Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Мемлекеттік тіл ~лт негізі та~ырыбына эссе жазы~ыз

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

1) «Мемлекеттік тіл - ұлт негізі» тақырыбына эссе жазыңыз.

Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.
Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – республикадан тыс елдерде тұрып жатқан қазақтардың тілі. Қазіргі таңда жер бетінде 13 миллионға жуық қазақтар өмір сүреді.
Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда.

Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады. Мемлекеттік тіл – Қазақстан Республикасының әрбір азаматынан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жазуын талап етеді. Әрбір ұлттық мемлекетте мемлекеттік тіл – ол елдің мақтанышы. Өйткені мемлекеттік тілде мемлекеттік дәрежеде маңызы бар құжаттар жазылады. Оған қоса мемлекеттік тіл – татулық пен бірліктің тірегі. Мемлекеттік тілді өркендетсек өзге ұлт адамдарымен осы тіл арқылы қарым – қатынаста боламыз.

2) «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» тақырыбына эссе жазыңыз.

Тіл - халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап, оны мақтан тұта білуі керек. Өйткені, халықтың даналығы, жалынды жырлары мен алтын шежіресі сол халықтың тілінде жазылып, сол тілде ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады. Иә, тіл қай ұлтта болса да, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әр адамның бойына, ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.
Тіл байлығы - әр елдің мақтанышы.
Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңында: «Тіл-ұлттың аса ұлы игілігі әрі оның өзіне тән ажырағысыз белгісі, ұлттық мәдениетінің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы – тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты» делінген.
Тілдің көмегімен өнерді, білімді, ғылымды игереміз, өткен-кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз. өзіміз танып қана қалмай, сол асыл қазыналарымызды әлемге танытамыз. әлемді танимыз. Сондықтан адам баласының байлығының бірі-сөз өнері. «Өнер алды-қызыл тіл» деген аталы сөздің астарында қаншама сыр бар?!
Ә
рбір елдің күші, байлық-бақыты экономикалық даму денгейімен ғана емес, сонымен бірге мәдени, рухани өрісімен айқындалады. Ал мәдени өре, рухани талғам деген халықтың ақыл-ойының көрінісі тілге тікелей тәуелді екені белгілі.
Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз-қазақ тілі.
Қазақстан Республикасының негізгі халықтың тілі болып табылатын мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеу, оны білу-біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Сондықтан да елімізде, отбасымызда мемлекеттік тілді үйренуге мүмкіндіктер өте көп.

3) «Мәртебелі мемлекеттік тіл» тақырыбына эссе жазыңыз.

«Тіл жоқ жерде - ұлт жоқ», - дейді Ш. Айтматов. «Ана тілін білмейтін адам - бір қолы жоқ шолақ адам сияқты»,- дейді Ғ. Мұстафин. Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазіргі қазақ тілі өзара туыстас ру-тайпа одақтарының бірігуі және соның негізінде қазақ халқы мемлекеттігінің құрылуы нәтижесінде 15-17 ғасырда қалыптасқан. Қазіргі қазақ тілін ру-тайпалық тілдердің ұзақ тарихи даму барысында қалыптасып, тұтастыққа қолы жеткен бір бүтін тіл деп қабылдасақ, ол өзінің осы ұзақ тарихының көне, орта және қазіргі даму кезеңдерінде әр алуан жағдайларды басынан кешіргенін мойындағанымыз жөн. Қазақ тілімен байланыста болған тілдерді екі топқа бөлуге болады: туыстас, түркі тектес тілдер мен туыс емес (мыс: оған қытай, иран, араб, монғол, тұнғысманчжур, славян және т.б.) тілдерді жатқызуға болады. Осыған орай қазақ тілінің басқа тілдермен байланысуының сипаты және нәтижелері бірдей еместігін көрсеткен жөн.

Қазіргі кезде дүние жүзінде 5651 тіл бар, оларда сөйлейтіндер саны миллиардтан асады. Сөйлеушісінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында қазір 70-ші орында. Ж. Аймауытов ана тілі халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі екенін айтады.

4) «Адам бойындағы асыл қасиет» тақырыбына эссе жазыңыз.

Адам өмірде әдепті, ұқыпты болуы керек. Сыпайылық үлкенге құрмет кішіге ізеттен басталады. Ұл ұятты, қыз инабатты болса, сыпайылық деген осы. Өзіңе тән жұмбақ мінезіңмен әрдайым сыпайы бола білсең, әдептіліктің кепілі. Сәлемдесуден қоштасуға дейінгі әдептілік те сыпайылық болып табылады. Үлкенге де, кішіге де сыпайылық таныта білу әдептілікке жатады. Сыпайы болсаң өзіңе жақсы. Айналаңа сыйлы боласың.

Тәрбие тал бесіктен демекші әрбір адам тәрбиелі, саналы болуы керек. Тәрбиені адам бойына жастайынан сіңіру керек.

Тәрбиелі адам әрқашан дұрыс жүру, дұрыс сөйлеу әдебінен жаңылмақ емес. Әрқашан барлық жақсы нәрсе тәрбиеліліктен басталады. Көшеде кетіп бара жатып, жаман сөз айтып айғайлап жүрген адамдарды көресің. Сонда бұл не нәрсе деген ой еріксіз санаңда жаңғырары анық. Өмірдегі ең жаман нәрсе «тәрбиесіз» деген сөз деп ойлаймын. Тәрбиесіз болсаң, бірінші өзіңе, одан кейін ата-анаңа сын. Ата–ананы ренжітпеу олардан алған тәрбиені дұрыс қабылдағаның болып есептеледі.

5) «Тіл тұтастығы - ел тұтастығы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Қазақ тілі - қазақ халқының ұлттық, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазіргі қазақ тілі өзара туыстас ру-тайпа одақтарының бірігуі және соның негізінде қазақ халқы мемлекеттігінің құрылуы нәтижесінде 15-17 ғасырда қалыптасқан. . Бұл тілде Қазақстанда және Қытай халық республикасында, Монғол  халық республикасында, Иран, Түркия, сондай-ақ ТМД елдерінде: Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан т.б. аймақтарда тұратын 11 млн. астам қазақ (1997) сөйлейді. Туыстық тегі жағынан қазіргі қазақ тілі Батыс түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіретін: ноғай, қарақалпақ, қырғыз, татар, қырым татары, башқұрт, қарашай, балқар және осы топтағы өзге де тілдермен жақын туыстық қатынаста тұрады. Қазіргі кезде дүние жүзінде 5651 тіл бар, оларда сөйлейтіндер саны миллиардтан асады. Сөйлеушісінің саны жағынан алғанда қазақ тілі жер жүзіндегі 5651 тілдің арасында қазір 70-ші орында. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Бұл – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзі. .  Мемлекеттік тілдің тағдыры ұлттық оң болмыстың оянуын қажет етіп тұр. Шынына келгенде, қазақ тілінің тағдыры қазақтың өз қолында. Бұған жиырма жылдық жаңа өміріміз де, алдыңғы қатарлы елдердің тарихи тәжірибелері де толық дәлел бола алады.

6) «Мен таңдаған мамандық» тақырыбына эссе жазыңыз.

Әр бала кішкентай кезінде өскенде кім болатының армандайды. Ойын ойынағанда да өз кейіпкерін болашақ мамандығымен байланыстырады. Бірақ өскен сайын біздің өмірімізге деген көз қарасымыз өзгереді, және армандырымызбен қоса тандаған мамандығымызда өзгереді. Бала кезімізде қандай ғана мамандық тандамадық; дәрігер, әртіс, полиция қызметкері, заңгер және т.б. Мен тандаған мамандығым ол туризм менеджменті. Расында мен бұл мамандықты тандаймын деп ойлаған жоқпын. Бірақ қазір туризм менеджментің тандағаныма өкінбеймін. Бұл енді дамып жатқан мамандық. Қазақстан экономиясында туризм жоғары орын алады деп айта алмаймыз, бірақ жыл сайын туризм бағаланып жатыр. Мен туризм менеджментің Әл-Фараби атындығы Қазақ ұлттық университетінде оқып, осында білім алып жатырмын. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-  Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртибесіне ие. Университет 1934 жылы 15 қаңтарда ресми ашылды. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деп айтуға құқымыз бар. Университетіміздің мындаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде. Бүгінде университетіміз еліміздің жоғары оқу орындары арасындағы Қазақстан Республикасы Президентінің « Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығының иегері. Мен болашағымды туризс мамандығымен байланыстрығаныма және білім алу үшін ҚазҰУ-тің тандағаным үшін өте қуаныштымын.  

7) Білікті маман - қоғам сұранысы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Біз тандаған мамандық тек қана біздің болашағымызға ғана емес, біздің еліміздің болашағынада ықпал етеді. Қазіргі танда білім алу үшін, әсіресе жоғары білім орнына (университетке)тұсу үшін көп еңбек ету керек. Және білім заңы, білім алу бағдарламаны жыл сайын қыйындатып жатыр, ол тек қана мықтылардың мықтысы қалу үшін. Әрине өте дұрыс, себебі біздің елімізге, біздің еліміздің болашағына білікті, мықты мамандар керек.

Көптеген адамдар, жоқ барлығы десем дұрыс болады, тек қана таза жұмыс істегісі келеді бастық болып жоғарғы орында отырғысы келеді, бірақ ол әркімнің қолынан келе бермейді. Менің ойымша қандай мандық болмасын сен өз жұмысынды беске білуің керексін, тек сол кезде сен керек боласын. Ал жарайды білім алдын, қолында дипломын бар, бірақ сен ешнәрсе өзінің жұмысын жайлы білмейсің, сенен не пайда болыда. Білікті деген сөз тек қана дипломды санамайды, сенің басындағы ақылды және қаншалықты сен өз жұмысынды білесің, менің ойымша білікті маман деген осы. Және сенің қасында білікті маман жұмыс істесе сенің жұмысың қанда салада болмасын жоғарыға көтеріледі, сол себептен адамдарға, жұмыс берушілерге білікті маман қажет.

8) «Менің Отаным – Қазақ елі» тақырыбына эссе жазыңыз.

Отан...Бұл сөз - әр адамның жанына жақын, жүрегіне жылы тиер сөз. Құс ұясыз болмайтындай, адам Отансыз болмайды. Ал менің Отаным - сонау Каспийден Алтайға дейін созылып жатқан қасиетті өлке - Қазақстан. Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау, түтіні бұрқыраған ауыл, жазық дала елестеп, бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді. Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның - алтын бесігің», «Отаны жоқтық - нағыз жоқтық»,        - дейді халқымыз. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың борышы. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.  Қазақстан  - менің атамекенім.  Атамекен деген - туған тіл,  ата салт-дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғығы толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүрсілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз, айыптамаймыз да. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» дейді халық.  Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында келеді. Еліміз тәуелсіз ел, дербес мемлекет болып, XXI ғасыр табалдырығын сенімді аттағанбыз. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Ана тіліміз - қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы - Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.

9) «Әлемге әйгілі Астана» тақырыбына эссе жазыңыз.

Сарыарқа төсінде, Еуразия жүрегінде орналасқан еліміздің бас қаласы – Астана. Жалпы, Астана күні 1998 жылдан бері тойланып келеді. 1994 жылы шілденің 6 – сы күні Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы қаулысы қабылданды. Бұдан кейін, 1997 жылы Қазақстан Президенті Н. Назарбаевтың елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімі шықты. Қаланың қазіргі атауы қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Қазақша елдің бас қаласы дегенді білдіреді. Ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие.

Қазір Астанада алыс-жақын шетелдерден келген туристерді жалықтырмайтындай әсем де, айшықты орындар қала көркін сәндендіре түседі. Оларға – «Астана Бәйтерек», «Атамекен», «Қазақстан картасы этномемориалдық кешені», «Думан» ойын сауық орталығы, «Астаналық цирк», «Нұр-Астана» мешіті және т.б. орталықтар жатады. «Астана-Бәйтеректің» биіктігі 97 метр, аумағы 22 метр. Темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек. Металл конструкцияның биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады. Ол жерге қадалған 500 қадаға орнатылған. Салмағы 300 тонналық «хамелеон» әйнегінен жасалған шар Астананың көркін келтіріп тұрған ең әдемі кешен. Мұнда талай жас ақ некесін қиып, жұбайлық өмірге жолдама алды. Қаншама адамдар асқақ армандарын осы алып бәйтерекпен ұштастырды.

Қаланың рухани байлығын, өнерге деген талғам биігін көрсететін бұдан басқа, Қазақстан Президенті Мәдени орталығы, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ сазды-драммалық театры, Конгреес-холл, «Жастар» сарайы, ҚР бірінші Президентінің мұражайы, «Самұрық» және «Арсенал» кинотеатры, С.Сейфуллин мұражайы, Қ.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, М.Горький атындағы орыс драма театры бар.

10) «Қазақстандағы табиғат байлықтары» тақырыбына эссе жазыңыз.

Қазақстан жерінің геологиялық құрылысының әр түрлілігінен оның жер қойнауында көптеген пайдалы қазбалар қалыптасты. Республикамыздың жер қойнауында Менделеевтің периодтық жүйесіндегі барлық элемент кездеседі. Қазақстанның пайдалы қазбаларын зерттеуде қазақтың кей қазба байлық түрінен дүние жүзінде бірінші орында. Қазақстанның жер қойнауы жанатын пайдалы қазбаларға бай. Мұнай мен газ, негізінен Каспий маңы ойпатынан өндіріледі. Қазақстанда мұнай өндірудің ісі дамып келеді. Қазір республикада мұнай өңдейтін үш зауыт бар. Атырау, Павлодар және Шымкентте. Қазақстанда 400–ден астам көмір кен орны бар.  Олардың көбі Орталық Қазақстанда орналасқан. Ең ірісі - Қарағанды көмір алабы. Қарағанды көмір алабында өндірілетін көмірдің басты ерекшелігі кокстеледі және жабық әдіспен өндіріледі. Сапасы өте жоғары ашық әдіспен өндіргенде көмір тозаңдары атмосфераға араласып, ауаны ластайды. Соңғы жылдары салынғаны - Екібастұз.

Темір кенді пайдалы қазбалардың көптеген түрі бар. Темір кенінің сапасы жоғары, құрамында 50-60 пайыз темірі бар кен орындары Солтүстік Қазақстанда орналасқан. Қазақстанда балқытылған мыс дүниежүзілік стандартқа сәйкес келеді, Мыс кені құрамында 71 пайыз таза мыс бар. Республикамыздың жер қойнауы бағалы және сәндік заттарға өте бай. Ғасырлар бойы зергерлер асыл және бағалы тастардан неше түрлі әшекейлі білезік, шашбау, жүзік, моншақ, алқа, сырға, қапсырма, тұмарқап, белдік сияқты заттар жасаған. Әжелеріміз таққан таза күміс білезіктер, жүзіктер, қазір ұмытыла бастаған шашбаулар, оларды әшекейлеген лағыл, інжу, маржан, нефрит, родонит, лазурит, сапфир, ақық, әсіресе, қазақтар көзден сақтайды деп есептейтін сердолик тастарына Республикамыз өте бай, осы бағалы тастарды пайдаланатын жекелеген зергерлер болмаса, осы уақытқа дейін Қазақстан жерінде зергерлік заттар жасайтын кәсіпорын жоқ. Қазақстан - әктас, мергель, мыс, отқа төзімді тас, кварцит құм, минералды бояулар сияқты құрылыс материалдарына да бай.

11) «Туған жердің табиғатын аялайық» тақырыбына эссе жазыңыз.

Біз жас ұрпақ – табиғат қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулық пен әсемдікті талай ақын жырға қосып, небір әншілер ән арнаған. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бұлақ көрсең көзін аш», «Бір тал кессең, он тал ек» тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа деген сүйіспеншіліктері қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармаумыз керек. Ата-бабамыз көзінің қарашығындай қорғап, бізге мұраға қалдырған қазақ жерінің асты-үсті тұнған байлық. Бірақ оны ұқыпсыз пайдалану, түзілуіне мыңдаған жылдар кететін осы әсем табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға әкеліп соқтыруда. Бүгінде тек тәуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл-ойының нәтижесі алып ракеталар, атом стансалары, зауыттар мен фабрикалар, небір ғажайып көлік түрлері, қолдан жасалған заттар, т.б. ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта, жеңілдете түсуімен қатар қауіп-қатер туғызуда.
Бір ғана мысал: бүкіл дүние жүзі ғалымдарын толғандырып отырған озон қабаты тесілуінің өзі-ақ жер бетіндегі тіршілік атаулыға зауал болмақ.

12) «Су – біздің байлығымыз» тақырыбына эссе жазыңыз.

Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% — ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Су қоры – халық байлығы, өкінішке орай жер бетіндегі тұщы судың қоры өте аз. өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры, гидросфера ресурсының бір пайызына да жетпейді екен. Құрлық бетінің әр түрлі жерлеріндегі тұщы сулардың қорлары әр түрлі. Миллиардтай адам жуынатын, шаруашылыққа және ішер судың тапшылығынан зардап шегуде. Холера, іш сүзегі және жұқпалы гепатит, толяремея, бруцелез, вирустық аурулардың барлығын, атап айтқанда 80% ауруды дәрігерлер адамның ішуге пайдаланылатын суымен байланыстырады. Соңғы кезде республикамыздың әр аймақтарында ғасырлар бойы кездеспей кеткен жұқпалы аурулардың өршіп, қайталануы да осы су мәселесімен тығыз байланысты. Олай болса, Отанымыздың экологиялық тазалығын сақтау еліміздің, халқымыздың денсаулығын сақтау екендігін ұмытпауымыз керек. Қысқасы, қазақ даласының табиғатын аялау, күту өзіміз үшін керек.Ол байлық көзі, ұлттық ұғым түсінігіміздің, менталитетіміздің негізі.

Ендеше табиғатты сақтау, мәпелеу – біздің ұлттық міндетіміз. Ел тағдыры – экологияға да келіп тірелген тұсқа келдік. Бірлесіп күш салайық.    

 13) «Балқаш көлінің экологиясы» туралы шағын эссе жазыныз.

Балқаш көлі – Қазақстандағы  ең ірі көлдердің бірі. Ол Алматы, Қарағанды, Жамбыл облыстарының жерлерімен шектесіп жатады, ауданы 18200 шаршы шақырым,  Каспий  мен  Аралдан  кейінгі  үшінші  ағынсыз  үлкен  ірі  айдын  болып  табылады. Балқашта  балықтың  20-дан  астам  түрі  бар, мұның  6  түрі  көлдің  өзінде  өскен  балықтар. Осындай   байлығы  бар  Балқаштың  қазіргі  жағдайы  ауыр. Ол  Арал  кейпін  киюде. Ағынсыз  көне  көл  таязданып  барады. Балқаштың  ең  бірінші  қатері – көл  аумағының   кішірейіп  бара  жатқандығы. Егер  су  көлемі   қысқарып, су  мен  батпақта  өсетін  өсімдіктер  азайып  кетсе, онда  балық   қоры  да  сирейді.

Қазақстан   бойынша  аса  сирек  және  құрып  бара  жатқан  құстардың  87  түрі  “Қызыл  кітапқа”  жазылған  болса, оның  ішінде  47  түрі  Балқаш  жағалауында  екен. Бір  кездері  көлдің  бетін  жауып  жататын  құс  базары  сиреген.  Аққу, бірқазандар, қаздар мүлдем  көрінбейді.

Балқаштың  жағасындағы  мыс  алабы  көп  жылдан  бері  қаланы   қамтамасыз  етіп, оның  дамуына  жағдай  жасап  келеді. Бірақ  комбинаттың  айналадағы  ортаны  ластандырып  келе  жатқандығы  жанға  батады. БМК-ның  зияны  кейінгі  кезде  қатты  сезіле  бастады. Қаладағы  экологиялық  жағдайдың  қиындауына   байланысты  тұрғындардың  өлімі  жиілеп  кетті. Аталған  комбинат  экологияға  ерекше  назар  аударуы  қажет. Әзірше  ауаға  тарайтын  зиянды  қоспалар  аса  ауқымды  - жылына  5000  тонна. Сондықтан  да  табиғат  қорғау  шараларына  арналған  нысандарды   бірінші  кезекте  іске  қосуды  қолға  алатын  уақыт  жетті.

 14) «Табиғат- таным  бастауы»  тақырыбына эссе жазыңыз.

Қазақстанның аумағы түгелімен қоңыржай белдеуде жатқандықтан, жылдың төрт мезгілі өз уақытында ауысып отырады.

Республикамыздың солтүстігінді қыс қараша айынан бастап наурызға дейін созылады. Дала зонасының қысы боранды, өте суық  әрі ұзаққа созылады. Қарашадан бастап қар түседі.      Ал шөлейт аймақтың қысы боранды, әрі суық келеді. Қар негізінен қарашадан ақпан айына дейін жатады. Солтүстік және Орталық Қазақстанның қысқы ауа райына Азия (Сібір) антициклоны едәуір әсер етеді. Таулы аудандардың қысы биіктік  белдеулікке байланысты қалыптасады.

Қазақстанның оңтүстігінің қысы жұмсақ, желтоқсаннан наурызға дейін созылады. Алайда артктикалық ауа массаларын оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын Орта Азия мен ирандық тропиктік ауа массаларын ауыстырып, күн қайтадан жылына бастайды. Суық ауа мен жылы ауаның алмасуынан жауын – шашын түседі. Ауа райының кенеттен өзгеруінен кейде жер көктайғақтанады.

Көктем республика жеріне ерте келеді. Көктемнің ұзаққа созылуы сирек. Көктем алдымен Оңтүстік өңірінде шығады. 1,5-2 айдың шамасында көктем Солтүстік аймаққа да жетіп, жердің беті жылына бастайды.

Республика жерінде қар оңтүстікке ақпан айында, Оталық Қазақстанда наурыз айында, Солтүстік Қазақстанда сәуір айында ери бастайды. Ал биік тау беткейлерінде көктем айында жауын – шашын молырақ жауады.

Қазақстанның жазы ыстық  әрі ұзақ, мамырдан қыркүйекке дейін 5 айға созылады. Солтүстік Қазақстанның жазы ылғалды.  Солтүстік – батыстан соғатын циклондар жауын – шашын әкелетіндіктен, мұндай ауа райы жаздық егіске өте қолайлы келеді.

Қазақстанның күз айы қысқа әрі құбылмалы келеді. Солтүстік аймақта күз тамыз айынан басталып қазан айына дейін созылады. Көбіне күн ашық, бұлтсыз болады. Қазан айының соңына таман ауа райы бұзылып, кей жерлерде қар түсе бастайды. Ал республиканың оңтүстігінде күз айының екінші жартысынан желтоқсан айына дейін созылады. Күзде жауын – шашын сирек жауып, құрғақ, ашық ауа райы қалыптасады. Күздің соңғы айында ғана күн бұлыңғыр тартып, ауа дымқылданып күзгі суық жел соға бастайды. Таулы аудандарда күз өте қысқа болады.

15) «Семей сынақ алаңы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Семей сынақ алаңы КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен 1947 жылы 21 тамызда ашылды. Алғаш мұнда әскери бөлімдер, құрылысшылар келді. Мұнан кейін жасырын түрде "Москва-400" шағын қалашығы, лабораториялық-экспериментальдық, өндірістік базалар бой көтере бастады. Ядролық тәжірибе жасау үшін халық шаруашылығына арналған жер алынды. Тәжірибе жасау үшін қойлар, шошқалар, иттер, атжалмандар, азық-түлік салынған жәшіктер, адам кейпіндегі заттар алынды. Мұның бәрі сынақ күшінің қуатын зерттеу үшін алынды. Ал жергілікті халық бұл тәжірибеден бейхабар болды. 1949 жылы 29 тамызда бірінші сынақ жасалды. Сынақ жер астында да, жер үстінде де жасалды. Жер астында жасалған сынақтардың қуатының күштілігі соншалық, радиоактивті газдар бірнеше рет жер бетіне жарып шықты.  Алғашқы кезде тұрғын халық осы бір тосын құбылысты қызықтай қарады. Бұл еркіңнен тыс қызықтыратын, беймәлімділігімен үрей туғызатын көрініс еді. Айналадағы болып жатқан сұмдыққа адамдардың еті үйрене бастады. Оның ауыр зардабын тартатынын кеш білді.  Абай елінің әрбір екінші тұрғыны қан қысымының төмендеуіне, әлсіздікке, селсоқтыққа ұшырады.

Ғалымдардың болжамы бойынша Семей полигоны әсерінен барлық тұқым қуалау ақаулары болашақта, ұрпақ алмасқан кезде неғұрлым толық көрінген. Қазірдің өзінде осы аудандарда туа біткен кемтарлық дүниеге келген әрбір мың нәрестенің қырық сегізінде кездесіп отырады. Бұл орта есеппен республика бойынша алғанда 6 есеге көп, ал полигонға жақын орналасқан ауылдарда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Оның өзінде 1989 жылы 13 ақпанда кезекті жарылыстан кейін радиациялық тұман бірнеше елді мекендерді және Шағандағы әскери - ұшқыштар қалашығын басып қалды. Осы жағдайдан кейін әскери ұшқыштар сол кезде Семей облысынан КСРО Жоғары Кеңесіне депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан ақын О.Сүлейменовтен көмек сұрады. Ол республикалық теледидардан сөйлеп, осы қасыреттің бетін ашты.

1989 жылы 28 ақпанда "Невада-Семей" деп аталатын ядроға қарсы қозғалыс пайда болды.

16) «Ұлт болашағы – ұрпақ денсаулығы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Табиғат – Ананың құдіреті күшті.  «Дені саудың – жаны сау» деген сөз бар қазақта. Адам белсенді іс-әрекетке бару үшін, жүйелі ойлап, дұрыс жүру үшін ең алдымен денсаулық керек. Халқымыз денсаулықтың қадірін біліп, қастерлей білген. Амандасқанның өзінде ата -әжелеріміз «Дені–қарның сау ма?» деп бастайды әңгімесін. Неше алуан бата – тілектерде тілектесіне денсаулықты тілеуді ұмытпаған дәстүріміз әлі де жарығын сөндіре қойған жоқ. Әр адамға қымбат байлығы – денінің саулығы болса, сол жеке адамдардан құралған мемлекеттің байлығы неге денсаулық болмасқа?! Байлық болғанда да қазыналы көмбедей, болашақтың сәулелі жолдарындай үлкен құндылық.

Уақытпен бірге жасасып келе жатқан нәрсені шектеулі уақыттың ауқымында қарастыру қисынсыз болса да, белгілі бір кезеңде оған ерекше назар аудару теріс емес. Осы орайда өткен жыл Елбасымыздың бастамасымен Денсаулық сақтау жылы болып жарияланды. Қазақстан халқының жай-күйін жақсарту, денсаулық сақтау  жүйесін қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы бұл бастама біз секілді жас мемлекетке әбден керек. Қоғамның ең қымбат қазынасы болып саналатын Адамға, оның денсаулығына деген қамқорлық қолға алынып жатса, оған қиырдағы қалың бұқараның үлкен үмітпен қарары сөзсіз.

Денсаулық – мемлекет байлығы. Оның иесі де өзімізбіз. Ұлт болашағы – дені сау ұрпақ. Ендеше, қолда бар алтынның қадірін ұғынып, қазынамызды далаға шашпайық.

17) «Арал тағдыры – адам тағдыры»» тақырыбына эссе жазыңыз.

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.

Каспий теңізінен деңгейі бір кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық жерлері судың астында қалды. Қазірдің өзінде де бұл елдердің мұнай өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері су астына кету қаупі бар.

Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен қосу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 шақырымды құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек. Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен қаптап, жылына 25 текше шақырым (25 км3) су жүретіндей етіп іске қосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кеңейіп, 40 текше шақырым (40 км3) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Әрине, аталған жоба бойынша бірінші кезектегі каналдың құрылысын 3-4 жылда, ал екінші кезектегі құрылысты асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде салуға болар еді. Бірақ та, біз күткенмен де Каспий күтпейді, сондықтан бұл жұмысты ұзақ мерзімге қалдыруға әсте болмайды.

Канал жағалауларының дамбасын салуды каналды қазу жұмысымен қатар жүргізгенде оны толығымен 5-6 жылда аяқтауға болады. Жоғарыда, соңғы 15 жылдың ішінде Каспийдің суы 800 текше шақырымға артты делік. Яғни, ол жыл сайын 53 текше шақырым су қосылғанын, немесе теніз деңгейінің жылына 14 см-ге көтерілетінін білдіреді. Егер Каспий теңізінен жылына 40 текше шақырым су алынып тұрса, ол теңіз суының көтерілуіне жақсы тежеу болмақ. Аралды суға толтыруға кажетті 25 жылдың ішінде су деңгейінің көтерілу қарқыны осы күйінде сақталғанның өзінде Каспий суының деңгейі 3,5 метрдің орына тек 0,87 метрге ғана көтеріледі. Сөйтіп 25 жылдың ішінде Аралға 1000 текше шақырым су құйылады.

18) «Каспийдің экологиялық жағдайы» тақырыбына эссе жазыңыз.

Каспий теңізінің жағалауы мен табанынан мұнай өндірудің жыл сайын үдей түсуі  мемлекетаралық  әлеуметтік-экологиялық проблемалардың шиеленісіне түсуіне әкеп соғуда.қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануы, ауа, су ресурстарының сапасының нашарлауы, фауна мен флораның зардап шегуі мен адам денсаулығының нашарлауы тұрғындардыалаңдатып отыр. Тұтастай алғанда Каспий теңізінде өсімдіктердің – 500, балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Жағалауға таяу аудандарда көміртегі шикізатын барлау және зерттеудің одан сайын кең қанат жаюы, өзен, өнеркәсіптік, коммуналдық ағындылардың лас ағымының көбеюі, теңіз апаттарының болуы салдарынан мұнай мен мұнай өнімдерінің теңіз бетіне тарауы, т.с.с. зиянды антропогендік процестерді күшейте түсті.Каспий теңізі солтүстік бөлігі дүние жүзінде сирек кездесетін – бекіре, итбалықтар, шоқыр, қара уылдырық беретін балықтар аса құнды табиғи тіршілік иелері екендігі белгілі. Сондықтан бұл аймақ ерекше қорғалатын табиғи қорық деп жарияланған. Алғашқы кездерде шетелдік мұнай компаниялары өздерінің озық технологиялары барын, сондықтан мұнай қалдықтарымен жұмыс жасауға мол тәжірбиелері бар екендігі ұсынған.

Соңғы жылдары теңіз астынан мұнай іздеп бұрғылау кезінде күкірт қышқылы, азот, аммиак және сынаппен ластанған.Кейінгі кезде Каспийдің итбалықтары қырылу құбылысы енді қызыл балықтарға қауіпін төндіруде.

Сонымен бірге теңіздің кіші інжу-маржан аралдарынан қорытпа, бекіре, северюга, тәрізді бекіре тұқымдастардың ғана уылдырығымен  және шабақ планктондарымен қоректенетін мнемиопопсис деп аталатын мөлдір денесі іркілдеген теңіз жәндігі – медузаның көп мөлшерде табылғандығы туралы мәліметтер бар. Медуза – мөлдір түсті, денесі іркілдек теңіз жәндігі.

Бұл жәндіктердің ойда жоқта көбейіп кетуін ғалымдар түсіндіре алмай отыр, ал бұл жебір жәндіктер асыл байлығымыз болып табылатын балықтарымызды құртуда. Көпшілік ғалымдар бұл құбылысты теңіздің мұнай қалдықтарымен ластануымен байланыстырып отыр Әлдебір құдірет Каспийге енді сол тауықметті тартқызбақ.

Каспий теңізіндегі балықтардың ауруға шалдығуы көптеп кездесіп жүр. Мысалы, зертханалық зерттеулер бекіре ағзасының елеулі түрде сырқатқа шалдыққанын анықтап отыр. Оның уылдырығының сырты былжырап жұқарған. Әсіресе, етінен ауыр металдар – қорғасын, сынап пен калий бар екендігін анықтаған. Бұлардан басқа гербицид, пестицид сияқты улы заттар да табылған. Ал ауру балықтардың уылдырығы болса консервілеуге мүлдем келмейді. Айта берсек қазіргі кездегі Каспий теңізінің тіршілік көздерінің ластану салдары ұшан теңіз.

Балық бағалы байлық. Тек Каспий байлығымен қазіргі күні 5 мемлекеттің жүздеген миллион адамдары қоректеніп отыр. Егер осы балық болмаса, осыншама халық қалай күн көрмек.

19. «Қазақстандағы туризм ошағы»  тақырыбына эссе жазыңыз.

Туризм Қазақстан экономикасындағы қарқынды салалардың бірі, Халықаралық сарапшылардың пікірінше қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланы біріне жатады. Туризм көп елдерде жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауда балансының белсенділігіне ықпал етеді. Соңғы жылдары туризм әлемдегі ең табысты бизнестің бірі. Туризмнің маңызы жылдан-жылға өсуде, оның халықаралық байланыста және валюталық түсім көз ретінде маңызы артуда. Елдердің шикізат көзі азайлады, ал туристік индустрия қалпына келетін ресурстармен жұмыс істеген. Туризмнің басқа да салаларға тигізетін әсері мол, оның 32 салаға жанама ыкпалы бар (турфирмалар, көлік түрлері, мейманхана кешендері, демалыс үйлері, санаториялар, ұлттық парктер, тамақтану сферасы, т.б.). Бұл дегеніміз -әлемдік өндірісте әр 9 адамның жұмыс орны деуге болады. "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиьангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз элі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиьангерлік және саяхатшылық-бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жүмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

20) Отырар апаты»  тақырыбына эссе жазыңыз.

Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб-Сырдарияның орта алқабында орналасқан көне қаланың орны. Отырар VІІІ ғасыр басынан Тарбанд деген атаумен белгілі. 1218 жылы Хорезмшах Мухаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғысханның керуендегі көпестері өлтірілді. Бұл монғолдардың Орта Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын “Отырар апаты” деген атпен белгілі.1219 жылы көктемде Монғолиядан жорыққа аттанған 200 мың әскер күзде Отырарға жетті. Монғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады, тірі қалғандары Монғолияға айдап әкетілді. Бірақ 1219 жылы апаттан кейін Отырар қайта жанданды. 1255 жылы армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүзілік саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарады. Ақ Орда хандары, әсіресе, Ерзен мұнда медреселер, мешіттер, кесенелер салған. Жошы ұлысы құлағаннан кейін Отырар Темір мемлекетінің құрамына кірді. Темір мирасқорлары мен Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті. ХVІ ғасырдың екінші жартысынан қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен, ХVІІІ ғасырдың басына дейін өмір сүрген.Отырар – бесбұрыш тәріздес төбе. Қала дуалмен қоршалған. Қаланың үш қақпасы болған. Орталық қақпа оңтүстік жағына орналасқан.

21) «Ғажайып таулы өлкелер»  тақырыбына эссе жазыңыз. 

Қазақстан жеріндегі аласа таулар жүйесіне Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау таулары жатады. Сарыарқа тауы солтүстүгінде Батыс Сібір жазығынан басталып, оңтүстігінде Балқаш көліне дейінгі аралықты, батысында Торғай үстіртінен шығысында Сауыр-Тарбағатай таулы жүйесіне дейінгі аралықты алып жатыр. Жер бедерінің теңіз деңгейінен биіктігі 250-400 метр. Сарыарқаның жер бедері алуан түрлі. Мұнда тек тегіс жерлер ұсақ шоқыларға алмасып отырады. Сондықтан да «Қазақтың ұсақ шоқысы» деп аталған. Сарыарқаның шоқыларының биіктігі де әр түрлі. Сарыарқаға Ұлытау, Құмтас, Баянауыл, Қарқаралы, Шыңғыстау, Көкшетау таулары жатады.

Палеозой эрасында қазіргі Сарыарқа жерінде жанартаулар атқылап, тау түзілу процесі жүрген. Содан бері миллиондаған жылдар өтті. Таулар біртіндеп мүжіліп, ұсақ-ұсақ шоқыларға айналған. Сарыарқа өнірінің табиғаты өте әсем, көрікті. Сарыарқа жерінен жел, жаңбыр мен қар, күн сәулесі, ауа райы т.б. әсерінен мүжілген әр түрлі пішінді тауларды, үлкенді-кішілі үңгірлерді кездестіре аласыз.

Мұғалжар тауы – Орал тауының қазақ жеріндегі жалғасы. Тау солтүстіктен оңтүстікке қарай екі жүз шақырым жерге созылады. Оның теңіз деңгейінен биіктігі орташа есеппен 450 метр. Ең биік шоқысы – Үлкен Боқтыбай (657 метр).  Мұғалжар тауы шөгінді және магмалық  жыныстардан құралған ежелгі тауларға жатады.

Маңғыстау таулары Қазақстанның батысында Каспий теңізінің Маңғыстау түбегіне дейінгі аймақта созылып жатыр. Маңғыстау таулары құрылысы, жер бедерінің жалпы ерекшеліктері жағынан Сарыарқа тауларына ұқсас. Маңғыстау тауының Қаратау жотасының биіктігі – 556 метр. Таулар құмтас, кристалды сланец, қара әктас (Қаратау), ақ әктастардан (Ақтау) құралған. Маңғыстау тауының оңтүстігінде Қазақстандағы теңіз деңгейінен ең төмен жатқан жер – Қарақия қазан шұңқыры бар.

22) «Мемлекеттік шекара» тақырыбына эссе жазыңыз.

Мемлекеттік және құқық теориясы бойынша мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі ретінде халықтың территориялық ұйымдасуы және сол территория шеңберінде жүретін биліктің болуымен сипатталады. Қазақстан мемлекеті тарихи түрде құрылған территорияға ие. Қазақстан, Қытаймен,Өзбекстанмен,Қырғызстанмен,Түркменстанмен, Ресеймен шекаралас. Кез келген мемлекет өмірінде шекара маңызды рөл атқарады. Шекараарқылы мемлекет орналасқан жердің көлемін нақтылы көріп, елдің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайына сипаттама беруге болады. Сондықтан әр мемлекет өз шекарасын қатаң түрде сақтауға мүдделі. Бұл туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңында «біздің мемлекет өз территориясының шекарасын құрлықта, теңізде және ауа кеңістігінде Қарулы күштерімен қорғайды» делінген.Қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арқасында шекара нақтылы белігіленіп, заңды түрде рәсімделмеген болатын. Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында мемлекеттік шекара қауіпсіздігі мәселесі үлкен сұрақтар астында болды. Сондықтан жас мемлекетіміз егемендігінің алғашқы кезінен бастап өз шекарасын заңды түрде бекітуге асықты. Шекара мәселесі үлкен саясат пен біліктілікті және ұзақ уақытты талап етті.

23) «Наурыз – ұлттық мейрам» тақырыбына эссе жазыңыз.

Наурыз — парсы сөзі, қазақшасы “Жаңа жыл”, “күн” деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз — бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл — күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы — “Ұлыстың ұлы күні” деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды. Наурыз — табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні: “бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық”, — дейді. Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: “Ұлыс құтты болсын!”, “Ақ мол болсын!”, “Төрт түлік ақты болсын!”, “Ұлыс береке берсін”, “Бәле жала жерге енсін!” Сөйтіп адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән күйге жалғасады. Халқымызда бұл күнге арналған “Наурыз тойы”, “Наурыз жыры”, “Наурыз көже”, “Наурыз батасы” сияқты салт дәстүрлер бар. Наурыз көже — азықтың жеті түрінен жасалады. Бұл қазақ тіліндегі “Жеті” сөзімен байланысты шыққан. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек. Наурыз көженің құрамына негізінен бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су т.б. қосылу керек. Бұған қыстан шыққан

қазы, шұжық, сүт, ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады.

24) Абайдың табиғат туралы өлеңдерінен үзінді жазыңыз

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды,

Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлыттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

Жасыл шөп бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

25) «Менің қаламдағы экологиялық жағдай» тақырыбына эссе жазыңыз.

Алматы қаласының экологиялық жағдайы қиын. Оның басты себебі ауыр өнеркөсіп орындарының табиғат жағдайларын ескермей салынғандығынан. Қазір Алматы кәсіпорындары жылына атмосфераға 47 мың тонна зиянды қалдықтар шығарсa. Алматының экологиялық жағдайын жақсарту үшін қоғамдық көліктер газбен жұмыс істеуге көшірілуде. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қолайсыз экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, әрбір кәсіпорынның табиғатқа тигізіп жатқан зиянын анықтап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

26) «Ұлы Жібек жолы» тақырыбына эссе жазыңыз.

«Ежелгі байланыс» тәсілдерінің бірі Ұлы Жібек Жолы еді. Ол тұрақты дипломатиялық және сауда-саттық, қарым-қатынас жасалатын күре жол қызметін атқарып келді. Қытай жібегі тиелген кеуендер шығыстан батысқа қарай, ал Орталық Азиядан, Таяу және Орта Шығыстан, Жерорта теңізінен тауар тиелген керуендер батыстан шығысқа қарай тап осы түркілердің жерін басып өтетін. Бұл байланыс көпірінің маңызы дүниенің екі бөлігі арасындағы материалдық ауыс-түйіспен ғана шектеліп қалмай, оның шеңберінен өте-мөте алысқа кетіп жатты. Ол алуан түрлі мәдениеттер мен халықтарды бір-бірімен байланыстырып, сонау ежелгі заманнан бері идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретінде қызмет етіп келді», – дейді елбасы Н.Назарбаев.

Ұлы Жібек Жолы – адамзат өркениеті жасаған тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы ІІ ғасырдан басталған бұл жол Еуропа мен Азияның – Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында 6 – ғасырдан бастап екі бағыт кең өрістеген: Сырдария және Тянь-Шань керуен бағыттары. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан арқылы Жетісуға, әрі қарай өткен. Бұл бағыттағы Батыс пен Шығысты жалғастырған өзен Сырдария болған. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы сауда қалалары – Суяб, Навокент, Құлан, Тараз, Испиджаб, Отырар, Шавгар, Янгикент. Екінші жол Шығыс Түркістаннан басталып Жетісу  жағалап, Шашқа (Ташкентке) өткен. Одан Азиямен, Византиямен жалғасқан. Бұл жолдағы қалалар  - Суяб, Баласағұн, Тальхир, Тараз, Газгирд (Қазығұрт). Бұл қалалар көне орта ғасырларда Жапониядан, Корея мен Қытайдан Орталық Азияға, содан Ресей мен Византияға сапар шеккен саудагерлер жолының орталықтары болған.

Бұл жолмен әр түрлі тауарлар – жібектер, бағалы тастар мен күмістер, дәрілер мен бояулар тасымалданған. Құл саудасы да өркендеген. Жібек Жолы бойында өнер (би, музыка, сурет, сәулет өнерлері) мен дін (ислам, христиан, будда, манихей) дамыған. 14-15-ғасырларда Түркістанда түркі халықтары табынатын атақты ғұлама ақын Қожа Ахмет Иассауиге үлкен кесене – кешен орнатылған.

27) «Ұлы ғалым өмірі -ұрпаққа өнеге» тақырыбына эссе жазыңыз.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) қазақтан шыққан географ, Қазақстанды, Шығыс Түркістанды, Орталық Азияны зерттеген саяхатшы, ойшыл, тарихшы, этногроф. Шоқан қазіргі Көкшетау облысындағы Обаған көлі жағасында Құсмұрын деген жерде 1835 жылы дүниеге келген. Әкесі Шыңғыс әйгілі Абылай ханның немересі.

Жасынан медреседе сауатын ашқан Шоқанды әкесі 1847 жылы Омбы қаласындағы кадет корпусына оқуға береді. Зерек Шоқан орыс тілі мен әдет ғұрпын аз уақытта-ақ үйреніп қала өміріне тез бейімделеді. Білімқұмар жас бұрыннан оқып жүрген орыс балаларын қуып жетіп, оқытушылардың көзіне түседі. Мұнда өзімен қатар оқып жүрген, қазақ жерінде туып өскен Г.Н.Потанинмен танысып, екеуі дос болады, бірге Орта Азияға саяхатқа шығуды армандайды.Шоқан кадет корпусын 1853 жылы 18 жасында бітіріп шығып, Батыс Сібір генерал губернаторлығында қызмет етеді.1856  жылы Орта Азияны зерттеуге құрылған әскери экспедиция құрамына алынып, қазақ жерін, Ыстық көл маңын, Орта Азияны зерттеуге қатысады. 1856  жылы Шоқанның патшалық Ресейдің географиялық қоғамын басқаратын П.П. Семенов Тянь-Шанскиймен кездесуі кейінгі өміріне көп өзгерістер жасайды. П.П. Семенов Тянь-Шанскийдің ұсынуымен 1857 жылы 22 жастағы Шоқанды орыс география қоғамына толық мүше етіп қабылдайды. Сол кездегі көптеген ғылыми экспедициялар П.П. Семенов Тянь-Шанскийдің тікелей қолдауымен жасақталды. Шоқанның Қашқария сапары П.П. Семенов Тянь-Шанскийдің басшылығымен ұйымдастырылды. Қашқария бұған дейін Еуропа елдерінің бірде бір саяхатшысы өте табысты болып, ол көптеген ғылыми мәліметтер жинап қайтады.Шоқан «Жоңғария очерктерін», «1858 – 1859 жылдардағы Алты шаһар немесе Қытай провинциясын Шығысындағы алты қала жағдайы», «Тау қырғыздары туралы», «Шаман діні», «Күнделік дәптерлер» атты еңбектерін жазады. Осы жазған еңбектері дүние жүзінің көптеген тіліне аударылды. Қырғыздың атақты «Манас» жырын алғаш жазып алғанда Шоқан еді. Бірақ ғалымның өмірі қысқа болды.

28) «Табиғат тағдыры- ұрпақ тағдыры» тақырыбына эссе жазыңыз.

Бүгінде табиғатты қорғау ісі бүкіл дүние жүзілік проблемаға айналды. Қазіргі уақытта Қазақстанның табиғат байлығын қорғау мәселесі ең негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің экологиялық проблемаларын айтқан кезде, алдымен Арал, Балқаш, Семей қасіреттерін ауызға аламыз. Бар жоғы 30 жылдың ішінде айдынды теңіз аталған Арал тартылып, екіге бөлінді. Тұзы көтеріліп, қышқыл жауын-шашын болып жауатын болды. Сыртқы ортаға қатты өндіріс қалдықтары да көп зиянын тигізеді. Ашық әдіспен 1 тонна темір рудасын өндіргенде 40 тонна тау жынысы електен өткізіледі, ал бұл біраз жерді жауып, ол жер ауыл шаруашылығына жарамсыз болып қалады. Екібастұз көмірі ашық әдіспен өндіріліп, сол жерде орналасқан жылу электр станцияларында жағылып, одан электр энергиясы алынады. Бірақ ондағы дүние жүзіндегі ең биік 430 метрлік мұржадан шыққан көмір түтіні Алтай тауының ғана емес, Гималай тауларының мұздықтарына дейін жетіп, тозаңы шөгеді екен. Бұл мұздың бетіне қонған қара тозаңның қабаты қалындаған сайын өзіне күн жылуын көбірек сіңіріп, тұщы су қоры мұздықтардың шамадан тыс көп еріп, бірте-бірте азаюына әкеліп соғады. Бұл — құрлықтағы тұщы су қоры азаяды деген сөз. Жер бетіндегі ауа үнемі қозғалыста болады да белгілі бір ауданда пайда болған улы заттарды басқа бір жерлерге таратады. Республикамыздың экологиялық жағдайының нашарлауы салдарынан әр түрлі жұқпалы аурулар көбейіп кетті. Соңғы жылдары республикамызда экология және табиғатты пайдалану жөніндегі министрлік құрылды. Ол ұзақ жылдар бойы қалыптасқан қолайсыз экологиялық жағдайларға жан-жақты талдау жасап, әрбір кәсіпорынның табиғатқа тигізіп жатқан зиянын анықтап, еліміздің топырағы, суы, ауасының тазалығына бақылауды жақсарту ісін қолға алуда.

29) «Судың да сұрауы бар» тақырыбына эссе жазыңыз.

Соңғы 10 жыл ішінде теңіздер мен мұхиттардың мұнай мен мұнай өнімдерімен ластануы күшейіп, теңіздегі биологиялық үдерістердің жүруі бұзылған. Оның ластануы 60-98% құрайды, ал қайраңдық кен орындарының теңіз түбіндегі сұйық көмірсутектің табиғи мөлшері 2-10%. Қазіргі кезде мұнайлы  ластаушылардың 66% теңізге өзен сулары арқылы араласатын болса, 24% қалалық өндіріс қалдықтарымен түседі. Жерасты суларының ластануы өзен мен теңіз суларының ластануымен қатар жүреді. Нәтижесінде берілген ауданның антропогендік әсерлерге ұшырамаған жерасты суларымен салыстырғанда, олардың құрамы мен физикалық қасиеттері нашарлайды. Жерасты суларын ластаушы көздер ластандырғыштың түрі мен пайда болуына, олардың су қабаттарына түсу жағдайларына байланысты бөлінеді. Ластанған суда көмірсутектер, мұнай өнімдері, фенолдар, ауыр металдар т.б. кездеседі. Мұның бәрі судағы өсімдіктер мен балық шаруашылығына үлкен зиян келтіретіні сөзсіз. Ғаламшарымыздың 70% су алып жатыр, ал күніне 25000 адам жер бетінде тұщы судың жетіспеуінен көз жұмады екен. Миллиардтай адам жуынатын, шаруашылыққа және ішер судың тапшылығынан зардап шегуде. Холера, іш сүзегі және жұқпалы гепатит, толяремея, бруцелез, вирустық аурулардың барлығын, атап айтқанда 80% ауруды дәрігерлер адамның ішуге пайдаланылатын суымен байланыстырады. Соңғы кезде республикамыздың әр аймақтарында ғасырлар бойы кездеспей кеткен жұқпалы аурулардың өршіп, қайталануы да осы су мәселесімен тығыз байланысты. Олай болса, Отанымыздың экологиялық тазалығын сақтау еліміздің, халқымыздың денсаулығын сақтау екендігін ұмытпауымыз керек.

30) «Ұлттық мейрамдар» тақырыбына эссе жазыңыз.

Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Наурыз — парсы сөзі, қазақшасы “Жаңа жыл”, “күн” деген ұғымды білдіреді. 22 наурыз — бүкіл Шығыс халықтарының мерекесі. Бұл — күн мен түннің теңелетін, қардың еріп, көктің шыға бастайтын кезі. Наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы — “Ұлыстың ұлы күні” деп атап, зор қуанышпен қарсы алған. Наурыз күні халық таза киініп, бірін-бірі құттықтап, қуаныш дастарқанын барынша мол жаяды. Наурыз — табиғат мейрамы, аса зор салтанат, ұлы жиын. Адамдар бұл күні: “бәріміз де табиғат перзентіміз, оны аялайық, бергеніне риза болайық”, — дейді.

Бұл күні қандай күнә болса да кешірілуге тиіс, жеке адамдар арасындағы бас араздықтар да кешірілуге тиіс. Ерте кезде Орта Азия өкілдері: “Бұл күні Самарханның көк тасы да жібиді”, — деп, зынданда жатқан тұтқындардың қол аяғын босатып кешірім берген.Бұл күні адамдар бірін-бірі мынадай сөздермен құттықтаған: “Ұлыс құтты болсын!”, “Ақ мол болсын!”, “Төрт түлік ақты болсын!”, “Ұлыс береке берсін”, “Бәле жала жерге енсін!” Сөйтіп адамдар бір-бірінің қатесін кешіріп, татуласады, оның аяғы ойын-сауық, ән күйге жалғасады. Халқымызда бұл күнге арналған “Наурыз тойы”, “Наурыз жыры”, “Наурыз көже”, “Наурыз батасы” сияқты салт дәстүрлер бар.

Наурыз көже — азықтың жеті түрінен жасалады. Бұл қазақ тіліндегі “Жеті” сөзімен байланысты шыққан. Қазақстанның әр жерінде көженің құрамына салынатын азық-түлік әр түрлі болғанымен, жетіден аспауы керек.

Наурыз көженің құрамына негізінен бидай, тары, күріш, ет, тұз, сүт, су т.б. қосылу керек. Бұған қыстан шыққан қазы, шұжық, сүт, ет сияқты сыйлы, сыбағалы мүшелер де қосылады. Осыдан кейін әр отбасы ағайын, туған-туыстарына, көршілеріне де татырады.

Наурыз мерекесін Кеңес өкіметі діни салт деп қарап, 70 жыл бойы тойлатпай келді. Еліміз егемендік алғаннан бері “Наурыз” күні қайта тойлана бастады.

31. Әбу Насыр Әл-Фараби туралы шағын мәлімет жазыңыз.

Әбу Насыр әл-Фараби дүние жүзіне белгілі ғалым, асқан ойшыл, замандастары құрметтеп «екінші Аристотель» деп атаған. Әбу Насыр әл-Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар өңірінде орта ғасырда (870 ж.) дүниеге келген. Балалық шағы Арыс пен Сырдария өзендері бойында өткен.

Білімге құмар жас Отырар медресесін бітірген соң, ондағы аса бай кітапханада өз бетінше білімін одан әрі толықтырады. Барлық қолжазба қорын оқып бітіргеннен кейін сол кездегі аса ірі мәдениет ошағы Бағдат қаласына барады. Онда Аристотель, Евклид, Птолемей еңбектерін оқып үйренеді. Әл-Фараби математиканың, сәулет өнерінің және музыканың негізін қалаушы деп саналады. Әбу Насыр – ғылым мен өнердің барлық саласында еңбек еткен ғұлама. 150-ден астам ғылыми еңбек жазған, сонымен қатар ол әр түрлі аспаптарда тамаша орындаушы, ақын болған. Ұлы ғұлама ұзақ уақыт шет елде жүрсе де өзінің туған жері Отырарды есінен шығармаған. Кей аңыздарда оны жеті тіл, тіпті жетпіс жеті тіл білген деп айтады.

Әл-Фарабидің ғылым саласында жазған еңбегінің қолжазбасы Өзбекстан Республикасы Шығыстану институтының қолжазба қорында сақталған. Оның  «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар тізбегі» атты еңбектерінде табиғаттану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Географиялық құбылыстарды математикалық жолмен түсіндіріп, күн сағатын жасаған. Күн мен Айдың тұтылу ұзақтығын есептеп шығарған. Ерте кезден қазақ елі Жетіқарақшы, Темірқазық, Үркер атты жұлдыздар тобын «түн сағаты» ретінде пайдаланса, күндізгі уақытты «күн сағаты» арқылы айыратын болған.

Әл-Фарабидің «Күн сағатында» күн сәулесін сызық, ал жер шарын сфера ретінде алып, сол арқылы шеңберлік градусты өлшеп, сағат мезгілін дәл есептеп шығарған.

Әл-Фараби есімі дүние жүзі мәдениеті мен ғылымы тарихынан берік орын алады. Фарабидің Каир, Бейрут, Хайдарабад, Анкара, Берлин, Лондон қалаларында араб тілінде басылып шыққан қолжазба еңбектері Братислав мұражайында сақтаулы. Фарабидің еңбектерінің 7 томы қазақшаға аударылып басылып шықты.

Ғұлама ғалым еңбектерінде адамдардың бақытқа, молшылыққа жету үшін бір-біріне әділетті дос болуын насихаттап жазды.

Фарабидің «Бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады», - деген сөзі бүгінгі өмірге бағыштап айтқан сияқты.

32. Адамның жағымды және жағымсыз қасиеттерін сипаттаңыз.

Адам өмірде әдепті, ұқыпты болуы керек. Сыпайылық үлкенге құрмет кішіге ізеттен басталады. Ұл ұятты, қыз инабатты болса, сыпайылық деген осы. Өзіңе тән жұмбақ мінезіңмен әрдайым сыпайы бола білсең, әдептіліктің кепілі. Сәлемдесуден қоштасуға дейінгі әдептілік те сыпайылық болып табылады. Үлкенге де, кішіге де сыпайылық таныта білу әдептілікке жатады. Сыпайы болсаң өзіңе жақсы. Айналаңа сыйлы боласың.

Тәрбие тал бесіктен демекші әрбір адам тәрбиелі, саналы болуы керек. Тәрбиені адам бойына жастайынан сіңіру керек.

Тәрбиелі адам әрқашан дұрыс жүру, дұрыс сөйлеу әдебінен жаңылмақ емес. Әрқашан барлық жақсы нәрсе тәрбиеліліктен басталады. Көшеде кетіп бара жатып, жаман сөз айтып айғайлап жүрген адамдарды көресің. Сонда бұл не нәрсе деген ой еріксіз санаңда жаңғырары анық. Өмірдегі ең жаман нәрсе «тәрбиесіз» деген сөз деп ойлаймын. Тәрбиесіз болсаң, бірінші өзіңе, одан кейін ата-анаңа сын. Ата–ананы ренжітпеу олардан алған тәрбиені дұрыс қабылдағаның болып есептеледі.

33. Факультет тарихы туралы қысқаша мәлімет жазыңыз.

География факультеті 1948 жылы ашылды. 60- жылдың ішінде  5000-нан астам мамандар дайындалды. География факультеті күндізгі және сырттан оқыту түрлері бойынша мамандар даярлайды. Факультет ашылғалы үш мыңнан астам мамандығы жоғары инженер-геолог, метеоролог, гидролог, геоморфолог    мамандарын,    физикалық    және    экономикалық география    мамандарын    даярлап    шығарды.    Олар    Қазақстан Республикасының    ұлттық    Ғылым    академиясының    әртүрлі ғылыми       мекемелерінде,       педагогтік,       іздестіру,       жобалау институттарында,    орта    мектептерде,    экология    жөне    айнала ортаны бақылау қызметтерінде,  метеорология  станцияларында, әуежайларда   жұмыс   істейді.Қазақстан   Республикасынан   тыс жерлерде:   Орта   Азия   республикаларында,   Ресейде,   Украинада істейтін инженер-гидрологтар мен метеорологгар да аз емес.

Қазіргі кезде география факультетінде бес кафедра бар: физикалық география, экономикалық және әлеуметгік география, геоморфология, құрлық метеорологиясы мен гидрологиясы; айнала ортаны қорғау және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану кафедрасын ашу көзделуде. Факультет 1992  жылдан     бастап    географ    мамандар    даярлаудың    екі сатылы оқыту жүйесіне көшті.

Бірінші сатысы — география бакалаврын даярлау (4 жыл), оларға география бакалавры, зерттеуші; география бакалавры, эколог; география бакалавры, оқытушы; география бакалавры, гидролог; география бакалавры, метеоролог мамандықтары берілетін болады. Екінші сатысы - жогары ок,у орындары мен ғылыми-зерттеу мекемелері үшін география магистрын даярлау, оқу мерзімі (2 жыл)

Факультеттің ТМД елдерінің көптеген университеттерімен тығыз оқу-әдістемелік және ғылыми байланыстары бар. Факультеттің жетекші оқытушылары ТМД елдері университеттері Ассоциясының         география         және         гидрометеорология мамандықтары бойынша Оқу-әдістемелік Бірлестік Президиумы мен секцияларының, мәжілістері өткізіледі.

1989 жылдан бастап Қазакстан Республикасы Ғылым академиясының география институтында факультет филиалы, Казгидромет жанында - құрлық метеорологиясы мен гидрологиясы кафедрасының филиалы жұмыс істейді. Бұл ірі мамандарды дәріс беруге және студенттердің  дипломдық жұмысына басшылық етуге тартуға, институт базасын оқу және өндірістік тәжірибе үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Геология негіздерін     оқып-зерттеудің     сапасын     көтеруде Республика Ғылым академиясының геология институтының мұражайы үлкен көмек көрсетеді. Онда студенттер минералдар коллекциясын көріп және мұражайдың осы заманғы лабораториялық жабдықтарын пайдаланады.

География  факультеті республика оқытушылары үшін ғылыми-әдістемелік орталық болып табылады.

34. Халықтық болжам алдамайды дегенді қалай түсінесіз? Өз ойыңызды жазыңыз.

Ауа райы туралы қазақ халқының болжамдары біздің дәуірімізге дейін жеткен. Солардың бірі ауа райын болжау тәсілдері, ғылыми тілмен айтқанда, фенологиялық бақылау тәжірибесі атадан балаға жалғасып, табиғат сырын ашуға септігін тигізген. Қазақ халқы табиғат мезгілдерін ерте заманнан түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп қолдана білген. Жазы-қысы далалық өмірде тіршілік еткен бабаларымыз өздері туған жердің табиғи ерекшелігі мен табиғат құпиясын терең білгендігі сондай, көз ашырмас боранда, жердің шөбінің дәміне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт-құмырсқа тіршілігіне зер салып, жыл мезгілін ерте болжап, өзінше қам-қарекет жасаған.

Көктем мезгілі. Ақтұмсық қара қарғаны - көктемнің хабаршысы деп атайды, олар оңтүстіктен ұшып келген күннен бастап 20-25 күн өткесін жердің қары еріп, өзеннің мұзы кетіп, су таси бастайды. Егер көктемнің бірінші жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін болып, егін бітік шығады. Егер жаңа ай шалқасынан туса, ауа райы малға қолайсыз болады. Ал жаңа ай тік туса, ауа райының малға жайлы болғаны деп білеміз. Тоғанда өсетін ақ ләйлек жайыла гүлдесе, көктемгі үсік болмайды деп болжайды. Осыған қарап жер жырту, дәнді дақылдарды себу мезгілдерін де болжауға болады.  Жауқазын шықса, жер жыртатын кез келді дей беріңіз.

Жазғы мезгіл. Жаздың алғашқы тұманы - саңырауқұлақтың мол болатынының белгісі. Кептер аударылып, аунап ұшса, күн ашық болады. Мысық тұмсығын ашып ұйықтаса, күн ашық болады, тұмсығын тығып ұйықтаса, күн жауынды болады. Инеліктер бұтадан асып қалықтап ұшса, ауа райы жақсы болады, егер топтасып ерсілі-қарсылы ұшса күн бұзылады. Өзен-көлде балықтар көп шорши бастаса, жаңбыр жауады. Күн батарда қызыл шапаққа бөленіп көкжиектен таса болса, ертеңіне шыжыған ыстық болады дей беріңіз.

Күз мезгілі.  Далада жусан басына ілініп мизам жіпше шұбатылса, күз ашық, жылы болады. Тышқан інінің топырағын алысқа тастаса, қыс жайлы болады. Керісінше топырағын інінің аузына тастаса, қыс қатты болады. Күзде тышқан биікке шығып шиқылдаса, ұзамай қар жауады. Торғайлар, шымшықтар бүрісіп домаланып отырса, көп кешікпей күн суытады. Қараша қаздар оңтүстікке ұшып кеткесін, бір жұмадан кейін күн суытып, қара суық болады, қар жауады. Күзде 9 рет тұман болғаннан кейін алғашқы су қатып, қар түседі.

Қыс мезгілі. Қыста торғайлар ұясына мамық таси бастаса, күн кенет қатты суытады. Әтеш бір аяқпен тұрса, аяз болады. Суаттан су ішіп болған сиырлар артқы аяғын сілкілесе, күн аязды болады. Шілдер қардың астына тығылса, ұзамай боран болады. Егер сиыр аяғымен үстіне қар шашса, көп кешікпей күн жылынып, қар ериді Сиыр танауын тартып, мүйізін шайқаса, боран болады. Егер қой тұяғымен төсін қаситын болса, қыс боранды болады. Ит қарға қайта-қайта аунаса, боран болады. Кемел ойдың иесі - кемеңгер халық ертеде жаз бен күз күндерін қыспен байланыстыра отырып, сан түрлі ауа райына болжам жасаған.

35. Қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық сусындары туралы шағын мәлімет жазыңыз.

Қазақша ет асқанда ең алдымен жіліктен бұзылған етті адам санына қарай мөлшерлейді. Тойға немесе қонақ асыға көбінесе қой сойылады. Қой еті жіліктегенде 13 мүшеге бөлінеді. Олар жамбас-2,  ортан жілік-2,  асықты жілік-2, бел омыртқа-1, сүбе -2, қабырға-2,  төс-1, омыртқа-1, жауырын-2, тоқпан жілік-2, кәрі жілік-2, бұғана-1, мойын-1.

Осылай  асуға дайындалған етті жуып-шайып, тазалап, қазанға салады да, ет батып  тұратындай етіп суық су құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа  қойып, сарқылдатып қайнатады, бетіне шыққан  қанды көбігін алып тастап, шамалап тұз, 1бас пияз салып отын басады да, 1-1,5 сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылатын табақтың санына қарай мөлшерлеп тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз, лавр жапырағын салып, ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын, ірі қараның шекесін, қазы, қарта жал жаяны табаққа бірге салып береді.   Сонымен бірге қазақша етке қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады

Бал қуырдақ – көбінесе жас  малдың жұмсақ етінен даярланады. Басқа қуырдақтан мұның ерекшелігі – етті майға емес пісірілген сүттің бетінен түскен қаймаққа ғана қуырылуында. Өте жұғымды, жүрекке көп тимейтін қуырдақтың бұл түрін көбіне қарт кісілерге, сыйлы қонақтарға беретін болған.

Жоңқа қуырдақ – тоңазып қатып түрған соғым етінен дайындалатын қуырдақ. Мұның жоңқа қуырдақ деп аталуының себебі, пышақпен не балтамен қырмап жонғанда ет ағаштың жоңқасы сияқты жұп-жұқа болып туралады. Қуырдақтың бұл түрінде суға қайнатпай-ақ майға қуырып әзірлеуге болады.

Картоп қосқан қуырдақ – сиыр етін ұсақтап турап, тұз, пияз салып, сырты қызарғанша қуырады. Содан кейін ұн сеуіп қыздырады да томат ботқасын қосады. Бұрыш, лавр жапырағын, бұршақ, укроп, петрушка салып әбден піскенше бұқтырып қояды. Дастарқанға қоярда түрлі көкөніспен сәндейді.

Қара қуырдақ – кілең өкпе мен бауырдан, жүрек пен бүйректен әзірленеді. Бауыр тез пісетін болғандықтан, кешірек салынады. Мұның қара қуырдақ деп аталатын себебі, бауырдың қаны майға қуырғанда қуырдақтың өңін қарайтып жібереді.

Соғым қуырдағы – ет піскенге дейін соғым сойылған, ішек – қарын аршыған адамдарды тамақтандыру үшін дайындалады. Қуырдаққа көбінесе ірі қараның  мойын еті, мүшеленген кезде түсетін ойынды, қиынды еті, аздап өкпесімен бауыры қосылады. Соғым қуырдағы соғым сойған малдың өз майына қуырылады. Оны дәмдендіре түсу үшін оған татымына қарай тұз, бұрыш, дөңгелектеп турап пияз салады. Соғым қуырдағын дастарқанға шаймен бірге қояды.

36. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру туралы қысқаша мәлімет жазыңыз. 

Еліміз егемендік алғаннан бастап туристік іс-әрекеттерді жандандыру мәселелері қозғала бастады. Алдымен, туризм концепциясы, іле-шала 1993 жылы «Туризм Заңы» бекітілді. Міне, содан бері жиырма жылдай уақыт болды, туризм біртіндеп дамып келеді. Оның халықаралық деңгейге жетуіне әлі талай жылдың легі керек. Халықаралық деңгейге көтерілу үшін алдымен мемлекетішілік туризмді көтеріп, туристік инфрақұрылымды алдыңғы қатарлы елдер деңгейіне жеткізу абзал.

Мемлекетішілік туризмді жандандырып дамыту үшін «өлкетану-зерттеу» жұмыстары қолға алынуы тиіс. Туристерді қызықтыратын нысандар, оқиға орындары, ғажайып табиғат құбылыстары мен әсем мүсіндері, емдік-сауықтыру мақсатындағы шипалы орындар, көңіл көтеру, туристік-спорт орындары, үңгірлер, көлдер мен өзендер, шатқалдар зерттеліп, туристік-экологиялық баға беріледі.Оның құндылығы анықталып, туристік мүмкіншіліктері зерттеледі.

Туризм әрекеттері үшін танымдық, экскурсиялық, емдік-сауықтыру, көңіл көтеру, демалыс, спорттық мақсаттары анықталып дамытылады. Қазір белгілісінен белгісізі көп шашырап жатқан нысандар көп.

Өкінішке орай, осы жылдар аралығында туризмнің экономикалық мүмкіншіліктеріне баса назар аударылса, ішкі туризмді дамыту, туристік-өлкетану бағытында тәрбиелеу, зерттеу жұмыстары кешеуілдеп қалуда.

Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық санасы төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққанннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни балабақшадан жоғары қарай сатылай дамыту керек. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы және ересектерге экологиялық білім мен тәрбие берудің бірден-бір құралы туристік өлкетану іс-әрекеттері.

37. Қазақ елінің тарихы орындары туралы шағын мәлімет жазыңыз.

Отырар, Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб-Сырдарияның орта алқабында орналасқан көне қаланың орны. Отырар VІІІ ғасыр басынан Тарбанд деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түрік руна жазбаларында кездеседі. VІІІ ғасырдағы араб географы Якут Тарбанд Тұрар, Тұрарбанд, Отырар – бір қала деп жазады. Х ғасырдың географиялық жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады.

Түркістан, Иасы-Қазақстан Республикасындағы қала, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданының орталығы. Сырдарияның оң жақ жағалауында, Қаратау жотасының етегінде орналасқан. Қаланың іргетасы б.з. 1-мыңжылдықтың орта шенінде қаланған. Археологтар Түркістан қаласының тарихы тереңде жатқанын дәлелдеп отыр. Түркістан қаласының айналасындағы тас дәуірі ескерткіштері – Шоқтас, Қосқорған бұл өңірде әуелгі адам кем дегенде 550 мың жыл бұрын мекен еткенін көрсетеді. Б.з.б. 2-мыңжылдықтан бастап Түркістан қаласы төңірегінде Қазақстанның басқа да өңіріндегідей Андронов мәдениетін жасаушылар тұрған. Түркістанның ежелгі аты – Иасы. Археологтар ертедегі Иасының орны қазіргі Күлтөбеге сәйкес келетінін дәлелдеп отыр. VІІ-ХІІ ғасырларда Түркістан төңірегі Шауғар өңірі атанған. Бұл өңір Түрік қағанатына қарады. ІХ ғасырда қарлұқтар мен оғыздардың қол астында болды. Бұл өңірге 809-19 жылдар аралығында Хорасан билеушісі әл-Манун, Х ғасырдың соңында саманилік билеуші Наср жаулаушылық жорықтар жасаған. ХІІ ғасырдың бірінші ширегінде  қидандар шабуылының Шауғар құлағаннан кейін, Иасы өлкенің орталығына айналды.

38. Қожа Ахмет Иассауи туралы  шағын мәлімет жазыңыз.

Ахмет Иассауи –   білімпаз ғалым, ақын, ойшыл, бүкіл түрік жұртының рухани атасы. Ол қазіргі Шымкент облысындағы Сайрамда туып, қазақ жерін Үнді, Қытай, Еуропамен байланыстырған Түркістан қаласында тұрды.

Иассауи жеті жасында ата-анасынан жетім қалып, Түркістанда апасының қолында тәрбиеленді. Екі ұстазы болған. Бірі – Арыстан баб, екіншісі – Бұқарадағы Қожа Иусуф Хамадани.

Екеуі де дүниеге қызықпайтын, дін тазалығын, адамдық жолын ұстаған кісілер еді. Қожа Ахмет Йассауидың өзі де осы жолды таңдады.

Иассуи – сопылық әдебиеттің өкілі. Ол бүкіл өмірін исламды уағыздауға, шәкірт тәрбиелеуге арнады. Ол алпыс үш жасында жер астынан бір кісілік жертөле-қылует жасатып, «Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады» – деп қалған өмірін сол жер астында өткізген. 73 жасында қайтыс болған. Ибрахим, Гауһар есімді ұлы-қызы бар екен, ұлы жастайынан қайтыс болыпты. Қызынан тараған ұрпақтары ішінен шығысқа аты мәлім ғалым, жазушылар шыққан.

Иассауи жер астында отырып, соңғы он жылында «Хикметтер» атты кітабын жазған. Кітабы адамдық, ізгілік жолына үндейді. Адамдардың пейілі бұзылып, заманның азғанына қиналады.

Иассауидың  даналық ойлары Баласағұни мен Абайдың пәлсапасының орта тұсында жатыр. Сондықтан да осы үш ойшылдың көзқарастары өте ұқсас. Үшеуі де бір арнадан бастау алып, бір дәстүрден сусындаған. Ол –қазақ әдебиетінің терең тамырлары. Мысалы, Йассауи де, Баласағұни де, Абай да бес нәрседен қашық болуды айтқан.

Иассауи сақтандырған бес нәрсе мыналар:

Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол;

Менмен, тәкаппар болма;

Дүние-мүлік үшін арыңды сатпа;

Арамдықтан аулақ бол;

Еріншек болма.

39. М.Қашқари туралы қысқаша мәлімет жазыңыз

Махмұд Қашқари (ХІ ғасыр) - түркі ғалымы, әйгілі «Диуану лұғат-ит-түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») атты еңбектің авторы. Толық аты жөні Махмұт ибн әл Хұсейн ибн Мұхаммед. Туған жері қазіргі Қырғызстан жеріндегі Ыстықкөл жағасындағы (кей деректе Шу бойындағы) Барсхан қаласы. Махмұдтың әкесі белгілі қолбасшы, Барсханның әмірі болған. Ол кейін Қарахан әулеті билеген мемлекеттің мәдени саяси орталықтарының бірі Қашқарға ауысқан. Махмұд осында дәріс алған, ұзақ жылдар тұрған. Оның аты жөніне қай жерден шыққанын көрсететін дәстүрмен «Қашқариді» тіркеуінің мәнісі де содан.

Ғалымның туған, өлген жылы белгісіз. Ол жөнінде өзі де, басқа зерттеулер мен сол тұстағы жазбаларда да ештеме айтылмайды. Ол Қашқарда алған білімін одан әрі толықтыру мақсатымен, Бұқара, Нишапур, Бағдад қалаларында болады, түркі тілінің сыртында араб, парсы, тілдерін жетік меңгереді. Өз заманының аса білімдар филологы, тарихшысы, этнографы, географы ретінде танылады.

Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.

Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған.

40. Қ.Сәтбаев туралы қысқаша  мәлімет жазыңыз

Қаныш Имантайұлы Сәтбаев - Аса көрнекті ғалым, геолог, мемлекет қайраткері, Лениндік /1957/ және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазақ Ғылым Академиясын ұйымдастырушы әрі оның тұңғыш президенті, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Ол 1899 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы кеңшарда дүниеге келді. Ол ауылдық мектептен кейін Павлодардағы екі жылдық орыс-қазақ училищесін, одан соң 1914 жылы Қаныш Семей педагогикалық семинариясына түсті. Оқытушылар семинариясында Қаныш үлгілі әрі озат оқыды. Осында топжарған жастардың қатарында Мұхтар Әуезов те бар еді. Олар экономика, мәдениет саласынан мағыналы да саналы білім алуға өте құштар болды. Одан кейін Қаныш Сәтбаев Томскінің технологиялық институтына түсіп, оны 1926 жылы бітірді. Қаныш Имантайұлы еңбек жолын Атбасар түсті металдар трестінде инженер геолог болып бастады. Кейіннен Қарсақбай кен комбинатында геологиялық барлау бөлімінің бастығы, бас геолог қызметінде болды.

41. Ш.Уәлиханов туралы шағын мәлімет жазыңыз.

Қазақстан мәдениетіне үлкен үлес қосқан қазақтың алғашқы ғылымдарының бірі Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Ол Омбының кадет корпусының яғни орыстың әскери мектебінің түлегі. Арғы атасы Абылайды пір тұтқан Шоқан өз халқының мәдениетін жоғары деңгейге көтеруге тырысты. Бұған негізгі құрал оның ағартушылық әрекеті болды. Қазақ ағартушылығына Еуропадағы ағылшын, неміс, француздардағы сияқты жалпы ортақ белгілер тән. Ең бастысы – білім мен ғылымды адамдарды бақытқа жеткізетін күш деп ұғыну. Алайда, қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктері де жеткілікті. Мұның өзі Шығыс Ренессансына тәуелсіз Қазақ хандығына және Ресей империясы құрамындағы бодан халық тағдырына қатысты. Ағартушылық мәдениеттегі негізгі тетік — адам. Шоқан сыртқы әлемге “дала адамын” түсіндіргісі келді. Осы мақсатпен ол қазақ және қырғыз халықтарының миф-аңыздарын, салт-дәстүрін, діні мен тілін зерттейді. Шоқан жазған “Үлкен қырғыз – қайсақ ордасының ескі аңыз әңгімелері”, “Қазақтардағы жамандықтың іздері”, “Қашқария туралы жазбалар”, “Сахарадағы мұсылмандық туралы” және т.б. ғылыми еңбектерде қазақ және басқа түрік халықтарының мәдениетіне энциклопедиялық талдау берілген.

Шоқанды тек қазақ ағартушысы деп шектеу жеткіліксіз. Ол, шын мәнісінде, нағыз ренессанстық тұлға. Небары 30 жыл ғана өмір сүрген ол өзін дарынды тарихшы, тіл маманы, географ, мәдениеттанушы ретінде Еуропа мен Азияға таныстырып кетті.

Шоқан туралы айтқанда, алдымен көзге түсетін мәселе – Батыс пен Шығыстың арақатынасы. Патшалық Ресейде білім алған империя офицері ретінде ол, әрине, Черняев экспедициясына қатысты, Қашқарияға жасырын барды. Ф.М. Достоевский, С.Р. Дуров, Н.Г. Чернышевский сияқты орыстың озық ойлы ғұламаларымен достасып, алдыңғы қатарлы Еуропа мәдениетінен нәр алды. Шоқанның бар арманы өз халқының төл мәдениетін, тарихын, тілін жоғары деңгейге көтеріп, жалпы адамзаттық мәдениетке тең етіп қосу болды. Шоқан мұсылмандықтың мәдени-тұтастық функцияларын көре білді. Ұлт мәдениеттердің тоғысуында дүниежүзілік діндер интеграциялық қызмет атқарады. Қысқаша айтқанда, Шоқанның қазақ мәдениетіне қосқан үлесінің негізінде Батыстың да, Шығыстың да тигізген әсері емес, өз халқының төл мәдениеті жатыр.

42. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі туралы қысқаша мәлімет жазыңыз

Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Қожа Ахмет Яссауи дүние салғаннан кейін халықтың көп жиылуымен өзіне арнап соғылған кішкене мазарға жерленеді. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды. Түркістан қаласындағы Ахмет Яссауи ғимараты – орта ғасырлық сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Ол XII ғасырда өмір сүрген бүкіл Шығысқа аты әйгілі көне түркі ақыны, софизмді уағыздаушы Ахмет Яссауидің (Яссы-дан шыққан деген мағынада) бейітінің басына орнатылған. Оңтүстік Қазақстанда Сайрам деген жерде туған Ахмет Яссауи сол кездегі ғылым мен ағартудың орталығы ретінде белгілі болған Отырар қаласында білім алады да, кейіннен Бұхардағы Юсуп Хамадани басқарған сопылар қауымына кіріп, дәруіштік мектептен өтеді.

Бұл сияқты уағыздық өлеңдерінің философиялық және діни-мисттикалық мазмұны, ондағы жақсылыққа, әділеттілікке шақырған үнмен ұласады, халықтың қайырымдылық сезімін ояту, оны басқа діндегілермен жауласудан сақтандырумен қатар дін иелерінің ашкөздігін, зұлымдығын әшкерелеумен жалғасып жатады.

Халық аңыздарында Түркістандағы әулиенің аруағын атақты қолбасшы, бүкіл Шығысты тітіренткен Ақсақ Темірдің айрықша сыйлап өткені айтылады. Оның әмірімен Ахмет Яссауи қайтыс болғаннан екі жүз жыл кейін қирап бітуге таянған кішкене ғана мазардың орнына, дүние жүзілік сәулет өнерінің белгілі ескерткіші орнатылды.

ХІV ғасырдың аяғында бұл күмбез біткен соң Әмір Темір көреген Әзірет Сұлтанның қорын ұйымдастырып, өзі арнайы қол қойып бекіткен. Дегенмен, Қазандықтың ішкі есіктерінің біріндегі халькаға жазылған «1394-1395 жылдар» Темірдің өзі белгілеп берген. Бұл – ғимараттың басқа бөліктерінің кіндігі. Темір уйдің ішкі сәні мен салтанаты қалай болуы керегтігін де айтқан. «Қолхаты» (грамота) жазылған. «Қолхатта» Әмір Темір көрегендікпен жаңа біткен ғимарат туралы «ешқашан да, қандай болған жағдайда да сатуға, жекеменшік секілді ұрпақтан-ұрпаққа уақытша немесе түбегейлі біреуге беруге болмайтынын қатты ескерткен». Ғимараттың кіре беріс есігінің ішкі маңдайшасында қазірге дейін жақсы сақталған жазудан мынадай сөздерді оқуға болады: «Бұл әулие мекен алла тағаланың рахымы жауған падиша Әмір-Темір Көрегеннің жарлығы бойынша орнатылды... Алла тағала оның әмірінің ғасырлар жасауына нәсіп етсін!» Қожа Ахмет Иассауи кесенесі талай ғасырдан бері мұсылманшылықтың алтын бесігі болып келеді. Оны бүкіл қазақ жұрты, түркі әлемі ерекше қасиет тұтады.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі – түркі әлемінің рухани орталығы.

43. Досыңыздың бойындағы өзіңіз жақсы көретін қасиеттерін сипаттап жазыңыз.

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

44. Қазақтың зергерлік қолөнері туралы шағын мәлімет жазыңыз

Қолөнер – ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан қастерлі өнер, атадан балаға мұра ретінде бізге жеткен дәстүрлі де халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі. Қандай халықтың қолөнері болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет — ғұрпы, жөн- жоралғысы, салт — санасымен астасып қатар өркендейді. Қолөнер адам баласының көркемдікке, нәзіктікке , сұлулыққа деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзінше таңбалап бедерлеуін, сұлулықты іздеуге деген құштарлығын танытады. Сан қилы кезеңдерден өтсе де, көркемдік бейнелердің өзіндік ерекшеліктерін бұлжытпай сақтай отырып, ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жалғасын тауып келе жатқан қолөнеріміздің ішіндегі киелі әрі күрделілерінің бірі – зергерлік өнер. Зергерлік өнерінің ұлттық мәдениетімізде тарихи орны ерекше болумен қатар, бір жағынан халқымыздың материалдық мәдениетінің дәрежесін көрсетсе, екінші жағынан – рухани жан дүниесін, философиялық, эстетикалық көзқарастарын білдіреді. Үйсіндер – Орталық Азия аумағындағы ең ірі алғашқы тайпалық бірлестіктердің бірі (б.з. дейінгі II ғасыр). Мыс, темір, асыл метал өндіру, балқыту және өңдеу үйсіндердің шаруашылығында маңызды орында болып, алтын және қола кең көлемде қолданылды. Олардан білезіктер, сырғалар, сақиналар, киім әшекейлері жасалынды.Зергерлік бұйымдар арасында алтын, мыс, қола сымдарынан оратылып жасалынған сырғалар, тастан жасалынған салпыншақтар, бір жағы құстың мүсіндік бейнесімен әшекейленген қола түйреуіштер кездеседі. Алматыға жақын жердегі Қарғалы шатқалында табылған алтын бұйымдар ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерін жарқын сипаттайды. Диадема ежелгі үйсіндердің зергерлік өнерінде өз орнын тапты. Диадемадағы суреттерде үйсіндердің діни – нанымдары және мифологиясы бейнеленген болуы керек. Үйсін қоғамындағы ру – шонжарларының атрибуттары да өте қызықты: тастан және алтыннан жасалған мөрлер. Әлемді елең еткізген өлмес мұраның бірі Есік Қорғанынан табылған «Алтын адам» кейпі. Жерленген мәйіттің басынан аяғына дейін алтынмен апталған, киім киісіне қарағанда оның патша сарайына қатысы бар, немесе бір тайпа елдің көсемі екеніне шүбә келтірмейміз. Бұл тек құнды археологиялық олжа ғана емес, ата – бабамыздың жоғарғы мәдениеті, тарихы, біздің тарихымыз, мәдениетіміздің алтын тұғыры. Төрт мыңнан астам алтын пластинкалардан құралған қапсағай сауыт, қанатты тұлпар мен арқар бейнесі қондырылып, алтын жебелермен көмкерілген шошақ бөрік және басқа да әшекейлер. Дулығаны көмкерген алтын бастырмалар өте бір нәзіктікпен бедерленіп сызылған. Бастырмалардың ішіндегі көңілді ерекше аударатыны «Тау басындағы барыс» бейнесі. Барыстың шиыршық атқан айбарлы кейпі, сан құбылған қимыл – қозғалысы, бедерлеме мәнерлі сызықтарының толқынды тарамдары — адамды арбап сүйсіндіреді. Екінші бір ерекшелігімен көзге түсетін зат белдеме – белдіктің айшықтары. Белдіктің қапсырмасындағы бұғының бейнесі бедерлеме өнер тарихындағы айшықтау тәсілінің озық үлгісі.

45. Өз туған өлкеңнің географиялық жағдайын сипаттап жазыңыз. 

Алматы Іле бойы жазығы оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқан. Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында теңіз деңгейінен 700-900м жоғары үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарларында орналасқан. Алматы қаласы өзінің рекреациялық және экскурсиялық объектілерге молдығымен де ерекшеленеді. Рекреациялық объектілер денсаулықты сауықтыру, спорттық сауықтыру, танымдық, мәдени және табиғи мақсаттағы деп сипаттауға болады. Осыған қарай адамдардың жиі сұраныстарын тудырып отырған негізгі рекреациялық объектілерге шолу жасалады. Алматы – еліміздегі аса ірі қалалардың бірі. Табиғат жағдайлары, күннің жылуы, климат, жер бедері және табиғат байлығы, су, өсімдік, жер және жануарлар дүниесі экономиканың дамуына күшті ықпал етеді. Қазақстанның табиғи ортасының табиғат жағдайлары мен экономиканы дамыту айырықша бай әрі алуан түрлі. Республикада бағалы кен байлықтарының көптеген түрлерінің ірі қорлары, жыртуға жарамды құнарлы жерлердің егін алқабы, ұлан-байтақ жайылымдар мен пішендіктер бар.

Алматы облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Аумағы 223,9 мың шаршы шақырымды құрайды. Өңірде 777 елді мекен бар.  Өңірде 103 ұлт пен ұлыс өкілдері бар. Облыс орталығы - Талдықорған қаласы. Өңір фаунасы биологиялық түрлерге бай: сүтқоректілердің 24 түрі, құстардың - 35, су жәндіктері мен балықтардың 4 түрі қатаң қорғауды қажет етеді, әрі республиканың Қызыл кітабына енген.

Облыс аумағында Алматы қорығы және еліміздегі төрт ұлттық табиғи парктің екеуі: Іле-Алатау және «Алтынемел» парктері орналасқан. Алматы облысы - аграрлық аймақ. Қазақстанның мәдени және қаржылық орталығы - Алматы қаласына жақын орналасуы әлеуметтік-экономикалық дамуына зор мүмкіндік туғызады. Алматы облысының табиғи жағдайы шөл даладан мәңгі қар жататын аумаққа дейінгі 5 климаттық аймақтан тұрады. Климаты тым континенталды, жазық далада қаңтардағы орташа температура -15 С, таулы аймақта - 6-8 С; маусымда сәйкесінше - +16 С және +24 +25 С. Жазық далада жыл бойы түсетін жауын-шашын көлемі - 300 мм дейін, аулы аймақтар мен тауда - 500-700-ден 1000 мм дейін.

46. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз: Туыстық тегі, мәртебелі тіл, өзара туыстас,  ұлттық негіз 

Қазақ тілі түркі тектес тілдер тобына жатады. Қазақ тілі – мәртебелі тіл, себебі ол мемлекеттік тіл болып саналады. Қазақ тілі өзбек, қырғыз, түрік тілдерімен өзара туыстас тіл болып саналады. Ұлттық негіздеріміздің бірі – мемлекеттік тіл.

47. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз: Ғұлама,  қолжазба,  мәдениет ошағы, керуенге ілесу

Әбу Насыр – ғылым мен өнердің барлық саласында еңбек еткен ғұлама. Оның ғылым саласында жазған қолжазбасы Өзбекстан Республикасында сақталған. Ғалым өзінің жолын сол кездегі мәдениет ошағы болған Бағдат қаласынан бастады. Бір күні ол жол жүріп келе жатқанда досын көріп, керуенге ілесіп кеткен еді.

48. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз: Ақылды, иманды, мейірімді, талғамды, инабатты

Әрбір ата-ана баласының ақылды болғанын қалайды. Иманды адам дегеніміз жүрегінде адамгершілігі бар адам. Менің әкем – өте мейірімді адам. Өзіңе жар іздесең, өте талғамды болуың қажет. Біздің қаламыздың  қыздары – ең инабатты жандардың бірі.

49. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз: қара шаңырақ, жастар, білім беру,  мамандық, студенттік өмір

Қазақ жері көптеген ұлт өкілдеріне қара шаңырақ жер болып саналады. Жастар – біздің еліміздің болашағы. Биылдан бастап білім беру жүйесі өзгертілді. Менің  болашақ мамандығым – туризм менеджері. Ең бақытты шақ -  студенттік өмір.

50. Сөйлем құраңыз: киелі орын, бәйтерек, әйгілі, күмбезді бейіт

Қазақстанда Қожа Ахмет Йасауи кесенесі киелі орын болып саналады. Астанамыздың мақтанышы және символы - Бәйтерек. Мен кейін әлемге әйгілі болғым келеді. Алматыда күмбезді  бейіттердің бірнешеуі бар екенін бүгін білдік.

51. Берілген сөздермен сөйлем құраңыз: әдептілік, мәдениетті, қасиет,  иманды, сыйластық

Әр азамат қоғамдық жерде әдептілікті танытуы керек. Мен болашақ жарымның мәдениетті болғанын қалаймын. Сыйластық  – адамның ең басты қасиеттерінің бірі. Менің әкем – өте иманды.

52. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз: демография, даму, құнсыздану, пайдалы

Демография – халық санының өсуін қадағалайтын сала. Қазақстанның даму деңгейі жылдан жылға өсіп келеді. Ақшаның құнсыздану процессін инфляция деп атайды. Ол буз үшін пайдалы болып санала алмайды.

53. Сөйлем құраңыз: Жібек жолы,  сауда-саттық, кесене, сапар шегу, бояулар

Орта ғасырлардың сауда-саттығы Ұлы Жібек Жолы арқылы жүргізілген. Түркістандағы кесене – біздің еліміздің киелі жерлерінің бірі. Бұл жерге республикамыздың шет-шетінен туристтер сапар шегіп келеді. Біздің туымыздың бояулары – көк және сары түстер.

54. Сөйлем құраңыз: Жер, құбылмалы, жаңбырлы, дала, өзен, көл

Жер – күн жүйесінің ең үлкен  планеталарының бірі. Қазақстанның ауа райы өте құбылмалы болып саналады. Күз биылғы жылы жаңбырлы болмады. Қазақстан даласына қызығушылықпен қарауға болады. Каспий – әлемнің ең үлкен көлі. Алматы қаласы Іле өзенінің бойында орналасқан.

55. Сөйлем құраңыз: бағалы тастар, керуен, саудагерлер, күре жол, тауар

Патшаймның көйлегі бағалы тастармен әшекейленген. Астанада «Керуен» атты ойын-сауық орталығы бар. Қазіргі кезде нарықты саудагерлер басып алған. Жақында Қазақстан мен Қытайдың арасында күре жол ашылмақшы. Бұл жол арқылы біздің елімізден тауарлар шет елдерге тасымалданады.

56. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз: көне, теңелу,  араздық , татуласу,  сыйлы қонақ, сыбаға, сүр ет.

Қазақтың көне бұйымдары өте жоғары бағаланған. 22 наурыз – күн мен түннің теңелуі. Бұл күні ұрысқан адамдар бір-бірімен татуласады, реніштерін ұмытады. Сыйлы қонақ төрге отырғызылады. Қонақтарға әдет бойынша сыбаға беріледі. Сүр ет  - тұздалған және кептірілген ет. Сараңдық араздыққа әкеліп соғады.

57. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз: қазы қарта, наурыз көже, сусын, тары, қоспа, ірімшік, құрт.

Халқымыздың ұлттық тағамы – қазы-қарта. Жаңа жылда наурыз көже дастарханның ең басты тағамы болып саналады. Шұбат – түйенің сүтінен жасалатын сусын. Жент – тарыдан жасалатын қоспа. Сүттен ірімшік және құрт сияқты өнімдер алуға болады.

58. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз: даму, халықаралық деңгей,  шипалы орындар,  ғажайып табиғат, әсем мүсіндер

Қазақстанның даму деңгейі жылдан жылға өсіп келеді. Біздің деңгейіміз халықаралық деңгейге сәйкес келу жолында тұр. Қазақстанда шипалы орындар мен курорттар өте көп. Себебі біздің еліміздің табиғаты ғажайып болып саналады. Алматы мұражайында әсем мүсіндерге толы екеніне көзім жетті.

59. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз: мейірімді, жолын тілеу,  жүрекке қадалу, жолы  болмау

Дүниедегі ең асыл және мейірімді жандардың бірі – ана. Ол адам әрқашан біздің жолымызды тілеп отырады. Өзін сыйламайтын адамның ешқашан жолы болмайды. Адамның кейбір ауыр  сөздері жүрекке қадалғандай болады.

60. Мына сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыз: шымырлатып, соғым қуырдағы, дәм, сый табақ, бал қуырдақ

Бұл жаңалық денемді шымырлатып жіберді. Соғым қуырдағы - соғым союға көмектескендерге арнап қуырылатын мол қуырдақ. Қонаққа қойылған табақ сый табақ деп аталады. Адам үйге келсе міндетті түрде дәм таттыру керек. Бал қуырдақ – көбінесе жас малдың жұмсақ етінен даярланады.

АБАҚТ – 4

АЖЖЖҚ – 32

АТАТТ – 17

АТТӨҮ – 24

ӘӘАТЭ – 9

ӘНӘФ – 31

БКЭТШ – 13

БМҚСТ – 7

ҒТӨТЭ – 21

ДБӨЖК – 43

КЭЖТЭ – 18

ҚАИКТ – 42

ҚАИТШ – 38

ҚБҚТТ – 2

ҚЕТОТ – 37

ҚЗҚТШ – 44

ҚСТҚМ – 40

ҚТБТЭ – 10

ҚТОТЭ – 19

ҚҰТҰС – 35

МҚТҚМ – 39

МҚЭЖ – 25

ММТҚТ – 3

МОҚЕТ – 8

МТМТЭ – 6

МТҰНТ – 1

МШТЭ – 22

НҰМТ – 23

ОАТЭЖ – 20

ӨТӨГЖ – 45

СББТЭ – 12

СДСБ – 29

ССАТЭ – 15

ТЖТАТ – 11

ТТБТЭ – 14

ТТЕТТ – 5

ТТҰТТ – 28

ҰБҰДТ – 16

ҰҒӨҰӨ – 27

ҰЖЖТЭ – 26

ҰМТЭ – 30

ФТТҚМ – 33

ХБАД – 34

ЭМҚТҚ – 36

ШУТШМ – 41

БССҚ(АИМТ) – 48

БССҚ(ӘМҚИ) – 51

БССҚ(ҒҚМО) – 47

БССҚ(ТТМТ) – 46

МСМСТ(ДДҚ) – 52

МСМСТ(ДХДШ) – 58

МСМСТ(КТАТ) - 56

МСМСТ(ҚҚНК) – 57

МСМСТ(ҚШЖ) – 49

МСМСТ(МЖТЖ) – 59

МСМСТ(ШСҚД) – 60

СҚ(БТКС) – 55

СҚ(ЖЖСС) – 53

СҚ(ЖҚЖД) – 54

СҚ(КОБ) – 50




1. Решение системы нелинейных уравнений
2. В Європі розширенню і становленню християнства сприяло падіння в V ст
3. УГОЛОВНОЕ ПРАВО РОССИЙСКОЙ ФЕДЕРАЦИИ
4. Диво Директмаркетинг ~ это любое мероприяти
5. а Усилительное звено пропорциональное звено усиливает входной сигнал в К раз
6. 2001 Дисертацією є рукопис
7. Нейродермит Лечебная физическая культура и лечебное питание
8. на тему- Роль государственного бюджета в расширении инвестиций в реальный сектор экономики Вып
9. Антиглобализм как социальное движение современного мира
10. ФилософияКРК Павлодар В соответствии с рабочей
11. Методы комбинированной общей анестезии
12. Вместе против наркотиков и СПИДа 1.html
13. Підходи щодо оцінювання ключових процесів підготовки студента ВНЗ
14. Тема ВКР- Разработка мероприятий по повышению эффективности хозяйственной деятельности ООО СТРОЙСФЕРА
15. неТрадиционная энергетика Всё возрастающая потребность людей в энергии как в центральных так и в удалённ
16. ТЕМА 4-2. НЕМЕЦКАЯ КЛАССИЧЕСКАЯ ФИЛОСОФИЯ- ОСНОВНЫЕ ИДЕИ И ПРЕДСТАВИТЕЛИ Время 2 часа О
17. 41 Ауд.
18. Основы алгоритмического языка С++
19. Основы конституционного строя Польши.html
20. Русский язык Сборник внеаудиторной самостоятельной работы для студентов 1 курса специальностей