Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

саясат ж~не ілім

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-20

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 3.5.2024

1-билет

1.Саяси ғылымның пайда болуы мен қалыптасуы.?

Саясаттану сөзі гректің "саясат" және "ілім" деген сөздерінен шыққан,саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді.

Басқа коғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше.Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл атқарды. Оныңдұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардың, халықтардың тағдырыментығыз байланысты.

Саясатты түсіну ежелден бастау алады. Оны ғылыми тұрғыда шешу кейінгі ғасырларға келеді.

Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Онда саясаттанудың негізгі мәселелерін, мәнін ашатын құжаттар қабылданды. Құжатқа сая саясаттанудың зерттеу және оқыту мәселелері анықталды.

31.2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Респуликасында азаматтық қоғамды дамыту концепциясы?

Азаматтық қоғам – саяси өкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгiленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегi бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiру стратегиясына сәйкес әзiрлендi.Бұл Тұжырымдамада қазiргi кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негiзгi үрдiстерi талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетiктерi баяндалған.Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негiзгi бағыттары мен азаматтық бастамаларды iске асыру мүмкiндiктерiн айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс iстеуi үшiн қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу үшiн негiз болады.

61. Сайлау жүйелерінің типтері

Берілген дауысты есептеу тәсілі мен соның нәтижесінде орындарды бөлу принципіне қарай сайлау жүйелері мажоритарлық,пропорционалдық,аралас болып бөл.Мажоритарлық сайлау жүйесінде әрбір округте депутаттық орындар белгіленген дауыстың көпшілігіне ие болған үміткерге тиеді.Қалғандары билік органдарына кіре алмайды.Кемшілігі-сайлаушылардың қалған 49 пайызының еркі,ықтияры ескерілмейді.Пропорционалдық жүйе көпшілік принципіне негізделмейді.Сайлау кезінде қай партия көп дауыс алса,соншалықты оның мүшелері депутат болады.Кемшілігі-сайлаушы партияға дауыс бергендіктен жеке үміткермен кездесе алмайды.Араласта депутаттық мандаттың бір бөлігі мажоритарлық жүйе принципі арқылы жеңіп алынады,2-ші бөлігі партия тізімі бойынша сайлауға байланысты бөлінеді.

2-билет

2.Саясаттану пәні және оның негізгі әдістері.?

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды,басқаруды,оның құрылысымен жұмыс істеуін зерттейді.Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы еркіндігі мен міндеттері жеке адамның саяси құқықтық жағдайы,оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері,саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар,жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың  қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол бұрынғы және қазіргі саяси жүйелерді, адамның санасындағы,мақсат мүддесіндегі және мінез-құлық,, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ол бір жағынан жиналған деректерді қорытады,екінші жағынан,құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.Сайып келгенде, саясаттану дегеніміз саясат туралы, саясаттың адам және қоғам арасындағы қарым-қатнастары туралы жинақталған ғылым.Саясаттану әдістері:

Саяси құбылыс пен үрдістер көптеген әдістер арқылы танылады. (грекше metodos – зерттеу жолы). Әдістер – бұл, теорияға баға беру жәнетексерудің тәсілдері, сараптау құралы.

Институционалды әдіс арқылы Конституция, мемлекеттің заңдар мен қоғамның нормалары мен тәртібін зерттеу арқылы тұтас дамудың мәнін ашады.

Салыстырмалы әдіс ежелден таныс, саяси объектілерді салыстыра отырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын білу.

Әлеуметтенулық әдіс арқылы нақты саяси құбылысқа әлеуметтанулық зерттеу жүргізу арқылы қоғамның саясатқа қатынасын білуге болады.

Антропологиялық әдіс адам табиғаты ерекшелігінен туындайды. Бұл әдіс адам типі мен саясат байланысы, ұлттық сипаттың саяси дамуға әсер етуі немесе керісінше, саяси дамудың ұлт сипатына әсер ету мәселелерін шешуге көмектеседі.

Психологиялық әдіс саяси іс-әрекеттің, жеке адами сана, мінез-құлықтық субъективті механизмдерін және сонымен бірге психологиялық мотивацияның механизмдерін зерттеуге бағытталған.

Бихевиористік әдіс, саясат – қоғамдық құбылыс ретінде ең бірінші жекедаралық өлшем арқылы анықталады деген тұжырымға негізделген.

Коммуникативті әдіс саяси үрдістің кибернетикалық модельдерін қалыптастырады.

32.Саяси  идеология  түсінігі, оның мәні мен қызметтері?

Саяси идеология - саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі. "Идеология" деген ұғым гректің идея - бейне және логос - білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға француз ғалымы А.Дестют де Траси (1754-1836) енгізген. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекет ететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Қазір идеология деп адамдардың үлкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат-мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жүйесін айтады.

Саяси идеология қызметі - қоғам өмірінде идеология маңызды рөл атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметтерінен білінеді:

1) идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді;

2) бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, түлға және билік және т.с.с негізгі түсініктер туралы мағлүматтар беріп, адамның іс- әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді;

3) жүмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жүмылдырады, рухтандырады, шабыттандырады;

4) амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетті түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсеңдетеді. Ұсынылған мүраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады;

5) бағалау қызметі. Идео¬логия халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған қоғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

62. Сайлау технологиялары

Сайлау технологиялары -бұқараның электоралдық мінез-құлқына ықпал ету және оларды нақты үміткерге дауыс беруге ояту мақсатында ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы. Сайлау технологияларының негізгі ерекшелігі - сайлаушылардың мінез- құлқын реттеуші әлеуметтік-психологиялық тетіктерді қосуға бағытталуы. Сайлау технологиялары кәсіпкерлер қолында күшті қаруға айналады. Сайлау технологияларының қатарында бірінші қадам - сайлау алдындағы жағдайды талдау.  Сайлау кампаниясын ұйымдастырушылар үшін қажетті ақпарат әр түрлі жолдар мен құралдар арқылы алынуы мүмкін: округтың экономикалық дамуы туралы статистикалық мәліметтері, тұрғындардың демографиялық құрамы туралы, өмір сүру деңгейі, соңғы сайлау қорытындысы туралы мәліметтерді зерттеу; тұрғындар арасында әр түрлі сауалнамалар жүргізу арқылы; фокус топтармен жұмыс жасау, яғни ұрандарды, жарнамалық роликтерді талдау, бұл өз кезегінде адамдардың сайлау кампаниясын ұйымдастырушылардың әрекеттеріне реакциясын білуге мүмкіндік береді; бақылаудың көмегімен бәсекелестер әрекеттерін талдау, сонымен бірге контент-анализ жасау.

3-билет

3.Қазіргі қоғамдағы саясаттанудың  негізгі функциялары?

Саясаттану басқа ғылымдар сияқты, келесі қызметтерді атқарады:

Танымдық қызмет саяси өмір және биліктік қатынастар туралы жүйелі түсінік қалыптастыру және дамудың тенденциялары мен заңдылықтарын анықтайды.

Практикалық қызмет, саяси теориялар мен тұжырымдар негізінде, мақсатқа жетуге байланысты нақты әдіс-тәсілдерді ұсынады.

Саяси өмірді рационализациялау қызметі, мемлекеттің шешімдері мен жүргізіп жатқан реформаларын қарапайым халыққа түсіндіру.

Әлеуметтендіру қызметі, азаматтық, патриоттық сезімді қалыптастыру және саяси мәденитетті көтеруге байланысты қызмет.

Болжам жасау қызметі, саяси үрдістің даму тенденциялары мен жетістіктерін анықтайды

33.Қазіргі уақыттағы негізгі идеологиялық ағымдар: либерализм, консерватизм, социализм, фашизм, феминизм, энвайронментализм?

Либерализм (фр. libéralisme) — адамның еркіндігі қоғамның да, экономиканың да негізгі тұғыры болып табылатын идеология.

Консерватизм - французша соnservatisme, латынша Conservo - сақтаймын, қорғаймын] - бағдарлардың, ұстанымдардың, қоғамның мемлекеттік-саяси жүйелерінің өміріне қатысты, ондағы адамның орнын анықтауға байланысты құндылықтардың әлеуметтік-философиялық және идеологиялық тұжырымдар жиынтығы. Консерватизм - қоғамда тарихи қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани құндылықтарды сақтау мен дамыту идеологиясы.

Социализм (латын. socialis - қоғамдық) - әлеуметтік әділеттілік пен теңдікке негізделген, мақсаттары мен мұраттары социалистік қоғам орнатумен байланысты  ілім. 

Фашизм - [ лат. fascismo, fascio - диктаторлық шыбық будасы, билік белгісі ] - 1919 жылы Италияда пайда болған саяси ағым, I дүниежүзілік соғыстан кейін социалистік қозғалыстың тармақталып, басқа елдерге, оның ішінде Германияға лезде таралып, национал-социализм аталуы.

ФЕМИНИЗМ (лат. femіna – әйел; ағылш. femіnіsm; франц. femіnіsmе) – әйелдердің еркектермен құқықтағы теңдігі жолындағы қоғамдық қозғалыс

63. ҚР сайлау жүйесі

Сайлау жалпыға бірдей,тең және сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі.Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы-ҚР 18 жасқа толған азаматтарының тегіне,әлеуметтік,лауазымдық,мүліктік жағдайына,жынысына,нәсіліне,ұлтына,тіліне,нанымына қарамастан сайлауға дауыс беруге қатыса алады.Бәсең сайлау құқығы – Республика азаматтарының Конституцияда белгіленген шектеулермен Президент,Парламент,Мәслихаттың депутаты немесе жергілікті озін өзі басқару орган-ның мүшесі болып сайлану құқығы.Сенат 47(7 през),Мәжіліс 67.

4-билет

4.Саясат субьектілері мен обьектілері, олардың арақатнасы?

Саясат субъектілері-іс-әрекет жасаушы жеке адам немесе әлеуметтік топ саясаттың субъектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал етеді, саяси қатынастарға белгілі өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адам, ұйым не әлеуметтік топты айтады. Саясат субъектісінің құрамы, іс- әрекеттердің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат мүдделері және т.б. қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Оған  азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық- саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам да жатады.Саясат обьектісі (латынның қарсы қою деген сөзінен)-субьектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Саясаттанудың зерттеу объектісіне қоғам өмірінің барлық салалары жатады. Ол саясат туралы жалпы, құрама, жинақталған білім береді.

34.Саяси партиялар түсінігі. Партияның пайда болуымен мәні?

«Партия» деген ұғым латын тілінен аударғанда «бөлік, бөлшек» деген мағынаны білдіреді. Бірақ олардың мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың айтарлықтай маңызы болмады Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.

Алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Ал қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада XIX ғ. II жартысында пайда бола бастаған. Бірақ саяси партиялар бірден көпшілік, бұқаралық партия бола калған жоқ.

64. Қоғамды саяси басқару түсінігі

Қоғамдық өмірді билік арқылы реттеп,жөнге келтірудің бірнеше түрі бар.Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара,бір билеушінің қолында болып,ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады.Монархия өз кезегінде абсолюттік және конституциялық болып бөлінеді.Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі тұтас формальды түрде шектелместен бір адамның қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады.Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламетпен шектеледі.Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғарғы органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер арқылы қалыптасатын түр.Республика президенттік,парламенттік,аралас болып бөл.Парламеттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады.Араласта президенттік те,Парламенттік те түрлердің белгілері кездеседі.

5-билет

5.Платон мен Аристотельдің саяси концепциялары?

Платон – антикалықзаманның ғана емес, бүкіл философия, саяси ілімдер тарихындағы ұлы ойшылдардың бірі (б.з.д. 407-399). Платон идеалды мемлекет туралы еңбегінде әділдікті әркімнің өз ісімен айналысуынан және басқаның ісіне араласпауынан көреді. Адамдардың әлеуметтік топқа бөлінуімен олардың арасындағы мүлік теңсіздігін қалыпты жағдай ретінде қарастырады.

Платон адамдардың жан дүниесіне мемлекеттік құрылымның бес түрінің сәйкес келетінін айтады (аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания). Олардың әпқайсысы биліктерін өз мүдделеріне қарай іске асырады. Тимократияда әскери адамдар билікте болады, олар жиі соғысады, соғыс мемлекеттің басты байлығы болып есептеледі. Олигархияда байлар билікке ие болғандықтан, өздеріне дұшпандық ниеттегі кедейлермен үнемі қақтығыста болады. Бұл мемлекетте кедейлердің наразылығы нәтижесінде кез-келген уақытта мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Тирания – мемлекеттік құрылымның заңсыздық пен зорлық-зомбылық үстемдік еткен ең нашар түрі.

Платон идеалды мемлекет құру туралы жобасында аристократиялық мемлекеттік құрылымды жақтайды және өз жобасының қиындықпен болса да жүзеге асатынына сенеді. Идеалды мемлекеттің өзі де мәңгі өмір сүре алмайды.

Платонның шәкірті Аристотель (б.з.д. 384-322жж). Еңбектері: «Афины политиясы», «Саясат», «Никомах этикасы». Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға кірісті. Саясатты ғылыми тұрғыдан түсіну адамгершілік пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады.Әділдіктің екі түрін көрсетеді: теңестіретін және үлестіретін.Теңестіретін әділдіктің өлшемі ретінде «арифметикалық теңдік» қарастырылады. Бұл принциптің қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мәмілелер, шығынды қалпына келтіру, жаза және т.б. ал үлестіру әділдігі «геометриялық теңдік» принципі түрінде ұсынылады және бұл принцип ортақ игіліктерді еңбегі мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негізделеді.Мемлекеттің дұрыс түрлері: монархия, аристократия, полития; Мемлекеттің бұрыс түрлері: тирания, олигархия, демократия.

35.Партиялар мен партиялық жүйелердің типтері?

Нұр Отан партиясы,(Н.Ә.Назарбаев) Қазақстанның АҚ ЖОЛ Демократиялық партиясы(Перуашев Азат Турлыбекулы), Жалпыұлттық социал демократилық партия (ЖСДП) (Тұяқбай Жармахан Айтбайқлы), Қазақстан социал демократилық  ауыл партиясы (Қалиев Ғани Әлімұлы), Қазақстан Коммунистік Халық партиясы (Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы), Қазақстан патриотты партиясы (Қасымов Ғани Есенкелдіұлы)  Қазақстанның АЗАТ Демократиялық партиясы (Әбілов Болат Мүқышұлы), Бірлік саяси партиясы (Сұлтанғалиев Серік Сұлтанғалиұлы), Қазақстан Коммунистік партиясы (Алдамжаров Ғазиз Қамашұлы).

Қазіргі типтегі саяси партиялар мен партиялық жүйелердің  қалыптасу  кезеңі XVI-XVII ғасырларда Еуропада болған буржуазиялық революциялар дәуірімен тікелей байланысты. Тек XX ғасырдың соңғы жылдарында олар саяси күресте шыңдалған, басқару жағынан мол тәжірибесі бар әр түрлі әлеуметтік топтардың сыннан өткен нағыз саяси партиясына айналды.

65. Саяси технологиялар,олардың саясаттағы рөлі мен түрлері

Саяси технологиялар дегеніміз – билік технологиясын өңдеу, билікке күрес, көптеген саяси технологияларды ұстау әрі пайдалану, рухани билікті, адамдардың білімі мен жүрегін қоғамдық ортақ ойлармен жаулап алу – саяси технологияларды құрайды.Саяси технологияның сан алуан түрлері бар. Олардың маңыздылары: саяси маркетинг, саяси жарнама, қоғаммен байланыс орнату (паблик рилейшнз), саяси консалтинг. Саяси технологияларды өңдеу мен пайдалаудағы процестің негізгі маңызы рационализация және оптимизация (құрастыру мағынасында) берілген тапсырмаларды орындау аясында субъектінің мақсатқа бағытталған қызметі. Соңында, саяси технологиялар субъектінің саяси өзгерістері аумағында бақылау және басқару жоспары мүмкіндігін кеңейтеді.

6-билет

6.Орта ғасырлардағы саяси ілімдер (А.Аврелий, Ф.Аквинский).?

Бұл заманда христиан дініне көп еңбек сіңірген Аврелий Августин (354-430) еді. Ол христиан фалсафасының негізгі қағидаларын зерттеп жетілдірді. Оның саяси көзқарастары <<Құдай қаласы туралы>>  деген еңбегінде баяндалған.Августин барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық мекемелермен заңдарды адамның күнәсінің нәтижесі деп санады. Оның ойынша, құдай адамға еріктің еркіндігін береді, яғни ол өз бетімен (күнәхар болып) немесе құдай жолымен өмір сүруге мүмкіндігі бар. Соған орай ол адамдарды құдай жолымен және адам жолымен өмір сүрушілер деп екі түрге бөлді.Бұл  топтарды рәміз ретінде екі қала деп атайды. Біріншісін, болашақта құдаймен мәңгілік патшалық құратын, екіншісін, жын-шайтандармен бірге мәңгілік жапа шегіп, сазайын тартатын адамдардың екі қоғамы деп түсіндірді.Христиан дінінің саяси теориясын жасап, шыңына жеткізген монах Фома Аквинский (1225-1274) болды7 Оның саяси көзқарастары <<Билеушілердің басқаруы туралы >> , <<Теологияның жиынтығы>> деген еңбегінде қаралады. Аквинский өз шығармаларында Аристотельдің көзқарастарын католик дінінің қағидаларына бейімдегісі келді. Атап айтқанда, ол Аритотельдің адам қоғамдық және саяси тірі жәндік деген пікірін пайдаланды. Жалғыз адам өз мұқтаждығын, қажеттілігін жеке дара қанағаттандыра алмайды. Сондықтан мемлекет болып бірігіп өмір сүру адамдардың маңдайына әуел бастан жазылған деп түсіндірді.Мемлекеттік биліктің мақсаты - <<ортақ игілікке>> жету, адамдарға лайықты, ақылға сыйымды өмір сүруге жағдай жасау. Ол үшін феодалдық – сословиелік жіктелудің сақталуы шарт. Жоғарғы сословиеге бәрі бағынуы тиіс. Фоманың ойынша, билік құдайдың құдіретімен орнайды. Сондықтан патшалық билік жоғары діни билікке бағынуы керек оның түсіндіруінше, аспанда құдай, жерде Рим папасы билеуі тиіс.

36.Қоғамдық саяси қозғалыстармен ұйымдар?

Қоғамдық қозғалыс - қандай да бір қоғамдық мақсатты көздеуші азаматтардың ортақ әрекеті; белгілі бір қоғамдық өзгерістерге қарсылыққа немесе қолдауға бағытталған институцияланбаған қоғамдық күш жұмсау

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді атайды.Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.

Ұйым - белгілі бір ниеттер мен мақсаттарды орындау үшін кұрылған және ережелердің ресми құрылымымен, биліктік қатынастармен, еңбек бөлінісімен, шектеулі қабылдаумен сипатталатын ұжым түрі. Термин қазіргі қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық аспектілеріне енетін ірі көлемді немесе «күрделі» ұйымдарға қатысты қолданылады.өзара байланысты ерекше максаттарға жетуге және жоғары формалданған құрылымдардың қалыптастырылуына бағытталған әлеуметтік топ.

66. Ақпараттық технологиялар түсінігі,олардың саясаттағы рөлі

Ақпараттық технология  — қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыныСаяси кеңістікті қайта құруда үлкен рөл атқарған ақпараттық саяси нарықты электронды БАҚ пайда болуы, саяси коммуникаңияда сүхбаттық тәсілдің пайда болуы, "электронды қауымдастықтың" қалыптасуы және т.б. Мінеки, осыған байланысты мемлекеттік билік үшін бәсекелестіктің мүмкіндіктері сапалы түрде өзгерді. Жаңа ақпараттық және коммуника-тивтік технологиялар саясат саласындағы көптеген мәселелерге қатысты ұстанымдар мен қағидаларды өзгертті. Саясаттағы компьютерлік-коммуникациялық технологиялардың қатарында - Интернет. Интернет - бұл әлемдік компьютерлік тор, жүз мыңдаған мемлекеттік, корпоративтік, қоғамдық, білім берулік және үй жағдайындағы ақпаратпен алмасу тәсілдері..Интернет коммуникаңиясында нәсілдікжастықжыныстық кедергілер жоқ. Интернет соңғы кезеңде сайлау компанияларын жүргізуде кеңінен қолданылуда. Мысалы, сайлау компаниясын ұйымдастырушылар партиялар немесе қозғалыс жетекшісінің веб-парақтарын құру арқылы қосымша өз қолдаушыларын жұмылдыруға мүмкіндік алады.

7-билет

7.Қайта Өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси ілімдер (Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо)?

Никола Макиавелли (1469-1527). Атақты шығармалары: «Патша», «Тит Ливийдің бірінші онкүндігі жөнінде ойлар», «Флоренция тарихы». Макиавелли алғаш саясатты адамгершілік принциптерден бөліп қарады. «Мақсат - әдіс-тәсілді ақтайды». Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады. Билеуші арыстандай күшті және түлкідей қу болуы тиіс. Макиавеллидің ойынша, әлемде теңдей дәрежеде қайырымдылық пен жауыздық, әділдік пен зұлымдық бар, бірақ олар бір елден бір елге жылжи отырып, өздерінің географиялық бағытын өзгертуі мүмкін. Томас Гоббс (1588-1679) мемлекет қоғамдық келісім нәтижесінде жалпыға бірдей бейбіт өмір мен қауіпсіздікті сақтау үшін пайда болды. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекет пен ағзаны салыстырған. Гоббстың пікірі бойынша күшті орталықтанған мемлекет барлық жеке тұлғалардың қатысуымен жасалатын қоғамдық шарт негізінде құралады. Билеушінің парызы- халықты жақсы басқара білу, себебі, мемлекет билеуші үшін емес, халық үшін құрылған. Джон Локк (ағылш. John Locke; 29 тамыз 1632 — 28 қазан 1704) — британ педагогы және философы, эмпиризм және либерализм өкілі.Сенсуализмның тарауына әсер етті.Негізгі еңбектері: «Тәрбие туралы ойлар», «Адамның санасы туралы тәжірибе». Адам жаны туғанда таза тақтай сияқты болады, адамдар тәрбиеге қарай ғана мейрімді не жауыз, пайдалы не пайдасыз болып қалыптасады деген. Локк бойынша тәрбиенің мақсаты - іскери, адал адамды, өз мүддесіне жетуде табандылық көрсете алатын, бірақ басқалармен де есептесетін «нағыз жігітті» тәрбиелеу.Локк дене тәрбиесін жас буржуйдің тәрбиесі жүйесіне өндірісті түсінудің негізі ретінде және жасампаздықтың алдын алу құралы ретінде енгізген. Локк әдістемелік мәселелерді жасап, оқуды іш пыстыратын міндетке айналдырмауға шақырған, балалар кызығушылығын және логикалық ойлауын қолпаштауға шақырған. Локк ойлары ХҮІІІ-ХІХ ғғ. педагогика дамуына зор ықпал ететі.Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.Бостандық – заң неге ерік берсе, соны істеу. Бостандықты баянды ету мақсатында және төңкерістерге жол бермеу үшін билікті заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлу керек деп есептеген.Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді.

37.Саясаттағы мүдде топтар мен қысым топтары?

Саяси мүдде - адамның, әлеуметтік топтың қандай да бір саяси құбылыстарға, үрдістерге өзінің дүниетанымдық қағидаттары, сенімдері, ұстанымдары негізіндегі ерекше қатынасы. Бұл саяси мінез-құлықтың саналы, ішкі көзі. Ол адамдардың саяси мақсаттар қоюын және оған қол жеткізу үшін нақты әрекеттерді жүзеге асыруын итермелейді. Саяси мүддені жүзеге асыру тетіктері: саяси қатысу және саяси қызмет.Саяси мүдде субъекті сипатына байланысты - мемлекеттікпартиялыққоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар мүддесі; қызмет істеу саласына байланысты - ішкі саяси және сыртқы саяси; жүзеге асыру мүмкіндігіне байланысты - шынайы және мүмкін; қауымдар деңгейіне байланысты - жеке, топтық, тап¬ық, ұлттық, қоғамдық болып бөлінеді

Саясаттағы топтар:

1.Еңбекші шаруалар табы (кәсібі - қара күшімен жер өңдеу, құқық көлемі - шектеулі, мүліктік жағдайы - орташа немесе орташадан томен);

2.Жалдамалы жұмысшылар табы (кәсібі - көбіне қара күшке негізделетін сауда-өнеркәсіптік мекемелерге жалданып жұмыс жасау, құқық көлемі - шектеулі, еңбек қатынастарына сүйенеді, мүліктік жағдайы - орташадан немесе кедейге дейін);

3.Жер иеленушілер табы (кәсібі - жер салығымен күнелтетін, зиялы-басқарушылық қызмет атқаратын жер иелері, құқық көлемі - артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - жұмысшы және шаруа табымен салыстырғанда бай);

4.Капиталистер табы (кәсібі - өндірістік, сауда және қаржы капиталдарының иелері, қүқық көлемі - жер иеленушімен салыстырғанда айрықша құқыққа ие, артық дәрежелі, пұрсатты, мүліктік жағдайы - бай). Саяси ғылымда әлеуметтік таптар саяси қатынастардың маңызды субъектілері ретінде мойындалады.

Қысым топтарымемлекеттік органдардың нақты шешім қабылдауына қолдау көрсететін немесе кедергі келтіретін ұйымдарды білдіретін мүдделер тобының түрі. 

67. Әлемдік саясат және жаһандану түсінігі

Әлемдік саясат деп мелекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Жаһандану — жаңа жалпыәлемдік саясиэкономикалықмәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Жаһандастыру мемлекеттер арасындағы өзара бейбітшілікке қауіп тудырады – осы жағдайда қарамағында, яғни қол астында жаңа технологиялар мен арзан, бірақ жоғары білікті жұмыс күшін иеленген кейбіреулер ғана бекіп, өзін өзі көрсетіп тұрақтап қала алады.Сонымен бірге кең таралған пікірлер де бар. Мысалы, жаһандастыру саяси билік пен ұлттық мемлекеттерді басқаруды құртуға әкеледі, бұл Д. Беллдің формуласы бойынша «үлкен тұрмыстық мәселелерге бұл кішкентай болуы, керісінше кішкентайларға- тым үлкен болуы мүмкін». Бұл жағайда жаһандастырудың бесігі – Батыс болғандықтан, олар жаһандастыру тенденцияларын ойлап шығаруда.

8-билет

8.Әл-Фарабидің <<Қайрымды қала тұрғындарының көзқарастары>> трактаты.?

Әл-Фараби «Қарапайым қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледі. Оның ойынша, «қала бес түрлі адамдар тобынан құралады: ең құрметті адамдардан, шешендерден, өлшеушілерден, жауынгерлерден, және байлардан». Әл-Фараби ең құрметті адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды,маңызды істерде беделге ие болған адамдарды жатқызады. Екінші  топтағы шешендерге – діни қызметкерлерді, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды және шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушілерге – есепшілерді, дәрігерлерді, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Байлар дегеніміз- қалада байлық табатындар, егіншілер, мал өсірушілер, саудагерлер, қол өнершілер.Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлі қасиет болу керек деп есептеген. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенімділік, ойлау қабылетінің жоғары болуы, соғыс өнерін жетік білуі, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрін өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кімге еліктеу керек екенін, кімнің айтқан сөзі мен ақылына құлақ қою керек екенін көрсететін үлгі болады. Мұндай адам мемлекетті өзінің қалауынша басқара алады».

38.Қазақстан Республикасының партиялық жүйесі?

Қазіргі кезде елімізде 12 саяси партия әрекет етеді. Олар – “Отан”, “Асар”, Азаматтық, Аграрлық, “Ауыл”, Патриоттар, “Әділет”, “Руханият”, “Ақ жол”, “Нағыз Ақ жол”, Коммунистік, Коммунистік халықтық партиялары. “Алға” партиясы тіркелу үдерісінен өтуде. Бірқатар қоғамдық қозғалыстар (“Ақорда”, “Табиғат” және басқалары) оқтын-оқтын партия болып құрыламыз деп мәлімдеумен келеді. Бұл партиялардағы мүшелерінің жалпы саны шамамен 1,3 млн. адамға жетеді, яғни елдегі сайлаушылар санының 15,1%-ын құрайды.

Көппартиялық деп мемлекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады.Онда үш және одан артық партия қатысады.Бұл адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі.Дегенмен орыстың белгілі саясаттанушысы Б.Чичерин айтқандай көппартиялықтың өзіндік жағымды және жағымсыз жақтары бар. Жағымды жағына жататындары-онда саяси мәселелер жан-жанжақты қаралады. Ұнамсыз жағына жататындар – өмірдегі көп мәселелерге өз партиясының тұрғысынан ғана қарайды.Бар ойы қарсы партияны жеңуге арналып,ол жолда алдау арбау,өсек өтірік сияқты жат қылықтар мен тәсілдер пайдаланаылып жатады.Дегенмен,қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің бірі болып табылады.Ондайларға Австрия,Бельгия,Дания,Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

68. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуі

Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін әлеуметтік топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді.Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне қарай ол әлеуметтік-демографиялық,әлеуметтік-таптық,кәсіби және елді мекендік құрылым болып бөлінеді.Әлеуметтік құрылымды және қоғамның әлеуметтік бөлінуін зерттеу үшін ХХғ әлеуметтік стратафикациялау деген ұғым кіргізілді.Әлеуметтік жіктелуге қоғамның құрамына кіретін белгілі бір топтардың жиынтығы жатады.Әлеуметтік жіктелу теориясы белгілі бір талаптарға сай келетін әдістемелік және теориялық құрал.Ол әлеуметтік топтарды жіктегенде мынадай белгілерді басшылыққа алады:меншікке ие болудың сипаты,табыстың мөлшері,биліктің аумағы,мәртебесі,ұлттық ерекшеліктері және т.б.Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе,ол бір өлшемдік жіктеуге жатады.Егер бірнеше белгінің негізінде болса,ол көп өлшемдік жіктелу болады.

9-билет

9.М.Вебердің саяси көзқарастары?

М.Вебердің теориялық көзқарастарында қоғамның әлеуметтік жіктелуінің қатаң экономикалық анықтамасы жоқ. Ол таптық бөлінуді анықтауда қоғамның экономикалық жіктелуінің бастапқылығын, фундаментальдылығын мойындай отырып, қоғамның экономикалық қана емес, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне де сүйенеді.Батыстық қоғамдық ойдың әлеуметтік жіктелу проблемасына көзқарасы әлеуметтік стратификация теориясымен байланысты. Әлеуметтік стратификация негіздері М.Вебердің, П.Сорокиннің, Т.Парсонстың, В.Паретоның және басқа да авторлардың еңбектерінде көрініс тапқан. Қазіргі батыстық қоғамдық және саяси ойларда бұл теория – маңызды ғылыми және қолданбалы функцияларды атқаратын кең тараған теория

39.Саяси  жетекшілік және оның дамуындағы қазіргі тенденциялар?

Саяси жетекшілік.Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр.
Саяси жетекшіліктің, топ бастарлықтың (лидерліктің) табиғатын,сыр-сипатын ғалымдар ерте заманнан ақ білгілері келген.Солардың ішінде ерекше көзге түсетін Н.Макиавеллидің “Патша” деген еңбегіндегі тиімді басшылық.. Ол басшы мен бағынушының өзара қатынасына негізделген мынадай төрт ережеден тұрады: 1) басшының билігі оны жақтаушылардың қолдауына сүйенеді; 2) бағынушылар өз басшысынан нені күтеді және өз кезегінде басшы олардан нені күтуі мүмкін-- соны білулері керек; 3) топ бастаушының қандай жағдай болмасын аман қаларлық қайрат-жігері,қабілеті болуға тиіс; 4)басқарушы өз жақтастарына даналық пен әділеттіліктің үлгісі болуы керек. Саяси жетекшіге қарама -қарсы ұғым -саяси бастаушы, көсемсымақ.Ол ұғым ХIХ ғасырда пайда болды. Оған популистік тұрғыда іс-әрекет етуші адамдар жатады. Оның негізгі ерекшеліктері:көпшіліктің тап қазіргі қарапайым талаптарын желеу етіп құптау; өз басының атын шығару үшін адамдардың үлкен тобының сыншылдық сезімге берілген (араздыққа,қастыққа,қорқынышқы,үрейге,өшпенділікке негізделген) жағдайын пайдалану; көпшілікке жалпақтап,жағымпаздану,тобыр тіліндегі сөздерді,тіркестерді қолдану; асыра сілтеп уәде беру; халықтың сауаты аз бөлігінде шағыну және т.б. Биліктен айырылып қалмау үшін ол тобырдың талабын қанағаттандыруға тырысады. Ол қоғамдық пікірдің алдына шықпай,ығында жүреді.

69. Әлеуметтік бірлестіктер жүйесіндегі ұлттың орны

Ұлттық саясат(этникалық саясат) деп адамдардың ұлттық мұқтаждығын өтеуге,ұлттық қатынастарды реттеуге бағытталған қоғамдық,ең алдымен әлеуметтік-құқықтық әрекеттердің ерекше түрін айтады.Ол дүние жүзінде болып жатқан этникалық дау-жанжалдарды,ұлттық шиеленістерді түсіндіруге,оларды шешу жолдарын анықтап,сондай ақ белгілі бір аймақтарда мұндай даулардың болуын алдын ала болжай білуге арналған жалпы теория.Ұлттық саясат әр елде әр кезеңде әр түрлі болуы мүмкін.Бүгінгі таңда бұл салада ассимиляция,сегрегация,геноцид сияқты саясаттар белгілі.Ассимиляция деп бір халықтың өз тілін,мәдениетін,ұлттық сана сезімін жоғалтып,екінші халыққа сіңіп кетуін айтады.Сегрегация деп елдің халқын нәсілі бойынша еріксіз топтарға бөлушілікті айтады.Геноцид деп адамдарды шығу тегіне,бір ұлттың өкілі болуына байланысты қыруды немесе қудалауды айтады.Қазіргі кезде мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі қатынастардың демократияланып,адамгершілік қөзқарастарын басшылыққа алған шақта ұлттардың теңдігі мен өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешу құқығына,ұлттық автономия мен федерация қағидаларына негізделген саясатты көпшілік оң қабылдап отыр.

10-билет

10.ХХ ғасырдағы саяси ілімдер?

Шарль Луи Монтескье (1689-1775) «Заңдар рухы» атты еңбегінде алғаш геосаяси тұжырымдаманың негізін салған. Оның ойынша, әртүрлі факторлар: климат, географиялық орта, заң, дәстүр, дін тағы да басқалардың әсерінен халықтық рух қалыптасады. Оны қазіргі тілмен менталитет деп атайды.Жан Жак Руссо (1712-1778) тек теоретик қана емес, қоғам қайраткері болған адам. Оның ойынша алғаш адамдар өздерінің тұлғалық қасиеттерін ортақ игілік үшін қоғамға бере отырып, мемлекетті қалыптастырады, ал кейіннен сол мемлекет өзінің заңдары мен нормалары арқылы азаматтарын қайта тәрбиелеп шығарады. Адами құндылықтар тек мемлекет пайда болғаннан соң өмір келген деп есептейді. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Батыс елдерінде солидаризм ілімі кең өріс алды. Бұл ілімнің негізін салушы француз ғалымы Л.Дюгидің (1859-1928) пікірінше әрбір тап өмірде өз міндетін атқаруы, қоғамның ынтымақтастығы мен үйлесушілігін қамтамасыз етуі қажет.

ХХ ғасырда кең жайылған аристократиялық теориялардың бірі -элитаризм. Элита деген сөз француз тілінде ең жақсы, іріктелген, сұрыпталған, таңдаулы деген мағынаны білдіреді. Бұл теорияны жаңа жағдайда жаңғыртып, толықтырып, жетесіне жеткізгендер итальяндық саясатшылар Г.Моска мен В.Паретто болды. Олардың ойынша халық өзін-өзі басқара алмайды, оған қабілеті, бейімі жетпейді. Ханна Арендт (1906-1975) австриялық саясаттанушы. «Тоталитаризм тамыры» атты еңбегінде тоталитаризмнің пайда болуын және мәнін зерттеген. Тоталитаризмді үшке бөледі: коммунизм, национал-социализм, фашизм. Тоталитаризмнің тек ХХ ғасырға тән құбылыс екенін дәлелдейді.ХХ ғасырда елімізге көп қайғы-қасірет әкелген тоталитаризм теориясы дамыды. Ол- мемлекет тарапынан қоғамның және әр азаматтың өмірін қатаң бақылауға алатын мемлекеттік-саяси құрылыс. Морис Дюверже (1917 ж туған) француз саясаттанушысы. Еңбегі: «Саясат идеясы». Саясатқа мынадай анықтама береді: «Саясат, бір жағынан алып қарағанда әділдікті орнатушы күш, ал екінші жағынан идеялар мен принциптер арасындағы келіспеушілік». Дау-жанжалдың екі түрін көрсетеді: горизанталды және вертикалды.  

40.Саяси жетекшіліктің функциялары мен типологиясы?

Лидерлерді өздерінің лидерлік функцияларын жүзеге асыру тәсілдері бойынша авторитарлық және демократиялық деп бөлуге болады.Авторитарлық лидер өз қызметінде қысым көрсету, мәжбүрлеу, бағындыру әдістеріне басымдық беріп, бағынушысының жақсы атқарушы болуын талап етеді. Демократиялық лидер бағыныштыларына еркіндік пен жауапкершіліктің белгілі бір дәрежесін бере отырып, олардың дербестігін, бастамасын қолдауға ұмтылады.

70. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар

Әлемдік саясат деп мелекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүрген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүддслерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдык қатынастар кіреді Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиьштығын айтады. Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметгік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы коғамның мүддесін корғайды. Сондық-тан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шартгар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.

11-билет

11.Саясат ұғымы,пайда болуы, саясаттың деңгейлері?

«Саясат» термині (грекше politika – мемлекеттік және қоғамдық істер, polis – қала-мемлекет) Аристотельдің «Саясат» атты еңбегінде алғаш зерттеліп, қарастырылған. Сол кездің өзінде саясатты зерттеудің екі басты бағыты қалыптасты: функционалды және құндылықты. Функционалды зерттеу бағыты көбіне саясаттағы мақсат пен соған жету және нәтижесіне көңіл бөледі. Ал құндылықты бағыт сол саясаттың негізінен идеялық құрылым мен адамгершілік критерийлерді іздейді. Саясатты түсіну ежелден бастау алады. Оны ғылыми тұрғыда шешу кейінгі ғасырларға келеді. Саяси ғылым қазіргі кездегі мәнін ХІХ ғ. екінші жартысында иеленеді, ол жеке білім саласы ретінде бөлініп шықты. Лондон университетінде ХІХ ғ аяғында Лондонның экономика және саясат ғылымдарының мектебі ашылды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихында алғаш саяси ғылымдар кафедрасы ашылды. Ал Батыста саясаттану ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін дами бастады. Бұған көбіне 1948 ж Парижде ЮНЕСКО басшылығымен өткен саяси ғылымның сұрақтары жөніндегі халықаралық коллоквиум себеп болды. Саясаттың мәні бірнеше деңгейде жүзеге асырылады:Төменгі деңгейі жергілікті мәселелерді шешуді қарастырады. Саясатты бұл деңгейде жекелеген индивидтер жүргізеді, алайда жекелеген мәселелер жергілікті ассоциациялар арқылы шешіледі.Аймақтық деңгей мемлекеттің араласуын талап етеді. Өз аймағындағы экономикалық дамуға мүдделі топтар мен ассоциациялар саясатты белсене жүргізеді.Ұлттық деңгей саясат теориясында орталық орынға ие болған, бұл мемлекетті ресурстарды үлестірудегі негізгі институт екендігін анықтайды.Халықаралық деңгей, мұнда саяси іс-қимылдың негізгі субъектілері ретінде егемен мемлекеттер қатысады

41.Саяси жетекшілік архетиптері?

Саяси іс-әрекетті жүзеге асыруда саяси жетекшілердің, топ бастаушылардың (лидер),серкелердің орны ерекше.Оған халықтың немесе белгілі бір әлеуметтік топтың мүддесін толық сезініп,қорғай білетін,бойына саяси қайраткерге лайықты қасиеттерді жия білген адам жатады. Ол алға қойған мақсатқа жету үшін қаланың ,аймақтың,мемлекеттің көлемінде адамдардың күш-жігерін біріктіріп,белсенді ықпал ете алады. Соңғы кезде бұл атаудың мағынасы кеңейе түсті.Өйткені саяси топ бастаушыға басқарушы қызметті ресми түрде атқармайтын,бірақ саяси өмірде беделді,аты шыққан адамдарды да жатқызып жүр. 

Архетип (грек, агсһе — бастау, tupos — бейне) — алғашқы үлгі, түпнұсқа. Архетип жалпы адамзаттық рәмізділіктің негізіне, шығармашылық жасампаз қиялдың нәр алатын бастауына жатады. Архетип өнерде ерекше рөл атқарады. Мәдени архетиптер — бұл ілкі мәдени түпнүсқалар, адам және оның табиғат пен қоғамдағы орны жөніндегі түсінік-рәміздер, тарихтың терең қойнауларынан үзілмей «өсіп» шығып, казіргі мәдениеттің нормалық-құндылық кеңістігінде өз маңызы мен мағынасын жоғалтпаған және бүгінгі адамдардың әрекеттеріне жалпы жоба беретін баптық-құндылық бағдарлар. Архетип туралы ілімдер К. Юнгтің «аналитикалық психологиясында», Выготскийдің «мәдени-тарихи теориясында», Дж. Кулидің «Рәміздік интеракционизмінде» және мәдениетті құндылық-рәміздік жүйе мен адамдар тіршілігінің рухани интенциясы деген түсініктерде жан-жақты дамытылды. К. Юнгтің аналитикалықпсихологиясында архетип көмескі сананың тылсымдық құрылымдарында «ұжымдық бейсаналық» түпнұсқалар ретінде сақталды.

71. Халықаралық саясаттың мәні мен функциялары

Халықаралық саясат деп мемлкеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер,жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар.Халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдар мен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар,әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін.Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр.Х.с-пен тығыз байланысты тағы бір ұғым-ұлттық мүдде.Ол өз халқының,мемлекетттің мақсат-мүддесін сезініп,біліп,оны іске асыруға тырысушылықты айтады.Х.с.фун-ы:ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау,сыртқы қауіп қатерден сақтау,ұлттың жақсы тұрмысын өрлетіп,дамыту,халықаралық майданда мемлекеттің экономикалық және саяси бағытын қорғау,әлемдік саясатта өз ықпалын кеңейту жатады.

12-билет

12.Саясаттанудың негізгі парадигмалары?

Саясаттанудың негізгі парадигмалары: әлеуметтік, психологиялық, биосаяси, теологиялық және натуралистік парадигмалар. Парадигма-үлгі деген мағына береді.

42.Саяси элита, оның функциялары мен қалыптасу механизмдері?

Элита” термины француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған іріктелген , таңдалған деген мағынаны білдіреді.XVIII ғ . бастап ол сөзбен жоғары сапалы товарларды атады.ХХ ғасырдан бастап саясаттану мен әлеуметтануда білімі, байлығы,беделі,билігі жоғары адамдардың азғантай әлеуметтік тобын білдіреді. Қалай болғанда да қоғам саяси элитасыз,кәсіби маманданған басқарушыларсыз өз қызметін толық атқара алмайды.Орыс филосовы Н.А.Бердяев қоғамның даму деңгейі мен саяси элитасанының арасында өзара байланыс барлығын ашып, “элита коэфицентін” шығарды.Ол жоғары зерделі, зияткерлік бөлігінің халықтың жалпы сауатты санымен салыстырғанда бір пайызын құраса, ол қоғам өмірін тоқырауға әкеледі.Ал элитаның коэфиценті 5 пайыздан асса, қоғам дамуының жоғары мүмкіндігі барлығын айғақтайды дейді ғалым. Саяси элиталарды қалыптастырудың,жоғары лауазымды қызметке іріктеп алудың 2 түрі бар: антрепренерлық және гильдия жүйесі. Антрепренерлық түрде басқарушы қызметке үміткердің ерекше қасиеттері,көпшілік жұртқа ұнай білу қабілетібасты орын алады.Мұнда кандидаттың байлығына,кәсібіне,біліміне,мамандығына, т.с.с. Онша мән берілмейді.Ол ең алдымен өзінің тапқырлығын,жасампаздығын,белсенділігін көрсете білу қажет.Мысалы,АҚШ -та актер болған Рональд Рейган да президенттікке сайланды.Элитаны қалыптастырудың бұл түрі өзінің ашықтығымен,демократиялылығымен,үміткерге қойылатын шектеулердің аздығымен сипатталады. Сондықтан тұрақты демократиялық елдерде бұл тү кең тараған.

72. Әлемдік саясаттағы жаһандық проблемалар

Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады. Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда.Үшінші үлкен мәселе «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда эконқ артта қалу үрдістерінің күннен күнге артуы.

13-билет

13.Тұлға саясаттың субьектісі мен обьектісі?

Тұлға саяси субъект те, объект те бола алады. Адамдардың өз бойында мұндай қасиеттерді орнықтыруы үшін  қоғамның құрылымында да қажетті өзгерістер жүзеге асуы тиіс. Адамның өзін еркін сезінуі, бостандығы тікелей заң жүзінде бекітілген құқығымен қорғалады. Адамның бостандыққа деген құқы іс жүзінде адамның жеке меншік құқымен өлшенеді. Адамның өмір сүруін қамтамасыз ететін жеке меншігі болмайынша, өзін емін-еркін сезіне алмайды. Қазір бізде меншікке деген көзқарастың өзгеруі, меншіктің түрлі формаларының өмір сүруіне еркіндік алуы азаматтық қоғамды қалыптастыруға қолайлы алғышарттар жасауда.Биік парасатты адам қоғам алдындағы өзінің жауапкершілігін де жете түсінеді, соның нәтижесінде ол қоғам мүшелеріне міндетті деп танылған барлық талаптар мен міндеттерді бұлжытпай орындауға, қоғам, мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін мүлтіксіз жүзеге асыруға, парыздарын өтеуге әрдайым бейім тұрады.Әрбір адамда саяси, әлеуметтік, экономикалық құқықтары болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы мен жіктелуін оқып-білудің маңызы өте зор. Себебі, қоғам өзінің қандай әлеуметтік топтардан, ал олар қандай жай-күй, жағдайда тұратындығын білуі керек. Олардың іс-әрекеті барлық қоғам институттарының  қызмет ету сапасын, қоғам дамуының бағытын анықтайды. Қоғамның тұрпаты, саяси және мемлекеттік құрылымы оның қандай әлеуметтік топтардан тұратындығына, олардың қайсысы жетекшілік, қайсысы тәуелді жағдайда екендігіне  байланысты.

43.Қазіргі элитарлық теориялардың негізгі бағыттары?

Элита теориясы (фр. elіte – үздік, таңдаулы) — қоғамның ілкі топтарының ерекше миссиясы мен әлеуметтік-саяси және интелектуалдық белсенділігі және қалған адамдардың енжарлығы туралы теориялар. Бұл теориялар негізделуіне байланысты ажыратылады.Биол. теориялар бойынша биол.-генетик. белгілеріне байланысты (Р. Уильямс, Э. Богардус) адамдарды аса көрнекті және қатардағы, белсенді және енжар, ақыл-есі дұрыс немесе кеміс деп негіздейді.Психол. теорияларда (Г. Джилберт, Б. Скиннер) – біреулердің қабілеттілігі мен екінші біреулердің қарабайырлығына түрткі болатын психол. қасиеттерге сілтейді.

73.Халықаралық  қатнастардың  қазіргі жүйесіндегі гуманизация

Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистіксипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр. Қазіргі халықаралық қатынастардың экономикалық негізі - әлемнің метериалдық базасындағы елеулі өзгерістердің негізінде қалыптасушы жаңа әлемдік еңбек бөлінісі. Жаһандану нәтижесінде өнеркәсібі дамыған елдер өздерінің экономикалық орталық үстанымын нығайтуда, ал дамушы елдер одан тәуелді шет аймақ күйіне түсуде. Өнеркәсібі қарқынды дамыған елдер арасында АҚШбасым орын алуда, алайда Еуропалық Одақ онымен иық теңестіріп, кей жағдайларда одан басым түсіп отыр. Жапония бүрынғыдай үшінші келеді. 20-25 жылдан кейін Қытай әлемдікэкономиканың бас алпауытына айналуы мүмкін. Үндістан да одан қалыспауда. Осы кезде аймақтандырудың қарқынды проңесі жүріп жатыр - Еуропада (Еуропалық Одақ), Азияда(АСЕАН және өзге де тар шеңбердегі қүрылымдар), Африкада (Африкалық одақ), Солтүстік Америкада (НАФТА), Латын Америкасында (МЕРКОСУР, Анд тобы). Бүл аймақтық үйымдар өз кезегінде халықаралық қатынастар сахнасының белсенді әрі ықпалды ойыншы- ларына айналуда. Қалыптасып келе жатқан әлемдік азаматтық қоғамның үстанымдарын білдіретін үкіметтік емес үйымдар Халықаралық қатынастар саласында елеулі ықпалды рөл атқаруда.

14-билет

14.Жеке адамның құқықтары мен бостандықтары?

Адамның  саяси өмірге қатынасуға мүмкіндік беретін құқығы конститутциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке (бірлестіктер құруға, дінге кіруге, өз көзқарастарын ашық айтуға, жиналыстармен демонстрациялар сияқты жұрт алдында манифестация жасауға, сайлауға және сайлануға т.с.с құқылыққа) тікелей байланысты.

44.Қазіргі қазақстандағы саяси элита?

Біздің Қазақстандағы элитаға  келсек,еліміз егемендігін алғанымен билеуші топ онша өзгере қойған жоқ.Олардың көбі Кеңес Одағы кезінде номенклатуралық қызметтер атқарып, Коммунистік партия ыдырағаннан кейін мемлекеттік институттарға (Президент,Үкімет әкімшілігіне) қызметке көшті.1993 жылғы Конститутция бойынша биліктің үш тармағы тең  делінді.Алайда шын мәнінде билік атқарушы органның қолына тиді.1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конститутциясы Президенттік билікті бекітіп, атқарушы биліктің мәртебесін арттыра түсті. Жекешелендіру кезінде халықтың еңбегіне жасалған мүлікке ие болды.Қазақстан қазіргі элитасына кідер жатады десек,Оған Президент аппаратының құрамы (Президент,оның әкімшілігінің бастығы орынбасарлары,бөлім басшылары, көмекшілері,кеңесшілері,) Парламент, минстрліктер басшылары мен орынбасарлары,дипломатиялық элита кіреді.Аймақтық элитаға облыс әкімдері жатады.

74. Қауіпсіздіктің халықаралық жүйесінің құрылуы және адамды қорғауды қамтамасыз ету

Қазақстанның сыртқы саясатының негізінде өзінің қауіпсіздігін,егемендігі мен аумақтық тұтастықтығын қамтамасыз ететін,мемлекетіміздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіне,республика ішіндегі реформаларды жүзеге асыруға,оның тиімді және өсіңкі экономика,тұрақты демократиялық институттар жасауға,барлық республика халқының құқығы мен бостандықтарын қорғауға қолайлы жағдайлар жасау мүдделері жатыр.Ол өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әскери құралдарды емес,парасатты,салмақты дипломатияға сүйене отырып,саяси құралдарды пайдалануды мақсат етіп отыр.Ол халықаралық байланыстарының негізінде таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді саяси,әлеуметтік-экон-лық, мәдени қатынастарды орнатуға ұмтылуда.

15-билет

15.Саяси билік: түсінігі, мәні типалогиясы мен қызметтері?

Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп білуге-білуге мүмкіндік береді.Себебі, саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн – Халдун (1332-1406) адамның басқа жан-жануарлардан ерекшелігі - ол билік үшін күреседі деген екен.

Түрлі белгілері бойынша биліктің типологиясы: 
– институциялану дәрежесі бойынша билік үкіметтік, қалалық, аудандық, облыстық, мектептік және т.б. болады;

 – субъектісі бойынша таптық, партиялық, халықтық, президенттік, парламенттік және т.б. 
– сандық белгілері бойынша – жекеленген, олигархиялық (бір жерге жұмылған топтың билігі), полиархиялық (көптеген институттардың немесе адамдардың билігі); 
– басқарудың әлеуметтік типі бойынша – монархиялық, республикалық; 
– саяси режимі бойынша – демократиялық, авторитарлық, тоталитарлық; 
– қолданатын құралы бойынша – үстемдік ету, күш көрсету, бедел, ымыраға келу және т.б.; 
– қызметі бойынша – қадағалау, бақылау, ұйымдастыру, басқару және т.б.

Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т.б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық ету,; саяси және басқа да қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты, ашық және жабық қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қорғау; дау-дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т.б.

45.Саяси мәдениеттің мәні.Құрылымы мен функциялары?

Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің құрылымы мен функциясы

Адамзаттың саяси мәдениеті – ерте дәуірден біздің заманымызға дейінгі адамзаттың саяси қызметінің бар байлығын бойына жинақтаған күрделі құрылым. Аталмыш қызметтің ұйымдастырушы өзегі субъект-субъектілік қатынастарда билікті қалыптастыру мен пайдалану болады. Бірақ,адамның барлық саяси қызметінің тарихи дамитын негізі, стихиясы мен шынайылығы саяси мәдениет болады.Саяси қызмет үшін қажетті теориялық идеяларды, көзқарастарды, ұйымдастыру формаларын, принциптер, әдістер, құралдар, жүріс-тұрыс актілерін адамзат саяси мәдениеттен алған және алып та жатыр.

Саяси мәдениет туралы барынша кең мағлұмат алу  мақсатында оның құрылымы мен функциональдық мәнін қарастыру қажет. Осы ретте әртүрлі тарихи, әлеуметтік-таптық, аймақтық, этникалық, функционалдық және т.б.критериилерді басшылыққа ала отырып, адамзаттың қалыптасқан саяси мәдениетін құрылымдау мүмкін болады.

75. Саясаттағы қазіргі халықаралық ұйымдар

Халықаралық ұйымдар әлемдік саясаттың ажырамас бір бөлігі. Қазіргі таңда жиырма мыңға жуық ұйым өз қызметін атқарып келеді. Халықаралық ұйымдар санының осыншама күрт өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Оған дейін елуге жуық қана тұрақты түрде қызмет атқаратын ұйымдар болған. Халықаралық ұйымдардың беделі сан жағынан күрт өсуіне мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, сауда-саттық және мәдени қатынастарының кеңеюі орасан зор әсер етті. Бірлесу түріне байланысты халықаралық үйымдар үкіметаралық және үкіметтік емес болып бөлінеді. Үкіметаралық халықаралық үйымдар мемлекеттер арасындағы келісімдер мен шарттардың негізінде қүрылып, қызмет етеді.Олар:1)Біріккен Ұлттар Ұйымы - халықаралық қауіпсіздікті және тыныштықты, мемлекеттер арасындағы бірлікті сақтауға бағытталған ұйым.2)Халықаралық валюта қоры  — әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. 3)Бүкіләлемдік сауда ұйымы(1995)4)Cолтүстік-атлантикалық келісім ұйымы (НАТО, 1949) әскери-саяси одақ.5)Мұнай экспорттаушыелдер үйымы (ОПЕК, 1960) табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым.6)Халықаралық Олимпиадалық комитет (1894).7)Рим клубы (1968)  жаһандық мәселелерді зерттеуді ілгерілету.8)Гринпис (1971) Бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ұйымы. 

16-билет

16.Биліктің анықтамалары және ресурстары?

Телеологиялық анықтама ( гр.сөзі teleos – мақсат + logos - түсінік,ілім) билікті белгілі бер мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын ойшылы Т. Гоббс (1588-1679) билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.

Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.

Инструменталистік анықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сияқты шараларды) пайдалану, қолдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль (1915 жылы туған) билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.

Құрылымдық-функционалдық анықтама. Бұл анықтама адамдар қауымдастығының билеуші және бағынышты болып екі құрылымдық элементке бөлінуімен және олардың бір-біріне функционалдық тәуелділігін анықтаумен байланысты. Осы анықтама билік пен оған бағынушылардың өзара қарым-қатынасын субъект-субъектілік қатынастар ретінде қарастыру арқылы оларға қойылатын әлеуметтік талаптар жүйесін айқындауға мүмкіндік береді.

Конфликтік анықтама билікті дау-жанжал жағдайында игілікті бөлуді реттейтін мүмкіндік, шиеленісті шешудің құралы деп түсіндіреді.

Саяси билік ресурстары - субъекті мақсатына сәйкес билік объектісіне ықпал етуді қамтамасыз ететін барлық құралдар. Олар: экономикалықәлеуметтікақпараттықкүштеу,демографиялық.
Экономикалық - қоғамдық және жеке өндіріске және пайдалануға қажетті материалдық құндылықтар, ақша, пайдалы қазбалар, техника, т.б.
Әлеуметтік - әлеуметтік құрылымдағы орынды, әлеуметтік мәртебені жоғарылату немесе төмендету қабілеттілігі.
Ақпараттық білім мен ақпарат, сонымен бірге оларды алу және тарату: ғылым және білім институттары, БАҚ, т.б.
Күштеу - бүл қару, күшті қолдану аппараты, осы мақсатта арнайы дайындалған адамдар тобы. Мемлекетте оның ядросын әскерполиция, қауіпсіздік органдары, сотпрокуратурақұрайды.
Демографиялық - адамның өзі басқа ресурстарды құрушы әмбебап ресурс ретінде қызмет етеді.

46.Саяси  мәдениеттің типологиясы?

Саяси мәдениет (ағылш. political cultureағылш. cultura - тәрбие, білім, даму) - белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің жиынтығы. Яғни, өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқауларқазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлыққаулылар жүйесі. Ол қоғамдағы саяси өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оған ең алдымен саяси сананың мәдениеті, адамдардың, топтардың, ұлттардың өзін-өзі мәдени ұстай білуі, осы жүйенің шеңберінде жұмыс істейтін саяси мекемелердің мәдениеті кіреді.

Типология (грек тілінен «типос» — пішін, үлгі, із және «логия» — ілім, сөз деп аударылады) деп қазіргі ғылыми әдебиетте 28 зерттеу объектілерін жалпылама үлгі көмегімен талдау, сұрыптау және жинақтау әдістері мен тәсілдерін айтады. Типология, әсіресе, бір-біріне үқсамайтын, көп түрлі құбылыстармен істес болатын ілімдерде реттеу және түсіндіру мақсатында жиі қолданылады. Осы сипатта типологияның XX ғасырда жан-жақты дамыған структурализм, жалпы жүйелік ілім мен мәдениеттану сияқты ілімдерде кеңінен қолданылатынын баса айту қажет.

76. Саяси психология. Саяси мінез-құлықтың негізгі типтері

Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында,әлеуметтік топтар,таптарда,жеке адамдарда туындайтын сезімдердің,көңіл-күйдің,әдет-ғұрыптардың,мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады. Саяси психология әртүрлі іс әреткеттерге соған сәйкес сезімін оятып,қоғамдық қозғалыстарға маңызды рөл атқарады.Сондықтан саяси бағытты жоспарлап,оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор.Себебі,бұл салада қателік қоғамда дау жанжал,шиеленістер,адамдар мен ұлттар арасында егес тудыруы мүмкін. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық – басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимыл¬дары болып табылады. Саяси мінез-құлыққа адамның ойлары, сезімі, пікірі, мақсаты, нанымы, яғни ішкі әлемінің көрінісі кіреді. Оның нәтижесі мынандай іс-қимылынан білінеді: сай¬лауға қатысы, наразылығын білдіруі, жиналыстар мен нау¬қандарға қатысуы. Кең көлемде саяси мінез-құлық кез келген жағдайда: отбасында, бизнесте, шіркеуде, мешітте байқалуы мүмкін. Алайда бұл термин мемлекеттік институттар шеңберін¬де өрістейтін іс-қимыл әрекетіне байланысты қолданылады.

Саяси мінез саясаттану пәнінің бағдарламасына кіретін саяси тұлға, саяси талап және қоғамдық пікір, сайлаушылар мінезі, саяси партиялар мен мүдделі топтар, саяси әлеумет¬тендіру, саяси мәдениет бірлестіктегі билікті айқындайтын формуланы қолдануға қажет болады. Аталған мәселелерден байқалғандай, саяси психология мен саяси әлеуметтік мүдде¬лер де саяси мінездің зерттеу саласына жатады.

17-билет

17. Биліктің легитімдігі, саяси  билік және мемлекеттік билік?

Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) дегеніміз- халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Саяси билік - таптықтоптық, жеке адамның саясатта түжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партияларкәсіподақтархалықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі. Мемлекеттік билік - тікелей мемлекеттің өзі жүргізетін немесе өзінің атынан жүргізуге өкілеттілік беріп, өз жәрдемімен өзге бір ұйым, мекеме арқылы жүргізетін қоғамдық биліктің бір түрі, мемлекеттік басқару органдарының жиынтығы. Мемлекеттік билік өз қырын өзгелерге тану үшін мәжбүрлеу күштеріне арқа сүйейді. Мәжбүрлеу жоқ жерде Мемлекеттік билік те жоқ, мәжбүрлеу тек тарихи жағдайға және билік болмысына қарай басқа мазмұнда, әр түрлі нысанда көрініс береді. Сондай-ақ, Мемлекеттік билік қатынастары ырық жүргізу сипатында болады және өз құрылысына орай үстемдік пен бағыныштылық әрі жетекшілік пен мойынұсынушылықтан құрылады. Ол қызметіне қарай

1)заң шығарушы;2)атқарушы;3)сот билігі  болып бөлінеді. Билік объектісі мен субъектісінің қарым- қатынасына қарай

1)авторитарлық; 2)тоталитарлық; 3)демократиялық

47.Саяси сана түсінігі,құрылымы мен функциялары?

Саяси сана - өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығы. Яғни, адамдардың саяси өмірді түсініп, сезінуі. Оған ең алдымен қоғамдағы саяси идеялардыкөзқарастарды, мақсат-мүдделерді ұғынуы, саяси билікке қатынасуы жатады. Олар адамның іс-әрекетіне, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстауына тікелей әсер етеді.

Саяси құрылым - саяси тұтастықтың құрамдас бөліктері, элементтері арасындағы тұрақты және тәртіптелген байланыстар. Саяси құрылым адамның саяси тұрмысын сипаттай алады. Құрылымдандыру - саясат қағидаты, ал құрылым заңдары - саяси тұтастықтың саяси элементтері арасындағы маңызды қажетті байланыстар. Қоғамның құрамдас бөліқтерінің, әлеуметтерінің арасындағы тұрақты және реттелген байланыстар.Саясатта әртүрлі құрылымдық деңгей заңдары бар: саяси институттарды құрылымдандыруды ұйымдастыру заңы; әртүрлі саяси жүйелерді, мемлекеттік басқару мен жетекшілікті құрылымдандыру заңы; саяси үрдістерді құрылымдандыру заңы.Саяси сананың функциялары - саясаттың институтционалдық емес элементі ретінде келесі функцияларды орындайды: когнитивті, яғни, саяси субъектілер функцияларын орындау мен модификациялау үшін қоғамның әрдайым білімді жетілдіру мұқтаждықтарын көрсету; коммуникативтік, яғни, субъектілердің өзара және билік институттарымен саналы өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ету; идеялық, яғни, саяси әлемді өзінше түсінуге субъектілердің қызығушылық танытуын түсіндіруі

77. БАҚ түсінігі, олардың қоғамның саяси жүйесіндегі функциялары

Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) - арнайы техникалық құралдардың көмегімен, кез келген тұлғаларға әртүрлі мәліметтерді ашық жариялауға арналған әлеуметтік меке- мелер. Сарапшылар олардың мынадай ерекше белгілерін атап көрсетеді: жариялылық, яғни тұтынушылардың шексіздігі; арнайы техникалық құралдардың, аппаратуралардың болуы; ақпарат таратушының (коммутатор) қабылдаушыға біржақты ықпалы; тұтынушы аудиторияның тұрақсыз әркелкілігі. Қоғамның өмір сүруін қамтамасыз етудегі БАҚ-тың рөлі зор. БАҚ-тың атқаратын қызметі :1)әртүрлі, сарапшылардың пікірінше олардың аса маңыздыларына мыналар жатады: ақпараттық, білімдік, әлеуметтендірушілік, мүдделерді тоғыстырушы, саясат субъектілерінің ықпалдасуы, жұмылдыру және т.б.;2) азаматтарға, билік органдарына, қоғамдық институттарға аса маңызды жалпы оқиғалар, құбылыстар, процесстер жайлы мағлұматтарды таратудан тұрады;3) азаматтарға әртүрлі ғылым саласынан - қоғамдық-гуманитарлықтан жаратылыстану ғылымдарына дейінгі танымдық хабарларды дайындап, таратуынан көрінеді;4)адамдардың әлеуметтік ережелерді, құндылықтарды сіңіріп, мінез-қылықтарын қалыптастыруға септігін тигізеді;5)адамдарды нақтылы бір іс-әрекеттерге немесе саналы әрекетсіздікке шақырады;6)БАҚ-ты саналы түрде саяси алдап- арбау мақсатында қолдану азаматтарға және қоғамға аса қауіпті болып табылады.

18-билет

18.Саяси жүйе: түсінігі, мәні мен құрылымы?

Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.Саяси жүйе төмендегідей құрылымнан тұрады:

Институционалды, мұнда мемлекет, саяси партиялар мен ұйымдар кіреді;

Нормативті құрылым, бұған заңдар, жазылған немесе жазылмаған нормалар мен принциптер жатады;

Мәдени құрылым, саясаттың ішкі эмоционалды жақтарын қарасырады

Коммуникативті құрылым қоғамдағы саяси билік қатынастарын қамтиды;

Функционалды құрылымға әр түрлі саяси рөлдер мен қызметтер жатады

48. Саяси әлеуметтену,мәні мен негізгі кезеңдері

Саяси әлеуметтену деп адамның саяси ілімдерді,ережелерді,құндылықтарды бойына сіңіріп,оларды өзінің рухани ішкі дүниесіне айналдырып,сол арқылы өзінің саяси санасы мен мәдениетін қалыпастыру,саяси іс-әрекетке дайындалу процесін айтады.Саяси әлеуметтену процесі үш негізгі мәселені шешуге бағытталады:1)қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мәдениеттің және саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;2)қоғам мүшелеріне қажетті саяси тәжірибе алуға,саяси іс-әрекет етуге және шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;3)саяси мәдениеттің элементтерін өзгерту. Саяси әлеуметтену адам өмірінде маңызды орын алады. Оның басты кезеңдері:1)саясаттану,яғни балдырғанның ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғыну;2)жекелену,мұнда бала саяси билікті президент,полицейский тұлғасы арқылы жекелеп сезінуі;3)дәріптеу,яғни саяси қайраткерлерге тек жақсы қасиетерді тану;4)институционалдандыру,саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес,иесіз институттар арқылы қабылдау.

78. Саяси манипуляциялау мақсатында БАҚ-ты пайдалану

Саясатта манипуляция ретінде манипулятордың адамды өзі жасауға ықылас білдірмеген əрекетті жасауына итермелеуі сипатындағы əсер ету түрін түсінеді. Адамға манипуляциялық əсер ету барысында ол сыртқы мəжбүрлеуді сезінбейді, өзі шешім қабылдап, өзінің жүріс-тұрысының нысанын өзі таңдаған сияқты əсерде болады. азаматтар мен демократиялық мемлекет құрылымына бұқаралық ақпарат құралдарын (БАҚ) саяси манипуляция, яғни адамдардың саяси санасы мен жүріс-тұрысына олардың өз мүддесіне сəйкестігіне қарамастан əрекет немесе əрекетсіздік жасауы мақсатында жасырын басқару жасау үшін пайдалану үлкен қауіп төндіреді. Оның үстіне манипуляция тек өтірікке негізделеді. Ал, бұл өтірік құтқаруға бағытталмаған, керісінше пайдакүнемдікке қызмет етеді. Қазіргі саяси кеңістікте нақты жағдай жайлы білу əрқашан БАҚ-пен байланысты, азаматтар болған жайды содан көріп біледі, сондықтан да орын алған жағдай мен берілген ақпаратты айыру қиын. Саяси манипуляцияның тек БАҚ қызметіндегі басым бағыт болып табылатын тоталитарлық жəне авторитарлық мемлекеттерде ғана кең пайдаланылмайтындығын, сонымен қатар, партиялық насихаттау шаралары мен сайлау алды науқандарда қазіргі батыстық демократиялық мемлекеттерде де көп қолданылатындығын айта кету қажет. Бүгінгі күні батыс жəне өзге көптеген мемлекеттердегі президенттік немесе парламенттік сайлау науқандары бір-бірімен астасып, нақты саясаткер жайлы шындықтан алыс түсінік қалыптастыратын жарнама мен саяси манипуляция тəсілдерінсіз өткізілмейді.

19-билет

19.Саяси жүйенің типтері мен функциялары?

Саяси жүйе дегеніміз қоғамдағы адамдардың саяси іс-әрекеттерін анықтайтын, бағыттайтын және бақылайтын институттар мен ұйымдар, нормалар мен принциптер жиынтығы.Саяси жүйенің жұмыс жасап, дамуы оның «кірісі» мен «шығысына» байланысты. Кіріске жататындар: талап тілектер, мүдде, мұқтаждықтар, қолдаулар немесе кеілпеушіліктер. Осы кіріске жауап ретінде саяси жүйе жұмыс жасайды. Ол шығыс деп аталады. Оған жататындар: заңдар, шешімдер, бұйрықтар, реформалар және тағы басқалары. Саяси жүйенің басқа қоғамның жүйелерден айырмашылығы, онда күш көрсету құқы бар.

Саяси жүйе төмендегідей қызметтеді атқарады:

1.Белгілі бір әлеуметтік топтың немесе көпшілік халықтың саяси билігін қамтамасыз ету. Ол биліктің тәртіпке келтірілген, ережелерде,қалыптарда бекітілген,  яғни институтционалданған түрі. Сондықтан ол конститутцияға негізделген жалпыға міндетті заңдар шығарады. Сол арқылы қоғамда тәртіп орнайды.Егер оны бұзушылар болса, оларға тиісті шара қолданылады.

2.Саяси жүйе қоғамдық қатнастарды реттейді, жекелеген әлеуметтік топтар немесе көпшілік халықтың мақсат-мүддесіне сәйкес адамдардың тіршілік әрекетінің әртүрлі салаларын басқарады. Ол әлеуметтік институттар қызметінің мақсаттарын айқындайды, солардың негізінде оларды орындаудың саяси жобаларын жасайды.

3.Саяси жүйе қоғамда жинақтаушылық қызметті атқарады.Ол ортақ әлеуметтік-саяси мақсаттармен құндылықтардың айналасында барлық әлеуметтік топтар,таптар,жіктердің белгілі бір бірлестігін қамтамасыз етеді.

4.Экономиканың қалыпты жұмыс істеп,прогресті дамуына қажетті саяси жағдай жасау. Мысалы,саяси жүйе өндіріс құралдарына меншік түрлерін құқықтық тұрғыдан бекітеді,қаржы жүйесін реттейді,салық саясатын жүргізеді.

5.Қоғамды,оның мүшелерін ішкі және

49. Саяси шиеленіс түсінігі

Шиеленіс деп әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарастардың қайшы келуін, елеулі келіспеушілікті, өткір таласты айтады.Шиеленіске адамзат өте ертеден-ақ көңіл аударған. Мысалы, б. з. б. VII—VI ғасырларда қытай фәлсафашылары дүниедегі нәрселердің бәрінің қозғалыс көзі оң (ян) және теріс (инь) бастаулардан тұрады деп есептеді.  Осы ғасырдың 50 жылдарында американдық Льюис Козер әлеуметтік шиеленістерге құндылықтар, мәртебе, билік, қаржы-қаражат үшін күресті жатқызды. Американың әлеуметтанушысы Кеннет Баулдинг "шиеленістің жалпы теориясын" жасады.  Қазіргі кезде қоғамдағы шиеленістер көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Сондықтан осы мәселемен арнайы айналысатын конфликтология деген ғылым пайда болды. Әлеуметтік шиеленістердің бірнеше себептері бар. Ең бірінші, жалпы себебіне адамдардың теңсіздігі жатады. Шиеленістің екінші себебіне кажеттілік, мұктаждыктың, талап-тілектің өтелмеуі немесе канағатгандырғысыз өтелуі жатады.Үшіншіден, адамдар өздерін белгілі бір әлеуметтік, этникалық, діни, т. б. бірлестіктердің мүшесіміз деп санайды.Саяси шиеленістер өзінің даму барысында бірнеше кезеңдерден өтеді. Алғашқы кезеңінде кикілжіңдерге негіз туадьі. Келесі кезенде келіспеушілік, наразылық ашық айтылып, алғашқы қақтығыстар болуы мүмкін. . Одан кейін екі жақтың арасында ашық қарсыластық, қақтығыстар болуы мүмкін.

79. Қазақстандық қоғамның демократиялануы: жетістіктері мен болашағы

Жаһандану және қоғамдық өмірдің демократиялануы жағдайында, Қазақстан Республикасында, таяу және алыс шетелде орын алған тарихи маңызы зор түбегейлі өзгерістер тұсында төзімділік мәселесін, әсіресе мемле кеттің саясатын жүзеге асыруға жауапты  буын өкілдерінің – яғни мемлекет тік қызметшілердің төзімділігі мәселесін зерттеу қисынды қажеттілік әрі уақыт талабы болып табылады. Қазақстан Республикасында төзімділік қағидаттарына негізделген демократиялық қоғамның қалыптасып, дамуына әрбір қазақстандық, әрбір мемлекеттік қызметші өз деңгейінде үлес қосуда. Соның нәтижесінде ең күрделі кезеңдерде қазақ халқының кемеңгерлігі мен төзімділігі жаңа мемлекеттің азаматтарының этностық шығу тегіне қарамастан саяси тұрақтылықты сақтап қала білді.

20-билет

20.Д.Истон , Г.Алмонд, К.Дойч бойынша саяси жүйелердің модельдері?

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американын саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен кіріс,шығыс принциптері арқылы байланысады.Кірістің екі түрі бар ол талап және қолдау болып бөлінеді.Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың,қазынамен қаржының ,қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз,бұрыс бөліну туралы пікір,билік оргондарына үндеуі деуге болады.Мысалы,еңбек ақыны көтеру,жұмыс күнін қысқарту,әлеуметтік салаға қаржыны көбейту білім алу мүмкіндігін арттыру,азаматтардың құқықтарымен еркіндігін қорғау.т.б.Мұндай талаптар көбейіп,оларға билік органдары назар аудармаса,саяси жүйе әлсірейді.

Қолдау қоғам мүшелерінің саяси жүйеге ниеттестігін,адалдығын,саяси институттарға сенетіндігін білдіреді.Ол үстемдік етіп отырған саяси жүйені күшейтеді. Қолдауға мысалы, салықты дер кезінде төлеу, әскерлік міндетті атқару,ұлтжандылық білдіру,сайлауға белсене қатысу ,қабылданған шешімдерді,заңдарды уақытында бұлжытпай орындау және т.б. жатады.

Д.Истонның идеяларын одан әрі дамытқан  Г.Алмонд болатын.Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері де бар.Д.Истон мен Г.Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді.

1.Топтар мен жеке адамдардың жүріс-тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі

2.Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі

3.Қорлады игіліктерді қызметті үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі

4.Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік,өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі

50. Саяси шиеленіс типологиясы

Әр түрлі мазмұндағы саяси қақтығыстар әлемі біршама дұрысталған көрініс беруі үшін, оның типологиясы, саяси конфликтілердің негізгі типтерін бөліп алу қажет.  саяси қақтығыстың  бірінші тобы ретінде ғалымдар мемлекеттік билік жүйесінде пайда болатын мемлекеттік-құқықтық қақтығыстарды есептейді. Бұл типке қақтығыстардың мынадай түрлері жатады:1)заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы қақтығыстар;2)мемлекеттік-құқықтық жүйе және оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы қақтығыстар;3)мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы қақтығыстар;4)мемлекет пен жеке тұлға арасындағы қақтығыстар.Заңдылық қақтығысы азаматтарды саяси реттеу формалары, яғни, басқару нормалары және тағы басқа туралы ұсынылған басқару тәртібінің мақсаттары мен құндылықтарын келісу нәтижесінде туады.Бірегейлік қақтығысы әлеуметтік құрылымдық бөлінулердің этникалық немесе басқа халықтық емес сәйкестік, жалпы халықтық бірігу мен белгілі бір саяси жүйеге қарсы әсер етуден тұрады.Саяси араласу қақтығысы билікке өздерінің қарсылықтарын білдіретін белсенді саяси топтар өміріне жасанды қарсылықтарды  енгізетін басқару элитасын құрумен сипатталады.Бөлу қақтығысы басқару элитасының  қоғам үшін материалдық жағдайды қамтамасыз ете алмауы және оны әлеуметтік дифференцацияланған көшу мүмкіндігін  туғыза алмауын білдіреді.

80. Қазақстандағы президенттік басқарудың ерекшеліктері

Президенттік республикада, Президент парламенттен тәуелсіз сайланады, не сайлаушылар коллегиясымен, не тікелей халықпен сайланады және ол бір мезгілде мемлекеттің және үкіметтің басшысы қызметін атқарады. Ол өзі үкіметті тағайындайды және оның жұмысын өзі басқарады. Бұл мемлекетте Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялай алмайды, ал Президент — Парламентті таратпайды. Дегенмен Парламент қабылданатын заңдардың көмегімен Президент пен Үкіметтің жұмыстарын шектеуге мүмкіншілігі бар және бюджетті құрғанда, тағы сондай жағдайларда Президентті жұмысынан аластатуы мүмкін (әсіресе ол конституцияны бұзып, қылмыс жасаса). Президенттің өз жағынан, заң шығарушы органның шешіміне тоқтату ветосын қолдануға құқығы бар (латын тілінен — «тыйым салу»).

Қазақстан Республикасының Президенті (Конституцияның 63-бабы) мына жағдайларда: Парламент Үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министрді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламенттің Палаталары арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік өкіметтің басқа тармақтары арасындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.

21-билет

21.Саяси тәртіп түсінігі мен типтері?

Саяси тәртіп- саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіш, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің  белсендігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және антидемократиялық деп екіге бөледі. Демократиялық тәртіпке халықты биліктің қайнар көзі деп санап,оған мемлекеттік істерді шешуге құқық берілген және ол үшін қажетті жағдайлар жасалған биліктің түрі,қоғамның мемлекеттік – саяси құрылысы жатады. Антидемократиялық  тәртіп тотолитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.Тотолитарлық  латынның  бүтіндей тұтас жалпы деген сөзінен тәртіп деп қоғам ,адам өмірінің барлық салалары тұтасымен  мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси  құрылымды айтады. Авторитарлық тәртіп деп күштеуге,жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады.

51. Саяси шиеленістерді басқару және шешу логикасы

Саяси салада жанжалдарды тудырмаудың,оны одан әрі өршітпеудің басты амалы – халықтың әл ауқатын көтеру,елдің жоғары әлеуметтік экономикалық дәрежеде дамуын қамтамасыз ету.Саяси жанжалдарды шешудің бірнеше түрі бар:1)дау жанжалға бармау,одан қашқақтау әдісі.М:кейбіреулер бастығымен істесе алмаса,өз еркімен жұмыстан кетеді;2)кейінге қалдыру әдісі.Қарсылықпен ерегіске бармай,бәріне көніп жүре береді.3)Саяси жанжалды мәмілеге келу арқылы бейбіт жолмен шешу.Онда екі жақ бірін-бірі ұғынысып,өзара кешірімділік жасап,ортақ келісімге келуге тырысады.4)Зорлық негізінде бітістіру,келістіру.Мұндай жағдайда бір жақтың күші айтарлықтай басым болғанда,2-ші жақ жеңілгенде не толық жойып жібергенде туады.5)Аралық сот не арбитраждық сараптау әдісі.Мұнда қарсы жақтар дау,талас тудырған мәселені тексеруге өз еріктерімен үшінші жаққа береді.

81. ҚР ұлттық саясатының қазіргі концепциясының мәні

«Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының тұжырымдамасы» - бұл елімізді мекендеген барлық азаматтардың, олардың ұлттық, діни өзгешеліктеріне қарамастан, бірлікте, татулықта өмір сүріп, тәуелсіздікті сақтауға және нығайтуға, қоғамды демократияландыруға, әділеттілікті орнатуға үлес қосуын басты мұрат еткен негізгі құжат. «Қазақстан халқы ассамблеясы» әзірлеген, қоғамның басым бөлігі қабылдамаған «Ел бірлігі» доктринасымен қатар талқылауға ұсынылады.Тұжырымдама ұлттық мемлекетті қалыптастыру әрі нығайту, содан соң азаматтық қоғамды құру бағытындағы негізгі ұстанымдар, өзекті мақсаттар мен міндеттердің жиынтығы болып табылады.Бұл құжат Қазақстан Республикасының байырғы қазақ жерінде құрылғандығын, мемлекеттің байырғы тұрғындары және республиканың абсолютті басым бөлігін қазақтар құрайтындығын ескеріп, елде өмір сүретін өзге этникалық топтардың мемлекетқұрушы ұлттың төңірегіне топтасуының саяси, мәдени, рухани, экономикалық, т.б. негіздерін анықтауға бағытталған.Тұжырымдама Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарына, дүниежүзілік құқық талаптарына негізделіп дайындалды.Қазақстанның жаңа геосаяси, геоэкономикалық жағдайда алға ілгерілеуі, жаһандану кезеңінде ұлттық мемлекет ретінде ерекшеліктерін сақтай отырып, төлтумалық болмысын, әлемдік дамуда дара мемлекеттілігін қалыптастыруы, елдегі демократиялық үрдістерді тереңдету бағыттары осы тұжырымдаманы қабылдау қажеттігін күн тәртібіне қойды. Бұл әрі саяси және тарихи қажеттілік.Тұжырымдама мемлекеттік бағдарламаларды, заңдық және басқа да нормативтік құқықтық актілерді дайындау үшін негіз болып табылады.

22-билет

22.Тоталитаризм саяси тәртіп ретінде?

Тоталитарлық (латынның total - бүтін, тұтас деген ұғымын білдіреді) режим деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік-саяси құрылымды айтамыз. Дегенмен тоталитаризм ХХ ғ. жемісі болып саналады. Ғасырдың саяси процесіне өзіндік қолтаңбаларын қалдырған ірі тоталитарлық мемлекеттер осы ХХ ғ. пайда болды. Тотолитарлық  латынның  бүтіндей тұтас жалпы деген сөзінен тәртіп деп қоғам ,адам өмірінің барлық салалары тұтасымен  мемлекеттік бақылауға алынған мемлекеттік саяси  құрылымды айтады. Тоталитарлық режимдер демократиялық дәстүрлері әлсіз әлемнің көптеген елдерінде қалыптасты, олар: азаматтық соғыстың нәтижесінде демократиясы күйреген Испания, Қытай, Солтүстік Корея, Куба, Румыния, Албания, Югославия. Чехословакия, Венгрия, Польша, ГДР секілді социалистік бағыттағы Еуропаның бірқатар елдерінде КСРО-ның қысымымен тоталитарлық тенденциялар қалыптасты.

52. Саяси процесс түсінігі

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынада қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасында түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала - өте күрделі процесс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады.Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейміз.Жалпыұжымдық мақсат-мұратты анықтауға, қалыптастыруға ресми органдар, билік институттары, кәсіподақтар, бейресмиұйымдар, ақпарат құралдары қатысады. Бірақ мұнда басты рөлді саяси институттар атқарады. Себебі саяси шешімдерді қабылдап, іске асыратын солар.Саяси жүйені тұтас алсақ, оның даму процесін төрт сатыға, кезеңге бөлуге болады:1)Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау. Ескі саяси жүйенің орнына жаңасы келгенде, ол бұрынға мемлекеттік билікті ауыстыруы мүмкін, соның легитимдігін көрсетеді.2)Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.3)Саяси-басқарушылық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру.4)Саяси жүйенің жағдайы мен іс-әрекетін бақылау. Саясатта ақиқатты табудың бірден-бір дұрыс жолы демократиялық ойлау жүйесін қалыптастыру екенідігі белгілі. Ал мұндай баламаны ойлау жүйесінің бұған дейінгі тарихы, ондағы саяси оқиғалар мен ағымдардың, ойлар мен идеялардың пайда болуы мен дамуы және жүзеге асу жолдары саяси және құқықтық жолда болашақты дұрыс таңдай білуі оның бұрынғы тарихын жақсы оқып, үйренуге байланысты.

82. Қазақстан Республикасында парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуы

Қазіргі Қазақстан Парламенті бір палаталы өкілді органның –  алғаш рет  Қазақ КСР-інің 1937 жылғы Конституциясы, ал содан кейін  Қазақ КСР-інің 1978 жылғы Конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1993 жылғы Конституциясы негізінде құрылған Жоғарғы Кеңестің  орнына келді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясында Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы болып табылатыны бекітілген.Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.

Сенат әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екi адамнан, тиiсiнше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және республика астанасының барлық өкiлдi органдары депутаттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жетi депутатын Сенат өкiлеттiгi мерзiмiне Республика Президентi тағайындайды. Мәжiлiс жетпiс жетi депутаттан тұрады. Алпыс жетi депутат республиканың әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және шамамен сайлаушылардың саны тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланады. Он депутат бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша және бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланады. Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл.1995 жылғы 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді. Осыдан кейін ғана ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Констициялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттарды сайлау процесі 1995 жылдың соңында өткізілді.

23-билет

23.Авторитарлы саяси тәртіп?

Авторитарлық тәртіп деп күштеуге,жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік саяси құрылысты айтады.

Авторитарлық режим тоталитарлық қоғамнан демократиялық қоғамға өтетін кезең, бұл күшті тәртіпке негізделген, жеке адамның билігі қалыптасқан режим.

Авторитарлық режим Иордания, Индонезия, Морокко, Сауд Аравиясында, бұрынғы Кеңес мемлекеттерінде және т.б. елдерде қалыптасқан.

Авторитарлық режим кезінде тоталитаризмнің де демократияның да белгілері кездесе береді бұл қоғам өзінің қатаң тәртібі мен тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі мұнда қоғамды өзгеріске ұшырататын идеялар мен топтарға жол бермейді, заң жүзінде оларға қатаң бақылау жасалынға. Авторитарлық режим. Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел – билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақталуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарайтын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.

Авторитаризм, авторитарлық саяси режим – билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, - онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. 

53. Саяси процестің жіктелуі.Саяси процеске қатысу түрлері

Саяси процесс жіктеліп,топталады.Саяси еркіндікті іске асыру объектісіне қарай ол ішкі және сыртқы саяси процесс болып бөлінеді.Саяси билікті ұйымдастыру жүйесінің сапасына қарай демократиялық және антидемократиялық саяси процесс етіп бөлінеді.Демократиялық түріне халық билейді.Антидем-лық процесте билік автортарлық көсем,монархтың,бір билеуші партияның қолында болады.Атқаратын қызметінің жариялығына қарай ашық және жасырын саяси процесс деп топтастырылады.Ашығында азаматтар,топтар билік иституттарымен үздіксіз кездесіп,мақсат мүдделерін білдіріп отырады.Жасырын түріне тоталитарлық тәртіпті атауға болады.Әлеуметтік және саяси құрылымның өзара байланыс түріне,билік субъектілерінің қызмет ықпалдылығы және өзара қатынастарының тиянақтылығына байланысты саяси процесті тұрақты және тұрақсыз етіп бөледі.Тұрақты жағдайда билік институттары өтімді,сенімді жұмыс істейді,азаматтар да саяси іске белсенді қатынасады.Тұрақсыз жағдай әдетте қоғам өмірі күйзеліске ұшырап,тығырыққа тірелген шағында пайда болады.Адамдар саяси процеске екі түрлі қатысады:1)саяси жүйенің шеңберінде жұмыс істейтің өкілдік органдар арқылы;2)азаматтардың тікелей қатысуы арқылы саяси билікке әсер етеді.Тікелей қатысу өз кезегінде екіге бөлінеді.1)азаматтар сайлау,референдум,плебисциттерге қатысу;2)бұқаралық жиналысқа,шеруге,ереуілге қатысу арқылы саяси билікке ықпал ету.

83. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері мен қалыптасуының кезеңдері

Қазақстанның қазіргі сыртқы саясатының негізгі мақсаттары мен принциптеріне мыналар жатады:1)мемлекетті мүддені қорғау;2)елімізде экон-лық реформаларды жалғастыру,демократиялық институттарды күшейту үшін сыртқы жағдайды барынша қамтамасыз ету;3)әлемдегі барлық елдермен тең құқықты және серіктестік қатынастарды дамыту;4)ғаламдық және аймақтық интеграциялық процестерге белсене қатысу;5)халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты тереңдету;6)халықаралық терроризммен және есіркі саудасымен күрес;7)діни экстремизмге қарсы әрекет жасауға бағытталған саясат;8)қазіргі заманға ғаламдық проблемаларын шешу. Қазақстанның сыртқы саясатының тұжырымдамасын Президентіміз өзінің 1992 ж мамыр айында шыққан  «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасу мен дамуының стратегиясы» атты еңбегінде атап   көрсетті. Кейін оны «Қазақстан – 2030» еңбегінде одан да басқа  сөйлеген сөздері мен еңбектерінде дамытып толықтырды. Қазақстан мен Ео арасындағы ресми дипломатиялық қатынастар – 1993 жылы орнатылды. 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.Оның дәлелі ҚР БҰҰ толық құқылы мүшесі болуы,Хельсинки келісіміне қосылуы,АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы,НАТО-ның «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылуы және т.б.

24-билет

24.Демократия теориялары мен модельдері?

Демократия деп халық билігі, тендік, құқық, әділдік, еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз. Қазіргі кездегі демократияның негізгі теориялары

Плюралистік, элитарлық, экономикалық, «ақпараттық демократия» және маркстік теорияларының идеялары негізінде демократияның үш түрін атап көрсетуге болады: тура, плебисцитарлық, өкілдік. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауда, билік жүргізуге тікелей араласады. Оның жақсы жақтары: халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады; халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады; саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билікті теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы элитаның халықтан алшақтауына, шенеуліктердің бюрократталуына жол берілмейді.

Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді. Оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны әдетте президент, үкімет, партия немесе басқа бастамашы топ дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз. Оны біраз жағдайларды екіұшты сұрақтар қою және т.с.с. арқылы ұйымдастырушылар айласын асыру үшін де пайдаланады.

Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының жақындығына байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады. Оның жақсы жақтары – еңбектің айқын бөлінуі, шешім қабылдайтын адамдардың құзыреттілігі мен жауапкершілігі. Осал жағы – сайлау аралығында халықтың биліктің шеттетілуі, басқарудың бюрократиялануы, авторитарлық үрдістің өрістеуі және т.б.

54. Саяси даму және модернизация

Саяси даму деп саяси іс-қимылдар,саяси мәдениетке және жалпы саяси жүйеде өзгерістерге әкелетін процесті айтады.Саяси дамудың эволюциялық және революциялық түрлері бар.Эволюциялықта қоғамдық-саяси өмір біртіндеп,баяу дамиды.Революцияда қоғамның барлық әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы түбегейлі сапалы төңкеріске ұшырайды.Ол қарулы және бейбіт жолмен жүзеге асуы мүмкін.Саяси даму тұжырымдамасында басты рөлді саяси бейімделу(модернизация) теориясы атқарады. Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.

84. Әлемдік қауымдастықтағы ҚР

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемен мемлекет ретінде халықаралық қатынастар жасауға, белсенді сыртқы саясат жүргізуге кірісті. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында үш мэселеге ерекше назар аударды. Біріншіден, басқа елдермен, соның ішінде бүрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мүхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері жэне АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.Оның дәлелі ҚР БҰҰ толық құқылы мүшесі болуы,Хельсинки келісіміне қосылуы,АҚШ-пен «Демократиялық серіктестік туралы хартияға» қол қоюы,НАТО-ның «Бейбітшілік мүддесіндегі серіктестік» бағдарламасына қосылуы және т.б.Қазақстанға ортақ шекарасы, қалыптасқан шаруашылық, тарихи жэне мәдени-этникалық байланыстары бар Орта Азиядағы — Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан мемлекеттерімен тығыз қарым-қатынас жасау өте маңызды. Осы бағытта 1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы қүрылды. Қазақстанның сыртқы саясатындағы басты көңіл аударып отырған мәселелерінің бірі — елдің шекаралық қауіпсіздігін сақтау. Шекара мәселесін Азия елдерінде түрақты шешуде Шанхай ынтымақтастық үйымы (ШЫ¥) маңызды рөл атқарады. Қазақстанның сыртқы саясатындагы басты мақсат — бейбіт- шілік, согысты болгызбау.Тэуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, оның бастамалары тэжірибе жүзінде әрқашан кең қолдау тапты жэне нақты іс жүзіне асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз халықаралық дәрежеде танылудың жаңа сапалық деңгейіне көтерілді. Қазақстанның 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жэне ынтымақтастық үйымына төрағалық етуі туралы шешім оның сенімді дәлелі болды.

25-билет

25.Қазақстан Республикасының саяси жүйесі?

Саяси жүйе – қоғамды басқаруды, билікті жүргізуді, түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы қарым-қатынастарды, мемлекет аралық істердіреттеуді іске асыра отырып, қоғам тұтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік институттардың жиынтығы. Қазақстан – Республика Конституциясында бекітілген өзінің жеке және ерекше мемлекеттік формасы бойынша тәуелсіз мемлекет. Президент мемлекеттің саясатын анықтау құқығымен мемлекет басы болып табылады. Қазақстан Республикасының үкіметі атқарушы, заң шығарушы және сот үш өкімет тармағынан құралады. Президент осы үш тармақтың үшеуінің де қызметін еркін үйлестіру өкілеттігіне ие. Сайып келгенде, Қазақстан өзінің басқару формасы бойынша Президентік республика болып табылады. Қазақстанның Үкіметі атқарушы тармақ өкіметін басқарады. Республиканың Жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын екі палаталы парламент заң шығарушы тармағының өкіметін басқарады.Өкіметтің Соттық тармағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен басқарылатын жалпы юрисдикциясы бар соттар жүйесімен ұсынылады. Қазақстан Республикасының Конституциялық нормалары орындалуының бақылауы бойынша міндеттерді Конституциялық Кеңес орындайды. Республиканың Бас Прокуратурасы және Ішкі Істер Министрлігі тұсындағы құқық қорғау органдар жүйесі заң бойынша бақылау мен мемлекеттік тәртіпті іске асырады. 
Қазақстан – әкімшілік-территориялық бірлік болып келетін аймақтарға бөлінген унитарлы мемлекет.

55. Қоғам және саяси жүйенің бейімделу жолдары

Әр түрлі елдердің бейімдену жағдайларын талдап,қорыта келіп,ғалымдар бұл жолда белгілі бір жүйелік болуы керек дегенді айтады.Теориялық жақтан алғанда бұл мәселеге екі түрлі:либералдық және консервативтік қөзқарастар бар. Либералдар жаңа жағдайға көшуге орта тапқа,халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады.Консерваториялық бұған керісінше қарайды.олардың ойынша,демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген,билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі жоқ.Дамып келе жатқан елдердің жаңа жағдайға бейімделуі үшін мықты саяси тәртіп,тұрақсыздықты тежей алатын заңды,белсенді саяси партия,авторитарлық тәртіп болуы тиіс.70 жылдардан бастап үш бірдей авторитарлық тәртіп өздерінің бұрынғы жолдарынан бас тартты.Казіргі кезге дейін көптеген мемлекеттер біртіндеп демократиялық режимге көшті.Оған тек бейбіт жолмен жетуге болады.Оның үш түрі бар:1)реформа жоғарыдан басталады.2)амалсыздықтан биліктен бас тарту;3)билік басындағылар оппозициядағылармен келісімге келу арқылы авторитарлық тәртіптен демократияға өтеді.

85. Саяси әлеуметтену агенттері

Саяси әлеуметтену агенттеріне жататындар:отбасы,дос, жолдастар,мектеп,БАҚ,саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар. Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады.Қазақтар «ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің» деп тегін айтпаған, үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына жадында қалады.Саяси әлеуметтенудің келесі сатысы мектеп.Бұл кезде жалпыға бірдей негізі саяси қазыналар мен көзқарастарды оқушы оқып біледі,алғашқы әлеуметтік тәжірибе алады. Келесісі 16-40 жастар аралығы.Адам сайлауға қатыса бастайды,азамат атанады.Келесі адамның есейген шағы 40-60 жас.Адамның саяси іс әрекетіне өмір тәжірибесі,балалары мен немерелері әсер етеді.Соңғы зейнеткерлердің әлеуметтенуі .Олардың кейбіреулері қолдары босаған соң саяси мәселелермен белсенді айналыса бастайды.

26-билет

26.Мемлекет саяси жүйенің басты институты ретінде?

Мемлекет ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншісі, «ел», «жұрт» деген мағынада тұтас территориясы халқымен алып түсіндірілсе, екіншісінде тек жоғарыда қолында билігі бар басшылар тобын ғана айтады.Мемлекеттің белгілері:Территория

Тәуелсіздік немесе егемендік, Мемлекеттік билік, Халық, Салық салу құқығы.Мемлекет саяси институт ретінде Мемлекет туралы мөселенің саясаттанудың ең басты, орталық тақырыптардың санатына жататындығы сөзсіз. Өйткені қоғамның саяси жүйесінде мемлекет басты қызмет аткдратындықтан, саяси жүйенің тиімділігі оның іс-әрекетіне елеулі дәрежеде тәуелді. Мемлекеттің жоғары әлеуметтіксаяси әрекеттілігі, саяси жүйенің өзіндік ерекшеліктерінің мемлекеттік органдар құрылымы мен функцияларында тікелей және толықтай жүзеге асуы, саяси режимдердің мәні мемлекетті саяси жүйенің мейлінше сипатты, көрнекті элементіне айналдырады. Мемлекет жоғары нәтижелі құндылық әрі саяси еріктің жүзеге асуының тиімді құралы ретінде барлық кезеңдердегі ойшылдардың назарын өзіне аударды. Өркениет тарихында мемлекеттілікгің дамуы үлкен дәрежеде толыққанды әрі проблематикалы және орасан зор танымдық мәнге ие болуы себепті мемлекетгің пайда болуын зерттеу кең тарихи негіздерге құрылуы керек. Мемлекет тарихы мәні мен мазмұны бойынша ел тарихы, оның халқының тағдырының тарихы, өйткені мемлекет — биліктік құрылымдардағы халық субъектілігі. Осыған орай, халық қандай болса, мемлекеттік билік пен мемлекет соған сай болады.

56. Саяси модернизация түсінігі мен мәні

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі.Дәстүрлік қоғамнан қазіргі қоғамға өтудің,соған бейімделудің әртүрлі қыры бар.1)Құрылымдық бейімделу.Ол қазіргі қоғамның әлеуметтік экономикалық,саяси және басқа институттар жүйесінің қалыптасуын қамтиды.2)Азаматтық.Жаңғыру барысында дәстүрлік қоғамның саяси жүйесі де құрылымдық өзгерістерге ұшырайды.Солардың ішінде елеулі саяси көрінісі – азаматтылық,азаматтық құқықтар.3)Саяси қатынасу.Жоғарыда айтылған азаматтық принциптің негізінде азаматтарға қоғамның саяси өміріне белсене қатынасуына кең жол ашылады.Солардың ішінде ең маңыздылардың бірі – сайлау жасына келген азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы.4)Қазіргі адам.Мемлекеттік,қоғамдық жұмсытарға белсене араласатын жаңа адам қалыптасады.Бұрынғыдай әдет ғұрып,салт дәстүрді,діни қағидаларды басшылыққа алмайды,өмірдің өркениеті талабына сай,іскерлік көрсетіп,білімді қорытындылар жасап,іс істеуге тура келеді.

86. Қоғамның саяси өміріндегі діннің орны

Қоғамның саяси өмірінде дін де айтарлықтай орын алады.Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп,саяси өмірден шеттетілуінің,атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны елімізде әлі айыға қойған жоқ.Ал шетелдерде діни идеологияның адамдар іс әрекетіне ықпалы бар.Адамзат тарихында мемлекет пен діннің ара қатынасы үш түрлі шешіліп келді:1)мемлекеттік билікті діңнің орталығына айналдыру;2)мемлекетті діни мекемелерге айналдыру;3)мемлекет пен діннің одағы.Қазір ол негізінен 2түрлі шешіледі:1)мемлекет пен діннің имандылық одағының негізінде;2)мемлекет пен діннің бөлінуі,бір бірінің ісіне араласпауы.Алайда өз қызметін толық атқару үшін мемлекетке дін қажет.Өйткені дін қоғамда этикалық қызметтерді атқарып,имандылық ережелерін қалыптастырады.Ол халықты тәрбиелейді,адамгершілік көзқарасты қалыптастырады.1992 ж 15қаңтарында «Дін ұстану бостандығы және діни бірлестіктер туралы»ҚР Заңы қабылданды.Ол діни бірлестіктер қызметін құқықтық жағынан реттейді.Соңғы кезде елімізде дінге сенушілер саны көбеюде.Респ 2000-ға жуық діни бірлестіктер жұмыс істейді.Көптеген діни мектептер ашылуда.

27-билет

27.Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар?

Мемлекеттің пайда болуы теориялары - мемлекет - көпқырлы құбылыс. Оның пайда болуы, шығу тегі әртүрлі факторлармен түсіндіріледі. Оның пайда болуынан бірнеше теориялар жасалған, алайда оны бір әмбебап теорияның шеңберінде түсіндіру мүмкін емес. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін алғашқы теориялардың бірі - теократиялық теория. Бұл теорияға сәйкес мемлекет - Құдайдың ісі. Кез келген мемлекеттік билік Құдайдан. Жер бетіндегі Құдай ісін атқарушыларға бағынбау Құдайға қарсы шығумен тең. Келесісі - патриархалдық теория - мемлекет тікелей отбасының кеңеюінен пайда болды деп түсіндіреді. Отбасылардың бірігуі отағаларының мемлекеттің азаматына айналуына, ол өз кезегінде олардың үстінен қарайтын жаңа билік түрін - монархты тудырды дейді. Мемлекеттің пайда болуының табиғи-құқықтық теориясы мемлекеттің адамдардың өзара қоғамдық келісімі нәтижесінде шыққанын айтады. Соғыстан қажыған адамдар қорғану жолында бірігіп, мемлекет құрған деп сенеді. Күштеу теориясы (өкілдері: ДюрингКаутский) мемлекет жаулап алу, күш қолдану негізінде пайда болған дейді. Мемлекеттік билік күш қолданудан туындайды. Органикалық теория мемлекетті тірі ағза ретінде қарастырады. Оның қызметі қалай жүрсе, мемлекет қызметі де солай атқарылады (Г.Спенсер). Психологиялық теория мемлекет адамдардың өзара бірлесіп, қауымдасып өмір сүру қажеттілігінен туындады дейді. Материалистік теория мемлекеттің ең алдымен, экономикалық себептерден туындағанын айтады. Марксистік теория мемлекет қоғамның біріне-бірі қарама-қайшы антогонистік таптарға жіктелуі, жеке меншіктің пайда болу нәтижесінде пайда болған деп түсіндіреді. Қоғамдық келісім теориясы адамдар өздерінің табиғи құқықтарының бір бөлігін мемлекетке беріп, шарт жасасқан, соның нәтижесінде мемлекет пайда болды дейді.

57. Саяси модернизация теориялары мен модельдері

Саяси модернизация теориялары: 1)50-60жж. Кең тарағанның бірі – бейімделудің сызықтық теориясы.Бұл теорияны жақтаушылардың ойынша,дәстүрлік деңгейдегі елдер ерте ме,кеш пе капиталистік даму жолына түседі.Мысалы,саяси салада парламенттік жүйе және партиялық институттарды орнату,билікті тармақтау,оның жаңа шығарушы және атқарушы органдарын,көппартиялық жүйені жаңғырту.Бұл мағынада бейімделу-осы жолға түскен елдердің әлеуметтік экономикалық және саяси дамуының алғашқы шарты.60 жылдардың аяғына қарай бейімделудің сызықтық теориясын сынаушылар көбейді.Олардың ойынша,әртүрлі елдердің бейімделуі құрылым жағынан болсын,мәдениет жағынан болсын бірыңғай болмайды.2)Сондықтан 70-80жылдары жаңа жағдайға бейімделу мен келешектегі дамудың арасындағы байланысқа қатысты қөзқарас қайта қаралды.Бейімделуді дамудың шарты емес,қызметі ретінде қарайтын болды. Бейімделудің либералдық және консерваториялық қөзқарастары бар.Либералдар жаңа жағдайға көшуге орта тапқа,халықтың білім дәрежесіне баса назар аударады.Консерваториялық бұған керісінше қарайды.олардың ойынша,демократиялық үрдісте тәрбиеленбеген,билік институттарын дұрыс пайдаланып басқара білмейтін халықты билікке араластырып керегі жоқ.

87. Көпэтникалық қоғамда тұрақтылықты сақтаудағы қазақстандақ модель

Елімізде этносаяси процестің негізгі субъектісіне мемлекет,Қазақстан халықтарының Ассамблеясы,азаматтардың ұлттық мәдени бірлестіктері,саяси партиялар мен қоғамдық саяси ұйымдар жатады.Тіл туралы,иммиграция туралы заңдар қабылданды.Республикада әртүрлі ұлттық мәдени орталықтар жұмыс істейді.Республикамызда әрбір азаматтың қай ұлтқа, қай партияға,қай дінге жататынын өзі ұйғаруға болады.Әркімнің ана тілі,төл мәдениетін пайдалануға,қарым қатынас тілін, тәрбиені,оқуды,шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар.Қазақстанда қазір 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың,этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр.Біз өзге ұлтты кемсітпеуіміз,шеттетпеуіміз керек.Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақтандық ұлтжандылық»,«жалпықазақстандық мақтаныш» рухын, сезімін оятып,қалыптастырғанымыз жөн.Біздің міндетіміз этникалық өзіндік өзгешеліктерді дамыту және Қазақстанның ұлттық мәдени алуантүрлігін сақтау.Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұлттық саясат нәтижесінде ғана іске асады.

28-билет

28.Мемлекеттің жіктелуі?

Мемлекет алғашқы қауымда пайда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді.Оның пайда болуы және мәні жөнінде әртүрлі көзқарастар бар.Солардың ішінде ең кең тарағандары мыналар:

1.Теологиялық теория.Оның негізін салушы А.Августин мен Ф.Аквинский мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдіретімен түсіндірді.

2.Патриархтық теория.Оның негізін салушы 18ғ өмір сүрген ағылшын ойшылы Роберт Филмер мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға,тайпалардың одан үлкен қауымдастыққа,олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуінен деп санайды.

3.Қоғамдық келісім теориясы (Т.Гоббс, Г.Гроций, Ж.Ж.Руссо) егеменді әмірші мен оның қол астындағы адамдардың келісімінің арқасында мемлекет пайда болды дейді.

4.Зорлық жасау теориясы (Е.Дюринг, Л.Гумплович, К.Каутский) бір елді екінші елдің басып алуының нәтижесінде арадағы қатнастардың реттеу үшін мемлекет пайда болды деп пайымдайды.

5.Географиялық теория. (А.Ратцель, В.Соловьев, Б.Чичерин) мемлекеттің пайда болуы географиялық ортаның (ауа райы,жер бедері және т.б.) өзгешеліктерінен деп түсіндіреді.

6.Психологиялық теория адамдарға бағыну мен құлшылық ету қажеттігі мәнгі бақи тән болған дегенді айтады.

7.Марксистік теория мемлекеттің пайда болуын жеке меншік пен таптардың шығуымен байланыстырады

58. ҚР саяси модернизациясы

Саяси модернизация дегеніміз – қоғамның барлық салаларының арта қалған жақтарын дамытуға байланысты бірден өзгеріске әкелтіп, гүлдену процесі. Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2005 жылғы жодауында жақсы атап көрсеткен. Жалпы модернизация қазіргі таңда ұлттық мүддемен тығыз байланысты. Соған байланысты біздің мемлекетіміз біршама шаралар жүргізуде:1)ақпараттық қауіпсіздік - елдегі іс - әрекет ететін экстремистік топтарды есепке алу және олардың негізгі бағыттары жөнінде толығымен ақпараттанып отыру;2)әлеуметтік-экономикалық қауіпсіздік - елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының бұл топтардың таралуына өте жақсы ықпал ететінін ескере отырып, осы салаларды  қатаң қадағалау;3)құқықтық қауіпсіздік - заң тұрғысында терроризмге және эктремизмге толық анықтама бере отырып, оны жоюды және жазалауды толығымен қамтамасыз ету;4)ұлттық қауіпсіздік – қоғамның тұтастығын сақтау, интеграциялық шаралар жүргізу.

88. Этникалық жанжалдар

Этносаяси жанжалдарға этностар,ұлттар арасындағы даулар,шиеленістер жатады.Саяси жанжалдар көпұлтты мемлекете әр түрлі тілде сөйлейтіндердің,әр түрлі дінге сенетіндердің,әр түрлі нәсілдер арасында болуы мүмкін.Әдетте мұндай қақтығыс әртүрлі этникалық топтардың арасындағы елеулі экономикалық теңсіздіктен туады.Этносаяси жанжал тудыратын мәселелердің бірі – этникалық ұлтшылдық. Ол идеология немесе қозғалыс ретінде көрініс беруі мүмкін. Ондай этнос негізгі үш мақсатты алға қояды:1)автономия мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз ету;2)белгілі бір жерге, аумаққа иелік ету құқығын алу;3)өз мәдениетін жалпымемлекеттік мәдениетпен бірдей мәртебеге жеткізу.Этностық ұлтшылдықтың басты саяси мүддесі түптеп келгенде өзінің мемлекеттігін орнату.Этносаяси шиеленістердің пайда болуына түрткі болатын себептің бірі этностың өз тілі,мәдениеті,діні,әдетғұрпының тағдырына қалыптан тыс,асыра қауіптенушілік.Әдетте ұлттық идеяны көтеріп,этносаяси жанжалдарға әкелетіндер билікке таласушы топтар мен олардың басшылары.Олар өз саяси мақсаттарына жету үшін ұлттық факторды пайдаланады.Бұл салада біздің елімізде бірталай іс істелуде.1995 ж 1 наурызында Н.Ә.Н тың Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.Ол республикадағы барлық ұлттық мәдени орталықтарды қамтиды.

29-билет

29.Құқықтық және әлеуметтік мемлекет?

Құқықтық мемлекет – өзінің негізгі институттары ретінде билік бөлінісін, сот тәуелсіздігін, басқару заңдылығын, мемлекеттік билік тарапынан азаматтардың құқы бүзылуына жол бермеуді және оған қоғамдық мекеме тарапынан тигізілген залалдың құнын өтеп алуды қарастыратын мемлекет. Құқықтық мемлекет идеясының сан ғасырлық тарихы бар. Ол сонау ежелгі дәуірден бастау алады. Құқықтық мемлекеттің философиялық негізін И. Кант жасады. Құқықтық мемлекет - ең алдымен, құқықтық мемлекет идеялары іске ас¬қан конституциялық мемлекет. Құқықтық мемлекет атауы алғаш рет ХIХ ғасырдың бірінші ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды.

Әлеуметтік мемлекет – кең әлеуметтік негізге сүйенетін және халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге, азаматтардың қүқықтары мен бостандықтарын қорғауға және жүзеге асыруға, соңғы жетістіктермен қамтылған денсаулық сақтау, білім беру жүйелерін қүруға, әлеуметтік әлсіз топтарға қолдау көрсетуге, әлеуметтік қақтығыстардың алдын алуға, бейбіт реттеуге бағытталған белсенді әрі мықты әлеуметтік саясат жүргізетін демократиялық мемлекет. Әлеуметтік мемлекет үғымының айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десекте, ол туралы түсінік түрақтанып, тек ғьшымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгіт насихатта да, публицистикада да көп қолданылады.

59. Тоталитаризмнан демократияға көшу

Тоталитаризм – әрбір азаматтық қоғам барлық  саласы мен  мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттік – саяси құрылыстың түрі. Онда бір партия, бір идеология үстемдік етеді. Мұндай тәртіпте өндіріс, экономикаға, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. тегіс бақыланады. Тоталитарлық тәртіптен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әр түрлі өтеді.2-ші дүниежүзілік соғыстан кеін Германия,Италия,Жапония буржуазиялық демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады.Португалия,Испания,Греция мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық,саяси және моральдық-психологиялық қолдауының,сүйемелдеуінің арқасында жүзеге асты.Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялық тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады.Бірақ ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт 

89. Халықаралық қатынастардағы жаңаша саяси ойлау

Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықгық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтікметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйыдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін капиталистік және социалистік системалардың арақатынасында "қырғиқабақ соғыс" пен қатал идеологиялық қарама-қарсылық кезеңі басталды. Ол 80 жылдардың ортасына дейін созылды.80 жылдардың ортасы-нан бастап, жаңаша саяси ойлау кезеңі басталды. Оған көптеген себептер болды. Біріншіден, ядролық-космостық дәуірде мемлекетгер, әсіресе блоктар арасында әскери қақтыгыстар болмауы керек. Әскери техниканы дамытып, жанталаса қарулану өзінің шарықтау шегіне жетті. Термоядролық соғыс басталса, барлық адамзаттың, жер бетіндегі тіршіліктің бәрінің құруына әкеліп соқтырады. Екіншіден, қазіргі заманда бүкіл жер шарын қамтитын глобальды, ғаламдық мәселелердің маңыздылығы артуда. адамзат екінші дүниежүзілік соғысқа дейін қанша минералдық шикізат пайдаланса, одан кейінгі 40 жылдың ішінде соншалықты пайдаланған екен. Табиғат байлықтарын аяусыз пайдаланумен қатар соңғы он-жылдықтарда жұртшылықты қатты аландатып отырған қатерлі мәселе — планетаны ластау. Әлемдік мұхит негізінеи мұнай өндіруді өрістетуден ластануда. Сонымен қатар оған миллиондаған тонна фосфор, қорғасын, радиоактивті қалдықтар және т.т. тасталуда. Өзен, көлдер, ағын сумен бірге келгентыңайтқыш-тар, пестицидтер, сынап, мышьяк, қорғасын, цинк т.б. сияқты зиянды заттармен улануда.Үшінші үлкен мәселе «үшінші елдердің» алдыңғы қатарлы Батыс державаларымен салыстырғанда эконқ артта қалу үрдістерінің күннен күнге артуы.Жаңаша саяси ойлау деп елдің сыртқы,ішкі саясатын белгілеп,жүргізгенде жалпыадамзаттық мұраттар мен қазыналарды жоғары қою жүйесін айтады

30-билет

30.Азаматық қоғам: түсінігі мен мәні. Мемлекет және азаматтық қоғам?

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, өз мүдделерін қорғауға мұрсат алады.

Азаматтық қоғам мен мемлекет бірлесіп, ынтымақтасып қатар бой түзеп өмір сүреді. Бірін бірі тежеп, бір бірінің қызмет аясына араласып, іштей текетіреске де барып отырады.

Мемлекет өзін азаматтық қоғамның өзу туғызып, оны соның өзі асырап, оның іс-әрекетін бақылап отырғанын кейде ұмытып, бар билікті өзуысында ұстауға тырысады. Азаматтық қоғам өз ықпалын әлсіреткен жағдайда, мемлекет өзінің зор күшіне еніп, жыртқышқа айналады. Қоғамның бүкіл ұңғыл-шұңғылына араласып, адамды басып-жаныштайды, адам бостандығы мен құқын аяққа басуға дейін барады.

60. Сайлау жүйесі түсінігі және оның қоғам саяси жүйесінің дамуындағы рөлі

Өркениетті,демократиялы қоғамда саяси процеске қатысудың негізгі түріне сайлау жүйесі жатады.Сайлау жүйесі деп өкілетті және басқа мемлекеттің сайланбалы билік органдарын құру жолдарын,түрлерін,әдіс-тәсілдерін анықтайтын,тәртіпке келтірілген нормалар ,ережелер жиынтығын айтады.Жалпы алғанда сайлау жүйесіне мемлекеттік қызмет орнына үміткерлерді ұсынудың тәртібі,процесі және негізгі принциптері,оны ұйымдастыру,материалдық жағынан қамтамасыз ету т.б. шаралар кіреді.Ол азаматтардың саяси құқығын жүзеге асырылуын білдіреді.Сайлау барысында халықтың қалауы бойынша басқарушы элита алмасады.Сонымен қатар ол халықтың басқарушы элита өз жұмысын қалай атқарып отырғанына бақылау жасау мүмкіндігін береді.

90. «Қазақстан -2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:1)Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.2)Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.3)Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.4)Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.5) Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.6)Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығын арттыру.7)Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру. Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні - түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. 2050 жылға дейін кезең-кезеңмен мынадай міндеттерді шешу принципті маңызды:Біріншіден, мемлекеттің макроэкономикалық саясаты жаңғыртылуы тиіс.(Бюджет саясаты, Салық саясаты,Ақша-кредит саясаты,Мемлекеттік және сыртқы қарызды басқару саясаты).Екіншіден, біздің инфрақұрылымды дамытуға деген қағидатты түрде жаңа көзқарасымыз болуға тиіс.Үшіншіден, мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жаңғырту.Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет.Бесіншіденбізге индустрияландырудың келесі фазасының жоспары қажет.Алтыншыдан, ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп отырған жаһандық сұраныс жағдайында ауқымды жаңғырту қажет. Жетіншіден, еліміздің су ресурстарына қатысты жаңа саясат тұжырымдау қажет.




1. Юриспруденция квалификация степень бакалавр РОСТОВНАДОНУ 2012
2.  Понятие сравнительного правоведения На сегодняшний день опыт юридической жизни показывает что сравните
3. Общая характеристика направления подготовки дипломированного специалиста ~~Машиностроительные техно
4. Тема 41- Правові основи безпеки життєдіяльності
5. тема права і система законодавства Питання для обговорення- Поняття і структура правової системи
6. Объединение страны вокруг Москвы
7. Техника безопасности во время школьного похода1
8. Загальна характеристика залоз внутрішньої секреції Залози внутрішньої секреції не мають вивідних прото
9. .Предметцели и задачи истории Казахстана
10. по теме 7 Виктимология для курсантов 4 курса специальность 030505
11. Реферат- Учет затрат на производство
12.  Комплексные числа
13. тема организационнораспорядительной документации
14. ХІМІЯ ПРОСТИХ І КООРДИНАЦІЙНИХ СПОЛУК ДЖЕРЕЛ І ПЕРЕНОСНИКІВ МОЛЕКУЛЯРНОГО КИСНЮ.html
15. История Отечества - краткий курс
16. Часть 10 МАСКИ ИЗ ЛИСТЬЕВ МАЛИНЫ ОБЫКНОВЕННОЙИспользуют теплый настой листьев 1-15 1-20
17. Доказательство великой теоремы Ферма для четных показателей степени
18. Производственный менеджмент
19. Рациональное применение назальных деконгестантов при острых респираторных вирусных инфекциях у детей
20. Современный период развития Росси