Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
ӘОЖ 811.512.122:396 Қолжазба құқығында
БАЙҒҰТОВА АҚЛИМА МАРХАБАТҚЫЗЫ
"Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипаты
10.02.02 - қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында орындалды.
Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының докторы,
профессор Ж. Манкеева
Ресми оппоненттер: филология ғылымдарының докторы
Р.Шойбеков
филология ғылымдарының кандидаты
С.Жапақов
Жетекші ұйым: Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университеті
Диссертация 2008 жылы 25 сәуірде сағат 16.00 де ҚР БжҒМ А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы 10.02.06 - түркі тілдері және 10.02.02 - қазақ тілі мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орталық кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28).
Автореферат 2008 жылы 25 наурызда таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы міндетін атқарушы
филология ғылымдарының докторы М. Малбақов
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Кейінгі онжылдықтар белесіндегі зерттеулер этносты, ұлт мәдениетін тіл арқылы анықтауды негізгі қағида етеді (Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Р.Сыздық, Н.Уәли, Ж.Манкеева, Г.Смағұлова, Қ.Жаманбаева т.б.). Нақты айтқанда, тілді тұтынушы ұлтты алғашқы орынға қоятын лингвистикадағы антропоцентристік парадигма өз аясында жаңа бағыттарға жол ашуда. Осымен байланысты Г.Снасапова, Ш.Елемесова, Ф.Қожахметова, М.Күштаева, Қ.Қайырбаева, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Ж.Саткенова сынды жас ғалымдардың жұмыстарында тіл таным кілті деп қаралып, когнитивтік лингвистика мәселелері этнолингвистика, лингвомәдениеттану, психолингвистика, әлеуметтік лингвистикамен тығыз байланыста зерттелген.
Осыған орай соңғы кездері қазақ тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы концепт табиғатын нақты дәйектер негізінде ашуға бағытталған еңбектердің көбейіп келе жатқаны байқалады. Ғалымдардың зерттеулерінде бақ, тағдыр, өмір, өлім, жан, қайғы, мұң, тары, батырлық, қаһармандық, соғыс, түр-түс, сұлулық, әсемдік, т.б. концептілердің мазмұны көрсетіліп, олар әр қырынан қарастырылған.
Ал мәңгілік тақырыптардың бірі - әйел мәселесі қоғамдық ғылымдардың ішінде, негізінен, қазақ әдебиеттануында көркем шығармалардағы әйел бейнесіне қатысты зерттеулерде кездеседі. Шын мәнінде, қазақ тарихы мен мәдениетін зерделесек, сан ғасырлар бойғы күресте елдігін ерен еңбегімен, асқан парасатымен, шексіз шыдамдылығымен және сүйіспеншілігімен сақтай білген, ұлттық рухты ұрпағының бойына ақ сүті арқылы, бесік жыры мен туған тілі арқылы сіңіре білген әйел-аналар аз емес. Қазіргі таңдағы ана тілінің тағдырында да, бүгіні мен ертеңінде де бағзы замандардағыдай аналардың алатын орны, атқаратын рөлін көрсету мен жаңғыртудың мәні ерекше. Алайда қазақ халқының ұлттық дүниетанымына сәйкес қазақ мәдениетіндегі әйелдің шынайы орнын тіл арқылы таныту, жаңаша зерттеп-зерделеу міндеті толық шешілген жоқ. Осымен байланысты ұлттың болмыс-бітімі, дүниеге көзқарасы мен рухани-мәдени құндылықтарына сәйкес әйелдің өзіндік табиғатын, қоғамдағы, отбасындағы әлеуметтік қызметімен сабақтас анықтау мәселесін ұлттық таным қорында тіл арқылы жинақталған әйел концептісі арқылы дәлелдеудің мәні ерекше. Оның өміршеңдік сипатына сәйкес қазіргі қазақ қоғамындағы "қазақ әйелі" концептісінің даму динамикасын, жаңару үрдісін анықтау зерттеу жұмысының негізгі ұстыны болып табылады, әрі оның өзектілігін де айқындайды.
Зерттеу нысаны. Қазақ халқының танымындағы "әйел" концептісіне қатысты атаулар, қазақ әйелдерінің таным-талғамын, көзқарасын, сезімін, психологиясын, сан иірімді ерекшеліктерін тануға, қазақ мәдениетіндегі орнын айқындауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктер, лексико-фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер, халық ұғымында қалыптасқан ұғым-түсініктер, қазіргі көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. "қазақ әйелі" концептісін дәлелдейтін деректерді зерделеу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Қазақ әйелінің қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, әйел концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Аталған мақсатты орындауда алға қойылатын міндеттер:
- "қазақ әйелі" концептісін антропоцентристік бағытта зерттеудің негіздерін айқындау;
- қазақ әйелінің "Ғалам бейнесі" контексіндегі концептілік аясын сипаттау;
- көркем мәтіндердегі, прецеденттік мәтіндердегі, мифология мен сакральды жүйедегі, топонимдердегі, т.б. "қазақ әйелі" бейнесін сипаттайтын деректерді концептілік жүйеде жинақтау;
- қазақ әйеліне қатысты тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, теңеу, метафора, символдардың мазмұнындағы концептілік өрісті анықтау;
- "қазақ әйелі" концептісінің ассоциациялық өрісін психофизиологиялық, гендерлік, әлеуметтік сипатта көрсету;
- қазақ әйеліне қатысты онимдердің этномәдени сипатын түсіндіру;
- қазақ әйеліне қатысты тілдік бірліктердің әлеуметтік мәнділік деңгейін динамикалық жүйе ретінде көрсету;
- "қазақ әйелі" концептісінің ассоциативті тезаурусын түзу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Халық ауыз әдебиеті мұралары, белгілі ақын-жазушылардың көркем туындылары, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық, паремиологиялық т.б. сөздіктер, тарихи-этнографиялық, мифологиялық деректер, мерзімді баспасөзден алынған тілдік деректер .
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Сипаттама, семасиологиялық, этнолингвистикалық, концептілік талдау, ассоциативтік эксперимент әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері:
Зерттеудің негізгі жаңалығы - "қазақ әйелі" концептісін ғаламның көркемдік және тілдік аясында лингво-когнитивті деңгейдің бірлігі ретінде қарастыру. Соның негізінде анықталған мына жайларды зерттеудің жаңалығы және нәтижелері деп санаймыз:
- "қазақ әйелі" концептісі мәнінің ұлттық танымға сәйкес тілдік бейнесіне семантикалық, концептуалдық, этнолингвистикалық, психолингвистикалық талдау жасалынды;
- "қазақ әйелі" концептісінің аясына кіретін сөздер, көркем және прецеденттік мәтіндер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдердің мағыналары айқындалып, олардың этномазмұндық мәнін ашу арқылы қазақ халқына тән дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді;
- ассоциативтік тәжірибе әдісін қолдану арқылы қазіргі ұрпақ санасындағы "қазақ әйелі" туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер анықталды;
- аталған концептіге қатысты тілдік ұжымның аялық білімінің эксплицитті және имплицитті түрлері ажыратылды.
Зерттеудің теориялық маңызы және практикалық мәні. Зерттеудің нәтижелері мен пайымдаулары қазақ тіл біліміндегі этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік зерттеулердің ғылыми-теориялық негіздерін нақтылай түсуге белгілі бір дәрежеде өз үлесін қосады. Зерттеу барысында талдау жасалынған тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме, фразеологиялық, ассоциативтік сөздіктерді құрастыруға пайдалануға болады.
Зерттеудің нәтижелерін этнос тарихын, ұлттық дүниетанымды, ұлт мәдениетін тіл арқылы танытуға арналған дәрістерде, көркем мәтінді лингвистикалық талдауға қатысты арнайы курстарды жүргізуде, "Әлеуметтік лингвистика", "Лингвоелтану" пәндерін оқытуда, этнопедагогикалық тәжірибеде қолдануға болады.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейінзерде ерекшелігі, дүниетанымы, парасатпайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. қасиеттерінің тілдік көрінісі - этносты сипаттайтын ерекше этноөзектік концептілер;
зерттеу мазмұнында талданған ассоциациялар, бағалау мен коннотациялар - қазақ әйелінің сезімдік, әлеуметтік, психологиялық, мәдени т.б. дәйегі, ұлттық сананың кілтін ашатын тілдік құралдар;
"қазақ әйелінің" концептілік бейнесі көркем және прецеденттік мәтіндерде, мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік жүйеде жасалып, символдық деңгейге көтерілген;
"қазақ әйелі" концептісі - ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталған ұлттық таным ақпаратының санада қалыптасқан мәнмазмұны, қызметі;
тілде, жадта бұрыннан сақталған ақпаратты қабылдау, тану, өңдеу арқылы жаңа сапада жаңғырту "қазақ әйелі" концептісінің қазіргі қазақ қоғамындағы мәнін таным мен мәдениет сабақтастығын дәлелдейді.
Жұмыстың мақұлдануы мен жариялануы. Диссертацияның мазмұны, тұжырымдары мен негізгі нәтижелері төменде көрсетілген халықаралық ғылыми конференцияларда: "Қазіргі таңдағы ғылым мен білім" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда (Шымкент, 2005), "Педагогикалық білімнің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2006), "Әуезов оқулары - 5" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2006), Т.Жанұзақовтың 80 жылдығына орай өткізілген "Қазақ тілінің лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері: қалыптасуы, дамуы мен болашағы" атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияда (Алматы, 2007) және ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанындағы "Лингвистикалық жұма" атты ғылыми-әдістемелік семинарда (10 маусым, 2006) баяндалды.
Республикалық ғылыми басылымдар мен ғылыми жинақтарда диссертация тақырыбына қатысты 9 мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде диссертация тақырыбының өзектілігі, зерттеу нысаны, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдары түйінделіп, зерттеу әдістері, зерттеудің теориялық және практикалық мәні сипатталады.
Бірінші тарау "Ғаламның тілдік бейнесіндегі "қазақ әйелі" концептісі" деп аталады да, оның мазмұны алты тараушада сипатталады. 1.1 Қоғамдық ғылымдар аясындағы "әйел" концептісінің сипатталуы. Адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің қатарында "еркек-әйел" оппозициясының аталатыны белгілі. Ертедегі еңбектің жынысқа қарай бөлінісі еркектің асыраушы (аңшы т.б.) ретінде тұрмыста үстемдікке ие болып, абсолютті тұлға ретінде орнығуына жағдай жасады. Ерлердің қызметі табиғатпен бірге әйелді де бағындырды. Ерлер әйелдерді өздерінің жартысы деп танып, оны өздерін толықтыратын екінші "мені" ретінде ғана мойындады, ол ұғым прецедентті мәтіндерде дәйектелді. Философтардың пайымдауынша, осылайша әлеуметтік прогресстің дамуы жыныстық теңсіздікке апарып соқты. Бұл тараушада осыны дәлелдейтін батыс, орыс, қазақ ойшылдарының адамзат тарихындағы іргелі түсініктердің бірі - "еркек-әйел" оппозициясы туралы пікірлері туралы сөз болады. 1.2 "Қазақ әйелі" концептісінің психофизиологиялық негізі. "Қазақ әйелі" концептісінің кілтін ашуда әйел табиғатын, тілін оның психофизиологиялық жақтарымен қарастыру тиімді болмақ. Әрине, бұл аспектіде терең зерттеу қазақ тіл білімінде кенжелеу қалып жатыр.
Арнайы зерттеу жүргізген ғалымдардың пайымдауынша, ми жасушаларының қызметі ана құрсағының өзінде-ақ біздің ойлау жүйеміз бен мінез-құлқымыздың сипатын айқындайтын етіп ұйымдастырылған. Сол себепті о баста дүниеге бала әкелу, ана болу үшін жаратылған нәзік жыныстылар қандай жағдайда да өзінің аналық табиғатынан жырақтай алмайды. Мұның дәлелін көркем мәтіннен де айқын аңғаруға болады: Шешесінен көзін ашпай жатып айрылып, бетбейнесінің қандай екенін ұмытып қалған кішкене бала мынау қастарынан қалмай ербеңдеп жүрген ебілсебіл әйелді: "Апа!" дейтінді шығарды. Бауырына басын тығып ұйықтайтынды шығарды. Қараңғы түнде омырауына тұмсығын тығып пысылдап жатқан кішкене сәбидің кекілін сипап, кемсеңдеп жылап шығатын атымен бөтен бейтаныс әйелдің көкірегіне сүт жүгірді (Ә. Кекілбаев. Үркер).
Ал енді еркек ақылдырақ па, әйел ме? Нейробиологтардың зерттеулеріне сәйкес ми салмағы әйелдерде шын мәнінде еркектерден азырақ (ерлердің миының салмағы орта есеппен - 1,4 кг, ал әйелдердегі орташа көрсеткіш - 1,3 кг), бірақ олардың ми иірімдері артығырақ. Сондай-ақ, әйелдердің миы олардың дене салмағының 2,5 пайызына, ал еркектердікі 2 пайызына тең екені, ерлердің миының алдыңғы жағы көлемдірек, әйелдердікінің артқы бөлігі үлкенірек екені және әйелдерде екі жарты шарды байланыстыратын ми бөлігінің тығызырақ екені де анықталған. Арнайы тәжірибе жасаған шетел нейрохирургтары әйел миының екі жартышарындағы сөйлеу және ойлау қабілетін байланыстыратын нейрондардың қоюлығы ерлермен салыстырғанда 23% артық деп көрсетеді. Ал көрнекті психолингвист Н.И. Жинкин осы нейрондардың бала психологиясына, физиологиялық дамуына әсер етуімен бірге оның тілдік белсенділігін жетілдіруге де көп ықпал ететінін дәлелдеген болатын [1, 67-68]. Қойылған сұраққа бір сөзбен ғана қысқа жауап берудің орнына жолжөнекей болған оқиғаны да, оған деген өзінің көзқарасын да баяндап шығатын әйелдің көпсөзді болуы, ал ер адамдардың сұраққа қысқа да нақты жауап беруі осы ерекшелікке байланысты. Әйел табиғатына тән осындай заңдылықтар, ерекшеліктер қазақ әйеліне де ортақ. Оны тілдік деректермен дәйектеуге болады: - Е,е, көптен бері хабарласпаған болдыңыз ғой. Ағайынысыз ба, жақынысыз ба?
- Жиенімін.
- Жиенімін? Ойбай-ау, бізге де алыс болмадың ғой. Ошақтыға тиген әкемнің інісінің қызы бар деуші еді, сол сіз болып шықтыңыз-ау. Е,е, құда екенсіз ғой. Менің де бір сіңлім ошақтыға тұрмысқа шыққан. - Қымқа орнынан көтеріле берді де, әлдене есіне түсіп, ерніндегі күлкісін тыя қойды. - Кешір, айналайын, -- деді даусын бәсеңдетіп. - Қу тіршілік адамда ес қалдыра ма, ойымнан шығып кетіпті, - ол отыра қалып әлдене деп күбірлеп бетін сипады да қайтып тұрды. - Нағашыңыз армандап жүруші еді, қарындасым мен күйеу баламның иманы үйірусіз кетті деп. Құдай иманын саламат қылсын, өзіңе өмір берсін.
- Рахмет, жеңгей (Д.Исабеков.Тіршілік).
О баста еңбек бөлінісіне байланысты пайда болған ерекшеліктер қазақ әйелінің де табиғатына, болмысына әсер етпей қоймады. Шындығында, әйелдер ерлерге қарағанда, физиологиялық жағынан нәзік, әлсіз, көп сөзге бейім, тым эмоционалды, әсершіл болғанымен, оларда руханилық басым, олар кемшілігін тез түсініп, бастапқы райынан тез қайтады. 1.3 "Қазақ әйелі" концептісін әлеуметтік лингвистика тұрғысынан сипаттау. Қазіргі таңда тілдің әлеуметтік жіктелуі мен қоғамның жыныстық жіктелуінің өзара байланысын, әйел мен ер адамның тілдік және бейтілдік бірліктерді қолдану айырмасын [2] т.б. зерттейтін әлеуметтік лингвистиканың "қазақ әйелі" концептісін сипаттауда рөлі ерекше. Осы мәселелерге бағытталған лингвистикалық еңбектердің арасында гендерлік зерттеулерге айтарлықтай мән берілуде. "Гендер" ұғымын тілдік жағынан сипаттап, оның орыс тіліндегі ерекшеліктерін анықтауға зерттеуші А.В.Кирилина үлес қосты. Қазақ тіл біліміндегі антропоөзектік бағыттағы зерттеулердің арасында тіл мәселелерін гендерлік лингвистика аясында қарастырған еңбектердің қарасы молайғанын атап өткен жөн. Олардың қатарына Б.Хасанұлы, Г.Мамаева, Қ.Жанатаев, Г.Шоқым, М.Ешимовтің т.б. зерттеулерін жатқызуға болады. Ғалым Г.Шоқымның көрсетуінше, лингвомәдениеттанулық бағытта фемининдік және маскулиндік таптаурындардың (стереотип) тілдегі көрінісі, "еркектік" (мужественность) және "әйелдік" (женственность) тұжырымжасам, гендерлік метафоралар қолданысы (еркектік немесе әйелдік мағынасының жынысқа қатыссыз заттар мен құбылыстарға ауыстырылып қолданылуы) және мәдениетаралық қатысым деңгейінде т.б. зерттеулер жүргізілуде [2,23]. 1.3.1 "Қазақ әйелі" концептісінің әлеуметтік сипатын гендерлік стереотиптер арқылы анықтау. Гендерлік зерттеулердің басты назарға алатын мәселелері - қоғамдағы ерлер мен әйелдерге деген қалыптасқан қарым-қатынасты айқындайтын мәдени және әлеуметтік факторларды анықтау, индивидтердің белгілі бір жынысқа жатуына байланысты мінез-құлық ерекшеліктерін, олардың еркекке және әйелге тән негізгі қасиеттерінің стереотиптік сипаттарын ашу. Зерттеуші А.Әмірбекованың пікірінше, "стереотиптер - ақиқат дүние туралы күнделікті қолданыста кеңінен танылған, сол зат не құбылысты, сол ситуация мен әрекетті, тұлға мен әлеуметті (дүниені) танудың санадағы қарапайым бейнесі, яғни дүние туралы таным-түсініктің қайталануынан тұрақталған адам санасындағы алғашқы сигналдар, яғни әрекеттер мен құлықтар шаблоны" [3, 33-34]. Ал И.А.Гусейнова мен М.В.Томская: "Гендерные стереотипы, представляющие собой стандартные, часто упрощенные и обобщенные мнения о представителях обоих полов, складываются и закрепляются в обществе посредством институализации и ритуализации пола" [4, 81] деп атап көрсетеді. Осы тұжырымдарға қарағанда, "қазақ әйелі" концептісін гендерлік стереотиптер арқылы да тануға болады. Мысалы, шығыс әйелдеріне тән стереотип түрі былайша көрініс табады: Ұлы бабамның алғашқы әйелі Бөрте Қоңырат қызы еді. Өзі де ибалы, инабатты әрі асқан сұлу жан еді. Жалпы Қаһан әйел жыныстыларды еркектерден оқшауландырып тұратын мінез - нәзік қылықтары болуды қатты қадағалайтын. Олар ақылды, үлкендердің алдынан кесіп өтпейтін ізгілікті, көреген жан болуы керек дейтін: кейін бұл қасиеттері бүкіл шығыс қыздарының қадетіне қалыптасты (О. Бөкей. Мұзтау). "Әйел", "еркек" концептілерін зерттеу оларға қатысты стереотиптерді анықтаумен бірге аталған стереотиптердің тілдегі көрінісін зерттеу дегенге саяды. Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйене отырып, стереотиптер білім мен бағалауды сақтаудың айрықша формасы және мінез-құлықты бағдарлаушы концептілер болып табылады деп айтуға негіз бар. "Еркек" және "әйел" концептілері барлық мәдениетте кездеседі, оларға әдет-ғұрып, фольклор, мифтік санада, "дүниенің қарапайым ойсуретінде" айтарлықтай орын берілген. Алайда гендердің стереотиптік және аксиологиялық бағасы түрлі мәдениетте бірдей емес. Сондай-ақ әйелдер мен ерлердің әлеуметтік рөлі де бір-бірінен ажыратылады. Оны төмендегі мысалмен дәйектеуге болады: Ең соңынан кірген кішкене денелі қазақ әйелі ауыз үйдегі орыс жұмыскерлері мен орыс әйелдеріне қарап таңырқап тұрып қалыпты. Мойындарына дейін ашық, жалаң бас, еркектермен қатар отырған орыс әйелдері Күнзилаға, тіпті, таң көрінді. Шашын желкесіне қырыққан жас келіншек Елизавета Быкованың барлық еркектерден жоғары отырғаны ерсі де көрініп кетті. Жас әйелдің құлағы көрініп қалса, кесіп алардай тыйым салып қойған мұсылмандық күні әйелдің еркектермен қатар отырып сөйлесуі, даусын еркін шығарып күлуі деген нәрселерді білмейтін еді (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке).
Еркектер мен әйелдер өздерінің мінезқұлқын гендерлік стереотиптерге, яғни ерлер мен әйелдердің өзін қалай ұстауы жөніндегі мәдениетте қалыптасып, орныққан көзқарастарға сүйене отырып, түзеді. Оны кесте арқылы шартты түрде былай көрсетуге болады:
1кесте: Әйел мен еркекке байланысты қоғамда қалыптасқан таптаурындар (стереотиптер) кестесі.
1.3.2 "Қазақ әйелі" концептісінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі. Көркем мәтінде көрініс тапқан ұлттық сипаттағы кинемалардың мән-мазмұнын саралай келе, тілімізде жиі кездесетін бейвербалды элементтерді қолдану басымдылығына орай ер кісілерге, әйелдерге тән және ортақ кинемалар деп бөлуге болады. Мысалы, ер адамдар қарым-қатынасында "малдас құрып отыру", "төс қағыстыру", "қамшы тастау", "мұртынан күлу", "сақалын шошайту", "сақалмұртын сипау" т.б. ишараттары жиі көрініс берсе, ал "бетін шымшу", "шашын жаю", "шашын жұлу", "орамалын бұлғау", "қос бүйірін таяну", "ернін сылп еткізу" т.б. әйелдерге тән кинемалар болып есептеледі. Ал "қол бұлғап шақыру", "жағасын ұстау", "басын изеу", "мұрнын шүйіру" сияқты ым-ишарат түрлері ортақ болып келетіні анық.
Ері, баласы, жақыны, туысы қайтыс болған әйелдің қара жамылып, жоқтау айтуы - халқымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі. Қайғы-қасіреті мен шерлі көңілін жақынын жоғалтқан әйел бетін жырту, бетін тырнау, шашын жаю, шашын жұлу, қос бүйірін таяну сияқты паралингвистикалық амалдар арқылы білдіріп, қайтыс болған ерінің, баласының, туысының жақсы, асыл қасиеттерін жоқтау жырына арқау еткен. Ертеде көптеген халықта қатты қайғырғанда, бетін тырнап, айғыздаумен бірге шашын жұлып немесе тақырлап алып тастайтын дәстүр болған. Кейбір тайпаларда ері қайтыс болған әйел бұрымын кесіп, күйеуіне деген адалдық белгісі ретінде оны күйеуімен бірге жерлеген. Аталған бейвербалды амалдың қазақтың жоқтау жырларын айтқандa қолданылуы сол кезден қалған болуы керек: Бұл кезде Бөжейдің өз үйінің ішінде қара сұр бәйбіше шаршысын шорт байлаған. Қара шашын тарқатып, екі иініне жайып салған. Қан сөлден айрылып, сұрланып талған жүзінде көк тамырлары білінеді (М.Әуезов. Абай жолы).
"Қазақ әйелі" концептісіне қатысты бейвербалды амалдардың ең көп тарағаны - "ернін сылп еткізу", "аузын сылп еткізу" сияқты тұрақты сөз тіркестеріне сай келетін ым-ишараттар. Олар көркем шығармадағы кейіпкерлердің таңырқау, жақтырмау сияқты эмоционалдық жай-күйлерін білдіру үшін қолданылады. Мысалы, Ұзатылып бармай жатып, айналасы бір-ақ қыстың ішінде Есеней сияқты адамның арыстанын илеп-билеп алған қызына Несібелінің таңданбасқа шарасы жоқ еді. Бірақ таңданғанын білдірмейін деп аузын бір сылп еткізді де қойды (Ғ. Мүсірепов Ұлпан). Сонымен қатар көркем шығармада жиі қолданылатын "ернін жымқырды", "ернін қымқырды" ишараттары "жақтырмау", "құптамау" мағынасын, "ернін шүйірді" менсінбеуді білдіреді, ал "ернін тістеді" кинемасы бір жағдайда "сөйлеме" деген мағынаны білдірсе, енді бірде аталған мимиканы әйелдер қиналғанын білдірмеу үшін қолданады. Айша астыңғы ернін тістелеп, басын шайқады. Айша басын тектен-текке шайқамайды (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша). Сондай ақ "жаулықтарымен көзін сүрту", "етегінен сүю", "ақ орамалын желпілдетіп қоштасу" сияқты бейвербалды компоненттер де қазақ әйелдеріне қатысты. Қазақ әйелдеріне ғана тән "бет шымшу" ишараты қазақтың ұлттық мәдениетінде ұялудың нышаны, ерсі қылықтан шошыну белгісі болып табылады. - Ой-бүй! - деді жеңге, бетін шымшып. - Ата-бабаң істемеген кәсіптің керегі не? (Т.Әлімқұлов. Сырлы наз). Қазақ әйелдері өздерінің қатты таңқалғанын "сұқ саусағымен бетін бір сызу" ишаратымен де білдіреді: Әкеме адырая қарап аз тұрған Қазина, бетін оң жақ қолының саусағымен бір сызып, үлкендеу көзін кеңірек ашты да, ернін бір сылп еткізіп:
- Бетім-ау, мына Kесір болмағай да! - деді (С.Мұқанов. Мөлдір махаббат).
Қазақ әйелінің көңіл-күйі, сезім әлемі, ішкі дүниесі нәзік болуымен бірге шытырманға толы, аса күрделі. Әйелдерде бейвербалды белгілерді олардың ұсақ-түйегіне дейін бірден байқап, тез арада айтылмақ ой мен емеурін, ишараны шешетін туабітті қабілет ерекше дамығанын жоғарыдағы деректер де растайды. 1.3.3 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты антропонимдердің гендерлік сипаты. Қазақ халқының дүниетанымы мен ұлттық болмысынан хабарсыз, қажетті мәдени-танымдық ақпарат "аялық білім" көлеміне енбеген өзге мәдениет өкіліне мал шаруашылығына қатысты есімдер түсініксіз, кей жағдайда қисынсыз, күлкілі көрінуі мүмкін.
- ...Мен сені бұдан былай Ақнарым дермін!
- Түйеге теңегенің бе?
- Аузыма құдай салған шығар... қазақтың нардан қасиетті, нардан күшті, нардан сұлу, нардан қадірлі несі бар? (Ғ.Мүсірепов.Ұлпан).
Төрт түлікті киелі санаған қазақ халқы олардың әрқайсысының иесі, желеп-жебеушісі, қамқоршысы бар деп сенген, сондықтан да төрт түлік пірлеріне сыйынып отырған.
Әйелдердің гендерлік сипатына, әйел адамдардың ассоциативті ойлау жүйесіне көбінесе адамгершілік, ізгілік, жылылық, күнделікті күйбең тіршілік жақын да, ер адамдардың асссоциативті ойлау жүйесіне ерлік жасау, батырлық көрсету, кәсіппен шұғылдану т.б. жақын болатыны белгілі.
Тарихи шығармаларда кездесетін кейбір кісі есімдері феодалдық қоғамда үстемдік еткен әлеуметтік жіктеліске негізделген. Күніұзын мал соңынан салпақтап, тезек теріп, мал сауып, іркіт пісіп, кісі есігінде жүретін адамның пешенесіне қой санаудан өзге ештеңе жазылмаса, жоғары тап өкілінің тағдыры биіктегі қолжетпес алтындай жарқыраған күнмен байланыстырылған. Құндылықтар өзгерген бүгінгі таңда мұндай кереғар есімдердің кездесуі екіталай: - Ал Қияқтың кімі бар? Әлі де сол күң қалпындағы кәрі шешесі - Қойсана ғана. Тәуекел мен Қияқ талайының кереғар тағдыр өзі күні бұрын шешкендей, бірінің анасының аты Күнсана, екіншісінің шешесінің аты Қойсана дегізуін қарашы! Мұнда да жазмыштың бір ұйғарғаны бар тәрізді (І.Есенберлин. Көшпенділер).
Өмірде адамдардың азан шақырып қойған есімдерімен бірге оның жүріс-тұрысына, мінез-құлқына, сыртқы кескін-келбетіне, істейтін кәсібіне байланысты жалған атаумен ат қою көп халықта бар. Ономаст ғалымдар лақап аттардың алғашқы қоғамның өзінде-ақ адамдардың дене бітімі мен сыртқы тұлғасына сай таңдалып қолданылғанын айта келіп, мәдениет пен қоғамның дамып, жазудың пайда болып, қалыптасуынан кейін, әсіресе фамилиялардың шығуынан соң олардың сирегенін айтады. Мысалы, Сақау шешемнің Айымқыз деген әдемі аты бар екенін бұл кезде өзінен басқа ешкім де білмейді. Жарықтық, келбеті келісті-ақ ( Ш.Мұртаза.Ай мен Айша). Қолда бар материалдардан байқағанымыз, жағымсыз мағынадағы, әсіресе дене кемістігіне орай қойылатын лақап аттар ерлерге байланысты жиі ұшырасады. Қыздар мен әйелдерге қатысты ондай аттардың сирек қолданылуы қазақ халқының қызды "қонақ", ал әйелді "ана" деп ерекше қадірлегенінің айғағы болса керек. 1.3.4 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты киім атауларының лингвомәдени мәні. Біз аталған тараушада тек "қазақ әйелі" концептісінің аясына кіретін кейбір киім үлгілеріне ғана қысқаша тоқталуды мақсат тұттық. Мысалы, қазақ қыздары мен тұрмысқа шыққан әйелдерінің бас киімдері мен шаш үлгілері қатты ерекшеленген. Этнографиялық деректерге қарағанда, әйелдер шашын қос өрім етіп өреді де, ол екеуінің ұштарын біріктіру үшін шашбау тағады. Шашты олай өру - әйелдіктің белгісі, бұл - бүтіннің жартысы болғанды білдіреді. Ал қыздар шаштарын бір өрім етіп, ұшына шолпы тағады.
Киім кию үлгісі мен қимыл арқылы қазақ әйелінің киім кию ерекшелігі ғана емес, кейде қажетсіз жерде жайбасарлық пен созылыңқылық танытатын қазақтың бейғамдық болмысын, ұлттық психологиялық ерекшелігін де астарлап бейнелеуге болатыны байқалады. Мысалы, Үйден үстіне малынтып шұбалаң көйлек киіп, басына малынтып шұбалаң орамал тартқан әйел созалаңдап шығып, қалқи басып, ат үстіндегі күйеуіне бірдеңе апарып берді (Ә.Кекілбаев.Үркер).
Бойжеткен қыз бен тұрмысқа жаңа шыққан жас әйелді, дүниеге сәби әкелген ананы, өмірден көргені мен түйгені мол салиқалы бәйбішені ата-бабаларымыз,ең алдымен олардың бас киімінен ажыратқан. Қыздар бастарына үкілі тақия, кәмшат бөрік киген: Өтіп бара жатқан бес қыздың тап ортасында, жібек жал ақ жорға атқа мінген Тоғжан екен... Басында жап-жаңа кәмшат бөрік (М.Әуезов. Абай жолы). Қазақ әйелдерінің баскиімдері практикалық қызметінен өзге әйелдердің отбасылық жағдайының көрсеткіші болып табылған. Олар тұңғыш баласы, кейде екінші баласын туғанға дейін желек киген. - Ауылдағы енелер мен абысындарға қосылып Ділдә келініне кимешек-шаршы, қалың жібек желек кигізіп жіберіпті (М.Әуезов. Абай жолы). Қазақ әйелдері тұңғыш баласын туған соң оның басынан желегі алынып, кимешек кигізіледі. Оның шылауышына төбелдірік, маңдайына бергек, түйреуіштер қадайды. Бірнеше балаға ана болған орта жастағы әйелдер көзге түсерліктей әшекейі жоқ шалаң кестелі кимешек киіп, ақ жаулық (шылауыш) тартады: Ақ шаршы, кестелі кимешектерін әсем ғып салған күлкіші келіншектер де көп (М.Әуезов.Абай жолы).
Қоғам алға жылжып, заман өзгеріп, материалдық және рухани құндылықтар өзгерген сайын қазақ әйелдерінің киім үлгілері де ауысып, соған сәйкес киім киюге деген көзқарас та өзгеріп отырғаны даусыз: Мұғалім Арайдың басындағы күндікке қарап біраз тұрды. Кемпірдің ақ матаны қаттап басына орай бергені ерсі, ал мұғалім әйелдің жұқа көгілдір орамалмен бір тарта салғаны Арайға ерсі (Ш.Мұртаза. Мылтықсыз майдан). Қазіргі таңдағы әйелдердің киім кию үлгісінен оларға тән әлеуметтік, жасына байланысты ерекшеліктерді ажыратуға болмайды. Әйтсе де, әсіресе оңтүстік өңірлерде, көбінесе ауылдық жерлердегі жиын-тойларда тұрмысқа шықпаған әйел затының орамалсыз, жалаңбас жүруі, ал келіндердің орамал тартуы, жасы келген әйелдердің жаулық тартып, кейде кимешек киюі қалыпты жағдай болып есептеледі. Осыған байланысты ұлттық-мәдени стереотиптерді де кездестіруге болады. Мысалы: Өзге жақты көріппіз бе, біздің ауылда қыздар тек қып-қызыл орамал тартып жүретін. Кей қыздар әлдебір әуестікпен сәл ақшылтым, ақ гүлі басымдау орамал тартса, үлкендер қатты сөгіп тастайды. Ақ орамал мен қызыл орамалдың аралығы айқын, шекарасы берік. Күйеуге ұзатылған қызды "басына ақ орамал салды", "ақ орамал жарасады екен", тағысын-тағылар дейтін (М.Байғұт. Ақ орамалды қыз). 1.3.5 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты қолөнер, тамақ атауларын білдіретін лингвомәдени бірліктер. Күн көрісі төрт түлік мал болған соң, оның етін де, сүтін де, терісін де, жүнін де ысырап етпеген қазақтар оларды қалай тиімді пайдаланудың жолдарын білген. Қазақ әйелдерінің қолөнер туындыларының ішінде ең кең тарағаны, технологиялық жағынан жетілгені - киіз басу. Күнделікті қажетіне жарап, киіз үйдің туырлығына, түңлігіне, үзігіне жабуға және жерге төсеуге арналған киіз басу өнері туралы жазылған этнографиялық сипаттағы еңбектер көп. Қазақ әйелдері барды ұқсатып, тұрмысқа қажеттінің бәрін өздері дайындап алатын болған. Мысалы, кір жуатын сабынды да өздері жасай білген. Сабын жасау үшін оңаша, жылылығы бірқалыпты сақталатын үйде сақарды майға қосып қайнатады да, сабын шығарады. Мұның тәсілін, тетігін білетін әйелдер басшылық етеді. Білігі жетпейтіндер сабынды ірітіп, бұзып алады. Ал енді осы сабын қайнату ісінің тілдік дәйегі Б.Майлин шығармасында кездеседі: Алба-жұлба қараша үйдің сырт жағынан қарасаң, іші өртеніп жатыр ма дейтінсің, булыққан түтін бұрқырап шығып жатыр. Үйдің ортасында үлкен қара қазан. Астында лаулап жанған от; қазанның ішінде бір үйіріліп, бір бұзылып қайнап жатқан сабын. Төменгі жаулықпен басын тұмшалап орап алып, маңдай терісі тыржиып, терлеп-тепшіп, Айнабайдың Зейнебі сапты қалақпен сабын былғап жатыр.
... От басын қоршалай отырған төрт-бес қатын; бәрінің көзі қазанда... Сабын иілсе, бұзаушық алып үйді-үйіне тарайтын ойлары бар, бірақ, сабын болмай амалдары құрып, ащы түтіннің азабын көріп отыр (Б. Майлин. Раушан- коммунист).
"Қазақ әйелі" концептісінің этномәдени сипатын ұлттық тағам атаулары да танытады. Себебі, күн көрісі төрт түлікпен тығыз байланысты болғандықтан, аналарымыз оның сүтінен неше түрлі дәмі аузыңнан кетпес тағамдар жасаған. Мысалы, уыз көже, құрт, ірімшік, ежігей, құрғақ сүт, көпіршік, ақ лақ, жент, талқан сияқты тағам түрлері қазақ әйелінің қолынан шыққан, қазақтың тұрмыстіршілігінен, өмір сүру салтынан, ұлттық болмысынан хабар береді. 1.4 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты зергерлік бұйымдардың сакральды мәні. Зергерлік лексиканың этномәдени мәні зерттеуші Р.Н.Шойбековтің еңбектерінде арнайы, жан-жақты қарастырылғандықтан [5], тек "қазақ әйелі" концептісіне қатысты зергерлік атаулардың сакральды мәнін ашуды ғана мақсат еттік.
Соның бірі ретінде қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы мен шашбауды бұрымы тарқатылып кетпеу үшін таққан және ол этномәдени мәнді лингвокультурема. Халық ұғымында "адам жанының бір ұшы шашында" деген түсінік бар. Соған байланысты "тарағанда түсетін шашты кез-келген жерге тастауға болмайды, оны адам баспайтын жерге көміп тастау керек" деген ырым-тыйымның бар екені белгілі. Ал енді осы халық санасындағы кодталған ақпараттың кілтін ашу үшін белгілі бір білім аясы керек. Біз оның кілтін төмендегі прецедентті мәтін арқылы ашуға тырыстық: "Әйел баласы шашын беталды тастамас болар, -деді Айша. - Тарақтан түскен шаш әлдеқалай отқа күйсе, о дүниеде балалары шырылдайды дейді. Анасының шашының отқа күйген исін танып қояды екен де :"Анамыз тозақ отына түсіп кетті- ау!" деп шыр айналып, шырылдайды екен. Тозақ отынан анасын құтқарып алмақ болып, өздері де сол тамұқ өртіне түсіп кете жаздайды екен (Ш. Мұртаза. Ай мен Айша). Осы түсінікке байланысты аналарымыз шаштарын әр жерге тастамай, түскенінің әрбір талын жинап, мұқият орап, адам баспайтын жерге көміп отырған және аталған ырым-тыйымның мән-мағынасын қыздары мен келіндерінің құлағына жалаң, құрғақ сөзбен емес, ұлттық ұғымға жақын осындай аңыз-әңгімелермен құйып отырған.
Барлық халықтарда сырға әшекейлік зат болуымен бірге оның иесінің қоғамдағы орнының көрсеткіші, магиялық қорғаушы зат ретінде қолданылады. Сондай-ақ сырғаға қатысты түрлі көзқарас пен бірбіріне кереғар нанымсенімдер де кездесетінін жоққа шығаруға болмайды. Ежелгі Римде бір құлақтағы сырға құлдық белгісі саналған. Одан бұрынырақта бойжеткен қыздар мен әйелдердің, сондайақ қарақшылардың сырғасында айтарлықтай айырмашылық болған. Сырғаны бәлежаладан, аурусырқаудан сақтандырушы зат ретінде бағалап, оны көздің көру қабілетін арттырады, теңізшіні суға кетуден сақтайды деген сеніммен таққан. Ал Бирмада тақтан дәмелі король ұрпақтарының құлағы міндетті түрде тесіліп, сырға салынатын болған [6]. Қазіргі кезде сырға өзінің мифтік маңызынан айрылып, тек әшекей зат, әсемдіктің құрамдас бөлігі болып қалғаны белгілі. Ежелден дененің ашық жерлерін - аяқ-қол, саусақ, мойын, құлақ, мұрын сияқты дене мүшелерін қатты заттардың көмегімен қорғау қалыптасқан. Бұл жүзік, балдақ, сырға, білезік, моншақ, алқаның пайда болуына апарып соққан. Олар сыртқы зұлым күштермен күресте жәрдемдесетін магиялық қорған болып есептелген. Қазақ зергерлері әрбір тастың өзіне тән қасиеті, ерекшелігі, кереметі бар екенін білген. Олардың біреуі адамға құт әкелсе, енді бірі тіл-көзден сақтайды, ал кейбірінің тіпті құрғақшылықта жаңбыр шақыратын, т.б. қасиеттері бар екен. Орта ғасырларда емші, дәрігерлер алтын, нефрит, маржан тастарын жұту өмірге қауіп төндірмейді, қайта оны ұзартуға септігін тигізеді деп есептеген. Сонымен бірге әлгі тастарды жұтқан адамның өлгеннен кейін денесі іріп шірімейді деген сенім болған. Қазіргі таңда мойындалып, сәнге айналған астрология ғылымында да "әрбір жұлдыз иесі өзіне сай келетін тасы бар әшекей тағу керек, қасиеті белгісіз тастан тағылған әшекей адамға бақытсыздық әкеледі, денсаулығына зиян келтіреді" деген түсінік қалыптасқан 1.5 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты онимдердің этномәдени сипаты. Қазақтың еншісіне тиген байтақ даламызды қай бұрышын алсақ та, әйел-анаға арнап тұрғызылған ғажайып кесене, әсем мұнара, өшпес ескерткіштер, тіпті тұтас қаланың аты да бар. Ғалым А. Сейдімбек: "Сырдария бойындағы Көккесене, Бикем мұнара, Сырлытам, Сарысу бойындағы Белең-ана, Болған-ана, Жұбан-ана, Арал түбіндегі Бегім ана күмбездері, мұнаралары, мазарлары ғажайып сырлы сымбатымен күні бүгінге дейін қайран қалдырады. Жеке ескерткіштер былай тұрсын, жұмыр жердің орта ғасырлық талғам-түсінігінде тұтас бір қаланың әйел атымен аталғаны дүние жүзінде сирек кездесетін құбылыс. Бұл ретте қазақ даласында Қатын дала, Қырыққыз қала, Баршынкент сияқты қалалардың болғаны таң қалдырады. Мұндағы Баршын сұлу әйгілі Алпамыстың жұбайы, Қаршымбайдың қызы, Оғыз еліне сөзі жүрген жеті арудың бірі болған" деп жазады [7, 402]. Бір ғана Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында қыз балаға, әйел-анаға қатысты қойылған сандаған топонимдерді кездестіруге болады: Домалақ ана, Қарашаш ана, Сыланды ана кесенелері, Қатынқамал, Қырық қыз, Қызсиген, Қамырлы әулие, Келіншектау т.б. Облыс орталығы Шымкент қаласына қарасты "Қатынкөпір" елді мекені бар. Оның аталуы туралы ел аузында мынадай әңгіме айтылады: "Көнекөз қариялардың айтуынша, 1928 жылы құрылған "Тельман" колхозында бала-шағасы жоқ, жалғыз басты Тәті деген әйел тұрыпты. Ол кездері осындағы Қошқар ата өзенінің арнасынан тасып жататын кезі екен. Суының молдығы сонша, ауыл тұсындағы жалғыз аяқ өткел-көпірді әрдайым ағызып кете беретін көрінеді. Жұртты әбіржітіп, әуреге салған осы жайтқа ашуланған Тәті бір күні білегін сыбанып шығады да, үлкен ағаштарды кесіп, ат арба өте алатындай көпір салып, үстіне шым төсейді.Тәтінің ісіне риза болған жұрт кейін бұл көпірді "Қатын көпір" деп атап кетеді". Тәтінің әрекетіне сүйсінген елдің көпірді оның өз атымен атауына да болар еді. Біздіңше, әлдеқайда күш-қуаты, қайраты мол еркектің ойына келіп, қолына алмаған сауапты іске заты нәзік болғанымен, намысы күшті әйелдің қиындықтан тайсалмай баруы ел-жұртты ерекше таңқалдырғаны анық. Сол себепті кез-келген қиын-қыстау кезеңде жол таба білетін әйелдерге деген айрықша құрметін халық осылайша білдірген тәрізді. Ертеректе халқымыз ел билеген ерлерге лайықты өмірлік серік бола білген ақылы мен сұлулығы үндескен әйелдерді "хатун-қатын" деп атағаны белгілі, оған көне түркі жазба ескерткіштеріндегі мысалдар куә. Осы сипаттағы прецедентті мәтінді А.Сейдімбек еңбегінен де кездестіруге болады. 1.6 Әйел ~ ана тілі және әйел ~ ана қарым--қатынасының этномәдени мәні. "Қазақ әйелі" концептісінің өзегін әйел ~ ана тілі және әйел ~ ана қарым-қатынасының этномәдени мәні құрайды. Тіл туралы Заңда айдан анық айқындалғанымен, қазақ тілі мемлекеттік басқару тіліне де, заң шығару тіліне де айнала алмай келеді. Біздіңше, соның бір ұшы ұлт мәдениетінде, өзінің отаналық, отбасының берекесі мен құтын ұйытушы, сақтаушы, ана сүтімен, қазақы мінез бен ана тілін үйрететін, бесік жырымен ұрпағын тәрбиелейтін қазақ әйелінің әлеуметтік қызметінің әлсіреуімен, өзгеруімен байланысты сияқты. Жазушы, қоғам қайраткері Ә.Кекілбайұлы ана тілі мен әйелана қарым-қатынасын осылайша сабақтастырады: "Есесі кетіп келген тілімізді мұратына жеткізу үшін, бәрінен бұрын, қай-қайсымыздың да қолымыздан келуге тиісті дұрыс ана (астын сызған - біз), дұрыс ата, дұрыс ұстаз, дұрыс азамат бола білуге көбірек көңіл бөлгеніміз дұрыс сияқты". Әбіш Кекілбайұлы дұрыс ана бола білуді алдымен атап, бірінші жазып отырса, бұл, әрине, тегіннен-тегін емес. Ана тіліміздің тағдыр-талайында аналардың атқарар рөлі айрықша екендігі аян. Әуелгі "әлдиді" айтатын да, бесік жыры арқылы ұлттық тілдің уызын сіңіретін де - ана.
Ұлттық тілін "ана тілі" деп атаған ойға жүйрік, сөзге шешен халқымыздың біртуар ұлы, заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтің "Ел болам десең, бесігіңді түзе!" деген сөзінің мән-мағынасы дәл қазіргі кезеңде айқын жол табуға, тілімізде сақталған ұлттық рух пен сананы жаңғыртып, жаңа сапаға көтерілуге бағыт алған ұлт болашағын дамытудың өзекті арқауы болмақ. Қазақ халқының таным-түсінігінде "ана-сәби-бесік" ұғымдары - бір-бірінен ажырамас, біртұтас, тығыз байланысты киелі ұғымдар. Ана сүтімен бойға сіңген ана тәрбиесі, үлгі-өнегесі, асыл өсиеті ғана сәбидің көкірегінде жатталып, ұлттық рух болып сіңіріледі. Сол үшін дүниеге әкелген сәбиі жылағанда, қазақша әлдилеп жұбатып, қазақша бесік жырын айтып ұйықтатып, "апа" деген алғашқы сөзді үйретіп, тілін де қазақша шығаруы, қазақ тілінде ертегі айтып, қазақша "құлыным, ботам" деп еркелететін әрбір қазақ әйелінің қоғамдағы, отбасындағы ең қасиетті әлеуметтік қызметін сипаттайтын қағидаты жаңғырып, тәрбиенің ажырамас ережесіне айналғанда ғана ұлттық рух қалыптасады.
Көркем әдебиеттегі аналар бейнесін тілдік дүние суреті аясында "қазақ әйелі" концептісі тұрғысынан қарастырар болсақ, бұл орайда таңғажайып қазыналарға, жақұт-жауһарларға кездесеміз.Ұлттық санада қалыптасқан, тіл арқылы сақталып, этномәдениеттің көрінісі, ұлтымызды біртұтас етіп ұйыстыратын ұйытқы күштің бірі де бірегейі ұлт тәрбиесіндегі ананың рөлін дәлелдейді. Бүгінгі қоғамдағы ананың, әйелдердің қоғамдағы орны мен қызметін арттыру күнделікті тұрмыс пен тәрбиедегі ана тілінің ұлтты ұйыстырушылық қасиетін, құдіретін күшейтумен тығыз байланысты екенін осы тектес зерттеулер нақты көрсетіп отыр.
Екінші тарау "Қазақ әйелі" ұғымын антропоцентристік бағытта зерттеу" деп аталады. 2.1 Тіл мен мәдениет сабақтастығы. Тілді антропоцентристік тұрғыдан зерттеуге негіз болатын салалардың барлығы түптеп келгенде, мынадай мәселелерді шешуді көздейді: адамның тілге қалай ықпал жасайтынын және тілдің адам санасына, ойлауына, мәдениетіне қалай әсер ететінін, қандай қызмет ететінін анықтау, т.б.
Тілді зерттеудің антропоцентристік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы мәселесін, тілдің адамға қызмет ету мәселесін, тіл арқылы адамның табиғаты мәселесін ашумен тікелей байланысты. Осыған сәйкес әйелана болмысына қатысты (біздің зерттеуімізде - "қазақ әйелі") тілдегі таңбалық бірліктер халықтың дүниетанымы мен болмысынан, рухани мәдениеті мен сол халық тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Себебі, адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамда, әр ұлтта, оның әлеуметтік өкілінде (мысалы, әйелдерде) әр деңгейде және сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалдық әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Тілдік таңбаның адамға тікелей қатысты екенін А.А. Уфимцева былай түсіндіреді: "Қандай да бір құбылыс немесе зат таңбаны қабылдаушы субъектінің объективті шындыққа деген ерекше қарым-қатынасын көрсету арқылы белгілі бір таңбалық жағдайға нақты белгілеу семиозисін іздестіреді" [8, 104]. Этнолингвистика, психолингвистика, когнитивтік лингвистика және лингвомәдениеттану салалары - осы тектес ғылыми тұжырымдарды дәлелдеу үшін тілді адамның тікелей танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастыратын антропоцентристік бағыт аясындағы салалар. Тіл біліміндегі осы бағыттағы зерттеулердің негізгі арқауы - тіл арқылы берілген ақпаратты қабылдау, тану, таныту, оны интерпретациялау, өздігінше өңдеу, жадыда сақтауға қатысты ерекшеліктерді зерттеу. Аталған бағыттағы зерттеулердің нәтижесінде қабылданған жаңа ақпараттың адам санасында бұрын сақталған ақпараттардың көмегімен жаңа мазмұнға ие болу арқылы қалыптасатыны белгілі. Демек, бұл таным мен мәдениет сабақтастығын көрсетеді. 2.1.1 Лингвомәдениеттанымдық зерттеулердің ерекшелігі. Тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір-бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе болғандықтан, олар лингвомәдениеттанудың негізгі қағидасы "тіл мен мәдениет" сабақтастығымен сипатталады. Бұл маңызды тұжырымды таратып айтар болсақ, қоғамдық фактордың мәдени тұғырға көтерілуіне оның қоғамда қандай әлеуметтік мәнге ие болуының ықпалы зор. Ал, оның іске асуындағы тілдің коммуникативтік қызметін танытуда халықтың тіл байлығын өзіндік болмысы арқылы өз тұғырына жеткізіп келешекке танытатын, (мысалы, тілдік деректерді "қазақ әйелі" концептісіне қатысты) зерттеудің мәні ерекше. Себебі, әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы, т.б. сол тілдегі жай ғана таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық үрдісі нәтижесінде туған бейнесі, яғни "дүниенің тілдік бейнесі".
Осымен байланысты ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы, ұғымды берудің көркемдік амалы - ұқсату. Ол күнделікті өмірде, тұрмыстық тәжірибеде қалыптасады. Себебі, адамдардың табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды бақылап салыстыруы, оны өз іс-әрекетімен, тәжірибесімен салыстыруы, ассоциациялық бейнелер түрінде әртүрлі нәрселердің ұқсас жақтарын табуы, солардың негізінде танымын кеңейтуі осы қасиетке негізделеді. Мысалы, "қызғалдақ" сөзі қазақтар үшін бай лингвомәдени мәнге ие. Сирек өсімдік ретінде Қызыл кітапқа енген қызғалдақ кез келген жерде өсе бермейді. Биік жерде өсетін қызғалдақтың бүр жарып ашылуын, жайқалып өсуінің өзіндік мәні, кезеңі бар. Оның басқа гүлдерге ұқсай қоймайтын ерекшелігін қазақ даласында өскен бала ғана біледі. Қызғалдақтың Отаны көп айтылып жүрген Голландия емес, Қазақстан деген де болжам бар. Сондай ұқсастықтарына орай ол қыздың сұлулығын, кейде қайта айналып келмейтін жастық шақты білдіретін метафораға айналған. Мысалы, Қыз дегенің - өмірдің қызғалдағы, Қылықтылар аз ба екен қыздан-дағы?.. (И. Сапарбай. Ғашықтың тілі.); Қырандай тиген кептерге, Қызғалдақ-ғұмыр, бозбала-ай! (М.Мақатаев. Аманат). 2.1.2 Лингвоелтанымдық бағыттағы зерттеулер. Лингвоелтанымдық бағыттың негізгі мақсаты - мәдени константаларды екі немесе үш тілде өзара салыстыра отырып, ұлттық нышандарын айқындайтын, сол елдің болмыс-бітімін, халықтың мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар мен белгілерді зерттеу. Бұл бағытта қарастырылатын объектілер белгілі бір елдің немесе ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта жоқ өзіндік нышандарын көрсете алатын тілдік бірліктер болуы керек. Мысалы: Үзілістен кейін дастарқанға үйеме табақ ет келді. Жеке тарелкаға салынған қойдың басы төрде отырған Акбардың алдына тартылған. Ол мұндайды өмірі көрмесе керек, қорыққан адамдай үдірейіп, кейін шегініп кетті. Лаураны тілмаштыққа пайдаланып, онымен де біраз сөйлесуге тура келді.
- Мынау қойдың басы, - деді Ақжан оған түсіндіріп. - Біздің халқымыз ең құрметті қонағының алдына осылай бас тартады.
- Мен құрметті қонақ емеспін ғой. Бар болғаны біздің жас ханымның қызметшісімін. Ондай жағдайда басты ханымның өзі ұстауы керек, -деп Акбар оны Лаураның алдына жылжытты (Қ. Жұмаділов. Атамекен).
Байқап отырғанымыздай, Сирия елінен келген кісі қазақ халқының салт- дәстүрінен, қазақ мәдениетінен хабарсыз, оған сәйкес аялық білімі жоқ, сол себепті қойдың басы онда дұрыс ассоциация тудырмай отыр. Ол қазақтың сыйлы қонағына бас тартатынын, оны әйел баласына ұсынбайтынын білмейді.
2.2 Қазақ дүниетанымындағы "әйел" концептісінің көрінісі. Жалпы христиан дінінде әйел туралы "зұлым", "күнәһар", "өтірікші", "кекшіл" т.б.деген сияқты өте төмен көзқарас қалыптасқан. Кезінде католик дінінің ресми теологы болып бекітілген Фома Аквинский: "Әйел тез өсетін арамшөп сияқты. Ол толыққанды адам емес, оның денесінің толық жетілмегенінің өзі оның құндылығының төмендігінен, табиғат онымен азырақ айналысатындықтан... Әйелдер оларды мәңгі билеушінің немесе ұстаздың басқаруымен ұстап отыру үшін туады" деген [9, 27]. Ал ислам дінінде әйелге, әсіресе әйел анаға деген көзқарас бұдан өзгеше. Бұған "Жұмақ ананың табанының астында", "Алдымен анаңды, анаңды, тағы да анаңды, одан соң әкеңді сыйла", "Ең қайырлы болғаныңыз, әйелдерге ең жақсы мәміле жасағандарыңыз болмақ", "Балаларды махаббат пен сүйіспеншілікпен бағу, әйелдерге жақсы мәміле жасау - Исламның бармақпен басып көрсеткен ахлақ ережесі" т.с.с. ислам қағидалары дәлел.
Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі - отбасы. Ал отбасындағы әйел жағдайы - отбасы мен неке тарихындағы келелі мәселелердің бірі. Көптеген тарихи және тілдік деректер қазақ әйелінің отбасылық мәселелерді шешуге белсенді қатысқанын, ерлеріне шаруашылыққа қатысты істерде көп көмектескенін дәлелдейді. Ал күйеуі жоқ кезде оның орнын жоқтатпай, барлық тіршілікке қатысты мәселелерді өзі шешіп, тіпті қазақы салт-дәстүрге сай қонақ күтіп, оны жөн-жоралғысымен шығарып салуға, күйеуін жаманатқа қалдырмауға міндетті болған. Сондықтан Айғаным, Бопай, Ұлпан, Зере сияқты әйелдерді халқымыз жоғары бағалаған. Мысалы: Шоқан ел кезген, жер кезген сапарында батыс түгіл, шығыс әйелдерінің ішінен мұндай мінезді, жомарт та өжет әйелдерді көп көрді. Басқаны былай қойғанда, өзі жақсы білетін Айғаным әжеci ше... Бүкіл аймақты билептөстеген әкесі Шыңғыс емес, әжесі Айғаным болатын. Ел адасқанда ақылды Шыңғыстан емес, Айғанымнан сұрайтын. Көзін жұмғанша Айғаным әжесі осындай боп өтті (С. Бақбергенов. Ақ боз атты ару). Осылайша, ақыл-парасаты сай қазақ әйелдері тек өз отбасында емес, бүкіл ауыл-аймақта зор беделге ие болып, олардың жақсы атағы алысқа тарап отырған.
Қазақ әйелдері туралы сөз болғанда, әсіресе олардың сырты мен іші үйлескен сұлулығы, мінез байлығы, ақыл-парасаты жөнінде әңгімелегенде, ең алдымен батырлар жырындағы әйел кейіпкерлердің көз алдыңызға келері сөзсіз. Құртқа - қазақ әйеліне тән ақыл-парасат пен көрегенділіктің, Жібек - сұлулық пен сымбаттың, Айман мен Ақжүніс әйел үшін таптырмайтын қасиет - қулық пен айлакерлік, тапқырлықтың, ал Баян - сұлулықпен бірге махаббатқа адалдықтың, сезімге тұрақтылықтың символы.
Қазақта қыз баланың, жалпы әйел затының бойынан төменшектік, именшектік, ұялшақтықтан гөрі өжеттік, еркіндік, ақыл, парасат сияқты қасиеттерді жоғары бағалайды. Мына тектес деректер соның тілдік дәйегі болып табылады: Мен көкпарға тастаған лақ емеспін. Мен Роксанамын. Байтақ патшаның еркін өскен қызымын. Александр мені өзінің теңі деп білді. Мен оны да бағаладым. Ұлы Александрмен теңмін деп шалықтамаспын. Бірақ падишаға Ұлы Даланың еркін өскен қызына шақ теңдігімді кемітпеспін. Соңымда бейбіт өмірге жеткен елім қалып барады деп өзімді жұбатармын, жаратқан ием осылай жат жұрттық етіп дүниеге әкелді екен - ендігі тілеуім Александрдың амандығы болады (Э. Төреханов. Ескендір мен Роксана). Қазақ қыздарына қайсарлық, өжеттік, тәкаппарлық, көрегенділік пен даналық сияқты қасиеттер ғасырлар бойы ел аузындағы аңыз әңгімелерге, батырлар жырына, ән-жырға арқау болған Тұмар, Зарина, Роксана, Домалақ ене, Айша бибі, Құртқа, Гүлбаршындардан келгені анық. Қазақ: "Асыл әйел әрі еркек, әрі қатын, - дейді. "Жақсы әйел" және "жаман әйел" концептісінің көрінісін ақынжыраулар шығармашылығынан да, шешендік сөздер үлгісінен де көруге болады: Жақсы қатын алсаңыз, Жақсылығын білдірер, Ерін жөнге көндірер, Анық осы, бозбала, Жұмақтан шыққан хормен тең, Алғаның жаман жолықса, Жамандығын білдірер, Ер қадірін кетірер, Оның өзі, бозбала, Маңдайға біткен сормен тең (Шал ақын); "Әйелдің жақсысы қандай, жаманы қандай болады? - дейді Ыбырай, шешенге: - Әй! - дегенде: - Ә; - десе, - Манағы қайда? - дегенде:- Мә, десе - жақсы әйел сол. - Әй! - дегенде: - Оқ, десе, - Манағы қайда? - дегенде: - Жоқ десе, дау да іздеме, жау да іздеме, бәрі де өз үйіңде, - депті Тұяқ шешен". Аталған тілдік деректер "жақсы ер балашағаның қамын ойлап, табыс табумен айналысуы керек те, оны жарататын, іске асыратын, қонақты дұрыс күтіп, ерінің жақсы атын шығаратын, үй шаруашылығындағы мәселелерді өзі шешіп, күйеуінің ақылына ақыл қосып, дұрыс шешім қабылдауға итермелейтін - жақсы әйел" деген қазақтарда қалыптасқан көзқарасты дәлелдей түседі. 2.2.1 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты салт-дәстүрлердің этномәдени сипаты. Белгілі бір ұлттың дүниеге көзқарасын, өмір сүру ерекшелігін, талғам-танымын, ұлағат-өнегесін оның рухани мәдениет үлгілерінен - салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпынан көруге болады: Біреудің кісісі өлсе, қаралы - ол Қаза көрген жүрегі жаралы - ол. Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол? Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл, Қыз таныстыр - қызыққа жұрт ыржаңшыл, Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, Өлеңсіз салар қызық бола ма гүл?( Абай, 1-к., 75-б.). Абайдың жоғарыдағы өлең жолдарында қазақ халқының дүниеге шыр етіп нәресте болып келгенннен қайтыс болғанға дейін, яғни тал бесіктен жер бесікке дейінгі салт-дәстүрлерінің барлығы, рухани мәдениет негіздерінің бәрі өлеңмен, сөз құдіретімен байланысты екендігі жөнінде айтылған. Қыз таныстыру, қыз ұзату, қынаменде, жар-жар, беташар - қыз-дәуреннен әйел-ғұмырға аяқ басар тұстағы халықтық дәстүрлер. Жұмыста аталған дәстүрлердің этномәдени мәні көркем шығармадағы мәтіндер мазмұны арқылы ашылған.
Бұлардан басқа "құрсақ шашу", "өңір салу", "абысын асы", "бастаңғы, "шарғы салу", "тулақ шашу", "итаяғына салу", "қазанжарыс, шөміш қағу" сияқты әйелге қатысты салт-дәстүр, әдет-ғұрып түрлері тілімізде көп кездеседі. 2.2.2 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты қалыптасқан тұрақты тіркестер мен паремиологиялық қордың этномәдени сипаты. Аталған тараушада біз "қазақ әйелі" концептісінің аясына жататын кейбір тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдердің этномәдени мәнін ашуға тырыстық. Мысалы, "Жолымды кеспе" тұрақты тіркесі қазақ халқының әйелге қатысты ырымтыйымдарының бірі негізінде пайда болған "бағымды байлап, жолымды тоспа" деген мағынада қолданылады. Қазірге дейін, әсіресе ауылды жердің әйелдері ер адамның жолын кеспеуге тырысады: Жәнібек елең етіп қарап еді, бір келіншек пен жастау қыз бастаудан су әкеле жатыр екен. Солар өтіп кетсін деп сәл аялдады. Бірақ аналар орнынан қозғалар емес, тосып тұр. Бұл ештемеге түсінбей аңырып беттеріне қараған.
- Өтіп кет, қайным, - деді келіншек күлімдеп, - Жолыңды кеспейік деп тұрмыз. Білмеуші ме ең... Әйелге жолыңды кестірме (Қ.Жұмаділов. Бақыт жолында).
Ал "Қабырғаммен кеңесейін" тұрақты тіркесінің "әйеліммен, үй ішіммен ақылдасайын" деген мағынасы "әйел ердің (Адамның) қабырғасынан жаралған" деген христиандардың қасиетті кітабы Таураттағы ұғыммен дәйектеледі. Белгілі анатом Л.Этингеннің көрсетуінше, қабырғадан жаратылу дерегі Библияға дейін, яғни Адам пайда болғанға дейін орын алған. Ежелгі шумерлер (Оңтүстік Қосөзен елі) су құдайы - Энкиге табынған. Бір жолы оның қабырғасы қатты ауырады. Шумер тілінде қабырғаны "ти" дейтін көрінеді, сондай-ақ "ти" - "тірідей туу", "өмір беру" дегенді де білдіреді. Осы кезде Энкиді емдеген Нинти әйел-құдайы пайда болған. Оны "өмір беретін ханым" деп атаған. Осыдан келіп, ежелгі аңыздар Библия баяндауларына да әсер еткен деп жорамалдауға болады. Инквизиторлар Я.Ширенгер мен Г.Инститористің айтуынша, Хауаның жаратылуына қисық қабырға пайдаланылған, сондықтан әйел түрлі кемшіліктерге толы. Толық жетілмегендіктен, ол үнемі алдауға бейім тұрады. Сондықтан, "қабырға" - Хауаның Адамнан пайда болғанын дәйектейтін символ [6, 67].
Қазақ халқының әйелге байланысты ұғым-түсініктері, қалыптасқан көзқарасы ғасырлар бойғы өмір тәжірибесінде түйінделіп, елеп-екшеліп, сұрыпталудан өткен халық даналығының мәйегі - мақал-мәтелдерде сақталған. "Қазақ әйелі" концептісінің көрінісін мына мақалмәтелдер аңғартады: "Ердің асылы күшінен білінеді, Қатынның асылы ісінен білінеді"; "Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы, Қатының жақсы болса, бұл дүниенің шырағы"; "Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, түбі жоқ сырлас", "Жақсы қатын жүн қарыз алады, жаман қатын су қарыз алады", "Асыл әйел әрі еркек, әрі қатын", "Олақ қатын оймақшыл, Салақ қатын сауықшыл", "Төркіні жақын қатынның төсегі жиылмас", "Ақылды әйелдің ішінде алтын бесікті ұл жатар", "Ердің атын я аты шығарады, я қатыны шығарады", "Жақсы қатын алғанның тойы өз үйінде", "Еріншек әйел опа жағады, ерінбес әйел еңбек табады", "Жақсы әйел асын жасырмайды", "Қапияда қатын ақыл табады, "Әділсіз болса, би оңбас, Әйелсіз болса үй оңбас" т.б. Тіліміздегі "әйел" концептісіне қатысы бар мақал-мәтелдерде жақсы әйел мен жаман әйелге қатысты халық көзқарасымен бірге әйелдің қоғамдағы орнына байланысты қазақ қауымына тән стереотиптер де ұшырасады. Мысалы, "Денсаулық ғанибет, Сырқаулығы болмаса, Ер жолдасы - қатыны, Ақ жаулығы болмаса"; "Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа", "Алтын басты әйелден бақа басты еркек артық", "Байтал шауып бәйге алмас", т.б.
2.3 Көркем мәтіндегі "қазақ әйелі" концептісі. Тілден халықтың рухани және материалдық мәдениетінің іздерін байқауға болады. Осымен байланысты қазақ тілінде әйел көркін ғаламның ұлттық тілдік бейнесіне сәйкес сипаттайтын, соған сай танытатын концептілер төмендегіше көрініс тапқан: "Көз" - тана көз, бота көз, бадана көз, айна көз, қарақаттай көз, жәудір көз, күлім көз, көген көз, қой көз, қоңырқай көз, тұнық, мөлдір көз, мойылдай көз, тұнжыр көз, нәркес көз, тостағандай жанары, елегізіген еліктің жанарындай, қос жұлдыздай қос жанары, т.б. Аталған концептіге мәтін деңгейінде мысал келтірейік: Үрей ұялаған қарақат көздері ботаның жанарындай мөлт-мөлт етеді (Д.Исабеков.Гауһартас). "Мойын" - аққу мойын, алма мойын, ерекше аппақ мойын, аппақ жұмыр мойын, ақ торғындай мойын, қаз мойын, т.б.
Сұлу әйел мойнына байланысты тұрақты тіркес, теңеулердің сирек ұшырасуы халқымыздың сұлулықты сырт көзден жасырып, қымтап ұстайтынынан болса керек. Ал қаз мойын тіркесі иілген әдемі мойынды білдіреді. Әуелде аттың сипатына байланысты, кейін сұлу қыз, көрікті әйелдің мойнына қатысты айтылатын тұрақты тіркеске айналған. Қаз бен аққудың кейбір ұқсастығы негізінде "кербездік", "сұлулық" концептісін бейнелейтін жағымды коннотация туған. Қазақ халқында "қаз" құсы жағымды ассоциация тудырса, орыс халқының танымында оның баламасы "гусь" жағымсыз мәнге ие (гусиная походка, гусиная кожа ).
Көркем шығармада кездесетін мысалдардағы қазақ әйелінің сұлулығына қатысты тілдік тұлғаның (автордың) сөздік қолданысы да халқымыздың мәдениетіне, ұлттық болмысына сәйкес келетінін байқатады: Менің шашым, адыра қалғыр, айғырдың ту құйрығындай қалың, жуғанда болмаса құрғақ күйінде тарай алмаймын (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан); Қос уыс бұрым арқада Қос жылан болып жүреді ( М. Мақатаев. Соғады жүрек). Сонымен бірге "қазақ әйелі" концептісіне қатысты оның бет-жүзін суреттеуде авторлық қолданысқа сай төмендегідей мысалдардың да лингвомәдени мәні талданды: Салтанаттың жүзі бал-бұл жанып, таңғы құлқайыр гүліндей құлпырып кетіпті (Д.Исабеков. Гауһартас). "Құлқайыр" сөзіне "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде": "жапырағы шоқтанып орналасқан, гүлі ақ, алқызыл, қоңыр қызыл, сары түсті көпжылдық өсімдік" деген түсінік берілген. Кең далада өсіп, оның шүйгін шөбіне мал жайып, таза, саф ауасымен тыныстаған қазақ баласы құлқайырдың жусан, мыңбас, бетеге сияқты шөптермен бірге қой үшін жұғымды, жағымды болып табылатынын біледі. Сондай-ақ өзі күнде көріп жүрген сансыз шөп пен гүлдің ішінен оны басып танып, ажырата алады. Аталған өсімдіктің гүл ашқан таңғы сәтіндегі сан бояумен құлпырып-құбылған түрін көз алдына келтіру қиындық туғызбайды. Байқап отырғанымыздай, қазақ әйелінің "сұлулық" концептісін құрайтын сөздер, тұрақты сөз тіркестері, теңеулерге тірек сөз ретінде халқымыз үшін етене таныс, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, таным-талғамы мен пайым-парасатына қатысты, тілді тұтынушылар үшін түсінікті, ортақ мағыналар алынған. Ғасырлар бойы негізгі тіршілігінің өзегі мал шаруашылығы боп танылған ата-бабаларымыз төрт түлік малды ерекше қастерлеп алғашқы орынға қойған. Аңшылық, саятшылық, құсбегілік өнердің қасиетін төл мәдениетіміздің бір белгісі санап, табиғатпен астас өмір сүрген көшпенді ата-бабаларымыз сұлулық пен әсемдікке тән белгі-сипаттарды табиғаттың төл перзенттері ретіндегі оның таңғажайып туындыларын (өсімдіктер мен жануарлар әлемі, т.б.) ерекше сезімталдықпен көре білгенін де "қазақ әйелі" концептілік жүйесін құрайтын тілдік деректер айқындайды. Өзге тіл, мәдениет өкілдері үшін күлкілі, миға сыймайтын, бастапқыда қисынсыз көрінетін "бота көз, тана көз, көген көз, қой көз, құралай көз", "аққудың көгілдіріндей", "ақмаралдай керілген", "жауқазындай", "қызғалдақтай" т.б. тіркестері қазақ үшін етене жақын, аса ыстық, үйреншікті ассоциация тудырып, әрі сұлулық, әдемі-әсемдікті сипаттаудағы дәл, анық және баршаға түсінікті бейнелер болып табылады. 2.3.1 Абай өлеңдеріндегі "қазақ әйелі" концептісінің көрінісі. Абай өлеңдерінде де "әйел" концептісін білдіретін бірліктердің ұлттық дүниетанымға сай берілгені аңғарылады. Ана тілімізде "әйел" сөзінің сөздікте көрсетілген екінші мағынасына сәйкес келетін жар, нақсүйер, сүйіктісі, алғаны, қосағы деген сөздердің қолданылатыны белгілі. Сонымен қатар өткен ғасыр басындағы алғашқы қазақ романдарында "жамағат" сөзінің "әйел,зайып" мағынасында жұмсалғанын М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамал" романынан кездестірдік: Бірақ мал жағынан көңілі қош болса да, Сәрсенбайдың жамағаты Қалампыр ғұмырында бала көтермей, бұл екеуі балаға мұқтаж еді. Ал ақындық бастауында шығыстық дәстүрмен сусындаған Абайдың өлеңдерінде "жар" деген сөз жиі жұмсалғаны байқалады. Ақын тілін зерттеуші белгілі ғалым Р. Сыздықова ақынның өз өлеңдерінде "жар" сөзін 39 рет қолданғанын атап көрсетеді [10, 64]. Абай өлеңдерінде "жар" концептісі төмендегідей беріледі: Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да. Сорлы асық сарғайса да, сағынса да, Жар тайып, жақсы сөзден жаңылса да, Шыдайды риза болып жар ісіне, Қорлық пен мазағына табынса да. Әйел болмысы, оның еркектен ерекшелігі, ең алдымен, әйелдің сұлулығынан көрінеді. Абайдың "сұлулық" концептісін сипаттауы төмендегі тіркестер арқылы көрінеді: кең маңдай, қолаң шаш, ақ тамақ, қызыл жүз, қара көз, имек қас, қараса жан тоймас, аузың бал, қызыл гүл, ақ тісің кір шалмас, иісің - гүл аңқыған, нұрың - күн шалқыған, үлбіреген ақ етті, ашық жүзді, , қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, аласы аз қара көзі нұр жайнайды, ақша жүз, алқызыл бет, маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, қолаң қара шашы бар жібек талды, торғындай толқын ұрып көз таңдайды, т.б. Аталған тіркестерден қазақ халқының сұлулық туралы ұғымына сай мағыналар айқын аңғарылады. Олардың бірқатары халық санасында бұрыннан қалыптасқан етене жақын тұрақты тіркестер болса, енді бірқатары ақынның тілдік тұлғасының лингвокогнитивті деңгейіне сай жасалған сөз өрнектері. Сонымен қатар бұл тараушада Абайдың поэтикалық танымындағы "сымбаттылық", "қылықтылық", "мінезділік, тектілік" сияқты жағымды коннотациядағы концептілерден өзге "салақтық" концептісі сияқты әйелге тән жағымсыз мәндерге талдау жасалынды. Абай өлеңдерінде сондай-ақ халқымыздың өмір сүру үрдісінде берік қалыптасқан этномәдени стереотиптер де кездеседі. Ер адамға тән емес жағымсыз қасиеттердің бейнесі де Абай өлеңдерінде көрініс береді: Қатынша тілмен шаптықпай, Майданға шықса жарасар. Қартаң бай, қатты сақ бол, тілге көнсең, Мүйіз шығар қатынның тіліне ерсең. Тіпті оңбассың, өзіңе өзің мәз боп, Дастарқан мен қатынды мақтан көрсең.
Абай поэтикасында "әйел" концептісіне қатысты тілдік деректердің арасында діни таным арқылы қалыптасқан этномәдени стереотиптерді аңғаруға болады. Бұлардың кейбірінің мәні прецедентті мәтін арқылы анықталуы мүмкін.
Ю. Караулов прецедентті мәтін деп аялық, танымдық білімнің тілдік тұлға дискурсында жаңғыруын айтады [11, 49]. Ал зерттеуші С.Жапақов "прецедентті мәтіндерге жұртшылыққа танымал аңыз-әңгімелерді, ал прецедентті феномендерге сондағы оқиғалар, кейіпкерлер, тарихи тұлғалар, эпикалық, ертегілік, фольклорлық кейіпкерлерді, т.б. жатқызады [12, 98]. Мысалы: Атаңды анаң азғырып, Тұрғызбаған бейішке. Алласы оны жазғырып, Әкелді бастап кейіске... Әйелде ешбір опа жоқ, Бүгін - жалын, ертең - шоқ.. Аталған жолдардың мағынасын түсіну үшін Адам Ата мен Хауа ана туралы діни аңыздан хабардар болу керек. Діни аңыздан хабары жоқ, аялық білімінің шеңбері тар адам белгілі бір ұжым үшін, ұлт үшін маңызды лингвомәдени ақпаратты толық ұғынбайды. Мұндағы "білім аясы" ұғымын Ахманова О.С.: "тілді тұтынушының білімінде жиналған мәденитарихи деректер" деп анықтай келе, онсыз тілдік қарым-қатынастың болуы мүмкін еместігін алға тартады. [13, 49]. Жоғарыда айтылған пікірлерге сүйенсек, аталған аңыз прецедентті мәтінге жатқызылса, ал Адам Ата мен Хауа Ана прецедентті феноменге мысал бола алады. 2.3.2 Ғ.Мүсірепов шығармаларындағы "қазақ әйелі" концептісінің лингвомәдени сипаты. Көркем сөз шебері Ғ. Мүсіреповтің шығармаларында қазақ әйелінің сыртқы сыр-сымбаты мен ішкі рухани әлемінің сан қатпарлы, мол иірімді ерекшеліктерін, ұлттық-мәдени белгілерін танытатын, жоғарыда аталған коннотацияларға дәлел бола алатын айрықша лингвомәдени бірліктер жиі кездеседі. Біздіңше, оларды шартты түрде мынадай когнитивтік модельдер арқылы көрсетуге болады:
1. Қазақ әйелі сұлу: Уысың толар бұрымның астынан мойны ағараңдайды, қара көз, ақ маңдай... Сұлулығы жеңсе, есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе, сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды. Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыздар болатын... Әр әйел өзінше сұлу болу керек, қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой? Көркем сұлу дейміз, ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, сымбатты дейміз, бәденді дейміз...(Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).
2. Қазақ әйелі бауырмал: Айтолқынның бәлденіп-баптанып болуына қарамай, Шынар Ұлпан тобына барып қысылып қалды. Құшақтаса кетердей үзіле қарап келеді, Ұлпан да сондай күйде екен.
- Сенбісің, ей, айналайын? - деді.
- Мен ғой...
- Айналайын-ай, қандай бауырмал едің? - деп Несібелі Шынардың бетінен сүйді (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).
3. Қазақ әйелі ақылды, қарапайым: Жас әйел Ұлпан асқан ақылды адам еді. Өз айтарын әуелі Есенейге байлатып алып жүр. Есеней де "мына қатын былай деп еді" деп Ұлпанның атын шығара сөйлейді (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).
4. Қазақ әйелі өз ұлтын мақтан тұтады, халқына жанашыр:
- Көсем болып алған соң бұл әйел не істей алды?
- О, істемегені жоқ!.. Есенейдің барлық жерін еліне бөліп берді. Бөліп бергенде біздердей біреуге ана жақтан, біреуге мына жақтан аттамалатып берген жоқ, ауыл-ауылға қыстауды да, егінді шабындық жерді де тұтас берді... Бұл араның қазағына егін салдырды, шөп шаптырды, қыстау салғызды (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).
5. Қазақ әйелі жаңаға үйір: Әуелі жолды, одан соң үш ат жеккен пәуескені Ұлпан көңіліне бір түйіп алды... Ұлпанның ойына "орыс үйі" деген тағы бір түйін байланды... Ұлпан монша деген тағы бір түйіншекті көңіліне түйіп алды...
6. Қазақ әйелі - салт-дәстүрді сақтаушы: Ұлпан үлкендерге бұрылып бір тізелеп сәлем етті. Шынар да соны істеді, ұяла, ұяла, бетін жаулығымен бүркемелеп сәлем етті (Ғ. Мүсірепов. Ұлпан).
Сөз зергері Ғ. Мүсірепов халықтың рухани және материалдық мәдениетін, салт-дәстүрін, төл тарихын, дүниеге көзқарасын, ұлттық болмысын таныту, ұлттық рухты бойына сіңіру әйел-ананың жан-дүниесінде тұтасып, жинақталғанын шығармаларына алтын арқау етіп өреді. Жазушының әйел туралы туындылары біріктірілген "Қазақ әйелі" циклі оқырмандарға Нағима, Ақлима, Күләш, Майра, Ұлпан т.б.әйел-аналар бейнесі арқылы қазақ әйеліне тән дүниетанымды танытады. 2.4 Мифтік танымдағы "қазақ әйелі" концептісінің көрінісі. Мифтік танымның қыр-сырын зерттеуші
С. Қондыбай еңбегінде "қазақ әйелі" концептісі аясында қалыптасқан кейбір бейнелерді төмендегіше ұғындырады: "Көне көшпелілер мифіндегі белгілер суға қатысты әйел рухымен немесе Су құдайымен тығыз байланысты. Сондай-ақ албастыны салбыраған, артқа лақтыратын ұзын көкіректі етіп бейнелеу оның сумен байланысты табиғатын ғана емес, сонымен бірге жыландық сипатын да береді. Аталған көріністегі көкіректер бұл екі аналық безі емес, хтондық әйел құдайдың екі көкірегіне өсіп шыққан екі жылан. Сондықтан, албасты бейнесі су және жыланмен байланысты әйел құдай сияқты көне мифтік кейіпкермен, адам және табиғат өміріндегі қайталанатын кезеңдерге қатысты деп айтуға болады" [14, 169-170]. Ә. Кекілбаев шығармаларында албастының жас босанған әйелдерді өлтіру сияқты зұлымдық функциясы, зиян әрекеттері түсіндіріледі. Албасты болмысына қатысты бұлардан өзгешерек прецедентті мәтінді Е.Аманшаевтың шығармасынан жолықтырдық: - Дегенмен, әркім әрқалай айтады. Біреулер - ұрлап алған нәрестесін сүтке тойғызып, ақ қанатты періштеге айналдырып жібереді дейді... Періште қанаттарын қағып, мына көк теңізді асып аспанға, иә, иә, алыс аспа-ан-ға ұшып кетеді екен... Ал, енді біреулер - Албасты емізген нәрестесін аққуға айналдырып жібереді дейді... Жұрттың аққуды "киелі" санайтыны содан екен... Әлгі аққу қанаттанғанша бар ғой, оны әлпештеп, мәпелеп, ұшып үйрететін де - Албасты өзі көрінеді. Ал аққудың сұңқылдап мәңгі-бақи жұбын жазбай іздейтіні - анасын іздеген нәрестенің іңгәлағаны екен...
- Албасты-қыз әсіресе, тұманды күндері теңіз жағалап серуендегенді жақсы көреді екен...
- Күн түстес, ақсары, ұзын шашын екі иығынан асыра жайып жіберіп, сыздаған емшегін өзі сауып, ыңылдап ән айтады екен... Ертеректе, сонау бағзы заманда адамдар оған зорлық жасап, баласын тартып әкеткен көрінеді. Содан бері аласуан атын ойнақтатып, күллі әлемді кезіп нәрестесін іздейді екен, кейуана!... (Е.Аманшаев. Албасты туралы аңыз). Бұл аңызда айтылғанның негізі бар екенін С. Қондыбай келтірілген дәйектер де дәлелдей түседі [14, 59]. Бұл матриархат кезеңінің патриархат үстемдігімен алмасуынан да болуы мүмкін деп ойлаймыз.
Қазақ ертегілерінде Су архетипіне байланысты мифтік танымдағы "әйел" концептісін танытатын мәтіндер жиі кездеседі. Ондай ертегілерде әйел немесе қыз суға шашын жуып жатқанда, бір тал шашы суға ағып, алтын түстес шаш талын байқаған хан оның иесін көргісі, иеленгісі келеді ("Көкжан батыр", "Арғымерген", "Құламерген" ертегілері). Шаш - байланыс, үйлесімділік, жоғарғы тылсым күштердің символы. Жоғарғы, орта және төменгі әлемді байланыстыратын күш символы. Ежелгі тайпалардың көпшілігінде біреудің шашын қырқу оны жазалау түрі болып есептелген. Тайлықтар адамның киелі жері оның шашы деп санаған. Бірқатар халықтарда оларды көрсетуге, оларды ұстауға тыйым салынған. Шашынан ұстау "дұшпаныңды жеңу" деген мағынаны білдірген.
Ежелгі грекрим әлемінде шашты қырқу құлдықтың белгісі саналған. Ресейде жеңіл жүрісті қыздарды масқара етіп жазалау мақсатында шаштарын тықырлап алып тастайтын болған. Христиан дінінде шіркеуде қызмет етуге бел буған қыздардың шашын қырқу рәсімі болған. Тұлдаудың қазақтар үшін ерекше танымдық мәні бар. "Тұлдау" - ардан аттаған әйелдерге қолданған жаза: "Анадай жерде бетіне күл жағып, маңдай шашын кесіп, бұлқынтып ұстаған Торғынды ортаға алып шықты... Ұйпатұйпасы шыққан бейшара қызды қара атты гүжбан қараның алдына апарып тізе бүктірді. Бұрым қып өргізбей бос салдырған қолаң шашы алдына төгіліп бет ауызын көрсетпей тастапты" (Ә.Кекілбаев. Үркер).2.5 Концепт тіл мен таным сабақтастығына негізделген когнитивтік бағыттың негізгі бірлігі ретінде. Когнитивтік ғылымның басты мәселесі адамның білімін жүйелеу болып табылатындықтан, осы мәселені шешетін фактор ретінде ішкі құрылымдарды тереңінен басқаратын ойлау әрекеті негізгі қызмет атқарады. Когнитивтік лингвистикада бұл қызмет "фрейм", "семантикалық өріс", "концептуалдық схема", "когнитивтік модель" сияқты құрылымдар көмегімен жүзеге асатыны анықталған. Г.Гиздатов когнитивтік модельді бірнеше сатыларға жіктеп танытады: "Когнитивтік модель үш түрлі сатыдан тұрады: біріншісі - ойлау дәрежесі. Онда сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Екіншісі - алдын-ала ойлау дәрежесі. Мұнда логикалық ойлаудың бастапқы үлгілерін білдіретін сана әрекетінің дәрежесі көрініс табады. Үшіншісі - ойлаудың төменгі дәрежесі. Онда сезім арқылы бейне қалыптастыру әрекетінің дәрежесі көрініс табады" [15, 187]. Ғалымның айтуы бойынша, когнитивтік модель объективтендіруші рефлексиядан және субъективтендіруші рефлексиядан құралады. Демек, когнитивтік лингвистика мен дәстүрлі құрылымдық-семантикалық тіл білімі ғылыми ойлардың баламалы ағымы емес, олар - өзара тілдік ақиқатты танудың екі түрлі бағыты. Тіл көмегімен санада қалыптасқан концептуалдық құрылымдар индивидтің, белгілі бір әлеуметтік топ өкілінің маңызды тәжірибесіне сүйенген, өзіндік танымы арқылы құрылады.
Біздің тақырыбымызға қатысты, яғни күрделі концептілік құрылым ретінде ұғынылатын "қазақ әйелі" концептісін ғылыми негіздеп, сипаттайтын -когнитивтік лингвистика. Ал, когнитивтік лингвистиканың зерттеу объектісі бүкіл концептуалдық жүйені құруда айрықша мәнге ие болатын, әсіресе, концептуалдық кеңістікті ұйымдастырып, оны жіктеудің негізгі бастаушысы болып табыла алатын концепт болып есептелетіні белгілі. Сөз мағынасы когнитивтік қызметті толық анықтай алмайтыны, деңгейінің тар, ұғымнан алшақ екені, сонымен қатар, когнитивтік ұғымдарға барабар келмейтіні А.Вежбицкаяның концептіге берген мына анықтамасынан көрінеді: "концепт - бұл ақиқат әлемі туралы адамның мәдени-шартты түсінігін бейнелейтін "идеалды әлемнің объектісі" [16, 85]; Р.М.Фрумкина концептіні мәдени категориялардың әсерінен туған вербалды ұғым ретінде түсінеді [17, 25]. В.Н.Телияның пікірінше, концепт - бұл адамзаттың ақыл-ой жемісі және ондағы идеалды құбылыстар мен болмыстар. Ол тек тілге ғана емес, адам санасына тікелей қатысты" [18]. Демек, концепт адам санасында танылған, бейнеленген білімді айқындайды.
Қазақ тіл білімін зерттеушілер арасында да концепт мәселесін тереңінен зерттеп, анықтама ұсынған зерттеулер жүргізілуде. Дүниенің тілдік бейнесін ұлттық мәдениет контексінде қарастырған А.Исламның пікірінше: "Концепт дегеніміз - ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы дүниетаным құндылықтарын айқындайтын тілде көрініс тапқан күрделі бірлік" [19, 12]. Біздің ойымызша, қазақ тіл біліміндегі "шаңырақ", "тары", "от", "қамшы" т.б. концептілер ұлттық мәдени константалар ретінде А.Ислам, Н.Уәли, Б.Ақбердиева, М.Күштаева т.б. еңбектерінде лингвомәдениеттанымдық бағытта зерттеліп, дәлелденді. Көріп отырғанымыздай, когнитивтік тіл білімінің басты зерттеу мақсаты, қарастырылатын мәселелері, зерттеу әдістері белгілі болғанымен, оның негізгі ұғымдық бірлігі - концептіні анықтау, талдау тәсілдері бірізді жүйеге түскен жоқ. Біз "концептілік жүйе" деген ғалымдардың пікіріне сүйеніп, осы терминді пайдаландық. Себебі, біздің ойымызша, "қазақ әйелі" концептісіне қатысты - тілге дейінгі және тіл деңгейіндегі адамның танымдық тәжірибесін бейнелейтін оның білімі мен ой-пікірлерінің жүйесі. Ал, адам санасында дүние бейнесін тіл арқылы тұтастай бейнелеу мәселесі - когнитивтік тіл білімінің маңызды мәселесі. Осыған орай қарастырылған жоғарыда аталған зерттеулерде әрбір концептілерді бірыңғай топтастырғанда, осы концептілердің өзара байланысына тән, ерекше ұлттық дүниеге көзқарасы мен бағасы, бағалау көзі анықталады. Соның нәтижесінде әр этностың ерекше этноөзектік концептілері туындайды және тіл сонау бастан дүние бейнесінің белгілі деңгейдегі көрінісі болғандықтан, табиғи тілде дүниені "өзіндік қалпымен" бейнелеу мүмкін емес екені көрінеді. Сондықтан мәдениет категорияларын концептуалды ұғыну тілде ғана көрініс табады, тілде ғана жүзеге асады. Яғни ұлттық менталитет және рухани мәдениет ең алдымен бейнелі мазмұн арқылы тіл бірліктерінде көрінеді. Осымен байланысты қазақ мәдениетіндегі қазақ әйеліне қатысты ұлттық сананың кілтін ашатын жарқын бейнелі құралдар - тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, метафоралар. Теңеудің семантикасы дүниенің ұлттық бейнесін танытады. Мысалы, қазақ халқында сұлу әйелге қатысты қарға аунаған түлкідей, балға ашытқан қымыздай, қысыр емген тайдай, ақ бөкеннің құралайындай, оттай ойнақшыған, сұқсырдай сыланған, үлбіреген қырдың қызғалдағына ұқсап, аршыған жұмыртқадай, қамыстай әдемі тұлғасы, ай мен күндей әлемге бірдей, ақ маралдай керілген, шомылып көлге шыққан қудай, аққудың көгілдіріндей т.б. теңеулер кездеседі. Демек, ұлттық мазмұнға, құрметке ие болған әлеуметтік таным жүйесі тілдің ұлттық жүйесінде таңбалық көрініс табады және дүниенің тілдік бейнесін құруға қатысады. Мұның нақты дәйегін жоғарыда "қазақ әйелі" концептісін нақты талдау барысында байқауға болады.
Когнитологтар белгілеген концептіні анықтаудың жолдары мынадай ретте жүргізіледі: концептілер бақыланған, қиялдан туған бейнелерді өзара ұқсастырып, ұқсас дүниелердің ортақ белгілерін бір ортаға жинақтайды. Мысалы, "Әйел" концептісінің когнитивтік моделі: 1. Әйел - ана. Жап-жас ана бөпесін әлдилейді өбектеп, Бір сағаттың ішінде үш оянып,Үш қалғып; Шеше деген - шалқыған көл емес пе, Көлді жерде айналар шөл елеске (М. Мақатаев); Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған.Түн ұйқысын төрт бөліп,Түнде бесік таянған. Аялы қолда талпынтқан, Қаймақты сүттей қалқытқан. Суық болса, жөргектеп, Қорғасын оқтай балқытқан. Айналасына ас қойып, Айдынды көлдей шалқытқан. Қолын қатты тигізбей, Кірлі көйлек кигізбей, Иісін жұпар аңқытқан (Ы.Алтынсарин); 2. Әйел - адал жар: Төрт бұрышын төңіректің шарласам да, Сендей жар жанға жайлы қайдан табам? Сенсің - жар: жүрегімнің сырын ашқан (М.Мақатаев); 3. Әйел - ерлік: Ерліктің қос қанаты деп білем мен аяулы Әлиям мен Мәншүгімді (И.Сапарбай), т.б. Ал "қазақ әйелі" макроконцептісін төмендегідей микроконцептілерге бөліп қарастыруға болады: "Қыз" концептісі: Қылышы өткір ұлыстың қызы да өткір, Сүймейді сені алдымен жылатып алмай (Ж.Жақыпбаев); Құдықтай тұнық суы тартылмаған Торғын да торғын шаштары тобық көметін Тоты қыздарға деуші едік, шіркін, үйленсек; Қыздың беті - қызарып піскен алма, Күннің нұрын уылжып ішкен ол да; Қыз дегенің - өмірдің қызғалдағы, Қылықтылар аз ба екен қыздандағы?.. (И. Сапарбай); "Әже" концептісі: Әулие-әмбиеден аумай қалған; Оранған ақ әжелер кимешекке; Тұратын еді шақырып Әжемнің аппақ жаулығы; Әжем жүр туған жердің топырағын, Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға... (М. Мақатаев) т.б. Сонмыен қатар жұмыста "келін", "жеңге", "абысын", "кемпір" т.б. концептілердің когнитивтік модельдері талданып көрсетілген. Бұл білімдер санада сақталып, субъектінің тәжірибесі ретінде оның концептуалдық жүйесінің құрылымдық элементтеріне айналады. 2.6 Ассоциацияның тілдік көрінісін психолингвистикалық әдіс ретінде қарау. Адамның белгілі бір ұғымды қалай қабылдайтынын, сол ұғымды танытуда санадағы ақпараттарын қалай қолданатынын ассоциацияның тілдік көрінісі психолингвистикалық әдіс ретінде анықтауға болады. Ал әрбір халықтың немесе ұлттың, әлеуметтік топтың не болмаса әрбір адамның өзіндік таныту ассоциациясы, стереотиптері болады. Ассоциация - жеке субъективті тәжірибеге негізделген белгілі объекті немесе құбылыс арасындағы байланыс. Бұл тәжірибеден субъектінің нәр алған мәдениеті мен өмірлік тәжірибесі байқалады. Осы ассоциация ұғымымен тығыз байланысты ассоциациялық өріс ұғымы да бар. Ассоциациялық өріс - тілдік бірліктердің жиынтығы, мазмұн ортақтығына қарай біріккен белгілеуші құбылыстардың ұғымдық, заттық және функционалдық ұқсастығы. Ол ассоциатив сөздердің, өзекті сөздердің төңірегінде бірігуі ретінде түсініледі. Демек, ассоциативті тәжірибе "стимул - реакция" жүйесі бойынша жүргізіледі. Ақиқат дүние адам санасында қалай қабылданса, сол күйінде жадыда сақталып, сол ұлтқа тән тіл арқылы көрініс табады. Кез келген дүниені қарап тани отырып, санаға сарт ете түскен түсінікті (ассоциацияны) немесе сол дүние туралы ұғымды тіл арқылы жеткізу үшін адам біліми, мәдени, рухани танымына сүйенеді. Ол тілдік қордағы тіркес арқылы, метафора арқылы немесе фразеологизмдер арқылы көрініс табады. Мысалы, қызға қатысты нәзік, мейірімді, шашы ұзын, үкілі тақия, қыпша бел, оймақ ауыз, т.б. түсініктер санада жинақталған қарапайым ассоциациялар болса, ал шығармашылық таланты бар, дүниені ерекше танып қабылдайтын ақын-жазушылар танымында ассоциативтік білім көздері бейнелі түрде көрініс табады: торғын да торғын шаштары тобық көметін тоты қыздар; қыздары есік, төрден несіп терген, сөйлетсе - Сара ақындай дес бермеген; т.б. (И. Сапарбай); Шыт көйлек... белін бір бүрген, Етегін желге ілдірген, Омырауында бүлдірген; сен бота едің көздерің мөлтілдеген (М. Мақатаев) т.б.
Демек, ассоциация - жалпы мағынасында, айнала қоршаған дүниенің үзігін таныту үшін қолданылатын, психикалық қабілеттер негізінде жүзеге асатын, білім алудың көзі. 2.6.1 "Қазақ әйелі" концептісі ассоциациялық өріс аясында. "Қазақ әйелі" концептісінің ассоциациялық өрісін "қазақ әйелі" концептісі аясында өткізілген ассоциативтік эксперимент нәтижелері дәлелдей түседі. "Қазақ әйелі" концептісін ашуда психолингвистикалық талдау жүргізу арқылы ассоциация тәсілінің тиімділігі айқындалды. Соған орай біз "қазақ әйелі" концептісінің аясына кіретін бірнеше стимул сөздерді 200 информантқа ұсындық. 17- 40 жас аралығындағы қазақ тілді азаматтардан алынған жауаптар негізінде түзілген "қазақ әйелі" концептісінің ассоциативтік өрісі төмендегіше: қазақ әйелі - инабатты, ізетті, сыпайы, көркем, сергек, байсалды, тәрбиелі, ұлттық дәстүрді сақтайтын, өмірдегі бар қиындыққа шыдайды, ибалы, үй шаруасымен айналысатын, камзолы жарасымды, ерінің айтқанынан шықпайтын, Гүлбаршын, Құртқа, сәукеле киген, өз орнын білетін, жұбайын сыйлайтын, пысық, икемді, "Бақытсыз Жамал", Ғ.Мүсірепов, Ұлжан, Ұлпан, "Ер ана", Әмина Өмірзақова, Әйгерім, етек-жеңін жапқан, ажарлы; ана - ақ сүт, уыз, жақсы көретін, жақсы, мейірімді, бауырында баласы, қадірлі, бақыт, ең жақын адамың, әдемі, ақылды, қамқоршы, ардақты, асхана иесі, тамақты дәмді істейтін, жер-ана, Отан-ана, алтыннан қымбат, ауыл, ананың ақ сүті, мені өмірге әкелген, дүниені жаратушы, отбасы ұясы,ұрпақ тәрбиелейтін, ақ жаулықты, жанашыр, бесік жыры, әлди, түн ұйқысын төрт бөлген, ананың көңілі балада, алақаны ыстық, Домалақ ана, "Боранды бекеттегі"Найман ана, бұлақ, т.б.Тәжірибе барысында алынған нәтижелерге үңілсек, олардың қазақ мәдениетіне, ұлттық дүниетаным мен болмысқа тән ассоциациялар екені байқалады
Қорыта келгенде, "қазақ әйелі" концептісінің лингвомәдени ерекшелігі қазақ дүниетанымында қалыптасып, тілде беркіген этномәдени, гендерлік стереотиптер арқылы ашылады. Қазақ әйелінің ойлау қабілеті, зейінзерде ерекшелігі, парасатпайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік, махаббат, сұлулық т.б. тілдік көрінісі этностың ерекше этноөзектік концептілерін құрайды; "қазақ әйелінің" концептілік бейнесі көркем және прецеденттік мәтіндерде, мифологияда, сакральды, топонимдік, антропонимдік т.б. жүйеде жасала отырып, оны символдық деңгейге көтереді. Ұлттық санада қалыптасқан, тіл арқылы сақталып, этномәдениеттің көрінісі ретіндегі, ұлтымызды біртұтас етіп ұйыстыратын ұйытқы күштің бірі де бірегейі ұлт тәрбиесіндегі ананың рөлін дәлелдейді. Бүгінгі қоғамдағы ананың, әйелдердің қоғамдағы орны мен қызметін арттыру күнделікті тұрмыс пен тәрбиедегі ана тілінің ұлтты ұйыстырушылық қасиетін, құдіретін күшейтумен тығыз байланысты екенін осы тектес зерттеулер нақты көрсетіп отыр.
Ғылыми болжам: Қазақ этномәдениетінде қалыптасқан дәстүрлі көзқарасты негізге ала отырып, "қазақ әйелі" макроконцептісінің қазіргі заман ағымына сай "іскер әйел" т.б.микроконцептілеріне, имиджіне, кәсібиинтеллектуалдық өрісіне дәйектелген динамикалық жүйесін қазіргі қазақ қоғамының руханиәлеуметтік үрдісімен сабақтастыра зерттеу.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Жинкин Н.И. Речь как проводник информации. - М.: Наука, 1982
2 Шоқым Г. Тіл біліміндегі гендер мәселесі // ҚР ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. №6, 2006. - 23-26 бб.
3 Әмірбекова А.Б. Концептілік құрылымдардың поэтикалық мәтіндегі вербалдану ерекшеліктері: Филол. ғыл. канд. дис. - Алматы, 2006. - 117 б.
4 Гусейнова И.А., Томская. М.В. Гендерный аспект в текстах современной рекламы // Филологические науки . - 2000. -№3, с.81-91
5 Шойбеков Р. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. - Алматы: Қазақстан, 1993. -203 б.
6 Этинген Л. Мифологическая анатомия. М. : ИОИ, 2006. - 528 с.
7 Сейдімбек А. Қазақ әлемі. Оқу құралы. - Алматы: Санат,1997. - 464 б.
8 Уфимцева А.А. Понятие языкового знака // Общее языкознание. - М., 1970.
9 Фома Аквинский // Наука и религия. - 1986, № 3. -с. 27.
10 Сыздық Р. Абайдың сөз өрнегі. - Алматы: Санат, 1995. - 206 б.
11 Караулов Ю. Русский язык и языковая личность. - М.: Наука, 1987. - 216 c.
12 Жапақов С. Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері: Фил.ғ.к...дис. Алматы, 2003. - 117 б.
13 Ахманова О.С., Гюббент Н.В. Вертикальный контекст как филологическая проблема // Вопросы языкознания. М., - 1997, №3, с.49
14 Кондыбай С. Казахская мифология. Краткий словарь. - Алматы; Нурлы Алем, 2005. - 272 c.
15 Гиздатов Г. Типология и динамика когнитивных моделей в речевой деятельности. Дисс док.филол.наук. - Алматы, 1999.
16 Вежбицкая А. Язык. Культура. Познание. - М. Русские словари, 1996. - 411c.
17 Фрумкина Е. Введение в психолингвистику .- М., 2000. - 215 c.
18 Телия В.Н. Русская фразеология. - М., 1996. - 217 с.
19 Ислам А. Ұлттық мәдениет контекстіндегі дүниенің тілдік суреті. Фил.ғыл. док. дис. қолжазбасы. - Алматы, 2004. - 340 б.
Диссертация бойынша жарияланған еңбектер тізімі:
1 Қазақ әйеліне қатысты лингвомәдени бірліктер // "Қазіргі таңдағы ғылым мен білім" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары.
М. Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институты. - Шымкент, 2005. -16-20 б.
2 "Қазақ әйелі" концептісінің бейвербалды амалдар арқылы берілуі // Тілтаным, 2006, №1, 107-112 б.
3 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты зергерлік бұйым атаулары // әл Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Филология сериясы, 2006, №8-9, 42-45 б.
4 Ұлт тілі және әйел-ана // Ана тілі, №42-43, қазанның 19-ы, 2006. - 13-б.
5 Қазақ әйелінің "сұлулық" концептісін сипаттайтын лингвомәдени дәйектер // "Әуезов оқулары - 5" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, 2006, 25-28- б.
6 Абай өлеңдеріндегі "қазақ әйелі" концептісінің көрінісі // "Педагогикалық білімнің өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Шымкент, 2006, 42-46-б.
7 "Қазақ әйелі" концептісіне қатысты антропонимдердің гендерлік сипаты // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2007, №8, 115-118- б.
8 "Қазақ әйелі" концептіcіне қатысты киім атауларының лингвомәдени сипаты // Қ. Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы. - Түркістан, 2007, №8, 73-78-б.
9 "Қазақ әйелі" концептіcіне қатысты кейбір онимдердің этномәдени сипаты // Т. Жанұзақовтың 80 жылдығына арналған халықаралық конференция материалдары, Алматы, 2007, 197101 бб.
РЕЗЮМЕ
Байгутова Аклима Мархабатовна
Этнокультурное описание концепта "казахская женщина"
специальность: 10.02.02 - казахский язык
Актуальность исследования. В последние десятилетия исследования по лингвокультурологии, когнитивной лингвистике антропоцентрической парадигмы стали рассматриваться как ключевое в языкознании, и описание национальной культуры в языке является основной теорией. В связи с этим в нынешнее время особое значение имеет раскрытие роли матери в родной речи, а также в завтрашней и сегодняшней жизни народа. Однако с языковой точки не нашло своего полного решения исследование конкретного места женщины в национальном мироведении казахского народа, казахской культуры. Проблема описания сущности нации, взглядов на жизнь, духовно-культурной ценностей во взаимосвязи с природой, социальной значимостью женщины через концепт "женщина", которое накапливался в фонде национального познания через язык, а также определение динамики развития, процесс обновления концепта "казахская женщина" в современном казахском обществе показывает актуальность исследовательской работы.
Объект исследования. Исследование связанных с концептом "женщина" в познании казахского народа названии, языковых, лексико-фразеологических, паремиологических единиц, формированных в сознании народа понятии, а также фактов, встречающихся в современных художественных текстах, прецедентных текстах, мифологии и сакральной, топонимической системе и др., доказывающих концепт "казахская женщина".
Цель и задачи исследования. Выявление роли и места казахской женщины в общественной жизни, национальной культуре, семье при помощи описывающих их языковых фактов, лингвокультурных единиц, описание лексико-семантического, концептуального значения концепта "женщина" на уровне фонового знания. Достижение этой цели требует решения следующих задач:
- выявить основы исследования концепта "казахская женщина" в антропоцентрической парадигме;
- описание концептологического фона казахской женщины в контексте картина мира;
- установление доказывающих концепт "казахская женщина" фактов художественного текста, прецедентного текста, мифологии и сакральной системы, топонимов и др.;
- определение концептологического поля связанных с понятием "казахская женщина" устойчивых словосочетаний, пословиц и поговорок, сравнений, метафоры, символов;
- показать ассоциативное поле концепта "казахская женщина" в психофизиологическом, гендерном, социальном ракурсе;
- определить этнокультурное описание онимов связанных с понятием "казахская женщина";
- выявить социальную значимость языковых единиц, связанных с понятием "казахская женщина", как динамическую систему.
Материалы исследования. Наследие устного народного творчества, произведения известных поэтов-писателей, фразеологические, толковые, диалектологические, паремиологические словари, историко-этнографические, мифологические факты, языковые единицы, взятые из периодической печати.
Методы исследования. В исследовании использовались описание, семасиологический, этнолингвистический, концептологический анализ, ассоциативный эксперимент.
Научная новизна исследования. Основной новизной исследования является рассмотрение концепта "казахская женщина" как лингвокогнитивную единицу в художественной и языковой картине мира. На основе этого выносятся следующие результаты исследования:
- сделан семантический, концептуальный, этнолингвистический, психолингвистический анализ соответственно национальному познанию значения концепта "казахская женщина";
- выявлено значение слов, художественного текста, прецедентного текста, фразеологизмов, пословиц и поговорок, которые входят в фон концепта "казахская женщина", раскрывая их этническое значение, показана языковая картина мира, которая свойственна казахскому народу;
- с помощью ассоциативного эксперимента определены понятия, национальные стереотипы, формированные у современного поколения о "казахской женщине";
- определены эксплицитные и имплицитные виды фонового знания языкового коллектива относительно указанного концепта.
Теоретическая и практическая значимость исследования. Выводы и результаты, полученные в ходе исследования, вносят свой вклад в раскрытии научно-теоретических основ этнолингвистического, лингвокультурологического, когнитивного исследования. Исследуемые языковые факты могут быть использованы в создании толкового словаря казахского языка, фразеологических, ассоциативных словарей.
Результаты исследования также могут быть использованы на лекциях по познанию с помощью языка историю этноса, национального мировидения, национальной культуры, спецкурсах по лингвистике художественного текста, в практике преподавания дисциплин "Социальная лингвистика", "Лингвострановедение", также в практике этнопедагогики.
В диссертационном исследовании на защиту выносятся следующие положения:
- языковое выражение способности казахской женщины думать, особенности сознания, мировидения, уровня рассудительности, характера, трудолюбия, выносливости, красоты и др. - особые этноцентрические концепты этноса;
- исследованные ассоциации, оценка и коннотации - это сведения о чувствительности, социальном, психологическом, культурном сознании казахской женщины, языковое средство, раскрывающее ключ национального сознания;
- концептологическая картина "казахской женщины создается в художественных и прецедентных текстах, мифологической, сакральной, топонимической, антропонимической системе;
- концепт "казахская женщина" - это значение, функция национального познания, которое сохранено в сознании и передается из поколения в поколение;
- с помощью принятия, определения, обработки информации, сохраненной в языке, памяти, также возрожденной в новом качестве, открывается возможность доказать взаимосвязь познания и культуры.
SUMMARY
of the thesis submitted for the scientific degree
of candidate of philologic sciences on speciality
10.02.02 - Kazakh language
BAIGUTOVA AKLIMA MАRKHABATOVNA
Ethnocultural description of the concept " a kazahk woman"
Actuality of the research. The researches on linguaculturology, cognitive linguistic of antropocentric paradigms have been considered as the key-notes in linguistics and the description of the national culture in the language has decome its main theory last decades. In connection with this, now it is extremely important to reveal the role of a mother in native tongue, as well as in the last and present life of the nation. However, the research of the place of a woman in national ideology of the kazakh people, kazakh culture did not find its full reflection from the linguistic point of view. The actuality of the work is considered in the problem of description of the roots of the nation, outlook on life, spititual-cultural values in association with the nature, social significance of a woman via the concept "a woman" which has accumulated in the fond of national perception via the language, and also determination of the dynamic of progress, a process of renovation of the concept of "a kazakh woman" in the contemporary kazakh socity.
The object of the research. Researched connected with the concept "a woman" in the perception of the kazakh nation of names, language, lexical-phraseological, paremiaelogic units, formed in the conscience of the nation the concepts, as well as facts described in the contemporary billitristic texts, precedent texts, mythology, sacral and toponimic system and other argumenting the concept "a kazakh woman".
The purpose and tasks of the dissertation. Revealing the role and place of a kazakh woman in social life, national culture, family by the help of description of their linguistic facts, linguacultural units, description of lexical-semantic, conceptual meaning of the concept "a woman" on the level of background knowledge. The achievement of the purpose demants the solution of the following tasks:
- the reveal the basic for the research of the concept "a kazakh woman" in antropocentric paradigm;
- description of the conceptual background of a kazakh woman in the context of peace picture;
- establishment of arguments of a concept "a kazakh woman" from the facts of billitristic texts, precedent texts, mythology, sacral and toponimic system and others;
- determination of the conceptual field connected with the meaning "a kazakh woman" from idiomatic expressions, poverbs and sayings, comparisons, metaphore and symbols;
- to show the assiciation field of a meaning "a kazakh woman" in psychophysical, gender, social aspects;
- determination of the ethnocultural description connected with the concept "a kazakh woman";
- to reveal the social significance of the linguistic units connected with the concept "a kazakh woman" as the dynamic system.
Materials of the research. Heritage of the oral national creation, works of the famous poets and writers, phraseological, explanatory, dialectical, paremiaelogic dictionaries, historico-ethnographic materials, linguistic units of the periodicals.
Methods of the research. Three were used description, semasialogic, ethnolingustic, conceptual analyses and associative experiment.
Scientific newness of the research. The main newness of the research is consideration of the concept "a kazakh woman" as the linguistic unit in billitristic and language peace picture. On the basic of this there are shown the following results of the research:
- semantic, conceptual, ethnolinguistic, psycholinguistic analyses in accordance with the national perception of the purpose of the concept "a kazakh woman" is done;
- the meaning of the words, billitristic texts, precedent texts, idiomatic expressions, proverbs and sayings are revealed which are the background of the concept "a kazakh woman" and diclosing their ethnic meaning there are shown the language picture of peace which is pecular to the kazakh nation;
- with the help of assiciative experiment there are defined the meanings, national stereotypes about " akazakh woman" formed in the contemporary generation;
- there are defined explicite and implicite types of the background knowledge of the linguistic collective referring to the mentioned concept.
Theoretical and practical mening of the research. Conclusions and results obtained during the research have its own contribution to the revealing of scientific-theoretical basic of ethnolinguistic, linguacultural, cognitive research. Studied language facts can be used in complition of explanatory dictionaries of the kazakh language, phraseological and assiciative dictionaries.
The results of the research can be used in lectures on history of the ethos by the help of the language, national ideology, natinal culture, special courses on linguistic texts, in practice of the teaching the subjects "Social linguistics", "Linguistic country studing".
In the dissertation the following positions will be shown:
- linguistic expression of an ability of a kazakh woman to think, special features of conscience, outlook, the level of justifiction, character, hardworking ability, tolerance, beauty and others - the special ethnocentric concepts of the ethnos;
- studied association, evaluation and connotaion are the materials of sensibility in social, psycological and cultural perception of a kazakh woman, language means to disclose the key-note of the national conscience;
- conceptual picture "a kazakh woman" is created billitrisic and precedent texts, mythology, sacral, toponimic and antropologic system;
- a concept "a kazakh woman" is the meaning, function of the national perception which is kept in the conscience and transmitted from generation to generation;
- with the help of admition, determination, reveling the information kept in the language, memory, revival in the new quality gives an opportunity to prove the interrelation of perception and culture.
PAGE \* MERGEFORMAT 34
отбасы басшысы
әке
үйеу
кәсіби қайраткер
қорғаушы
асыраушы
табыс табушы
еркек
қызметкер
ошақ қамқоршы-сы
үй шаруашы-лығындағы әйел
жар
ана
әйел