Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

СММА ФОРМА КАЧЕСТВА К~сіптік т~жірибе бойынша ~дістемелік н~с~

Работа добавлена на сайт samzan.net:


                                     РГКП «СММА»

ФОРМА  КАЧЕСТВА

Кәсіптік тәжірибе бойынша әдістемелік нұсқау

G-041.08.01.01-2007

Рев.02 Дата ввода ревизии  01.08.2007взамен:

Рев. 01 от 01.06.2005

Страница 9 из 9

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

КӘСІПТІК ТӘЖІРИБЕ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«Стоматология кабинетінің медбикесі»

Мамандығы: 051302- Стоматология

Дисциплина: Терапиялық стоматология

Кафедра: терапиялық және ортопедиялық стоматология

Жоғарғы медицина базасы, курс 3

Құрастырған:                                                      тер.стом. курс асс.,_________Сыздыкаева С.М

                                                                                                           

Семей  200_ж

Кафедра отырысында талқыланды

Хаттама № _____

"____" _________ 200_ ж.

Тер. және орт. стом. каф. меңгерушісі    м.ғ.к., доц. Сүлейменева Д.М.

1.Кіріспе: жоғарғы оқу орындарында студенттерді оқыту үрдісі өзіне олардың творчествалық және тәжірибелік дайындығын қарастырып қана қоймай, тәжірибені өту кезінде алынған білімін бекітуге бағытталған. Осыған байланысты студенттің мамандық тәжірибесін өту міндетті боып саналады.

2. Тәжірибе мақсаты:  Студенттерді стоматологиялық кабинетте жұмыс істеу тәртібімен, кабинет құрылғылармен, аспаптармен, студенттердің тәртәбімен, асептика, антисептика, дезинфекция негіздерімен таныстыру болып табылады.

3.Кәсіптік тәжірибенің міндеттері:

  •  дәрігер-стоматологтың жұмысында қолданылатын стоматологиялық материалдарды және дәрі-дәрмектерді тәжірибеде қолдануына үйртеу барысында білімін және іскерлігін тереңдету және жетілдіру;
  •  стоматология кабинетінде қолданылатын пломбалық материалдарды дайындау дағдыларын жетілдіру;
  •  дәрігер-стоматологтың жұмысына тікелей көмек көрсету дағдыларына үйрету («төрт қолмен» эргонометриялық жұмыс);
  •  стоматология кабинетінде санитарлы-ағарту жұмысын жүргізуге арналған дағдырларға үйрету.

4.Тәжірибе өтудің соңғы нәтижелері:

Тәжірибе жетекшілернің ағымды бақылауы:

  •  стоматология кабинетінде жұмыс орнында студенттердің күнделікті қатысуын және тәжірибелік жұмысын бақлау;
  •  студенттердің тәжірибелік дағдыларын игеруін қадағалау;
  •  студенттердің күнделігін тексеру

Қорытынды бақылау – дифференцияланған сынақ

Қорытынды бақылауға өту үшінүшін студентте болу керек:

  1.  мейір бике және тәжірибе жетекшісінің қолы қойылған тәжірибе күнделігі;
  2.  стоматолоогиялық емхананың аға медбикесімен және тәжірибе жетекшісінің қолы қойылған мінездеме;
  3.  тәжірибеге қатысқан жәйлі журнал;

Оқу - өндірістік тәжірибенің қорытындысы бойынша дифференцирленген сынақ «Бағалау критерилеріне...» сәйкес студенттердің тәжірибелік дағдылары коммисиясның қортынды бағасына  негізделеді.

Балды - әріпті жүйе бойынша

практиканттардың жетістіктерін бағалау кестесі

Баға

Әріптік эквивалент

Рейтинг балы

Баллдық

Өте жақсы

А

95-100

4.0

А-

90-94

3,67

Жақсы 

В+

85-89

3,33

В

80-84

3,0

В-

75-79

2,67

Қанағаттанарлық

С+

70-74

2,33

С

65-69

2,0

С-

60-64

1,67

D+

55-59

1,33

D

50-54

1,0

Қанағаттанарлықсыз

F

0-49

0

5. Тәжірибені өту саясаты: студенттердің іс-әрекетінің түрлері, күн тәртібі, жеке бас тапсырмаларының мазмұны мен орындалу мерзімін бақылау.

6 семестрде стоматология факультетінің 3 курс студенттеріне «Стоматология кабинетінің медбикесі» оқу-өндірістік тәжірибе жүргізіледі                                                                                                                                                        Тәжірибені өту барысында студенттер стоматологиялық емхана ішілік тәртіпке бағынулары, оқу-әдістемелік және ұйымдастыру жұмыстары бойынша барлық шараларға қатысулары тиіс, стоматология кабинетінің құрылысымен тіркейтін, есеп беру медициналық құжаттардың жүргізілуімен, стоматологиялық құрылғыларымен жұмыс істеуде қауіпсіздік шараларын сақтау техникасымен танысуы, аспаптарды залалсыздандыру ережесімен, дәрі-дәрмектерді сақтау ережелерін меңгерулері қажет. Кәсіби тәжірибені ұйымдастыру, жүргізу және басқару кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен, тәжірибе өтетін емхананың басшысымен (аға медбике), тәжірибе жетекшісімен жүзеге асырылады.

Тәжірибе жетекшісі тәжірибені өткізудің күнтізбесін құрастырып, оның өтуін қадағалайды.

Студент күнде тәжірибенің күнделігін толтырып, оныңішіне жұмыс күні бойы барлық істелген жұмыстарын көрсетеді. Тәжірибе жетекшісі жұмыстың сапасы мен дұрыстылығын тексеріп қадағалайды және оған түзетулерді енгізеді, күнделікті тексеріп, қол қойып отырады. Кәсіби тәжірибені өту барысында студенттердің алған білімдерін күнделікті нақты жұмыс орнында бақылап отыру ұсынылады.

«Стоматология кабинетінің медбикесінің»

өтетін кәсіби практиканың күн тәртібі:*

 

Жұмыс түрі

Уақыт

1

Стоматолгиялық материалдар мен дәрі-дәрмектерді дайындау.

Күні бойы

2

Стоматологиялық аспаптарды дайындау.

Күні бойы

3

Құжаттарды дайындау:

бірінші ауысымның басында;

екінші ауысымның басында;

08.00-08.30

12.00-12.30*

4

Стоматология кабинетінің медбикесі ретінде жұмыс істеу.

08.30-14.00

12.30-18.00

Кабинеттердегі тәжірибе процессін оптимизациялау үшін және өндірістік мақсаты мен талабын ескере отырып, студенттердің 1 бөлігін түске дейін (8.00-14.00 дейін), 2 бөлігін түстен кейін бөледі (12.00-18.00 дейін).

Студенттер тәжірибе жетекшісімен бірге барлық жұмыс істеу кезеңдерінде әртүрлі сұрақтарды талқылайды: стоматологиялық науқастарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша, бөлімшенің емдік-сақтану ережесін қамтамасыз ету бойынша, стоматология кабинетінің пломбалық материалдарды дайындау бойынша, және стоматология санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу жайлы.

Стоматология кабинетінің медбикесі ретінде стоматология кабинетінде кәсіби тәжірибені өту барысында студенттер деонтология сұрақтарына, кәсіби этика мен субординацияның принциптерінің сақталуына үлкен көңіл бөлу қажет. Дәрігер-стоматологтың жұмысында қолданылатын қажетті стоматологиялық құрал-жабдықтарды, аспаптарды, материалдар мен дәрі-дәрмектерді дайындауды үйренулері керек. Түбір өзектерін пломбалауға, емдік және аралық төсем, уақытша және тұрақты пломбалық материалдарды дайындайды. Негізгі стоматологиялық аурулардың дамуына мүмкіндік туғызатын қауіп қатер факторларын табу мақсатында стоматологиялық статусқа эпидемиологиялық зерттеуді жүргізеді. Кариес, пародонт ауруларының, тіс-жақ аномалияларының алдын алуды жүргізудің принциптерін білу. Науқаспен санитарлы-ағарту жұмысын жүргізі, ауыз қуысының жеке гигиенасының әдістеріне үйрету, жеке гигиена жабдықтарын таңдау. Науқастың тіс формуласын жазады және дәрігерге медициналық құжаттарды толтыруға көмектеседі. Дәрігердің нұсқауы бойынша банктерді, рецептерді толтырады.

Стоматология кабинетінің медбикесі адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларды талу, естен тану және т.б. жағдайларда қажетті реанимациялық шаралар көлемін меңгеруі қажет.

6. Тәжірибе мазмұны: меңгеретін және бекітетін тәжірибелік дағдылар

Тәжірибелік дағдылар

1

Таңғыш материалдарды дайындау.

2

Таңғыш материалдар мен залалсыздырылған аспаптардың сапасын тексеру.

3

Стоматологиялық материалдарды қолдану барысындағы іс-әрекет тәсілі.

4

Дәрілік заттарды қолдану барысындағы іс-әрекет тәсілі.

5

Науқасты дәрігер қарауына дайындау.

6

Бояу арқылы ауыз қуысының тазалығын анықтау тәсілі.

7

Науқасты ауыз қуысының тазалығын сақтауға үйрету.

8

Науқасты тіс қақтарын алу үшін дайындау.

9

Окклюзиограмманы анықтау әдісі.

10

Науқасты таңдамалы тегістеуді жүргізуге дайындау.

11

Ремтерапияны жүргізу тәсілдері.

12

Пародонт ауруларын емдеу барысында дәрілік заттарды дайындау және аппликация жасау.

13

Шайнау және мимикалық бұлшық еттерге массаж жасау.

14

Құжаттармен жұмыс жасай білу.

 

7.Үлестірмелі материалдар:

1. Әдістемелік нұсқаулар

2. Тесттер

 

8.Тәжірибені бағалау критериі:

«Стоматология кабинеттің медбикесі» оқыту-өндірістік тәжірибе кезінде алынған дағдыларды, әріптік жүйе бойынша бағаланады (оң бағалар, азаю бағытында А дан С-ға дейін, олар төрт баллды жүйеге сәйкес келеді. Әр дағдыны қадамдап көрсетеді. Әр қадамға нәтижесінде 4 балл болатындай бағаланады. Сөйтіп барлдық қадамдарды орындаған студент, толық орындалған дағдылар үшін, максимальды сандық нәтиже алады. Ол 4,0 баллға сәйкес, әріптік-баллдық жүйеде А әрпіне сәйкес.

Оқытудың өндірістік тәжірибе қорытындылары бойынша бағалау критерилері (дифференцирленген сынақта)

п/п

Дағдылар, бағалау критерилері

Қадамдық баға бойынша

1

Таңғыш материалдарды дайындау

4,0

1

Стоматологиялық айна және зондтық ұстау бөлігіне мақтаны орау арқылы стоматология кабинетінде мақта тығынын жасай білу.

1,0

2

Дәке немесе бинтті үлкен емес бөліктерге бөлу арқылы стоматология кабинетінде үшбұрышты дәке дайындау.

1,0

3

Дайындаған таңғыш материалдарды қағаз пакетке, содан бикске орналастырып салу.

1,0

4

Таңғыш материалдарды автоклавта залалсыздандыру және оны жүргізу уақытын білу.

0,5

5

Таңғыш материалдарды биксте сақтау уақытын білу.

2

Таңғыш материалдар мен залалсыздырылған аспаптардың сапасын тексеру.

4,0

1

Залалсыздандырудың сапасын бағалау үшін қолданылатын санамалардың тізімін біледі (бензидин, амидопирин, фенолфталин)

Сынама жүргізу үшін реактивтерді дайындау тәсілін біледі:

амидопирин сынамасы: 5% амидопириннің спиртті ерітіндісін 3% сутегінің қос тотығымен бірдей мөлшерде араластырады да, оған бірнеше тамшы 30% сірке қышқылын қосады.

0,5

2

Сынама жүргізу үшін реактивтерді дайындау тәсілін біледі:

1,5

  •  амидопирин сынамасы: 5% амидопириннің спиртті ерітіндісін 3% сутегінің қос тотығымен бірдей мөлшерде араластырады да, оған бірнеше тамшы 30% сірке қышқылын қосады.

0,5

  •  Бензидин сынамасы: күкірт қышқылды бензидинмен (Грегерсен бойынша): 0,025 гр. күкірт қышқылды бензидинді 5 мл 50% сірке қышқылымен араластырады, қолдану алдында 5 мл 3% сутегінің қос тотығымен араластырады. Ерітіндіні күн сайын дайындайды.

0,5

  •  Фенолфталин сынамасы: 1% фенолфталиннің спиртті ерітіндісін қолданады.

3

Сынаманы жасау тәсілін біледі: қадағалайтын затты реактивпен қаныққан марля сүзгісімен сүртеді немесе пипетка  көмегімен реактивтің 2-3 тамшысын аспапқа тамызады.

0,5

4

Сынама нәтижесін дұрыс бағалайды:

1,5

  •  Бензидин сынамасы: жуылған аспаптардың көк-жасыл түске бояулы қан қалдықтарының болуын көрсетеді.

0,5

  •  Амдиопирин сынамасы: жуылған аспаптарды реактивтік көк-жасыл түске бояулы қан қалдықтарының болуын көрсетеді.

0,5

Фенолфталин сынамасы: рективтің ал-қызыл түске бояулы, аспаптарда жуу ерітіндісінің құрамындағы сілтінің болуын көрсетеді.

0,5

3

Стоматологиялық материалдарды қолдану барысындағы іс-әрекет тәсілі.

4,0

1

Стоматологиялық материалдарды қолдану бойынша (араластыру) нұсқауын біледі, ерітінділіер мен материалдардың сақталу мерзімін тексере біледі.

0,5

2

Ерітіндінің немесе материалдың мөлшерін анықтауды біледі.

0,5

3

Нұсқау бойынша стоматологиялық материалдарды дайындауды және араластыруды біледі.

1,0

4

Дәрігерге дайын материалды беру кезінде атауын атай алады.

0,5

5

Кірісулерді жүргізу барысында дәрігерге «төрт қол» арқылы көмек көрсете алады.

1,5

4

Дәрілік заттарды қолдану барысындағы іс-әрекет тәсілі.

4,0

1

Дәрілік заттарды қасиетін, қолдануға нұсқауын біледі.

1,0

2

Дәрілік заттардың сақталу мерзімін анықтауды біледі.

0,5

3

Дәрілік заттарды қабылдағанда және енгізу кезінде науқастың жағдайын қадағалай біледі.

1,0

4

А тобындағы дәрілік заттардың сақталу ережесін біледі.

0,5

5

В тобындағы дәрілік заттардың сақталу ережесін біледі.

0,5

6

Рецепт бойынша жасалған дәрілік заттарды сақтауды біледі.

0,5

5

Науқасты дәрігер қарауына дайындау.

4,0

1

Науқастың стоматологиялық статусын тексеру үшін аспаптар жиынтығын дайындай алады және тізімін біледі: айна, зонд, пинцет, экскаватор, оларды дәрігер үстеліне залалсыздандырылған түрде және дәрігердің нұсқауы бойынша науқасты емдеуі үшін қажетті материалдар мен дәрі-дәрмектерді дайындайды.

1,0

2

Стоматологиялық қондырғыға науқасты отырғызу ережесін біледі:

  •  науқастың жоғарғы жақ тістерін қарау үшін қондырғының арқасы сәл артқы шалқайған, басы бекітілген, жоғарғы жақ дәрігердің иық буыны деңгейінде болуы керек. Дәрігер науқастың оң жағында, алдында тұру керек.
  •  Төменгі жақтың тістерін қарау: төменгі жақтың тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде болуы керек, соған сәйкес қондырғыны түсіру тиіс. Науқастың иегін кеудесіне түсіру барсында басын дұрыс орналастыру қажет. Дәрігер науқастың оң жағында. Алдында тұру керек.

1,5

3

Науқастың жағдайы жайлы мәліметтерді нақтылайды (қажет болса АҚ, пульсті, дене қызуын өлшейді).

0,5

4

Науқасты қарауға дайындайды және қолында бар рентген студенттердің жарамдылық мерзімін біледі (ауыз ішілік, жақын фокусты, жанастық, компьютерлік, панорамалық, ортопантомографиялық, томографиялық, сиалография-6 айға дейін).

0,5

5

Дәрігерге тексерудің қосымша әдістерінің қорытындысын дайындайды (қанның, зәрдің биохимиялық көрсеткіштері, сілекейдің биохимиялық зерттеу әдәсә, микробиологиялық, гистологиялық, иммунологиялық зерттеу әдістер, ультра дыбыстық зерттеу, тіс тастарының спектрлі анализі).

0,5

6

Бояу арқылы ауыз қуысының тазалығын анықтау тәсілі.

4,0

1

Ауыз қуысын қарауды жүргізуді біледі; ауыз қуысы кіре берісі, тіс қатары, қызыл иек, кілегей қабатының жағдайы.

1,0

2

Тістерді сілекейден мақта тығынымен арашалауды және тіс бетін кептіруді беледі.

0,5

3

Ерітінділердің дайындау тәсілін және ауыз қуысының тазалық жағдайын анықтау техникасын біледі:

  •  негізгі фуксин – 1,5 г., 70% этил спирті – 25 г. (1/4 стақан суға 15 тамшы, 30 сек. шаю);
  •  1% метилен көк ерітіндісі немесе Люголь ерітіндісі – кристалды йод – 1г., калий иодид – 2г., тазартылған су – 40 мл (ерітіндімен қаныққан мақта тығынымен сүртеді);
  •  Эритрозин таблеткасы (шайнайды).

1,5

4

Сынаманы бағалай біледі: ауыз қуысының  тазалығы қанағаттанарлықсыз болғанда қоңыр-қара түске боялады.

1,0

7

Науқасты ауыз қуысының тазалығын сақтауға үйрету.

4,0

1

Науқасқа тіс қағы мен тістердің және пародонт ауруларының арасындағы байланысты түсіндіре біледі.

0,5

2

Науқасқа тазалықтың жеке жабдықтары мен заттарын таңдауды біледі, тіс щеткасын, тіс сықпасын және қосымша тазалық жабдықтарын дұрыс таңдауға кеңес береді.

1,0

3

Науқасқа тістерін стандартты әдіспен тазалауды үйретуді біледі.

1,0

4

Тазалық сынамаларын анықтау арқылы ауыз қуысының тазалығының сапасын бағалауды жүргізе алады.

1,0

5

Келесі бақылау көрінудің жүргізу мерзімін білнді.

0,5

8

Науқасты тіс қақтарын алу үшін дайындау.

4,0

1

Тіс шөгінділерін алу үшін қажетті аспаптардың жиынтығын, материалдар мен дәрі-дәрмектерді біледі.

0,5

2

Тіс шөгінділерін алу алдында және алғаннан кейін ауыз қуысының қандай ерітінділерімен медикаментозды өңдеу жүргізу керек екенін біледі: 3% сутегінің қос тотығы, 0,02% фурацилин, 0,05% хлоргексидин биглюконаты, 1% йодтың спиртті ерітіндісімен.

1,0

3

Тіс шөгінділерін механикалық әдіспен алуды жүргізе біледі.

1,0

4

Тіс шөгінділерін аппараттық әдіспен алуды жүргізе біледі.

1,0

5

Тістің беткейін щетка және жылтырату сықпасымен өңдеуді жүргізе біледі.

0,5

9

Окклюзиограмманы анықтау әдісі.

4,0

1

Окклюзиограмманы жүргізу үшін аспаптар мен материалдарды дайындай біледі.

0,5

2

Тіс беткейін ауамен кептіруді және ауыз қуысының көшірме қағазын салуды біледі.

0,5

3

Науқастың тістерін орталық тістемеде дұрыс тістеткізеді және төменгі жақты әртүрлі бағытта қимылдата біледі.

1,0

4

Ауыз қуысынан көшірме қағазын дұрыс шығарып көлемі сай ақ қағазға ауыстыруды, тістетіп төменгі жақта әртүрлі бағытта қимылдата біледі.

1,0

5

Окклюзиограманы дұрыс бағалай біледі: алдыңғы бөлімде анық штрих, азу тіс аймағында – көптеген жанасу.

1,0

10

Науқасты таңдамалы тегістеуді жүргізуге дайындау.

4,0

1

Таңдамалы тегістеуді жүргізуге көрсетулерін біледі: окклюзиограмманы жүргізу барысында кейбір тістерде алдын ала жанасуды анықтау.

0,5

2

Таңдамалы тегістеуді жүргізу үшін қажетті аспаптар жиынтығын, материалдар мен дәрі-дәрмектерді біледі.

0,5

3

Кейбір тістерге бөлек таңдамалы тегістеуді жүргізе біледі.

1,0

4

Кешенді таңдамалы тегістеуді жүргізе біледі.

1,5

5

Жақтың мүсіні көмегімен таңдамалы тегістеудің жүргізгенге дейін және жүргізгеннен кейін бағалауды жүргізе біледі.

0,5

11

Ремтерапияны жүргізу тәсілдері.

4,0

1

Рем терапияны жүргізу үшін қажетті аспаптар жиынтығын, материалдар мен дәрі-дәрмектерді біледі.

0,5

2

Тістерді сілекейден мақта тығынымен арашалауды және тіс бетін кептірудң біледі.

0,5

3

Аппликация әдісімен эмаль беткейінде ремтерапияны жүргізе алады: Леус-Боровский бойынша - 10% кальций глюконат ерітіндісі, 5-15 мин, аралығында, 2-4% натрий фторид ерітіндісі, 1-3 мин. аралығында; 6% ремодент ерітіндісімен, 5-15 мин. аралығында.

1,0

4

Шаю әдісімен эмаль беткейінде ремтерапияны жүргізе алады: 0,2% натрий фторид ерітіндісімен, 2 мин. аралығында, 1,5 және 3% ремодент ерітіндісімен, 3 мин. аралығында.

1,0

5

Жағу әдісімен эмаль беткейінде ремтерапияның жүргізе алады: фторлакпен-натрий фторид-5г, пихта бальзамы-40г, шеллак-19г, хлороформ-12г, этил спирті-24г. Жағу уақытын біледі.

1,0

12

Пародонт ауруларын емдеу барысында дәрілік заттарды дайындау және аппликация жасау.

4,0

1

Ауыз қуысының кілегей қабатын қарауды және қызыл иекті саусақпен сипап тексеруді біледі.

0,5

2

Аппликациялық жансыздандырудың қажеттілігін және жансыздандыратын кілегей қабат бөлігін анықтай алады.

0,5

3

Жансыздандыратын кілегей қабат бөлігіне медикаментозы өңдеу жүргізе алады: 3% сутегінің қос тотығы, 0,02% фурацилин, 0,05% хлоргексидин биглюконат ерітіндісімен.

0,5

4

Кілегей қабатты мақта тығынымен кептіруді, сілекейден арашалауды біледі.

0,5

5

Жергілікті жансыздандыруды жүргізу үшін анестетиктерді дайындауды біледі (лидокаин, анестезин); ақта немесе дәкелі тығынды анестетикпен қанықтыру.

0,5

6

Кілегейлі қабаттың жансыздандырылатын бөлігіне тығынды 2-3 мин. коюды біледі, аппликация жасған бөліктен тығынды ала алады.

0,5

7

Дәрігердің нұсқауы бойынша қызыл иекке майлы аппликация жүргізе алады.

1,0

13

Шайнау және мимикалық бұлшық еттерге массаж жасау.

4,0

1

Бұлшық етті жаттықтыруды жүргізудің ережелерін біледі: жүйелілігі, жиырылу қарқындылығы, амплитудасы, жаттығулар саны, олардың ұзақтылығы.

0,5

2

Емдеу жаттығулары сабағын жүргізуді ұйымдастыра біледі: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдері.

0,5

3

Дұрыс демалуды қалыптастыру үшін жаттығуларды жүргізе алады: ауыз қуысының айналмалы бұлшық етінің жаттығулары.

0,5

4

Дұрыс шайнауды қалыптастыру үшін жаттығуларды жүргізе алады: «төбені сырлаймыз», «ұратын балға», «салт атты» жаттығулары.

1,0

5

Дұрыс сөйлеуді қалыптастыруға арналған жаттығуларды жүргізе алады: «сағаттар», «тыңдамайтын тілді жазалау» жаттығулар.

1,0

6

Жаттығуларды ойын қимылдарымен жүргізе алады: құсқа, аңдарға, қозғалмалы заттарға ұқсау арқылы.

0,5

14

Құжаттармен жұмыс жасай білу.

4,0

1

Стоматолгия кабинетінде жұмыс жасау барысында журналдарды толтыра алады: залалсыздандыру, дәрі-дәрмектерді жазу, науқастарды қабылдау журналдарын.

1,0

2

Дәрігердің нұсқауы бойынша амбулаторлық картаның паспорттық бөлімін, тіс формуласын жазу және стоматологиялық статустық мәліметтерін толтыра алады.

1,0

3

Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілік заттарға рецепт жаза біледі.

1,0

4

Дәрігердің нұсқауы бойынша рентген, физиотерапиялық кабинеттерге, басқа мамандарға кеңес алуға жолдама жаза алады.

1,0

Әдебиеттер

Вагнер В.Д. Пособие по стоматологии. – М.: Мед.книга; Н. Новгород: Изд-во НГМА, 2000. – 264 б.

Гажва С.И., Черняева Г.А.,Щабельский Ю.А. Санитарно-эпидемический режим учреждениях стоматологического профиля. – Н. Новгород: Изд-во НГМА, 2000. – 111б.

Мирзабеков О.М., Хауа-Адам С.Т., Есембаева С.С. Медицинская сестра стоматологического учреждения. Учебное пособие. Алматы, 2004. – 86 б.

Шелепанова О.А., Тё Е.А., Макарова Р.П. Терапевтическая стоматология: организационные аспекты производственной практики: учебное пособие. 2007. – 126 б.




1. на тему- Генетика и эволюция
2. Последние поэтому находят японцев уклончивыми пассивными и не обладающими даром слова
3. лекция. БЖД Преподаватель- Колпаков Валерий Евгеньевич
4. I ГРОЗОЦВЕТ Заклятый цветок I Из ладьи золотой изза звёзд В пляске лунной серебряных вёсел Во
5. Вариант 16. ПРАКТИЧЕСКАЯ РАБОТА 1
6. Автор ~ uctor oris m Ампула ~ mpull Аэрозоль ~ ~rosolum I n Болюс п
7. Сто лет одиночества и Вспоминая моих несчастных шлюшек и разумеется О любви и прочих бесахЮную мар
8.  Правоведение и политическая наука- общее и особенное
9. Лекция 6 46 Указатели и массивы 4
10. КОНТРОЛЬНАЯ РАБОТА 1 По дисциплине-
11. энергетическом балансе мировой экономики
12. Реферат- Гипоталамо-гипофізарна система
13. 5 Лабораторная работа 1
14. Сатирическая проза 30-х годов
15. Речевой этикет
16. РедактированиеНайти выделите их любым цветом
17. Уральский государственный педагогический университет Факультет туризма и гостиничного сервиса Кафед
18. Бандура Укажите представителей бихевиоризма в психологии Б.html
19. Израиль
20. Тепловой расчет паровой турбины ПТ-60-75-12,7-1,27 в конденсационном режиме