Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Бекітемін ~лтты~ ~~

Работа добавлена на сайт samzan.net:


қАЗАҚСТАН рЕСПУБЛИКАСЫ бІЛІМ ЖӘНЕ ғЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ гуманитарлық заң университеті

Ұлттық құқық жоғары мектебі

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы  

                                                                                                                      «Бекітемін»                                                                               

Ұлттық құқық жоғары                              

                                                                                                                                                   мектебінің директоры                             

з.ғ.д., профессор Шапақ У.Ш.      

                                                                                                                 _______________

«____»______  2012 ж.

                                                           

ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ  

(syllabus)

Пән:  «Қылмыстарды саралау негіздері»

Мамандық:  5В030300 – Құқық қорғау қызметі   

Оқу нысаны: күндізгі

Кредит саны: 2

Курс:  3

Семестр:  5

Дәріс:  20 сағат        Семинар: 10 сағат        СОӨЖ: 10 сағат          СӨЖ:  50 сағат

         Емтихан: 5-семестр                         

         Ағымдағы бақылау саны: 2  

Жалпы сағат көлемі: 90 сағат

Астана – 2012 ж.


Пәннің  оқу бағдарламасын Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес з.ғ.к, доцент А.Ә. Биебаева дайындады.

ҚазГЗУ қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасында талқыланды:

«____»___________  2012 жыл Хаттама №____

Кафедра меңгерушісі: з.ғ.к. Серікбаев А.М.______________

Ұлттық құқық жоғары мектебінің әдістемелік кеңесімен мақұлданды:

«____»___________  2011 жыл  Хаттама №____

Төрағасы: з.ғ.д., профессор  Шапақ У.Ш._________________


Курс оқытушысы туралы мәліметтер:

Биебаева Ардақ Әлімханқызы – заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің түлегі, 1999 жылы аталған университеттің күндізгі аспирантурасын тамамдаған.

Оқытушының ғылыми ізденістері: азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстар; жаза тағайындау және жазаға балама қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдану мәселелері.

Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 41, олардың  4 – оқу құралдары.

Тіл меңгеру деңгейі: казақ (ана тілі), орыс (еркін), неміс (сөздікпен), түрік (ауызекі тіл).

Кафедра туралы мәліметтер: «Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология» кафедрасы, 216 каб., тел.70-30-23

Пререквизиттер: Пәнді игеру үшін студенттердің «ҚР Қылмыстық құқығы (Жалпы бөлім)», «ҚР Қылмыстық құқығы (Ерекше бөлім)», «ҚР Қылмыстық істер жүргізу құқығы», «ҚР Әкімшілік құқығы» пәндерінен, сондай-ақ құқықтың жалпы теориясы мен тарихы пәндерінен алған білімдері қажет.

Постреквизиттер: Студенттердің «Қылмыстарды саралау негіздері» пәнін оқу нәтижесінде алған білімдері «Құқыққорғау қызметі» мамандығы бойынша оқытылатын өзге де қылмыстық-құқықтық пәндерді, олардың ішінде жекелеген қылмыс түрлерін саралау мәселелеріне арналған пәндерді меңгеру үшін қажет болады.

Пәннің сипаттамасы: «Қылмыстарды саралау негіздері»  курсы қылмыстық-құқықтық пәндер циклына кіретін элективтік пән болып табылады. Қылмыстарды саралау жасалған қоғамдық қауіпті әрекет белгілері мен қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамы белгілерінің арасында толық сәйкестікті анықтауға және бекітуге бағытталған қызмет түрі болып табылады.

Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстарды саралау екі қырынан қарастырылады. Біріншіден, қылмыстардың жекелеген түрлерін саралау мәселелері зерттеледі: жеке адамға қарсы, меншікке қарсы, қоғамдық қауіпсіздікке қарсы және т.б. Екіншіден, кез келген қылмысты әрекеттерді саралау барысында қолданылатын жалпы қағидалар мен амал-тәсілдерді зерделеуге арналған еңбектер кездеседі. Соңғы кезеңдерде қылмыстарды саралаудың жалпы және арнайы мәселелерін кешенді түрде зерттеу талпыныстары жасалып жүр.

Қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы дайындаған «Қылмыстарды саралаудың негіздері» элективті оқу пәнінің аясында саралаудың қылмыстардың кез келген түріне қатысты қолданылуы мүмкін,  кез келген іс бойынша қылмыстық заң бабын таңдаудың негіздері мен тәртібін анықтайтын жалпы қағидалары мен ережелері оқытылады. Саралаудың қылмыстық құқық ғылымы ұсынған жалпылама ережелерін білу қылмыстық заңнаманың дұрыс және бірізді қолданылуына және заңдылық қағидасының бұлжытпай сақталуына септігін тигізеді.

 

Пәннің мақсаты: студенттерге нақты қылмыс жасау оқиғаларына қылмыстық заңды қолданудың құқықтық және теориялық негіздері, сондай-ақ  логикалық әдіс-тәсілдері туралы тұрақты білімдер жүйесін беру, болашақ кәсіби қызметте ғылыми ұсыныстарды пайдаланудың, қылмыстарды саралаудың тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

 

Пәннің міндеттері: қылмыстарды саралаудың қылмыстық құқық ғылымында тұжырымдалған жалпы ережелері мен қағидалары туралы білімдер алу және оларды жүйелеу; қылмыстарды саралаудың қылмыстық заңнамада бекітілген ережелерін меңгеру, қылмыстық құқық нормаларын жүйелі талдау негізінде заңның шынайы мәнін ұғыну дағдыларын қалыптастыру; қылмыстық заңнаманы қолданудың қалыптасқан тәжірибесін талдау, қоғамдық қауіпті әрекеттерге қылмыстық-құқықтық баға бергенде ұшырасатын қателіктерді анықтау; қылмыстарды саралау мәселелері бойынша заманауи теориялық ізденістер мен танысу, зерттеуді қажет ететін немесе даулы мәселелерді қарастыру.

Пәннің мазмұнын айқындайтын білімдер мен дағдылар: «Қылмыстарды саралау негіздері»  пәнінің аясындағы оқу материалдарын сәтті меңгерген жағдайда студенттер алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануды үйренеді және істің фактілік мән-жайларына баға беру, заңның мәнін түсіндіру,  қолданылуы тиіс қылмыстық-құқықтық норманы таңдау, нормада бекітілген қылмыс құрамының белгілерін іс жүзінде жасалған әрекеттің белгілерімен салыстыру, қорытынды негізінде шешім қабылдау және оларды сәйкес процессуалдық құжаттарда бекіту дағдыларын қалыптастырады.

Студенттер теория мен тәжірибе талаптарына сай қылмыстық заңнаманы жетік білуге, заңдар мен ҚР Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларын түсіндіре және қолдана алуға тиіс.

Курс саясаты

Студент дәріс, СОӨЖ сабақтарына қатысуға, сабақтан кешікпеуге міндетті және үй тапсырмалары мен өзіндік тапсырмаларды дер кезінде орындауы, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы қажет. Сабақ уақытында, оқытушымен  және басқа студенттермен  қарым-қатынаста ішкі тәртіп пен мінез-құлық ережелерін  сақтауы тиіс. Сабақ кезінде ұялы телефондарды қолдануға рұқсат етілмейді.


«Қылмыстарды саралау негіздері»

пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған

ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР

ТАҚЫРЫП

Сағат саны

дәріс

семинар

СОӨЖ

СӨЖ

  1.  

Қылмыстарды саралаудың түсінігі және маңызы

2

1

1

4

  1.  

Қылмыстарды саралау үдерісі

2

1

2

5

  1.  

Қылмыстарды саралаудың әдістемелік негіздері

2

1

1

4

  1.  

Қылмыс құрамы саралаудың құқықтық негізі ретінде

2

1

1

4

  1.  

Қылмыс құрамының белгілері

2

1

2

4

  1.  

Ұқсас қылмыс құрамдарын ажырату ережелері

3

1

3

6

  1.  

Нормалардың бәсекелестігін саралау ережелері

2

1

1

4

  1.  

Қылмыстардың көптігін саралау

2

1

1

5

  1.  

Қатысып жасалған қылмыстарды саралау

2

1

2

5

  1.  

Саралауды өзгерту

1

1

1

4

            БАРЛЫҒЫ:

20

10

15

45


Дәрістердің тақырыптық жоспары (20 сағат)

Дәрістердің тақырыбы мен

қарастырылатын сұрақтар

(сағат көлемі)

Мақсаты мен міндеттері

Мәселелі

сұрақтар

Нормативтік материалдар мен оқу-монографиялық әдебиеттер, мерзімдік басылымдардағы мақалалар

1

Қылмыстарды саралаудың түсінігі және маңызы (2 сағат)

1) Қылмыстарды саралаудың ұғымы

2) Қылмыстарды саралаудың әлеуметтік және құқықтық маңызы

3) Қылмыстарды саралаудың құқықтық ілімдер жүйесіндегі орны

Қылмыстарды дұрыс саралаудың заңдылық және әділдік қағидаларын толыққанды жүзеге асырудағы маңызын түсіну

Қылмыстарды саралаудың жалпы теориясының қылмыстық құқықтың Жалпы немесе Ерекше бөлімдерінде қарастырудың негізділігі

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. – М., 1984.

3. Герцензон А.А. Квалификация преступлений. - М., 1948.

4. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

5. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

6. Гаухман   Л.Д.   Квалификация   преступлений:   закон,   теория, практика. - М., 2003.

7. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004. 

2

Қылмыстарды саралау үдерісі (2 сағат)

1) Қылмыстарды саралаудың сатылары

2) Саралау барысында шешілетін мәселелер

3) Саралаудың логикалық бағдарламасы

4) Саралау үдерісінің эвристикалық ерекшеліктері

Қылмыстарды дұрыс саралаудағы танымның жалпы психологиялық заңдылықтарының маңызын ұғыну

Саралаудың компьютерлік бағдарламаларын жасау мүмкіндігін талдау

1. Андреев Б., Бушуев Г. Компьютерная программа квалификации преступлений //Законность. - 1994. - С.41-44. 

2. Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных знаний для квалификации преступлений. - Алматы, 1999.

3. Кузнецова Н.Ф. Законодательные причины квалификационных ошибок//Вестник МГУ. Серия Право. -2005. - №6.

4. Кузнецова   Н.Ф.   О   совершенствовании   спецкурса   «Основы квалификации преступлений» //Вестник МГУ.   Серия Право. - 2006. -№3. 

3

Қылмыстарды саралаудың әдістемелік негіздері (2 сағат)

1) Жалпы мен жалқның ара қатынасы саралаудың фәлсафалық негізі ретінде

2) Саралау және объективтік ақиқат

3) Саралаудың логикалық нысандары

Құқық нормасын нақты оқиғаға қолданудың гносеологиялық табиғатын сипаттайтын фәлсафалық категорияларды игеру

Қылмыстарды саралау үдерісінің барысында ой қорыту ережелерін сақтаудың тәжірибелік маңызы

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

4

Қылмыс құрамы саралаудың құқықтық негізі ретінде (2 сағат)

1) Қылмыс құрамы және оның міндеттері

2) Қылмыс құрамы және қылмыстық-құқықтық норма

3) Қылмыс құрамдарының құрылымы (конструкциясы)

4) Қылмыс құрамының мазмұнын түсіну

Қылмыс құрамының ақпараттық және ажыратушылық міндеттерімен танысу

Қылмыс құрамының мазмұнын ашу мәселесі, заңның мәнін ашу қажеттігін желеу етіп оның мазмұнын бұрмалауға жол бермеу талабы

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

5. Карпушин М.П., Кудрявцев В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. М.,1974.

6. Филимонов В.Д. Детерминирующие связи в системе элементов состава преступления //Государство и право. - 2005. - №2.

7. Кострова  М.Б.   О   "языковом"   толковании  уголовного  закона //Правоведение. - 2002. - №3.

8. Костарева Т.А. Квалифицирующие обстоятельства в уголовном праве. - Ярославль, 1993.

5

Қылмыс құрамының белгілері

1) Қылмыс құрамы белгісінің түсінігі

2) Қылмыс құрамының жағымды және жағымсыз белгілері

3) Қылмыс құрамының тұрақты және құбылмалы белгілері

Қылмыс құрамы белгілерінің түрлері және олардың мазмұнын ашу амалдарын үйрену

Қылмыс құрамының құбылмалы белгілерінің мазмұнын бірізді түсіну мәселесі

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

5. Кобзева    Е.В.    Оценочные    признаки    у    уголовном    законе: результаты экспертного опроса. //Правоведение. - 2002. - №2.

6

Ұқсас қылмыс құрамдарын ажырату ережелері (3 сағат)

1) Саралау және қылмыстарды ажырату

2) Қылмыстарды объектісі бойынша ажырату

3)  Қылмыстарды объективтік жағы бойынша ажырату

4) Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша ажырату

5) Қылмыстарды субъектісі бойынша ажырату

6) Қылмыстарды кешенді түрде ажырату

Ұқсас қылмыс құрамдарын ажыратудың қылмыстарды саралау теориясы ұсынған жалпы ережелерімен танысу

Ұқсас қылмыстарды ажыратушы белгілердің иерархиялық жүйесін құру мәселесі

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

7

Нормалардың бәсекелестігін саралау ережелері (2 сағат)

1) Нормалардың бәсекелестігінің түсінігі және түрлері

2) Жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі

3) Бүтін мен жартының бәсекелестігі

Нормалардың бәсекелестігі жағдайында қылмыстарды саралаудың жалпы ережелерімн танысу

Нормалардың бәсекелестігі жағдайында қылмыстарды саралаудың шешуін таппаған мәселелері

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

5. Иногамова-Хегай Л.В. Понятие конкуренции уголовно-правовых норм //Правоведение. - 2001. - №2.

8

Қылмыстардың көптігін саралау (2 сағат)

1) Қылмыстардың көптігін жеке күрделі қылмыстардан ажырату мәселелері

2) Қылмыстардың бірнеше мәртелігін саралау

3) Қылмыстардың жиынтығын саралау

Қылмыстардың көптігін саралаудың ҚР Жоғары сотының нормативтік қаулыларында тұжырымдалған ережелерімен танысу

Қылмыстардың бірнеше мәртелігі мен жиынтығын саралаудың даулы мәселелері

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

9

Қатысып жасалған қылмыстарды саралау (2 сағат)

1) Қылмысқа қатысудың белгілері және оның қылмыстарды саралаудағы маңызы

2) Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша саралау

3) Қатысушының   шектен шығуын (эксцесс) және арнайы   субъектілердің қатысушылығын  саралау

Қатысып жасалған әрекеттерді саралаудың заңнамада бекітілген ережелерін игеру, оларды қолдану тәжірибесімен танысу

Саралау кезінде әр қатысушының қылмысқа қатысу сипаты мен дәрежесін ескеру мәселелері

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

10

Саралауды өзгерту (1 сағат)

1) Саралауды өзгерту қажеттігін туындататын мән-жайлардың жалпы сипаттамасы

2) Қылмыстық заңның өзгеруіне байланысты қайта саралау

3) Фактілік мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қайта саралау

Саралауды өзгерту қажеттігін туындататын мән-жайлармен танысу

Қылмыстық заңды қолдану барысында жол берілген қателіктерді жою мақсатында саралауды өзгерту мәселелері

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

Барлығы:

20 сағат


Семинар сабақтардың тақырыптық жоспары (10 сағат)

     Тақырыптар

Көлемі сағатпен

Ауызша сұрау, проблемалы сұрақтар

Жазбаша сұрау

Жаңа оқу әдістемелері мен жаңа технологияларды қолдану

Нормативтік материалдар мен оқу-монографиялық әдебиеттер, мерзімдік басылымдардағы мақалалар

1

Қылмыстарды саралаудың түсінігі және маңызы (1 сағат)

1) Қылмыстарды саралаудың ұғымы

2) Қылмыстарды саралаудың әлеуметтік және құқықтық маңызы

3) Қылмыстарды саралаудың құқықтық ілімдер жүйесіндегі орны

Ауызша сұрау

Тест шешу

Слайд-презентация

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений. – М., 1984.

3. Герцензон А.А. Квалификация преступлений. - М., 1948.

4. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

5. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

6. Гаухман   Л.Д.   Квалификация   преступлений:   закон,   теория, практика. - М., 2003.

7. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

2

Қылмыстарды саралау үдерісі (1 сағат)

1) Қылмыстарды саралаудың сатылары

2) Саралау барысында шешілетін мәселелер

3) Саралаудың логикалық бағдарламасы

4) Саралау үдерісінің эвристикалық ерекшеліктері

Ауызша сұрау

Тест шешу

Саралаудың копьютерлік бағдарламасын дайындау тәжірибесімен таныстыру

1. Андреев Б., Бушуев Г. Компьютерная программа квалификации преступлений //Законность. - 1994. - С.41-44. 

2. Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных знаний для квалификации преступлений. - Алматы, 1999.

3. Кузнецова Н.Ф. Законодательные причины квалификационных ошибок//Вестник МГУ. Серия Право. -2005. - №6.

4. Кузнецова   Н.Ф.   О   совершенствовании   спецкурса   «Основы квалификации преступлений» //Вестник МГУ.   Серия Право. - 2006. -№3. 

3

Қылмыстарды саралаудың әдістемелік негіздері (1 сағат)

1) Жалпы мен жалқның ара қатынасы саралаудың фәлсафалық негізі ретінде

2) Саралау және объективтік ақиқат

3) Саралаудың логикалық нысандары

Ауызша сұрау

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

4

Қылмыс құрамы саралаудың құқықтық негізі ретінде (1 сағат)

1) Қылмыс құрамы және оның міндеттері

2) Қылмыс құрамы және қылмыстық-құқықтық норма

3) Қылмыс құрамдарының құрылымы (конструкциясы)

4) Қылмыс құрамының мазмұнын түсіну

Ауызша сұрау

Жазбаша есеп шығару

Слайд-презентация

(нақты қылмыс құрамдарының белгілерін ашу жолдары)

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

5. Карпушин М.П., Кудрявцев В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. - М.,1974.

6. Филимонов В.Д. Детерминирующие связи в системе элементов состава преступления //Государство и право. - 2005. - №2.

7. Кострова  М.Б.   О   "языковом"   толковании  уголовного  закона //Правоведение. - 2002. - №3.

8. Костарева Т.А. Квалифицирующие обстоятельства в уголовном праве. - Ярославль, 1993.

5

Қылмыс құрамының белгілері (1 сағат)

1) Қылмыс құрамы белгісінің түсінігі

2) Қылмыс құрамының жағымды және жағымсыз белгілері

3) Қылмыс құрамының тұрақты және құбылмалы белгілері

Ауызша сұрау

Case-study

(құбылмалы белгілердің мазмұнын ашудың мысалы)

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

5. Кобзева    Е.В.    Оценочные    признаки    у    уголовном    законе: результаты экспертного опроса. //Правоведение. - 2002. - №2.

6

Ұқсас қылмыс құрамдарын ажырату ережелері (1 сағат)

1) Саралау және қылмыстарды ажырату

2) Қылмыстарды объектісі бойынша ажырату

3)  Қылмыстарды объективтік жағы бойынша ажырату

4) Қылмыстарды субъективтік жағы бойынша ажырату

5) Қылмыстарды субъектісі бойынша ажырату

6) Қылмыстарды кешенді түрде ажырату

Ауызша сұрау

Жазбаша есеп шығару

Case-study

(қылмыстарды объективтік жағы бойынша ажырату)

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

7

Нормалардың бәсекелестігін саралау ережелері (1 сағат)

1) Нормалардың бәсекелестігінің түсінігі және түрлері

2) Жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігі

3) Бүтін мен жартының бәсекелестігі

Ауызша сұрау

Case-study (жалпы және арнайы нормалардың бәсекелестігін саралаудың мысалы)

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

5. Иногамова-Хегай Л.В. Понятие конкуренции уголовно-правовых норм //Правоведение. - 2001. - №2.

8

Қылмыстардың көптігін саралау (1 сағат)

1) Қылмыстардың көптігін жеке күрделі қылмыстардан ажырату мәселелері

2) Қылмыстардың бірнеше мәртелігін саралау

3) Қылмыстардың жиынтығын саралау

Ауызша сұрау

Жазбаша есеп шығару

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

9

Қатысып жасалған қылмыстарды саралау (1 сағат)

1) Қылмысқа қатысудың белгілері және оның қылмыстарды саралаудағы маңызы

2) Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша саралау

3) Қатысушының   шектен шығуын (эксцесс) және арнайы   субъектілердің қатысушылығын  саралау

Ауызша сұрау

Жазбаша есеп шығару

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

10

Саралауды өзгерту (1 сағат)

1) Саралауды өзгерту қажеттігін туындататын мән-жайлардың жалпы сипаттамасы

2) Қылмыстық заңның өзгеруіне байланысты қайта саралау

3) Фактілік мән-жайлардың өзгеруіне байланысты қайта саралау

Ауызша сұрау

1. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификации преступления. – М., 2006.

2. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері: Оқулық. - Алматы, 2006.

3. Савельева В.С. Основы квалификации преступлений. - М., 2007.

4. Канатов А.К. Квалификация преступного поведения: Учеб. пособие. - Алматы, 2004.

Барлығы                                      10 сағат


СОӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі

Тақырыптың атауы

Тақырып бойынша тапсырмалар

Ұсынылатын әдебиеттер

СОӨЖ өткізу нысаны

СОӨЖ өткізу аптасы

1

Қылмыстарды саралаудың түсінігі және маңызы (1 сағат)

Сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз:

ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімі баптарының ескертулеріне сілтеме жасау саралау болып табыла ма? Ескертудің қылмыстық-құқықтық норманың құрылымында алатын орнын анықтаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмысты тексеру

3

2

Қылмыстарды саралау үдерісі (2 сағат)

1. Ғылыми мақалаларды конспектілеңіз:

1) Андреев Б., Бушуев Г. Компьютерная программа квалификации преступлений //Законность. - 1994. - С.41-44. 

2) Кузнецова Н.Ф. Законодательные причины квалификационных ошибок //Вестник МГУ. Серия Право. -2005. - №6.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз:

Тергеуші мен соттың саралау жөніндегі тәжірибелік қызметіне олардың құқықтық білім деңгейі мен істің өзге қатысушыларының психологиялық ерекшеліктері әсер ете ме? Әділет органдарындағы еңбекті ұйымдастыру деңгейінің, қылмыстарды тергеу мен сотта қарау барысында техникалық құралдарды қолдану көлемінің, өзге де факторлардың (атап айтқанда қандай) саралау үшін маңызы бар ма (бар болса нақты қандай)?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект пен жазбаша жауаптарды  тексеру

4

3

Қылмыстарды саралаудың әдістемелік негіздері (1 сағат)

Сұрақтарға жазбаша жауап дайындаңыз:

Нақты қылмыстық істің мысалында өмірде орын алған оқиғаның қандай белгілерінің саралау үшін маңызы бар екенін көрсетіңіз; олардың қайсысының өзгеше қылмыстық-құқықтық маңызы бар; қайсыларының қылмыстық-іс жүргізушілік және криминалистикалық маңызы бар? Осы оқиғаның ешқандай құқықтық маңызы жоқ мән-жайын атаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жауаптарды  тексеру

5

4

Қылмыс құрамы саралаудың құқықтық негізі ретінде (1 сағат)

1. Ғылыми мақаланы конспектілеңіз:

Кострова  М.Б.   О   "языковом"   толковании  уголовного  закона //Правоведение. - 2002. - №3.

2. Жазбаша тапсырманы орындаңыз:

Мына қылмыс құрамдарының белгілерін атаңыз: а) ерекше құнды заттарды ұрлау (ҚР ҚК 180-бабы); б) өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу (ҚР ҚК 102-бабы); в) адамның органдары мен тінін алуға мәжбүр ету немесе заңсыз алу (ҚР ҚК 113-бабы); жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты бұзу (ҚР ҚК 142-бабы); г) көрiнеу заңсыз ұстау(ҚР ҚК 346-баб. 1-бөл). Осы қылмыстардың субъектісі, объектісі, объективтік және субъективтік жақтары туралы мәліметтерді қайдан алғандарыңызды түсіндіріңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект пен жазбаша жауаптарды  тексеру

6

5

Қылмыс құрамының белгілері (2 сағат)

1. Ғылыми мақаланы конспектілеңіз:

Кобзева    Е.В.    Оценочные    признаки    у    уголовном    законе: результаты экспертного опроса. //Правоведение. - 2002. - №2.

2. Жазбаша тапсырманы орындаңыз:

Келесі қылмыс құрамдары белгілерінің мазмұнын ашу үшін Қылмыстық кодекстен өзге қандай нормативтік құқықтық актілерге жүгіну қажет: «Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi» (ҚР ҚК 305-бабы); «Компьютерлiк ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшiн зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану және тарату» (ҚР ҚК 227-бабы); «Мемлекеттік қорғауға жататын адамдарға қатысты қолданылатын қауiпсiздiк шаралары туралы мәлiметтердi жария ету» (ҚР ҚК 356-бабы)? Осы қылмыс құрамдарының нақты қай белгілерін бланкетті немесе бағалаушы белгілердің қатарына жатқызар едіңіз? Бұл құрамдарда тұрақты белгілер бар ма?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект пен жазбаша жауаптарды  тексеру

7

6

Ұқсас қылмыс құрамдарын ажырату ережелері (3 сағат)

Жазбаша тапсырмаларды орындаңыз:

1. Келесі қылмыстардың жұптары бірдей тәсілмен жасалуы мүмкін бе: адам өлтіру және денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру; бандитизм және жаппай тәртіпсіздіктер; көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтiру және жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу; бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру және бұзақылық? Бұл қылмыстар арасында объективтік жақтың өзге белгілері бойынша айырмашылық жүргізуге бола ма? Бұл қылмыстарды кешенді ажыратудың сызбасын жасаңыз.

2. Келесі қылмыс жұптары субъективтік жақтары бойынша өзара несімен ерекшеленеді: абайсызда қаза келтіру және абайсызда денсаулыққа зиян келтіру; мемлекеттік құпияны жария ету және алдын ала тергеудiң деректерiн жария ету; бас бостандығынан заңсыз айыру және көрiнеу заңсыз қамауға алу немесе қамауда ұстау; абайсызда қаза келтіру және қауіпті жағдайда қалдыру? Осы ерекшеліктерді сызба түрінде бейнелеңіз.

3. Қарақшылық, пара беру, пара алу, еңбек қорғау ережелерін бұзу қылмыстарының мысалында, егер субъект қылмыс құрамның жекелеген объективтік белгілерін (шабуылдың қауіптілігі, мүліктің тиесілігі және т.б.) ұғынбаған болса, оның әрекеттерін қалай саралау керек екенін көрсетіңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жауаптарды  тексеру

9

7

Нормалардың бәсекелестігін саралау ережелері (1 сағат)

1. Ғылыми мақаланы конспектілеңіз:

Иногамова-Хегай Л.В. Понятие конкуренции уголовно-правовых норм //Правоведение. - 2001. - №2.

2. Жазбаша тапсырмаларды орындаңыз:

1) Келесі баптардың жұбын қарастырыңыз: «Қызмет өкiлеттігін терiс пайдалану» (ҚР ҚК 308-бабы) және «Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу» (ҚР ҚК 256-бабы); «Өзiнше билiк ету» (ҚР ҚК 327-бабы) және «Лауазымды адамның өкiлеттiгiн иемдену» (ҚР ҚК 309-бабы); «Заңсыз кәсіпкерлік» (ҚР ҚК 190-бабы) және «Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет» (ҚР ҚК 266-бабы). Аталған жұптар өзара бәсекелесе ме? Олардың қайсысы арнайы, ал қайсысы жалпы норма болып табылады? Олардың қайсысының және қандай жағдайларда екіншісінің алдында басымдығы бар?

2) Бүтін мен  жартының  бәсекелестігі  тұрғысынан келесі  қылмыстарды саралау үшін сіз Қылмыстық кодекстің қай бабын таңдар едіңіз: сәтсіз аяқталған тонауға оқталу әрекеттері барысында жәбірленушіге соққы беру; болашақта қарақшылық шабуыл жасау үшін заңсыз тапанша сатып алу; медициналық қызметпен заңсыз шұғылданған адамның осы қызметтен зардап шеккен адамға көмек көрсетпеуі; жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына қауіпті күш қолдана отырып, талан-тараждау мақсатынсыз мотоциклді айдап кету? Өз шешімдеріңізді негіздеңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект пен жазбаша жауаптарды  тексеру

11

8

Қылмыстардың көптігін саралау (1 сағат)

1. Мына қаулыларды конспектілеңіз, сұраққа жауап беріңіз:

1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы «Қылмыстардың бiрнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» нормативтік қаулысы;

2) Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы «Соттардың қылмыстардың қайталануы туралы заңнаманы қолдануы туралы» нормативтік қаулысы.

Оларда қылмыстардың көптігін саралаудың қандай жалпы ережелері тұжырымдалған?

2. Жазбаша тапсырманы орындаңыз:

Бір қылмыста Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында көзделген ауырлатушы мән-жайлар болған жағдайларда қылмыстарды саралаудың жалпы ережесін тұжырымдаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект пен жазбаша жауаптарды  тексеру

12

9

Қатысып жасалған қылмыстарды саралау (2 сағат)

1. Қаулыны конспектілеңіз, сұраққа жауап беріңіз:

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы №2 «Соттардың бандитизм және қылмысқа қатыса отырып, басқа қылмыстар жасағаны үшін жауапкершілік туралы заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысы.

Қатысып жасалған қылмыстарды саралаудың осы қаулыда тұжырымдалған жалпы ережелері Жоғарғы соттың жекелеген қылмыстарды саралау мәселесі бойынша қабылданған нормативтік қаулыларында қалайша өрбітіледі?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект пен жазбаша жауаптарды  тексеру

14

10

Саралауды өзгерту (1 сағат)

Жазбаша тапсырманы орындаңыз:

Қылмыстық заң өзгерген және істің фактілік мән-жайлары өзгерген жағдайларда қылмыстарды қайта сараалудың ортақ белгілерін және айырмашылығын көрсетіңіз. Қайта саралаудың екі жағдайға да қолдануға болатын жалпы ережесін тұжырымдаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жауаптарды  тексеру

15

Барлығы:  15 сағат


СӨЖ тапсырмаларын орындау мен тапсырудың кестесі

Тақырыптың атауы

Тақырыптар бойынша тапсырмалар

Ұсынылатын әдебиеттер

СӨЖ өткізу нысаны

СӨЖ өткізу аптасы

1

Қылмыстарды саралаудың түсінігі және маңызы (4 сағат)

ҚР ҚК бойынша кісі өлтіруге қатысуға дайындалу мен кісі өлтіруге дайындалуға қатысуды саралаңыз. Бұл оқиғаларды саралауда ерекшеліктер бар ма?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Жазбаша жұмысты тексеру

4

2

Қылмыстарды саралау үдерісі (5 сағат)

1. Істерді тергеу немее сотта қарау барысында істің фактілік мән-жайларын анықтау мен жасалған әрекетке қылмыстық-құқықтық баға беруді жекелеген сатыларға бөлу қиындық туғызатын жағдайлардың мысалын келтіріңіз. Бұл үдерісті аталған екі сатыға бөлу оңай жүргізілетін өзге де мысалдар келтіріңіз.

2. Қылмыстарды саралау үдерісі барысында тергеуші, прокурор және сот қызметінің эвристикалық ерекшеліктері қандай? Логикалық бағдарламалар мен эвристикалық тәсілдерді қолданудың ұтымды және кемшін тұстары қандай?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект тексеру

6

3

Қылмыстарды саралаудың әдістемелік негіздері (4 сағат)

Жалпы тек қана жалқы арқылы жасай алатынын ескере отырып, жаңа қылмыстық заң қабылданып, бірақ онда көзделген қылмысты әрекеттер әлі жасалмаған жағдайларды түсіндіріңіз. Бұл нормалар қандай жекелеген оқиғаларды жалпылаудың нәтижесі болып табылады?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Сүлбе мен жазбаша түсініктемені тексеру

7

4

Қылмыс құрамы саралаудың құқықтық негізі ретінде (4 сағат)

ҚР ҚК 280-бабында көзделген«Ветеринарлық ережелердi және өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердi бұзу» қылмысының субъектісі тек қана лауазымды адам бола алады деп шектеулі түсіндіру дұрыс па? Өз пікіріңізді заңға сілтеме жасай отырып негіздеңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Есептің жазбаша шешімін  тексеру

8-11

5

Қылмыс құрамының белгілері (4 сағат)

1. Келесі бағалаушы белгілердің мазмұнын ашқанда сіз қандай жіктерді басшылыққа алған болар едіңіз: жәбірленушінің «дәрменсіз» күйі (ҚР ҚК 120-бабы); журналистiң заңды «кәсiптiк қызметiне» кедергi келтiру(ҚР ҚК 155-бабы);балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты төлеуден «әдейi» жалтару(ҚР ҚК 136-бабы)?

2.  Қылмыстық-құқықтық норманың мазмұнын өзгертпей келесі жағымсыз белгілерді оларға сәйкес келетін жағымды белгілерге айналдырыңыз: тергеушінің «өзге де заңсыз iс-әрекеттері» (ҚР ҚК 347-бабы); Қылмыстық кодекстің 103 және 104-баптарында көзделген «зардаптарға әкеп соқпаған» ұдайы ұрып-соғу(ҚР ҚК 107-бабы); «өмір мен денсаулыққа қауіпті емес» күш қолдану (ҚР ҚК 178-бабы). Сіздің ойыңызша,осы және өзге де қылмыс құрамдарындағы заңның мәнін бұрмаламай немесе өзгертпей жағымды белгілерге айналдыруға келмейтін жағымсыз белгілерді көрсетіңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Конспект

тексеру

Есептерді

тексеру

12

13

6

Ұқсас қылмыс құрамдарын ажырату ережелері (6 сағат)

1. Өзара қылмыс құрамының объективтік жағы; субъективтік жағы; қылмыс объектісі бойынша ғана ажыратылатын қылмыс құрамдарын атаңыз. Қолданыстағы қылмыстық заңнамада қылмыс субъектісінен басқа белгілерінің барлығы бірдей қылмыс құрамдары бар ма?

2. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар, сот әділдігіне қарсы қылмыстар және басқару тәртібіне қарсы қылмыстар арасында қол сұғушылық объектісі бойынша қандай айырмашылық бар? Қылмыстардың аталған топтарын қылмыс объектісі бойынша ажыратудың сызбасын жасаңыз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Слайд-презентацияны

тексеру

14

7

Нормалардың бәсекелестігін саралау ережелері (4 сағат)

Арнайы норманың жалпы норма алдындағы басымдығына не негіз болады: қылмыстық-құқықтық норманың диспозициясы ма, әлде санкциясы ма және неге? Екі норманың қайсысы арнайы, қайсысы жалпы норма екенін қалай анықтауға болады?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

8

Қылмыстардың көптігін саралау (5 сағат)

1. Қылмыстардың шынайы жиынтығы идеалдық жиынтықтан несімен ерекшеленеді? Заңсыз сақталған атыс қаруымен абайсызда қаза келтіруді сіз жиынтықтың қай түріне жатқызар едіңіз? Шынайы жиынтықты құрайтын қылмыстар бір әрекетпен жасалуы мүмкін бе?

2. Қылмыстардың идеалдық жиынтығының нормалардың бәсекелестігінен айырмашылығы қандай? Кеме капитанының кінәсінен қозғалыс қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы салдарынан болған осы капитанныңтеңізде апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуi қалай саралануы керек? Өз шешіміңізді негіздеңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

9

Қатысып жасалған қылмыстарды саралау (5 сағат)

Р.Р.Галиакбаровтың «Квалификация групповых преступлений» (М., 1980) еңбегімен танысып, кеңес заманындағы ғылыми зерттеулердің қолданыстағы қылмыстық заңнамаға қалай әсер еткеніне баға беріңіз.

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

10

Саралауды өзгерту (4 сағат)

Түрлі қылмыстық іс жүргізушілік актілерде орын алған саралау қателіктерін жөндеудің қандай тәсілдері бар: тергеушінің қаулыларында; айыптау қорытындысында; соттың ұйғарымында? Процессуалдық заңға сай үкімде жіберілген саралау қателіктерін жөндеуге мүмкін болмайтын жағдайлар бола ма?

Дәрістер мен семинар сабақтарының сәйкес тақырыптарында көрсетілген

Барлығы:  45 сағат


Студент білімін бағалау жөніндегі мәлімет

Студент білімін бағалаудың жалпы шкаласы

Аттестациялау әріптік баға

Баллдардың цифрлық баламасы

Оқу пәнін игерудің % - дық мазмұны

Линиялық оқыту жүйесі бойынша баға

А

А –

4,0

3,67

95 – 100

90 – 94

Өте жақсы  

В +

В

В –

3,33

3,0

2,67

85 – 89

80 – 84

75 – 79

Жақсы

С +

С

С –

2,33

2,0

1,67

70 – 74

65 – 69

60 – 64

Қанағаттанарлық

D +

D

1,33

1,0

55 – 59

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарлықсыз

Әр тақырып бойынша берілген жауаптар мен жазбаша тапсырмалар жүз балдық жүйе бойынша бағаланады. Кешігіп тапсырылған өзіндік жұмыстар үшін балдар төмендетіледі. Рейтинг балдары студент алған бағалардың орташа арифметикалық шамасын есептеу жолымен анықталады.

Пән бойынша қорытынды бағаның пайыздық мазмұны былай анықталады:

              Р 1 + Р 2

И % =  ------------   х 0,6 + Э х 0,4

                  2

Р 1 – 1-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Р 2 – 2-ші рейтинг бағасының пайыздық мазмұны

Э – емтихан бағасының пайыздық мазмұны

Студенттің бірінші рейтинг (сегіз апта) және екінші рейтинг (жеті апта) балдары қосылып, 2-ге бөлінеді де 0,6-ға (яғни, 60 пайыз) көбейтіледі.

Емтихан баллы 0,4-ке көбейтіледі де, шыққан балл рейтингтер баллына қосылады. Осы кезде студенттің пән бойынша алған семестрлік қорытынды бағасы анықталады.




1. Идеи правового государства и его основные признаки
2. і Педагогічне спілкування
3. Организация дополнительных услуг, оказываемых в гостиницах высшей категории Мария)
4. ЗАДАНИЕ Для предложенной детали применительно к условиям серийного производства- а выбрать вид заготов
5. Нормативно-правовий акт
6. Реферат- Деякі аспекти інтерактивного навчання
7. тематичні моделі адаптивного радіоканалу зв~язку з системами регулювання потужності передавача на базі неч
8. Ежедневный журнал от 20
9. ldquo;Поле чудесrdquo; игровая программа Детская площадка
10. Население как фактор размещения производства
11. задание векторного поля равносильно заданию трёх скалярных функцийкоординат каждая из которых зависит от т
12. а а также определение путей разрешения этих противоречий и развития данного социального субъекта психоло
13. Легкоплавкие сплавы в ортопедической стоматологии
14. Судебная экспертиза
15. затратывыпуск и межотраслевые балансы
16. на тему Періодичні видання.
17. Сущность религии Георгий Хлебников кандидат философских наук Для каждого человека среди всех вопросов
18. Вариант 1 1 Сущность налога ~ это-
19. Лекция 15 4
20. . Для выражения отрицания- отрицание может распространяться на всё предложение Он не приходил к нам вчера