Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

і ~аза~стан Республикасыны~ Президентіні~ жолдауында к~рсетілгендей жа~а кадр саясатын ж~ргізу жа~а бас

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Кіріспе Тақырыптың өзектілігі: Егемен ел атанған Қазақстан Рсепубликасы

құқықтық мемлекет құру үшін мемлекеттік органдарда кәсібилік, демократиялық қағидаларын ұстану керек. Кәсібилік қағидасына сәйкес мемлекеттік қызметкер кәсіби даярланған маман болуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігі және этика мәселесі мемлекет құрылған сәттен бастап әрдайым күн тәртібінде тұратын мәселелердің бірі.

Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында көрсетілгендей жаңа кадр саясатын жүргізу, жаңа басқару тобын құру, мемлекеттік органдарды еліміздің бүгіні мен болашағына қызмет жасайтын кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бүгінгі күннің басты талабының бірі – мемлекеттік органдардың , билік

басындағылардың мемлекеттің негізі, қозғаушы күші заңдарды жақсы білу, сол арқылы қарамағындағыларды заңбұзушылықтан сақтандырып отыруы.

Заң ғылымы жүйесінде «Мемлекеттік органдар қызметінің және ұйымдастырылуының қағидалары» зерттеу тақырыбы - өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені, жақсы, үлгілі мемлекет болу үшін жақсы басқару жүйесінің болу керектігі идеясы ертеден келеді (Аристотель, Платон, т.б.). Қазіргі көптеген демократиялық мемлекеттер - құқықтық мемлекет құру жолын ұстанған. Ал құқықтық мемлекетте мемлекеттік органдарға жоғары талап қойылады, олардың жауаптылығы жоғарылайды.

Мемлекет дегеніміз - өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.

Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.

Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар. 

 

 Атқарушы билік — заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді.

Атқарушы биліктің мақсаты:

1) Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қалыпты өмір сүруіне ықпал ететін жағдайларды туғызу;

3) Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін, қоғам ерікті, саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлері үшін жағдай туғызу;

Атқарушы биліктің белгілері:

1) Жан – жақтылығы (адамдар ұжымының қызмет ететін жерлердің барлығында және үздіксіз болуы);

2) мәжбүрлеушілігі (күшке сүйенуі – ықпал ету шараларын жеке, дербес жүзеге асыру мүмкіндігі);

3) құралдылығы (құқықтық, ақпараттық, техникалық, ұйымдық қорларының (ресурстарының) болуы);

4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.

Атқарушы билік органы – мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылатын, өз құрылымы, құзырылығы бар, заңнамаға сәйкес құрылған, мемлекеттік тапсырмасы бойынша қатысуға құқық берілген, шаруашылық, әлеуметтік – мәдени, әкімшілік – саяси сфераларға күнделікті жетекшілікті атқарушы және бұйырушы қызмет тәртібінде жүзеге асыруға арналған, сала аралық басқарумен шұғылданатын ұйым.

Атқарушы билік органдарына тән белгілер:

1) атқарушы – бұйырушы қызметті жүзеге асыруы;

2) шаруашылық дербестілік берілген;

3) ереже бойынша, тұрақты штаттары бар;

4) жоғарғы органдармен құрылады;

5) атқарушы билік органдарына есеп береді және бақылауында болады.

ҚР атқарушы билік органдарының жүйесі мына схема бойынша құрылады: Үкімет -Үкіметтің құрамына кіретін ҚР атқарушы билігінің орталық органдары: министрліктер, агенттіктер, комитеттер -Үкіметтің құрамына кірмейтін атқарушы биліктің орталық органдары-Атқарушы биліктің жергілікті органдары: облыстардың, қалалардың, аудандардың, ауылдық жерлердің әкімшіліктері.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару бойынша ресми қызметі.

ҚР мемлекеттік қызмет екі деңгейде жүзеге асырылады: республикалық және жергілікті;

ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі.

Мемлекеттің қызметтің қағидалары – мемлекеттік қызметтің негізіне жататын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастамалар.

Мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіпте республикалық немесе жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің қаржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын ҚР азаматы.

Мемлекеттік қызметшілердің екі түрі бар:

1) Мемлекеттік әкімшілік қызметші;

2) Мемлекеттік саяси қызметші.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаты белгіленген.

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік – құқықтық мәртебесі – мемлекеттік қызметшілердің құқықтарының, міндеттерінің және шектеулердің жиынтығы;

Мемлекеттік қызметті өткеру элементтері:

1) мемлекеттік қызметке кіру;

2) мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау;

3) қызметті ауыстыру;

4) қызметті атқару кезінде берілетін жеңілдіктер және ынталандырулар;

5) мемлекеттік қызметшінің жауаптылығы;

6) мемлекеттік қызметтің тоқтатылуы.

Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай – ақ ҚР заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асырылады.

 1  Мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттамасы.

 1.1  Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары.

Мемлекеттік аппарат – бұл қоғамды басқару үшін арнаулы  құрылған мемлекет органдарының  біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын  қорғау  үшін  құрылады /1, 48б./.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 2-бабында: «Мемлекеттік қызмет – азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет» делінген /2, 3б./.

Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде  әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары,  қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын – патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада     негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың  мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзегеасыратын  кәсіптік  қызметі /1, 48б./.

Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекеттік аппарат» және «мемлекет механизмі» түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат – бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі /3, 5б./.

Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.

Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:

1)            тікелей басқарушылық – бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;

2)            құқықтық нысандар – бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:

а) құқықшығармашылық қызмет – бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;

б) құқыққолданушы қызмет – бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;

в) құқыққорғаушы қызмет – бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет /3, 22б./.

Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік.

Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).

Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.

Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі /4, 69б./.

 

2 .Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы

            Өкілетті органдар

Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады:

1)      өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;

2)    биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар;

3)   басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;

4)  мемлекеттік аппараттың қызметін  қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары /3, 22б./.

Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады.

Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің  шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:

-    мемлекеттік билік органдары;

-    мемлекеттік атқару органдары;

-   сот  билігі.

Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ  ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді /1, 51б./.

 

Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс  істейтін екі  палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және  астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында  сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық  бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және  сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде  заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық  заңдылық  деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттің қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламентті біршама тұрақты және  орнықты органға айналдыру үшін қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға депутаттар жиырма   бес жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың  бір жартысы  екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады.  Сенатқа отыз жасқа толған адамдар депутат болып сайланады.Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының  бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары – бюро, жұмыс органдары –  тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады.  Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім  мәселелерін шешеді, халық референдум тағайындау туралы бастама  көтереді, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын  тыңдайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген  өзге  де  өкілеттіктерді   жүзеге  асырады /5, 3б./.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 54-бабына сәйкес, Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі Мәжілісте, ал содан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы:

1)      заңдар қабылдайды;

2) республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілетін өзгертулер мен толықтыруларды талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды;

3) Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік наградаларды тағайындайды, Республиканың құрметті, әскери және өзге де атақтарын, сыныптық шендерін, дипломатиялық дәрежелерін белгілейді, Республиканың мемлекеттік рәміздерін белгілейді;

5)   мемлекеттік заемдар мен Республиканың экономикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді;

6)   азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады;

7)   Республиканың халықаралық шарттарын бекітеді және олардың күшін жояды /6, 24б./.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңының 9-бабына сәйкес, Палаталарды мемлекеттік тілді еркін меңгерген өз депутаттарының арасынан Палаталар депутаттары жалпы санының көпшілік даусымен жасырын дауыс беру арқылы Сенат пен Мәжіліс сайлаған төрағалар басқарады. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны Қазақстан Республикасының Президенті ұсынады. Мәжіліс Төрағасының қызметіне кандидатураларды Палатаның депутаттары ұсынады /5, 4б./.

Палаталар әр Палатада саны жетіден аспайтын тұрақты комитеттер құрады. Палаталардың бірлескен қызметіне қатысты мәселелерді шешу үшін Сенат пен мәжіліс тепе-тең негізде бірлескен комиссиялар құруға хақылы.

Комитеттер мен комиссиялар өз құзырындағы мәселелер бойынша қаулылар шығарады.

Комитеттер мен комиссияларды құру, олардың өкілеттігі және қызметін ұйымдастыру тәртібі заңмен белгіленеді.

Парламент Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар Қазақстан Республикасының заңдары, Парламенттің қаулылары, Сенат пен Мәжілістің қаулылары түрінде заң актілерін қабылдайды.

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметшінің  мемлекеттік  органдарда  мемлекеттік биліктің  міндеттерін және функцияларын жүзеге асыруға бағытталған  лауазымдық  өкілеттіліктерді  атқару бойынша ресми қызметі.
        ҚР  мемлекеттік қызмет  екі деңгейде жүзеге  асырылады: республикалық және жергілікті;
ҚР мемлекеттік қызметі 1999 жылғы 23 шілдедегі “Мемлекеттік қызмет туралы” ҚР заңымен реттеледі. Осы заңға сәйкес "мемлекеттік қызмет"  - бұл  мемлекеттік қызметкерлердің  мемлекеттік органдардағы  мемлекеттік биліктің  міндеттері мен функцияларын  іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін  атқару жөніндегі қызмет. Заң әдебиеттерінде  мемлекеттік қызмет ұғымын тар және кең мағынада  қарастырылады.
       Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы  түсінігі) - бұл жұмысшылар мен шаруалардың  жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын  жұмыс, ал тар мағынасында - бұл  мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет - бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік  органдардың қызметкерлерінің  мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес  түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді.  Мемлекеттік лауазым - бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен  белгіленген  лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі.
        Мемлекеттік лауазымды жүзеге  асыру үшін лауазымдық өкілеттіліктер беріледі. Лауазымдық өкілеттілік  - бұл заңда белгіленген құқықтары мен  міндеттері бар мемлекеттік қызметшілер  өз қызметін  жүзеге  асыратын  мемлекеттік органдардың алдында  қойған мақсат-міндеттерге  жауап беретін, нақты мемлекеттік лауазыммен қарастырылған өкілеттілік. Осы лауазымды өкілеттілік  лауазымды тұлғаларға жүктеледі. Лауазымды  тұлға - үнемі, уақытша немесе арнайы өкілеттілік бойынша мемлекет өкілінің  міндеттерін жүзеге асыратын немесе  мемлекеттік органдарда  ұйымдастырушылық - шаруашылық қызметтерді атқаратын адам.
        Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері:

1) мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі;
2) әкімшілік, еңбек, азаматтық,  қаржы  және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі;
3) ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен - мемлекеттік қызметкерлермен жүзеге асырылады;
4) олардың қызметінің мәні -  мемлекеттің міндеттері мен функцияларын практикада жүзеге асыру.
        Мемлекеттің қызметтің  қағидалары – мемлекеттік қызметтің  негізіне  қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі  идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген ). Оларға мыналар жатады:
1) заңдылық;
2) қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің  мемлекет мүддесі алдында басымдылығы;
5) жалпының қол жетушілігі, яғни ҚР азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша  жоғарылатылуына тең құқылығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің  кәсіпқойлығы мен жоғарғы біліктілігі;
8) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды  тұлғалардың  өз өкілеттіліктері шегінде  қабылдаған шешімдерінің бағынышты төменгі органдардың орындаулары үшін міндеттілігі;
9) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда  болуы және есеп берушілігі;
10) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбек ақыны тең төлеу;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын қорғалатын өзге де құпия болып табылатын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшінің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13) қызметтік міндеттін адал, ынтал атқарғаны, ерекше маңызды  және күрделі тапсырмаларды  орындағаны үшін көтермелеу;
14) қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін немесе тиісінше  орындамағаны үшін және өздерінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.
        Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын  қоғамға пайдалы қызметті  жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған  адамдардың  ұжымынан тұрады. Мемлекеттік  немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам  оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын  нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның  қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе  онда істеп жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметкерлерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының  құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның  жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің)  әрекеттерінде  іске асады. Сондықтан  мемлекеттік басқару  органдарында  жұмыс істейтін  адамдар мемлекеттік  қызметкерлер болып табылады, ал олармен атқаратын қызметі  мемлекеттік қызмет деп аталады.
      Мемлекеттік қызметкердің  күнделікті қызметі  адамның еңбек етуінің  ерекше  түрі  болып табылады.
      Қызметкердің  еңбек етуінің жұмысшының еңбек етуінен ажырататын бірқатар ерекшеліктері болады:
1) мемлекеттік қызметкердің  еңбек ету процесіндегі әрекеттері  нақты бір  құқықтық салдарларды туғызады, соның байланысты  қызметкерлердің  қызметінің негізгі  ақтары  құқық нормаларымен реттеледі, ал жұмысшының  еңбек ету процесіндегі әрекеттері  ешқандай  заңды салдарларға әкелмейді;
2) қызметкердің еңбек ету сипаты оның мемлекеттік басқару аппаратындағы  алатын лауазымына байланысты  анықталады, нақты  құқықтық мәртебесі болады,  ал мамандығы бойынша  жұмыс істейтін жұмысшының еңбегі  тек ндіріс құралдарын дұрыс пайдалану  білімін ғана қажет етеді;
3) мемлекеттік қызметкердің еңбегі  нормаланбаған, ал еңбегі - уақыт бойынша есептелетін болса, ал жұмысшының еңбегі қатаң нормаланған, және  еңбек ақысының төлемі  жұмысының мөлшері мен сапасына байланысты болады;
4) кез келген  мемлекеттік қызметкер  мемлекеттік аппаратта  қатаң анықталған ұйымдық-құқықтық тәсіл  арқылы  лауазымға ие болады, ал жұмысшы - тек   келісімшарт негізінде ғана орналасады.
Сонымен, мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда  заңдарда белгіленген  тәртіпте республикалық  немесе  жергілікті бюджеттен не ҚР ұлттық Банкінің  қаржысынан  ақы  төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері  мен функцияларын іске асыру  мақсатында  лауазымдық  өкілеттікті  жүзеге  асыратын ҚР  азаматы.
Мемлекеттік қызметшілердің  екі  түрі бар:
1)  Мемлекеттік  әкімшілік  қызметші - бұл мемлекеттік саяси қызметкерлердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда  тұрақты кәсіби негізде  лауазымдық өкілеттілікті атқаратын  мемлекеттік қызметкер;Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер үшін санаттар белгіленеді, лауазымдық санаттарды  және әкімшілік  лауазымдарды  санаттарға жатқызу тәртібін уәкілетті  органның ұсынысы бойынша  ҚР Президенті бекітеді.
2)  Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы),  босатылуы және қызмет етуі  саяси  сипатта болатын және саяси  мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін  жауаптылық жүктелген  мемлекеттік қызметкер. Мемлекеттік саяси қызметкерлердің  құқықтық мәртебесі  заңның 7 бабында  анықталған. Саяси лауазымдарға мына лауазымдар жатады:
1)  ҚР Президенті тағайындайтын  мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;
2) ҚР парламентінің  Палаталары және оның төрағалары  тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары;
3)  ҚР Конституцмясына сәйкес Президент пен Үкіметтің  өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметкерлер;
4) Орталық атқару органдары мен ведомстволарды басқаратын мемлекеттік  саяси қызметкерлер және олардың орынбасарлары.

 

 

 




1. Петербурге в 1714 Память о русском императоререформаторе и коллекционере запечатлена и в самом здании
2. Провадячи цей розділ обліку можна вручну вводити операції в журналі операцій тут суворих обмежень немає
3. пайдос дитя и аго вести
4. В соответствии со ст
5. Грузия
6. ПЛАНА Время которое занимает составление бизнесплана зависит
7. Документація бюджетних установ
8. Она сразу же завоевала популярность причем во многих странах мира
9. Тематическое планирование по физической культуре для учащихся 9 классов
10. когда в каком возрасте следует приучать ребенка к дисциплине до какого возраста можно баловать его и уступ
11. Введение Все профессиональные ассоциации должны иметь четко определенный набор правил и процедур чтобы ус
12. Значениена которых базируется изучение биохимииорг
13.  Информация и способы её представления
14. Михаил Иванович Глинка
15. то раздел отсутствует ~ 0 баллов- Паспортная часть Жалобы Анамнез заболевания Анамнез жизни
16. Полежаев А
17. З початку XX століття в юридичній науці точаться суперечки про природу порівняльного правознавства
18. статьях активистов Пролеткульта можно найти немало сектантских высказываний по отношению к культурному на
19. Курсовая работа- Предупреждение и разрешение семейных конфликтов.html
20. Московского комсомольца было интересное сообщение