Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
7-дәріс. Дін әлеуметтануы
5. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал.
1. Дәріске кіріспес бұрын бүгінгі тәуелсіз мемлекетімізде дінімізге деген көзқарастың өзгергенін, халықтың, әсіресе жастардың өз дініне бет бұра бастағанын айта кеткен артық емес. Бұл белгілі жағдайда студенттердің ұсынылып отырған тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады.
Дін - тарихи құбылыс. Адамзат тарихында дін болмаған дәуірлер де болған. Ол туралы қазіргі заманның геология, биология, физиология, этнография, тіл білімі, мәдениет тарихы, логика, астрофизика сияқты ғылымдарының мәліметтері жеткілікті.
Діннің пайда болуы мен қалыптасуының әлеуметтік-таптық себептері, қажеттіліктері бар. Олардың ең біріншісі діннің адамдардың көңіл күйлеріне байланысты шыққандығы. Адамдар кездескен әр түрлі жағдайларға бірде қуанып, бірде күйініп, бірде толқып, бірде қапаланады. Оларға көңілді орнықты ететін, оны бір қолда ұстайтын тірек керек болады. Сол тіректі, сол медеуді адамдар табиғаттан да, өзінен де тысқары тұрған бір тылсым күштен, яғни кез келген діннің түпкілікті қазығы болып табылатын абсолюттен, құдайдан іздейді, табады.
Екінші қажеттілік - адамдардың танымға, білімге құштарлығымен байланысты. Адам ішкі және сыртқы құбылыстардың шын себептерін аша алмай, олардың әрқайсысының өзіндік иесі болады деп ойлады. Осының негізінде олар туралы өзіндік ұғым, түсініктер қалыптасады. Бұған адамдардың қоршаған табиғаттағы күннің күркіреуі, айдың тұтылуы, судың тасуы, жердің сілкінуі және т.б. дүлей күштердің алдындағы дәрменсіздігі себеп болады.
Ш. Уәлиханов «Қырғыздардағы шамандықтың қалдықтары» деген мақаласында қазақ қоғамындағы шамандықтың негізін түсіндіруге ұмтылды. Оның пікірі бойынша, шамандық алғашқыда дүниеге тұрпайы табыну түрінде анықталды. Өзі қырсырын біле алмаған адам ортаны қадірлеу, құрметтеу, өзіне жылы жағдай жасауды ойлады. Өйткені ол табиғаттың ықпалымен әрекет етіп, өмір сүреді.
Үшінші қажеттілік - таптық қоғамның орнауымен ел билеуші үстем тап өкілдері қоғамдық өмірдің тыныштығын және тұтастығын сақтау мақсаттарында көктің әмірі осындай деп діни түсініктерді қолдап, қолпаштап, оларды кең таратудан туған. Үстем таптардың өкілдері өздерінің меншік иесі екендігін, олардың істеріне ылғи да сәттілік, табыскерлік және мәдени-руханилық сипаттар тән екенін және өздеріне басқару ісі дарығанын табиғаттан тысқары тұратын бір тылсым күштердің рахымшылығымен түсіндіруге тырысады. Мысалы, олар жеме-жемге келгенде қарапайым халық өкілдеріне: «мені құдай бай қылды, ал сені кедей қылды, оған қандай таласың бар» деген сөздер айтады.
2. Дін деп (араб. сенім, наным, илану, исламның балама аты. лат.reliqio рухани сенім, құдайды сыйлау) қоғамдық сананың, ерік пен болмыстың ерекше сипаты, түрі. Дін қоғамдық сананың бір түрі ретінде ұжымдық сену, құдіретті қасиетке, ең алдымен құдайға деген ерекше сеніммен сипатталады.
Дін әлеуметтануы XIX ғасырдың екінші жартысында Европада, дәлірек айтқанда, Франция мен Германия елдерінде пайда болды. Оны әлеуметтану ғылымдарының арнайы бір бөлігі ретінде қалыптастырған ғалымдардың алдыңғы қатарында Э.Дюркгейм, М.Вебер, Т.Парсонс және т.б. болды.
Эмиль Дюркгейм (18581917) француз ғалымы, көрнекті әлеуметтанушысы дінді негізгі әлеуметтік институттардың бірі ретінде зерттеу үшін әлеуметтанулық әдістер мен бағалау белгілері қажет деп санады. Ол өзінің «Діни өмірдің алғашқы түрлері. Австралиядағы тотемдік жүйе» деп аталатын басты шығармасындағы негізгі пікірі - дін адамдардың алғашқы қауымдастықтарын топтастыру сияқты әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайда болған.
1864-1920 жылдар аралығында өмір сүрген неміс ғалымы, талантты әлеуметтанушы Макс Вебер өзінің «Протестант және капитализм рухы» деп аталатын басты еңбегінде діннің мәні адамдардың мінез-құлықтары мен іс-әрекеттеріне биік мақсаттар әкелу екенін айтты. Ол да дінді әлеуметтік институт ретінде қарастырды. Оның ойынша, дін әрбір индивидтің, әрбір әлеуметтік топтың мінезқұлқы мен ойлау тәсіліне мәнмағына береді, сөйте отырып олардың өзіндік жеке дамуына ықпал ететін құндылықтар мен нормалар жүйесінің негізін құрайды.
1902-1979 жылдарда өмір сүрген, американ әлеуметтанушысы, профессор Толкотт Парсонстың «Әлеуметтанудың жалпы теориясының мәселелері» деп аталатын басты шығармасындағы негізгі ойы - дін адамдардың мінез-құлықтары нормаларының негізі болып табылады, сондықтан да дінді арнайы әлеуметтанушылық тұрғыдан зерттеу керек.
Дін әлеуметтік феномен ретінде жалпы әлеуметтану пәнінің зерттейтін аса маңызды объектісі болып табылады. Егер философия дінді зерттеуде сенімнің мәнін түсіндіргісі келсе, әлеуметтану сол сенімдердің адамдардың мінезқұлқына, іс-әрекетіне қалай әсер ететінін, сонымен қатар әлеуметтік құбылыс ретінде сол сенімнің қалыптасуынының үдерістерін де зерттейді.
Дін әлеуметтануының өз алдына жеке ғылымға айналуына байланысты, оның басқа да ғылымдар сияқты зерттейтін пәні, құрылымы, іргетасы іспетті ұғымдар жүйесі, заңдары мен қызмет кеңістігі бар.
Дін әлеуметтануының ғылым ретіндегі пәні - дін мен қоғам арасындағы диалектикалық байланыстардың жалпы заңдылықтарын зерттеу. Бұл байланыстардың бірінші жағы - қоғамның, қоғамдық қатынастардың дінге жасайтын ықпалы. Ал екінші жағы - діни көзқарастың, діни элементтер мен дін функцияларының қоғамға тигізетін әсері.
3. Діннің құрылымын әңгіме еткенде оның қоғамдық үлкен жүйенің бір бөлігі екенін еске ұстаған жөн. Ол негізінен үш түрлі элементтерден құралады: діни сана, діни мінажат және діни ұйымдар.
Қоғамдамдық сананың ерекше түрі, діни процестердің (түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау және т.б.) заңды нәтижесі ретінде діни сана діни психология және діни идеология, яғни діни парасат, ақыл-ой құбылыстарынан тұрады.
Діни психология дегеніміз белгілі бір дінге байланысты адамдардың сезімдерінің, көңіл-күйлерінің, мінез-құлықтарының жиынтығы. Гегель философияның да, діннің де мақсаты біреу, ол абсолютті тану болып табылады дегенді.
Діни идеология дегеніміз діни ғұламалардың, діни қайраткерлердің жасаған идеяларының, ойларының белгілі бір тәртіпке, жүйеге келтірілген жиынтығы. Діни идеологияның қоғамдық болмысты, қоршаған дүниені тануындағы құралы негізінен діни мазмұндағы түсініктер мен ұғымдар болып табылады.
Дін құрылымының келесі элементі - «діни мінажат». Ол дін мен оны ұстанушылар өмірінде үлкен орын алады. Діни мінәжат дегеніміз белгілі бір объектілерге (олар өмірде болулары немесе ойдан шығарылған болуы мүмкін) ықпал етуге бағытталған адамдардың жалбарыну сөздері мен практикалық дене қимылдарының жиынтығы.
Дін құрылымының үшінші негізгі элементі діндар адамдар бірлестігі және оларды басқарудың белгілі формасы діни ұйымдар болып табылады. Діни ұйымдарға ең алдымен мешіттер, шіркеулер, храмдар, синагогалар жатады. Сонымен қатар бұған діни секталар, діни оқу орындары, діни мүліктер, діни қозғалыстар, діни баспа, діни орталықтар, діни партиялар, саяси-әлеуметтік қозғалыстар жатады.
4. Діннің қоғам, адам өміріндегі атқаратын қызметтері сан алуан, көп қырлы және көп бағытты болып табылады. Сондықтан дін әлеуметтануының негізін қалаушылардың бірі М.Вебер діннің қоғамдағы функциональдық қызметтерін зерттеу, талдау қажеттігін дін әлеуметтануының арнайы ғылымға айналуының басты шарты ретінде қарады.
Діннің әлеуметтік қызметтері негізінен алты салаға, бағытқа бөлінеді. Бірінші бағыт - дүниеге көзқарастық қызмет. Дүниеге көзқарас адамдардың, олардың қауымдастықтарының құдай туралы, дүние туралы және ол дүниеден алатын адамдардың орны туралы жүйеге келтірілген білімдердің жиынтығы. Дін құдай дүниені де, адамды да жаратқан алып күш, теңдесі жоқ құдірет, яғни - абсолютті күш деп түсіндіреді.
Екінші бағыт - бағалаушылық. Бұл бағытта діни сананың шешуші рөлі бар. Діни сана, қоғамдық сананың басқа формалары, айталық адамгершілік (этикалық) сана, көркемдік (эстетикалық) сана, құқықтық саналар сияқты өзінің құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Ол жүйеге ең алдымен - отбасының, оның мүшелері мен туған-туыскандарының қадірлейтін бейнелері, принциптері, нормалары жатады. Содан кейін тайпаның, елдің, халықтың, тіпті халықтардың да қасиетті деп есептелетін әдет-ғұрыптары, арғы-бергі ата-бабалардың ерліктері және өткен тарихтың ұлы тұлғаларының өнеге-өсиеттері кіреді. Ақыр аяғында, ондай құндылықтар жүйелеріне тылсым күштердің - әулие, періште, құдайдың бейнелері жатады.
Үшінші бағыт реттеушілік қызметтер. Діни сана, қоғамның құқықтық санасы сияқты, адамдардың бірі мен бірінің, олардың қауымдастықтарға, құдайға, мемлекетке қатынастарын, яғни адамдардың өмірдегі қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Дін топтастыру қызметін де атқарады. Дін, дін иелері діни нанымдағы адамдарды белгілі бір мақсаттар төңірегінде топтастырып, ұйымдастырады. Діндерді мәмлеге келтіретін - ондағы адамгершілік қағидалар. Осылар негізінде ынтымақтасу да, келісімге келу де жүзеге асады.
Ежелгі сан ғасыр қазағымның рухани дамуының қайнар көздерінің бірі болып келе жатқан ислам дінінің халқымыздың ұлттық иммунитетін қалыптастырудағы рөлі ерекше екені аян. Олай болса, бүгінгі жаһанданудың кері әсеріне тек ұлттық қасиеті, ділі мен діні күшті ел ғана төтеп бере алады.
Діннің қоғамдағы қызметтерінен оның қоғамдағы рөлі шығады. Алайда Конституциямызда діннің мемлекеттен, мемлекеттің діннен бөлек екені атап көрсетілгені белгілі. Дінді мемлекеттен бөлу мәселесін Алаш жетекшілері де көтерген еді. Олар дін қызметкерлері мемлекеттен айлық алып отырса, онда діннің тәуелсіздігі сақталмайды деген. Әрине, Әлихан Бөкейхан бастаған қазақ зиялылары дінді мемлекеттен бөлу керек дегенде екеуінің арасына қытай қорғаны салынсын деген ойда болмаған шығар. Өйткені дінсіз мемлекет те, мемлекетсіз дін де жоқ. Қоғам дінсіз өмір сүре алайды. Бұған дінді мойындамаған кеңес өкіметінің шындығы дәлел.
Діндердің адам тәрбиесіндегі рөлін ерекше бағалай отырып, діндердің тарихын, олардың ізгілікке, имандылыққа шақырған және т.б. адамгершілікті насихаттаған қағидаларын мектептерде оқытылып жатыр. Бұл бүгінгі жаһандану заманында аса қажеттілік болып тұр. Алайда, бүгінгі дін оқулықтары туралы пікір қайшылықтары мол. Ол көбіне көп мемлекеттің дінге байланысты, оның ішінде ежелгі діндерге деген көзқарастарының кешегі кеңестік кезеңнен ұзап кете алмағанынан болып отыр.
5. Адамзат санасының ерекше бір түрі ретінде дін қоғамның саяси жүйесінің сипатына байланысты бірде жуандап, бірде жіңішкеріп, кейде кемерінен шығып, кейде жуасып талай ғасырды артқа тастады. Жер бетінде пенденің барында әлі талай асулардан өтер. Өйткені адам дінсіз өмір сүре алмаса, дінге де адамсыз өмір жоқ. Мемлекетке қатысты да осыны айтуға болады.
Кешегі кеңестік кезеңде дін қудалауға түсіп, атеистік (құдайға сенбеушілік) идеология, «дін халыққа апиын» деген тұжырым үстемдік етті. Жер-жерде «құдайсыздар қоғамы» (общество безбожников) құрылды. Бұл кейін белсенді атеистік ұйымдарға айналып, дінге қарсы үгіт-насихат майданы ашылып, мыңдаған дәрістер оқылып, кинфильмдер көрсетілді. Талай дін иелері қудалауға түсіп, айдалып, атылды. Тіпті бір заманда ата-бабасы дін ұстағандар жаппай қудаланды. Талай мешіттер құлатылып, кейбірі мәдени ескерткіштің озық үлгісі болғанына қарамай басқа мақсаттарға пайдаланылып, тіпті мал қора етілді. Мұның барлығы адамның өзіне деген сенімін жоғалтты.
Ғасырлар күткен Тәуелсіздік қана қоғамымызда діннің қайта жаңаруы мен жаңғыруына жол ашты. Еліміздің ең алғашқы құжаты - «Қазақ ССР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияда республика территориясында тұратын азаматтардың діни нанымына, діни ұйымдардың мемлекет және қоғам өміріне қатысуы үшін тең құқыққа ие болуға кепілдік берілді. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 22-бабының бірінші тармағындағы «Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар» деп тайға таңба басқандай айқын жазылды.
Мұның барлығы тәуелсіз мемлекетіміздің дін саласындағы бетбұрысын айқындаған, еліміздегі діни кеңістіктің оңалуына игі әсер еткен алғашқы құқықтық қағидалар еді. Бұл әркімнің өзінің дінге көзқарасын дербес айқындауға, ұстануға немесе ұстанбауға еркіндік берді. Дінге сенушілер көбейіп, діни бірлестіктердің саны артты. Сан жағынан көбейе түскен мешіттер имандылық пен ізгіліктің орнына айналды. 1990 жылы Қазақстанда 671 қана діни бірлестіктер болса, 2011 жылы ол 6 есеге көбейіп, 4000-нан асты. Осы аймақтың ежелден жалғыз иесі қазақтың дәстүрлі исламдық діни бірлестіктері 46-дан 2337-ге өсті. Көптеген діни мектептер ашылды. Бір қатар жастар шетел діни оқу орындарында білім алуда. Қажылыққа барушылық дәстүрге айналды.
Дегенмен ежелден дәстүрлі екі дінмен келе жатқан Қазақстан соңғы жылдары көп конфессиялар мен көп дінділікке бой ұрды. Бүгін республикадағы 70 пайыздай (оның ішінде 63,1 пайыз қазақ) мұсылмандардың 2337 діни бірлестіктері болса, ал адамдар саны белгісіз протестантизм бағытын ұстанатындардың 40-тан астам әр түрлі ағымдарының 1189 ұйымы бар. Бұл бүкіл республикадағы діни бірлестіктердің 30 пайыздайын құрап отыр. Сонан соң республикада тіркеліп, заңдық түрде қызметіне рұқсат етілген барлық 357 миссионерлердің 307-сі католиктер мен протестанттардың өкілдері.
Мұндай кемшіліктер біздің қоғамда неге орын алып отыр дегенде бір мәселені айта кеткен артық болмас. Ол - қазіргі демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнатуды мақсат етіп отырған тәуелсіз еліміздің дінге қатысты ұстанымдарының толық және айқын еместігінен туындап отыр.
Қалай ойласақ шынайы дін мен мемлекеттің түйісер жері - елдің тұтастығы, тәуелсіздігіміздің тұғырлы бола түсуі, ұлтымыздың бірлігі, бүкіл қазақстандықтардың түсіністігі мен келісімді тірлігі. Бұл бағытта ізгілік пен имандылықтың, ұлттық иммунитетті күшейтудің рухани арқауы болып келе жатқан халқымыздың дәстүрлі діні исламға лайықты орын берілуі қажет.
Бақылау сұрақтары
4. Қазіргі Қазақстандағы діни ахуал қандай?