Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Жеке ауызша комментариді бағалау критерийлері:
Қазақ сыныптарында А, В критерийлері бойынша
А критерийі
Оқығаны мен жазғанының мазмұнын түсіну
Ең жоғарғы ұпай 10
Берілген критерий оқушының шығармашылық тұрғыда және сыни тұрғыда тілдің қызметін түсінуін, оқыған шығармаларын түсінгенін және әдебиеттерге оңтайлы пікір білдіре алуын көрсетеді.
Жетістік деңгейі |
Дескрипторлар сипаты |
0 |
Оқушы төменде айтылған стандарттардың біріне де жете алмады. |
1-2 |
Оқушы тақырыпты өте төмен деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз жұмысында тақырыптың мазмұнынын жеткілікті жағдайда нақты жеткізе алмайды. Оқушы талдайтын шығармашылық үзінділерде ойлау, қиялдау сезімі байқалмайды. Оқыған шығармаларына пікірін білдіруде автордың ұстанымы мен баяндау тәсілін аз түсінгендігін не мүлде түсінбегендігін көрсетеді. |
3-4 |
Оқушы тақырыпты төмен деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз жұмысында тақырыптың мазмұнынын жеткізу деңгейі шектеулі. Оқушы талдайтын шығармашылық үзінділерде ойлау, сезіну, қиялдау деңгейінің төмен екені байқалады. Оқыған шығармаларына өз пікірін білдіруде автордың ұстанымы мен баяндау тәсілін ішінара түсінгендігін көрсетеді. |
5-6 |
Оқушы тақырыпты жеткілікті деңгейде түсінгендігін көрсетеді. Өз жұмысында тақырыптың мазмұнынын сәйкесінше жеткізе алады. Оқушы талдайтын шығармашылық үзінділерде ойлау, сезіну, қиялдауы аз байқалады. Оқыған шығармаларына өз пікірін білдіруде автордың ұстанымы мен баяндау тәсілін түсінгендігін көрсетеді. |
7-8 |
Оқушы тақырыпты жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз жұмысында тақырыптың мазмұнын жеткілікті жағдайда жеткізе алады. Оқушы талдайтын шығармашылық үзінділерде ойлау және сезіну, қиялының жеткілікті деңгейде екендігі көрінеді. Оқыған шығармаларына өз пікірін білдіруде автордың ұстанымы мен баяндау тәсілін жақсы түсінгендігін көрсетеді. |
9-10 |
Оқушы тақырыпты дәл әрі өте жақсы түсінгендігін көрсетеді. Өз жұмысында тақырыптың мазмұнын нақты жеткізе алады. Оқушы талдайтын шығармашылық үзінділерде ойлау және сезіну, қиялының жоғарғы деңгейде екендігі көрінеді. Оқыған шығармаларына өз пікірін білдіруде автордың ұстанымы мен баяндау тәсілін дәл түсінгендігін шығармаға терең талдау жасау арқылы көрсетеді. |
В критерийі
Ұйымдастыру
Ең жоғарғы балл 10
Берілген критерий оқушының өз ойын нақты логикаға құрылған дәлелді пікірлермен және сәйкес мысалдармен бекіте алуын көрсетеді.
Жетістік деңгейі |
Дескрипторлар сипаты |
0 |
Оқушы төменде айтылған стандарттардың біріне де жете алмады. |
1-2 |
Оқушы жұмысы толықтай ұйымдастырылмаған, шатасыңқы, келтірген дәлелдерінде логикалық бірізділік жоқ. Тараулар мен тақырыптар арасындағы байланыс деңгейі өте төмен. Оқушылар жұмыстарында сындық аппаратқа* мүлдем көңіл бөлінбеген. |
3-4 |
Оқушы жұмысы жартылай ұйымдастырылған, келтірген дәлелдерінде логикалық бірізділік сақталмаған. Тараулар мен тақырыптар арасындағы байланыс деңгейі төмен. Оқушылар жұмыстарында сындық аппаратқа * аз көңіл бөлінген. |
5-6 |
Оқушы жұмысы толықтай алғанда анық және ұйымдастырылған. Келтірген дәлелдерінің логикалық бірізділігі сақталған. Тараулар мен тақырыптар арасындағы байланыс айқын. Оқушылар жұмыстарында қажеттілігіне орай, сындық аппаратқа * тиісінше көңіл бөлінген. |
7-8 |
Оқушы жұмысы жеткілікті дәрежеде анық және жақсы ұйымдастырылған. Келтірген дәлелдері мазмұнды, логикалық бірізділігі сақталған. Тараулар мен тақырыптар арасындағы байланыс ойды дамытуға жетелейді. Оқушылар өз жұмыстарында қажеттілігіне орай, сындық аппаратқа * жеткілікті дәрежеде қолданады. |
9-10 |
Оқушы жұмысы анық және үйлесімді әрі жақсы ұйымдастырылған. Келтірген дәлелдері сенімді, логикалық бірізділігі сақталған. Тараулар мен тақырыптар арасындағы байланыс ойдың жоғары дәрежеде дамығанын және нақтылығын көрсетеді. Оқушылар өз жұмыстарында қажеттілігіне орай, сындық аппаратқа * жетік қолданады. |