Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

1 Шетелге шы~атын туристерге арнал~ан ~~жатты~ а~парат

Работа добавлена на сайт samzan.net:


                                                Мазмұны

Кіріспе

   1 Шет елге шығатын туристердің құжаттарын рәсімдеу спецэфекциясы..........

1.1  Шетелге шығатын туристерге арналған құжаттық ақпарат...........................

1.2  Шет елге шығатын туристердің  визалық құжаттарын рәсімдеу...................

2. Халықаралық туристтік құжаттау ерекшелігі.....................................................

2.1  Қазақстандық туристердің визалық рәсімдеу...................................................

2.2 Дүниежүзілік туристтік ұйым туристтік құжаттарды толтырудағы бірқатар ерекшеліктер...............................................................................................................

Қорытынды.................................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер............................................................................................

Қосымшалар...............................................................................................................

                                            Кіріспе

Курстық жұмысымның негізгі өзектілігі Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2010 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген. 

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Қазақстан Республикасынан үш мың АҚШ долларынан артық шет ел валютасын алып бара жатсаңыз, оны мағұлымдамада (декларация) жазып көрсету қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге қолындағы шет ел валютасын алған жерді растайтын құжатсыз он мың АҚШ доллары көлемінде ғана шет ел валютасын алып өте алады. Бұл сомадан артық валюта алып бара жатқан жағдайда, оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет: айырбастау пунктінің шет ел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама-куәліктер, банктік есеп-шоттан ақшаны шет ел валютасымен алғандығы туралы құжаттар, шет ел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар, Қазақстан Республикасына алып кірген шет ел валютасы туралы кедендік декларация. Бірақ басқа елге барған кезде мағұлымдамада көрсетпеуге болатын ақша көлемін сұрап алыңыз.

Практикалық  маңыздылығы. ҚР-ның шет елге шығатын азаматтарының құжаттарын рәсімдеуде ерекшеліктерін көрсетіп,ең ыңғайлы жол мен алуға көмек көрсету.  

Курстық жұмысымның негізгі мақсаты шет елге шығатын туристердің құжаттарын жасау,толтыру,тексеру және туристерге кұжаттарын жасауда ыңғайлы және тез кызмет көрсету.

Зерттеу нысаны.Шет елге шығатын туристердің кұжаттауды тез арада рәсімдеу спецификасы.

Жұмыстың құрылымы: : курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.

1. Шет елге шығатын туристердің құжаттарын рәсімдеу спецэфекциясы

1.1  Шетелге шығатын туристерге арналған құжаттық ақпарат

Шет елге шыққан кезде, ең алдымен, жол құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеріп алу керек. Әсіресе, паспорттағы тегіңіздің, атыңыздың, әкеңіздің атының (латын тіліндегі транслитерациясы да), туған күніңіз бен туған жеріңіздің, балаларыңыз туралы мәліметтердің, паспортыңыздың аяқталу мерзімінің (паспорттың мерзімі сапар аяқталғаннан кейін кем дегенде 6 айға дейін жарамды болу керек) дұрыс жазылғанына көз жеткізіңіз. Егер өзіңізбен бірге 16 жасқа толмаған балаларыңыз бара жатса, онда әке-шешесінің біреуінің паспортына балаларды жазып, суреттерін жабыстыру керек немесе оларға жеке паспорт алуға болады.

• Жолға аттанар алдында туыстарыңыз бен достарыңызға өзіңіздің сапарыңыз бен баратын жеріңіз туралы айтып, байланыс телефондарыңызды тастап кетіңіз.

• Баратын елдегі Қазақстан Республикасының елшілігі немесе консулдық мекемесінің телефондарын жазып алыңыз (біздің елдің шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінің мекен-жайлары мен телефондары №1 қосымша мен ҚР СІМ-нің www.mfa.kz сайтында берілген).

• Қазақстан Республикасынан үш мың АҚШ долларынан артық шет ел валютасын алып бара жатсаңыз, оны мағұлымдамада (декларация) жазып көрсету қажет. Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елге қолындағы шет ел валютасын алған жерді растайтын құжатсыз он мың АҚШ доллары көлемінде ғана шет ел валютасын алып өте алады. Бұл сомадан артық валюта алып бара жатқан жағдайда, оларды растайтын мынадай құжаттарды көрсету қажет: айырбастау пунктінің шет ел валютасын сатып алғандығы жөнінде анықтама-куәліктер, банктік есеп-шоттан ақшаны шет ел валютасымен алғандығы туралы құжаттар, шет ел валютасын аударма арқылы алғандығы туралы банктік құжаттар, Қазақстан Республикасына алып кірген шет ел валютасы туралы кедендік декларация. Бірақ басқа елге барған кезде мағұлымдамада көрсетпеуге болатын ақша көлемін сұрап алыңыз.

• Баратын елдерде өзіңізге қажетті дәрі-дәрмектердің бар-жоғын алдын ала біліп алыңыз. Кейбір кездерде Қазақстанда оңай сатып алуға болатын дәрілерді, шет елде шығара бермейді немесе оларды тек дәрігердің берген рецептісімен ғана сатып алуға болады.

• Ауа-райы ыстық елдерге баратын болсаңыз, алдын ала егілген жөн. Тропикалық елдерге баратындарға күл ауруына, сіреспеге, полиомелитке қарсы егілген дұрыс. Африка (Сахарадан оңтүстікке қарай) мен Латын Америкасына барар алдында безгекке қарсы міндетті түрде егілу керек. Меккеге баратындарға делбеге қарсы егіліп алған жөн. Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде ұзақ уақыт болатын болсаңыз В гепатитіне қарсы егілген дұрыс.

• Шетелге оқуға, жұмысқа немесе тұру үшін бара жатсаңыз, құжаттарыңызды заңдастырып немесе апостил қойғызып алыңыз. Бұл, ең алдымен, білім туралы құжаттарға, АХАЖ мекемелері берген куәліктерге, мүліктік қатынастар мен әлеуметтік қамтамасыз ету құжаттарына қатысты.

• Көп елдерде азық-түлік тағамдарын, спирттік ішімдіктерді, темекі өнімдерін алып кіруге шектеулер қойылғанын немесе тыйым салынғанын ескеру қажет. Мысалы, мұсылман елдерге қандай-да болмасын спирттік ішімдіктерді алып кіруге болмайды.

• Шет елде болатын мерзімге сәйкес дәрігерлік сақтандыру полисін алуды ұмытпаңыз. Ол саяхат кезінде жазатайым оқиғадан сақтану мен сақтандыру полисінде көрсетілген аяқ астынан болған дәрігерлік шығындардан сақтануға мүмкіндік береді.

1.2  Шет елге шығатын туристердің  визалық құжаттарын рәсімдеу

1)Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) азаматтарынан, әсіресе Азербайжан, Армения, Беларусия, Грузиия, Кыргызстан, Молдавмя, Ресей,Тәжікстан, Өзбекстан және Украина азаматтарынан Қазақстанға кіру визасы талап етілмейді. Визасыз кіру 90 күнге дейін.

2) Барлық қалған шетелдік азаматтар Қазақстанға кіру визасын алуы керек.

3) Кіру визаларының бірнеше үлгілері бар:

Іскерлік визалары Қазақстан Республикасының аймағында тіркелген, мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухатының негізінде іскерлік мақсаттармен (іскерлік келіссөздерге, әртүрлі форумдарға, нарықты оқып білуге және т.б.) Қазақстанға жіберілген шетелдік және азаматтығы жоқ азаматтар үшін беріледі.

Туристік визалар туристік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар, жергілікті туристік ұйымдардың қабылдауы туралы растауды алуы бойынша беріледі.

Транзиттік визалар жеке Қазақстан аумағында орналасқан, станцияға немесе портқа келу сәтінен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей, Қазақстан аумағындапункттен пунктке ауысқанда, олардың даталарына сәйкес билеттері мен белгіленген елге шығуға жарамды визалары бар болған кезде беріледі.

Дипломатиялық визалар дипломатиялық төлқұжат иелеріне, сондай-ақ жекелеген жағдайда, дипломатиялық визаны беру лайықты деп танылғанда беріледі. Дипломатиялық виза консульдық жинауларды өндірмей-ақ рәсімделеді.

Қызметтік визалар дипломатиялық қызметкер болып табылмайтын, халықаралық ұйымдарға, басқа да өкілдіктедің және шетелдік дипломатиялық қызметкерлерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік органдарына қызметтік істер бойынша шақырылған, азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтарға беріледі.

Инвесторлық визалар нақты инвесторларға – Қазақстан нарығында жұмыс істейтін немесе бизнес-жобаларды дамыту бойынша қолданыста жопары бар,шетелдік ірі компаниялардың басшы топтарының өкілдері мен басшыларына беріледі.

Жұмыс визалары шетелдік жұмысшы күшін таруға рұқсаты және басқа тиісті құжаттары бар болған кезде жұмыс қызметін жүзеге асыруға беріледі, егер Қазақстан Республикасының басқа халықаралық келісімдері мен келісім шарттарында қарастырылмаса.

Оқуға визалар оқу орнының қолдаухатының негізінде берілген, ішкі істер органдарының рұқсаты бар болған кезде беріледі.

Емделуге визалар шақырудың сипатын анықтайтын, ұйымдардың және мекемелердің тиісті қолдау хатының негізінде басқа да мақсаттармен және кеңестермен, медициналық тексеруге, емделу үшін Қазақстанға келетін, азаматтығы жоқ шетелдік тұлғаларға және шетелдіктерге беріледі.

Тұрақты тұру визалары заңмен белгіленген құжаттары болған кезде беріледі.

Келу бойынша виза беру жүргізілмейді.

4. Көпшілік үшін жолға шыққан визаның келесі жоспарлы сапарға шығатын датадан кейін 6 (алты) айдан кешікпей төлқұжаттағы жарамды мерзімі өтіп кетеді. Әдетте берілген визаны сіздің төлқұжатыңызға жапсырады.

5. Виза үшін әр өтінішке қоса шақыру-хат ұсынылуы керек.

6. Кейбір елдердің азаматтарына қызметтік, жеке, іскерлік және туристік біржолғы визаларды алу үшін шақыру-хат талап етілмейді.

7. Іскерлік және туристік, көпреттік кіру визаларын алу үшін Ішкі Істер министрлігінің көші-қон полициясының рұқсаты талап етіледі, егер шақырылған тұлға мемлекеттік емес ұйымдардан болып табылса.

8. Кіру визасы үшін келген елдегі Қазақстан республикасының консулдық және дипломатиялық мекемелеріне өтініш беру керек.

9. Виза алу бойынша өтініш беру кезінде төмендегі құжаттарды тапсыру қажет:

- Нақты төлқұжат

- Сурет және төлқұжат

- Шақыру-хат

Консул қосымша құжаттар қажеттілігі туралы шешімді сол орнында қабылдайды.

10. Дипломатиялықтан басқа, кез келген визаны рәсімдеу кезінде Консулдық жинау өндіріледі.

• Егер басқа мемлекеттің аумағына кіруге виза керек болса, оны алу үшін сол мемлекеттің Қазақстандағы дипломатиялық өкілдігіне я консулдық мекемесіне өзіңіз немесе жақсы білетін турагенттік арқылы алдын ала (1-2 ай бұрын) өтініш жасаңыз. № 2 қосымшада Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттың түрі мен сапардың мерзіміне қарай визаны талап етпейтін елдердің тізімі берілген.

• Кейбір мемлекеттердің елшіліктерінде визаны дайындау мерзімі, әсіресе, демалысқа баратын саяхатшылар көбейген кезде, көп уақытқа созылып кететінін ескеріңіз. Сонымен қатар, әр елшілік визаны беру тәртібін, мысалы, консулмен сұхбатты, визаның құны мен қажет құжаттардың тізімін өз қалауына қарай бекітеді. Қазақстандағы шетел мемлекеттерінің елшіліктерінің мекен-жайлары мен байланыс телефондары № 3 қосымшада берілген.

• Шетел мемлекеттері елшіліктерінің виза алу үшін құжаттарға қоятын талаптарын орындау (фотосуреттің көлемі, сауалнаманы дұрыс, оқылатындай етіп толтыру, консулдық алымды төлеу және басқа талаптар), сіздің виза беру жөніндегі сұрауыңызды дер кезінде қарастырып, оны уақытында алуға көмектеседі.

• Визаны алмай тұрып жол жүру билеттерін алудың қажеті жоқ. Есіңізде болсын, шетел мемлекеттерінің елшіліктері виза берілмегендіктен немесе кешігіп дайындалғаннан болатын шығындарыңыз үшін жауап бермейді.

• Визаны тез арада алуға белгілі күнге сатып алған билетіңіз көмектеседі деп ойламаңыз. Бірақ кейбір елшіліктер ондай талап та қоюы мүмкін.

• Егер ол елге басқа мемлекеттердің аумағы арқылы өтетін болсаңыз, онда транзиттік визаны ресімдеу жөнінде және оның аяқталу мерзімі мен шекарадан кедергісіз өту үшін қанша мәрте болу керектігі туралы алдын ала сұрап алыңыз.

• Виза алғаннан кейін ондағы мәліметтердің дұрыстығын: паспортыңыздың нөмірін, атыңыз бен тегіңізді, туған күніңізді, визаның санаты мен мерзімін, шетел мемлекетінде қанша күн болуға рұқсат берілгенін тексеріңіз. Есіңізде болсын, басқа бір адамның визада жіберген қателігінен шет елге кірген кезде де, болған кезде де қиындықтар тууы мүмкін.

Төменде Қазақстан азаматтары жиі баратын елдердің визалық тәртіптеріндегі ерекшеліктер көрсетілген.Қазақстан Республикасына жол жүретін шетелдік азаматтарға визалық қолдауды рәсімдеу үшін шақырушы ұйым департаментке немесе өкілдікке мынадай құжаттарды тапсырады:

а) белгіленген үлгідегі шақырту қағазы;

б) төлем тапсырмасы немесе мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек (бюджеттік мекемелерден талап етілмейді);

в) департаментке ағымдағы жылы бірінші рет өтініш білдірген мекеме - құрылтай құжаттарының, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы куәліктің, статистикалық картаның, Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің (туристтерді шақыртқан жағдайда туристік қызметпен айналысуға арналған лицензия) ағымдағы жылы нотариалды куәландырылған көшірмелерін, сондай-ақ салық қарызы жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасын ұсынады, басқа қалаларда орналасқан шақыртушы мекемелер жоғарыда аталған құжаттарды: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 28-үй мекенжайы бойынша пошта арқылы жолдайды;

г) ұйымнан өкілдің атына жазылған сенімхат. Шақырту хат үш данада дайындалады, олардың екеуі Департаментке тапсырылады, үшіншісі шақыртқан тұлғаларға жолданады (хатпен, факспен, электрондық поштамен);

д) Қазақстан Республикасына жұмыс істеу үшін жол жүретін шетелдіктерді шақыртқан кезде, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шақырту қағазымен бірге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатнаманың куәландырылған көшірмесін қоса тіркеуі қажет.

Шет елдердегі мекемелерге туристік, іскерлік, жұмысқа, емделуге, оқуға, инвесторлық, дипломаттық және қызметтік визаларды алуға өтініш білдірген кезде тұтынушы мынадай құжаттарды:

а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжатын. Бұл орайда, визаның қолданыстағы мерзімі шетелдік тұлға паспортының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем емес мерзімде аяқталуы қажет;

б) Департаменттің визалық қолдау нөмірі белгісі бар шақырту қағазының көшірмесін;

в) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;

г) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті бір фотосурет;

д) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртекті ұсынуы қажет.

Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.

Жеке визаны алу үшін шет елдердегі мекемелерге өтініш білдірген кезде мынадай құжаттарды:

а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның қолданыстағы мерзімі шетелдік тұлға паспортының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем емес мерзімде аяқталуы қажет;

б) Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен рәсімделген жеке шақырту қағазының тұпнұсқасы;

в) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде осы құжатқа 1-қосымшаға сәйкес шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;

г) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті бір фотосурет;

д) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек ұсыну қажет.

Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.

Транзиттік визаны алу үшін шет елдердегі мекемелерге мынадай құжаттарды:

а) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның қолданыстағы мерзімі шетелдік тұлға паспортының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем емес мерзімде аяқталуы қажет;

б) паспортта үшінші елге жарамды визаның болуы (міндетті түрде);

в) жол жүру билеті (әуе, т/ж);

г) Министрліктің www.mfa.kz интернет-ресурсында «Консулдық мәселелер» бөлімінде осы құжатқа 1-қосымшаға сәйкес шет елдердегі мекемелердің интернет-ресурстарында орналасқан толтырылған визалық сауалнама;

д) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті бір фотосурет;

е) мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек ұсыну қажет.

Басқа құжаттарды тапсыру қажеттілігі сол орындағы консулдық лауазымды тұлғамен белгіленеді.

Қазақстан Республикасы визаларының жарамдылық мерзімін ұзарту үшін департаментке мынадай құжаттарды:

1) болу елінің сыртқы саясат ведомствосының, дипломатиялық өкілдіктің нотасы / визаны ұзартуға өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жарамды паспорт немесе азаматтығы жоқ адамның құжаты. Бұл орайда, визаның қолданыстағы мерзімі шетелдік тұлға паспортының қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін 6 айдан кем емес мерзімде аяқталуы қажет;

3) Қазақстан Республикасының визасын ресімдеуге бір дана сауалнама;

4) өлшемі 3,5х4,5 см түрлі-түсті бір фотосурет;

5) Министрліктің Мемлекеттік протокол қызметімен берілген аккредитациялық карта;

6) Қазақстан Республикасының бұрын берілген визасының көшірмесі;

7) тұтынушының өзі жеке өтініш білдіре алмайтын жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат (түпнұсқасы) ұсыну қажет.

2.Халықаралық туристтік құжаттау ерекшелігі

Саяхат барысында орынсыз жағдайлар мен түсініспеушіліктер болмауы үшін жолдамаларын сатып алған кезде, міндетті түрде, туристік фирмалармен келісім-шартқа отыру керек. Туристік фирмалармен келісім-шарт жасасқан кезде, аса мұқият болған жөн.

Келісім-шартқа қол қойған екінші жақ туралы толық ақпараттың болуын қадағалаңыз. Қол қойған қызметкердің аты-жөні, байланыс телефоны, төлқұжатының нөмері мен жарамдылық мерзімі, оның келісім-шартқа қол қоюы туралы құқығын растайтын құжаттары (сенім хат, жарлық, бұйрық) болуы керек.

Келісім-шартта туристік фирма туралы барлық ақпарат көрсетілуі тиіс: фирманың толық атауы, мекен-жайы, байланыс телефондары, мемлекеттік тіркеу нөмері, лицензия, банк реквизиттері.

Қонақүй, әуе билеті, жол бағыты, экскурссиялық бағдарламалар т.с.с. саяхатқа қатысты барлық ақпарат туристік жолдама мен келісім-шартта бірдей көрсетілуі керек. Келісім-шартқа қол қоймас бұрын, осы екі құжатты салыстырыңыз.

Туристік фирма виза рәсімдеу мен медициналық сақтандыру қызметін көрсететін жағдайда, ол туралы келісім-шартта толық көрсетілу керек. Сол кезде туристік жолдама құнына осы қызметтерге кететін шығын қосылады.

  Туристік фирма саяхат жолдамасымен бірге, сізге баратын қала не мемлекет жайлы толық ақпарат беру керек. Жергілікті ережелер мен салт-дәстүрлері туралы ақыл-кеңестерін аямағаны жөн. Баратын мекеннің картасы мен қажетті телефондар көрсетілген қосымша қағаздарды ұсынуы тиіс. Туристік фирма саяхат жолдамасымен қатар, тұрақтайтын қонақүй қызметі мен жол қауіпсіздігіне жауапты болады.

  Саяхат жолдамасын сатып алған кезде, міндетті түрде касса чегін талап етіңіз. Кассалық чекте саяхат жолдамасының бағасы мен қосымша шығындар көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, төлем уақыты, айы-күні мен мөрі болуы керек.

 Туристік фирма ешқандай жағдайда келісім-шартты бұзбауы тиіс. Саяхат жолдамасының уақытын, қонақүй, әуе билеттерін ауыстыруға, келісім-шарттарын өзгертуге құқығы жоқ. Егер де, белгілі бір себептерге байланысты, сіз саяхат жолдамасын туристік фирмаға қайтарып, келісім-шартты бұзсаңыз, құжатта көрсетілген талаптарға сәйкес айыппұл төлейсіз.

Саяхат кезінде орынсыз жағдайларға тап болып, демалысыңыз түсініспеушілікке толы болған жағдайда, 20 күннің ішінде туристік фирмаға көңіліңіздің толмағаны туралы шағым түсіре аласыз. Егер де, сіздің шағымыңызға туристік фирма тарапынан 10 күннің ішінде еш жауап болмаса, сіз оларды сотқа бере аласыз.

2.1  Қазақстандық туристердің визалық рәсімдеу

Визаларды рәсімдеу тәртібі

Визалық қолдауды ресімдеу үшін шақырушы ұйым СІМ мынадай құжаттарды тапсырады:  

1.Бекітілген үлгідегі шақыру-хат.

2.Консулды қалым және қызметтер төлемі туралы түбіртек немесе төлем тапсырысыныңтүпнұсқасы.  

3. ҚРСІМКҚД-не ағымдағы жылда алғаш реет хабарласқан ұйым мынадай құжаттардың натариуспен куәландырылған көшірмелерін тапсыруы қажет:

Жарғы

  1.  Салық төлеушінің нөмірі
  2.  Қазақстан Респубдикасының Әділет министрлігінде тіркелгені туралы куәлік
  3.  Салық төлеушінің қарызының бары/жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы
  4.  Туристерді шақырған жағдайда туристік қызметке арналған лицензия.

4.Ұйыматынансенімхат.
5. Шақырылған тұлғаның бекітілген үлгіде электронды түріндегі мәліметтері.
6. «Инвесторлық» санатындағы визаны рәсімдеген жағдайда, Қазақстан

Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің инвестициялар жөніндегі Комитетінің өтініші.

Шақыру-хат 3 данада дайындалады: екі данасы ҚР СІМ КҚД-іне, үшіншісі шақырылған тұлғаларға.

Келіп түскен өтініштер 3-5  тәулік ішінде өңделіп, ҚР СІМ-нің шетелдік мекемелерге визаларды беру туралы нұсқауларын бағыттаған соң визалық қолдау номерін хабарлайды. Бұны шақырушы ұйым шет елдік азаматқа қазақстандық визаны алу үшін консулдық мекемеге беруі қажет. Қазақстандық визаларды алу ережелері:

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше тәртіп көзделмесе, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағына келу үшін Қазақстан Республикасының визасықажет.

ҚР визаларын  беру тәртібі «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы № 08-1/77 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 806 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықпен реттеледі.
ҚР визасы жарамды паспортқа немесе Қазақстан Республикасы  танитын жеке басын куәландыратын басқа құжатқа жапсырылады, және Қазақстан Республикасының аумағына келуге, және онда болуға, сондай-ақ кетуге немесе транзитпен ҚР аумағын кесіп өтуге құқық береді.
1. Қазақстан Республикасының визаларын беру және олардың қолданыс мерзімін ұзарту үшін қолданылып жүрген заңнамаларға сәйкес ресімделген  халықаралық ұйымдардың, шет мемлекеттер өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік мекемелерінің Астанадағы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне немесе Алматыдағы КҚД өкілдігіне тапсырылған жазбаша өтініштері негіз болып табылады.Туристер  ретінде немесе іскерлік мақсатпен шетел азаматтарын шақыратын мемлекеттік емес ұйымдар облыстық деңгейдегі көші-қон полициясының жергілікті бөлімшелерімен (Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары үшін Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармасы – Ішкі істер басқармасының көші-қон полициясы басқармасымен) келіскеннен кейін ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне жазбаша өтініштерді береді. 

Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Андорраның, Аргентина Республикасының, Бельгия Корольдігінің, Болгария Республикасының, Бразилия Федеративтік Республикасының, Ватиканның, Венгрия Республикасының, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Израиль Мемлекетінің, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Кипр Республикасының, Корея Республикасының, Коста-Рика Республикасының, Куба Республикасының, Латыш Республикасының, Литва Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Мальта Республикасының, Мексика Құрама Штаттарының Монаконың, Наурудың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Оңтүстік Африка Республикасының, Польша Республикасының, Португалия Республикасының, Румыния Республикасының, Сан-Марино Республикасының, Сингапур Республикасының, Словакия Республикасының, Словения Республикасының, Түркия Республикасының, Уругвай Шығыс Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Хорватияның, Чех Республикасының, Чили Республикасының, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының, Эстон Республикасының, Ямайканың азаматтарын іскерлік немесе туристік мақсатпен шақыру үшін ішкі істер органдарының рұқсаты талап етілмейді, яғни қабылдайтын ұйымдардың шақырулары (Астана, Алматы қалаларындағы) ҚР СІМ КҚД-ға тікелей тапсырылады. 
Қазақстан Республикасына жеке істерімен келетін шетел азаматтары үшін келуге арналған рұқсатты Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдейді. 

2. ҚР визаларын алу үшін шетел азаматтары Қазақстан Республикасының өкілдігі орналасқан елдегі дипломатиялық/консулдық мекемесіне өтініш білдіріп, жарамды паспортты (немесе халықаралық жол жүру құжатын), ҚР СІМ КҚД визалық қолдауының нөмірі қойылған шақыру хаттың көшірмесін (немесе Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары ресімдеген жеке шақырудың түпнұсқасын),  толтырылған визалық сауалнаманы және фотосуретті береді. Визаның қолданылу мерзімі шетелдік азамат паспортының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде алты ай бұрын аяқталуы тиіс. Басқа құжаттардың беру қажеттілігін консул жергілікті жерде белгілейді. 

3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын – жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін шетел азаматтары үшін бір айға дейінгі, бірақ бір жыл ішінде екі реттен артық емес мерзімге, визалар жоғарыда аталған туыстардың өтініштері (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын ата-аналарымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына қолданылмайды) негізінде ресімделуі мүмкін.

4. Қазақстанда тұратын шетел азаматының туыстары немесе таныстары ауыр науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда, визалар нотариалды куәландырылған қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмелері, не дәрiгер куәландырған халықаралық жеделхат (телеграмма) негізінде ресімделуі мүмкін.

5. Қазақстан Республикасынан қоныс аударған шетел азаматтарына туған жерлеріне және туысқандарының зираттарына болып қайту үшін олардың жеке өтініштері және Қазақстан Республикасымен байланыстығын растайтын құжаттары (ұлттық паспорттағы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаттың, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтаманың көшірмесі) негізінде  үш айға дейінгі мерзімге жеке визалар берілуі мүмкін. 

6. Тарихи отанына келу тәртібін одан әрі ырықтандыру мақсатында қазақ диаспорасының шетелдік өкілдеріне ҚР СІМ-мен келісімі бойынша жыл ішінде екі рет үш айға дейінгі мерзімге олардың жеке өтініштері негізінде жеке визалар берілуі мүмкін.

Шетелдегі ҚР консулдық мекемелерінде ҚР-дық бір мәртелік визалары 3, 4, 5 және 6-тармақтарда көрсетілген шетел азаматтарына, сондай-ақ қызметтік, туристік, жеке және іскерлік мақсатпен келетін Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарына шақырусыз беріледі. 

7. Дипломатиялық визалар дипломатиялық паспорттың иелеріне, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне және олардың отбасы мүшелерiне, Қазақстан Республикасы таныған мемлекеттерде үкiметке, парламентке мүше, көрнекті қоғамдық және саяси қайраткерлерге консулдық алымдар алынбай беріледі.

8. Қызметтiк визалар шетелдiк дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң персоналына, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық ұйымдардың шақыруы бойынша қызметтiк iстермен Қазақстан Республикасына жол жүретін шетел азаматтарына, қызметтік паспорттың иелеріне беріледі.

9. Инвесторлық визалар Қазақстан экономикасын инвестициялауға қатысатын шетелдiк фирмалар мен компаниялардың басқару буындарының басшылары мен өкілдеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне беріледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 қаңтардағы № 46 қаулысына сәйкес инвесторлық виза тегін беріледі.

10. Егер халықаралық шарттар мен келiсiмдерде өзгеше көзделмесе «жұмыс iстеуге арналған» санаттағы ҚР визаларын ресімдеу үшін басқа құжаттармен қоса шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат болуы қажет. 

11. Iскерлiк визалар (iскерлiк келiссөздерге, кеңесулерге, түрлі форумдарға, конференцияларға қатысу, келісім-шарттар жасасу, бiрлескен кәсiпорындар құру, қазақстандық рынокты зерттеу, консультативтi және аудиторлық қызмет көрсету және т.б.) Қазақстан Республикасына iскерлiк мақсатпен келетін шетел азаматтарына Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қолдаухаттарының негізінде беріледі. 

12. ҚР туристiк визалары шетел азаматтарына туристiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік ұйымдарының оларды қабылдау туралы растауы, сондай-ақ iшкi iстер органдарының рұқсаты және ҚР СIМ КҚД-нiң визалық қолдауы болған жағдайда беріледі.
1-тармақта көрсетілген елдердің азаматтарына (ішкі істер органының рұқсаты талап етілмейтін) туристік ұйымдардың қолдаухаты бойынша туристік визалар Астана, Алматы, Атырау, Орал және Өскемен қалаларындағы әуежайларда ҚР СІМ-нің консулдық пункттерінде ресімделуі мүмкін.
13. Оқуға арналған визалар оқу орындарының қолдаухаттары негiзiнде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына оқуға, оқу тәжiрибесінен өтуге, тағылымдамаға және осылар тәрізді себептермен келетiн, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген  шетел азаматтарына  беріледi.

14. Емделуге арналған визаларды медициналық мекемелердің шақыру мақсатын растайтын құжаттары негізінде ресімделетін, ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, Қазақстан Республикасына емделуге, медициналық тексерiлуге, кеңес алуға және басқа да осыған ұқсас мақсаттармен келетін, сондай-ақ ҚР аумағында жүрген шетел азаматтарына беріледi.

15. Тұрақты тұруға арналған визаларды ҚР ҰҚК-нің және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон жөніндегі комитетінің келісімі бойынша ресімделетін, ҚР СIМ-нің визалық қолдауы болған жағдайда, шетел азаматтарының өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының шетелдердегi мекемелерi Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келетін шетел азаматтарына бередi.

16. Транзиттік визалар үшiншi елге келуге жарамды құжаттары (визалары) бар, визасыз транзитке құқығы жоқ шетел азаматтарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жол жүрулері үшiн беріледi.
Қазақстанның аумағы арқылы транзитпен өтетін шетел азаматтарының өзімен бірге Қазақстан Республикасының аумағына кірген күнін растайтын құжаттары (жолбилеттері) болуы тиіс.

17. Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап бес күнтiзбелiк күн iшiнде өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша тiркелуге мiндеттi. 

Австралия Одағының, Австрия Республикасының, Америка Құрама Штаттарының, Бельгия Корольдігінің, Германия Федеративтік Республикасының, Грек Республикасының, Дания Корольдігінің, Жаңа Зеландияның, Жапонияның, Ирландия Республикасының, Исландия Республикасының, Италия Республикасының, Испания Корольдігінің, Канаданың, Корея Республикасының, Лихтенштейн Княздігінің, Люксембург Ұлы Герцогтығының, Малайзияның, Монаконың, Нидерланд Корольдігінің, Норвегия Корольдігінің, Португалия Республикасының, Сингапур Республикасының, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің, Швейцария Конфедерациясының, Швеция Корольдігінің, Финляндия Республикасының, Француз Республикасының азаматтарынның паспорттарын тіркеу ҚР-дың шетелдегі мекемесінде визаны ресімдеу кезінде жүзеге асырылады. Тіркеу визаның берілген күнінен бастап 90 тәулікке, бірақ визаның жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді.
Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен және СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде тіркелмеген шетелдіктердің паспорттарын тіркеу ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелері арқылы тікелей өткізу бекеттерінде (12 халықаралық әуежайларда, «Достық» темір жол өткізу бекетінде, «Қорғас», «Достық», «Бақты», «Майқапшағай», «Қордай», «Көлжат» автомобиль өткізу бекеттерінде және Ақтау мен Баутино теңіз өткізу бекеттерінде) шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарға және көші-қон карточкасының «Кіру» және «Тіркеу» бағандарына белгі қою жолымен жүзеге асырылады.
Тіркеу шекараны кесіп өткен күннен бастап 90 тәулікке, бірақ визаның жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімге ресімделеді.
Қазақстан Республикасының шекарасын кесіп өткен және СІМ-нің шетелдегі мекемелерінде, сондай-ақ ҰҚК Шекара қызметінің шекаралық бақылау бөлімшелерінде тіркелмеген шетелдіктердің паспорттарын тіркеу  Iшкi iстер органдарында жүзеге асырылады.

18. ҚР визаларын беру үшін төлем мөлшері бекітілген консулдық алым мен нақты шығыстар үшін төлемнің сомасын құрайды және АҚШ долларымен немесе ҚР-дың шетелдегі мекемесі орналасқан елдің валютасымен өзара түсіністік негізінде алынады. ҚР-дың шетелдегі мекемелері орналасқан елдің өмір деңгейіне байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 29 желтоқсандағы № 1761 қаулысымен бекітілген консулдық алымдардың ең төменгі және ең жоғарғы базалық ставкалары мөлшерлерінің шегінде консулдық алымдардың түрлі тарифтері белгіленген. 

Консулдық алымдардың ставкалары: 

бір мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 30 евро;

екі мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 70 евро;

үш мәрте келу-кету немесе кету-келу ҚР визасы немесе оны үш айға дейінгі мерзімге ұзарту – 80 евро;

көп мәртелік виза немесе оны:

бір  жылға дейінгі мерзімге ұзарту – 155 евро;

екі жылға дейінгі мерзімге ұзарту – 310 евро;

30 күнге дейінгі бір мәрте туристік виза – 30 евро; 

60 күнге дейінгі екі мәрте туристік виза – 45 евро;

транзиттік виза – 25 евро құрайды

Виза үшін төленетін жарна төменде көрсетілген көлемде қолма қол ақшамен төленуі тиіс. 

Түрі

Виза құны

Виза тенге акысында

Барлық қысқа мерзімді визалар

60 €

11700тенге

Кәмелетке толмаған тұлғалар <6 жас (6 жасқа бір күн толмаған балалар)

0 €

 

6 дан 12 жас аралығындағы кәмелетке толмаған тұлғалар

35 €

6800 тенге

Ұзақ мерзімді виза

99 €

19300тенге


Қосымша: 

Визалар үшін қарастырылған барлық жарналар құны алдын- ала хабардар етілмей өзгертілуі мүмкін.

Жарналар қайтарылмайды.

Визалар үшін жарналар тек ғана қолма қол ақшамен төленеді.

Визалық жарналар мен VFS қабылдауына төленген жарна қайтарылмайды.

Өтініш тапсырушылар Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына жеке түрде келуі тиіс. 

Визаның осы түріне өтініш тапсырушы тұлға төменде көрсетілген құжаттарды тапсыруы тиіс.

Жарамды паспорт пен оның алғашқы бетінің көшірмесі. Паспорт соңғы 10 жыл аралығында берілген және ең кем дегенде екі бос беттен тұруы тиіс. Паспорт кем дегенде виза мерзімі біткеннен соң 3 (үш) ай мерзімде жарамды болуы тиіс.

Өтініш берушімен талап етілген түрде толтырылған, толтыру күні мен қолы көрсетілген сауалнама.

Көлемі 3,5 х 4,5 мм 2 түрлі түсті фотосурет; 1 фотосурет нысанға жапсырылып, екіншісі жапсырылмай тапсырылуы тиіс.

Жұмыс орнынан төленетін айлығы көлемі көрсетілген анықтама

Некеге тұруы туралы куәлік көшірмесі (қолданыста болған жағдайда) және кәмелетке толмаған балалардың туу туралы куәліктері көшірмесі

Медициналық қамсыздандыру (түпнұсқасы мен көшірмесі) – төленетін сома 30 000 евродан кем болмауы тиіс

Кері қайту билетін броньдау құжаты.

Mayoralty Attestation d’accueilмен берілген шақыру қағазының түпнұсқасы (түпнұсқасы мен көшірмесі).

Тұлғаның бір күнге шаққанда 29 евродан кем емес қаржыға ие екендігін дәлелдейтін құжат

Кәмелетке толмаған балалар үшін француз тіліне аударылған және нотариуспен рәсімделген ата –анасының сапарға шығуына рұқсат беру құжаты (түпнұсқасы мен көшірмесі)

Балаларға виза алу үшін (тіпті олар ата-анасының паспортына бекітілген жағдайда),БӨЛЕК ӨТІНІШ ТОЛТЫРЫЛУЫ тиіс.

Қосымша: Талап етілген құжаттардың барлығын ұсыну визаға ие болуды қамтамасыз етпейді.

Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелері

Визаның мәртелігі ҚР визалары бір мәртелік, екі мәртелік, үш мәртелік және көп мәртелік болуы мүмкін.

Визаның қолдану мерзімінің шегінде бір мјртелік визалар шетелдікке Қазақстан Республикасына бір мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді, екі, үш және көп мәртелік визалар тиісінше шетелдікке Қазақстан Республикасына екі, үш және көп мәрте келуге және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.

Іскерлік виза (ІСВ) Іскерлік визалары Қазақстан Республикасына келесі іскерлік мақсаттармен келетін шетелдіктерге:

1) іссапар;

2) келіссөздер жүргізу, келісім-шарттар жасасу, консультациялық және аудиторлық қызметтер көрсету;

3) конференцияларға, симпозиумдарға, форумдарға, көрмелерге, концерттерге, мәдени, ғылыми, спорттық және басқа да іс-шараларға қатысу;

4) мектеп оқушылары, студенттер және жастар арасындағы алмасу  бағдарламалары бойынша, Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқудан басқа;

5) халықаралық автомобильдік тасымалдауды жүзеге асыру;

6) Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААЎ) куәлігі жоқ кезекті және чартерлік рейстер ұшақтарының экипаждары мүшелеріне, сондай-ақ поез бригадаларына және кемелер экипаждарының мүшелеріне;

7) гуманитарлық көмекпен бірге жүрушілерге;

8) жоғарғы оғу орындарында қысқа мерзімді дәріс оқу, сабақ жүргізу;

9) жабдықтарды жинақтау, жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;

10) Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына беріледі.

Іскерлік (ІСВ) санаттағы визаларды беруге төмендегілер негіз болып табылады:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және мемлекеттік емес заңды тұлғаларының, Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің, шет мемлекеттердің консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың шақыруы;

2) 2 қосымшада көрсетілген елдер азаматтарының ҚР шетелдердегі мекемелеріне білдірген жазбаша өтініші, сондай-ақ ұлты қазақ шетелдіктер (ұлтын растайтын құжаттары болған жағдайда) шақыру қағазсыз және ҚР СІМ - нің нұсқауысыз.

Іскерлік визалар бір, екі, үш және көп мјрте келуге және шығуға беріледі.

Жеке виза (ЖСВ) Жеке визалар Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келетін шетелдіктерге төмендегі құжаттардың біреуінің негізінде беріледі:

1) ҚР ІІМ берген шақыру қағазы;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және халықаралық ұйымдардың  шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің шешімі негізінде Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдармен кездесуге келетін шетел азаматтары үшін ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

4) Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды ұл (қыз) етіп асырап алғысы келетін және асырап алуға кандидат ретінде консулдық есепте тұрған шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі –  ҚР БҒМ), Қазақстан Республикасы облыстарының және Астана мен Алматы қалаларының  білім  басқармаларының шақыруы негізінде ресімделген ҚР СІМ-нің виза беру туралы нұсқауы;

 5) Қазақстан Республикасына туыстары мен жақындарын жерлеуге немесе олардың ауыр науқастанулары себебімен келетін шетелдіктердің  растайтын құжаттары қоса берілген жазбаша өтініштері;

6) Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары қоса берілген (ұлттық паспорттағы Қазақстан Республикасында тұрєандығы туралы бағаны немесе Қазақстан Республикасында туғандығы туралы куәлігі, Қазақстан Республикасында жақын туысқанының жерленгендігі туралы құжаты, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққандығы туралы анықтамасы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқандығы туралы анықтамасы) шетелдіктердің жазбаша өтініштері;

7) Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжаттарды немесе тұруға ықтиярхатты алуға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын ұлты қазақ шетелдіктердің (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары  болған  жағдайда) жазбаша өтініштері;

8) 2 қосымшасында көрсетілген елдер азаматтарының жазбаша өтініштері;

9) шетел азаматтары болып табылатын жұбайларымен, балаларымен немесе ата-аналарымен Қазақстан Республикасына бірге келетін Қазақстан Республикасы азаматтарының ҚР СІМ-мен келісілген жазбаша өтініштері.

Жеке визалар бір, екі және үш мәрте келуге және шығуға беріледі.

 Туристік виза (ТСВ)

Туристік виза Қазақстан Республикасына турист ретінде келетін шетелдіктерге беріледі.

Туристік виза туроператорлық, турагенттік қызметті жүзеге асыру, туризм инструкторы қызметін көрсету құқығына лицензиясы бар Қазақстан Республикасының туристік мекемесінің шетелдікті қабылдауын растауы және ҚР СІМ-нің визалық қолдауы болған  жағдайда беріледі.

2-ші Қосымшасында көрсетілген елдердің  азаматтарына және ұлты қазақ шетелдіктерге (қазақ ұлтына қатыстылығын растайтын құжаттары болса) жазбаша өтініштері немесе шетел туристік мекемелерінің өтініштері негізінде бір және екі мәртелік туристік визалар беріледі.

Туристік визалар бір, екі және үш мәрте келуге және кетуге беріледі.

2.2 Дүниежүзілік туристтік ұйым туристтік құжаттарды толтырудағы бірқатар ерекшеліктер

Қандай да бір болмасын оның ең күрделі экономикалық іс-әрекеті сыртқы экономкалық айырбас, жеке алғанда нәтижесі валютамен түсетін сыртқы сауда.  Халықаралық сауда сияқты халықаралық туризм экономистерді ішкі туризммен бұрын қызықтыра бастады. Олар, туристтік қозғалыс төлем балансына тауар айырбасы сияқты әсер етеді деген қортындыға келді. Сондықтан да, халықаралық туризмді сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі деп білген жөн, яғни ол сыртқы сауданың арнайы бір түрі болады. Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристтік қызметтер көрсетеді.

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Дүниежүзілік туристтік ұйым туристтік құжаттарды толтыруды қысқартып, реттеуіне маңыз бере отырып, жаңадан ұсыныстар жасап, оны қабылдады:

-  паспорт формальдылықтары: паспорт қызметін бір орталықтан босату; шетелдік паспорттарды жасаудың жұмыстарын реттеп, мерзімін қысқарту; ақша жинауды реттеу; паспорттың жарамдылық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапар санын шектемеу; шетелдік паспорттың иесі оны өзінде сақтауы және конфискацияға тыйым салу; паспортты компьютер жүйесі арқылы тексеру үшін ИКАО стандартына бейімдеу;

- виза формальдылықтары: рұқсатсыз кіру үш айға дейін; визаның мерзімін 12 айға дейін ұзарту және бірнеше сапарларға рұқсат тету мен көліктің кез-келген түрін пайдалануға болатындығы; көрші мемлекеттердің визаны мойындауы; өте сирек жағдайда бақылау бекеттерінде кіруге рұқсат ету; туристердің азаматтығына қарамастан, бірдей консульдық жинақты бекіту;

-  валюта формальдылықтары: кеден декларасында көрсетілген валюта мөлшеріне рұқсат ету; қазіргі валюта аыйрбастау туралы туристтерге толық мәлімет беру; кірудің бақылау – жіберу бекеттерінде толық мәліметтерді іліп қою; барған елінен кетерде қайтадан валюта айырбастау мүмкіндіктерін қамтамасыз ету; алып келген валюталарын өз еркімен ғана айырбастау;  елден кетерде туристерге өз елінде сапарын жалғастыру үшін керекті мөлшерде ұлттық ақшаларына рұқсат ету

- кедендік формальдылықтар: кірерде және шығарда туристерге салық салу; туристтік объектілерді жаңарту үшін кейбір салықтар мен ақша жинаудың түрін еңгізу;

-  медициналық формальдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем көрсету; ұлттық туристтік әкімшіліктің денсаулық сақтау органдарымен келісіп жұмыс істеуін кеңейту, керек жағдайда туристерге медицинаға байланысты толық мәліметтер беру; туристерге жәрдем көрсету және мемлекетпен медициналық қауіпсіздік туралы жан-жақты келісімдер жасау; туристерге жедел медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру; қатаң түрде ауырып қалған жағдайда немесе қайтыс болғанда консулдық пен туыстарына хабарла, жерлеу немесе алып кету үшін қажетті құжыттарын тез арада дайындау.

Мұндай ұсыныстар, турсристтік формальдылықтарды қысқартудың негізгі қағидалары Будапешт конвенциясынан алынып отыр және ол туризм туралы Гаага декларациясында да қолдау тапты.

Туристтік формальдылықтар мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланысты халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып саналынады. Неғұрлым мемлекеттің ақша жүйесінде айырмашылық және адамдардың қозғалу жолында кедергілер көп болса, соғұрлым халықаралық туризмнің ішкі туризмнен айырмашылығы басымырақ болады.

Әлемдік нарықта сыртқы сауда айырбасына тікелей кірмейтін тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатуға немесе сатып алуға болмайды. Бұл жерде тек тауарлар мен қызметтер ғана емес, сонымен қатар табиғи және әлеуметтік-экономикалық туристтік-рекреациялық ресурстар да сатыладыжәне сатылып алынады. Бірақ, дәстүрлі экспорттағыдай, бұл сату мен сатып алу территориядан айырылмайды. Басқа осындай ерекшілігі – тауар мен қызмет өндірісне жұмсалған зат пен еңбек құралған жерінде іске асады. Бұл жерде тауарлардың тұтынушыға жылжуы емес, керісінше тұтынушының тауар – қызмет өндірілетін жерге келу орындалады. Бұл капиталдың айырбас шеңбер уақытын қысқартады және халықаралық туризмде басқа экспорттық сатып алулардан пайдалы ерекшелінетін бірнеше шарттарды құрайды. Біріншіден, сатп алушы (турист) көліктік шығындарды өзіне алады. Екіншіден, шетел туристерінің келген уақытында сувенирлер мен тауарларды сатып алуын сыртқы сауда операцияларының пайдалы түрі ретінде қарастыруға болады. Көптеген елдердегі әртүрлі салалар осы ішкі экспортқа жұмыс жасайды. Мысалы, Жапонияда шетел туристері елде шығарылатын радиотауарлары мен бейне аппаратуралардың, фотоаппараттардың көп бөлігін сатып алады; Швейцарияда – сағаттарды; Францияда – парфюмерия заттарын; Италияда – аяқ-киім мен тері заттарын; Ұлыбританияда – арақ, виски және т.б.

Халықаралық туризмге сыртқы саудада қалыптасқан операциялар түрі тән: экспорт, импорт және реэкспорт. Халықаралық экономикалық қанастың бір түрі ретінде халықаралық туризмнің өзіндік басты ерекшілігі туристтік фирма немесе шетел туристерінен өзі бола латын барлық сыртқы сауда, келісім сияқты қызметтерді иемдену шетел турагенттіктері арықылы жүреді. Осыған байланысты халықаралық туризмде экспортты шетел қонақтарын қабылдау, ал импортты осы мемлекеттің туристерін шетелге жіберу ретінде түсінеді. Халықаралық туризмді реэкспортты түсінуде. Теория бойынша осы категорияға бұл мемлекеттің туристтік ұйымынан үшінші мемлекетке сапар шегу үшін тур сатып алған барлық шетелдік туристтер жатуы керек. Бірақ қазіргі кезде санақ жүйесінің жетілмегендігінен бұл категориялы туристтерді көрсету өте қиын.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшілігі – елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристтердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы, туристтердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінен азаюына әсерін тигізеді. Бұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Туристтердің белсенді және белсенді емес болып бөлінуі туристтік іс-әрекетін қаражат нәтижесімен байланысты, ол халықаралық туризмде ғана болады, ішкі туризмге тарамайды.

Кейбір жағдайларда шетелдік туризмнің дамуы елдің экономикалық эәне әлеуметтік дауын жылдамдатуға да жіберілуі мүмкін.

Шаруашылық жүйесінде туризм еңбектің бөлінетін көрсетеді, мұндайда басты рольді экономикасы жоғары дамыған елдер атқарады. Сыртқы сауданың басым бөлігі өнеркәсібі дамыған елдердің арасындағы тауар алмасуға келетінін білеміз. Әлемдегі негізгі туристтік сапарлардың көбісі өндірісі жоғары дамыған елдер арасында жүреді, өйткені оларда азаматтардың шетелге шығу пайызы жоғары (АҚШ, Франция, Ұлыбритания). Сондай-ақ солар және экономикасы орта деңгейде дамыған елдер (Греция, Португалия, Туркия) және дамушы елдерде (Тунис, Тайланд және т.б.) арасында жүреді және іске асырылады. Осыған байланысты дүниежүзілік туристтік ұйым келесі анықтаманы қабылдады: «туристтерді жеткізуші елдер»  және «туристтерді қабылдаушы елдер».

Экономикалық жағынан белсенді туризм (туристтерді қабылдау) туристтік игіліктерді экспорттау, ал белсенді емес туризм (азаматтар шығу)  — импорттау деуге болады. Белсенді және белсенді емес туризмнің экономикалық әсерін есептеу қиын, өйткені шетел туристерінің жергілікті өндірістің өнімдеріне сұранысы мен көлемі туралы хабарлар жоқ. Бұл сұранысты есепке алу мүмкін емес, оны тек болжауға болады. Статистикалық есептің қиындығы иемдену қабылдаушы мемлекетке жүреді, ал иемдеген тауарлар тұрақты тұру мемлекетінде әкелінеді. Бұл тауарлар шекараны өткенде тізімге алынбайды. Бұл жерде белсенді туризмді «көрінбейтін экспорт», ал белсенді емес туризмді – «көрінбейтін импорт» деуге болады.

                                   Қорытынды

Шетел азаматтары Қазақстан Республикасына визасыз келген, бірақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, заңды және жеке тұлғаларының белгіленген тәртіп бойынша ресімделген шақыруы болса, ҚР СІМ басшылығының шешімі бойынша 10 тәулікке дейінгі мерзімге виза (жұмысқа арналған (ЖЕВ) визасынан басқа) берілуі мүмкін. Оны шақырушы тараптың қолдаухаты бойынша санатына қарай ҚР СІМ немесе ҚР ІІМ ұзартады.

Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Дүниежүзілік туристтік ұйым туристтік құжаттарды толтыруды қысқартып, реттеуіне маңыз бере отырып, жаңадан ұсыныстар жасап, оны қабылдады:

-  паспорт формальдылықтары: паспорт қызметін бір орталықтан босату; шетелдік паспорттарды жасаудың жұмыстарын реттеп, мерзімін қысқарту; ақша жинауды реттеу; паспорттың жарамдылық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапар санын шектемеу; шетелдік паспорттың иесі оны өзінде сақтауы және конфискацияға тыйым салу; паспортты компьютер жүйесі арқылы тексеру үшін ИКАО стандартына бейімдеу;

- виза формальдылықтары: рұқсатсыз кіру үш айға дейін; визаның мерзімін 12 айға дейін ұзарту және бірнеше сапарларға рұқсат тету мен көліктің кез-келген түрін пайдалануға болатындығы; көрші мемлекеттердің визаны мойындауы; өте сирек жағдайда бақылау бекеттерінде кіруге рұқсат ету; туристердің азаматтығына қарамастан, бірдей консульдық жинақты бекіту;

 

                                        Пайдаланған әдебиеттер

  1.  Орысша-қазакша заңдық түсіндірме сөздік-анық тамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.
  2.   Қазақ энциклопедиясы,10 том
  3.  http://ru.wikipedia.org/wiki/Ян_Бинь
  4.  Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. 
  5.   Қазақ энциклопедиясы, 8 том
  6.  "Қазақ энциклопедиясы,"5 том
  7.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
  8.  Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.
  9.  Биржаков М. Б. Введение в туризм: Учебное пособие — СПб: Издательский дом Герда, 2004 г. — стр. 37.
  10.   Шевырин Сергей За границу! (из истории зарубежного туризма в СССР)
  11.   Гуляев В. Г. Организация туристской деятельности: Учебное пособие. — М.: Нолидж — 1996.
  12.   Бушуев В. О дефиниции «индустрия туризма»
  13.   Сенин В. С. Организация международного туризма: учебник. — М.: Финансы и статистика, 2000.
  14.   В. Е. Арефьев. Введение в туризм: Учебное пособие. Изд-во АГУ, 2002. — 282 с.
  15.  Бодрый выезд. Ведомости, № 47 (1821), 19 марта 2007
  16.   Биржаков М. Б. «Введение в туризм». Москва-Санкт-Петербург, 2001 г.
  17.   Инфографика ИТАР-ТАСС: РОССИЙСКИЙ ТУРИЗМ: итоги 2011 года
  18.   Маринов Б. А. Проблемы безопасности в горах. М., 1981.
  19.   Маринин М. М. Туристские формальности и безопасность в туризме. М., 2002.
  20.  "Қазақ энциклопедиясы,"5 том




1. Общественное питание
2. тематических наукпрофессор Тверского государственного университетаГАЛИНА ЛАПУШИНСКАЯпроректор по эконом
3. Реферат Программа лекционных и практических занятий спецкурса экономическая психология
4. Тема 9 Цироз печінки ЦП Актуальність Незважаючи на значні успіхи в діагностиці захворювань органі
5. Phil~o ~ люблю и sophi мудрость в целом получаем ~ любовь к мудрости
6. то сведениями о человеке или предмете
7. Курсовая работа- Учётная политика
8. Обязанность Правительства РФ по обеспечению проведения единой государственной политики в сфере обр
9. Компьютерные сети и системы
10. Современные технологии и экологические проблемы современности
11. продукты молочные группе продуктов с частично обезвоженным сгустком в которую помимо творога зернёного
12. Билеты по биологии 11 класс
13. Петербурга остановили для проверки гражданина Дании Инсона который предъявил им паспорт моряка так как яв
14. Сущность предпринимательской деятельности.html
15. МакКей Энвилоуп В 26 лет Маккей приобрел фактически прогоревшую фирму занимавшуюся производством конв
16. реферат диссертации на соискание учёной степени кандидата социологических наук.
17. Оформление паспорта гражданина Республики Казахстан 1
18. Германия Австрия Польша Прага Дрезден Чешский Крумлов Карловы Вары Вышеград ~ замок Чешский Ш
19. земля с сей данью горьких слезПрими почившую поблеклый цвет весеннийПрими и успокой в гостеприимной сени.
20. в моей жизнинету счастья