У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

м~дениет т~сінігі жеке адам т~сінігімен ара~атынаста алайда жеке адам ~з ~лемін реттейтін логика сия~т

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 26.12.2024

Мәдениет түсінігі мен маңызы 28-31 бет

Алдын - ала алынған білім мен түсінік әрқашан үлкен роль атқаратын бұл процесс әр адамда мағынаның  дамуына бағытталады. Бұл процеске жүгіне отырып мағынаны қалыптастыру одан кейінгі келесі тәжірибеге әсер етеді. Сөйтіп, қоршаған ортаның құбылыстары әр кезде әр түрлі қабылданады. Сондықтан, мәдениет жеке және қайталанбай үнемі дамитын әлем түсінігі болып саналады.

Р. Кэроллдің жұмысында мәдениет мәні басқа жағынан қарастырылған. Сонымен қатар, мұнда «мәдениет» түсінігі «жеке адам» түсінігімен арақатынаста, алайда жеке адам өз әлемін реттейтін логика сияқты түсіндіріледі. Тіл, дене қимылдары, әрқашан түсіне бермейтін, бірақ адамның көптеген өмір жолында жасырын әрекет ететін тәрбиелеу және баға қағидалары сияқты әлеуметтік маңызды құбылыстарды реттеу критерийлері болып табылады.

Ендігі, заманау батыстық мәдени антропологияның ең көп таралған мәдениет анықтамасы «мәдениет физикалық қорытындылар емес, басқа қызмет түрлері сияқты анықтала алады» деп сендірген А.Кребер мен К.Клакхонға тиесілі. Биология мен физиология тілінде айтқанда мәдениет шартты -рефлексті және оқудан жүре пайда болған қызмет түрлерінен, сондай-ақ олардың туынды өнімінен тұрады. Өз кезегінде оқыту идеясы бізді әлеуметтік тарайтын, яғни қоғам мүшесі ретінде адам қабылдаған дәстүр бойынша тарайтынына қайтарады.

Мәдени - антропологиялық бағыты көзқарасының өзгешелік белгілері олардың түсіндірмелі мінезі болып табылады. Олар шағын топтар мен адамдар бірлестігінің күнделікті өмірін оқып білуіне бағытталған. Олардың мәдениетінің негізін олардың өмірлік іс - әрекетінің барлық жағын реттейтін белгілі ережелер мен қағидалар құрайтыны тұспалданған. Мәдени - антропологиялық тәсілдеме жағынан қарағанда мәдениеттің келесідей өзіндік ерекшеліктері бар:

  1.  мәдениет – адам өмірінің әмбебап құбылысы, сондықтан мәдениетсіз бірде бір адамзат бірлестігі немесе әлеуметтік топ жоқ;
  2.  мәдениет – адамдардың бірлескен өмірлік іс - әрекетінің жемісі;
  3.  мәдениет өзінің көрінісін құндылықтан, ережелерден, салттан, дәстүрден табады;
  4.  мәдениетті генетикалық иеленбейді, оқу көмегімен меңгеріледі;
  5.  адамзат біріңғай әлеуметтік ұжым болып табылмайды, түрлі адамдар популяциясы түрлі этникалық, аймақтық, әлеуметтік мәдениеттерді құрды;
  6.  мәдениет динамикалы, ол өздігінен дамуға және өздігінен жаңаруға, жаңа пішіндердің және мәдениетті өзінің өзгеретін тұрмыс шарттарына бейімдейтін адамдардың қызығушылығы мен қажеттілігін қанағаттандыру әдістері үнемі пайда болуына қабілетті;
  7.   мәдениет адамдардың өмірлік ұжымдық іс - әрекетінің нәтижесі, бірақ жеке тұлғалар оның тасымалдаушылары болып табылады;
  8.  мәдениет қоғам мен оның мүшелерінің өзін - өзі теңестіру, өзге мәдениеттер мен халықтар арасындағы әрекеттесуде «өзінің» және «жат» екенін айыру үшін негіз ретінде жұмыс жасайды.

Мәдениеттің осындай өзіндік ерекшеліктері бақылау, тіркеу, себебі мен болуы мүмкін салдарын түсіндіру мақсатымен адамның күнделікті мінез - құлықтын сипаттау мен түсіндіру мәдени антропологияның негізгі міндеті екенін білдіреді.

Алайда, адамзат мәдениетінің туындау және даму себептерін анықтамай аталған мәселелерді жүзеге асыру мүмкін емес.

Барлық мәдениеттану теорияларында, тұжырымдамалар мен әдіснамалық тәсілдерде мәдениет болмыс, мәдениеттің пайда болуы түсіндірілмеген шынайы феномен сияқты қарастырылады. Басқаларына қарағанда мәдени - антропологиялық тәсіл адамсыз мәдениет жоқ деген айқын жайтқа сүйенеді. Оны адам жасағандықтан, ол адаммен бұрыннан байланысты. Сондықтан мәдениеттің болмысы туралы нақты және толық түсінікті адамдардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарына сүйене отырып құруға болады. Дәл осыдан мәдениеттің басты детерминанталарын іздеу керек.

Жаратылыстану барлық жануарлардың мінез- құлқы бір қағидаға сүйенетінін әлдеқашан дәлелдеген. Адам мен жануардың мінез - құлқын жан - жақты қарастырғанда алдынғы болжамға қарағанда көбірек өзінің факторларының негізінде көп ұқсастықтар анықталады. Адам жалпы биосфера жүйесіндегі тірі ағзалардың бір түрі болып, нәтижесінде оның мінез - құлқынан жануарлар дүниесіне сәйкес көптеген биологиялық заңдылықтар анықталады, бұл ұқсас белгілер қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Осы заңдылықтарға сай кез - келген тірі ағза қоршаған ортаға бейімделуі керек. Бірақ жануарларда өмірінің әр сәтінде мінез - құлқын реттейтін түйсіктері бар. Тұрақты және өзгермейтін ортада мекендейтін жануарлардың бір түрі қатаң бағдарламаланған тәсіл мен ереже арқылы әрекет етеді. Үнемі өзгеретін орта жағдайында өмір сүретіндер қалыпты күйден аутқып және бірнеше мінез - құлық баламасының бірін таңдай білуі керек. Бірақ екі жағдайда да әр жануар қалай әрекет жасау керектігін және оның қабылдау әлемі мен тәжірибелік іс - әрекет әлемі ұштасқанын біледі.

Жануарлар әлеміне қарағанда адам түйсік жиынтығынан айырылған. Тірі ағза ретінде өз қажеттіліктерін қанағаттандырғанда ол алдын- ала белгіленген талаптармен тығыз байланыспаған, себебі оның іс - әрекеті сана - сезіміне негізделеді. Бұл адамның әлемді қабылдау мен іс - әрекет әлемі өмірдің әлеуметтік шарттарымен бөлінгенін білдіреді. Осы жағдайға байланысты адам өзі не және қалай істеу керектігін білмейтін жағдайқа түсуі мүмкін.

Осы себептен адам қоршаған ортаға бейімделу барысында өзінің жасанды әлемі – өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын, материалдық заттан, рухани игіліктен, мінез - құлық пен қоғамдық өмір қағидаларынан, сана нышандарынан және т.б. тұратын екінші табиғатты ойлап табады. Алайда, жаңа табиғат адамның қоршаған ортасы ғана болып ойлап табылмайды. Адам материалдық және рухани заттар мен құбылыстарды, мінез - құлық қағидаларын ойлап табу және шеберлік пен дағдыларды дамыту барысында өз - өзін құрайды. Осыған байланысты ол өзінің жеке тарихының, жеке іс - әрекетінің, жеке санасының жемісі болып саналады. Адамның мәдениеті мен мәдени ортасы оның нақты физикалық және саналы іс - әрекетке негізделетін биологиялық өмір сүру ортасына айрықша бейімделу тәсілі болып есептеледі. Салттар, дәстүрлер, тірі қалу мен дамуға қажетті, көпшілікпен қабылданған мінез - құлық ережелері әр халықта ұрпақтан ұрпаққа таралады. Осының арқасында мәдениет адам өмірін оның табиғатпен, басқа адамдармен және өз - өзімен қарым - қатынасы  моделін жасап сақтайды, жеңілдетеді және қорғайды.

Мәдениетті адамзат іс - әрекетінің ерекше жағы ретінде көруге, естуге, сезуге немесе байқап көруге болмайды. Оны тек адамзат мінез - құлқынның, әртүрлі іс- әрекет түрлерінің, салт - жораның, дәстүрдің, материалдық заттардың және т.б. айырмашылық түрінде оның білінуінен көруге болады. Адам мәдениеттің бөлек білінуін бекіте алады, бірақ ешқашан оны толығымен көре алмайды. Адамдардың өмірі мен мінез - құлқындағы түрлі мәдени заттарды бақылағаннан кейін, еш қиындықсыз, мәдени айырмашылықтар оның негізінде жатыр деген тұжырымға келуге болады. Бұл ақиқатты анықтау мәдениетке деген қызығушылықты тудырады және оны үйрену барысын ынталандырады.

Жеке халықтың мәдениеті мен жалпы адам мәдениетінің қалыптасу мен даму сұрақтарын зерттеумен мәдени антропология айналысады. Ол нәтижелер мен адамзат қоғамының өмірлік іс - әрекеттің барлық саласында және барлық  іс - әрекет әдістері және халықтың, этникалық қауымдастықтардың, әртүрлі уақыттағы топтар мен жеке адамның өмір салты мен мінез - құлқын құрайтын және қамтамасыз ететін ықпал жиынтығы пәні болып табылатын іргелі ғылым. Мәдени антропология мәдениеттің дамуын  барлық аспектілерімен зерттейді: өмір салты, әлем көрінісі, менталитет, діл, этникалық психология, адамның рухани іс - әрекетінің нәтижелері мен нысандары. Бұдан басқа ол қарым - қатынас, байланыс арқылы мәдениетті дамытудағы адамның бірегей қабіліттілігін зерттейді, адамзат мәдениетінің зор әртүрлілігін, олардың әрекеттесуі мен шиеленісуін қарастырады.

Мәдени антропология мәдениетті адамдардың біріккен іс - әрекетінің жемісі, олардың ұжымдық өмір сүрудің, олардың топтық және жеке қажеттіліктерін қанағаттандырудың реттелген ережелері мен қағидаларының келісілген тәсіл жүйесі ретінде көрсетеді. Бұндай түсінік белгілі аймақта адамдар топтарының ұзақ бірігіп тұруының, олардың ұжымдық шаруашылық қызметінің, сыртқы шабуылдан қорғаныстың жалпы дүниеге деген көзқарасын, біріккен өмір сүру салтын, қарым - қатынас әдебін, киіну стилін, аспаздық ерекшелігін қалыптастыруына негізделеді.




1. Теодор Рузвельт
2. Своеобразием архитектурными контрастами основных и подсобных строений эти ансамбли формировали целые ква
3. Материальное единство мира
4. окном в ваш двигатель ваш единственный свидетель камеры сгорания и могут быть использованы как ценное диа
5. Правовые основы социального государства Назовите цели социального государства Основная цель с
6. Контрольная работа- Understanding cultural differences
7. вид взаимодействия личности или социальной группы с социальной средой в ходе которого согласовываются тр
8.  Контракт- А Участники контракта
9. Газель УАЗ 9
10. Жильё после развода
11. Тема- Образование СССР
12. Таможенно-тарифное регулирование внешнеторговой деятельности
13. 1Наукой заниматься трудно
14. Документообіг- сутність та вимоги до організації
15. Тема- Издержки и прибыль фирмФирма функционирует в рамках совершенной конкуренции и реализует продукцию по ц
16. на тему Основные производственные фонды предприятия Контрольные вопросы- 1
17. Психолого-педагогическая работа с семьёй, воспитывающей ребёнка с нарушением слуха
18. N 620 ОБ УТВЕРЖДЕНИИ МЕТОДИЧЕСКИХ УКАЗАНИЙ ПО ПРИМЕНЕНИЮ СПРАВОЧНИКОВ БАЗОВЫХ ЦЕН НА ПРОЕКТНЫЕ РАБОТ
19. Это из за тебя1
20. ПривозЪ предлагает самый полный спектр услуг связанный с перевозкой Вашего груза всеми типами автотра