Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Жалпы медицина Курс ~шінші

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ  УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

МЕДИЦИНАЛЫҚ БИОФИЗИКА ЖӘНЕ БИОСТАТИСТИКА МОДУЛІ

СИЛЛАБУС

Силлабус

Пән                                          Биологиялық статистика - BS2220

Мамандық                              051301 «Жалпы медицина»

Курс

-

үшінші

Семестр          V, VI

Барлығы

-

1 кредит (54 сағат)

Дәрістер

-

3 сағат

Практикалық сабақтар

-

15 сағат

СОБЖӨЖ

-

18 сағат

Барлық аудиториялық

-

36 сағат

СӨЖ

-

18 сағат

Бақылау түрі

-

дифференциалданған сынақ

Алматы, 2013

Силлабусты 051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша ҚР 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген, «Медициналық білім мен ғылымның инновациялық технологиялар республикалық орталығы» ЖШС бекіткен (№5 хаттама 20.03.09ж.) типтік бағдарламасы негізінде медициналық биофизика және биостатистика модулінің доценті Аймаханова А.Ш. және аға оқытушы Раманқұлова А.А. дайындаған.

Силлабус  модуль отырысында талқыланған

№____хаттама «___»_________2013 ж.

Медициналық биофизика және

биостатистика модулінің жетекшісі, профессор ______________________ Нұрмағанбетова М.О.


1. Жалпы мағлұматтар
:

ЖОО аты

-

С.Ж. Асфендияров ат.Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Модуль

-

Медициналық биофизика және биостатистика

Пән

-

«Биологиялық статистика» пән коды BS2220

Мамандығы  

-

051301- «Жалпы медицина»

Оқу сағатының көлемі

-

1 кредит (54 сағат)

Курс және оқу семестрі

-

3 курс, 5,6 семестр

Модуль оқытушылары туралы мәліметтер:

Аймаханова Айзат Шалхаровна

-

доцент  

Раманқұлова Алима Абдрамбековна

-

аға оқытушы

Исмаилова Мадина Маликовна

-

аға оқытушы

Байланыс ақпараты:

Медициналық биофизика және биостатистика модулінің мекен жайы: Алматы қ., Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат) тел. 292-69-86 ішкі 219,190

Пәннің саясаты

Студент міндетті:

  •  дәрістерге, практикалық сабақтарға кешікпей және халатпен келу;
  •  себепсіз сабақ жібермеу, себепті жағдайда сабақ жібергенде, мысалға, ауырып қалған жағдайда жіберілген сабақтарды өтеуге деканат тарапынан рұқсат алып келу;
  •  жіберілген сабақтар оқытушы тағайындаған  белгілі уақытта өтелуі тиіс;
  •  практикалық сабақтардың тапсырмалары талапқа сәйкес орындалуы және безендірілуі қажет;
  •  жұмыстың барлық түрлері тағайындалған мерзімде тапсырылуы керек;
  •  тағайындалған мерзімнен кеш тапсырылған жұмыстар қарастырылмайды;
  •  аралық бақылауларды және бақылау жұмыстарын тапсырмағандар, семестр бойы 30 балл (50%) жинамаған студентер диф.сынаққа жіберілмейді.

2. БАҒДАРЛАМА

2.1 КІРІСПЕ

ХХI ғасыр – дәлелді медицина ғасыры. Бұл дегеніміз, медицинада күннен- күнге нақты ғылымдар әдістері, соның ішінде, әсіресе, бірінші кезекте статистика үлкен роль атқарып келеді. Медициналық зерттеулер деректерін математикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді  медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады.

Медициналық зерттеулер деректерін математикалық-статистикалық бейнелеу және профилактикалық, диагностикалық және емдеу шаралары мен процедураларының тиімділігін сипаттайтын туынды шамалардың айырмашылық мәндерін бағалау – дәлелді медицинаның бірден бір негізге алынатын бөлімі болып саналады.

Биологиялық статистика - биологиялық нысандарды табиғи және эксперименттік зерттеулерді жоспарлау және олардың нәтижелерін талдау ережелері жөніндегі білімдер жүйесі. Көптеген экологиялық, генетикалық, цитологиялық, микробиологиялық және радиобиологиялық құбылыстар табиғаты бойынша жаппай болғандықтан биологияда статистикалық әдістердің қолданылуының маңызы өте зор. Мұндай жиынтықтардағы оқиғаның жүзеге асуы ықтималдықтар арқылы бағаланады, ал оларды талдау статистикалық әдістерді қолдануды талап етеді.

Заманауи дәрігерлер дәлелді медицинаның принциптерімен сәйкес жұмыс істеулері қажет, сондықтан медициналық жоғары оқу орындарының қазіргі заманғы түлектері заманауи медицинаның методологиясын түсінулері және оларда статистикалық ойлаудың негіздері қалыптасуы керек.

Студентке SAS,SPSS, Statisticа статистикалық кәсіптік қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу және алынған нәтижелерді дәл түсіндіре білу ерекше маңызды.

2.2 МАҚСАТЫ

«Жалпы медицина» мамандығының студентеріне биологиялық статистиканың теориялық негіздерін оқыту және статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

  •  Биостатистиканың теориялық негіздерін қалыптастыру.
  •  Статистикалық өңдеу әдістерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.
  •  Студенттерде қолданбалы есептерде математикалық талдау жасай білу іскерлігін қалыптастыру.
  •  Кәсіптік әдебиеттермен жұмыс істегенде аналитикалық қабілеттіліктерін қалыптастыру және дамыту.
  •  Жекеаралық қатынас дағдыларын жетілдіру.

2.3 МІНДЕТІ

  •  Биологиялық статистикалық әдістері жөнінде білім негіздерін қалыптастыру;
    •  Деректерді өңдеу үшін статистикалық әдістерді қолданудың негізгі дағдыларын қалыптастыру;

2.4 ОҚЫТУДЫҢ СОҢҒЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

“Биологиялық статистика” курсын меңгеру нәтижесінде

студент білуі тиіс:

  •  бас және таңдама жиынтықтар;
  •  өлшеу шкалалары;
  •  сәйкестік және келісім критерийлері;
  •  таңдаманың репрезентативтілігі;
  •  зерттеулердегі бағалардың жүйелік қателерінің түрлері;
  •  қалыпты таралу заңының негізгі қасиеттері;
  •  статистикалық жорамалдар, статистикалық критерийлер;
  •  жорамалдарды тексерудің параметрлік емес критерийлері;
  •  бірфакторлы,екіфакторлы дисперсиялық талдаулар;
  •  Фишердің нақты критерийі;
  •  эпидемиологиялық талдаудың негізгі критерийлері;
  •  өміршеңдікті зерттеу;
  •  корреляциялық тәуелділік;
  •  Пирсонның корреляция коэффициенті, Спирменнің  рангілік корреляция  коэффициенті;
  •  медицина-биологиялық тәжірибенің кезеңдері;
  •  компьютерлік статистикалық қолданбалы  бағдарламалар пакеті: SPSS, Statistica, SAS;

Игеруі тиіс:

  •  биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығын бағалау, айырмашылықтардың статистикалық мәнділігін анықтау;
  •  таңдама жиынтық үшін бірлікті таңдау;
  •  таралудың статистикалық қатарларын анықтау және олардың теориялық таралу заңдарына сәйкестігін бағалау;
  •  статистикалық қатардың сандық сипаттамаларын анықтау және олардың дәлдігі мен сенімділігін бағалау;
  •  бас жиынтықтың дәлдік және аралық бағаларын табу;
  •  критерийдің қуаттылығын анықтау;
  •  полигон мен гистограмма тұрғызу;
  •  бірфакторлық, екіфакторлық дисперсиялық талдаулардың негізгі әдістерін қолдану;
  •  статистикалық жорамалдарды тексеру;
  •  корреляцияның таңдама коэффициентін есептеу;
  •  қорытынды кесте алу: жағдайлар саны,орта, стандарттық қате, орта қате.

дағдылануы тиіс:

  •  SPSS, Statisticа, SAS қолданбалы бағдарламалар пакетімен жұмыс істеу;
  •  Стьюденттің t –критерийімен жұмыс істеу.

2.5 Пререквизиттер: информатика, медициналық биофизика, молекулалық биология және медициналық генетика, қоғамдық денсаулық сақтау.

2.6 Постреквизиттер:

  1.  эпидемиология,
  2.  дәлелді медицина негіздері,
  3.  ішкі аурулар,
  4.  балалар аурулары,
  5.  акушерлік және гинекология.

2.7 ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

Биостатистика пәніне кіріспе. Таңдама тәсіл. Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері. Таралудың түрі жөніндегі статистикалық жорамалдарды тексеру. Дисперсиялық талдау негіздері. Эпидемиологиялық талдаулардағы статистикалық әдістер. Өміршеңдікті талдау. Корреляциялық-регрессиялық талдау. Медициналық-биологиялық зерттеулерді жоспарлау және жүргізу. SAS, SPSS, STATISTICA қолданбалы бағдарламалар пакеттерінің биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасауда қолданылуы.

2.8 ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ, ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР, СОБЖӨЖ, СӨЖ:

ДӘРІСТЕРДІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№  п\п

                                            Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат бойынша ұзақтығы

1

«Биологиялық статистика» пәніне кіріспе.

Биологиялық статистика пәні мен міндеттері. Деректердің түрлері және олардың бейнеленуі. Биостатистикадағы өлшеулердің сенімділігі мен шынайылығы. Таңдама тәсіл. Бас жиынтық және таңдама. Таңдаманың репрезентативтілігі. Таңдама таралу және оның сандық сипаттамалары. Қалыпты таралу және оның параметрлері. Жиынтық параметрлерінің нүктелік және интервалдық бағалары.

Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама

1

2

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері.

Медициналық-биологиялық зерттеулерде қолданылатын статистикалық жорамалдар. Бірінші және екінші текті қателер. Мәнділік деңгейі. Критерий қуаттылығы. Жорамалдарды тексерудің негізгі кезеңдері. Биомедициналық деректерді талдау үшін Стьюденттің t-критерийі. Жұптасқан және жұптаспаған критерийлер. Келісім критерийлері. Таралудың түрі жөніндегі  жорамалды тексеру. Пирсонның Xu-квадрат, Колмогоров–Смирновтың келісім критерийлері. Манн-Уитнидің, Уилкоксонның параметрлік емес критерийлері.

Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама

1

3

Өміршеңдікті талдау.

Өміршеңдікті талдау әдістерінің ерекшеліктері. Цензурирленген деректер. Өмір уақыты кестесі. Өміршеңдік функциясы. Өміршеңдік қисығы. Өміршеңдік қисығының сенім аралығы.

Презентация түрінде ақпараттық

хабарлама

1

Барлығы:

3

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРДЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ п/п

Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат бойынша ұзақтығы

1

Таралудың статистикалық қатар.

Вариациялық қатар. Дискретті статистикалық таралудың сандық сипаттамалары: таңдама орта, таңдама дисперсия, орта квадраттық ауытқу, мода, медиана. Жиіліктер полигоны. Интервалдық статистикалық қатар. Стерджес формуласы. Интервалдық статистикалық қатардың сандық сипаттамалары. Жиіліктер гистограммасы. Бас жиынтықтың параметрлерін нүктелік және интервалдық бағалар бойынша бағалау. Сенім интервалдарын табу.

Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

3

2

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері.

Қалыпты таралған жиынтықтардың параметрлері жөніндегі жорамалдарды тексеру. Гаусс қисығы. 3 сигма ережесі. Екі топты салыстыру. Стьюденттің жұптаспаған критерийі. Тәжірибеге дейінгі және одан кейінгі бақылау. Стьюденттің жұптасқан критерийі. Стьюдент критерийінің параметрлік емес аналогы: Манн – Уитни (U-критерий) критерийі. Емдеуге дейінгі және емдеуден кейінгі бақылау нәтижелерін салыстыру: Уилкоксон критерийі.

Ситуациялық тапсырмаларды орындау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

4

3

Сапалы белгілерді талдау

Пирсонның Хи-квадрат келісім критерийі. Пирсонның Хи-квадрат, Фишердің нақты критерийлерін қолдану.

Тесттік бақылау. 

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

4

Дисперсиялық талдау.

Дисперсиялық талдау көмегімен тексерілетін статистикалық жорамалдар. Дисперсиялық талдау әдістемесі. Факторлық және қалдық дисперсиялар. Фишердің F-критерийі. Бірфакторлы дисперсиялық талдаудың әдістерін қолданып биологиялық және медициналық мазмұнды есептер шығару.

Ситуациялық тапсырмаларды орындау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

5

1 аралық бақылау.

1

6

Өміршеңдікті талдау.

Цензурирленген деректер. Өмір уақыты кестесін құру. Каплан-Мейер процедурасы. Өміршеңдік функциясы. Өміршеңдік қисығын тұрғызу. Өміршеңдік қисығы үшін сенім аралығы.

Ауызша сұрау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

1

7

Регрессиялық-корреляциялық талдау.

Сызықты регрессияның параметрлерін ең кіші квадраттар әдісі бойынша табу. Регрессияның таңдама теңдеуін құру. Регрессия коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру. Пирсонның корреляциялық коэффициентін есептеу. Корреляция коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру. Корреляциялық байланыстың күші мен сипатын бағалау. Спирмен корреляциясының рангілік коэффициентін табу.

Тесттік бақылау.

Практикалық дағдылар, оқытудың белсенді әдістері

2

8

№2 аралық бақылау.

1

Барлығы:

15

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚЫТУШЫНЫҢ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН ӨЗ БЕТТЕРІМЕН ЖАСАЙТЫН ЖҰМЫСЫНЫҢ (СОБЖӨЖ) ЖОСПАРЫ:

№ п/п

Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат бойынша ұзақтығы

1

Бас жиынтықтың параметрлерін бағалау.

Бас жиынтықтың параметрлерін нүктелік және интервалдық бағалар бойынша бағалау. Сенім интервалдарын табу.

Ұжымдық талқылау

4

2

Параметрлік емес критерийлері.

Манн – Уитни (U-критерий) критерийі. Стьюденттің жұптасқан критерийі. Емдеуге дейінгі және емдеуден кейінгі бақылау нәтижелерін салыстыру: Уилкоксон критерийі.

Ұжымдық талқылау

3

3

Сапалы белгілерді талдау

Фишердің нақты критерийлерін қолдану.

Ұжымдық талқылау

1

4

Дисперсиялық талдау.

Дисперсиялық талдау әдістемесі. Факторлық және қалдық дисперсиялар. Бірфакторлы дисперсиялық талдаудың әдістерін қолданып биологиялық және медициналық мазмұнды есептер шығару.

Ұжымдық талқылау

2

5

Корреляциялық талдау.

Пирсонның корреляциялық коэффициентін есептеу.  Корреляция коэффициентінің мәнділігі жөніндегі жорамалды тексеру. Корреляциялық байланыстың күші мен сипатын бағалау. Спирмен корреляциясының рангілік коэффициентін табу.

Ұжымдық талқылау

4

6

Қолданбалы бағдарламалар пакеттерімен жұмыс істеу

Statistica және БИОСТАТ қолданбалы бағдарламалар пакеттерінде медициналық-биологиялық деректер қорын жасау және статистикалық талдау жүргізу.

Ұжымдық талқылау

4

Барлығы:

18

СӨЖ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:

№ п/п

                                            Тақырыбы

Өткізу түрі

Сағат бойынша ұзақтығы

1

Асимметрия және экцесстің таңдама коэффициенттері.

Презента-циялар, реферат, глоссарий, кроссворд, тесттілер, баяндама

2

2

Көптік салыстыру. Бонферрони түзетуімен Стьюдент критерийі

2

3

Колмогоров-Смирновтың келісім критерийі

2

4

Екіфакторлы дисперсиялық талдау.

2

5

Крускал-Уоллис параметрлік емес критерийі.

2

6

Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру. Гехан әдісі.

1

7

Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру. Логрангілік әдіс.

1

8

Адамға қауіп-қатер факторының әсер ету ұзақтығын бағалау.

2

9

SPSS қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданып биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасау.

Статистика-лық талдау-дың негізгі әдістерін қолдануға және алын-ған  нәтиже-лерді түсін-діруге ар-налған нақ-ты есептер

2

10

SAS қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданып биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасау.

2

Барлығы:

18

2.9. «Биологиялық статистика» пәні бойынша бағаланатын құзыреттіліктердің қамтылуы

Тақырып

Сабақ түрі,

сағат саны

Бағаланатын құзыреттіліктердің қамтылуы

Практикалық сабақтар

СОБЖӨЖ

СӨЖ

Біліктілік

Max 100%

Практикалық дағдылар

Max 100%

Коммуникативтік құзыреттілік

Max 100%

Құқықтық құзыреттілік

Max 100%

Өзін-өзі оқыту

Max 100%

1

Таралудың статистикалық қатар

3

Тестілік бақылау

2

Асимметрия және экцесстің таңдама коэффициенттері

2

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

3

Статистикалық жорамалдарды тексеру теориясының негіздері

4

Ситуация-лық тап-сырмалар-ды орындау

4

Көптік салыстыру. Бонферрони түзетуімен Стьюдент критерийі

2

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

5

Сапалы белгілерді талдау

1

Тестілік бақылау

6

Колмогоров-Смирновтың келісім критерийі

2

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

7

Дисперсиялық талдау

2

Ситуация-лық тап-сырмалар-ды орындау

8

№ 1 аралық бақылау

1

Коллок-виум

9

Екіфакторлы дисперсиялық талдау

2

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

10

Крускал-Уоллис параметрлік емес критерийі

2

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

11

Өміршеңдікті талдау

1

Ауызша сұрау

12

Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру. Гехан әдісі

1

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

13

Екі өміршеңдік қисықтарын салыстыру. Логрангілік әдіс

1

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

14

Регрессиялық талдау

2

Тестілік бақылау

15

2 аралық бақылау

1

Ситуация-лық тап-сырмалар-ды орындау

16

Адамға қауіп-қатер факторының әсер ету ұзақтығын бағалау.

2

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

17

SPSS қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданып биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасау.

2

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

18

SAS қолданбалы бағдарламалар пакетін қолданып биомедициналық деректерге статистикалық талдаулар жасау.

2

Әдебиеттер-мен жұмыс жасау

Барлығы

15

18

18

3+а/б

2+а/б

1

-

1

СӨЖ-дің барлық тақырыптарын оқып-үйрену; оқытушы ұсынған бір тақырып бойынша: реферат, глоссарий, кроссворд, сауалнама, баяндама жасау; СӨЖ-ге арналған әдістемелік нұсқауларда көрсетілген талаптарға сәйкес безендіру және тағайындалған уақытта өткізу.

2.10 ұсынылатын ӘДЕБИЕТ:

ОРЫС ТІЛІНДЕ

Негізгі:

  1.  Савилов Е.Д. Мамонтова Л.М. и др. Применение статистических методов в эпидемиологическом анализе.-М. «МЕДпресс-информ», 2004.
  2.  Лукьянова Е.А. Медицинская статистика.- М.: Изд. РУДН, 2002.
  3.  Медик В.А.,Токмачев М.С.,Фишман Б.Б.Статистика в медицине и биологии. М.: Медицина, 2000.
  4.  И.В. Павлушков и др. Основы высшей математики и математической статистики. (учебник для медицинских и фармацевтических вузов) М., «ГЭОТАР - МЕД»; 2008.
  5.  Гланц С. Медико-биологическая статистика – М.:Практика,1999.
  6.  Рокицкий П.Ф. Биологическая статистика.- Высшая школа, 1973.

Қосымша:

1. Лядов В.Р. Основы теории вероятностей и математической статистики: Для студентов мед. ВУЗов. –СПб.: Фонд «Инициатива»,1998.

2. Боровиков В.П., Боровиков И.П. Statistica. Статистический анализ и обработка данных в среде Windows.  –М.: Инф. издат.дом «Филин»,1997.

3. Адибаев Б.М. Элементы математической статистики и основы теории вероятностей. /учебное пособие. – КазНМУ – Алматы, 2004.

4. StatSoft, Inc.(2001). Электронный учебник по статистике. Москва, StatSoft, WEB: //www.statsoft.ru./home/textbook/default.htm.

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ

Негізгі:

  1.  Шыныбеков Ә.Н. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері. Оқу құралы. Алматы. «Экономика». 2008.
  2.  Бектаев Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы: «Рауан»,1991.

Қосымша:

1. Ахметқазиев А.А., Кельтенова Р.Т. Математикалық статистика, Алматы. «Экономика», 2002.

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ

Негізгі:

  1.  Campbell R.C Statistics for biologists. 3rb ed. – Cambridge University Press, 1989.

Қосымша:

  1.  Dawson – Saunders Beth, Trapp Robert G. Basic & Clinical biostatistics – Appleton & Lange, 1994
  2.  Lee Elisa T. Statistical methods for survival data analysis – john Wiley & Sons, Ins. 1992.

2.11 Оқу және ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ:

  •  Дәрістер: шолу және мәселелік.
  •  Практикалық сабақтар: семинарлар, ситуациялық есептерді шешу, кішкене топтармен жұмыс; іскерлік ойындар, жағдайларды талдау және талқылау, ситуацияларды модельдеу.
  •  Студенттердің өзіндік жұмысы: әдебиетпен жұмыс істеу, деректердің электронды қоры және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, ситуациялық есептерді шешу, сауалнама тапсырмаларын орындау, рефераттарды дайындау және қорғау.

2.12 БІЛІМдІ бағалаудың  критерийлері мен ережелері:

Қорытынды баға жіберу рейтингі мен қорытынды бақылау бағасының қосындысынан тұрады:

 

мұндағы I – қорытынды баға, R–жіберу рейтингісінің бағасы, E – қорытынды бақылаудың бағасы (пән бойынша дифференциалданған сынақ).

Қорытынды рейтинг жіберу рейтингісінің 60% және қорытынды бақылау бағасының 40% тұрады.

Қорытынды бақылау: тест түріндегі дифференциалданған сынақ.

Жіберу рейтингісі студенттің қорытынды бағасының 60 % құрайды және мына формуламен анықталады.

, мұндағы  – күнделікті бақылау,  - бірінші аралық бақылау,  – екінші аралық бақылау.

Күнделікті бақылау – құзіреттердің қалыптасу деңгейінің бағасы

мұндағы

n:

-

Барлық құзіреттер бойынша тапсырмалар саны

Z:

z1+z2+z3

-

Білім үшін баға

N:

n1+n2

-

Дағдылар үшін баға

K:

k1

-

Коммуникативтік құзіреттер үшін баға

S:

s1

-

СӨЖ үшін баға

Студенттердің білімін бағалау критерийлері:

  1.  тестілеуең жоғарғы 100%.
  2.  Ауызша сұрау:

Критерийлер

Проценттік үлес

Сабаққа қатысу және бақылау сұрақтарына толық жауап

90-100

Сабаққа қатысу және бақылау сұрақтарына толық емес жауап

75-89

Сабаққа қатысу,бақылау сұрақтарына жауап жоқ

50-74

Коммуникативтік дағды

Алгоритмі

Проценттік үлес

Тыңдаушының назарын аудару

Ашық кейіп, достық көңіл-күйді вербальді деңгейде көрсету.

Қорытынды жасай білу және өз көзқарасыңды түсінікті дәйектеу.

50

50

Сындарлы сынға төзімділік таныту.

Есту және тыңдай білу.

Әңгімелесушіге барлық ойын айтуға мүмкіндік беру.

Сәйкес мәнерлі және сергітуші ескертпелерді қолдану.

34

33

33

Шиеленіскен жағдайларды шешу.

Мәселені әңгімелесушінің көзқарасымен көре білу.

Келісімге келе білу.

Түсіндіре білу.

33

34

33

Коммуникативтік құзіреттілік бойынша жалпы баға барлық коммуникативтік дағдылардың орта арифметикалық мәніне тең.

  1.  Ситуациялық есеп – 100 %:

Критерий

Проценттік үлес

Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру

100

Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу

90-99

Тапсырманың 75% орындау, безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу

75-89

Тапсырманың 50% қатесіз орындау

50-74

Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу

0-49

4)Бақылау жұмыс – 100 %:

Критерий

Проценттік үлес

Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру

100

Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу

90-99

Тапсырманың 75% орындау, безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу

75-89

Тапсырманың 50% қатесіз орындау

50-74

Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу

0-49

5) СӨЖ

Критерийлер

Проценттік үлес

СӨЖ  түріне сәйкес барлық талаптарды толық орындау

90-100

Тапсырманың орындалуы нақты емес, кейбір қателіктер жіберілген

75-89

Тапсырманың орындалуы толық емес, көп қателіктер жіберілген

50-74

Тапсырманың орындалмауы, өрескел қателіктердің жіберілуі, СӨЖ критерийлеріне сәйкес емес

10-49

СӨЖ тапсырылмауы

0

Аралық бақылау:

Жазбаша сұрау:

Критерийлер

Проценттік үлес

Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру

91-100

Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу 

81-90

Тапсырманың 75% орындау, безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу

75-80

Тапсырманың 50% қатесіз орындау

60-74

Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу

50-59

Бақылау жұмысын орындау

Критерийлер

Проценттік үлес

Барлық тапсырмаларды қатесіз орындау, дұрыс безендіру

100

Барлық тапсырмаларды орындау, дұрыс безендіру, есептеуде аздаған қателіктер жіберу

90-99

Тапсырманың 75% қатесіз орындау, дұрыс безендіру

80-89

Тапсырманың 75% орындау, безендіруде және есептеуде аздаған қателіктер жіберу

75-79

Тапсырманың 50% қатесіз орындау

50-74

Тапсырманың 50% кем орындау немесе есептеуде өрескел қателіктер жіберу

0-49

Сынақ ведомостына пән бойынша қорытынды баға төменде келтірілген кестеге сәйкес баллдардың сандық және әріптік эквиваленттері бойынша қойылады.

Пән бойынша әріптік-баллдық- рейтингілік баға

Әріптік жүйе бойынша

бағалау

Баллдың

сандық эквиваленті

% пайыздық мәні

Дәстүрлі жүйе бойынша

бағалау

А

4,0

95-100

ҮЗДІК

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

ЖАҚСЫ

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЕМЕС




1. Значение слова в толковом словаре 2
2. Финансовая модель страховой организации
3. Война Миров совершенно непобедимые войны с другой планеты были повержены обыкновенными земными микробам
4. 0021265574502 в строительстве трехслойных кирпичных стен или стен из других штучных материалов монолитных стен
5. Управление рисками. Финансовое планирование и прогнозирование
6. ~аза~стан Республикасыны~ е~бек туралы За~ына
7. Роль экологического менеджмента в развитии малого бизнеса
8. тема Замкнутые механические системы
9. і Закони Коммонера
10. Этнические особенности современной семьи в социальной работе
11. Социосфера ФГНУ Институт психологопедагогических проблем детства РАО Витебский государствен
12. отцами новейшего искусства так же трудно как и импрессионистов относить к единой школе равно как говорит
13. Украина -Eng-
14. Тема 9 Система национальных счетов СНС и макроэкономические показатели 1
15. Оказание первой помощи при обморожении
16. Статья- Православная культура и школа
17. тема аграрного права
18. тема- 11 ВОЗБУЖДЕНИЕ УГОЛОВНОГО ДЕЛА
19. Беларусь падчас савецкапольскай вайны
20. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата економічних наук Львів ~8 Дисертацією є руко.html