Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

~аза~стан Республикасында~ы сотсараптама ~ызметі туралы ~аза~стан Республикасы За~ыны~ б~дан ~рі ~ За~

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі  № 134 бұйрығымен бекiтiлген    

Кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулық

       1. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 29-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамасы органдарында қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша кешенді сот сараптамаларын жүргізуді ұйымдастыру ерекшеліктерін нақтылайды.

       2. Кешенді сот сараптамаларын жүргізу қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің жағдайларын жан-жақты зерттеу мақсатында бірлескен қорыту және жүргізілген зерттеулер нәтижесінде жалпы қорытындыларды жасау үшін әртүрлі арнайы білімі бар сот сарапшыларын тарту қажет болған жағдайда ұйымдастырылады.
       3. Кешенді сот сараптамаларын жүргізу үшін анықтауды жүргізуші адамның, тергеушінің, прокурордың қаулысы, соттың ұйғарымы негіз болып табылады. Сот сараптамасы органының басшысы сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыға, ұйғарымға сәйкес ұсынылған материалдар бойынша кешенді сараптама жүргізу туралы да дербес шешім қабылдауға құқылы.

        Кешенді сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) оның атауы және сараптаманы жүргізу тапсырылған орган көрсетіледі. Кешенді сот сараптамасын жүргізу бірнеше сот сараптамасы органдарына тапсырылған жағдайда оны тағайындау туралы қаулыда (ұйғарымда) олардың ішінде қайсысы жетекші (сот сараптамасын жүргізуді ұйымдастыруды және мамандардың жүргізетін зерттеулерін үйлестіруді жүзеге асыратын) екендігі көрсетіледі.

        Егер қаулыда (ұйғарымда) жетекші сот сараптамасы органы көрсетілмесе, ол кешенді сот сараптамасы жүргізу тапсырылған сот сараптамасы органдарының басшылары арасында келісім бойынша анықталады. Жетекші сот сараптамасы органы туралы мәселе зерттеудің көлемі мен міндеттерін ескерумен шешіледі.

        Кешенді сот сараптамасын тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) оны жүргізу тапсырылған әрбір сот сараптамасы органына жолданады.

        4. Зерттеуге ұсынылған материалдармен танысқан кезде не жекелеген сот сараптамаларын жүргізу барысында кешенді сот сараптамасын жүргізу қажеттігі анықталған жағдайда, оны жүргізуді сот сараптамасы органының басшысы ұйымдастырады. Егер кешенді сот сараптамасын жүргізуді ол тапсырылған сот сараптамасы органының күшімен жүзеге асырыла алмаса, сот сараптамасы органының басшысы сараптама тағайындаушы органды (адамды) бұл туралы хабардар етеді және оны жүргізуге қатыстыруды жөн деп санайтын мекемені не маманды ұсына отырып, тиісті қаулы (ұйғарым) шығаруға өтініш жасайды.

   5. Кешенді сот сараптамасын бір сот сараптамасы органында жүргізген кезде сот сараптамасы органының басшысы зерттеулерді сот сараптамасының барлығын жүргізуді ұйымдастыруды және жүргізілетін зерттеулерді үйлестіруді жүзеге асырушы жетекші бөлімшені көрсете отырып тиісті сот сарапшыларына тапсырады. Жетекші бөлімшенің басшысы өзге бөлімшелердің басшыларымен келісім бойынша сот сарапшыларының комиссиясын қалыптастырады және жетекші сот сарапшысын тағайындайды.

   6. Кешенді сот сараптамасын бірнеше сот сараптамасы органдары (ұйымдары) жүргізген кезде сот сарапшыларының комиссиясын жетекші сот сараптамасы органының басшысы кешенді сот сараптамасын жүргізуге қатысушы сот сараптамасы ұйымдарының басшыларымен бірлесіп қалыптастырады. Жетекші сот сараптамасы органының басшысы қойылған мінддетерді шешу мақсатында сот сарапшылары комиссиясының қызметін тиісінше ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ететін жетекші сот сарапшысын тағайындайды.
        7. Жетекші сот сарапшысы:

 – комиссияның әрбір мүшесін сот сараптамасын тағайындау туралы қаулымен (ұйғарыммен) және зерттеу үшін келіп түскен материалдармен таныстырады;

 – неғұрлым толық ақпарат алу мақсатында және талдаудың тиісті әдісін қолдану нәтижесінде заттай дәлелдемелердің зақымдалу мүмкіндігін ескере отырып олардың зерттелу дәйектілігін анықтайды;

 – қызметкерлері сот сарапшылары комиссиясының мүшелері болып табылатын сот сараптамасы ұйымдарының (бөлімшелерінің) басшыларымен байланысты жүзеге асырады;

 – зерттеудің жалпы бағдарламасын дайындау кезінде сот сарапшылары комиссиясының кеңесін басқарады;

 – сот сараптамасын жүргізудің мерзімін бақылайды және зерттеу бағдарламасының орындалуын үйлестіреді;

 – комиссия мүшелерін зерттеу барысы және оның аралық нәтижелерімен таныстыруды ұйымдастырады;

 – барлық зерттеулердің нәтижелерін, оларды қорытуды және жалпы қорытындыны (қорытындыларды) қалыптастыруды бағалау кезінде сот сарапшылары комиссиясының қорытынды кеңесін басқарады;

 – сот сараптамасы органының басшысына зерттеудің жалпы бағдарламасымен келіспейтін немесе олардың дәйектілігін бұзатын комиссия мүшелерінің іс-әрекеті туралы хабарлайды;
   – қорытынды немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарлама жасайды.
      8. Кешенді сот сараптамасын жүргізудің жалпы мерзімін сот сараптамасы органының басшысы, ал оны бірнеше сот сараптамасы органдары жүргізген кезде осы ұйымдардың басшылары арасындағы келісім бойынша мыналардың шеңберінде белгіленеді:

 – 20 тәулікке дейін – күрделі зерттеулерді талап етпейтін материалдар бойынша;
     – 30 тәулікке дейін – күрделі зерттеулерді талап ететін материалдар бойынша.
    – Сот сараптамасы 30 тәулікке дейінгі мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, сот сараптамасы органының басшысы (жетекші сот сараптамасы ұйымы) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) бұл туралы хабардар етеді және онымен келісім бойынша қосымша мерзімді белгілейді.

 Кешенді сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасы органына оны тағайындау туралы қаулы (ұйғарым) және зерттеу объектілері келіп түскен күннен бастап есептеледі.

 Кешенді сот сараптамасын жүргізу мерзімі сот сараптамасын тағайындаған орган (адам) алдында қосымша материалдарды ұсыну немесе зерттеуге ұсынылған объектілерді жоюға немесе елеулі зақымдауға рұқсат беру туралы өтініш жасағанда, егер өтінішті қанағаттандырғанға дейін әрі қарай зерттеу жүргізу мүмкін болмағанда тоқтатыла тұрады.

 9. Кешенді сот сараптамасын жүргізу ұйымдастыру жағынан дайындық, зерттеу және қорытынды кезеңдерінен тұрады. Әрбір кезең қорытындының тиісті бөліктерінде көрсетіледі.
   10. Дайындық кезеңінде комиссия мүшелерін сараптамаға келіп түскен материалдармен таныстыру ұйымдастырылады, сот сараптамасының жалпы міндеттерін ұғыну, жеке міндеттерді, әдістерді қолдану дәйектілігін және сот сараптамасын жүргізудің жалпы мерзімі шеңберінде жеке зерттеулерді жүргізудің мерзімдерін анықтау мақсатында комиссия кеңесі өткізіледі.

 Дайындық кезеңі зерттеудің жалпы бағдарламасын анықтаумен аяқталады.
      Дайындық кезеңі барлық қорытындыларға міндетті мәліметтерден басқа кешенді сот сараптамасының атауы мен жетекші сот сарапшысының тегі көрсетілетін қорытындының кіріспе бөлігінде көрінеді.

 Кешенді сот сараптамасын жүргізуді бірнеше сот сараптамасы органдары (ұйымдары) жүзеге асырған жағдайда қорытындының кіріспе бөлігінде осы органдар (ұйымдар) және кешенді сот сараптамасын жүргізуге қатысушы сот сарапшылары туралы мәліметтер көрсетіледі.

 11. Зерттеу кезеңінде сот сарапшылары дербес және (немесе) бірлескен зерттеулер жүргізеді, зерттеу барысы сот сарапшыларының тектерін көрсете отырып қорытындының зерттеу бөлігінің тиісті бөлімдерінде көрсетіледі.

 Зерттеу нәтижелерін қорытуды және бағалауды сот сарапшылары комиссияның қорытынды кеңесінде өткізеді, бұл қорытындының зерттеу бөлігінің тиісті бөлімінде көрсетіледі. Осы жерде әртүрлі мамандықтағы сот сарапшылары жүргізген зерттеу нәтижелері бойынша жалпы қорытындының (қорытындылардың) негіздемесі көрсетіледі.

 12. Жалпы қорытындыға (қорытындыларға) зерттеу нәтижелерін бірлескен бағалауға қатысқан және бір пікірге келген сот сарапшылары қол қояды.

 Егер сот сарапшылары ортақ қорытындыға келмесе, олар ортақ қорытындыда дербес қорытындыны тұжырымдайды. Әрбір сот сарапшысы комиссияның басқа мүшелерінің пікірімен өзінің келіспеушілік себебін негіздейді. Дербес қорытындыларды тұжырымдауда сот сарапшылары өз қорытындысының негіздемесінде көрсете отырып, басқа комиссия мүшелері алған нәтижелерді ескереді.

 13. Егер зерттеу барысында кешенді сот сараптамасын шешуге қойылған сұрақты (сұрақтарды) шешу үшін жеткілікті деректер алынбаса, сот сарапшылары себебін негіздей отырып, сұрақты шешу мүмкін еместігі туралы жалпы қорытындыны жасайды және өзінің жеке қорытындысын жасайды.

 14. Кешенді сот сараптамалары әрбір сот сараптамасы органында тіркеледі. Сот сарапшысының қорытындысын немесе қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы хабарламаны жетекші сот сараптамасы органы (жетекші сарапшы) рәсімдейді. Басқа сот сараптамасы органдарының (ұйымдарының) қызметкерлері сот сараптамасының жетекші органына (жетекші сарапшыға) қорытындының тиісті бөлімдері нысандарында олардың дербес жүргізген зерттеулерінің барысы мен нәтижелері туралы мәліметтерді ұсынады.

 Фотокесте, диаграмма, схема, сызба және т.б. түріндегі қорытындыға қосымшаларға оларды жасаған сот сарапшылары қол қояды, олар әзірленген мекеменің мөрімен куәландырылады және сот сараптамасының жетекші органына (жетекші сарапшыға) ұсынылады.

 15. Қорытынды сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға), сот сараптамасын жүргізуге қатысқан әрбір сот сараптамасы органына (ұйымдарға) жолдау үшін дайындалады. Қорытынды жетекші сот сараптамасы органының мөрімен куәландырылады.

     16. Кешенді сот сараптасын жүргізудің барысы мен мерзімдеріне жалпы бақылау жетекші сот сараптамасы органына жүктеледі.

Кешенді сот сараптамасы

Сот сараптамасындағы кешенділік мәселесінің іс-жүргізулік аспектілері

Сараптамалық тәжірибе өткен ғасырдың 70-90 жж. кешенді зерттеулерді және кешенді сараптамалардың әдістемелерін кең ауқымды түрде енгізді. 80-ші жылдары  оқиға болған жермен, қайнар көзінің шығуымен (табиғи, өндірістік және т.б.) біріккен объектілердің жиынын танудағы интеграцияның өте жоғары деңгейіндегі сараптамалардың ақпараттылығын көбейту тенденциясын көрсететін еңбектер пайда болды.

Кешенділікті жүзеге асыру мүмкіндігінің кеңеюі жеке міндет саласы және объектілердің кеңею тенденциясының байқалуымен байланысты, яғни, кешенді сараптамаларды жүргізуде алынатын фактілер туралы мәліметтердің дәлелдеу пәніне жақындаудағы қорытынды ретінде сараптамалық танудағы интегративтік дәрежесінің жоғарлауы.

Кешенді сараптаманы тағайындау мүмкіндігі, негізі мен оны тағайындау тәртібі, оның нәтижелерін рәсімдеу, кешенді сараптаманы жүргізуді ұйымдастыру нормативті түрде ҚР АІЖК-нің 95 бабында, ҚР ҚІЖК-нің 250 бабында және ӘҚтК-нің 611 бабының 7 тармағында бекітілген. Көрсетілген баптардың нормаларына сәйкес кешенді сараптама іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін әр түрлі білім саласының негізінде зерттеулер жүргізу қажет болған кезде тағайындалады және оны әр түрлі мамандықтағы сарапшылар өз құзыретінің шегінде жүргізеді.

Кешенді сараптамалар қалыптасуының алғашқы кезеңінде сарапшының осы қорытындыға оның жеке жауапкершілігімен тек арнайы таным шеңберінде қорытынды беру заң талабымен бір ортақ сұрақты шешетін, даярлығы түрлі профильді сарапшылардың ортақ қызметін қалай үйлестіру керек деген сұрақ туындайды, ал кешенді сараптама жүргізуде комиссияға қосылған әр сарапшы жалпы сұрақты шешу кезінде өз құзыреттілігі шеңберінен амал жоқ шығуға мәжбүр болады.

Көптеген ғалымдар кешенді сараптама заңда бекітілген сарапшының жеке жауапкершілік қағидасына қайшы келмейтіні туралы бір пікірге келді, егер зерттеуге қатысушы барлық сарапшылардың қызметтері нақты ажыратылған болса. Бұл жағдайда әрбір сарапшы оның өзінің жүргізген зерттеудің бөлігіне және олардың берген аралық қорытындыларына жауапты. Ю.К. Орловтың пікірі бойынша әртүрлі мамандықтағы сарапшылармен ортақ берген соңғы қорытындыларды бағалау кезінде жауапкершіліктің шартты түріне негіздеу қажет, яғни, басқа сарапшылармен жүргізілген зерттеу нәтижелерінің қорытындысын алу бұл жағдайда дұрыс болып табылады, ол заңға еш қайшы келмейді.

Ростов М.Н. ойынша,  егер де кешенді зерттеуге қатысушы әрбір сарапшы міндетті ортақ тұжырымдау үшін қажетті шеңберде басқа сарапшылардың құндылығы болатын білімдер туралы хабардар болса, бұл жағдайда құзыретінен тыс шыға алмайды және осы қорытынды үшін әрбір сарапшының жеке жауапкершілік қағидасы бұзылмайды.

Сарапшының процессуалдық жекелілігі және жеке жауапкершілігі қағидасы кешенді сараптамалар белгілерінің бірі болып табылады.

«Кешенді зерттеулер», «кешенді сараптама», «сараптамалар кешені» түсініктерін ажырату

Кешенділікті сот сараптамасында қолданудың заңдылығы туралы сұрақтың шешімін осы мәселенің гносеологиялық аспектісімен байланыстыра отырып, криминалист-ғалымдар «кешенді сараптама», «сараптамалар кешені» «бір сараптаманың шеңберіндегі зерттеулер кешені»,  түсініктері гносеологиялық жобада бірдей, сондықтан жалғыз дұрыс шешім болып сараптамалар жүргізуде барлық үш нысанын кешендеу мүмкін деп ойлайды.

Бірақ та барлық тергеуші мен сарапшылар сот сараптамасы нысанында жүргізілетін нақты іс бойынша тағайындалатын «кешенді зерттеулер», «кешенді сараптама», «сараптамалар кешені» түсініктерін дәл анық ажырата білмейді.

Бұл жағдайда, сараптамалық зерттеулердің кешенділігі келесідей анықталады:

  1.  Дәл сол мәселені шешу үшін бір бірімен байланысқан объекттілерді бір немесе топ (комплект) объектілерін зерттеу кезінде біркелкі сараптама шеңберінде әр түрлі әдістерді (бір немесе түрлі профильдер) қолданумен;
  2.  Дәл сол міндеттерді (сұрақтарды) шешу үшін бір объекті (объекттер тобы) зерттеу кезінде бір сараптаманың шеңберінде  әр түрлі сараптамалық әдістемелерді (түрлі арнайы білімдерге негізделген) қолданумен;
  3.  Бір-бірімен байланысқан  әр түрлі міндеттерді (сұрақтарды) шешу үшін бір объектіні зерттеу кезінде (объектілер комплекті) әр түрлі жеке сараптамаларды жүргізумен.

Осы түсініктерді анықтап алайық. Біздің ойымызша, кешенді сот сараптамасы – бұл сот дәлелдеу құралы ретінде сарапшы қорытындысы нысанында нақты мәліметтерді анықтау бойынша жалпы сұрақты (жалпы сұрақтарды) шешуге білімнің түрлі арнайы ғылыми саласы негізінде қолданылатын сарапшылар комиссиясымен жүзеге асырылатын заттай дәлелдемелер немесе дәлелдемелер, олардың ара-қатынасындағы сараптамалық зерттеу. Бұл жағдайда, басқа кешенділікті нысандардан кешенді сараптаманы шектейтін критерийлар болып келесілер табылады:

білімнің түрлі салаларын ұсынатын сарапшылармен жүзеге асырылатын жүргізу;

бір сараптаманың әдістемесінің шеңберінде тиісті білім салаларының түрлі әдістерін қолдану;

жалпы (басты) міндеттерді шешу мақсаттарында білімнің түрлі салаларының бағытында жүзеге асырылатын объектіні (заттай дәлелдемелер немесе дәлелдемелер, олардың арақатынасы) зерттеу;

өткен оқиғаның нақты мәліметтерін анықтау бойынша сұрақ (немесе бірбірімен қатысты сұрақтар кешені) жүргізумен шешіледі;

жеке зерттеу нәтижелерінің барлық сарапшылармен немесе олардың бөлігімен ортақ интегралдау;

жалпы қорытындыны (қорытындылар) ортақ құрастыру;

зерттеу нәтижелерін комиссиялық сараптама үшін реттелген және тиісті сараптамалық қорытынды ретінде рәсмдеу.

Кешенді зерттеулерге келесілерді жатқызуға болады:

кез келген сот сараптамасын, өйткені, онда қойылған сұрақтарды зерттеу әдісі шеңберінде шешу үшін жалпы ғылымдардан ғана емес сонымен қатар жеке ғылымдардан алынған сипаттағы әдістер қолданылады;

түрлі сараптамалық мамандардың қатарласып біртіндеп жүргізілетін сот сараптамалар, ол жағдайда әрбір алғашқы сараптама нәтижелері келесі зерттеулерді жүргізуші сарапшы-интеграторға беріледі, содан ситуациялық сипаттағы сұрақ бойынша жалпы қорытындыны және оны беруді қалыптастыру үшін олармен қолданылады.

Сот сараптамалар кешені деп мынаны түсіну керек:

қатарынан жеке сараптамалар жүргізілгенде – онда бір объект зерттеледі, оған қатысты түрлі сұрақтар шешіледі;

қатарынан түрлі классты, текті  және бір іс бойынша жеке сараптамалар жүргізілгенде, бірақ зерттелуге түрлі объектілер және түрлі сұрақтарды шешу жатады.

3. Кешенді сараптамалардың жіктелуі

Кешенді сараптамалар әр түрлі негізде жіктеледі. Осы негіздерге сәйкес кешенді сараптамалар келесі түрлерге бөлінеді:

1) қолданылатын білім сипаты бойынша:

классаралық (сот-медициналық және криминалистік, сот-трасологиялық, сот-баллистикалық, сот-автотехникалық; сот-экономикалық және криминалистік және с.с.);

текаралық (сот-трасологиялық және сот-баллистикалық, сот-қолжазу және құжаттарды техникалық зерттеу сараптамасы, сот-трасологиялық және материалдар мен заттардың криминалистік сараптамасы және т.б.);

түраралық (топырақ объектілерін зерттеу және сот-биологиялық сараптама, есірткі заттарды зерттеу және сот-биологиялық сараптама және т.б.).

2) сараптама мекемелерінің ведомствалық қатыстылығы немесе құрылымдық бөлімдер бойынша:

ведомствоаралық (сот-медициналық және криминалистік), ішківедомствалық (сот-трасологиялық және сот-баллистикалық), лабораторияаралық (сот-баллистикалық және заттар мен материалдардың криминалистік сараптамасы).

4.  Кешенді сараптамадағы жетекші сарапшы мен интегратор-сарапшы қызметтерін ажырату

Жетекші сарапшысын белгілеу қажеттілігі мен оның рөлін белгілеу мәселелрі өткен ғасырдың 50-ші жылдардан бастап көптеген пікірталастардың пәні болып табылды.

Кешенді сараптамалар жүргізу тәжірибесін зерттеу сарапшылар комиссиясының қызметі топтық (коллективтік) қызметтердің жалпы заңдылығына бағынады. Осыған сәйкес барлық жағдайларда комиссия мүшесінің біреуі басшы болады, онсыз кішігірім топта сондай-ақ көптеген ұжымдарда топтық қызметі мүмкін емес. Сарапшылар комиссиясы мен жетекші сарапшысының басшылығы фактісі туралы тек ведомствалық нормативтік актілерде бекітілген, шындығында орын алған және орын алады. Яғни, КСРО (1986ж.) сот-сараптамалық мекемелерінің кешенді сараптамаларды жүргізуді ұйымдастыру туралы Нұсқаулықта жетекші сарапшы қылмыстық және азаматтық сот өңдірісінде барлық сарапшылар сияқты процессуалдық құқықтары мен міндеттері бар, және нақты мәселелерді шешуде ешқандай артықшылықтарды пайдаланбайды. Ол қойылған міндеттерді шешу мақсатында сарапшылар комиссиясы қызметінің дұрыс ұйымдастырылуы мен жұмыс басқарылуын қамтамасыз етеді.

Жетекші сарапшының қызмет жасауы іс-жүргізушілік заңнамаларының талаптарына қайшы келмейді.

Жоғарыда көрсетілген Нұсқаулықтың 7 бабына сәйкес жетекші сарапшы келесі қызметтерді жүзеге асырады:

комиссияның әрбір мүшесін зерттеуге берілген материалдармен және сараптама тағайындау туралы қаулымен (ұйғарыммен) таныстырады;

толық мәліметтерді алу мақсатында және белгілі талдау әдісін қолдану нәтижесінде олардың бұзылуы мүмкіндігін ескере отырып заттай дәлелдемелерді зерттеу реттілігін анықтайды ;

қызметкерлері сараптамалық комиссиясының мүшесі болып табылатын мекемелердің (бөлімше) басшыларымен байланысты қамтамасыз етеді;

зерттеулердің жалпы бағдарламасын дайындау кезінде сарапшылар комиссиясының кеңесін басқарады;

сараптамалар өндірісінің мерзімін қадағалайды және зерттеулер бағдарламасының орындалуын үйлестіреді;

комиссия мүшелерін зерттеулердің ағымды және аралық нәтижелерімен таныстыруды ұйымдастырады;

барлық зерттеулердің нәтижелерін бағалау кезінде, жалпы қорытындыны (қорытындыларды) қалыптастыруда және оларды жалпылауда сарапшылар комиссиясының қорытынды кеңесін басқарады;

зерттеулердің жалпы бағдарламасымен сай келмейтін немесе олардың кезектілігін бұзатын комиссия мүшелерінің әрекеттері туралы сараптамалық мекеменің басшысына хабарлайды;

қорытындыны немесе қорытындыны беру мүмкін еместігі туралы хабарламаны дайындайды.

М.Н. Ростов интегратор-сарапшысының объективтік қажеттілігін негіздейтін қызықты мәселесі ретінде қояды. Оның пікірінше, егер кешенді сараптамаларды жүргізуге қатысатын сарапшылардың зерттеу нәтижелерін бағалау мен жалпылауға қажетті білімдері жоқ кезде жеке нәтижелерді құрастырумен аяқталады, онда осы жағдайда біртекті мәліметтерді жалпылай, талдай алатын тұлға болуы керек. Осындай сарапшы болып интегратор-сарапшысы болады.

 Интегратор-сарапшы – бұл не кешенді сараптамалар жүргізуге қатысатын комиссия мүшесінен айрықшаланатын сарапшы не кешенді сараптамаларды жүргізуге қатыспайтын сарапшы, егер кешенді сараптамалық қорытындының жалпы тұжырымын (тұжырымдарын) қалыптастыру мақсатында талдауға арнайы тәжірибесі мен қажетті қабілеттілігі бар, жеткілікті білімдер көлемі бар, кешенді сараптамалар мүшесінің сарапшылар-қатысушыларымен ұсынылған, біртекті мәліметтерді жалпылай және талдай алатын сарапшы.




1. Островок надежды Ф
2. Абсолютная монархия в Англии
3. тема В результате переработки пищи в организме образуется энергия и пластические вещества для построени
4. Податкові відрахування
5. Тема задания- Расчет усилий в стержнях фермы 6
6. Количественная характеристика персонала
7. Введение3 Характеристика гостиницы4 Организационна
8. Догнать и перегнать капиталистические страны в мировом отношении
9. В 1964 г в результате совместного труда сейсмологов трех стран С
10. Кашмир
11. Отчет по производственной практике
12. Постсоветский период историографии российского революционного терроризма.html
13. Печатные платы
14. организационная психология - А
15.  2013 г протокол УТВЕРЖДЕНО приказом от 2013 г
16. Методы выбора поставщика
17. Сейчас когда она находится на рынке достаточно давно у нее 2 нижних предела и 3 верхних
18. ПОЯСНИТЕЛЬНАЯ ЗАПИСКА к курсовой работе ПЕРЕДАЧА И РАСПРЕДЕЛЕНИЕ ЭЛЕКТРИЧЕСКОЙ ЭНЕРГИИ
19. Межличностная теория психиатрии (ГССалливан)
20. Экологические проблемы на пищевых производствах.html