Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДУБЛЕТТЕР:
Дублеттер (жарыспалы сөздер) сипатына қарай лексикалық және фонетикалық (орфографиялық) және грамматикалық болып бөлінеді. Әдеби тілімізде сан жағынан мол кездесетіні фонетикалық дублеттер.
Тапсырма. Мына дублеттерді дәптерге 3 түрге бөліп, негізгі әдеби тілдегі нұсқасын белгілеңіз: Әтеш қораз; оттық шырпы кеуірт сіріңке, мейманхана қонақ үй, айқай айғай, ажым әжім, бірдеңе бірдеме, бәйге бәйгі, палуан балуан, өмір ғұмыр, залал зарар, пенде бенде, шайтан сайтан, оқушы оқырман, өйткені үйткені, жай жәй, шай шәй, ауа әуе, ғылым ілім, жиналыс жиылыс, үкімет өкімет, таяз саяз, түгендеу түгелдеу, жаңғыз жалғыз, нәрсе нәсте, береке берекет,
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫ. БАСПАСӨЗГЕ ШОЛУ ЖАСАУ. ОРТАЛЫҚ БАСЫЛЫМДАР
“Газет жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады” (А. Байтұрсынұлы).
Қазіргі кездегі өркендеп дамыған бұқаралық ақпарат құралдары оқылатын (визуальды) мерзімді басылымдар, тыңдалатын (аудиальды - радио), әрі тыңдауға, әрі көруге болатын (аудиовизуальды теледидар, деректі кино) болып үш түрге бөлінеді. Олардың үш түріне ортақ қызметтері (функциялары) бар екендігін айта кету керек. Атап айтсақ:
1. Түрлі оқиға, факті мен ситуация туралы оқырманға, тыңдаушы мен көрерменге хабар жеткізу арқылы танылатын информациялық-ақпараттық қызметі.
2. Белгілі бір факті, дерек туралы хабардар етіп, түсінік комментарийлық-бағалауыштық қызметі.
3. Қандай да бір мәдени, тарихи, ғылыми сипатты ақпаратпен таныстыру барысында сол ақпаратты қабылдаушының таным-түсінігін, білім-біліктілігін арттыруға септігін тигізетін ағартушылық-танымдық қызметі.
4. Қоғамдық пікір тудыру, оны қалыптастыру, адамдардың көзқарасын кеңейту және қоғамда болып жатқан инверсиялық өзгерістер мен науқандық, әлеуметтік-саяси акцияларды ұйымдастыру, өткізу кезінде, қайта құрулар мен ірі саяси оқиғалар, төңкерістер тұсында қоғам мүшелерінің дүниетанымына әсер ету.
5. Кез келген ақпараттың таратылуы кезінде қабылдаушының эстетикалық талғамынан шығуы үшін тиімді тәсілдердің пайдаланылуы, сол арқылы жағымды эффектілер тудыруы гедоникалық функциясына жатады.
Сондай-ақ, кейбір зерттеушілердің пікірінше, бұқаралық ақпарат құралдарының аса маңызды тағы бір қызметі барша адамзатты бірлікке жұмылдыра алатындығында екен.
Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстан аумағында бүгінгі таңда газет-журналдар, телеарналар, радиоарналардың бәрін қоса есептегенде жалпы саны 356 БАҚ қызмет атқаруда.
(Б. Момынованың монографиясынан).
ГАЗЕТА - периодическое издания в виде больших листов, обычно ежедневное, посвященное событиям текущей политической и общественной жизни.
ЖУРНАЛ 1. Периодическая издание в виде книжки, содержащей статьи или художественные произведения разных авторов, а также отдельная книжка такого издания.
БАСПАСӨЗГЕ ШОЛУ ЖАСАУ
Қазақ публицистикасы негізі қалануына себепкер болған алғашқы қазақ газеттері “Дала уалаятының газеті” (1870-1888), “Түркістан уалаятының газеті” (1888-1902) Ташкент, Омбы қалаларында басылып шығып тұрған.
Ресейде болған революция дүмпуі нәтижесінде қазақ газеттерінің екінші үлкен шоғыры дүниеге келген. Олар “Серке” 1907 ж., “Қазақ газеті” 1907 ж., “Дала”, “Қазақстан” 1911-1913 жж.., “Ешім даласы” 1913 ж. Осылардың қатарына Ә. Бөкейханов сынды қайраткер әр жылдары шығарып тұрған “Голос степи”, “Омич” газеттерін де қосуға болады. Бұл басылымдардан кейінірек дүниеге келген “Айқап” 1911-1915 жж.., “Қазақ” 1913-1918 жж., “Алаш” 1916-1917 жж.., “Бірлік туы” 1917 ж., “Сарыарқа” 1917-1918 жж.., “Ұран” 1917 ж., “Үш жүз” 1917 ж., “Тіршілік” 1917 ж. газеттері. Аталмыш басылымдар қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарастарын кеңейтіп, прогрессивтік, ағартушылық бағытта үлкен қызмет атқарғанын анық байқауға болады.
Кеңес өкіметі жылдарында жарық көрген орталық басылымдар негізінен, Мәскеуден шығатын газеттер ұстанған бағыттан айнымағаны белгілі. Олар: “Еңбекші қазақ”, кейіннен “Социалистік Қазақстан”, “Лениншіл жас”, “Қазақ әдебиеті”, т.б. және облыстық, аудандық, түрлі салалық газеттер еді.
Қазақстан территориясында қазір шығып тұрған басылымдар мыналар: “Алматы ақшамы”, “Ана тілі”, “Атамекен”, “Байланыс” (ор.-қаз.), “Егемен Қазақстан”, “Жас алаш”, “Жетісу”, “Заң газеті”, “Қазақ әдебиеті”, “Қазақ елі”, “Қазақ үні”, “Қазақстан мұғалімі”, “Сақшы/На страже”, “Түркістан”, “Ұлан”, “Шалқар”, “Ақ босаға”, “Әр жерде” (ор.-қаз.-ағылш.), “Голос/Әділет”, “Заман Қазақстан”, “Қазақ батырлары”, “Қылмыс пен жаза”, “Фермер”, “Айналайын” (ор.), “Біз/Мы” т.б.
Жалпы газеттер белгілі бір таптың, әлеуметтік топтың, ортаның, қоғамдық-саяси ұйымдардың идеологиясын жүргізеді. Әлеуметтік топтар арасындағы айырмашылық айқын болған сайын газет типтері бір-бірінен ажыратылатын болады. Соған орай әр түрлі оқырман аудиториясына арналған газеттердің лексикасындағы ерекшеліктері де болады. Негізінен қазақ газеттерінің мынадай типтері бар деуге болады:
1. Жалпылама тип газеттің осы аталған типіне республикалық басылымдар “Егемен Қазақстан”, “Жас алаш” т.б. жатқызамыз.
2. Кәсіптік-салалық - “Заң газеті”, “Қазақ әдебиеті”, “Қазақстан мұғалімі”, “Сақшы/На страже”, “Ауыл” газеттерін жатқызамыз.
3. Оқырмандардың жас ерекшеліктері ескеріліп жарыққа шығатын газеттер қатарына “Жас алаш”, “Ұлан” жатады.
Шығу жиілігіне қарай газеттерді күнделікті, апталық басылымдарға жіктеуге болады. Шығу уақытына қарай газеттер кешкілік (“Алматы ақшамы”, “Астан ақшамы”) және қалыпты нормамен немесе күніне бір рет шығатын газеттер деп бөлінеді. Әкімшілік-территориялық бөлініс бойынша шығатын газеттер республикалық, облыстық, аудандық газеттер болып келеді.
(Б. Момынованың монографиясынан)
Публицистикалық стиль
Публицистикалық стильде жазылған шығарма қоғамдық өмiрiмен тығыз байланысты болады. Қоғамдық өмiрдегi жаңалықтар, өзгерiстер туралы жұртшылықты құлағдар етiп, қоғамдық пiкiр қалыптастырады.
Сондықтан да публицистикалық стильдегi шығарма қандай тақырыпқа жазылса да, логикалық жағынан дәлелдi, көңiлге қонымды болып, бұқараға ықпал ету сипаты басым болады.
Қолданылатын орны. Газетте, саяси-қоғамдық журналдарда жазбаша түрi; жиналыстар мен митингiлердегi, радио-телевизия хабарларында ауызша түрi қолданылады.
Қарым-қатынас мақсаты: заттар мен құбылыстардың мәнiн ашу, оған көпшiлiктiң назарын аудару; жұртшылықты белгiлi iске жұмылдыру, белгiлi бiр мақсатқа үндеу, оған деген сенiмiн ұштау, иландыру; сондай-ақ белгiлi бiр құбылысқа оң не терiс баға берiп, қоғамдық пiкiр туғызу.
Стильдiк сипаты: сөз үндеу, жұртшылықты жұмылдыру, иландыру мәнiнде жұмсалады. Сөз ой мен сезiмге қатар әсер етерлiктей болып келедi.
Тiлдiк белгiлер:
- Публицистикалық стильде зат пен құбылысқа оқушы назарын аудару үшiн экспрессивтi-эмоционалды реңктегi және бағалауыш сөздер жиi қолданылады;
Мысалы, жарыс жүлдегерi, еңбек майданы, ерлiк мектебi т.б.
- Публицистикалық стильде жалпы саяси лексика, терминдер, күрделi тiркестер жиi қолданылады.
Егемендiк, бағдарлама, ұлттық галлерея, кеден, өркениет, демеушi, халықаралық олимпиада, ұлттық театр т.б.
- Публицистикалық стильде көркем сөз тәсiлдерiнiң барлығы дерлiк, сондай-ақ тұрақты сөз тiркестерi, мақал-мәтелдер, афоризмдер мол пайдаланылады. Мысалы:
Жауапкершiлiгi ұлан-асыр iсте заңғар шыңнан көрiну - баршамызға парыз. Алдыңғы кезекте саналы болашаққа ұмтылу керек. "Жалғыз ағаш орман болмайтынындай" алған бiлiмiң де өз басыңнан артылмаса несi пайда? (Газеттен).
- Публицистикалық стильде бұйрықты, лептi, риторикалық сұраулы сөйлемдер жиi қолданылып, сөз қайталаулар да кездесiп отырады.
Публицистикалық шығарма тiлiнiң стильдiк бедерi
Көпшiлiкке арналған мерзiмдi басылымдар (газет, журнал, т.б.) тiлiнде, - бұлар публицистикалық шығармалар тiлi деп аталады, - күнделiктi қолданып жүрген кәдiмгi сөзiмiз қоғамдық пiкiр тудырудың құралы ретiнде жұмсалады: "Үй тазалап, кiшкене қарындасына қарап, бақшаның шөбiн отап, ата-анасына жәрдемдесiп жүрген Б.Момышұлы атындағы орта мектептiң 10-сынып оқушысы Елдос Ерназарұлы ата-анасының қолғанаты". Осылайша газетке жазып немесе радио-телехабарлар арналарынан сөйлесек, кәдiмгi өзiмiз күнделiктi қолданып жүрген сөздерiмiз қоғамдық пiкiр қалыптастырудың құралына айналады. Түптеп келгенде мұндай стильдiк құралдар ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдарында (газет, журнал, радио-телевизия хабарлары т.б.) қоғамдық, саяси, экономикалық мәнi бар мәселелер жөнiнде дабыл қағып, жұртшылыққа ықпал етуге қызмет жасайды. Қоғамдық пiкiр қалыптастыруда нәтижеге қолы жеттi, нәтижелi болды, өнiмдi еңбек, парасатты ой, қанат жайды, өрiстедi, берекелi болды, құлаш сермедi т.б. толып жатқан жағымды мағынадағы сөздер мен сөз тiркестерi, сондай-ақ етек алды, енжар, енжарлықтың салдары, жалқау, маскүнемдiк, маскүнемдiк етек алды т.б. толып датқан жағымсыз мағынадағы сөздер жиi жұмсалады. Сөздiң қоғамдық пiкiр қалыптастырудың құралы ретiндей жұмсалып, нақыш алуы публицистикалық шығарма тiлiнiң сөз бедерi болып табылады.
Әдебиет:
Публицистикалық стильдің ерекшелігі.
Публицистика (латынша: publicus көпшілік, әлеумет) қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады. Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы қоғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша түріне саяси тақырыпқа жазылған газет, журанлдардағы мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр. Публицистикалық стиль тыңдармандар мен оқырмандардың арасына кең таралымымен, бейнелілігімен, баяндаудың шешендігімен, жағымды және жағымсыз мағынадағы мәнерлілігімен сипатталады. Жақсы журналистің тілін, шешен айтылған сөзін ешкіммен шатастыруға келмейді. Алайда бұл стильдің өзіндік ерекшелігі жоқ деген сөз емес.
Публицистикалық мәтіндерде әлеуметтік маңызы бар мәселелер сөз етіледі: саяси, экономикалық, мәдени, спорт, тұрмыстық. Демек, бұл көпшілік адамның қызығушылығын туғызатын мәселелер.
Публицистикалық мәтіндердің басты бір ерекшелігі: оның көпшілікке, бұқараға арналғандығында. Ондай мәтіндердің авторлары ақпарат, мәліметті беріп қана қоймай, мәтін бейтарап күйде жазылса да оған өзінің көзқарасын, бағасын да беріп, оқырманды, тыңдаушыны «өз жағына» тартқан болып шығады.
Газет бетіндегі публицистикалық стильде сендіру тыңдарманға немесе оқырманға эмоционалдық әсер ету арқылы жүзеге асырылады, сондықтан автор хабарлап отырған ақпаратына ылғи да өз қатынасын көрсетеді, бірақ әдетте ол оның тек жеке қатынасы ғана емес, белгілі бір әлеуметтік топ адамдарының пікірін, көзқарасын көрсетеді.
Публицистикалық стильдің ғылыми-техникалық әдебиет тілінің стилінен көптеген өзгешеліктері бар. Оның қоғамдық қызметі идеологиялық, күнделікті баспасөз газет-журнал тілі.
Публицистикалық стильдің атқаратын функциялары:
Газет бетіндегі публицистикалық стиль бір жағынан жеткілікті дәрежеде штамптар, қоғамдық-саяси және өзге де терминдер болады. Екінші жағынан, оқырмандардың көзін жеткізу, сендіру оған әсер ету үшін ылғи да жаңа тілдік құралдарын пайдалануды талап етеді. Дәл осы мақсатта көркем әдеби және сөйлеу стильдерінің барлық байлықтары көмекке келеді. Газет бетіндегі публицистикалық стиль лексикасы өте айшықты эмоционалды-экспрессивті бояуға ие, сөйлеу тілінің, тіпті жаргондарды да қамтиды. Көптеген сөздер ауыспалы мағынада қолданылған жағдайда газеттік-публицистикалық сипатқа ие болады.
Публицистикалық стильде терминдерді, сөз тіркестерін жұмсауда, сөйлемдерді құрастыруда әдеби тілге және өзіне тән дәстүрлі қалыптасқан нормаларды қатаң сақтайды. Олар басқа стильдер тұрғысынан ерсі, өрескел болуы да мүмкін.
Мысалы: бірауыздан қолдау тапты, елеулі табыс болып саналады, оларды іске жұмылдырды, бірауыздан қуаттады, ...екенін атап өтуде, басым көпшілігі, іске қосылды, қызу құттықтады, үздіксіз өрлеу, ресми сапар, кең қанат жайды сияқты тіркестер мен жаңа сөздер (әлеует, кәсіпкер, бәсекеге қабілеттілік) жиі ұшырайды. Сонымен қатар, публицистикалық стиль тілінде ресми құжаттар, ғылыми әдебьиеттер және көркем әдебиетке де тән тілдік элементтер мақала, материалдардың мазмұнына сай жазыла береді.
Мерзімді баспасөздің тілі оқушыларына әсерлі болу үшін бірқатар хабарлар тақырыбы тартымды, дәл болады; жиі қолданылатын аса маңызды атаулар эстетикалық ұғымға лайықталып, метафоралық тіркестер түрінде қолданылады. М.: мақта ақ алтын, көмір немесе мұнай қара алтын, газ көгілдір отын, телевизор көгілдір экран, космос бесінші мұхит, орман жасыл желек, түйе дала кемесі, дәрігерлер ақ халатты абзал жандар, кәрі құрлық Еуропа, қара құрлық Африка т.б. Морфологияда қос сөздердің (қоғамдық-әлеуметтік, бұқаралық-саяси, үгіт-насихаттық); бұйрық рай тұлғасының (орындайық, табысқа жетеміз), синтаксисте сөйлемдегі сөздердің инверсиялық орын тәртібінің, қаратпа сөздердің, риторикалық сұрақтардың, жай сөйлем бөліктерінің, сан алуан қайталамаларының т.б. жиі қолданысқа түсуі публицистикалық стильдің басқа стильдерден өзгешеліктерін көрсетеді.
Бір стильдер жүйесінде жиі кездесетін тілдік тәсілдердің, осындай басқа стильде де кездесуін стильаралық қарым-қатынас дейміз.
Публицистикалық стильді шағын стильдерге (подстиль) бөлу жөнінде бірізділік байқалмайды. Дегенмен кейбір зерттеушілердің, Мысалы А.Н.Васильеваның дәлелдеуінше, мынандай шағы стильдерге жіктеледі: 1) ресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 2) ақпараттық-іс публицистикалық стилі; 3) ақпараттық-аналитикалық публицистикалық стиль; 4) ақпараттық-экспрессивтік публицистикалық стиль; 5) бейресми-ақпараттық публицистикалық стиль; 6) жалпы публицистикалық стиль директивалық публицистикалық стиль; 7) салтанатты-декларативтік публицистикалық стиль; 8) таза публицистикалық стиль; 9) экспрессивтік публицистикалық стиль; 10) репортаж публицистикалық стилі; 11) фельетон публицистикалық стилі.
Публицистикалық стильдің негізгі тәсілдері:
1. Публицистикалық штамптар. Бейтарап және экспрессивті штамптар.
2. Публицистикалық мәтінде тұрақты тіркестер мен сөйлемдер кітаптарда, өлең жолдарында, фильмдерде, әндерде кездесетін тұрақты тіркестер мен сөйлемдермен ұқсатылып алынады. Мұндай тілдік бірліктерді прецедентті тіркестер мен сөйлемдер деп атайды. М.: Интернеттен оқып жүр, талай қазақ баласы (Абайдың өлең жолдарына ұқсатқан). Кореяда оқып жүр, талай қазақ баласы..., «Айың тусын оңыңнан… (http://abai.kz/content/serik-ergali-medeniettanushy-aiyn-tusyn-onynnan), Бала бауыр еті, Шырағың сөнбесін (Ана тілі»), үмітсіз шайтан («Жас Алаш»), Қырық жыл қырғын болса да.. («Жас Аша»), Оян, қазақ!
3. Публицистикалық мәтінде тілдік құралдарды күлкі тудыру үшін мақсатты түрде бұзып, сөз ойнатым жасайды. Мысалы, орыс тілінде, Совершенно не здоров (совершенно здоров), Липа-путешественница (Лягушка-путешественница), Где деньги, Минфин? (В.С.Высоцкийдің өлең жолындағы Где деньги, Зин?).
4. Сөйлеу тілінің элементтерін қосу.
Қазақ публицистикасының тарихына қысқаша шолу
Қазақ публицистикасының қалыптасуында ХІХ-ғасырдағы ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абай шығармалары зор орын алады. Бірақ кеңес дәуіріндегі кейбір ғылыми тұжырымдар сияқты қазақ публицистикасы Шоқан, Ыбырай, Абай шығармаларымен бірге туды деп емес, қалыптасты деген пікірге тоқталамыз. Өйткені, бүгінгі көзқарас тұрғысынан алғанда, қазақ публицистикасының туу, пайда болуы көне дәуірлерде жатқандығын дәлелдеуге талпыныс жасалған зерттеулер бар.
- XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ баспасөзі дүниеге келді. Дәлірек айтқанда 1870 жылы қазақ тіліндегі тұңғыш басылым "Түркістан уалаятының газетінің" (ТУГ) шығуымен баспасөз бен публицистиканың тоғысуы жүзеге асты. Алғашқы қазақ газетінің бетіндегі коғамдық маңызы бар жарияланымдарды екшеп алып, олардың тақырыптық, проблемалық сипатына тоқталуға болады.
- Қазақ публицистикасының қалыптасу дәуірінде "Дала уалаятының газеті" шықты (ДУГ, 1888 ж.). Бұл басылымда XIX ғасырдың аяғында қазақ халқының проблемаларын айқын көрсете алған көрнекті публицистер шоғыры қалыптасты.
- XX ғасырдың басында жарық көрген "Айқап" журналының (1911 ж.) ұлттық публицистикамыздың қалыптасуындағы орны айқындалды. "Айқапқа" белсене араласқан публицистердің жаңа ғасыр басындағы ұлттық қоғамдық ойды қалыптастырудағы азаматтық позициясы бүгінгі көзкарас биігінен сараланды. "Айқаптағы"
публицистикалық шығармалардың жанрлық, түрлік қырларына да мән берілді.
- Халқымыздың азаттығы үшін күрескен "Қазақ" газетінің (1913) жарыққа шығуымен бірге ұлттық публицистикамыз ізденіс жолына түсті. "Қазақта" жарияланған мақалалар мен хаттарда қазақ даласындағы саяси, экономикалық рухани мәселелер ұлттық мүдде тұрғысынан қозғалды. Зерттеуде шығармашылығы беймәлім қаламгерлердің публицистикасындағы өткір ойлар мен батыл ұсыныстардың ұлттық сананы қалыптастырудағы рөлі байыпталды.
Кеңестік дәуірдегі публицистиканың негізгі бағыттары мен типологиясы, жанрлық және пішіндік өзгешеліктері айкындалды. Осы кезде қазақ публицистикасына орыс публицистикасының әсер, ықпалы зор болды. 1917-1990 жылдар аралығын қамтитын бұл дәуірде қазақ публицистикасы жанрлық, түрлік тұрғыдан байып, шектеулі тақырыптық, мазмұндық ауқымда өркендеді. Осы жылдардағы қазақ публицистикасының негізгі даму бағыттары айкындалды. Публицистика типологиясы текстік, түрлік, жанрлык, стильдік тұрғыдан жіктелді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуына орай пайда болған публицистика түрлеріне де мән берілді. Кеңестік кезеңдердегі қазақ публицистикасының функциялары анықталды. Тәуелсіздік дәуіріндегі публицистика газет публицистикасы нұсқалары тұрғысынан талданды. "Егеменді Қазақстан", "Қазақ әдебиеті" басылымдарындағы қоғамдық маңызы зор мәселелерді қозғаған шығармалардағы тақырыптық және проблемалық ізденістер айқындалды.
Ғылыми зерттеудің нәтижесінде қазақ публицистикасының пайда болу, калыптасу және даму жолдарын мынадай төрт дәуірге бөлуге болады:
1. Қазақ публицистикасының пайда болу дәуірі (көне замандардан XIX ғасырдың екінші жартысына дейін);
2. Қазақ публицистикасының қалыптасу дәуірі (1870-1917 жж.);
3. Публицистика дамуының кеңестік дәуірі (1917-1990 жж.);
4. Ұлттық публицистика дамуының тәуелсіздік дәуірі (1991 жылдан бастап).
PAGE \* MERGEFORMAT 1