Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
1.Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер түсінігі
1.1Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (Автоматизированная информационная система) ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.
Ақпараттық жүйені жобалау ұзақ мерзімді және динамикалық үрдіс. Қазіргі уақытта қолданылатын жобалау технологиялары жүйені кезеңдік жасауды ұсынады. АЖӨЦ дегеніміз - ААЖні (автоматтандырылған ақпараттық жүйе) жасау қажеттілігінен бастап оның келесі сатысына көшу уақытымен бітетін кезең.
Техникалық жобалау кезеңінде келесі жұмыстар орындалуы тиісті:
Бұл құжатта заңды құжат деп есептеледі және келесі жұмыстардың орындалуын талап етеді:
а) Программа жасау және оны өңдеу;
б) Дайын программаны пайдаланушыға тапсыру және де толық нұсқауларды дайындау;
в) Жобалау кезеңінде тәуекел болжам жасау және де жоспарланбаған шығындарды талдау.
Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.
Деректер базасы бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесі бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады.
Microsoft Access бағдарламасы ол кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруа-шылықтар бір-бірі турла мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толты-рып, құжаттар дайыднап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды.
ДҚБЖ ЭВОЛЮЦИЯСЫН ДАМЫТАТЫН ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Қазіргі іскерлік әлемде ақпараттық жүйелердің үлкен көлемдегі ақпаратының бар болуы кез келген мекеменің табысты өсуінің қажетті өмірлік шартына айналуда. Ақпараттық жүйенің негізгі міндеттеріне ақпаратты тиімді сақтау, өңдеу және талдау жатады. Осы мәселені шешуде деректерді қорын басқару жүйесі(ДҚБЖ) қолданылады.
Деректермен жұмыс істеуде арнайыландырылған құралдарды құру үшін базалық тұжырым ретінде күрделі құрылымдық деректерді сақтауда файлдық жүйелердің мүмкіндігін кеңейту қажеттілігі туындады. Сонымен қатар, қолданушылардың ақпараттық сұраныстарының түрленуі бойынша арнайы тілдер құралдарының қолдау қажеттілігі мен көпқолданушылық жұмыстың бар болу мүмкіндігі. Дәстүрлі ДҚБЖ деректерді құрылымдау, сақтау және іздеу функцияларын орындайтын бағдарламалық кешен.
Деректер қорын басқару жүйесі (ДҚБЖ) ақпараттарды кестелік өңдеу.
Деректер қоры (ДҚ) - aқпараттық жүйелердің өңделетін обьектісі, қоршаған ортаның белгілі бір саласының немесе бір пән аймағының нақты обьектілері жайлы берілген мәліметтер жиыны. Екі өлшемді кестелерден, яғни жолдар мен бағаналардан тұратын мәліметтер базасы реляциялық база болып саналады.
Деректер қорын басқару жйесі (ДҚЖ)-көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені.
Microsoft Access-Windows ортасында жұмыс істейтін 32-разрядты, реляциялық МББЖ, мұнда бір мезетте бірнеше мәліметтер базасының кестелерімен қатар жұмыс істей беруге болады. Реляциялық мәліметтер құрылымын қарапайым етіп құрастырып, жұмыс істеуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Accessкестесін басқа компьютердегі немесе сервердегі мәліметермен байланыстыруға және де мұнда Paradox немесе Dbase МББЖ-лерінда жасалған мәліметтерді пайдалана беруге болады. Access мәліметтеріExcel кестелермен де оңай мәлімет алмаса алады [5].
Access Windows-технологияның барлық мүмкіндіктерін сүйемелдейді және оның тұтынушысының жұмыс істеуіне қолайлы графикалық интерфейсі бар.
1) Кестелер - мәліметтерді сақтау үшін жасалған, өрістерден (бағаналардан) және жазбалардан (қатарлардан) тұратын мәліметтер.
Кесте(Tables) - мәліметтер базасымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер жиыны. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи)тұрады.
Жазба(Record) - кестенің бір қатары, яғни жолы. Ол СУБД мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады. Жазба сипатталатын бір объект туралы толық мәлімет береді.
Өріс(Field) - кестедегі бағана немесе тік жол. Access-те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізілетін бір бағанадағы жолды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізіледі [6].
Санауыш - кестедегі жазбалардың реттік нөмерлері орналасатын өріс.
2) Сұраныс(Queries) - жұмыс істеуші адамның керекті мәліметерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алу жолымен сұраныс беру арқылы кестедегі мәліметтерді жаңартуға, жоюға, көбейтуге немесе бұрынғы кестелер негізінде жаңа (виртуальды) кестелер құруға болады. Access-те сұраныстардың бірнеше түрі бар.
3) Форма(Forms) - мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері, яғни өзара байланысқан мәліметтерді тұтынушыға ыңғайлы түрде бейнелеуге, қарауға немесе енгізуге арналған тәсілдер.
4) Есептер (Отчеты) - мәліметтерді баспаға шығарып қағазда бейнелеу тәсілі, яғни қағазға басып шығаруға арналған тәтижелік құжаттар.
Конструктор - мәліметтер базасы обьектінің (кестелер, сұраныстар, формалар, басылымдар, макростар, модульдер) қасиеттерін анықтау режимі.
Шебер(Wizards-Мастер) - белгілі бір мақсатта шектеулі әрекеттержиынын біртіндеп орындайтын программа. Шеберлер оны орындайтын адаммен сұхбаттасу (диалог) ісін атқара отырып,қойылған мәліметтерді программаға енгізуді қамтамасыз етеді.
5) Макростар(Modules) - Visual Basic for Application (VBA) тіліндегі программалар сақталады және олар қолданбалы программаларды құру кезінде стандартты емес процедураларды іске асыру үшін жасалады.
Access-те тұтынушыға өз есептерін ойдағыдай шағаруға мүмкіндік беретін әртүрлі диалогтық құралдар бар, оларға меню командалары, саймандар тақтасындағы батармалар, суырылып шығатын түсініктемелік сөздер, Конструктор (Design), Шебер(Wizards)программалары жатады.
Access деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс істеу тәсілдері Windows ортасындағы графикалық объектілермен (терезе, тізім, ауыстырып қосқыш, жалауыша, батырма, тағы сол сияқты), жұмыс істеу тәрізді орындалады.
1.3 Visual Basic программалау ортасы. Компьютерге Visual Basic программасын орнату үшін, программаның арнаулы драйвері жазылған компакт-дискіні диск қозғағышқа салып, Setup. Exe файлын іске қосу керек. Егер компакт-дискіде арнаулы Autorun.exe файлы жазылса, онда компакт-дискіні дис қозғағышқа салысымен сол файл іске қосылып, экранға Visual Basic ортасы шығады.
Әрі қарай орнату пайдаланушы мен компьютердің диалогы түрінде жүреді. Орнату барысында ендіруге тиіс сериялық нөмір компакт-дискінің қорабында жазылады.
Setup файлы VB программасынан басқа оның анықтамалық жүйесін және басқа да қосымша мүмкіндіктерін орнатады. Орнату нәтижесінде Visual Basic программасы қатты дискінің C: \Program Files \ Microsoft Visual Studio бумасына жазылады.
1.4Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.
Кейс технологиясы (ағылшынның сasепортфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.
Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:
Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады.