Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Лондон карольдік ~о~амыны~ ж~не швед ~ылым академиясыны~ м~шесі

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Сабақ тақырыбы: Нобель сыйлығының лауреаттары. Мен білетін ұлы ғалым. Нобель сыйлығын алмаған ғұлама. Альфред Нобель сыйлығы. Нобель сыйлығының лауреаты.

Сабақтың мақсаты: Нобель сыйлығының лауреаттары тақырыбында мәлімет бере отырып, студенттерді жан жақты болуларына, өз ойларын еркін жеткізе алуларын үйрету.

Мәтін: Нобель Альфред Бернхард ( 1833- 1896)

Нобель Альфред Бернхард 1833 жылы Швеция, Стокгольм қаласында дүниеге келген. Нобель Альфред – швед өнертапқышы әрі кәсепкері. Лондон карольдік қоғамының және швед Ғылым академиясының мүшесі. Нобель Ресейде болғанда орыс ғалымдары Н.Зимин мен В.Петрушевскийдің нитроглицерин жөніндегі ғылыми жұмыстарымен танысқан.

1864 жылы күркіреуік сынапты капсуль-детонатор жасады, ал 1867 жылы динамит жасау жұмысына патент  алып, оны көптеп  шығаруға кірісті.Нобель атындағы халықаралық сыйлығына тағайындалған. А.Нобель өзі өмір сүрген замандағы ең бай адам  болған, байлық оған өзі ашқан  жаңалықтарымен келген болатын. Ол үйленбеген, артында  ұрпақ қалмаған. Сондықтан  болар  дүниеден өтер алдында  өз байлығын қайда кімге қалдыратыны  туралы  өсиетхат жазып кеткен.

Мәтін: Нобель сыйлығы.

Нобель сыйлығы – халықаралық сыйлық. Тағайындаушысы – швед инженер- химигі,өнертапқыш Альфред Бернхард Нобель.

Нобельдің өсиетіне орай, өзі қайтыс болғаннан кейінгі артында қалған  қаражаты бойынша Нобель қоры құрылды (бастапқыда 33,3 млн. швед кронасына тең болды). Бұл қаражат акциялар, облигациялар мен қарыздарға таратылып, түскен пайда теңдей 5-ке бөлініп, физика, химия, медицина, әдебиет пен бейбітшілікті нығайту салаларындағы еңбектер үшін тапсырылды.

1968 жылы Швеция Мемлекеттік банкі өзінің 300 жылдығына байланысты Нобельдің құрметіне экономика ғылымдар сласындағы табыстар үшін де жыл сайынғы сыйлық тағайындады.

Нобель сыйлығы  Нобельдің суреті бейнеленген алтын медальдан, арнайы диплом мен қаржыдан құралады. Нобельдің өсиетіне сай Нобель сыйлығын тағайындау Стокгольмдегі Корольдік Ғылым академиясына (физика, химия мен экономика бойынша), Стокгольмдегі Корольдік Каролин медицина-хирургиялық институтқа (физиология немесе медицина бойынша) және швед академиясына (әдебиет бойынша), Норвегияда норвег парламенті арнайы тағайындайтын. Нобельдік к-тке (бейбітшілікті нығайту саласындағы қызмет үшін) тапсырылған. Сыйлықтарды  тағайындау жөніндегі шешімдер өзгертілмейді. Бейбітшілік сыйлығынан басқа барлық сыйлықтар жеке адамдарға тек бір рет қана тапсырылады. Ережеге сай қайтыс болғандарға Нобель сыйлығы берілмейді.

Нобель сыйлығы 1901 жылдан бастап тапсырылып келеді. 100 жылдың ішінде (1901-2001) Нобель сыйлығымен 41 елдің 600-ден астам ғалымы мен қоғам қайраткері марапатталды. Олардың 39-ы әйел. Бейбітшілікті сақтау мен қорғау ісіндегі еңбегі үшін 15 халықаралық ұйым Нобель сыйлығына ие болды.

Жыл сайын  10 желтоқсанда  Стокгольмде әлемнің ең үздік ғалымдарын осы  сыйлықпен марапаттау  рәсімі өтіп келеді.

Нобель сыйлығының лауреаттары:

  1.  Пьер Кюри
  2.  Андри Беккерель
  3.  Вигельм Рентген (1901)
  4.  Жорес Алферов (2000)
  5.  Андрей Гейм (2010)
  6.  Джон Нэш
  7.  Эдвард Прескотт
  8.  Ауман Роберт
  9.  Ада Йонат
  10.  Иван Бунин

1. Тапсырма: мәтінді оқып,сұрақтарға жауап беріңіз.

- Нобель Альфред Бернхард қайда және қай жылы дүниеге келген ?

- Ол кім болған ?

- Ресейде болғанда қандай орыс  ғалымдардың жұмыстарымен танысқан?

- Не себептен өсиетхат жазып кеткен ?

- Нобель сыйлығы қандай сыйлық?

- Қалай Нобель қоры құрылды?

- Нобель қоры не үшін тапсырылды ?

- Нобель сыйлығы неден құралған ?

- Сыйлықтар тағайындау жөніндегі шешімдер өзгертіледі ме ?

- Нешінші жылдан бастап Нобель сыйлығы тапсырылып келеді ?

- Неше елдің және қанша ғалым мен қоғам қайраткерлері Нобель сыйлығымен марапатталды?

- Жыл сайын Нобель сыйлығымен марапаттау рәсімі қашан өткізіледі ?

2. Тапсырма: мәтіндегі етістіктерді тауып, шақ категориясын анықтаңыз.

3. Тапсырма: мына сөйлемдерді толықтырыңыз.

Нобель сыйлығының тағайындаушысы-...  . Нобельдің өсиетіне орай,... артында қалған қаражаты бойынша ... қоры құрылды. 1968жылы Швеция Мемлекеттік банкі өзінің ... жылдығына байланысты ...  құрметіне...саласындағы ... үшін де жыл сайынғы ... тағайындады. Сыйлықтарды тағайындау жөніндегі ... өзгертілмейді. Ережеге сай... Нобель сыйлығы берілмейді. Жүз жылдың ішінде Нобель сыйлығымен ... елдің ... астам ғалымы мен ... марапатталды. Олардың ...әйел. Жыл сайын... желтоқсанда әлемнің ең үздік ... осы сыйлықпен ... рәсімі ...  . Дүниеден өтер алдында ... байлығын қайда ... қалдыратыны туралы ... жазып кеткен.

4. Тапсырма:мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беріңіз.

5. Тапсырма: берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз.

1. Нобель Альфрлед родился в 1833году ,Швеция, город Стокгольм.

2.Он является членом каролевского общества и членом шведской академии наук.

3. Получив патент на изготовление динамита,приступил к его изготовлению.

4. Поэтому перед смертью он оставил завещание.

5. Нобелевская премия- международная премия.

6. Согласно оставленному завещанию,был образован Нобелевский фонд.

7. Нобелевская премия составлена из золотой медали с изображением портрета Нобеля,  диплома и специального фонда (деньги).

8. Решения о назначении Нобелевской премии не меняются.

9. Согласно положению умершим Нобелевская премия не выдается.

10. Нобелевская премия выдается с 1901 года.

11. Нобелевской премией награждены из 41 стран свыше 600 ученых и общественных деятелей.

12. Ежегодная  церемония вручения Нобелевской премии проводится в Стокгольме 10 декабря.

6. Тапсырма: Қазақстандағы Нобель сыйлығына тағайындалған ғалымдар мен қоғам қайраткерлері туралы не білесіз ?

7. Тапсырма:Қазақстандағы Нобель сыйлығына тағайындалған ғалымдар мен қоғам қайраткерлері бар ма ? Оларды білесіз бе ? Кімдер?

8. Тапсырма: Нобель сыйлығы туралы РЕФЕРАТ жазып әкеліңіз.




1. Ru Все книги автора Эта же книга в других форматах Приятного чтения Шарлин Ньюкомб Миссия на Зи
2. Реферат- Киевская Русь
3. Психотерапевты о психотерапии-Пер
4. І
5. Иван Калита и его политика
6. Его устройство работа Для перемешивания гипса в процессе варки котел снабжен мешалкой состояще
7. а ДВ- Николаев 3 МРР дошк
8. .Обстоятельство. 2
9. Оптимізація хірургічного лікування катаракти й глаукоми методом факоемульсифікації в поєднанні з глибокою неперфоруючою склеректомією
10. Оттепель. Внутренняя политика Социальные реформы ХХ съезд КПСС о разоблачении культа личности Стали
11. на тему- ldquo;Нестор Махно- історично ~ політичний портретrdquo;.
12. тематическое планирование курса Химия 11 класс
13. Диагностика и прогнозирование финансового состояния предприятия
14. Буржуазные реформы 18601870 гг
15. по теме- История ЭВМ.
16. это метод проб и ошибок
17. История СССР с древнейших времен до Великой Октябрьской Социалистической Революции
18. Реферат- Лидерство в организации
19. Кто ты что делаешь спросил сердито Лев
20. ВЫСШАЯ ШКОЛА 2000 УДК 7.html