Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Ауру~а сипаттама

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-20

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 18.5.2024

Жоспар

Кіріспе ............................................................................................................. 3

І. Әдебиетке шолу ......................................................................................... 5

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Ауруға сипаттама .................................................................................. 8

2.2. Қоздырғышы...........................................................................................8

2.3. Патогенез ............................................................................................... .13

2.4. Клиникалық белгілері ........................................................................ .14

2.5. Патологоанатомиялық өзгерістері ................................................... .16

2.6. Алдын алу .............................................................................................. .18

2.7. Жарып сою хаттамасы .........................................................................19

ІІІ. Қорытынды .............................................................................................22

IV. Қолданылған әдебиеттер ......................................................................23

V.  Қосымшалар.............................................................................................24

                                            Кіріспе

      Қазіргі уақытта бруцеллез ауруы кездеспейтін бірде – бір ел жоқ десе де болғандай. Сонау Африканың тропикалық мемлекеттерінен бастап Алясканың мұз құрсаған аймақтарына дейін бұл жұқпалы ауруды кездестіруге болады.

     Бруцеллез жаңадан пайда болған ауру емес, атам заманнан бері келе жатқан дерт. Бруцеллез көне дүние дәрігерлеріне де мәлім болған.

     Жұқпалы  ауруға  жататын  бруцеллездің  орны ерекше.Оның қоздырушылары ұсақ тірі организмдерге жатады,бір  малдан  екінші малға  тез  беріледі.Сондықтан аз  уақыт  ішінде көптеген  малдың ауруларына  әкеліп соғады.Шаруашылықтарға  үлкен  шығын  әкеледі.

     Бруцеллез  зооантропоноздарға  жатады.Себебі,бруцеллез  адам  мен  жануарларда  бірдей  кездесетін  жұқпалы  ауру.  

     Қазіргі уақытта бруцеллез індеті әлемнің көптеген елдерінде, оның ішінде біздің елде де кездеседі. Бұл ауруды кеңінен зерттеп, оның таралу себептерін және онымен күресу шаралары жөнінде көптеген зерттеулер жарық көрді.

     Бруцеллез ауруы еліміздің дамуына кедергі келтіріп, малдан алынатын өнімдердің сапасын төмендетіп, экономикасына үлкен зиянын тигізуде. Бруцеллез індетімен ауылшаруашылық малдары ғана ауырып қана қоймай, сонымен қатар адамдарда ауырады. Адамдарға ең қауіптісі негізінен қой – ешкілердің бруцеллезі.

    Қазақстан Республикасы мал шаруашылығында ірі қара және қой бруцеллезі жөнінен індеттік ахуал әлі күнге күрделі жағдайда қалып отыр. Соңғы 8 жыл ішінде республика бойынша тіркелген бруцеллезден таза емес пункттер саны ірі қара бруцеллезі бойынша 5 – 28 ге дейін жетіп отыр.

    Республикалық СЭС мәліметтері бойынша елімізде жыл сайын бруцеллезге шалдыққан 2500 – 3000 адамға дейін тіркеледі.

    Адамдардың негізгі бруцеллез жұқтыру көзі жануарлар болып табылатын болғандықтан, бруцеллезбен күресу шаралары өте жоғары дәрежеде және тиімді болуы керек.

    Жануарлар бруцеллезін індеттанулық зерттеу, бруцеллездің даму динамикасын анықтау, сонымен қатар оның өту сипатын талдау індетке қарсы шараларды ғылыми тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

     Мал бруцеллезіне қарсы күресті жүргізгенде жалпы ұйымдастырушылық шараларынан басқа, арнайы ветеринарлық іс – шараларды ғылыми негізделген әдістемелер бойынша іске асырудың үлкен маңызы бар.

    Осы себепті бруцеллез ауруы кезіндегі патоморфологиялық өзгерістерді анықтау қазіргі таңда өте өзекті болып саналады.

    Бруцеллезбен  күрестің  негізгі шарттары:

-малға  серологиялық,аллергиялық және  бактериологиялық  зерттеулерді  қойып,ауырған  малдарды  анықтау.

     - ауырған  малды  шаруашылықтан  бөлектеп,оған  емдеу  профилактикасын жүргізу  қажет.

     -  бруцеллезге  қарсы  вакцинацияны  уақытылы  жүргізу  қажет.

     -  шаруашылықтада,фермаларда мал дәрігерлік -санитарлық  ережелерді қатаң   сақтау  қажет.

   Курстық  жұмыстың мақсаты:

    -   бруцеллездің  қоздырғышын,патогенезін  анықтау.

   -  потологоанатомиялық  өзгерістерін бақылап,алдын алу  шараларын ұйымдастыру.

    -  бруцеллез жөнінен індеттанулық зерттеулер жүргізу.

    -  шаруашылықтардың одан әрі күнге тазармау себептерін анықтау.

    -  бруцеллезге қарсы жүргізілген арнайы ветеринарлық шараларды талдау негізінде мал дәрігерлік тәжірибеге ғылыми – негізделген арнайы шаралар жүйесін ұсыну.

    Курстық  жұмыстың  міндеттері:

    - еліміздегі ветеринария тарихы туралы алғашқы деректерді зерттеу және шаруашылықтардағы мал бруцеллезі жөнінен соңғы жылдардағы індеттік ахуалды талдау;

    - өндіріс жағдайында қолданылуға ыңғайлы бруцеллезді балаудың кейбір әдістерінің тиімділігін анықтау;

    - бруцеллезге қарсы вакцина алу әдісін ойластыру;

    - жануарлардың бруцеллезге қарсы иммунитет деңгейін анықтау және бруцеллезді емдеу тәсілін жетілдіру.

    Зерттеу жұмысымда сөз болып отырған мал басын көбейтіп, одан алынатын өнімнің сапасын жақсартуға малдың бруцеллез ауруы көп кедергі келтіріп отырғандығы, осы кеселге қарсы шаралар ұйымдастырып, аурудан таза мал басын көбейту кезек күттірмейтін мәселе.

    Курстық жұмысымның басты мақсаты да осы еді. Көрсетілген шараларды дұрыс ұйымдастырып, мал дәрігерлік жұмыстарды уақытылы жүргізіп, мал дәрігерлік – санитарлық ережелерді қатаң ұстаған жағдайда бруцеллез ауруын түбегейлі жоюға болады.

                                

                                    

                                   І. Әдебиетке шолу

    Зерттеу жұмысымды жазу барысында осы сала бойынша көптеген әдебиеттер мен мерзімді басылым материалдарын кеңінен пайдаландым.

    Абсатиров Ғ., Боранбаева Т. Ветеринарлық микробиология деп аталатын практикумда жануарлардың жұқпалы ауруларын зертханалық жағдайда анықтау әдістері қарастырылған. Зертханалық – тәжірибелік сабақтар өткізу барысында пайдаланатын қажетті құрал – жабдықтар мен жұқпалы аурулардың қоздырушыларының морфологиялық, бактериологиялық, биохимиялық, серологиялық, патогендік қасиеттарін анықтау тәсілдері жазылған (Астана: Фолиант, 2009).

    Бисенов Б. Б. Мал бруцеллезі атты кітапта бруцеллез ауруының тарауы, оның мал шаруашылығына келтіретін зияны жайлы мәліметтер келтіріліп, республикамыздың облыстары бойынша бұл аурудың эпизотологиялық жағдайы, сондай – ақ оған қарсы күрес және алдын алу шаралары сөз болады. Автор аурудың қоздырғышына, клиникалық және патоморфологиялық өзгерістеріне, патогенезіне, диагностикасы мен иммунитетіне де жан – жақты тоқталады. Қой, шошқа, түйе, жылқы бруцеллезінің өту және таралу ерекшеліктері, клиникалық белгілері және алдын алу мәселелері де бүге – шігесіне дейін дейін талданады (Алматы: Қайнар, 1985).

    Құрманова Қ. Б. Адамға малдан жұғатын аурулар деген кітапшада адамға малдан жұғатын инфекциялық аурулардың клиникалық көріністері баяндалған. Малды күтіп – баққанда, сойған малдың етін, терісін, жүнін өңдегенде жұқпалы аурулар инфекциясынан сақтанудың, аурулардың алдын алудың жолдары айтылады (Алматы: Қазақстан, 1983).

    Өнеркәсіптік мал шаруашылығында кездесетін аурулардың профилактикасы атты кітаптың авторлары – Бүкілодақтық эксперименталдық мал дәрігерлігі институтының ғалымдары индустриялдық фермаларда және ірі қара, шошқа, қой мен құс, сондай – ақ балық пен ара шаруашылығы комплекстерінде ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізіп кенеді. Олар инфекциялық, протозойлық және басқа аурулардың профилактикасы жөнінде өндіріске бірсыпыра ұсыныстар беруде жеткілікті материал жинақтаған (Алматы: Қайнар, 1978).

    Студенцов К. П. Малдың жұқпалы аурулары атты әдебиетте мал түліктерінде болатын әр түрлі жұқпалы аурулардың шығу себептері, клиникалық белгілері, оның алдын алудың, емдеудің жалпы және арнаулы шаралары айтылады (Алматы: Қайнар, 1973).

    Телеуғалиев Т. М., Бисенов Б. Б., Омаров М. М. Қазақстандағы мал дәрігерлік қызмет атты әдебиетте мал шаруашылығында профилактикалық және емдеу шараларын ұйымдастыру, жұқпалы аурулардың алдын алу, мал дәрігерлік – санитарлық бақылау мен санитарлық шаралар туралы, сондай – ақ мал дәрігерлік жұмыстағы есеп құжаттарын жүргізу жайы сөз болады (Алматы: Қайнар, 1979).

    Ілиясов Б. К. Алғашқы ветеринариялық жәрдем деп аталатын оқу құралы жануарларға көрсетілетін алғашқы ветеринариялық жәрдем тоғыз тараудан тұрады: мал мен жануарларды бекемдеу, асептика, қан ағу және аққан қанды тоқтату, реаниматология, ветеринарияда қолданылатын дәрі – дәрмектер, жарақат және жарақаттану, жұқпалы емес және жұқпалы  инфекциялық – инвазионды ауруларда көрсетілетін алғашқы ветеринариялық жәрдем баяндалған (Алматы, 2001).

М. К. Юсковецтің (1952) мәліметі бойынша мелитензис сиыр малында да ауру қоздырғышы болады. П. А. Вершиловованың (1961) айтуынша осындай сиырдың сүтін ішкен адамдар бруцеллезбен ауруы мүмкін. Италияндық Теалетти (1962) және француз ғалымы Пиле (1961) де осындай тұжырымды мақұлдайды.

    Мүйізді ірі қара мен шошқа малында ауру қоздыратын абортус бруцелласы микробтарының бір – біріне ауысу мүмкіндіктерін көптеген ғалымдар қуаттамайды.

    С. Н. Вышелесский (1948) қойған тәжірибеде 9 буаз сиырға суис бруцелласы микробын және 8 буаз шошқаға абортус бруцелла микробын еккенде ешқандай нәтиже бермеген. П. А. Триленко, Д. И. Шохор (1976) мәліметі бойынша шошқа өсіретін ферма 2 жыл бойына мүйізді ірі қара ұстайтын бруцеллез изоляторымен көрші орналасқан. Бірақ шошқалардың арасында бруцеллез ауруы байқалмаған. Осындай бруцеллез ауруының қоздырғышының көп түрлерге және топтарға бөлінуі, малдың бір түлігінен екінші түлігіне ауысу мүмкіндіктері, сонымен қатар адамдардың бруцеллез ауруына сезімталдығы – ғалымдар алдына ауру қоздырғышын тез және дәл анықтап, түрге, топқа бөлуге көмектесетін арнаулы құралдар табу міндетін қойды.

Вильсонның (1933) байқауынша, бруцеллез штаммаларында жаңадан пайда болатын қасиеттер жиі кездесіп отырады және ол қасиеттер көбінесе қоршаған ортаның өзгерістеріне байланысты болады.

    Стейблфорт (1962) және Рену (1958) да өз еңбектерінде бруцеллез қоздырғышы қасиеттерінің өзгергіштігін дәлелдейді.

    Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, 1970 жылы қабылданған бруцеллез қоздырғышын жіктеу таблицасының кемшіліксіз еместігін, ол алға қарай әлі жетілдіре түсуді керек ететіндігін дәлелдегіміз келеді.

    Бұл қажеттілік қазір көптеген елдерде, сонымен қатар біздің елде де бруцеллез ауруына қарсы жүргізіліп жатқан күрестің негізінде эксперименттік бағытта қолданылып жатқан агглютинация реакциясына қатыспайтын штаммаларды пайдалану мәселесінде арта түсіп отыр.

 О. В. Кондратьева мен В. И. Степанов (1968, 1969) өз еңбектерінде бруцелланың өсуі үшін 6 аминдік қышқылдардың (глютамин, Л – аланин, лизин, метионин, гистидин, цистеин) қажет екендігін көрсетті.

    Осылардың ішінде бруцелдерді қажетті азотпен қамтамасыз етуде, әсіресе, глютамин қышқылы мен цистеиннің мәні зор. Бруцеллалардың өсуі үшін В группасының витаминдерінің (В1, В2, В6) және никотин қышқылының жеткілікті болуы қажет. А витамині бруцелла штаммаларының кейбір түрлерінің өсуі үшін ғана керек.

Алғашқылардың бірі болып мукоидті штаммаларды тауып зерттеген Хеддельсон. Бруцеллалардың мукоидті варианттарын Н. Д. Анина – Радченко (1954) қоректік ортаға 10 % қойдың иммунді сарысуын қосып өсіріп, одан кейін жануарлар организмінен өткізу арқылы алды.

    П. А. Триленко (1976) мукоидты вариантты штаммаларға тек қана мукоидты М антигені барларын жатқызады.

    П. А. Вершилованың (1961) еңбектерінде бруцелла қабықшасының негізінен полисахридтерден және тек қана азғантай бөлігі белоктан тұратыны анықталды.

    Жоғарыда көрсетілген еңбектердің нәтижесі бруцелла морфологиясының өте – мөте өзгергіш, тұрақсыз болып келетінін көрсетеді. Диссоциация құбылысы тек қана лаборатория жағдайында қоректік ортада өсірілген штаммаларда ғана байқалып қоймай, сонымен қатар табиғи жағдайдағы тағы штаммалардың немесе эпизотологиялық штаммалардың ішінде кездеседі (М. С. Дрожевкина, 1958).

  Соңғы жылдары көптеген басылымдардан (Н. Н. Давыдов, 1961; А. Ф. Пинигин мен О. С. Петухова, 1962; М. М. Иванов және басқалары, 1962) солтүстік бұғылардан бөлінген бруцелла микробын анықтаудың қиынға соққаны белгілі. Онда бруцелла микробының жаңа түрін енгізу туралы пікірлер айтылды. Бірақ ФАО/ВОЗ – дың бруцеллез жөніндегі біріккен комитетінің шешімі бойынша бұл бұғылардан бөлінген микробтар суис бруцелласының төртінші тобына енді.

    Жұмабеков  Х.С пен  Дербышов   мәліметтері  бойынша  өкпеде, жүректе,  бүйректе ,бұлшықтерде  лимфоид-гистиоцит  торшаларынан  құралған ошақты  инфильтраттар  табылады.Аурудың  жіті  түрінде  бүйрек  үстіндегі және  ұйқы  безінде  мононуклеарлардан,эпителиоид  торшаларынан  құралған   гранулемалар  кездеметінін  атап   көрсетеді.

    Орлов Ф.М  атап  көрсеткендей  бруцеллез-мал  безгегі,  жұқпалы  немесе  эпизоотологиялық ,  шошқалар  мен  мүйізді  ірі  қараның  іш  тастауы.Brucella  тобының  бактерияларымен  туындалатын  адам  мен  жануардың  созылмалы  жұқпалы  ауруы.Бруцеллезге  ауылшаруашылық  және  үй  жануарларының  барлық  түрі,  сондай-ақ  көптеген  жабайы  аңда  мен  құстар  сезімтал.Тәжірибе  жүзінде  тасбақаларды,бақаларды   және  тағы  басқаларын  зақымдауға  болады.Шошқалар  мен мүйізді  ірі қараның  жұқпалы  немесе  эпизоотологиялық  іш  тастауы  болып  табылады.Іш тастау  өткен  жүз  жылдықта  белгілі  болатын.

    Бруцеллез  ауруының  этиологиясы  тек 1897  жылы  Банг  пен  Стрибольт  сиыр  төлінің  жұқпалы  іш  тастауынан  ұоздырғышын  бөліп  алды.

    1974  жылы  Траум  шошқа  төлінен  ауру  қоздырғышын  бөліп  алды.

    Давид  Брюс 1866 жылы  ауру  қоздырғышын  таза  күйінде  өсіріп,оның  пішіні  шар  тәріздес  және  көлемінің  өте  кіші  екендігін  ескере отырып,оған мальта микроконкі  деген  ат  берд

                                           ІІ. Негізгі бөлім

                                       2.1. Ауруға сипаттама

    Бруцеллез (Brucellosis) – мал мен адамның жұқпалы ауруы. Ауырған мал іш тастайды және шуы түспейді. Мұның қоздырғышы бруцелл – суыққа төзімлі, ыстыққа төзімсіз бактерия.

     Сүтті қайнатқанда қоздырғыш бірден, ал тура түскен күн сәулесінен бірнеше минуттан 3 – 4 сағат аралығында өледі. Бруцелл топырақта 30 – 100, суда 6 – 150 күнге дейін, өңделген қой терісінде 4 айға дейін, салқындатылған сүтте 6 – 8 күн, кілегейде 10 күнге дейін, айранда 1 – 4 күн, майда 40 – 50 күн, етте 20 күн, кейде одан да ұзақ уақыт тіршілігін сақтай алады. Бруцеллезбен көптеген жабайы және үй жануарлары, әсіресе, қой – ешкі, шошқа, сиыр ауырады. Адамға ең қауіптісі қой мен ешкі бруцеллезі.

    Індет ауруы малдың несебі, сүті, жыныс мүшесінен аққан жалқаяқ, іш тастаған малдың қағанағы, лас төсеніш, құрал – жабдық т.б. арқылы тарайды. Адамға бруцеллез көбінесе ауру малдың сүтін қайнатпай ішуден жұғады. Жүн жуатын, ет комбинаттарындағы және ауру малды күтуші адамдар да бруцеллезбен ауырады. Аурудың белгісі орта есеппен 15 – 25 күнде білінеді. Ең басты белгісі: сиыр 5 – 8 айлығында, қой мен ешкі 3 – 5 айлығында, мегежін 4 – 12 апталығында іш тастайды.  Іш тастаған малдың көбінде шу түспеу, одан әрі жатырдың қабынуы байқалады.

    Еркек малдың ені мен енбауы қабынады. Ауырған адам терлегіш келеді, басы ауырып, буыны мен бұлшық еттері сырқырайды, бел омыртқасы мен бауыры зақымданады. Бруцеллез ауруы байқалған шаруашылықтан шетке мал шығарылмайды, шеттен келген мал тексеруден өтеді. Ауру мал жайылған өріске сау мал жаюға  тыйым салынады. Іш тастаған, шуы түспеген мал байқалса, оның себебін анықтайды. Ауру малдың көңін биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады, сүтін 5 минут қайнатады, жүнін қайнаған  сумен жуады.

    Бруцеллез малды айдауға болмайды, оларды тек вагон немесе машинамен тасиды. Ауру мал тұрған қора, алаң, аула көңнен тазартылып, жаңа сөндірілген 10 – 20 % - тік әк, 2 % - тік формальдегид т.б. ерітінділерімен дезинфекцияланады.

2.2. Қоздырғышы

    Ауру қоздырғышының табылғанына (Брюс, 1886) 100 жылдай уақыт болып қалды. Осы уақыттың ішінде ғалымдар ауру қоздырғышын зерттеу, талдау, түр – түрге бөлу саласында айтарлықтай нәтижелерге жетті. Бір ескерте кететін жайт – соңғы жылдары бруцеллез қоздырғышының антигендік қасиетінде ерекше өзгерістер бары байқалды. Бұл өзгерістер – қоздырғыштың агглютинация реакциясына түсу қасиетін сақтайды, мұның өзі зерттеудің маңызы зор екенін көрсетеді.

    Бруцелла тобындағы қоздырғыштардың жіктелуін алғаш рет американдық ғалым Ивэнс (1918) ұсынды. Оны әрі қарай жетілдірген Хеддельсон (1929) төмендегідей жіктеу ұсынды:

    І – мелитензис бруцелласы;

    ІІ – абортус бруцелласы;

    ІІІ – суис бруцелласы.

    Осы ұсынылған жіктеу қазірге дейін сақталып келеді. Жіктеудің басты қағидасы – ауру қоздырғышы әрбір мал түлігіне қарай варианттарға бөлінеді. Мысалы, осы қағидаға сәйкес 1966 жылы халықаралық бактериялар номенклатурасы жөніндегі комитеттің шешімі бойынша бруцелла тобына неотома бруцелласы деген жаңа түрі қосылды. 1957 жылы Стоеннер мен Лакман неотома бруцелласын ормандарды мекен ететін егеуқұйрыққа тәжірибе жасап анықтаған болатын.

    Ал, 1970 жылы жоғарыда айтылған халықаралық комитеттің бруцеллез жөніндегі бөлімінің шешімі бойынша бруцелла тобына тағы 2 түрі қосылды: овис бруцелласы (V) және канис бруцелласы (VI). Соңғысы әзірге толық анықтала қойған жоқ. Овис бруцелласы саулық пен қошқарларда мелитензис бруцелласы тудыратын бруцеллезге ұқсамайтын зардаптар туғызады. Овис бруцелла түрін алғаш рет Бадл 1953 анықтады. Иттердің бруцеллез ауруын алғаш зерттеп жазған Карманкл (1966). Бруцеллездің түрлері ғана көбейіп қойған жоқ, сонымен бірге әр түрдің бірнеше топтарға бөлінетіні анықталды. Осыларды есепке ала отырып ФАО/ВОЗ – дың бруцеллез жөніндегі бірікке комитетінің мүшелері 1970 жылы бруцеллез қоздырғышының жаңа жіктеу схемасын ұсынды. Осыған сәйкес мелитенезис бруцелла қоздырғышы 3 биологиялық топқа, абортус бруцелласы – 9 топқа, ал суис бруцелласы – 4 топқа бөлінеді. Әр қоздырғыштың бірінші биологиялық түрі сол қоздырғыш үшін негізгі болып есептелінеді, қалған топтары біріншіден серологиялық немесе биохимиялық ерекшеліктерімен дараланады. Бруцелла «ТБ» бактериофагіне сезімталдығы бойынша және 8 аминқышқылы мен 4 углеводтың реакциясы анықталады.  Бруцеллез қоздырғышының әр түлік малға сәйкес түрлері ауруды сол түлікте тудырады. Бірақ, көптеген ғалымдардың еңбектерінің негізінде ауру қоздырғышының бір түліктен екінші түлікке ауысу мүмкіндігі дәлелденді.

       Бруцелла қоздырғыштарының жіктеу таблицасы 1970 жылы 7 тамызда бактериялардың номенклатурасы жөніндегі халықаралық комитетінің бруцеллез жөніндегі бөлімшесінің жиналысында Мехико қаласында қабылданды. Бұл таблица барлық елдер үшін міндетті құжат болып есептелінеді. Сондықтан бруцеллез қоздырғышын жіктегенде осы таблица қолданылады.

    Аталған комитеттің ұйғарымы бойынша бруцеллез қоздырғыштары 5 түрге бөлінеді. Олар – абортус, мелитензис, неотома, овис және суис бруцеллалары. Деректі мәліметтердің жеткіліксіздігінен канис бруцелласы ешқандай топқа да, түрге де жатқызылмады. Сонымен қатар комитеттің қорытынды мәжілісінде әр түрдің өздеріне сәйкес эталондық штаммаларын анықтау және эталондық қасиеттерін жоғалтқан штаммаларды өзара түрлерге бөлу керектігі мәлімденді.

    Бұл бағытта елеулі еңбек сіңірген ғалымдардың қатарына Мейер мен Морганды жатқызуға болады. Айтылған бес түрдің ішінде тек қана неотома бруцелласының ғана алғашқы эталондық штаммасы сақталған да, қалған 4 түрдің эталондық штаммалары жоғалған болып шықты. Сондықтан авторлар 4 түрдің ішінен өздерінің қасиеттері жағынан алғашқы эталондық штаммаларға ұқсас және қазіргі бөлінетін штаммаларға да ұқсас белгілері бар штаммаларды бөліп алып, жүйелі жұмыс істеді. Олар мына төмендегі көрсетілген штаммалар: абортус (544 штаммасы), суис (1330), мелитензис (16), овис (6390).

    Бруцеллез жөніндегі комитеттің ережесіне сәйкес Мейер мен Морган жоғарыдағы штаммаларды жіктеп анықтауда рұқсат етілген әдістемелерді қолданды. Осы еңбектердің нәтижесінде жоғарыда көрсетілген штаммалардың әр түрдің қасиеттерін анықтауға жарайтын эталон – штамм болатындығын дәлелдеді.

    Осыған сәйкес ескерте кететін бір жайт – көптеген бруцеллез штаммалары әр түрге міндетті эталондық қасиеттерімен қатар, кей жағдайларда жаңадан пайда болған қасиеттіермен де байқалуы мүмкін.

    Бруцелла қоздырғышының морфологиялық құрылысы және диссоциациясы. Морфологиялық белгілері бойынша бруцелла қоздырғышының әр түрлерін бір – бірінен айыру мүмкін емес.

    Морфологиялық белгілерін сипаттағанда бруцелла қоздырғышының негізгі өзгермеген түрі S формасында сақталған, ал өзгеріске ұшыраған варианттары R, M (мукондық) және МВБ (сыртқы қабаттағы антиген бойынша минус – вариант) түрінде кездеседі. Бруцеллалар негізінен уақ және жиі өзгерістерге ұшырап тұратын микроорганизмдер. Олар сопақша, шар тәріздес, қысқаша таяқшалар формасында кездеседі.

    Н. Н. Островскаяның (1961) анықтауынша, абортус және суис бруцеллалары көбінесе сопақша түрде, ал мелитензис көпшілік жағдайда шар түрінде кездеседі.

    Бруцелла бактериялары препараттарда көбінесе ретсіз орналасады, бірақ кейде тізбек түрінде не екі – екіден жататын кездері де болады.

    Шар түріндегі бактериялардың ұзындығы 0,3 – 0,6 мкм, ал сопақша формалар 0,6 – 1,5 мкм шамасында болады.

    Бруцеллалар өздігінен қозғалмайды, спор туғызбайды. Кейбір жағдайларда қабықша (капсула) пайда болуы мүмкін (Хеддельсон, 1943; Н. Д. Анина – Радченко, 1954; Н. Н. Островская, Э. Н. Князева, 1957). Электрондық микроскоп арқылы тексергенде бруцеллалардың бір – бірінен және басқа да Грам әдісімен теріс боялатын бактериялардан өзгешелігі байқалмайды. Бруцеллалар барлық анилинді бояулармен боялады. Романовскийдің әдісімен бруцеллалар нәзік күлгін түске боялады. Грам әдісімен боялмайды. Сонымен қатар көптеген дифференциалды бояу әдістері қолданылады. Бұл әдістер бруцеллардың алғашқы пайдаланылатын бояумен өз бойында берік сақтап қалу қасиетін айқындайды. Осы әдістердің ішіндегі көбірек пайдаланылатыны Е. В. Козловскийдің (1936) әдісі.

    Бұл тәсіл бойынша ауада кептірілген әйнектегі таңбаны сафраниннің судағы 2 проценттік ерітіндісінде жалынның үстіне ұстап тұрып, ерітіндіде ауа көпіршіктері пайда болғанша бояйды; бұдан кейін ерітіндіні сумен шайып тастап, қосымша малахитті жасылдың судағы 0,75 – 1 проценттік ерітіндісімен 0,5 – 1 минуттай бояйды.

    Бруцеллалар қызыл түске, ал басқа бактериялар, клеткалар жасыл түске боялады. Бруцелла себінділерін өсіру үшін негізінен бактериологияда кеңінен тараған қоректік орталарды пайдалануға болады. Өсу аэробтік (ауаның қатысуымен) жағдайда 37° С температура шамасында жүреді.

    Бірақ бруцелланың кейбір түрлерін және топтарын өсіру үшін алғашқы кезде ауа құрамында көміртекті газдың (СО2) жоғары шамада (5 – 10 %) болуы талап етілетінін ескеру керек. Бруцеллалар басқа бактерияларға қарағанда қоректік ортаға талғампаз келеді. Сондықтан оларды бөліп алып әрі қарай өсіру үшін арнаулы қоректік орталар ұсынылады. Олардың қатарына бауыр және ет бауырдан дайындалған қоректік орталар, құрамына  2 % глицерин және 1 % глюкоза қосылады.

    Н. В. Плоскирев ұсынған құрамында балық ұны және дрожды гидролизаты бар құрғақ «Д» қоректік ортасын да бруцеллалар өсу үшін пайдалануға болады.

    ФАО/ВОЗ – дың бруцеллез жөніндегі біріккен комитетінің эксперттерінің ұсынуы бойынша бруцеллаларды бөліп алып, әрі қарай өсіру мына төмендегі қоректік орталарда қолайлы деп тапты: сарысулы – декстрозалық агар; сарысу қосылған картоптық агар; триптикозді – соялық және триптоздық анар; 5 % қойдың қаны қосылған агар.

    Бруцеллаларды басқа микроорганизмдерден таза түрде бөліп алу үшін жоғарыда көрсетілген қоректік орталарға бруцеллалардың өсуіне әсер етпейтін антибиотиктер (полимиксин, бацитрацин, циклогексамид, актидон) қосып пайдалануға болады. Дайын болған қоректік орта бруцеллаларды өсіруге жарайтындығын тексеру үшін аз ғана мөлшерде (5 – 10 микроб) әр түрлі штаммаларды себеді, өсім берген жағдайда ғана қоректік орта жарамды болып есептеледі. Ғалымдар бруцелланы өсіру үшін азоттың және басқа қосымша қоректендірудің маңызын анықтады.

   Жалпы бруцеллалар қоректік орталарда жай өседі. Сондықтан ауру малдардан алғашқы алынған тамшыларды термостатта 4 – 5 аптадай ұстау керек. Ал, лаборатория жағдайына бейімделген штаммалар 24 – 48 сағаттан кейін – ақ мол өніс береді. Бруцелла бактерияларының қою тұнбасынан қиғаш агарға сепкенде агар бетінде нәзік майша жылтыраған мөлдір қабық пайда болып, кейіннен қатайып бозғыл тартып, көгілдір түске боялады.

     Бруцеллалардың диссоциациясы. Лаборатория жағдайында таза микроорганизмдер топтарының өзгергіштігі байқалады. Оны бактериялар диссоциациясы деп атайды. Диссоциация барысында микроорганизмдердің әр түрлі белгілерінің өзгеруі мүмкін. Диссоциация құбылысы бруцеллаларға да тән және өзгергіштік құбылысының алғашқы сатысы деп есептеледі.

     Диссоциацияны анықтау үшін сұйық қоректік ортада өсуіне және өскен кезде қандай тұнба түседі, өсіндінің хлорлы натрийдің изотоникалық ерітіндісінде еру қасиетіне, Бюрне бойынша термопреципитация реакциясына қатынасы, флавакридиннің ерітіндісінде агглютинация түзу қасиетіне және ауру қоздырғыш күшіне қарайды.

     S формасындағы бруцелла штаммаларының ішінде диссоциацияға түсетін және түспейтін бактериялар да кездеседі. Сондықтан да бруцеллалардың морфологиясын сипаттағанда жоғарыда екі түрлі штаммалардың бірдей қаралуы дұрыс болады. R формасындағы штаммалар да диссоциация сатысында бір деңгейдк бола бермейді, соған байланысты морфологиясы да әр түрлі болып келеді.

    Бруцеллаларды R формасынан S формасына ауыстыру қиын емес, ол үшін бруцелланы сезімтал жануарларға ексе болғаны. Көбінесе осы жағдайда теңіз шошқалары пайдаланылады. Жалпы айтқанда диссициация жағдайында бруцеллез қоздырғышы қасиетінің өте тұрақсыз болып келуі бруцеллезді анықтау жұмысына көптеген кеселін тигізеді, ал мұның өзі бруцеллезге қарсы қоладанылатын шаралар нәтижесінің төмендеуіне әкеліп соғады. Бұл диссоциация құбылысын жан – жақты зерттеп, тереңірек білудің мәні зор екенін көрсетеді.

    Бруцелланың ауру қоздырғыштық қабілеттілігі және вируленттігі. Бруцеллез індетіне ұшыраған малдың денесінде ауру қоздырғышы негізінен ретикулді – эндотелиалды жүйенің клеткаларында өсіп - өнеді. Мұның өзі бруцелланы клетканың ішінде тіршілік жасайтын қоздырғыштар тобына жататындығын дәлелдейді. Бірақ бұдан бруцелла қоздырғышы клетканың сыртында болмайды екен деген ұғым тумауы тиіс. Организмге енгеннен кейін қоздырғыш алғашында лимфоидті тканьдерде тоқталып, өсіп - өнеді. Осының нәтижесінде морфологиялық тұрғыдан қарағанда ретикулді – эндотелиалдық пролифераттар және некробиоздық очагтар пайда болады. Бұл өзгерістердің даму дәрежесі бруцелланың вируленттігіне тікелей байланысты.

    Вируленттік қасиет - әрбір жеке штамманың өзіндік қасиеті болып есептеледі, былайша айтқанда қоздырғыштың ауру қоздырғыштық қабілетінің сандық көрсеткіші деп есептеуге де болады. Сондықтан да оны сандық мөлшерде белгілеп, ең аз ауру қоздырғыш мөлшер (ҚМ) делінеді. Осындай аз мөлшер малдың барлығына немесе көпшілігіне зардабын тигізуі мүмкін.

    Көптеген бруцелла штаммасы үшін бір қоздырғыш мөлшерге (ҚМ) 25 – 30 дана микроб клеткасы сәйкес келеді.

    Ғалымдар 1 ҚМ деңгейін анықтау үшін ауыл шаруашылығы малдарымен тәжірибе жүзінде көптеген жұмыстар жүргізді.

    Бруцелла микробтарында вируленттік қасиетінің өздігінен төмендеп кететін жағдайлары да кездеседі. Мұның өздігінен төмендеп кететін жағдайлары да кездеседі. Мұның өзі жаңа пайда болған қасиеттің әрі қарай көбейіп, түгел популяцияға жаңа қасиет беруі мүмкін.

    Вируленттікті қайтадан күшейтуге де болады. Ол үшін табиғи сұрыптау заңдылығына сүйене отырып, мұндай бруцелла микробын осы ауруға сезімтал теңіз шошқаларының организмі арқылы бірнеше рет өткізу керек.

    Бруцеллалардың антигендік құрылымы. Бруцеллезбен ауырған не бруцелла микробын еккен жануарлардың қанында тиісті аниттелалар түзіледі. Көптеген өзімізге белгілі организмнің осы қасиетін ауруды анықтап, бруцеллалардың түрлерін табу үшін пайдаланады. Агглютинация реакциясы арқылы бруцелланың сыртқы қабатындағы антигендерді анықтап, диссоциацияға түскен R формасымен диссоциацияға түспейтін S формасын ажыратуға болады. Меер мен Фезье (1921) осы бағытта жұмыстар жүргізгенде жай агглютинация (РА) реакциясымен қатар Кастелланидің агглютининдерді адсорбциялау әдісін пайдаланады.

    

2.3. Патогенез

    Бруцеллез инфекциясының патогенетикалық және клиникалық белгілері бірнеше факторлар арқылы бір – бірімен байланысып жатыр. Мәселен, адамдарда болатын бруцеллездің клиникалық белгілерін анықтайтын негізгі факторлар мыналар: а) микроорганизмнің ауруға қарсы тұра алу қабілеті және оның әр түрлі бруцеллез инфекцияларына сезімталдығы мен қабылдағыштығы; б) жұқпалы індеттің өсу қырқыны және қайталану жиілігі; ауру қоздырғышының организмге ену жолдары; в) сенсибиляция дәрежесі және организмнің иммунологиялық белсенділігі, т.б.

    Бруцеллездің этиопатологиялық белгілерінің анықталуы бұл індетті эксперименталды жолмен зерттеудің қажеттілігін білдіреді. Бруцеллез патогенезін жүйелі түрде эксперимент жолымен зерттеу П. Ф. Здродовский мен оның шәкірттері жүргізген 30 – шы жылдардағы жұмыстардан басталады. Қазіргі уақытқа дейін бруцеллез патогенезі туралы сол алғашқы мәліметтер біздің Отанымыздың және шетел ғалымдарының зерттеулерімен толыға түсті.

    Лабораториялық жолмен зерттеуде болатын ұсақ жәндіктерге (теңіз шошқалары, ақ тышқандар), сондай – ақ, бұл жұқпалы індетті адамдар арасына таратушы негізгі иелері болып табылатын ауыл шаруашылығындағы жануарларға (қойлар, ешкілер, мүйізді ірі қара, шошқалар) эксперимент әдісімен инфекция егу мүмкіндігінің пайда болуы бруцеллез патогенезін толығырақ анықтауа жағдай жасады. Бірақ қазіргі ғылымда аталынған аурудың патологиялық қалыптасу механизмі мен дамуы, дәлірек айтқанда, бруцеллездің созылмалы және латентті түрлері жан – жақты толық зерттеліп болды деп айту қиын.

   Бруцеллездің бірден – бірге таралуы мен жұғуы әр түрлі болып келеді. Оның жануарлардан адамдарға көшуінің эпидемиологиялық жолдарының ең негізгісі – іш тастау немесе төлдеу кезеңінде ауру малдарды күтіп – баптау кезі. Сондай – ақ, бруцеллезбен ауырған малдардың етін, жүнін, терісін өңдеу барысында індет жұқтыру көрсеткіші 10 – 40 пайызға дейін болады екен. Мұнымен қатар, адамдар арасындағы эпидемиологиялық таралу сүт тағамдарынан, әсіресе бруцеллезбен ауырған қойлардың сүтінен дайындалған ірімшіктен де болады. Түйенің және бұғының сүтінен дайындалған тағамдардан да адамдардың ауру жұқтырып алуы мүмкін.

    Ұзақ жылдар бойы жүргізілген эпидемиологиялық бақылау жұмысының нәтижесінде бруцеллез инфекциясының үш түрлі жолмен: 1) контактілі; 2) алиментарлы; 3) арогенді жолмен жұғатындығы анықталады.

    Мұндай жолдармен індет таралу мүмкіндігін бірнеше авторлар өз эксперименттері арқылы дәлелдеп шықты. Бұл эксперименттер барысында бруцеллездің адамдарға жұғу «қақпасы», аурудың одан әрі даму механизмі т.б. анықталды.

 

2.4. Клиникалық белгілері

    Ірі қара малда бруцеллез көп жағдайда клиникалық белгілері анық білінбей, үстіртін не латентті түрде өтеді. Ауырған аналық малдың негізі белгісі – аборт. Буаз аналықтардың іш тастауы 3 – 4 айлық немесе 6 – 8 айлық кезінде болады. Аборттың болу мезгілі ауру микробының жұғуына тығыз байланысты. Ал, бруцеллез микробтары буаз сиырларға 1 – 2 ай немесе 7 – 8 ай шамасында мезгілі көп жағдайда малдың туу қарсаңында болады және алғаш туатын құнажындарда бруцеллезбен ауырған жағдайда жаппай іш тастауы байқалады. Оның саны 30 – 50 пайызға дейін жетеді (К. П. Студенцов, 1975). Ауру сиырда аборт бір рет болады, ал екі не үш рет іш тастауы өте сирек кездеседі. Сиырда іш тастауына 2 – 3 күн қалғанда оның сыртқы жыныс органдары ісініп, қызарады және жатыр алды бөлімінен қызғылт иіссіз кілегей ағады. Мұндай малдың буындары қабынып, жүргенде қатты қиналады, көпке дейін оның шуы түспейді, жатыр ішінде шіриді. Ақырында мал эндометритке, метритке, вагинитке ұшырайды. Оның желіні қабынады. Мұндай жағдайда аналық малдың ұрықтану қабілеті жойылады.

    Ауырған ірі қараның белгісінің бірі – буындарының ісініп қабынуы, әсіресе, тобық, тізе буындары. Бастапқы кезде буын іспей, ұстап қарағанда мал ауырсынады, содан соң ісініп, ісігі күннен – күнге ұлғая береді. Бара – бара буынға ірің микробтары түсіп, буын ісігі қатты қызып, мал мүлде жүре алмай қалады. Ісік тесіліп, одан ірің ағады. Буында өзіне тән емес тканьдер өсіп, ол извест тұздарымен қапталып буын қозғалысы бұзылады.

    Бруцеллезбен ауырған бұқаларда іріңді орхит, эпидидимит, артриттер және синовиттер болады.

    Бруцеллезді қойға эксперименталды жолмен жұқтырғанда бастапқы          3 – 4 күн ішінде организм температурасы 40,5 – 41 градусқа дейін көтеріледі, мал шөп жемейді, жалпы жағдайы нашарлайды. Одан әрі жайы жақсарып, ауру созылмалы түрге айналып, көп жағдайда ауру белгісі білінбей өтеді. Аурудың негізгі клиникалық белгісі – буаз қойдың іш тастап, шуы түспей, эндометритке айналуы.

    Қойдың іш тастауы қойда жаппай жүріп, аборт саны 20 – 60 пайызға жетеді. Іш тастар алдында  саулықтардың сыртқы жыныс органынан және жатыр алды бөлігінен іріңді кілегей ағып, қабынады. Желіні ісіп, мал тынышсызданады. Буаз қойлар көбіне 4 – 5 айлық кезінде іш тастайды. Мал ұрығы кейде өлі туып, кейде өте әлсіз, өмір сүруге бейімсіз нашар қозы туады да, ол алғашқы күні – ақ өліп қалады. Егер егіз қозы тапса, біреуі – тірі (әлсіз), екіншісі өлі туады. Іш тастаған саулық қойлардың 10 – 20 пайызы енді ұрық көтермейді. Бруцеллезбен ауырған қойда желінсау мен артриттер кездеседі. Қой іш тастаған соң 1 – 1,5 айдан кейін тендовагинит, бурсит, ренит, бронхит конъюктивит, кератит, кейде парез не паралич болады (И. А. Тарасов, 1973). Қошқарда орхит, эпидидимит кездеседі.

    Мегежіндерде бруцеллез жіті түрде өтеді. Бірақ бруцеллезден таза емес шаруашылықтарда аналықтар тек бір рет іш тастайды, қалған уақытта ауру созылмалы түрде клиникалық белгілері білінбей өтеді. Мегежіннің іш тастауы әркез 1 – 2 айлық буаздығында болады. Іш тастауда сыртқы жынысының органдары ісініп, іріңді сұйық бөлінеді, мал әлсірейді, іш тастауы жеңіл түрде өтеді.

    Еркек шошқалардың бір жағының, кейде екі жағының ендері қабына ісінеді. Егер ауру созылмалы түрде өтсе, ендерінде атрофия болады.

    Ісініп қабынған ендер мен қосымша ендердің ішіне өзіне тән емес клеткалар өсіп, ол учаскелер известі тұздармен қапталады. Ішіндегі іріңді сұйықтың иісі болмайды, түсі сарғыш – қоңырлау болады. Егер ауырған ереке шошқада клиникалық белгілер білінсе, онда алынған патматериалдан міндетті түрде бруцеллездің культурасы бөлінеді. Кейде клиникалық белгісі жоқ, ауруы білінбеген еркек шошқалардың ендері мен қосымша ендерден алынған материалды серологиялық әдіспен тексергенде, бруцеллез қоздырғышын бөліп алған жайлар кездескен (И. В. Зубов, 1965).

    Ит қаншығының негізгі клиникалық  белгісі – қарығаннан кейін 40 – 50 күндікте болатын іш тастау. Кейде эмбрион іште өліп, ауру ешқандай белгісіз өтуі де мүмкін. Іш тастайтын ит қаншығында ұзақ уақыт іріңді сұйық бөлінеді. Лимфа бездері, талағы көлемінен үлкейеді. Мұндай қаншықтар жиі – жиі күйлеп, ұрықтанбайды.

    Еркек иттерде эпидидимит, простатит болып, ен бездері атрофияға ұшырайды, бірақ бұл өзгерістер бір жақты болады. Иттің жыныстық қабілеті азаяды, қарыған кезде ұрғашы иттер тоқтамайды.

    Итте де басқа малдар сияқты артриттер кездеседі. Бруцеллез ауруы көбіне итте латентті түрде өтеді, ауырған иттің қызуы көтерілмейді. Бірақ организмде бактериемия бірқалыпты ұзақ уақыт сақталады, кейде іш тастаған соң бір жылға дейін созылуы мүмкін. Итте ешқандай белгі болмай, бруцеллез ауруының өте қауіпті көзі болуы да ықтимал, ондай иттерді тек жиі – жиі тексеру арқылы анықтауға болады.

    Жылқы ауру сиырлармен бірге жайылып, бір жерден су ішіп, мал қораларында бірге тұрған жағдайда бруцеллез ауруы жұғады. Бруцеллезбен ауырған биелерде іш тастау болмайды. Ауру жылқыда өте созылмалы түрде өтіп, кей жағдайда мезгіл – мезгіл ыстығы көтеріліп, жемшөпке тәбеті болмай, күйі төмендейді және үсті ұсақ ісіктер мен абцесстерге толады. Егер жара тым өршіп кетсе, желке және кеуде омыртқалар буындары қабынып, артрит, миозит болады.

    Қойдың эпидидимитінің клиникалық белгілері. Биберштейн және т.б. (1964) 48 жас қошқарды ауру микробтарын беріп, қолдан ауыртқан. Ауырған қошқарлардың ыстығы болмаған, негізгі белгілері тек 45 күннен кейін біліне бастады. Ішкі органдарда бактериялар шоғырланып, патологиялық өзгерістер кездеспеген.

    Аурудың клиникалық белгісін Мюррей (1969) өте толық жазды. Ол – 2332 бас бақыланған қошқардың белгілері анықталып білінгенде ұшасы өзгеріп, қосалқы неі зақымданғаны – 69,4 %, тестикульдің атрофияға ұшырағаны – 15,4 %, не жолының қалыңдауы – 9,5 %, ұма жарығы – 2,9 %, крипторхизм – 1,3 % және ұмаға сұйықтың жиналуы – 1,5 %. Аурудың саны оның жасына тығыз байланысты болды.

    Аурудың жіті түрінде мал жем жеуден қалады. Ұма терісі ыстық, қызғылт тартып, ұстап қарағанда қошқар ауырсынады. Ұмасы салбырап, жерге тиіп тұрады.

    П. А. Триленко (1964) Псков, Новгород және басқа облыстардың қошқарларын тексергенде ен мен қосалқы еннің қабат зақымданғанын байқаған.

    Осборн (1958), Эдгар (1959) және басқа да зерттеушілердің деректерінде ауырған қошқарлардың спермасынан овис культурасы бөліп алынғандығы туралы айтылады.

    К. Махамбетов (1971), Б. Н. Афанасьев (1974) ауырға қошқарлардың спермасын тексепгенде сперматозоидтардың өліп қалғанын анықтады, ал К. Бакьрджиев (1972) ауруға шалдыққан қошқарлар сау қошқарлармен салыстырғанда сперманы екі есе аз беретінін және оның 29 пайызы патологиялық сперматозоид екенін анықтады.

    Қорыта келгенде, эпидидимитпен ауырған қошқарлардың ені, қосалқы ені зақымданып, олардың функциясы бұзылады және сперманың сапасы төмендейді. Қосалқы ені сойып қарағанда үлкенді – кішілі қаптаған секвестрлар, оның іші көкшіл – сары қою массаға толы. Еннің тканьдері қатайған, кей жері патрификацияға ұшыраған, ал кейде атрофия да болады.

    Ауырған саулық қойдың негізгі белгісі – іш тастау. Қойдың іш тастауы төлдеудің екінші кезеңінде болады. Ауырған саулық қойлардан әлсіреген көтерем қозылар туады, ауыздың, мұрынның көрінетін кілегей қабықтары сұрғылттанып, бақайында ақшыл кілегей жабысып, кейде кіндігі жуандайды, тынысы әлсіреп, орнынан қозғалмай жатады. Егер қозы ерекше күтімге алынбаса өліп қалады.

    

2.5. Патологоанатомиялық өзгерістері

    Бруцеллезбен ауырған сиырларда патологиялық өзгерістер лимфа бездерінде, паренхиматозды органдарда және жыныс органдарында болады. Жыныс органдардың кілегей қабықтары ісініп, қызарады, жатыр алды бөлімінен қоңыр – қызыл түсті кілегей ағады. Харион мен жатырдың кілегей қабығының арасында іріңді – фибринді эксудат пайда болады, харион ворсинкасы мен жатыр карункулында көп нүктелі геморрагия, кей жағдайда өлі планцент қалдықтарымен жабылады.

    Ұрықтың қабығы қалыңдап ісіп қызарады, үсті іріңді – фибринге, қиыршыққа ьолы, көп жері қанталаған. Харионды гистологиялық тексеруден өткізгенде көптеген некроз бен эпителйдің қалыңдығы көрінеді. Харион ворсинкаларынан іріңді және некрозды қабынғаны немесе жаппай грануляциалық тканьдердің өскені байқалады.

    Кей жағдайда ұрық мумификацияға ұшырайды. Органдардың және құрсақ қуысының кілегейлі және сыртқы қабықтарында ұсақ тары тәріздес қанталаған, тері асты көк етте серозды және геморрагиялық қабынған талақ пен лимфа бездері ісініп қабынады. Бауыр да күңгірт сары түсті некроздық дақылға толады, өкпенің әр жері іріңді – катаральды пневмонияға ұшырайды. Буаз сиырлардың желіні мен оның үстіңгі лимфа бездері қабынады, олар іріңді және фибринозды желінсау түрінде өтеді. Лимфа бездері некрозды гиперплазиялы қабынады. Бүйректе интерстициальды нефрит кездеседі. Бұқалардың ені мен қосалқы ендерінің көлемі үлкейіп, ұстап қарағанда өте қатты болады, ал кесіп көрсе онда некроз бен ірің қалдықтары кездеседі, сперматогенез функциясы мүлдем жойылып не азаяды. Ен паренхимасы атрофияға ұшырайды, ен каналдарында өзіне тән емес тканьдер өсіп, тесіктері бітеледі.

    Бруцеллезбен ауырған иттерде негізгі патанатомиялық өзгеріс ішкі ретикулді – эндотелиальды және жыныстық жүйелерде кездесіп, ол органдар жарақаттанады.

    Күшік көтерген иттің қаншығы бруцеллезбен ауырғанда жатырдың хорионмен байланысқан жерлерінде жаралар пайда болып, эмбрион қабықтары және плаценттер инфильтрацияға ұшырайды. Жатырдың кілегей қабығының астында лейкоциттер мен ткань плазмасының инфильтрациясы болады. Бірақ бұл өзгерістер барлық көлемде болмай, әр жерден бір кездеседі, оның бездерінде гипертрофия және өлген тканьдерге толы нейтрофильдік инфильтрация пайда болады.

    Еркек иттерде эпидидимит, лимфогистиоцитарлық элементтердің пролиферациясына ұшыраған орхит, ен түтіктері дегенерацияға ұшырап, оның ақ қабығына қан шығады.

    Бруцеллезбен ауырған иттің екі жынысына бірдей негізгі өзгеріс – лимфа бездеріндегі гиперплазия бүйрек лоханкісінде, нәр жүретін каналдарда және зәр жиналатын органдарда инфильтрация болады.

    Биберштейн және т.б. (1964) қошқарды ауру микробтарын беріп, қолдан ауыртқан. Ауырған қошқарлардың ыстығы болмаған, негізгі белгілері тек 45 күннен кейін біліне бастады. Ішкі органдарда бактериялар шоғырланып, патологиялық өзгерістер кездеспеген. Аурудың патологиялық өзгерісі бәрінен бұрын қосалқы енде жүрген, ал енінде өзгеріс мардымсыз байқалды. Автордың хабарлауында, қосалқы енінің эпителийі гиперплазия және метаплазия болады. Эпителийдің гиперплазиясы қосалқы енді бұжырлы өзгертіп, соңынан кистіге айналады. Кистінің іші нейтрофильге толады. Бұл патологиялық өзгерістер созылмалы түрде жүреді. Сперма жүретін каналдар фибринге толып, эпителий гиперплазияға айналып, қабырғасы қалыңдап қатпарланады.

    Аналықтағы негізгі патологиялық өзгеріс – жатырда, желінде және өкпесінде болады. Жатырда эндометрит, котелидонды некрозды өзгерістер байқалады. Малдың желінінде бөлектенген іріңді төбешіктер, сыртынан қосымша тканьднр өсіп, іші көкшіл – сары массаға толып кетеді.

    Өкпе әр түрлі көлемді қатты төбешіктерге толы, жарып қарағанда ақшыл май сияқты ортасында кейде ірің кездеседі.

    Саулық қойларда эпидидимитпен ауырған қошқарлардың спермасымен ұрықтанғанда олардан алынатын төлдерден ауру қоздырғышын бөліп алуға болатынын анықтады. Қозылар бұл кезде жатыр ішінде зақымдануы мүмкін.

  

2.6. Алдын алу

    Бруцеллезге қарсы күрес жүргізгенде мал дәрігерлік – санитарлық және ұйымдастыру – шаруашылық шараларды іске асыру үшін мал арасында аурудың таралуы және даму бағыттарына сәйкес әр шаруашылықты, мал фермалары мен елді мекендерді шартты түрде екіге бөледі: мал іші бруцеллезден таза және таза емес шаруашылықтар.

    Мал іші бруцеллезден таза табындарда, фермаларда, шаруашылықтарда, елді мекендерде, аудан және облыстарда кезекті тексерулерде ауру малдар бөлінбейді. Егер ауру малдар тұрғылықты бөлініп тұрса ол аурудан таза емес деп аталады. Ал алдыңғы тексерулерде ауру мал анықталмай, соңғы тексергенде ауру малдар шықса, онда ол табынды, ферманы немесе шаруашылықты мал іші аурудан таза емес деп есептеп, аудандық атқару комитетінің қарарымен бекітеді.

    Малдың эпизоотиялық таралу барысына сай әр фермада, шаруашылықта не ауданда бруцеллезді болдырмау және жою шаралары белгіленеді.

    Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру. Бруцеллездің алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды дер кезінде ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау аудан, облыс және республика көлемінде күн ілгері жасалып,бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі. Бруцеллезді болдырмау және жою жөніндегі шараларға арналған жоспар әр елді мекенге, ферма шаруашылықтарына арнап жасалуы тиіс.

    Бруцеллез ауруы шыққан табын не ортаға елді мекендердегі, не фермалардағы аудандық бас мал дәрігерінің хабарламасына сәйкес аудандық әкімшіліктің қарары бойынша тежеме шаралар және бруцеллезді жою жөніндегі шаралары бекітіледі.

    Бруцеллезді болдырмау және жою жөніндегі жоспарлы шаралар, жұмыстың түрі мен орындалу мезгілі, жұмысты орындауға жауапты адамдардың аты – жөні көрсетіліп, оны материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етіп, шаруашылық бастығы мен бас мамандардың, медицина және басқа да қатынасы бар органдармен келісіп жасалады.

    Шаруашылық басшылары мына шараларды орындауға міндетті:

    - жоспарда көрсетілген комплексті шаралардың көрсетілген мерзімде орындалуы;

    - шаруашылыққа қажетті объектілердің кезінде салынуын, мал орындарының жөндеуден өтуін, мал жайылымы мен су орындарын пайдалануда ауру салдар мен сау малдардың бір – бірімен қатынаста болмауы;

    - сырттан әкелінген малды тек қана күрделі санитарлық тексеруден өткізіп, жаңа орындарға орналастыруын, комплекстерде мал дәрігерлік режимдердің сақталуын, малды бір жерден екінші жерге (жазғы лагерге не қысқы орынға) айдағанда мал дәрігерлік заңдылықтың қатаң сақталуын;

    - ауруға шалдыққан малдың толық мал дәрігерлік ережеге сей бағылып, одан алынатын өнімдердің ауру таратуын жол бермеуіне қатаң бақылау орнатуы;

    - осы жұмысқа сай жүргізілетін егу, тексеру, дизенфекция жасау, патматериалды лабораторияға жеткізу, мал орындарын тазарту т.б. жұмыстарға тиянақты мал дәрігерлік көмек көрсетуі;

    - ауру малдармен жұмыс істейтін адамдарды киім (халат, етік) және басқа да гигиеналық заттармен қамтамасыз етуі;

    - елді мекендердегі осы ауруға қарсы жүргізілетін шаралардың толық орындалуына көмектесіп отыруы тиіс.

    Бруцеллезден таза шаруашылықтарда әдейі бекітілген жоспар бойынша малдардың қанын серологиялық тексеруден өткізіп отырады. Бұндай шаруашылықтарда сиыр, құнажын, саулық қой, мегежіндер, бұқа және шошқалар тексеруден міндетті түрде өтеді.

    Бруцеллезге алдын – ала тексеру жұмысы жылына бір рет өтуге тиіс.

                                     

2.7. Жарып сою хаттамасы

     Мен ,  ВС – 31  топ  студенті  Казиева  Айгүл  Серікқызы  4  жастағы, сол жақ құлағында сырғасы бар сиыр өлексесін  жануар өлімінің себебін анықтау үшін жарып союды өткіздім. Сиыр  қараша  айының  7  күні  өлді.

      2011  ж.  «10»    қарашадан  бастап   15:00 – 16:40  уақыт аралығында  мал  дәрігерлік зертханада, табиғи жарықта   жарып сою  секциялық бөлмесінде  патанатомиялық  тексеруден  өтті.

Жануар өлексесін зерттеу кезінде қатысты:  Мен  Казиева  А. С., жануар  қожайыны  Тілеумаганбетов Д.А,  оқытушы   Кереев А.К.

      Алдын – ала (анамнез) мәліметтер: Қожайынның   айтуы  бойынша  температурасы   көтеріліп, тәбеті  нашарлап, 4  күн  бойы  ауырды, іш  тасталды. Қожайыны ветеринарлық дәрігер шақырды. Ветеринарлық дәрігер жануарға пеницилин екті.

                              Сыртқы қарау

І. Анықтау белгілері:   Машка  есімді  сиыр,  4  жаста,  қондылығы  орташа

қара  ала  тұқымды, сол жақ құлағында сырғасы бар.

ІІ. Өлексенің өзгерістері:  тері  астында  сарысу  бар, өлексенің сіресуі әлсіз байқалады.

ІІІ. Арнайы бөлімі:

1. Тері және оның туындылары:  Тері  астындағы  және  ет  аралық  дәнекер тоқымда  сарысулы  –  қанды  жалқақ  іркілген,түктерінде өзгеріс  жоқ

2. Көздің, мұрын және ауыз қуысының, аналь тесігінің, сыртқы жыныс органдарының кілегей қабықтары: қынаптың кілегейлі қабығы қызарып қалыңдаған,  бетіне  сұрғылттау –  қызғылт  созылмалы  зат  шөккен.Көздің клегей қабығы қабынған.

3. Тері асты клетчаткасы (тері сыпырылған соң): сірлі  қанмен  қаныққан

4. Беткі лимфа түйіндері: (төменгі жақ асты, беткі мойын, жауырын алды, сыртқы шат және т.б.): төменгі  жақ  асты  лимфа  түйіндері  ұлғайған.

5. Қаңқа бұлшық еттері:  босаңсыған,  семген, сірлі қанмен қаныққан

6. Сүт безі:  желінде  мастит  байқалады.

7. Сыртқы жыныс органдары. Аналықтарда:  сарпайы   ісінген,  қою   қызыл   сұйықтық   аққан жатырдың   кілегей   қабығында   склероз   байқалады, жатыр қабырғалары ісінген, созылмалы қабыну байқалады.

8. Сүйектері, байламдары, буындары, сіңірлері: сіңірлері босаңсыған, буындары   ісінген,   сүйектері   өзгеріссіз.

Ішкі қарау

9.   Құрсақ қуысы:  өзгерген, диафрагма жетінші қабырға тұсында.

10. Көкірек қуысы: Плевра,  жүрек  қабы  домбыққан.  Оларда  ошақты  қызару  мен  петехиялар  табылады,  беттеріне  фибрин  шөккен.

11. Тіл:  өзгеріссіз.

12. Жұтқыншақ және өңеш: өңештің  кілегейлі  қабығы  ашық  қызыл  түсті,  жұтқыншақ  ісінген .

13. Миндалиндер:  ақшыл  –  қызыл   түсті.

14. Көмекей, кеңірдек және бронхылар: бронхының  кілегейлі  қабығы қабынған.

15.Өкпелері: лимфоид – гистиоцит  торшаларынан құралған ошақты инфильтраттар байқалады, плевра өзгермеген.

16. Бронхы және қуыс аралық лимфа түйіндері: лимфа   түйіндерінің  көлемі   ұлғайған, бронхы қабынған.

17. Жүрек: ақау байқалмайды,қан тамырлары өзгермеген,жүректің тысы өзгермеген.

18. Аорта және өкпе артериясы:  серпімділігі  бұзылған.

19. Іш майы:  көлемі   азайған.

20. Талақ:  көлемі   ұлғайған,  босаңсыған,қанталаған.

21. Бауыр: Көлемі  ұлғайған,  майда  сары – қызыл  түсті ошақтар  кездеседі.

22. Бүйректер:  ошақты  инфильтраттар  байқалады.

23. Қуық: канал   өткізгіштігі   бұзылған,қан құйылулар байқалады.

24. Ішкі органдары: аналықта: жатырдың  кілегей  қабығы  мен  хорионның  табиғи  байланысы  бұзылған.

25. Асқазан: өзгерген.

26. Қарын асты безі:  көлемі  ұлғайған.

27. Жіңішке ішектер:  кілегей қабықтары қызарған.

28. Тоқ ішектер: қанталаған.

29. Шажырқай лимфа түйіндері: ұлғайған,некрозды гиперимиялы қабынған.

30. Бас миы: бас миының қабығының домбығуы байқалған.

31. Жұлын: торшалар инфильтрациясы байқалған.

32. Ішкі секреция бездері: (гипофиз, қалқанша безі, қалқанша маңы безі, бүйрек үсті безі және т.б.) көлемдері ұлғайған,  домбыққан,  қанталаған.

Қосымша зерттеулер

   Бруцеллез диагнозын нақтылау  мақсатында іш тасталған төл, бауыр, көкбауыр, асқазан, ішек құрамы, шу, бактериологиялық зерттеу үшін зертханаға жіберді.

Патологоанатомиялық диагноз

  1.  Жіті катаральды эндометрит.
  2.  Сарысулы – фибринді бурсит.
  3.  Фибринозды желінсау.
  4.  Іріңді - катаральды пневмония.
  5.  Лимфа бездерінің некрозды гиперплазиясы.
  6.  Катаральды гастроэнтерит.

Қорытынды

Машка  есімді  4  жастағы сиыр өлексесін  патологоанатомиялық    жарып союға  және  қосымша  зерттеулердің   нәтижелеріне    негізделе отырып,

жануар өлімінің себебі  бруцеллез  деп  қорытындыға келдім.

    

 __________   Ветеринарлық дәрігер

  

 

 

                                       

III. Қорытынды

       Қазіргі кезде республикамыздағы шаруашылықтардың жағдайы жақсарды, бруцеллез ауруының табыннан шығуы азайды, мал фермаларының санитарлық жайы жақсарумен бірге, өндіріске ауруды анықтаудың жетілдірілген тәсілдері енгізіліп, ауру малдың орнын толтыру үшін ұрғашы малдардан қосалқы фермалар ұйымдастырылады.

     Мал шаруашылығын индустриалдық негізге көшіру және малды шағын алаңға шоғырландыру ғылыми және практикалық мал дәрігерлігі қызметкерлерінен мал басын жұқпалы аурулардан аман сақтау жөнінде неғұрлым пәрменді шаралар мен мүмкіндіктерді қолданып отыруды талап етеді.

    Зерттеу жұмысымда аурудың шығу тарихы, эпизоотологиясы, этиологиясы, патогенезі, белгілері және ауруды анықтау жолдары, соңғы кездегі осы ғылымдағы зерттеудің жетістіктері сөз болады.

    Бруцеллез ауруына қарсы күресте дұрыс жасалған мал дәрігерлік комплексті шаралар жоспарының рөлі өте зор.

    Курстық жұмысымда бруцеллезді болдырмау, оны жою шаралары, әр түрлі географиялық және экономикалық аймақтардың өзіндік ерекшеліктерін ескерген мал дәрігерлік шаралардың түрлері көрсетіліп, шаруашылықты эпизоотиялық жағдайға сай аурудан тазарту және бруцеллезге қарсы қолданылатын вакциналардың түрі мен қолдану тәсілдері сөз болды.

    Бруцеллездің алдын алу, оны жою жөніндегі қазіргі ғылыми және практикалық жетістіктерді жинақтап, аурудың шығу ерекшеліктеріне талдау жасап, онымен жоспарлы түрде күресу шараларын қамтыған осы еңбегім шаруашылықта қызмет істеп жүрген мал мамандарына бруцеллезді жою ісінде азды – көпті көмегі тиер деген ойдамын.

   Бруцеллезге  күмәнді  малдарды  сау  малдардан оқшалаулап,  дер  кезінде  бөлу,ауруға  қарсы  вакциналап,мал  организмінде  жасанды  иммунитет  тудыру  қажет.

    Ауруды  тудыратын  объектілерді  дезинфекциялау,қиды биотермиялық  жолмен  өңдеу,дератизация, пастерилизациялау шараларын, сонымен  қатар  ветеринарлы-санитарлық  нормаларды  қатаң  сақтау  қажет.

  Қазақстанда  қазіргі  кезде  аурудың  алдын алу  мақсатымен ірі  қараны және  қойды  19  штамма вакцинасымен  иммундау  кеніене  қолданылады,  мұның  өзі  бруцеллезге  қарсы  қолданылатын  шараларың  тиімділігін  едәуір  арттырады.

 

                            

IV. Қолданылған әдебиеттер

1. Абсатиров Ғ., Боранбаева Т. Ветеринариялық микробиология: Практикум.

   – Астана, 2009. – 160 бет.

2. Алпысбаева С. Е. АВ бруцеллездік R – фағының диапазондық литикалық

   белсенділігін зерттеу // Ғылым мен білім, 2006. - № 2. – б. 17 – 19.

3. Әбсаттаров Ғ. Бруцеллездің эпизоотологиясын зерттеудің кейбір

   мәселелері // Жаршы, 2008. - № 5. – б. 43 – 45.

4. Бакулов И. А., және басқалар. Індеттану және микробиология негіздері. –

   Алматы, 1993. - 400 бет.

5. Бисенов Б. Мал бруцеллезі. – Алматы, 1985. – 176 бет.

6. Білалов К. Шалғай жайылымдардағы мал дәрігерлік қызмет. – Алматы,

   1982. – 92 бет.

7. Ветеринария негіздері..Оқулық. – Астана, 2009. – 448 бет.

8. Қазақ совет энциклопедиясы. Т. 2. – Алматы, 1973. – б. 474.

9. Құрманова К. Адамға малдан жұғатын аурулар. – Алматы, 1983. – 104 бет.

10. Құрманова К. Б., Ременцова М. М. Бруцеллез туралы не білу керек. –

     Алматы, 1978. – 55 бет.

11. Қожабеков З., Өтенов Ә. Мал дәрігерлік түсіндірме сөздік. – Алматы,

     1995. – 236 бет.

12. Мырзабекова Ш. Б. Ветеринариялық вирусология. – Алматы, 2004. – 368

     бет.

13.Жұмабеков Х.С.,Дербышев К.Ю.Жануарлардың патологиялық  анатомиясы.-Алматы,2011-202 бет.

14. Ордабеков С. Жануарлар мен жәндіктер тарататын аурулар. – Алматы,

    1985. – 103 бет.

15. Өнеркәсіптік мал шаруашылығында кездесетін аурулардың

     профилактикасы. – Алматы, 1978. – 232 бет.

16. Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану. – Алматы, 1999. І кітап. – 280

     бет., ІІ кітап. – 292 бет.

17. Студенцов К. П. Малдың жұқпалы аурулары. – Алматы, 1973. – 155 бет.

18. Телеуғалиев Т. М., Бисенов Б. Б., Омаров М. М. Қазақстандағы мал

     дәрігерлік қызмет. – Алматы, 1979. – 182 бет.

19. Ілиясов Б. К. Алғашқы ветеринариялық жәрдем. – Алматы, 2001. – 122

     бет.

20. Шәріпбаев Н. Мал шаруашылығы комплекстерінде мал ауруының алдын

     алу. – Алматы, 1982. – 128 бет.

    

    

                                                                                   Зертеу  мақсатымен

                                                 жіберілген

                                                                          патологиялық материалға

Жол  хат

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының мал дәрігерлік зертханасы

Мекен – жайы: Жәңгір хан көшесі, 39

Патологиялық материалдың түрі: көкбауыр, бауыр, қан жұғындысы, іш тасталған төл Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылының «Жарас» ЖШС

Иесі: Тілеумағанбетов Диас Асқарұлы

Мекен – жайы: Тәуелсіздік көшесі, 23

Малдың ауырған және өлген уақыты: 04.11.2011 – 07.11.2011

Клиникалық өзгерістері: Іш тасталды

Жарып сою көріністері: Хаттамасында көрсетілген

Алдын – ала қойылған диагноз: Бруцеллез

Зертханаға патологиялық материалды жіберген уақыты: 10.11.2011, сағат 10:00

Мал дәрігерінің қолы ___________

Мекен – жайы: Жәңгір хан көшесі, 39




1. Югорский государственный университет Гуманитарный институт УТВЕРЖДАЮ Директор Гуманитарного ин
2. Проектирование устройства сбора данных
3. Требование безопти на высоте
4. Исторический портрет короля Испании Карла I(V)
5.  Работа на фланелеграфе
6. тема движущаяся ускоренно относительно инерциальной СО
7. на тему ldquo;Конструкция и схема применения датчика температуры для измерения скорости потока жидкости или г
8. Титаник и фондовая биржа Резюме Дополнительная информация
9. по теме Создание простейшего консольного приложения в среде Visul Bsic 2010
10. Дайкон
11. Пояснительная записка к курсовому проекту по дисциплине Строительные конструкции Выполнил-ст
12. РЕФЕРАТ НА ТЕМУ- ГЕНРІХ БЕЛЛЬ Найвищою цінністю для Генріха Белля була людина людське життя.
13. Теплотехника Уровень ООП бакалавр Что такое рабочее тело Почему в качестве рабочих тел приняты в тер
14. тема кондиционирования самолета МиГ29-назначение состав конструкия и работа
15. .1Понятие и виды ограниченных вещных прав 1
16. Курсовая работа- Підряд та його види
17. Металлургическое оборудование
18. Водные растения
19. Безпека інформаційних та комунікаційних систем
20. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата медичних наук Київ20.