Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Эмпиризм [К~не грек тілі-к~не грекше- ~~ етрегіа т~жірибе] сезім т~жірибесін білімні~ бірденбі

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 9.11.2024

1.   Эмпиризм - [Көне грек тілі|көне грекше: έμπειρία етрегіа - тәжірибе] - сезім тәжірибесін білімнің бірден-бір көзі деп есептейтін, барлық білім тәжірибеге сүйенеді дейтін таным теориясындағы бағыт. Кейбір эмпириктер (Гоббс, Юм) рационализмнің ықпалымен тәжірибе білімге қажетті және жалпыға бірдей маңыз бере алмайды деген тұжырымға келді. Эмпиризмнің шектелу сипаты сезімдік танымдағы тәжірибенің рөлін метафизикалық тұрғыда әсірелей көрсетуінде.        Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын философы Джордж Беркли (1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл «Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.            Давид Юм (1711-1776) – ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді. 

2.Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білімтаным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.

3.Рационализм - (лат. ratio – «разум») – болмыс пен танымның негізгі ақыл-ой деп сенетін философиялық бағыт. Рационализм 3 түрге жіктеледі: 1. онтологиялық

2. гносеологиялық

3. этикалық рационализм

Онтологиялық рационализм бойынша болмыс негізінде ақылды бастама жатыр, яғни болмыс о бастаған ақылды.

Осынысымен рационализм – идеализмге ұқсап кеткенімен (мысалы, Платонның «таза идеялары»), басты айырмашылығы материяның (болмысты) идеяға қарағандағы біріншілігін және материяның (болмыстың) өзінде ақыл барын (болуын) мойындауында. Сондықтан, болмыстың қисындылығы мен ақылды ұйымдастырылғандығына сенетін материалистер (Демокрит, Эпикур, т.б.) – рационалистер.

Гносеологиялық рационализмнің басты идеясы – «дүниені танып білетін бірден-бір құрал-адам ақыл-ойы» деген тұжырымда. Сондықтан гносеологиялық рационалистер бір жағынан ортағасырлық геология мен схоластика қарсы шықса, екінші жағынан эмпиристерге оппонент болды. «Білім-күш» девизін ұстанатын эмпиристер таным негізінде сезімділік тәжірибе жатыр деп сенді. («Сезімде болмаған нәрсе – ақылды болуы мүмкін емес»).

4.Позитивизм- (франц. posіtіvіsme — оңды, дұрыс, нақтылы) — нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.

Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизмнеопозитивизманалитикалық философия қалыптасты. 

5.Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.  Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір. Материя—адамның санасынан тыс,  тәуелсіз  өмір сүретін  және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.Материалист-философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.

     6. Француз жазушысы Жан Поль Сартр (1905-1980) қоршаған ортадан нақты нәрсе іздемей, санаға үңілу керектігі туралы шешімге келді. Сатаның қасиеттерінің арасынан Сартр елестетуді ерекше бөліп көрсетеді. Оның түсінігінше, сана елестету арқылы тазарып, адам өзін қоршаған дүниенің жағымсыз жақтарын ұмытуға және елемеуге жете алады, өзіне ғана түсінікті әлемде қалықтайды. Яғни, елестету адамға еркіндік береді. Өз философия-сының негізгі мәселелерінің біртне айналған еркіндікті. Сартр тек сана еркіндігі ғана деп түсінумен шектелмеді, елестетумен әуестенушілік сананы күйретпей қоймайтынын ол жақсы ұғынды. Бұл сенім оның бойында әсіресе соғыс кезінде күшейе түсті. Сана еркіндігі, адамның ішкі еркіндігі оны міндетті түрде іс-әрекет жасауға, өзін де, басқаны өзгертуте итермелейтінін Сартр жақсы түсінді. Адамның еркіндігі ең елі оның таңдау еркіндігінен көрінеді.

      Ардамның қандай болмағы оның өз қолында, өзіне қандай тағдырды таңдап алуында: «Адам …әуелі осы дүниеге келеді, сонан соң ғана анық-талады. Экзистенциалистің түсінігінде адамға анықтама берудің қиын-дығының себебі оның алғашқыда әлі ештеңе емес екендігінде. Ол кейінірек қана адам болады және өзін-өзі қандай адам етіп жасаса, сондай адам болып шығады. Яғни, адам табиғаты да, оны жарататын құдай да жоқ. Адам өзің қандай етіп елестеткеніндей ғана емес, қандай болғысы келіп жігерленгеніндей».
Сатр бұл жерде адамның тағдыры оның жігеріне, еңбектене білуіне
байланысты екендігін өте дұрыс айтып отыр.

7. Сенсуализм- таным теориясындағы бағыт, сезімдікті нақты танымның басты формасы және танымның барлық мазмұны сезім мүшелерінің қызметінен туындайды деп есептейді.

Сенсуализм (лат. sensus — сезім, түйсік) — психикалық өмірдің негізі — сезімдік әсерлер деп білетін ілім. Антик заманда бұл ілімді бірқатар философиялық мектептердің өкілдері (киренаиктер, эпикурийліктер, неғұрлым біртоға нысанда стоиктер) жактады. Сезімішілік тану мүмкін емес деп пайымдаған стоиктер ақылды тәжірибе өз жазбаларын таңбалайтын "таза тақта" деп қарастыруды ұсынды. Зердеде әуел баста сезімдерде болмайтындай ештеңе жоқ деген афоризм солардан қалған. Бертін келе осы қағидаларды Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуірлерінің сенсуализмді жақтаушылары насихаттады. Оларға танымда принципті тұрғыда түйсіктерден шығарылмайтын мазмұн бар деп дәлелдеген рационализмөкілдерімен күресуге тура келді. Сенсуализмнің ықпалымен дамыған ассоциациялық психологияда күрделі психикалық өнімдер тудыратын элементарлық түйсіктердің байланысы не сананың қасиеті немесе "тәндік" мәшине мен сыртқы дүние арасыңдағы материалдық өзара әрекет жүйесінің туындысы деп қарастырылады. Сенсуализм идеяларының психология саласындағы алғашқы эксперименттік жұмыстарға көп ықпалы болды. Өйткені эксперименттің міндеті бастапқы сезімдік элементтерді (түйсіктерді) анықтау; осылар арқылы жан тіршілігінің бүкіл күрделі архитектоникасы тұрғызылады деп пайымдалады. Эксперименттік психологияның одан арғы дамуы адам санасының шын мәніндегі құрылымы анағұрлым күрделі екені, ойлау актілерінің түйсіктер ассоциациясы деп қарастыруға келмейтінін, зиятта сезімдік бейнелерге үйлеспейтін мазмұн болатынын, ал мінез-құлық мотивациясы мен осы бейнелерді құрудағы іс-әрекеттің рөлін түсіндіруге сенсуализм, жалпы алғанда дәрменсіз екенін көрсетті. Диалектикалық материализм сенсуализмнің теориялық шектемелілігін, мұның өзі оның аңдаушылығына, адам танымының тарихи сипатын, шындық болмысты бейнелеудің жоғары нысаны ретіндегі ойлаудың сапалық ерекшелігі мен қоғамдық практиканың рөлін түсінбеуінен туындайтынын ашып көрсетті.

 Ой қорытындысы дегеніміз екі немесе одан да көп пікірлерден қорытынды деп аталатын жаңа пікір тұжырымдап шығарудың логикалық тәсілі.  Белгілі бір шешімге келу үшін адам ой қорытындысын жасайды.Философия тарихында сезімдік таным мен рациональдық  танымның арақатынасы  жөніндегі мәселе жайында әр түрлі көзқарастар мен пікірлер қалыптасқан. Нақ осы мәселені шешуде өзінше ұмтылған 3 түрлі философиялық бағыт бар. Олар сенсуализм, эмпиризм, рационализм.

Сенсуализм  ұғымы түйсік, сезім дегенді білдіреді, яғни сенсуализм бағытын жақтаушылар маңызды роль атқарады деп санайды. Ежелгі дәуірде сенсуалистер ретінде киренайлықтар мен эпикуршылдар көрініс берсе, орта ғасырда сенсуализмге кеңге жайылмады. Жаңа дәуірде сенсаулизм негізін Д.Локк қалады. Оның ойында «әуел баста сезімдерде болмаған нәрсе, ақыл-ойда да болмайды» деп тұжырымдаған. Бұл тұжырымды Т.Гоббс пен Ф. Беркли жалғастырды. Сенсуализмді арықарай жүйелі түрде негіздеген француз ағартушылары болды, оның ішінде Э.Кондильяк «қабылдау барлық рухани қабілеттерді қамти алады» деген болатын. Ал Д.Юм болса бұрынғы сенсуализм өкілдерінің «сыртқы тәжірибесіне»  ішкі тәжірибені қосты. Юмның айтуынша тіршілік туралы пайымдаулардың бәрі тәжірибеден тұрады, ал тәжірибе дегеніміз «әсерлердің» тасқыны ғана,  олардыңсебептері  беймәлім  және танылмайды деді.

8) Гилозоизм - өмірсезім табиғаттың барлық заттарына тән деп уағыздайтын ілім.

9. Экзистенциализм – адам өмірінің мәні, оның тұлғалық болмысы жайлы батыс философиясындағы иррационалистік бағыт. Адамның өзіндік Менін тануы өмір мен өлімнің мәні, еркіндіктің мағынасы, адамгершілік, рахымдылық, сұлулық, әділеттілік пен ақиқат, адамның дүниеге келудегі мақсаты, қоғамдағы орны сияқты көптеген филос. мәселелердің шешімін табуға итермелейді. Экзистенциализм бағыты өкілдерінің көзқарасы бойынша: өзіндік Менін түйсіну және өзгемен санасу адамды саналы әрекетке жетелейді. Экзистенциализм философиялық бағыт ретінде 20 ғасырда қалыптасты. Экзистенциализмның негізгі өкілдері: М.Хайдаггер, К.Ясперс, Н.А. Бердяев, Ж.П. Сартр, Г.Марсель, А.Камю, сондай-ақ олардың идеялық қолдаушылары: Августин, Ф.Шеллинг, С.Кьеркогор, А.Шопенгауэр, Ф.М. Достаевский, Ф.Ницше.

10.Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.

Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:

- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),

- Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).

Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.

Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.

Трансцендентті идеализм - Кантпен және оның ізбасарларымен бейнеленген, философиялық идеализмнің ерекше түрін білдіретін термин

11.Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен және тағы басқа ойшылдарды (Марк Туллий Цицерон, Эпикур, Аристотель, Платон, Сократ, Протагор, Горгий) ғылыми білімнің негізін салушылар деуге болады. Бұл натурфилософтарды біріктіріп тұрған пікір – субстанцияны олар материалдық нәрсе ретінде: Фалес – су, Анаксимандр – апейрон (Апейрон - Анаксимандр - кіргізген сапасыз, айқын емес, шексіз, мәңгі козғалыстағы дүниенің алғашкы негізін бейнелейтін ұғым), Анакси-мен – ауа деп түсіндірді. Осыған ұқсас пікір Әлея мектебінің өкілі Гераклитте де кездеседі. Оның ойынша, дүниенің бастауы – от, табиғат ешқашан күйремейді және ешқашан пайда болмайды, дүние қарама-қарсылықтардан тұрады. Пифагор алғашқы бастау деп сандарды түсінді. Оның ойынша, сандар дүниедегі заттар мен адам өміріне реттілік пен үндестік (гармония) береді, оларды әсемдікке, космосқа ұластырады. Б.д.д. V ғасырдың ортасында қалыптаса бастаған софистика мектебі өмір қажеттілігінен туды. Демократиялық Афинада осы кезеңде рационалдық танымға деген құштарлық күшейді. Адамдардың өрісін кеңейтіп, қоғамдық, саяси өмірге дайындайтын, сөзге шешен, ақылды, халықтың көшбасшысы бола алатын мемлекет қайраткері болуға дайындайтын интеллектуалдар пайда бола бастады, олар өздерін софистер, яғни дана адамдармыз деп атады. Өз еңбектері үшін белгілі бір ақы ала отырып, софистер ғылымның барлық салаларынан мағлұмат беріп отырды, адамдарды практикалық өмірге, мемлекеттік және жеке өмірдің кез-келген жағдайларында қиындықтан жол таба білуге үйретті. Софистердің тәлімгерлік ақылы қызметі білім мен мәдениеттің шеңберін грек қоғамының ақсүйектерімен шектемей, қоғамның барлық топтарының рухани дамуына мүмкіндік берді. Софистиканың көрнекті өкілдері ретінде Протагор, Горгий және Гиппийді атауға болады.

12. Неотомизм– Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің философиялық қағидасы, қазіргі заманғы философияның басты бағыттарының бірі. Неотомизм – қазіргі объективті идеализмнің діни формасы. Неотомистер ең жоғары шындық ретінде “таза болмысты” мойындайды, ол – рухани, құдайлық бастау. Олар үшін онтологияның негізгі категориялары “құдай” мен “әлем”.

13. Структурализм – қазіргі заманғы философиялық және гуманитарлық білімдегі мәдениет құбылыстарының көптүрлілігінің астарларында объективті өмір сүретін логикалық құрылымдарды, яғни объектілердің тұрақты байланыстарын іздеумен байланысты бағыттардың жалпы атауы.

14) Фрейдизм— австриялық ғалым Зигмунд Фрейдтің (1856- 1939) есімімен аталатын психологиядағы бағыт. Зерттеу ілімі психоанализдеп аталады. Фрейдизм XX ғасырда психологияда кең таралған ағым. З.Фрейдтің зерттеуі бойынша, адам мінез-құлқының қозғаушы күші мен шешуші факторы, жыныстық елігу болып табылады. Мұндай елігу мен сезім әрекетін ол санадан тыс табиғи қажеттілік деп санады. Бұл адам тіршілігіндегі биологиялық процесс болса, психиканың дамуы мен оны басқару әлеуметтік фактормен де айқындалатыны ескерілмеді. Адам бойындағы белсенділік әрекет табиғи әрі биологиялық құбылыс деп саналады. Шетелдік психолоттар Фрейдтің көзқарасын орынсыз деп санағанымен, кемшілігін ашып көрсете алмады. Олар фрейдизмді ғылым жетістіктеріне бейімдемек болып, "жаңа фрейдизм" деген ағым шығарды. Бұл ағым бойынша: адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді.

Австриялық невропатолог, психиатр  және  психолог  Зигмунд Фрейдтің ілімінен басқа, ешқандай психологиялық ілім баға беруде келіспеушіліктер туғызған жоқ. Фрейдизм «адамның  жаңа бейнесін», жаңа дүниетанымды жасауға тырысты.

15.Схоластика (лат. shola – мектеп) – ортағасырлық Еуропадағы философияны теологияға бағындыруымен сипатталатын философиялық мектеп. Ерте және кейінгі cхоластика болып бөлінеді.Біріншісі – XI–XII ғасырларды, екіншісі – XIII–XIV ғасырларды қамтиды. Ерте схоластиканың философиялық негізі – Платон мен неоплатоншылардың ілімін христиан діні тұрғысынан талдаудан тұрады. Христиандық доктринаға формальды сипат беру схоластикалық іс-әрекеттің басты құралы логика болуын қамтамасыз етті. Сондықтан схоластикада Аристотельдіңлогикасын пайдаланды. Ерте схоластиканың өкілдерінің бірі – Ансельм Кентерберийский. Ол христиандық ілімдегі әлемнің жоқтан жаратылуы, қасиетті үштіктің бірлігі мен бір-бірінен бөлектігі, жанның мәңгілігі туралы догматтарды рационалдық жолмен, логиканың көмегімен дәлелдеуге тырысты. Оның Құдайдың болмысын дәлелдеуі кеңінен танымал.

16. Иррационализм - [латынша Irrationalis - ақылға сыйымсыз] - пайдагерлік ақылдың, тәжірибелік ойлаудың танымдық мүмкіндіктері шектеулі деп санайтын және руханилықты, сезімді, түйсікті, қиялды дүниетанымның негізі деп есептейтін рационализмге қарама-қарсы таным жүйесі. Иррационализм табиғат құбылыстарын, дүниені, болмысты, ақиқатты жүрекпен қабылдап сезіну, табиғатпен үндестікте, басқа да тіршілік иелеріне залал келтірмей, ізгілік бастауларына ден қойып, дүниені махаббатпен қабылдау принциптерін ұстанады. Бұл тұрғыдан қарастырғанда барлық діни және діни-философиялық ілімдер өзінің түпкі мазмұны бойынша иррационализмге жатады. Азаматтық қоғамдағы қарым-қатынаста адамгершілік, ізгілік және үндестік, жеке адамның кемелденуі-иррационализм танымының негізгі түп қазығы. Философия тарихында иррационализм, ең алдымен, шығыстық дүниетаным ерекшеліктерімен тығыз байланыстырылады. Иррационализм шығыс философиясында өмір сүру қағидаты, дүниетаным жүйесі ретінде ежелгі дәуірлерде-ақ қабылданса, батыс философиясы алғашында оны философиялық ағым ретінде ғана бағалады. Мысалы, орта ғасырлар философиясында "агностицизм", "релятивизм", "скептицизм" деп атаған көзқарастарда батыстық ойлау жүйесіне түсініксіз иррационализм нышандары бар еді. Ал жаңа дәуір философиясында иррационализм рационализмге қарама-қарсы философиялық таным жүйесі ретінде мойындалды. Мысалы, неміс философы Фридрих Якобидің (1743-1819) ағартушылық рационализмге қарама-қарсы қойылған "сезім мен сенім философиясы", кейініректегі Фридрих Шеллингтің "Сыр ашу философия¬сы", Сёрен Кьеркегордың (1813-1855) ілімі осы мойындаудың белгісі еді. Иррационализмге ұлттық мәдени құндылықтардың барлығын адамзатқа ортақ байлық деп тану тән. Ол рационалдық қасаң қағидаларға сүйеніп, белгілі бір салыстырулар арқылы мәдени астамшылық жасауға қарсы. Иррационализм рухани құндылықтарға сезімталдықпен қарап, нәзік ұғу, жүрек пен ақылды қатар ұстау сияқты дүниетаным тұтастығымен ерекшеленеді. "Өмір философиясының" атасы Фридрих Ницшемен "бейсаналық философияны" негіздеуші неміс ғалымы Эдуард фон Гартман (1842-1906) иррационализмнің XIX ғасырдағы аса көрнекті өкілдері болды. Кейінгі экзистенциализмнің өкілдері (К.Ямперс, Жан Пол Сартр, т.б.) aдамның мәні интеллект емес, тілмен айтып жеткізуге болмайды, бірақ үрей, еркіндік, уақыт, шектілік, т.б. Ұғымдармен сипаттауға болатын әлдебір жекебасылық экзистенция деген идеяны дамыта отырып, адамзат санасының сезімдік-түйсіктік жағына ден қойды. Ал орыс ойшылы Николай Бердяевтің түсінуінше, "интуицияда көзге көрінген ақиқаттың неғұрлым кемел тұжырымдамасын табу", ол үшін дәлелдемені немесе қорытындыны емес, сәулені нұрландыратын формуланы жиынтықтау керек. "Көз жеткізуге болмайтынға көз жеткізу" түріндегі (Николай Кузанский) үшінші тәсіл де бар, бұл тәсіл бойынша ақыл-ой өзінің шет-шегінің бар екенін тануға ақыл-ойдың жетуі мүмкін емес логикалық жолмен келеді. Тағы бір орыс ойшылы Владимир Соловьев рационалдық пен иррационалдықты мистикалық танымды жинақтауға, сөйтіп, мистикалық танымды рационалдықтың негізіне айналдыруға тырысты. Қазіргі заманғы иррационализм постмодернизм түрінде көрініс тауып отыр, олар рационализмді барған сайын жаңа әлеуметтік құрылымдар мен мәдени пішіндерді жасап, адамды өзінің қайталанбас ерекшелігінен айырғаны, оны "қалыпқа" айналдырғаны үшін сынайды. Иррационализмнің бастау көздері табиғатты, дүниені танып білудің шексіздігіне, сарқылмайтындығында, барынша күрделі екендігінде жатыр. 
Иррационализм- табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық кағида. Ирония ағымын ұстанған ғалымдар К Ясперс, К.Юнг және тағы баскалар. Мәдениеттің табиғаты, оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницше, Бергсондардың "өмір философиясында", Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты.

 17.  Өмір философиясы – Батыс философиясының белгілі, өкілдері өте көп бағыттарының бірі сөп бағыттарының бірі. Өмір философиясы өмірді дүниенің бір бөлігі ретінде ғана қарастырумен шектелмей, оны дүниенің бір бөлігі қақ ортасына қояды, өмір ұғымына сүйене отырып, дүние мен өмірді толық түсінуге талпыныс жасайды. Өмір филосолософияның міндетін тек осылай түсіндіреді, себебі философия адам мәселесін зерттейтін ғылым болса, адам үшін өмірден жоқ деп есептейді. Өмір философиясының негізін салушы – дат философы С.Кьеркегор (1813 -1855). Дүниенің бастауы ретінде сананы емес, уайым-қайғыға толы экзистенциалдық ішкі сезімдерді қарастыруды ұсынды. Оның ойынша, адамның шын болмысын пайымдау арқылы емес, адамның бойындағы «үрей», «қорқыныш» сезімдеріне үңілу арқылы ашуға болады, ақиқат дегеніміз – субъективтілік. Къеркегор өмір сүрген адам азап шегу мен уайым-қайғыдан қашып құтыла алмайды, тіпті олар өмір сүруге қажетті нәрселер деп тұжырымдады. Къеркегордың жетістігі – философиялық тұлғаға мән беруге ұмтылуында, ақыл-ойды тым әсірелеуді сынап, философияның міндеті – жеке адамның өмірін, сезімдерін зерттеу деп анықтауында. Өмір философиясының келесі бір танымал өкілі – Артур Шопенгауэр адам мен қоғам өмірінің қараңғы, көзге көріне бермейтін жақтарын, ащы шындығын жайып салды. Оның пікірінше, адам өмірі қайғы мен азапқа, күншілдік пен бақталастыққа, күнә мен әділетсіздікке, қатыгездік пен бақытсыздыққа толы. Адамның толық бақытты сәттері аз, жоқ десе де болады, себебі бақыт оның болашағы мен өткен өмірінде, ал болашақ үмітсіз, өткен өмір қайтып келмейді. Қазіргі шақ жел айдаған бұлтпен тең. Адам уақыттың уысында, ол біздің қуаныш пен рахатқа толы күндерімізді жоқ қылып отырады. Бейшаралық өмір кешу адамның маңдайына жазылған, себебі оны билейтін дүниежүзілік ырық. Шопенгауэрдің ойынша, азап пен қайғы шегу адамға пайдалы, себебі адам төрт Құбыласы тең болып, рахат пен бақытқа бөленіп өмір кешсе, жақсы нәрсеніц қадірін білмейді, бағалай да алмайды. Ол өмірді тек қара түске бояп көрсетеді: ізгіліктен зұлымдық көп, қоғам бір-бірімен арпалысқан, бірін-бірі андыған адамдарға толы, адам бақытсыз болуға жаратылған және бақытсыз. Осының бәрі – адам эгоизмінен, оның «адам адамға қасқыр» принципін ұстанғанынан. Сондықтан бұл өмір түсінген көрмен бірдей мәнсіз, оны өліммен алмастырған жөн. Шопенгауэрдің түсінігінше, өлімнен қорқатын ештеңе жоқ, себебі ол азапты өмірдің ақыры. Өмір қайғысына ұшыраған адам өзін осындай өмірден құтқарушы өліммен жұбатуы керек, ал өлім алдында өмірдің азаптарынан құтылғанына ғаны дұрыс. Өлім мен азапты өмір тұтас нәрсе екені ақиқат. Дүние ырық мағынасыз болса, оның туындысы адам өмірі одан екі есе мағынасыз, ал өлім адамды осы мағынасыздықтан құтқарады. Яғни, өлім өмірінің мақсаты.
Шопенгауэр өмірді осылайша қасірет пен азапқа толы мәнсіз ретінде түсіндірсе, өмір философиясының келесі өкілі Фридрих Ницше (1844-1900) оның пессимистік мазмұнына оптимистік реңк беріп, дастарының бойында өмірге деген құштарлық пен іңкәрлік оятты. деген осындай көзқарас Ницшенің «Заратустра осылай деген» ең мықты сезіледі. Оның кейіпкері «ең жоғарғы адам» өмір ақиқат болмыс қана емес, ақиқат мақсат. Ол халыққа арнап сөзінде адамзат тегінің негіздерінің құнарсызданып, тамырының бара жатқаны туралы уайымдап, жар салады. Ницшенің, жалпы өмір философиясының өкілдерінің осылайша мазалануының себебі – олар өмір сүрген кезенде адам мүмкіндіктерін сенімсіздіктің пайда болуы. Ницшенің түсінігі бойынша, адам бүкіл әлемге жалғыз өзі қарсы тұруы, өзіне ғана сенуі арқылы өз еркіндігі мен бостандығын мойындата алады. Адамды күйбең тіршіліктен құтқару мен асқақтатуды өз міндетіне алған «ең жоғаргы адам » ең әуелі өз еркіндігін сыннан өткізеді. Бұл жолда ол өмірлік маңызы бар құндылықтарды ғана мойындап, қажет емес дегендерін жоққа шығарып отырады. Әлсіздерді жақтайтын христиан дінін Ницшенің терістеуінің себебі де осы.

18. Эвдемонизм — көне грек этикасының басты сипаттамасы. Себебі сол кезеңнің қай ойшылын алып қарасаңыз да, оның өмірлік маңызды мәселе деп ұққаны — адамның бақытқа жетуі. Грекше бақыт, шаттық, өркендеу дегенді білдіреді. Эвдемонизм өкілдері: Аристотель, Вольтер, Гольбах, Дидро, Монтень, Сенека және т.б. Бұл – адамның адамгершілікке, бақытқа ұмтылуын бейнелейтін этникалық бағыт. Ортағасырлық эвдомонизм бағытыны өкілдерінің бірі Фома Аквинский “бақыт Жаратқанды танып білуде” деп тұжырымдаған.Ал И. Кант болса, эвдомонизмге сыни көзбен қарапб моральдық іс-әрекетке түрткі болатын бақытқа деген ұмтылыс емес, бір нәрсенің алдындағы борыш деген.

19. Монизм - (көне грекшеμόνος , грек. monos – біреу, жалғыз) – шындықтың, бар нәрсенің біртұтас бастамадан, бір негізден тұратынын мойындайтын ілім. Монизм алғашқыда барлық заттардың негізі су (Фалес), от (Гераклит), апейрон (Анаксимандр) деп түсіндірілетін “алғашқы зат” туралы түсінік ретінде қалыптасты. Демокрит материалистік Монизмнің, Сократ пен Платон идеалистік Монизмнің негізін қалады. Орта ғасырлардағы құдай мен табиғаттың, жан мен тәннің, ой мен болмыстың дуализміне қарсы Монизмнің пантеистік түрі пайда болды. Қазіргі кездегі Монизмнің көптеген түрлері біртұтас әлем мәнінің түсіндірілуіне байланысты әр түрлі атауларға ие. Мысалы, әлемнің негізіндегі бөлінбестік Монизмі; өмір Монизмі; ойлау мен рух Монизмі; материя Монизмі; абстрактілі байланыстар Монизмі, т.б. Монизм тек дүниетаным принципі ғана емес, ол – құбылыстың ішкі бірлестігі мен байланысын, әрдайым абстарктіліктен нақтылыққа өрлеуді, жалпы заңнан оның ерекше түрлеріне көшуді талап ететін логикалық-методолгия принципіне Мысал, диалектті логиканың Монизмдік талабы бойынша әрбір ғылым теориясының алғашқы ұғымы зерттелетін құбылыс тобының өзгеше табиғатын (нақтыны, жалпыны) белгілеуге тиіс, келесі теория анықтамалар жүйесінің өрістеуі сол табиғаттың сан алуан құбылысқа айналу өзгерістерінің негізгі заңдылығын дәлме-дәл қайта жаратуы керек. 

20.Дуализм (екі жақты) - материалдық және рухани мәдениетті екі қарама - қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір - бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет дуализмі. Дуализм – дүниенің екі, материалдық және идеалдық бастауы бар дейді.Дуализм - заттардың, «мәндердің», шындықтың және т.б негізгі формалары екі қарама-қарсы түрлерге жататын, бір-біріне айнала алмайтындығы туралы доктрина.

21. Қайта өрлеу дәуірінде «гуманизм» деген ұғым адамның және оның шығармалары: әдебиет, ән-күй, сурет, сәулет өнері сияқты көркем өнерлер әрі барлық ғылымдар — зерттеуге тұрарлық салалар дегенді ұстанатын. Қазіргі заманда бұған ешкімнің күмәны жоқ, бірақ бір кезде көпшілік тек Құдай және Оның шығармалары, яғни діни пәндер ғана зерттеуге тұрарлық деген пікірде болды. Әуел баста «гуманизм» жұртшылыққа діннен басқа салаларды да зерттеген дұрыс дегенді ескертті. Алайда адамдардың өздерін гуманиспіз деп атауларының басқа да мәнісі бар. Олар: «Адам баласы өзіне қажет нәрселермен өзін толықтай қамтамасыз етіп, барлық мәселелерін де Құдайсыз-ақ шеше алады» деп сенеді. Әлбетте, адам баласы көптеген мәселелерін өз бетімен шеше алатыны даусыз. Бірақ өзінің күнә жасауына және онысын Құдайдың жазалауына байланысты мәселелерін оның өз жеке басы шеше алмайды.Сенушілер гуманизмнің алғашқы түрін құшақ жая қабылдайды, ал екіншісін жоққа шығарады. Себебі бұл көзқарас ең ұлы Тұлғаны — Жаратушының Өзін мойындамай, адам баласының орнын жарамсыз дәрежеде жоғарылатады.      Ренессанс философиясына гуманизм – адамның тұлға ретіндегі құндылығын, оның еркіндікке, бақытқа және дамуға ие болу құқын мой-ындайтын көзқарас тән. Гуманизм антика мен Орта ғасырда да болғанымен, қоғамдық қозғалыс ретінде Өркендеу Дәуірінде қалыптасты. Ерекшелігі – гуманистік философия кәсіби философиядан тыс қалыптасты. Ақын-жазушылар, ғалымдар, ритор, педагог, дипломат. саясаткер және тағы баска білімді адамдар гуманистер қауымдастығын құрып, жаңа гуманистер модениетін жасауға талпынды. Олар өздеріне » философ» деген атақ беріп. философияға жаңа мазмұн берді, бұрынғы философтарды философ деп санамады. Гуманизмнің негізін салушылар: Данте Альгиери, Франческо Петрарка, Колюччо Салютати.
Данте Альгиери (1265-1321) – итальяндық Ренессанстың астанасы Флоренцияда дүниеге келген ақын және ойшыл. Оның «Құдайы комедиясы» – гуманистік ойлардың бастауы. Бір жағынан алып қарағанда, бұл еңбек ортағасырлық христиандық көзқарастар энциклопедиясы, Құдай адам өмірінің басшысы ретінде бейнеленеді. Сонымен қатар, «Құдайы комедияда» адамның жер бетіндегі өмірі, қызметі, жаңа адамның психологиясы мықты суреттеледі. Поэмада антикалық образдар, антикалық ақындар мен философтар көп кездеседі. Негізгі идея – «Құдай даналығының керіністерінің бәрінен де ғажайыбы – адам».
Адамдардың бәрінің табиғи кабілеті бірдей, мәселе оны жетіддіре білуде (өнер, ғылым, өндірісте). Данте гуманистерге күш беруші болса. Италиядағы гуманистік қоз лыстың негізін қалушы – ақын және философ Франческо Петрар (1304-1374). Оның поэзиясында Ренессанс дәуірінің жаңа адамының ішкі жан дүниесі тамаша ашылды. Христиан дініне сенуші бола тұра ол схоластиканы «диалектиканың мылжыңы», белсенді адамға қажетсіз оқымыстылық деп сынады, дінбасылардың даңққұмарлығы мен нәпсіқұмарлығын айыптады, алғашқы христиандық гуманизм идеясына сүйенді жәәне антикалық философия мен христиан дінін табыстыруға тырысты.
Осы бағытты әрі қарай дамытуға үлес қосқан Колюччо Салюта (1331 -1406) болды. Ол өз шығармаларында Италия қалаларының қоғамдық өмірін суреттеді, феодалдық қоғамға қарсы тұрған қала еркінді мадақтады. Осы позициясы арқылы оның адам еркіндігін қолдаған көзқарасы керінеді. Тұлға еркіндігі мәселесі оның мәдениет тілі мәселес түсіндіруінен де айқын байқалады.
Дүние, құдай, адам туралы, ілімді, ада гершіліктік құндылықтар дүниесін гуманистер схоластикалық философ категориялары арқылы емес, антика мифологиясын, поэзия тілін қолда арқылы жеткізуге тырысты. Салютатидің ойынша: өз ойын жеткізу құқығы адамның өзіне беру керек. Бұрынғы тіл түсініксіз және жат. Философиялық мәтіндерді, әсіресе Аристотельдің шығармаларын қайта аударып, тазарту қажет. Филологиялық және тарихи комментарий-түсіндірмелер тек мәтіндердің объективтік мазмұнын ашуға мүмкіндік береді.

22. Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым. Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.
   Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі
философия антропологиясы деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді. 

    Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен – күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде.

     Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні:

1. Адамның табиғи, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдері.

2. Адамның мәндік сипаттары.

3. Адамның рухани мәні.

23. Философияның логика бөліміне сипаттама беріңіз

Философия логики — раздел философии, изучающий предмет, функциональность и методологию логики как общеметодологической концепции науки. Философия логики исследует проблему наличия и совмещения в логике онтологических и когнитивных оснований, проблему действительности или фиктивности логического следования, объёма предваряющих рассуждения объявлений (деклараций), содержания категорий истина и ложь. Современная философия логики изучает проблемы гранулированности мира и налагаемых проекций, зависимости логического построения от базы соотнесения, выделения некоторой условности мира в качестве «творца истины» и т. п. Основателем философии логики следует признать Эдмунда Гуссерля. Современная философия логики в основном исследует группу проблем, появившуюся в связи с развитием математической логики, выразившихся, в частности, в концепции «мереологии». 

24) Этика - Мораль және адамгершілік туралы ғылым. Этика терминін философияға алғаш енгізген адамзаттың Ұлы ұстаздарының бірі – Аристотель.  Этика деп – этикалық ізгіліктерді зерттейтін ғылымды айтқан. Ол бойынша адам бойындағы ізгіліктер екі негізгі түрден тұрады:
1. Этикалық ізгіліктер.

2. Дианоэтикалық ізгіліктер.

Этикалық ізгіліктер адамның мінез-құлқына, күш-қуатына байланысты болады. Олар мыналар: жомарттық, батылдық, шыншылдық. 
Ал Дианоэтикалық ізгіліктер адамның ақыл парасатына байланысты дүниелер.
Олар мыналар болып есептеледі: Ақыл мен парасат.
Этиканың негізгі зерттейтін пәні Мораль болып табылады. Ол адамзатпен бірге бірігіп этиканы құрайды.

Адамгершілік – адамгершілік құлық жеке адамның қоғамда өмір сүре алатын басқалармен қарым – қатынаста болатын қабілеті. Ол адамдардың ішкі дүниесінің көрінісі. Ал мораль өзінің мәні жағынан жеке тұлғамен қауымның адам мен азаматтың арасындағы ізгілік ережелерінің жиынтығы.

25. Онтология (гр. ontos – болмыс, logos – ілім) – философия ғылымының саласы; әлемдегі заттардың фундаменталды мәні (мысалы, саналылар бар ма) табиғатын айкындаумен айналысатын философияның (және метафизиканың) бөлімі. Онтология  – болмыс туралы ілім. Философияның  негізігі сұрағы «дүниенің негізі  не?»  деген сұраққа жауап  іздеумен басталады. Әлемнің сыр-сипатын,  дүниенің түп мағынасын, ішкі  мәнін, айнала қоршаған ортадағы  заттардың, құбылыстар мен процестердің  өзара байланысын, олардың дамуы  мен өзгеруін, адамзат қоғамының  сан түрлі құпияларын танып  білу қажеттігі – “болмыс”  деп аталатын кең мағыналы, терең  ауқымды философиялық ұғымның  тарихи тұрғыдан қалыптасуының  басты себебі әрі алғышарты  болып табылады. Кант Онтологияны мағынасыз метафизика деп есептеп, оны өзінің трансцендентальді философиясымен ауыстырды. Гегельдің пікірі бойынша Онтология – “мәннің абстрактылы анықтамалары туралы ілім” ғана.

26. Патристика деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (IV—VI ғғ.). Негізгі өкілдері: Климент Александрийский, Амвросий Майландский (340—397 жж.), Августин Блаженный (III—VI ғғ.), т.б. III—IV ғғ. жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайшылдық, немесе адамдық табиғаты туралы) болды.

Орта ғасыр философиясының патристика және схоластика деп аталатын маңызды кезеңдері бар.

Патристика дәуірі I-VI ғасырларды қамтиды. Ұлы Василий, әулие Августин, Григорий Нисский, Тертуллиан, Ориген және тағы басқалары христиан дінінің негізгі догматтарын жасаған.

Патристиканың негізгі мәселелері: Құдайдың мәні және ақылдың, грек даналығы мен христиан әулиелігінің өзара қарым – қатынасы, тарихты белгілі бір мақсатқа ұмтылушылық деп түсіну және осы ақырғы мақсатты анықтау, адамның ерік бостандығы және оның жанын құтқару, әлемдегі зұлымдықтың шығу себептері, оны құдайдың қабылдауының себептері.

Шіркеу әкелерінің философиялық ілімдерінің қалыптасуына Платон философиясы ықпал етті.

27. Информациялық қоғам философиясы

   Қоғам дегеніміз адамдардың алуан түрлі саналы іс  қимылы мен қызметінің негізінде қалыптасқан тарихи қауымдастығы. Адам қоғамда өмір сүріп, әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Сондай ақ, қоғам да адамдардан құралады, адамдарсыз қоғам болмайды.

   Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

  Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады. «Ақпараттық қоғам» ұғымынан басқа әртүрлі авторлар әркелкі атаулар қолданады: «ағартылған қоғам» (К. Флекснер), «қатер қоғамы» (У. Бек), «посткапиталистік қоғам» (П. Друккер), «ашық қоғам» (Дж. Сорос). 1950-1970- шы жылдары техниканың, компьютердің қарқынды дамуы, жалпы ҒТТ салған жол арқылы адамзат баласының жаңа дәуірге аяқ басқандығы айқын байқалды. Адам баласының толық "техникаландырылған" және «ақпараттандырылған» әлемде өмір сүру, тіршілік ету мәселесі философтарды да толғандырмай қоймады, соның әсерінен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасы пайда болды (Тоффлер).

28.  Виртаулдық реалдылық (ағыл. virtual reality–  мүмкін реалдылық) –  жаңа заманғы техника мен технологияларды қолдану арқылы шынайы өмірдегі заттар мен әрекеттердің елесін туғызу. 

29. Экзистенциализм (от лат.existentia - существование)- это философия существования, причем под существованием понимается внутреннее бытие человека, его чувства и переживания, его страсти и настроения и т.д. Идеи экзистенциализма восходят к воззрениям датского философа С.Кьеркегора и "философии жизни". Само же их зарождение произошло в России после поражения революции 19О5-19О7 гг. в работах Н.А.Бердяева (1874-1948), примкнувшего в дальнейшем к религиозному экзистенциализму. После первой мировой войны экзистенциализм получил развитие в Германии.  Здесь  его главными представителями были К.Ясперс (1883-19698) и М.Хайдеггер (1889-1976). В период после второй мировой войны во Франции идеи экзистен-циализма нашли отражение в художественных произведениях и философских трудах А.Камю (1913-198О) и Ж.П.Сартра (19О5-198О). Внутри экзистенциализма существует два основных направления - атеистическое  (М.Хайдеггер, Ж.П.Сартр, А.Камю) и религиозное (К.Ясперс, Г.Марсель, Н.А.Бердяев, Л.И.Шестов).Центральной проблемой экзистенциализм считает вопрос о сущности человека. Существование предшествует сущности, и человек обретает свою сущность сам, сам проектирует и реализует себя. И в этом смысле он свободен. Больше того, как утверждал Ж.П.Сартр, человек "обречен быть свободным", поскольку никто за него не может осуществлять выбор линии поведения, выбор своего "Я". Отсюда вытекает ответственность человека и за свои поступки, и даже за то, что его превращение в подлинного человека не состоялось. Таким образом, экзистенциализм провозглашает активность человека, его свободу. И это положительно, хотя здесь же всплывают и слабости, состоящие в том, в частности, что человеку свойственно в мире бытие, а сам этот мир - мир абсурда, недоступный рациональному анализу, в силу чего и выбор им своего "Я" не может быть сознательным, базирующимся на разумных основаниях. Это придает оттенок трагичности и ситуации выбора, и самой свободе. К тому же существованию, "Я" всегда противостоит безличная сила, масса, стремящаяся затруднить этот выбор, стереть индивидуально особенное в человеке, сделать его таким же, как все в обезличенной массе. Истинное существование поэтому - это одинокое существование.

Особое место в экзистенциализме занимает проблема поиска смысла жизни, достижения ее сущности, которая раскрывается лишь через столкновение со смерью, в ситуациях, которые К.Ясперс назвал пограничными, причем само существование характеризуется в экзистенциализме как трагичное прежде всего потому, что оно конечно.

Ақпараттық қоғам - өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады

30) Абай философиясына сипаттама

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Кемелдену, жетілу – адам өмірінің мақсаты екенін айтады Абай. Жетілу дегеніміз не? Түрлі жетілулер бар. Мысалы, спортпен шұғылданып өзіміздің денемізді, күш-
қуатымызды жетілдірсек, ал ғылым-білім, өнерге үйрену арқылы ой-өрісімізді жетілдіреміз. Абай осыларды айта отырып, бұлардан гөрі маңыздырақ жетілу барын, ол – рухани жетілу, яғни жанды жетілдіру деп көрсетеді.
Абайдың айтуы бойынша жан жүректе орын тепкен. Жан адамның тыныс-тіршілігін, іс-әрекетін жүрек арқылы басқарады. Егер жан жетілмеген болса, онда адамның іс-әрекетінде де кемшілік болады. Ішкі дүниесі тазарып, жетілген адам ғана қателікке ұрынбай, өмірде жаңсақ баспай, дұрыс өмір сүре алады. Адам баласының бақыты оның жүрегінің тазалығымен тығыз байланысты деп үйретеді Абай. Сонымен, жетілудің негізі – женді, жүректі жетілдіру екен. Бұл – адамның ішкі нәзік болмысын тазарту деген сөз.
Абай өз шығармаларында жетілу жолдарын, олардың түрлі белестерін көрсетеді. Әрбір адам осы жетілу жолдарынан өте отырып өзінің қай деңгейде тұрғанын және өмірінің келесі белесін анықтай алады. Мәні терең ашылып, келешегі айқындалғанда ғана адам өмірі маңызды болмақ. Абай ілімі осылай әркімнің өмірінің мәнін ашып, оның келешектің жарқын жолына шығуына мүмкіндік береді. 

31. Шәкәрімнің басқасына ұқсамайтын дүниетанымы қалыптасады. Себебі, Шәкәрімнің көп шығармалары терең философиялық, тарихи сипатта жазылған.  Шәкәрімнің дүниетанымдық ой жүйесінде философиялық терең бағыт, бағдар байқалады. «Тіршілік, жан туралы» деген философиялық өлеңідерінде былай дейді: 
Өсімдік күннен алады ас, 
Күн суық болса, түпке қаш. 
Дым тиіп, нүр кеп жылытса, 
Өс тағы жайнап, көңіл аш, 
Жұмыртқада ұрық жатпай ма? 
Олар да тамақ татпай ма? 
Жылынса, яки егілсе, 
Оның да тағы таңы атпай ма? [1] 
 
Шәкәрім өмірдің мәні мен дүниенің динамикасы жайлы көп жазған. Ол жас кезінен-ақ өмірдің өтпелі кейпін мойындаған, әлем құбылыстарының тоқтамай, таусылмай, жаңарып отыратынын сөз еткен. Айнала өмірге, табиғат құбылыстарына қарап, ненің болса да бас – аяғы жалғас жататынын, сонымен бірге ол өзгеріп, жаңарып отыратынын өзгеше қорытады.
Шәкәрім дүниетанымындағы маңызды да мәнді тағы бір аспектісі, оның динамиканы, яғни қозғалысты түсінуі. Оның ойы бойынша, қозғалыс – материяның өмір сүру тәсілі. Құран сөзі бойынша әлемнің пайда болуы – Құдайдың ықылас , еркіне байланысты кенеттен жасалына салған, сондықтан кез келген уақытта өзгеруі немесе жоғалуы мүмкін. Ал Шәкәрім философиясы бойынша, біртіндеп туатын қажеттілігіне қарай, белгілі бір тәртіп пен себеп – салдар қатынасы бойынша дамып отыратын мақсатты процесс. 

 Шәкәрім дүниетанымдық көзқарасындағы жоғарғы қабатында сөз болатын мәселе түпие мен соған балама ретінде қолданылатын жан сөзі жайында ой толғайды.Түп ие сөзінің синонимі немесе балама ұғымы ретінде «Жан» сөзі мен «Мән» сөзін тең дәрежедегі мағынасы жағынан бір ұғым ретінде қолданады. Шәкәрім деизмі. 
Түпиені іздеуге қозғау салған, өмірді жете танып білуге деген құштарлық пен талпынудан туған: 
1. Неден бармын? 
2. Не қылған жөн? 
3. Жоғала ма жан өлген соң? 
деген үш сұраққа Шәкәрім айрықша мән бере қараған. 
  Шәкәрім танымындағы төменгі қабат – күн жүйесіне байланысты туындаған. Шәкәрім күн – ата, жер – ана деп қарап, жер планетасындағы тіршіліктің пайда болу, даму жолын яғни, «неден бармын?» деген философиялық сұраққа жауап беруге ұмтылатыны «Тіршілік, жан туралы» өлеңіндегі ой-толғаныстарында тереңнен талдай отырып берілген.    Шәкәрімнің екінші сұрағының яғни «не қылған жөн?» деген мәселеге беретін жауабы – адамның уақытша өмір жолында құлшынып әрекет ететін мақсаты ар ғылымы жолында табанды түрде еңбектенуін айтады. Сондықтан үжданды пенденің мұрат-мақсаты қайда жатқанын, арман-мақсатының темірқазықтай адастырмас бағытын үлкен сеніммен бағыт-бағдар бере жөн сілтейтінін көреміз. Шәкәрім қойған үшінші сұрақ – «Жоғала ма жан өлген соң?» 
Жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасындағы философиялық лирикалары мен қара сөздерінде желі тартады. Жантану ілімі жайында Жүсіп Баласағұн мен Ясауи шығармаларында теологиялық тұрғыдан тереңірек қарастырылса, ХҮ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақтың ауызша жырланған поэзиясында да тікелей болмаса да, жанама түрде ой-пікірлер айтылып табиғи жалғастық тауып келген. Ал ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басында жантану ілімі Абай мен Шәкәрім мұрасының өзекті желісінің ғылыми рухани кілтіне айналып, өз заманының шырқау биігіне көтерілді. 

32. Философиялық әдебиетте ХІХ-ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басындағы орыс философиясының негізгі екі бағыты атап керсетіледі: славянофил бағыты және батысшылдар бағыты (кейбір зерттеушілер бұл бағытқа марксизм бағытын да енгізеді). Біздің ойымызша, осы кезеңдегі орыс философиясын даму ерекшеліктеріне және мазмұнына байланысты үш бағытқа бөліп қарастырған жөн.
Славянофил бағыты өкілдері көзқарасының негізі – православие. И.В.Киреевский, К.Аксаков, В.С.Соловьев тағы басқа көрнекті тұлғалар дін арқылы өмірді өзгертуге болады, діни озгеріс халықтың, қоғамның өміріне керемет өзгеріс әкеледі деп сенді. Бұл түсінікті де, себебі орыс халқының санасында ғасырлар бойы діннің ғажайып күшіне, «идеалға» деген сенім өмір сүрді. Үнемі «идеал» жетегінде өмір сүрген адам өзін басқалардан рухани жағынан жоғарырақ сезінетіні, ылғи өзіне-өзі сезімге шомылып өмір сүретіні белгілі және бұл идеал – шексіз. Бүкіл дүние жүзін қызықтырып, өзіне тәнті еткен «орыс жанының» («загадочная русская душа») жұмбақ табиғатының да себебі осында болса керек.
   Славянофи́льство — литературно- и религиозно-философское течение русской общественной мысли, оформившееся в 40—х годах XIX века, ориентированное на выявление самобытности России, её типовых отличий от Запада, представители которого выступали с обоснованием особого, отличного от западноевропейского русского пути, развиваясь по которому, по их мнению, Россия способна донести православную истину до впавших в ересь и атеизм европейских народов. Славянофилы утверждали также о существовании особого типа культуры, возникшего на духовной почве православия, а также отвергали тезис представителей западничества о том, что Пётр Первый возвратил Россию в лоно европейских стран и она должна пройти этот путь в политическом, экономическом и культурном развитии

33)Декарт адамның ақыл-ойына көбірек жүгінді, Бэкон жекеден жалпыға қарай жүрсе, Декарт жалпыдан жекеге көшті, оның бұл ерекшелігі мате-матикалық ойлау тәсілінен жақсы көрінеді. Өзінің математикалық ізден-істерінің негізінде Р.Декарт жалпы ғылыми тәсіл ұсынды. Негізгі себеп -адамдар ғылым және өнер саласында ақиқат ұғымдарды емес, болжамды көбірек қолданады, сондықтан басқа тәсіл керек. Декарттың ойынша, мейлінше дәл ойларды ұсынуға тек математика қабілетті, сол себепті осы ғылымның тәсілдерін жаңа философиялық жүйе жасау ісінде қолдану керек. Декарт төрт ережені тұжырымдайды:
1) Ақиқат деп ақиқат екені күмәнсіз нәрсені ғана қабылдау қажет. Асығыстық пен нанымға орын болмауы тиіс, тек ақылға айқын, нақты тұжырымды ғана қабылдау керек. Картезиандық рационализмнің бұл принципін интуиция ұғымы буідіреді. Декарт бұл қасиетті табиғи, бірақ сезімдік емес, интеллектуальдік сәуле деп түсінеді.
2) Зерттейтін сұрағымызды ойша мүмкіндігінше қарапайым элементтерге бөліп қарастырсақ, қиыңдықтарды шешу, белгілі бір шешімге келу жеңілдейді.
3) Бұл ереже логикалық түрде екінші ережеден туындайды: таным процесі қарапайымнан күрделіге қарай жүреді.
4) Дедукцияның барлық звеноларын ұмытпайтындай шолу жасап отыру қажет – энумерация.
Декарттың рационализмінің негізі – күмән. Күмәнданған адам күмән туғызған объект туралы терең ойланады, яғни өмір сүреді, тіршілік етеді. «Мен ойлаймын, яғни өмір сүремін» (Я мыслю. следовательно я существую. Соgіtо егgо sит). Декарттың пікірінше, біз анық қабылдайтыні нәрселердің бәрі ақиқат, бірақ олар ақылымыз арқылы, ойымыз арқылыи қабылданады.

34) Томас Гоббс (1588-1679) – кәрнекті ағылшын философы, Оксфорд университетінде Аристотельдің логикасы мен физикасын оқыды. Негізінен адам мәселесін, оның әлеуметтік-құқықтық статусын зерттеді. Еңбектері: -Левиафан немесе Материя, шіркеулік және азаматтық мемлекеттің формасы мен билігі», » Азамат туралы», » Дене туралы», «Адам туралы».
Гоббс философия мен теологияны беліп қарастырады, Бэконның «екі ақиқат » теориясын тереңдете түсіп философияны жогары қояды, «фи-лософия – танушы ақыл-ойдың рациональдік іс-әрекеттерінің жүйесі. Ол, бір жағынан, белгілі себептерден әрекеттер мен құбылыстарға қарай, екінші жағынан, құбылыстардан оларды тудыратын негіздерге қарай жүреді. Яғни, ақиқат дегеніміз ғылымға тең философия». – дейді
Теологияны жоққа шығармағанымен, оны философияның құрамдас бөлігі деп қарастырмайды. Гоббс үшін теология рациональдік анализді қажет етпейтін құдайы білім, оны сол күйінде тұтас жұтқан дұрыс. Гоббстың бұл пікірлерінің негізгі себебі – оның философиясының басты мәселесі адам мәселесі болғандығында. Оның пікірінше, адам әуелі табиғи денелердің бірі және табиғат адамдарды қай жағынан болсын тең етіп жаратады. Бірақ Гоббс әрбір адамға тән табиғи қасиет эгоизмді шек-тен тыс әсірелейді. Ол адамды өзін ғана ойлайтын, езінің сезімдеріне әлі келмейтін мақұлық ретінде сипаттайды. Гоббстың пікірінше, «адам адамга қасқыр «, адамдар күш пен ақыл жағынан тең болғанымен, әркім өзін басқалардан күштірекпін деп ойлайды, теңдіктен өзара сенімсіздік туындайды. Табиғи тендік үміт теңдігін туғызады да, екі адам бір мақсатқа бірдей ұмтылып, мақсатқа жету жолында бірі басқасын құрбан етуге немесе бағындыруға тырысады, сол себепті адамдар бір-бірімен үнемі соғыс жағдайында болады.
Гоббстың ойынша, адам физикалық қана емес, моральдық, рухани дене, жасанды көптеген денелерді жасаушы, мәдениет өркениетін қалыптастыру-шы. Осы жасанды денелердің арасындағы маңыздысы және күрделісі – мемлекет. Ол туралы ілімді Гоббс өзінің маңызды доктринасы деп түсінді және моральдық немесе азаматтық философия деп атады. Оның түсінігінше, мемлекет эгоистік табиғатқа ие адамдарды уысында ұстайтын, қогамдық келісімге негізделген билік. Мұндай билік болмаса, адамдар қоғамдағы өмірлеріне еш қанағаттанбайды, керісінше, күйзеліс сезіміне толы болады дей отырып, Гоббс тап осындай күйді адамдар өзі күші мен қулығынан өзге басқа кепілдігі болмаған кезде бастарынан кешетіндігін айтады. Оның ойынша, адамдарды қоғамға біріктіретін күш тек қана өзара күрес, үздіксіз соғыс қаупі, қоғамның бейбіт келісімге келу қажеттілігі. Гоббс адамгершілік ұғымдары мен ережелерінің жалпылық сипатын жоққа шығарады, олардың мазмұны адам өмір сүріп отырған ортаға, уақытқа байланысты. Басқа адам саған ізгі ниет көрсетіп, жақсылығыңа жақсылықпен жауап берсе ғана адамгершілік ержелерін ұстан. Сенің жақсы істеріңе керісінше іс істеген адамға ізгіліктік көрсету – Гоббстың пікірінше, ақылға сыймайды. Ол адамды өз ақылына сенуге үйретеді, себебі қоғамдық парасатқа сенім жоқ, қоғамдық адамгершілікті биліктің көмегімен қорқыту арқылы ғана қалыптастыруға болады. Мемлекетте де табиғаттағы сияқты күш үстемдік етеді, одан заң туындайды. Мемлекет адамның өмірі мен мүлкін қорғайды, бірақ адамдар оған бағынышты болып, оның үстемдігін мойындауы қажет, сонда ғана бейбіт өмір орнайды, яғни билік пен ақиқат күштінің қолында және мемлекеттік билік шексіз болуы тиіс.

35) Буддизм

Будда діні — б.з.б. 6 ғасырда Будда негізін қалаған философиялық және діни наным. Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болған. Будда діні кезінде Оңтүстік Үндістан жеріндегі Шри Ланкадан бастап солтүстікте Сібірге, батыста Еділ өз. бойына дейін тараған. Будда діні басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша Будда дінін 1 млрд-қа жуық адам ұстанады. Будда діні фәни өмірдің азаптары — ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті — нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт хақиқатты білу қажет: 1) өмір — азап; 2) азап нәпсіден туады; 3) нәпсіні ауыздықтаса — азаптан құтылады; 4) нәпсіден құтылудың төрт сатысы бар: а) жүректің оянуы; ә) ниет, ақыл, ойды түзету; б) мінез-құлықты түзету; в) адамға ғана емес, бүкіл жан иелеріне деген рақымшылыққа, махаббатқа жету (аїимса — адамға, тіршілік иесіне жамандық жасамау, соның бір көрінісі). Аїимсаны жүзеге асыру үшін Будда Веданы жоққа шығарды. Себебі Веда уағызы бойынша құрбандық шалу дәстүрінен мал көп сойылушы еді. Веда ілімі бойынша жан иесі үш болмыстан тұрады: жан, әркімнің өзіндік қасиетін құрайтын нәзік болмыс және тән. Ал Будда осының соңғы екеуін ғана мойындап, жанды және оның мәңгілік екендігін жоққа шығарды. “Егер адам өлгеннен кейін нәзік болмысы әлемдік болмыспен араласатындай болып жетілсе, ол бұл өмірде қайта тумай, туу — өлу айналымынан (самскара) құтылады, яғни, фәни өмірдің азабынан құтылады” деді. Мұны “шуньявади” (бос кеңістік, яғни, өлгеннен кейін ештеңе жоқ) философиясы деп атайды. Будда діні өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу — өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. 5 ғ. — б.з. басы); екінші, бодхисаттва — құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. 5 ғ-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (көкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (5 ғ-дан кейін). Ол ваджраяна деп те аталды.

Тұңғыш әлемдік дін – будда діні б.д. дейінгі VI ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Қазіргі уақытқа дейін ол Оңтүстік, Шығыс-Оңтүстік, Шығыс және Орталық Азияға кеңінен таралды. Будда дінін ұстанатындардың бір бөлігі Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік америкада өміР сүреді.

Буддизмнің Қазақстанға келуінің жаңа толқыны XVI-XVIII ғғ. жоңғар шапқыншылықтарымен байланысты болды. Сол кезеңдегі будда ғибадатханаларының Жетісу, Балқаш және Орталық Қазақстан далаларында сақталған қалдықтары табылған. XIX ғ. бас кезінде Медеу шатқалында будда ғибадатханасы тұрғызылғаны белгілі.

36) Конфуций философиясы

Өзінің филосoфиялық ұстанымдарын алғаш ұсынғандардың бірі Конфуций (б.з.б. 6 – 5 ғ.) негізін қалаған конфуцийшілдік ілімі Хань дәуірінде негізгі идеологияға, біртұтас жүйеге айналды. Буддизм мен даосизмнің қоғамдық рөлдерінің өсуі конфуцийшілдік ілімнің доктриналарын жаңа тұрғыдан қарастырып, оның рөлін арттыруға себеп болды. Конфуцийден кейін оның шәкірттері ұстазының этикалық, әлеуметтік, онтолагиялық-гносеолды түсініктерін дамытты. Бір-біріне қарама-қарсы ілімді Мэн-цзы мен Сюнь-цзы ұсынды. Мэн-цзының пікірінше, адамның табиғаты о бастан қайырымды; адамгершілік, ақылдылық, данышпандық, әділеттілік адамға дене мүшелері сияқты берілген. Сюнь-цзының ойынша, адам табиғатынан – зұлым, яғни адам туғаннан бастап пайда табуға, тән рақатына ғана талпынады, ал жақсы қасиеттер адам бойына оқудың, тәрбиенің арқасында ғана сіңеді. Мэн-цзы «адамгершілікпен басқару» («жэнь чжэн») теориясын жасаса, Сюнь-цзы басқарушыны тамырмен, халықты жапырақпен салыстырып, басшының мақсаты өз халқын бағынышта ұстауда деп есептеген. Конфуций ілімінің негіздерін, әсіресе әлеуметтік сатылаудың мызғымастығы жөніндегі теориясын қатал сынға алған Мо-цзы (б.з.б. 5 ғ.) болды. Ол дүниедегі бақытсыздық пен тәртіпсіздіктің бәрі адамдар арасында мейірімсіздіктен туады, «баршаның мейірбандылығы» принципі адамдарды теңдікке жеткізіп, қоғамда әділеттілік орнатады деп уағыздады. Мо-цзы басқыншылыққа, соғысқа қарсы шығып, дәстүрге айналған «Тәңір құдіретіне» сенуді жоққа шығарды, мемлекет басқару орындарына адамның ата-тегіне қарамай, оның іскерлігіне, даналығына байланысты тағайындаған дұрыс деп санады. Ол қарапайым халықты ақсүйектермен теңестіруге тырысып, өкімет пен халықты бірлікке, ортақ мүддеге шақырды. Қытайда даосизм стихиялы материализм сипатында қалыптасты. Бұл ілім «Дао дэ цзин», «Чжуан-цзы» атты кітаптарда баяндалған. Даосизм бүкіл табиғатқа тән объективті жалпы заңдылық «дао» («жол») бар деп дәлелдейді. Даосизмнің негізін қалаушылар Дао-цзы және Чжан-цзы адамның іс-әрекетіне шек қоятын заңдар мен ережелерге (Конфуцийдің моральдық ережелері) қарсы шығады. Даосизм идеяларымен толықтырылған конфуцийшілдік б.з.б. 136 жылдан 1912 жылға дейін Қытайда ресми идеология болып, қытай халқының мәдени-рухани өмірінің өзегіне айналды. Б.з.б. 1 ғасырда Қытайда буддизм діні таралып, төрт ғасыр аралығында толығымен енді. Бастапқыда буддизм қытайлық филосафия дәстүрлердің қарсылығына кездесті. Буддизмді уағыздаушылар өздерінің қарсыластарымен пікірталас кезінде буддизм ұстанымдарын емес, қытайлық рухани дәстүрдің буддизмдік дәстүрлермен сәйкестігін сөз етті. Олар өз тұжырымдарының дұрыстығын дәлелдеу үшін Лао-цзы, Конфуций, Чжау-цзыға жүгінді. Яғни, қытай философиясын буддизм тұрғысынан талдады. Буддизм даосизм философиясының табиғилық, әрекетсіздік, барлық заттардың теңдігі туралы идеяларын қабылдап, өз ілімін жетілдірді. Конфуцийшілдік пен даосизм буддизмге қарсы тұрғанымен, оның кейбір элементтерін бойына сіңірді. Даосизм буддизмнің салт-жоралары мен әдет-ғұрпын қабылдауының нәтижесінде соңынан балгерлік пен сәуегейліктің бір түріне айналып, философиялық ағым ретінде мәнін жоғалтты (3 ғ.). Конфуцийшілдіктің буддизм философиясының идеалистік-рационалистік рухын бойына сіңіруі нәтижесінде неоконфуцийшілдік пайда болды (12 ғ.). Неоконфуцийшілдік ілімінің тууына Ван Тун, Хань Юй, Ли Ао идеялары себепкер болды. Бұл ілім алдына негізгі 2 міндетті қойды: конфуцийшілдік ілімді қалпына келтіру және буддизм мен даосизм көтерген мәселелерді нумерологияның методологияның көмегімен шешу. Бұл мәселені бірінші болып шешуге тырысқан Чжоу Дуньидің идеялары жүз жылдан соң Чжу Си шығарм-нда шешімін тапты. Чжу Си ілімі 20 ғасырдың басына дейін конфуцийшілдік ілімді түсіндірудің негізі болды. Кейін оның ізбасарлары дамытқан конфуцийшілдік ілімі жаңадан пайда болған мемлекет басқарудың бюрократиялық түрінің ерекше құқықтарына теория негіз болып, мемлкет ресми идеологияға айналды. 17 – 18 ғасырлар философиясы Конфуций мен Мэн-цзының «киелі кітаптарына» түсіндірмелер жазумен шұғылданып, Чжу Си мен Чжан Цза немесе Ван Чуань-шань идеялары төңірегінде дамыды. 19 ғасырда Қытайда әлеуметтік реформа мен ағартушылықтың саяси идеологиясы пайда болды. Қытай реформаторлары (Кан Ю-вэй, Лян Ци-чао, Тань Си-тун) абсолюттік монархияны конституциялық монархиямен ауыстыруды талап етті. Олар мемлекет пен халық арасында жарасымды қатынасты орнату тұжырымдамасын ұсынды. Қоғамдық құрылысты революциялық жолмен өзгертуге қарсы шығып, халықты конфуцийшілдік этика нормаларында тәрбиелеуді қуаттады. 20 ғасырда Қытайда саяси филосафия мен әлеуметтік теориялар (ағылшын философы Г.Спенсердің позитивтік эволюционистік идеялары) кең өріс алды. ҚХР-дың құрылуымен Қытай философиясында бірден бір теория негіз – марксизм ілімі, диалект. және тарихи материализм тарала бастады.

37.Көне Қытай философиясының негізгі мектептерінің бірі даосизм болып табылады.        Даосизм (қыт. 道教, dàojiào) - атақты ойшыл Лао Цзы идеяларына негізделіп құрылған ежелгі Қытай философиялық және діни дәстүрі (тікелей аудармасы«жол мектебі»), Даосизм - табиғат күштерін мойындаудың және онымен үйлесімділікте болудың маңыздылығын қолдайтын теория.  Даосизм - байырғы Қытай философиясындағы негізгі бір бағыт. Б.з.д. 4-3 ғасырда пайда болған. Даосизмнің негізгі идеялары «Лао-цзы» және «Чжуан-цзы» трактаттарда берілген. «Чжуан-цзыда» конфуцийшілікке қас идеялар айтылып, табиғат қоғамға карсы қойылады. Адам өзін қоршаған міндеттерден босанып, табиғатқа жақын тұрмысқа қайтса, Дао(әлемнің түпкі негізі, сезімге қонбас сырды, тіршіліктің бүтіндігі) жолына келеді деген ой-пікірді білдіреді. Осынымен бірге Даосизмдегі табиғатты зерттеуге шақырған идеяларҚытайда алғашқы іліми түсініктердің және ойлап табулардың шығуына көмекші болады. «Лао-цзыда» дао түсінігі әлемнің маңызы және жаратылыс себебі деген мағына береді. Адам күрес пен қалаулардан бас тартып, өзі менен өзі болып, саяси істерге қатыспау, өкімет елдің тұрмысына зиян келтірмеуі керек деген көзқарастар айтылады. Дао – дұрыс жол, космостық және адамгершіліктік заң, Қытай фило-софиясының басты категориясы, ол басқа категориялардың бәрін қамтиды. Дао өзінен өзі дамитын универсумнің жоғарғы принципі, барлық бар нәрселердің алғашқы бастауы, дүниенің генетикалық бірлігі ретінде түсіндіріледі: бәрі одан туындайды және бәрі оған қайта оралады. Сонымен қатар, дао – универсалдық заңдылық: Көктің өзі дао заңдарына ба-ғынады, яғни, адам Жер мен Көк заңдары арқылы дао жолымен жүреді, адамның өмірлік мақсат-міндеті – даоны игеру, яғни, дұрыс өмір сүру. Даосизм-әлемнің құрылуымен адам, табиғат, ғаламның үйлесімді түрде жүріп өту жолына жетуді түсіндіруге ұмтылған философиялық ілім. Негізін салушы Лао цзы (б.д.д. 6-5ғ.ғ.). Негізгі еңбегі «Дао дэ цзин». Даосизмнің негізгі ұғымдары «Дао» және «Дэ». «Дао»-өзінің даму сатысында адамның табиғаттың, әлемдік заңдылықтың жүріп өту керек деп саналатын жол. Екінші мағынасы бойынша «дао»- бүкіл әлемнің жаратылуына себепкер алғашқы бастама, энергетикалық бос кеңістік. «Дэ»-бәрінен жоғары, алғашқы бастама- «Даоның» бүкіл әлемге айналуына себепкер болған энергия. Дао-аспанның, аспан-жердің, жер-адамның бастамасы. «Адам жер заңдылығымен, жер аспан заңдылығымен, аспан даоның, ал дао -өз заңдылығымен жүреді». Дао ілімі бойынша болмыстың бастамасы Ци деп есептелген. Ци космологиялық мәні бойынша әлемнің субстанциясы, ол Хаосты құраушы. Ци ұғымынан келіп, екі қарама-қарсы күш пайда болады. Олар Инь мен Ян. Осы екі күштің бірігуінен кейін, бес элемент құрастырылады; от, жер, металл, су, ағаш. Барлық тіршілік, әлем осы элементтерден пайда болған. Дао ілімі бойынша өмір сүргіңіз келсе, «У-вей» қағидасын ұстаныңыз. «У-вей»-заттар мен болып жатқан құбылыстарды өз мәнінде қабылдау, салқынқандылық таныту. Білім-барлық адамға беріле беретін құбылыс емес, ол тек ерекше данышпан адамдарға ған тән. Білім-үндемеу. «Үндемеген адам-білімді, сөйлеген адам-білімсіз адам».

38. Жайнизм - көне үнді философиясының Веда әдебиетіне сүйенбей дамыған ағымы. Ол б.з.б IX-VI ғасырлардан бастау алады. Бұл ағым өзгелерге қысым көрсетпеуді басшылыққа алады. Джайнизм философиясының негізінде - татва яғни мән туралы ілім жатыр. Татва - дүние құрылатын бастапқы құрылыс материалы сонымен бірге білімнің негізі құрылатын ақиқат. Оның негізін қалаушы — Махавира (Вардамана) болды. Бұл сектаның жолына түсушілер кармадан азат болудың басты құралы ретінде — аскетизмді насихаттады. Нағыз джайнистердің фанатизмінде шек болмады. Олар бұл өмірдің барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмірлерінің соңғы сәттерінде тамақтанудан да бас тартты. Джайнизм брахманизммен ымыраға келудің арқасында осы уақытқа дейін Үнді мемлекетінің қоғамдық-саяси өмірінде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негізінен саудагерлер болды.

39. Гегель диалектикасының заңдары. Гегельдің 3 негізгі диалектика заңы бар.

   1. Сандық қатынастардың сапалық қатынасқа ауысуы; Тұрмыста бұл жағдай қарама-қайшылықтан құрылған адам өмірінде жиі байқалады. Әрбір адамда жақсы және жаман қасиеттері болады. Бір жағдайларда адам адамгершілігін сақтап, кейбіреулерінде өзгертуі мүмкін. Қоғам адамды үнемі өзгертіп отырады, яғни адам мінезі өзгеріп отырады.

   2.Даму бағыты заңы(жоққа шығаруды жоққа шығару).  Жоққа шығару- берілген обьектіден соң, оны түгелімен құрытатын зат. Диалектикалық жоққа шығару-1-ші обьектіден бірдене сақталады- обьектінің баяндалуы,алайда ол басқа сапада болады. Су - мұз, Тарыны үгу-түгелімен жоққа шығару, тарыны егу- диалектикалық жоққа шығару.

    3 қарама-қарсылардың ынтымақтастық және күресі заңы.  Форма мен оның мазмұнының арасындағы қайшылық , мүмкіндік пен шындық арасындағы қайшылық. Дамудың себебі- қарама-қарсылардың ынтымақтастық және күрес заңы. Барлық қайшылықтар бір-бірімен күреседі. Мысалы, Маркс Гегельдің идеалистік диалектикасын жоққа шығарған. Алайда, Маркс диалектикасы Гегельдің диалектикасынсыз дүниеге келмес еді. 

40.Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек-шелігін көрсететін факторлардың бірі. Сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға – адам миына ғана тән қасиет.. Қогамдық сана – қоғамның өзін-өзі, өзінің қоғамдық болмысын және қоршаған ортаны түйсінуінің (осознание) нәтижесінде пайда болатын қогамдағы әр түрлі пікірлердің, теориялардың, идеялардың, діни сенімдердің жиынтыгы. Қоғамдық санамен  бирге әр адамның жеке санасы болады. Жеке сана қоғамдық сананың бөлігі, оның құрамында қоғамдык сананың элементтері ылғи да болады. Адам өмірге келгенде қоғамда өзіне дейін қалыптасқан өндірістік қатынастарға, қоғамның экономикалық негізіне ғана емес, рухани мәдениет пен мәдени құндылықтар дүниесіне қадам жасайды.

41 Сана және өзіндік сана туралы айтқанда саналылық аспектісін міндетті түрде қарастыру қажет. Саналылық – адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі. Саналылық тұлғаның
іс-әрекеттерінің адамгершіліктік-психологиялық сипаттамасы болып табылады, адамның өзінің мүмкіндіктері мен мақсаттарын көре білу қабілетіне негізделеді және ол жаны сау тұлғаның қасиеті.          
Эстетикалық сана – адам өзі өмір сүріп отырған шындықтың құбы-лыстарын әсемдік пен ұсқынсыздық, трагикалық және комикалық тұрғы-сынан бейнелейтін эстетикалық түсініктер жиынтығы.
Эстетикалық сананың құрылымына заттар мен құбылыстардың эсте-тикалық құндылығын, сонымен қатар, адамның эстетикалық практикасын: адам жасаған заттардың, табиғат құбылыстарының, адамдардың арасындағы қатынастардың әдемілігін ұсқынсыздық және әсемдік, аскақтық және төмендік, трагикалық және комикалық тұрғысынан бейнелейтін көзқарастар, сезімдер, талғамдар, пікірілер. түсініктер. теориялар және идеалдар кіреді. Эстетикалық сана психологиялық (сезімдер, талғамдар) және теориялық-идеологиялық (идеялар, теориялар) деңгейден тұрады. Екінші деңгей біріншісінен жоғары және оны эстетика ғылымы зерттейді. Қоршаған шындыққа эстетикалық қатынас немесе эстетикалық сана практикалық қызметте ғана емес, ерекше сала – өнерде көрініс табады.
Өнердің қоршаған дүниені бейнелеу екені сезсіз. Бірақ онер туындыларында елестетудің жасампаз күші ерекше байқалады. Осы ерекшелік туралы Кант: «Біз материалды табиғаттан алғанымызбен, бұл материал мүлдем басқа нәрсеге, атап айтқанда, табиғаттан асып кететін нәрсеге өңделуі мүмкін», – деген болатын.
Өнердің функциялары:
1) танымдық – өнер туындыларының көмегімен адам өрісін кеңейтеді, дүние, табиғат, адам туралы білімін толықтырады.
2) тәрбиелік – эстетикалық идеал арқылы өнер адамның жан дүниссіне, мінез-құлқына, түсініктеріне зор ықпалын тигізеді.
3) эстетикалық – өнер эстетикалық талғам қалыптастырады, адамның шығармашылық рухын, шығармашылық бастауын оятады.
4) гедоникалық – өнер туындылары адамға ләззат береді.
Өнер тұлғалық сипатқа ие, оны жасайтын да, қабылдайтын да, қолда- натын да тұлға, сондықтан енер туындысының мазмұны, оны түсініп-бағалау деңгейі тұлғаның ерекшеліктерін бейнелейді. Өнер қоғамды сананың басқа формаларымен, әсіресе саясатпен тығыз байланысты. Бірақ нағыз өнер саясаттан жоғары түруы тиіс, ал өнер саяси тапсырмаларды орындаушыға айналғанда, өзіндік құндылығын жоғалтады.
Тақырыпты қорытындыласақ, онтология – философияның күрделі де маңызды салаларының бірі. Болмыс, материя, қозгалыс, сана, қогамдық сана мәселелері философияның классикалық мәселелері болып табылады. Оларды зерттеу көне заманнан бастап, қазіргі күнге дейін жалгасып келеді және бұл багыттагы ізденістердің өзектілігі зор деуге болады.

42. Сана — ой елегінен өткен білім, болып жатқан оқиғаларды ой елегі арқылы қабылдау деуге болады. Мұны басқаша айтқанда: бұл — өз жағдайыңды түсіну, өз қимылыңды басқара білу, сондай-ақ өз сезімдерің мен ойларыңды бақылау. Қоғамдық сананың бірнеше формалары бар. Олар: саяси сана,құқылық сана, моральдық сана, .эстетикалық сана, діни және  атеистік сана.

   Дін объективті ақиқатты адам ойында түбегейлі өзгертіп, қиялишылдық түрде бейнелейді. Діни қағидаларға қарағанда, дүниедегі кез келген құбылыстың тікелей тірегі, қозғаушысы- ол өмірден тыс тұрған жәнее жаратушы күш. Қандай діннің болса да басты мақсаты – адамды құдіреттің күшіне иландыру. Олай болса, дін дегеніміз – жаратылыстан тыс тұрған Құдірет, періште, жын шайтан, ана дүниенің бар екеніне, жанның мөңгі өлмейтіндігіне сену. Дін мен идеализм арасында тығыз байланыс бар. Идеалистік философия ғылымға ұқсаса болып жасалған, өте нәзік дінге жатады. Діндердің ең жоғарға сатысы – таптық қоғамдарда пайда болып, содан бері келе жатқан монотеистік сенім. Оған жататындар – будизм, ислам, христиан, иудайзм.

   Діннің пайда болуы ертедегі қауымдық адамдардың дүниетаным қабілетінің өте төмен болып, табмғм құбылыстардың сырын түсіне алмай, түрлі жағдайлардың себептерін күш-құдіретке балағанын көрсетеді. Сол кездегі Күнді жаратушы деп түсінген тайпалар дінін монотеизмнің  бастамасы деуге де болады. Діннің гносеологиялық түп тамырлары да бар. Оның әлеуметтік түп негізіне адамдардың таптық-антагонистік қоғамдарда теркінен айырылып,  өбден езіліп біткені жатады. Сондақтан сол езілгендер бұл дүниеден әделеттік таба алмаған соң, теңсіздіктен көзі ашылмағандықтан, олар о дүниеге, белгісіз күшке сеніп, соған сүйеніп, содан қуат тірек күтетін болған. Езілгендердің бұл арманын үстеп таптар өз мүдделеріне пайдаланған. Дінді езілгендердің рухани-арман тірегінен езушілердің үстемдік, жай адамдарды тізгіндеп иландыру құралына айналдырған. Ал діннің гносиологиялық түп тамырында дүниені білудің, танудың, қиын қайшылықтарға толы екендігі жатыр. Діннің тууына дүниенің тану қиындығы, табиғаттың көптеген құбылыстарының құпиясын аша білмеу себепші болған.

  Дінде апологетика басым, танымдық жағы жоқтың қасында. Дін тек илану, сенуді қажет етеді. Сондықтан ол дүниені өзгертуге, дамытуғаәсер ете алмайды. Бірақ ол ғылыми техникалық прогресске сәйкес ұдайы бейімделіп, өзгеріп отырады. «Құдай» тдеген ұғымның өзі дінде түрліше түсіндіріледі. Кейде ол адам тәрізді ұғандарылатын болса, енді бірдеол бүкіл әлем ғалам тәрізді, белгілі заңдылықтар сияқты уағыздалады. Оны Гегель болмыстың саналылығы деп те тұжырымдаған болатын. Дінді бекерге шығаруды атеизм дейді.  

43. Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері. 

Құқықтық сана – қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.   Құқықтық сана – адамдардың мемлекет тағайындаған заң ережелері мен заң мекемелерінің жиынтығы болып табылатын нақты құқыққа деген қатынастарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, теориялары мен түсініктерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың да екі деңгейі бар:

  1) практикалық құқықтық сана – адамдардың құқықты практикалық қолдануы, қоғамда қабылданған нормативтік актілерге қатысты қылықтары, сыртқы іс-әрекеттері. Ол мынадай компоненттерден тұрады: құқықтық сезімдер, құқықтық дағдылар және әдеттер, құқықтық білімдер.
Құқықтық сезімдер субъективті, оларды заң ережелеріне адамның реакциясы деуге болады. Мысалы, әділеттілік сезімі, еркіндік сезімі, немесе ашуыза
Құқықтық дағдылар – адамның заң талап ететін сыртқы әрекеттер
жасай білуі, бұл әрекеттердің оның бойында тұрақты қалыптасуы (Мысалы, шығынды етеу, келісім-шарт жасау, тиесілі нәрсені ала білу және т.б.). Мұндай дағдылар индивидтің өмірін, қызметін жеңілдетеді.
Құқықтық әдеттер – құқықтық нормаларды сақтауға деген индивидтің ішкі қажеттілігі.
Құқықтық білімдер – құқық саласы бойынша субъектіні түсініктерінің, пікірлерінің, бағдары мен ұстанымдарының жиынтығы.
Осы аталған компоненттер адамның құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
2) Теориялық құқықтық сана – құқықты, оның шекаралары мен нор-мативтерінің шекараларын түсінуге, құқыққа қатынас тәсілдері мен құрал-дарын анықтауға және құқықтық білімді жетілдірдіруге арналған ой қызметі процесі мен оның жемісі.
Мұндай ой қызметінің міндеті – құқықтық сананы өзгерту, оның құқықтық нормативтерге мүмкіндігінше көбірек сәйкес болуына жету. Бұл қызметті арнайы құқықтық білімі бар адамдар атқарады, олар заң ғылымын кәсіби дамытып, заңдар дайындайды, ғылым-практикалық ұсыныстар жасайды,қатынастарды реттеп отырды.

44) 18 ғ. француз материализмітабиғатқоғамадам. (Д. Дидро, Ф. Вольтер, Ж.Ж. Руссо). 17-18 ғғ. басында Англияда, одан соң Францияда, кейін Германияда феодалдық қоғам идиологиясына қарсы, адмның ақыл ой бостандығы үшін күресте ағартушылық деп аталатын кең ауқымды ағым пайда болды. Оған Д.Ж.Локк пен басқа да материалистердің философиясы үлкен әсер етті. Ағылшын ағартушысы Д.Ж.Толанд (1670-1722), француз ағартушылары Гассенди (1592-1655), Монтескье (1689-1755), Вольтер (1694-1778), Руссо(1712-1778), неміс ағартушылары Х. Вольф (1679-1754), Лессинг(1729-1781), Гете (1748-1832) және т.б. діни сенімге шек қойып, ақыл ойдың табиғи дамуына жол ашу үшін күресті. Француз ағартушыларының философиясы біртектес емес, онда материалистік және атейістік бағыттармен қатар идиалистік ағымдар да болды, олардың теориялық негізі де әр текті. Француз ағартушыларының кейбіреулерінің өздері атақты ғалым болды. Француз ағартушылары сондай ақ озат философиялық ой пікірдің өзіндік ұлттық дәстүріне де сүйенді. Француздардың сол кезеңдегі идеялық өміріне Вольтер Кондильяк ерекше зор әсерін тигізді. Олар шіркеу мен дінге қарсы батыл күресіп, адамның рухани бостандығын талап етті. Француз ағартушыларының аса беделді қайраткерлерінің бірі Ж.Ж.Руссо. Оның философиялық толғаныстарының негізгі тақырыбы сол кездегі қоғамдағы адамның тағдры еді. Руссо адамдар арасындағы әлеуметтікк теңсіздікті жою үшін бостандық пен теңдік қажет деп дәлелдеді.

Француз материалистері материализмнің механистік формасын дамытты, бірақ олардың кейбіреулерінің көзқарасынан, мәселен, Дидроның организмнің дамуы жайындағы пікірлерінен, диалектиканың элементері де байқалды. Бұл ілім бойынша табиғат, материя бүкіл дүниенің себебі. Ол өздігінше өмір сүріп әрекет етеді. Мәселен егер Декарт материаны қозғалысқа келтіретін құдай деп түсінген болса, Гольбах табиғат өзінен өзі қозғалысқа келеді, материяның қозғалысы мәңгі, өйткені ол материяның өмір сүруінің д.есептеді. Сөйтіп, Лебництің идиализіміне және Декарттың дуализміне қарсы күресе отырып, француз материалистері танымның сезімдік және логикалық формаларының бірлігін дәлелдеді. Олар дінге халықты қанау езудің рухани құралы деп қарады. Адамдарды дін мен жоққа сенушіліктен арылтудың жолы ағарту ісі деп білді. Бұл жерде олар атеизм принц.і және қоғамды революциялық жолмен қайта құру қажеттігін түсінуге жуықтап келеді: егер адам, оның жеке басының сапалары қоршаған ортаға байланысты болса, онда оның кемшіліктері де сол ортаның әсерінен болғаны. Сондықтан адамның кемшіліктерін жойып, оны өзгерту үшін қоршаған ортаны және ең алдымен қоғамдық ортаны қайта құру қажет.

Қысқарта айтқанда, 18 ғ. француз материализімінің орасан зор таирихи маңызы оның дін мен идиализмге қарсы күресінде, дүниеге материалистік көзқарасты қорғап, одан әрі дамыта түсуінде болды. Сонымен қатар, оның кемшіліктері де бар. Француз материализмі, жалпы алғанда, механистік және метафизикалық сипатта болды, таным процессінің диаликтикалық ұғымына жете алмады, қоғам өмірі мен адам жайындағы көзқараста идиалистік, ағартушылылық түсінік шеңберінен шыға алмады.

45. Аксиология - (грек, axios — құңды, logos — ілім) — құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім. Аксиологияның негізгі мәселесі — "Игілік деген не?" деген сұрақты алғашқы болып Сократ қойған.. Аксиология әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін, мәдени құндылықтардың қалыптасуын, нақтылы даму тектерін және бағдарларын айқындайтын білімдердің нақтылы-тарихи жүйесі ретінде көрініс тапты. Сонымен бірге Аксиология әлеуметтік-мәдени талдаудың маңызды құралына жатады. Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ, құндылықтар сұхбаты, т.б. жатады.

46.В.И.Лениннің философиясы

В. И. Ленин философияны ең алдымен халықшылдарға қарсы күресе отырып дамытты. Халықшылдардың Ресей капитализмге соқпай дами алады деген пікірін сынай келіп, XIX ғасырдың екінші жартысында Ресей капиталистік даму жолына түсті, олай болса, ол капитализмге соқпай дамиды деген пікір – бос даурығу: мақсат – капитализм ауыртпалықтарынан тез өтуде, деп дәлелдеді. В.И. Лениннің Маркске қосқан тағы бір үлесі – оның империализмге берген анықтамасы. В. И. Ленин сол кезеңде капитализм өзінің ең соңғы сатысы - өзгеше, қайшылықтары мол қоғам екенін дәлелдеп топшылады. Оның ерекшеліктері үш түрлі: біріншіден, империализм – монополистік капитализм, екінші жағынан, паразиттік немесе іріп – шіріп бара жатқан капитализм, үшіншіден, ол - өліп бара жатқан капитализм, олай болса, ол – социалистік революция қарсаңы деп жорамалдады. Қазір озық дамыған жеті капиталистік ел бар, олар: АҚШ, Англия, Канада, Жапония, Франция, Германия, Италия. Бұлардың тез дамуының себептері, ең алдымен Қазан революциясының нәтежесінде пайда болған социолистік елдер капиталистерге үрей салып, оларды жаңа жол, жаңа әдіс тауып, күнін ұзартуға итермеледі. Олар енді жұмысшылармен тіл табысты, түрлі акционерлік қоғамдар құрып, жұмысшыларды капиталистік өндіріске аз да болса қосарлас иеге айналдырды. Жұмыс күнін қысқартып, жалақыны жұмыс істеген сағаты бойынша төлеу әдісіне көшті. Бұрын Маркс, Ленин дәуірінде жұмысшылар жұмыс уақытын азайту үшін күрескен болса, енді олар жұмыс сағатының ұзақ болуына ынталы болды. Олардың бұлайша дамуына тағы бір себеп : социализм жіберген орасан қателіктер, әкімшілік - әміршілдік тәртіп, маркстік теорияны қатып қалған догмаға айналдырып, оны өмірден алшақ, схоластикалық ілімге ұқсас ету болды. Капиталистік елдер нарықтық экономика, бәсекелестік күрес арқылы ұдайы шындалып, даму жолына түссе, социалистік елдер бір деңгейге жеткен соң бір орынды шиырлап, ілгері баспады. Тек Дянь Сяо Пин сілтеген нарықтық қатынас жолымен жүрген Қытай басқаша дамыды.

47. Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.

    Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен — Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф.Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Қазіргі мәдениеттануда Герменевтика "тұлғалық түсінуші тәжірибемен" (Г.Гадамер) байланыстырылады. Гадамер бойынша, тарихи құрылымдар мен мәдени деректерді түсіндіру тіл мүмкіндіктеріне негіз болған.

48. Агностицизм - (грек. мойындамаушылық) - объективті әлемді, ақиқаттың объективті белгісін мойындауды жоққа шығаратын, оларды жай елес етіп түсіндіру арқылы ғылымның рөлін шектейтін, табиғи, соның ішінде әлеуметтік процесс заңдылығы мен заттың мәнін түсіну мүмкін емес деп есептейтін философиялық ілім. Агностицизм ұғымын XIX ғасыр діни сайыстарда ғылыми көзқарасты айқындаушы ретінде 1869 жылы Т. Гексли енгізген. Агностицизмнің қайнар көздері - скептицизм, Зенонның апориялары. Д.Юм ілімі, И.Канттың антиномиялары агностицизм негізгі көзі болып табылады. 

49. Қайта жаңғыру мөдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мөдениет — XIV ғасыр аяғында XV ғасыр басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мөдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мөдениетіне ерекше мән беріп, көне мөдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады.

Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең — қоғамдық-саяси және мөдени өмірде елеулі орын алды: Экономика саласында — бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында — тәуелсіздік үшін күрес заманы болды. Жаңадан қалыптасып келе жатқан жас буржуазия мүдделері басымдылық танытып «бюргерлік мәдениеттің» барған сайын ұлттық сипатқа ие бола бастау заманы. Толассыз соғыстар, отаршылдардың айуандық әрекеттері және соның нәтижесінде тереңдей түскен таптық қақтығыстар, халыққа қырғидай тиген түрлі аурулар эпидемиясы, талай дарынды еркін ой иелерін отқа жаққан инквизиция оттары, толассыз діни соғыстар — осылардың бәрі Еуропа халықтарының өткен тарихы, дәуір сипаты болды.

Дүниежүзілік мөдениет тарихындағы үлкен тарихи белес — Қайта жаңғыру дәуірі аяқталды. «Қайта жаңғыруды» барлық өркениетті халықтар өз бастарынан өткізген. Ренессанс тек қана Батыс Еуропа халықтарына ғана тән мәдени құбылыс деген көзқарастың мүлдем қате екендігін мәдени-тарихи деректер жоққа шығарып отыр, өйткені Үнділер Ренессансы XVI—XVII ғасырларда болса, Кіндік Азиядағы бұл мәдени өрлеу X—XV ғасырлар қамтиды. Демек, мәдени дамудың шегі жоқ, оның арнасы да кең, әрбір ұлттың дүниежүзілік мәдениетке қосар үлесі, одан алар өзіндік орны бар. Олай болса, «Қайта жаңғыру» мөдениеті тек ежелгі мәдениетке мирасқорлық, ұмытылған өркениет мұраларының игі дәстүрлерін қайта жандандыру, өткен үлгілерді қайталану ғана емес, қайта сол көне және кейінгі рухани қорлар тоғысынан қуат алып, тыңнан бой түзеу, гүлдену.

50) Марксизм— 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельснегізін қалаған философиялықэкономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі. Марксизмнің теориялық қайнар көзі — классикалық неміс философиясы (Г. ГегельЛ. Фейербах), классикалық ағылшын саяси экономиясы (А. Смит және Д. Рикардо) және француз утопиялық социализм ілімі (Ш. Фурье, Р.Оуэн және Сен-Симон).Марксизмнің мақсаты, қоғамның негізгі қозғаушы күші ретінде жұмысшы табының маңызын теориялық негіздеу болды.[1]

Философия саласында марксизм табиғатқоғам мен ойлау дамуының жалпы заңдарын (қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі заңытерістеуді терістеу заңы, т.б.), Гегельдің идеалистік философиясы ережелерін тұжырымдап, қоғамды, ең алдымен, экономиканы талдау кезінде қолданды. Марксизмнің түйінді идеялық қағидалары — қосымша құн және өндірісті қоғамдастыру түсініктеріне негізделген капитализмнің экономикалық жүйесін талдау, тарихи материализмнің философиялық жүйесі, соның ішінде пролетариаттың тарихи рөлі туралы қорытындылары 19 ғасырдың 2-жартысында жұмысшы қозғалысының негізгі идеологиясына айналды. Марксизм дүниені кең ауқымда қайта құрудың белгілі бір үлгісін қалыптастыруға бағытталды, жаппай әлеуметтік, рухани көзқарастар төңкерісі идеясын жариялады. Классикалық марксизм ымырасыздығымен, іске асатын жобасының зардаптары туралы мәселені шешудегі қаталдығымен ерекшеленді. Марксизм социалистік төңкеріс нәтижесінде пролетариат диктатурасын, екі кезеңнен (социализм менкоммунизм) тұратын коммунистік қоғам орнатуды мақсат етті. Марксизмдегі аш-қан қоғамдық-экономикалық формация теориясыбойынша жаңа өндіргіш күштер мен күні өткен өндірістік қатынастардың арасында жанжал шығып, әлеуметтік төңкеріске әкеледі. Нәтижесінде бір формация екіншімен ауысады.




1. группы риска по формированию дезадаптивных форм поведения
2. Финансовые результаты и распределение прибыли предприятия
3. Это отличная возможность реализоваться и выбрать тот путь по которому вам будет комфортно двигаться по жиз
4. Реферат- Хозяйственная деятельность предприятия
5. M~ktubd o d yz~lm~~d~ ki tezlikl~ v~t~n~ qy~dcqlr
6. ПО ТЕМЕ- ПОНЯТИЕ МЕР ОБЕСЕЧЕНИЯ УГОЛОВНОГО ПРОИЗВОДСТВА И ИХ ВИДЫ Меры обеспечения уголовного производс
7. деген элементтерді~ санын ~алай атайды т~зетуші ~абілеттілігі B кодты~ комбинацияны~ синдромы C к
8.  In the beginning we hve the speker of the SLsource lnguge исходный язык who cretes SLTSpoken Lnguge Trnsltion язык перевода
9. УРАЛЬСКИЙ ФЕДЕРАЛЬНЫЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ ПЕРВОГО ПРЕЗИДЕНТА РОССИИ Б
10. ТЕМА- Визначення прогину та кутів обертання при прямому згині.html
11. Корпоративные средства коммуникации Действенным средством повышения эффективности работы фирм и даже
12. Протягом тривалого часу на нього мали безпосередній вплив найрізноманітніші фактори еволюції українського
13. СОШ 94 города Саратова учитель немецкого языка I категории Эффективность использования мультимедийны
14. Про освіту від 23
15. 973 885 880 28 0907 G 1-4
16. исключительно человеческий феномен не существующий без своего носителя естественного человека и в с
17. ДЕЛЬФИНЯТА Интегрированное занятие по краеведению подготовительная к школе группа Г
18. Задание 1
19. Экзистенциальный и рефлексивный типы функционирования ментального пространства культуры
20. насихатты~ м~ні бар стиль - Публицистикалы~ стиль ~алыптас~ан жазу ~лгісі бар стиль- Ресм