Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Орталы~ ~аза~станнан к~мір мыс ~ор~асын мырыш алтын темір марганец ж~не сирек кездесетін металдар шы

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 24.11.2024

Қазақстанның кен байлықтары

Қазақстанның жері кенге бай. Ертеде алтын, мыс, қалайы, тұз және әртүрлі асыл тастар қолмен қазып алынатын. Геологтер Қазақстан жерінен мыңдаған пайдалы кен орындарын ашты. Осылардың негізінде көптеген шахта мен зауыт салынды. Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Шымкент, Өскемен т.б. ірі өнеркәсіп орталықтары өсті.

Орталық Қазақстаннан көмір, мыс, қорғасын, мырыш, алтын, темір, марганец және сирек кездесетін металдар шығады. Еліміздің көмір ошағы – Қарағанды, оның көмір қоры 50 млрд тонна деп есептеледі.

Батыс Қазақстаннан мұнай, жанармай, түрлі ас тұздары шығады. Ақтөбе облысынан никель шығады. Қостанай облысында темір рудасының аса ірі Соколов-Сарыбай кен орны бар.

Зергерлік өнер

Өткен заманда қазақтың халық қолөнерінің дамыған түрі – зергерлік өнер. Бұл өнердің түрі ұлттық мәдениет тарихында өзгеше орын алады. Баяғы заманда Қазақстан жерінде алтын, күміс, қорғасын, мыс, қалайы, т.б. металдар өндірілген. Соларды соғу, құю, қалыпқа салу арқылы еңбек құралдары, әшекей заттар мен әртүрлі бұйымдар жасалған. Археологиялық зерттеу нәтижелері осыны дәлелдейді. Қазақстан аймағында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде ертедегі көшпенділер заманында кеңінен тараған алтын мен күмістен және басқа түсті металдардан жасалған көптеген әшекей бұйымдары табылды. Мысалы, “Қарғалы көмбесінен” табылған бұйымдар. Есік қорғанынан табылып бүкіл әлемді таңдандырған сақ алтыны кез келген тарихи қазыналардың мақтанышы бола алады.

Отандық өнімдер форумы

Астана қаласында «Қазақмыс» корпорациясының ұйымдастыруымен «Қазақстандық өнім жасаймыз!» атты форум өтті. Форумды Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ұйымдастырды. Аталмыш жиында отандық өнім өндірушілер арасында көрме де халық назарына ұсынылды.

Форумға халықаралық және отандық өндіріс кәсіпорындары мен профильдік мемлекеттік ведомстволар және дамыту институттарының өкілдері, сондай-ақ, өндіруші ірі компаниялар қатысты. Отандық және шетелдік өнім өндірушілер арасында тығыз байланыс және қарым-қатынас қалыптасты. Жиын барысында «Қазақмыс» өзінің үздік деп таныған серіктестерін марапаттап, «Қазақмыс» «АзияАвто» мен «АгроМашХолдинг» компанияларымен өзара келісімге қол қойды. Бүгінде отандық өнім шығарушыларға ұзақ мерзімді қолдау көрсету көзделіп отыр. Кәсіпкерлер Елбасымыздың жобасын негізгі бағытқа ала отырып, «Отандық өнімді дамытып, экспортқа шығаруды басты мақсат»,– деп отыр.

Отандық тауар – ел экономикасының қозғаушы күші. Тәуелсіз Қазақстан бүгінгі күні өзіндік өнім өндіруді алғы шепке қойып, алыс-жақын шетелдер тәжірибесі мен шикізатын пайдаға жарата отырып, үлкен жобалар жасауда.

Маңғыстау

«Байлық тұнған түбек» атанған ғажап өңір – Маңғыстау. Ол «мың қыстау» сөзінен шыққан. Қаратаудан қарағанда әйел адамның сұлбасы көз алдыңа елестейді. Академик Қаныш Сәтбаевтың бұл өңірді «ұйқыдағы аруға» теңеуі тегін емес. Маңғыстау небір ғажайыптармен ерекшеленеді. Мұнда табиғи ескерткіштер, ежелгі құлпытастар мен көшпенді ата-бабаларымыздың қолтаңбалары самсап тұр.

Миллиондаған жылдар бойы түзілген ғажайып жер реңі белгісіз бір жұмбақ планетаны елестетеді. Мұндағы бір өзі бір көлдің аумағындай алып қазаншұңқырларды, тереңдігі жүздеген метрге жететін құдықтарды, айсбергтерге ұқсайтын ақ шаңқан тауларды, жер астын жарып шыққан ащы сарқырамаларды, тұңғиықтағы өзендерді әлемнің басқа түкпірінен кездестіру қиын.

Түркі халықтарының баға жетпес байлығы

   Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние. Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII   ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi Монғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 шақырым жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан. Оны алғаш рет ғылым әлемiне мәлiмдеушi – орыс ғалымы Н.М. Ядринцев. Күлтегiнге арналған ескерткiш пирамида тәрiздi. Биiктiгi – 3,15 метр, енi – 1,24 метр, қалыңдығы – 0,41 метр. Ескерткiштiң жоғарғы жағы бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттерi мен қаған таңбалары бейнеленген. Екiншi жағында ескерткiштiң орнатылған күнi – «бiрiншi тамыз, 732 жыл» деп жазылған. Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол – жазудың жалғасы. Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Күлтегін жыр жазуы 53 бөлімнен тұрса, соның 27-ден 53-ке дейінгі жазулары, Күлтегіннің батырлығын және оның соғыстарда мол табыстарға жетіп отырғандығынан мағлұмат береді. Онда «Түркi халқы жойылмасын, ел болсын» деген қанатты сөз бар. Күлтегiн ескерткішінің көшiрмесi 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде орнатылды.

Түркістандағы тайқазан

Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің есігінен аттаған адамның көзіне алғаш түсетін зат – қасиетті Тайқазан.

Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25 маусымда Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы – екі тонна, сыйымдылығы– үш мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген «сульс» және «куфи» қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны сұлтан Ахмет Иассауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады.

Бұл күнде Тайқазан ғасырлар бойы мемлекетіміздің жүрегі саналып келген, рухани астанамыз – киелі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде орналасқан. Қазақстан атты үлкен шаңырақтың берекесі, тыныштығы мен бірлігінің нышаны қызметін атқарып тұрғандай.

Асыл тастардың сыры

Зүбаржат тасы адамдарға қуаныш пен көңілділік сыйлайтын болған. Ұмытшақ немесе көзі нашар көретін әйелдер оны мойнына таққан екен. Бұл асыл тас ұзақ өмір сүруге кепілдік береді деседі.

Табас тасы ұмытшақтық пен ұйқы қашуды жазады. Көз тиюден сақтайды, дәм сезу күшін арттырады екен.

Құбылма тасты адамдар қан айналымын жақсартады, қанды тазартып, тамырларды бекіте түседі деп жорамалдайды.

Алмас – күш-жігер қосады, жүрегіңді жайландырады, сағыныштан сарғайғанға ем деседі.

Күлгінтас – адамның жүрегін ізгілікке толтырады. Егер әйел адам оны жастығының астына жастанып жатса, жақсы түс көреді екен. Күлгінтаспен бетті сипап, әжім мен секпілді кетіруге болады.

Ақық – тіл-көзден сақтайтын қара тас. Бойыңдағы ауруыңды бәсеңдетіп, есту қабілетіңді жақсартады.

Феруза адамдардың арасындағы жаулық пен араздықты бәсеңдетеді деген. Сары аурумен ауыратындар ферузаны мойнынан тастамайтындай қылып тағып жүреді. Феруза да адам секілді, жасына қарай түрін ақшылдан көгілдірге, көктен жасылға өзгертіп тұрады. Иесіне әлдебір қауіпті жағдай төнсе, онда феруза оның көз алдында күңгірт тартып өзгеретін болған. Ал жазылмайтын ауруы бар адам тақса, ол мүлдем сөніп қалады екен.

Қорғалжын қорығы

Қорғалжын қорығы Қазақстандағы құстар мен жануарлардың кейбір түрлерін сақтау және оларды зерттеу үшін құрылған. Бұл қорық
1958 жылы құрылған. Ол Астанадан 140 шақырым жерде орналасқан. Қорғалжын қорығы өзінің сұлу, ертегі табиғатымен әлемге әйгілі.

Ол Қорғалжын және теңіз көлдерінің жағалауларында құстар мен жануарларға тіршілік етуге қолайлы жерде тұр. Қорыққа жаз айларында Африка, Оңтүстік Еуропа және Үндістаннан құстардың әр түрін әкеледі. Бұл қорықта жан-жануарлардың, балықтардың әр түрі кездеседі. Қорық арнайы заңмен қорғалады. Қазақстан табиғатын тамашалауға келген туристер қорықта жиі болады. Қорықтың арнайы мұражайы бар. Қазақстандағы қорықтар: Алматы, Қорғалжын, Барсакелмес, Наурызым т.б. Бұл – біздің мақтанышымыз.

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Қазақстанның жер қойнауында Д. Менделеев кестесінің 99 элементі кездеседі, соның 70 элементінің қоры мол. Оның 60 түрі өндіріледі.
6 мыңға жуық пайдалы қазбалар алынатын кен орындары ашылған. Оларды былайша жіктеуге болады:

Жанатын

Кенді емес

Fe, Mn, Cr, Hi, AI, Cu, Au

Пайдалы қазбалар

асбест, фосфорит, тұз

Мұнай, газ, көмір

Кенді

Жанатын пайдалы қазбаларға  мұнай мен газ жатады. Олар Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған. Осы өлкеде мұнайдың бар екені
1899 жылы анықталған. Қазақстанда мұнай мен газ шоғырланған 14 алап және 207 кен орны бар.

Бүгінде  республикада жылына шамамен 55 млн. тонна мұнай,
7,5 млрд. м
3 газ өндіреді. Шетелге 17 млн. тоннадай өңделмеген мұнай шығарылады. 10 көмір алабы, 300 кен орны бар, жалпы 162 млрд. тонна  қоры бар. Қарағанды алабы – 3600 шақырым шаршы жерді алып жатыр. Ол – негізгі көмір базасы.

Тас көмірдің 80 қабаты  анықталған. Қалыңдығы 120 м, жалпы
қоры – 45 млрд. тонна. Екібастұз көмір алабындағы (Павлодар облысы) ауданы  160 шқ
2 көмір қабатының қалыңдығы 150 м, ашық әдіспен өндіріледі, ал ең арзан  «Алып»  кенішінде жылына 36 млрд. тонна көмір өндіріледі.

Табиғаттағы каучук

Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) әдейілеп алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері өте жақсы өседі. Олар көк сағыз және тау сағыз деп аталады. Осы өсімдіктерден Ұлы Отан соғысы кезінде каучук өндірістік жолмен бекерге алынбаған.

Каучукты адамдар ертеден білген. Оңтүстік Америка елдерінде қазу жұмыстары жүргізілген кезде нағыз резеңке доптары табылған, олар тұрмыс-салт мақсатында қолданылған. Еуропалықтар каучукпен алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Х. Колумб серіктестерімен Оңтүстік Америкаға (Гаити) келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо», яғни «ағаштың көз жасы» деп атаған, содан «каучук» деген атау шыққан.

Каучуктың алынуы мен қолданылуын одан әрі тереңдете зерттесек,  ХVIII ғасырдың 20-жылдарында Бразилияда пайда болған деседі. Каучук Heve ағашынан алынған екен. Бразилиялықтар каучукты алу үшін ағашқа кесіп тіліктер жасайды. Бөлінетін ақ сүтті  шырын ауада тез қатайып қараяды да, созылғыш массаға өте тез айналады. Маталарға шырынды анағұрлым мол сіңіртсе, олар соғұрлым су өткізбейтін болады. Қатып қалған шайырдан бұрыннан факелдер дайындаса, шашыратқы түрінен арнайы шөлмектер жасалған.

Сұйықтың қозғалысы

Қатты денелердегі сияқты сұйықтар мен газдардың қозғалысын да кинематикалық және динамикалық тұрғыдан қарастыруға болады. Газдар мен сұйықтар өзара ұқсас болатындықтан, оларды әдетте бірінен-бірін бөлмейді. Мұнда газдардың сығылғыштығын ескеруге тура келеді, сондықтан сұйық туралы айтылғандар газға да қатысты деп түсіну керек.

Кинематикалық тұрғыдан қарағанда,  сұйық қозғалысын оның әрбір бөлшегінің  қозғалысымен сипаттауға болады. Сұйық қозғалысын жете түсіну үшін, ағын сызықтары және ағын түтігі деген жаңа ұғымдарды пайдалану тиімді. Қалыптаспаған қозғалыс үшін ағын сызықтары уақытқа байланысты өзгереді, ал қалыптасқан жағдайда олар тұрақты болып қалады. Бұған  қоса, қалыптасқан қозғалыс жағдайында ағын сызықтары бөлшектің траекториясына дәл келеді. Сұйық бөлшектерінің қозғалысын бір белгілі санау жүйесіне қатысты анықтауға болады. Әрбір бөлшек өзіне тән жылдамдық векторы бойымен қозғалады, әрі сұйық жылдамдық векторының өрісі болып табылады. Әдетте сұйықтың ағысы күшті болғанда ағын сызықтары жиі,  ал сұйық ағысы бәсең жерде ағын сызықтары сирек етіп жүргізіледі. Сұйық ағысы қалыптасқанда сұйық жылдамдығы әрбір нүктеде тұрақты болса да, уақытқа байланысты өзгермейді. Бұл жағдайда ағын сызықтары өзгермейді, әрі сұйықтың жеке бөлшектерінің траекториясына дәл келеді. Сұйықтың ағын сызықтарын көзбен көруге болады, ол үшін сұйыққа аздап бояу қосады немесе көрініп жүзіп жүретіндей зат бөлшектерін салады.

Ғалым Ақжан  Машанов

Машанов Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Нұркен ауылында дүниеге келген. Ол қазақ геологтерінің бірі, тау-кен инженері болған. 1939 жылы А. Машанов Қазақ тау-кен металлургия институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген. Ол тау-кен өндірісінде геомеханика заңдарын іс жүзінде қолдана отырып, ғылымда үлкен жаңалықтар ашқан. Ғалым тау жыныстарының кернеулі-деформациялық күйінің теориялық негізін анықтаған. Оның тағы бір іргелі еңбегі тау жыныстарының жер қойнауындағы жай-күйін, құрылымдық ерекшеліктерін және беріктілік қасиеттерін зерттеуге негізделген. Жер астындағы кеннің геологиялық құрылымын анықтау үшін алғаш рет жер қойнауының геометриясы әдісін қолдана отырып, Ақбастау – Құсмұрын кен өрісін ашқан.

А. Машановты Қазақстанда геомеханиканың негізін салушы, осы салада мектебін құрушы ғалым деуге болады. Ол көптеген жылдар бойы тау-кен металлургия саласында ұстаздық қызмет еткен адам.

Оның ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыты геомеханиканың құрылымы – кристалдық заңдылықтарды зерттеуге арналған. Ол геометрия, оптика, механика, химия, геохимия, кристалдық химия, география, геология, технология тәрізді пәндердің сабақтастығын анықтау кезінде біртұтас геомеханика заңдылығын ашып, қағидасын тұжырымдады.

Ғалым Қазақстанда геомеханика мектебін құруға және соғыс жылдарында Лениногор, Зырян, Торғай, Жезқазған, Қаратау кен орындарын ашуға қатысты. Сондай-ақ, геология, тау-кен ісі, маркшейдерия ғылымдарының мемлекеттік тілде дамуына ерекше көңіл бөліп, қазақ тілінде оқулықтар мен сөздіктер шығарды. Жаратылыстану ғылымдарындағы ұлттық құндылықтарды сабақтастыра отырып, гуманитарлық мазмұнды сипатта дамытуда көп іс атқарды. Оның «Жер астына саяхат», «Как образовались горы», «Жер сілкінісі», «Жер құрылымы», «Кристаллография, минерология және петрография», «Основы горной механики», «Космос және космология» атты еңбектері көптеген оқырмандардың геология, тау-кен мамандықтарына деген қызығушылығын оятты.

Қорғасын өнеркәсібі

Қорғасынды өңдеу тарихы өте қызық. Кейбір мәліметтер бойынша, Австрия провинциясының бір тұрғыны 1556 жылы жабық мал қорадағы көлбеген оттықта сульфид кенінен қорғасынды балқытқан. Қорғасын көлбеу оттықтан қабылдағышқа аққан. Бұл пештер 1836 жылға дейін алғашқы көріктер пайда болғанға дейін қолданылған.

Қорғасынды өңдейтін шахталық пештер кейіннен пайда болды. Өнертапқыштар қорғасынды үздіксіз шығару үшін сифон ойлап тапқан, фурма арқылы пешке үрлейтін күшті желдеткіштерді қолданатын болған.

ХҮІІ ғасырдың соңында Ресейде қорғасын өнеркәсібі ашылды. Байкал түбінде алғашқы күмісті қорғасын кен орны ашылып, 1708 жылы Нерчинск округінде алғашқы қазыналық зауыт іске қосылды.

Қырғыз даласында күмісті қорғасын өнеркәсіптері 1840 жылы ашылған. Металлургиялық отын мен хабарлаудың ыңғайлы жолдары болмауынан ХХ ғасырдың басында қорғасынды балқыту мүлдем тоқтаған.

Наноұнтақтар

Қазіргі кездегі нанотехнологияны микротехнологиялармен салыстырса, оны нанометр өлшемдерімен есептелетін технология деп ұғынуға болады. Бұл жарық толқынының ұзындығынан жүздеген есе қысқа, бірақ оны тек атомның көлемімен ғана салыстыруға болады. Сондықтан микроөлшемнен наноөлшемге  көшкенде бұл сандық  емес, сапалық көрсеткішке айналады да заттан жекелеген  атомдарға ауысуды білдіреді.

Нанотехнологияны дамыту үш бағытта жүргізілді, әрі молекулалар мен атомдардың мөлшерімен ғана салыстырылды. Белсенді элементтері бар электронды схемалар жасалса, наномашиналар мөлшері арта түседі. Қазіргі кезде осы үш  бағыт бойынша да  жұмыстар жүргізілуде, бірақ тұңғыш наноэлектронды элементтер осыдан он жылдай уақыт бұрын жасалған. Мамандардың болжамына сай наноэлектронды чиптердің сыйымдылығы өте сапалы, себебі оған  жоғары гигабайтқа дейін жететін есте сақтау микросхемалары қондырылған.

Қазірдің өзінде өнеркәсіптің  кейбір салаларында материалдар мен өнімдердің сапасы артқан және атомдық деңгейде нанотехнологиялық бақылау жасау қалыпты жайт болып отыр. DVD дискілер оның нақты мысалы болып табылады. Матрицаларына нанотехнологиялық бақылау жасалмаса, оларды шығару да мүмкін емес. Нанотехнологияның арқасында бүгінгі құралдар физикалық-химиялық қасиетке ие, дегенмен сапалық тұрғыдан кейбірі сын көтермейді.

Қазақстанның пайдалы қазбалары

Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу кезінде магмалық жыныстар мен шөгінді жыныстар метаморфтанғанда, рудалар мен түрлі минералдар пайда болады. Жоңғар Алатауы, Тянь-Шань, Алтай таулары, Сарыарқа, Мұғалжар таулары рудаға бай. Тереңде жатқан тау жыныстары кейде жер бетіне жақындайды, кейде жер бетіне шығып қалады. Кейбір таулардан рудалы қазбалар кені көптеп табылады. Платформалы аймақтарда пайдалы қазбалар беткі шөгінділерде де, қатпарлы негізінің метаморфталған жыныстарында да кездеседі. Шөгінді жыныстары бар таулардан бейрудалы қазбалар қалыптасады. 1919-1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.

Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі бар. Еліміздің жер қойнауында Д. Менделеев кестесіндегі 99 элемент кездеседі, 70 элементтің мол қоры барланған және оның 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Республика дүние жүзінде вольфрам қоры жөнінен 1-орынға, хромитпен фосфор кенінен 2-орынға, марганец кені бойынша 3-орынға, қорғасын мен молибден қорынан 4-орынға, темір қоры жөнінен 8-орынға ие. Алтын қоры бойынша Қазақстан дүние жүзінде 6-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында. ТМД көлеміндегі мыс мен қорғасын қорының жартысынан астамы, мырыштың 70 %-дан астамы Қазақстанда шоғырланған.

Геологиялық зерттеу әдістері

Жер қыртысының жоғарғы қабаттарын зерттеу жұмыстары негізінен табиғи ашылымдар мен зерттеу арқылы жүргізіледі. Ал жердің ішкі, терең қабаттарын зерттеп білу үшін, бұрғылау ұңғымалары мен геофизикалық зерттеу әдістері қолданылады.

Геологиялық үрдістердің орасан зор мөлшері мен өте ұзақтығы – жердің даму тарихының ең басты ерекшеліктері болып саналады.

Жер қойнауын зерттеу әдістері. Жердің құрамы мен құрылысы әртүрлі әдістер арқылы зерттеледі.

Геологиялық әдістер. Геологиялық әдістердің ішіндегі ең негізгісі – жер қыртысын құрайтын заттарды тікелей бақылау және талдау арқылы жан-жақты зерттеу болып табылады. Жер қыртысын құрайтын заттар, тау жыныстары түрінде табиғи жағдайда жер бетіне шығып жатады. Ал жердің ішкі қабаттарының геологиялық құрылысын жыра, ор немесе шурф, карьерлер мен шахталарды зерттеу, тау жыныстарының жатыс элементтерін талдау арқылы анықтап білуге болады. Жер қойнауының терең қабаттарын зерттеуде бұрғылау ұңғымаларының маңызы өте зор.

Жердің терең қабаттарының геологиялық құрылыс ерекшеліктерін табиғи ұңғымаларды зерттеу арқылы білуге болады. Олармен бірге кездесетін алмас кристалдары жердің ішкі 200 шақырым тереңдігінде пайда болады.

Кен пайда қазбалары

Қазақстан темір кені қоры жөнінен ТМД бойынша Ресей мен Украинадан кейін 3-орын алады. Темір кен орындары көбінесе Солтүстік Қазақстанда, мұнда барлық темір қорының 85 %-ы шоғырланған. Әсіресе Қашар, Соколов-Сарыбай темір кен орнын 1948 жылы ұшқыш
М. Сургутанов ашты. Ұшақ кен үстінен ұшқанда, темір аномалиясының әсерінен тұсбағдар тілінің кенет ауытқығаны ұшқыштың көңілін аударды. Көп ұзамай өте сирек кездесетін темір кені ашылды. Мұндағы кен жоғары сапалы және оның құрамындағы темірдің мөлшері 50-60 %-ды құрайды. Шөгінді жыныстардан пайда болған рудалар Қостанай облысындағы Әйет және Лисаков кен орындарында кездеседі. Руда 30 м тереңдіктен ашық әдіспен өндіріледі. Кеннің құрамында таза темір 37-42 %-ды құрайды. Темір кенінің шағын кен орындары Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында бар.

Марганецтің ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстандағы Атасу және Жезді жатады. Марганец кендері Ұлытау, Сарыарқа, Қаратау, Маңғыстау өңірлерінде де табылады.

Хромит кен орындарының 99%-ы Мұғалжар тауларында кездеседі. Кемпірсай және Дөң тобына жататын кен орындары жоғары сапалы рудалармен әйгілі. Қазақстан хромит кенінің барланған қоры мен жылдық өндірілетін мөлшері жөнінен дүние жүзінде 2-орынға шықты. Олар тоттанбайтын болат қорытуға қажет. Хром әлемнің 40 еліне шығарылады. Хромит кендері Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында да ашылды. ТМД елдеріндегі хромиттің 97%-ы Қазақстанда өндіріледі.

Химия өнеркәсібі

Химия өнеркәсібі – шаруашылықтағы жалпы ғылыми-техникалық прогресті қамтамасыз ететін ауыр индустрияның серпінді салаларының бірі. Бұл салада ешқандай қалдық болмайды. Оның үстіне бұл саланың өзі белгілі бір өндірістің қалдықтарын пайдаланып, өнеркәсіп үшін тиімді жаңа материалдар мен халық тұтынатын тауарлар шығарады. Жоғары сатыда дамыған химия өнеркәсібі болмайынша, ауыл шаруашылығын тиісті деңгейде өркендету мүмкін емес, өйткені ауыл шаруашылығы химия өнеркәсібінен минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды алып отырады. Демек, химия өнеркәсібі азық-түлік және энергетика бағдарламаларын орындауға, техникалық прогресті жеделдетуге, халық тұтынатын заттардың өндірілуін арттыруға жәрдемдеседі. Республикада химия өнеркәсібін дамытуға қажетті бай шикізат базасы бар. Оған фосфорит, күкірт колчеданы, барит, бром, ас тұзы мен калий тұзы, натрий сульфаты, өндірілген мұнай, кокс химиясының қалдықтары, түсті металлургия кәсіпорындарының күкіртті газы жатады. Қазіргі уақытта Қазақстанда кен химиясы өнеркәсібі мен негізгі химия қарқынды дамыған. Олар химиялық шикізаттарды пайдаланып, бейорганикалық қышқылдарды өндіреді. Ал органикалық синтез химиясы нашар дамуда, бұл салада синтетикалық каучук, синтетикалық талшық, полиэтилен және пластмасса өндірісі бар.

Қазақ жеріндегі ормандар

Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі – таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20 % осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика – көпжылдық ағаштар.

Қазақстан аумағының біразын орманды жер алып жатыр. Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында  орман өрті жиі орын алды. Бұл өрттердің көбі отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған. Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болған.  

Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.

Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп.

Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.

Орманның тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен, аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған.  Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.

Батыс Қазақстан

Батыс Қазақстан аймағы Ресей жерімен шекаралас орналасып, жер аумағы жағынан Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады, әрі республиканың солтүстік батысында орналасқан. Бұл жердің географиялық жағдайына байланысты климаты өте құрғақ келеді, бірақ бай табиғи ресурстары өте бай, жерінің көп бөлігін шөл мен шөлейт алып жатыр.

Өлке құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіріп, бұл аймақ ауыр өнеркәсіптің ірі орталығына айналған, әрі ірі кен орындарымен әлемге танымал өлке.

Батыс Қазақстан экономикасында мұнай, газ химиясы жақсы дамыған, балық шаруашылығы алдыңғы орын алады. Атырауда мұнай мен полиэтилен өндірілсе, Жаңаөзенде газ өңдеу өнеркәсібі дамыған, ал Ақтауда химия өнімдерін жасап шығару өнеркәсібі жетекші салаға айналған. Мұндағы үлкен өзендер – Жайық пен Ембі болса, үлкен
көлдер – Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские, соның ішінде Каспий
теңізі – бұл аймақтың мақтанышы. Бұл өлкеде мұнай шығару
100 жылдан бері дамып келеді. Батыс Қазақстан еліміздің тамақ өнеркәсібіне де үлес қосуда, мұнда мал шаруашылығы жоспарлы түрде ұлғайған, ал Атырау – еліміздегі қара уылдырықты дайындау мен сақтаудың орталығы болып табылады.

2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен, қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда, өйткені тарихтан сыр шертетін жәдігерлер осы өлкеде көп сақталған.




1.  КРЕДИТНАЯ ПОЛИТИКА БАНКА
2. Тема- Семья как субъект педагогического взаимодействия и социокультурная среда воспитания и развития л
3. . Методи формування пізнавальних інтересів учнів
4.  Методологические проблемы борьбы с преступностью ее наиоолее опасными проявлениями организованной пре
5.  При якому захворюванні спостерігається тільки сухий кашель і ніколи не буває вологого кашлю- 1
6. Анализ и оценка кредитоспособности заемщика
7. восток Восток в результате свержения ордынского ига
8. Основы права для студентов дневной заочной и заочной на базе среднего специального образования фор
9. В его создании и разработке участвовали К
10. Тематическое планирование по литературному чтению для 3 класса
11. наша мова складається з речень; речення служить для висловлення думки; речення вимовляється з певною і
12. хотя религиоведческие знания ~ философские теологические исторические психологические и другие ~ накапл
13. Магнитные носители информации Запись информации на магнитные носители
14. кваліфікаційним рівнем бакалавр в галузі знань 0305 Економіка та підприємництво за напрямами підготов.html
15. распоре кот. делалось в завещании наследодателем и сост
16. тайцзицюань тренирует все части тела воздействует на наше сознание и дух; данное воздействие носит целостн
17. Архитектура стран Пиренейского п-ова
18. тема математичної підготовки майбутніх учителів фізики в умовах використання інформаційнокомунікацій.html
19. Курсовая работа- Система национальной безопасности Украины
20. е ПАТОЛОГИЯ ТЕПЛОВОГО ОБМЕНА