Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Кафедра ______Философия_____
СИЛЛАБУС
Жалпыміндетті модуль
Fil1102 Философия пәні бойынша
5В090200 Туризм мамандығының студенттеріне арналған
Астана
2011
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Күні: _______ 2011 ж. |
Басылым: екінші |
|
Силлабус |
ЕҰУ С |
5 беттен 2 бет |
1.Адаева Гүлнар Аманбекқызы, филос. ғыл. канд., доцент, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ философия кафедрасының доценті;
Байланыс телефоны:37-05-88(жұм.); kumaen@mail.ru
Ғылыми қызығушылығы: Ғылым философиясы, қазақ философиясы, гендер философиясы
Ғылыми мектебі: ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты;
2. Философия . Код: Fil1102 Кредит саны-3.
3. Өткізілу орны мен уақыты: 2 семестр; бекітілген сабақ кестесіне сәйкес.
4.Оқу пәнінің пререквизиттері әлем мәдениетінің тарихы, Қазақстан тарихы, әлем тарихы (орта білім көлемінде),мәдениеттану. Постреквизит: әлеуметтану, саясаттану, ғылым тарихы және философиясы
5. Оқу пәнінің сипаттамасы 5.1 Пәннің оқу үдерісіндегі орны. Адамзат мәдениеті мен рухани өмірінің өркениеттік дамуының бөлігі ретінде әлемдік философиялық ойдың даму тарихының негізгі кезеңдерін; философияның қазіргі тенденциялары мен оның ұлттық және аймақтық ерекшеліктерін оқытуға бағытталған.
5.2. Пәннің мақсаты: Жоғары білім беру жүйесінде философия курсы білімді гуманизациялау және гуманитаризациялауға бағытталған, сонымен бірге студенттерге өзінің өмірлік көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету, осының нәтижесінде оның қоғамдық кәсіби қызметтерінің сәтті болуына көмек көрсету.
5.3. Пәннің міндеттері:
5.4. Пәннің мазмұны: Бұл курс философия тарихының үдерісін толық жүйе түрінде көрсетіп, оның ішіндегі әртүрлі философиялық бағыттарға назар аударып, сонымен бірге философияның теориялық мәселелерін зерттеу;5.5. Пәнді оқыту жоспары
Апта |
Тақырып атауы |
Оқуды ұйымдастыру түрі мен сағат саны |
СӨЖ тапсырмалары |
1 |
Философия мәдениет феномені ретінде Дүниетаным ұғымы, тарихи типтері.Философия, мәселелер шеңбері. Философиялық білімнің құрылымы. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ +6 с. СӨЖ |
Философия және мифология. Философия және дін(таңдау бойынша реферат жазу). |
2 |
Ежелгі Шығыс философиясы. Ежелгі Үнді философиясы. Ежелгі Қытай философиясы. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ +6 с. СӨЖ |
Шығыс дүниетанымындағы адам (таңдау бойынша реферат жазу) |
3 |
Антика философиясы. Натурфилософиялық кезең. Классикалық кезең.Эллиндік-римдік кезең. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6с. СӨЖ |
Философия генезисіне грек мифологиясының әсері(баяндама).Грек және рим мифологиясындағы құдайлар пантеоны (таблица жасау) |
4 |
Ортағасырлар философиясы. Ортағасырлық христиан философиясы. Ортағасырлық мұсылман философиясы. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ |
«Құран» және дүниенің исламдық моделі.«Ғылым және дін: келісім бе, қарсы тұру ма?» (пікірталас) |
5 |
Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясы. Ренессанстық дүниетанымның антропоцентризмі. Коперникандық төңкеріс. Әлеуметтік утопия. Эмпиризм мен рационализм философиялық дәстүрінің пайда болуы. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ |
Реформация философиясыАғартушылық философиясы. «Табиғат адам үшін ғибадатхана ма, әлде шеберхана ма?» (пікірталас) |
6 |
Неміс классикалық философиясы. Канттың таным теориясы мен этикасы. Фихте, Шеллинг ілімдері.Гегельдің диалектикасы. Фейербахтың антропологиялық материализмі. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 3с. СОӨЖ+3 с. СӨЖ |
Неміс ағартушылығы. «Мен философияны қалай түсінемін?» тақырыбына эссе жазу |
7 |
Марксизм философиясы. Диалектикалық материализмнің қалыптасуы. Тарихты материалистік түсіну. ХІХ-ХХ ғ. басындағы орыс философиясы.Славянофильдер мен батысшылдар. Орыс діни философиясы. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ |
Кеңестік мәдениет контексіндегі маркстік философия. К.Маркс. «Капитал»(мәтінмен жұмыс) |
8 |
Қазақ философиялық ой-толғауларының ерекшеліктері. Қазақ дәстүрлі дүниетанымы. Ортағасырлық түркі жазба ескеркіштеріндегі философиялық ізденістер. Ақын-жыраулық философиясы. Қазақ ағартушылығы. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ |
Қазақ философиясы мен мәдениеті бойынша зерттеулердің қалыптасуы(таңдау бойынша реферат жазу) |
9,10 |
Қазіргі бейклассикалық батыс философиясы «Өмір» философиясы, психоанализ, неофрейдизм, экзизтенциализм, герменевтика О.Конт ілімі, эмпириокритицизм, неопозитивизм, постпозитивизм Феноменология, структурализм, неокантиандық, неотомизм, прагматизм, постмодернизм |
4 с.- дәріс+2 с. семинар+ 12с.СӨЖ |
Жаңа философия мен Европа мәдениетінің дағдарысы. «Сұлулық дүниені құтқара ма?» (пікірталас) |
11 |
Онтология: заңдары мен қағидаттары Болмыс және бейболмыс. Болмыс түрлері. Материя, уақыт, кеңістік,қозғалыс түсініктерінің қалыптасуы. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ |
Синергетика қазіргі даму теориясы ретінде. (таңдау бойынша реферат жазу) |
12 |
Таным теориясы.-2с Таным деңгейлері. Ақиқат. Ғылыми таным ерекшеліктері.Философиялық әдістер. Диалектика теориясы. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 3с. СОӨЖ+3 с. СӨЖ |
Шаруашылық философиясының мәселелері. (таңдау бойынша реферат жазу) |
13 |
Философиялық антропология мәселелері.-2с Адам табиғаты. Тұлға, өзіндік сана. Антропогенез мәселесі. Гендер. Ноосфера. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ |
Адам болмысы-бейболмысы. Өлім феномені. «Суицид-ерлік пе, ақымақтық па?» (пікірталас) |
14 |
Әлеуметтік философия..-2с Қоғам феномені. Қоғамдық болмыс және қоғамдық сана. Қоғам түрлері: ашық, жабық, бұхаралық,индустриалдық,постиндустрилдық,ақпараттық. Географиялық детерминизм. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ |
Қазақстан қоғамы тарихи дилемма алдында. Қоғам және табиғат (таңдау бойынша реферат жазу) |
15 |
Мәдениет философиясы -2с Мәдениет ұғымы. Мәдениет салалары.Мәдениет типологиясы мәселесі. Мәдениет және өркениет. |
2 с.- дәріс+1 с. семинар+ 6 с. СӨЖ |
Жаһандану жағдайындағы мәдениет (таңдау бойынша реферат жазу) |
6. Негізгі және қосымша әдебиет тізімі
6.1. Негізгі әдебиет
1.Ғабитов Т. Философия. А.,2004.
2.Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. А., 2006.
3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2004.
4.Мырзалы С. Философия. А., 2008
5.Сабитов С. Батыс Еуропа философиясының антологиясы. А., 2001. 6.Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. А;2006
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті |
Күні: _______ 2011 ж. |
Басылым: екінші |
|
Силлабус |
ЕҰУ С |
5 беттен 5 бет |
6.2. Қосымша әдебиет
1. Рысқалиев Т. Даналық пен түсінік үлгілері.Философия тарихына шолу.А.,1999.
2. Мифология:құрылымы мен рәміздері. Құраст.:Наурызбаева З., Нұрпейісова Ш. А.,2005.
3.”Әлемдік философиялық мұра” 20 томдық.А.,2006-2007.
4. История русской философии. М. Высшая школа, 1991.
5.Қазақ даласының ойшылдары.1-4 кітап.А.,1995-2004.
7. Білімді бағалау
Аудиториялық сабақтар барысында ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларының сапасын бақылау, 2 рет тест түрінде аралық бақылау, соңында тест түрінде компьютер арқылы қорытынды аттестаттау жоспарлануда.
Ағымдық бақылау-20%
СӨЖ тапсырмаларын бақылау -20%
Аралық бақылау (2 рет тестілеу түрінде)-20%;
Ағымдық және аралық бақылау- 60%
Қорытынды бақылау -40 %
8.Оқу пәнінің саясаты
«Философия» пәні міндетті пән . Оқу жүктемесінің көлемі -3 кредит, оның ішінде дәріс-30 сағат, семинар сабақтары- 15 сағат, СӨЖ-90 сағат.
Студент аудиториялық сабақтарға міндетті түрде қатысуы, сабақтарда белсенді болуы, СӨЖ тапсырмаларын дер кезінде тапсыруы(белгіленген уақыт аралығында тапсырылмаса баға төмендейді), бақылаудың барлық түріне қатысуы қажет(курсты оқу барысында ағымдық бақылау, СӨЖ тапсырмаларын бақылау, 2 рет тест түрінде аралық бақылау, соңында тест түрінде қорытынды бақылау болады).
Кафедраның әдістемелік секциясының отырысында қарастырылған, 2011 жылғы «_15__» __қыркүйек______ № _2____ хаттамасы.
Кафедра меңгерушісі бекіткен _____________________ Данысбекова Қ.Б.
Дәріс 1. Философия мәдениет феномені ретінде -2 сағат
Мақсаты: Философияның мәдениет феномені ретінде ерекшелігін, мәселелер шеңберін, оның жеке адам және қоғам өміріндегі ролін, қызметтерін ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: дүниеге көзқарас, мифология, дін, философия, онтология, гносеология, антропология, антропоморфизм,аксиология, этика, эстетика, методология, рационалдық, категория
1.Дүниеге көзқарас ұғымы, құрылымы, түрлері.
2.Философияның пәні, құрылымы.
3.Философия қызметтері.
Дүниеге көзқарас дегеніміз тұтас дүние туралы және ондағы адамның орны туралы жалпы түсініктер жүйесі.Дүниеге көзқарасқа кіретін басты екі жүйе: “дүние” және “адам”.Осы екеуінің қатынасын көрсететін мынадай аспектілері бар: генетикалық, танымдық, құндылықтық, рухани-практикалық. Дүниеге көзқарастың деңгейлері: күнделікті қарапайым және теориялық. Дүниеге көзқарас ұғымының орнына дүниетаным сөзі де қолданылады.
Дүниетанымның негізгі тарихи типтері: мифология, дін және философия.Мифология /грек.миф - аңыз, логос ілім/ -қоғам дамуының алғашқы сатыларына тән дүниетаным түрі. Миф өзіне адамзаттың рухани мәдениетінің ең алғашқы түрлерінің бәрін жинақтады, оған алғашқы білім, діни наным-сенім, саяси көзқарас, өнердің алғашқы түрлері бәрі кіреді. Бұлардың бәрі кейін өз беттерімен дербес дами бастады.Сондықтан мифті ғалымдар қоғамдық сананың синкретикалық түрі деп есептейді (synkretіsmos грек сөзі, -қосылған, араласқан, бөлінбеген деген мағына береді).Екінші ерекшелігі мифтегі адам мен табиғаттың бірлігі, жағалай қоршаған ортаны антропоморфизациялау, адамның өзіндік мәндік қасиеттерін бүкіл табиғатқа таратуы, табиғаттың құбылыстары мен заттарын олардың адам сияқты жаны, ойы, сезімі, іңкәрі бар деп түсінуі. Үшіншіден мифте әлі ғылыми ұғымдар жоқ, онда қоршаған орта, әлеуметтік қатынастар көркем сөз арқылы бейнеленеді.
Уақыт өте келе мифологияның шеңберінен дін бөлініп шықты, - сонымен дүниеге көзқарастың жаңа түрі қоғамға келді. Дін де, мифологияға ұқсас синкретикалық табиғатымен, сонымен қатар Дүниені фантастикалық бейнелеуімен ерекшеленеді.Сонымен қатар бұл құбылыстардың негізгі айырмашылықтары мифте шынайы өмір мен қиял бір-бірімен араласып жатса, дінде “бұл Дүние“ мен “о Дүние“ бір-бірінен анағұрлым алшақ жатыр. Өйткені, егер бұл Дүниедегінің бәрі де өтпелі, кемшілікті, өз-өзіне жеткіліксіз болатын болса, о Дүние мәңгі, әсем, бақытты, жетілген т.с.с. Дінде ең құдіретті жасампаз - Құдай табиғаттан жоғары және бөлек тұр. Оны ғылыми жолмен танып-білу мүмкін емес, ол адамға аян арқылы беріледі де адамның жан-дүниесінде терең сенім сезімін туғызады.Сенім дегеніміз белгілі бір қоғамдағы уағыздалатын пікірлерге, нәрселерге берілу, олардың шындығын тексеру, я болмаса дәлелдеуді қажет етпеу. Осы тұрғыдан алғанда сенімді екіге бөлуге болады. Олардың бірі - ғылыми сенімдік. Оған қазіргі адамдардың ғылым мен техниканың жетістіктеріне, олардың болашақта адамзат өмірін түбегейлі өзгертетіне сену. Оны философияда сциентизм ия болмаса технократизм дейді. (scіentіa - латын сөзі, -білім, ғылым, techne- грек сөзі, -өнер, жасай білу, шеберлік, cratos - грек сөзі, -билік).Сенімнің екінші түріне адамзаттың күнделікті тәжірибесінен, я болмаса ғылыми деректерден шықпайтын, тіпті оған қайшы келетін қиялдарға нандыру және соларды адамның өз - өзіне нандыруы жатады. Міне, осы соңғы сенімдік түрі қайсыбір діннің негізін құрайды. Діни сенімнің қайнар көзі адамның дүниені сезімдік-құндылық тұрғыдан игеруінде, ал Дүниеге деген ақыл-ой, парасат арқылы келген көзқарастарға дін қарсы келеді. Ғасырлар бойы жиналып келе жатқан ғылыми деректер жағалай ортадағы білім мен ақыл-ойдың негізіндегі жасалған күрделі өзгерістер діннің өрісін тарытып, оның ғылымға жақын түрлерін тудырады. Негізінен біз оларды пантеизм және деизм дейміз (pan- грек сөзі, -бәрі, theos - құдай, deus - латын сөзі, -құдай).Пантеизм дегеніміз Құдайды табиғаттың ішінде еріту, табиғаттың өзін Құдай ретінде түсіну. Мұндай Құдайға деген көзқарастың шеңберінде “табиғатты жарату мәселесі босқа жай қалып қояды.Деизмді алатын болсақ, онда құдай мойындалғанмен, оның рөлі тек Дүниені өзінің құдіретті күші арқылы жаратумен танылады. Жаратылған Дүние әрі-қарай өзіне тән ішкі заңдылықтары арқылы өмір сүре береді, оның болашақ дамуына Құдай кіріспейді.Діннің дүниеге келуінен бастап оның негізгі қағидаларына күмәнданған атеистік көзқарастар да туды. (atheos - құдайсыз, құдайға қарсы, грек сөзі). Бүгінгі заманда Дүниеге деген атеистік көзқарас ұстаған адамдардың саны да аз емес.Құдайдың құдіретті күшіне сенушілік ертелі-кеш соған табынуға әкеліп соғады. Дінге табынушылықтың негізінде әр-түрлі діни мекемелер мен ұйымдар пайда болады (шіркеу, мешіт, синагога т.б.).
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.Біріншіден, дін мифологиялық санаға қарағанда адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, әсемдік, ізгілік т.б. ұғымдардың пайда болуы).Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, әсіресе, қоғам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік және кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды түсінуге деген өшпес іңкәрі. Бірақ, олардың мәнін дұрыс түсіне алмағаннан кейін, адамдар табиғаттағы заңдылықтарды неше-түрлі құдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамға керек бағытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қарағанда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшылығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек,- деген ойын туғызды.Басқа қоғамдағы сан-алуан құбылыстар сияқты дінде тарихи өзгерістерге түсіп өзінің әртүрлі бағыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі Дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея эсхатология (eschatos - соңғы, -грек сөзі, logos- ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі және өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жұмаққа тартуы. Христиан дінінің негізгі қағидасы сүйіспеншілік және оны уағыздауда осы дін өте биік жай адамның мүмкіншілігінің шеңберінен шығып кететін дәрежеге дейін көтеріледі (өздеріңнің жауларыңды да сүйіңдер!).Ислам діні де осы Дүниені жаратқан бір Құдайды Алланы, оның құдіретті күшін мойындайды(қатаң монотеизм) . Бұл діннің негізгі ерекшелігі - Құрандағы жазылған қағидалар адам өмірінің барлық жағын үйлесімді түрде ретке келтіріп отыруға тиіс. Сондықтан Ислам діні қоғамның мемлекеттік істеріне, саясатқа белсенді ықпал жасауға тырысады.
Философия дүниетаным түрі болғандықтан оған дүниеге көзқарастың мәселелері кіреді. Оның діннен, мифологиядан айырмашылығы ғылыммен терең байланысты екендігі. Өз тұжырымдарына сенімді талап етпей, рационалдық тұрғыдан дәлелдеуге ұмтылатындығы. Философия барлық жеке ғылымдардың /жаратылыс тану , қоғамдық және гуманитарлық/ нәтижесіне сүйенеді, сонымен қатар дүниені эстетикалық игеруге де, жалпы адамзаттың тарихи тәжірибесіне сүйенеді. Философия осының бәрін жалпы категориялар түрінде тұжырымдайды. Философияның басқа өмірге деген көзқарастардан айырмашылығы оның рационалдығында (ratіo - латын сөзі, -ақыл-ой). Жалпы алғанда, философия қоғамдық сананың ғылыми саласының шеңберінен шығып кетпеуге тырысады, осы мақсатқа жету үшін өзінің категориалық (categorіa - грек сөзі, белгі, пікір айту, айыптау) бүкіл ғылымның жетістіктеріне, адамзаттың мыңдаған жылдық өмірден алған тәлім-тәжрибесіне негізделген жүйесін қалыптастырады.Сонымен қатар,), (gnosіs грек сөзі, -білім, таным).Үшіншіден, философияда ғасырлар бойы жиналған санфилософияны басқа жаратылыстану және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдармен салыстырсақ, оның ерекшеліктерін де байқауға болады (humanus - латын сөзі, -адамдық, адамгершілік).Біріншіден, философиялық категориялардың (ұғымдардың) шегіне жеткенше жалпылығын атап өтуге болар еді. Олар болмыс пен ойлаудың ең маңызды және мәнді терең байланыстары мен қатынастарын көрсетеді. Жеке ғылымдар тек қана Дүниенің белгілі бір бөлігін ерекше объект ретінде қарап, соның мәнді байланыстары мен қатынастарын зерттейді (objectum - латын сөзі, -зат).Екіншіден, философия басқа ғылымдар сияқты ғылыми деректерді пайдаланады. Бірақ, философиялық деректердің айырмашылығы ол жеке ғылымдарда сарапталған, белгілі бір теоретикалық орта деңгейге көтерілген білімді дерек ретінде қорытады, әсіресе, бұл философияның онтология және гносеология салаларына тән нәрсе (ontos - грек сөзі, -болу, өмір сүру-алуан теоретикалық жүйеге келтірілген көзқарастарды кездестіруге болады. Бірақ, соған қарамастан, бұл ғылымның саласында үзілді-кесілді шешілген барлық философиялық қауымның бір ойынан шығатын бірде-бір тұжырымдамасы жоқ сынайлы. Философия саласында қызмет еткен ірі тұлғаның өзіндік дүние сезімі, түсінігі, көзқарасы қалыптасады. Сондықтан біз Платон, Спиноза, Гегель т.с.с. ірі тұлғалардың философиясын ерекше түрде басқалардан бөліп алып зерттейміз.
Философия статусы (status латын сөзі, -орын) жеке ғылымдарға қарағанда анағұрлым кеңірек, сондықтан Батыс елдерінде философияны тіпті өнер саласына жатқызатыны мәлім (the Art ағылшын сөзі, - өнер).Мысалы, А.Шопенгауер философия ғылымының кемшіліктері оның ғылым жолымен дамуында, ал шынында философия көркемөнердің бір түрі ғана,- деген пікір айтқан болатын.Егер біз философияны көркемөнер саласымен салыстырсақ, онда біз олардың бір-бірімен біршама көп ұқсас жақтарын ашуымызға болады.Жоғарыдағы көрсеткендей, философия саласында қызмет еткен әр ірі тұлға осы ғылымның тарихында өзінің ерекше дүниесезімі, дүниетүсінігі, көзқарасымен ерекшеленіп, ешқашан бұрын-соңғы қайталанбас орын алады. Сондықтан, қанша ірі тұлға философияға ат салысса, соншалықты философияның түрлері бар деп айтсақ артық болмайды.Өнер саласындағы туындылар да бір-бірін қайталамайды, онда өнерпаздың дүниеге деген тұлғалық-сезімдік қарым-қатынасы өзгеше болып көрініп тұрады.Философиядағы әрбір тұлға өзгеше орын алғаннан кейін, біздің алдымыздағы таңдау мәселесі пайда болады. Философияда талғамдық бар. Біреуге Гегельдің философиясы ұнаса, екіншіге Фейербахтан асқан ойшы жоқ сияқты. И.Фихтенің айтқанындай, философиялық жүйені таңдау - адамның өзінің кім екеніне байланысты, өйткені, философиялық жүйе соны жасаған адамның жан-дүниесі арқылы жанданған. Бұл жағынан алып қарағанда, - философия көркемөнерге ұқсас.
Қорытындылай келе, Дүниеге философиялық көзқарастың мәнін ашу жолында біз оның көп қырлы, көпсырлылығын байқадық. Бір жағынан алып қарағанда, философия ғылыммен ұштасып жатса, екінші жағынан оның көркем өнермен, идеологиямен, гуманитарлық біліммен, күнбе-күнгі сана мен моральдық рухани құндылықтармен, тіпті мистикалық діни сезімдермен байланысты екенін байқадық.Әрине, әрбір үлкен тарихи философиялық тұлғалардың шығармашылығында олардың алатын үлестері әр-түрлі, біреулерінде ғылыми жағы басым болса, екіншілерде көркемөнерлік, үшіншілерде нақылдық-моральдық, төртіншілерде діндік-мистикалық жақтары басым болуы мүмкін. Оның өзі көп жағдайлармен, әсіресе белгілі тұлғаның өмір сүрген дәуірімен, сол тұлғаны түдырған халықтың тілі мен ділімен (менталитет) оның тәрбие, білім алған жағалай ортасымен, тіпті, жеке мінез-құлқы темпераментімен байланысты болса керек (temperamentum латын сөзі, -жеке адамның жан-дүниесінің табиғи ерекшеліктері; mental ағылшын сөзі, -ой-өрісі). Бірақ, қалай дегенде де, философияның әр-түрлі жақтарын бір-бірінен ажыратып бөлек алуға болмайды. Философия біртұтас ерекше Дүниеге деген көзқарастық білім. Философия адамзат мәдениетінің өзегі.
Философия сөзі грекшеден аударғанда, “даналыққа құштарлық” деген мағына береді. Бұл сөзді алғаш қолданған Пифагор деседі.Философияның дүниеге көзқарастың тарихи сатысы ретінде қалыптасқан кезі б.з.д. VI-V ғ.ғ.Философия осы кезеңде Ежелгі Үнді, Қытай және Грекия жерінде дүниеге келді.
Философияның негізгі мәселесін ойлаудың болмысқа қатынасы түрінде анықтаған Ф.Энгельс(XIX ғ.).Ал немістің классик философы И.Кант философияның мәселелер шеңберін мынадай төрт сұрақ түрінде түсінеді: Мен не біле аламын? Мен не істеуім керек? Мен неге үміт арта аламын? Адам деген не ?
Философиялық білімді жіктеудің көптеген әдіс-тәсілдері бар. Қалай болғанда да, оның негізгі саласы, іргетасы онтология болып табылады. Онтология болмыстың мәні туралы ілім. Одан басқа негізгі мәселелерінің қатарына таным жататындықтан, гносеология кіреді. Гносеология таным туралы ілім. Кейде осы екі саласын теориялық философия деп атайды. Одан басқа аксиология/ құндылық туралы/, этика /әдеп туралы ілім/, эстетика /сұлулық туралы ілім/ кіреді. Бұларды практикалық философия деп бөледі.
Кейінгі кездері философияның құрылымын мынадай кестемен де беріп жүр.
Табиғат болмысы онтология. Таным Логика. Гносеология.
Адам болмысы Философиялық антропология. Тарих әлемі Тарих философиясы.
Мәдеиет әлемі Мәдениет философиясы.Экономика әлемі Шаруашылық философиясы.
Құқық әлемі Құқық философиясы .Саясат әлемі Саяси философия.
Қоғам болмысы -Әлеуметтік философия.Дін әлемі Дін философиясы.
Ғылым әлемі Ғылым философиясы. Эпистемология.Өнер, сұлулық әлемі Эстетика.
Философияның қызметтерін былай жіктеуге болады: дүниетанымдық(дүние бейнесін жасау, ондағы адамның орнын анықтау); әдістемелік(ақиқатқа жету әдісін жасау), теориялық(ойларды теориялық жүйеге келтіру), сыни(дүние туралы білімге күмән келтіру,қайшылықтарын іздеу), аксиологиялық( дүниені әртүрлі , моральдық, этикалық, идеологиялық құндылықтар тұрғысынан бағалау), әлеуметтік (қоғамның пайда болу, даму жолдарын көрсету), тәрбиелік- гуманистік(адамгершілік принциптеріне сүйену).
Бақылау сұрақтары:
1.Дүниеге көзқарас дегеніміз не? Оның құрылымы, түрлері.
2.Философиялық ойлаудың өзіне тән ерекшелігі неде?
3.Философияның мәселелер шеңбері?
4. Философияның атқаратын қызметтері.
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.
2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.
3. Әбішев Қ. . Философия. Алматы, 2002.
Қосымша әдебиет:
1.Рысқалиев Т. Даналық пен түсінік үлгілері. Алматы,1999.
2. Мифология: құрылымы мен рәміздері. Құраст.:Наурызбаева З., Нұрпейісова Ш. Алматы,2005.
3. Қазақтың халық философиясы../Қазақ халқының философиялық мұрасы.20 томдық. Т.7.- Астана, 2006
Дәріс 2. Ежелгі Шығыс философиясы-2 сағат
Мақсаты: философиялық ойдың шығуымен, оның алғашқы тарихи типтерімен, Ежелгі Шығыс философиясында қойылған мәселелермен және негізгі мектептермен таныстыру.
Негізгі сөздер мен үғымдар:Ведалар,упанишад, варна, буддизм, джайнизм, аскетизм, иога, брахман, атман, сансара, мокша, дхарма, карма, нирвана, локаята, дао, инь, ян, у- вэй, у син, ци, цзюнь- цзы, ли, жэнь, сяо,фа.
1. Ежелгі үнді және қытай философиясының негізгі бағыттары.
2. Ежелгі Шығыс философиясының жалпы сипаты мен ерекшеліктері.
Философия б.з.д.6-5 ғ.ғ. Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия елдерінде қалыптасты. Ежелгі Үндіде философиялық ойдың қалыптасуының бастауы брахманизммен, яғни брахмандар (абыздар) ілімімен байланысты. Брахманизм ежелгі үнді әдебиеттерінің жиынтығын, құдайлардың құрметіне арналған гимндер жинақтарын құрайтын Ведаларға (санскриттен аударғанда «білім») негізделген. Барлық ведалық мәтіндер қасиетті кітаптар болып саналған. Ведалық әдебиет б.з,д. 2 мың жылдықтан б.з.д. VI ғасырға дейінгі кезеңді қамтиды. Ең ежелгі бөлігі төрт самхиттен (жинақтан) тұрады: Ригведа (гимндер жинағы, арийлердің ән айтуы), Яджурведа (құрбан шалуда айтатын әндер, салт-жора жағы), Самаведа(діни әндер), Атхарваведа (қарғыс өлең).Кейінірек Ведаларды түсіндіретінәдебиет пайда болды.Оларға жататындар: Брахман (салт-жора мәтіндері), Упанишад, санскр.:ұстаз аяғында отыру (діни-философиялық сипаттағы трактаттар) және Араньяктар (орман кітабы) құрбан шалу және бөлініп кеткендер үшін өмір сүру ережесі сипатталған. Адамға, оның танымына, өнегелілік жағынан жетілуіне басты мән берілген.
Үнді қоғамына тән сипат оны мүлдем тұйықталған төрт варнаға бөлінуі (тікелей мағынасында «түс», өйткені, әр варнаның өзіне тән түсті символы болған). Абыз-брахмандардың жоғарғы варнасы («брахман» - құдайға құлшылық ету) ой-парасат жағынан үстемдік етті, соғыс, мемлекет билігі кшатриялардың («кшатрия» үстемдік, билік) еншісінде болды. Еңбек ету көп санды вайшьялардың («вайшья» - адалдық, тәуелділік) үлесіне тиді.Төртінші варна - щудралар (жұмысшылар, қолөнершілер, үй қызметшісі). Шудралар арийлер емес. Арийлер бірінші үш варнаның мүшелері болды. Бірақ шудралардың бәрі бірдей құл болған жоқ. Құл «даса» (қоғамның ерекше әлеуметтік тобы).
Ведалық философияның негізгі ұғымдары: 1) брахман - әмбебап, жекесіз дүниелік жан, рухани бастау, одан бүкіл дүние өзінің барлық элементтерімен пайда болады; 2) атман жеке жан, субъективті рухани бастау, “Мен”. Брахман және атман бір-біріне ұқсас, бірақ олар біріне-бірі қарсы тұрады: брахман индивидте өзін өзі таниды және сол арқылы атманға өтеді, соған айналады; 3) сансара - өмірдің дөңгеленіп айналуы. Адамның өмірін жандардың шексіз қайта туудың белгілі бір нысаны ретінде түсінеді; 4) карма жазмыш заңы. Адамның болашақта дүниеге келуі карма заңымен айқындалады. Адамның болашағы адам бұрынғы өмірінде жасаған істері мен әрекеттерінің нәтижесі. Жақсы өмір салтын ұстанған адам болашақ өмірде ең жоғарғы Варнаның өкілі ретінде дүниеге келеді: (сословиелер): брахман (діни қызметкер), кшатриялар (жауынгер немесе билік өкілі) немесе вайшья (жер иеленуші, қолөнерші немесе саудагер). Кім дұрыс өмір салтын ұстанбаса, болашақта кедей Варнаның тағдырын еншілейді щудралар (қарапайым халық) немесе одан да төмен, оның “атманы” жануардың денесіне тап болуы мүмкін; 5) дхарма адамның мінез-құлқын айқындайтын өнегелілік заңы; 6) нирвана адамды “объектілер мен құмарлық дүниесінен” босату, жетілудің жай-күйі, қайта туудың тоқтатылуы, азаптанушылықтың тоқтатылуы; 7) девояна (құдай жолдары) Атман мен Брахманның теңдестірлуіне бастар жол, адамның өзін-өзі пайымдау жолы, өзінің жеке әлсіздіктерін сезіну, өзін-өзі жеңуге деген ұмтылушылық, жер бетіндегі рахат атаулы мен игіліктерді, жердегі өмірдің мәнін аңғару. Бұл самсара шеңберінен шығуға, Карманың ықпалынан босануға мүмкіндік береді, яғни адам өзінің тағдырының қожасы болады, өз бақытының “ұстасына” айналады Ежелгі үнді философиясы арнайы үнді терминімен “даршана” (“ақиқатты көру”) болып белгіленді.
Тұтастай алғанда үнді философиясында тоғыз мектеп бар джайнизм, буддизм, чарвака, санкхья, нъяя, вайшешика, йога, миманса, веданта. Барлық даршаналар ведалық дәстүрге қатынастың белгісімен қалыптасты. Мұндай қатынас даршаналардың дәстүрлік топтастырылуының негізінде орнықты.
• астика бұл санкхья, нъяя, вайшешика, йога, миманса, веданта (Ведалардың беделін мойындайды, ортодоксальды деп есептеледі); •настика бұл джайнизм, буддизм, чарвака (Ведалардың беделін мойындамайды, ортодоксальды емес деп есептеледі).
Джайнизм аскеттік қозғалыс (ахимса принципі).Негізін қалаған Вардхамана, кейін Махавира(ұлы батыр),Джина (жеңімпаз)деп аталды.
Буддизм әрі дін, әрі философия. Үндістанда б.з.д. VI- б.з.д. V ғғ-да этикалық ілім ретінде дүниеге келді. Б.з.д. III ғасырда ресми дінге, идеологияға айналды. Қазіргі заманда Шри-Ланка, Жапонияда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т.б. елдерде таралған. Буддизмді 1 млрд-қа жуық адам ұстанады.
Буддизмнің негізін қалаған Сиддхартха Гаутама, кейін Будда /сергектенген/ деп аталған. Будда айтуынша, адамның өмірі - қайғы-қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Қасіреттен құтылудың бірден-бір жолы сансардан толық азат болу. Ол үшін адам төрт ақиқат білуі қажет.
Будданың төрт ақиқаты:
Ол үшін сегіз қағиданы орындау немесе «сегіз жолдан» өту керек:
Веданта Ведалардың жоғары беделін және ведалық әдебиетті, оның ішінде Упанишадты тұтастай әрі толықтай мойындайды. Веданта нағыз ақиқаттың қайнар көзі құдай, дүниенің мәні, өмірдің мағынасы туралы жаратылыстан тыс ашылу деп есептейді. Веданта құдайды жаратушы деп біледі, өлгеннің кейінгі жанның болатындығына сенеді, алғашқы рухани тұлға деп атманды брахманды есептейді.
Мимансаның ведантадан ерекшелігі құдайды жаратушы ретінде мойындамайды, бірақ көп жағынан оған жақын келеді.
Йога, санкхья, ньяя, вайшешика да сондай-ақ құдайды жаратушы деп мойындамайды. Бірақ оның миманса мен веданттан айырмашылығы бұл даршаналар өзінің дүниетанымын өзіндік принциптерге құрады. Осы барлық бес даршана өлгеннен кейін өмір барына сенеді.
Барлық даршаналардан чарвака локаятаның ерекшелігі Веданы теріске шығарады, өлімнен кейін өмір барына сенбейді, барлық жағдайларда құдай барын жоққа шығарады және өзінің ілімін материяның бірінші болуына және сананың екінші тұруына деген танымға негіздейді. Бұл ежелгі үнділік материализм. “Чарвака” термині онша түсінікті емес. Нұсқалардың біріне қарағанда бұл әлдебір дана адамның бастапқы есімі тәрізді. Ал басқа болжамға қарағанда “Чарвака” “чарв” (жеу, шайнау) сөзінен шыққан, сондықтан чарвакалар деп гедонизмді уағыздағандарды атаған. Үшінші нұсқаға сәйкес “чарвака” термині “чару” (ұнамды) және “вак” (сөз) сөзінен шыққан, сонымен чарваканы “тапқыр, ұнамды сөз” деуге болады. “Локаята” термині “кәдімгі адамдардың көзқарасы” дегенді білдіреді. Чарвакалар атеистер. Чарвакалар өмірдің мәні бақыт деп біледі, ал бақыт сүйсіну, қанағаттану. Сана материяға тән қасиет, ол екінші.
Ежелгі Үндістанның философиялық жүйелерінің басым көпшілігі пессимистілік (өмірден торығушылық) сарында болып келеді. Өмірден түңіліп, дүниені қанағат етпейді. Өмірді трагедия деп біледі, үнді философиясы азап шегушіліктің себептері туралы және азаптанудың өзі туралы айтып қана қоймайды, сонымен қатар азаптануды қалай тоқтатуға болатындығының жолын көрсетеді бұл өнегелілік жетілу, тіршілік атуауыны қорғау, ешкімге зұлымдық жасамау, басқаның меншігін құрметтеу, әділдік, ерікті кедейшіліктегі өмір, парасаттылық. Өмірдің ең биік мақсаты дүниені азаптанудан босату және жадыраған әрі мейірімді жай-күйге жету.
Ежелгі қытай философиясы . Ежелгі Қытай философиясының бастаулары ежелгі қолжазбалар, кітаптар.“И цзин” (“Өзгерістер кітабы”), оған түсіндірмелер, “Ши цзин” (“Өлеңдер каноны”) Қытай үшін Үндістандағы Упанишадтай мәнге ие болды. Қытай философиясы өзінің пайда болу жағынан батыстық үлгіден ерекшеленеді. Оның өзегі мынадай үштік болып табыалды: “білім - әрекет - өнегелілік”. Қытайдағы философия ең алдымен этика және саясат. Білім ең алдымен өнегелілік жетілуге жол ретінде бағаланады. Ең жоғары білім бұл ұлы адамдардың жақсы істері мен отбасынан сарайға дейінгі қоғамның барлық сатыларындағы мінез-құлық ережелері туралы білім. Елді басқару өнері мен әскери өнер маңызға ие болды. Білімнің қалған барлық басқа түрлері: математика, астрономия, медицина және т.б. кейінгі орында болды.
Қытайдағы философия дінге бағынышты болған жоқ, және де құдайға құлшылық етудің қызметшісі де болмады. Керісінше, дінде философиялық негіз болды, бұл қоғамның көңілінен шығу үшін жасалды.
Негізгі философиялық идеялар: дүниенің бес бірінші элементтері туралы дөрекі материалистік идеялар (синде) металл, ағаш, су, от, жер; қарама-қарсы бастаулар туралы Инь (әйел бастауы, қараңғы, ауыр) және Ян (еркек, жарық, жеңіл); жаратылыс заңы туралы (Дао).
Тұтастай алғанда, қытай философиясы қытайдың ұлттық сипатының өзіне тән ерекшеліктерін, әлеуметтік өмірдік ерекшеліктерін патриархальдықты, прагматизмді, күнделікті тіршілікке мән беру, жер бетіндегі өмірді көрсетеді, бірақ басқа дүние жағын қамтымайды.
Негізгі философиялық ілімдер: даосизм және конфуцийшылдық.
Даосизм негізін салушы Лао-цзы (Конфуцияының аға толқын замандасы) б.з.д. 5ғ., “Дао дэ цзин” (б.з.д. V- б.з.д. IV ғғ.) оның бір бөлігі Лао-цзыдың өзіне тиесілі, ал ендібір бөлігі оның шәкірттерінің еншісіне тиеді. Трактаттың атауын былайша айқындауға болады: Дао Жол, дэ Даоның көрініс табуы, цзин беделділік, классикалық жазбаға жатуы (“Жол және оның пайда болулары туралы кітап”), онда дүниенің, болмыстың және болмысқа жатпайтынның, адамзат қоғамының және жеке тұлғаның тіршілік ету проблемасы қойылған. “Білетін адам үндемейді, ал білмейтін адам сөйлемпаз” даосизмнің негізгі каноны осы.
Нағыз жол бар, ол заң және негіз, ең жоғарғы бірінші прницип, әлемдік субстанция, барлық болмыстың қайнаркөзі Дао. Әлем, адамдарың өмірі рухпен, немесе көктің еркімен емес, Даомен басқарылады. Дао көзге көрінбейді және ол өзінше (субстанция ретінде) болмайды, бірақ әркез заттың түбінде жатады. Сондықтан Дао болмыс емес және бір мезгілдегі болмыс та емес.
Дүниеде бәрі қозғалыста болады, тұрақты өзгереді. Дао іс-әрекетте дэ (күш). Даму қанша жерден жүрмесе де, әділдік әрқашан салтанат құрады. Осындай заңдылық бар, осыдан келіп даосизмнің басты принципі шығады у-вэй (әрекетсіздік) адам заттың табиғи қозғалысына араласпауы тиіс. Даосизм бұл тек жай ғана философиялық жүйе ғана емес, ол айырықша өмір салты, өмірлік даналық, сенімді өмірлік бағыт. Даостар үшін идеальды жай-күй Даомен кірігу (мин жарықтану). Даос өмірде парықсызды емес, тіпті зұлымдықты да емес, керісінше мәңгілік және өлмейтіндерді бағалайды, болмыстың ұлы тыныштығына көлеңке түсірмейді.
Конфуциялық ежелгі қытай философиясының негізін салушы әрі қытайдың рухани бейнесін құрушы Чжун Ни немесе Кун Фу цзы болды, ол Еуропада дүниеден өткеннен кейін екі мың жылдықтан соң Конфуциус (Конфуций) (б.з.д. 551 ж. б.з.д. 479 ж. дейін) деген атпен белгілі болды.
Конфуция ілімінде негізгі орынды адамның өнегелілік табиғаты, мораль, отбасы, мемлекетті басқару алады. Оның ілімінде космогонияның, онтологияның, гнесеологияның, логиканың, метафизиканың проблемалары бастапқы сатысында ғана болды.
Конфуция ілімінде “аспан” және “аспан (көк) құдыреті” тұжырымы бастапқы бастау деп есептеуге болады. Аспан жекесіз күш. Тағдыр, заң, ең жоғарғы рухани күш. Конфуциялықта Дао этикалық нормалар негізіндегі өнегелілік жетілу мен басқарудың жолы.
Конфуций әлеуметтік-өнегелілік идеал деп өткенді есептеді. Конфуцияның ең жоғарғы өнегелілік императиві: “Өзіңе тілемегенді өзгеге жасама”. “Алтын орта” ұғымы адамның мінез-құлқын реттейді. Адамдықтың негізін ата-анаға және жасы үлкенге көрсетілетін құрмет құрайды (“сяо”). Құрмет көрсетушілік - әлеуметтік тәртіп атаулының негізі. Конфуций этикасы адамдарды мынадай топтарға бөлуге негізделген: “парасатты ерлер” цзюнь-цзы (жоғары өнегелі адамдар, ақсүйектер), қарапайым адамдар жэнь (цзюнь-цзы мен сяо-жэнь арасындағы) және “кедей адамдар” сяо-жэнь (меркантильді адамдар). “Парасатты ер” өмірінің мәні Даоның жетістігі, “жэнь” (адамдық) және вэнь (ішкі мәдениет) болып табылады. Ежелгі дәуірде қалыптасқан дәстүрлерді сақтау кейінгі ұрпақ үшін маңызды болып табылады. Конфуций әкелген сауаттылық пен білімнің талабы жетілген қоғамның атрибуты болып табылады. Конфуций өнегеліліктің балық өлшемдерін ортақ мінез-құлық жүйесіне “лиге” біріктірді ,бұл қоғамда қабылданған ережелерді сыйлау, салт-дәстүрді ұстану, сыпайылықты білдіреді.
Конфуцийдың мемлекетті басқару туралы іліміне басты қарсылық білдіргендер легистер(заңшылдар) болды.Бұл мектептің өкілдері Сюнь-цзы, Хан-фэн және басқалар.Олардың пікірінше, адам табиғатына эгоизм тән,сондықтан оны заң(фа) арқылы қатаң жазалап отыру қажет.
Бұлардан басқа моистер мектебі болды. Моизмнің негізін қалаған Мо-цзы.Ол қара халықтан шыққандықтан,адамдарды ақ сүйектер мен қара сүйектерге бөлген Конфуций іліміне қарсы шықты.Мо-цзы өз ілімінің негізіне жаппай сүйіспеншілікті қойды.
Бақылау сұрақтары:
1.Философияның пайда болуына адамзаттың темір дәуіріне өтуінің ықпалы болды ма?
2. Ежелгі Үнді философиясының қалыптасуындағы Ведалардың орны.
3. Ежелгі Қытай философиясындағы негізгі бағыттар.
4.Ежелгі үнді және қытай философиялық дүниетанымының бір-бірінен ерекшелігі.
5.Шығыс философиясының өзіндік сипаты.
Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.
2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.
3. Әбішев Қ. Философия. Алматы, 2002.
Қосымша әдебиет:
1.Ежелгі Шығыс философиясы./ӘФМ. 20 томдық. Т.1. А.,2006
2. .Рысқалиев Т. Даналық пен түсінік үлгілері. Алматы,1999.
Дәріс 3. Антика философиясы-2 сағат
Мақсаты: антика философиясында койылған мәселелермен және негізгі бағыттармен таныстыру, антика философиясының әлемдік философияның қалыптасуындағы орнын ашып көрсету.
Негізгі сөздер мен үғымдар: антика философиясы, полис, натурфилософия, гилозоизм, космоцентризм, микрокосм, физис, метафизика, субстанция, апейрон, логос, диалектика, фатализм, апория, майевтика, эйдос, гедонизм,атом.
1. Антика философиясының қалыптасуы мен негізгі кезеңдері.
2. Философия тарихында алатын орны.
Антика философиясы ежелгі гректер мен римдіктердің философиясы.Бұл философия өзінің дамуында мыңжылдық кезеңді қамтиды деуге болады. Ол ежелгі Грецияда б.з.д. ҮІ-ғасырда пайда болды және өзінің орнын ортағасырлық философияға Рим империясы құлағаннан кейін б.з. ҮІ-ғасырына таман берген болатын.
Ежелгі философияны ерекшелендіретін қыры дүниенің рационалды ұғыну және космоцентризм, яғни “ғарышты”, “табиғатты” пайымдауға жасалған бағыт. Дүние біртұтас, тіршіліктің тұтастығы. Адам табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады(микрокосм).
Ежелгі философияның негізгі даму кезеңдері:
1. Сократқа дейінгі немесе ежелгі грек философиясының қалыптасу кезеңі. (б.з.д. ҮІ- б.з.д. Ү ғғ.) басты назарда ғарыштың, табиғаттың (физистің) проблемалары. Кезеңнің басқаша атауы “натуралистік кезең”.
2. Сократтық немесе классикалық грек философиясы Сократтың, Платонның, Аристотельдің ілімдері (б.з.д.Ү- б.з.д. ІҮ ғғ.). Басты назар адамның проблемаларына, оның мәні мен танымдық мүмкіндіктеріне аударылады;
3. Грек-римдік, немесе эллинизм кезеңі ( б.з.д. ІҮ ғ соңы - б.з. ІҮ ғ.). Эллинизм дәуірі (б.з.д. ІҮ ғ. соңы) дегеніміз А.Македонскийден кейін, оның римдіктерді жаулап алғанына дейінгі эпикуреизмнің, стоицизмнің, кинизмнің,скептицизмнің,эклектика, неоплатонизмнің қалыптасуы болып табылады.
Милет мектебі(“натуралистер” немесе “физиктер”) б.з.д. ҮІ ғасырда Кіші Азия жартыаралының батыс жағалауындағы Милет қаласында пайда болды. Фалес (б.з.д. 625- б.з.д 545 жж.). Барлық нәрсе судан пайда болады. Бастапқы себеп (архэ) су. “Бақылау көрсеткеніндей, барлық нәрсе тұқымнан пайда болады, ал тұқым ылғалды болып келеді. Ылғал заттарда олардың табиғи бастауы су болып табылады. "Бәрі де судан пайда болады және суға айналады”. Анаксимандр (б.з.д. 611- б.з.д 545 жж.). “Табиғат туралы трактат”. Бастама біртұтас, алғашқы, уақыттан тыс, мәңгілік өлмейтін, шексіз субстанция, ол “барлық дүниені қамтиды”, яғни белгісіз материя (апейрон) Ол жер бетіндегі әртүрлі құбылыстарға айналады: жер, су, ауа, от, бұлар өз кезегінде басқасына ауысады. Анаксимандр табиғат, дүние объективті болады, ал оны ешкім жаратпаған деген тұжырым жасады. Анаксимандр күн сағатты іс жүзіне асырды, Жердің географиялық картасын жасады, онда Еуропа мен Азия бейнеленген. Анаксимен (б.з.д. 560- б.з.д 480 жж.). Бастама ауа,шексіз субстанция. От қыздырылған сұйылтылған ауа. Ауа қоюлана келе бастапқы су күйіне айналады, ал содан кейінгі қоюлану барысында тасқа айналады. Анаксимен стихиялардың барлық әралуандығын ауаның қойылу дәрежелерімен түсіндіреді. Жан да ауадан тұрады. Құдайлар да ауадан пайда болған.
Сонымен, Милет мектебіне дүниені материалдық бастау негізінде пайда болды деп түсіндіру тән. Бастапқыда милеттік философтар ғарышты стихия ретінде және құдайларды алмастыратын жанды тіршілік иесі ретінде пайымдады. Милеттіктер -гилозоистер . Олардың материализмі стихиялық және аңғал болған.
Пифагор мектебі (Пифагор, Филолай, Архит және т.б.). Мінез-құлық ережелеріне қатаң бағынған әлдеқандай туысқандық немесе діни орден ретінде әрекет етті.Пифагор (б.з.д. 580- б.з.д. 500 жж.) Самос аралында дүниеге келген. Ол алғашқыда өзін философ деп атады. Оның бастамасы - сан. Барлығы саннан тұрады. Сан дүниедегі құдырет бастауы, барлық заттардың принципі. Ғарыш, оның тәртібі санмен белгіленеді. Сандарды құдайландыру сандардың, сандық қатынастардың мистификациясына әкеп соқтырды.. Пифагорлықтар шектің дыбысталу тонының жоғары болуы оның ұзындығына байланысты деп тұжырымдады, яғни бұл музыканың математикалық негіздері болып табылады. Өмірдің мақсаты, мәні жанды денеден оны тазарту арқылы босату. Тазарту бұл “сырттай қарайтын өмірдің жетістіктері”. Жан санмен есептелетін дене элементтерінің үйлесімі.
Гераклит Эфестен (б.з.д. 544- б.з.д. 483 жж.). Оның еңбегі “Табиғат туралы” деп аталады. Барлық дүниенің бастауы от. Дүниеде бардың бәрін ешкім жаратқан жоқ, ол әрқашан болған, бірде жанатын, бірде сөнетін мәңгілік нағыз от бола да береді. Оттың өзгеріске түсуі жүзеге асады: ол суға айналады, ал су дүниені жаратушының ұрығы. Су, өз кезегінде, Жерге және Ауаға айналып өзгереді. Аталған үдеріс циклді болады.Гераклит гносеологияның негізін қалаушы болып есептеледі. Ол бірінші болып сезімдік және рационалды танымды бөліп қарады, бұл орайда ақиқатқа ақыл-оймен жетуге болады деп есептеді. Таным сезулерден басталады. Одан әрі сезімдік мәліметтер адамның ақыл-ойымен өңделеді. Дүниеде біртұтастық бар, және ол қарама-қайшылықтардың үйлесуінің нәтижесі. Қарама-қайшылық күресі заңды құбылыс және ол керек, бұл дүниенің құрылуының қайнаркөзі. Қарама-қайшылық бір-бірімен күреседі және бірігеді. “Бәрі де ағады, бәрі де өзгереді, бір өзеннің өзіне екінші қайтара түсуге болмайды”.
Болмыс туралы ілім .Элеаттар: Ксенофан, Парменид, Зенон. Ксенофан (б.з.д. 580- б.з.д. 490 жж. дейін) Элей мектебінің негізін салушы. Еңбегі “Табиғат туралы”, поэма түрінде жазылған. Бастапқысы жер. “Бәрі де жерден пайда болады және жерге оралады” . Құдай жалғыз, табиғатпен кірігеді (пантеизм). Ксенофан рационализмнің жақтаушысы.
Парменид (б.з.д. 540- б.з.д. 480 жж. дейін).Гераклитке қарама-қарсылығы Парменид ештеңе өзгермейді деді.Парменид тұрақтылықтың және өзгермейтіннің әлдебір тұстарын іздеуде болмыстың біртұтастығы идеясын тұжырымдады. Болмыс туралы ілім. Болмыстың қасиетері:Болмыс пайда болған жоқ және ешқашан жойылмайды;болмыс мәңгілік және өзгермейді;болмыс бірлікте және тұтастықта;болмыс жетілген (онысы аяқталған) және қозғалмайды. Болмыс оймен қамтылатын нәрсе. “Ойлау және болу бұл өзі бір нәрсе”. Парменид рационализмнің “атасы”. Ақыл-ой ақиқаттың жолы, сезім пікірдің жолы. Ақиқаттың өлшемі ақыл-ой.
Зенон (б.з.д. 490- б.з.д. 430 ж.) Парменидтің шәкірті.Зенон субъективті диалектиканың өкілі. Зенон тарихқа өзінің апориясы (парадоксы) арқылы енген болатын. Зенондық апорияның мәні бұл қозғалыс пен тыныштық күйдің, даралық пен көпшіліктің, шек пен шектеусіздіктің, үзіліс пен үзіліссіздің арқатынасы. Зенеон ақиқатты логикалық түрде дәлелдеуге болады деп есептеді. Бізге Зенонның 9 апориясы жетті (“Дихотомия”, “Ахиллес және тасбақа”“Жебе” және т.б.). Қозғалыстың қарама-қарсылығы туралы идея.
Ежелгі грек атомизмі (Левкипп, Демокрит, Анаксагор, Эмпедокл). Демокрит (б.з.д. 460- б.з.д. 371 жж.) . 70 шақты еңбегі бар. Бастамасы бос кеңістікте қозғалатын бөлінбейтін бөліктер - атомдар. Атомдар өзгеріске түспейді, мәңгілік, олардың саны шексіз, олар көлемі, пішіні, реті мен орналасуы жағынан ерекшеленеді. Бұлар үнемі қозғалыста болады.
. Сезімдік таным “пікір” бойынша таным, рациональдысы “ақиқат” бойынша және оның бірлігі.
Демокрит демократияның басты жақтаушысы. “Монархиядағы кешкен бай өмірден демократиялық мемлекеттегі кедейшілік артық”. Демократия азаматтардың өздері құрған заңдары арқылы қолдау табуға тиіс.
Адам туралы ілім. Софистер (Протагор, Горгий, Продик, Алкидам, Критий және т.б.) (б.з.д. Ү ғ.) басқаларға арнайы білімді ақыға берген алғашқы философтар. Олардың пайда болуы халық жиналыстарында, соттарда шешен әрі дәлелді сөйлеу қажеттігінен туындады(құл иеленушілік демократия). Софистердың басты мақсаты ақиқат емес, тыңдаушыларды өздеріне қарата білу, сондықтан шешендік өнер оларда бірінші орында болды. Олар объективті ақиқаты теріске шығарды, ақиқат әрқашанда субъективті деп тұжырымдады. Сократпен бірге оларды “гректің ағартушылары” деп атады. Софистердың негізгі назарында адам және оның танымдық қабілеттілігі болды. Софистердың басты тақырыптары: этика, саясат, шешендік, өнер, тіл, дін, тәрбие яғни мәдениет. Сондықтан олар ежелгі философияның гуманистік кезеңін бастаушылар болып табылды.
Протагор (б.з.д. 490- б.з.д. 420 ғғ.шамасында). Еңбегі “Антилогиялар”. Оның мынадай атақты сөзі бар: “Адам- бар заттардың өлшемі”.
Софистердің принциптері: релятивизм танымның салыстырмалығы;бәрі де басқаға қатысты пайда болады және болады, ештеңе де өздігінен болмайды.
Ғарыштағы барлардың бәрі де өзіне қарама-қарсы болады, бірақ қалай болса солай өзгермейді. Демек кез келген зат қарама-қайшылықтан тұрады және “кез келген зат туралы екі мағынада және қарама-қайшы жағын айтуға болады”.Объективті ақиқат деген болмайды, объективті ізгілік пен зұлымдық болмайды. Бұл нақты адамға қатысты, ол өзіне тиімді оған пайда әкеледі деп есептесе оның ізгілікті болғаны, ал оның мүддесіне сай келмейтіндер зұлымдық делінеді. Софистердың өзінен бұрынғыларға қарағанда тарихи сіңірген еңбегінің ерекшелігі олар бірінші рет ежелгі философиялық ойды ғарыштың проблемаларынан адамзат өмірінің проблемасына бұрды. Біздің заманымызға дейінгі Ү ғасырдың аяғынан бастап адам проблемасы айырықша назарға алынды, әсіресе оған атақты философ Сократ ерекше мән берді.
Сократ (б.з.д. 469- б.з.д. 399 жж.) афиналық философ, оның көптеген ізбасар мен шәкірттері болған, оның ішінде ең атақтысы Платон болып табылады. Сократ және оның идеялары туралы мәліметтер бізге оның шәкірттері мен философия тарихшыларының мазмұндап баяндауымен жетті, өйткені, ол өзі көзінің тірісінде ешқандай еңбек жазбаған. Сократ бойынша жазбаша білім, - өлі білімдер. Диалог жазбаша білімнен жоғары тұрады.
Сократ философиясының басты өзегі адам өзін-өзі танитын өнегелілік тіршілік иесі. Адамның мәні оның жаны болып табылады, өйткені, ол “оған дене қызмет етеді”. Жанның құндылығы танымда. Сократ субъективті диалектиканың әдісін жасады, оның мақсаты ақиқатты айқындау. Сократ бойынша ақиқат бұл диалог үдерісінде ұғымдардың мазмұнын анықтау барысында алынатын объективті білім. Сократтың айтуынша, сұхбаттасу - моральды “жанның сынақ” тапсыруы. Сократ субъективті диалектиканың әдісін майевтика (кіндік шеше” өнері) деп атады. Субъективті диалектика әдісінің көмегімен сұхбат, диалог үдерісінде ақиқат туындайды. Ол индукция әдісін кеңінен қолданды және бұл әдісті ақиқатқа “бару” әдісі деп ақиқаттан кем емес бағалады. Сократ былай деді:”Мен білмейтінімді білемін”.Сократ софистерді “жалған данышпандар”деп,олардың ілімін сынады.
“Өзіңді өзің таны” барлық адамдарға ортақ өнегелілік сапаларды іздеуді білдіретін ұран. Бақыт пен ізгілік бір-біріне теңдеседі, ал зұлымдық ізгілікті білмеу болып табылады. Таным игі істің, оң әрекеттің қажетті шарты. “Ізгілікті дегеніміз білім”. Адам өз бақытының және бақытсыздығының сәулетшісі. Сократтың этикалық ілімінің қуаты оның тек философиялық іпікрлерімен ғана емес, сонымен қатар өзінің өлімімен де дәлелдеді, ол соттың сөзсіз шешімімен болған әділетсіздікке мойынсұна отырып, у ішіп қаза болды. Сократқа мынадай айып тағылды: “ол қала сенетін құдайға сенбейді, жаңа құдайларды енгізеді, және ол жасөспірімдерді бұзады, сол үшін де оған -өлім”.
Платон (шын аты Аристокл, Сократтың шәкірті, Академияның негізін қалаушы, объективті идеалист). Платонның шығармаларын төмендегідей кезеңдерге шартты түрде бөлуге болады:
•сократтық (жасөсіпірімдік) “ Кіші Гиппий ”, “Лисии”, “Алкивиад І”, “Сократтың Апологиясы”, “Критон”;
• софист философтарға қарсы бағытталғандар “Протагор”, “Горгий”, “Менон”, “Эвтием”, “Кратил”, “Теэтет”, “ Үлкен Гиппий ”;
• гүлдену кезеңі “Федр”, “Той”, “Менекен”, “Ион”, “Мемлекет”,”Саясат”, “Парменид”,
•метафизикалық сипатта “Федон”, “Тимей”, “Критий”;
•Филипп Опунский жинақтаған “Заңдар”.
Идеялар туралы ілімдер (диалектика). Платон философиялық жүйесінің өзегі гносеологиялық проблемаға, білімнің мәні туралы пайымдауға (өзіне өзі пайымдау жасау) мән берілген идеялар туралы ілім болып табылады. Егер Сократта өнегелілік ізгілік білімге сүйенсе, яғни идеал нормативті ерік болса, ал Платон өзінің ұстазынан да асып түсіп, адамның практикалық әрекеті ойлауға тәуелді дей келе, өзінің ісіне есеп бергісі келген адам құндылықтар мен міндеттер туралы ұғымды иеленуі керек деп тұжырымдайды. Осы ұғымдарды тұжырымдау үшін ол талдау әдістерін, қабылдау және шығарып тастау, қарсылықа дәлел әдісін қолданды. Ұғымдар қабылдаудан толықтай ерекшеленеді және одан шығарыла алмайды. Олар “біріктірілген сырттан қарау” жолымен құралады, сондықтан әуелгі бастан жан қабылдауға тәуелді болмайтын мазмұн туралы “еске түсіруді”білдіреді. Осыдан екі дүние туралы ілім шығады: көрінетін (сезімдік, өзгергіш, ақиқат емес, жетілмеген, денелік) және имматериалды және ақиқатты (ақиқатты, жоғары сезімталды, тұрақты, жетілген, идеалды, мәңгілік, көзге көрінбейтін, денелік емес) (“көрінетіннің бәрі көрінбейтіннің өзі десе болады”). Мұнда платондық диалектиканың өзіндік орны бар, оның негізінде ізгіліктің идеясы бүкіл болып жатқанның себебі, дүниенің мәні, Құдайға теңдесетін ақыл-ойдың үстемдігі ретіндегі дүниелік мақсат. Идея құбылыстар себебінің мәні, мақсатты себеп. Ізгіліктің қайнар көзі Құдай, ал зұлымдыққа бас себеп- тән. Жан бастапқы қозғалыс, ол сананы иеленеді. Құдай ретіндегі ақыл-ой немесе дүниелік мақсаттар объективті бастау, жаны болады және санаға көшеді.
Платон әлеуметтік саясатшы ретінде “Мемлекет” деген өзінің еңбегінде идеалды мемлекетің,теориясын құруды жария етті. Еркімен бірлесу дұрыс мемлекет болу деген сөз. Демократия белгісі әркімнің еркін ерікті түрде білдіруі. “Ешкім де өз еркімен әділетсіздік жасамайды”. Мемлекеттің жетістігі сенімдердің бірлігінде жатыр, сондықтан оның құрылысы ғылыммен және ғылыми біліммен айқындалуы тиіс, бұл мемлекет басына философтарды әкеледі. Философ өзінің жанында мынадай үш бөліктің үйлесімін табады: қанағат етушілік, әділдікті құрайтын ерлік және парасаттылық.
Платон пайғамбар ретінде өзінің жаңа ақиқатын ұстана отырып, адамдар арасындағы ұзақ және құнды байланыс тек интеллекуталды бірлік арқылы мүмкін болады деп есептейді. Көзқарастардың ортақтығы, өмірдің рухани мағынасын зерттеу бойынша бірлескен жұмыс жекелеген тұлғалардың көбін органикалық бірлікке ұштастыратын ақиқат байланыс. Мәдениетті мемлекеттің принципі осылайша айқындалады. Қоғамдық өмірде рухани біррлікті сақтау үшін Платон тәрбиені ұсынады.
Аристотель (Платонның шәкірті, Ликейдің негізін салушы, ұстаз,Стагира полисінде дүниеге келген, тағы бір аты-Стагирит) - Платон мектебінде кәсіби дәрежеде қалыптасқан және педагог пен ғалымның тәуелсіз өмір салтын ұстанған философтың жаңа типі. Көптеген трактаттардың авторы: “Саясат”, “Физика”, “Метафизика”, “Жануарлардың тууы туралы”, “Жан туралы”, “Никомах этикасы”, “Эвдем этикасы”,”Категориялар”, “Органон”т.б.. Платон сияқты Аристотель үшін де - ең жоғарғы бастау игілік болып табылады. Бірақ ол Аристотельде ақыл мен болмыстан тыс болуды қойды. Бірінші бастау толықтай іске асырушылық: бұл ойдың пәнін мәңгілік меңгеретін ақыл, яғни үздіксіз болатын ақыл тәрізді, немесе құдай ретінде болады. Бұл игіліктің табиғаты абсолютті ұғынылады: сергектік, қабылдау, ойлау бұл ақылдың мәңгілік қызметіне тән. Барлық дүние секілді біз де оған ұмтыламыз. Аристотель үшін дүниеде бәрі ретке келтірілген, оны зерттеу керек және тиісті ғылымның көмегімен қарама-қайшылықсыз сипаттау керек. Жан туралы мәселе табиғат туралы ғылымға жататын арнайы ұтымды ғылымды зерттеудің пәні. Ол Платонның заттар дүниесінен тыс өмір сүретін идеялар дүниесі бар деген ойымен келіспеді. Мән туралы ілім Аристотельдің болмыстан тыс бастауды танудан бас тартқанын көрсетеді және ғылыми білімнің көмегімен философияның категориялық аппаратын кеңейте отырып, шындықты сипаттайды. Мән дегеніміз не түр (форма), не материя, не одан да, бұдан да құралатын болып табылады; түр дегеніміз жүзеге асырылғандық (энтелехия), маңыздылық, белсенді, материя мүмкіндік. Жанды нәрсе материя мен түрден (формадан), яғни дене мен жаннан тұрады, жан осы мүмкіндіктің жүзеге асырылуы, немесе кейбір дененің энтелехиясы. Жан дене емес, дененің белгілі бір тегіне жататын бір нәрсе, оның тірі болу мүмкіндігін жүзеге асыратын нәрсе; дененің бұл тірі болу мүмкіндігі денеден тысқары іске асырыла алмайды. Жаны бар дене өседі, қозғалады, сезінеді, ойлайды. Табиғи заттардың және элементтердің барлық әралуандығын Аристотель табиғат деген бір ұғымға біріктірді, оған қозғалыс, өзгеру және тыныштық тән. Танымның мәселесінде дұрыс ойлау тәсілдері ретінде формальдық логика,индукция, силлогизм әдістерін ұсынды. Аристотель әзірлеген ұғымдар бастау, себептер, түрлер (формалар), материялар, мүмкіндіктер, жүзеге асырылғанның әрекет етуі және аяқталуы энтелехиялар, қозғалыстар, орындар, уақыт, шексіздік, үздіксіздік және т.б. Аристотель ғылымды теориялық және практикалық деп бөлуді бекітті. Оның екіншісіне ізгіліктілерді насихаттаумен байланысты этика мен саясат жатады.
Эллинизм кезеңі(грекше ойлау, грекше өмір сүру).Бұл кезеңнің басты мәселесі этика (физика мен логикаға сүйенген)болды.
Эпикур(б.з.д.341-270ж.ж.), материалист, атомдық ілімді дамытқан, мектебі ”Бақ”деп аталады.Атомдық ілімге қосқаны: атомдардың салмақ күшінің әсерімен еркін ауытқуы. Жаны да, тәні де еркін атомдардан құралған адам еркін құбылыс.Ол жүріс-тұрыс ережелерін еркін таңдайды. Эпикур гедонизмді ұстанды,яғни өмірдің мәні рахат пен ләззатта.Философияның міндеті жанның жайлануын (атараксия)қамтамасыз ету,яғниөлім мен құдайлардан қорқу сезімінен азат ету.Біз өлімге дейін, өлім бізден кейін.Білім көзі -сезімдік қабылдау.Эпикуршылардың ішіндегі аса көрнектісі римдік Лукреций Кар (б.з.д.1ғ.).
Кинизм- эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп.Киниктер-материалдық байлықтарды менсінбей, этика ережелерін мойындамай,еркін, табиғи өмір салтын ұстанушылар.Көрнекті өкілі-Диоген Синопский. Стоицизм(б.з.д.3ғ.б.з.3ғ.),негізінқалағанКитиондықЗенон.Өкілдері:Хрисипп,Посидоний,Сенека,Эпиктет,
Марк Аврелий т.б. Стоиктер Космосты жаны бар ,тұтас тірі организм ретінде қабылдады.Ол Логос заңына бағынады.Адам осы тұтастықтың бөлігі болғандықтан,оның өмірі де осы эаңға бағынады.Сондықтан өмірде ешқандай кездейсоқтық жоқ, бәрі заңды, қажетті (фатализм),адам өмірінің мәні тағдырға мойынсұнып, -шыдау,басқа түскенді ерлікпен көтеріп алу.
Скептицизм,негізінқалаған-Пиррон.Өкілдері-Энисидем,Секст Эмпирик т.б..Скепсис-грек.күмәндану.Скептиктер білімнің ақиқаттығына күманданады.Сондықтан, адам соңғы қорытынды жасауға ұмтылмай, ақылды үнсіздік сақтағаны дұрыс.
Эклектизм (эклектика)-әртүрлі идеялар мен концепциялардың жүйесіз бірігуі.Философияда әртүрлі ілімдердің әрқайсысының “ең жақсы ”жағын біріктіруге ұмтылу. Көрнекті өкілі-римдік Цицерон.
Неоплатонизм-антика кезеңінде қалыптасқан соңғы бағыт(3-4ғ.ғ.).Негізін қалаған Плотин.Неоплатонизмде Платон идеялары стоицизммен, перипатетизммен(Аристотель ілімі) толықтырылады. Жүйелі объективтік идеализм болып табылады.
Бақылау сұрақтары:
1.Натурфилософиялық кезеңдегі бастама мәселесі.
2.Атомизмнің қалыптасуы.
3.Софистер философисындағы релятивизм.
4.Платонның эйдостары түпнегіз ретінде.
5.Платонның «еске түсіру теориясы».
6. Аристотельдің пайымдауды жүйелендіруі.
7. Зллинизм философиясының қалыптасуы.
Негізгі әдебиет:
1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.
2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.
3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2006.
Қосымша әдебиет:
1.Антика философиясы. ӘФМ.20 томдық.Т.2. А;2006.
2.Аристотель философиясы. . ӘФМ.20 томдық.Т.3. А;2006.
Дәріс 4. Ортағасырлар философиясы-2 сағат
Мақсаты: орта ғасырлық батысевропалық және мұсылман шығыс философияларының әлеуметтік-мәдени негіздерін, жалпы сипатын ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: патристика, схоластика, теология, реализм, номинализм, универсалийлер, томизм, теоцентризм, креационизм, аскетизм, догма, шариғат, тарикат, суфизм, эманация, қалам, мутазилизм, инсан камил
1.Ортағасырлар философиясының жалпы сипаты.
2.Ортағасырлық батысевропалық философияның кезеңдері.
3 . Ортағасырлық мұсылман философиясындағы негізгі бағыттар.
Ортағасырлар деп аталған кезең Батыс Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап, Қайта өрлеу дәуіріне дейінгі мың жылдан астам уақытты қамтиды(V-XVғ.ғ.).Бірақ бұл шартты нәрсе. Рим империясының құлауымен бүкіл мәдениет, дүниетаным кілт өзгерген жоқ.Ортағасырлық мәдениет пен философиялық ойдың қалыптасуы I-IVғ.ғ. арасында жүрді.Антика философиясы политеизммен байланысты және космоцентрлік сипатты болса, ортағасырлық философия монотеизммен тығыз байланысты,теоцентрлік(құдайорталықтық) сипатты болды.Бұл кезеңде христиан діні қоғамдық өмірдің барлық салаларында үстемдік көрсетті. Мектеп ағарту ісі шіркеудің қолына көшті. Философия бірнеше ғасыр бойы діннің қызметшісіне айналды. Философияның міндеті діни жағдайларды, сенім мен білімге қатысты ілімді негіздеуге тірелді.Христиандық монотеизмнің негізінде екі маңызды принцип жатыр: дүниенің жаратылуы(креоционизм) және шындықтың алдын ала белгілілігі(откровения).Ортағасырлық онтология мен гносеология негізінде осы идеялар жатты.
Ортағасырлық христиандық философияның бірінші кезеңі патристика (лат. Pater-әке),II-VIIIғ.ғ. шіркеудің қасиетті әкелері деп аталған христиан ойшылдарының доктриналар жиынтығы. Негізгі өкілдері:Тертуллиан, Ориген, Аврелий Августин т.б.Әулие Августиннің(Блаженный,354-430ж.ж.), негізгі еңбектері”Тәубеге келу”, “Құдай қаласы туралы”, “Үштік туралы”.Ол өз еңбеқтерінде жанның тәннен, ерік пен сезімнің ақылдан жоғары екенін дәлелдеуге тырысты. Жалпы патристика кезеңінің негізгі тақырыбы:құдайдың үш ұдайлығы, құдайды тану жолдары т.б.
Екінші схоластика(лат. Schole-мектеп, сұхбат) IX-XVғ.ғ.
Схоластика мен патристиканың арасында айырмашылық бар. Патристиктердің алдына қасиетті жазудың мазмұнын құрайтын жүйелі түрдегі догманы жасап шығу міндеті қойылды. Ал схоластиктердің алдында осы догматикалық тұжырымдаманы сауатсыз адамдарға кең тарату міндеті тұрды. Схоластиктердің ұстанымы: «неге сенемін соны танимын» болды. Схоластиканың негізгі мәселелері Құдайдың хақ екені мен жанның мәңгілігін дәлелдеуге байланысты.
Схоластика өз дамуында үш кезеңнен өтті:
Ортағасырлық философиядағы негізгі тартыс, айтыс универсалий деп аталған ұғымдар, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Схоластикаға оппозициялық көзқарас ұстанған Р.Бэкон болды.
Жалпы ұғым - әмбебаптар адам санасынан, нақты зат атауынан тыс, оған дейін өмір сүретін шындық, деп түсіндіреді. Бұл көзқарасты жақтаушылар реалистер деп аталады. Бұған қарама қарсы екінші пікір бойынша, әмбебаптар адамнан, нақты заттардан тыс өмір сүрмейді. Бұл тек нақты заттарды топтап атау арқылы пайда болған жалпылық ұғым. Бұл пікір бойынша , «жалпы адам» дүниеде жоқ. Қоғам әрбір жеке бейнелерден тұрады. Ал «адам» деген жалпы атау ол нақты адамдардың бәріне тең, ортақ ұғым. Бұл пікірді жақтаушыларды «номиналистер» деп атады.
Реализмнің басты өкілдері Ансельм Кентерберийский, П.Абеляр, Фома Аквинский. П.Абеляр бойынша, шынайы өмір сүретін жалқылар, бірfқ олар өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізінде жалпы ұғымдар қалыптасты. Бұл жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл-ойында есепте тұр, ол жаратқан заттардың үлгісі болып табылады. Олай болса, жалқыларды зерттеп, алған білім де, жалпылардың шын екеніне деген сенім де бір-біріне қайшы келмеулері керек.
Фома Аквинский,(ілімі -томизм),схоластиканың шарықтау шегі.Оның ілімі христиандық теология мен перипатетизм арасындағы ымыраға келушілік . Ф.Аквинский ілімі бойынша, материя формадан бөлек жекеше өмір сүре алмайды, ал форма материядан бөлек өмір сүре алады. Фоманың айтуынша, ешбір материалдық дене жоғары формадан яғни жаратушы құдайдан тәуелсіз өмір сүре алмайды, сондықтан, құдай таза рухани жан деген сөз. Тек табиғат дүниесіндегі заттар үшін ғана форма мен материяның бірлігі қажет. Жалпы идеялар заттарңа дейін құдайдың ақыл-ойында өмір сүреді деп, реалистермен келісетінін көрсетеді. Сонымен қатар ол жалпы идеялар заттардан кейін адамның ақыл-ойының жемісі ретінде ойда өмір сүреді, сөйтіп олар заттарды жарата алмайды, қайта олардың нәтижесі болып табыла отырып, белгілі бір дәрежеде номиналистерді жақтауға әрекет жасайды. Мәселені бұлайша шешу философия тарихында идеялар тек заттардан тыс бұрын өмір сүреді дейтін атауға ие болды. Заттардың мәні олардың түп негізі құдайдың бойындағы жалпы идеялар болғандықтан, адамның мақсаты- соларды діни сенім арқылы білуге ұмтылу. Ал философия болса, ол да діни догмалардың дұрыстығын, ақиқаттығын өзіне тиесілі бар беделімен дәлелдеуі керек.
Реалистерге кері бағыт ұстанған номиналистр. Олар астыртын материалистік ұғымды қолдады. Оның өкілдері: Роджер Бэкон, Уильям Оккам, Николай Уразмский. Олар жалпы заттарды зерттеуге шақырды. Санадан тыс өмір сүретін жалпылық жоқ, тек нақты заттар бар деп түсіндірді.Нақты затқа жалпының да, жалқының да керегі жоқ деді Ульям Оккам. Әмбебаптар олар үшін тек белгілер, бірақ олар барлық заттарға қолданылмайды, тек өзара ұқсас заттарға ғана қолданылады, - деді, Роджер Бэкон схоластиканы сынады. «Шындыққа жету үшін нақты ғылымдарды, яғни ертедегі ғылымдарды білу қажет»,-деді, Николай Уразмский де ғалым болған, дінге сенбестік білдірген.
Арабмұсылман философиясы дегеніміз мұсылман дінін қабылдаған және араб тілінде сөйлейтін Шығыс халықтары ойшылдарының орта ғасырлар дәуіріндегі ілімдерінің жиынтығы.
Фәлсафаның араб тілінде өрбуіне мәдени тарихи, саяси - әлеуметтік жағдайлар болған. Бұл жерде еріксіз мойындайтын мәдени-әлеуметтік жағдайлар: ислам діні, оны таратушы басты саяси күш Араб халифаты. Араб тілі осы империаның мемлекеттік тілі болатын.
ХХ ғ. көрнекті ғалымы Б.Рассел , біріншіден, антик дәуіріндегі Платон мен Аристотельдің арасалмағы туралы, Платон Аристотельден әлдеқайда басым болған. Арабтар осы мәселеде философия тарихында өзгеше бастау жасады, олар Аристотельді бірінші орынға шығарған. Екіншіден, ұмыт болған антиктік философияны тірілтіп, аударып, онымен Еуропа жұртшылығын таныстырып, грек философиясындағы дәстүрді жалғастырушылар, сөзсіз фәлсафашылар. Осындай істің нәтижесінде Еуропада грек, латын тілдері қайта жанданды, олар ғылым, білім, өнер, философия тілдеріне айналды. Үшіншіден, арабтар салған дәстүр немесе грек философиясын қайта жаңғырту XI ғ. Батыс Еуропа схоластикасына негіз болды. Бұл туралы кезінде И.Г.Гердер былай деп жазған: «Арабтар болмаса, Гербер де, Альберт Великий де, Роджер Бекон де, Луллия Раймунд та болмас еді Олардың барлығы Испанияда арабтардан оқыды немесе солардың шығармаларын оқыды». Схоластика деп танылған орта ғасырлық философия: мұсылмандық, иудейлік және христиандық болып бөлінеді. Төртіншіден, араб философтары Еуропалық Қайта өрлеу заманындағы интелектуалдық халге әсері айтарлықтай болған. Фәлсафа араб тілі негізінде ғана емес, ол саяси негіздерде жүзеге асқан феномен. Осы тұрғыдан оның үш тарихи кезеңін көрсетуге болады.
Бірінші кезең, Бағдат халифатына қатысты, ӘЛ-Кинди, «Таза ағайындар» еңбектеріне байланысты қарастырылатын тарихи мәдени кеңістік.
Екінші кезең: Халифаттан өзге мұсылман мемлекеттерінің пайда болуына байланысты ислам мәдениеті Аравиядан тыс аймақтарда гүлдене бастады, соның бір көрінісі Орта Азия мен Қазақстан аумағында ерекше түрде дамыған фәлсафа, оның өкілдері: әл-Фараби, Ибн Сина, Омар Хаям, әл-Ғазали. Бұлар парсы-түркі жұртының ойшылдары.
Үшінші кезең: Мұсылман Испаниясындағы(Кордово халифаты) Еуропалық фәлсафаның тарихи-мәдени кеңістігі, оның өкілдері: Ибн Бадж, Ибн Туфейл, Ибн Араби, Ибн Рушд.
Әдетте ортағасырлық мұсылман философиясын Әл-Киндиден бастап, Ибн-Рушдпен аяқтайды.
Әл Кинди ( 800 жылы туған ) жан-жақты білімді, терең ойлы ғұлама. Еңбектері: метафизика, логика, этика, математика, астрономия, медицина, метеорология, музыка теориясы және оптика сияқты білім-ғылымға арналған. Әл Киндидің ерекше ерлігі Аристотель еңбекткрін грек тілінен арабшаға аударып, оларға түсінік, герменевтикалық талдау беруінде. Оның айтуынша, философиямен шұғылданбақ болған адам Аристотель еңбектерін танудан бастауы керек. «Әрине, әрбір істің басшысы Алла,-дейді, бірақ білім бұлағы Аристотель еңбектерінде». Ол Аристотель шығармаларын төрт түрге бөліп, топтаған. Бірінші топтамаға логика, екіншіге физика туралы кітаптар, үшінші топтамаға- өздігінен өмір сүріп, нақтылы нәрселерді қажет етпейтін, бірақ солармен бірге өмір сүріп, бірге байланыс тәсіліне болатын білімдер туралы кітаптар. Төртінші- нәрселерді қажет ететін және олармен ешқандай байланыста емес білімдер туралы кітаптар. «Категориялар» деп аталатын кітабында сөз ұғымдар(категориялар), сипаттар (атрибуттар) туралы. Субстрат дегеніміз субстанция(зат). Сипат(атрибут) дегеніміз акциденция. Сипат деген заттың ішінде болып, не өзінің аталуы, не өзіндік белгісі болмайды. Бұл кітапта, әл-Кинди айтуынша, тоғыз акциденталдық ұғым бар, олар: сан, сапа, қатынас, орын(кеңістік), уақыт, әрекет, өзгеріске түсу, қабылдану(обладание) және орын алу немесе орналасу.
«Алғашқы философия туралы» трактатында мынандай мәселелерге тоқталған:
Ол мән, субстанция, акциденция, бүтін, жалғыз,қатынас, айырмашылық, қайшылық, тыныштық, қозғалыс, басқа да философиялық ұғымдар мен түсініктер туралы ой пікірлерін білдірген.
Әл Фараби Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз»атанған данышпан ойшыл. Әбу Насыр әл-Фараби ілімінің ерекшелігі:
Фарабидің мемлекет, саясат, қала өмірі туралы «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы»және «Азаматтық саясат» деген емші ретінде кеңірек мәлім, медицина тақырыбына 43 трактат жазған.
Ибн сина ,басты еңбегі «Емшілік ілімінің каноны». Ибн Сина грек философы Аристотель еңбектерін жоғары бағалай келіп, оның ізбасарларын(Шығыс перпатетиктерін) сынға алған, себебі, олар өз ұстаздарының ойларын түсініп алуға бар күштерін жұмсап, оның кемшіліктерін көре білмеген. Ибн Сина метафизиканы Аристотельдік түсінікте ала отырып, оның предметін анықтаумен бірге, субстанция, дене, форма, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, мән, қозғалыс сияқты негізгі ұғымдарға талдау берген. Ал «Жан туралы кітабында» ол Аристотельден гөрі Плотиндік концепцияға жақын. Дене мен жан деген проблема Ибн Сина дүниетанымының басты арнасы.
Ибн Рушд ( 1126 1198). Ол жас шағынан бастап теология, заң білімі, араб әдебиетін меңгеріп, медицинаға ерекше ықыласын танытқан. Оның шығармаларының формалары: түсініктер және арнайы шығармалар. Ибн Рушдтың барлығы 38 шығармасы болған, оның 28-і араб тілінде, 36-сы көне еврей тілінде,34-ті латын тілінде сақталған. Мұның көбісі Аристотель шығармаларына герменевтикалық талдау. Ибн Рушд еңбектерінің ішіндегі ең көрнектілерінің бірі-әл-Ғазалиге қарсы жазылған «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактаты. Ибн Рушд фәлсафа мен дін туралы көптеген терең ойлар айтқан, оның «Әрбір пайғамбар-данышпан, ал әрбір данышпан-пайғамбар емес» деген қанатты сөзі бар. Алайда ғұлама діни ортодоксия өкілдерімен таласқа түспеген, себебі, оның ғылым үшін қажеті шамалы. Талас діни дүниетаныммен «шығыстық перипатетиктер» арасында болған. Сол замандағы, тіптен қазіргі күннің де басты проблемасы-дүниенің мәңгілігі немесе оның пайда болуы туралы. Ибн Рушд «Жоққа шығаруды жоққа шығару» трактатындағы пікір таласы әл-Ғазалидің әлемнің жаратылмағандығы туралы ұсынған төрт дәлелдемесіне Ибн Рушд өз дәлелдерін келтірген.
Ибн Рущд өзінің қарсыласы әл-Ғазалиге қарсы келтірген дәлелдерін қорытындылай келіп, мынандай түйін жасайды: әлдебір нәрсенің басталуы болса, оның аяқталуы да болмақ, ал басталуы жоқ нәрсе шексіз болмақ.
Мұсылман философиясын шартты түрде мынадай бағыттарға бөлуге болады:1.”Таза ағайындар ”ілімі. Xғ.Мақсаты: исламға еніп кеткен қоқыстарды философия арқылы тазарту.
2.Шығыс перипатетизмі(фәлсафа) рационалдық көзқарасты ұстанушылар,Аристотель ізбасарлары: әл-Кинди, әл-Фараби,ибн-Сина,ибн-Рушд т.б.
3.Суфизм исламдағы мистикалық бағыт:әл-Араби, әл-Газали,Ахмет Яссауи т.б.Негізгі мәселесі жеке адамның құдайды тануы .Ол эзотерикалық білім арқылы экстаз күйінде жүзеге асады.Суфизмде жетілген адам(инсан камил) идеясы дамытылады.
4.Калам(мутазилизм, мутакалим):әл-Ашари,матуриди т.б. Мутазилизм исламға сын қөзбен қараушылар,Құран сөзін догмаға айналдыруға қарсы болған,рационализмге жақын. Мутакалим ислам беделін толық мойындаушылар, оны логикалық тәсілмен түсіндіруге ұмтылады.
Бақылау сұрақтары:
9.Ортағасырлық философияның басты сипаты не?
Негізгі әдебиет:
1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.
2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.
3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2006.
Қосымша әдебиет:
1.Әл-Фараби мен Ибн Сина философиясы.ӘФМ.20 томдық.Т.4.А;2006
2.Ортағасырлық діни философия. ӘФМ.20 томдық.Т.5.А;2006
Дәріс 5. Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясы-2 сағат
Мақсаты : XIV XVIII ғасырлар арасындағы батысевропалық философиясының жалпы сипатын, басты мәселелерін ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: Гуманизм, пантеизм, антропоцентризм, деизм, гелиоцентризм,ренессанс, натурфилософия, утопия, индукция,дедукция, монада, рационализм, эмпиризм,сенсуализм.
1.Қайта өрлеу дәуірі философиясының жалпы сипаты.
2.Жаңа Заман философиясының мәселелер шеңбері.
3. ХҮІІІ ғасырдағы француз материализмі.
Қайта өрлеу (Қайта жаңғыру, франц. Ренессанс ) дәуірінің басты сипаты антропоцентризм болды.Қ.ө.философиясына пантеизм (бәрі құдай, яғни табиғат пен құдайды теңестіру), секуляризация(діннен алшақтау) тән. Қ.ө.дәуірінде антика мәдениеті қайта жаңғырды.Шартты түрде XV-XVIғ.ғ. атайды. Қайта өрлеу философиясы негізгі үш бағытта дамыды.
Бірінші бағыт адамның бостандығын өздерінің философиялық ілімдерінің негізі етіп қабылдап, рухани өмірде, мәдениетте гуманизм деген бағытты дүниеге әкелді (Н.Кузанский, Пико делла Мирандола , Леонардо да Винчи, Мишель Монтень).
Екінші бағыт-әлеуметтік философия ( Т.Мор,Н. Макиавелли, Т. Кампанелла. ). Адам бостандығын жүзеге асыруға кедергі болып отырған қоғамдық құрылысты сынап , утопиялық социалистік идеяға бой ұрды (Т.Мор, Т.Кампанелла).
Үшінші бағыт гелиоцентризм және әлемнің шексіздігі туралы.Табиғаттану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып , христиандық діннің әлемнің пайда болуы және оның құрылысы туралы іліміне сәйкес келмейтін , табиғат құбылыстарын өз заңдылықтарына сүйеніп түсіндіруге болатын көзқарастың дамуына үлкен әсер етті , революциалық жаңалықтар ашты. ( Н.Коперник, Дж.Бруно, Г.Галилей).
Н.Кузанский ( 1401-1464жж.), кардинал. Негізгі еңбектері : « Мүмкіндіктің болмысы туралы», «Жер шарының айналуы туралы », «Құдайдың көріпкелдігі туралы».Кузанский бойынша , әлем қарама-қарсы заттардан тұрады олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелерінің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады.Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда,материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамиды. Бұл ретінде адамдарға математикалық тәсіл мен тәжірибе көмектеседі. Адамдар да заттар сияқты микрокосмосқа жатады және олар құдайдың көрінісі болып табылады.Бірақ өзінің ақыл-ой ,іс-әрекеті арқасында құдаймен қатар тұрады.Адам дегеніміз оның ақыл-ойы деп тұжырымдайды.Ақыл-ойда табиғаттың заңдылықтарын білуді үздіксіз толықтырып отыру қажет.Кузанский адамның дүниетану қабілетінің шексіздігін атап көрсетті,адамды өз ақыл-ойының жасампаздық қабілеті жағынан құдайға ұқсатты.
Н.Коперник (1473-1543жж.). Негізгі еңбегі: «Аспан денелерінің айналуы туралы». Астроном .Әлемнің гелиоцентрлік жүйесінің негізін қалаушысы. Н.Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымдағы ірі революциялық төңкеріс болдыҚайта өрлеу дәуірінің аса бір көрнекті өкілі Джордано Бруно (1548-1600жж.) Негізігі еңбектері: «Ғалымның шексіздігі және басқа әлемдер туралы», «Себептілік,бастама және біртұтастық туралы». Бруно бойынша,табиғаттан тыс ешқандай күш жоқ.Ол кеңістікте де , уақытта шексіз,ал қозғалыс оның өмір сүру тәсілі.Табиғат өз заңдылығымен дамиды.Әлем мен құдай бір, деп санады.Әлем универсум ,жалғыз ғана мәнділік,сондықтан ол мәңгі және өзгермейді.Ал әлемге кіретін денелер сансыз көп ,олар үздіксіз үздіксіз өзгерісте болады.Ол философиялық танымның мақсаты құдайды емес,табиғатты танып білу деп есептеді,мұнымен қатар ол табиғаттың шексіздігін және әлемдік дүниенің шексіз көптігі жайында идеялар айтты.Таным теориясында Бруно адамды табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастыра тоырып ,ол сыртқы дүниені ,табиғатты бейнелейді деп есептеді.Бірақ,ол сезім мен ақыл-ойды бір-бірімен қарама-қарсы қойды: сезімдік қабылдау танымның сенімсіз негізі,тек ақыл-ой нағыз білімнің көзі деп есептеді. Г.Галилей (1564-1642жж.) теориялық жаратылыстанудың негізін салды.Телескопты ойлап тапты.Телескоп көмегімен айды зерттеді.Юпитер спутниктерін ашты.Коперниктің гелиоцентрлік теориясын ақиқаттығын көрнекті түрде дәлелдеді. Табиғаттың кітабы үшбұрыш,дөңгелек,тік бұрыш тәріздес .Оларды оқу үшін схоластикалық ойланып-толғанудың қажеті жоқ ,таза тәжірибеге сүйенген математикалық тәсіл керек.
Бұл дәуір қоғамның мәні ,адамның табиғаты туралы да жаңа түсініктер тудырды.Түрліше қияли теориялар мен ілімдер пайда болды.Солардың бірі-утопиялық социализм. Оның негізін салушылар ағылшынның қоғамдық қайраткері,гуманист Томас Мор және итальяндық философ Томмазо Кампанелла. «Утопия» грек. шын мәнінде жоқ деген мағынаны білдіреді. «Утопия» деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Т.Мор қолданды.Ол мінсіз қоғам орнаған ойдан шығарылған аралды осылай атады. Мор өзінің «Утопия» деген еңбегінде және Кампанелла «Күн қаласы» деген кітабында болашақ бақытты қоғамдық құрылыс жайындағы армандарын қияли баяндап берді: ол қоғамда жеке меншілік пен қанау жоқ,адамдар ынтымақты қауым болып өмір сүреді,еңбек барлық қауым мүшелерінің міндеті, әркім өз еркімен еңбек етеді,оқып білім алады,дене еңбегі мен ой еңбегі дұрыс ұштастырылып ұйымдастырылады. Т.Кампанелла схоластикаға қарсы шықты .Ол өзінің еркін ойлығы үшін инквизицияның қудалауына ұшырады.27 жыл түрмеде отырды.Кампанелла адамзаттың бірлігі мен игілігін армандады. Макиавелли (1469-1527жж.) итальян ойшылы. Негізгі еңбегі: «Тақсыр». Оның пікірі бойынша ,қоғам құдайдың құдіретімен емес,табиғи себептерге байланысты дамиды.Тарих дамуының негізіне материалдық мүдде мен күш алынған. Макиавеллидің еңбегінің маңызы мемлекетті алғашқылардың бірі болып адам көзімен қарап,оның заңдарын теологиядан емес,ақыл парасат пен тәжірибеден шығара бастағанында.
Жаңа заман философиясы
XVI-XVII ғғ. Батыс Европадағы дамыған елдерде феодалдық қоғамдық қатынастар біртіндеп ыдырап,капиталистік өндірістік қарым-қатынастар өмірге келіп,жаңа қоғамдық тап-буржуазия дербес әлеуметтік күшке айнала бастады. Батыс Европада буржуазиялық революцияның алғы шарттары пайда болды. XVIғ.аяғында Нидерландияда , XVII ғ. ортасында Англияда буржуазиялық революциялар жүзеге асты. Батыс Европа елдері үшін XVII ғасыр- капитализмнің қалыптасу кезеңі, ал жаңа қоғамдық қарым-қатынастар XVI ғғ., XVII ғасыр рационализмнен туып , қалыптасу кезеңі болса , XVIII ғасыр ағартушылық ғасыры, ал XIX ғасыр классика ғасыры болды. XVII ғасырдағы ғылыми революция - адамзат баласының өзін қоршаған дүниені танып білуге деген құлшысының жемісі болды.Ғылымдардың дамуы ең алдымен материалдық өндіріс практикасына негізделді.
Жаңа заман философиясында екі негізгі бағыт болды:Эмпиризм эмперио тәжіребе - білім тәжіребеге сүйенеді деп есептейтін ілім.Рационализм таным білім процесі ақыл-ойдан басталады деп есептейтін ілім.
Жаңа заман философиясында материалистік немесе эмпиризм бағытының негізін салушы Ф.Бэкон (1561-1626жж.)-ағылшын ойшылы. Негізгі еңбектері : «Ғылымдар табысы», «Жаңа органон», «Жаңа Атлантида». Ф.Бэкон материалист, сондай-ақ ол эксперименттік ғылымдардың негізін салушы. Оның қолданған әдістері: индукция(ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы). Оның философиясы жаратылыстану ғылымдарына сүйенді, схоластикаға, діни, идеалистік көзқарастарға қарсы болды. Оның пікірі бойынша,адамның негізгі мақсаты табиғат күштерін игеруі.Оның негізгі принцип «Білім-күш». Ол үшін ғылым заңдарын танып білу , соларға сәйкес әрекет ету. Табиғаттың сырын заңдылықтарын білген адам өз қажетіне жарата алады, ал табиғатты материяны қарастыру арқылы түсінуге болды. Материяның қасиеттері көп , солардың ішінде негізгі қозғалыс материяның кеңістіктегі орын ауыстыруы Оның пікірінше, дүниені дұрыс танып, жалған пікірлерден азат болу үшін төрт түрлі елестерден құтылу қажет: 1) адам табиғатына тән елес(тек елестері), 2) әркімнің өзіне тән елес, 3) базар елестері, 4) театр елестері. Олардан құтылудың басты жолы тәжірибе жасау, нақты зерттеу жүргізу, қалыптасқан ұғымдарды сол күйінде алмай, тесере білу.
Р.Декарт(Картезий) (1596-1560)-француз ойшылы. Негізгі еңбектері: «Тәсіл туралы ойлар», «Философия бастамасы».Ол өз заманының философиясы мен білімдерінің жай-күйіне риза болмай, оны ешбір күмән туғызбас білім негізінде қайта құруға ұмтылған. Мұнда күмәнсіз тұжырым есебінде ол: «Мен ойлаймын, демек, өмір сүремін» деген пікірді алған. Математиканы білімнің идеалы есебінде санап, философияны да осы математикаға сай түрде құрмақ болған. Егер Бэкон бұл жолда тәжрибеге сүйенсе, Р.Декарт ақыл-ойға жүгініп, дедуктивтік әдісті(ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы,”туа біткен идеялар”) ғылыми танымның басты әдісі деп санаған. Ол аналитикалық геометрияны жасаған және механиканың негізін қалағандардың бірі болып табылады. Сонымен бірге ол физиканың, психологияның, физиологияның дамуына үлкен үлес қосқан. Оның философиялық көзқарасына дуализм тән, ойткені ол үшін ойлау мен материя бір-біріне тәуелсіз екі бөлек субстанцияны құрайды.Декарт: Адам- ақыл-ойы бар зат.
Бэконның материализмін қорғаушы, одан әрі дамытушы Томас Гоббс (1588-1679жж.)-ағылшын.Негізгі еңбектері : «Левиафан», «Адамзат туралы ілімнің философиялық элементтері». Қияли метафизиканы жойып, философияны тек танымның жолына қарай алғашқы бұрушылардың бірі. Оның ойынша философия себептерді олардың салдарынан, немесе салдарларды олардың себептерінен дұрыс ой түйіндеу арқылы тану деп түсінді. Сол себепті оның мақсаты: салдарларды алдын ала көре білуге, сол арқылы оны пайдалануға үйрету. әлем механикалық қозғалыс заңдарына бағындырылған денелердің жиынтығы. Материя мәңгі бірінші,ал жеке денелер екінші. Ал қозғалыстың барлық формаларын бір ғана механикалық формаға жатқызады. Қозғалыс деп ол дененің кеңістікте жай орын ауыстырып жылжуын түсінді. Олар түйсіктер арқылы қабылданып, санамызда ұғымдар қалыптасады. Таным дегеніміз олардың бір-бірімен қосылуы және бір бірімен ажырауы. Ол таным процесінің бірден бір ғылыми әдісі тек қосу мен алуға негізделген математикалық әдіс қана бола алды деген тұжырым жасады. Материя және денелер өздерінің геометриялық сипаттары арқылы ажыратылады. Сондықтан геометрия ең басты ғылыми ойлау тәсілі. Ойлау дегеніміз есептеу, математикалық амалдардың жиынтығы ( қосу, алу, бөлу, көбейту). Гоббстың философиясында негізгі орын алатын саяси ілім,”қоғамдық шарт ”теориясы, оның негізгі принципі: «Адам адамға қасқыр», «Бәрінің бәріне қарсы соғысы».
Бенедикт Спиноза (1632-1677).-нидерланд ойшылы. Негізгі еңбектері: «Этика», «Құдай-саяси трактат», «Саяси трактат», «Зердені жетілдіру туралы трактат». «Этика» - Спинозаның ең басты шығармасы саналады. Мқнда оның метафизикасының басты мәселелері қарастырылып, өз шешімін тапқан. «Этиканы» Спиноза геометриялық әдіспен құрастырып, дәлелді түрде мазмұндаған. Спиноза философиясының негізгі өзегі құдай мен табиғатты бір нәрсе деп тану, сондықтан да табиғат жаратылған емес, мәңгі бар, оны ғылыми тұрғыда тануға болады. Бұл пантеистік пікір болатын.Таным процесі үш сатыдан тұрады. Біріншісі сезімдік таным, екіншісі-рационалдық таным, үшіншісі-интуиция. Бұл сатыда заттардың мәнін түсініп-білу арқылы, олардың түпнегізін(құдайды) білуге мүмкіндік аламыз.
Г.Лейбниц (1646-1716).-неміс ойшылы. Негізгі еңбектері: «Адамның ақыл-ойы туралы жаңа тәжірибелер», «Монадология».Г.Лейбництің философиялық ілімін монадалар туралы ілім немесе «монадология» деп атайды. Дүниенің негізін шексіз көп монадолар, яғни бір-бірімен алдын-ала берілген гармониялық қатынаста болатын рухани субстанциялар құрайды. Монадалар субстанция ретінде бір-біріне тәуелсіз, бірақ әрбір монадаға белсенділік тән: ол түйсінеді, қабылдайды, оған ұмтылыс тән, ол өзінің ішкі принципі бойынша әрекет жасайды. Монада біртұтас, ол бөлшектенбейді, ол бөліктерден құралмаған, сонымен бірге ол ешқандай да механикалық себептермен түсіндіруге болмайтындай құбылып, өзгеріп, сан қилы күйге түседі. Әрбір монада бір-біріне тәуелсіз болғанымен, құдай біртұтас дүниені жаратқанда монадалар қызметін алдын ала үйлестіріп қойған, сондықтан олардың әрекеті шашыраңқы емес, өзара жарасымды келеді.
Дж.Локк (1632-1704) ағылшын.Эмпирикалық философияның негізгі өкілі. Философияның өзекті мәселесін таным теориясымен шектеген алғашқы ойшылдардың бірі. Таным теориясын сананың эмпирикалық көріністеріне құрған. Дж.Локктың таным теориясы негізгі үш қағидадан тұрады:1.адамда туа біткен идеялардың болуы мүмкін емес, себебі идеялардың өзі тәжрибе арқылы пайда болады.2.адамның дүниеге келген кездегі ақыл-ойы ештеңе жазылмаған таза тақта, немесе ақ қағаз сияқты, ол тек тәжрибе арқылы мазмұнға толады.3. ақыл-ойда тек сезімдік түйсіктер арқылы қабылданған мәліметтерден басқа ештеңе жоқ, себебі дүниеге шығатын таза түйсік.Танымның негізі ретінде түйсікті мойындау сенсуализм деп аталады. Психиканың қалай қалыптасуын түсіндіру үшін Локк идеялардың екі түрін қарастырды. Олар:Бірінші сапалы идеялар. Денелердің түр, сан, қозғалыс, тыныштық сияқты қасиеттері жатады. Олар тек қана тәжірибе арқылы қалыптасады, ой белсенділігін талап етеді.Екінші сапалы идеялар. Денелердің иіс, бояу, дәм сияқты қасиеттері жатады. Рефлексия арқылы пайда болған қарапайым ұғымдар.Сапаны осылайша екіге бөлгені кейінгі субъективтік идеализмге жол ашты.Осы кезеңде суб.идеалистік көзқарас ұстанған ағылшын ойшылдары Беркли, Юм болды.
XVII-XVIII ғасырлар өзінің ағартушыларын да туғызды. Олар П.Гассенди(1592-1655), Вольтер (1694-1778). Жан-Жак Руссо(1712-1778), И.В.Гете(1749-1832) т.б. Олардың пайда болуына, ең алдымен, капиталистік қоғамның қалыптасуы, соған сәйкес жаратылыстану ғылымдарының, математиканың, физиканың, механиканың, физиологияның, медицинаның,т.б. дамуы және олардың адам санасына ғылыми ұғымдарды ұялату нәтижесі себепші болды. Олар діни соқыр сенімге қарсы тұрып, ғылымның еркін дамуын, еркін ой болуын жақтады. Олардың басты мәселелері адам тағдыры, оны рухани қыспақтан босату, саяси еркіндік, гуманизм мәселелері еді.
Ф.Вольтер (1694-1778).француз. Негізгі шығармалары: «Философиялық хаттар», «Метафизика туралы трактат», «Ньютон философиясының негіздері», Вольтер көбінесе әлеуметтік-саяси, әлеуметтік философия саласында ой түзген. Француз ағартушыларының бас тұлғасы деуге болады. Философияда Вольтер деизмді қолдады, яғни жалпы мағынада жаратушының барлығын мойындау, ол табиғаттың алғашқы қозғаушы күші, бірақ қоғам өміріне араласпайды деген мағынаға саяды. Оның ойынша ол күштің табиғатын, қандай екенін, атрибуттарын біле алмаймыз. Ол жеке оқшау нәрсе емес, барлық нәрселерде, барлық құбылыстарда. Декарттың туа бітті идеялар туралы қағидасын мойындамай, ол Локктың сенсуалистік таным теориясына жақын көзқарастарды ұстанды. Ұғымдар, идеялардың бастау көзі түйсіктер мен сезімдерде екендігін жақтайды.
Ж.Ж.Руссо (1712-1778).-француз. Негізгі еңбектері: «Қоғамдық келісім туралы», «Эмил немесе тәрбие туралы».Оны қызықтырған көбінесе әділетті қоғамдық құрылыс, қоғамның, мемлекеттің түпкі табиғаты, этикалық, эстетикалық тәрбие, ғылым мен мәдениеттің тарихтағы ролі. Руссо қоғамды, мемлекетті адамдардың өзара келісімінің нәтижесі деп қарайтын бағыттың өкілі. «Адам ерікті, бас бостандығы бар болып туылған, бірақ ол барлық жерде құрсаулы»,-дейді философ. Руссо қоғам заңдарын бәрінен жоғары қояды.Адам бас бостандығымен туады, бірақ өз еркімен «қоғамдық келісімге» бой ұрғаннан кейін, олар өздерінің жекеленген жігер-еркін біріктіреді. Сөйтіп мемлекет пайда болады. Мемлекеттің негізгі міндеті бейбітшілік пен әдептілік сақтау. Руссоның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, рухани өміріне мемлекеттік құқық, тәрбие, т.б. тұрғысынан үлкен әсер етті. Философияда Руссо негізінде деист болған; құдай бар, бірақ ол табиғаттың өз ішіндегі Рух, тек сол ғана бәрін жандандырып отырады, Рух сияқты жеке жандар да өлмек емес.Руссо тарихта алғаш болып өркениет пен мәдениетті қарсы қойды.
XVIII ғасырдағы француз материализмі. Өкілдері: Дидро, Ламетри,Гельвеций, Гольбах т.б. Бұл XVIII ғ. ағылшын материализмі сияқты механикалық, метафизикалық материализмге жатады. Негізінде олар дінді, оның уағыздаушыларын қатты сынға алды, сатиралық сөздермен мазақ етті. Бірақ қоғамдық құрылысты түсіндіруде олар идеалистік шеңберден шыға алмады. Француз философиясы өкілдерінің бірі- Жюльен Офре де Ламетри ( 1709-1751). Мамандығы дәрігер. Ол Р.Декарт физикасын қолдаушы болған. Ламетри «Адам - машина» деген еңбегінде тіршілік процестерін тәжрибе арқылы зерттеуді талап етті.Сезіну тек ұйымдасқан денелерде ғана байқалады деді. Ол органикалық дүние жануар, адам бәрі бір-бірімен тығыз байланыста болады және органикалық өмір органикалық емес дүниеден, өсімдік органикалық дүниеден, жануарлар - өсімдіктен, адам жануардан жаралғанын айтты. Бірақ адамды білімді машина деп санады.Осы ғасырда Үлкен француз энциклопедиясы жасалды (ред.- Д.Дидро).
Бақылау сұрақтары:
1. Ренессанс деген не? Қай уақыт аралығы?
2.Қайта өрлеу дәуірінің әлеуметтік утопиясы өкілдерін ата.
3.Қайта өрлеу дәуірінде саясат, құқық мәселелерімен кім айналысты?
4. Гелиорталықтық жүйені жасаған кім? Әлемнің шексіздігі туралы идеяларды дамытқан кімдер?
5.Қайта жаңғыру дәуірінде нені жаңғыртты?
6. Жаңа заман философиясының негізгі мәселелері.
7.Эмпиризм деген не? Негізін қалаған кім? Жаңа замандағы эмпириктерді ата.
8.«Қоғамдық шарт » идеясын кімдер дамытты?
9. Жаңа замандағы рационалистерді ата.
10.Жаңа заманда өркениет пен мәдениетті қарсы қойған кім?
11. «Бәрінің бәріне қарсы соғысы» кімнің философиясында?
Негізгі әдебиет:
1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.
2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.
3. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. Алматы, 2006.
Қосымша әдебиет:
1. Жаңа дәуірдегі философиясы. ӘФМ. 20 томдық. Т.6. А;2006
2.Жаңа дәуірдегі француз философиясы. ӘФМ. 20 томдық. Т.7. А;2006
Дәріс 6. Неміс классикалық философиясы-2 сағат
Мақсаты: Неміс классикалық философиясы жалпы сипатын, пайда болуының алғы шарттарын, әлемдік философиядағы орнын ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар мен сөздер:антиномия, априорлық, апостериорлық,абсолют идея, диалектика, объективті идеализм, субъективті идеализм, транценденталды.
1. И.К.Философиясындағы гносеология және этика.
2. Гегельдің диалектикалық әдісі және философиялық жүйесі.
3. Фейербахтың антропологиялық материализмі.
Неміс классикалық философиясы абстрактілі философиялық мәселелерді қарастырумен шектеледі. Неміс классикалық философиясында философия,ғылым таным теориясы, методология,логика диалектика ретінде қарастырылып,дамыды.
Неміс философиялық философиясыө-И.Кант, И.Г.Фихте, Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель және Л.Фейрбах ілімдерінен туатын философиялық кезең. Неміс классикалық философия ХУІІІ ғ. Аяғынан бастап ХІХ ғасырдың бірінші жартысына созылады және ол марксизмге дейінгі философиялық ой-пікірдің дамуындағы ең жоғары саты болып табылдаы. Оның қайнар көздері-Ағартушылығының идеялық мұрасы, Декарттың, Спинозаның, Лейнбництің рациолнализмі.
Неміс классикалық философиясының негізгі бағыттары: дуалистік (И.Кант), субъективті-идеалистік (И.Г.Фихте), объективті идеализм (Ф.В.Шеллинг, Г.В.Гегель) және материализм (Л.Фейрбах) көрініс тапқан.
Неміс классикалық философия негізін салушы И.Кант болды. Оның басты еңбектері: «Жалпыға бірдей жаратылыстану тарихы және аспан теориясы» , «Әлемнің табиғи тарихы мен теориясы», «Таза ақыл-ойды сынау», «Практикалық ақыл-ойды сынау».
Канттың творчествосы екі кезеңге бөлінеді:
Канттың философиясы үш ілімге бөлінеді: этика, эстетика және таным-білім теориясы. Кант философияда, таным теориясында «коперниктік төңкеріс» жасады. Кант объектісінің оның субъектісін бөлді. Субъектіде ол екі дәрежеде болады деп санайды. Олар эмприкалық (адамның психологиясының ерекшеліктері) және трансцендентальды. Білім ұғым-түсініктер байланысының көрінісі ретінде ой-толғамдарды бейнеледі. Ол ой пікірлерді аналитикалық синтетикалық деп екіге бөлді. Аналтитикалық білім жаңадан білім бермейді. Синтетикалық ойлар алдын-ала жасалған тәжірибеге сүйенген ой-пікірлер болуы мүмкін. Сыни кезіңдегі Канттың пікірінше, философияның болмыс, әдептілік және дін туралы мәселелерін қарастырмастан бұрын адамның танып біліп мүмкіндігінің шекарасын белгіліп алу керек.Таным объектісін анықтау үшін Кант дүниені екіге бөледі:
«Өзіндік затты» адам ешқашан танып біле алмайды. «Өзіндік зат» объективтік шындық. Адам «құбылыстар әлемін» ғана танып біледі.Құбылыстар әлемі объективтік шындыққа жатпайды, адам санасында өмір сүреді.Канттың дуалистік позициясы осында.Бұл позицияны материалистерде, идеалистерде сынаған. Кант тәжиребе дейінгі білімді априорлық білім деп атады. Ал, тәжиребеден алынған білімді апостериолық білім деп есептеді. Кант бойынша, априолық білімде деректерде ылға да кездейсоқ элементі басым болады, олардан біргі толық білім болмайды. Ал шынайы әмбебаптык және қажетті білімдер осындай фактіліерге негізделе алмайды. Олай болса, шынайы білім тәжірибеге қатынасы жоқ, әуел бастан-ақ адам санасында априорлы (төжіребиен дейінгі) қалыптасқан сезім мен ақыл-ойдың түрлеріне байналысты болуы керек. Кант бойынша, кеністіқ және уақыт сезімдік түйсінуі априолық білімге жатады.
Кант бойынша, таным - аса күрделі, қайшылықты, диалектикалық процесс, ол үш сатыдан өтеді. Олар: сезімдік түйсіну, сараптаушы парасат және таза ақыл-ой. Сезімдік түйсіну сатысында біздің білім сезім мүшелерімізге "өзіндік заттардың" қөріністері әсер етеді де, осы деректер негізінде туйсіктердің бей-берекет жиынтыгы пайда болады. Олар сезімдік түйсінудің априорлы түрлері - кеңістікпен уақыттың арқасында белгілі бір жүйеге келіп, реттеледі. Сараптаушы парасат сатысында - априорлық категориялар себептілік, сапа, сана, қажеттілік арқасында жаңа ғана реттелген туйсіктер жиынтығы түжырымдалып, өзіне тистілі зандылыққа бағынып, жана білім пайда болады. Кант таным процессінің екі сатысының негізінде алынғаи білім трансцендентальдык білім деп атайды. Танымның үшінші сатысы - трансценценттік танымда - таза ақыл-ой заттардың көрініс әлемімен шектеліп қалмай, олардың ар жағында не бар екінін білуге, басқаша айтқанда, өзіндік заттардың" табиғатын, мәнін түсінуге үмтылады да, антиномияларға тап болады.
Кант бойынша, таза ақыл-ой адамның ерік-жігірін практикалық іс-әрекеттін айқындауға мүмкіндік береді. Айталық, адам жеке түлға ретінде табиғат заңдылықтарынын төмен тұрғандықтан сыртқы әлемнің әсерінен шыға алмайды, сол себепті ол ерікті де емес, ал даралық қасиеттерінің ерекшіліктеріне, өзінің ылғи да танып-білуге ұмтылу кабілетіне қарасақ, ол - өзінің практикалық ақыл-ойына сүйеніп, еркті іс-әрекет жасайды. Бұл жағдайда адам барлық жүртқа бірдей әдептілік заңы - әдептілік императивке /үзілді-кесілді императив/ басшылыққа алады. Бұл әдептілік қағидасы бір сөзбен айтқанда: «Өзіне қаламайтың нәрсені басқа біреуге жасама». Үзілде-кесілде императив жатсынуға тәуелді емес, себебі ол - өз заңына сүйеніп, өзінше өмір сүреді. Үзілді-кесілді императивке Кант қүқық, мемлекет, саясат мәселелерін де қарастырады. Оның пікірінше, қоғамдық өмірде әлеуметтік қарама-кайшылық елеулі орын алады.
Кант адамды «дүниедегі ең басты зат» деп есептеп, философиялық негізін қалады. Философ негізгі еңбектерімен адам баласын толғандырып келе жаткан төрт мәселеге баса назар аударды.
Канттын төрт антиномиясы :
Фихте Иоган Готбил (1762-1814жж.). Негізгі еңбектері: «Ғылым туралы ілім», «Адамның міңдеті»
Фихте Кант философиясындағы «өзіндік заттты» танып-білуге болмайды деген пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше, алғашқы бастама барлығын қамтыйтын, анықтаушы нақтылық «абсолюттік Мен». «Мен» өзінің дамып отыратын іс-әрекеттінің арқасында өзінің алғашқы бастама кезеніндегі /сана -субъект/ ақыл-ойдың нақтылығына қарама-қарсы Менге /табиғат - объект/, одан кейін өз дамуының үшінші сатысы - екеунің өзара қарам-қатынасына айналады. Бұл жердегі «Мен» - рух, жігер, әдептілік, сенім ұғымдары, басқа «Мен» - табиғат және материя үғымдары болады. Олардың өзара қатынастары синтез - бұрмалаушылыққа қарсы қүресіп жатқан адамның жігерін көрсететін үғым. Басқа «Мен» (табиғат) нақты өмір сүріп қана қоймай, Менге әсер етіп, кейбір жағдайларда оның іс-әрекетін де айқындайды. Басқа Меннің әсерімен болған іс-әрекетті біз танып-біле алмаймыз, бірақ бұл әсерді тікелей сезінеміз. Фихтенің практикалық ілімі /этика, мемлекет, құқық тіралы ілім/ негізгі үғымы - бостандық ұғымы. Фихте этиканы - адамның ішкі дүниесіне бағытталған бостандыққ деп, ал құқықты - адамдар арасындағы сыртқы қатынастарды реттейтің әлеуметтік құбылыс деп санайды.
Шеллинг Фридрих Вильгельм (1775-1854жж.). Негізгі еңбектері: «Транцендентальдық идеализмнің жүйесі, адам бостандығынның мәні туралы».Шеллингтің пікірінше, материя дегеніміз рухани зат. Бірак, санамыз жоқ табиғат адам санасының пайда болуынан бұрын өмір сүрген. Санасыз жоқ табиғаттан саналы адамға айналу процессі көптеген бірден-бір жоғары даму сатыларынан өтеді. Табиғаттың даму себептерін оның озіндегі, шындығында да өмір сүретін, қарама-қайшылықтарды табу арқылы түсініп, зерттеп білуге болады. Шеллинг табиғат дамуын, кейбір жағдайда диалектикалық түрғыдан қарастырғынына қарамастан оларды шын мәнінде механикалық қозғалыс, немесе механиқалық даму деп есептеген. Бұл ілім бойынша, субъективтілік алғашқы бастама, кайнар көзі, абсолют ретінде барлык мәнділіктің, нақтылықтың жалғыз ғана негізі. Табиғат пен рухтың тепе-тендік идеясы Шеллинг философиясынын басты және негізгі проблемасы болып табылады. Абсолюттік ақыл-ойда субъект және объект бір-бірімен ажарамастай бір. Шеллинг құдайды жеке тұлға - адамның айырмашылығы: құдай жеке тұлға, бостандық ретінде шексіз болса, адамда бұл аталған қүбылыстарда шектеулі.
Гегель Георг Вильгельм Фридрих (1770-1831жж). Негізгі еңбектері: «Рухфеноменологиясы», «Логика-ғылым», «Қүқық философиясы», «Дін философиясы», «Философия ғылымының энциклопедиясы». Гегельдің философиялық жүейсі объективтік идеализмге жатады. Гегель өз философиясының бастамасы ретінде абсолютік идеяны алды. Абсолют - құдай барлық заттарда бар, бірақ тек таза ақыл-ойда ғана өзіне өзі тән, болады. Абсолюттік идея - нағыз шындық, болмыс және барлық материалдық денелердің түпнегізі және мәні. Оның негізгі атрибуттарының бірі - әмбебап жалпылық. Ол тұрақты және мәңгі. Абсолюттік идеяға әректшілдік тән, себебі ол - таза ақыл-ой, ақыл-ой әрекетшіл болмаса өмір суре алмайды. Осы қасиетінің арқасында ол жай ақыл-ой болып қалмайды, материалдық денелерге айналады. Рух өзінен табиғат туралы таза ойын босатып, заттандырады жөне сол заттандырылған табиғаттың өзінде өзінің басқа болмысы ретінде сақталады. Сөйтіп, ол өзінің шын болмыс қалпынан басқа болмыс қалпына көшіп, озінің диалектикалық мәнін корсетеді. Таза ақыл-ой дамыуның диалектикасы табиғаттың, қоғамның, адамның ойлау қабілеттінің жалпы заңы болып табылады. Осыдан келіп Гегель табиғаттың, қоғамның, адам ақыл-ойының әр түрлі даму кезін абсолюттік идеяның әр түрлі даму сатысына саяды деген түжырым жасайды. Даму процесі, Гегель пікірінше, белгілі бір кестемен жүзеге асады: тезис (нақтылану), антитезис (нақтылауды теріске шығару) және синтез (терістеуді терістеу). Айталық, материалдық денелердің пайда болуы тезис болса, олардың күйреуі - антитезис, ал қүйреп бара жатқан денелердің озінің кейбір элементтерін сақтай отырып, басқа бір материалдық денелерге айналуы - синтез болады. Табиғат пен қоғамның дамуының қайнар қезі - абсолюттік идеяның өзіндік дамуы.
Гегель пікірінше, сезімдік тәжиребе арқылы кездейсоқ, бір-бірмен байланыссыз нақты қүбылыстарды ғана танып-біле аламыз. Ал заттарға тән жалпылықты, мәнді біз тек ақыл-ой күші арқылы ғана білеміз. Онда, адамдарда емес, олардан тыс, объективті рухтың, басқаша айтқанда, жалпы рухани тәжірибенің арқасында біле аламыз. Себебі жеке адамның өсіп-дамуы - жалпы адамзат тарихының рухани дамуының кішігірім бөлшектері ғана. Ал, қоғамның рухани дамуы белгілі зандылықтарға /таза ақыл-ойдың логикасына/ сәйкес артып отыратындықтан, оны жеке адамрда танып-біле алмайды. Адамзат тарихы, оның зандылықтары дегеніміз қоғамның ілгері қарай дамуы негізінде жеке түлғалардың ең жоғары принципі - бостандық идеясы үздіксіз ұмтылуы. Гегельдің бұл концепциясы бойынша, бостандық сәулесі бозарып келе жатқанда тарихпен басталады. Бостандық идеясы үш сатысынан өтті. Біріншісі - алғаш рет Шығыс. Екіншісі - Ежелгі Греция. Үшіншісі - герман халықтарынаң арасында христиан дінің тарауынан басталады.
Гегель логикада заттану дамыуының синтезі мен нәтижесі ретінде көрсітті. Таным процессі идеялардың өзін-өзі тануының сатылары арқылы берілген. Бірақ логика категориялары жалпыға бірдей ерекшеллікке не жалпы тиянақты білм сияқты. Даму сатысында бола тұра әрбір категория ғарыштың бейнесін көрсетеді. Таным абстрактылы тепе-тендіқтен басталады, ол өзінің қалыптасу кезінде сапалық пен сандық қатыснастарға және олардың нақты бірлігіне тіреледі.
Гегель диалектиканың үш негізгі заңын ашты.Қарама қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы. Бұл заңы дамудың қайнар көзін көрсететі.Терістеуді терістеу заңы. Бұл заң даму процесі қалай алға басатынын көрсетеді. Бұл заң бойынша даму процесі спираль /бұранда/ тәрізді алға басады. Санның сапаға ауысу заңы. Сапа, Гегель бойынша, заттардың айқын белгісін, тек осы арқылы зат тек белгілі бір зат бола алатындығын көрсетті.Гегель бойынша, диалектиканың категориялары: Мән және құбылыс.Жалпылық, өзгешілік және жекешілік.Мазмұн және түр.Себеп пен салдар.Қажеттілік және кездейсоқтық.Мүмкіндік және шындық.Бүтін және бөлік.
Субъективтік диалектика Гегель бойынша, ол ойлау диалектикасы. Канттан кейін классикалық неміс философиясын дамытқан И.Г.Фихтенің және Ф.Шеллингтің идеалистік ой-пікірлері өзінің логикалық жалғасын Гегель философиясынан тапты. Гегельдің диалектикасы неміс классикалық философиясының жоғарғы жетістігі болып табылады.
Фейербах Людвиг (1804 - 1872 жж). Негізгі еңбектері: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні», «Гегельге қарсы сын».Фейербах Гегельдің қарама-қайшылықтар бірлігі қағидасын, оның диалектикасын жоғары бағалап, жас гегелшілер қатарында болды.Фейербах материализмінің ерекшелігі - антропологизм.Антропологизм бойынша, адам философияның, ең басты бірден бір
және әмбебап пәні ең жоғарғы өлшемі. Бірақ, Фейербахта адам
мәселесін толық материалистіқ көзқарас жүргізе алмады. Фейербах
бойынша, адам - жеке индивидке тән абстракты жай ғана биологиялық тіршілік етуші. Фейербах Гегель бірлікті идеалды түрде ғана түсінеді, ал оның диалектикасы өмір шындығынан тыс жатыр деп сынға алып, идеализмді діннің рационалданған түрі, сондықтан философияңың бірден-бір міндеті дінге қарсы күресу деп түжырымдайды. Құдай - адамға тән қасиеттерді, мәнді одан бөліп алып, жеке өз мәні ретінде қалыптасқан ұғым деді. Шындап келгенде, қүдай деп жүргеніміз адамның өзі. Фейербах материализмінің ең күшті жағы оның дінмен ашық қүресуінде, діннің гносеологиялық түптамырын ашып беруінде болды. Ал адамның өзі физиологиялық және психологиялық бірліктен тұрады. Оны ажыратып, бөліп қарау тек абстракцияда ғана мүмкін. Жан мен тән, рух пен дене бірінсіз-бірі өмір сүре алмайды. Адамның мәні - ақыл-ой жігер, жүрек және физиологиялық процестерге жатпайтын езіндік ерекшіліктері бар дененің ұйымдасу қабілетімен тағыз байланысты. Адам - табиғаттың ең жоғары нәтижесі, соңдықтан оны табиғаттан бөліп қарауға болмайды. Демек, жаңа философияның негізгі міндеті табиғатты зерттеп, оның адамға тигізер әсері негізінде, адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну. О дүниеде ешқандай өмір жоқ болғандықтан, адамдар бірігіп, осы дүниеде қалай жақсы өмір сүрүге болатын жолдарды іздестірулері керек. Фейербах құдай бар дінді жойып, онын орнына құдайсыз жаңа дін жасауды колданды, ол адамға деген шын сүйіншілігінің өзі дін болуы тиіс деді. Осындай жақсылыққа апаратын жол, қүдайға жалбарынуды уағыздайтын діннің орнына, адамдарның бір-бірне сенімін арттыратын сүйіспеншілік діні деп есептейді «Адам сүйіспеншіліктің объектісі, себебі, ол сана қабілеті бар және не сүйіспеншілікті қабілетті тірі организм. Бұл ұрпақтардың заны» дейді Фейербах. Таным теориясында Фейербах эмпиризм және сенсуализмді жақтады да, агностицизмге қарсы шықты.
Бақылау сұрақтары:
1.Неміс классик философтары субстанция мәселесіне қатысты қайсысы қандай позиция ұстанды?
2. Диалектикалық әдісті алғаш жасаған кім, қай тұрғыдан?
3. И.Кантты таң қалдырған екі нәрсе?
4. Үзілді-кесілді императивті қалай түсінесіз?
5. Махаббат діні кімнің философиясында?
Негізгі әдебиет:
1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.
2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.
3. Кішібеков Д., СыдықовҰ. Философия. Алматы, 2006.
Қосымша әдебиет:
1.Кант пен Гегель философиясы. ӘФМ.20 томдық т.8. А.,2006.
Дәріс 7. Марксизм философиясы-1сағат
ХІХ- ХХ ғғ. басындағы орыс философиясы-1сағат
Марксизм философиясы
1. Марксизм философиясының алғышарттары.
2. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Европа елдерінің көпшілігінде капитализм жедел қарқынмен дами бастады. Тарихи аренаға жаңа әлеуметтік топтар буржуазия мен жұмысшылар келді. Буржуазияның жүгенсіз байлыққа ұмтылуы халықтың жағдайын төмендетіп жіберді. Бұл өз кезегіндегі шиеленіске әкеліп соғып, көптеген саяси-философиялық ілімдердің пайда болуына әсер етті. Солардың бірі марксизм. Негізгі өкілдері: Карл Маркс (1818-1883 жж.) (негізгі еңбегі: «Капитал», «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар»), Ф.Энгельс пен К.Маркс екеуінің бірігіп жазған еңбектері: «Неміс идеологиясы», «Қасиетті отбасы», «Фейербах туралы тезистер», «Философияның қайыршылығы» т.б. Марксизмнің келесі өкілі Ф.Энгельс (1820-1895 жж.) (негізгі еңбегі: «Табиғат диалектикасы», «Анти-Дюринг» т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельстің идеяларын басшылыққа алып, оны ары қарай дамытуға тырысқан В.И.Ленин болды. Негізгі еңбегі «Философиялық дәптерлер», «Материализм мен эмпириокритицизм» т.б.
К.Маркс неміс ойшылы диалектикалық және тарихи материализмнің ғылыми саяси экономиканың негізін қалаушы. Маркстың Л.Фейербах шығармаларымен танысуы оның дүниеге көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етеді. 1842 жылы «Рейн газетінде» жұмыс істеп, кейін сол газеттің редакторы болған. Газетте жұмыс істеп жүріп ол қоғамдағы материалдық қатынасты, жеке меншік мәселелерін жақсы ұғады. Бұл Гегельдің «құқық философиясын» сыни қарауға итермелейді. Соның нәтижесінде «Гегельдің құқық философиясына сын» жөніндегі мақаласында саясат экономиканы емес, экономика саясатты анықтайтын және пролетариаттың тарихи рөлін тұңғыш рет ашып көрсетеді, әлеуметтік революцияның болмай қоймайтындығы туралы, жұмысшы табының қозғалысын ғылыми дүниетаныммен ұштастыру туралы тұжырымға келеді.
1844-1848 жж. К.Маркстің философиялық шығармаларының қауырт кезеңі болды. Бұл кезде К.Маркс адам мәні мен оның өмірінің мәні, гуманизм, еңбектің рөлі, еңбектің жаттануы, дін мен философияның қоғамдағы рөлі, сана мәселесі және т.б. мәселелерді қарастырады. Бұл проблемалардың бәрі қосылып марксизмде «Жас маркстың гуманизмі» деген атпен белгілі. К.Маркс өзінің «Философиялық-экономикалық жазбаларында», «Фейербахтың тезистері», «Неміс идеологиясында» адамның әлеуметтік және тарихи табиғаты жайлы, оның мәні жайлы былай дейді: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда адамды абстрактылы түсінгені үшін Фейрбахты сынаған. Марксизм адам мәнінің ұғымын оның жұмыс істеуі мен дамуының қоғамдық шарттарымен, саналы қызыметімен байланыстырды, бұл еңбектің барысында адам тарихтың әрі алғышарты, әрі жемісі болып шығады.
Маркстің философияға қосқан негізгі екі жаңалығы болды: тарихта материалистік тұрғыдан түсіну және қосымша құн құпиясы.
К.Маркс өзінің «Саяси экономикаға сын» туралы еңбегінде тарихты материалистік тұрғыдан түсінуді анық көрсеткен. К.Маркс пен Ф.Энгельс ескі материализмді метафизикадан, диалектиканы идеализмнен аластатып материализм мен диалектиканы қосып материалистік диалектика қолданды. Сол арқылы тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру мүмкін болды. Маркске дейінгі философтардың бәрі де, соның ішінде материалистер де қоғам өмірін түсінуде сыңаржақ көзқараста болды, өйткені олар соқыр күштер әсер ететін табиғатқа қарағанда қоғамда өз істерінде идеалдық сезім-түйсіктерді басшылыққа алатын саналы адамдар өмір сүретіндігін баса айтып, негізінен солармен шектелді. Тарихи материализмнің жасалуы қоғамдық ойдың дамуындағы түбірлі төңкеріс болды. Ол бір жағынан, тұтас дүниеге-тек табиғатқа ғана емес, сонымен қатар қоғамға да жүйелі наным көзқарасты қалыптастыруға әсер етсе, екінші жағынан қоғам өмірінің барлық жақтарының дамуының материалдық негізін ашуға мүмкіндік берді. Қоғам дамуы табиғи-тарихи процесс екендігі туралы негізгі идеясын Маркс қоғам өмірінің әртүрлі саласынан, экономикалық саланы барлық қоғамдық қатынастардан өндірістік қатынастарды негізгі және барлық басқа қатынастарды айқындаушы ретінде бөліп алып қарастырады. Қандай да болмасын қоғамға тән негізгі бастама қажетті өндіріс құралдары екеніне сүйене отырып, адамдардың осы құрал-жабдықтарды өндіру барысында белгілі бір қатынасқа - өндірістік қатынасқа түсуімен байланыстырып, осы өндірістік қатынастардың жиынтығы белгілі бір қоғамның реалды базасын жасайтындығын, ал оның саяси-заң қондырмасын қоғамдық сананың алуан түрлі формалары қалыптастыратындығын көреміз.
Қоғамдық болмыстың алғашқылығын, ал қоғамдық сананың екіншілігін, одан тәуелділігін тұжырымдағанда Маркс пен Энгельс мынадай жағдайды басшылыққа алды: адамдар ғылыммен, өнермен, философиямен, саясатпен т.б. айналысу үшін алдымен ішуі, жеуі, киінуі, баспанасы т.б. болуы тиіс, ал бұлар болу үшін оларды өндіру керек. Бірақ олар бұл қарапайым ақиқатты тұжырымдау мен тоқтап қалған жоқ, өйткені ол Маркс пен Энгельске дейінгілерге әлдеқашан ақ белгілі еді. Сондықтан Маркс пен Энгельс ол қарапайым ақиқаттың астарында не жатқанын, оның ішкі мәнін аша білді: адамдардың бүкіл өмірі, тіршілігі сайып келгенде материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екенін ашты. Олай болса, бұл қоғам өмірінің негізі-еңбек. Өндірістік еңбексіз қоғам өмір сүре алмайды, тіпті ол пайда болмаған да болар еді. Марксизм еңбекті эпистемалогиялық ұғым ретінде негіздеді. Адам еңбектің арқасында ойлауға, тануға, санасының қалыптасуына және дамуына қабілетті болды.
Өндіріс процесінде адамдар арасында орнайтын қатынастар (өндірістік қатынастар) адамның еңбек қызметінің нәтижесі және формасы. Олардың даму заңдылығы адамның санасымен анықталмайды, сайып келгенде өндіргіш күштердің даму сипатымен деңгейімен анықталады. Өндірістік қатынастар адамдардың өндірістік қызметінің процесінде қалыптасқанымен олардың санасы мен еркіне тәуелсіз болады. Бұл қатынастар қоғам өмірінің негізін құрайды.
К.Маркс «1844 жылғы экономикалық-философиялық қолжазбалар» атты еңбегінде еңбектің жаттануы жайлы және оны тек коммунизм кезеңінде жоюға болатыны туралы идеясын ұсынады. Еңбектің жаттануын Маркс төрт қырынан қарастырды.
І. Жұмысшылар өндірістік процесс кезінде табиғи материалдарды пайдаланып, өнім алады. Бірақ табиғи материалдар да, еңбектің жемісі де оған тимейді, жат болады, себебі алғашқысы - еңбек құралы ретінде өмір сүруге қажетті заттар ретінде меншік иесінің билігінде болады. Сөйтіп олар жұмысшыны өзіне бағындырады.
ІІ. Еңбек процесінің өзі жұмысшы үшін еріксіздікпен тең. Басқаша күн көруге мүмкіндігі болмағаннан кейін, ол өз еркінсіз еңбек етуге мәжбүр болады. Ондай еңбектен ол ешқандай ләззат ала алмайды, бірақ сол жұмыста тапқан табысы арқасында өзінің, еңбектен бос уақыттағы жануарлардыкі сияқты мақсат-мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Ал оның негізгі адамдық ерекшелігі - еңбектену, одан ләззат алу -қасіретке айналады.
ІІІ. Еріксіз еңбек жұмысшылардан оның әулеттік өмірін тартып алады. Шын мәнінде адам әулетінің өмірін жалғастырушы болып есептелетін еңбек пен өндіріс, жұмысшы үшін жалпы адам әулетінің емес, жеке басының өмірін сақтаудың құралына айналады. Осы себептен ол өндіріс пен табиғатқа өзіне жат, қауіпті құбылыстар ретінде қарайды. Демек, олардан «әулеттік өмірдің», адамдық мәнінің аластатылғандығы.
ІҮ. Еріксіз еңбек адамдар арасында бірін-бірі аластатушылықты тудырады. Бір жағынан- жұмысшылар еңбек ету мүмкіндігі үшін бір-бірімен бәсекеге түссе, екінші жағынан олардың еңбегінің нәтижесін иемденгендер де оған жат. Осындай аластатушылық тек жұмысшыларға ғана тән емес, ол капиталистер арасында да болатын құбылыс.
К.Маркс пен Ф.Энгельс жұмысшы табының азаттық күресінің ғылыми теориясын жасады. Олар жұмысшы табының ұйымдаспаған, бытыраңқы стихиялық көтерілістерін ұйымдасқан сананы қозғалысқа айналдыру қажеттігін, ол үшін жұмысшы қозғалысын ғылыми-социалистік теориямен біріктіру керектігін және мұны біріктіретін ғылыми теориямен қаруланған ұйымшыл жұмысшы партиялары екенін дәлелдеді.
Пролетариат өзін азат ету үшін бүкіл еңбекші халықты азат ету қажеттігін, ол үшін адамды адамның қанауын тудыратын экономикалық негіздерді жойғанда ғана бүкіл қоғамды әлеуметтік бостандыққа жеткізуге болатыны жайлы қорытынды жасады.
Ф.Энгельс (1820-1895 жж) Маркспен бірігіп марксизмнің негізін жасаған. Ф.Энгельс «Отбасының жеке меншіктің және мемлекеттің шығу тегі» деген еңбегінде қоғамдағы от басымен әйел статусының меншік формаларымен өндіріс тәсілдері эволюциясы ықпалымен тарихи даму барысында өзгерістерге ұшырағанын дәлелдеуге тырысады. Энгельс отбасымен неке формаларының эволюциясы қандай жолмен жүзеге асатынын, әйелдер эксплуатациясы мен маргеналдануының күшейгенін жан-жақты ашып берді. Ф.Энгельс экономика негізіндегі гендерлік рольдердің (еркек және әйел) айырмашылығы туралы пікір талас қалыптасуына ықпал етіп әйел статусы мен оның эмансипациясы, дәстүрлі неке институтының өзгерісімен әйелдердің еркектерге бағыныштылығын жою туралы мәселелерді көтерді. Ф.Энгельс сондай-ақ табиғат диалектикасы, болмыс субъстанциясы ретіндегі материя туралы идеяларды материя қозғалысы формаларының классификациясын материя атрибуттары ретіндегі уақыт пен кеңістік туралы жағдайды, әлемнің материалдық тұтастығы туралы идеяларды жасап шығарды. («Анти-Дюринг», «Табиғат диалектикасы»). Ф.Энгельстің пікірнше диалектика бұл табиғаттың қоғамның және адамзат ойлауының жалпы байланысымен дамуы туралы ілім. Диалектикалық даму-бұл материалдық үдер істердің, қоғамдық жүйелердің, сондай-ақ теориялық иедеялар өзгерісінің күрделі, қайшылықты, үдемелі үдерісі. Сонымен, бүкіл әлем бұл өзгерістер мен алмасулардың үнемі және шексіз үдерісі, ал осы өзгерістердің қайнар көзі қарама-қайшылықтардың күресі болып табылады. Ф.Энгельс «Анти-Дюрингте» диалектикалық дамудың жалпы заңдары сипаттамасына арнайы тоқталады: қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы, сандық мөлшерден сапаға көшу заңдылығы, терістеу заңы.
Марксизм ілімі бойынша ,дүние жүзілік мәдениеттің дамуы 5 қоғамдық экономикалық формацияға бөлінеді:
1.Алғашқы қауымдық кезең.
2.Құл иеленушілік кезең.
3.Феодалдық кезең
4.Капиталистік кезең.
5.Коммунистік кезең.
Маркс ілімі бойынша формацияның қалыптасуы процесінде негізгі ролді өндірістік қызмет атқарады.
К.Маркспен Ф.Энгельс ілімін марксизм жауларынан қорғай отырып ғылым мен қоғамда болған өзгерістерге терең философиялық талдау жасай отырып ары қарай ілгері дамытқан В.И.Ленин (1870-1924 жж.) болды.
В.И.Ленин марксизмның философиялық бөлімінің мәселелерімен қағидаларын бұрмалаудан қорғап, әрі қарай дамытуға көп көңіл бөлді. 1908 жылы жазылған философиялық еңбегі- «Материализм және эмпириокритицизмде» ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында жаратылыстануда басталған революциялық төңкерістің диалектикалық-материалистік мәнін ашып берді, өйткені ол революция материя, қозғалыс, кеңістік пен уақыт т.б. жағдайындағы жаратылыстану ғылыми түсініктерге елеулі өзгерістер енгізді. Физикада ашылған жаңалықтар, мәселе атомистік теорияда ғасырлар бойы үстем болып келген көзқарастарға қайшы келді. Бұл фактілерден көптеген ғалымдар материя жойылды, зат, құбылыс деп жүргендеріміз біздің түйсігіміздің қабылдауымыздың нәтижесі екен деген субъективтік-идеалистік қорытынды шығарды. В.И.Ленин бұл субъективтік- идеалистік көзқарасты бекерге шығарып қана қойған жоқ, махизм, эмпириокритицизм, т.т. деп аталатын жаңа идеалистік ағымдардың айтқандары жаңалық емес екенін олардың төркіні сонау ХVІІІ ғасырың басында Д.Ж.Берклимен Д.Юм негізін салған субъективтік идеализм екенін дәлелдеп берді.
В.И.Ленин «Философиялық дәптерлерінде» материалистік диалектиканың заңдарымен категорияларын жете зерттеудің тамаша үлгілерін көрсетеді. Марксистік философияда Ленин тұжырымдаған диалектика, логика және таным теориялары бірлігінің принципі диалектиканың негізгі элементтерін талдау идеализмнің гносеологиялық тамырлары туралы, ғылыми абстракциялардағы шындықты бейнелеудің қайшылықты сипаты туралы ілімі, диалектикалық материализмнің таным теориясын одан әрі дамыту бағдарламасы-мұның бәрі шын мәнінде марксистік философия қазынансына қосылған баға жетпес үлес болып табылады.
Маркстік философия тек теория жүзінде ғана қалған жоқ. Ол 1917 жылы қазан революциясынан кейін Россияда және басқа көптеген елдерде практикалық көрініс тапты. Егер Маркстің өзі айтқан «Практика ақиқаттың өлшемі» деген қағидасын ескерсек, марксизмнің қоғам дамуы туралы тұжырымдамаларының практика жүзінде дәлелденбегендігі белгілі болып отыр. Соған қарамастан бұл ілімнің көптеген елдерде әлі күнге дейін өміршеңдік көрсетуі, марксизмге тек біржақты қарауға болмайтындығын, оған объективті тұрғыдан баға беру қажеттігін талап етеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Маркстың философиясы қай бағытқа жатады?
2. Маркстың адамға берген анықтамасы?
3. Қоғамдық экономикалық формациялар деген не?
4. Тарихты материалистік тұрғыдан түсіну дегеннің мәні неде?
ХІХ- ХХ ғғ. басындағы орыс философиясы
Мақсаты: ХІХ ғасырдағы орыс қоғамындағы әлеуметтік-саяси жағдай, осыған байланысты орыс философиясында көтерілген басты мәселе, негізгі бағыттармен, оның ХХ ғасырдың басындағы философиямен сабақтастығын сипаттау.
Негізгі сөздер мен ұғымдар: Соборлылық,революция, демократия, рационализм,космизм,персонализм, монархия, ноосфера, батысшылдық, славянофильдік, православия.
1. Орыс философиясының бастаулары.
2. Орыс демократтарының философиялық көзқарастары.
3. Орыстың діни философиясы.
Философияның ұлттық типтері болады, олардың қатарына орыс философиясы жатады. Орыс халқының 988 жылы христиан дінді қабылдауы оның дамуының шешуші қадамы болғанын атап көрсету қажет. Орыс философиясы Петр Біріншінің реформалық қызметіне дейін теорталықтық түсінікті игерді. Петр біріншінің реформасынан соң орыс зиялыларының қарқынды түрде батысеуропалық философиясын меңгеруі басталды.
Орыс философиясының дамуы 17- ғасырдың аяғынан басталады. Орыс философиясындағы материалистік дәстүрлерге алғаш үлес қосқан М.В.Ломоносов (1711-1765жж). Ломоносов бойынша, материя атомдардан тұрады, атомдар өзара қосылыса келе молекулаларды құрайды, ал соңғылылардың қосылысынан барлық заттар түзіледі деп есептеді. Табиғатты зерттеп, ол материя мен қозғалыстың мәңгілігін және жойылмайтынын дәлелдеді, зат пен қозғалыстың сақталу заңын ашты. Материя мен қозғалыс ажырамас бірлікте, материя үздіксіз қозғалыста болады деп көрсетті
Философияның жүйелі дамуы XIX ғасырдың екінші ширегінен өзек алады. Ал, XIX ғасырдың 40-50 жылдары идеялық даулар, негізінен, Ресейдің келешектегі даму жолдары төңірегінде өрбіді. Осы тұста белгілі екі ағым пайда болды батысшылдық (В.Г.Белинский, А.И.Герцен, т.б.) және слявянофильдік (И.В.Киреевский, А.С.Хомяков, т.б.).
Батысшылдар. Ресейдің Еуропалық алдыңғы қатарлы елдерден экономикалық, саяси және мәдени жағынан артта қалып бара жатқанын ескерді. Өркениетті буржуазиялық Еуропа оларға Ресей талпынатындай идеал ретінде көрінді. Ресейдің артта қалуын олар діни институттарға, монархизмге тәуелділікке байланысты деп білді. Ерте бой көрсеткен батысшылдар арасынан философ, жазушы А.И.Герцен (1812-1870 жж.) ерекшеленді. Ол батыс философтарының еңбектерін тамаша білді. Ол Гегель диалектикасын «революция алгебрасы» деп бағалады және адамзаттың антогонизмнен ада қоғамға ұмтылу заңдылығын негіздеуге талпынды.
Герценнің барлық философиялық тұжырымдарында табиғат пен адамның, материя мен сананың, индивид пен халықтың, жаратылыстану мен философияның, тарихи жағдайлар мен адам еркінің, тағы басқалар бірлігінде бейнеленетін жалпы бірлік идеясы көрініп тұрады.
Герцен болашақ қоғам социалистік идеал мен тектес. Герцен идеялары орыс философиясының, Ресейдің қоғамдық-саяси ойының дамуына зор ықпал етті. Сөйтіп, олар халықшыл (народничество) идеологияны тудырушылардың біріне айналды.
Егер батысшылдар қоғам дамуының еуропалық үлгілерін басшылыққа алса, словянофильдер ұлттық идеялық дәстүрлері негізінде айрықша орыс философиясын жасап шығаруға ұмтылды. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық(құтқарушылық) идеясын негіздеді. Олардың тарапынан дінге рухани көшбасшының барлық құқықтары қайтарылуы керек болды.
Славянофильдер шындықты интуитифтік сезімдік қабылдауға негізделген орыс халқының дінге бой ұсынушылығы туралы православиелік дін, христиандық менталитеттің діни тұтастығын уағыздады. Православиелікті олар Ресей қоғамының рухани негізі, монархияны басқарудың дұрыс жолы деп, шаруашылық қоғамда орыс өмірінің экономикалық және өнегелі тірегі деп санады.
Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип соборшылдық / еркін кауымдастык/ ұғымын енгізеді. Бул уғымды даярлаған А.С. Хомяков /1804 - 1860/.Ол Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына келтіру, “Касиетті Русь” идеалдарына бет бұру, провославиені ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сиякты идеяларды колданады. Хомяковтың тарихи концепциясында шіркеу «бастапкы нактылық» болып табылады. ”Соборшылдық” ұғымы да осымен байланысты. “Соборшылдық ” принципін бекіту индивидуализмді ғана теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды. “Соборшылдық және қауымға табынумен”(культ) сипатталатын Хомяков философиясы индивидуализм мен қатар, казармалық коллективизмге қарсы бағытталған және орыстың православиялық шіркеуінде бар еркіндік пен суйіспеншілік принциптерін бекітуге бағытталған. Соборшылдық адам өмір -қамының барлык салаларынан көрінеді; шіркеуде, отбасында, қоғамда. Ол еркін адамзаттық бастау (адамның еркіндік ыркы) мен адамнын кұдайға тән кұдіреттік бастауының (ырыс- береке) өзара әрекеті нәтижесі болып табылады. Славянофильдердің айтуынша “соборшылдықты “ правослвавиелік “ шіркеулік коршаудағылар” ғана , яғни православиелік кауым мушелері ғана игере алады, ал “бөтендер мен дінсіздер ” оны кабылдай алмайды. Ауылшаруашылык кауымын славянофильдер асыра дәріптейді. Қауымның экономикалық әрекеті жеке және қоғамдык мүдделердің уйлесімді бірлігін білдіреді.Селолық қауымның басты артықшылыгы өз мүшелерін тәрбиелейді рухани адамгершілік принциптерден көрінеді; ортақ мүддені сақтауға дайын болу, патриотизм. Славянофильдердің пікірінше, кауым мушелері бойында касиеттердің пайда болуы ертедегі діни дәстурлерді бейсаналы инстинкті түрде сақтау жолымен жүзеге асырады.
XIX ғасырдың ортасында Рессеяда азаттық үшін қозғалыстың буржуазиялық, демократиялық кезеңі басталды. 1861 жылы басыбайлы құқықтың жойылуына байланысты бұл қозғалыстың буыны бекіп, қанатын кеңге жая бастайды да, оның басына орыс зиялылары келеді. Бұл кезде Россияда капиталистік қоғамдық қатынастар қалыптасып дами бастаған болатын. Осы кезде орыс мәдениеті қоғамдық ой мен философия жаңа бағытқа бет алған. Осындай тарихи, әлеуметтік-саяси жағдайлар аясында орыстың төңкерісшіл, демократтарының философиялық көзқарастары қалыптасқан болатын.
Осы кезеңдегі революциялық демократиялық басшысы, жазушы, публицист Н.Г.Чернышевский (1828-1889). Философияда ол Герцен, Белинский, Гегель және Фейербах ілімдеріне сүйенеді. Негізгі теориялық жұмысы «Философияның антропологиялық қағидасы» («Антропологический принцип в философии»).
Чернышевский шынайы материалист. Ол сапасы бар материя ғана өмір сүреді деп жазды. Бірақ материяны Фейербах сияқты тар мағынада түсінеді. Диалектика идеяларын қарастыра отырып, оны метафизикалық жағынан түсіндіреді: күрделі процестерді сапалық өзгешелігіне қарамай, қарапайым түрде көрсетуге тырысады. Мұндай жол Чернышевскийдің адамды пайымдауында айқын көрінді. Ол Фейербах сияқты антропологиялық принципті қолданып, адамда медицина, физиология және химияны зерттейтін органикалық болмыс қана бар деп сынайды. Сонымен қатар тұлғаның этикалық негіздері қысқаша түсіндіріледі: адам жағымды нәрсеге талпынып, жағымсыздықтан қашады. Мейірімді ме, мейірімсіз бе шартқа байланысты. Мысалға, «адам басқаға жағымсыздық таныту арқылы өзіне жағымдылық алуға мәжбүр болғанда, мейірімсіз болады». Бірақ мұндай адам кінәлі емес, жағдай солай. Ол бұны былай қорытындылайды: адамды жетілдіру үшін оның өмірлік жағдайын, әлеуметтік және экономикалық жағынан өзгерту қажет. Мұндай революциялық өзгерістердің қажеттілігі туралы қорытынды өте заңды болып табылады.
Чернышевскийдің шәкірті, публицист және әдеби сыншы Н.А.Добролюбов (1836-1861) өз ұстазының көзқарастарын көп жағдайда мақұлдаған. Ол философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шеше отырып, материя туралы ілімді ілгері дамытты. Ол ойлауды материясыз жеке алып қарастыратын идеалистік философияны өткір сынға алды. Тұрпайы материализмнің қағидаларына қарсы шығып, сананы ойлауды материяның дамуындағы ең жоғары нәтиже, рухани құбылыс ретінде қарастырған болатын.
Оның ұстазынан айырмашылығы Чернышевскийге қарағанда халыққа әсердің қажеттілігіне және шаруа революциясының жақындығына сенімді болды. Және ол шаруашылық қоғамның болашағына сенімсіздікпен қарап, социализмнің орнына орыс капитализмін қабылдауды құптайды.
Ресейдегі діни философияның маңызы өте зор. Оның XIX ғасырдағы дамуы бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен орыс православиесі мен монархизм идеясынан славянофильдер пайда болды. Оларды жершілдер ауыстырды. Олар XIX ғасырдың діни реформаторлықты туғызды. Оның заңды нәтижесі маңызды діни ақиқаттарды ұсынуға бағытталған діни-философиядағы ағым - құдайіздеушілік (богоискательство) толқыны болып табылады.
«Орыстың рухани ренессанансы» деп аталатын құдайіздеушілік кезеңі шамамен XIX ғасырдың аяғында басталып, XX ғасырдың басында аяқталады. Бұл кезеңде орыс ойларының жаңа көрінісі шығады: бірінші жағынан рухани ізденістерге талпынған діни-философия; екінші жағынан революцияға ұмтылған, Фейербах пен Маркстың ізін қуушы материалистер.
Бұл кезеңнің аса көрнекті өкілі, орыс жазушысы Лев Николаевич Толстой (1828-1910). Ол Христостың іліміне негізделген, бірақ шіркеуліктен, мистикадан бос сенушіліктен тазартылған жаңа практикалық дінді қалыптастыру идеясын алға қояды. Ол философиялық сүйеуді ерте христиандықтан, шығыс діндерінен және Руссо, Шопенгауэр, Фейербах ілімдерінен табады.
Толстойдың діни шіркеулік Православиеден бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, ол Христостың құдай ретінде емес, жоғарғы этикалық қасиеттерді нығайтқан рухани адам ретінде қабылдайды.
Екіншіден, адамдар бұл ілімді түсінбегендіктен шіркеу жауаптылықты өз мойнына алады деп сенеді.
Үшіншіден, метафизикалық артынан жаңа өсиет этикасын ұмытты. Сондықтан да ол биліктің әділетсіздігі мен құлдыққа рұқсат берді.
Төртіншіден, Толстой ертедегі христандыққа табынуға шақырады. Сөйте тұра, Толстой оны басқа діндерден бөліп қараған емес. Өйткені олардың барлығында да бірдей дәрежеде жалпы адамдық ізгіліктер қасиеттер бейнеленген дейді.
Мистикалық идеализмнің көрнекті өкілдерінің бірі Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900). Соловьевтің көзқарасына христиан әдебиеті, сондай-ақ буддизмнің, неоплатонизмнің және басқа діни-философиялық жүйелердің идеялары елеулі ықпал етті. Ол неміс философиясынан славяншылдардан көп нәрсені қабылдап пайдаланды.
Ол орыс философиясының тарихында алғаш рет мистикалық платонизмді Шеллингпен және ғылыми эмпиризммен ынтымақтастырмақ болған ғұлама. Бұл әрине, алдын ала бітпес қайшылықтарға құрылған философиялық жүйе болатын. Соловьев христианшылдықтың мистикалық философиялық негізін қаламақшы болғандығы түсінікті. Материалистік философияның жауы, атеизм қараңғылықтың, сыңарлықтың нәтижесі деп санайтын Соловьев философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешеді, демек ол үшін әлемнің түп негізі объективтік рух болып табылады. Алайда, оның рухы Гегельдік рухтан біршама өзгешелеу болады. Өйткені, Гегельдің рухы «таза рух» болса, Соловьевтің рухы құдайға тән және ол болмысқа әбден сіңісті болып кеткенімен болмыстық күйге толығымен ауыспайды. Демек, бұл жәйттен Соловьев әлемнің бірлігі- құдайда деген тұжырымын жасайды.
Космизм орыс филасофиялық ойындағы терең, эвристикалық және перспективтік ағымдардың бірі. Ол көптеген философтарды, ғалымдарды, суретшілерді, музыканттармен ақындарды біріктіреді.
ХIX ғасырда космизмің негізгі идеялары көптеген философтардың шығармаларында көрініс табады. Солардың ішінде В.Д.Одоевский, А.В. СуховоКобылин, Н.Ф.Федоров, Н.В.Бугаев, В.С.Соловьев, Е.П.Блаватская, Н.А.Умов. XIX ғ. космизнің қарқынды дамуы К, В.И Вернадский, П.А.Флоренский, С.Н.Булгаков, Н.А.Бердяев, Н.Л.Чижевский, В.Н. Муравьев, А.К.Маисеевтің және басқа да көптеген философтар мен ғалымдардың жұмыстарында жалғасын тапты. Осы ағымда және жалпы әлемдік философияда адамның космостық эволюциясы ерекше орын алады. Ол XX ғ. ортасында Е.И. мен Н.К. Рерихтер шығарған «Живая Этика» (Агни Иога).
Космизнің басты идеялары:
Бақылау сұрақтары:
1.Славянофильдік бағыттың Батысшылдық бағытынан айырмашылығы неде?
2.Персонализм дегеніміз не?
3.Орыстың діни философиясындағы “ҚұдайАдамдық ЖалпыБірлік ” теориясының мәні неде?
4.Орыс космизмінің негізгі мәселесі неде?
5.Орыс материалистерінің дәстүрлі дүниеге көзқарасын қалай түсіндіресіз?
Негізгі әдебиет:
1.Ғабитов Т. Философия. Алматы, 2004.
2.Мырзалы С. Философия. Алматы, 2008.
3. Кішібеков Д., СыдықовҰ. Философия. Алматы, 2006.
Қосымша әдебиет:
1.Орыс философиясы.ӘФМ. 20 томдық .т.12. А.,2006
Дәріс 8. Қазақ философиялық ой-пікірлерінің ерекшеліктері-2 сағат
Мақсаты: ұлттық философиялық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар мен сөздер: дүние, заман, ел, даналық, бақсы, түркі сопылығы, жырау, Жерұйық, текті, кісі, жақсы,тәубе, қанағат
Философия деген гректің даналықты сүйемін деген сөз тіркесінен шыққан.Ана тілімізде философия, философ дегендерді білдіретін даналық, дана, данышпан, араб тілінен енген хакім деген ұғымдар бар.Қазақ философиясы дегеніміз даналық ойлардың тарихы.
Қазақ философиясының негізгі сипаты: біріншіден,табиғатқа бас ию, оған табыну;екіншіден, қазақ философиясында онтологиялық (болмыс)және гносеологиялық (таным) мәселелерден гөрі адам мәселесіне көбірек көңіл бөлінеді; адам мәселесі экзистенциалды тұрғыдан қарастырылды; көшпелі халықтың арасында әлеуметтік айырмашылықтар аз болғандықтан теңдікке негізделген әділеттілік құндылығы;материалдық байлықтан көрі ар-намысты биік ұстау;барды қанағат ету;жеке мүддеден ұжымдық мүддені жоғары қою; ерлік қасиет; ел үшін өмірін қиюға дайын болу; өмірі қысқа көшпелінің күнбе-күнгі өмірді бағалап, оны той-думанға айналдыруы, қиналғанға риясыз көмек; ата-ананы; үлкенді сыйлау; сөз өнері мен бақсылық өнерге ерекше құрмет.
Жүсіп Баласағұн (XI ғ.) Баласағұн қаласынан шыққан түрік, “ Құтадғу білік” ( “Құтты білім”) деп аталатын атақты шығарманың авторы.Оғыз-қыпшақ тілінде жазылған бұл жұмыс этика, саясат мәселелеріне арналып қана қоймай , философиялық , эстетикалық, ертедегі түріктердің наным- сенімдеріне байланысты материалдарға да толы. Ойшыл бұл еңбегінде төрт құндылықты бөліп көрсетеді: әділет, дәулет, ақыл, қанағат.Басты құндылық ретінде әділдікті атайды.
Махмұт Қашқари өзінің 1072-1083 жылдары жазылған “ Диуани лұғат ат- түрк” (“Түрік тілінің сөздігі”) еңбегінде түрік тайпаларының тілі, әдет ғұрпы, тарихы мен саяси өмірінен мол мағлұмат берген.
Суфизмнің көрнекті өкілі, түрік сопылығының негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауи (XII) негізгі еңбегі “Диуани хикмет” (“Даналық кітабы”) түрік тілінде қыпшақ диалектісімен жазылған. Шәкірті Сүлеймен Бақырғанидың “Ақыр заман”, “Бақырған” атты еңбектерінде сопылық этика мәселесі көрініс тапқан. Түрік сопылығының тағы бір өкілі Ахмет Игүнекидің (XI) негізгі еңбегі “Ақиқат сыйы” поэмасы.
Қазақ халқының дүниетанымынан ислам ортодоксиялық (дұрыс, толық) түрінде емес, табиғаты туралы ұзақ айтыстан кейін исламның бір бұтағы деп танылған суфизм (сопылық) түрінде орын алды. Суфизмнің негізгі өзегі “жетілген адам” (“инсан камил”) концепциясы.
3.Даналық түрінде қалыптасқан қазақ философиясында ақын- жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады.Қазақ ақындық шығармашылық дамуы мынадай үш кезеңге жіктеледі:
а)шартты түрде жыраулар дәуірі деп аталатын кезең(XV-XVIII ғасырдың бірінші жартысы );
ә) ақындық шығармашылық кезең (XVIII ғасырдың екінші жартысы -XIX ғасырдың бірінші жартысы);
б) ақындардың өзіндік сайысы-айтыстың пайда болуымен байланысты кезең ( XIX ғасырдың екінші жартысы -XX ғасырдың басы ).
Асан қайғы (XV ) , Қазтуған жырау (XV ) , Доспанбет жырау (XVI ) Шалкиіз (XV-XVI ),Ақтамберді (XVII- XVIII ) ,Бұқар жырау (XVII-XVIII ), Шал ақын (XVIII-XIX) және т.б. шығармашылығында қазақ дәстүрлі мәдениеті қалыптастырған рухани құндылықтар көрініс тапқан. Ақын- жыраулар шығармашылығының қайнар бұлағы болып табылатын халық даналығының қатарына ертетүркі жазба ескерткіштері ( Орхон- Енисей, Талас және т.б. ) жатады. Дәстүрлі кезеңде туған жерді қорғап, сақтап қалу мақсатымен батырлық эпос қайта жаңғырды(“Қобыланды”,“ Ер Тарғын”,“ Қыз Жібек” лиро- эпостық жыры және т.б.).
Философияның кең тараған анықтамасы ұғымдар арқылы ойлау болса, ақын жыраулар шығармашылығы қазақ дәстүрлі ойлау ерекшелігін танытады. Онда поэзиядан, яғни образдық бейнелеуден көрі ұйқаспен берілген , түйінделген ой басым.Және ақын- жыраулар өз ойларын қазақи ұғымдар арқылы өрнектейді. Олар: дүние, адам, заман, жақсы, жаман, ақыл, сұлу, ару, әділет, қанағат, ғашықтық және т.б.
Зар-заман ақындары деп аталатын XIX ғасырда өмір сүрген бір топ ақындар шығармашылығында халықтың басына төнген қайғы-қасірет сары уайымға салыну, тарығу, ескіні көксеу сарынымен жырланады. Бұл кезең патшалық отарлау саясатының ең күшіне енген уақыты болатын.Зар-заман ақындарының көрнекті өкілдері: Дулат Бабатайұлы ( 1802-1874) , Шортанбай Қанайұлы ( 1818-1881) , Мұрат Мөңкеұлы ( 1843-1906 ).
4.Қазақ ағартушылық кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысынан басталып, XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін созылды.Қазақстандағы ағартушылық ойдың қалыптасуына XIX ғ. 40-60 жылдарындағы орыс ағартушылығының ықпалы күшті болды.Қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшелігіне мыналар жатады:
а) еуропа,орыс демократтары сияқты халықты тапқа бөлмей , жалпы ұлт атынан сөйлеуі , себебі жаппай сауатсыздық, отарлық қаналуға байланысты;
б) аңсаған қоғамды төңкеріс жолымен емес, бейбіт реформа жолымен орнатуды таңдауы.
Қазақ ағартушылығының бірінші кезеңі XIX ғасырдың екінші жартысын қамтиды.Бұл кезеңнің негізгі өкілдері: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай.
Қазақ ағартушылығының негізін қалаушы Шоқан Уәлиханов (1835-1865 ).Қазақ халқының дүниетанымын “ Тәңір ”, “Қазақтардағы шамандықтың қалдығы”, “Дала мұсылмандығы ” атты еңбектерінде талдаған.Қоғамдық саяси көзқарастары “Сібір ведомоствосына қарайтын қазақтардағы сот реформасы туралы жазбалар ”, “Қытай империясының батысы және Құлжа қаласы”, “Ыстықкөл күнделіктері” т.б.еңбектерінде көрініс тапқан. Философияның дін философиясы саласының дамуына көп үлес қосты. Көзқарасына материализм, географиялық детерминизм тән.
Ыбырай Алтынсарин (1841- 1889)- қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі, педагог-жаңашыл, жазушы.Алтынсаринның дүниеге көзқарасы деизмге жақын.Ол дүниені жаратушы құдай деп білді. Бұл ойды “Жаратқан мұнша таңсық жаббар құдай”, “Жаратты неше алуан жұрт бір құдайым”деген өлеңдерінде, “Мұсылманшылықтың тұтқасы” т.б. еңбектерінде осы ойды қуаттайды. Алтынсаринның қоғамдық саяси көзқарастарына терең демократизм, патриотизм тән.”Қырғыз қайғысы” деген еңбегінде патша үкіметінің отаршылдық саясатына наразылығын білдіріп, қазақ жерінде қандай реформалар жүргізу керектігі туралы ойларын айтты. Тарих пен қоғамдық құбылыстар туралы мәселеде Ыбырай ғылым мен ағартушылыққа оның түрлендіруші күшіне деген сенім білдіреді.
Абай Құнанбайұлы (1845-1904) қазақ ағартушылығында, қазақ рухани мәдениетінде үлкен орын алатын ойшыл- демократ, ұлы ақын, сазгер. Абай қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы.Дүниетанымы деизмге жақын. Құдай өз заңдылығымен дамитын өлшемнің алғашқы себепшісі.Шығармаларынан диалектикалық ой тұжырымдары байқалады.Абай философиясының негізгі мәселесі адам. “Адам бол!” Абай этикасының негізгі принципі. Абайша , сену үшін алдымен түсіну қажет.Бұл ойлары әл - Фарабимен үндес.Көп өлеңдерінен сопылық сарыны еседі.Ақыл нақты құбылыстарды танығанымен Құдайды тануға шамасы жетпейтінін айтады.Ақын сопылықтағы махаббат поэзиясын қайта жаңғыртты. Абай ұлы гуманист.Абай өз халқын бір орында тұрып қалмауға , тұйықталмауға, мәдениетін басқа халықтар , соның ішінде орыс халқының жетістіктерімен байытуға шақырды.
Қазақ ағартушылығының екінші кезеңі XX ғасырдың басынан қазақ жерінде Кеңес өкіметі толық орнағанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Бұл кездегі қазақ ағартушылығының көрнекті өкілдері ретінде Сұлтанмахмұт Торайғыровты, Ахмет Байтұрсыновты, Міржақып Дулатовты, Шәкәрім Құдайбердіұлын, Мағжан Жұмабаевты, Сәкен Сейфуллинді, Бейімбет Майлинді және т. б . атауға болады.
Бақылау сұрақтары:
1.Қазақ философиясының төл ұғымдарын ата.
2. Қазақ ағартушылығының өзіндік ерекшеліктерін көрсетіңіз.Негізін қалаған кім?
3.«Қорқыт ата» аңызындағы түйін ой?
4.Абай сопылықтағы қандай дәстүрді жаңғыртты?
5.Зар заман ақындары кімдер?
Негізгі әдебиет:
1.Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы.Оқулық. Алматы: Қазақ университеті, 2006.
2.Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясы.Оқу құралы.- Алматы: Ер-Дәулет, 1996.
3.Сегізбаев О.А.Казахская философия XV- начала XX в.- Алматы: Ғылым,1996.
Қосымша әдебиет:
1.Орынбеков М. Ежелгі қазақ дүниетанымы.- Алматы: Ғылым, 1996.
2.Рысқалиев Т. Даналық пен түсініктің үлгілері.- Алматы: Ақыл кітабы, 1999.
3. Абай. Қара сөз. Поэмалар.- Алматы:Ел, 1993.
4.Бес ғасыр жырлайды. Т.1,2. -Алматы: Жазушы, 1989.
5. Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Астана,2006.
Дәріс 9,10 . Қазіргі заманғы батыс философиясы-4 сағат
Мақсаты:қазіргі философияның классикалық философиялық ойлаудан ерекшеліктерін ашып көрсету, негізгі ағымдарымен, көрнекті өкілдерімен және мәселелер шеңберімен танысу
Негізгі сөзер мен ұғымдар:иррационалдық, ерік, волюнтаризм, «асқан адам», экзистенция, бейсаналық, либидо, сублимация,архетип, герменевтика, интенционалдық, верификация, фаллибилизм , шекаралық ахуал
1.Иррационалдық философия.
2.Постклассикалық философиядағы «ғылыми рационалдылық»
Х1Х ғ. рационализм ағымына, яғни жалпы классикалық философияға, дискурсивтiк ( discursus - латын сөзi,- ақыл-ойға, қисынға негiзделген тұжырымдар) ойлау әдiсiне деген терiс пiкiрлер оянып, оларға қарсы бағытталған иррационалдық философиялық ағымдарды тудырды. Бұл көштi бастаған немiс философы А.Шопенгауер мен дат ойшылы С.Кьеркогер болды. Бұлардың екеуi де Гегельдiң панлогистiк көзқарасын сынаудан бастады.
Кьеркогердiң ойына қарағанда, Гегельдiң философиясы ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам Абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе-теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не екенiн бiзге түсiндiрмейдi, сондықтан ол “абстракциялық құбыжық қана. Философияның негiзгi пәнiне, сондықтан, тек қана жеке адамның өмiр сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi мен зардабы, өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с. жатуы керек. Соңынан мұндай көзқарастардың негiзiнде ХХ ғ экзистенциализм философиясы пайда болады. Ол бағытты талдаған кезде бiз Кьеркегордың идеяларына қайтып ораламыз.
Артур Шопенгауер (1788-1860 ж.ж.) . Негiзгi еңбегi “Дүние ерiк пен елестету ретiнде 1844 ж. жарық көрдi. Оның ойынша, дүниенiң негiзiнде материя, я болмаса сана, рух жатыр деген көзқарастар - жалған пiкiрлер. Философияның тарихындағы мыңдаған жылдарға созылған iс-әрекеттер - оны ғылыми дәрежеге көтеруге бағытталған ұмтылыс - оны үлкен дағдарысқа әкелiп соқты. Шынына келгенде, философия - ғылым емес, ол өнердiң бiр түрi. Өйткенi, дүниенiң негiзiнде жатқан нәрсе - ол ессiз, бейсаналық әлемдiк ерiк. Сонымен, материя, табиғат заты, атом, сана, рух т.с.с. бұрынғы философтардың жатқызған дүниенiң негiздерiн ысырып тастап, ойшыл “ерiк ұғымын дүниенi түсiнудегi негiзгi категорияға айналдырады
Сонымен, Шопенгауердiң ойынша, зардапқа толы дүниенiң негiзгi күнәкерi - Әлемдiк ерiктiң өзi. Бiрақ, оның санасы болмағаннан кейiн ол өз iстерiне жауап бере алмайды, тек қана мәңгiлiк бiр трагедиядан өтiп екiншiге т.с.с. ауыса бередi. Бұл арадағы бiр үмiт - Әлемдiк ерiк сананы тудырған ғарышты дүниеге әкелдi. Мiне, дүниенiң ажырамас бiр бөлiгi ретiндегi адамдардың өзi ғана сол Әлемдiк ерiкке қарсы шығып оны таратуы керек, сонда ғана дүниенiң зардабы тоқтатылады. Ол үшiн адам өзiнiң өмiрлiк күш-қуатын, өз бойындағы еркiн сол дүниенi тудырған Әлемдiк ерiкке қарсы қойуы қажет. Ал мұның өзi ең алдымен адамдардың философиялық таным арқылы Әлемдiк ерiктiң терең мәнiн зерттеп- бiлуiмен тығыз байланысты. Содан кейiн адам екi сатыдан өтуi керек. Алғашқысы - эстетикалық аңлау, соңғысы - моральдық жолмен жетiлу.
Егер дүниедегi барлық зардаптың түп-тамыры Ерiкке барып тiрелсе, оны жою моральдық жағынан алып қарағанда - ақталатын нәрсе. Ал адам саналы пәнде ретiнде өз iшiндегi ерiктi жою арқылы әлеуметтiк Ерiктi тарата алады. Ол ұшiн Шопенгауер адамдарға “категорикалық императив (ұзiлдi-кесiлдi талап) ұсынады “өзiңе қалайтынның бәрiнен де бас тартып, қаламайтыныңды жаса. Бiр қарағанда ол ақылға симайтын нәрсе сияқты. Бiрақ, оның негiзiнде жатқан мағна мынада ол - адамның өмiрге деген қызығушылығын, соған бағытталған еркiн сөндiру. Ол үшiн адам аскетикалық өмiр салтын ұстап, басқалардың зардабын бөлiсiп, өзiнiң жан-дүниесiнде ешқандай да өзiмшiлдiктiң жұрнағын қалдырмай құрту керек. Сонда ғана адам өмiрге деген қызығушылықтан толығынан арылып, өзi сияқты жердегi бақытқа жетуден бас тартқан адамдармен бiрiгiп, басқа адамдардың зардабын, қайғысын жеңiлдетуге тырысады. Бұл көзқарас үндi халқының тудырған “нирвана, көне Грек философтарының “атараксия деген ұғымдарына өте жақын.
Қорыта келе, Шопенгауердiң философия тарихында өз орны бар ұлы тұлға екенiн айтып өтуiмiз керек. Ол болашақ ХХ ғ пайда болатын көп қайшылықтарды, әсiресе адам өмiрi мен тағдырына байланысты көп ойларды көтерiп, болашақ ғасырда ықпалды “өмiр философиясы аталған ағымның негiзiн қалап кеттi.
“Өмiр философиясының шеңберiндегi немiс философы Фридрих Ницшенiң (1844-1900 ж.ж.) еңбектерi ерекше орын алады. Егер А.Шопенгауер әлемдiк Ерiктi болмыстың алғашқы негiзiне жатқызса, Ф.Ницше Ерiк категориясына әлеуметтiк-моральдық мән-мағна берiп, оны “билiкке деген ерiк ретiнде түсiнедi. Оның ойынша, өмiр билiктi неғұрлым жете сезiнгiсi келедi. Егер А.Шопенгауердiң “Әлемдiк Еркi бiреу ғана болса, Ф.Ницше ондай монистiк көзқарастан бас тартып, ерiктiң көптiгiн (плюралистiгiн) сол себептi олардың бiр-бiрiмен бiтпейтiн күресте екендiгiн мойындайды. Үшiншi ерекшелiгi, А.Шопенгауер адам ерiктен бас тартып қана өзiн сақтай алады деген болса, Ф.Ницше, керiсiнше, адам, егер ол құл емес, нағыз адам болса, билiкке деген еркiн өмiрге енгiзедi, сол үшiн күреседi.
Билiкке деген ерiк - күштiнiң құқының негiзiн құрайды. Күштiнiң құқы неше-тұрлi қоғамда қабылданған моральдық, дiни т.с.с. нормативтiк ережелерден биiк болуға тиiстi, сондықтан, нағыз адам осы қағиданы өз өмiрiнде ұстауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдiк болу керек деген қағиданы таратады. Бiрақ, ол өмiрдiң терең мәнiн құрайтын билiкке деген ерiктi құртады - сондықтан, ол керек емес. Демократия да билiкке ұмтылған адамдардың мұддесiне қарсы, өйткенi, тобыр қайсыбiр билiктi ұнатпайды, яғни олар күштiнiң құқына қарсы тұрады. Ал, еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркектi күштi қылып жаратты, олай болса, оған билiкке деген құқты бердi. Сондықтан, қайсыбiр еркек пен әйел арасындағы теңдiкке деген ұмтылыс - қоғамның iрiп-шiруiнiң көрiнiсi. Ф.Ницшенiң ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан “қайта қарап, “мырзалардың моральдық құндылықтарын тағы да өмiрге енгiзу керек. Оның негiзiнде мынандай қағидалар жатуы қажет : 1. “Өмiрдiң құндылығы- сөзсiз негiзгi құндылық; 2. Адамдар бiр-бiрiмен табиғи түрде теңсiз болып жаратылған; 3. Күштi адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес.
Ал ендi “асқан адамның сыртқы кейпiне келер болсақ, олардың “туа бiткен асылдығы бiр қарағанда-ақ көрiнiп тұрады. Осы қасиет бұгiнгi таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей тұр десеңiзшi,- деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпетi оның асылдығын көрсетiп тұрса, онда “тобыр оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы “кездейсоқ келген бақ пен байлық қана адамдарды көтередi,- деген ойға келiп, олай болса, “бiз де өзiмiздiң бағымызды сынап көрейiк,- деген жаман ойға өтуi мүмкiн. Ал бұл ой социализмдi әкеледi,- деп қорытады Ф.Ницше.
Ф.Ницшенiң христиан дiнiндегi моральдық қағидаларға қарсы келуi, осы кездегi ғылым мен техникадағы ашылған жаңалықтар, ойшылдан бұрын өмiр сүрген ағартушылардың дiнге қарсы бағытталған iс-әрекеттерi - барлығы жиналып оның “Құдай өлдi!,- өйткенi, Құдайға сенудiң өзiне сенбеушiлiк пайда болды деген тұжырымға келуiне себеп болды. Болашақта, Құдайдың орнын “асқан адам алады деп қорытады Ф.Ницше.
Әрине, Ф.Ницшенiң философиясы қайшылықтарға толы, ешқандай бiтұтастық жүйелiгi жоқ, өз заманының әртүрлі өзектi мәселелерiн көбiне көркем сөзбен берген көзқарас. Бiрақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенiң өз заманының әлсiз жақтарын сынауы, нағыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберiн тиiстiлiк негiзiнде аттап өту қажеттiгiн көрсетуi т.с.с. ойлары болашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерiн тигiздi
“Өмiр философиясының өкiлдерi Вильгельм Дильтей (1893-1911 ж.ж.) мен Георг Зиммель (1858-1918 ж.ж.) өмiрдi ерiк пен iңкәр, сезiм мен тебiренiс деректерi деп анықтайды. Өмiр - хаосты тәртiпке келтiредi. Өмiрдiң организмдiк және одан да биiк формалары бар. Өмiр организмдiк деңгейде өлiммен шектелсе, организмдiктен биiк формалары мәдениеттi құрайды. Осы тұрғыдан алғанда шындықтың өзi өмiрден алған тәжiрибенiң өзi. “Өмiрлiк тәжiрибе - зердеге тең емес, ол ақыл-ойға симайды. Өмiр - ағым, өзгерiс, шығармашылық,- онда жалпылық деген жоқ. Өмiрдi тек қайталанбайтын жекелiк арқылы ғана суреттеуге болады. Осы арада “шығармашылық трагедия дүниеге келедi. Өйткенi, өмiрдiң қайталанбайтын толқындары оның объекивтелiнген, яғни затталынған формаларымен қайшылыққа келедi. Ол қайшылықтарды шешу үшiн тарихи мәдениет туындыларын сол замандағы ақуалды бiлу, барлық жан-дүниеңмен соған өткендей болып сезiну арқылы түсiнуге болады. Оны В.Дильтей герменевтика деген ұғыммен бередi. Тарихшы өткен оқиғаларды шынайы қайта суреттеп қана қоймай, сонымен бiрге оны қайта тебiренiп, оның өмiршеңдiк жақтарын тұсiндiре бiлуi керек.
Анри Бергсон (1859-1941 ж.ж.) - “өмiр философиясының шеңберiнде “шығармашылық талпыныс ағымын жасайды. Оның ойынша, алғашқы да ең терең шындық - ол белгiлi бiр толыққанды бiртұтас өмiр, ал материя мен рухқа келер болсақ, ол сол өмiрдiң қалдықтары. Өмiр - “өмiрлiк талпынысқа (elan vital), яғни ешқашанда тоқталмайтын шығармашылық өзгерiс, қалыптасуға тең. Материя - болмыстың енжар жағы, ол, әрине, қаншалықты қарсылық көрсетсе де, дегенмен, ең ақырында, өмiрге бағынады. Сондықтан, табиғаттың тарихи күделенуi, өрлеуi - өмiрдiң шығармашылық өрлеуiмен тең. Олай болса, Дүние - бiрегей, тоқталмайтын, үне бойы жаңа формаларды бiрiнен соң бiрiн тудыра беретiн шығармашылық .
А.Бергсонның ойынша, адам жағалай қоршаған материалдық дұниеге өзiнiң интеллектi (ақыл-ойы) арқылы бейiмделдi. Интеллект дегенiмiз ақыл-ой, зерде арқылы адамның дүниедегi құбылыстарды танып-бiлуi, - ол өзiнiң ең биiк шыңына жаратылыстану ғылымдары арқылы жетедi. Интеллект бiртұтас дүниенi заттарға, соңғыларды құрамдас бөлшектерге бөлiп, содан кейiн олардан дүниенiң жасанды суреттерiн тудырады. Интеллектiң қайнар көзi - адамның материалдық дұниедегi iс-әрекеттерiн ұйымдастыру, олардың нәтижелiгiн қамтамасыз ету. Бұл арада аса назар аударатын нәрсе - интеллект, А.Бергсонның ойынша, заттың терең мәнiн аша алмайды, ол тек қана олардың арасындағы байланыстары мен қарым-қатынастарын ғана көрсете алады. Өлi материяны құрамдас бөлiктерiне бөлiп, содан кейiн оларды басқаша тұрде қайта құрастыру - интеллектiң негiзгi iсi. Олай болса, ол заттың сыртқы қабығын ғана игере алады. Өне бойы қозғалып, өзгерiп жатқан Дүниенi интеллект кинопленкадағы өмiрдi “жасанды тұрде көрсеткен сияқты - онда әрбiр кадр қозғалысты көрсетпесе де , бiрiнiң артынан бiрiн белгiлi бiр жылдамдықпен өткiзген кезде экранда “қозғалыстағы өмiрдiң көшiрмесi пайда болады. Интеллект Дұниедегi ұқсас, қайталанатын қарым-қатынастарды ғана көрсетiп, сонымен қатар, оның қайталанбайтын, өмiрге бiр-ақ рет келген iшкi өзегiн - өмiрдiң өзiн - танып-бiле алмайды. А.Бергсон адамның интеллектiнен басқа да таным құралының бар екенiн мойындайды - ол интуиция. Интуиция дегенiмiз - ол затқа деген сүйiспеншiлiктiң негiзiнде оның iшкi, интеллектке ашылмайтын, жағына өтiп оның өмiрлiк өзегiн сезiну болып табылады. Интуиция дегенiмiз - рухтың алғашқы негiзi. Ол - өмiрдiң өзi. Танымдық тұрғыдан алып қарағанда, алғашқы интуиция инстинкт пен интеллектке бөлiнедi. Сол сәтте инстинкт өзiндiк санасынан , интеллект заттың iшкi сырын ашу қабiлетiнен айырылады. Адамның интуициясы толығынан интеллектке бағынышты. Алайда, кейбiр “шекаралық жағдайда, адамның өмiрiне қауып түскен, я болмаса оның басына “тағдырлық ақуал келген кезде, интуиция интеллектiң құрсауынан босап, адамға нағыз шындықты көрсетiп, оның Ғарыштағы орны мен тағдырын анықтауға көмектеседi.
Кьеркогер философиясы.Серен Кьеркогер (1813 - 1855 ж.ж.)- өз заманында бағаланбаған, жалғыздықтың зардабын толығынан басынан өткiзген, бүкiл өмiрiн жеке тұлғаның iшкi рухани өмiрiнiң қайталанбас жақтарын, оның Құдаймен тiкелей байланысын көрсеткiсi келген Дания елiнен шыққан дiни философ. Негiзгi еңбектерi: “Әлде- әлде, “Үрей мен қалтырау. Диалектикалық лирика. “Ажалға бастайтын ауру. Қайта туу мен оянуға бағытталған христиандық-психологиялық тебiренiстер т.с.с. Кьеркогердiң ойына қарағанда, Гегельдiң философиясы ақыл-ойға негізделген, онда бүкіл дүниенiң шындығы ашылғандай. Бірақ, оның философиясында адам Абсолюттік идеяның танымдық құралына айналады. Кьеркогер Гегельдiң болмыс пен ойлаудың тепе-теңдiгi жөнiндегi негiздемесiне қарсы шығады, өйткенi ол болмыстың не екенiн бiзге түсiндiрмейдi, сондықтан ол “абстракциялық құбыжық қана. Философияның негiзгi пәнiне, сондықтан, тек қана жеке адамның өмiр сүруi, оның қайғысы мен қуанышы, үрейi мен зардабы, өз-өзiнiң рухына үңiлуi т.с.с. жатуы керек. Адам өмiрiндегi негiзгi сұрақтар: қалай өмiр сұру, не болу керек, не нәрсеге ұмтылу қажет? Осы сұрақтарға жауап беру ретiнде Кьеркогердiң экзистенциалдық диалектикасы адам өмiрiнiң үш сатысын суреттейдi. Олар - эстетикалық, этикалық және дiни сатылар.
Адам өмiрiнiң бiрiншi эстетикалық сатысында тiкелей сезiмдiк өмiр салты қалыптасады. Эстетикалықты Кьеркогер кең түрде Канттың тұсiнiгiне сәйкес ақыл-ойдан бөлек сезiмдiк қабылдау мен ләззәт алу ретiнде көрсетедi. Қоғамдағы көпшiлiк осы сатының шеңберiнде өмiр сүредi. Ол дене әсемдiгiне құмарту (эротика), парықсыздық, бiр көргендегi сезiмдiк әсердiң негiзiнде кездейсоқты байланыстарға түсу, қоғамдағы үлгiге (модаға) айналған нәрселерге ынтық болу, әрбiр күн мен сағаттан, әрбiр сәттен ләззәт алуға тырысу. Бұл сатының ұраны: carpe diem, carpe horam! ( әрбiр кұн мен сағаттан ләззәт ал! ). Бұл өмiр салты адамды өзiнiң сезiмдерi мен құмартуы, ындынының құрсауынан шығармайды.Эстетикалық сатыдағы адам уақыттың өзiн ерекше түрде бағалайды. Ол ләззәт алатын әрбiр сәтке бәрiн беруге дайын, бiрақ, келесi сезiмдiк ләззәт бұрынғыдан басқаша, нәзiк те өткiр болуы керек. Өмiрдегi бiркелкiлiк, қайталанушылық - эстетикалық өмiр салтының қас жауы. Егер Дон-Жуан мейлiнше көп сұлу әйелдерден эротикалық жыныстық жеңiске жетуге тырысса, Иоан нәпсiқұмар, әр-түрлi нәзiк те өткiр ләззат алуға ұмтылады. Бiрақ күндер мен жылдар өткен сайын эстетикалық өмiр салты сарқыла бастайды- өткiр сезiм мұқалып, өңi кетедi, ләззат қуудың жалғандығы айқын көрiне бастайды, жалғыздық сезiм, өмiрге көңiлдiң толмаушылығы дүниеге келiп, тiптi одан күдер үзуге әкеледi. Ақырында дағдарыстағы тұлғаның алдында екi таңдау жолы пайда болады: бiрiншiсi - сол бұрынғы сатыда қалып өмiрден түңiлу; екiншiсi - одан аттап өтiп келесi сатыға көтерiлу. Келесi өмiр сатысы - этикалық. Егер эстетикалық өмiр салты ләззат алуға бағытталған болса, этикалық сатыда адам iзгiлiк жолына түсiп, қоғам алдындағы парызды орындау соның кепiлiне айналады. Эстетикалық өмiр салтында адам өз-өзiн қанағаттандырса, этикалық сатыда жалпылықты iске асыруға тырысады. Осы арада үлкен қайшылықтар пайда болады - адамның iшкi өзiндiк сезiмдерi оны бiржаққа жетелесе, қоғамдағы этикалық нормалардың талаптары оны екiншi жаққа сiлтейдi. Парыз талаптарына сай келуге тырысып, адам бiржақты, сезiмi сарқылған, машинаға ұқсас пәндеге айналады. Бұл бағыт барған сайын тереңдей тұсiп, қайғылы қайшылықтарға әкеледi, өйткенi, уақыттан тәуелсiз моральдық сана өтпелi адамның сезiмдiк iңкәрiнен өзiнiң iргетасын, тұрақтылығын таба алмайды. Адам моральдық жағынан алып қарағанда өз-өзiне жеткiлiктi пәнде бола алмады. Кьеркогер оның себебiн, Августин сияқты, адамның туа күнәлiгiнен көредi.
Бұл арада “әлде-әлде принципi таңдау мәселесiн шешпейдi, өйткенi екi сатының да үлкен кемшiлiктерi бар, сондықтан “ол да емес, бұл да емес деген тұжырымға өмiр диалектикасы әкеледi. Олай болса, адам үшiншi соңғы сатыға өту шешiмiне келiп трагикалық секiрiстен өтедi. Бұл саты дiни шеңберде өтпек. Кьеркогер өз заманындағы адамдарға ренжiп, олар ғылыми танымның кереметтiгiне сенiп, адамның өмiр сүруi мен iшкi рухани тебiренiстерiнен пайда болатын мәселелердi ұмыт қалдырғаны жөнiнде айтады. Тек қана дiни сатыға көтерiлген адам ғана ол мәселелердi өзiнiң өмiрiнiң негiзiне айналдырады. Адам күнәлi пәнде ретiнде өзiнiң кiнәсiн мойындап Құдайдың өзiмен сұхбатқа түсiп өз-өзiн табады. Ал мұның өзi үлкен зардап шегу арқылы келмек.
Соңынан мұндай көзқарастардың негiзiнде ХХ ғ экзистенциализм философиясы пайда болады.
Экзистенциализм философиясы.Қазiргi философиядағы ең ықпалды ағымдардың бiрi - экзистенциализм (existentia,- латын сөзi,-өмiр сүру ) философиясы. Ол Батыс Еуропа топырағында екi Дүниежүзiлiк соғыстың арасында қалыптасты. ХХғ бiрiншi жартысында ондаған мемлекеттер қатысқан қантөгiсте миллиондаған қыршын жастар қаза болып, мыңдаған қалалар, заводтар мен фабрикалар, ауылдық жерлердегi үйлер қирап, адамзат тағы да варварлық сатыға қайта келгендей болды. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өзiнiң өшпес iзiн қалдырып, дүниетанып, оны қайта өзгертуден гөрi, сол қайғылы замандағы адамның өмiр сүруiне, оның қайшылықтарға толы дүние тебiренiсiне, оның өмiрiнiң мән-мағнасын анықтауға т.с.с. сұрақтарға жете көңiл бөлiнуiне әкелiп соқты. Экзистенциализм философиясының негiзiн қалаған ойшылдарға Мартин Хайдеггер(1888-1976 ж.ж.) мен Карл Ясперстi (1883- 1969 ж.ж.) (Германия), Жан-Поль Сартр (1905-1980 ж.ж.) мен Альбер Камюдi(1913-1960ж.ж.) (Франция), Н.А. Бердяев (1874-1948 ж.ж. пен Л.И.Шестовты(1866-1938 ж.ж.) (Ресей), Виктор Франклдi (1900 ж.) (Австрия), Хосе Ортега-и-Гассеттi (1883-1955ж.ж.) (Испания) жатқызуға болады.
Сонымен, ХХғ Еуропа цивилизациясының дағдарысы, зерде мен адамгершiлiк құндылықтарына деген сенбеушiлiктi тудырып, трагедияға толы адам мәселесiн тiкелей философиялық таразыға салды. Бұл саладағы анықталған ең бiрiншi жаңалық - зерденiң негiзiнде ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзiктiгiнiң өсуi. Мұндай күрделену мен қатар қатыгезденiп жатқан дүниеде тұрақтану үшiн адам ең алдымен өзiнiң iшкi өмiрiн талдап, соның негiзiнде өзiнiң мүмкiндiктерi мен қабiлеттерiн ашуы қажет. Мұндай адам өмiрiне қас дүниеде адам өзiнiң рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керектi нәрсе - ол зат, материя , я болмаса идея, таным философиясы емес, негiзiнен алғанда,- адам философиясы. Ал адамға келер болсақ, ол, әрине, ешқандай объект, өндiрiстiң, я болмаса , танымның құралы емес - ол субъект - ерiктi, өз-өзiне жеткiлiктi, жауапкершiлiктi болмыс.
Жоғарыда айтылған жалпы мiнездеменi нақтылай келер болсақ, онда экзистенция (өмiр сүру) мен эссенция (мән-мағына) ұғымдарының осы философияның негiзiнде жатқанын байқаймыз. Егер бүкiл жануарлар әлемiндегi тiршiлiк өзiнiң мән-мағнасымен бiрге бұл дүниеге келер болса, адам ең алдымен бұл дүниеге келiп, неше-тұрлi қиын-қыстақ жағдайлардан өтiп барып, көп уақыттан кейiн ғана өз өмiрiнiң мән-мағнасына ие болады. Яғни, адамның өмiр сүруi оның мән-мағналыққа жетуiнен анағұрлым алда жүредi. Мысалы, Африкада, я болмаса, Амазонканың бойында өмiр сұретiн крокодил жағаға шығып, жұмыртқалап, оларды ыстық құмның астына көмедi. Уақыты келген кезде, жұмыртқалардың қабығы жарылып, iшiнен кiшкентай крокодилдер жер бетiне шығып, дереу шөлге қарай емес, суға қарай жүгiредi. Крокодил осылайша миллиондаған жылдар бойы өмiр сүрiп жатыр. Ол өз мән-мағнасымен бiрге өмiр сүруге келедi! Ал дүниеге келген сәбидi алар болсақ, ол анасыз өмiр сүре алмайды, оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсiру қажет, содан кейiн ғана ол өз өмiрi жайлы сұрақтарды өз алдына қойып, өмiрiнiң мән-мағнасын ашуға тырысады.
Экзистенциализм философиясында “шекаралық ақуал деген категорияға көп көңiл бөлiнедi. Ол - өмiр мен өлiмнiң екi арасында қалу, үрей мен алаңдау, түңiлу мен қынжылу, уайымдау мен қамқорлық т.с.с. Тек осындай адам өмiр сүруiне қауып тұскен жағдайда, оның жан-дұниесi терең сiлкiнiске ұшырағанда,“өмiрде-болу тебiренiсiнiң негiзiнде ғана адам тез пiсiп-жетiлiп, өз өмiрiнiң қайталанбайтын ерекше қалыптасатын мән-мағнасын терең аша алады.
Экзистенциализм философиясы адамның еркіндiгiне ерекше көңiл бөледi. Еркіндік - “қажеттiктi тану, я болмаса, “табиғи дарынды iске асыру емес, ол экзистенциямен, яғни, өмiр сүрумен тең. Адам дегенiмiз өзiн өзiнен жасайтын пәнде. Ол өзiнiң өзiндiк жоспар-бағдарламасы. Бұл дүниеде ешнәрсе адамды билей алмайды. Адамның себебi тек өзiнде ғана, ол өзiне “Causa sui. Ал еркіндік дегенiмiздiң өзi - таңдау. Адам еркін пәнде ретiнде ойына не келсе, соны iстей алады. Бiрақ, сонымен қатар, ол өз iстерiне жауапты өзi ғана беруi қажет. Сондықтан, Ж-П. Сартр “еркіндік дегенiмiз - адамға артылған адамгершiлiктiң ауыр жүгi,- деген болатын. Адам экзистенциясының iргетасты ерекшелiктерiнiң бiрi - трансцендiлеу, яғни өз шегiнен өтiп кету. Сонда адам өз шеңберiнен аттап өтiп не нәрсеге жеткiсi келедi? Дiни экзистенциализм Құдайды трансценденттiкпен теңейдi. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз еркіндіктi содан iздеу, дiни трансцендiлеу болып есептеледi. Дiни экзистенциализмнiң көрнектi өкiлi Н.Бердяевтiң айтуына қарағанда, “адам табиғи дүниедегi үзiлгендiк, екi жақты, қайшылық пен қайғылыққа шомылған пенде. Сондықтан, оны түсiну - одан да жоғары тұрған - Құдайды талап етедi. Ал мұның өзi адамның Құдайға тәуелдi пенде екендiгiн көрсетпейдi. Философия адамның құдайлығын, Құдайдың адамгершiлiгiн көрсетуi қажет. Өйткенi, Христостың өзi адам болып туды. Құдай дегенiмiз - ол рух. Олай болса, тек қана рухани қарым-қатынас қана адамдардың терең мәнiн көрсетедi. Ал атеистiк бағытқа келсек, оның өкiлдерi - Ж-П. Сартр мен А. Камю - оны ештеңеге теңеп, ол экзистенцияның ең терең құпиясы деген пiкiрге келедi. Сонымен, экзистенция дегенiмiз өзiнiң шектелгенiн, яғни уақытша екенiн сезiнетiн, ештеңеге бағытталған адам өмiрi.
Экзистенциализмнiң ерекшелiктерiнiң бiрi - жеке адам мен әлеуметтiк болмысты бiр-бiрiне қарсы қою, осы адамзат болмысының екi жағының бiр-бiрiмен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам өмiрiнiң ерекшелiгi - өмiр сүру мен мәндiктiң, болу мен алудың, таным мен түсiнудiң арасындағы тебiренiс, таңдау. Мұның өзi адам болмысының трагикалық жақтарын көрсетедi.
Өзiнiң “Болмыс пен уақыт деп аталатын көлемдi еңбегiнде М.Хайдеггер адамның өмiр сүруiн “Dasein деген ұғыммен бередi. (оның қазақшаға тiкелей аудармасы “осы арадағы болмыс). Мұндай ұғымды философияға еңгiзiп, ол адам болмысы - тарихи болмыс екенiн, ол яғни “қазiр және осы арада өмiр сүрiп жатқанын көрсеткiсi келдi. Дүниеде адамнан басқа ешқандай тiршiлiк өзiнiң шектелгенiн, яғни өлетiндiгiн бiлмейдi. Олай болса, тек адамға ғана уақыттылық, ал сонымен бiрге өмiрде болу мәселесi тән. Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негiзгi мақсаты - ол дәл қазiр өмiр сүрiп жатқан адамның iшкi тебiренiсiн зерттеу, содан шығатын өмiр тәжiрибесiн талдау болып табылады. Бұл М.Хайдеггердiң жасаған жаңа онтологиясы едi. Яғни, ол уақытпен шеңберленген адам болмысы, осы арада өмiр сүрiп, басқалармен бiрге коммуникацияға (қатынасқа) түсу.Алайда, индустриалдық қоғамда адамның болмысы өзiнiң бишынайылығымен тең. Конвейерден шыққан бiр-бiрiне ұқсас заттар сияқты, адамдар да орталанып, бiр тұлға екiншiнi жеңiл ауыстыра алады. Адамдар бiрiн-бiрi ауыстыра алатындықтан “басқа, ол “нақтылы басқа тұлға емес, “қайсыбiр басқа, “жалпы бiр басқа. Мұндай жағдайда “ол да, “мынау да, менiң “өзiм де шынайы субъект емеспiн. Мұндай тобыр адамын М.Хайдеггер “das Man деген терминмен берсе, Н.Бердяев оны “объективацияланған дүние дейдi.
Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол адамның тарихи пәнделiгiн, уақыт шеңберiнде шектелгенiн, сонымен қатар өзiнiң ерiктiгiн сезiнуiнде. Шынайы болмысқа жету үшiн адам күнделiктi күйкi өмiрден бас тартып, соңғы өмiрдiң шегi - өлiмге тiкелей қарай алатын жағдайға келуi қажет.Бишынайлы болмысты аттап өту үшiн адамдар бiр-бiрiмен қосылып “абсурдтық дұниеге, оның шектелгенiне, өлiмге, жалпы дүниенiң жетiлмегендiгiне, мәнсiздiгiне қарсы шығып көтерiлуi керек, - дейдi француз ойшылы А.Камю. Алайда, мұндай дүниеге түңiлуден туған бiрiгушiлiк бiрде-бiр адам болмысының мәселесiн, әрине, шешпейдi.
Дiни экзистенциализм бұл мәселенiң басқа шешiмiн ұсынады. Г.Марсельдiң ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейдi. Ал шынайы болмыс, негiзiнен алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс - “Ол емес, “Сен, сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бiр-бiрiмен iштесуi, ең құпия тереңде жатқан тебiренiстерiмен бөлiсуi - шынайы болмыстың алғышарты. Ол ұшiн, яғни басқа адамның терең сырына жетiп шынайы болмыстық дәрежеге көтерiлу тек махаббат арқылы ғана iске асады.
Фрейдизм ағымы. “Өмiр философиясының ХХ ғ беделдi ағымдарының бiрi - фрейдизм болып табылады. Негiзiн қалаушы Зигмунд Фрейд (1856- 1939 ж.ж.) - австриялық дәрiгер, психолог, философ. Негiзгi еңбектерi : “ Мен және Ол, “Тотем мен Табу т.с.с.
З.Фрейд жүйке ауруларын зерттеу мен емдеу жолында адам психикасында бейсаналықтың зор орын алатынын байқайды. Егер одан бұрын қайсыбiр невроз ауруларының себебiн ғалымдар сананың шеңберiнен iздеген болса, ол оны бейсаналықтан көрiп, жүйке ауруларын емдеудiң “психоанализ әдiстерiн жасап, бiршама жетiстiктерге жетедi. Бұл оған шабыт берiп, ол психоанализдiң негiзгi қағидаларын бүкiл қоғам мен мәдениетке таратып, философия саласында ерекше ағымды тудырды.Сонымен, бейсаналықты ашу, оның құрылымын, адамның жеке өмiрiне, қоғамға тигiзетiн әсерiн зерттеу - Фрейдтiң ғылымға еңгiзген жаңалығы болды. Адамның көп ынта-тiлектерi мен iңкәрлерi бейсаналы түрде пайда болады екен. Олар сыртқа адамды гипноздаған кезде, я болмаса ұйқыдағы адамның түсiнде, байқамай айтылып қалған сөзде, кейбiр дене қозғалысында т.с.с. көрiнiп қалады.
З.Фрейдтiң ойынша, адамның психикасының үш деңгейi бар: оның ортасында “Ego (латын сөзi,- “Мен деген мағна бередi), яғни адамның өзiндiк сана-сезiмi орналасқан. Екiншi құрамдас бөлiгiн “Super ego (өзiндiк сана-сезiмнен жоғары) деп атайды. Оған қоғамның тұлға алдына қоятын неше-түрлi талаптары, әлеуметтiк нормалар, әке-шешенiң бала алдына қойған талаптары мен бұйрықтары т.с.с. кiредi, ол тәрбие барысында адамның психикасына енгiзiлiп, соңынан оның барлық жүрiс-тұрысын қоғамның талабына сәйкес ретке келтiрiп отыратын iшкi механизм. Адам психикасының iрге тасы ретiнде ең терең жатқан және өте көне құрамдас бөлiгi - ол “Libido (латын сөзi,- құштарлық, iңкәр, зауықтану,- деген мағна бередi), я болмаса оны қысқаша “Id деген екi әрiппен бередi. З.Фрейдтiң ойынша, оған адамның барлық бейсаналы түрде өтiп жататын психикалық құбылыстарының бәрi де кiредi. Оларға инстинктер, күңгiрт сезiмдер мен түйсiктер, ындын-тiлектер т.с.с. жатады. Бейсаналықтың өзегiне З.Фрейд жыныс күш-қуатын (сексуалдық энергия) жатқызады. Ол бүкiл адамның психикалық жан-дүниесiне өзiнiң ықпалын тигiзiп, адамның “өздiгiн, ерекшелiгiн құрайды.З.Фрейдтiң ойынша, егер адам психикасының ең терең қабаты ләззат алуға тырысса, сана, керiсiнше, сыртқы дүниеге, жағалай ортаға бейiмделуге асығады. Осы себептi сана мен бейсаналықтың арасында әрдайым қайшылық пайда болады. Егер тәрбие барысында адамның жан-дүниесiне еңгiзiлген әлеуметтiк нормалардың талаптары өте күштi болса (Super ego), онда ләззат алуға бағытталған жыныс күш-қуаты сыртқа шыға алмай, бiр жағынан адамды невроз ауруларының түрлерiне әкелсе, екiншi жағынан, ол белгiлi бiр жағдайда сублимацияланып (sublimatio,-латын сөзi, - “биiкке көтеремiн,- деген мағна бередi) , яғни жыныс энергиясы мәдени шығармашылыққа айналып, тұлға үлкен рухани туындыларды дүниеге әкелуi мүмкiн.
Жүре келе, З.Фрейд бейсаналықтың шеңберiнен екi негiзгi инстинктi бөлiп алады. Олар - “өмiр инстинктi - эрос, “өлiм инстинктi - танатос. Егер эрос инстинктi өмiрге деген сүйiспеншiлiктi, достықты, iңкәрдi тудырса, танатос - адамды өлiмге қарай итерiп, оның агрессивтiк, қанiшерлiк, қиратуға деген құмарлығын, адамдарды қорлауға бағытталған iс-әрекетiн тудыруы мүмкiн.
Дегенмен, З.Фрейд бейсаналықтың күш-қуаты қандай зор болғанымен, адам оларды ауыздықтап, саналы түрде басқара алады деп есептедi. Әңгiме адамды алаңдататын бейсаналық құбылыстарды сананың жарығына шығарып, оларды өз еркiңе көндiруге мүмкiндiк алуда болса керек.Қоғам өмiрiнде адамның күңгiрт инстинктерiн ауыздықтайтын құралы бар. Ол - мәдениет. Мәдениеттiң құндылықтары арқылы адамдар өзiнiң табиғатпен, өз-өздерiмен қарым-қатынасын ретке келтiрiп, деструктивтi күнгiрт инстинктерiн шектеп ығыстырады. Бiрақ, ығыстырылған күңгiрт күштер ешқашанда мүлде жойылмайды, олар қорлана келе, оқтын-оқтын бұрқырап шығып неше-түрлi бақытсыздыққа әкеледi. З.Фрейдтiң айтуына қарағанда, жыныстық құмарту мен қатыгездiк, мейiрiмсiздiк бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты. Сонымен, екi негiзгi инстинктер әрдайым бiр-бiрiмен күресте болып, мәдениеттiң дамуының негiзгi бағыттарын анықтайды.
Сонымен, бейсаналықтың екi негiзгi инстинктiн мойындау, бiр жағынан, шығармашылық жолмен дүниенi қайта құру, екiншi жағынан, жасалған мәдениетке қарсы шығу, қирату - З.Фрейдтiң iзiн қуған ғалымдардың еңбектерiнде неше-түрлi қайшылықтарды тудырды. Олардың көбiн З.Фрейдтiң бейсаналықтың өзегiн жыныс энергиясына теңеуi қанағаттандырмайды.
Карл Густав Юнг (1875-1966 ж.ж.) басында өз ұстазының көзқарасында болғанмен, жүре келе бейсаналықты басқаша түсiне бастайды. Аурулардың көрген түстерiн сараптай келе, ол онда халықтардың тарихи аңыз-әңгiмелерiндегi кейiпкерлердiң бейнелерiн байқайды. Олай болса, адамның жеке басының бейсаналығынан басқа, одан да терең “ұжымдық бейсаналық формаларының бар екенiн байқайды. Егер жеке адамның бейсаналық формалары сол адамның тәжiрибесiнен шыққан неше-түрлi психикалық, уақытында ұмытылып, я болмаса ығыстырылған тебiренiстерден тұратын болса, “ұжымдық бейсаналық- бүкiладамзаттық тәжiрибенi қамтиды. Онда мыңдаған жылдардағы жиналған адамзат тәжiрибесiн, сонымен қатар, адамға дейiнгi жануарлық “жасырылған iздердi байқауға болады. Олардың көбiн халықтардың мифологиясы, аңыз-хикаялары, дiни сенiмдеріндегi бiр-бiрiне ұқсайтын батырлар, дана ақсақалдар, Жер-ана, перiлер т.с.с. көркем бейнелерден байқауға болады. Оқтын-оқтын бұл бейнелер адамның түсiне келедi. Олардың бәрiн К.Юнг “архетиптер деген ұғыммен бередi. Олардың нақтылы мазмұны жоқ символикалық бейнелер, тiрi тұлға өзiнiң өмiр шеңберiнде алған тәжiрибесiн сол символдарға толтырып, өз тұлғалық қасиеттерiн қалыптастырады.Архетиптер халықтың әдет-ғұрыптары арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп отырады. Сонымен қатар, олардың көбi тiптi тұқым қуу механизмдерi арқылы созылып, әдет-ғұрыптар жойылып кеткеннiң өзiнде де өмiрде қайталана берiледi.
Егер З.Фрейд пен К.Юнг жеке адамның психикасын, оның адамның жүрiс-тұрысына тигiзетiн ықпалын зерттеген болса, онда А.Адлер (1870-1937 ж.ж.), К.Хорни (1888-1959 ж.ж.), Э.Фромм (1900-1980 ж.ж.) фрейдизмнiң негiзгi идеяларына сұйене отырып, қоғам өмiрiн зерттеуге тырысты.
А.Адлер фрейдизм iлiмiне «компенсация»(орнын толтыру) ұғымын кiргiзедi. Кейбiр адамның психикасында өзiнiң дене кемшiлiктерiн сезiнудiң негiзiнде “өзiне деген сенiмсiздiк толымсыздық сезiм пайда болады. Тұлға оны аттап өту жолында өзiнiң барлық шығармашылық мүмкiндiктерiн сыртқа шығаруға тырысады. Осы адамның өз-өзiн өмiрде нағыз болуға итерген iс-әрекетiн А.Адлер компенсация дейдi. Ал адам осы жолда “компенсациядан да үстем iс-әрекет жасаса, онда ол ұлылық дәрежесiне көтерiлуi мұмкiн (мысалы, Наполеонның денесiнiң кiшiлiгi, Гитлердiң аяғын сылтып басуы т.с.с. - олардың дене кемшiлiктерiн ұлы iстер арқылы компенсациялау әрекетiн тудырды деген пiкiр әдебиетте бар).
Неофрейдизмнiң ұлы өкiлi есебiнде американ философы Эрих Фроммды айтуға болады. Оның ойынша, тұлғаның ешқандай туа бiткен психикалық қасиеттерi жоқ. Тұлғаның барлық психикалық өзгерiстерi мен өмiрдегi көрiнiстерi оның қоғам өмiрiндегi қатынастарға тереңдеу деңгейiмен байланысты. Қазiргi қоғамдағы қатынастар “машиналанған, “компьютерленген т.с.с. түрде болғандықтан, ол адамның шынайы мәнiн “жаттандырып оны неше-түрлi невроз ауруларына әкеледi. Қазiргi қоғам адамның осы дүниедегi “болуының орнына оған “алуды ұсынады. Сол себептi ол тұлғаның “жинаушылық , “нарықтық, “енжарлық т.с.с. мiнез-құлқын тудырады. Тұлғаның жаттануының ең айқын көрiнiстерi - ол адамның еркіндіктен бас тартып қашуы, нашақорлықтың, iшiмдiктiң жолына түсiп батуы, қылмыстық т.с.с. Ал осы көрсетiлген кемшiлiктердi тудырған “ауру қоғамды қалайша “емдеуге болады? Э.Фроммның ойынша, ол үшiн ең бiрiншi қажет нәрсе - “гуманистiк жоспарлауды қоғамға еңгiзу, дүниедегi байлықты жинау, қорлау, алу психологиясынан бас тарту, қоғамды басқару жүйесiндегi қалыптасып қалған шен иелерiнiң жаттанған басқару формаларының орнына “гуманистiк басқару жүйесiн еңгiзу, соның арқасында қарапайым адамдардың әлеуметтiк өмiрге деген ынтасын ояту, дүниеде болуға бағытталған құндылықтар жүйесiн тудыру т.с.с. қажеттiктердi көрсетедi. Әрине, ұлы философтың бұл ойлары өтпелi кезеңдi өз басынан өткiзiп жатқан бiздiң қоғамға аса қажет ойландыратын нәрселер.
Позитивизм. Позитивизмнiң ( positivus - латын сөзi,- оң, дұрыс деген мағына бередi) негiзiн қалаған француз ойшылы Огюст Конт (1789 - 1857ж.ж.). Егер немiс классикалық философиясында пайда болған панлогистiк көзқарасқа Шопенгауер Ерiктi, ал Кьеркогер жеке адамның тебiренiстерiн қарсы қойса, Конт оған қарсы ғылыми деректерге негiзделген қағидаларды қарсы қоюға тырысады. Ғылымның негiзiнде Дүниеде белгiлi бiр тәртiп пен өрлеу барлығын көрсететiн тәжiрибелiк байқаудың негiзiнде алынған ғылыми деректер және соларды теоретикалық деңгейге көтерiп талдау iс-әрекетi жатыр.Конт адамзат ой-өрiсi өзiнiң даму тарихында 3 сатыдан өттi деген пiкiрге келедi. Олар: 1. теологиялық (жалғандық) саты - көне заманнан ХIҮ ғ дейiн ; 2. метафизикалық саты - ХIУ-ХУIII ғғ; 3.позитивтiк саты - ХIХ ғ бастап пайда болады. Теологиялық сатыда өмiр әлi ғылыми деректерге негiзделген жоқ, өмiрдегi барлық құбылыстар Құдайдың құдiреттi күштерi арқылы түсiндiрiледi. Метафизикалық сатыда адамның зердесiнiң дамуының негiзiнде барлық бұрынғы көзқарастар сыналып терiстеле бастайды, барлығына деген күмәндану, сенбеушiлiк пайда болады. Өмiрдi түсiндiру жолында абстрактылық алғашқы негiздердi iздеу басталады (материя, идея, форма, рух т.с.с.) үшiншi - позитивтiк сатыда - өндiрiске негiзделген қоғам пайда болып, альтруизм (өзiнен гөрi басқаның қамын ойлау) эгоизмдi (өзiмшiлдiк) жеңген уақытта нағыз ғылыми сатыға өрлеу мммкiндiгi пайда болды,- деп қорытады О.Конт.
Жоғарыдағы көрсетiлген ойларға сәйкес, Конт ғылымды сала-салаларға бөлу мәселелерiмен айналысып, бiршама жетiстiктерге жетедi. Оның ойынша, ғылым - тарихи ғасырдан ғасырға дамып тұрпайылықтан өтiп күрделенiп жатқан құбылыс. Әрбiр жаңа пайда болған ғылым саласы өзiнiң қажеттi алғышарты ретiнде өткен сатыға негiзделедi. Бiрақ, өткен сатының негiзiнде жаңа пайда болған ғылымды толығынан түсiнуге болмайды, оның өзiндiк заңдылықтары пайда болады. Конт “тарихи күрделену анықтамасына негiздей отырып ғылым салаларын былайша орналастырады: математика - астрономия - физика - химия - биология - социология. Осы тәртiпке сәйкес социология биология ғылымына негiзделгенмен, бiрақ, адамдардың өзара iс-әрекет етуiмен байланысты жаңа заңдылықтарға ие болады. Социология ғылымының негiзгi мақсатын ол тәртiп пен өрлеудi бiр-бiрiмен ұштастыру қажеттiктерiнен шығарады. Ал ол үшiн бүкiл адамзатты бiрiктiретiн жаңа дiн қажет. Ескi дүниежүзiлiк дiндер бiр-бiрiмен күресiп, адамзатты қайшылықтарға әкелдi және олардың қағидаларының көбi - жалған. Олай болса, жаңа ағарған дiн қажет - ол қазiргi өмiр сүрiп жатқан, бұрынғы тарихта болған және болашақта дүниеге келетiн адамдардан тұратын Адамзаттың өзi. Сондықтан, ол адамзатқа Құдай ретiнде қарап табынуға шақырды.
ХХ ғ басындағы жаратылыстанудағы ашылған жаңалықтар (радиоактивтi сәулелер, электрон т.с.с.) осы уақытқа дейiнгi беделдi механистiк классикалық физиканың негiзгi қағидаларына үлкен соққы жасады. Электрон бөлшегiнiң тұрақты салмағының жоқтығы ғалымдарды таңғалдырды. Франция елiнiң сол кездегi iрi математик - ғалымы А.Пуанкаре “Олай болса материя жойылды,- деген пiкiрге келдi. А.Эйнштейннiң салыстырмалы теориясындағы кеңiстiк пен уақыттың бiр-бiрiне өтiп, бiртұтастық дәрежеге келуiн қалай тұсiнуге болады? Мұндай сұрақтарды жалғастыруға болар едi. Бұл сұрақтарға жауап беру жолында позитивизмнiң екiншi сатысы дүниеге келедi. Оның аты “эмпириокритицизм , яғни тәжiрибенi сынға алу деген мағына бередi. Негiзгi өкiлдерi - Эрнст Мах (1838-1916 ж.ж.) , Рихард Авенариус (1843-1896 ж.ж.) т.с.с.
Жоғарыда көрсетiлген жаратылыстанудағы қиындықтар бұл ағымда “тәжiрибе деген ұғымды қайта қарауға әкеледi. Олардың ойынша, бұл ұғым материя мен сананың, физикалық пен психикалықтың қарама-қарсылығын жояды. Тәжiрибенiң құрамдас бөлiктерiн алып қарасақ, оның физикалық және психикалық элементтерден тұратынын байқаймыз. Егер бiрiншiсi - сыртқы тәжiрибенiң мазмұнын көрсететiн болса, екiншiсi - iшкiнi көрсетедi. Ал элемент дегенiмiздiң өзi нақтылай келгенде адамның түйсiктерi болып шықты. Олай болса, олар субъектiсiз объект жоқ, объектiсiз субъект жоқ,- деген пiкiрге келедi. Мұны олар танымдағы “принципиалдық сәйкестiк деп атады. Әрине, субъект, яғни танымдық қабiлетi бар адам бар жерде - объект, яғни танылатын жағалай дүние бар. Нағыз ақиқаттың өзi адамның жан-дүниесiнен өтiп, оның неше-түрлi тебiренiстерiн туғызып, адамның осы Дұниенi телегей-теңiз ретiнде қараса, соның бiр тамшысы ретiнде сезiнгенде ғана пайда болса керек. Сонымен қатар, танымның бұл жақтарын абсолюттеп шегiне жеткiзсек, әрине, субъективтiк идеализм жолына тұсiп кетуге әбден болады. Сондықтан, марксизмде мұндай көзқарас уақытында сынға алынған болатын(В.И.Ленин. «Материализм және эмпириокритицизм»).
Эмпириокритицизмнiң негiзгi қағидаларының бiрi “ойлаудың тиiмдiлiгi мен ғылымда тек суреттеу идеалына жету. Ойлау тиiмдiлiгiн олар организмнiң өз-өзiн сақтау үшiн биологиялық қажеттiктердi өтеу жолындағы бейiмделуiнен шығарады. Ғылымдағы ойлау тиiмдiлiгi “субстанция, “себептiлiк, “алғашқы негiз т.с.с. мазмұнсыз категориялардан бас тартуды қажет етедi,- дейдi олар. Олардың орнына ғылымдағы ашылған элементтердiң өзара байланыстарын суреттесе болғаны. Сол кездегi ғылымдағы ашылған күрделi жаңалықтарға философиялық-методологиялық тұрғыдан тұсiнiк бере алмаса да, олар ХХ ғ басында басталған ғылыми төңкерiске ғылыми қауымдастықтың көңiлiн аударды.
ХХ ғ 20-шi жылдарында пайда болған позитивизмнiң үшiншi сатысы неопозитивизм. Негiзгi өкiлдерi - Мориц Шлик (1882-1936 ж.ж.), Рудольф Карнап (1891-1970 ж.ж.), Людвиг Витгенштейн (1889-1951 ж.ж.), Бертран Рассел (1872-1970 ж.ж.) т.с.с.
Неопозитивизм өкiлдерi белгiлi бiр толыққанды философиялық мектептi, ағымды құрмайды. Жалпы алғанда, ол философияның жеке ғылымдармен салыстырғандағы ерекше Дұниеге деген көзқарастық- методологиялық маңызы бар пән екендiгiн мойындамайтын әр-тұрлi кiшi-гiрiм ағымдардың жиынтығы десек те болады. Олардың ойынша, бұрынғы философия метафизиканың тартпалы батпағына батып жалған тексерiлмейтiн ұғымдардың iшiнен шыға алмай қалды. Мысалы, Б.Рассел тек қана сезiмдiк деректердiң шынтуайттығын мойындайды. Объективтi дүниенiң өмiр сүруiн мойындағанмен, ол оның негiзiн тек қана сенiмге негiздейдi - оны ғылыми жолмен дәлелдеу мұмкiн емес. Сонымен қатар, Б.Рассел эмпириокритицизмдегi сезiмдiк тәжiрибенi асыра тұсiнудi қолдамай, оны математикалық логика тұрғысынан толықтыру керек деген пiкiр айтты. Олай болса, философия дегенiмiз тәжiрибеден алынған негiзгi қағидаларды логикалық талдаудан өткiзiп қорытатын пәнге айналады. Осы логикалық позитивизмнiң келесi өкiлiн - Р.Карнапты алатын болсақ, ол математикалық логика арқылы бiлiмдегi негiзгi ұғымдардың мазмұнын, мән-мағнасын тексеруге шақырды. Ал оның негiзгi құралы - верификация (verificatio,- латын сөзi,- дәлелдеймiн деген мағна бередi) принципi. Тiкелей верификацияға келер болсақ, ол ғылымдағы белгiлi бiр қағидаларды өмiрдегi тәжiрибеге сәйкестiгiн анықтау болып табылады. Ал дамыған теориялардағы қағидаларға келер болсақ, оларды тек жанама түрде верификациялауға болады.Ол үшiн сол теорияның негiзiнде жатқан элементарлық, атомарлық, протоколдық сөйлемдерге шейiн жетiп, оларды өмiрдегi сезiмдiк тәжiрибеден шығатын деректермен салыстырып тексеру қажет. Әрине, мұндай жұмыстар философия саласында iстелуi керек. Олар бұл салада көп жұмыстарды атқарды . Бiрақ, қоғамдық-гуманитарлық пәндердi алар болсақ (әсiресе этика мен психологияны) верификация принципiнiң көп жағдайда әлсiздiгiн байқауға болады. Ал осының негiзiнде олардың бәрiн ғылымның шеңберiнен шығарып тастауға, әрине, болмайды. Бұл логикалық позитивизмнiң негiзгi кемшiлiктерiне жатады.
Неопозитивизмнiң екiншi түрi - лингвистикалық философияның өкiлдерiне келер болсақ, олар философияның айналысатын негiзгi iсiн тiлдегi сөздердi, ғылыми сөйлемдердi логикалық жолмен талдаудан көредi. Л.Витгенштейннiң ойынша, философия тек қана “тiлге сын ретiнде ғана өмiр сүре алады. Өзiнiң “Логикалық-философиялық трактаттар деген еңбегiнде ол “Менiң тiлiмнiң шеңберi менiң Дүниемнiң шеңберiн құрайды,- дейдi. Бұл философия саласында ашылған ұлкен жаңалықтардың бiрi болды, өйткенi, қайсыбiр ұлттық тiлдiң құрылымы сол халықтың дұниесезiмi мен дұниеқабылдауына, керек болса, дұниеге деген көзқарасына шешушi ықпалын тидiредi. Оны бiз қазiр “халықтың менталитетi деген ұғыммен беремiз. Л.Витгенштейннiң негiзгi идеясы - тiлдегi сөздердi ұқыпты пайдалану, басқа жағдайда ол бiздi неше-тұрлi абстрактылық ұғымдардың құрсауына қамап адастырады.
ХХ ғ 50 жылдарынан бастап позитивизмнiң соңғы сатысы дүниеге келдi - оны постпозитивизм (соңғы позитивизм) деп атайды. Негiзгi өкiлдерi - Карл Раймунд Поппер (1902-1994 ж.ж.) , Томас Самюэль Кун (1922 ж.), Имре Лакатос (1922-1974 ж.ж.), Пауль Фейерабенд (1924 ж.) т.с.с.
К.Поппер ғылымның дамуындағы верификация принципiнiң жеткiлiксiз екенiн көрсетедi. Ғылымның дамуындағы пайда болған ешқандай теория “соңғы ақиқат емес, күндердiң бiр күнiнде ол терiске шығарылуы мүмкiн. Олай болса, ғылымдағы қағидалардың терең табиғаты - олардың болжамдығында, қателiк кету мүмкiндiгiнде. Оны ол фаллибилизм (қателiк) дейдi. Ғылымдағы бiлiмнiң дамуы негiзiнен алғанда неғұрлым әртұрлi гипотезалардың көбiрек ұсынылуымен бiрге оларды фальсификациялаумен (терiске шығаруға тырысу, оған қарсы бағытталған пiкiрлердi ұсыну) байланысты. Сонда ғана ғылым дүниетану жолында тереңдей түседi.Өзiнiң жалпы Дүниеге деген көзқарасында ол “Үш әлем теориясын ұсынады. Олар: физикалық әлем, яғни бiздi жағалай қоршаған дүние. Келесi - ментальдық әлем (Платонның “идеялар әлемiне ұқсас). Үшiншi әлем - адамзат жеткен шынтуайтты өмiр сүретiн бiлiм әлемi (Орта ғасырдағы Ибн-Роштың адамзат интеллектiне ұқсас).К.Поппердiң ойынша, философия ғылым емес, өйткенi, оның негiзгi қағидаларын фальсификациялауға болмайды. Бiрақ, ол адамға өмiрдiң мән-мағнасын ашып, сондағы адамның алатын орнын көрсетуге тырысады. Сол үшiн ол философияны биiк бағалайды. Өзiнiң әлеуметтiк философиясында К.Поппер адамзат тарихында ешқандай заңдылықтар болған емес деген пiкiрге келедi. Осы тұрғыдан ол марксизмдi, әсiресе оның тарихи материализмін, “коммунизм идеясын қатты сынға алады.
К.Поппердiң идеялары И.Лакатосқа зор әсерiн тигiздi. Ғылымның тарихи дамуын зерттей келе ол “ғылыми зерттеу бағдарламасы атты танымдық методологияны ұсынады. қайсыбiр кемелiне келген ғылымда өне бойы жаңа теориялар пайда болып бiр-бiрiн ауыстырып жатады. Ал оның өзi сол ғылымдағы қабылданған “зерттеу ережелерiмен тығыз байланысты. Олардың бiреуi (оң эвристика) болашағы бар зерттеу жолдарына сiлтесе, келесiлерi (терiс эвристика) қай зерттеу жолдарынан аулақ болу керек екенiн көрсетедi. Қайсыбiр “ғылыми-зерттеу бағдарламасының iшкi бұзылмайтын “қатты өзегi болады - оған iргетасты терiске шығарылмайтын қағидалар ғана кiредi. Ал оны қоршап тұрған “қорғайтын шеңберге келер болсақ, ондағы гипотезалардың негiзгi функциясы - бағдарламаның өзегiн қорғау болып табылады. Бiрақ гипотезалар фальсификацияланып жартылай, я болмаса толығынан жоққа шығарылуы мүмкiн. Онда оның орнына жаңа гипотеза келедi. “Ғылыми-зерттеу бағдарламасының әрi қарай өрлеу мүмкiндiгiн қалай анықтауға болады? И.Лакатостың ойынша, егер бағдарламаның теоретикалық өсуi оның эмпириалық өсуiнен алда жұрсе, яғни теоретикалық түрде болашақта ашылатын кейбiр деректердi болжай алсақ, онда ол - өрлеу үстiнде. Ал жаңа ашылған деректердi соңынан теоретикалық түрде жалпылау, түсiну дегенiмiз - ол бағдарламаның сарқылғанын, жақын арада оның басқа “ғылыми-зерттеу бағдарламасымен ауыстырылатынын көрсетедi.
Ғылымның даму тарихы - неше-түрлi зерттеу бағдарламаларының бiр-бiрiмен сайысқа түсуi, олардың эвристикалық мүмкiндiктерiнiң ашылуы. Ғылымның iшкi және сыртқы тарихы бар. Iшкi тарихқа идеялар мен методологиялардың бiр-бiрiн ауыстыруы жатса, сыртқы тарихына ғылымды ұйымдастыру формалары мен ұлы тұлғалардың қызметi жатады.
Постпозитивизмнiң келесi iрi өкiлi - Томас Кун. Ғылым дегенiмiз - белгiлi “ғылыми қауымдастықтың басын қосып бiрiктiретiн әлеуметтiк институт. Олар белгiлi бiрегей теория, методология, дүниеге деген көзқарас ұстаған, нақтылы ғылыми нормалар мен құндылықтарды мойындаған қауым. Олардың бәрiн бiрiктiретiн ғылымдағы парадигма. Өзiнiң “Ғылыми революциялардың құрылымы деген еңбегiнде Т.Кун “парадигма деп мен ғылыми қауымдастыққа белгiлi бiр уақыттың шеңберiнде ғылыми мәселелердi шешу жолдарын көрсететiн барлығының мойындаған ғылыми жетiстiктерiн айтамын,- дейдi. Парадигма белгiлi бiр ғылыми қауымдастықтағы методтар мен iзденiс жолдарын, ғылыми ақуалдың қайнар көзiн құрайды. Ғылыми теорияға келер болсақ, ол парадигмаға қарағанда анағұрлым төменгi дәрежеде, өйткенi, қайсыбiр теория белгiлi бiр парадигманың шеңберiнде пайда болады. Оны басқа парадигманың шеңберiнде түсiну қиын. Ол үшiн оны қайта қарау керек. Ғылымдағы белгiлi бiр парадигманың үстемдiгi - оның дамуының жақсы деңгейде екенiн көрсетедi - бiрте-бiрте тәжiрибелiк деректер жиналып өңделедi, зерттеудiң жолдары зерттелiп жетiледi т.с.с. Бiрақ, ол үне бойы олай болмайды - кейбiр ғылымда ашылған жаңа деректер бұрынғы парадигманың шеңберiнде түсiнiлмейдi, ғылымдардың арасында күмәндану, бұрынғы парадигманың құндылықтарына сенiмсiздiк пайда болады. Ғылымның дамуында дағдарыс орын алып, ол жаңа парадигмалардың пайда болуына, бiр-бiрiмен күреске түсуiне әкеледi. Осының нәтижесiнде бiр жаңа парадигма жеңiске жетiп, ғылыми қауымдастық оның құндылықтарын мойындап, нәтижелi зерттеулер жұргiзе бастайды. Сонымен, бәрi де тағы қайталанады.
Постпозитивизмнiң келесi өкiлi - Пауль Фейерабендтiң ойынша, ғылымда әрқашанда мойындалған теорияларға қарсы бағытталған теориялар жасалуы керек, сонда ғана олардың арасында өзара бәсекестiк пайда болып, ғылымның дамуы тездейдi. Ғылыми теорияларда пайдаланатын терминдер әрбiреуiнде тек өзiне ғана тән мазмұнға ие болады. Бiр теориядағы терминдер екiншi теорияға еңгiзiлсе, олардың мазмұны дереу өзгередi. Сондықтан, оларды бiр-бiрiмен салыстырып баға беру мұмкiн емес. Олай болса, әрбiр ғалым өзiнiң теориясын жасауға мүмкiндiк алады. Бәсекестiктiң негiзiнде жеңiске жеткен теория ақиқатқа жақын, я болмаса оған сәйкес келгенiнен емес, ол - соны қолдайтын қауымның насихатының жемiсi. Олай болса, ғылым - қоғам өмiрiндегi басқа идеологиялық институттар сияқты - оның дiн, миф, философия т.с.с. айырмашылығы шамалы. Сондықтан, олардың бәрi де тең құқылы болуы қажет. Бұл қорытынды позитивизм ағымының шығармашылық потенциалының сарқыла бастағанын көрсетедi. Дегенмен, позитивизм шеңберiндегi әр ағымның өз жағымды жақтары бар - олардың бәрi де ғылым философиясында кеңiнен пайдаланады.
Феноменология. Дүниетаным мәселелерiмен айналысқан ХХ ғ келесi ағым - феноменология. Негiзiн қалаған Эдмунд Гуссерль (1859-1938 ж.ж.) . Ойшыл өзiнiң еңбектерiнде “Заттардың өзiне қарай! деген ұран тастады, өйткенi, сол кездегi И.Канттың iзбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екiншi жағынан, ол неопозитивистердiң шындықтың сезiмдiк деректердiң негiзiнде “тiкелей берiлгенi жөнiндегi қағидасына қарсы бағытталған болатын.Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э.Гуссерль тағы да келесi екi ұғымды бiр-бiрiне қарсы қояды. Олар бiлiм мен пiкiр. Еуропалық мәдениеттiң дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенiнде. Пiкiр дегенiмiз бұлдыр, айқын емес бiлiм, ол жеке мүдденiң шеңберiмен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретiнде “теория деген грек сөзiн қояды, ал оның алғашқы мағнасы - бимүдделi аңлау. Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенiң универсалдық көкжиегiн көре алады,- деп қорытады Э. Гуссерль.Ойшылдың өз алдына қойған негiзгi мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжiрибесi, тарихи процестен тыс өмiр сұретiн алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдiң феноменi - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететiн сезiмдiк тәжiрибе арқылы берiлетiн құбылыс емес, ол - өз-өзiн ашатын, табатын, тiкелей санаға айқын көрiнетiннiң бәрi. Феноменология айқындығы тiкелей интуиция арқылы көрiнетiн идеалдық мән-мағнаны зерттейтiн iлiм. Санадағы феномендер адамға тiл арқылы берiледi. Сонымен қатар, оған адамның жан-дүниесiндегi тебiренiстер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағнасы т.с.с. бәрi де жатады.
Таза сананың iргетасты ерекшелiгi - оның интенционалдығы (intentio,- латын сөзi,- ұмтылу), яғни бiрдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсiру, тiлеу, ой формалары т.с.с. бәрiнiң де заттық мазмұны бар. Интенционалдық - сананың құрамдас бөлiктерiн неше-түрлi мән-мағнаға толықтырады.
Өзiнiң iс-әрекетiнде адам аңқаулық көрсетiп, өзiнiң заттарға қалайша мән-мағна бергенiн байқамай қалады да, оларды санадан тәуелсiз өмiр сүрiп жатқан (объективтi) өзiндiк танылатын қасиеттерi бар құбылыстар ретiнде қарайды. Ал шынына келгенде, санадан тыс өмiр суретiннiң бәрiн жақшадан сыртқа шығаруымыз керек, өйткенi, санада объект пен субъект бiр-бiрiне өтiп ажырамайтын феноменге айналады. Адам сана арқылы заттарды қабылдап, оларға белгiлi-бiр мағна берiп, сол арқылы олармен қарым-қатынасқа тұседi. Бұл арада, бiр жағынан, дүние тануға бағытталған iс-әрекет- ноэзис бар, екiншi жағынан, осы таным процесiнде ашылған мазмұн - ноэма бар. Э.Гуссерльдiң ойынша, барлық ғылымның, жалпы дұниетанымның негiзiнде “өмiрлiк дүние жатыр. Ол “барлық адамдарға мәлiм, “тiкелей анық, “адамның көзi жеткен, өмiрде кең қолданылатын, ол жөнiнде адамдар көп ойланбайтын нәрселер. Сондықтан “өмiрлiк дүние бұкiл адамның дүниетаным негiзiнде жатыр. Ол “алдын-ала берiлген көкжиек, адамның практикалық iс-әрекетiнiң шынайылығы мен мүмкiндiктерiн көрсетедi. Ол қайсыбiр ғылым саласынан бұрын пайда болған, сондықтан, барлық адамның тәжiрибе мүмкiндiктерiнiң, дұниетанымының алғышартын құрайды. Ұғымдық сараптау арқылы жүретiн ғылыми таным - әрқашанда шектелген, толық емес, ал “өмiрлiк дұние - әрқашанда айқын, сондықтан оның мәртебесi анағұрлым жоғары.
“Өмiрлiк дүние неше-тұрлi мән-мағнаға толы, солар арқылы бiз заттарды танып, оларға мән-мағна беремiз. Бiрақ, адамдардың көпшiлiгi дүниедегi санадан тыс өмiр сұрiп жатқан заттарды танып-бiлiп жатырмыз деп ойлайды. Ал, шынына келгенде, адам “өмiрлiк дүниеденұ шығатын мән-мағынаны заттарға таңады. Сондықтан, феноменология осы неше-түрлi мән-мағыналар санадан қалай пайда болатынын зерттейдi. Ол үшiн сананың алғашқы негiзiнде жатқан таза формаларын зерттеу қажет. Оған жету үшiн Э.Гуссерль “эпохе әдiсiн қолданады. “Эпохе дегенiмiз феноменологиялық редукция (қысқарту) арқылы заттардың кеңiстiк пен уақыттың шеңберiндегi барлық өмiрдегi байланыстарын “жақшаға алу, “сөндiруұ құралы. Осының арқасында, заттың “эйдосы, яғни таза идеясы, мәнi ғана қалады да, ол таза санаға ашылады.Сонымен, таза сананы ашқанда, бiз одан “Абсолюттiк Мендi (субъективтiк ағымды) табамыз. Дүниедегi адамның iс-әрекетке тұсетiн барлық заттары мен құбылыстарына сана мән-мағна бередi екен. Олай болса, санадан тыс өмiр сүрiп жатқан объективтiк шындық жоқ. Ал сана өзiн өзi арқылы түсiнiп, өзiн феномен ретiнде қарайды.
Э.Гуссерльдiң феноменологиясы ХХ ғ көп ағымдарға өз ықпалын тигiздi, әсiресе, герменевтикаға.
Герменевтика (germeneon,- грек сөзi,- түсiндiремiн) - сонау көне грек заманында жазылған тарихи мұраларды түсiну өнерi ретiнде пайда болды.Орта ғасырларда Батыс Еуропада герменевтика Библияның негiзгi қағидаларын дұрыс түсiндiру өнерiне айналады.Қайта Өрлеу заманы келгенде, антикалық дәуiрде пайда болған мәдени мұраларды қазiргi тiлге аудару қажеттiгi пайда болып, ол герменевтиканың негiзгi iсiне айналады. Жаңа дәуiрде ғана герменевтика бiрте-бiрте жалпы философиялық тұрғыдан қаралып, ерекше ағымға айналады. Бұл ағымның негiзiн қалаған немiс дiни қайраткерi, философы Ф.Шлейермахер болды. Ол Платонның барлық шығармаларын алғашқы рет немiс тiлiне аударған адам. Оның ойынша, герменевтика - басқа тұлғаның қайталанбас жақтарын түсiнудiң өнерi, әңгiме оның ойларының мазмұнынан гөрi оның сөз саптау мәнерiнде, ұлгiсiнде деген пiкiрде болды.
В.Дильтей герменевтиканы тарихи оқиғалардың iшкi сырын ашатын пән ретiнде қарады. Ол адамзат тарихын табиғат заңдылықтарынан бөлек алып қарайды. Егер табиғат заңдылықтарын бiз практикалық iс-әрекет, таным арқылы ашып, болашақ ұрпақтарға дәрiс беру арқылы жеткiзсек, өткен адамзат тарихының беттерiн, сол заманда өмiр сүрген адамдардың iшкi жан-дүниесiнiң тебiренiсiн зерттеу ұшiн сол замандағы ақуалға өту, түйсiну, тебiрену арқылы ғана жетуге болады деген пiкiрге келедi. Олай болса, өткен тарихқа сол заманда өмiр сүрген ұлы адамдардың өмiр баянын, iшкi рухани тебiренiстерiн тұсiнiп қана баға беруге болады.
Феноменология ағымының негiзiн қалаушы Э.Гуссерльге келер болсақ, ол белгiлi-бiр дәуiрдi жете түсiну үшiн сол кездегi қоғамның “өмiрлiк дүниесiнiң ерекшелiгiн зерттеу қажет деген пiкiрге келедi. Сонда ғана сол дәуiрде өмiр сұрген адамдардың өмiр сезiмiн, мәдени мұраларының мән-мағнасын ашуға болады.
М.Хайдеггердiң ойынша, “болмыстың үйi - тiл. Олай болса, герменевтика iлiмiн тiлдi талдау, тарихи ұмыт қалған сөздердiң сырын ашу, оны қайта өмiрге енгiзу, сол арқылы өткен ғасырлардағы адамзат болмысын зерттеуге теңейдi.Әрине, әр халық өз тiлi арқылы өзiнiң дүниесезiмi мен дүниетанымын, көзқарасын қалыптастырады. Тiлде халықтың мыңдаған жылдар бойы жинаған өмiрлiк тәжiрибесi қорланады. М.Хайдеггердiң ойынша, адам тiл арқылы сөйлегеннен гөрi, “тiл адам арқылы сөйлейдi. Әрбiр сөздiң астарын ашсақ, онда неше-тұрлi мән-мағна жатқанын байқаймыз. Тек қана аса дарынды, ұлттық мәдениеттен терең сусындаған адам ғана герменевтика iсiмен айналыса алады. Аса көп халықтың сыры оның ұлы азаматтары тудырған поэзияда жатыр. Онда халықтың болмысының қайталанбас нәзiк жақтары берiледi. Сондықтан, әр ұлы ақын - әрқашанда философ,- деп қорытады М.Хайдеггер.
Герменевтика ғылымына аса зор үлес қосқан немiс ойшылы Георг Гадамер болды. Ол герменевтика iлiмiн тек қана гуманитарлық пәндерде қолданылатын әдiс ретiнде тұсiнiп қана қоймай, оның онтологиялық (болмыстық) жағын негiздедi. Оның ойынша, тұсiну дегенiмiз - адамның дұниетанымының негiзгi жағы ғана емес, ол оның өмiр сүруiнiң анықтаушы себебi, болмысының тәсiлi. Г.Гадамер осы уақытқа дейiн герменевтикада кеңiнен қолданылған белгiлi тарихи құжатты зерттегенде сондағы руханиятқа өту, түйсiну тәсiлiн үзiлдi-кесiлдi терiске шығарады. Бiр дәуiрден екiншiге, өзiңнен басқаға өту мұмкiн емес. Бұгiнгi таңдағы философ 2,5 мың жылға шегiнiп, Платонның, я болмаса Анахарсистiң тұлғасына өтiп, солар сияқты өмiрдi сезiнiп қабылдай алмайды - ол аңғырттықты көрсетумен тең болар едi. Әңгiме бiреудiң рухани өмiрiне өтуде емес, керiсiнше, сол замандағы мәселелердi қазiргi заманға сай етiп талдауда. Яғни, өзiң мен басқаның арасындағы айырмашылықты жою емес, керiсiнше, оның жойылмайтындығын сезiне отырып, басқаның өмiр тәжiрибесiн өз өмiрiңде қолданып қарауда, сондағы оқиғаны өз ақуалыңмен ұштастыруда. Негiзгi мақсат - өткен оқиғаны ой өрiсте қайта құру (реконструкция) емес, керiсiнше, жаңа мән-мағнаны тудыру (конструкция) болып табылады.
Мұндай көзқарас герменевтика саласында көппiкiрлiктi тудырады. Гадамердiң айтуынша, герменевтиканың iргетасты ақиқаты мынада : бiрде-бiр адам ақиқатты танып-бiлiп, толығынан жеткiзе алмайды. Сондықтан, үне бойы сұхбатты қолдап, басқаша ойлайтын адамға да сөз берiп, оның айтқанын наз қойып тыңдап, түсiнуге тырысу қажет. Мiне, герменевтиканың терең өзегi осында,- деп қорытады ойшыл.Г.Гадамердiң еңгiзген тағы бiр жаңалығы - тұлғаның тебiренiсiн зерттеуден гөрi оның ойының мән-мағнасына өту керектiгi. Зерттеушi жазылған мәтiннiң әр жағындағы қалам иесiнiң тұлғасын көруге тырысудан гөрi оның ой-тебiренiсiн тудырған затқа үңiлуi қажет. Бұл пiкiрден бiз Г.Гадамер iлiмiнiң психологизмге қарсы екенiн байқаймыз.
Бiр дәуiр екiншiге ауысқан сайын жаңа мәдени ақуал дұниеге келiп, бұрынғы көзқарастарды сынға алған жаңа философиялық, эстетикалық т.с.с. теориялар пайда болғанымен әрқашанда белгiлi бiр тұрақты ой-өрiсi қала бередi. Ол - тiл, оны өзгерту оңай шаруа емес. Тiлдегi қалыптасқан мәдениет тәжiрибесi ұрпақтан-ұрпаққа өтiп, олардың өмiр салтына, iс-әрекетiне, ой-өрiсiне өз ықпалын тигiзiп, сонымен қатар, олардың бiр-бiрiмен қарым-қатынасқа түсуiне мұмкiндiк бередi. Осы тұрғыдан алғанда, түсiнбеушiлiк - ол әр тiлде сұхбаттасқанмен бiрдей. Олай болса, тiлге ұқыпты қарау, оны тыңдай бiлу, ондағы ұмыт қалған сөздердi жандандыру арқылы герменевтика өзiнiң негiзгi мақсаты - мәдениеттегi дәнекерлiк қызметiн iске асыра алады.
Негізгі әдебиет
1.С.Мырзалы. Философия . А. 2008 .
2. Т.Ғабитов. Философия.А., 2004.
Қосымша әдебиет
1.Иррационалдық философия. ӘФМ.т.9. А.,2006
2. Ғылым мен техника философиясы. ӘФМ.т.10. А.,2006
3. Классикалық емес батыс философиясы. . ӘФМ,Т.13. А.,2006
4.Өмір философиясы . ӘФМ,Т.9. А.,2006
5.Постмодерн философиясы. . ӘФМ,Т.15. А.,2007
Дәріс 11. Онтология: негізгі заңдары мен принциптері -2 сағат
Мақсаты: теориялық философияның іргетасы болып табылатын онтологияның негізгі ұғымдары мен принциптерінің қалыптасу заңдылықтарын ашып көрсету.
Негізгі ұғымдар: болмыс, материя, қозғалыс, кеңістік, уақыт,субстанция, диалектика, заң, қарама-қарсылық, қайшылық, сапа, сан, мөлшер, терістеу, мән, құбылыс,детерминизм, синергетика.
1. Болмыстың анықтамасы және негізгі түрлері.
2.Материяның философиялық және жаратылыстанымдық түсініктері.
3.Диалектика теориясы.Синергетика қазіргі даму теориясы ретінде.
Онтологияның орталық ұғымы болмыс болып табылады. Болмыс дүниедегі барлық өмір сүретін құбылыстарды белгілейтін философиялық категория.Бұл ұғымды философияға алғашқы болып Парменид(б.з.д.V-IVғ.) енгізді.Болмыстың негізгі формалары: заттар болмысы, адам болмысы, қоғам болмысы, рухани болмыс.Бұл категория материалдықты және руханилықты, яғни реалдықтың барлық түрін қамтитындықтан мазмұны жағынан ең кең болып саналады.
Болмыс ұғымы ең мейлінше кең ұғым болғаннан кейін, оған қарсы тұрған ұғым бейболмыс, яғни, ештеңе, жоқтық. Бір қарағанда, болмыс ұғымы мейлінше кең болғаннан кейін мазмұн жағынан алғанда мардымсыз болып көрінеді. Бірақ, соған қарамастан, сонау көне заманнан бастап оған әр-түрлі мағна беріліп Батыс пен Шығыс дүниесезімі мен дүниетанымы екіге бөлініп, осы күнге дейін созылып келе жатқан айырмашылықты тудырды. Мұның өзі де философияның өмірмен тығыз байланысты екенін, Адамзат өркениетінің түп-тамырында жатқанын көрсетсе керек.
Бұл ойды нақтылай келсек, көне Қытай философиясындағы Даосизм ағымында болмыс "дао" ұғымы арқылы беріледі. Қытай тіліндегі көп сөздер сияқты, дао ұғымы да көп мағналы: бір жағынан ол аспанның құдіретті заңдылықтары ретінде түсінілсе, екінші жағынан, болмысты бейнелейді. Ал соңғының өзі екі мағнаға бөлінеді ол "бірінші дао" абсолютті болмыс, және "екінші дао", я болмаса "дэ" көз алдымызда өмір сүріп жатқан өтпелі Дүние. Бірінші даоға қанша қарасаң да көре алмайсың, қанша тыңдасаң да ести алмайсың, оған ат қояйын десең де қоя алмайсың, өйткені оның аты жоқ,- деп қорытады,-көне Қытай ойшылдары. Демек, ол не?,- деген сұрақ дереу біздің ойымызға келеді. Ол ештеңе, яғни,- жоқтық. Бүкіл Дүниедегі заттар мен құбылыстар содан шығып өмір сүруге келеді де, ақырында, соған барып өшеді. Тек ешқандай өзгеріске түспейтін, мәңгілік, абсолютті бірінші дао ғана. Ал, Дүниеге келген заттарды, яғни, екінші даоны - дэні алатын болсақ, оның әрбіреуінің өз аты бар, олар өтпелі, мінді, салыстырмалы т.с.с.
Енді Шығыс философиясынан Батысқа назарымызды аударсақ, көне Грек ойшылдарының ішінде алғаш рет болмыс категориясын терең талдаған Парменидке келіп тоқталамыз. Ол кісінің атақты сөздері Тек қана болмыс өмір сүреді, бейболмыс тіпті де жоқ. Яғни, Дүниеде бар нәрсе бар, жоқ нәрсе жоқ. Бір қарағанда, қисынды сөздер! Бірақ, осы ойды айтқаннан кейін, Парменид, қозғалысты, Дүниеге келу мен кетуді жоққа шығарып, терістеуге мәжбүр болды. Өйткені, бір нәрсенің Дүниеге келуі дегеніміз не? Ол болмыста бұрын жоқ еді, енді, міне, Дүниеге келді. Ал, Парменидке келер болсақ, ол жоқтың аты жоқ дейді, яғни, Дүниеге келуді мойындамайды. Сол сияқты, Дүниеден өтуді де, яғни, бардың жоққа айналуын да мойындамайды, өйткені, бар нәрсе бар, ал жоққа келер болсақ - жоқ. Ал, Дүниеге келу мен кетудің өзі қозғалыс арқылы жүрмей ме? Олай болса, болмыста қозғалыс та жоқ. Яғни, болмыс дегеніміз ешқашанда өзгермейтін, кемеліне келген, абсолютті, өз-өзіне тепе-тең.
Әрине, мұндай көзқарастың өмірдегі тәжірибеге сай келмейтіні әрбіреуге жақсы таныс. Бұл дүниеде қозғалмайтын, өзгермейтін ешнәрсе жоқ. Олай болса, Парменид бұл Дүние нағыз болмыс емес, оған ой елегі арқылы ғана жетуге болады,- деген пікір айтады. Яғни, ойлау мен болмыс бір-біріне тең. Сонымен, Парменидтің болмысы ой арқылы жететін идеалды, ешбір мінсіз, кемеліне келген, мәңгі, дөңгелек, өз-өзіне тепе-тең, бөлінбейтін болмыс болып шықты.
Сонымен, сонау көне заманнан бастап, Батыс пен Шығыс болмысты әр-түрлі түсініп, соған негізделген әр-түрлі Дүниеге деген көзқарасты қалыптастырды.
Шығыс бейболмыстың өмір сүруін мойындап оның іргетастығын анықтағаннан кейін, бұл Дүниені сол бейболмыстың көмескі бейнесі ретінде ғана түсініп, оның өтпелігіне аса назар аударады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, бейболмысқа өтетін Дүниені адамның өз еркіне көндіруі тіпті мүмкін емес, оны өзгерту, жетілдіру де мағнасыз нәрселер. Сондықтан, негізгі мақсат адам өз ішкі өміріне үңіліп, тек соған назарын аударып, соны ғана жетілдіруі қажет. Осындай көзқарастың негізінде Шығыста интраверттік (іntra,-лат. сөзі ішкі деген мағна береді) мәдени бағыт қалыптасты.
Ал енді Батысқа келер болсақ, Парменидтің бейболмысты теріске шығаруы, сонымен қатар идеалды, еш мінсіз, жетілген, мәңгілік Болмыстың бар екенін мойындауы бүкіл Батыс өркениетінің қалыптасып, бүгінгі күнге дейін дамуының астарында жатқан іргетасты көзқарас екеніне оқырманның ерекше назарын аударғымыз келеді. Соңынан пайда болған христиан дінінің негізгі қағидаларының бірі адамды Құдай өз бейнесіне ұқсатып жаратты да осы жаратылған Дүниенің әміршісі қылды деген қағиданың өзі де Парменидтің болмыс ілімімен ұштасып жатқан жоқ па? Ал енді марксизмнің өзін, осы тұрғыдан алып қарағанда, Батыс Еуропа ой-өрісінің қисындық шегі деп бағалауға болатын сияқты, өйткені, коммунизм кемеліне келген, адамдардың барлық қажеттіктері толығынан өтелген, соның негізінде әлеуметтік біркелкілік орнаған қоғам. Яғни, ол - жер бетінде адамның шығармашылық іс-әрекеті арқылы орнатылған идеалдық қоғам.
Дүниенің материалдық бірлігі материалистік философияның негізгі прициптерінің бірі. Жалпы алғанда бұл прицип, дүниедегі әр түрлі заттар мен құбылыстардың негізінде, ешқандай рух пен санаға тәуелсіз, бір материалдық бастаманың жатқанын мойындау. Ежелгі грек философтары бұл бастаманы бір затпен теңестірді:сумен (Фалес), отпен (Гераклит) және т. б. Демокрит атомдармен теңестірді, яғни әрі қарай бөлінбейтін кішкентай заттармен.
Жаңа заман кезінде пайда болған Ньютондық картезиандық парадигма И. Ньютон мен Р. Декарт идеяларына негізделген. Декартың айтуынша дүниенің бір біріне тәуелсіз екі түп негізі бар: материалдық және рухани. Материалдық түп негіздің басты қасиеті оның кеңістікте созылыңқылығы, рухани түп негіздің негізгі қасиеті-ойлау қабілеті. Бұл екі түп негіз бір біріне тәуелсіз, параллельдер. Бұдан шығатыны материалдық әлемді объективті сипаттауға болады, онда бақылаушы адамның субъективтілігіне орын жоқ.Декарт пен Ньютонның ілімдерінен шыққан дүниенің ғылыми бейнесінде Құдайға орын жоқ. Дүниенің рационалдық механикалық бейнесі дүниені бізге жалғыз, заңдарға ғана бағынатын әлем ретінде суреттейді. Онда рух , еркіндік те жоқ, ол соқыр мылқау. Алып ғарыштық кеңістіктер,оларда өте қатаң, анық траекториялармен материя массаслары қозғалып жүр. Онда мақсат та, мән де жоқ. Оған адам мен оның санасының ешқандай қажеті жоқ. Ньютонның механикалық әлемі оның кішкентай, бөлінбейтің тұрақты пішіні мен массасы бар бөлшектер, бір бірімен тартылу заңы арқылы байланысқан. Болмыс классикалық евклидтік геометрияның үш өлшемді кеңістігіне ұйымдасқан, ол тұрақты, абсолют. Ол үлкен бір заттар орналасқан сыйымдылық, оларға ешқандай қатысы жоқ. Уақыт та, дәл, сондай, абсолют, материяға ешқандай қатысы жоқ. Ол ылғи тұрақты, біркелкі ағынмен тек алдыға қарай жылжиды. Тұтас алғанда әлем, өте үлкен, қатаң детерминацияланған, яғни себеп пен салдардың үздіксіз тізбегінен тұратын сағаттық механизм. Бұл тібектің кезкелген бөлігі туралы мәлімет алсаң, оның өткенін де, бүгінін де ешқандай қатесіз суреттей аласың.Бұл әлем адам дүниесі, оның тағдыры, мақсаты, мәні, құндылықтар дүниесінде ешқандай шаруасы жоқ. Адамның өзі абсурд, не үшін пайда болғаны түсініксіз құбылыс.
Енді материя түсінігінің қалай қалыптасқандығына келсек, ежелгі дүниеден бастап, чарвактар (төрт элемент) , ежелгі гректер белгілі бір зат, Левкипп пен Демокриттің өзі материяны атомдармен, яғни кішкентай заттармен тенестірді.
XVIII ғасырда француз материалисі Гольбах «Табиғат жүйесі» деген еңбегінде: «...бізге қатысты жалпы алғанда материя, біздін сезімімізге әсер ететіннің бәрі» деп жазды. Ол материяның абстракция екеніне түсінік берді, бірақ біздің сезімімізге не әсер ететінін түсіндерген жоқ.
XIX ғасырдың аяғына қарай дүние құрылысының барлық принциптері ашылып болғандай көрінді: клетка табылды, энергияның сақталу заңы ашылды, Дарвин тірі табиғаттың эволюциясы туралы көзқарасын ұсынды, Менделеев элементтердің периодтық жүиесін жасады. Барлық болмыстың, адам болмысынын да, заттар болмысынын да негізі болып атомдар, әрі қарай бөлінбейтің зат бөлшектері саналды. Материя ұғымы, зат ұғымымен теңестірілді. Масса, материя мөлшерін шамасын көрсетті. Материя кеңістік пен уақыттан тәуелсіз қарастырылды. Айналып келгенде, XIX ғасырдын классикалық физикасында ежелгі ілімнің кемшіліктері тән болды: яғни материяны алғашқы өзгеріссіз түпнегіз ретінде қарастыру және оны затпен тенестіру.
Қазіргі ғылым дамуының деңгейіне сәйкес келетін, материя анықтамасын берген В.И. Ленин. Материя дегеніміз адамға түйсіктері арқылы мәлім болатын, түйсіктерге тәуелсіз өмір сүре отырып сол арқылы көшірмесі алынып, суреті салынып, бейнесі жасалатын объективті шындықты белгілейтін философиялық категория.
Қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі. Қозғалысты материя атрибуты деп түсінсек қана, дүниенің әртүрлілігін материялдық бірлігі арқылы түсіндіре аламыз. Қозғалыс пен материяның арақатынасы туралы әртүрлі көзқарастар болды. Дүниенің механикалық бейнесінде қозғалыс деп тек механикалық қозғалысты, яғни кеңістікте орын ауыстыруды ғана түсінсе, XX ғасырдың басында философия мен жаратылыстануда болған «энергетизм» бағытының өкілдері табиғаттағы барлық құбылыстарды энергияның өзгеруі деп қарастырып, оның ешқандай материалдық негізі жоқ деп, қозғалысты материядан бөліп алмақшы болды. Диалектикалық материализмде қозғалыс ретінде кез келген сандық, сапалық өзгерістер түсінілінеді Және материяның қозғалысының себебі оның ішкі қайшылылығы болып табылады. Олар мынадай қарама қарсылықтар: тұрақтылық пен өзгермелік, тартылыс пен тебіліс, қарапайымдылық пен күрделілік, т. б.
Дүниеде қозғалыстағы материядан басқа ештене жоқ және ол кеңістік пен уақыт бойынша болады. Материя қозғалысын түрлерге бөлуге болады. Оны алғаш тұжырымдаған Ф. Энгельс. Ол материя қозғылысын 5 түрге бөледі: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және әлеуметтік. Тірі емес табиғаттағы негізгі сапалық өзгерістер материяның физикалық және химиялық қозғалыстарының қатынастарымен аңықталады, тірі табиғатта негізінен биологиялық қозғалыс басымырақ. Қозғалыстың әлеуметтік түрі қоғамға тән.
Энгельс берген қозғалыс классификациясы қазірдін өзінде құндылығын жоғалтқан жоқ. Бірақ ғылым жетістіктеріне байланысты біршама байытылып, нақтыланды, дәлденді десе болады. Мысалы, XVIII, XIX ғасырда механикалық қозғалыс тек макроскопиялық денелердің кеңістікте орын ауыстыруы деп түсінілсе, қазір кеңістікте орын ауыстыру «элементар» бөлшектерден бастап барлық материя түріне тән екені анықталды. Қазіргі ғылым механикалық қозғалысты барлық физикалық процесстердің іргетасы ретінде қарастыруды қойды. Керісінше денелердің механикалық қозғалысы «элементар» бөлшектердің өзара ауысуының, әлсіз, күшті, электромагниттік және гравитациялық әсерлесу нәтижесінде болатыны белгілі болды.
Материя қозғалысының түрлерін түсіну үшін мыналарды ескеру қажет:
1. Қозғалыстың әр түрлі ерекше, бірақ өзара байланыста. Түрлердің кез келгені сәйкес жағдайда басқасына айналуы мүмкін. Олардың негізі дүниенің материалдық бірлігі болып табылады.
2. Қозғалыстың қарапайым түрлері одан гөрі жоғары түрінің іргетасы болып табылады. Мысалы, тіршіліктің физико химиялық негізін таппай тұрып, өмірдің мәнін түсіну қиын.
3. Материя қозғалысың жоғары түрлері сапалық жағынан ерекше болғандықтан, оларды төменгі түрлерімен теңестіруге болмайды. Мұндай теңестіру «механицизм» деп аталады. Бұл бағытты жақтаушылар барлық табиғи және әлеуметтік құбылыстарды классикалық механика заңдары арқылы түсіндірмекші болған.
Материя қозғалысының түрлері туралы сұрақты диал мат. тұрғыдан шешу, ғылымды классификациалауға мүмкіндік береді. Негізгі фундаментальды ғылымдар қозғалыстың негізгі түрлерін қарастырса, қозғалыстың түрлерінің бір-біріне өтуін, олардың байланысын қарастыратын да ғылымдар бар. (мыс:биохимия,биофизика,астрофизика т. б.) Материя қозғалысы кеңістік пен уақыт бойынша жүзеге асады.
Материалдық денелердің созылыңқылығы, басқа заттар қатысты белгілі бір орын орын алуы кеңістіктің философиялық түсінігін береді. Кез келген құбылыстың ұзақтығы, басталуы, аяқталуы, кезеңдері, күйлері болады. Материалдық процестердіңбір-біріне қатысты белгілі ретпен өтуі, ұзақтығы, кезеңдері болуы уақыттық философиялық түсінігін береді.
Былай қарасаң ап-айқын сияқты кеңістік пен уақыт ұғымы ежелден бастап күні бүгінге дейінгі философиялық дискуссиялардың өзегі болып табылады. Философия тарихында кеңістік пен уақыт туралы көзқарастардың эволюциясы негізінде екі басты коцепция қалыптасты.
1. Субстанциялық (түпнегіздік) концепция кеңістік пен уақытты өз бетімен өмір сүретін, материалдық объектілерден тәуелсіз түп негіз ретінде қарастырды. Бұл идея кезінде Демокрит тұжырымдаған, кейін Ньютон абсолют кеңістік пен уақыт концепциясында толық аяқталды.
2. Салыстырмалы (реляциондық) концепция кеңістік пен уақытты ерекше түп -негізтүрінде емес, заттардың өмір сүру тәсілі ретінде қарастырады. Бұл концепцияның негізін салған Аристотель, ол кеңістік пен уақытты материядан бөліп қарастыруға болмайды деген. Лейбниц те кеңістік пен уақыттың өз алдына болмыс бастамасы екеніне тойтарыс берді. Гегельдің негізгі қосқан үлесі, ол кеңістік пен уақыттың қозғалыс сәттері екенін айтты.
Диалектикалық материализм кеңістік пен уақыттың салыстырмалық концепциясын мойындайды.
Өткен ғасырда орыс математигі, евклидтік емес геометрияны жасаушы Н. И. Лобачевский кеңістіктің қасиеттері әрқашанда және барлық жағдайда тұрақты емес, олар материяның қасиеттеріне байланысты өзгереді деген өте батыл тұжырым жасаған болатын. XX ғасырдың басындағы физикада жасалған күрт өзгерістер кеңістік пен уақыттың қозғалыстағы материяға, оның қасиеттеріне тәуелді екенін толық дәлелдеп берді. Мысалы, қара иірімдер тұсында кеңістіктің өзгеретіні. Әсіресе, А. Эйнштейннің салыстырмалық теориясы осы жөнінде үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуле жылдамдығына жақындаған сайын оның массасының шексіз ұлғая беретінің және уақыттың баяулай түсетінін дәлелдеді.
Диалектика (грек. - әңгімелесу, пікір таластыру) табиғаттың, қоғамның және танымның барынша жалпы заңдары туралы ілім, және соған негізделген ойлау мен іс - әрекет әдісі. Философия тарихында диалектиканың үш негізгі түрі қалыптасты:
1.антикалық, қарапайым, стихиялы, жеке бақылауларға, күнделікті тәжірибегенегізделген (Гераклит, Платон, Аристотель, Зенон, т. б.)
2. неміс классикалық, Кант, Фихте, Шеллинг, әсіресе Гегель жасаған.
3. материалистік, негізін К. Маркс пен Ф. Энгельс қалаған.
Диалектикалық материализм екі бөлектің материализм мен диалектиканың бірлігі болып табылады.Материализм дүниенің негізі материя екенін анықтаса, диалектика материялдық әлемнің дамуда екенін қарастырды.
Диалектиканың элементтері дегеніміз оның категориялары, принциптері және заңдарының тұтас, даму үстіндегі жүйесі. Осылар арқылы даму үстіндегі реал дүние барлық жағынан сипатталады.
Диалектиканың категориялары қоғамдық практика негізінде қалыптасатын, реал дүние мен танымның жалпы, негізгі жақтары мен қатынастарын белгілейтің ұғымдар (ойлаудың түрі).
Диалектикалық материализмнің негізгі категориялары материя, сана, қозғалыс уақыт, кеңістік, сапа, мөлшер, сан, қайшылық, себеп, салдар, қажеттілік, кездейсоқтық, мазмұн, түр және т. б. Бұлар универсал (әмбебап) категориялар болып табылады.
Белгілі бір философиялық категориялардың байланысы диалектиканың заңдары түрінде көрінеді. Бұлардың ішіндегі ең негізгі қарама қарсылықтардың бірлігі мен күрес заңы. Бұл заң дамудың ең негізгі жағы оның көзі қайшылық (қарама қарсылықтың бірлігі) екенін ашады.
Қарама қарсылықтар дегеніміз, өзара үздіксіз байланыстағы, бір жағдайда бірін бірі жоққа шығаратын, белгілі жағдайларда бір біріне айналатын (оң теріс, ассимиляция диссимиляция, материалдық идеалдық, теория практика, т. б.) сәттер, нәрселер. Нақты қарама қарсылықтардың бірлігі (теңдігі) қайшылықты (диалектикалық) құрайды. Қысқаша бұл заңды былай өрнектеуге болады: бірліктің қарама қарсылықтарға бөлінуі, олардың күресі, және оның жаңа бірлікте шешілуі.Бұл арқылы даму,әр түрлі қайшылықтардың пайда болу,өсу, шиеленісу және шешуші процесі ретінде көрінеді. Бұл қайшылықтардың ішіндегі дамуда шешуші, даму көзі рөлін атқаратыны ішкі қайшылықтар болып табылады.
Сандық және сапалық өзгерістердің бір-біріне айналу заңы дамудың жалпы механизмін, яғни ол қалай болотынын көрсетеді. Бұл заңдағы негізгі категориалар сапа, сан, мөлшер, секіріс.
Сапа-заттың сол екенін білдіретін негізгі қасиеттері
Қасиет-заттың басқа заттармен әсерлесуі түрінде көрінетін белгілі бір жақтары .
Сан заттың өзгерісі белгілі бір шекке жетпейінше зат басқа затқа айналмайтын анықтаушысы заттың сандық анықтаушысыны жататындар оны құраушы элементтер саны, көлемі, өзгеру жылдамдығы, қасиеттерінің көріну дәрежесі т.б.
Мөлшер затың сандық және сапалық анықтаушыларының тұтас бірлігін өрнектейді. Мөлшер оған дейінгі сандық өзгерістер сапалық өзгеріске айналатын шекара.
Секіріс бұрыңғы құбылыстың сандық өзгерістерінің бірқалыптылығының үздіксіздігінің үзілуін, қарама қарсылыққа айналуын, қайшылықтардың шешілуін, ескінің жоғалып, жаңаның пайда болуын білдіретін философиялық категория.
Осы категориялардың арасындағы байланыс сандық және сапалық өзгерістердің бір біріне өту заңын өрнектейді. Бұл заңның мәні мынада. Сандық өзгерістердің біртіндеп жинақталуы белгілі бір уақытта заттың түбірімен сапалық өзгерісін тудырады (секіріс), ол жаңа сапаның, жаңа заттың пайда болуына әкеледі. Бұл, өз кезегінде сандық өзгерістер туғызады (мысалы; атом ядросы зарядының шамасының өзгеруіне байланысты бір химиялық элементтің екінші химиялық элементке айналуы).
Терістеуді терістеу заңы дамудың бағытын, сабақтастығын көрсетеді. Бұл заңның негізгі категориясы «терістеу». Терістеу дегеніміз а) затты негізінен сыртқы күштер мен факторлардың әсерінен жоғалуы, яғни тұтас жүйе түрінде өмір сүруін тоқтатуы, дамуының аяқталуы (сырттай терістеу, деструкция); б) терістеудің дамуы ішкі сәті ретінде, терістелетің заттың оң жақтарының сақталып қалуы түрінде.
Терістеуді терістеу заңы дамудың алдыға жылжу, сабақтастық, циклдік сипатын және оның бағытының «бұрама» (спираль) түрінде (дөңгелек емес, түзу сызық емес) болатының көрсетеді, яғни жоғары сатыда төменгі сатының кейбір қасиеттерінің қайталанатынын көрсетеді.
Даму сонымен өткен сатыларды қайталау, түріндегі процесс ретінде көрінеді. Циклдық даму түрі «триада» бастапқы саты оны терістеу терістеуді терістеу (тезис антитезис синтез; теория және т. б.). Бұл заңның әсері дамудың кез келген сәтінде емес, тұтас салыстырмалы, біршама аяқталған процесте байқалады.
Диалектиканың принципі дегеніміз оның барлық заңдары мен категориаларының бірлігі болып табылады олар өзара байланыста, оларды бір-брінен бөліп алуға , бір-біріне қатаң түрде қарсы қоюға болмайды.
Синергетика ұғымы қазіргі ғылыми пікір таластарда, ғылым философиясының соңғы онжыл ішіндегі зерттеулерінде кең орын алып отыр. Терминнің өзі ежелгі грек тілінен аударғанда қатысу, көмектесу немесе қатысушы, көмектесуші деген мағына береді. Ғылыми зерттеуде келісімді әрекет, бірігіп қолдану деген мағынада пайдаланылады. Синергетиканың пәні өзін - өзі ұйымдастыру, спонтанды структурогенез болып табылады. Синергетика дүниенің қазіргі бейнесін қамтиды: тұрақсыз, орнықсыз дүние концепциясын, дамудың белгісіз, көпальтернативтілігі, хаостан тәртіптің пайда болуы. Дүниенің қазіргі ғылыми бейнесі қозғалмалы, қайшылықты. Онда жауаптан қөрі сұрақ көп. Олтаңқалдырады, тұйыққа тірейді. Бірақ, танымға ұмьылған сана ізденісінің шегі жоқ. Сондықтан, жақын арада, тағыда таңқалдыратын жаңа идеялар ұсынылып, жаңалықтар ашылатытына күмән жоқ.
Бақылау сұрақтары:
1.Дүниенің ғылыми бейнесінің даму сатылары.
2.Болмыс ұғымы, болмыстың түрлері.
3.Материя түсінігінің қалыптасуы.
4.Қозғалыс, кеңістік, уақыттың қазіргі түсініктері.
5.Диалектиканың негізгі және негізгі емес заңдары .
6. Дүниенің постклассикалық емес бейнесі және синергетика .
Негізгі әдебиет
1.Ғабитов Т. Философия.- Алматы,2001
2.Кішібеков Д.,Сыдықов Ұ. Философия.- Алматы, 2006
3.Тұрғынбаев Ә.Философия. Алматы, 2005
Қосымша әдебиет
1.Ғылым мен техника философиясы.ӘФМ. 20 томдық. Т.10. А.,2006
2. Таным теориясы. / Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.18.А.,2006
Дәріс 12. Гносеология: жалпы мәселелері-2 сағат
Мақсаты: Философияның тағы бір негізгі саласы гносеологияның жалпы мәселелерін, танымның деңгейлерін, кезеңдерін, түрлерін сипаттау. Философиядағы сана мәселесінің ерекшелігіне, оның шығуы туралы ғылыми және концепцияларға талдау жасау.
Негізгі ұғымдар мен сөздер: Гносеология, эпистемология, мән және құбылыс, мазмұн мен түр, бүтін мен бөлік, агностицизм, ақиқат, гипотеза.
1.Таным философиялық мәселе түрінде.
2. Ғылыми танымның ерекшелігі.
Дүние тану деген не, оның негізгі формалары қандай, білмеуден білуге, үстірт білімнен терең білімге өтудің заңдылықтары қандай, ақиқат деген не және оған жетудің жолдары қандай, ақиқаттың критериі не-бұларды және бұлардан басқа да көптеген философиялық мәселелерді таным теориясы немеес гносеология қарастырады.
«Гносеология»-гректің» gnosis-білім және logos-сөз, ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар «эпистемология» термині қолданылады-бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді.
Таным теориясының мәселелері философияның тууымен бірге пайда болды. Таным процесінің аталған мәселелерімен алғаш айналыса бастаған ертедегі грек философтары Демокрит, Платон, Аристотель және басқалар болды. Кейіннен бұл мәселелермен айналысқандар Ф.Бэкон, Р.Декард, Дж.Локк, Б.Спиноза, Г.Лейбинц, И.Кант, Д.Дидро, К.Гельвиций, Г.Гегель, Л.Фейербах, А.И.Герцен және көптеген басқа философтар өз үлестерін қосты.
Ерте заманнан-ақ адам өзін қоршаған дүниенің заңдылықтарын және өзін-өзі, өзінің табиғатқа және басқа адамдарға қатынасын танып-білуге тырысты. Адамнан тыс таным процесінің болуы мүмкін емес. Сондықтан адам танымы белгілі бір қоғамда, қоғамның практикалық қажеттілігіне сәйкес жүріп жатады. Ендеше, адамзат дамуында адам танымы қоғамдық, тарихи сипатта болады. Таным адам санасын дамытудың негізі. Таным процесінің заңдылықтарын зерттеуді таным теориясы деп атайды. Философияның негізгі мәселесін дұрыс немесе теріс шешуге байланысты екі түрлі таным теориясы (материалистік және иделаистік теория) қалыптасады.
Материалистік таным теориясы айналадағы материалдық шындықтың адам санасында бейнелеу теориясы болып табылады. Бейнелей теориясының мәні мынада: заттар, құбылыстар мен процестер және олардың қасиеттері мен маңызды байланыстары танып-білуші субъектіден тәуелсіз өмір сүреді. Түйсіктердің, қабылдаудың және ақыл-ойдың арқасында біз заттарды, олардың қасиеттерін танып-білеміз. Түйсіктер, қабылдау және ақыл-ой заттардың өзі емес, олардың субъективті образы, бейнесі. Таным дегеніміз сыртқы заттар мен құбылыстар қасиеттерінің, мәнді қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнеленуінің қайшылыққа толы күрделі процесі.
Таным барысында адам өзін қоршаған ортаны игереді, ол туралы білімі кеңейіп, тереңдей түседі. Адамның заттар мен құбылыстар туралы жалпы мәліметі ішкі мәнге қарай ұмтылып, жүйелі, шынайы білімге айналады. Танымды адамның жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы деп есептеуге болады. Сөйтіп, материализм шынайы, болмысты, нақтылы дүниені танып-білу туралы мәселе қойса, идеалистер түрлі заттар мен құбылыстарда өз өрнегі мен бейнесін тауып отырған мінсіз құбылыстарды, яғни адам санасының түрлі өнімдерін танып-білу туралы айтады. Идеализм бейнелеу принціпін жоққа шығарып, болмыс пен ойдың тепе-теңдігін мойындауды талап етеді. Материализм, керісінше, тепе-теңдік принципін жоққа шығарады да, бейнелеу принципін мойындауды талап етеді. Кейбір философтар дүниені танып-білу мүмкіндігін мүлде жоққа шығарады, абсолютті ақиқатты, заттардың ішкі мәніне таным арқылы жетуді мойындамайды. Философияда қалыптасқан мұндай позиция агностицизм деп аталады. Оның философия тарихындағы ең көрнекі өкілдері Д.Юм мен И.Кант болып табылады. Танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады. Сондай-ақ, субъект өз болмысын, өзінің ішкі дүниесін таным объектісі ретінде қарай алады. Табиғатты, қоғамдық қатынастарды таным объектісі ретінде қалыптастыру қажет. Олар субъектінің өндірістік, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы таным объектісіне айналады.
Таным екі жақтың бірлігінде беріледі, сезімдік және рационалдық, олардың әр-қайсысын сипаттай отырып, олардың да өз құрылымы бар екенін көреміз.
Таным процесінің қандай да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным адамды сыртқы дүниемен байланыстырады, қоршаған ортаның заттар мен құбылыстары туралы көрінікті түсінік береді. Сезімдік таным өте ежелгі таным түрі, ол негізінен адамды қоршаған шындыққа шығатын бірден-бір маңызды жол. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсік, қабылдау және елестету арқылы жүзеге асырылады. Түйсік негізгі екі тапқа: 1) сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін түйсіктерге (көру, есту, дәм, тері арқылы сезу түйсіктеріне); 2) дене мүшелері қозғалысын және ішкі мүшелердің жайын бейнелейтін түйсіктерге (тепе-теңдікті бұлшық ет, организм арқылы түйсіну) бөлінеді. Түйсіктер дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей ықпал жасайтын материалдық заттар мен құбылыстардың жеке сапаларын, қасиеттерін, жақтарын мида бейнелеуі болып табылады. Қабылдау жеке түйсіктердің жай ғана қосындысы емес, заттың тұтас бейнесі болып табылады. Қабылдау дегеніміз сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін сыртқы материалдық заттың тұтас бейнесі. Сезімдік қабылдау әрқашанда нақты бейнелер болып келеді. Қабылдау жалпы алғанда жеке заттарды бейнелейді, мұнда олар тек сыртқы көріністері жағынан ғана көрінеді. Елестету дегеніміз қазіргі сәтте сезім мүшелеріне тікелей әсер етпейтін, бірақ бұрын олар белгілі бір формада қабылданған заттың сезімдік бейнесі. Елестету де қабылдаулар сияқты нақты, көрнекі бейнелер.
Рационалыдық таным (логикалық ойлау, абстрактілік ойлау) - бұл екінші танымның жоғарғы сатысы. Ол сезімдік танымның нәтижесіне сүйенеді, бірақ өзі көрнектілікті қажет етпейді, шындық пен тікелей байланыста болмайды және синтездік қорытылған білім береді, бұларсыз адам қызметі тиянақты болмайды. Рационалдық таным да үш түрде болады: ұғым, пікір, ой қорытыу. 1) Ой түрінде, заттар мен құбылыстардың ең жалпы маңызды жақтарын, сапасын, байланысы мен қатынасын бейнелейді. 2) Ойды жеткізу үшін түрлі ұғымдар арасындағы қатынасты белгілеп анықтайды, қандай да болсын бір зат жайында бір нәрсені мақұлдайды немесе теріске шығарады. 3) Пікірдің ерекше түрі, оның арқасында бір немесе бірнеше пікірден туатын, біздің білімді қорытындылайтын жаңа пікір (ой қорыту) туады.
Сезімдік пен рационалдық таным бір-бірімен тығыз байланысты. Дүниені сезімсіз тану мүмкін емес, сонымен қатар ол танымның бастапқы кезеңі ғана жоғарғы рационалдық танымның негізгі бұлағы. Сезімдік таным бізгі жеке салдар, түр, құбылыс туралы білімдерді береді, ал рационалдық мазмұнды, мәнді, жалпыны, себепті, заңды анықтайды.
Сезімдік пен рационалдық танымның жалпы мақсаты білімді немесе процестер мен құбылыстарды дұрыс бейнелейтінін табу. Сондықтан, ақиқат не екенін анықтап білу және біздің санамыздың ақиқатқа барар жолын көрсету маңызды.
Ақиқат танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субъективтің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат - әлеуметтік, тарихи процесс ретінде объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы абсолютті түрде ғана өмір сүреді.
Нағыз білім ақиқат болуы тиіс. Практикалық қызметте табысқа жету үшін адамға ақиқат білім қажет. Ақиқат деп шындыққа сәйкес білімді айтады. Абстарктілі ақиқаты жоқ, ақиқат әрдайым нақты болады. Ақиқаттың нақтылығы-таным процесіне диалектикалық тұрғыдан қараудың негізгі бір принципі-таным объектісінің барлық жағдайларын мұқият ескеруді талап етеді. Мысалы, болған құбылыстың жағдайлары, орыны мен уақыты және т.б. белгісіз болса, онда тұжырымдалған пікірдің ақиқаттығын не жалғандығын анықтау мүмкін емес Объектіні белгілі бір жағдайда дәл бейнелендірген пікір басқа жағдайлардағы ол құбылыс жайын жалған болуы мүмкін. Мысалы, жеке адамға оны қоршаған әлеуметтік қатынастардан байланыссыз баға беруге болмайды.
Бір құбылыс не процесс жайындағы ақиқат та мәңгі емес. Бұл құбылыс не процесс дами отырып, басқаға айналуы мүмкін. Өйткені жағдайға байланысты ол өзгереді. Олай болса, оны бейнелендіретін ақиқат та өзгереді. Ақиқаттың нақтылық принциптері фактілер мен жеке оқиғаларға жалпы ереже, қағида тұрғысынан қарамай, нақты жағдайларды есепке алу тұрғысынан қарауды талап етеді., ал бұл догматизмге мүлде қарама-қарсы көзқарас. Қоғамдық даму процестерін талдаған кезде нақты- тарихи тұрғыдан қараудың маңызы ерекше арта түседі. Ал мұның бәрі білімнің ақиқаттығының өлшеуіші проблемасын алға тартады.Ақиқаттың өлшеуішін табу- ақиқатты, ақиқат білімді қателесуден айыруға мүмкіндік беретін обьективтік негізді табу деген сөз.
Дүниежүзілік философия тарихында ақиқаттың өлшеуішін табу мәселесі таным теориясындағы негізгі мәселелердің бірі болды. Ақиқатты жалғаннан қалай айыру керек деген сұрақ ойшылдардың бәрін толғандырып келді. Декарт, Спиноза, Лейбниц ақиқаттың өлшеуіші ретінде ойлау нәрсесінің айқындылығы мен анықтығын ұсынды. Ақиқаттың өлшеуішінің мұндай түсінігі біздің ойлауымыздың логикалық күшіне және сеніміне сүйенеді. Қабылданатын және ойланатын нәрсенің айқындылығы ақиқатты анықтауда белгілі бір өлшеуіш бола алмайды. Кезінде айқын болып көрінген көптеген ақиқататр кейіннен жалған болып шықты, мысалы, жердің жазық сияқты болып көрінуі, күн мен жұлдыздардың жерді айналуы т.б. сондай «ақиқат» еді.
Практиканы ақиқаттың өлшеуіші деп жариялаған прагматизм деп аталатын философиялық бағыт бар. Бірақ ол практиканы пайда табуға бағытталған іс-әрекет мағынасында түсінді: не нәрсе практикалық пайда келтірсе, сол бірден-бір ақиқат деп жариялады бұл идеалистік философиялық бағыт. Маркске дейінгі философтардың бәрі бірдей практика ақиқаттың өлшеуіші екенін мойындамады немесе оны тәжірибе, бақылау жүргізу мағынасында түсінді.
К.Маркс пен Ф.Энгельстің нағыз ғылыми гносеология жасауда сіңірген аса зор еңбегі сол, олар адамзаттың қоғамдық ой-пікірінің тарихында тұңғыш рет қоғамдық практиканың таным процесіндегі шешуші ролін ашып берді. Олар қоғамдық еңбек практикасы және ең алдымен өндірістік қызмет таным процесінің негізі ғана емес, сондай-ақ шешуші өлшеуіші екенін дәлелдеп берді. Қоғамдық практикада расталған теориялар ған ақиқат деп саналады. Практика өлшеуішінде абсолюттік те, салыстырмалы да кезеңдер бар, өйткені ол біздің барлық білімдеріміздің абсолюттік және салыстырмалылылық сипатын айқындап береді. Ақиқаттың өлшеуіші ретіндегі практиканың абсолюттік кезеңі мынада: қазғылап келгенде практикада ақиқатты жалғаннан, шынды өтіріктен айырып беретін бірден-бір өлшеуіш болып табылады. Ғылыми зерттеуші ұсынатын ақиқаттың қайсысы болмасын, практика растаған дәрежеде ғана шындыққа сәйкес келеді. Субьективтік идеядан адам обьективтік ақиқатқа практика арқылы барады.
Таным, білімнің формалары мен түрлері көп. Ең алдымен таным ғылыми және ғылыми емес болып екіге бөлінеді. Ғылыми емес танымның түрлеріне күнделікті тұрмыстағы танымдар, көркемөнерлер бейнелері, діни танымдар т.б. жатады. Ғылыми танымның міндеті- заттар мен құбылыстардың ішкі мәнін, олардың өмір сүру мен даму заңдылықтарын ашу Ғылым дүниетану, жалпы алғанда, рухани өндірістің қалыптасқан ерекше түрі. Оның өз мекемелері (ғылыми-зерттеу институттары, лабораториялар т.с.с.), ғылыми қауымдастықтары, зерттеу жабдықтары, ақпарат алмасу (журналдар, конференциялар т.с.с.), қаржы орталықтары т.с.с. бар. Ғылымның негізгі мақсаты адамзат қажеттіктерін өтеу жолында соған керек білімді өндіріп, оны іс жүзінде өмірде пайдалануға болатындай ғылып қайта өзгерту. Екіншіден, барлық ғылым салаларынан шығатын деректер мен тұжырымдар, теориялардың басын біріктіріп, олардың өзара байланыстарын анықтап "Дүниенің ғылыми бейнесін" жасау болмақ. Соңғының негізінде адамдардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасады. Әрине, ғылым дамыған сайын «дүние бейнесі» де өзгеріске түседі. Ғылымның даму сатыларын былайша көрсетуге болады:
1. Алғы ғылым (көне заманнан ХVI ғ. дейін)
2. Классикалық ғылым (ХУ1 Х1Х ғ. 70ж.ж.), бұл сатыға дүниенің классикалық ғылыми бейнесі сәйкес келеді.
3. Классикалық емес ғылым (Х1Х ғ. 80ж.ж. бастап ХХғ. ортасына дейін), бұл сатыға дүниенің классикалық емес ғылыми бейнесі сәйкес келеді.
4. Постклассикалық емес ғылым (ХХ ғ. ортасынан бастап осы күнге дейін) бұл сатыға дүниенің постклассикалық емес ғылыми бейнесі сәйкес келеді.
Соңғы сатыда ғылым мен техниканың дамуы "үлкен жарылысты" еске түсіреді. Бүгінгі таңдағы өндірістегі автоматикалық зауыттар, бүкіл дүниежүзін қамтыған интернет жүйесі, теледидар, ұялы телефондар, 2,5 дыбыс жылдамдығына жеткен ұшақтар (Конкорд), Ғарышта орналасқан стансалар мен жер серіктері т.с.с. қазіргі ғылым жетістіктеріне негізделген.
Осы жетістіктерге таңырқап сүйсіне қараған ойшылдар болашақта адамзаттың барлық қайшылықтары ғылымның даму негізінде шешіледі,- деген көзқарас ұстады. Мұны біз сциентистік (scіentіa,- лат. сөзі,- ғылым), я болмаса, техно-оптимистік көзқарас дейміз.Алайда, шың бар жерде, құз да барын ескеру керек. ХХ ғ. 70 ж.ж. бастап ғылым мен техниканың теріс жақтары да айқындалып (жағалай ортаның бұзылуы, климаттың өзгеруі, адамның техника құлына айналуы т.с.с.) көрсетіле басталды. Антисциентистік, техно-пессимистік бағыт ұстаған ғалымдар қазіргі ғылымды "құмырадан шығып кеткен жынға" теңеп, "енді әрі қарай жаңа өндіріс кешендерін салуды тоқтату керек, әйтпесе жердегі тіршілік оған шыдамай құрып кетеді",- деген пікір айтты. Сонда әрі қарай не істеу керек?,- деген заңды сұрақ туады. Кейбір кезде, мүмкін, Табиғаттың баласы болып, оған қарсы шықпай үндесті өмір сүрген біздің көшпенді бабаларымыз дұрыс істеген болар?,- деген де сұрақ ойымызға келеді. Әрине, ол - романтикалық көзқарас. Ғылым мен техниканың дамуын тоқтату мүмкін емес. Сонымен қатар, ғылымның жетістіктерін өмірге еңгізген кезде (ол ғылымның негізгі мақсаты), ойланып-толғанып, тек бүгінгі күннің мүддесін ғана ойлап қоймай, сонымен қатар, алыс болашаққа тигізетін оң, я болмаса, теріс әсерін сараптауға салу керек.
Ғылыми танымның жалпы әдістері мен түрлерін қарастыру үшін танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлерін ажыратқан әлбетте дұрыс, себебі әр деңгейдің өзіндік ерекшеліктері мен әдістері бар. Кең түрде алғанда, гректің "methodos",- деген сөзі "жол" деген мағна береді. Әр нәрсені жасағанда, адам оны белгілі бір үлгілер, тәсілдерге сүйене отырып істейді. Эмпирикалық деңгейде білімнің мазмұны тәжірибе негізінде жинақталады. Бұл деңгейде таным объектісінің қасиеттері мен қырлары сезімдік қабілет тұрғысынан қабылданады. Әрине, ғылым мен техниканың дамуына байланысты адамның сезімдік танымының көкжиегін әлдеқайда кеңейтетін аспаптар, құралдар, компьютерлер іске қосылып жатқанын айта кеткен артық емес. Теориялық деңгейде таным объектісінің маңызды байланыстары мен заңдылықтары тәжірибе негізінде алынған біліммен қоса абстрактілі ойлау нәтижесінде тұжырымдалады.
Бақылау сұрақтары:
1. Таным дегеніміз не ?
2. Ақиқаттың критерилері.
3. Сезімдік және рационалдық таным.
4. Ғылыми танымның мәні.
Негізгі әдебиет
1. Ғабитов Т. Философия. 2004 ж.
2. Тұрғынбаев Ә. Философия. 2005 ж.
3. Кішібеков Д., Сыдықов А. Философия. Алматы,2006 ж.
Қосымша әдебиет
1.Ғылым мен техника философиясы.ӘФМ. 20 томдық. Т.9. А.,2006
2. Таным теориясы. / Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.18.А.,2006
Дәріс 13.Философиялық антропология мен аксиологияның негіздері- 2сағат
Мақсаты: философиядағы адам мәселесі туралы философиялық концепциялар және құндылықтар туралы философиялық ілімдерді ашып көрсету.
Негізігі ұғымдар мен сөздер:антропология, ноосфера, биосфера, экология, прогресс,гендер, эвтаназия
1. Адам ұғымы.
2. Тұлға: табиғаты және мәні.
3.Құндылықтар туралы философиялық ілімдер.
Адам ұғымы.Адам - ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені, оның денесі болса да, ол ең алдымен рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы шексіздікке кетеді. Сондықтан, ғасырлар бойы қайсыбір дін “адамды Құдай жаратты” деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр.
Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар, жаратылыс танушылар да “антроптық принципті” қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын “Ұлы Жарылыстың” негізінде пайда болған Дүние - Ғарыш Әлемі - қажетті түрде сан-алуан кездейсоқтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені адамды тудырады екен.
Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан-алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны - “Homo Sapіens” саналы адам, яғни, ол - рухани пенде. Адам өз алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан-алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше-түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар.
Американ саяси қайраткері, сол елдің “Конституциясын” жасауға ат салысқан Д.Франклин адамға “Homo Faber” - құралданған адам,-деген анықтама берді. Шынында да, тек қана адам еңбек құралдарын жасап оларды үнемі пайдаланады. Мысалы, маймыл жерде жатқан бұтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. Бірақ, содан кейін ол оны лақтырып тастайды да, оған екінші рет қайтып оралмайды. Бірде-бір маймыл жасанды өз ойына сәйкес келетін құрал жасап көрген жоқ. Оны істей алатын тек қана адам.
Уақытында ұлы Аристотель адамды “Zoon Polіtіkon”- қоғами жануар - деген болатын. Ол да адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені, ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан-алуан қажеттіктерін өтей алады, яғни, қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең қатаң түрі адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатын-ды. Жаңғыз қалған адам әрі қарай өмір сүре алмай жыртқыштарға жем болады.
И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған “Homo Morales” деген анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны “нұрлы жүрек”,- десе, Шәкәрім “үш анықтың” біреуіне жатқызды. Егер де адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жан түршігерлік сайтанға айналар еді. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды адамның қаситеті оның ар-ұжданы. Қиын-қыстау жағдайда нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австрия ғалымы В.Франкл Құдайды Ғарыштан, тіпті оның әр жағынан іздеу керек емес, ол адамның ішіндегі оның ар-ұжданы деген ғажап ой айтады.
“Homo Aestetіcus” сұлулыққа ұмтылған адам - деген анықтама да адамның ғажап жағын бізге көрсетеді. Адам дүниедегі кез келген нәрсенің әсем жағын байқап одан ләззәт алатын пенде. Ыстық жаз күндердің бірінде күннің орасан-зор қан-қызыл түсте батуы ешкімді де немқұрайды қалдырмайды. Керісінше, ол бізге шабыт беріп шығармашылыққа, табиғаттың кереметтігін мойындауға, оған бас иуге итермелейді. “Әсемдік Дүниені сақтап қалады”,- деген Ф.Достоевскидің нақыл сөзі жоғарыдағы ойлардан шықса керек. Біз болсақ, тек қана ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені, өкінішке орай, бүгінгі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сәйкес келмейтін сұлулық жиі кездеседі.
Голландия ойшылы И.Хейзинга адамға “Homo Ludens” ойнайтын адам деген ат қойып, сол жөнінде көлемді еңбек жазды. Адам өз өмірінің шеңберінде жүздеген әлеуметтік рөлдерді ойнайды. Мысалы, ол - әке, жұмыста есепші, біреудің жолдасы, я болмаса, туысы, саяси партияның мүшесі, ауладағы футбол командасының капитаны т.с.с. Әрбір рөлдің мазмұны мен әлеуметтік нормалары өзгеше. Тіпті өлер алдында адам сол рөлді ойнап, ол да болса оны қоршаған жақындарына өнеге болып қалады. Сонымен, рөлдер тек театр сахнасында ғана ойналып жатқан жоқ, ол бүкіл жер бетінде адамдар бар жерде жүріп жатыр. Ал жануарларға келер болсақ, олардың күшіктері бір-бірімен ойнап өз табиғи инстинктерін оятады, уақыт өтіп есейген сәтте олар тоқталады.
“Homo Erectus” тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мазмұны бар екенін байқаймыз. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа ешқандай теңдесі жоқ - адамның қолына айналады. Адам өз қолдарымен 2000-нан артық әртүрлі нәрселерді жасайды екен !!! (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Егер де жер бетіндегі адамдардың бәрі де жойылып, тек бір ғана адамның қол сүйегі қалса, соған қарап, Ғарыштан ұшып келген саналы пенделер осы жер бетінде ақыл-ойдың, рухтың болғанын байқар еді !!! Өйткені, адамның қолы рухтың дүниеге келу барысындағы сонымен бірге қалыптасқан туындысы.
Француз ойшылы Э.Кассирер адамға “Homo Sіmbolіcus”- нышан, белгі жасайтын адам деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда символға қайсыбір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыз-дастандар, дін, өнер қағидаларын, неше-түрлі өмірдегі кездесетін белгілерді (мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл кірпіш көрсетілген дөңгелек белгіні көргенде, біз тоқтап әрі қарай жүрмейміз) т.с.с. жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер, көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, мысалдардың т.с.с. әр жағында неше-түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы, Прометей бейнесі бізге нағыз адамды сүйу (гуманизм), ал Сизиф болса нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу мөлдір махаббатың символдары ретінде көрінеді.
Ф.Ницше адамға “уәде беретін жануар”, Ж.Ж.Руссо “бұзылған жануар” деген анықтама берген болатын.
Адам сондай күрделі, сан-қилы пенде болғаннан кейін оған беруге болатын анықтамаларды жалғастыруға болады. Мысалы, адам “күле алатын”, “жылай алатын”, “өлетінін білетін” т.с.с. пенде. Бірақ, У.Оккамның ұстарасы “мән-мағнаны қажеттіктен тыс көбейту керек емес”,- дейді. Олай болса, жоғарыда көрсетілген адамның қасиеттеріне негізделе отырып, оған біршама көлемді анықтама беруге мүмкіндік келген сияқты. Адам санасы арқылы Дүниені танып-білетін, соның нәтижесінде еңбек құралдарын жасап, өзара бірігіп, қоршаған жағалай ортаны өзгертіп, саналуан қажеттіктерін өтей алатын пенде,- дер едік. Ал, жоғарыда көрсетілген және басқа да адамдардың сан-алуан қасиеттерін осы анықтамадан бірте-бірте шығаруға болады.
Адамның дүниеге келу мәселесі. Адамның Дүниеге келу мәселесі - ғылымдағы ең терең құпиялардың бірі. Біз оны Дүние, болмыстың өзінің пайда болу мәселесі мен жалпы тіршіліктің жер бетіне келуімен пара-пар келетін мәселе дер едік. Осы аталған үш тұңғиықтың біреуіне тереңдеп көрелік.
Философия тарихында мыңдаған жылдар бойы кең таралған теологиялық тұжырым адамды Құдайдың жаратқан пендесі ретінде түсінеді. Христиан діні тіпті адамды Құдай өз бейнесі мен ұқсасты ғылып жаратты деген тұжырым айтады. Сондықтан, оның санасы, рухы бар және сол себепті ол табиғаттың әміршісі болуы керек,- дейді. Әрине, соңғы қағида адамның тәкәппарлығы мен өркөкіректігін тудыруы ғажап емес. Бүгінгі Еуро-Атлантикалық цивилизацияға көз жіберсек ол соның дәлелі болмақ.
Ислам діні Алла-тағала адамды саналы ғылып жаратқанмен, осы фәниде басқа тіршіліктердің арасынан өз орнын табуға шақырады, Ол оған табиғат әміршісі бол демейді.
Буддизмге келер болсақ, ол адамды тек қана рух ретінде түсініп, олай болса, материалдық құндылықтардан үзілді-кесілді бас тартуға шақырады, өйткені, рух материядан жоғары.
Әрине, адам жөніндегі теологиялық көзқарасқа осы уақытқа дейін миллиондаған адамдар сенеді, сондықтан, онымен санаспауға болмайды. Теологиялық тұжырым ешқандай дәлелдеуді талап етпейді, тек қана осы мәселе жөніндегі діни құжаттарға толығынан сену қажет. Алайда, бүгінгі таңдағы адамзаттың біраз бөлігі оған сенбей, ғылыми деректерге сүйенген тұжырымдарды талап етеді.
Екінші мутациялық тұжырым осыдан 5 млн. жыл бұрын болған шынайы оқиғаға сүйенеді ол Еуро-Азиялық құрылық пен Африканың бір-біріне соқтығысуы, соның нәтижесінде жердің жоғарғы қабатына радиоактивті заттар шығып бүкіл тіршілікті өз сәулелерімен улап, тұқым қуу механизмдеріне залалын тигізуі. Нәтижесінде, бізді тудырған адамға ұқсас маймылдар әлсіз, инстинктері сөнген ұрпақтарды дүниеге әкеле бастайды. Оларды, біріншіден, көп жылдар бойы тәрбиелеу керек болды, екіншіден, сөнген инстинктердің орнына олардың миы тез өсіп сананың пайда болуына әкелді. Бір қарағанда, мұндай болжау қызықты және ғылыми деректерге негізделген сияқты. Алайда, мутация үрдістерімен айналысып жүрген экологтар мен генетиктердің жеткен нәтижелері бұл тұжырымға теріс баға береді. Бүгінгі таңдағы зерттеулер бірде-бір радиациялық мутацияның оң нәтиже бермейтінін, ол тек организмнің құлдырауына әкелетінін көрсетеді (Семей полигоны, Арал теңізі маңындағы экологиялық апаттың құрбандары, олардың мутацияға түскен сәбилері осы ащы шындықты дәлелдейді).
Үшінші - Ғарыштық тұжырым адамды бізден де жоғары “ғарыштық зерде” жаратты,- деген дәлелдеуі жоқ қиял айтады.
Енді ғылыми деректерге негізделген реалистік тұжырымды талдайық. Оған алғаш рет жол ашқан ағылшын ғалымы Чарльз Спенсер Дарвин болды. Өзінің дүниежүзілік сапар шегу барысында көне заманнан қалған адамға ұқсас маймылдардың сүйек құрылысын зерттей келе адамның маймылдан эволюциялық үрдістің нәтижесінде жаратылғаны жөнінде тұжырым айтты. Сол кездегі қоғамдық пікірге ол жарылған бомбадай болды. Дегенмен де, бұл пікір бірте-бірте ғылымда өз орнын тауып, оны дамыған теоретикалық қағидаға айналдырған Ф.Энгельс болды. Ол адам мен қоғамның біруақытта бір-бірімен байланысты түрде дүниеге келгенін айтады. Философиялық тілде оны антропосоциогенез деген ұғыммен береді. Бұл үрдістің шын мәні биологиялық қозғалыс формасынан әлеуметтікке секіріс арқылы өту болатын-ды.
Миллиардтаған жылдар бойғы даму барысында жер бетінде тіршіліктің миллиондаған дамыған формалары бір-біріне тығыз байланысты түрде дүниеге келіп, өзінің ең биік мәресіне - “ақылды жануарларға” дейін жетті. Оларға маймыл, ит, піл, жылқы, дельфин т.с.с. жануарларды жатқызуға болады. Олардың кейбіреуі өз даму барысында нақтылы түрде ойлау (жасап - қателесу арқылы) , өз өмір шеңберінде бірдемеге үйрену, жағалай ортаға ыңғайлы түрде бейімделу мүмкіндіктеріне жетеді. Зоологиялық күшке негізделген үйірлік өмір сүру түрі дүниеге келеді. Бұл биологиялық өмір сүрі тәсілінің жеткен ең биік шыңдары еді оның шеңберінде әрі қарай жетілудің мүмкіндері толығынан сарқылып біткен болатын.
Енді әрі қарай жетілу үшін әлеуметтік және дүниені идеалды түрде бейнелей алатын сана, рухтың дүниеге келуі қажет болды. Міне, мұндай мүмкіншілік табиғаттың күрт өзгеруімен байланысты өмірге келді. Жер бетінде ауа райы өзгеріп, ну ормандар сиреп, ақырында маймылдар жер бетіне түсуге мәжбүр болды. Нәтижесінде, олар артқы екі аяғына тұрып, алдыңғы аяқтарымен жердегі жатқан кепкен бұтақты, тасты т.с.с. алып пайдаланды. Бірте-бірте маймылдың алғы аяқтары адамның қолына ұқсас бола бастады.
Бұл өзгерудегі шешуші нәрсе еңбек құралдарын жасап, оларды үне бойы пайдалануда еді. Өйткені, “бірде-бір маймыл ешқашанда бірде-бір еңбек құралын жасап көрген жоқ”,- дейді Ф.Энгельс.
Еңбек құралдарын жасау және оны пайдаланып еңбек ету басқалармен бірігіп қана іске асатынын байқадық. Миллиондаған жылдар бойы үйір негізгі қауымдасу формасы болғанын білеміз. Әрине, ол жартылай биологиялық, жартылай әлеуметтік құбылыс болса керек. Антропологтардың пайымдауы бойынша, осыдан 40-50 мың жыл бұрын үлкен секіріс болып - үйір руға айналады, нағыз таза әлеуметтілік дүниеге келеді. Міне, осы уақыттан бастап қазіргі адам толығынан қалыптасып (кроманьон адамы), оның жер бетіндегі тарихы басталады. Рудың шеңберінде бұрынғыдай ретке келтірілмеген жыныс қатынастары жойылады, өйткені, бәрі бір-бірімен қанға негізделген туыстықта. Егер де алғашқы үйір өз-өзіне жеткілікті құбылыс болса, енді рулардың арасында жан-жақты қарым-қатынас пайда болады. Оның негізінде болашақ ұрпақтарды жалғастыру мәселесі жатты: ол үшін “қыз алу, қыз беру” керек болды, құдалық рәсімдер, неше-түрлі әдет-ғұрыптар тез уақытта пайда болып, қалыптаса бастайды.
Тек рудың шеңберінде ғана нағыз адами махаббат сезімі дүниеге келеді, өйткені, ұнатқан қызы, я болмаса, жігіті жанында емес, алыста, - басқа руда. Сондықтан ол оны аңсап, қиял-арманға шомылады, бір сәт болса да көзінің қиығымен көріп қалғысы келеді, сүйіктісін дүниедегі ең әсем сұлуға теңеп өз шығармашылық шабытын оятады.
Моральдық қағидалар мен құндылықтар да рудың шеңберінде қалыптаса бастайды. Егер де үйірдің шеңберінде біреу аяғын сындырып алса, ол өлер еді,- оған ешкім көмектеспейді. Рудың шеңберінде өзара көмек беру, аяу, жақсы көру, қорғау, қамқорлық көрсету т.с.с. моральдық құндылықтар мен сезімдер пайда болады.
Үйірдің руға айналуын түсіну - қоғам тану ғылымдарындағы ең қиын мәселелердің бірі. Уақытында Ф.Энгельс “гносеологиялық тұжырымды” ұсынған болатын. Оның ойынша, алғашқы адамдардың сана-сәзімі өскен сайын олар қаны жақын адамдардың жыныстық байланысы жаңа ұрпақтарды әлсірететінін байқап, үйірдің ішіндегі жыныстық қатынастарға тиым салады. Сол себепті үйір руға айналады. “Тотемдік” және З.Фрейдтің “әкені өлтіру” тұжырымдары да терең қарағанда гносеологиялық негіздеуге жақын. “Тотемдік” тұжырым “біздің шыққан тегіміз неде?”,- деген сұраққа жауап беруді талап етеді, ал “әкені өлтіру” де балалардың арасындағы жақындықты сезінумен байланысты. Бүгінгі таңда біршама этнографтар мұндай көзқарастарды сынға алады.
Біздің ойымызша, шындыққа жақын “бейбіт өмір қажеттігі” жөніндегі тұжырым болса керек. Ол және де біршама тарихи деректерге негізделген. Алғашқы үйірлер тұрақталған жерлерде археологтар бір мәнермен өлтірілген адамдардың сүйектерін табады. Оларды арт жағынан байқатпай келіп таспен басына ұрып өлтірген. Жүргізілген зерттеулер өлгендердің бәрі де еркектер екенін көрсетті. Осыдан ғалымдар оның себебін әйелдер үшін талас арқылы болғанын болжайды. Еркектердің санының азайуы - олар негізінен аңшы болғаннан кейін - аштыққа, тіпті үйірдің құрып кетуіне әкелетін қатер туғызады. Сондықтан, бейбіт өмір қажеттігі үйірдің ішіндегі жыныс қатынастарына тиым салуға мәжбүр етіп, нәтижесінде, үйір руға ауысады.
Міне, қисындық жолмен, кейбір тарихи деректерге сүйене отырып біз адамға ұқсас маймылдардың (архантроптардың) адамға айналу жолын көрсеткен тәріздіміз. Әрине, көп нәрселер әлі күңгірт екенін жасыруға болмайды. Мысалы, сонау Зинджантроптан бастап (2 млн. жыл бұрын өмір сүрген, Оңтүстік Африкадан табылған)) Синантроп (қытай адамы), Явандық (Ява аралынан табылған), Еуропада Гейдельберг, Неандерталь адамымен Кроманьонға (қазіргі адам) дейінгі уақыттың шеңберінде өмір сүрген көп өтпелі түрлердің сүйектері әлі табылған жоқ. Дегенмен де, жоғарыда көрсетілген болжамның өміршеңдігіне сенгіміз келеді.
Адамның биологиялық және әлеуметтік табиғаты
Адам - қайшылықты пенде. Оның бір жағынан - денесі, екінші жағынан сана, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, жылу, қоректену, ұрпақ жалғастыру т.с.с. қажет. Сонымен қатар, ол дүние жөнінде ойланады, өмірде өз орнын іздейді, шаттанады, қайғырады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егер де жануарды оның инстинктері итермелесе, адам өз инстинктерін әлеуметтік нормаларға бағындырады, ол - өз-өзін бақылауға ала алатын пенде. Десек те, адамның бұл ішкі қайшылығы философияда әр-түрлі шешіледі. Мысалы, Орта ғасырлардағы діни философияда адамды рух ретінде өте биік деңгейге көтеріп, дене ретінде құлдыратып, тіпті жануарлардан да төмен қояды.
Жаңа дәуірдегі философияда бұл мәселе жөнінде бір-біріне қарсы тұрған биологиялық және әлеуметтік редукционизмді (негіздеу) келтіруге болар еді.
Бірінші тұжырымда адам дене құрылысының ерекшеліктері асыра бағаланып, олар оның ішкі мән-мағнасын анықтайды деген пікір қалыптасқан. Оған нәсілшілдік, ломброзияндық, әлеуметтік-дарвинизм, әлеуметтік биология бағыттары жатады.
Нәсілшілдікке келер болсақ, оның тарихи пайда болған ең біріншісі ақ түсті адамдарды асыра бағалап, қалғандардың бәрін артта қалған, табиғи дарындары мен қабілеттері төмен,- деп түсінеді. Қара нәсілшілдік - отарланған Африка континенті халықтары өз бостандығын алғаннан кейін олардың ұлттық сана-сезімі өсуімен байланысты “негритюд” сияқты ілімдерде кездеседі. Ол қара адамдардың дүниені ақыл-оймен емес, сезім, инстинкт арқылы терең игеруі, әуендегі ритм мен спортқа деген басқалардан гөрі қабілеттерінің молдығы т.с.с. мақтан етеді.Сары нәсілшілдік те ақтарды “піспеген”, қараларды “күйіп кеткенге” теңейді.
Бүгінгі таңдағы жаһандану заманында, елдер мен халықтардың бір-бірімен терең қатынастарға түсуі, бір-бірінің жетістіктерімен бөлісуі қайсыбір нәсілшілдікті тамырынан шабады. Бүгінгі уақыттың қойған “Талабына” барлық халықтар өзіне тән “Жауап” іздеуде. Өндіргіш күштерді қазіргі замандағы ғылым мен техниканың жетістіктеріне сәйкес дамытқан елдер ішінде Оңтүстік Африканы (қаралар), Жапонияны (сарылар), Германияны (ақтар) мысал ретінде келтіруге болар еді. Спорт, әуен, өнер, сәулет т.с.с. қоғам салаларын алсақ, онда да осындай жағдайды аңғаруға болады. Ең соңында, олардың түп-тамыры бір екенін генетикалық тұрғыдан дәлелдеуге болатын сияқты. Мысалы, ақ пен қара қосылған жанұяда өмірге келген сәбиді мулат дейміз. Ал, сары мен ақтың баласы метис аталады. Бұл әр-түрлі нәсіл өкілдерінің бір-біріне генетикалық деңгейдегі сәйкестігін көрсетеді. Қайсыбір қарапайым өмірде сирек болса да кездесетін нәсілшілдік сол адамның надандығын, я болмаса, ұлтшылдық пиғылын көрсетсе керек.
Өткен ғасырдың басында Чезаре Ломброзо деген итальяндық психиатр, антрополог,- түрмедегі адамдардың дене құрылысын зерттей келе қылмысқа баратын адамдардың биологиялық табиғаты қазіргі адамның деңгейінен төмен болуымен байланысты,- деген пікір айтқан болатын. Мұндай көзқарас уақытында біршама заңгерлер, дәрігерлер мен психиатрлар арасында қызу айтыстарға әкеліп, ломброзиандық деген ағымды тудырды. Ч.Ломброзо мысал ретінде ондай адамдардың төменгі жақ сүйектері үлкен, маңдайы қысқа, қабақтары бір-бірімен қосылып кеткен, көздері терең орналасқан, қолдары ұзын т.с.с.,- дейді. Ол мұндай дене құрылысы бар адамдар әлеуметтік ауытқуға, әсіресе, қылмыстыққа өте жақын,- деген пікір айтады. Бұдан кейін жүргізілген зерттеулер бұл пікірдің жалған екенін айқындады, өйткені, қылмыстық - негізінен алғанда, әлеуметтік құбылыс. Дегенмен де, кейбір адамдарға мұндай пікір осы уақытқа дейін өз әсерін тигізуде.
Әлеуметтік дарвинизм бағыты да қоғам өмірін адамдардың өмір сүру үшін күресінен, табиғи таңдау, тұқым қуушылықтан көреді, яғни биологиялық эволюционизм заңдылықтарын қоғамға таңады.
Социобиологияға келер болсақ, олар жоғарғы дәрежеде ұйымдасқан жануарлардың да әлеуметтік қасиеттерінің бар екенін айтады. Мысалы, жануарлардың альтруистік инстинктері (баласын қорғап қалу жолында өз өмірін беруге дайындығы, оған деген қамқорлығы, үйір шеңберіндегі өзара көмек беру т.с.с.) Ч.Дарвиннің ашқан биологиялық эволюционизм принциптеріне қайшы келеді. Расында да, тек қана жеке организмнің жағалай ортаға бейімделіп өмірін сақтап қалуынан үйір шеңберіндегі өзара бірігіп іс-әрекет жасау туындамайды. Бұл пікірмен келісуге болады. Сондықтан, олар эволюциялық үрдіс тиімді жүру үшін жеке организм мен қатар үйір болып жағалай ортаға бейімделу қажеттігін көрсетеді. Олай болса, олар әлеуметтіліктің алғашқы негіздері үйірдің шеңберінде пайда болатыны жөніндегі қорытындыға келеді. Мұндай көзқарас даму тұжырымына қайшы келмейді, өйткені қайсыбір жаңаның ұрығы ескінің ішкі шеңберінде пайда болады. Бірақ, мұндай қорытудан қоғамдағы құбылыстардың іргетасты негізі биологиялық үрдістерде жатыр деп есептеу жалған болар еді.
Енді әлеуметтік редукционизмге келер болсақ, оның шынайы өкілі ретінде марксизмді келтіруге болады. Бұл ілімдегі түсінік бойынша, адамның терең мәнін нақтылы түрде қалыптасқан “қоғамдық қатынастар жиынтығы” құрайды, яғни, ол - оның әлеуметтілігінде. К.Маркстің жасаған коммунизм ілімінің негізгі іргетастарының бірі ретінде осы адам жөніндегі тұжырымнама жатыр. Коммунистік қоғамда тек қана биік дәрежеге жеткен өндіргіш күштер ғана емес, сонымен қатар, “жаңа адам” дүниеге келеді, өйткені, қоғамдық меншікке негізделген адамдар арасындағы қатынастар мен байланыстар оны қажетті түрде тудырады. Сондықтан да, ол қоғамда саяси-құқтық сала (мемлекет, құқық, түрме, тергеу мекемелері т.с.с.) керек болмай қалады, адамдар тек моральдық құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді.
Осы айтылған “жаңа адамды” қалыптастыру жолында тарих қойнауына кірген Кеңес Одағында ондаған жылдар бойы халық арасында миллиондаған лекциялар мен сұхбаттар жүргізіліп, қаншама арнаулы тәрбие жұмыстары жасалса да, ол сол бұрынғы адам болып қала берді…
Бүгінгі таңдағы ғылымда адамның био-әлеуметтік табиғаты мойындалды. Адамның дене ретіндегі өмір сүруі биологиялық заңдарға тәуелді. Күнбе-күнгі өмірімізде адамдардың табиғат өзгерістеріне тәуелді екенін емші болмасақ та байқауға болады (ауа қысымының өзгеруі, геомагниттік дауылдар, күн сәулесінің күшейуі т.с.с. табиғи құбылыстардың адамға тигізетін ықпалы). Адамның өмір сатылары да биологиялық заңдарға тәуелді ( өмірге келу, балалық, жастық шақтар, ересек өмір, кәрілік, дүниеден озу). Әрбір адамның тарихтағы қайталанбастығы да оның әке-шешесі арқылы берілген генетикалық ерекшелігінде жатқанын да мойындамасқа болмайды. Мұндай деректерді жалғастыра беруге болар еді.
Сонымен қатар, адамның өмір сүруі мен қалыптасуы, дамуында әлеуметтік факторлардың орасан-зор рөлін көрсетпесе тағы да болмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық қоғамда адамның орта жасы 25-те болса, қазіргі дамыған қоғамдарда ол көрсеткіш 75-78-ге келді. Егер әуенге деген аса дарыны бар сәби дүниеге келсе, оған арнаулы білім беріп, оны әлпештеп өсірсе, ол ұлы композитор, я болмаса, орындаушы болуы мүмкін. Бірақ, ондай жағдай жасалмаса, оның дарыны сөніп, ең дегенде “ауылдың домбырашысы” ғана болып қала береді..
Адамзаттың ғылыми-техникалық орасан-зор қарқынмен дамуы бүгінгі таңда адам өміріне бұрынғы-соңды болмаған қауып-қатерлерді тудыруда. Бірінші күрделі мәселе жан-түршігерлік күші бар соғыс қару-жарақтардың жыл сайын жаңа түрлерінің пайда болуында. Егер бұрын жеке адамдар өлгенімен, бүкіл адамзат өмірде қала беретініне ешкім күмәнданбайтын. Бүгінгі таңда адамзат толығынан құрып кетуі мүмкін. Ол әрбір адамды алаңдатып отыр.
Екінші үлкен қауып экологиялық апаттың бүкіл жер бетінде етек алып кету мүмкіндігі. Өйткені, лас ауа мен суға қоятын мемлекеттік шекара жоқ!! Бүгін адам өмір сүруінің екі жағы бір-біріне қайшы келді. Бір жағынан, біз Табиғаттың ажырамас бөлігіміз, Ол біздің арғы анамыз. Екінші жағынан, саналы адам алдындағы жатқан Дүниені танып-біліп өз мүдделеріне сай өзгертеді. Сол себепті көп жерлер ластанып, өсімдіктер мен жануарлардың біршама түрлері өмірден келмеске кетті, Табиғат әлсіреуде.
Табиғаттың байлығы шексіз, одан қаншалықты алсаң да азаймайды,- деген бұрынғы заманда қалыптасқан пікір жалған болып шықты. Табиғат алдымыздағы жатқан “жағалай орта” ғана емес, ол біртұтас орасан-зор организм, “Үлкен Жүйе”, оның ішіндегі барлық элементтер бір-бірімен миллиардтаған жылдардың ішінде тиімді байланыс құрды. Адамзаттың өзі осы жүйенің ішінде белгілі бір орын алады. Сондықтан, адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өз-өзін құртып алуы мүмкін.
Жоғарғы айтылған қауып-қатерлерден кем емес, бірақ-та қоғамдық сананың назарына әлі дұрыс ілікпеген үлкен мәселе адамның тұлға ретіндегі био-әлеуметтік табиғатын сақтап қалуы болып отыр. Кейбір ғалымдар оны “антропологиялық дағдарыс”,- дейді. Оның терең мәні адамзат жыл сайын ғылым мен техниканың жетістіктеріне сүйене отырып, өз Дүниесін күрделентуде. Ол оның жақсы жақтарын пайдаланғанмен, өмірге келеңсіз, өз табиғатына қарсы жатқан салдарларды тудырып, көп жағдайларда оны бақылай алмай қалады. Адам Дүниені қаншалықты терең өзгерткен сайын, соншалықты теріс әлеуметтік факторлар пайда болып оның өмір сапасын төмендетеді. Дүниенің тез қарқынмен дамуы адамды өз ұлтының әдет-ғұрыптарынан айырып, басқа мәдени үлгілерді игеруге, “ол жақта, я болмаса, бұл жақта да емес” маргиналдық ақуалға әкелетінін бүгінгі таңдағы реформа барысында көріп жүрміз.
Қорыта келе, адамның биологиялық және әлеуметтік жақтарын ажыратпай бір-бірімен байланыстырып қарау керектігін баса айтуымыз қажет.
Адам өмірінің мән-мағнасы
Адам дүние жөнінде неше-түрлі ұғымдар мен бейнелерді тудырып, солар арқылы кеңістік пен уақыттың шектеуінен ой арқылы шығып кету дәрежесіне көтеріледі. Ол заттар мен құбылыстардың ішкі сырын аша алатын пенде. Ол неше-түрлі рухани құндылықтарды басшылыққа алып өмір сүреді, сонымен қатар, оларды жойып, тіпті өзін жойып жіберетін кездер де болады. Ең соңында, адам өз-өзін бақылап, баға беріп, өзімен өмір мен өлім жөнінде сұхбаттаса алатын пенде. Егер жануарлар өз табиғатына сай өмір сүрсе, адам алдында “мен неге дүниеге келдім?”, “не үшін өмір сүруім керек?”, “қалай өмір сүруім керек?”,- деген т.с.с. сұрақтар пайда болады. Оның себебі жоғарыда көрсетілген адамның ішкі рухани өмірінде жатыр. Міне, бұл қойылған сұрақтар адам өмірінің мән-мағнасын анықтауға итереді.
Адам өз өмірінде, басқа тіршіліктер сияқты, әр-түрлі қажеттіктерін өтейді. Жаңғыз ғана дәулетке жету адамды қанағаттандырып, оның өмірінің мән-мағнасын құрай алмайды. Оның сыртында талай рухқа негізделген адамның қажеттіктері тұр. Уақытында американ ғалымы А.Маслоу адам қажеттіктерінің төменнен жоғары көтерілетін тізбесін жасаған болатын. Ең төменгі - іргетасты физиологиялық (тамақтану, тыныс алу, қозғалу, киім, баспана т.с.с.) жыныстық (дүниеге ұрпақ әкелу) қажеттіктер. Екінші экзистенциалдық қажеттіктер (қауыпсіздік, ертеңгі күнге деген сенімдік, өмір сүру жағдайларының және қарым-қатынасқа түсетін қоршаған адамдардың тұрақтығы т.с.с.). Үшінші - әлеуметтік қажеттіктер ( басқа адамдармен бірігіп, қарым-қатынасқа түсіп, солардың сый-сияпатына ие болу). Төртінші - престиждік, яғни, беделді басқалардың назарына ілігу, еңбек сатыларымен жоғарылау, жоғары тұлғалық бағаға ие болу т.с.с. Бесінші рухани қажеттіктер - шығармашылық арқылы өз мүмкіндігіңді өмірге еңгізу, іске асыру.
А.Маслоудың ойынша, төменгі қажеттіктер өтелмейінше жоғарғылар әлі де болса адамға қызықты емес. Өтелген қажеттіктер өз күшін жойып, адамды жоғарғы қажеттіктерді игеруге итермелейді. Егер де төменгі қажеттіктерді өтеу - қоғамның даму деңгейіне байланысты - қиын мәселеге айналса, ол адам өмірінің негізгі мән-мағнасына айналуы мүмкін. Бүгінгі таңда қаншама адам “нан табу” мәселесінің шеңберінен шыға алмай жүр?! Оны тарихи қалыптасқан қоғам өмірінің кемшілігі ретінде қарау жөн болар.
Сонымен, өмірдің ең биік мән-мағнасы шығармашылық сатыға көтеріліп, өз қабілеттеріңді іске асыру, соның арқасында өз тұлғаңның ерекше орнын анықтап, қанағаттану болмақ. Ондай адамға тән нәрселер:
өмірдің әрбір күнін теңдесі жоқ сый ретінде қуанышты сезіммен қабылдау;
басқаларды өзіңді сияқты бағалап қабылдау;
басқаларға тәуелді болмау, әр мәселе бойынша өз пікіріңді көрсете білу, өзгелердің пікірін де қабылдап сыйлау;
өз таңдаған ісіңді сүю, шығармашылық деңгейінде игеру;
үне бойы өз қабілеттеріңді әрі қарай дамытуға тырысу;
мақсат-мұратқа жететін құралдарды таңдау, жақсылық пен жамандықты, сұлулық пен айыра білу;
қай жерде болмасын өзіңді қарапайым күндегідей ұстай білу; т.с.с.
Адам өмірінің мән-мағнасы жөнінде арнайы еңбек жазып құнды пікірлер айтқан ХХ ғ. өмір сүрген австрияның ұлы ойшылы В.Франкл болды. Ол бүгінгі адамның өмір ақуалына тоқтала келе оның қиындығы жөнінде сыр шертеді. Бүгінгі адам жануарлар сияқты инстинкттің, кешегі қоғамдағы сияқты әдет-ғұрыптың талабына сай өмір сүре алмайды. Сондықтан, ол басқалар сияқты болғысы келеді (конформизм), я болмаса, басқалардың айтқанын істейді (тоталитаризм). Ол оның рухани дағдарыста екенін, өмірдің мән-мағнасын әлі таба алмағанын көрсетеді. Нәтижесінде, адам “экзистенциалдық вакуумға” (өмір сүрудегі мәнсіздікке) келіп тіреледі. Ондай адам әлеуметтік аномияға (ауытқуға) ұшырауы мүмкін. Олар: нашақорлық, ішімдікке салыну, қылмыстыққа бару, құдай іздеу жолына түсу, өз-өзін өлтіру (суицид) т.с.с. Батыс қоғамында кең тараған жалған көзқарас ретінде В.Франкл өмір мәнін байлықтан іздеуді келтіреді. Мысалы, әке-шешесі өз баласына барлық жағдай жасап, не қалағанын алып береді де, оның алдындағы өз борышын орындағандай сезінеді. Ал ол баланың ішкі жан-дүниесі қандай, ол кім болғысы келеді, нені қиялдайды т.с.с. оған көңіл бөлуге олардың қолдары да тимейді. Ақырында, киімі көк, тамағы тоқ бала көзді ашып-жұмғанша ересектік сатыға келеді. Балалық қиялдарының бәрі артта, ерекше тұлғалық дәрежеге көтерілген жоқ, өмірден өз орнын таба алмай қалды. Не істеу керек? бұл сұраққа ол жауап бере алмайды. Бұл қиын ақуал кездейсоқ біреудің нашаны ұсынуымен аяқталады. Ол оны қабылдап - өз армандарын орындаған сияқты тәтті сезімге шомылады…
Осы араға келгенде біз үлкен экзистенциалдық мәселеге - өлім мен өлместікке келіп тірелдік.
Адамның өлімі мен өлместігі
Мәселеге терең қарағанда, өмірдің мән-мағнасы болуының өзі оның өліммен бітетінінде болса керек. Расында да, біле-білген адамға өмірдің шектелгені әрбір күн мен жылды, минут пен сағатты бағалауға, тиімді жұмсауға итереді. Антик дәуіріндегі стоиктер “Өлімді есіңнен шығарма !”,- деген болатын. Оның терең мәні - өз өміріңде әр іс-қимыл, басқа адамдарға деген қатынастар, айтайын деген сөзіңді өмірдің соңындағы сияқты сезінуде. Мұндай өмірлік бағытты ұстау - адам өміріндегі қайсыбір уақиғаны терең сезініп-тебіренуге, мейлінше мазмұнды өмір сүруге әкеледі. Жайшылықты өмірде байқалмайтын кіші-гірім нәрселерге көңіл бөлініп, Дүниенің ғажаптығы айқындалып сезіледі.
Кезінде Ұлы Платон философия ғылымы бізді абыроймен өлуге үйретеді,- деген болатын. Бұл пікірге толығынан қосылуға болатын сияқты. Кейбіреулер өмірінің жартысын “гүлге қонған көбелек” сияқты өткізіп, қырыққа келіп, ақылы тоқталған кезінде өз алдына өмірлік мақсаттар қойып, оны асыға істей бастайды. Бірақ, көп жағдайда “Ұлы мәртебелі Табиғат” оларды аяқтауға уақыт бермейді. Ондай адам өлер алдында бұлқан-талқан болып, бүкіл ағайын-туғандарын тік тұрғызып, көп жағдайда азапқа салады. Ондай адамға өлер алдында “Әттең-ай!”,- деген өкініш келіп, сол аянышты сезіммен өмірден кетеді.Екіншілерге өлім үрейін аттап өтуге діни сенім көмектеседі. Олар тәні болмағанмен, жан-дүнием мәңгі өмір сүреді,- деген үмітпен өмірмен қоштасады.
Үшіншілер бұл күйбең өмірде ішіп-жеу, ойын-сауық құру, әр сәттен ләззәт алудан басқа еш нәрсе жоқ,- деген өмірлік бағыт ұстайды. Бірақ, оқтын-оқтын мешітке барып (кім біледі, мүмкін Аллатағала бар шығар,- деген ой кейбір кезде оның жүрегін сыздатады) садақа беріп, намаз оқытады. Бірақ, бәрібір ол болашақ өлімнің мұздаған лебінен құтыла алмай, жаны түршігеді.
Енді Платонның айтқан философиялық дайындығы бар адамға келсек, ол өз өмірін бүкіл Табиғаттың, Ғарыштың өмірімен байланыстырып, өзін телегей-теңіздегі бір ғана тамшы ретінде сезінеді. Ол оны үлкен тебіреніске әкеліп, өлім өмірдің соңында келетін заңды табиғи үрдіс екеніне көзі жетеді. Ондай адамды өлім үрейлендіре алмайды.
Бесінші адамдар өз тағдырының шеңберінде тырысып бағып өмірдің шаттығын да, зардабын да толығынан басынан өткізіп, бұл өмірде өзіне тән із қалдыру жолында бар күш-қуатын аямай жұмсап, өлім алдына өмірден шаршаған сияқты сезіммен келеді. Ол өз өмірін толығынан аяқтады. Ешқандай өкініш жоқ. Орындалмаған армандар болғанның өзінде, ол оны табиғи заңдылық ретінде түсінеді. Ол нағыз адам. Ондай адам көп жұрттың есінде мәңгілік қалады.
Соңғы жылдары Батыс университеттері мінбелерінде “аутоназия” (auto - өзім, nazіa - өлім) мәселесі қызу талқылануда. Орыс әдебиетінде бұл терминді өз тілдеріне жақындатып “эвтаназия”,- дейді. Әңгіме адамның өз еркімен қоғамның көмегі арқылы бұл дүниеден кетуі. Яғни, оның “суицидтан”- өзін-өзі өлтіруден айырмашылығы ол қоғамның рұқсаты және көмегімен өз қалауы бойынша дүниемен қоштасады. Тәндік-сезімдік ләззәт алу өмір бағытын ұстаған Батыс адамы өмірінің соңында да еш зардап шекпей бұл өмірден тәтті ұйқыға шомылып кете барғысы келеді. Енді бұл мәселені біз де талдап көрелік.
Бір қарағанда бұл мәселені Батыс цивилизациясының гуманистік даму жолындағы үлкен жетістіктерінің бірі ретінде қарағың келеді. Расында да, егер адам қатерлі ісікпен (рак) ауырып, қатты зардап шегуде, я болмаса, қартайып, қолынан күш кетіп ешкімге керек болмай қалған т.с.с. жағдайда қоғам ондай адамдарға өз еркімен дүниеден кетуге көмектессе де болатын сияқты.
Бірақ, мұндай көзқарас бүкіл дүниежүзілік діндердегі өмір жөніндегі терең интуицияларға (көкей көзге) қайшы келеді. Бұл Дүниеге келген әр адам Иса пайғамбардың арқалаған ауыр жүгіне мойынсынуы керек. Екіншіден, бірде бір адам өмір соңында “қайғылы үштікті” (зардап, күнә, өлім) аттап кете алмайды. Ол да болса өмірдің соңғы тәжірибелерінің бірі, қоршаған адамдарға ой салатын өнеге емес пе?! Соңғы өмір зардаптарынан өту адам рухын шексіз күшейтіп, оның ішкі жан-дүниесін тазартып, адамның абыроймен бұл дүниемен қоштасуына мүмкіндік жасайды.
Мәселеге философиялық тұрғыдан келсек, бұл Дүниеде адамнан асқан құндылық жоқ, сондықтан, ешкімнің де адам өмірін қиуға (соның ішінде - адамның өзін-өзі де) құқы жоқ.
Аутоназияның моральдық-құқтық жағына келер болсақ, ғалымдардың айтуына қарағанда, заңды түрде оны өмірге еңгізгенде неше-түрлі басқа теріс салдарлар пайда болуы мүмкін. Мысалы, адамның дене мүшелерін сату, екіншіден, адам жүрегіне үрей салып өмірден кету жөнінде шешімге келуге мәжбүрлеу т.с.с. келеңсіз жағдайлардың пайда болуы ғажап емес.
Бүгінгі таңда тек Голландия елінде парламент деңгейінде аутоназия жөнінде заң қабылданып ол іске асуда.
Енді келесі үлкен мәселені өлместік. Бұл мәселе адам өмірі мән-мағнасымен тығыз байланысты екенін сол сәтте байқауға болады. Егер бұл дүниеге келген адам өз ізін қалдырмаса, онда ол не үшін келді, оның жаңбыр құртынан айырмашылығы қандай?,- деген сұрақ пайда болады емес пе!
Өлместік мәселесі кез келген діннің өзегін құрайды. Құдайдың бар, я болмаса, жоқ екенін ешқашанда ешкім дәлелдей алмаса да, миллиардтаған адамдар осы уақытқа дейін Оған сенеді, өйткені, өлместікті аңсайды. Бүгінгі таңдағы иудаизм, христиандық және ислам діндері адам өлгеннен кейінгі оның жан-дүниесінің өлместігін мойындайды. Дегенмен де, бүгінгі таңдағы бірде-бір дін өмір, я болмаса, өлімнің не екенін түсінікті ғылып адамға жеткізе алмайды.
Идеалистік философиядағы өлместік жөніндегі ойлар діни көзқарасқа өте жақын. Алайда, мыңдаған жылдарға созылған адамзат тәжірибесінде ешкім де қайта тірілген жоқ және қазіргі білімді адамға “о дүниеде денесіз мәңгі өмір сүретін жанды” көзге елестету өте қиын шаруа екенін ашық айту керек. Көп адамдар оған сенбейді де.
Олай болса, өлместік деп нені түсінуге болады? Бүгінгі таңдағы ғылыми деректерге сүйене отырып, біз тіпті дене ретінде де мүлде өшпейтінімізді айтып кетуіміз керек. Өйткені, өмір жаңа өмірді тудырып өз өмірін жалғастыра береді. Біздің бет-әлпет, мінез-құлық, сезім, дене бітім, табиғи дарын т.с.с. ерекшеліктеріміз толығынан болмаса да болашақ ұрпақтарға дариды. Олай болса, біз толығынан бұл өмірден кетпейміз, бала, немере өмірі арқылы қала береміз.
Енді адамның жан-дүниесі, рухына келер болсақ, ұлы адамдардың шығармашылық ісі адамзат тарихында мәңгілік сақталады. Абай, Құрманғазы, Шоқан, т.с.с. мыңдаған қазақ халқы тудырған асылдар өз шығармашылығымен тарихта мәңгі өмір сүреді. Олардың тудырған рухани құндылықтарынан біз мәңгіліктің қоңыр лебін сезінгендей боламыз.
Енді миллиондаған қарапайым адамдардың тағдырына келер болсақ, олардың өлместігі - өз өмір шеңберіндегі жасаған басқа адамдарға деген жақсылығымен байланысты болса керек. Өйткені, ол олардың есінде қалады. Ол дене ретінде көз алдымызда жоқ болса да, рух ретінде бізбен бірге өмір сүріп қала береді. Ұлы Конфуцзы айтқандай, жақсы адам халықтың сый-сияпатына ие болса, жаман адам ит сияқты бір шұңқырда ұмыт болып қалады.
Десек те, әрине, қазіргі адам мұндай көзқараспен келіскісі келмейді, ол шынайы өлместікті армандап, барлық үмітін ғылымға артады. Әсіресе, тез қарқынмен дамып келе жатқан гендік инженерия саласы болашақта адам өмірін бейнақтылы ұзарта беруге болатынын айтады. Алайда, біздің ойымызша, ол жалған жол болса керек. Әрине, гендік инженерияның жетістіктеріне сүйене отырып тұқым қуатын аурулармен күрессек - ол жақсы. Ал адамның өмірін гендік жолмен ұзартуға бағытталған зерттеулер қандай салдарларға әкелуі мүмкін оны ешкім бүгінгі таңда білмейді. Кейбір ғалымдардың айтуына қарағанда, оның теріс салдары ядролық бомбаны ойлап шығарғаннан да жаман болуы мүмкін. Екінші жағынан, адам Дүниедегі ең теңдесі жоқ биік құндылық болғаннан кейін оның өмірі мен денесіне жасанды тәжірибелер жасау - қылмыс болар еді (адам көлбақа емес қой).
Мәселенің ғылыми емес, моральдық жағына келер болсақ, жер бетінде өзі тудырған бірде-бір қауып-қатерді адамзат әлі шешкен жоқ. Жеке адамның өмірін ұзартпақ түгіл, бүкіл адамзаттың құрып кету мүмкіндігі (ядролық соғыс, я болмаса экологиялық апат) осы уақытқа дейін күн тәртібінен шығарылған жоқ. Осы адамға шынайы өлместіктің керегі қанша, егер ол күнбе-күн соғыс-қақтығыстарда бір-бірін осы уақытқа дейін өлтіріп жатса?,- деген заңды сұрақ дереу ойға келеді.
Қорыта келе, шынайы өлместік бүкіл миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан іргетасты табиғат заңдылықтарына қайшы келеді,- дер едік. Әңгіме бізге берілген теңдесі жоқ сый - өмірді бақытты мүмкіндіктерді іске асыруға, өз өмір шеңберінде үлкен маңызды істерді жасап өз ізіңді қалдыруда болса керек. Оларды өлім жоя алмайды.
Философиялық антропология 1920-1970 ж.ж. неміс философиясындағы ағым. Оның жолын ашқан Маркс Шелер және Хельмут Плеснер. Философияның антропологияның барлық өкілдеріне орталық нәрсе адамды тұтастай алып қарауға ұмтылу болды, адамның органикалық ерекшеліктерін, танымдық қабілеттерін, эмоционалдық сферасын, мәдениеті мен әлеуметтігін түсіндіретін бірыңғай принципті іздеу болды. Шелердің пікірінше, адам бүкіл жануарларға қарама-қарсы заттардың жинақталған бірлігін білдіреді. Адамның мәні жануарларда да бар ақыл-ойда емес. Оның рухында, яғни рух ақыл-ойда жоғары және өмірден тыс. Рух қоршаған әлемнен тыс және ерікті. Философиялық антропологияға адамның мәнін тануда эклектика (шатастыру) тән. Бұлайша шатастыру 70-ші жылдардың ортасында философиялық антропологияның өзінің өзгешелігін, ерекшелігін жоғалтып алуына әкелді.
Марксизм адамның мәні әлеуметтік деп көрсетеді. Маркстің сөзі бойынша, адам қоғамдық қатынастың субъектісі. Нақтылы адамды оқып-зеріттеу марксизм тұрғысынан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің активті субъектісі ретінде зеріттеу. Өмірді сана емес, керісінше, өмір сананы айқындайды. Марксизм Аристотельдің «адам-саяси жануар» деген анықтамасын жалғастырды деуге болады. Алайда марксизм бұл қағиданы адаммен қоғамның өзара байланысын көрсеткенге дейін дамытты. Қоғам адамды, адам қоғамды өзгертеді.
Марксизмде адамның біртұтастай тану концепциясы адамның мүмкіндігін жанжақты жүзеге асыру ретінде түсіндіріледі. Алайда, адамның даму мүмкіндігі абстрактілі болып шықты. Себебі маркстің коммунизмі атеистік болса да, оның принциптері діни принциптермен пара-пар. Коммунисттер барлық еңбекшілер үшін коммунизм құру үшін күреседі, ол дінге сенушілердің жұмақ құрғысы келетін сияқты. Дінде адам-құрал, ал құдай-мақсат. Коммунизмде де адам коммунизм құрудың құралы. Ал қазіргі уақытта адам реформа өткізудің құралы. Адам қоғамдағы өзгерістердің дамудың мақсаты болуы керек.
Философия тарихында адам мәселесі оның пайда болуы, қалыптасуы және адамзаттың дамуының антропогенез процесі табиғаттың қайталанбас туындысы.
Антропогенез - (грек anthropos-адам және genesis- шығу тегі) қоғамдық жан иесі ретінде адамның пайда болып, жетілу процесі. Дарвин, Гексли және Геккель адамның үшінші кезеңіндегі жоғары дәрежедегі дамыған маймылдардын шыққандығын дәлелдеді. Адамдардың қоғамдық - еңбек қызыметі антропогенездің қозғаушы күші болды, ол қызымет ерекше қоғамдық байланыстарды мәдениетті жасады, адамның дене бітімін қалыптастырды. Мұның бәрі адамды құдай жаратты деген діни уағызды теріске шығарды. Оның пайда болуы және даму процесі австралопитектердің (адамның ең жақын арғы тегі қазбалардан табылған маймылдар) жер бетінде тіршілік ету салтына, талғаусыз тамақтану және табиғи заттарды құрал ретінде қорғаныс үшін қолдануға, сонан соң оларды жетілдіре түсугек көшкентен кейін әзірленді. Мұның өзі өңделмеген тас сүйек және ағаш құралдарды үздіксіз жасауға, демек, қоғамдық өндіріс нышандарының алғашқы қоғамдық тобырларының пайда болуына әкеді. Қоғамдық өндірістің тууы сана мен тілдің пайда болуының алғы шарты болды, адамның дене бітімі қалыптасты. Қоғамның, адамның қалыптасу процесі жүздеген мың жылдарға созылды және алғашқы қауімдік тобырдың алғашқы қауымдық тобырдың алғашқы қауымдық қоғамға ойысуымен, ал неандерталдықтардың шамамен 35-40 мың жыл бұрын қазіргі адам кейіпіне келуімен аяқталады.
Жаңа заманның философиялық антропологиясы. Жаңа заманның философиялық антропологиясы пайда болып келе жатқан капиталистік қатынастардың, гуманизм деп аталатын жаңа мәдениет пен ғылыми білімнің ықпалымен қалыптасады. Егер ортағасырлардың діни философиясы адамды жерге түсіріп, оның мәселесін осы түбірде шешуге тырысады. Адамның әуел бастағы күәқарлығы туралы ілімге қарсы, ол адамның қайрымдылыққа, бақытқа және үйлесімдікке табиғи ұмтылысын бекітеді. Бұл философияға гуманизм мен антропоцентризм тұтастай тән.
Антропоцентризм- дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес «адам» дегеніміз - әлемнің орталығы және асқар шыңы. Осы айқындамаға сәйкес әлемде ғарыштың соңғы сөзі ретенде адамға жіберілетін прогрессивті тенденциялар, эволюция жерлері жоқ және болуы мүмкін емес. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни, бүкіл әлем адам үшін-шет аймақтар, адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөніненде, маңызы жөніненде адамнан төмен. Тек адам ғана-субъект, ал бүкіл әлем оның объектісі ғана. Әлем адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Дүние адам үшін тұғырдан басқа ештеңе емес. Көзқарас ретінде антропоцентризмнің екі негізгі типі, белсенді және енжер типі бар. Белсенді антропоцентризм адамды тікелей ғарыштың орталығына және асқар шыңына орналастырып, құдайдың атрибуттарын таңдады. Батыс Европадағы Қайта Өрлеу дәуірі қоғамның белгілі бір бөлігінің көңіл-күйі ретінде антропоцентризм осындай. Мүнда іс жүзінде әрбір суреткер (кен мағынада) алып немесе тіпті қүдірет, қалған бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады. М.Штринер өз ілімінде антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара формасын корсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П. Боранецскийдің тұжырымдамасы) . Енжар антропоцентризм жанама түрде адам тәрізді ең жоғарғы негізді, мәселе антропоморфты-құдайды жасап, адамның үстінен қарату арқылы адамды дүниенің орталығына және жоғары жағына әкеліп орныктырады. Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық режимдер мен кейбір дамыған елдер жағдайында антропоцентризм практикалық сипат алады табиғат талан-таражға түсін, экологиялық дағдарыстар етек жайды.
Бұл дәуірдің философиялық антропологиясында жеке мүдде үстемдігі мен туындап келе жатқан капиталистік қоғамдық қатынастарға байланысты жақындай бастаған индивидуализм, эгоизм және утилитаризм қадамдары байқалады. Жеке мүдде үстемдігінің адам туралы көзқарасқа әсері Т.Гоббс концепциясынан білінеді. Аристотельге керісінше, ол табиғаты жағынан адам коғамдық жан емес деп есептейді. Керісінше, «адам - адамға қасқыр», ал «барлығының барлығына карсы соғысы» қоғамның табиғи жағдайы болып табылады. Оның методологиялық индивидуализмі мен номинализмі әлеуметтік және этикалық индивидуализммен тығыз байланысты.
Алайда жаңа еуропалық рационализмнің негізін қалаушы Рене Декарт болып ессптеледі. Оның ойынша адамзат өмір сүруінің жалғыз күмәнсіз айғағы ойлау болын табылады және ол мънадай негіздеуші тезистен келіп шығады: «Meн ойлаймын, демек, өмір сүремін». Оның үстіне бұл философта жан мен тәннің ексуін екі түрлі санадағы субстанция ретінде карастыратын антропологиялык дуализмді аңғаруға болады. Декарттъң ойынша, дене өзіндік машина болып табылады, сана оған әсер етеді және өз кезегінде оның ыкпалън да қабылдайды. Бұл адамды машина ретінде қарастырған механистік көзқарас Жаңа заман философиясына кеңінен таралды. Ж.Ламетридің «Адам - машина» деп аталатын жұмысында механистік материализм көзқарасы негізделеді. Ол бойынша, тек біртұтас материалдық субстанция ғана өмір сүреді, ал адам ағзасы сағат тетігі тәрізді дербес оталатын машина.
Мұндай көзқарас XVIII ғасырдағы француз материалистеріне (Гольбах, Гельвеций, Дидро) де тән. Олардын философиялық антропологиясының өзгеше ерекшелігі - адамды табиғат заңдарымен детерминацияланған оның өнімі ретінде қарастыру.
И.Канттан бастап немістің классикалық философиясы адамды философиялық зерттеулердің негізгі объектісіне айналдырады. Декарт сияқты Кантта антропологиялық дуализм позициясын ұстанады, бірақ оның дуализмі жан мен тән дуализмі емес, адамгершілік-табиғи дуализм. Канттың пікірінше, адам бір жағынан табиғи қажеттілікке жатса, екінші жағынан адамгершілік еркіндік пен абсолюттік құндылықтарға жатады. Сезімдік әлемнің құрамдас бөлігі ретінде ол қажеттілікке бағынса, ал руханилықтың тасымалдаушысы ретінде ол ерікті. Бірақ Кант aдaмның адамгершілік әрекетіне басым көніл бөлді.. Кант адамды автономды және тәуелсіз бастау ретінде, өзінің теориялық практикалық әрекетінің қожайыны ретінде айкындауға ұмтылады. Адам әрекеті мен қылығының түпкі принципі категориялық императив болуы тиіс. Категориялық императив - кезкелген тұлғаның өзіндік мақсаты өзіндік жетілу болғандықтан, ол ешқашан да, қандай да бір міндеттердің, тіпті игілікті міндеттердің де жүзеге асу құралы ретінде қарастырылмауы тиіс деген тұжырымға негізделген формальды ішкі талап.
Өз ілімінде Кант сана мен бейсаналық мәселелерін де қозғайды. Ол адамда ақылмен бақыланбайтын «қараңғы елестерің» бар екенін айтады. Және бұл танылмаған елестер саласы сапа саласынан әлдеқайда көбірек. Осылайша Кантгың философиялык антропологиясы Фрейдтен көп уақыт бұрын адамдағы саналылық пен бейсаналылықтың арақатынасы мәселесін күн тәртібіне қойды. Бұл жағдайда, егер Фрейд бойынша ләззат алу принципі биологиялық қажеттіліктерді өтеумен байланысты болса, ал Кант үшін «жұмыс өмірмен шаттанудың жақсы тәсілі». Адам көп жасаған сайын көп нәрсе тындырды, өмірі неғұрлым әрекетке толы болған сайын, өмірдеп көп ләззат алды.
Гегельдің антропологиялық концепциясы, оның бұкіл философиясы сияқты рационализммен тұнып түр. Адамның жануардан артықшылығының өзі, ең алдымен адамзатқа оның адамдығы туралы хабар беретін ойлауында. Ол адамның рухани әрекет субьектісі және жалпы маңызды рух пен ақыл-ойдың тасымалдаушысы ретіндегі жағдайын аса зор күш-жігермеп дәлелдеп берді. Тұлға индивидпен салыстырғанда адам өзінің «шексіз, жалпы және еркін» жан екендігін сезінгенде ғана басталады. Әлеуметтік тұрғыда оның ілімі индивидтен әлеуметтік бүтіндіктің басымдылығы принципін айшықты түрде көрсетеді.
Гегель идеализмімен салыстырғанда материалист Фейербах тірі, эмпирикалық адамның маңыздылығын тиянақтайды. Ол адамды ең алдымен табиғаттың бөлігі, сезімдік-тәндік жан ретінде таниды. Оның философиясының өзегін құрайтын антропологиялық принцип адамының дәл осындай түсінігін ұсынады. Фейербахтың антропологиялық монизмі адамнің идеалистік түсінігіне қарсы, жан мен тән дуализміне қарсы бағытталған және табиғатқа материалистік көзқарасты бекітумен байланысты. Бірақ адамның өзін Фейербах өте абстрактылы түсінеді. Оның адамы нақты әлеуметтік байланыстар мен әрекеттерден оқшауланып қалады. Оның фи-лософиялық антропологиясы негізін «Meн» және «Сен» арасындағы қатынастар, оның ішінде, әсіресе ерекше маңызға ие еркек пен әйел арасындағы қатынастар құрайды.
АКСИОЛОГИЯ (гр. ахіа құндылық және logos ілім, сөз) -құндылық табиғатын философиялық тұрғыдан зерттеу. Аксиология философияда ХІХ ғ. аяғыХХ ғ. басында; философияның жалпы «құндылық проблемасына» қатысты кейбір күрделі мәселелерін шешуге тырысқан әрекет ретінде дүниеге келді. Буржуазиялық философия бұл мәселелерге (өмір мен тарихтың мәні, танымның бағдарлылығы мен негіздемесі, адам әрекетінің түпкі мақсаты және оны ақтау, жеке адам мен қоғамның қатынасы және т. б.) ғылыми талдау жасауға болмайды дегенді басшылыққа алады. Құндылық проблемасы, сөйтіп, барлық нәрсенің жаппай шешімінің сипатына ие болады және ерекше, ғылыми зерттеуден тыс, дүниеге көзқарастың өзіндік тәсілі деп есептеледі. Бұл орайда құндылық құбылыстары әлеуметтіктен тыс сирек кездесетін құбылыстар ретінде қаралады. Буржуазиялық аксиология үш түрдің құндылық теориялары болып саналады. Объективті-идеалистік теориялар (неокантшылдық, Гуссерль феномено-логиясының өкілдері М. Шелер мен И. Гартман, неотомизм, интуитивизм) құндылықты кеңістік пен уақыттан тыс тұрған о дүниелік нәрсе ретінде түсіндіреді. Субъективті идеалистік теориялардың логикалық неозитивизмнің, этикадағы лингвистикалық талдаудың аффективтік-ерік теорияларының жақтаушылары У. Эрбанның, Д. Проллдың, К. Люистің және т. б. құндылық жақтастары құндылықты тек адамның немесе жалпы табиғат заңдарының табиғи қажеттерінің көрінісі ретінде қарастырды. Құндылықтың натуралистік теориясын (Мүдде теориясы, эволюциялық этика, космостың телеология этикасы) адамның табиғи қажеттерінің немесе жалпы табиғат заңарының көрінісі ретінде түсіндіреді. Құндылықтың маркстік ұғымы буржуазиялық аксиологиядандан принципті түрде өзгеше. Ғылыми түсіндіруде құндылық проблемасы универсализмнен арылған. Бұл проблеманың астарында ғылыми жолмен шешілетін алуан түрлі философиялық мәселелер жатыр, шындығында аксиологиялық аспект құндылықтар табиғатын зерттеусонымен тек салыстырмалы дербес сипатқа ғана ие болып отыр. Сонан соң қазіргі көзқарас құндылықтарды ерекше әлеуметтік құбылыстар ретінде, қоғамдық құбылыстардың және қоғамдық сананың нормативті турде бағаланатын жағының белгілі бір көріністері ретінде қарайды. Соңғысы осы сананың дүниетанымдық сипатын бейнелейді, бірақ оны тұтас ашпайды. Басқаша айтқанда, дүниетанымды белгілі бір құндылық позициясына саюға болмайды. Мысалы дүниетаным кейде субъективті түрде мұраттардың, моральдық бағалардың және т.б. нормативтік формасы ретінде корініс тапқанымен, өзінің негізінде дүниені ғыл. тұрғыдан түсіну және тарихи заңдарды ғылыми тұрғыда білуге сүйенетін қоғамға көзқарас болып табылады
Бақылау сұрақтары:
1. Философиядағы адам мәселесі.
2. Руханилық және адам әлемі.
3. Гендер деген не?
4. Эвтаназия мәселесі.
5. Вернадскийдің ноофера туралы ілімінің мәні.
Негізгі әдебиет
1.Мырзалы С. Философия. 2008 ж.
2. Ғабитов Т. Философия. 2004 ж.
3. Әбішев Қ. Философия. 2002 ж.
Қосымша әдебиет
1.Философиялық антропология. Дін философиясы.мәдениет философиясы. / Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.19.Астана , 2006
Дәріс 14. Әлеуметтік философия-2 сағат
Мақсаты: әлеуметтік философияның пәнін, оның зерттеу әдістерін ашып көрсету
Негізгі сөздер мен ұғымдар:қоғам, мемлекет, қауым, екінші табиғат, географиялық детерминизм, қоғамдық болмыс,қоғамдық сана, индустриалдық, постиндустриалдық қоғам, ақпараттық қоғам
1.Қоғам ұғымы
2. Қоғамды формациялық және цивилизациялық тұрғыдан түсіну жолдары
3. Географиялық детерминизм ілімінің мәні.
Қоғам ұғымы
Болмыс категорияларын талдай келе енді бүгінгі таңдағы ғылымға мәлім ең күрделі дәрежеде ұйымдасқан - қоғам болмысына келіп тірелдік. Өйткені, біз білетін Ғарыштағы Жер бетінде өмір сүріп жатқан саналы пенде адамдар - бір-бірімен бірігіп, сан-қилы қарым-қатынастарға түсіп қоғамды құрайды.
Қоғам ұғымының орнына көп жағдайда оған мән-мағнасы жағынан жақын категориялар қолданылады. Сондықтан, ең алдымен біз оларды бір-бірінен айыра білуіміз қажет. “Ел” және “қоғам” категорияларын салыстырсақ, біріншінің географиялық жағы басымды. Мысалы, Қазақ елі Азия құрылығының ортасында, мұхиттардан алыс орналасқан ел. “Қауым” және “қоғам” категорияларына келер болсақ, біріншіге жан-ұя, ру, тайпа, халық, ұлт секілді әлеуметтік ұйымдасу формалары жатады. Ал “мемлекет” пен “қоғамды” салыстырсақ, - ол мұхиттағы айсберг сияқты: судың бетіндегі көрінетін алып мұздың кішкентай ғана бөлігі ол мемлекет болатын болса, су астындағысы - қоғам. Қоғам өміріндегі сан-алуан қарым-қатынастардың ең негізгілерін ғана мемлекет заң арқылы ретке келтіре алады, қалғандары әдет-ғұрып, моральдық, эстетикалық, т.б. әлеуметтік нормалардың негізінде қалыпқа келеді.
Кең түрде алғанда, қоғам деп адамдардың арасында қалыптасатын сан-алуан байланыстар мен қарым - қатынастардың жиынтығын айтамыз. Бұл арада мына нәрсеге көңіл аудару қажет ол байланыстар мен қарым-қатынастар сол қоғамның өзіндік өмір сүруіне жеткілікті болуы керек. Алайда, “өз-өзіне жеткілікті” деген ұғымның өзін нақтылай түсу қажет. Өйткен себебі, бүгінгі таңда бірде-бір мемлекет, қанша алып болса да, барлық қазіргі өмірге керекті заттарды шығара алмайды. Сондықтан, басқа елдермен экономикалық, саяси-құқтық, мәдени-рухани байланыстарға түседі. Олай болса, “өз-өзіне жеткілікті” деген ұғымды қалай түсінуге болады? Белгілі қоғам өзінің мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан руханияты, дүниесезімі, өмір салтын сақтай отырып, негізгі өмірге қажетті нәрселерді өзі өндіруі қажет. Мысалы, бүгінгі өтпелі қоғамда жер көлемі бойынша 10-шы орында болсақ та, ет, көгөністерді басқа елдерден алатын болсақ, онда біз өз-өзімізге жеткіліксіз боламыз. Әрине, Қазақстан - Бразилия емес, сондықтан, тропикалық аймақтарда өсетін апельсин, мандарин, банан сияқты жемістерді, кофе, шай сияқты тағамдарды шет елдерден алмаса болмайды. Сондай-ақ жеңіл мәшине, неше-түрлі компьютерлер, радио теле аппаратураларды да алуға болады. Сонымен қатар, жер бетіндегі үлкен егін өсіретін ел болғандықтан, ауыл-шаруашылығына керек механизмдерді өзіміз шығармай көсегеміз көгермейді. Күнбе-күн өмірге керек заттардың көбін де өзіміз дүниежүзілік талаптарға сай етіп шығара білуіміз қажет. Сонда ғана біз өз-өзімізге жеткілікті қоғам боламыз. Бұл мәселелер қазіргі саясаттану ғылымында “ұлттық қауіпсіздік” категориясы арқылы талданады. Оқырманның байқағанындай, бүгінгі таңда біз көп өмірге керек тауарларды шығара алмай, сырттан әкелуге мәжбүр болып отырмыз.
Екінші үлкен сұрақ - қоғам өміріндегі сан-алуан байланыстар мен қарым-қатынастардың ішіндегі негізгі - оның іргетасын құрайтындар қандай болмақ?
Сонау көне заманнан бері созылып келе жатқан үрдіс - қоғамдағы рухани, саналы байланыстарды негізгі деп есептеу. Өйткені, бір қарағандағы қоғамның жануар тобырынан айырмашылығы ондағы рухтың пайда болып сол қоғамға тигізетін зор әсерінде болса керек. Қоғам өмірінде өмір сүріп жатқан нақтылы тірі адам басқалармен саналы қарым-қатынасқа түседі. Ол өз алдына неше-түрлі мақсат-мұраттар қойып, оларды іске асыруға тырысады. Яғни, идея әрқашанда алда, соңынан ол іске айналады. Олай болса, қоғам өмірін анықтайтын - билік басындағы ұлы тұлғалардың саналы іс-әрекеті. Мұндай көзқарасты сонау Көне заманнан бастап Жаңа дәуірде өмір сүрген ағартушылардың еңбектерінен байқауға болады.
“Халық - шөп, ел билеуші жел. Жел қай жаққа үрлесе, шөп сол жаққа майысады”,- дейді көне Қытай философиясы.
Орта ғасырдың ұлы ойшылы Аль-Фарабиге келер болсақ, ол қоғамның ақуалын Халифтің адалдығы, әділеттілігі, көрегендігімен байланыстырады. Сол замандағы Еуропа ойшылдары А.Августин, Ф.Аквинский қоғамның дамуын алдын-ала болжанған Құдайдың әмірімен ұштастырады.
Жаңа дәуірде өмір сүрген француз ағартушысы Ш.Л. де Монтескье қоғамның өрлеуін “ағарған монархтың” іс-әрекетімен байланыстыра отырып, қоғам өміріндегі заңдарды жетілдіруді бірде-бір шешуші фактор ретінде қарайды (мұны “құқтық көзқарас” деп әдебиетте атап кеткен болатын). Бүгінгі таңда да мұндай көзқарастар кеңінен таралған. Әрине, қоғам өміріндегі заңдар сапасының биік болғаны оның дамуын тездететіні сөзсіз. Сонымен қатар, заңның өзі адамдардың (кәсіби заңгерлердің) рухани туындысы емес пе?
ХХ ғ. ұлы ойшылы К.Ясперс те тарихтағы рухани төңкерістерді қоғамның дамуының негізіне жатқызады. Оның ойынша, “адами ақуал - әрқашанда рухани ақуал”. Мұндай көзқарастарды қорыта келе, қоғамды талдаудағы идеалистік жол десек те болғаны.
Сонымен қатар, ХІУ ғ. өмір сүрген араб ойшылы Ибн-Халдун қоғамды талдауға жаңа үлгі еңгізеді. Оның ойынша, әр-түрлі қоғамдардың бір-бірінен айырмашылықтары негізінен алғанда материалдық игіліктерді қалай өндіру, бөлу, тұтынуымен байланысты,- деген қорытындыға келеді. Алайда, ұлы ойшылдың көзқарастары соңынан ұмытылып, тек қана 5 ғасырдан кейін К.Маркстің еңбектерінде жаңадан негізделеді.
Қоғамды формациялық және цивилизациялық тұрғыдан түсіну жолдары
Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну жолында К.Маркс қоғамдық-экономикалық формация теориясын жасайды. Оның ойынша, ол нақтылы-тарихи сатыдағы белгілі бір өндіріс тәсіліне негізделген қоғам. Формациялық тұрғыдан бүкіл адамзат тарихын талдай келе, К.Маркс келесі қоғамдарды ашады: алғашқы қауым, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік формациялар. Алайда, адамзат тарихы болашақта коммунистік формацияны заңды түрде тудырады. Өйткені, оның ойынша, капиталистік қоғамның негізгі мақсаты заттық байлықты жинау, капиталды өсіру, ал тарихи сахнада өмір сүріп жатқан тірі адам сол мақсаттың құралы ғана. Осы себепті К.Маркс капиталистік қоғамды қатты сынға алады. “Капитал ең тәтті шырынның өзін адамдардың бас сүйегіне құйып ішеді”, …“адамдардың бір-біріне деген нәзік те жылы қатынастарын капитал мұзды суға батырады”,…“бұл қоғамда кәртайып қайраты кеткен шал гүлденген жас әйелге үйленеді, өйткені бұл қоғамда бәрі де сатылады”,- деп қорытады К.Маркс. Әрине, мұндай ақуалдың мәңгілік сақталуы мүмкін емес. И.Канттың “адамды әрқашанда мақсат тұт” деген талабын жақсы білген К.Маркс, болашақта адамды негізгі мақсатқа айналдыратын қоғам дүниеге келеді, ол коммунизм (communіtas латын сөзі,- қауымдық) деген тұжырым жасайды. К.Маркстің ойынша, бұл қоғамда жеке меншік толығынан жойылып, өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде адамдар арасында толық теңдік орнап, олардың барлық қажеттіктері толығынан өтеліп, адамдар жан-жақты дамып гүлденеді, адамзаттың мыңдаған жылдар армандаған бақытты өмірге қолдары жетеді. Алайда, ондай қоғамға жету жолында ең алдымен социалистік сатыдан өту қажет. Күйреген капитализмді терістеп дүниеге келген бұл қоғамда әлі де болса таптар мен әлеуметтік әр-түрлі топтар сақталады. Бұл қоғамда әр адамнан өз қабілетіне қарай, қайырымына еңбегіне қарай игіліктер бөлінеді,- деп қорытады К.Маркс.
Бүгінгі таңдағы К.Маркстің коммунизм теориясын сынаушылар өздерінше оны “сілейте сынап”, оған қарсы теріске ешқашанда шығарылмайтын деректер таптық,- деп масаттанады. Ондай “ғұламалар” әсіресе бүгінгі “либералдардың” араларында жиі кездеседі. Ол қандай деректер екен?
Біріншіден, әр адамның барлық қажеттіктерін толығынан өтеу үшін шексіз байлық өндірілуі қажет, ал оның ешқашанда болуы мүмкін емес, бұл дүниедегінің бәрі шектелген,- деген “даналықты” олар алға тартады. Осы арада дереу бізге мынандай ой келеді: бүкіл дүниежүзілік қауым мойындаған аса дарынды ойшыл қазіргі кейбір майда қоғамтанушылардан да тайыз болғаны ма? - Әрине, жоқ. Дүниедегінің бәрі де шектелген ол рас. Сонымен қатар, бұл қағида адамға да жатады. Мысалы, жеке адамға шаққанда жылына қанша ет, көгөніс, май, т.б. тағамдар керек екен? Ол шексіз бе? - Әрине, шектелген. Басқа да адамға қажет материалдық игіліктерді де осы секілді қарастыруға болады. Бірақ, бұл дүниеде шектелмейтін бір ғана нәрсе бар ол адамның рухани-шығармашылық жетілуі. К.Маркстің ойынша, жаңа қоғамды орнату барысындағы қалытасатын қоғамдық қатынастар адамның белсенді жасампаздық іс-әрекетін тудырып, соның нәтижесінде тек жағалай орта ғана өзгеріп қоймай, сонымен бірге, адамдардың өздері де өзгеріп, жан-жақты дамып, ішкі табиғи дарындарын гүлдетіп сыртқа шығарады. Мұндай әлеуметтік болашақ ақуалды ол кісі коммунизм деген ұғыммен береді. Ал мұндай жолмен дамудың расында да шегі жоқ - ол тоқталмайтын үрдіс.
Екіншіден, марксизмді сынаушылар “егер адамның барлық қажеттіктерін өтей алатын ақуал дүниеге келсе, онда дереу қоғам іріп-шіри бастар еді”,- деген пікір айтады. Өйткені, адамға ешнәрсе қажет емес, ондай жағдайда адамның саусағы да қимылдамайды емес пе?,- деген сауалды қояды. - Әрине, біз адамды тек қана дене ретінде қарасақ, бұл пікірді терістеу қиын. Онда бақыт, өмірдің мәні тек қана ішіп-жеп, дүниеден тәндік-сезімдік ләззәт алуда болса керек. Мұндай көзқарас, мәселеге тереңірек үңілсек, адамды жануарға теңеп, оның қадір-қасиетін аяққа басады, оның “жиырылған ғарыштық” Дүниедегі ерекше рөлін түбі жоқ тұңғиыққа батырады. Сондықтан да болар, кейбір билікке ұмтылғандар, шындыққа айналмайтын уәделер беріп қалың бұқараны алдап-арбап, оны жеңіл түрде оңға-солға, керек жаққа бұрылатын тобыр ретінде қарайды. Мұндай ақуалды бүгінгі таңда біз кейбір материалдық жағынан дамыған елдерден байқаймыз. Өкінішке орай, сонау Қайта Өрлеу заманынан басталған Батыс елдеріндегі өмірдегі материалдық-сезімдік бағыт бүгінгі күнге шейін созылып, терең рухани-адамгершілік дағдарысқа әкелгенін дүниежүзілік зайырлы қауым көріп отыр. Алайда, бұл өмірлік жолдың адамзатты тұйықтыққа, я болмаса, ядролық соғыс арқылы өзін-өзі өлтіруіне әкелетінін болжау қиын емес. Расында да, материалдық игіліктер әрқашанда шектелген. Егер, адамзаттың дамыған елдердегі “алтын миллиард” аталған бөлігі өлшемнен тыс тұтынуды өмірлік мақсат-мұратқа айналдырып, ал келесі артта қалған елдердегі миллиардқа жуығы күнбе-күн аштықтың зардабын көріп, жыл сайын 70 миллионға жуығы өліп жатса, жер бетіндегі шиеленіс, экстремизм мен терроризмнің өршімесіне кім кепіл бере алады.Бірақ, адамзаттың әр-түрлі заманда өмір сүрген барлық кемеңгерлері - Сократ пен Анарыстан бастап, Абай мен К.Ясперске дейін - адамның рух екенін шаршамай айтып келген болатын. Өкінішке орай, бүгінгі таңға шейін рухани-адамгершілік жолында адамзат өте қабілетті оқушы болып отырған жоқ. Алайда, болашақта тек осы жолда ғана адамзат өзін-өзі сақтап қалуы мүмкін.
К.Маркстің коммунистік теориясына бүгінгі таңда қандай баға беруге болады? Бұрынғы Кеңес Одағындағы социалистік қоғамды орнатудағы орасан-зор жасампаздық пен қатар қайғыға толы іс-әрекеттер тарихи тұйықтыққа әкелгенін жақсы білеміз. Алайда, оның кінәсін К.Маркстің теориясынан іздеу дұрыс болар ма екен? Мүмкін, оған кінәлі “марксизмді жаңа дәуірде шығармашылық жолмен әрі дамытқан” большевиктердің көсемі Ленин болар? Расында да, капиталистік қатынастар әрі күшіне кірмеген, тіпті кейбір жерлерде тағылықтың іздері әлі өшпеген феодалдық елде социализм орнатамыз деп лепірген революцияшыл топтардың тарихи кінәлігін айтпай кетпеуге болмайтын сияқты. Екінші жағынан, қоғамдағы терең де жүйелі дағдарыстың өршіп, халықтың шыдамының таусылғаны да оған себеп болса керек. Алайда, бүгінгі таңдағы әлеуметтік мемлекет орнатқан кейбір елдерге көз жіберсек (Швеция, Финляндия; Голландия т.с.с.) ол елдерді К.Маркстің заманындағы капиталистік қоғаммен толығынан салыстыруға болмайды. Мемлекет тарапынан жасалған көлемді әлеуметтік бағдарламалар әлсіз тотптарға біршама көмек көрсетіп олардың өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Сонымен, дамыған капиталистік елдер ешқандай революция, қантөгіс төңкерістерсіз-ақ бірте-бірте әлеуметтілікке қарай жылжып бара жатыр. Ал, социализм дегеніміздің өзі әлеуметтілік деген мағна береді. Олай болса, К.Маркстің тарихи болжамы бірте-бірте іске асып келе жатқанға ұқсайды.
Сонымен қатар, К.Маркстің теориясындағы тарихи үрдістегі революцияның, зорлық-зомбылықтың рөлін асыра көрсетуі сол кезде болған әлеуметтік-саяси ақуалдан, содан ашынудан шықса керек. Қандай ұлы адам болғанымен, бұл тұлға да өз заманының ұлы болғанын айтып кету қажет. Олай болса, ол да қателескен. Бүгінгі заманның шыңынан тарихқа көз жіберсек, бірде-бір тарихтағы болған революцияның алдына қойған мақсат-мұраттарына жетпегенін, керісінше, миллиондаған адамдарды қайғы-қасіретке, адам шошынарлық қантөгіске әкелгенін көреміз. Тарихи үрдістен шығатын бүгінгі адамзаттың көзі жеткен тұжырымы - қоғамды күнбе-күнгі қажымас еңбек, өзара келісімге келу, қайшылықтарды бейбіт жолмен шешу арқылы даму болмақ.
Бүгінгі таңдағы қоғамды зерттеудің кең тараған әдістемесі цивилизациялық талдау. Оның негізгі үлгісі ХХ ғасырдың 60-ж.ж. аяғында жасалған болатын. Осы кезде К.Маркстің жасаған формациялық теориясына қанағаттанбаушылық байқалды. Өйткені, Кеңес Одағындағы мемлекеттік меншікке негізделген жоспарлық экономика Батыстағы капиталистік жеке меншікке негізделген нарықтық экономикамен сайысқа түсе алмай артта қала бастады. Ал К.Маркстің формациялық теориясы бойынша, социализм капиталистік қоғамның жеткен жетістіктерін басып озып, одан да гөрі асқан өндіргіш күштерді тудыруы керек еді. Осы ақуалды ескере отырып Д.Бэлл, Р.Арон, У.Ростоу сияқты Батыс ойшылдары К.Маркстің коммунизм теориясын “утопиялық, ешқашанда өмірге келмейтін сағым” ретінде қарап, олай болса қоғамды талдаудағы жаңа әдістеменің керек екенін алға тартты. Сондықтан, Батыс әлеуметтік философиясында формациялық талдаудың орнына цивилизациялық сараптау жолы келді.
Біріншіден айтып кететін жәйт цивилизация ұғымының көп мағналығы. “Cіvіlіtas”,- деген латын сөзі “қалалық”, “азаматтық”,- деген мағна береді. Енді бұл ұғымға берілетін бірнеше негізгі түсініктерді атап өтейік. Біріншіден, цивилизация алғашқы қауымдық қоғамнан кейін дүниеге келетін адамзат тарихының сатысы (Л.Морган, Ф.Энгельс). Екіншіден, цивилизация дегеніміз қоғамның алып заттық денесінің пайда болып, адамдардың материалдық-сезімдік өмірлік бағытына көшуі, руханияттың азғындауы (О.Шпенглер, Ж.Ж.Руссо). Үшіншіден, цивилизация дегеніміз белгілі бір географиялық ойкуменада (аймақта) қалыптасатын ортақ дүниесезім мен өмір салты, мәдени құндылықтар ( А.Тойнби, В.Данилевский). Төртіншіден, өндіргіш күштер дамуы биік дәрежеге көтеріліп, негізгі қоғамдық қатынастардың заңмен ретке келтірілуі, адам құқтарының бұлжытпай орындалуы, “тұтыну қоғамының” орнауы (Д.Бэлл, З.Бзежинский). Бесіншіден, цивилизация дегеніміз, сайып келгенде дін арқылы берілетін моральдық-рухани құндылықтардың негізінде ұйымдасқан қоғам (В.Мак-Нил, С.Хантингтон).
Қалай дегенде де, әрине, алғашқы қауымдық қоғам цивилизация емес. ХХғ. өмір сүрген көрнекті неміс ойшылы К.Ясперс цивилизация “белдеулік заманда” - б.з.д У111-11 ғ.ғ. дүниеге келеді,- деген пікір айтады. Бұл кезде Шығыста да, Батыста да бүкіл адамзат пір тұтатын ойшылдар дүниеге келіп, өз халықтарын адамгершілік жолға түсіреді. Олар: Лао-Цзы мен Кон-фу-цзы (Қытай), Махавира мен Гаутама Сидхартха, соңынан Будда аталған (Үнді), Заратустра (Парсы), Сократ, Платон, Аристотель (Греция), Палестина топырағында дүниеге келген Библияда көрсетілген кейіпкерлер,- деп қорытады К.Ясперс.
Алайда, белдеулік заманды материалистік тұрғыдан түсінуге болар ма екен? Аталған уақыт адамзаттың қола дәуірден өтіп темір дәуіріне келген кезін көрсетеді. Соқаның басына байлаған темірден жасалған жер жыртқыш жердің өңделуін анағұрлым жақсартып көп өнім алуға мүмкіндік береді. Ал оның өзі қажеттіктен артық байлықтың дүниеге келуіне, соның нәтижесінде ең алдымен заттарды айырбастау, соңынан олардың бәрін теңейтін алтын, кейін ақшаның пайда болуы әлеуметтік айырмашылықты тудырады. Жеке меншік дүниеге келіп, мемлекеттік дәрежеде ұйымдасқан қоғамның формасы келеді. Енді қоғамда дене еңбегімен тікелей айналыспай, өз өмірін толығынан ой еңбегіне арнаған адамдар жазушылар, философтар, діни қызметкерлер, мемлекет шен-иелері т.с.с. дүниеге келіп, олармен бірге жазба тарих пайда болып, мектептер ашылады т.с.с. Міне, енді дүниеге осы уақытта цивилизация келді деп айтуға болады.Цивилизациялық талдаудың негізінде жатқан анықтаушы - қоғамның өндіргіш күштерінің дамуы, яғни бұл әдістемені де қоғамды материалистік жолмен түсінудің бір түрі ретінде қарауға болады.
Осы тұрғыдан оның алғашқы сатысын аграрлық цивилизация деп атайды. Оның өмір сүруі тарихта бірнеше мың жылдарға созылды. Оның негізгі мінездемелеріне келер болсақ, халық ауылдарда шоғырланған және материалдық игіліктердің бәрі дерлік сонда өндіріледі. Қалалар әлі кіші-гірім ғана, онда тек мемлекеттік шен иелері мен қатар ақсүйектер ғана тұрады. Енді еңбекті ұйымдастыру принципіне келер болсақ - ол мәжбүрлік, зорлық-зомбылыққа негізделген толығынан иесіне тәуелді құл мен жартылай тәуелді шаруа, әрине, жақсы өнімді жұмыс істеуге мүдделі емес. Сондықтан, мемлекеттің күш қолдану мекемелері көлемді болып келеді, өйткені оқтын-оқтын езілген таптар көтеріліске шығады. Бірақ, қоғамды үне бойы қолдың күшімен ұстап тұруға болмайды. Сондықтан, бұл қоғамның рухани тірегі ретінде бүгінгі таңдағы дүниежүзілік діндер пайда болады. Қайсыбір діннің негізгі атқаратын қызметі езіліп, зардап шеккен адамның жан-дүниесіне рухани әсерін тигізіп тыныштандыру, қарымына о дүниедегі жұмақты ұсыну болмақ.
Мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген бұл қоғам Жаңа дәуірде индустриалдық цивилизацияға ауысады. Бұл қоғамның дүниеге келуі, негізінен, машиналық өндірістің пайда болуымен байланысты. Олай болса, материалдық игіліктердің пілдей бөлігі қалада өндіріле бастайды, ауыл болса тек шикізат өндіретін дәнекерге айналады. Негізгі халық урбанизация (urban,- қалалық, лат. сөзі) үрдісіне түсіп қала тұрғындарына айналады. Орасан-зор мыңдаған жұмысшылар бір жерде шоғырланған зауыттар мен фабрикалар пайда болады. Адамдардың бір-бірінен тәуелділігі жойылып, заңды түрде олардың құқтары теңеледі. Соның нәтижесінде зорлық-зомбылыққа негізделген еңбек жойылып, оның орнына экономикалық мүдделік келеді. Бір жағынан капитал иелері, екінші жағынан жұмыс істеу қабілеті, күшінен басқа ештеңесі жоқ адамдар бір-біріне қосылып еңбек үрдісін құрайды. Индустриалдық қоғам өндіргіш күштерді бірнеше ғасыр шеңберінде бұрыңғы-соңғы болмаған дәрежеге көтереді. Үне бойы жаңарып жатқан машиналар мен өндіріс жабдықтарын игеру үшін халықты ағарту, білім беру қажет болды. Жалпы алғанда халықтың тұрмыс және мәдени деңгейі анағұрлым биік дәрежеге көтеріледі. Дегенмен, екі қарама-қарсы мүдделері бар капиталистер мен жұмысшы - таптар арасындағы қайшылықтар өршіп әр-түрлі таптық күрес формаларын тудырады. Ақырында, 350 жыл шамасына созылған тез қарқынды индустриалдық даму екі үлкен дағдарысқа келіп тіреледі олар бір-бірімен тығыз байланысты энергетикалық және экологиялық қиындықтар болатын.
Аталған дағдарыстардан шығу жолында жаңа компьютерлік технологиялар дүниеге келіп, энергияны аз пайдаланатын, олай болса, экологиялық жағынан да ұтымды өндіріс ошақтары пайда болады.
Сонымен, ХХ ғ. 60 ж.ж. біршама индустриалдық жағынан дамыған қоғамдар постиндустриалдық (post,- кейінгі) сатыға көтеріледі. Оны кейбір кезде информациялық (ақпараттық) қоғам дейді. Бүгінгі таңда постиндустриалдық сатыға жеткен елдерде 1 млрд. жуық адамдар өмір сүреді (әдебиетте оларды “алтын миллиард” деп атап кеткен). Бұл елдерге Батыс Европа елдерін, АҚШ, Канада, Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония, Малайзия, Сингапур т.с.с. жатқызуға болады.
Бұл сатыға жеткен қоғамдар қандай сапалық ерекшеліктерге жетті?Біріншіден, білімнің үлесі (ақпараттың) қоғамның қай саласында болмасын күрт өседі. Егер білімнің еке есеге өсуі адамзат тарихында 1ғ. бастап 1750 жылға дейін созылса, келесі екі есе өсуі 1750-1900ж.ж., ал ХХ ғ. 50-ақ жылда екі есеге өсті. Ғалымдардың айтуына қарағанда, бүгінгі жер бетіндегі метрлік толқындағы радиосәулелердің деңгейі Юпитер мен Сатурн сияқты планеталардан асып түсіп, тек Күннен ғана кем болып тұр, сонымен қатар, ол Ғарыштан байқауға болатын дәрежеге жеткен. Сонау көне заманнан бастап ақпаратты таратудың негізгі құралы ретінде жазу қолданса, ал кітап арқылы білім Орта ғасырдан бастап таратыла бастаса, ХХ ғ. радио, теледидар, телефон, телеграф сияқты электрлік құралдар пайдаланылды. 70-ші жылдары компьютерлік электрондық құралдар кеңінен өмірде қолданылып білімді тарату мен қолданудың мүмкіншіліктері көптеген есе өсті. Ақпарат негізгі тұтыну тауарына айналды. Сол себепті бүгінгі таңда дамыған елдерде материалдық өндірісте тек халықтың 24-26% ғана істейді. Керісінше, рухани өндірістегі адамдардың саны 36-38% жеткен ! Өйткені, өндіргіш күштер өскен сайын материалдық өндіріске керек адамдардың саны да соған сәйкес азая бермек. Ақпараттық қызмет көрсету саласы дамыған елдерде бүгін бүкіл экономиканың 50% асады екен ! Сонымен ақпарат ең құнды тауарлардың қатарына кірді. Олай болса, ұлттық ақпарат ресурстары сол қоғамның негізгі байлығы болып есептеледі. Енді оның ғажап ерекшелігі мынада. Мысалы, сіз мың дана көйлектің 500-н сатсаңыз, сізде 500-і қалады. Ал 1000 бит ақпарат сатсаңыз, оның құнын аласыз да, сонымен қатар, сол 1000 бит қолыңызда бұрынғыдай қала береді !
Олай болса, постиндустриалдық қоғамның негізгі капиталына адамдардың қабілеттері, табиғи дарындары, оларды дамытып тиімді пайдалану жатады. Қай ел өз адамдарының шығармашылық мүмкіндіктерін гүлдетіп, тиімді пайдалана алса, табиғи байлықтары аз болса да өркендеп алғы шепке өтіп кетуі мүмкін. Ол үшін білім саласына көп көңіл бөлінуі керек. Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, постиндустриалдық мемлекеттердің негізгі институтына университеттік білім беру саласы айналып отыр. Ол елдердегі жоғарғы оқу орындары негізінен үш шеңберден тұрады. Оның өзегін лекциялар оқылатын, семинарлар жүргізілетін оқу кешендері, екінші шеңберде - ғылымның ең соңғы жетістіктерінің негізінде жасалған лабараториялар, үшінші шеңберінде эксперименталдық шеберханалар мен аз көлемді түрде жаңа технологиялардың негізінде ойлап шығарылған заттарды шығаратын мекемелер орналасқан. Яғни, шығармашылық деңгейге көтерілген жастардың неше-түрлі идеяларының іске асуына барлық жағдайлар жасалған. Соның арқасында, университеттер өндіргіш күштердің дамуының негізгі қайнар көзіне айналуда. Біздің жас мемлекетімізде де университеттердің дамуына жағдай жасалып жатқаны осы тұрғыдан алып қарағанда түсінікті болар. Әрине, бүгінгі таңда біз оқу орындардың лабораториялық базаларын күшейтуге ең алдымен көңіл аударуымыз қажет.
Постиндустриалдық қоғамды кейбір кезде “тұтыну қоғамы” деп атайды. Өйткені, өндіргіш күштердің орасан-зор дамуының нәтижесінде халықтың көпшілігінің материалдық ақуалы биік деңгейге жетіп, қолдағы байлықтан ләззәт алуға бағытталған, сол арқылы өзін қоғамға көрсету (демонстративтік тұтыну) өмір салты қалыптасты. Сонымен, “homo consumer” (тұтынушы адам) дүниеге келді.
Бұл арада біз постиндустриалдық қоғамның теріс жақтарын талдауға көшеміз. Бірінші қоятын сұрағымыз: индустриалдық қоғамдағы адамды құрал ретінде пайдалану, байлықты, капиталды негізгі мақсат-мұрат тұту жойылды ма? - Әрине, жоқ. Постиндустриалдық қоғам өндіргіш күштерді өте биік дәрежеге көтеріп, миллиондаған адамдардың орасан-зор күш-қуатын босатты. Ол күш-қуат қоғамның рухани жаңаруына, адамдардың жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуге жұмсалудың орнына материалдық заттар арқылы өмірден неше-түрлі сезімдік ләззәт алуға бағытталады. Өйткен себебі, капиталдың үне-бойы өсуі нарықтағы айналымның тез өтуімен тығыз байланысты. Керісінші жағдайда ол тоқырауға ұшырайды. Сондықтан, жыл сайын жаңа тауарлардың сан-алуаны шығарылып, жарнама арқылы адамдарға тартылады. Оларды тұтынатын адамдар өздерін өмірдің желісінен қалмадық деп есептейді де, тұтына алмағандар өзін бишара ретінде сезінеді. Мұндай өмір салты көбірек тұтынуды өмір мақсатына айналдырады, ал ол үшін көбірек ақша табу керек, оның жолында сайысқа түсіп, стресске ұшырап, неше-түрлі транквилизаторларды қолданып, ақырында көп адамдар жүйке ауруларына шалдығады. Өмірдің мән-мағнасы жойылған адам әлеуметтік ауытқулыққа (социальная аномия) шалдығып, қылмыстық жолына, я болмаса маскүнемдік, нашақорлық, тіпті өмірден бас тартуға (суицид) дейін барады Постиндустриалдық қоғамда көп адамдар өзін еріктімін деп сезінгенмен, іс жүзінде, биліктегілердің байқалмайтын нәзік ықпалының шеңберінен шыға алмайды. Оны іске асыратын сол елдердегі “Mass- medіa” (насихат, ақпарат беру) құралдары. Саясаттану тілінде оны “publіc relatіon, қысқаша,- P.R.” (бұқаралық қарым қатынас),-деп атайды. Ол, әсіресе, сайлау кезінде кеңінен қолданылады. Оның кейбір “қара” жақтары біздің елімізге де келіп жетті емес пе?
Осындай өмір салтының негізінде Батыс қоғамдарында тұлғалық ерекшелуніліктің орнына біркелкілік келіп, іс жүзінде халық бұқарасының көпшілігі массаға (біркелкі адамдарға) айналды,- деп қорытады ХХғ. Испан ойшылы Х.Ортега-и-Гассет. Оған себепкер болған өндірісті конвейерлеу, миллиондаған бір-біріне толығынан ұқсас заттарды жасау және оны тұтыну, орташа, тіпті тұрпайы талғамға сәйкес келетін мәдениет туындыларын жасау және оны миллиондаған адамдардың тұтынуы т.б.
Постиндустриалдық қоғамдағы өзгерістерді талдай келе ХХ ғ. ұлы гуманисті А.Швейцер адамның материалдық күш-қуаты өскен сайын оның руханиятының тайыздана беретінін өкіне айтады. Ол осы қоғамдағы мәдени-адамгершілік дағдарысты, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасының жүдеуін, адам болмысының мән-мағнасының азғанын, адамдардың бір-бірімен толыққанды да сән-салтанатты дидарласуының жетіспейтіндігін көрсетеді. Американ-неміс философы Э.Фромм Батыс адамының бақытты өмірді шексіз тұтыну жолында іздеуінің жалған жол екенін көрсетеді. Ал Нобель силығының лауреаты К.Лоренцке келер болсақ, техникалық прогресстің жағалай ортаны аздырғаны жөнінде, Табиғаттың айбындылығы мен сұлулығына қазіргі адамның мән бермейтінін, оның күшті де ыстық сезімдерінің сарқылып, зардап пен қуаныш-шаттықтың орнына зерігудің келгенін қазіргі адамзаттың күнәсі ретінде алға тартады. Ал Франкфурт мектебінің өкілі М.Хоркхаймер жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің негізгі себебін Батыс адамының жағалай ортаны өзгертіп, билеп-төстеуге бағытталған іңкәрінен көреді.
Бұл айтылған пікірлерден шығатын бірауыз сөз ол қазіргі Батыс технократизмі мен сциентизмінің болашағының жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір негізгі мәселелерінің шешілмейтіндігі болса керек. Қазіргі адамзаттың қорланған сан-алуан қайшылықтары тек қана рухани жаңару, қайта түлеудің негізінде шешілуі қажет.
Біздің ойымызша, бұл жолда көшпенділердің адамзатқа берері баршылық. Өйткені, олар ар-намысты материалдық байлыққа жетуден гөрі биік ұстаған. Қазақ санасында “қанағат” ұғымы үлкен орын алады. Жалпы алғанда, өмірлік бағытқа деген көзқарастың негізінде Батыста “үне-бойы жетіспейтін экономика”, ал Шығыста “молшылық экономикасы” өмір сүреді,- деген пікірді біз Батыс ойшылдардың өзінен естиміз. Бір қарағанда мұндай пікір ақылға симайтын абсурд сияқты. Бірақ, оның шындығы мынада. Батыс қоғамында өндіргіш күштер анағұрлым биік дәрежеде болғанымен тойымсыз қоғамды қанағаттандыру мүмкін емес. Шығыс қоғамында экономиканы адамның негізгі қажеттіктерінің өтеліуімен байланыстырады. Ал одан артық өндірілген заттар молшылыққа әкеледі.
Бақылау сұрақтары:
1.Қоғам мен қауым ұғымы
2. Қоғамды формациялық және цивилизациялық талдаудың ерекшеліктері.
3. Географиялық детерминизм ілімінің мәні.
4. Индустриалдық, постиндустриалдық және ақпараттық қоғам ерекшеліктері.
Негізгі әдебиет
1.Мырзалы С. Философия. 2008 ж.
2. Ғабитов Т. Философия. 2004 ж.
3. Әбішев Қ. Философия. 2002 ж.
Қосымша әдебиет
1. .”Ашық қоғам философиясы”. ӘФМ,Т.14. А.,2007
2.Әлеуметтік философия./Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.17.А , 2006
2.Философиялық антропология. Дін философиясы.Мәдениет философиясы. / Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.19.Астана , 2006
Дәріс 15. МӘДЕНИЕТ ФИЛОСОФИЯСЫ
Мақсаты: мәдениет философиясының мәселелер шеңберімен, мәдениеттің негізгі салалары және мәдениет типологиясымен танысу
Негізгі ұғымдар мен сөздер:мәдениет, өркениет, оқшау мәдениет, тарихилық, антитарихилық, белдеулік уақыт
1.Мәдениет типологиялары.
2. Тарихилық және антитарихилық бағыттары.
Мәдениетті бағалаудың, түсінудің, зерттеудің әртүрлілігі сияқты мәдениет әлемі де алуан түрлі. Біз "дәуір мәдениеті", "этнос мәдениеті", "ұлттық мәдениет", "христиандық мәдениет", "мұсылмандық Шығыс мәдениеті", "апполондық мәдениет", "Қытай мәдениеті" және т.б. ұғымдарды көп кездестіреміз. Осыған ұқсас барлық ұғымдар әртүрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, немесе әлеуметтік, немесе философиялық көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің әрбір гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін өз негіздеріне сай белгілі бір классификацияда жіктеуге ұмтылады, мұның ақыры, бүтіндей алғанда, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі. Мәдениеттің әрбір типологиялық картинасы өзгелерін көлегейлемейді және мүмкін болатын жалғыз типология деп есептелмейді, өйткені объекттің өзі, яғни мәдениет көпқырлы және өз болмысының барлық қырларын толық және жан-жақты қамтуға көнбейді.
Мәдениет философиясының пәні мәдениет формаларын, олардың мағынасын философиялық талдау болып табылады. Басқаша айтқанда, культурфилософия (мәдениет философиясы) мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін, универсалды және барлығын қамтитын феномен ретінде мәдениетті философиялық пайымдауға бағытталған философиялық пән болып табылады. "Культурфилософия" терминін XІX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. Мәдениет философиясы дербес сала ретінде XVІІІ ғасырдың аяғында XІX ғасырдың басында бөлініп шыға бастағанымен ХХ ғасырда ерекше қарқынды дамыды. ХХ ғасырдың басында культурфилософия мәдениет эволюциясының әртүрлі кезеңдерін зерттеуге бет бұра бастайды. Осыған байланысты мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы пайда болды. Мысалы, жаңакантшылдар В.Виндельбанд (1848-1915) пен Г.Риккерт (19863-1936) "мәдениет туралы ғылымдар" мен "табиғат туралы ғылымдарды" ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың концепциясы мәдениет философиясындағы оппозициялардың бірін мәдениет пен табиғаттың арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық (аксиологиялық) мәнін айқындады.
Мәдениеттің теориялық картиналарының көптігі бұл феноменді пайымдаудың мүмкін болатын барлық варианттарын түгеспейді. Ғылымда танымал және белсенді түрде түсіндірілетін олардың кейбіріне тоқтала кетейік. Және де бұлар әртүрлі ғылыми теориялардың кесінділері негізінде мәдениет философиясындағы принциптер мен тәсілдердің көптігі мәселесін айқындап та көрсетеді.
Ф.Ницше мәдениеттегі дионистік және аполлондық бастаулар туралы. Ф.Ницше мәдениет типологиясының толық картинасын беруді арнайы мақсат етіп тұтпағанымен, оның "өмір философиясына" сәйкес, философиялық шығармаларының бүкіл контексінен ("Трагедияның музыка рухынан пайда болуы", "Мезгілсіз пайымдаулар", "Заратустра осылай деген", "Антихристианин және т.б.") батыстық мәдениет генезисінің өзіндік концепциясы өз-өзінен туындайды. Ол батыстық мәдениеттің қайнар көздерін антикалық заманнан шығара отрып, оның кезеңдерін христиандықты, қайта өрлеуді, жаңа заманда өзінше пайымдайды.
Ф.Ницше мәдениетті адамзаттың өзін-өзі іске асыруының тәсілі ретінде қарастырып, онда физикалық тұрғыда әлсіз "зоологиялық түрдің" (адамның) аман қалу барысында қалыптасқан басты қасиеттері ретінде интеллект пен қиялды бөліп көрсетеді. Ницшеннің түсінігінше, мәдениет "билікке деген ерік", "өмірге деген ерік" принциптерімен өлшенеді. Адам болмыстың қасіретінен жоғары тұрып, жоғары адамға айналуы тиіс. Жоғары адам идеясы өмірдің неғұрлым жетілген формаларын құру үшін адамзат табиғатының көптеген қасиеттерін игеру қажеттілігіне меңзейді. Жоғары адам өміріндегі барлық өзіне қарсы кеселді, жалғандықты, дұшпандықты жоя алады, тобырдың моралынан азат бола отырып ол өзінің әрекеті үшін жауапкершілікті мойнына алады. Жоғары адам өмірінің өрлеуімен сипатталатын трагедиялық дәуірдің туындысы, оның энергиясы екі бастаумен толтырылған: дионистік және аполлондық. Мұндай нағыз мәдениетті Ницше Сократқа дейінгі Грециядан табады, онда болмыстың тұтастығының, өмірдің толықтығының символдары Апполлон мен Дионис энергияларының, бұл екі бастаудың теңдігі мойындалған болатын. Бұл екі түпкі бастау антикалық мәдениеттің ғарышын қалыптастырды, ол кейінірек бүкіл батыстық сананы қамтыды, бірақ өзінің бұрмаланған формасында. Бұл бұрмалау Ф.Ницшенің пікірінше, батыстық мәдениетті дағдарысқа әкелді, "құндылықтардың барлығын қайта бағалау" ахуалын орнатқан, "құдайдың өлімі" коцепциясын жарияланған "европалық нигилизмге" ұласты.
Ф.Ницшенің түсіндірмелерінде Аполлон мен Дионистің мифологиялық бейнелері культурфилософиялық мәнге ие болады. Ежелгі грек мифологиясының кейіпкерлері Аполлон мен Дионистің әртүрлі қасиеттерді білдіргені белгілі. Платон, мысалы, Аполлонның бейнесін өзінің атқарған негізгі мифологиялық функцияларына қарай (садақ атқыш, көріпкел, адамзаттық және ғарыштық үйлесімділіктің сақтаушысы) пайымдады. Аполлон Герместен кифараны алып, музыканың қамқоршысы атанды. Кейіннен пластикалық өнердің үйлесімділігін білдірді. Оның бейнесіндегі рационалдық пен стихиялық күштің бірігуі оның Диониспен арасындағы қарама-қайшылыққа қарамастан байланыстың болғандығын дәлелдейді. Өз кезегінде Дионис те Аполлонмен қатар тұтылған тәңірдің бірі. Парнаста әрбір екі жыл сайын Дионистің құрметіне оргиялар ұйымдастырылып тұрды. Ницше аполлондық бастауды пластикалық өнермен, ал Дионисті музыкамен байланыстырады. Аполлон мен Дионистің бәсекелестігін келісімге келтіріген Эсхил мен ежелгі грек трагедиясы болды, кейінірек оны ақылға табынушылық басып тастады. Сократ, Платоннан басталған әлемді өз заңдары бойынша рационалды түрде тәртіпке келтіруге тырысқан философиялық және мәдени дәстүр жоғары адамның трагедиялық дүниетанымын бұрмалайды. Бұл дәстүрді Ф.Ницше "әлемге жала жабу" деп атайды. Өйткені ол өмірден барлық "ақылға тән емес" нәрселерді алып тастайды. Бұл батыстық мәдениеттің дионистік бастауды "ақылмен", "ақиқатпен", "Құдаймен" басып тастау арқылы, яғни жоғары аполлонизм жолымен жүргендігін көрсетеді. Осылайша, адамзаттың табиғи қалпы, философтың пікірінше, христиандық жағынан бұрмалауға ұшырады, адам болмысының нағыз көздері Құдайдың көлеңкесінде жасырын қалды. Ал кейінірек, жаңа заманда Құдай бейнесі әлемді заңды тәртіпке келтіруге тырысқан интеллекттің, ғылыми ақиқаттың бейнесімен алмасты. Өмір интеллект ойынының ережелерімен реттелетін болды, онда өзін-өзі анықтауға орын қалмады, тіршілік апофеозы қалыптасты. Мұның бәрі адамды өмір сүрудің көзі - өмірден арасын алшақтатты. Ф.Ницше өмірмен көбірек байланысты иллюзияның түрі ретінде - өнердің рөлін ерекше бағалайды: "мәдениет- бұл бейберекетсіз хаостың сыртындағы жұқа ғана алманың қабықшасы". Ол адамзатты күйреуден сақтауы тиіс және еркіндік пен шығармашылықты бағалайтын адамгершілікті және дені сау адамды қалыптастыруы қажет. Бұл құрамында дионистік (өмірлік күштердің еркін ойыны) және аполлондық (өлшемділік, шектеулік) бастаулар өз тұтастығы мен тепе-тең қайшылығында көрінетін өнер болуы керек.
М.Вебердің "идеалды типі" әлеуметтік-мәдени теорияның методологиясы ретінде. Макс Вебер (1864-1920) ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы ең ірі әлеуметтанушылардың бірі. М.Вебердің айналысқан ғылыми салалары өте кең: ол антикалық заман, ортағасырлар мен жаңа заманның діні мен өнері, құқығы мен шаруашылығының тарихын зерттеді. Урбанизация мәселесіне байланысты антикалық және ортағасырлық қалалардың тарихымен айналысты. Мәдениет туралы ғылымның жалпы маңыздылығы М.Вебер зерттеулерінің негізгі тақырыбына айналды. Оның логикалық-методологиялық қондырғылары өз құрамында мәдениет саласын да кіргізетін әлеуметтік ғылымдардың таным принциптерін жасақтауға үлкен ықпал етті. Ол барлық таным ғылымның мүдделері мен құндылықтарына байланысты деп есептеді. Сондықтан ол әрбір нақты жағдайдағы эмпирикалық объектті зерттеудің тәсілі мен таңдауын анықтайтын "танымдық мүдде" ұғымын енгізеді. Сонымен қатар әлемді көрудің мәдени-тарихи тәсілін анықтайтын "құндылықтың идеясы" ұғымын да енгізді, өйткені біз мәдени жан болғандықтан оны бағаламай, оған мән бермей әлемді зерттей алмаймыз. Таным барысында қай құндылықтың анықтаушы болатыны ғалымның өзіндік шешімінің нәтижесі емес, уақыт рухының, мәдениет рухының өнімі. Вебер құндылықты белгілі бір тарихи дәуірдің қондырғысы ретінде, оған тән "мүдденің бағыты" ретінде түсіндіреді. Зерттеудің бағыты мен мақсатын анықтайтын идеялар мен мүдделер уақыт ағымында өзгереді, мәдениет туралы ғылымдарда келтіретін ұғымдарда, яғни "идеалды типтерде" бейнеленеді. Идеалды тип теориялық конструкциялар түрінде көрінетін "дәуірдің мүдделері" болып табылады.
М.Вебердің әлеуметтануында әртүрлі идеалдық типтерді, яғни үстемдіктің (билік формасы, басқару), әлеуметтік әрекеттің, діннің типологиясын табуға болады.
Мәдениеттаным үшін оның дін немесе діни өмір типологиясы қызығушылық тудырады. Бұл мәселеге оның "Протестант этикасы және капитализм рухы", "Дін социологиясы" еңбектері арналған. Ғалым өзінің жұмыстарын дамыған қоғамдарға тән діндарлықтың формаларын зерттеуге арнайды, негізгі назарды әлемдік діндерге аударады: буддизм, иудаизм, зороастризм, христиан, ислам, яғни өзіндік санасы жетілген тұлғаның, интеллектуалдық дамудың, әлеуметтіліктің жоғары деңгейі байқалатын қоғамдардың діндері. Діни өмірдің әртүрлі формаларының материалдары негізінде М.Вебер қандай әлеуметтік жағдайларда, әлеуметтік топтар мен кәсіби топтарда діннің ғұрыптық-табынушылық, аскеттік-әрекеттік, мистикалық-пайымдық және интеллектуалды-догматтық сәттері басым болатынын бақылайды. Магиялық элементтер егінші халықтардың (әсіресе шаруаларда) дінінде көп ұшырасады, тағдырға, жазмышқа сену жауынгер халықтардың (әскерилердің) дініне тән; қала халқының (қолөнершілер еңбек процесін рационалды ұйымдастыруға бағынышты) рационалды сипатта болады.
Әлемдік діндер тек бір халықтың немесе топтың ішінде ғана таралмайтындықтан жоғарыда көрсетілген сәттердің әртүрлі қосындылары кездесіп отырады. Вебер қытай мәдениетінде орасан зор рөл атқарған конфуцийшілдікті талдай отырып, діндарлықтың индивидуалды типін былайша сипаттайды. Конфуцийшілдік өте нақтылы, буддизмге немесе христиандыққа тән о дүниеге деген қызығушылық оған мүлде жат. Конфуцийшілдік этиканың маңызды игіліктері - ұзақ өмір, денсаулық, байлық, яғни бұл дүниедегі берекелі өмір. "Ресми конфуцийшілдікте батыстық мағынадағы индивидуалды жалбарыну жоқ. Ол тек ғұрыптық формаларды ғана біледі." Құдайтаңдаушылық, аяугершілік идеялары қытай рухына жат. "Буддизм сияқты конфуцийшілдік те этикалық ілм болды. Алайда өзінің ішкі әлемдік этикасына сай ол буддизмге қарама-қарсы. Буддизмге қарағанда конфуцийшілдіктің онан да үлкен айырмашылығы сыртқы әлемге, оның тәртіптері мен шарттарына бейімделуінен көрінеді". Конфуцийшілдіктің ақыл-ойы, - деп жазады М.Вебер, - тәртіптің рационализмі болды. Қатар, тәртіп және үйлесімділік сияқты конфуциандық этиканың негізгі принциптері мемлекеттік жағдайға да, адамзат жанының жағдайына да бірдей қолданылады. Конфуциандық этиканың ерекшелігі оның рационализміне қарамастан зұлым күштерге үстемдік ететін магияға қарсы келеді. Вебер конфуцийшілдіктегі екі бастауды көрсетеді: этикалық-рационалдық және иррационалдық-магиялық. Рационализмнің бұл типінің батыстық типтен айырмашылығы оның магиямен және дәстүршілдікпен бірігуінде болды және сондықтан, мұнда шаруашылық жүргізудің, басқарудың батыстық формалары, табиғат пен адамға деген абстрактілі-формальды қатынас қалыптаса алмайды.
М.Вебер діндерді олардың әлемге деген әртүрлі қатынастарының негізінде де жіктейді. Егер конфуцийшілдік әлемнің өмір сүруін мойындаса, ал буддизм оны теріске шығарады. Кейбір діндер әлемді оның жетілдіру мен түзетулері жағдайында қабылдайды. Олардың қатарына зороастризм, христиандық және ислам жатады. Әлемнің қабылдануы және қай мөлшерде қабылдануына қарай діни этиканың саясатқа қатынасы бағынышты. Әлемді теріске шығаратын діндердің әдетте саяси белсенділігі төмен. Әлем толық қабылданатын жерлерде діни көзқарастар саясат саласымен толық келісімге келеді.
М.Вебердің классификациясы мен салыстыру методы типология жасауға, яғни әлеуметтік-мәдени тұтастықтарды, мәдениеттің "идеалды типтерін" құруға толық мүмкіндік береді. Бұл жерде зерттеушінің танымдық дәрежесіне орай эмпирикалық әлемнің барлық алуан түрлілігінің типологиялық ерекшеліктерін анықтауға қажетті параметрлерін, кілтін табу маңызды. М.Вебер мұндай параметрлердің қатарына дәуірдің мүддесін, мәдениеттің құндылықтарын, формальды рационалдандыруды және т.б. жатқызады.
П.Сорокиннің әлеуметтанымдық концепциясы. Питирим Сорокин (1889-1968) орыс және американ әлеуметтанымдық мектептерінің негізін қалаушы. Ол әлемнің барлық тілдеріне дерлік аударылған елуге жуық кітаптардың авторы. Ол өзінің макросоциологиясының шеңберінде өркениеттердің рационалды теориясының негізін қалады. Және бұл концепция, ең алдымен мәдениет типологиясы (өркениет) тұрғысынан қызық. Бұл концепция оның "Әлеуметтік және мәдени динамика", "Біздің дәуірдің дағдарысы" деген еңбектерінде айқын сипатталып, онда батыстық мәдениеттің дағдарыстық ахуалын суреттейді.
Оның пікірінше "қазіргі дағдарыс экстраординарлық сипатқа ие. Бұл тек экономикалық немесе саяси олқылықтар емес, дағдарыс бүкіл батыстық мәдениет пен қоғамды, оның барлық басты институттарын бір мезгілде қамтып отыр. Бұл өнер мен ғылымның, философия мен діннің, құқық пен моральдың, өмір тәртібі мен әдеттердің дағдарысы. Бұл неке мен отбасы формаларына дейінгі әлеуметтік, саяси және экономикалық ұйымдардың формаларының дағдарысы... бұл - батыстық қоғамға тән ойлау т!әртібі мен жүріс-тұрыс қалпының, бүкіл өмірдің дағдарысы. Егер дәлірек айтсақ бұл дағдарыс соңғы төрт жүз жылғы батыстық мәдениет пен қоғамның негізін құрайтын формалардың күйреуімен сипатталады". М.Вебермен келісе отырып ол "мәдениет бір-бірімен ешқандай байланыссыз, қатар өмір сүретін алуан түрлі құбылыстардың жиынтығы ғана емес, бүкіл құрамдас бөліктерінің өн бойы жалғыз негіз құраушы принциппен қамтылған және жалғыз әрі басты құндылықты білдіретін тұтастық немесе индивидуалдық болып табылады. Дәл осы құндылық барлық мәдениеттің негізі және ірге тасы қызметін атқарады", - деп есептейді. Сондықтан құрамдас құндылықтың біреуі өзгерген жағдайда, қалған өзгелері де осындай өзгерістерге ұшырайды. Мәдени типтердің құндылықтары қатарына ғалым мыналарды жатқызады: өнер мен ғылымның, философия мен діннің, этика мен құқықтың басым қасиеттері, әлеуметтік, экономикалық және саяси ұйымдардың, әдет-ғұрыптардың өмір тәртібі мен ойлаудың (менталитеттің) негізгі формалары.
П.Сорокин мәдениеттің үш типін бөліп көрсетеді: идеационалды, идеалистік және сезімдік. Жалғыз нақтылық пен құндылық ретінде Құдайдың сезімнен тыс және ақылдан тыс екендігі туралы принципке негізделген мәдениеттің унификациялық жүйесін ол идеационалдық деп атайды. Бұл типке брахмандық Үндінің, буддистік, лаоистік мәдениеттерді, б.з.д. VІІІ-VІ ғасырлардағы грек мәдениетін және Батыстың ортағасырлық мәдениетін жатқызады. П.Сорокиннің пікірінше, "ортағасырлық Батыс мәдениеті әртүрлі мәдени нақтылықтардың, құбылыстардың және құндылықтардың жиынтығы емес, барлық бөліктері объективті нақтылық пен маңыздылықтың тек бір ғана жоғары принципін білдірген жалғыз тұтастық болды: Құдайдың мәңгілігі, шексіздігі, ақылдан, сезімнен тыс екендігі, әлем және адамды жаратқан құдіреттілігі, әділдігі, әдемілігі"
Идеалистік мәдениеттің негізгі принципі объективті нақтылық және оның мәнін сезімталдықпен байланыстыру арқылы сипатталады. "Біздің тек көретініміз, еститініміз, иісін сезетініміз, сезім органдары арқылы қабылдайтынымыз ғана нақтылыққа және мәнділікке ие болады". Осы сезімдік нақтылықтан тыс ештеңе де жоқ, біз сезіне алмайтын нәрсенің болуы мүмкін, бірақ ол нақты еместің, өмір сүрмейтіннің эквиваленті. Мәдениеттің күйреп бара жатқан идеационалдық және туындап келе жатқан идеалистік типтерінің принциптерінің қосылуы, П.Сорокиннің пікірінше, Батыста XІІІ-XІV ғасырларда жүзеге асты және мынадай жаңа принципті қалыптастырды: объективті нақтылық жартылай сезімнен тыс және жартылай сезімтал. Мұндай идеалистік мәдени жүйе б.з.д. V ғасырда Грецияда өмір сүрді. Бұл мәдениет жартылай сезіммен, жартылай ақылмен қабылданатын шексіздікті нағыз шынайы нақтылық және құндылық ретінде бекітіп, идеализмнің негізгі тұжырымдарын орнықтырды. Бұл мәдениет идеационалды және сезімдік типтердің арасында орналасады, өйткені, оның құндылықтары аспанға да, жерге де бірдей тиесілі. Алайда бірте-бірте идеационалды мәдениет күйзеліске ұшырап, ал идеалистік тип өзінің қарқынын күшейтті. Осылайша XVІ ғасырдан бастап жаңа принцип (әлемнің сезімділігі) үстемдік ете бастады, сонымен бірге, оған негізделген жаңа мәдениет, яғни объективті нақтылық пен оның мәні сенсорлы (сезімді) деген принципке негізделген жаңа сезімдік мәдениет қалыптасты. Соңғы төрт жүз жыл бойы мәдениеттің осы типі басым болды, алайда онда идеационалды мәдениеттің де элементтері кездесті. Кез-келген мәдениет тек бір ғана принципке негізделген абсолютті таза күйінде өмір сүрмейді, онда бір жетекші принцип қана басым болуы мүмкін. Батыстық мәдениеттің сезімдік типі ХХ ғасырда күйрей бастады, ол өзінің жаратушы потенциалын тауысты. Оның орнына енді мәдени принциптердің кезекті интеграциясы келеді. Және жаңа интегралды мәдениет жаңа шығармашылық дәуірге түседі. П.Сорокиннің пайымдауынша бұл барлық типтерді (идеационалды, идеалистік, сезімдік), мысыр, вавилон, грек-рим, үнді, қытай және т.б. мәдениеттерінің тарихынан кездестіруге болады.
Р.Гвардинидің мәдениет теориясы: әлем картинасы мен болмысты сезіну. Романо Гвардини (1186-1968) - немістің католиктік философы және теологы. Өмірді католицизм тұрғысынан түсіндіреді. Өмірдің басты қасиеті "бір-бірін үнемі өзара теріске шығаратын және бір мезгілде бірігетін" қарама-қайшылықтар деп есептейді. Оның "Жаңа заманның ақыры" деп аталатын еңбегі адамның әлем туралы көзқарасы мен болмысты сезінуімен байланысты әлем картинасының өзгерісі туралы мәселе контексіндегі мәдени-тарихи дәуірлерді айыру тұрғысынан ерекше қызығушылық туғызады. Бұл мәдени-тарихи тұтастықтардың өзіндік типологиясын білдіреді. Автор батыстық (христиандық) тарихтың дәстүрлі жіктелуін білдіретін мәдени-тарихи дәуірлерді қарастырады: антикалық заман, ортағасырлар, жаңа заман. "Белгілі дәіуірдің адамы әлемді қалай көре алады және өз болмысын қалай сезінеді?"- деген сұраққа жауап бере отырып, өзінің батыстық мәдениет типологиясы концепциясын ұсынады.
Антикалық адам әлемнің негізінен шығып кетпейді, бұл әлемнен тыс жерде оның сүйенер тірегі жоқ,- деп жазады Р.Гвардини. Антикалық адам оның сыртынан қарауға үмтылмайды да. Өзінің бүкіл сезімдерімен, көзқарастарымен және іс-әрекеттерімен ол әлемде өмір сүреді, ол әлемді іштей ғана пайымдайды. Әлем әркімнің және барлығының өз орны бар бүтіндік ретінде құрастырылмайды, сондықтан да өмір еркін болып қала береді. Бұл антикалық философияда, ғылымда, дінде, саяси өмірде аңғарылады. Антикалық адамға әлем құдіретті болып көрінеді: ол ішкі қайнар көзден туындайды. Ол тағдыр белгілеген жолмен қозғалады, алайда мұның барлығы да тағы әлемнің өзіне тиесілі. "Құдіреттілік әлемнің әуел бастапқы және құпия стихиясын құрайды. Адам оның ішінде өмір сүреді, ал ол адамның ішінде өмір сүреді. Мұны сезіну мен мойындау - бұл діни дүниетанымның мәні". Тіпті мифологиялық негізден ажырап, философиялық мотивтермен байланысқанда да діни сезім еркіндігін сақтайды. Бұл әлемнің шекараларына дейін белгіленген мүмкіншілікті пайдаланатын барлық көзқарасты қолдайтын антикалық ғылымнан көрінеді. Антикалық замандағы ғылым - бұл білімдердің тек жиынтығы ғана емес, мүмкін болатын позициялар мен дүниетанымның типологиясы. Мұндай картинаны антикалық заманның саяси өмірінен де байқауға болады. Р.Гвардинидің ойынша, гректер шамасы жетпегеннен Элладаны біріктіре алмады деу дұрыс емес, тарихи өмір сүрудің жалғасы, жалғыз мүмкіндігі осында екенін біле тұра, олардың біріккісі келмейді: жартылай тағы македондықтар келіп тұтастықты орнатқанға дейін олар бір-бірімен қырқысуды жөн санады. Антикалық дәуірде болмыстың толық және жалпы қамтитын құрылысын құрастыруға ұмтылған талпынысты Гвардини Рим мемлекетінен көреді. Алайда римдіктердің рухани үрдісі реалистігі сондай, теория мен метафизикаға ешқандай бейімі жоқ, өзінің саясаттағы қаталдығына қарамастан өмірге соншалық ашық-жарқын, сондықтан мұнда да антикалық еркіндік пен қозғалыс сақталады, - Р. Гвардини осындай шешімге тоқталады.
Р.Гвардини үшін ортағасырлар адамның әлемге деген қатынасы түбірлі өзгерген кезең: енді Құдай әлемнен жоғары тұрады, өйткені, әлемді Құдай жаратқан. Ол әлемге тиесілі емес, ол әлемнің тәуелсіз билеушісі. Және адам болмысы жаңа негіз табады: жаңа сүйену тірегі аян, жаңа еркіндік ашылады. Діни философ ретінде Р.Гвардини ортағасырларды адамзат тарихының ең жоғарғы дәуірі ретінде бағалайды, өйткені мұнда адамзаттың өмір сүруі мен оның нағыз шынайы пайымдалуы толық сәйкестікте жүзеге асты. Оның есептеуінше ортағасырлық адамның танымға деген құмарлығы ерекше, ол болмыстың рухани конструкциясын шығару үшін ақиқаттың тұңғиығына шомады. Бұл дәуірдің адамы үшін ақиқат құдіреттілік беделінде - інжіл мен шіркеу ілімінде және табиғилық беделінде - антикалық еңбектерде жасырынған. Ортағасырлардағы адам әлемді образдар түрінде символикалық түрінде ұғынады. Болмыстың тұтастығын сезіне отырып, ортағасырлық адам Құдайдың беделін тұсау ретінде емес, абсолюттікпен байланыс ретінде және жердегі сүйеніш тірегі ретінде қабылдайды.
Философтың пікірінше, жаңа заманның картинасы XVІІІ ғасырдан бастап қалыптасады. Бұл адам өмірі мен шығармашылық әрекетінің әртүлі саласынан өзін көрсетеді. Мысалы, ғылым осыған дейін дінмен анықталатын өмір мен әрекеттің тұтастығы түрінде өмір сүріп келген мәдениеттің дербес аймағы ретінде бөлектеніп шығады. Саясат саласында жеке нормалар туралы көзқарас қалыптасады. Макиавелли саясаттың жаңа нормалық сипатын жариялайды: мемлекеттің күші мен қуатына жету саясаткерлерді азаматтық еркіндік пен моральдық принциптеріне қайшы келетін құралдарға жүгінуге мәжбүр етеді. "Томас Гоббс мемлекет теориясын жариялайды, онда ол адам өмірінің толық билеушісі мен төрешісі, ал адам өмірі брлығының барлығына қарсы күресі ретінде түсіндіріледі". Бұл көзқарастар ұлттық мемлекеттердің бірте-бірте пайда болу жағдайында дүниеге келеді.
Жаңа заман адамының көзқарасында әлем өзінің бұрынғы шекараларынан шығып, кеңи бастайды. Джордано Бруноның Жер Күнді айналады деген жаңалығының негізінде әлем мен оның санының шексіздігі туралы жаңа көзқарас қалыптасып, Жер енді әлемнің орталығы болудан қалды. Әлемнің жаңа картинасы “табиғилық” деп түсіндірілетін нақтылыққа бағытталады. Енді Библиядағы уақыттың басы мен ақыры туралы, яғни әлемнің болмысы туралы эсхатологиялық ілімге күмән келтіріледі. Осыған байланысты өте ертеде пайда болып және өте алысқа кететін тарихи процесс туралы түсінік қалыптасады. Р.Гвардинидің айтуынша пайда болған әлемнің шексіз байланысы, “бір жағынан еркіндік пен кеңістікті берсе, екінші жағынан адамзаттың өмір сүруінің объективті тіреуінен айырады. Адам қозғалыс үшін кеңістік алғанымен, үйсіз қалады”.
Әлемнің мұндай картинасында адамның концепциясы да өзгереді: ол жаңа жерлер мен әлемді қорықпай аша отырып, өзін олардың қожайынымын деп жариялайды. Адам өз-өзі үшін ерекше қызығушылықтың объектісіне айналды. Ол адамшылықта индивидуалдылықты, ерекшелікті көргісі келеді, оның үстіне тұлға “ғұлама мен өмір құндылығының өлшеміне айналады”, ол оның формальды көрінісі “субъект” ұғымы болып табылады. Өз кезегінде әлем жаратылыс болудан қалып, “табиғатқа” айналады, ал адам “жаратушы” болып шығады.
Сонымен қатар Р.Гвардини діни философ ретінде Жаңа заманның картинасында осал идеялар мен адасушылықтарды тауып, олар әлемнің бұл картинасының күйреуіне және бұл дәуірдің өзінің жойылуына әкеледі деп есептейді. Қазіргі заманғы тенденцияны ол өзгермелі дүниетаныммен байланыстырады: “адам әлемді өз-өзінен бар, сенімді, жылы ұя ретінде сезінуден қалды. Әлем бөтен нәрсеге айналды және өзінің бұл жаңа сапасында ол жаңа діни мәнге ие болды”. Бұл жаңа діндарлық әлемнің ортасындағы адамның жалғыздық сезімінен туындайды, адамзаттың соңғы жиекке жетуін сезінуден және онда жоғалып кетпес үшін батыл болып, жауапкершілікті өз қолына алуды сезінуден келіп шығады.
Ф.Ницшенің, М.Вебердің, П.Сорокиннің және Р.Гвардинидің жоғарыда қарстырылған конценциялары мәдениет теориясы мәселесіне қатысты әртүрлі тәсілдерді білдіреді. Бұл концепциялардың әрқайсысы мәдениет сияқты күрделі феноменнің алуан түрлі картинасы туралы көзқарасты әртүрлі ғылыми және дүниетанымдық позициялар тұрғысынан береді.
Мәдениеттің алуан түрлі типтері туралы мәселе мәдениеттің тарихи формаларын зерттеу қырынан кең қарастырылды. Мұнда екі тенденция байқалады: антитарихилық және тарихилық. Біріншісіне, тұтас тарихи процесс ретіндегі “әлемдік мәдениет” ұғымын теріске шығаратын оқшау мәдени тұтастықтар (типтер) теориясы жатады. Екіншісіне, керісінше, әлемдік мәдени-тарихи дамудың тұтастығын бекітетін, оның кезеңдері мәдени-тарихи типтер болды деп есептейтін концепциялар жатады.
Н.Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А.Тойнбидің оқшау мәдениет және өркениет теориялары. Орыс философы Н.Данилевский (1822-1885) өзінің “Ресей және Европа” деген еңбегінде тарихтың ерте, ортағасырлық және жаңа деп бөлінуін, сондай-ақ европалық өркениетті жалпыәлемдік өркениетпен біріктіруді қате деп есептеді. Ежелгі дүниенің ақыры мен ортағасырлардың басталуын байланыстырып тұрған Рим империясының құлауының Европа үшін ғана маңызы болды, ал өзге мәдениеттер үшін, мысалы Қытай немесе Үндістан үшін оның ешқандай маңызы болған жоқ. Өйткені мәдени-тарихи типтер ерекшеленген және бір-бірмен оқшау, тұйық; олар пайда болып, өздерінің ғана формалары мен құндылықтарын дамытады. Ол адамзатты үш топқа бөледі: а) ұлы өркениеттерді немесе мәдени-тарихи типтерді қалыптастырған жаратушы халықтар; ә) ұлы өркениеттерді құрмаған, бірақ күйзелістегі өркениеттің жойылуына жағдай жасаған (мысалы, ғұндар) жағымсыз жаратушылар; б) шығармашылық рухы ерте (этнографиялық) кезден дамымай қалған халықтар. Тек аз ғана халықтар “мәдени-тарихи тип” бола алады. Мәдениет пен органикалық өмір формалары арасын салыстыра отырып ол осы оқшау мәдени-тарихи типтер туылғаннан өлгенге дейінгі барлық кезеңдерден өтеді деген қорытындыға келді. Мәдени-тарихи типтер этнографиялық жағдайдан мемлекеттік, ал одан кейін өркениетке дейін ұзақ эволюциядан өтеді. Н.Данилевский олардың дамуының кейбір заңдылықтарын атап өтеді:
1. Бір тілдік топқа жататын халық мәдени-тарихи типті білдіреді, егер ол тарихи дамуға қабілетті болса және балалық шақтан өтсе.
2. Мәдениеттің пайда болып, дамуы үшін халық саяси тәуелсіздікке қол жеткізуі тиіс.
3. Бір мәдени-тарихи типтің өркениеттік бастауы өзге типтегі халықтарға беріле алмайды. Мысалы, ағылшындар европалық өркениетті Үндістанға көшіруге тырысқанмен, онан түк шықпады. Сонымен қатар бір өркениеттің жекелеген белгілері мен элементтері өзгелеріне отарлау арқылы сіңуі мүмкін (ағылшындар өз өркениетін Солтүстік Америкаға және Австралияға көшірді); егу арқылы, яғни белгілі бір нәрсені өзге денеге егу (мысалы, мысыр денесіндегі эллинистік Александрия); өзара ұрықтандыру арқылы, бұл жағдайда бір өркениеттің құндылығын егер ол ұқсас болса, екіншісі пайдалана алады.
Мәдени-тарихи типтер діни, эстетикалық, саяси және әлеуметтік-эконмикалық белгілерімен ерекшеленеді және осы аталған әрекет салаларының барлығында жасампаз бола бермейді. Мысалы, грек өркениеті эстетикада жетістікке жетсе, семиттіктер дінде, ал, римдіктер - құқық пен саяси ұйымдастыру салаларында жетістіктерге жетті. Ол он мәдени-тарихи типтерді бөліп көрсетеді: мысырлық, қытайлық, ассирия-вавилон-финикиялық, халдейлік немесе ертесемиттік, үнділік, ирандық, еврейлік, гректік-римдік, жаңа семиттік немесе арабтық, германо-романдық немесе европалық. Мексикандық және перуандық өркениеттер өз дамуын толық аяқтай алмай, зорлықтың нәтижесінде күйреді. Н.Данилевский орыс халқынан ерекше айқын көрінетін славяндық мәдени-тарихи типтің үлкен болашағын болжап үміт артты және бұл тип төрт салада өз шығармашылығының гүлдену кезеңіне енді деп есептеді: діни, ғылыми, саяси-экономикалық және эстетикалық.
Освальд Шпенглер (1880-1936) өзінің “Европаның дағдарысы” еңбегінде адамзат ұғымын өткір сынға алып, “әлемдік тарих” идеясына қарсы шықты. Шпенглердің пікірінше, мәдениеттер ішкі герметикалығымен ерекшеленіп, бір-бірін өзара бөтенсінеді. Ол үшін “адамзат” бос дыбыс, өйткені, халықтар әртүрлі уақыттағы кеңістікте өмір сүреді. Әрбір мәдениеттің өзіндік арнайы сауыт сияқты табиғаты бар, оған өзге мәдениеттің адамы ене алмайды. Сондықтан әлемдік тарих батыстық рационализмнің ойлап шығарған қиялы.
Европалық рационализмді “өмір философиясы” тұрғысынан сынай отырып, ол өзінің мәдениет мифологиясы концепциясын ұсынады. Оның мәнісі, О.Шпенглер жануарлар мен өсімдіктер өмірі және адам өмірі арасында салыстыру (аналогия) жүргізіп, тарихты биологияландырады. Туылу, өсу, қартаю және жойылу міне, тек өсімдіктер мен жануарларға ғана емес, саналы адамға да, оның шығармашылық күш-жігерімен құрылған мәдени ағзаларға да бұйырған үлес осы. “Өмірдің тамырының соғуы” пайда болу, даму және құлдырау кезеңдерін бастан өткізетін жекелеген оқшау тұйық мәдениеттердің құрылуына әкеледі. Ол осындай сегіз мәдениетті жариялайды: мысырлық, үнділік, вавилондық, қытайлық, аполлондық (грек-рим), “магиялық” (византиялық-арабтық), “фаустық” (батысевропалық) және майя. Әрбір мәдениет, Шпенглердің ойынша, өз “әлеміне” сәйкес ерекше “жанға” ие болады. Әрбір мәдениет туылысымен-ақ тағдырдың тәлкегімен өлімге бас тігеді. Жазмыш оған ақыры трагедиялық финалға жеткізетін мыңжылдық эволюция өлшеп береді.
Шпенглер өзінің мифологиялық концепциясында әрбір мәдениеттің негізгі символын “прафеноменін” табу қажет, тек сол арқылы ғана оның “жанын” түсінуге болады деп есептеді. Ол ең басты назарды үш мәдениетке греко-рим, батысевропалық және византиялық-араб мәдениеттеріне аударады. Олардың әрқайсысының “прафеномен” немесе базистік символ арқылы ашылатын өз “жандары” бар. Греко-рим мәдениетінің “аполлондық жаны” сезімдік тән (дене) символы арқылы ашылады. Батыстық мәдениеттің “фаустық” жаны шексіз кеңістік пен уақыт символында, ал “магиялық жан”- жан мен тәнді қарсы қою арқылы ашылады.
Мәдениет “жанның ” пайда болуымен туылады және “жан” өз күшін сарқығанда өледі. Құлдыраушы мәдениет міндетті түрде өркениетке айналады. Мысалы “фаустық” мәдениет күйзеліс үстінде, яғни ХІХ ғасырда өркениет сатысына өткен ол өзінің машиналы кейіпінде адам тағдырларын тобырымен және бүкіл батыс әлеміндегі өмірдің өзін майдалап тастауда. Сондықтан да оның өзінің оқшау мәдениеттердің морфологиялық концепциясын жария еткен екі томдық еңбегі “Ервопаның дағдарысы” деп аталады.
А.Дж. Тойнби (1899-1975) ағылшын философы және тарихшы. Ол оқшау өркениеттер концепциясын адамзат тарихының тұтастығы идеясымен келістіруге тырысады. О.Шпенглермен салыстырғанда ол жалпыәлемдік-тарихи процестің мәнін теріске шығармайды, бірақ жекелеген оқшау өркениеттердің өмір сүруін де мойындайды. Олардың типологиясын зерттеу бұл өркениеттердің қалыптасуы мен өмір сүруінің ішкі заңдылықтарын анықтауға негізделуі тиіс. Оның концепциясындағы тарихи процестің бөлінуінің негізгі бірлігі мәдениет емес, өркениет болып табылады. Ол оны қоғамдық дамуға ықпал ететіндей шығармашылық элитасы (зиялысы) бар қоғамның жағдайы ретінде түсінеді. Б.з.д. ІІІ мыңжылдықта қалыптасқан алғашқы өркениеттер технология саласындағы секірісті ғана білдірмейді, құрамында шығармашылық элитаның “өркениетті” тобы бар таптық қоғамның құрылуын білдіреді. Өркениеттің өсуі оның прогрессивті және қорытушы түрде өзіндік ішкі сара жолды анықтауымен сипатталады, яғни діни сана мен мәдениеттің неғұрлым жоғары және күрделі формаларына өтуді білдіреді. Ғалым “жоғары” діндер қатарына мыналарды жатқызады: зороастризм, иудаизм, буддизм, христиандық және ислам.
Оқшау өркениеттердің типологиясының өлшемінің негізінде антропологиялық сипаттама жатқызылады. А.Тойнбидің пікірінше ”мәңгі адамның” төрт универсалды белгілері болады: сана және өзіндік сана, өз еркін білдіруге деген адами қабілет, қайырымдылық пен зұлымдықты ажырата білу, сана.
А.Тойнбидің тұжырымдауынша оқшау өркениеттер бұл әлеуметтік және табиғи ортаның талабына деген жауап: табиғи- георафиялық орта адамзат қауымдастығынан үнемі “жауап” талап етеді, ал тарихи көршілер тарапынан төнген қауіп, діни кемсітушілік және т.б. әлеуметтік тұрғыдағы “талап” болып табылады.
Өркениеттің тоқырауын Тойнби өзінің өткен жетістіктерін көшірумен ғана айналысып шығармашылық шарасыз күй кешкен шығармашылық элитаның өз күшін сарқумен байланыстырады. Бұл қоғамның барлық жағдайына зиянды әсерін тигізеді. Мұның нәтижесінде өркениет өзінің ішкі бірлігі мен өзіндік бағыт таңдау қабілетінен айрылды. Өркениеттің құлдырау фазасы үш кезеңнен тұрады: өркениеттің тоқырауы, бұзылуы, жойылуы. Тоқырау мен жойылудың арасы ғасырларға, тіпті мыңжылдықтарға созылуы мүмкін. Мысалы, мысырлық өркениетте тоқырау б.з.д. XVІ ғасырда орын алса, ал оның жойылуы б.з. V ғасырына сәйкес келеді. Екі мың жыл бойы ол “өмірдің тас болып қалған өлімі” формасында өмір сүрді. Тоқыраудан кейін де ұзақ өмір сүретін өркениеттерді белгілеу үшін А.Тойнби осы “тас болып қалған” өркениет терминін қолданады. Мысыр екі мың жылға қатып қалса, ал Қытай мың жылға тас болып қалған. Бұл өзге өркениеттерде де кездеседі.
А.Тойнби тарихта типологиялық тұрғыда ажыратылатын отыз алты өркениет бар деп есептейді. Ол өркениеттерді дамуы “толық іске асқан” және “іске аспаған” (мысалы, христиандық несториандық, христиандық монофизиттік, христиандық қиырбатыстық және т.б.) деп бөледі. Дамуы толық іске асқан өркениеттердің өзі тәуелсіз және сателлиттер деп бөлінеді. Тәуелсіздердің өзі мынадай өркениеттерге бөлінеді: өзгелермен байланысты емес (орта американдық, андтық); өзгелерден туындамайтын (шумер-аккад, мысыр, эгей және т.б.); өзгелерден туындайтын (сириялық, африкандық, православиелік-христиандық және т.б.). Өркениеттердің көпшілігі адамзаттық прогрестің, әлемдік тарихтың біртұтас ағынына қосылып кетеді.
Бүкіләлемдік тарих және мәдениет (И. Гердер, К. Ясперс). Неміс философы Иоганн Готфрид Гердер (1744-1803) өзінің “Адамзат тарихы философиясының идеялары” деген еңбегінде тарих та табиғат сияқты қатаң заңдарға бағына отырып, белгілі бір тарихи жағдайлармен дамиды деген концепцияны ұсынды. Тарихтағы прогресс заңы табиғаттың прогресс заңына негізделген. Бұл еңбекте адамзат тегінің тарихы біздің планетаның тарихынан басталады. Гердер оның шығу тегі мен ғалам жүйесіндегі орнын сипаттайды. Әлем белгілі бір сатылардан өтетін үнемі даму үстіндегі бүтіндік, тұтастық күйінде көрінеді. “1. Материяның ұйымдасуы жылу, от, жарық, ауа, су, жер, тозаң, ғалам, электр және магнит күштері. 2. Қозғалыс, тартылыс және тебілістің барлық заңдары бойынша Жердің ұйымдасуы. 3. Тірі емес заттардың - тас, тұз, т.б. ұйымдасуы. 4. Өсімдіктердің - тамыр, жапырақ, гүл, күштердің ұйымдасуы. 5. Жануарлар: денелер, сезімдер. 6. Адамдар зерде, ақыл-ой. 7. Әлемдік жан: барлығы”. Гердер үшін бұл схема үздіксіз жетілуші “дамудың тізбегін” білдіреді.
И. Гердердің еңбегінде негізгі орынды қоғамдық дамудың заңдары мәселесі алады. Қоғамдық дамудың себептерін ол ішкі және сыртқы факторлардың өзара әрекетінен көруге тырысты. Сыртқы факторлар - бұл адамдар өмірінің барлық жағдайларының жиынтығы (географиялық, табиғи). Қоғамдық дамудың басты стилі ретінде ол ішкі факторларды, органикалық күштерді атайды. “Адам қоғам үшін туылған” деген Гердердің афоризмінде қоғам адамзаттық индивидтердің органикалық тұтастығы, онсыз адам ешкім емес деген ой түйінделген. Философ басты рөлді қоғамның күшіне бергендіктен ол өз назарын, ең алдымен, адамдарды қоғамға біріктіретін құралдарға аударады. Бұл құрал ретінде ол мәдениетті таниды. Мәдениет - бұл адамдар әрекетінің өнімі және сонымен бірге оның стимулы. Бұл ең алдымен тілге қатысты. Гердер үшін тіл ақыл-ойдың жай ғана құралы емес, “адамдардың ұлы ұйымдастырушысы” да. Адамдардың қарым-қатынасы мен оның дамуының маңызды құралы ретінде ол ғылымды, қолөнерді, өнерді атайды. Мәдениеттің маңызды элементтері қатарына сондай-ақ өзі “басқару” деген терминмен белгіленген қоғамдық институттар отбасы, әртүлі көсемдер мен басқарушылар, соттар жатқызылады.
И.Гердер мәдениеттің теоретигі ғана емес, оның алғашқы тарихшыларының да бірі. Ол адамзаттың мәдени дамуында өткен жолды жалпы түрде шолуға талпыныс жасады. Оның пікірінше, адамзат тегі Азияда пайда болды. Мұнда ең ежелгі тілдер мен жазуларды аңғаруға болады. Азия егіншілік пен мал шаруашылығының, ежелгі өнер мен ғылымның отаны. Гердер Азия халықтарына құрметін көрсете отырып, мәдениет тарихында европоцентризмнен бас тартты. XVІІІ ғасырда ғылым әлі көптеген халықтардың мәдениеті мен тарихын толық тани алмағандықтан, ол өз кітабының кейбір бөлімдерін Қытайдың, Үндістанның, Үндіқытайдың, Кореяның, Жапонияның мәдениетінің тарихына арнайды: адамзаттың мәдениеті дамуындағы ежелгі Мысыр мен Қос өзен халықтарының рөліне жалпы сипаттама береді. Бұл халықтардағы мал шаруашылығы мен егіншіліктің, сауда мен қолөнердің, ирригациялық (суғару) жүйелерін құрудың, металлургияның жоғары дамығандығын ескертеді. Финикиялықтар алғаш рет алфавит қалыптастырып, әйнекті, металды оюды алғаш ойлап тапты. Ежелгі грек мәдениетіне талдау жасай отырып, өнерге үлкен көңіл бөледі.
Гердер грек тарихының негізгі кезеңдерін бөліп көрсетті: рулық мәдениеттің қалыптасуы, аристократиялық монархиялар (Спарта) мен демократиялық қалалық республикаларға (Афины) көшу, “Перикл ғасыры” афины мәдениетінің гүлденуі, Афинаның құлауы және Македон монархиясының орнауы.
Гердердің пікірінше, ортағасырлар адамзаттың мәдени дамуындағы қажетті және маңызды кезең болды. Ол бұл кезеңдегі әлемдік мәдениеттің жетістігі шығыс халықтарының, оның ішінде рухани мәдениеті мұсылман дінімен анықталатын арабтардың табыстарын қоспаса, толық болмас еді деп есептейді. Арабтардың Кіші Азияны, Мысырды, Персияны жаулап алуы әлемдік мәдениет үшін прогрессивті нәтижелер берді. Арабтың ғалымдары антикалық ғылыми дәстүрдің мұрасын қабылдап алып, онан әрі европалық ғылымға ықпал етті. Европа арабтардан фарфор, қағаз, оқ дәрі, магниттік бағыттағыш (теңізде жүзу ісіне орасан зор ықпалын тигізген) сияқты нәрселерді білді. И.Гердер адамзат мәдениетінің дамуын XІV ғасырдың соңына дейін ғана қарастырды.
Алайда бұл оның әлемдік ғылымға қосқан үлесін кемітпейді. Оның мәдениет концепциясы мәдениет теориясы мен тарихтың кейінгі дамуына үлкен ықпалын тигізді. Оның гуманизмінің философиялық негізі- адамзат прогресі туралы ілімі болды. Қоғамның жоғары өрлеуін ол гумандылық деп атайды. Және адамзаттың бүкіл тарихы оның өзі “абыройды, ақыл-ойды, еркіндікті, жоғары ұмтылыстар мен мақсатты, күш пен денсаулықты тәрбиелеу” деп түсінген гумандылыққа тезірек жетуге ұмтылған жарыс.
Неміс философы Карл Ясперс (1888-1969) өзінің бірқатар жұмыстарында (“Уақыттың рухани ахуалы”, “Тарихтың бастаулары мен оның мақсаты”) әлемдік мәдени-тарихи процестің өзіндік интерпретациясын (түсіндірмесін) баяндады. Оқшау мәдениеттер мен өркениеттер теориясын салыстырғанда, Ясперс адамзаттың шығу тегі мен даму жолы біртұтас деп тұжырымдайды. Тарихтың шынайы мәні адамда адамзаттылықтың қалыптасуы, өйткені “тарихи мүмкіндіктердің шегі адам болмысының тұңғиығында орналасқан”. Және адамның әлемде толық аяқталуы мүмкін емес, “себебі, адам үнемі өзінің шегінен шығуға ұмтылатын жан болып табылады”. Ол адамның нақтылығы ретіндегі тарих көп жағдайда рухани факторлармен анықталады деп сенеді. Философ христиандық ілімнің түрі өзгерген картинасы болып табылатын тарихтың линиялық схемасына назар аударады. Алайда Ясперс бұл схемаға өзінің философиялық және дүниетанымдық қондырғыларымен байланысты өзгерістер енгізеді. Оның пікінше, “Әлемдік тарихтың белдеуі” тек Христің пайда болуымен анықталмауы тиіс, өйткені ол тек христиандар үшін ғана маңызды және бүкіл адамзатты қамти алмайды. Бірақ ол христиандықтан да, исламнан да тарихи дәстүрлері тереңде әрі ертеректе жатқан философиялық жалпы адамзаттық сенімді жариялайды. Философиялық сенімнің пайда болу уақыты ғана “әлемдік тарихтың белдеуі”, “белдеулі дәуір” болып табылады. Бұл уақыт қазіргі адамның типін қалыптастырған рухани дәстүрлердің Қытайда, Үндістанда, Персияда, Палестина мен Ежелгі Грецияда бір мезгілде, яғни б.з.д. 800-200 жылдар аралығындағы пайда болу кезеңі. “Белдеулік дәуір”- ғұрыптық табынушылықа тән мифологиялық сана мен пұтқа табынушылықтың орнына жаңа әлемдік діндер мен философияның келген уақыты. Бұл дәуір адамның әлемге және өзіне деген жаңа қатынасын қалыптастырды: өзінің өткіншілігін, өз өмірінің жұтаңдығын сезіну, трагедиялық күнә алдындағы шарасыздық. Бұл әсіресе грек трагедиялары мен ертееврей пайғамбарларының уағыздарынан айқын көрінеді. “Адамзат болмысының бұл жалпы өзгерісін рухтану деп атауға болады… адам енді өзіне тұйықталмайды. Адам өз-өзін қаперіне алмайды, сондықтан жаңа шексіз мүмкіндіктер үшін ашық”, - деп тұжырымдайды К. Ясперс. Рухтың осы оянуымен ол осы уақытқа дейін оқшау өзара байланыссыз мәдениеттерге бөлініп келген адамзаттың жалпы тарихын осы кезден бастап санауды ұсынады. Демек, халықтар арасындағы нағыз байланыс рулық та, табиғи да емес, рухани байланыс болып табылады.
Осылайша, Ясперс бүкіл тарихи прогресті тарихқа дейін және бүкіләлемдік тарих деп бөледі. Ол әлемдік тарихтың схемасы мынадай төрт кезеңнен көрінеді: тарихқа дейін, ерте мәдениеттер, “белдеулік уақыт” кезеңі және техника ғасыры. Тарихқа дейінгі кезең - “прометей дәуірі”- адамның қалыптасу кезеңі: тілдің, еңбек құралдарының пайда болуы, отты пайдалануды үйрену. Онан кейін “жүздеген мыңжылдықтарға созылған тарихқа дейінгі кезеңнің қараңғы тұңғиығынан” б.з.д. 5 мыңжылдықтан бастап, Мессопатамияда, Мысырда, Инд және Хуанхэ аңғарларында ерте заманның ұлы мәдениеттері пайда болады. “Белдеулік уақыт”- тарихтағы шалт бұрылыс. “Белдеулік дәуірдің” негізін даярлаған ежелгі заманның ұлы мәдениеттері жойылады. Жаңа дәуір тарихи тұрғыда барлығын қамтиды. Бұл дәуірдің идеясын қабылдамаған халықтар, К.Ясперстің пікірінше, тарихтан тыс, табиғи өмір сүру деңгейінде қалып қояды. “Белдеулік дәуір”- әлемдік тарихтың өзінің тарихқа дейінгі өткеніне және жалпыәлемдік мәдениеттің болашақ дамуына жол сілтейтін өзіндік нүкте. Ясперс адамзат тарихтың нағыз негізін тудыруға қабілетті жаңа “белдеулік уақытқа” келуі де мүмкін деген болжам айтады.
Бақылау сұрақтары
1. Ф.Ницше мәдениеттегі дионистік және аполлондық бастаулар туралы.
2. П.Сорокиннің әлеуметтанымдық концепциясы
3. Н.Данилевскийдің, О.Шпенглердің, А.Тойнбидің оқшау мәдениет және өркениет теориялары.
4. Бүкіләлемдік тарих және мәдениет (И. Гердер, К. Ясперс).
Негізгі әдебиет
1.Мырзалы С. Философия. 2008 ж.
2. Ғабитов Т. Философия. 2004 ж.
3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2006.
Қосымша әдебиет
1. XX ғасырдағы мәдениет философиясы. ӘФМ,Т.17. А.,2007.
2. XX ғасырдағы тарих философиясы. . ӘФМ,Т.16. А.,2007
3.Философиялық антропология. Дін философиясы.мәдениет философиясы. / Қазақ халқының философиялық мұрасы. 20 томдық. Т.19.Астана , 2006
ГЛОССАРИЙ
Абстракциялау - дерексіз ойлау әдісі, зерттеу объектісінің маңызды қырын ойша бөліп алып, қарастыру.
Агностицизм- дүниені танып білуге болмайды деп санайтын көзқарас.
Ақиқат философияның негізгі категорияларының бірі, білімнің шындыққа сәйкестігі.
Аксиология- құндылықтар туралы ілім.
Антропология адам туралы ілім.
Антропоморфизм- адам қасиетін табиғатқа телу.
Антропоцентризм- дүние орталығы адам деп санайтын көзқарас.
Антропосоциогенез адам қоғамының шығуы.
Архетип К.Г. Юнг(неофрейдист) іліміндегі ұжымдық бейсаналық ұғымы.
«Асқан адам» - Ф.Ницшенің(иррационалист, «өмір » философиясының өкілі) іліміндегі билікке еркі күшті, осы жолда үлкен жетістіктерге жеткен адам.
Атрибут бөліп алуға болмайтын, біте-қайнасқан қасиет.
Болмыс дүниедегі барлық материалдық, идеалдық заттар мен құбылыстар жиынтығы.
Волюнтаризм дүниенің негізі ерік- жігер деп санайтын көзқарас.
Герменевтика Қазіргі заман философиясындағы бағыт, негізін қалаған Гадамер, негізгі мәселесі- қолжазба, мәтіндерді талқылау, түсіндіру.
Гносеология таным туралы ілім.
Гилозоизм дүние түгел жанды деп санайтын көзқарас.
Гуманизм адамгершілік, адамға құрмет туралы көзқарастар жүйесі.
Дао Ежелгі қытай философиясындағы даосизм бағытындағы дүниенің түпнегізі, «жол», «тағдыр», «заң» деген мағына береді.
Дүниегекөзқарас(дүниетаным)- тұтас дүние және ондағы адамның орны туралы түсініктер жүйесі.
Диалектика - жалпы даму туралы ілім, грек тілінен аударғанда «әңгіме айту өнері, дауласу» деп аталады. Болмыс пен танымның калыптасуы мен дамуы туралы философиялык ілім және осы ілімге негізделген ойлау әдісі. Философия тарихында диалектиканың бірнеше түсініктері берілген: болмыстың үнемі калыптасуы және құбылмалылығы туралы ілім (Гераклит); диалог өнері, пікірталас арқылы шындыққа жету (Сократ), абсолют идеяның даму заңдылығы (Гегель), материалистік диалектика (Маркс); негізгі заңдары мен категорияларын алғаш тұжырымдаған Г. Гегель.
Детерминизм Құбылыстардың себепке тәуелділігі туралы көзқарас , детерминант- себеп.
Деизм Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды деп санайтын ағартушылық көзқарас.
Дедукция ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы.
Дуализм- дүниенің бір-біріне тәуелсіз материалдық,идеалдық қос бастамасы бар екенін мойындайтын көзқарас.
Жэнь- Ежелгі қытай философиясындағы конфуцийлық бағыттың адамды сүю, құрметтеу дегенді білдіретін ұғымы, текті адамның бес жақсы қасиетінің бірі.
Жерұйық- қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, Қорқытқа қатысты мәңгі өмірі бар жер дегенді білдірсе, Асанқайғыға қатысты географиялық жағдайы өмір сүруге аса қолайлы жер дегенді білдіреді.
Заман - қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, бір кезеңде өмір сүріп отырған қоғамның негізгі тарихи ерекшелігін қамтитын ұғым.
Заң- заттар мен құбылыстар арасындағы тұрақты байланысты білдіретін ұғым.
Идеализм дүниенің түпнегізі идея деп санайтын көзқарас.
Инь-Ян - Ежелгі қытай философиясындағы(даосизмдегі) дүниенің қарама-қарсы бастаулары, инь- қараңғы, пәс, әйелдік бастау, ян- жарық, белсенді, еркектік бастау.
Индукция ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы.
Иррационализм дүниені танып-білуге ақылдың шамасы жетпейді деп мойындайтын көзқарас.
Инсан камил араб мұсылман философиясындағы «жетілген адам».
Карма - Үнді мифологиясындағы адам тағдырының негізі.
Креационизм- дүниенің жаратылғандығы(Құдай жаратқаны) туралы көзқарас.
Қоғамдық болмыс - қоғамның материалдық өмірі .
Қоғамдық-экономикалық формация марксизмдегі адамзат тарихының даму сатылары: алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік.
Логика - ойлау, қисынды ойлау жүйесі.
Логос грек сөзі , оның мағынасы әртүрлі: ілім, сөз, есептеу, қатынастарды аяқтау; Гераклит философиясында заң ұғымына жақын.
Материализм дүниенің түпнегізі тек материя деп мойындайтын көзқарас.
Менталитет- діл, ұлттық мәдениетке қатысты құбылыс.
Метафизика- грекшеден аударғанда физикадан соң жүретін деген мағына береді. Аристотель философиясында болмыстың ең жоғарғы бастамасы, түпнегізі туралы ілім . Аристотельдің өзі оны бірінші философия, теология деп атаған.18 ғ. бастап онтология деген терминмен толықтырылды.Метафизика әрі диалектикалыққа қарсы ойлау әдісі болып та табылады.
Мифология грекшеден ауд.: аңыз, әңгіме, шежіре, аңыз туралы ілім.
Мокша Үнді мифологиясындағы бұл дүниедегі азаптан құтылып,дүниежүзілік рухқа қосылуға мүмкіншілік алу.
Монизм - дүниенің түпегізі біреу ғана деп санайтын көзқарас.
Монотеизм- бірқұдайлық дін.
Парадигма - грекшеден ауд.: үлгі; парадигма біріншіден, қатаң ғылыми теория, екіншіден , көпшілік мойындаған, ғылыми қауымдастыққа мәселені қою және шешу үлгісін көрсететін ғылыми жетістік. «Парадигма » ұғымын айналымға енгізген Т.Кун.
Плюрализм болмыстың көп бастамасы бар деп санайтын көзқарас.
Политеизм көп құдайға табынушылық.
Рационализм танымның көзі ақыл-ой деп мойындайтын көзқарас.
Релятивизм «бәрі салыстырмалы » деп санайтын, ештеңенің абсолюттілігін мойындамайтын философиялық ілім.
Реализм - «жалпы» шын өмір сүреді деп мойындайтын көзқарас, ортағасырлық философиядағы бағыт.
Субъективтік идеализм - болмыстың түпнегізі жеке адамның сана, сезімі деп мойындайтын көзқарас.
Скептицизм - эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп; дүниені танып- білуге күмән келтіру, білімнің субьективті екенін мойындау; ешқандай соңғы тұжырым жасамауға, ақылды үнсіздік сақтауға шақыру; көрнекті өкілдері: Пиррон, Секст Эмпирик т.б.
Софистика Ежелгі грек жерінде қалыптасқан гуманистік бағыт, шешендік өнерге ақылы баулитын мектеп; көзқарасындағы негізгі сипаты релятивизм; оң жағы философияға этика, саясат, логика , риторика мәселелерін енгізуі; көрнекті өкілдері: Протагор, Горгий, Гиппий, Критий, Продик, Алкидам.
Стоицизм эллинизм кезеңіндегі этикалық мектеп; негізін қалаған Китиондық Зенон. Негізгі идеялары: адамның микрокосм ретінде әлемдік заңға бағынатыны, тағдырға мойынсұну керектігі.
Суфизм исламның діни мистикалық бұтағы, 8-9 ғ.ғ. пайда болған; Ақиқатты мистикалық интуиция арқылы тану туралы көзқарас; көрнекті өкілдері: әл- Газали, Омар Хәйәм, Ахмет Яссауи т.б.
Сенсуализм танымның көзі түйсік, сезім мүшелері арқылы алынатын мәлімет деп мойындайтын көзқарас.
Синергетика - грекшеден ауд.: қатысу, көмектесу; өте күрделі, спонтанды, бірсызықсыз дамитын жүйелерді зерттеу әдісі.
Томизм Ф.Аквинскийдің ілімі.
Теоцентризм теологиялық орталықтық, ортағасырлық философияның басты сипаты, Құдай-абсолют, дүниенің кіндігі деп түсіну.
Объективтік идеализм болмыстың түпнегізі деп руханиды санайды, бірақ заттардың адам санасына тәуелсіздігін мойындайды(субъективтік идеализмнен айырмашылығы).
Онтология болмыстың мәні туралы ілім.
Эмпиризм танымда жетекші рөлді тәжірибе атқарады деп санайтын көзқарас.
Эстетика сұлулық туралы ілім.
Этика - әдеп, мораль, ізгілік туралы ілім.
Ұсынылатын негізгі әдебиет(оқулықтар мен оқу құралдары)
1.Ғабитов Т. Философия. А.,2004.
2.Алтай Ж., Қасабек А. Философия тарихы. А., 2006.
3.Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2006.
4.Мырзалы С. Философия. А., 2008
5. Иманқұл Н. Философия. А.,2007
6. Тұрғынбаев Ә. Философия. А.,2005
Қосымша әдебиет
1. Ежелгі Шығыс философиясы./ӘФМ. 20 томдық. Т.1. А.,2006
2.Антика философиясы. ӘФМ.20 томдық.Т.2. А;2006.
3.Аристотель философиясы. . ӘФМ.20 томдық.Т.3. А;2006.
4.Абай. Шығармалар.Алматы, 1996
5. Мифология: құрылымы мен рәміздері. Құраст.:Наурызбаева З., Нұрпейісова Ш. А.,2005.
6.Әл-Фараби мен Ибн- Сина философиясы. . ӘФМ,Т.4 . А.,2006
7. Идрис Шах. Суфизм. М., 1999.
8.Ортағасырлық діни философиясы. . ӘФМ,Т.5 . А.,2006
9. Жаңа дәуір философиясы. . ӘФМ,Т.6. А.,2006
10. Жаңа дәуірдегі француз философиясы. . ӘФМ,Т.7. А.,2006
11. Кант пен Гегель философиясы. . ӘФМ,Т.8. А.,2006.
12. Рысқалиев Т. Даналық пен түсінік үлгілері.Философия тарихына шолу.А.,1999.
13.Орыс философиясы. . ӘФМ,Т.12. А.,2006
14.Ғ.Есім.Қазақ философиясының тарихы. А., 2006
15.Қазақ халқының философиялық мұрасы.20 томдық. А.,2007
16.Шәкәрім. Шығармалар. А.,2001
17. Қондыбай С. Арғықазақ философиясы. 1 кітап. А.,2004
18. Сегизбаев О.А.Казахская философия XV-начала XX века.А.,1996.
19.Классикалық емес батыс философиясы. . ӘФМ,Т.13. А.,2006
20.Өмір философиясы . ӘФМ,Т.9. А.,2006
21.Ғылым және техниканың батыстық философиясы. . ӘФМ,Т.10. А.,2006
22.Өмір сүру философиясы. ӘФМ,Т.11. А.,2006.
23.”Ашық қоғам философиясы”. ӘФМ,Т.14. А.,2007
24.Постмодерн философиясы. . ӘФМ,Т.15. А.,2007
25.XX ғасырдағы тарих философиясы. . ӘФМ,Т.16. А.,2007
26. XX ғасырдағы мәдениет философиясы. ӘФМ,Т.17. А.,2007.
27.Ғ.Есім.Саяси философия. А.,2007.
28. Адаева Г. Қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымы: гендерлік қырлары.А.,2008
Оқу- әдістемелік құралдар
29. Адаева Г. Философия. Әдістемелік нұсқаулар. А.,2009
30. Мамырбекова Ә. Философия сызбалар мен кестелер түрінде. Ө., 2009
Семинар сабақтарының жоспары және дайындалуға арналған
әдістемелік нұсқаулар
Семинар1. Философияның
қоғам және адам өміріндегі орны.
1.Философияның функциялары
2.Философияның адам өміріндегі ролі.
3. «Адам-әлем »қатынасының сан қырлылығы.
Философияның дүнеге көзқарас ретінде діннен және ғылымнан айырмашылығына, философиялық білімнің ерекшелігіне назар аударыңыз.Негізгі ұғымдардың анықтамаларын түсініп, жаттап алыңыз.
Семинар 2. Ежелгі Шығыс философиясындағы адам
1.Ежелгі Үнді философиясындағы адам өмірі қасірет шегу ретінде.
2. Конфуцийлықтағы цзюнь-цзы.
3. Ежелгі Шығыс дүниетанымындағы адам-дүние қатынасындағы ортақ мәнділік.
Ежелгі үнді пен қытай философиялық ойлауын салыстырыңыз. Қандай ерекшеліктер байқадыңыз, тұжырымдап жазыңыз. Негізгі сөздер мен ұғымдардың қайсысы Ежелгі үнді, қайсысы Ежелгі қытай философиясына тән екеніне назар аударыңыз.
Семинар 3. Эллинизм кезеңіндегі философия
1.Эллинизм кезеңінің ерекшелігі, мәселелер шеңбері.
2.Антика кезеңіндегі гедонизм.
3.Кинизм, стоицизм, скептицизм этикалық мектептерінің ерекшеліктері.
Эллинизм кезеңіндегі этикалық мектептердің қайсысына қосыласыз және неге деген сұраққа жауап дайындап, оны негіздеуге тырысыңыз. Бұл сабаққа «Тик-бокс №1»мен дайындалуға болады.Таблицаны толық оқып шығасыз.Әрбір тұжырымның қай мектептің немесе философтың көзқарасы екенін анықтайсыз.Қарама-қарсы тұрған екі тұжырымды салыстырасыз.Қайсысымен келісесіз,соның тұсына белгі қоясыз.Екеуімен де келіспесеңіз, ешқандай белгі қоймайсыз.Жауабыңызды негіздейсіз.
ТИК БОКС №1
Мемлекетті философтар басқару керек. |
Мемлекетті орташалар басқару керек. |
||
Еркін атомдардан құралған адам еркін нәрсе. Ол өз жүріс- тұрысын еркін таңдай алады. |
Адамда еркіндік жоқ. Ол әлемдік заңға бағынады. Сондықтан адам тағдырға мойынсұну керек. |
||
Адам ешқандай этика нормаларынсыз еркін, табиғи өмір кешуі керек. |
Бәрі шартты. Адам ақылды үнсіздік сақтауға ұмтылуы керек. |
||
Адам қоғамдық жануар. |
Адам барлық заттың өлшемі. |
Семинар 4. Ортағасырлар философиясындағы таным мәселесі.
1.Христиан философтары ақыл мен ерік қатынасы туралы.
2.Шығыс перипатетизміндегі таным әдісі.
3.Суфизмдегі таным мәселесі.
Семинар сабақтарына дайындалар алдында христиан діні мен ислам дінінің шығу тарихымен, олар туралы діни және ғылыми версиялармен , екі діннің догматикасымен, олардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарға назар аудара отырып танысыңыз.
Семинар 5.. Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясындағы қоғам мәселесі
1.Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік утопия.
2.«Қоғамдық шарт» концепциясының мәні.
3.Ғылым және қоғамдық прогресс түсінігі.
Н.Коперниктің гелиоорталық жүйесімен танысып, оның қазіргі Күн жүйесінің схемасынан қандай айырмашылығы бар екеніне назар аударыңыз.Бұл айырмашылықтардың себебін түсіндіріңіз.XIV-XVII ғ.ғ. арасында ашылған жаратылыстанулық, жалпы ғылыми техникалық жаңалықтарды есіңізге түсіріңіз.Оның дүниенің механикалық бейнесін жасаудағы роліне назар аударыңыз.«Тик-бокс №2 »-мен жұмыс жасаңыз. Ол үшін «Тик-бокс №1»- ге берілген нұсқауларға қараңыз.
ТИК БОКС №2
1 |
Танымда жетекші рөлді ойлау атқаруы тиіс. Эксперименттің мүмкіндігі шектеулі. |
Танымда жетекші рөлді тек тәжірибе атқаруы керек. |
||
2 |
Адам туғанда санасы таза тақта, тек түйсік арқылы мазмұнға толады. |
Адам туғанда ойында « туа біткен идеялар» болады. |
||
3 |
Адам ойлай білетін зат. |
Адам білімді машина. |
Семинар 6. Неміс классикалық философиясының әлемдік философиядағы орны.
1.Неміс классикалық философиясындағы диалектика түсінігі.
2.Фихтенің субъективтік идеализмі.
3.Фейербахтың антропологиялық материализмі.
Бұл тақырыпқа «Тик-бокс №3»-пен дайындалуға болады.
Семинар 7. Марксизмдегі адамның әлеуметтік тұғырнамасы
1.Марксизмдегі универсал адам концепциясы.
2.Марксимдегі антропогенез мәселесі.
3. Маркстік философияның дөрекіленуі және қасаң қағидаға айналуы.
6,7 тақырыптар бойынша семинар сабақтарына «Тик-бокс №3»-пен дайындалуға болады.Таблицаны толық оқып шығысыз.Әрбір тұжырымның қай философтың көзқарасы екенін анықтайсыз.Қарама-қарсы тұрған екі тұжырымды салыстырыңыз.Қайсысымен келісесіз,соның тұсына белгі қоясыз.Екеуімен де келіспесеңіз, ешқандай белгі қоймайсыз да, өз нұсқаңызды дайындайсыз.Жауабыңызды негіздеңіз.
ТИК БОКС №3
1 |
Адам ізгілік заңдарын жүзеге асыру үшін келеді. |
Адам табиғатты өзіне бағындыру үшін келеді. |
||
2 |
Адам табиғат туындысы |
Адам қоғамдық қатынастар жемісі |
||
3 |
Жеке меншік жеке тұлға көрсеткіші, сондықтан оны теңестіруге болмайды. |
Жеке меншік- әлеуметтік теңсіздіктің негізі. Сондықтан жеке меншік жойылуы тиіс. |
||
4 |
Тарих дегеніміз тап күресі. |
Тарихты жасайтын ұлы тұлға. |
Семинар 8. Қазақ философиясындағы антропологиялық дискурс
Қазақ халқының тарихы, дәстүрлі мәдениеті (ауыз әдебиеті, өнері, салт-дәстүрі т.б.) бойынша білімдеріңізге сүйене отырып дайындалыңыз. Абайдың «Қара сөздерін», өлеңдер жинағын, Шәкәрімнің «Үш анығын» оқып шығыңыз.
Семинар 9. Сана және бейсаналықтың қатынасы
1. «Бақытсыз сананың »қалыптасуы..
2.К.Г.Юнг философиясындағы бейсаналық түсінігі.
3. Адлер бейсаналықтың әлеуметтік табиғаты туралы.
Семинар 10. Қазіргі тарих философиясы
1. Тарихта прогресс мүмкін бе?.
2. Тарихтың объективті заңдылық идеясы.
3. Белдеулік уақыт тұғырнамасы.
Қазіргі заман философиясының классикалық философиядан ерекшелігіне назар аударыңыз.Оның әр бағытының көзқарасына сыни көзбен қарап, өз пікіріңізді қалыптастыруға тырысыңыз.Тик- бокс №4- пен жұмыс жасаңыз.Ол үшін «Тик-бокс №1, №2, №3»- пен қалай жұмыс жасағаныңызды еске түсіріңіз.
ТИК БОКС №4
1 |
Сана- адам танымының және мінез- құлқының негізі. |
Адамды бейсаналық билейді. Ол санадан күшті. |
||
2 |
Адам өмірінде мән жоқ. Адам өмірі- абсурд. |
Адам өмірінің мәні билікке жетуде. |
||
3 |
Мәдениет пен өркениет бір нәрсе. |
Мәдениет өлген кезде орнына өркениет келеді. |
||
4 |
Тарих қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуы. |
Тарих- жеке мәдениеттердің алмасуы. |
Семинар 11: «Адам -Дүние» қатынасы болмыс құрамындағы
іргелі қатынас ретінде.
1.Адам-қоғам болмысындағы табиғилық пен мәденилік арақатынасы.
2.Адамзаттың рухани тәжірибесі: мазмұны және шекаралар.
Бұл тақырыпқа мектеп курсынан математика, физика, биология, астрономия пәндері бойынша алған, университет бағдарламасынан жоғарғы математика бойынша алған білімдеріне сүйене отырып дайындалу керек.Атап айтқанда, атомның құрылысы Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы, евклидтік және евклидтік емес геометрия, Үлкен жарылыс теориясы, Гершпрунг- Рассел диаграммасы, Дарвиннің эволюциялық теориясы, т.б.
« Табиғат адам үшін ғибадатхана ма , әлде шеберхана ма?» тақырыбына пікірталасқа дайындалыңыз.
Семинар 12. Диалектиканың
заңдары мен қағидаттары
1.Диалектиканың негізгі қағидаттары
2.Диалектиканың заңдары мен категориялары.
3.ХХ ғасырдағы диалектиканың нұсқалары.
Философия үшін басты құндылық обьективті ақиқаттың үнемі дамуда екенін түсіну.Салыстырмалы және абсолют ақиқаттың диалектикасының ерекшелігіне назар аударыңыз.«Ғылыми таным түрлері және әдістері» атты кестені талдаңыз. Негізгі ұғымдардың анықтамаларын жаттап алыңыз.
«Ғылым және дін: келісім бе, әлде қарсы тұру ма?» тақырыбына пікірталасқа дайындалыңыз.
Семинар 13. Еркіндік құндылық ретінде
1. Құндылық ұғымы, табиғаты.
2. Құндылықтарды таңдау мәселесі.
3. Еркіндік және анархия.
Еркіндік дегеніміз не? Ақылмен шектелу ме, әлде ойыңа келгенді жасау ма? Адамға құдай қажет пе? Адамға осы өмірде көп керек пе? «Аз керек болса, ол Құдайларға жақын» (Сократ). Ал Сіз қалай ойлайсыз?
Семинар 14. Қазақстан қоғамының даму перспективалары
1.Дәстүршілдік пен модернизм синтезі мәселесі.
2. Ұлттық жолдың өзіндік болмысы мәселесі.
3. Тоталитаризмнен демократияға өту .
«Басқа елде сұлтан болғанша- өз еліңде ұлтан бол»дегенге қалай қарайсыз?
Семинар 15. Мәдениеттер сұхбатындағы Батыс пен Шығыс
1. ХХ ғасырдағы Батыстың мәдени-әлеуметтік дағдарысы.
2.Жаһандану жағдайында мәдени өзіндікті сақтау мәселесі.
« Дүниені сұлулық құтқара ма?» Адамға осы өмірде көп керек пе? «Аз керек болса, ол Құдайларға жақын» (Сократ). Ал Сіз қалай ойлайсыз?
Студенттің өзіндік жұмысы бойынша әдістемелік нұсқаулар
Философиядан реферат жазуға әдістемелік нұсқаулар
Реферат жазу-студенттердің өзіндік жұмысының құрамдас бөлігі. „Реферат" сөзін \лат.-баяндау, хабарлау\ былай түсіндіруге болады: а) белгілі тақырыпқа сәйкес әдебиетке шолу жасай отырып баяндама дайындау; б) ғылыми жұмыстың немесе кітаптың т.б. мазмұнын баяндау т.с.с.
Кез келген рефераттың екі жағы бар -сыртқы және мазмұны. Сыртқы жағы - рефератты белгілі бір талаптарға сәйкес көркемдеу. Мұқабасында /жоғарыдан төменге қарай/: жоғары оқу орнының, факультеттің аты, реферат тақырыбы, орындаушы студент пен оқытушының, ғылыми жетекшінің фамилиясы мен инициалы, қала және жыл.
Рефераттың келесі бетінде жұмыстың жоспары: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, рефераттың мақсаты мен міндеті сипатталады.
Негізгі бөлім тақырыпты әр жағынан ашатын тараулар мен параграфтарға бөлінеді. Бұл жерде кездесетін негізгі қате параграфтың аты реферат тақырыбымен түгелдей сәйкес келуі мүмкін. Негізгі бөлімді жоспарға сәйкес мәтінде де жіктеген жөн, әйтпесе оның мазмұнын түсіну қиынға соғады.
Рефератта келтірілген сілтемелерге санмен белгі қойылады, ол жұмыс соңында келтіретін әдебиет тізіміндегі реттік нөмірмен сәйкес келуі тиіс.
Әдебиетті былай келтіреді: а) кітап болса: автордың фамилиясы, кітаптың аты, шыққан жылы. Егер ұжымдық монография немесе оқулык болса, жауапты редактордың фамилиясы, егер көптомдық басылым болса, томдардың жалпы саны, сосын барып сәйкес томның нөмірі; б) журнал /газет/ мақаласы үшін автордың фамилиясы, мақала аты, // белгіден кейінгі журналдың аты, шыққан жылы, нөмірі.
Философиядан реферат жазудың өзіндік ерекшеліктері бар.Бұл ерекшеліктері мыналардан тұрады:
Әдеби деректер- бұл мәселеде ең бастысы студенттің алғашқы деректерге, яғни философтардың өзінің төл шығармасына баса назар аударғаны жөн. Олардың негізгі идеялары мен концепцияларын, олардың белгілі бір философиялық мәселені қалай шешкенін меңгеру қажет.
Алғашқы деректер оқылып, танылғаннан кейін ғана коментаторлық әдебиетке, яғни ірі философтардың ілімі туралы қазіргі авторлардың еңбегіне көшкен жөн. Рефератты тек коментаторлық әдебиетке ғана сүйеніп жазуға болмайды, себебі кейде философтың төл шығармасы мен ол туралы басқалардың жазғанының арасында әжептеуір айырмашылық болуы мүмкін.
Философиядан төлдерек ретінде 2006-2007 ж.ж. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Әлемдік философиялық мұра» атты 20 томдықтың шыққанын ескертеміз.
Маркстік (диалектикалық-материалистік) философияға көзқарас. Бұл арада назар аударатын бір жағдай, егер кеңестік дәуірде маркстік философияның ролі мен мәні абсолюттендіріп, ол „жалғыз дұрыс" ретінде түсіндірілсе, қазір оған мүлдем қарама-қарсы ағым үстем болып отыр. Студент осындай шектен шығушылықтардың бар екенін біліп, ескергені дұрыс.
Сыни көзқарастың қажеттілігі. Ойшылдардың философиялық көзқарасын танып білу объективті болу үшін, оларды талдау мен бағалауда сыни көзқарас қажет. Бірақ, сын негативті (яғни тек жоққа шығарудан, қиратудан тұратын) емес, конструктивті болуы керек. Мұндай сын тек жоққа шығару емес, оның ақылға сыйымды оң жағын да байқап, ескеру және автор осы қарастырып отырған мәселеге қатысты өз көзқарасын, оны шешудің жолдарын ұсынуга тиіс.
«Қорытындыда» тақырыпты түйіндеп, негізгі қортыныдылар жасалынып, мәселені әрі қарай тереңдетіп, нақтылаудың мүмкін бағыттары көрсетіледі.
Реферат көлемі қолмен жазылған 15, компьютермен терілген(12 кегль) 10 беттен аз болмауы тиіс.
Эссе очерк, нобай, ойлау, нақты тақырып, мәселе бойынша өз ойларын еркін ашу. Еркін түрде жазылатын шағын шығарма(1-3) бет. Эссеның тақырыбын студент оқытушымен келісіп, ұсынылған тақырып тізбесінен өзі таңдап алады.
Реферат және эссе тақырыптары
Т.1. Философия мәдениет феномені ретінде
Реферат тақырыптары:
1.Қазіргі философияның даму жолдары мен жетістіктері.
2. Философия София ретінде.
3. Мифология-дүниегекөзқарастың тарихи түрі.
4.Философия және өнер.
5.Философияның жоғарғы білім саласында алатын орны.
Эссе: Мен философияны қалай түсінемін?
Т.2,3. Ежелгі философия
1. Ежелгі Шығыс философиясы мен мәдениетіндегі адам.
2. Веда философиясындағы болмыс категориясы.
3. Будданың жұмбағы.
4. Конфуций: таным теориясы.
5. Әлемдік философия тарихындағы Лао-Цзы.
6.Сократтың ежелгі Грек философиясының қалыптасуындағы ролі.
7. Платонның «еске түсіру теориясы».
8. Пифагор мектебіндегі космология.
9. Ежелгі Грециядағы этикалық мектептер: гедонизм, кинизм.
10. Аристотельдің метафизикасы. (Материя және түр туралы.)
11. Платон философиясындағы махаббат тақырыбы.
Т.4.Ортағасырлар философиясы
Реферат тақырыптары:
1.Ортағасырлық философияның адамзаттың рухани өмірінде алатын орны..
2. А.Августиннің «Тәубеге келуі» орта ғасырлық ойлаудың тарихында.
3. Әл-Фарабидің философиясында бақыт мәселесі.
4. Шығыс перипатетизмінде білім концепциясы.
5. Х.А.Яссауидің этикалық концепциясы.
6. Ибн-Сина философиясындағы махаббат тақырыбы.
7. Ибн-Рушд философиясындағы қос ақиқат теориясы және оның Батыс Европа философиясының ой-пікірлеріне әсері.
Т.5. Қайта өрлеу және Жаңа заман философиясы
Реферат тақырыптары:
1.Итальяндық гуманистердің философиясында адам мәселесі.
2. Қайта өрлеу ойшылдарының утопиялық идеалдары.
3. Т.Мор мен Т.Кампанелланың утопияларында қоғам идеалы.
4. Протестанттық этика және оның маңызы.
5. Ф.Бэконның ғылымның классификациясы және себептер туралы ілімі.
6. Р.Декарттың ғылыми философиялық методологиясы.
7. Б.Спинозаның философиясындағы бостандық мәселесі.
8. Ж.Ж.Руссоның «қоғамдық шарт» теориясы.
Эссе:Табиғат адам үшін ғибадатхана ма, әлде шеберхана ма?.
Т.6. Немістің классикалық философиясы және марксизм
Реферат тақырыптары:
1.И.Г.Фихтеның философиясында бостандық мәселесі.
2.И.Канттың этикалық ілімі.
3.Ф.Шленнинг:дүниені иүсіндірудегі даму және себептілік принциптері.
4.В.Гегельдің “Логикасы”. Абсолюттік идеяның өздігінен даму идеясы.
5.К.Маркстың тарихшылдық философиясы.Жаттану концепциясы.
6.Л.Фейербах “Христиандықтың мәні”. Діннің тағдыры мен пайда болуы туралы ілімі.
7.Неміс классикалық философиясының тарихи маңызы.
Т.7. Орыс философиясы
Реферат тақырыптары:
1 . Ресейдің тағдыры және оның тарихи тағлымы.
2. Орыс философиясы және оның әлемдік философияға қосқан үлесі.
3. В.Соловьевтің философиясы.
4. Л.Н.Толстойдың этикасы. Өмірдің мәні мен адамның жетілгендігі туралы ілімі.
5.Н.Бердяевтың персоналистік философиясы.
Т.8. Қазақ философиясы
Реферат тақырыптары:
1. Қазақ халқының дүниеге дәстүрлі көзқарасы көшпелі өмірдің бейнесі ретінде.
2. Қазақ ағартушыларының философиясындағы қоғамдық прогресс теориясы.
3. Зар-заман ақындары философиясы.
4. Қазақтар мәдениетінің танымдық, адамгершілік, діни, өнерлік- эстетикалық негіздері (орта ғасыр).
5. Сопылық философияның ерекшеліктері.
6. Шәкәрімнің «ар-ұждан» философиясы.
7. Ақын жыраулар философиясындағы «жақсы» түсінігі.
8.Батырлар жырындағы әйел бейнесі.
Эссе: Жерұйық бар ма?
Т. 9. Қазіргі батыс философиясы
Реферат тақырыптары:
1. Экзистенциализмдегі бостандық мәселесі
2. Ф.Ницшеның философиясында «асқан адам».
3. Психоанализ және адам мәселесі.
4. М.Хайдеггердің философиясындағы болмыс мәселесі.
5. К.Ясперс «шекаралық жағдай» туралы. Күнә мәселесі.
6. К.Г.Юнгтың «бейсаналық архетиптері» туралы ілімі.
7. Позитивизм және неопозитивизмде ғылыми танымның методологиясының
қалыптастырылуы.
8. С.Кьеркегордың бостандық пен таңдау туралы ілімі.
9. А.Шопенгауэр философиясы. Дүние ерік және елес ретінде.
10. Кант және неокантшылдық.
11. Адамды ұлы ететін не нәрсе? Адлердің «аса толтыруы».
Эссе тақырыптары:
1.Оптимизм және пессимизм: өмірге деген қатынастың екі түрі.
2.Қазіргі замандағы зорлық мәселесі: одан арылу жолдары.
Т.10.Онтология
Реферат тақырыптары:
1.Философиядагы субстанция мәселесі.
2. Философия тарихында болмыс категориясы.
3. Болмыс және бейболмыс- философиялаудың екі мүмкін қағидаттары.
4. Қозғалыс, кеңістік, уақыт туралы жаңа көзқарастар.
5. Қазақ философиясындағы дүние, заман категориялары.
Т.11.Гносеология
Реферат тақырыптары
1. Ақиқат және жаңылыс.
2. Білім , бейне, ақпарат.
3.Танымның диалектикалық-материалистік теориясындағы негізгі ерекшеліктері.
4. Философиядағы және ғылымдағы ақиқат өлшемінің проблемасы.
5. Рационалдық танымдағы іс -әрекет.
6. Синергетика ілімінің методологиялық мүмкіндіктері.
7. Шаруашылық философиясының мәселелер шеңбері.
8.Техника философиясының мәселелері.
Эссе: Ғылым және дін: келісім бе, әлде конфронтация ма?
Т.12. Философиялық антропология мен аксиология
Реферат тақырыптары:
1.Адамның тағдыры және оның алғашқы анықтамасының антикалық мәдениеттегі проблемасы.
2. Менің адам және оның тағдыры туралы түсінігім.
3. Адамның әлемде болуы кездейсоқтық па?
4. Нәсілшілдік және адамның әлеуметтік пен биологиялық жақтарының қатынас проблемасы.
5. Бостандық диалектикасы және әлемдік өркениеттің қазіргі сатысындағы
адам дамуының тұлға ретіндегі негізгі бағыттары.
6. Шығыс философиясының сана проблемасы.
7. Сана және бейсаналық.
8. Жалпы сана: мәні, құрылысы, қоғамдағы ролі.
9. Сананың қоғамдық және жеке тұлғалық мазмұны.
10. Қазіргі адамзаттың рухани дағдарысы.
Эссе тақырыптары:
1. Адамның өлместігі неде?
2. Казіргі заманның адамы туралы сіздің пікіріңіз.
3. Ұлы адам дегеніміз кім?
Т.13. Әлеуметтік философия
Реферат тақырыптары:
1. Тұлға және қоғам.
2. Қазіргі дүниедегі идеологияның ролі.
3. Тұлға және оның дүниежүзілік діндер айнасындағы бостандығы.
4. Мәдениеттің әртүрлі түрлеріндегі тұлға түсінігінің ерекшелігі.
5. Идеология және қоғамдық психология.
6. Қоғамның теориялық үлгілері.
7. Қоғамдық заңдар, олардың әсері мен қолдану механизмі.
8. Тарихтағы діни және ұлттық қозғалыс.
9. Қоғамдық ойлау тарихындағы прогресс идеясы.
Эссе тақырыптары:
1.Еркіндік дегеніміз не? Ақылмен шектелу ме, әлде бәріне жол ашық па?
2.Оптимизм және пессимизм: өмірге деген қатынастың екі түрі.
2. Билік қорқақтыққа сүйенеді ме?
Т.14. Мәдениет философиясы
Реферат тақырыптары:
1. Мәдениеттің классикалық үлгісі.
2. О.Шпенглер. «Еуропаның құлдырауы».
3. Тұлға және оның дүниежүзілік діндер айнасындағы бостандығы.
4. Құқық мәдениетінің маңызы.
5. Дәстүрлі және қазіргі мәдениет.
6. Жаһандану жағдайындағы мәдениет.
Эссе тақырыптары:
1. Адамға құдай қажет пе?
2. Сұлулық дүниені құтқара ма?
Философия пәні бойынша қорытынды бақылау сұрақтары