У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~аза~стан ~лтты~ Банкi ~з балансында~ы м~лiктi иелену пайдалану мен билiк ж~ргiзу ’ы~ын ~аза~стан ~лтты~

Работа добавлена на сайт samzan.net: 2015-12-26

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 7.3.2025

  1.  Ұлттық Банктің капиталы және резервтерін қалыптастыру

 Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi болады және бөлiнбеген таза кiрiстен аударымдар жасау жолымен, кемiнде 20 миллиард қазақстан теңгесi мөлшерiнде қалыптастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi өз балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану мен билiк жүргiзу құқығын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен дербес жүзеге асырады.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв капиталы оның кемiнде жарғылық капиталы мөлшерiнде қалыптастырылып, бөлiнбеген таза табысы есебiнен толықтырылады әрi Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлеген тәртiппен, тек жүргiзiлген операциялар бойынша жасалған ысырапқа өтемақы төлеуге және шығындардың орнын толтыруға арналады. Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Негiзгi қаражаттарды қайта бағалау шоты Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi қаражатын индекстеу нәтижелерiн есепке алуға арналған.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шығыстары есебiнен күмәндi және сенiмсiз талаптары бойынша кредиттердi, депозиттердi, бағалы қағаздарды, есеп айырысу кезiндегi шығындарды, шоттардағы қалдықтарды және аяқталмаған құрылыс көлемiн, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң монетарлық емес қызметi жөнiндегi өзге де талаптары мен әлеуметтiк сипаттағы төлемдердi қамтитын басқа да активтердi қоса - арнайы провизиялар (резервтер), ал бөлiнбеген таза табыс есебiнен - банк активтерi бойынша жалпы провизиялар (резервтер) құралады.

4.ҚР Ұлттық Банктің құрылымын қалыптастыру тәрітібі және құзыретіҚазақстан Ұлттық Банкi - тiке бағыныстағы схемасы бар бiртұтас орталықтандырылған құрылым. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң органдары Басқарма мен Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрамына департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер, филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар кiредi.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын Парламент Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Республикасының Президентi 6 жыл мерзiмге тағайындайды. Төраға Қазақстан Ұлттық Банкi атынан iс-әрекет етедi және мемлекеттiк органдармен, банктермен, қаржы ұйымдарымен, халықаралық, шетелдiк және басқа ұйымдармен қарым-қатынаста Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметiне байланысты мәселелер бойынша, осы Заңда Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасына арналып ескерiлген өкiлеттiктердi қоспағанда, жедел және атқарушы-өкiмшi шешiмдер қабылдау, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң атынан шарттар жасасу өкiлеттiгi берiлген. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi.Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының тағайындалу мерзiмiне қарамай, 6 жыл мерзiмге тағайындайды. Төрағаның орынбасарлары Қазақстан Ұлттық Банкiн сенiмхатсыз-ақ бiлдiредi, өз құзырының шегiнде құжаттарға қол қояды.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы өз құзырына жатқызылған мәселелер бойынша қаулы қабылдайды.Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерi егер өздерi оның қабылдануы үшiн дауыс бермесе, бiрақ шешiмнiң қабылдануымен өзiнiң келiспейтiндiгi туралы дереу мәлiмдеген болса, Басқарма қабылдаған шешiмдер үшiн жауап бередi.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы 9 адамнан тұрады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрт лауазымды адамы Қазақстан Республикасының Президентiнен бiр өкiл және Қазақстан Республикасының Үкiметiнен екi өкiл, сондай-ақ уәкiлеттi органның басшысы кiредi. Қазақстан Республикасы Президентiнен, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнен Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мүшелерiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасы тағайындайды және босатады.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң оралымды басқару органы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Директорлар кеңесi (Директорат) болып табылады. Директорлар кеңесiнiң құрамына Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы, оның орынбасарлары, Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары кiредi. Қазақстан Ұлттық Банкi Директорлар кеңесiнiң құрамын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы бекiтедi.Қазақстан Ұлттық Банкiнiң төрағасы Директорлар кеңесiнiң мәжiлiстерiне Төрағалық етедi. Оның тапсырмасы бойынша Директорлар кеңесiнiң мәжiлiсiн Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары жүргiзе алады.

11. Ұлттық Банктің төлем жүйелерін ұйымдастырудағы ролі

Қазақстан Ұлттық Банкi ақша төлемдерi мен аударымдарын ұйымдастырады, үйлестiредi, реттейдi және:1) ақша төлемдерiн және (немесе) аударымдарын жүзеге асыру ережелерiн және тәсiлдерi қолданылуының ерекшелiктерiн, нұсқаулардың мазмұнына қойылатын негiзгi талаптарды; 2) қолма-қол ақшаны пайдалана отырып, төлемдердi жүзеге асыру тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiнiң тиiмдiлiгi мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды.Төлем жүйелерiн қадағалау (оверсайт) - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен төлем жүйелерiнiң тиiмдi, қауiпсiз және үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметi.Қазақстан Ұлттық Банкi төлем жүйелерiн қадағалауды (оверсайтты) жүзеге асыру мақсатында:1) төлем жүйелерiне қадағалау (оверсайт) жүргiзу тәртiбiн белгiлеуге;2) төлем жүйелерiн ұйымдастырудың және олардың жұмыс iстеуiнiң шарттары мен тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға;3) төлем жүйелерiнiң мониторингiн жүзеге асыруға;4) төлем жүйелерiнiң ұйымдастырылуын және олардың жұмыс iстеуiн тексеруге;5) ақша төлемдерi мен аударымдары, төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мәселелерi бойынша төлем жүйелерiнiң қатысушыларынан және операторларынан ақпарат алуға;6) төлем жүйелерi қатысушыларының қызметiн тексерудi жүзеге асыруға құқылы.Қазақстан Ұлттық Банкi өзiнiң құзыретi шегiнде халықаралық (мемлекетаралық) төлемдер жүйесiн ұйымдастыруға қатысуға құқылы.Қазақстан Ұлттық Банкi банк шоттарының түрлерiн, құқықтық режимiн және құрылымын, шоттарды ашу, жүргiзу және жабу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын ақша төлемi мен аударымын жүзеге асыру тәсiлдерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде және соларға сәйкес қабылданған нормативтiк   құқықтық актiлерiнде белгiленедi.

18.Алтын-валюта активтері құрамын басқару стратегиясыҚазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерi Қазақстан теңгесiнiң сыртқы және iшкi тұрлаулылығын қамтамасыз ету үшiн жасалады, және пайдаланылады әрi олар:-аффинирленген алтыннан;-Қазақстан Ұлттық Банкiнде сақтаулы валюталық құндылықтардан;-шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен;-шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан;-мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды.Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмiмен көзделген жағдайларды қоспағанда алтын-валюта активтерiн кредиттер (заемдар, несиелер) беру нысанында пайдалануға және Қазақстан Республикасының резиденттерi мен резидентi еместерге кепiлдiктер немесе басқадай мiндеттемелер ұсынуға жол берiлмейдi. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту:-бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қазақстандық және басқа осындай металл өндiрушiлерден (сатушылардан) тазартылған алтын сатып алу;-Қазақстан теңгесiне (естелiк және кәдесый тиындарын қоса) шет ел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резиденттерi мен резидентi еместерге шет ел валютасын сатып алу жолымен;-Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар;-Қазақстан Ұлттық Банкiнiң тазартылған алтын, күмiс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, салу және басқа операциялар жүргiзуiнен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер;-Қазақстан Ұлттық Банкi халықаралық қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердiң орталық банктерiнен және басқа кредиторлардан алған кредиттер;-осы Заңға және Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкi көрсеткен консультациялық, баспа-ақпараттық және басқа да қызметтен алынған шет ел валютасындағы түсiмдер есебiнен жүргiзiледi. Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi:-айырбас бағамы саясатын қоса ақша-кредит саясатын жүргiзу мақсатында iшкi валюта нарығында валюта сату әрi iшкi валюта нарығында шет ел валютасына деген сұраным мен ұсынымның арасындағы алалықты бәсеңдетуге;-шет елдегi дипломатиялық және басқа да өкiлдiктердi ұстау мен iссапар шығындарын, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарызына қызмет көрсетудi қоса өнiм (жұмыс, көрсетiлетiн қызмет) импортын төлеу үшiн мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты мен Қазақстан Ұлттық Банкi сметасы (бюджетi) есебiнен теңгенi шет ел валютасына айырбастауды жүзеге асыру;

      басқа шет ел валютасын сатып алу үшiн шет ел валютасын сату;-Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алған кредитi бойынша негiзгi соманы, және сыйақыны, сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару;-шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң өтiмдiлiгiн және сақталуын, сондай-ақ тәуекел қалыпты деңгейде болған кезде ұзақ мерзiмдi перспективада кiрiстiлiгiн қамтамасыз ете отырып, олармен операциялар жасайды.Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiн ұлттық валютаның тұрақтылығын  және айырбасталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн қажеттi деңгейде ұстап тұруға тиiс.

     

     




1. языка красок что нашло отражение в древних мифах народных преданиях сказках различных религиозных и мист
2. Содержание образования как средство формирования базовой культуры личности и ее развития
3. Один день Ивана Денисович
4. Курсовая работа- Российская система образования.html
5. СТАТЬЯ 1 ОБЩИЕ ПОЛОЖЕНИЯ 1
6. об аудиторской деятельности от 30
7. на тему- Совершенствование планирования фонда оплаты труда на предприятии и его структурных подразделения
8. измерительный материал 5 Гражданское общество как выражение дуализма общества и государства
9. Хитроу 2 день В 0715 утра будет организован трансфер от отеля до Аэропорта Хитро
10. реферат дисертації на здобуття наукового ступеня кандидата наук з державного управління