Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
2 дәріс. 1 Тақырып. Курс терминологиясының негізгі орны және түсініктері.
Мемлекеттік стандарттармен бекітілген басқадай кез келген ғылымдағы сияқты машина
жасау технологиясында белгілі бір анықталған технологияларды қолданылады. Негізгі
терминдерге кіретiндер: машина, бұйым, тетiк, құрастыру бiрлiгi, кешен, агрегат, комплект.
Сол не басқа өндірістің соңғы өнімі болатын тәуелділікте бұйым машина, құрылымдағы
оның элементтері, бөлек детальдар бола алады. Мысалы, автомобиль зауыты үшін бұйым
автомобиль бола алады, карбюраторлық зауыт үшін карбюратор және т.б. Өндірістік және
технологиялық үрдістерді машиналарды және бұйымдарды жасау айырып танады. Өзінің
толық жасалып бітуіне дейін кез келген өнеркәсіпті кәсіпорынның өнімі өнеркәсіптік үрдіс
көрсететін өндірістің анықталған этаптарын, стадияларын өтеді. Нәтижесінде кәсіпорыннан
бұйым түрінде дайын өнім шығады. Бұйымдар олардың белгілену тәуелділігінде өндірістің
негізгі және қосымша бұйымдарына бөлінеді. Өндірістің негізгі бұйымдарына жеткізу үшін
(жүзеге асыру) арналған бұйымдар жатады, ал қосымша бұйымына оларды кәсіпорын өзінің
тек қасиеттілігі үшін жасауға арналған бұйымдар жатады. Мысалы, дайындаманы алудың
мынадай технологиялық үрдістері белгілі: құю, штамповка, прокатка және т.б.
Дайындаманың және машина құрылымының механикалық өңдеуінің технологиялық
үрдістері бар. Технолог-машина жасаушының негізгі бір есебі жоғары эффективті, аз
шығындалатын және адам аз технологиялық үрдістері құру болып табылады. Өндірістік
үрдістерінің бөлек этаптарын технологиялық үрдістер құрайды. машина жасауда
технологиялық үрдістердің 3 түрі белгілі: дайындаманы алатын технология, дайындаманың
механикалық өңделуінің технологиясы және құрылымдық өндірістің технологиясы. Негізгі
термин машина қозғалтқыш және жұмыс машиналары болып бөлінетін машина. Әрбір
машина тораптардан (құрылымдық бірліктерден), механизмдерден және бөлек тетiктерден
тұрады. Машина жасауда комплекс және комплект секілді терминдер де қолданылады.
Құрастыруда бүтіндікті сақтау бойынша қосылулар алмалысалмалы және алмалы
салмалы емес болып бөлінеді. Қосылулар алмалысалмалы болып саналады, егер тәртіптеп
сұрыптауда оның құрылымдық бөліктерінің бүтіндігі сақталса және алмалысалмалы емес
болады, егер оның бүтіндігі дұрыс болмаса.
Бұл жағдайда қосылулар мынадай болуы мүмкін: қозғалмайтын алмалысалмалы
(бұрандалық, саңылаулық, конустық), қозғалмайтын алмалысалмалы емес (престеу,
жаншып қақтау, тойтарумен қосу), қозғалатын алмалысалмалы (сырғанау мойынтiректері,
плунжерлер-төлкелер, тiстi дөңгелектердің тістері, каретка-станиналар), қозғалатын алмалы
салмалы емес (тербелу подшипниктері, ілмектік клапандар). Қазіргі машиналарда және
механизмдерде алмалысалмалы қосылулар саны барлық қосылулардың 60-85% құрайды.
Алмалысалмалы емес қосылулар эксплуатация және ремонт үрдiсінде көп қиындықтар
шақыратын және жиі кездесетін беттердің бұзылуына әкелетін (қосылыстың бір немесе екі
тетiгiн) қайта құруға сирек шалдығады, сонымен қатар, қосымша қалыптастыруға, жөндеуге
және ауыстыруға. Қосылыстар жанасу беттерінің пiшiнi бойынша бөлінеді: цилиндрлік
(барлық қосылыстардың 35-40%-на дейін), жазық (15-20%), комбинациялық (15-25%),
конустық (6-7%), сфералық(2-3%), винттік және профильдік. Қосылыс құраудың әдісі
бойынша олар бұрандалық, сыналық, сұққышты (штифтілік), кiлтектi (шпонкалық),
оймакiлтектi (шлицтік), пiсiрiлген, дәнекерленген, тойтармалық, желiмделген, ернемектiк
(фланецтiк), престік, айналмасоғу (фальцтік) (олардың жиектерінің бүгілуінің
қолданылуымен алынатын қосылыстар), шырқайналдыру (развальцтік) комбинацияланған
және т.б.
Технологиялық үрдістер технологиялық операциялар негізінде құрылады. Бұл
операциялар металл өңдейтін станоктарда дайындамаларды өңдеу секілді, бақылау
операцияларымен және термиялық өңдеу операцияларымен байланысты болуы мүмкін.
«Құрылымдық материалдар технологиясы және термоөңдеу» курсынан, сіз машина жасау
кешенiнде қолданылатын металдардың термиялық өңдеуінің әртүрлі түрлерімен таныссыз.
Технологиялық операцияның элементтерi деп затты орнатуды, технологиялық әрекеттi,
жұмыс қимылын, қосалқы қимылды, позицияны айтады (1-сурет). Барлық көрсетілген
терминдер жабдықтардың әртүрлі типтеріне қолданыла бередi.
1-сурет. Технологиялық үрдіс элементтерiнiң сұлбасы.
Орнату өңделетiн дайындаманы немесе құрастырылатын құрылым бiрлiгiн өзгертпей
тұрып, бiр бекiткенде орындалатын технологиялық операцияның бiр бөлiгi болады.
Технологиялық әрекет деп технологиялық операцияның бiр бөлiгiн айтады.
Технологиялық әрекеттi өткiзудегi пайдаланылған аспаптар, өңделетiн беттер және
құрастырылатын құрылым бiрлiктерi өзгермейтiн тұрақты болуы қажет. Әрекеттер негізгі
және қосалқы болып бөлінеді.
Қосалқы әрекет деп технологиялық операцияның бiткен бөлiгiн айтамыз. Қосалқы әрекет
адам мен құрал-сайманның қимыл-әрекетiнен тұрады да, сондағы өңдеуге (құрастыруға)
дайындаған объектiнiң сапа-құрамын өзгертпейдi. Ол тек негiзгi технологиялық әрекеттi
өткiзу үшiн қажет болып табылады.
Жұмыс қимылы технологиялық әрекеттiң бiткен бөлiгi. Ол аспаптың дайындама бетiнен
бiр мәрте жонып өткен қозғалысынан тұрады да, объектiнiң сапа-құрамын өзгертумен
тынады.
Қосалқы қимыл да технологиялық әрекеттiң бiткен бөлiгi болады. Бiрақ бұл қимыл
объектiнiң сапа-құрамын өзгертпегенiмен, жұмыс қимылының өтуiне қажет.
Позиция дегенiмiз технологиялық операцияның керектi бiр бөлiгiн жасау үшiн
дайындаманы және құрылым бiрлiгiн қондырғыға орнатып, оларды аспап және құрал-
сайманның белгiлi бiр орнына мықтап бекiтiп тастау.
Механикалық өңдеудің
технологиялық үрдісі
Технологиялық операция
Технологиялық әрекет
Орнату
Позиция
Жұмыс қимылы
Қосалқы әрекет
Амал
Қосалқы қимыл
Амалдың
элементтері
Технологиялық үрдістiң және операцияның қажетті сипаттамалары болып операция
циклі, шығару тактi және ритмі табылады.
Технологиялық үрдістерді концентрацияланған немесе дифференциаланған технология-
лық операциялар принципі бойынша құруға болады. Бұл принциптер әрбір операцияда
орындалатын әрекеттердiң санымен байланысты.
Концентрацияланған операция негізінен көпаспаптық баптаудан тұрады. Концентрация
шегі болып бір операцияда тетiктің толық өңделуі табылады. Операциялардың
концентрациясының үш түрі бар: бiрiздiлiктi, паралельді және аралас. Сәйкесінше, операция
концентрациясы сандық бағдарламамен басқарылатын (СББ) станоктарда және автоматты
тiзбектерде, карусельдік және көппозициялық станоктарда (2-сурет) өңдеумен байланысты.
Операциялардың дифференциациясы жеке өндірісте қолданылады. Ол қарапайым және
арзан жабдықтарды қолданумен байланысты. Дифференциация шегі болып бір
технологиялық әрекеттен тұратын технологиялық операцияны орындау табылады.
2-сурет. Технологиялық әрекет сұлбасы.
Негiзгi әдебиет: 1 [11-18]; 2 [140-146]; 3 [т.1,15-21].
Қосымша әдебиет: 8 [12-17].
Бақылау сұрақтары:
1. Бұйым деген не? Оның негізгі элементтері қандай?
2. Машиналардың қандай түрлері бар?
3. Келесі түсініктерді сипаттаңыз: бұйым, комплект, кешен, құрылым бірлігi, тетiк?
4. Өндірістік үрдіске анықтама беріңіз. Мысал келтіріңіз.
5. Технологиялық үрдіс түсінігіне не қосылады? Мысал келтіріңіз.__