Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің мүшесі ретінде қызметте болып қазақ мемлекеттік баспасының негізін қалады. Ұлттар ісі жөніндегі Халық комиссариаты Қазақ бөлімінің Бөкей бөлімшесі 1919 ж. жазда баспаханасымен Ордадан болашақ астана Орынборға көшірілді. Осылайша күн тәртібінде Орынборда кітап баспасын ашу мәселесі тұрды. Өлкенің мәдени қызметкерлерінің біріккен мәжілісі шақырылып, оған Төңкеріс комитетінің мүшелері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Тұнғашин қатысады. Онда Төңкеріс комитетінің үнін және кітап шығару ісі жөнінде мәселе қаралып, тиісті қаулы қабылданған. Орынбор баспаханаларында бір кезде өзі тірнектеп жинаған қаріптердің жоғалып кетуі, жаңа баспаның полиграфиялық негізін құру, тақырыптық жоспарын жасау сияқты бүкіл ауыртпалық А. Байтұрсыновтың мойнына түсті. [21, 73-б.]. А. Байтұрсыновтың табандылық көрсетуімен ол құрал-жабдықтар Төңкеріс комитетінің қарауына қайтарылып беріледі.

Міржақып Дулатов ақын , жазушы , баспагер , қайраткер , ағартушылық еңбектерiне қоса қазақтың тұңғыш библиографы, 1926 жылы Қызылорда қаласында «Қазақ тiлiнде басылған кiтаптар көрсеткiшiнің » бірінші бөлiмі 1927 ж. шыққан , екінші бөлiмi «Жаңа мектеп» журналында қосымша ретінде Қызылордада Қазмембаспадан араб қарпімен жарық көрді. Ол ҚР Ұлттық кiтапханасының сирек кездесетiн кiтаптар қорында сақтаулы тұр. Ал «Көрсеткішті» жазған кезде М. Дулатов Мемлекет баспасының қазақ бөлімін басқарған еді. Оған Ә. Бөкейхановтың аударған кітаптары енген. Атап айтқанда, Л.Н. Толстой «Қажымұрат» (Москва, 1924), Л.Н. Толстой «Кавказ тұтқыны» (М., 1925), В.Г. Короленко «Макардың түсі» (М., 1923). Кезінде бұл жырды Шоқан жоғары бағалаған. Қопабай деген қарт жыраудың аузынан жазып алған нұсқасына, алғы сөзін жазып, 1927 ж. Мәскеуде араб қарпімен бастырған Қ. Сәтпаевтың «Ер Едіге» жыры асыл қазынамызға айналған мұра деп білеміз. 20-30 жж. Мәскеу, Алматы, Ташкентте, Новосибирскіде аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Т. Рысқұловтың кітаптары шығып тұрды. 20-жылдардың аяғында оның «Қырғызстан», «Қазақстан», «Орта Азиядағы жергілікті халықтың 1916 жылғы көтерілісі» атты еңбектері шықты.

30 жж. КСРО республикалары жазушылары мен дүние жүзілік классиканың шығармаларын қазақ тіліне аударып, баспадан шығару қолға алынды. Бұлар С. Аманжоловтың, І. Сауранбаевтың «Қазақ тілінің грамматикасы», Г. Бегалиевтің, А. Сыздықовтың «Математика оқулығы», А. Жұбановтың «Музыкалық сауат әліппесі», М. Жылқыбаевтың «Физика», Ш. Имановтың арифметика жөніндегі оқулықтары, мектеп оқушыларын әскери және санитарлық даярлықтан өткізу туралы кітапшалар мен жинақтар еді. 1934-1940 жж. КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалының жиырмаға жуық шығарылымы жарық көрді. Бұл салалық басылымдар ғылыми кітапқа деген сұранысты өтеді. Ауыл шаруашылық және медицина әдебиетін басып шығару ісінде қазақ авторларының тапшылығы байқалды. 1922 ж. «Шаруа күнтізбесінің» қазақ тіліндегі тұңғыш басылымы жарық көрді. 1928 ж. Ғ. Мүсіреповтің «Американ егін алқабы» деген кітапша басылып шықты. 1933 ж. Қазмембаспасының басшылығы ауыл шаруашылық оқу орындары түлектерінен агроном-редактор және зоотехник-редактор мамандарын іріктеу жөнінде бастама көтерді. 1935 жылы профессор С.Ж. Асфендияровтың басшылығымен «Қазақстан тарихы жазба басылымдар мен деректерде» атты екі томдық еңбек басылып шықты. 1940 ж. М.П. Вяткиннің «Қазақ ССР тарихы жөніндегі материалдар (1785–1825)» атты кітап шықты. «Қазақ хрестоматиясы» Ы. Алтынсариннің аударма және төл әдеби шығармаларының жинағы болды. Әрқайсысы екі мың дана болып басылған екі оқу құралы да Қазақстанның жан-жағына тарады.

Ғылыми кітап бұл ғалымның шығармашылығының қорытындысы, ғылыми әдебиет ғылыми еңбектің құралы, ол ғалымның еңбегінің тиімділігін көрсетеді. Неміс зерттеушісі профессор Васс макулатурфактор деп атаған формуланы ойлап шығарған. Ол ғылыми журналдарды оқитын бір топ оқырмандардың оқыған мақалаларының санын есепке алған. Оқырманның ысырып тастағанын m (макулатурфактор) әрпімен белгілеген. Сонда формуласы қарапайым болып шыққан [21, 24-б.].

m= S-S' - 100

S

S – журналдағы беттің саны, S' – оқыған беттің саны, m - әр оқырман үшін макулатурфактор 85% құрайды. Сөйтіп, әркім орта есеппен алғанда тек 15% оқиды. Ғылыми басылымдар жалпы теориялық және қолданбалы еңбектердің нәтижесін құрайды, оның одан кейінгі зерттеулерге әсері болады.

Соғыстан кейін қысқа уақыт ішінде мәдени құндылықтарды тез арада қалпына келтіру қажет болды. Ол құндылықтың ішінде баспа өнімдері де бар. 1945 ж. 1940 жылмен салыстырғанда кітап шығару ісі сан жағынан үш жарым есе, тиражы бойынша бір жарымнан аса есе, көлемі жағынан үш есе қысқарған [15, 13-б.]. Сонымен қатар полиграфилық өндірісті жаңарту қажет болды, өйткені типография құрал-жабдықтары ескірген еді.

40-жж. аяғында Алматыда ірі полиграфиялық комбинат салынды. Жалпы КСРО-да бұл кезде кітап баспасын дамыту шаралары қолданылды. Оны БКП(б)-ның мына қаулылары дәлелдейді: «Кітаптың полиграфиялық безендірілуі туралы» (шілде 1945 ж.), «РКСФР біріккен мемлекеттік баспа жұмысы туралы» (қазан 1946 ж.), «Мектепті оқулықтармен қамтамасыз ету туралы» (желтоқсан 1946 ж.), «Мемкомбаспа баспалары туралы» (ақпан 1948 ж.). Осындай директивалық құжаттар КСРО-ның одақтас және автономиялы республикаларына міндетті болды. Осы ережелер мен талаптарды есепке ала отырып барлық баспаларда, полиграфия өндірістерінде, кітап сауда ұйымдарында іс-шараларды қолға алды.

Қазақ КСР КП Орталық Комитеті де осы іс шаралар шеңберінде жұмыс бастап, 40 жж. аяғында баспа ісі бойынша бірқатар шараларды жүзеге асыру бойынша қаулылар қабылдады. Атап айтқанда, «Қазақ мектептері үшін оқулықтарды қайта қарау және шығару шаралары туралы», «Қазақ мемлекеттік баспа жұмысы туралы». 1946 ж. қазанда Ғылым Академиясы Президиумы Редакциялық баспа кеңесі туралы Ережені, типография, оның құрылысы, штаты туралы ережелерді бекітті. 1949 ж. «Казақ мемлекеттік біріккен мемлекеттік баспасы» қайтадан «Қазақ мемлекеттік баспасы» деп аталды.

1943-1949 жж. «Қазақ КСР тарихы» академиялық басылымы шығады. Осы жылдары Ә. Марғұлан, Е.Б. Бекмаханов сияқты атақты ғалымдардың монографиялық зерттеулері жарық көреді. Сөйтіп, құжаттық, археологиялық, этнографиялық материалдар жинақталады. Академик Ә.Х. Марғұлан қазақ халқының этникалық тарихын, материалдық және рухани мәдениетін ғылыми түрде терең зерттеді. Ол 40 жж. басынан бастап көне жазба ескерткіштерін, қазақ халқының рухани мәдениетін, фольклорын, Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер кешенін іздестіріп зерттеуде алғашқылардың бірі болды. Осы зерттеулер нәтижесінде 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық жырлары» туралы докторлық диссертациясы, «Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениеті» атты кітабы шығады. Халық ауыз әдебиетін жақсы білген Ә. Марғұлан Қ. Жұмалиевпен бірге 1941 ж. орта мектептің 8 сыныбына арналған фольклор туралы оқулық та жазған. Ол «Қазбірмембаспадан» 1941 жылы 7000 дана болып шыққан [23].

Үшінші тарауға қорытынды жасасақ, қазақ зиялылары баспа ісін ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан. Х.Досмқхамедов Республикадағы баспа ісі және ғылыми мекемелер жөніндегі мемлекетаралық комитет төрағасы ретінде ауқымды жұмыстар атқарды. Олар шеттен Москва, Санкт-Петербор, Омбы, Томск қалаларында алған жоғары білімдерін өз халқының ғылымы мен білімін, мәдениетін өркендетуге қолдануға тырысты. Көпшілігі Ресейдің ғылыми мектебінен өткен, үлкен ғылым иесі болды, көптеген шығармалары мен ғылыми еңбектерін дүниеге әкелді. Олардың қазіргі ғылымда да маңызы зор. А. Байтұрсыновтың «Әліппе таңбалар жұмбағы» еңбегіндегі тіл туралы пайымдамалары ғылыми негізде жазу үлгісін дәлелдесе, Ә. Бөкейхановтың қазақ тарихы, саясат туралы, М. Жұмабаевтың «Педагогика» еңбегі жаңа біліммен ескі білімнің сабақтастығын ашты. Ж. Аймауытовтың «Психология» еңбегі де ғылыми мәнін жоймаған мың жылдан аса тарихы бар Еуропа ғалымдарының еңбектерімен салыстырыла зерттелген еңбек, оған «Адам өзін танымаса , өзгені де танымайды » деген пайымы дәлел. Ғалым-баспагер Н. Төреқұловтың «Ұлт мәселесі және мектеп» тақырыбында 1925 ж. бірінші бүкілодақтық мұғалімдер сьезінде жасаған баяндамасының танымдық, адам ғибрат алатындай өнегелік әсері үлкен.

Қорытынды бөлімде зерттеудің нәтижелері және тарауларға сай негізгі түйіндер жасалды. ХХ ғ. 20-40-жж. баспа ісі өркениетті дәрежеде дами қойған жоқ. Өйткені 20-жж. басында полиграфиялық өндіріс толық қуатымен жұмыс істеген жоқ. Қағаз жетіспеді. Орталықтың өзінде 1920 ж. орташа есеппен алғанда айына 46 пұт (750 кг жуық) қағаз жұмсалған. Қағаздың тапшылығынан баспа ісіне қауіп төнді. Осы бағытта Кеңес өкіметі жедел шаралар қолданып, елде халық шаруашылығын қалпына келтіріп жатқан жағдайда, баспа ісін де қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтап, жұмысын бір арнаға қою көзделді. Баспа бояуын жасау, қағаз шығару сияқты жұмыстар жүргізілді. Соның арқасында типография жабдықтары Қазақстанға да әкелінді.

1923 ж. ортасында Халық Комиссарлар кеңесі «Мемлекеттік баспа туралы» Ережені бекітті. Мембаспа саудалық өндіріс болып, трес құқында жұмыс істеді. Елдегі саяси, шаруашылық, мәдени революция міндеттерін басшылыққа алды. 20-жж. басында жаңа мемлекеттік және партиялық баспалардың құрылуына байланысты Мембаспа әмбебап кітап өнімін жасаудан бас тартты. Көлемі шағын үгіт-насихат брошюраларды, әкімшілік басылымдарының орнына Мембаспа енді іргелі, көлемді еңбектерді шығара бастады.Сөйтіп, мемлекет және партия қайраткерлерінің еңбектері, марксизм-ленинизм классиктерінің еңбектері том-том болып шығып жатты. Мұндай істер Қазақстанда да кезек күттірмейтін міндет болды. Баспаның нығайған құрылымын іздеу мына бағытта жүрді: шоғырландыру, баспаны тұрпаттандыру, бір орталыққа бағынған басқарудың болуы. Баспа қызметкерлерінің 1928 ж. қаңтарда өткен алтыншы Бүкілодақтың съезі мына қаулыны қабылдады: кітап баспа ісін тиімділеу негізінде әдебиеттің түр- сипаты жағынан баспада тұрпаттандыру қағидасын ұстау. Тұрпаттандыру деп баспа желісін жоспарлы түрде құру, редакциялық-баспа жоспарында әмбебаптық пен қарама- қарсылықты жою. Сонымен КСРО кеңістігінде баспа ісі жоспарлы түрде дамыды. Ол қатаң бақылауда болды. Әдебиетте социалистік реализм әдісі қолданылды. Партиялық қағида сақталды. Сондықтан қазақ баспа ісі еркін дамыды деп айта алмаймыз. Ғалым бір шығармасын жазса, ойында басқа дүние тұрды. Ашық шындықты жаза алмады, бұл кеңестік дәуірдегі әдебиеттің бәріне тән жағдай болды.

«Орталық баспа» кешенді баспа болды, ол бірқатар ұлт тілдерінде әліппелер, оқулықтар, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік, ауыл шаруашылық, көркемдік т.б. әдебиеттерді шығарды. Тұрпатты «Экономбаспа» (1936), «Педагогика» (1937) т.б. баспалар жұмыс атқарды. Орталық баспа мен ұлттық баспалар қырық бес ұлтты әліппелер және оқулықтармен қамтамасыз етті. Әсіресе бастауыш мектепке оқулықтар көптеп шықты. «Сауатсыздықты жою жылдарында қазақ баспаларында да әліппелер, тіпті ересектер үшін әліппелер шыққан. Мектепке оқулық жазбаған ғалым, не баспагер қалған жоқ. Кезінде Ә. Марғұлан, Б. Майлин, Ғ. Мүсіреповтер де мектептің қамын ойлап, қазақ балаларының көзі ашық болғанын қалап, оқулықтар жазған. Алайда, басқа техникалық сала бойынша оқулықтар орысшадан аудару арқылы ғана жазылды. Мұндай құбылыс әлі күнге дейін кездеседі. Қазақ зиялылары көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына Ресейдегі оқиғалар белгілі дәрежеде ықпал жасады. Ресейдегі бірінші буржуазиялық-демократиялық революция қазақ еңбекшілерінің саяси санасын өрістетті. Бұл оқиғаға Ресейдің өзіндегі түрлі топтардың қатынасы әрқалай болды. Өлкедегі әлеуметтік-саяси даму төмен болса да, төңкеріс кезінде жұмысшы қозғалысы жаңа сатыға көтеріліп, елдегі саяси-әлеуметтік оқиғаларға белсене араласты. Алғашқы баспаның сапалы жұмыс істеуіне А. Байтұрсынов үлкен үлес қосқан,жұмысын дұрыс жолға қойды. Жалпы қазақ зиялы қауымының еңбектері ғылымға, ғылыми сөзжасам негізіне бетбұрыс жасауға үйретеді.

Кеңестік жүйедегі кітап ұжымдық ұйымдастырушы, үгітші, насихатшы, коммунистік идеологияны таратушы болды. Орталықта техникалық баспа болғанымен Қазақстанда техникалық әдебиет шығару қарқынды бола қойған жоқ. Салалар бойынша, мысалы зоотехника жағынан жылқы малына қатысты азын-аулақ еңбектер ғана болды. Лениннің «Баспа туралы Декретінен» бастап, үкімет пен партия кітап ісі, кітапты тарату ісіне тұрақты түрде назар аударды. Партиялық, идеялық, бұқаралық, интернационалдық осының бәрі кеңестік кітапқа қойылған талап еді. 1923 ж. партиялық-кеңестік баспалар одағы «Кеңестік партия» баспасы құрылады. Оған 64 ірі өндірістер, Мембаспа да кірді. Бұл одақ кітап басылымдарының жоспарын реттеп отырды, кітаптардың идеялық-саяси мазмұнын, сапасын тексерді. Сонымен бірге полиграфия, кітап саудасы ісі, жоспарлау мәселесімен де айналысты. Ол Біріккен мемлекеттік баспаның негізін қалады.

Ұлттық баспаның қалыптасуына, оның нығаюына Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов, Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Сәкен Сейфуллиндер т.б.зор үлес қосты.

Сонымен қорыта айтқанда, ХХ ғ. 20-40 жж қазақ халқы аса ірі тарихи, әлеуметтік оқиғаларды басынан кешірді, халықтың рухани өмірінде түбірлі өзгерістер болды. Ұлтты біріктіретін де, ұлтты айыратын да белгі ол ұлттық сана-сезім, біз өзімізді-өзіміз басқалар арқылы таныдық, «бізді» «олармен» салыстыру арқылы ұлттық сана қалыптасты.

Қазақстандағы аталған кезеңдегі кітап баспа жұмыстарының негізгі ерекшелігінің бірі ғылымдардың жіктелуі мен дамуының қарқындарын, ғылыми жетістіктерді енгізу ғана емес, ғылыми ұсыныстарды баспа бетінде түйіндеу болды. Баспа ісі Қазақстан ғылымының ролінің артуымен тығыз байланыста өсіп дамыды.

«Осы күнгі біздің көп мақтанышымыздың ең ірісі ғылым», деп М. Әуезов айтқандай, ғылыми еңбектері мен мақалалары арқылы ғалымдар қоғам алдында атқарылған жұмыстары туралы есеп береді, ғылыми жетістіктерін паш етеді, кең оқырмандарға тарататыны ғылыми дәйекті талдаулар арқылы дәлелденді. Кітап тарихы – ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын ата-бабаларымыздың тарихы, өткеннің сабағы, алдағының кейінгіге өнегесі, сондықтан кітап тұрпаттарының тарихы, даму үрдістері, кітап басу ісінің жекелеген аспектілері салыстырмалы түрде зерттелді.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ

  1.   Дағдарыстан жаңару мен дамуға. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауы // Айқын. – 2009. – 7 наурыз.
  2.   Лихачев Н.П. Книгопечатание в Казани за первое 50-летие существование в этом городе типографии. Спб., 1895.– 10 с.
  3.   Катанов Н.Ф. Восточная библиография // Деятель (журнал). - Казань, 1896–1904.
  4.  Библиографический указатель материалов по истории Казахстана: Восточные источники, опубликованные до 1917 г. / Сост. Н. Сабитов. – Алма-Ата: Наука, 1947. – 40 с.
  5.  Культура Советского Казахстана. Сб. статей. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1957.– 237 с.
  6.   Кереева-Канафиева К. Дореволюционная русская печать о Казахстане. – Алма-Ата: Казгосиздат, 1963. – 303 с.
  7.  Советтік Қазақстанның кітаптары. Ретроспективті жинақталған библиографиялық көрсеткіш. – І том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1962. - 444 б.
  8.   Советтік Қазақстанның кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш. - ІІ том. 1917–1945. – Алматы: Қазмембас, 1961. – 358 б.
  9.  Жиреншин Ә. Қазақ кітаптары тарихынан. – Алматы: Қазақстан, 1977. – 180 б.
  10.   Қазақ кітаптары. Библиографиялық көрсеткіш (1807–1917). / Құрастыр.: С.С. Есова, Ү. Субханбердина, Д.С. Сейфуллина. – Алматы: Мектеп, 1986. – 38 б.
  11.   Бектемісов Ә. Жан азығы. – Алматы: Қазақстан, 1991. – 144 б.
  12.   Каримуллин А.Г. Книги и люди. – Казань: Татарское книжное изд., 1985. – 304 с.
  13.   Құдайбергенов Ә.Н. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының білім беру үдерісіндегі маңызы // Жоғары оқу жүйесін реформалау жағдайында жоғары оқу орындарының даму мәселелері мен келешегі Рес. ғылыми- тәжірибелік конф. материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2008.–139 б.
  14.   Галиев В.З. Библиотечное дело в Казахстане // Вторая половина ХІХ – начало ХХ веков. – Алматы, 1998. – 160 с.
  15.   Рахимжанова С. Из истории книги Казахстана. 1945–1960. – Алматы: М-Талант, 1998. – 152 с.
  16.  Демешева Г.А. Казахстан в изданиях научных обществ. 1766–1955. Библиографический указатель. – Алматы: Центральная научная библиотека, 2000. – 398 с.
  17.  Селкебаева А.Т. Қазақстанды зерттеу қоғамының ғылыми-ағартушылық қызметінің нәтижелері // ҚазҰУ хабаршысы: тарих сериясы, 2006. - №2(41).–86-89-бб.
  18.   Бурханов К.Н., Мажитов С.Ф. Казахстанская дипломатия : диалог времен и уроки истории (О книге Т.А. Мансурова «Полпред Назир Тюрякулов. Дипломат, политик, гражданин ») // Отан тарихы . – 2006. – №3. – С.5-15.
  19.   Государственное издательство Казахской АССР. – Кзыл-Орда: Казиздат, 1929. – 8 с.
  20.   Рычков Н. Дневные записки путешествия в киргиз- кайсацкой степи - СПб., 1772. – 15 с.
  21.   Мамажанов М. Еңбек еттім ел үшін. – Алматы : Қазақстан, 1999. – 474 б.
  22.   Книга. Исследования и материалы. Сб. XLIII. – М.: Книга, 1981. – 240 с.
  23.   Жұмалиев Қ., Марғұлан Ә. Қазақ әдебиеті. Фольклор. Орта мектептің VІІІ класы үшін. – Алматы: Қазбірмембас, 1941. – 160 б.

ДИССЕРТАЦИЯ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН МАҚАЛАЛАР

1 Якупова Р.И., Шортанова А.А. Қазақстандағы балалар әдебиеті библиографиясының қалыптасуы мен дамуы (1917–1940 жж.) // Оңтүстік Қазақстан ғылымы мен білімі. – 1997. – № 5. – 114–117-бб.

2 Қазақ кітап баспа ісінің шежіресі // Қазақ өркениеті: Университет «Қайнар». – 2006. – № 1. – 74–81-бб.

3 Қазақ зиялыларының баспа ісін ұйымдастырудағы ролі // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. - Тарих сериясы. – 2006. – №1 (40). – 85–87-бб.

4 Кеңес өкіметінің баспа ісі бойынша мемлекеттік саясаты // Отан тарихы. –  2006. – № 2. – 150–158-бб.

5 Қазақстандағы ғылыми кітаптар мен мектеп оқу құралдарының жарық көруі // «Орталық Азия және Қазақстан: түркі өркениетінің бастауы» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының еңбектері. – Тараз, 25–56 мамыр 2006 ж. – Тараз: МемПИ, 2006. – Т.2. – 247–250-бб.

6 XX ғ. 20–40 жж. Қазақстандағы ғылыми баспалар // «Отандық және әлемдік тарихтың маңызды мәселелерін қазіргі көзқарас тұрғысынан талдау». Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. - Алматы, 25–26 мамыр, 2006. – Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 275–278-бб.

7 Сталиндік саясат және қазақ өнері мен басылымдарының тағдыры // «Әлемдік мәдени және білім беру кеңістігіндегі өнер» атты Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының материалдары. - Алматы, 19–20 сәуір, 2006. – Алматы, 2006. – 438–442-бб.

8 Еділ–Жайық бойындағы кітап баспа ісі // Известия НАН РК. - Серия общественных наук. – 2006. – № 4 (254) . – С. 15–17.

9 Якупова Р.И., Шортанова А.А. Кітапханалық жарнама: теория және практика: Оқу құралы. – Алматы: Издатмаркет, 2006. – 111 б.

10 Қазақ ғылыми басылымның XX ғ. 30-жж. даму үрдісі // Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. Шет тілдер және іскерлік карьера университеті. Ғылыми-педагогикалық журнал. – Алматы, 2006. – Т. ІІ. – 149–152-бб.


РЕЗЮМЕ

на автореферат диссертации на соискание ученой степени кандидата исторических наук по специальности 07.00.02-Отечественная история

(история Республики Казахстан)

ШОРТАНОВА АЛШАЙЫМ АХЫЛБЕКОВНА

История издания научных книг Казахстана ( 20-40 гг. ХХ в.)

Диссертационная работа посвящена проблеме издания научной книги в Казахстане в 20-40-е гг. ХХ в. В работе впервые разносторонне исследуется история издания научной литературы Казахстана рассматриваемого периода. Исследование имеет важное значение для отечественной истории, так как автор раскрывает влияние процесса издания научных книг на становление казахстанской науки, поскольку достижения науки Казахстана освещались в научных изданиях.

Целью исследования является отражение истории издания научных книг в Казахстане в 20-40-х гг. ХХ в. С учетом данной цели в работе были поставлены следующие задачи:

- охарактеризовать общее состояние издания научной книги в Казахстане до 1917 года;

- проанализировать государственную политику Советского правительства в области народного образования и книгоиздания;

- обобщить этапы возникновения и развития издательского дела в Казахстане и его задачи;

- показать основные направления издательской продукции ;

- дать характеристику учебников и учебных пособий;

- выявить и проанализировать содержательный элемент научных и научно-популярных изданий ;

- охарактеризовать издательскую работу научных обществ по изучению Казахстана и других научных, научно-популярных организаций и учреждений;

- осветить работу казахской интеллигенции по изучению края в тесной связи с организацией издательского дела;

- оценить уровень развития казахского научного книгоиздания в 30-40 гг. ХХ в.

Научная новизна исследования определяется прежде всего тем, что оно является одной из первых попыток в отечественной истории исследовать проблему научного книгоиздания в Казахстане в 20-40-х гг. ХХ в.

- впервые в истории Казахстана систематизируется и комплексно исследуется история научной книги ;

- с новой точки зрения рассматриваются ранее известные сведения по деятельности издательств;

- доказывается, что изучение реформаторского движения и наследия представителей казахской интелигенции является основой для исследования истории научной книги;

- определены познавательная функция учебников 20-40 гг. ХХ в. и их соответствие требованиям по написанию учебников.

Положения выносимые на защиту:

- история научной книги 20-40-гг. ХХ в. требует своей систематизации на основе общенаучных методов;

- в связи с тем, что в 20-30-гг. представители казахской интеллигенции работали в издательствах, публиковалась в основном национальная и переводная научная литература;

- необходимо исследовать историю процесса создания и публикации научных книг Казахстана на основе деятельности и наследия казахской интеллигенции;

- образование Книжной палаты повлияло на развитие в стране книжного дела, выпуску ежегодников, летописей и указателей печати. Эти указатели дают возможность сделать анализ научных изданий;

- в политике Советского правительства по организации издательского дела проявились черты колониальной политики по советскому образцу;

- история научной книги в 30-40-х гг ХХ в. заложила основу для комплексного развития науки в Казахстане.

SUMMARY

of the thesis of the Dissertation work submitted for the Scientific Degree of the Candidate of Historical Sciences on the Speciality 07.00.02 – History of Homeland (History of the Republic of Kazakhstan)

SHORTANOVA ALSHAIYM AKHYLBEKOVNA

The history of the publishing of scientific books in Kazakhstan (20- 40-ies of the 20th century)

This dissertational work is devoted to the problem of the publication of scientific books in Kazakhstan in 20-40-ies of the 20th century. In this work for the first time the history of the publication of scientific literature of Kazakhstan of this period is investigated from different points of view. The research has great importance for the homeland history because the author showed the influence of science into the process of publication of scientific books in Kazakhstan. The achievements of the science of Kazakhstan were lightened in the scientific periodicals.

The purpose of the research is to show the history of publication of scientific books of Kazakhstan in 20-40-ies of the 20th century. According to this purpose the following problems have been put in the work:

- to characterize the state of publishing of scientific books in Kazakhstan before 1917;

- to analyze the state policy of the Soviet Government in the field of national education and book publishing;

- to generalize the stages of origination and development of publishing in Kazakhstan and its tasks;

- to show the main directions of  the publishing products;

- to give the characteristics to textbooks and manuals;

- to reveal and analyze the informative elements of scientific and popular scientific editions;

- to characterize the publishing work of scientific organizations on study of Kazakhstan and other scientific, popular scientific organizations and  establishments;

- to show the activity of the Kazakh intelligentsia on studying the regions and the organization of publishing;

- to evaluate the level of development of the Kazakh scientific book publishing in 20-30ies of the 20th century;

Scientific novelty of the research is defined first of all by the fact that it is one of the first attempts in the domestic history to investigate the problem of the scientific book publishing in Kazakhstan in 20-40-ies of the 20th century.

- For the first time in the history of Kazakhstan the history of scientific books is systematized and investigated in complex;

- The known information on the activity of the publishing houses is examined from the new point of view.

It is proved that studying the reformatory movement and the heritage of the representatives of the Kazakh intelligentsia is the basis of the research of the history of scientific books;

- The cognitive function of the textbooks of 20-40-ies of the 20th century and their correspondence to the requirements to textbooks are determined.

Positions taken out on discussion:

The history of the scientific books of 20-40-ies of the 20th century demands its systematization on the basis of general scientific methods;

- Mainly national and translated scientific literature was published because in 20-30-ies of the 20th century the representatives of the Kazakh intelligentsia worked in publishing houses;

It is necessary to investigate the history of the process of creation and publishing of scientific books of Kazakhstan on the basis of activity and heritage of the Kazakh intelligence;

- The creation of the Book Chamber has influenced the development of book publishing, issue of year-books, annals and indexes of press. These indexes give possibility to make analysis of the scientific editions;

- The features of colonial policy on the Soviet example were manifested in the policy of the Soviet government in the organization of publishing;

The history of scientific books has made the basis for the complex development of science in Kazakhstan.

Structure of the work. The dissertation consists of introduction, three chapters, conclusion, and also the list of the used works, sources and the application.

Degree of approval. The basic results and theses of dissertational research have been approved at the international conferences, and also in scientific editions.

ШОРТАНОВА АЛШАЙЫМ АХЫЛБЕКОВНА

Қазақстандағы ғылыми кітаптар басылымының тарихы

(ХХ ғ. 20–40 жж.)

07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)

Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін

алу үшін дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

28.05.2009ж. басуға қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16.

«SvetoCopy» қағазы. Көлемі 1,5 п.л. Таралымы 100 дана.

Тапсырыс № 20.

«Тарих тағылымы» баспасы

050008, Алматы, қаласы, Жамбыл көшесі, 175 үй

Байланыс тел.: +7 (727) 277 53 49


EMBED Photoshop.Image.10 \s




1. .ВЛИЯНИЕ ФИЗИЧЕСКИХ ПАРАМЕТРОВ АТМОСФЕРЫ НА ФУНКЦИОНИРОВАНИЕ ЛЕТАТЕЛЬНЫХ АППАРАТОВ
2. 02.01 Кузнецов П
3. Функциональная интеграция обеспечивает работу прибора как единого целого.
4. Мохообразные Тверской области
5. тема суспільства
6. К ним относятся- пожарные автоцистерны автонасосы автомобили первой помощи мотопомпы приспособленная те
7. количество денег в обращении V скорость обращения денег P уровень цен индекс цен Y объем выпуска в
8. Тема 1 Составить схему финансового механизма финансового менеджмента
9. ресурсов потенциального спроса потребителей и наконец определенного механизма сбыта или лучше сказать
10. профілактична справа Соціальна медицина та організація охорони здоров~я 1 У дитячій поліклініці бу
11. 1 Экономические циклы- понятие фазы механизм развития виды экономических циклов Рыночная экономи
12. і. Особливості права ГалицькоВолинського князівства
13. Доклад- Бесермяне
14.  Формирование финансовой информации о финансовых результатах 1
15. в зарубіжній і вітчизняній науці.html
16. Reclmre кричать; фр
17. Основа литературного мастерства
18. Автор кейса Стэн Бригнэлл школа бизнеса ston при университете ston
19. Шпаргалка по предмету Деньги и кредит (Гроши та кредит)
20. а рецепт приготовления лапши удон