Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Реферат Та~ырып- ~аза~станБеларусь біріккен ода~ Орында~ан- Жолдыбай Жас

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 6.11.2024

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Құқық және экономика колледжі

Реферат

Тақырып: Қазақстан-Беларусь біріккен одақ

Орындаған: Жолдыбай Жасулан

Қабылдаған: Қаражігітова Ботакөз

Алматы 2013

Қазақстан-Беларусь біріккен одақ

 Беларусь пен Қазақстанның серіктестік қатынастары мақтан етуге тұрарлық. Қос мемлекеттің сауда-экономикалық байланыстарының басым бағыты ұзақ мерзімді негізде өзара әр алуан өнімді жеткізу, сондай-ақ біріккен кәсіпорындар құру.

Беларусь пен Қазақстанның серіктестік қатынастары мақтан етуге тұрарлық. Қос мемлекеттің сауда-экономикалық байланыстарының басым бағыты ұзақ мерзімді негізде өзара әр алуан өнімді жеткізу, сондай-ақ біріккен кәсіпорындар құру.

 

Өзара сауда:Беларусь Республикасының (БР) ТМД елдерімен сыртқы саудасының тұтас көлемінде Қазақстан Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орында. Дүниежүзілік қаржы дағдарысы екіжақты сауда-экономикалық байланыстарына кері әсерін тигізді. Тауар айналымының төмендеуі 2009 жылдың басынан байқала бастады, дегенмен 2010 жылы жағдай реттелді. Осы уақытта екі мемлекеттің өзара саудасы соңғы онжылдықтағы тауар айналымының ең үлкен мөлшеріне жетіп, $867,2 млн-ды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе артық. Экспорт 47,9%-ға өсіп, $463,5 млн-ды құраса, импорт 5,4 есе өсіп, $403,7 млн-ды құрады.

 

График 1.Қазақстан мен Беларусь мемлекеттерінің арасындағы тауар айналымы, АҚШ долларымен көрсетілген 

 

Беларусь сыртқы істер министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанға экспортының құрылымындағы негізгісі – ауылшаруашылық машиналары мен жол техникасы, тракторлар, лифтілер, тоңазытқыштар, жиһаз, шиналар, дәрі-дәрмектер, сүт өнімдері, көлік құралдары мен қант.       Жаңа атаулардан қазақстандық нарықта беларустық рентген аппараттары, токарь станоктары, мұздатылған сиыр еті, сыра мен өзге де тауарлардың пайда болғанын атап өту керек.

   Қазақстаннан Беларусқа мойынтіректер, аккумуляторлар, мақта, тасымалдауыш таспалар және басқа да өнімдер экспортталады. 1 графиктен көрініп тұрғандай, 2011 жылы өзара сауда дамуының оң динамикасы байқалады. Қазақстаннан Беларусқа импорттың едәуір өсуі беларустық мұнай өңдеу зауыттарына қайта өңдеу үшін мұнайдың жеткізілуіне байланысты.

 

Біріккен жобалар

Қазіргі уақытта Қазақстан өзін индустрияландыру бағытына бет бұрды. Өнеркәсіптегі, денсаулық сақтаудағы, құрылыстағы жобаларды жүзеге асыруға бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының шеңберінде Қазақстанның, сондай-ақ Беларустың аумағында біріккен өндірістер мен кәсіпорындар ашу (жергілікті шикізат пен отандық технологияларды пайдалана отырып) жоспарлануда. Дамудың мемлекеттік жобасына сәйкес БелАЗ техникасын жинайтын және жөндейтін, Есіл-74 астық жинау комбайндерін және «МАЗ» автошассиінің негізіндегі арнайы техникасын өндіретін, дизельдік қозғалтқыштар мен «Беларус-3022» моделдік тракторларын жинайтын біріккен кәсіпорындар ұйымдастырылады.

Жұмыс істеп жатқан біріккен кәсіпорындар (БК) саны да көбеюде. Бүгінгі күні Қазақстанда БР-мен біріккен бірнеше өндірістер жұмыс істеуде: Семейдегі тракторлар шығаратын, Өскемендегі лифтілер жинайтын, Қостанайдағы комбайн жинайтын, батыс аймақтардағы жиһаз өндіретін кәсіпорындар. Соңғы беларус-қазақстандық жобалардың бірі – Қарағандыдағы «КазБелАЗ» зауыты. Бұл зауытта карьерлік техникалар мен самосвалдарға арналған бөлшектер мен агрегаттарды күрделі жөндеуден өткізетін алғашқы желілер іске қосылды. 2009 жылдың мамыр айында жұмысын бастаған Семейдегі беларус тракторларын жинайтын кәсіпорынның орны бөлек, 2011 жылы ол кәсіпорында 2 мыңнан астам машинотракторлық жиынтықтар дайындалды. Қазақстанда жеміс-көкөніс өнімдерін өңдейтін БК құру мәселесі талқылануда. Өткен қазақстандық-беларустық үкіметаралық комиссияда осы жобаны жүзеге асыру үшін Гомель және Алматы облыстары арасында келісімге қол қойылды.

Қазақстандық құрылыс компаниялары Беларусь нарығындағы өз орнын табуда. Және бұл үрдіс жалғаса беретіні байқалады.

Бүгінгі күні біріккен өндірістерді ашу ғана емес, ҚР Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ірі қалалардың, әсіресе Астана мен Алматының айналасында азық-түлік белдеулерін жасау мүмкіндігі туды. Қазақстан Үкіметі елдің егін шаруашылығының өзіне тән ерекшелігіне сай келетін белорустық ауылшаруашылық техникасының өндірісін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Басты қаржыландыру көздерінің бірі – лизинг. Сонымен қатар, Қазақстан Беларустың тұрмыстық тоңазытқыштар мен мұздатқыштарды өндіретін зауытты салуына қызығушылық танытуда.

   Қазақстанда белорустық өнімдерді «Атлант», «Керамин» және «МАЗ» сияқты ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдіктері мен сауда үйлері

арқылы сатуды ұйымдастыруда оң нәтижелерге қол жетті. Республикада «МТЗ-Азия-Сервис» ЖШС, «БелКа» ЖШС (Минск автозауыты) сауда үйлері табысты жұмыс  істеуде. Жалпы, 23 сервистік орталық, 60 шақты БК, 6 сауда үйлері, әр түрлі белорустық кәсіпорындардың өкілдіктері мен дилерлерінің бірталайы жұмыс жасауда.

Сонымен қатар, Минскіде «БТАбанк» ЖАҚ жемісті қызмет атқаруда. 2005 жылдан бастап белорустық БТА Қазақстанның ең ірі банктерінің бірі «БТА Банк» тобының құрамына еніп, оның еншілес ұйымы болып табылады. Банктің негізгі бенефициарлық меншік иесі – Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Сауда-экономикалық серіктестік жөніндегі Белорустық-Қазақстандық Үкіметаралық комиссия, ғылыми-техникалық серіктестік жөніндегі Белорустық-Қазақстандық комиссия және т.б. құрылып, жемісті қызмет атқаруда. Қазақстан және Беларусь үкімет басшыларының қатысуымен екіжақты іскерлік форумдарды өткізу үрдісі жалғасуда.

Жаңа материалдар, нанотехнологиялар және наноматериалдар, биотехнологиялар, ақпараттық және ғарыштық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау сияқты бағыттар бойынша ғылыми-технологиялық салалардағы ынтымақтастықтың маңызы зор. Ең перспективалық екіжақты жобалардың бірі – Беларусь Ұлттық ғылым академиясының физика институты мен Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің эксперименталдық және теоретикалық физика ғылыми зерттеу институты өткізетін газдық разрядтардағы плазмалық-шаңдық құрылымдардың пайда болуын зерттеу жұмыстары болып табылады.

 

Кедендік одақ туралы

Тауарлардың, капиталдың, жұмыс күшінің еркін жүруін қамтамасыз ететін, келісілген экономикалық, қаржы-несиелік, валюталық саясаты болатын Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуының дайындық кезеңі болып табылатын Кедендік одақ серіктестіктің жаңа мүмкіндіктері мен жаңа перспективаларын ашатыны сөзсіз. Сарапшылар Кедендік Одақты құрудың жалпы тиімділігін $400 млрд астам қаржыға бағалауда. Халқы 170 млн адамды, яғни басқаша айтқанда ТМД халқының 60% құрайтын ортақ нарықтың құру үрдісі басталды. Үш елдің жалпы өнеркәсіптік потенциалы  $600 млрд-қа бағаланады, мұнай резервтері 90 млрд баррельді құрайды, ауылшаруашылық өндірісінің көлемі $112 млрд. Кеңестік дәуірден кейінгі бар кеңістіктің жалпы ішкі өнімінің 85%-дан астамы Кедендік Одақ  аумағында өндіріледі. Үш елдің ішкі жалпы өнімінің ортақ көлемі $2 трлн асады, ал оның 2015 жылға дейінгі өсімі 15-18% шегінде болжанады. Кедендік Одақ шеңберіндегі ынтымақтастық аймақтық нарықтардың кеңеюіне, сондай-ақ үш мемлекеттің экспорттық өнімін жылжытуға оң әсерін береді.

  

   БЭК декларациясында өндірістік кооперацияны тереңдету үшін біріккен трансұлттық корпорацияларды құру жөніндегі ұсыныс ескеріліп, тараптардың

БЭК нормативтік-құқықтық базасын құрайтын халықаралық келісім-шарттарға код беруді аяқтап, осы негізде Евразиялық экономикалық одақ құруға ұмтылысы көрсетілген. Кедендік одақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, тараптар 2011 жылдың қарашасында жалпы интеграциялық қауымдастықтың мүддесіне сай қызмет ететін Евразиялық экономикалық комиссиясын құрды.

Екі мемлекеттің әр алуан бағыттарда белсенді серіктестіктік ететіні байқалады. Сауда-экономикалық саласында басымдық ауылшаруашылық машиналарын жасаудағы, агроөнеркәсіп өнімін өңдеудегі, жалпы агроөнеркәсіп комплексіндегі серіктестікке, сонымен қатар, Кедендік Одақ шеңберіндегі өзара әрекеттестіктің әр түрлі формаларына беріледі.

   Беларусь Қазақстанға ауылшаруашылық машиналары мен жол техникасын, тракторларды, лифтілерді, тоңазытқыштарды, жиһазды, шиналарды, дәрі-дәрмектерді, сүт өнімдерін, көлік құралдары мен қантты экспорттайды. Жаңа атаулардан – рентген аппараттары, токарь станоктары, мұздатылған сиыр еті, сыра.

 Бүгінгі күні Қазақстанда Беларусьпен біріккен бірнеше өндірістер жұмыс істеуде: Семейдегі тракторлар шығаратын, Өскемендегі лифтілер жинайтын, Қостанайдағы комбайн жинайтын, батыс аймақтардағы жиһаз өндіретін кәсіпорындар.

Қазақстандық құрылыс компаниялары Беларусь нарығындағы өз орнын табуда. Және бұл үрдіс жалғаса беретіні байқалады.




1. Исследование возможностей получения нанопорошков с помощью эксимерного лазера
2. Тема 1. Понятие и особенности административной ответственности 1
3. Тема 1 ФІНАНСОВА СИСТЕМА ДЕРЖАВИ Фінанси як цілісна економічна категорія мають свою структ
4. СТАТИСТИЧЕСКИЙ ГРАФИК И ЕГО ЭЛЕМЕНТЫ
5. Тематический словарьсправочник - Под ред
6. Контрольная работа- Программа имитационного моделирования работы банка
7. Контрольная работа по дисциплине Учет и анализ банкротства Вариант 3
8. 2014 о~у жылы Философияны~ ~андай б~лімі адам м~селесін зерттейді--- Антропология-- ~леуметтік философия-
9. Реферат Введение 1
10. Полацкая зямля ў Х-ХІ ст.html
11. Символьные вычисления
12. тематики Это госпожа Хутт она помощник господина Блака
13. Лаиса.html
14. виходить це комусь треба Виходить хтось хоче щоб вони бyли Виходить хтось називає ці плювочки.
15. до н э возникли поселения пастухов и землевладельцев
16. Предупреждение преступлений в сфере компьютерной информации
17. Поняття і принципи кримінального права
18. Лабораторная работа 2 Выполнил Грицунов Д
19. Реферат- Ответственность и права поручителя
20. Французская литература XVII века и проза Афры Бе