Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Реферат

Работа добавлена на сайт samzan.net:


                 

       Қазақстанның  қазіргі заман болашақ академиясы

   Реферат

                                                                                  

                                                                                Тексерген

                                                                                Орындаған

                         

                                           Ақтау 2013

                              

               

                                               Түркия

 

  Түркия — Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жұрт саны — 70 млн. Тәуелсіздігін 1923 ж. алған. Осман империясының ыдырауының нәтижесінде пайда болды. Кіші Азия түбегінде орналасқан, оны Қара, Жерорта, Эге мен Мәрмәр теңіздері жан-жақтан қоршайды. Шығыста Гүржістанмен, Әзірбайжанмен, Иранмен, Әрменстанмен, батыста Болгариямен, Грекиямен, оңтүстікте Ирак пен Сириямен шекаралас.
Түркия Республикасының туы мен елтаңбасы

Ұраны: Yurtta Barış,Dünyada Barış’
(«Жұртта бейбіт, Дүниеде бейбіт»)

-Елордасы: Анқара
-Ең ірі қаласы: Стамбұл
-Ресми тілдері: түрікше
Үкімет түрі Парламенттік Республика
— Президенті Абдүллаһ Гүл
— Премьер-министрі Реджеп Тайип Ердоған

Тарихы
XI ғасырдың соңында Кіші Азия түбегіне Орта Азиядан оғыз тайпаларынан бөлінген көшпенді селжүк тайпалары кірді.
Сол кездегі ірі, қуатты Византия империясы да оларға тойтарыс бере алмады. 1071 жылы Манцикерт (түрікше Маназкерт) маңындағы шайқаста селжүктер византиялықтарды күйретті. Нәтижесінде селжүктер олардың Кіші Азиядағы, Сүрия мен Палестинадағы иеліктерді тартып алды.
Бірақ та Ирак, Иран, Сүрия, Палестина, Кіші Азияны қамтыған Селжүк империясы біраздан кейін бірнеше бөлікке бөлінді. Оның Кіші Азиядаға бөлігі өзін Конья сұлтандығы деп жариялады оның астанасы Конья (бұрыңғы Иконий) қаласында болды. Крестшілердің жорықтарына, Кіші Азия мен Қиыр Шығыстың корольдіктеріне (Антиохия, Кіші Әрменстан, т.б.) тойтарыс бере алған Конья сұлтандығын 1318 жылда Хулагу хандығы құлатты.
Соған дейін, XII ғасырдың басында, Шыңғысханның және оның ұрпақтарының шабуылдардан құтылып, Хорасаннан Сүлеймен ханның басшылығымен оғыздар Әрменстанға, одан кейін, оның баласы Ертоғырыл ханның кезінде Кіші Азияға көшіп кетті де, Кония сұлтаны Ала-эд-дин Византиямен соғыста көмектесті, сондықтан ол оғыздарға Ангора(Анкара) мен Брусса (Бурса) қалаларының арасындағы жерлерді берді.
Ертоғырылдың баласы Осман бей Византиямен күресте оның Кіші Азиядағы көптеген жерлерін тартып алды. Содан кейін, 1299 жылы Осман Кония сұлтандығынан тәуелсіздігін жариялап, Осман мемлекетін құрды. Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эге теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Географиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты. Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған. Генерал Мұстафа Кемал Ататүрктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрк сайланды. Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Армения, Гүржістан,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сүриямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі. Жер бедері. Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады. Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді. Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедаг ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджигөл, Ақшекер бар. Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан. Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фырат және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан. Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.

Түрік халқының тарихы бірнеше халықтардың мәдениетімен, тілдерімен біте қайнасқан түрлі оқиғаларымен таң қалдырады. Ұлы Византиялық, білімді арабтық және жауынгер түркіліктер ата-бабалары біртұтас түрік халқы ретінде топтасып, екінші Вавилон құрды.

Түрік атауы көне «түркі» сөзінен шыққан. Басқа да атаулары кең тараған: түріктер, түрік-жавахтар, месхетин түріктері, алхалцих түріктері, месхетиндер, Кавказ түріктері. Түріктердің этногенезі екі негізгі компоненттен тұрады: Азия мен Кавказ өңірінде жаппай пайда болуы ІІ ғасырда басталған месхтардың грузиндік тайпалары және түріктер. Месхет жотасы ауданы грузин патшалары мен түрік сұлтандарының билік ету аясын бөліп тұратын шекралық аймаққа айналды. XIII ғасырдағы монғол басқыншылығы мен 1395 жылғы Темір жорығынан туындаған жаппай қоныс аудару Грузияның оңтүстік-батыс шекаралық аудандарында, әсіресе оңтүстіктен басып кіруден әлсіз қорғалған Месхетияда түріктер санын көбейтті және кейіннен оның тұрғындарының бір бөлігінің осман түріктеріне сіңісіп кетуін жеңілдетті. 1555 жылы Самцхе-Саатабагоның Осман империясы құрамына енгеннен кейін Месхетия аумақтары түрік этносының әсер ететін аймағында қалып, Ахыска патшалығы деп аталды. Түріктермен жергілікті тұрғындардың сіңісуі діни және тілдік бағытта да жүргізілді.

 

Мұсылмандыққа өту барлық жағынан мадақталды. Осман империясында аралас тұрғындары бар жерлерде ауызекі сөйлеу тіл болып келген түрік тілі ұлтаралық тілге айналды. Нәтижесінде жергілікті түрік диалектісінде сөйлейтін, егінші-мұсылман екенін білдіретін, түрік-түркілер жалпы этнонимі пайда болды. Грузия құрамындағы Ахалцих ауданының Ресейге қосылу уақытына қарай (1829) мұсылман-месхитиндер сол аймақтың саны жағынан ең аз тұрғындары болды, бірақ 19 ғасыр бойы және 20 ғасырдың 1-ші ширегінде олардың үлесі бірте-бірте өсті.

Түрік тілі түркі тілдерінің бірі, оғыз тобына жатады. Түрік және түркі сөздері көптеген тілдерде ұқсас айтылатын болғандықтан, түрік тілін кейде «анатолы- түрік» деп атайды (Азияның ежелгі атауы – Анатолы). 1918-1923 кемалистік революцияға дейін және Түркия республика болып жарияланған соң осман тілі болып аталған. 30-шы жылдардың аяғына қарай месхетин мұсылмандарында түрік-месхетиндер жалпы этнонимі болды, ал жергілікті месхетиндер (19 ғасырдан бастап православиялықтар) оларды түріктер деп атады.

Географиясы
Жағрафиялық орны, табиғат жағдайы. Түркия дүниенің екі бөлігінде орналасқан мемлекет. Жерінің 97 % -ы Азия материгінде, ал 3 %-ы Еуропада жатыр. Батысы мен шығысы 1600 км-ге, солтүстігі мен оңтүстігі 550 км-ге созылған. Жағалауын солтүстігінде Қара теңіз, батысында Эге теңізі, оңтүстігінде Жерорта теңізі сулары шайып жатыр. Жағрафиялық орнының ерекшелігі Еуропа мен Азия материгінің тоғысқан жерінде орналасқандығы. Босфор бұғазы үстінде салынған көпір Азия мен Еуропа материктерін жалғастырып тұр. Көпір 1973 жылы қазан айының 30-да Түрік Республикасының 50 жылдық құрметіне ашылған. Ұзындығы 1074 м, биіктігі 64 м. Оның құрылысында түріктермен қатар ағылшындар, немістер, жапондықтар еңбек етті. Қазір бұл көпір жаңа Түркияның символы сияқты.
Босфор, Дарданелл бұғаздары мен Мәрмәр теңізі халықаралық маңызы бар су жолы. Босфор, Дарданелл бұғаздары тек Азия мен Еуропа арасындағы шекара емес, сонымен қатар Қара теңізді Дүниежүзілік мұхитпен жалғастырып жатқан су көлігі жүйесі. Түркияның «Анадолы» деп аталатын бөлігі Кіші Азия түбегінде, қалған бөлігі Еуропаның Балқан түбегінде. Босфор бұғазының жарлауытты жағалауларында Түркияның үлкен ірі портты қаласы Ыстанбұл орналасқан. Ертеде Ыстамбұл Шығыс Рим империясының (Византияның) астанасы болған. Қала ол кезде Константинополь деп аталатын, 1453 жылы қаланы түріктер басып алып, жаңадан Ыстамбұл деп атаған.
Генерал Мұстафа Кемал Ататүрктің басқаруымен түрік халқының ұлт – азаттық көтерілісі нәтижесінде ( 1918 – 1923 ж.) 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасы құрылып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып Мұстафа Кемал Ататүрк сайланды.
Елдің астанасы Ыстамбұлдан Анкараға көшірілді. Түркияның құрлықтағы шекарасының ұзындығы 618 км, шығысында Әрменстан, Гүржістан,Әзірбайжан, Иранмен оңтүстігінде Ирак, Сүриямен, батысында Грекия, Болгариямен, солтүстігінде Қара теңіз арқылы Румыния, Украина, Ресей Федерациясымен шектеседі.
Жер бедері. Түркияның Еуропадағы Шығыс Фракия немесе Румеслей деп аталатын бөлігі биіктігі 1000 м-дей үстіртті төбелі болып келеді. Азия бөлігін ( Кіші азия немесе Анадолы ) түгелдей Кіші азия таулы қыраты алып жатыр. Елде ойпатты жерлер аз, тек теңіз жағалаулары мен өзен птырауларында онша үлкен емес жерлерді қамтиды. Қара теңіз жағалауына қатарласа ұзындығы 1000 км-ге созылған Понти таулары алып жатыр. Понти тауларының орташа биіктігі 2500 м., шығысындағы Качкар тауының биіктігі 3931 м. жартасты болып келетін альпілік шатқал тармақтарын асып өтетін тау аңғарларының болмауы елді мекендердің қарым-қатынасын қиындатады.
Түркияның оңтүстігінде Жерорта теңізі жағалауында Тавр күрделі тау жотасы орналасқан. Тавр таулары Батыс, Орталық және Шығыс Тавр жоталары болып бөлінеді.

Батыс Тавр таулары. Анталья бұғазы мен ойпатын доға тәрізді қоршап жатыр. Ең биік жері Бедағ ( 3086 м.) тауы. Тау жоталары арасында тұщы көлдерден Бейшехир, Эгридир, Сугла, ал тұзды көлдерден Аджиғөл, Ақшекер бар.
Орталық Тавр тау жоталары Батыс Тавр тауларына қарағанда жер бедері альпілік және биік болып келеді. Көптеген тау жоталарының биіктігі 3000 м-ден биік батысында Жерорта теңізіне жарасты болып құлай енеді. Мерсин тауының оңтүстігінде Адана аллювиальды ойпаты орналасқан.
Шығыс Тавр. Тау жоталары Мұрат өзені мен Ван көлінен Шығыс шекараға дейінгі аралықта жатыр. Осы аралықта Джило тау торабының биіктігі 4168 м. Тау жоталары Фыратт және Джиле өзендерінің аңғарымен тілімделген. Шығыс Таврдан оңтүстікке қарай кең алқапты Диярбақыр қазаншұңқыры алып жатыр. Шығыс Анадолының табиғаты әсем, теңіз деңгейінен 1720 м биіктікте Ван көлі орналасқан.
Елдің солтүстік шығысында Әрменстан Республикасымен шекаралас ауданда Түркия Республикасының ең биік шыңы Үлкен Ағры тауы орналасқан. Ол сөнген жанартау, оның биіктігі 5165 м. Үлкен Ағры тауының қасында тағы бір сөнген жанартау Кіші Арғы ( 3925 м.) орналасқан. Түркия аумағының көп жер бөлігі сейсмкалық аймаққа жатады. Эгей теңізі аумағы мен елдің шығысында жер сілкіну жиі болып тұрады.




1. Философский экзистенциализм его представители, идеи
2. Рассмотрим наиболее характерные неисправности оборудования ГРП и способы их устранения
3. Topics covered Introduction to Physics 1
4.  Легоконструирование Лахтаева Л
5. не от мира сего Они часто стремятся доказать всем подряд что они такие же как и все
6. Тема- Правописание и проверка окончаний прилагательных единственного и множественного числа Цель
7. різному інтерес виступає як вибіркова спрямованість особистості на ту чи іншу діяльність як прояв емоці
8. Виды и особенности антропогенных воздействий на природу
9. ЗАДАНИЕ Содержание Введение Исходные данные
10. ТЕХНИЧЕСКИХ СРЕДСТВ НА ПЕРВОНАЧАЛЬНОМ ЭТАПЕ РАССЛЕДОВАНИЯ В свете решений партии и правительства об ускор.html
11. Лабораторная работа 2 Изучение постоянных препаратов крови лягушки и человека выявление особенностей стр
12. ~о~амды~ денсаулы~ са~тау п~ні бойынша силлабус СИЛЛАБУС
13. Контрольная работа- Игра дошкольника
14. Внеоборотные активы
15. Расчет электронных защит фидеров 27.5 кВ контактной сети тяговых подстанций
16. патриархальная теория
17.  Особенно важное значение имела его религиозная реформа принятие христианства в 988 г
18. The chimes of its clock re brodcst by rdio s time signl to the whole ntion
19. Надо только тепло и комфортно одеться - взглянуть на Староместскую площадь с астрономическими часами.html
20. тема Город как объект экологического исследования