Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
МОРФОЛОГИЯ
5-нұсқа
1. Жақша ішіндегі көрсетілгендердің бірге жазылатынын табыңыз.
A) (Ала) орамал.
B) (Ала) жаздай.
C) (Ала) бота.
D) (Ала) көйлек.
E) (Ала) көңіл.
2. Есім сөзден етістік жасайтын жұрнақты көрсетіңіз.
A) -т.
B) -ған, -ген.
C) -ын, -ін.
D) -қыз, -кіз.
E) -да, -де.
3. Табыс септігіндегі зат есімнің толықтауыштық қызметін табыңыз.
А) Бұған сенбегенің дұрыс болған екен.
В) Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
С) Апаттың алдын алу шаралары ұйымдастырылды.
D) Бұл - сізден күтпеген жауабым.
E) Ауылдан шыққанда күн әлі жарық болатын.
4. Жалқы зат есімнің анықтамасын көрсетіңіз.
A) Біркелкі заттардың жалпы атауы.
B) Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты.
C) Заттың сынын білдіреді.
D) Нақтылы тануға болатын зат атуы.
E) Адамның ойлауы нәтижесінде танысатын атау.
5. Күшейтпелі шырайдың анықтамасын белгілеңіз.
A) Заттың түрі мен түсін,сапасын білдіретін негізгі сын есім.
B) Біркелкі сындардың бірінен екіншісінің артық , кемдігін салыстырумен көрсететін шырай.
C) Біркелкі сындардың бірінің екіншісінен өте артық не кем екендігін көрсететін шырай.
D) Белгілі бір қосымшалар жалғану арқылы жасалатын шырай.
E) Бір заттың екінші бір затқа, құбылысқа қатысын білдіретін сын есім.
6.Реттік сан есімге тән жұрнақты көрсетіңіз.
A) -ыншы, -інші.
B) -ау, -еу.
C) -тан, -тен.
D) -дай, -дей.
E) -лық, -лік.
7.Жіктеу есімдігімен тіркесіп тұрған сөзді табыңыз.
A) Сіз келесіз.
B) Атаның баласы.
C) Қалаға бару.
D) Көзбен көру.
E) Болат келді.
8.Негізгі етістік пен көмекші етістіктен тұратын етістік түрін белгілеңіз.
А) Салт етістік.
В) Сабақты етістік.
С) Туынды етістік.
D) Күрделі етістік.
Е) Дара етістік.
9.Бұрынғы өткен шақ жасалатын етістік формасын көрсетіңіз.
А) -а, -е, -й.
В) -мақ, -мек.
С) -атын, -етін.
D) -ған, -ген.
E) -ды, -ді.
10.Есімшенің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.
Көргені көп көш бастайды.
А) Баяндауыш.
В) Толықтауыш.
С) Бастауыш.
D) Анықтауыш.
E) Пысықтауыш.
11.Ырықсыз етісті табыңыз.
A) Айтқыз.
B) Жуынды.
C) Орылды.
D) Жіберді.
E) Айттырды.
12.Көсемшенің сөйлем ішіндегі қызметін белгілеңіз.
Сол әсерім бүгінде бұзылмай сақталған.
А) Пысықтауыш.
В) Анықтауыш.
С) Толықтауыш.
D) Бастауыш.
Е) Баяндауыш.
13.Үш шақтың бірінде қолданылатын рай түрін белгілеңіз.
A) Қалау рай.
B) Бұйрық рай.
C) Ашық рай.
D) Шартты рай.
E) Қалау рай мен бұйрық рай.
14.Туынды етістікті анықтаңыз.
А) Сұран.
В) Көрін.
С) Ойна.
D) Білдір.
E) Тосу.
15. Себеп-салдар үстеулі тіркесті көрсетіңіз.
A) Етпетінен жығылды.
B) Дереу жетті.
C) Тез келді.
D) Амалсыздан көнді.
E) Жорта сөйледі.
16. Септеулік шылаулар қатарын белгілеңіз.
А) да, де, та, те.
В) пен, мен, бен.
С) ма, ме, ба, бе.
D) үшін, сайын, жайында.
Е) әсіресе, -ау, -ақ.
17. Еліктеу сөздің қызметін белгілеңіз.
Екі көзі үлкейіп ашу шақыратындай жалт-жұлт етеді.
А) Бастауыш.
В) Анықтауыш.
С) Толықтауыш.
D) Пысықтауыш.
Е) Баяндауыш.
18.Одағайды белгілеңіз.
A) Найзағай жарқ етті.
B) Аһ, дүние-ай, өтеріңді білдім бе?
C) Қорыта айтсақ, онікі дұрыс.
D) Түріме қарамай, сондай кесірмін.
E) Әке, айтқаныңыз дұрыс екен.
19. Топтау сан есімді табыњыз. A) Елу. B) Елу-елуден. C) Елуінші. D) Елуге тарта. E) Елу шақты. |
20. Бір түбірден жасалатын есімдіктің түрін табыңыз. A) Жіктеу. B) Сұрау. C) Өздік. D) Сілтеу. E) Жалпылау. |
21. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз. A) Ілгері кетті. B) Тіпті ұзақ емес. C) Бірден келді. D) Бермен кел. E) Осыншама ауыр. |
22. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз. A) Мәстек түйеден үркеді. B) Адамға адамды жанастыратын тіл-ау. C) Өз інінде көртышқан көреген. D) Білімнен асар байлық жоқ . E) Қорқыныштан жүрегі тоқтап қалуы мүмкін. |
23. Қара бұйра - жасалу жолы қай қатарға тән, көрсетіңіз. A) Күрделі етістік. B) Күрделі сын есім. C) Күрделі зат есім. D) Сөз тіркесі. E) Тұрақты тіркес. |
24. Зат есімнің пысықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.
A) Ана сендерді шексіз сүйеді.
B) Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан.
C) Білімді жастан сімірдім, халқыма еңбек сіңірдім.
D) Ақпанда боран, соқты қар, Шілдеде қайнап төнді күн.
E) Антонның ұмытпағанына Асқар қайран қалды.
25. Одағайдың білдіретін мағынасын анықтаңыз.
Әттең, бүгін кешікпей келгеніңде үлгеретін едің!
A) Таңдану.
B) Шаттану.
C) Жекіру.
D) Бұйыру.
E) Өкіну.