У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і ТСті тудыратын травманы~ сипаттамасы ~ сырт~ы себептермен шарттасады

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2016-06-09

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 2.2.2025

Психологиялық стрессорлар 2 ге бөлінеді – эмоционалды, информациялы. Стресс концепциясының негізін салған 1936 жылы Ганс Селье. Стресс травмалық тұрғыда болса – стрестің әсерінің нәтижесі адам психологиясының сферасына және тәндік сферасына кері әсер етеді немесе бұзады. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткен оқиғаны саналы түрде ұғынады, яғни адам өзіне не болғанын біледі, өзінің психологиялық күйінің не себептен бұзылғандығын түсінеді. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – сыртқы себептермен шарттасады. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткізген оқиға, адам өміріндегі әдетті жағдайды өзгертеді. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткізілген оқиға  «ужас»  болып көрінеді, көмексіздік сезімін басынан кешеді, қандай да бір нәрсені істеуге немесе шешім қабылдауға қауқарсыз. Травмалық стресс – жан күйзелісінің ерекше түрі, адам мен оның сыртқы әлемінің өзара әрекеттесуінің ерекше формасы, адамның қалыпты емес жағдайға қалыпты реакциясы. Травмаға психологиялық реакцияның 1-ші фазасы – психологиялық шок. Психологиялық шоктың компоненттері – белсенділіктің өшуі, сыртқы ортаға бағдарының бұзылуы,іс-әрекетінің дезорганизациясы, болған оқиғаны жоққа шығару. Травмаға психологиялық реакцияның 2-ші фазасы – әсер ету Әсер ету фазасы – нақты эмоциялық реакциядан көрінеді, яғни, болған оқиға және оның салдарына қатты қорқыныш, жылау, қайғыру, мазасыздану. Травмаға психологиялық реакцияның 3-ші фазасы – қалыпты реакция. Қалыпты реакция фазасы – екінші сыни фазаның негізінде сауығу, реакция білдіру, шындықты қабылдау, қайта пайда болған жағдайларға бейімделу.Бақылау локус ы – адамның сыртқы орта жағдайына қаншалықты әсер ете алатындығын білдіреді.Өзін-өзі бақылау нақты әрекеттік жоспарлар құру, когнитивтік жүйені дұрыс реттеу – стресстік ситуацияны едәуір басқаруға мүмкіншілік береді. Бақылаудың типтері – әрекеттік, когнитивті, шешімдік. Бақылаудың әрекеттік типі – бірқатар әрекеттік бағыттарды өзгерту. Бақылаудың когнитивті типі – тұлғаның жағдайды интерпретациялауы. Бақылаудың шешімдік типі – әрекеттік тәсілін таңдау процедурасы. Стресстік адаптация – сыртқы ортаның өзгерістеріне өзіндік реттелуінің бейімдеулік процесі.Адаптациялық мүмкіншіліктерінің таусылуы  - адамдағы психикалық күйдің негативті өзгерістерінің көрінісі. Психоз – шындық  өмірді адекватты бейнелеуінің бұзылуында  көрінетін психиканың терең ауытқушылығы. Психопатия – адамның психикалық  қорының дисгармониялылығымен сипатталатын тұлғаның аномалиясы. Дезадаптациялық күй – адаптацияның бұзылуы, тұлғаның  бейімдеушілік механизмдерінің болмауы, әлсіз көрінуі немесе аномальді көрінуі. Холмс пен Райх «адам өміріндегі едәуір өзгерістер олардың психикалық және тәндік ауруларына  тікелей әсер етеді» деген қорытындыға келді. Г.Сельенің көрсеткен кезеңдері – үрейлену кезеңі, бейімделудің жоғары деңгейі, қорғаныс механизмдерінің азаюы. Р.Т.Уейндждің көрсеткен өмірлік стресс түрлері – ішкі тұлғалық, тұлғааралық, жанұялық, еңбек әрекеттік, экологиялық, қаржылық, қоғамдық. Минесоттық көпөлшемді тұлғалық сұрақнама – Минесот штаты университетінің психиатриялық клиникасында 1941 жылы С.Хатауэй, Дж.Маккинлидің жетекшілігімен өңделген. MMPI әдістемесінің мақсаты – мінез бітістері мен типтерін, мінез-құлық пен қарым-қатынас стильдерін, адамтацияға деген қабілеттіліктерді және жасырын психологиялық ауытқуларды анықтауға, кәсіби жарамдылықты, эмоционалды күй мен стресс көрінісінің деңгейін бағалау,  кез-келген еңбек іс-әрекеті түрлеріндегі қиындықтардың кездесу мүмкіндігі мен мазмұнын болжамдау. MMPI – дің алғашқы адаптацияланған түрінің авторы – Л.Н.Собчик. MMPI бойынша 1-ші кітап – 1971 жылы жарияланды. Собчик сұрақнаманың – карточкалық формасын қолданды. Собчик қолданған сұрақнаманың – 550 пункті, 13 базалық, 3 бағалаушы шкаласы болды. Собчик MMPI сұрақнамасының барлық тұжырымдарын орыс тіліне аударып, ер мен әйел адамдарға арналған жеке формаларын бөлген.

Стресс туралы ілім – Ганс Сельемен негізі құралған қазіргі медицинаның ең басты бөлімдерінің бірі. Ганс Селье 1926 жылы әр түрлі өзін нашар сезінумен зардап шегетін аурулар туралы алғашқы бақылауын жазды. 1936 жылы Г.Селье өзінің стерсс туралы түсінігін құрастырған кішене стаьясын жазды және бір мезгілде (Әр түрлі зақымдаушы себеппен шақырылатын стресс» және «Жалпы бейімделу синдромы» және «биологиялық стресс синдромы» деген жаңа ұғымдарын енгізді. Шамамен Г.Селье бүкіл ағзаға қатысты стресс концепциясын құрған кездері, 1934 жылы ҚССР-да Насосов Д.Н. бірінші рет тірі клетканың құрамы айналадағы қоршаған ортаның кез келген өзгерістеріне біртекті сезімтал екендігін көрсетті. Өзгеріс ең басты келесе түрде өтті: цитоплазманың тұтқырлығы өсті, оның диперсиясы азайды, сутегі иондарының концентрациясы жоғарлады. Бұл көрініс «паранекроз» деп аталады. Д.Н. Насосовтың жолын қуушы, Александров В.Я. 1965 жылы зақымданудың денатурациялық теориясын ұсынды. Одан кейінірек Тагеева С.В. кез келген клетканың органелласы сыртқы орта әсерлеріне біркелкі морфологиялық және қызметтік өзгерістер комплексімен жауап беретінін көрсетті. Сондықтан стресстің организм деңгейіндегі концепциясы Г.Сельенікі болса, клеткалық деңгейдегі (клеткалық бейімделу) бейспецификалық жауап теориясы Кеңес Одағында дамыды деп айтсақ шындық болып саналады. Г.Селье бойынша стресс анықтамасы былай: стресс бұл кез келген сыртқы талаптарға ағзаның бейспецификалық реакциясы.

Стресс – организмнің күшті әсерлерге реакциясы, ол өз табиғаты бойынша стресстік жауап – зақымдаушы факторлар әсер еткенде организмнің тұрақтылыққы (резистентікке) жету әдісі.  қалыпты дені сау организмде қолайсыз факторлармен күресуге бағытталған механизм бар. Сол қолайсыз фактор әсерінен организм өліп кетуі де мүмкін. Бұл механизм – стресс-реакция немесе жалпы бейімлеу синдромы деп аталады. Стрессорлар дегеніміз стресс реакциясын тудыратын сыртқы және ішкі ортаның барлық факторлары

Стресс түрі бойынша жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жедел түрі кезінде қорғаныс механизмі тітіркендіргіш әсер еткенде стрессор қысқа уақытқа созылады. Созылмалы кезінде күйзеліс туғызушылар ұзақ әсер етеді. Сондықтан оған реакция және қорғаныс механизмінің өзіндік ерекшелігі бар. стресстерді физикалық (физикалық, химиялық, юиологиялық фактор әсер еткенде) және эмоциялық (теріс эмоцияны тудыратын психологиялық фаторлар) деп те бөлінеді.

Травмадан  кейінгі стресс адамның травмаға деген реакциялар жиынтығын  көрсетеді.

ТКСР ерекшелігі – симптомдар травмалық ситуация болғаннан кейін пайда болуы мүмкін, ал кейде көп жылдар өткеннен кейін  көрінуі мүмкін. Көріну ерекшеліктері мен жүру барысына сәйкес ТКС-ң 3 түрі бар.Өткір – 3 айға дейін созылатын  стресс.Созылмалы – 3 айдан артық созылады. Ұзақ мерзімді – травмадан кейін 6 айдан кейін пайда болған бұзылыстыр. Стресстен толық құтылу бұл – өлім. Әлеуметтік қолдаудың 4 түрі бар

Әлеуметтік қолдау -  эмоционалды қолдау, бағалайтын қолдау, мәліметтік қолдау, құралдық көмек. Эмоционалды қолдау – мұқият көңіл бөлу, тыңдау. Бағалайтын қолдау – адамның проблемасын шешудегі баға беру. Мәліметтік қолдау – бұл проблемалармен қалай күресу туралы мәлімет және проблеманың шешілу жолдары. Құралдық көмек – материалдық көмек немесе нақты әрекетпен көрсетілетін көмек. Травмадан кейінгі тұлғалық бұзылыстар – егер адам массалық психотравманы бастан өткерсе, ТКС-тің хроникалық симптомдары көбіне адамның кейінгі өмірінің соңына дейін қатысып отырады. Психикалық  бұзылысты халықаралық  классификациясында ТС-те симптомдардың 3 тобын бөледі- қайтадан бастан өткізу симптомы, қашу симптомы, физиологиялық гиперактивация симптомы. Травмалық жағдай келесі тәсілдердің біреуін бастан өткізгенде қайталанады- ауыр эмоционалды бастан кешулерді шақыратын ойлар мен қабылдаулар, сәйкес образдар, жағдайлардың жабысқақ және қайталанып келуі.

Психосоматикалық бұзылыстар – психикалық травманың нәтижесінен психогенді этиологиялық фактормен негізделіп пайда болады.  Психология ғылымында  стрессорлардың 2 түрі бар – физиологиялық, психологиялық. Физиологиялық стрессорлар – ауырғандық, қарын ашқандық, шектен тыс тәндік күш жұмсау, төмен және жоғары температура жатады. Психологиялық стрессорлар – қауіптілік, қорқыныш, өкпе-реніш, алдап кету, мәліметтің шектен тыс жүктелуі.

Психологиялық стрессорлар 2 ге бөлінеді – эмоционалды, информациялы. Стресс концепциясының негізін салған 1936 жылы Ганс Селье. Стресс травмалық тұрғыда болса – стрестің әсерінің нәтижесі адам психологиясының сферасына және тәндік сферасына кері әсер етеді немесе бұзады. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткен оқиғаны саналы түрде ұғынады, яғни адам өзіне не болғанын біледі, өзінің психологиялық күйінің не себептен бұзылғандығын түсінеді. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – сыртқы себептермен шарттасады. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткізген оқиға, адам өміріндегі әдетті жағдайды өзгертеді. ТС-ті тудыратын травманың сипаттамасы – басынан өткізілген оқиға  «ужас»  болып көрінеді, көмексіздік сезімін басынан кешеді, қандай да бір нәрсені істеуге немесе шешім қабылдауға қауқарсыз. Травмалық стресс – жан күйзелісінің ерекше түрі, адам мен оның сыртқы әлемінің өзара әрекеттесуінің ерекше формасы, адамның қалыпты емес жағдайға қалыпты реакциясы. Травмаға психологиялық реакцияның 1-ші фазасы – психологиялық шок. Психологиялық шоктың компоненттері – белсенділіктің өшуі, сыртқы ортаға бағдарының бұзылуы,іс-әрекетінің дезорганизациясы, болған оқиғаны жоққа шығару. Травмаға психологиялық реакцияның 2-ші фазасы – әсер ету Әсер ету фазасы – нақты эмоциялық реакциядан көрінеді, яғни, болған оқиға және оның салдарына қатты қорқыныш, жылау, қайғыру, мазасыздану. Травмаға психологиялық реакцияның 3-ші фазасы – қалыпты реакция. Қалыпты реакция фазасы – екінші сыни фазаның негізінде сауығу, реакция білдіру, шындықты қабылдау, қайта пайда болған жағдайларға бейімделу.Бақылау локус ы – адамның сыртқы орта жағдайына қаншалықты әсер ете алатындығын білдіреді.Өзін-өзі бақылау нақты әрекеттік жоспарлар құру, когнитивтік жүйені дұрыс реттеу – стресстік ситуацияны едәуір басқаруға мүмкіншілік береді. Бақылаудың типтері – әрекеттік, когнитивті, шешімдік. Бақылаудың әрекеттік типі – бірқатар әрекеттік бағыттарды өзгерту. Бақылаудың когнитивті типі – тұлғаның жағдайды интерпретациялауы. Бақылаудың шешімдік типі – әрекеттік тәсілін таңдау процедурасы. Стресстік адаптация – сыртқы ортаның өзгерістеріне өзіндік реттелуінің бейімдеулік процесі.Адаптациялық мүмкіншіліктерінің таусылуы  - адамдағы психикалық күйдің негативті өзгерістерінің көрінісі. Психоз – шындық  өмірді адекватты бейнелеуінің бұзылуында  көрінетін психиканың терең ауытқушылығы. Психопатия – адамның психикалық  қорының дисгармониялылығымен сипатталатын тұлғаның аномалиясы. Дезадаптациялық күй – адаптацияның бұзылуы, тұлғаның  бейімдеушілік механизмдерінің болмауы, әлсіз көрінуі немесе аномальді көрінуі. Холмс пен Райх «адам өміріндегі едәуір өзгерістер олардың психикалық және тәндік ауруларына  тікелей әсер етеді» деген қорытындыға келді. Г.Сельенің көрсеткен кезеңдері – үрейлену кезеңі, бейімделудің жоғары деңгейі, қорғаныс механизмдерінің азаюы. Р.Т.Уейндждің көрсеткен өмірлік стресс түрлері – ішкі тұлғалық, тұлғааралық, жанұялық, еңбек әрекеттік, экологиялық, қаржылық, қоғамдық. Минесоттық көпөлшемді тұлғалық сұрақнама – Минесот штаты университетінің психиатриялық клиникасында 1941 жылы С.Хатауэй, Дж.Маккинлидің жетекшілігімен өңделген. MMPI әдістемесінің мақсаты – мінез бітістері мен типтерін, мінез-құлық пен қарым-қатынас стильдерін, адамтацияға деген қабілеттіліктерді және жасырын психологиялық ауытқуларды анықтауға, кәсіби жарамдылықты, эмоционалды күй мен стресс көрінісінің деңгейін бағалау,  кез-келген еңбек іс-әрекеті түрлеріндегі қиындықтардың кездесу мүмкіндігі мен мазмұнын болжамдау. MMPI – дің алғашқы адаптацияланған түрінің авторы – Л.Н.Собчик. MMPI бойынша 1-ші кітап – 1971 жылы жарияланды. Собчик сұрақнаманың – карточкалық формасын қолданды. Собчик қолданған сұрақнаманың – 550 пункті, 13 базалық, 3 бағалаушы шкаласы болды. Собчик MMPI сұрақнамасының барлық тұжырымдарын орыс тіліне аударып, ер мен әйел адамдарға арналған жеке формаларын бөлген.




1. Действующие лица- Сергей Петрович Кайдалов известный писатель 45 лет
2. жидкого силикатного расплава магмы
3. Модуль 1 Розділ 1
4. Лабораторна робота Е~1 Вивчення електростатичного поля Мета роботи- експериментальне дослідження елект
5. Мирная созидательная деятельность советского народа была прервана
6. тема позволяющая мне создать несколько персонажей и играть ими также играя их роли
7. либо процесса явления существенное их обстоятельство
8. Реферат на тему Неандертальский человек
9. технических качеств в процессе их использования
10. Хронический калькулезный холецистит