Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

Подписываем
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Предоплата всего
Подписываем
1.Нотариаттық қызмет ақы төлеу
30-бап. Нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу 1. Мемлекеттiк нотариат кеңсесiнде жұмыс iстейтiн нотариус пен аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң әкiмi аппаратының лауазымды адамы нотариаттық iс-әрекеттер жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген ставкалар бойынша мемлекеттiк баж алады. 2. Жекеше нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттерге ақы Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мемлекеттiк баж мөлшерiне сәйкес келетiн ставкалар бойынша төленедi. 4. Қазақстан Республикасы консулдық мекемесінің лауазымды адамы нотариаттық іс-әрекеттер жасағаны үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен және мөлшерде консулдық алым алады.5. Жеке және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген нотариаттық iс-әрекеттерге ақы төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер бұл адамдарға жеке практикамен айналысатын нотариус нотариаттық iс-әрекеттер жасаған кезде де қолданылады.6. Нотариаттық iс-әрекет жасау үшiн нотариус өзiнiң жұмыс орнынан тыс жерге барған жағдайда мүдделi адамдар оған нақты көлiк шығыстарын өтейдi.
30-1-бап. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттержасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсетуге ақы төле1. Жекеше нотариус нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде техникалық және құқықтық сипаттағы қосымша қызметтер көрсеткені үшін осы бапта көзделген мөлшерде мынадай төлемақы алады:1) қалалық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде: егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса 7 айлық есептік көрсеткіш; балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне 2 айлық есептік көрсеткіш басқа адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш;егер мәміле жылжымайтын мүлікті ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша алынған қаражат есебінен сатып алу мақсатында жасалатын болса 2 айлық есептік көрсеткіш;
2) ауылдық жерлердегі жылжымайтын мүлікті (жер учаскелерін, тұрғын үйлерді, пәтерлерді, саяжайларды, гараждарды, құрылыстар мен өзге де жылжымайтын мүлікті) иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса 2 айлық есептік көрсеткіш;балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне 1 айлық есептік көрсеткіш;басқа адамдарға 2 айлық есептік көрсеткіш;3) автомотокөлік құралдарын иеліктен шығару туралы шарттарды куәландырған кезде:егер тараптардың бірі заңды тұлға болып табылса 5 айлық есептік көрсеткіш;балаларына, жұбайына, ата-аналарына, туған аға-інілері мен апа-қарындастарына, сіңлілеріне, немерелеріне 2 айлық есептік көрсеткіш басқа адамдарға 5 айлық есептік көрсеткіш;4) жалға беру, заем (ипотекалық тұрғын үй заемы шартын қоспағанда), кепілақы, лизинг, мердігерлік шарттарын, неке келісімшарттарын, ортақ меншіктегі мүлікті бөлу, мұрагерлік мүлікті бөлу шарттарын, алименттерді төлеу жөніндегі келісімдерді, құрылтай шарттарын куәландырған кезде 5 айлық есептік көрсеткіш;5) ипотекалық тұрғын үй заемы шарттарын куәландырған кезде 2 айлық есептік көрсеткіш;6) өсиеттерді куәландырған кезде 2 айлық есептік көрсеткіш;7) мұрагерлікке құқық туралы куәлікті бергені үшін берілген әрбір куәлік үшін 3 айлық есептік көрсеткіш 8) ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкіндегі үлеске және бірлескен ортақ меншік құқығында мүлкі бар өзге де адамдардың меншік құқығы туралы куәлікті берген кезде 4 айлық есептік көрсеткіш;9) мүлікті пайдалану және иелік ету құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде 2 айлық есептік көрсеткіш;10) сату құқығынсыз автокөлік құралдарын пайдалану және басқару құқығына сенімхаттарды куәландырған кезде 1 айлық есептік көрсеткіш;11) автокөлік құралдарын сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға сенімхаттарды куәландырған кезде 2 айлық есептік көрсеткіш;12) басқа сенімхаттарды куәландырған кезде:жеке тұлғалар үшін 1 айлық есептік көрсеткішзаңды тұлғалар үшін 2 айлық есептік көрсеткіш;13) теңіздік наразылық жасаған кезде 5 айлық есептік көрсеткіш;14) құжаттардың көшірмелері мен құжаттардың үзінді көшірмелерін куәландырған кезде (әр беті үшін)жеке тұлғалар үшін 0,05 айлық есептік көрсеткіш;заңды тұлғалар үшін 0,07 айлық есептік көрсеткіш;
15) құжаттардағы қойылған қолдың, сондай-ақ құжаттардың бір тілден басқа тілге аудармасының дұрыстығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін):жеке тұлғалар үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш; заңды тұлғалар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш 16) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға берген кезде 0,5 айлық есептік көрсеткіш;17) құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін берген кезде 0,5 айлық есептік көрсеткіш;18) телнұсқаны берген кезде 2 айлық есептік көрсеткіш;19) банктерде шот ашқан кезде қойылған қолдардың растығын куәландырған кезде (әрбір құжат үшін)?жеке тұлғалар үшін 0,3 айлық есептік көрсеткі заңды тұлғалар үшін 0,5 айлық есептік көрсеткіш 20) жылжымайтын мүліктің кепілзат шарттарын, ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша талап ету құқықтары мен ипотекалық куәліктерді куәландырған кезде 2 айлық есептік көрсеткіш: өзге де кепілзат шарттарын куәландырған кезде 3 айлық есептік көрсеткіш;
21) вексель наразылығын жасаған кезде және чектің төленбегенін куәландырған кезде 1 айлық есептік көрсеткіш 22) құжаттарды және бағалы қағаздарды сақтаған кезде әр айға 0,5 айлық есептік көрсеткіш;23) кепілгерлік пен кепілдік шарттарын куәландырған кезде 1 айлық есептік көрсеткіш;24) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде көзделген басқа да нотариаттық іс-әрекеттерді жасаған кезде 7 айлық есептік көрсеткіш.
2. Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттер жасаған кезде құқықтық және техникалық сипаттағы қызметтер көрсеткеніне ақы төлеуден мыналар:1) нотариаттық куәландыруға жататын құжаттың жобасын өздері дайындаған жеке және заңды тұлғалар;2) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 542-бабының 4), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген адамдар;3) қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектер;4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалар;5) 1 және 2-топтағы мүгедектер;6) жасына байланысты зейнеткерлер босатылады.
2.Лауазымды тұлғалардың өсиеттер мен сенімхаттарды куәландыруы. 38-бап. Лауазымды адамдар куәландырған өсиеттерд нотариусқа беруОсы Заңның 37-бабында санамаланған лауазымды адамдар( нотариаттық куәландырылған құжаттарға мыналар теңестiрiледi):1) ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнде емделiп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнде тұрып жатқан азаматтардың, осы ауруханалардың, санаторийлердiң, өзге де емдеу-алдын алу мекемелерiнiң бас және кезекшi дәрiгерлерi, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерiнiң директорлары, бас дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi;2) госпитальдарда, санаторийлерде және басқа да әскери-емдеу мекемелерiнде емделiп жатқан әскери қызметшiлер мен басқа адамдардың осы госпитальдардың, санаторийлер мен басқа да әскери-емдеу мекемелерiнiң бастықтары, олардың медициналық жағынан орынбасарлары, аға және кезекшi дәрiгерлерi куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;3) әскери қызметшiлердiң, ал нотариустары мен нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдары жоқ әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң, әскери-оқу орындарының орналасқан пункттерiнде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшiлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң және әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiнiң осы бөлiмдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлерi (бастықтары) куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;4) бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас бостандығынан айыру орындарының бастықтары куәландырған өсиеттерi мен сенiмхаттары;5) жүзу кезiнде Қазақстан Республикасының туы астында жүзiп жүрген теңiз мекемелерiнде немесе iшкi суларда жүзiп жүрген кемелердегi азаматтардың осы кемелердiң капитандары куәландырған өсиеттерi;6) барлау және басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың осы экспедициялардың бастықтары куәландырған өсиеттерi;7) халықты әлеуметтiк қорғау мекемелерiнде тұрып жатқан кәмелетке толған жастағы iс-әрекет қабiлетi бар азаматтардың осы мекемелердiң немесе халықты әлеуметтiк қорғаудың тиiстi органының басшысы куәландырған сенiмхаттары. Өсиет куәландырылған күннен бастап күнтізбелік он күн iшiнде, ал егер бұл дәлелдi себептермен мүмкiн болмаса, осындай мүмкiндiк пайда болған кезде куәландырылған өсиеттiң бiр данасын өсиет қалдырушының тұрақты тұрғылықты жерiндегi нотариусқа сақтауға дереу беруге мiндеттi.2.Егер өсиет қалдырушының Қазақстан Республикасында тұрақты тұрғылықты жерi болмаса немесе оның тұратын жерi белгiсiз болса, өсиет Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейтiн нотариусқа жiберiледі.3.фНотариус сақтауға келiп түскен өсиеттi тексеруге және оның заңға сәйкес келмейтiндiгi анықталған жағдайда, тиiстi дәрежеде ресiмдеу үшiн өсиет қалдырушыға және өсиеттi куәландырған лауазымды адамға бұл туралы хабарлауға мiндеттi4. Куәландырған өсиеттердiң уақтылы берiлмеуi салдарынан мұрагерге (мұрагерлерге) келтiрiлген шығын үшiн лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3.Мәмілелерді куәландыру
52-бап. Нотариаттық тәртiппен куәландырылатын мәмiлелер. Нотариус заңдармен мiндеттi нотариаттық куәландыру белгiленген мәмiлелердi куәландырады. Тараптардың тiлегi бойынша нотариус басқа мәмiлелердi де куәландыра алады.53-бап. Мәмiле жобасының мазмұны мен мағынасын тараптарға түсiндiру.Нотариус пен нотариаттық iс-әрекет жасаушы лауазымды адамдар тараптарға, олар табыс еткен мәмiле жобасының мазмұны мен мағынасын түсiндiруге және оның мазмұны тараптардың шын ниеттерiне сәйкес келетiнiн және заң талаптарына қайшы келмейтiнiн тексеруге мiндеттi.54-бап. Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттарды куәландыру 1. Тiркелуге жататын мүлiктi иелiктен алу және кепiлге салу туралы шарттар иелiктен алынатын немесе кепiлге салынатын мүлiкке деген меншiк құқықтарын растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда куәландырылуы мүмкiн.2. Тiркелуге жататын жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу мен кепiлге салу шартын куәландыру сол мүлiк тұрған жерде жасалады.3. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезінде нотариус иелiктен шығарылған жылжымайтын объектілер орналасқан жер учаскесінің құқықтық режимін белгілеуге тиіс. Жылжымайтын мүлiктi иелiктен шығару шарттарын куәландыру кезінде нотариус жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттарды талап етеді және жер учаскесі меншік иесінің (жер пайдаланушының) өзіне тиесілі құқықтарын иелiктен шығару жөніндегі өкілеттіктерін айқындайды.Жер учаскесіне құқықты белгілейтін құжаттар кондоминиум құрамындағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды иелiктен шығарған кезде талап етілмейді 56-бап. Өсиеттердi куәландыру.1. Нотариус пен нотариаттық iс-әрекеттер жасаушы басқа да лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заң талаптарына сәйкес iс-әрекетке қабiлеттi азаматтар жасаған және олардың өздерi нотариусқа табыс еткен өсиеттердi куәландырады. Өсиеттердi өкiлдер арқылы куәландыруға жол берiлмейдi.2. Өсиеттердi куәландырған кезде өсиет қалдырушыдан өсиетке қалдырылатын мүлiкке оның меншiк құқығын растайтын дәлелдемелер тапсыру талап етiлмейдi.
57-бап. Өсиеттердi өзгерту және күшiн жою тәртiбi. Нотариус және нотариаттық iс-әрекеттер жасайтын басқа да лауазымды адамдар өсиеттiң күшiн жою туралы өтініш алған, сол сияқты бұрын жасалған өсиеттiң күшiн жоятын немесе өзгертетiн жаңа өсиет алған жағдайда, өсиеттiң нотариуста сақталған данасы мен нотариаттық iс-әрекеттердi тiркеу тiзiлiмiне (оның ішінде бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізіліміне) бұл туралы белгi соғады. Өсиеттiң күшiн жою немесе өзгерту туралы өтінішті нотариат куәландыруға тиiс.58-бап. Сенiмхаттарды куәландыру.1. Нотариус пен нотариаттық iс-әрекеттер жасаушы лауазымды адамдар бiр немесе бiрнеше адамның атынан бiр немесе бiрнеше адамдардың атына сенiмхаттарды куәландырады. 2. Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлетiн сенiмхат қайта сенiм бiлдiру құқығы сөз болған негiзгi сенiмхатты табыс ету бойынша нотариаттық куәландырылуға тиiс. Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлген сенiмхаттың мазмұнында негiзгi сенiмхат бойынша берiлген құқықтан артық құқық болмауға тиiс. Қайта сенiм бiлдiру тәртiбiмен берiлген сенiмхаттың қолданылу мерзiмi оның берiлуiне негiз болған сенiмхаттың қолданылу мерзiмiнен аспауы керек.59-бап. Мәмiленiң мазмұны баяндалатын құжат даналарының саны.Мәмiленiң мазмұны баяндалып, нотариаттық тәртiппен куәландыратын құжаттар даналарының санын нотариаттық iс-әрекет жасауды өтiнген адамдар анықтайды, бiрақ олардың саны екi данадан кем болмауға тиiс, олардың бiреуi нотариаттық кеңсенiң iстерiнде нотариуста қалады.
1.Нотариат кеңселері
14-бап. Мемлекеттiк нотариат кеңсеси 1. Мемлекеттiк нотариат кеңсесi аумақтық әдiлет органының құрылымдық бөлiмшесi болып табылады, оның заңды тұлға құқығы болмайды және осы орган бекiткен Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.2.Мемлекеттiк нотариат кеңселерi Қазақстан Республикасының аудандарында (қалаларында) орналасады. 15-бап. Жеке практикамен айналысатын нотариус.1. Заңды тұлға құрмай, лицензия негiзiнде нотариаттық қызметпен айналысатын, өзiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн нотариаттық iс-әрекеттер жасау нәтижесiнде зиян келтiру салдарынан туындайтын мiндеттемелер бойынша сақтандырған, нотариаттық палатаға мүше болған және аумақтық әдiлет органында есепке тұру тiркеуіненөткен азамат жеке практикамен айналысатын нотариус деп танылады. 2. Жеке практикамен айналысатын нотариус банк мекемелерiнде ағымдағы шоттар ашуға, еңбек заңдарынасәйкес көмекшiлер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуға, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудан алынған табысқа билiк етуге, соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да iс-әрекеттер жасауға құқылы.4. Жеке практикамен айналысатын нотариустың жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкiлдерiнiң еркiн кiрiп-шығуына, нотариаттық iс-әрекеттер жасаудың құпиялылығын сақтауға және нотариаттық iс жүргiзудiң сақталуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасауға жарамды бір үй-жайы болуға тиiс. Нотариустың үй-жайы оның есептік тіркелген орны болып табылады.Нотариустың үй-жайының орналасқан жері оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерген кезде қайтадан есептік тіркелу талап етілмейді. Аумақтық әділет органы нотариустың үй-жайының орналасқан жерін оған белгіленіп берілген аумақ шегінде өзгерту туралы оның өтініші келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы үй-жайдың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізуге міндетті.
2.Нотариус жасайтын нотариаттық іс-әрекеттер 34-бап. Нотариус жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер:1. Нотариус мынадай нотариаттық iс-әрекеттер жасайды:1) мәмiлелердi куәландырады;2) шаруашылық серiктестiктерiнiң құрылтай құжаттарын куәландырады;3) мұраға сенiмгерлiк басқарушыны тағайындайды;4) мұраға құқық туралы куәлiктер бередi;5) ерлi-зайыптылардың және ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi;6) мүлiктi иелiктен алуға тыйым салады және салынған тыйымды алып тастайды;7) құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады;8) құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады;9) құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге дұрыс аударылғанын куәландырады;10) азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады;11) азаматтың белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады;12) құжаттардың берiлген уақытын куәландырады;13) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi;14) ақшаны депозитке қабылдайды;16) вексель наразылықтарын жасайды: 17) сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды;18) теңiз наразылықтарын жасайды;19) дәлелдемелердi қамтамасыз етедi.2.Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде нотариус жасайтын өзге де нотариаттық iс-әрекеттер көзделуi мүмкiн.40-бап. Нотариаттық iс-әрекеттер жасау мерзiмдери.Нотариаттық iс-әрекеттер бұл үшiн барлық қажеттi құжаттар табыс етiлiп, мемлекеттiк нотариус немесе осы Заң арқылы нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлдiк берiлген адамдар нотариаттық iс-әрекеттер жасаған жағдайда мемлекеттiк баж төлеген не жекеше нотариустың нотариаттық iс-әрекеттерiне ақы төленген күнi жасалады.
3.Баяндау және қызметтік жазбаАЙЖАН
Нотариаттық іс жүргізу "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Заңның 5-бабына сәйкес жүргізіледі.3. Ереже:1) құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу;2) істер номенклатурасын жасау;3) істерді қалыптастыру;4) істерді ресімдеу, істердің тізбесін жасау;5) істерді сақтау;6) істерді жекеше нотариаттық немесе мемлекеттік мұрағатқа беру, мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;7) істерді жою;8)нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімін, нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуді жүргізу;9)шетелде іс-әрекет етуге арналған құжаттарды ресімдеу; 10)нотариустың мөрі, мөртабаны және бланкісін пайдалану;11)мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу. Өсиетхаттарды есепке алу тәртібін айқындайды.
Құжаттарды қабылдау, тіркеу және жіберу Келіп түскен барлық құжаттар тіркеуден өтуі тиіс.Құжаттарды есепке алу үшін және оның орындалуын бақылау үшін мынадай:осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кіріс құжаттарын тіркеу журналын;осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шығыс құжаттарын тіркеу журналын жүргізіледі.Кіріс құжаттарының бірінші бетінің төмен оң жақ шетінде кіріс құжаттарын тіркеу журналы бойынша тіркеу нөмірі және оларды тіркеген күні қойылады.Шығыс құжаттарында осы Ереженің 4-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша тіркеу мөртабаны қойылады. Құжаттар мекенжайларға пошта арқылы немесе қолмен апару арқылы жіберілді.
Істерді ресімдеу. Істердің тізбесін жасау.Істерді ресімдеу істерді сақтауға дайындау жөнінде кешенді жүргізілетін жұмыстардан тұрады, ол мұқабадағы, брошюродағы сипаттаманы, парақтардың нөмірленуін, куәландыратын жазбаны және ішкі сипаттаманы қамтиды.Істер осы Ережеге 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша істер мұқабасына орналастырылады.Істер аяқталған соң іс жүргізуде істер номенклатурасына сәйкес белгіленетін оның сақталу мерзіміне сәйкес толық немесе жартылай ресімдеу жүргізіледі.Тұрақты және уақытша (10 жылдан артық) сақтау мерзімдері істері мыналарды көздейді:істегі парақтарды нөмірлеу;істегі куәландыру парағын жасау;істегі құжаттың ішкі тізбесін жасау;істі қатты мұқабаға брошюралау (тігу)істердің мұқабасына барлық деректерді осы Ереженің 36-тармағына сәйкес толтыру.Істің соңында осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша куәландырушы парақ тігіледі.Істің куәландырушы парағына нотариус мөрін қоя отырып, қызметін және куәландырушы жазбаны жасаған күнін көрсетіп қол қояды.Тұрақты және уақытша сақтау (10 жылдан астам) мерзіміндегі істерде осы Ереженің 18-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ішкі жазба жасалады.Ішкі жазба жеке парақта жасалынады. Әрбір құжат дербес реттік нөмірмен ішкі тізбеге енгізіледі, 2 бағанда - істер номенклатурасына сәйкес құжаттың индексі, 3 бағанда - құжаттың күні, 4 бағанда - нотариаттық іс-әрекеттің атауы, 5 бағанда парақтардың нөмірі көрсетіледіІс құжаттарының ішкі жазбасына жекеше нотариус немесе мемлекеттік нотариус қол қояды және істің басына тігіледі.Уақытша сақтаудағы істерді (10 жылға дейінгіні қоса алғанда) тігу папкаларында сақтауға жол беріледі, істегі құжаттарды қайтадан жүйелендіру жасалынбайды, істің парақтары нөмірленбейді, куәландырушы жазбалар жасалынбайды.Күнтізбелік жыл аяқталған соң іс жүргізуде аяқталған тұрақты және уақытша (10 жылдан жоғары) сақтау істеріне осы Ережеге10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты сақтаудағы істердің тізбесі жеке жасалынады. Тізбе істердің күндері мен парақтарын көрсете отырып, істер тақырыбының тізбесін көрсетеді.Уақытша сақтаудағы (10 жылға дейін) істерге тізбе жасалынбайды.Жекеше нотариустың немесе мемлекеттік нотариаттық кеңсенің істерінде сақталатын құжаттар Заңның 3-бабының 6-тармағында көзделген тұлғаларға беріледі .Істерден құжаттарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте іске құжаттың көшірмесі мен түпнұсқасын алу туралы акті (хаттама) тігіледі.Оның құжаттарынан бұрын алынған құжат қайтарылған жағдайда олар бұрын көшірмесі алынған іске қайта тігіледі, өз кезегінде олардың көшірмелері алып тасталады. Нотариус жүргізген тізілімдер, кітаптар, журналдар оған бірінші жазба енгізгенге дейін тігіледі, парақтары нөмірленеді. Нөмірленген және тігілген парақтардың саны кітаптың соңғы парағының беткі жағына көрсетіледі. Жеке практикамен айналысатын нотариус жүргізетін кітаптар үшін нөмірленген және тігілген парақтардың саны туралы жазба нотариаттық палатаның лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен расталады. Мемлекеттік нотариаттық палатада жұмыс істейтін мемлекеттік нотариус жүргізетін кітаптар үшін нөмірленген және тігілген парақтардың саны туралы жазба аумақтық әділет органының лауазымды тұлғасының қолымен және мөрімен расталады.
Құжаттарды сақтау.Іс жүргізудегі құжаттар аяқталған соң он жыл ішінде олар қалыптастырылған жері бойынша сақталады, сосын жекеше нотариаттық мұрағатқа немесе мемлекеттік нотариаттық кеңсенің мұрағатына жіберіледі.Жекеше нотариус, мемлекеттік нотариус құжаттар мен істердің құжаттарды сақтау мерзіміне сақталуын қамтамасыз етеді. Істер ұйымның бекітілген істен номенклатурасына сәйкес орналастырылады, мұқабаларының түбіртектерінде олардың индекстері көрсетіледі.
Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу. Барлық нотариаттық іс-әрекеттер нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде (бұдан әрі - Тізілімдер) тіркеледі.Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімі бауланады, парақтары нөмірленеді және мөрмен бекітіледі:мемлекеттік нотариаттық кеңселерде - аумақтық әділет органының;жекеше нотариуста - аумақтық нотариаттық палата қызметкері жүзеге асырады.Жекеше және мемлекеттік нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеуге арналған бір тізілімі болады. Бір мезгілде бірнеше тізілімді жүргізуге жол берілмейді.Әрбір нотариаттық іс-әрекетке реттік нөмір берілді. Нөмірлер қайталанбайды, және таяқша арқылы жазылмайды.Куәландырылған жазбаға немесе берілетін құжатқа жекеше немесе мемлекеттік нотариус қол қойғаннан кейін нотариаттық іс-әрекеттер тізілімде тіркеледі.Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде өшіруге жол берілмейді. Түзетулер, ескертулер, түзетулер жекеше немесе мемлекеттік нотариустың қолтаңбасы мен мөрімен бекітіледі. Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде жазбаларды қарандашпен жазуға жол берілмейді.Нотариаттық іс-әрекеттерді нөмірлеген кезде нотариаттық іс-әрекеттерді қателіктер белгілі болған жағдайда анықталған түзетулер, толықтырулар, ескертулер анықталғаны туралы нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде жекеше немесе мемлекеттік нотариустың қолы қойылған анықтама жасалады және осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша нотариаттық іс-қимылдарды тіркеу тізілімінің аяғына тігіледі.БНАЖ электрондық тізілімінде түзетулер мен қателер "Ескертпе" деген бағанда ескертіледі.
Тізілімдерде жекеше немесе мемлекеттік нотариустар жасаған барлық іс-әрекеттер жазылады.
Нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімі осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 7 бағаннан тұрады.БНАЖ электрондық тізілімі осы Ереженің 15-қосымшасына сәйкес нысан бойынша 9 бағаннан тұрады.Жекеше және мемлекеттік нотариустардың мүлік кепілі шарты негізінде салынған тыйым салулар нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінде және БНАЖ электрондық тізілімінде тіркеледі, сондай-ақ осы Ереженің 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БНАЖ-дағы жылжымайтын мүліктердің тыйым салуларын және қамаудан алып тасталынған есепке алу алфавиттік кітабы енгізіледі.