Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

РЕФЕРАТ та~ырыбы- Экологиялы~ да~дарыс ЖОСПАР

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 27.11.2024

 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Алматы Технология және Бизнес Университеті

РЕФЕРАТ

тақырыбы: Экологиялық дағдарыс

ЖОСПАР

[1] 1. Негізгі түсініктер

[1.1] 1. Экологиялық дағдарыс ұғымы

[1.2] 2. Экологиялық дағдарыстың құрылымы

[1.3] 3. Экологиялық дағдарыстың себептері

[2] Қолданылған әдебиеттер тізімі

[3] Себептері

[4] Субъективті

[5] Объективті

1. Негізгі түсініктер

1. Экологиялық дағдарыс ұғымы

Экологиялық дағдарыс ұғымынан қоғам мен табиғаттың арасындағы өзара әрекеттестіктің мынадай кезеңі түсініледі: онда экономика мен экологияның, қоғамның табиғи ортаны тұтынуы мен пайдалануға экономикалық мүдделері мен қоршаған табиғи ортаны қорғауда қамтамасыз етудің экологиялық талаптарың арасындағы қарама - қайшылықтар шегіне жете шиеленіседі. Бұл бір жағынан - қоршаған табиғи ортаның құлдырауынан көрінетін қоғам мен табиғаттың арасындағы тепе–теңдіктің тұрақты бұзылуы, екінші жағынан – мемлекеттік басқару құрылымдарының мұндай жағдайдан шығу жолын табуға және қоғам мен табиғаттың тепе–теңдігін қайта қалпына келтіруге қабілетсіздігі.

 Экологиялық дағдарыс ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың 70 – жылдарында сол уақытта өндірістік күштердің өсуі мен қоршаған ортаны қорғаудың арасындағы қарама-қайшылықтардың шиеленісуін бастан өткеріп жатқан дамыған капиталістік елдерде қолдалына бастады.

2. Экологиялық дағдарыстың құрылымы

Қоршаған табиғи ортаның құлдырауы – бұл табиғаттағы заттар мен энергиялардың өз ара алмасуын қамтамасыз ететін табиғаттың даму заңдылықтардын есепке алмай жасаған адам әрекеттерін туындаған адам мен табиғат арасындағы экологиялық байланыстардың бұзылуы немесе айтарлықтай бүлінуі.

Қоршаған табиғи ортаның құлдырауы ең алдымен адамның денсаулығы мен оның тектік қорының жай – күйіне әсер етеді. Ресей аймағының 20 пайыздан астамы экологиялық дағдарысты күйді бастан кешіруде, экологиялық қияпат белдемі ауданында қазіргі кезде 70 млн. Астам адам қалыпты мөлшер шегінен 5 есе жоғары денсаулық үшін қауіпті заттар тараған ауамен дем алып жүр. Халықтың тууы азайып, өлім – жітім көбеюде. Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 69,5 жыл, ол 44 капиталистік елдердегі адамдардың өмірінің орташа ұзақтығынан 8 – 10 жыл кем. Бұрынғы КСРО–да әрбір оныншы бала генетикалық кемістікті болып туды. 1990 жылғы мәліметтер бойынша бұрынғы КСРО – ның 50 пайыздан астам халқының денсаулығы нашар, олардың ішінде 50 млн. адам созылмалы ауру немесе кемістілер қатарына жатады. Әрбір төртінші әйел генетикалық жағдайына байланысты дені сау бала туа алмайды, әрбір төртінші еркек белсіздікпен ауырады.

Қоршаған табиғи ортаның жай – күйінің нашарлауы және оның салдары – экологиялық дағдарыс көрінісінің тек бір ғана жағы. Екіншісі, әлеуметтік жағы - қоғамның экологиялық қауіпсіздігі бойынша тиімді шараларды жүргізуді қамтамасыз етуге қабілетсіз мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың дағдарысы болып табылады. Бұл біріншіден, қоршаған табиғи ортаны қорғау жөніндегі арнайы органдардың ормандары, балық ресурстарын, жануарлар әлемін, жер асты байлықтарын қорғау мен пайдалану бойынша нәтижелі жұмысының жеткіліксіздігін көрсетеді.

Екіншіден, экологиялық дағдарыс құқық қорғау органдарының қоршаған ортаны қорғау туралы заңның орындалуына сенімді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз етуге қабілетсіздігін көрсетеді.

Үшіншіден, экологиялық дағдарыс әлеуметтік аспектіде экологиялық - құқықтық нигилизмде, яғни экологиялық - құқықтық нигилизмде, яғни экологиялық - құқықтық талаптарды жаппай орындамауда және оларды бұзуда көрінеді.

3. Экологиялық дағдарыстың себептері

Адамның қоршаған ортаға жағымсыз әсерін тигізуі өте ертеден-ақ басталған. Мысалы, Ливанның тау беткейлерінің жалаңаштануы шамамен 5000 жыл бұрын, Соломон патшаның сарайлар мен шіркеулерінің құрылысы үшін әжептәуір аймақтағы ливан бал қарағайларының тоғайларын шабуға бұйрық бергеннен болған. Далмацияның қалың ормандарын рим флотын жасағанда қарқынды құртып – жою басталған. Қытай мен Үндістанның көп бөлігінде ормандар өткен мыңжылдықтарда – ақ бүтіндей шауып тасталған.

11 – суретте жоғарыда айтылғандар тұжырымдалған.

11 – сурет. Экологиялық дағдарыс: Құрылымы. Себептері. Шығу жолдары

Көне дүниенің мемлекеттерінде техногенез қоршаған ортаның өзгеруінің маңызды факторына айналды: Нілдің (Мысыр), Хуанхэ (Қытай), Тигр мен Ефраттың (Вавилония), Әмурдарияның (Хорезм) және т.б. алқаптпрының  табиғаты түп – тамырымен өзгертілді.

Көне дәуірде бар болғаны 19 элемент, ХVІІІ ғасырда - 28, ХІХ ғасырда - 50 элемент пайдаланылған, қазір барлық 89 табиғи элементтер, сондай – ақ бірқатар жасанды элементтер – плутоний, нептуний, калифорний т.б. пайдаланылады.

Ғаламдық экологиялық дағдарысқа адамның өлшемсіз шаруашылық әрекеті де әкелді. Антропогенді шөлдердің аумағы құрлықтың 8 пайызына жетеді, қалалар мен өндірістік белдемдер 2 пайыздан астам жерді алады. Аэроғарыштық мәліметтер бойынша жыл сайын әлемде 7 – ден 20 млн. га - ға дейін ормандар кесіледі, Жер атмосферасына О2 негізгі жеткізуші – тропикалық орман 50 пайызға, қоңыржай белдеудің ормандары 40 пайызға кесілген. Ормандарды кесу топырақ эрозиясын, атмосфераның ластануын күрт күшейтеді, ғаламдық су айналымын СО2 мен О2 бұзады. Скандинавияға SO2 Англия мен ГФР – дан жеткізілуі арқан балықтардың құруына әкелді, өйткені бірқатар өзендерде рН 4,0- ге дейін кеміді. Канаданың Онтарио провинциясында АҚШ – тан келетін қышқыл жаңбырлардың кесірінен 150 – ден "өліп қалған". Жер атмосфераындағы SO2 50 пайыздан астамы техногенді тектен шыққан. АҚШ – тың аса ірі өзені Миссисипидің ортаңғы және төменгі ағыстарында ауыр металдардың, органикалық қосылыстардың, мұнай өнімдерінің құрамы қалыптан ондаған ес артық. Молдавияда жүзімдіктерді үнемі көп жылдар бойы мыстың күкірт қышқылды тұзымен бүрку (зиянкестерден қорғану үшін) топырақтың мыс тұздарымен зақымдануына (Сu2+ 1-2% дейін) әкелді.

Санкт-Петербургттың өзендері мен каналдарындағы тұнбаларда органикалық қосылыстар (30%дейін) мен ауыр металдар күрт көбейген; Мәскеу аймағындағы өзендер мен тоғандардың тұнбаларында органикамен қатар никель, хром, молибден, ванадий, мыс, мырыш, қалайы, қорғасын мөлшерлері күрт молайған.

Ағылшын биохимиктері 5000 жыл бұрын жерленген алғашқы алғашқы қауымдық адамдардың сүйегінде орта есеппен алғанда 1,43* 10-3 % Рb, ал қазіргі адамдарда - 3,45x10-3 % Рb бар екенін анықтады, яғни сүйектегі қорғасынның мөлшері екі есеге артқан, ол сүйектің сыну қаупін және т.б. ұлғайтады.

  Жапонияда өндіріс қалдықтарын Агано өзеніне және Минимат шығанағына тастау метилсынаптың балықтарда, таңқы шаяндарда, устрицаларда жиналуына әкелді. Оларды тағамға пайдалану қауіпті “Минимат ауруын” тудырды. Cd бар өндірістік қалдықтарды лақтыру Жапонияның Тояма ауданында жүздеген адамдардың қаза болуына апарып соқты. Бұл жаңа “техногенді” ауру “итай – итай” деп аталады.

Дүние жүзінің ірі өндірістік қалаларына қорғасынмен ластану тән: қалалардағы топырақ пен өсімдіктерде одан сыртқары жерлерге қарағанда 20 – 30 есе артық Pb бар. Қала атмосферасын машинаның газды түтіндерімен ластау (СО2> CO, ІSO, SO2)  тныс алу мүшелері үшін ғана зиян емес, ол сәулетке әжептәуір залалын тигізеді: ғимараттардың қаптауларына, қола және мәрмәр мүсіндердің күйіне және т.б. Афиналық Акрополге өткен жүздеген жылдардан төрі соңғы 25 жылда көп залал тиген.

Қала орталарынқңтайландыру үшін қалдықсыз технологияны енгізу, тазалағыш құрылыстардың санын азайту, автомашиналардың шығарған газдарымен күресу, көгалдандыру аса қажет.

Жоғары экологиялық қауіпті автотрассалар да тудырады.  АҚШ – та бір жолдың жиегіндегі ені 50 м жолақтарды және Вашингтон – Балтимор шоссесін зерттеулер топырақтың залалдануынан жер құрттарында қорғасын, мырыш, никель мен кадмий күрт көбейгенін көрсетті: бұл құрттармен қоректенген құстар ауыр металдармен уланудан  қырылған.

Экологтардың назарын көк – жасыл балдырлар проблемасы аударады. Еділде, Днепрде, Донда ГЭС салу өзендерде судың ағуын азайтты, тыңайтылушы егістерден фосфор, нитраттар, калий апарылатын тоқырау белдемемдері пайда болды. Нәтижесінде су “гүлдейді”, көк – жасыл балдырлар жақсы жетіледі, суда оттегі құриды, балықтар өледі, суда бұзылған өнімдер артып, су ішуге жарамсыз болып қалады.

Көк – жасыл балдырлардың әр түрлі жағдайлардға аса төзімділігі белгілі. Олар тіпті атом реакторларының уран қазаншаларындағы ыстық суда да өсе береді. Сонымен қатар балдырлдарда құнды элементтер жинақталады, мысалы, Жапонияда қарапайым су ағзаларының қалдықтарының есебінен пайда болған көлдегі сапропелді шөгінділерді тыңайтқышқа, малға қорекке, тіпті, халықтың азық - түлігіне пайдаланады.

Мухит суларын ластау ғаламдық деңгейде жүріп жатыр. Ғарыштан түсірілген суреттер мұхиттың 30 пайызға дейінгі үстіңгі қабатында мұнай өнімдерінің бар екенін көрсетті. Бортында жүз мыңдаған тонна мұнайлары бар алып танкерлердің апатына байланысты болған мұнаймен ластану кейде экологиялық алапат сипатын алады: мұндай оқиғалар 1986 жылы Аляска жағалауында, 1996 жылы Жапония жағалауларында және т.б. аймақтарда болды. Әсіресе, Балтық, Қара, Жерорта, Эгей теңіздерінің жағалауларындағы сулар мен ішкі теңіздер қатты ластанған. Бұған көп мөлшердегі техногенді ластағыштар – хлорлы органикалық токсиканттар (ДДТ, полихлорланған бифенилдер және т.б.), радионуклидтер (90Sr, 137Cs, 238Pu, 3Н, 144Се),  минералды тыңайтқыштардың нитраттары мен фосфаттары, мұнай өнімдері, ауыр металдар (90Sr, 137Cs, 238Pu, 3Н, 144Се) түседі. Залалданған суда микроағзалар көп мөлшерде көбейді, бұл балықтардың жаппай қырылуына әкеледі: мұндай құбылыс Калифорния мен Флориданың жағалауларынан байқалған.

Адамның антропогенді әрекеттілігінен шығып жатқан ортаны сарқу, ластау және бүлдірудің себептерінің ішінен объективті және субъективті себептерді бөлуге болады. Объективті себептерге мыналар жатады.

 Біріншіден, бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен реттелуге деген шекті мүмкіндіктері. Белгілі бір уақытқа дейін жер табиғаты адамзат өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеп, тазалап, сонымен өзін олардың зиянкесті әсерінен қорғайды. Алайда оның мүмкіндіктері шектеулі.

 Екіншіден, бұл жер территориясының бір ғаламшар аясында физикалық шектеулігі. Осының салдарынан пайдаы қазбалардың - адам пайдаланатын тас көмірдің, мұнайдың және т.б. қорлары біртіндеп жұмсалып, одан кейін мүлде түгесіледі.

Үшіншіден, бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат өндірісінің қалдықтылығы. Табиғатта өндірістік тұйық цикл бойынша жүзеге асырылады. Одан қалдық шықпайды. Өндірістік әрекеттіліктің соңғы өнімі жаңа өндірістік цикл үшін бастама болып табылады. Табиғат өндірісінен айырмашылығы, адамзат өндірісі қалдықты болып табылады. Адамның тіршілік әрекеттілігі үшін жылына 20 т кем емес табиғи ресурстардың жұмсалуы керектігі есептеліп шығарылған. Оның небәрі 5 – 10 % ғана өнімге жұмсалады, ал 90 - 95 % қалдыққа кетеді.

Төртіншіден, бұл адамның табиғаттың даму зандылықтарын табиғатты пайдалану мен тәжірибе жинақтау үрдесінде тануы және пайдалануы.

Бұл жерде адамның табиғатқа әсер етуінің нәтижелерінің көріністерінің екі ерекшелігін атай кету керек. Бірінші уақытта әсер етуге қатысты. Өндірістік – шаруашылық әрекеттіліктің нәтижелері, қоршаған ортаны ластау, оның экологиялық байланыстарын бүлдіру тек қазіргі уақытта, осы ұрпақ өмір сүрген кезде ғана емес, болашақта да, келесі ұрпақ өмір сүрген кезеңде де көрінеді.

Екінші ерекшелік шаруашылық әрекеттіліктің салдарының кеңістікте айқындалуына қатысты. Белгілі бір жерде, белгілі бір нүктеде табиғатқа иелік етумен жасалатын әсер ортаның бірлігі мен өзара байланысты заңының арқасында адамның қоршаған ортаға әсер ету нүктесінен қашықтағы басқа аймақтарға да өзінің ықпалын тигізеді.

Субъективті себептерге жатады:

Біріншіден, мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұйымдастырушылық - құқықтық және экономикалық әрекеттілігінің жетіспеушілігі.

Екіншіден, экологиялық тәрбиелеу мен білім берудің олқылықтары.

Экологиялық надандық - адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының заңдарын меңгеруге талапсыздық.

Экологиялық нигилизм – бұл заңдарды басшылыққа алуға талпынбау, аталмыш заңдарды елемеушілік. Осы фактордың екеуі де қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.

Экологиялық дағдарыс (ЭД) адамның табиғатқа әсер етуінің күшеюімен қаншалықты сипатталса, адамдар өзгерткен табиғаттың қоғамдық дамуға ықпалының күрт өсуімен (бумеранг эффектісі) соншалықты (бұған ерекше көңіл аударған жөн) сипатталады (Реймерс, 1992). Ірі омыртқалы жануарлардың шектен тыс кәсіпшілігінің экологиялық дағдарыс аса белгілі. Экологиялық дағдарыстан экологиялық проблемалы жағдайды және экологиялық алапатты айыра білген жөн: дағдарыс – адамның белсенді әрекеттелігі жоқ болып көрінетін, бірақ қалпына келетін күй, алапат - қалпына келмейтін құбылыс, мұнда адам енжар, зардап шегуге мәжбүр, ол жағдайды өзгерте алмайды; кеңірек эволюциялық ұғымдағы ЭД – биосфераның тірі заттардың сапалы жаңуары өтетін даму фазалары (бір түрдердің біршама тез жойылып, екіншілердің пайда болуы).

Адамзат пайда болғанға  дейінгі тарихта және адамзат тарихында мынадай дағдарыстарды бөледі (12 - сурет): тірі нәрселердің мекендеу ортасының тік жүретін антропоидтардың - адамдардың тікелей бабаларының пайда болуына әкелген тарихқа дейінгі және антропогендікке дейінгі өзгерістері; - адамғ қолайлы, қарапайым кәсіпшілік пен жинақтаушылық ресурстарының біршама бірлестігі, ол өсімдікті оның жақсы және ертерек (көктемнің келуімен, жылдың ылғалды кезеңімен) өсуі үшін қурату тәрізді стихиялы биотехникалық шараны себетейді; алғашқы антропогенді ЭД – ірі жануарларды жаппай құрту – оның артынан келген ауыл шаруашылығының экологиялық төңкерісімен байланысты консументтер дағдарысы; жердің сортаңдануы мен қарпайым суырмалы егістіктің құлдырауының, оның Жер бетіндегі өсіп келе жатқан халықтар шін жеткіліксіздігінің экологиялық дағдарысы, ол суарылмайтын егін шаруашылығының дамуына әкелді; қоғамның өндірістік күштерінің қарқынды дамуымен байланысты өсімдік ресурстарының жаппай құруы мен жетіспеушілігінің ЭД (продуценттер дағдарысы); бұл ЭД минералды, өпдірістік ресурстрдың азаюын, ал содан кейін ғылыми – техникалық төңкерісті жанама түрде тудырады; ғылыми – техникалық тңкерістің - өнімдердің реутилизациясы мен технологиялық циклдердің шартты тұйықталуының жоғарғы сатысы сәйкес келетін жол берілмейтін ғаламдық ластану қаупінің қазіргі дағдарысы.

Антропогенді әсердің күшеюі векторы

12 – сурет. Экологиялық дағдарыстар мен төңкерістер

Рецуденттер дағдарысымен бір мезгілде екі экологиялық шиеленіс – термодинамикалық (термодинамикалық дағдарыс) және ірі экологиялық жүйелердің сенімділігінің кемуі келеді. Олар Жердің жер беті қабатында энергияны өндірудің экологялық шектеулермен және табиғи – экологиялық тепе – тендіктің бұзылуымен бйланысты. Бұл жақын болашақтың экологиялық дағдарыстары энергетиканы түбегейлі өзгерту және кең көемдегі экологиялық жоспарлаудың негізінде шешіледі. Алғашқысының негізі – энергияны барынша үнемдеуде жәе атмосфераның жер бетілік қабатына жылу қоспайтын дерлік оның қайнар көздеріне өтуде, екіншісі – табиғи экожүйелерді жүйелі пайдалануда, олрдың табиғи және адам қайта түзетін түрлердің ара қатынасын оңтайландыруды жатыр.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. З.М. Молдахметова,А.М. Ғазалиев, С.Д. Фазылов. Оқу әдістемелік  құрал

Экология  негіздері  Қарағанды  2002ж.

2.   К. Бозтаев,  Семей  полигоны  “Қайнар  қасіреті”  Алматы   “ Қазақстан” 1997ж

3. Мереке  Құлкенов. Арал  тағдыры  Алматы   “ Қазақстан” 1998ж


Табиғи ортаның азғындауы

емлекеттік құрылымдардың қайшылықты жеңуге қабілетсіздігі

Себептері

Субъективті

Объективті

Табиғи ресурстар мен өндіріс құралдарына мемлекеттік меншік монополиясы

Қару-жарақты жаппай шығару, мемлекет қаржысын орынсыз бөлу және шығындау

Экологиялық нигилизм және надандық

Шығу жолдары

Әкімшілік-құқықтық ықпал ету

Өндірісті экономикаландыру

Технологияны экологияландыру

Халықаралық құқықтық қорғау

Экологиялық ағарту

Құрылымы




1. Анализ кредитоспособности заемщика
2. тематика и англиЦЦкий постарались для формирования наших личностей больше
3. Задание Создать главную кнопочную форму и дополнительные кнопочные формы для работы с базой данных
4. тематике средневековой Европы
5. Вариант ’ 5 1 Средствами программы WORD создать файл ldquo;Волгоград.html
6. Роботы
7. Экономическая мысль древневосточных обществ
8. Исследование факторов развития памяти в разных возрастных периодах
9. Rhmn ibn Ghnm [died 78-697] s follows- When Umr ibn lKhttb my God be plesed with him ccorded pece to the Christins of Syri we wrote to him s follows- Во имя Аллаха Милост
10. верующем религиозной личности как догматической нетерпимой ограниченной социально пассивной склонной к
11. Финансы в маркетинге.html
12. Характеристика грунтовых вод
13. Организация текущего и капитального ремонтов скважин
14. Династия Романовы
15. Планирование развития городской телефонной сети
16.  1204 1341 Перевод под редакциею бакалавра П
17. Цивільний захист для всіх спеціальностей за освітньокваліфікаційними рівнями спеціаліст.
18. Лам Мим 2 Повержены римляне 3 в самой низкой или ближайшей земле
19. Физикалистская метафизика ДМАрмстронга
20. Проблеми розвитку демократії в сучасній Україні