Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і Мемлекеттік ~ызмет к~рделігі жа~ынан к~п де~гейлі ж~не иерархиялы~ сатыны сипаттап ж~не бас~а ерекшелікт

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 25.11.2024

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ИНСТИТУТЫ РЕТІНДЕ

Нартова Г.С., Набиева М.Т., Жунусова А.Ж.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Қазақстан, Астана қ.

Мемлекеттік қызмет белгілі бір мақсатқа жетуде, әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық, құқықтық және идеологиялық тұрғысынан қарастырылады. Сол себепті, мемлекеттік қызмет басқа институтар арасында тұтастығымен, анықтығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік қызмет күрделігі жағынан көп деңгейлі және иерархиялық сатыны сипаттап және басқа ерекшеліктері де оның жүйелі талдауды қолдануын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген тәсілдер қазіргі кезде ұйымдастырудың, сонымен қатар мемлекетті зерттеуде ең маңызды әдіснамалық қағидаты болып табылады.

Ғылыми әдебиетте белгілі, жалпылама қолданатын мемлекеттік қызметтің анықтамалары берілгін. Әдебиеттердің ішінде кең таралған мемлекеттік қызмет түсінігін ашып көрсететін көзқарастарды келесідей көрсетуге болады. Мемлекеттік қызмет дегеніміз:

  1.  конституция мен заңдарға сәйкес мемлекеттің функциясын қамтамасыз ететін бұқаралық әлеуметтік құқықтық институт;
  2.  азаматтар мен қоғамның еркін тіршілік әрекетінің құқықтарын жүзеге асыру мақсатында негізделіп, мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі;
  3.  мемлекеттік басқарудағы бірден-бір салмақ түсіретін конструкцияның, қазіргі демократиялық мемлекеттің бөлінбес бөлігі;
  4.  азаматтар мен мемлекет арасындағы ашықтық-құқықтық қарымқатынасы мен заңдарды арқылы мемлекет саясаты мен әкімшілік үрдістерді жүзеге асыру;
  5.  мемлекеттік билікті жүзеге асыруды реттейтін, мемлекеттік басқаруды, қоғамдастық әлеуметтік институтты, өзінің құқықтық дәрежесіне іс жүзінде мемлекеттік қызметті орындайтын (кәсіби корпорация тұлғалардың) ортақ құқықтық институт:
  6.  мемлекеттік мақсаттармен қызметтерін жүзеге асыру үшін өздерінің қызметшілері бар мемлекеттік орган жүйесі;
  7.  мемлекеттік аппарат қызметі – басқару қызметінің ерекше түрі [1, 63б].

Мемлекеттік қызмет сөзіне нақты анықтаманы Г.В. Атаманчук «мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік органдардағы мекемелердің мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында азаматтардың іс жүзінде және кәсіби қатысуы» деп берген [2, 112 б]. Ол жүйенің бөліктерінде мемлекет пен қоғамның билік пен азаматтардың (мемлекет – мемлекеттік орган жүйелері – мемлекеттік орган – мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші – азамат – қоғам) арасындағы байланысты көрсетіп, басты мемлекеттік қызмет болып табылады. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметші – азаматы және тұлғалар арасындағы құқықтық байланыс пен мемлекеттік қызметті орындаушы, мемлекеттік орган немесе мемлекеттік орган жүйесі арқылы және мемлекет пен тұлғалар арасындағы мемлекеттік қызметті орындаушы және мемлекеттік азаматтардың екі түрін қамтиды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет түсінігінің теориялық кең мағынасы – бұл мемлекеттік орган аппаратында тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын және мемлекеттік бюджеттен жалақы алатын (мемлекеттік органдары мен бөлімшелері), мемлекеттік органдарда басқарудың кадрлық функциясы мен тұлғалардың іс жүзіндегі қызметі [3]. Қазақстан Республикасының қазіргі мемлекеттік қызмет анықтамасы заңмен анықталған. Осы анықтамадан келесі аспектілерге тоқталсақ болады:

  1.  мемлекеттік қызмет өзін кәсіби қызмет ретінде көрсетеді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілерге кәсіп болып табылатын қызмет;
  2.  бұл қызмет мемлекеттік органдардың қызметін жүзеге асыруға бағытталған: бұндай қызмет қызметтік жауапкершілікті орындауды сипаттайды.

Демек, мемлекеттік қызметтің түсінігі бойынша жауапкершілік мемлекеттік қызметке, мансабына емес, мемлекеттік қызметшіге тиісті.

Бірқатар зерттеуші ғалымдардың мемлекеттік қызмет анықтамасына, әділ пікірлерін көруге болады. Мысалы, Г.В. Атаманчуктың айтуы бойынша «мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдағы қызмет ретіндегі» түсінігі. Мемлекет өзі мемлекеттік органдарға бөледі. Тіпті биліктің бөлінуі өз ойын жоғалтуы, мемлекет орталықтана алмайды, биліктер әрбір тармағы, әсіресе орындаушы мемлекеттік органның жиынтығы болды [4].

Сонымен қатар, ресейлік ғалым Г.В. Атаманчуктың мемлекеттік қызметке анықтама берді, «мемлекет немесе әкімшілік (аппараттық қызметтің) – басқару қызметінің ерекше түрі» [2, 364 б] деген анықтама берді.

Ресейлік тағы бір ғалым М.В. Ежов «мемлекеттік қызмет бұл мемлекеттік органдардың құзіреттерін іске асыруға байланысты кәсіби қызмет» [5, 224 б] деп анықтама береді.

Ал, Қазақстандық ғалым В. Уваровтың пікірінше, мемлекеттік қызмет дегеніміз басқару персоналының мақсатқа сай әлеуметтік пайдалы, объективті қажетті және ұйымдастырушылығы жағынан рәсімделген қызметі [6, 268 б].

Мемлекеттік қызмет ұғымының заңнамалық анықтамасына келсек «Мемлекеттік қызмет туралы»  Қазақстан Республикасының Заңында «мемлекеттік қызмет бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауызымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі» деп көрсетілген [3].

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік           қызмет ұғымының нақты бір анықтамасының жоқтығын көріп отырмыз. Мемлекеттік қызмет ұғымының негізін мемлекет сөзі құрайтынын ескерсек, оның негізгі мағынасы да осыдан туындайды. Сонымен қатар, заңда мемлекеттік қызметтің анықтамасында «мемлекет» сөзі жазылып, оның мақсаты мен қызметі көрсетілу қажет.

Мемлекеттік қызмет анықтамасын мемлекет органдағы қызмет ретінде қарастыратын болсақ, онда пікір-талас туғызатын бірнеше мәселелер туындайды. Біріншіден, мемлекеттік қызмет туралы заңында мемлекеттік болып табылатын, мемлекет  органның нақты мекемесі екенін анықтайтын, мемлекеттік органдар тізімі көрсетілмеген және де күші бар заңдарда мемлекет органға анықтама берілмеген. Сондықтан, органның дәрежесін, оның мемлекеттік орган екенің бекіту үшін актіде тікелей көрсету қажет.

Мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдарда өкілеттіктерді жүзеге асыру үшін ғана қажет. Бірақ кейбір мемлекеттік қызметшілер орындауды ғана жүзеге асырмайды, сонымен қатар мемлекеттік органның өкілеттігін атқарады. Мысалы, министр орынбасары (сонымен бірге, бірінші орынбасары) мемлекеттік қызметші бола тұра, іс жүзінде мемлекеттік органның өкілеттігінің бір бөлігін жүзеге асырады: бұйрықтарды шығарады, мемлекеттік орган атынан қаржы құжаттарына қол қояды, мемлекеттік қызметке қабылдайды және т.б..

Демек, мемлекеттік қызмет мемлекеттік органның өкілеттігін қамтамасыз етпейді, сонымен қатар, осы өкілеттікті орындайды.

Жоғарыдағыларды ескере отырып, мемлекеттік қызметке келесі анықтаманы беруге болады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік аппараттағы мемлекеттің қызметтері мен міндеттерді жүзеге асыру мақсатындағы кәсіби қызмет.

Ал, мемлекеттік қызмет жүйесі (грек сөзі. Systema – тұтас, бір бөлігін құрастыру) белгілі бір мақсатқа жетуде  бірлесіп әрекет ететін компоненттер жиынтығын сипаттайды [7, 174 б].

Сонымен, мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мақсатына тоқталатын болсақ, біздің пікірімізше, ол келесідей. Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мақсаты мемлекеттік органға тиісті өкілеттігін қамтамасыз ету және орындау,  мемлекеттік аппаратты мамандандыру, ережелерді жетілдіру, ережелер, мемлекеттік қызметшілердің құрамы мен стандартын сапалы реттеу, олардың қызмет бабымен жоғарлауын, мемлекеттік аппарат құрамын өзгерту және т.б.  күтілетін нәтижелерді сипаттайды.

Ұйымдастыру ғылымының ережесі, теориясы, жүйесі, кибернетика және де басқада ғылыми білім салалары ұйымдастырумен байланысты  нақты қоғамда пайдалану жағынан үлкен қиындықтар туындайды, нәтижесінде мәселелер әрдайым уақтылы, сапалы шешілмейді. Идеяларды, ойды, тұжырымдаманы, бағдарламаларды дәстүрлі сынға алынып, сол уақытта олардың ұйымдастырылған  сипатына көп көңіл бөлу қажет. Демек қалыптасу іс-шараларды ұйымдастыру қызметіне кіріспестен бұрын, қателіктерді, дұрыс емес шешімдерді, әлсіздерді құру, салғырт ұйымдастырылған құрылымдарды болдырмау үшін алдымен сезініп, талдау жүргізіп, теориялық көз-қарасты нақты қалыптастыру қажет. Мемлекеттік қызмет түсінігі кең мағынада ашылғанын ескере отырып «ұйымдастыру» терминінің көп қырынан қарауға болады.

Біріншіден, ұйымдастыру – бұл белгілі қалаған құрылымды орнату, қалыптастыру. Қазіргі танда, мемлекеттік қызмет құрылымы басқа білімдерден дәрежесі мен түрі жағынан өзгеше.

Екіншіден, бұл осы қызметтің нәтижесін ұйымдастыру құрылымына сәйкес жазылып қойылған.

Үшіншіден, статистикалық ұйымдастыру ісінде көрсетілетін қоғамға жүктелген мақсаттар мен қызметтерді тәжірибеде жүзеге асыру үрдісі ұйымдастыру құрылымының қызметі болып табылады.

Жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып, сонымен Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың теориялық бағыттарына да көз жүгіртуіміз қажет.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы қабылданып, сол уақыттан бастап бізде мемлекеттік қызмет институты қалыптасты. Тіпті терминдерге қарасақ мемлекеттік қызметтің ұлттық дәстүрінде де өзгеше ерекшелігі бар. Мемлекеттік қызметке (басқару) қатысты европа тілінде public, civil, offentlieh, publique және т.б. мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің қоғамдық пен жариялығының бастамасы екенің көрсетеді.

Екіншіден, мемлекеттік қызметті шетел тәжірибелерін зерттеу барысында көшіріп алмай, еліміздің менталитеті мен дәстүрлерін, ерекшеліктерін ескеру қажет. Мемлекеттік қызметтің мәселелерін шешу барысында ұлттық қауіпсіздікті ескеріп, қазіргі ұрпақтың қажеттілігі ғана емес сонымен қатар қазақтың болашақ ұрпағына қалдыратын қолайлы түрлерін табу қажет.

Мемлекеттік қызметтің тағы бір дәстүрі оның саяси ұстанымдары, моноцентризм («тоталитаризм» термині тұрақты емес). Мемлекеттік аппарат құрылымы белгілі жағдайда институттандырылмаған және регламентталмаған тіпті ойдың аспектісіде саяси және басқару шешімдерін өндеу кезінде дербес пен жауапкершілік істері атқарылмаған.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет мақсатқа жету жолында мемлекеттік аппарат шеңберінде әлеуметтендіруден бастап қайта қызметке қабылдау, олардың ұйымдастырушылық ережесін меңгеру, ережелер, дәстүрлер мен бақылау тетігін аяқтау, қабылданған қызметшінің қызметіне мемлекеттік қызмет жүйесінің шеңберінде бағыттылық пен сипатын беретін мадақтау мен санкция  тетіктері қолданылады. Мемлекеттік қызмет мақсатының көп бөлігін шешу оның жүйесінің басты элементеріне байланысты-кадрлық әлеуетін, кәсіби дәрежесі мен қызметшінің жеке қасиетіне, мемлекеттік қызмет мақсатына жету барысында қайсарлығы. Сондықтан мемлекеттік қызметті ұйымдастырушылық институт ретінде кадрды іріктеу оның ең басты мақсаты болып табылады. Іріктеу ережесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметке қабылдау, конкурс өткізу үрдісі, мамандыққа баға беретін сынақ, тестық аттестация, лауазымға тағайындау және т.б. қалыптастыру арқылы жоғарыдағы көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.

Қызметшілердің кәсібилігін жоғарылату, дайындық жүйесінде тиімді қызметті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін көтеру мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық институтының мақсатына жатады. Осы жұмыстарды ұйымдастыру нормалары мен ережелері бойынша оқуға резервте тұрған қызметшілерді алуға бағытталып, бітірген уақытта ереже бойынша оларды мансаптық жоспар және оқуды бітірген нәтижесі арқылы қызметте жоғарылау кепілі болу қажет. Әрине оқу бағдарламасы мен жоспарларын ұйымдастыру барысында шеберлік пен дағдыларды иеленуге бағытталуы тиіс. Еңбекті ынталандыру қарапайым мемлекеттік аппаратқа қарағанда мемлекеттік қызметте  ұйымдастырушылық институтты құрғанда ғана  қалыптасады. Арнайы сауалнама мен тест және т.б. ұйымдастыру жүргізу барысында қызметшінің құндылығын ескеретін ынталандыру жүйесінде оның тиімділігі жоғарыдағы дәлел. Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде жұмыс сипатына, еңбек шартына, сыйақыға, мансаптық көп көніл бөлінеді.

Мемлекеттік аппараттағы қызметшілердің жүріс-тұрыс ережесін реттеуде мемлекеттік қызметті ұйымдастыру маңызды болып табылады.  Осының ішінде ең маңыздысы жоғарғы органдар мен лауазымды адамдардың шешімдерді және мемлекеттің жүктеген міндеттерін орындау барысында әділ,  парасатты, қиянаттыққа бармайтын, Отанға деген парызының беріктік қасиеттері болу қажет. Мемлекеттік органның қызметін материалдық пен ұйымдастыру-техникалық, эксплуатациялық пен күзететін ғимаратты, қызмет көрсететін көліктерді және т.б. қамтамасыз етумен айналысады.

Сондықтан мемлекеттік қызмет мемлекеттік аппаратты тәртіпке келтіріп, оны жалпымемлекеттік міндетті орындауға бағыттайтын ұйымдастырушылық институты болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

  1.  Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030: Процветание, безопасность и улучшение благосостояние всех казахстанцев: Послание Президента страны народу Казахстана. // Казахстанская правда, 1997. – 11 октября.
  2.  Атаманчук Г.В. Сущность государственной службы. М.: РАГС, 2002.- 272 с, 112 
  3.  Мемлекеттік қызмет туралы 1999 ж. 23 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы, 453-1 // Казахстанская правда. – 1999 ж. – 6 тамыз.
  4.  Атаманчук Г.В., Казанцев Н.М. Кому служат госслужащие? // Российские сети. 1994.23 декабря
  5.  Ежов М.В., Ежова Г.В. История государственного управления и государственной службы России. – СПб: ИВЭСЭП, 2004.– 240 б.
  6.  Уваров В.В. Государственная служба и управление. – Петропавловск :  Сев.Каз.юрид.академия, 2004.- 410 с.
  7.  Охотский Е.В. Государственная служба: теория и организация. Ростов- на-Дону «Феникс».1998. 624 с.




1. .1 Обоснование выбора стиля
2. Предмет РЧП РЧП сисма правовых норм регулировавших в Древнем Риме отношения между частными лицами
3. на тему- Аудит организации муниципальное учреждение Городской методический центр Выполнили-
4. Мартин Бубер
5. Критическое напряжение в сжатом гибком стержне при его деформировании в пределах упругости определяется п
6. Восточной Азии и Южной Америки
7. даже молекулы оксидов
8. бубен а наступила б нет в нет
9. Атам~ра 2003ж {Класс} 7 {Четверть} 1 002 К~рделі сан есімді к~рсеті~із
10. Аккумулирование тепла
11. тема інтегрованих знань про історію теорію і практику архівної справи
12. Насилие в конфликтах.
13. Понятие биоэлектрического образа движения
14. Точный момент времени не определен
15. Эколого-правовые основы размещения наружной рекламы
16. ЧАСТНАЯ БОТАНИКА- МИКОЛОГИЯ И АЛЬГОЛОГИЯ ЭКЗАМЕН БИЛЕТ 1
17. Реферат- Сущность и роль теста-опросника Стреляу
18. Психологическое исследование личностных особенностей родителей с различным стилем отношения к ребенку
19. . 44 с. СОДЕРЖАНИЕ [1] Характеристика детей 6го года жизни с общим недоразвитием р.
20. Ассемблер и программировани