Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Бізді' еліміз ау'ымды жа'ару д'уіріне ая' басады

Работа добавлена на сайт samzan.net:


Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті

5В050700-Менеджмент мамандығы

Шарапханова Ерке-Таң

Досалянов Нурмуханбет

Аубакиров Олжас

ӘРТАРАПТАНДЫРУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІ

Экономиканы әртараптандыру мәселесі бүгінгі таңда ел экономикасы дамуының басымды бағыттарының бірі болып отыр. Экономиканың табиғи ресурстар экспортына тәуелділігін төмендету мақсатын ұстана отырып Қазақстан басшылығы шикізаттық емес секторларға сыртқы инвестиция тарту арқылы экономиканы әртараптандыруға ұмтылуда.

«Біздің еліміз ауқымды жаңару дәуіріне аяқ басады.  2017 жылы экономиканың шикізаттың емес секторына құйылатын инвестиция 15 пайызға өседі, ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі айтарлықтай ұлғаяды. Дайын өнімнің экспорты 40 пайызға артады, өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 1,5 есе көбейеді. Металлургия, химия саласы екі есеге артады, біздің жеңіл өнеркәсіп өнімдеріміз ішкі нарық қажеттілігінің үштен бірін қамтамасыз етеді», - деді Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселесі жаңашыл мәселе емес. Бұдан ерте, 2004 жылы ҚР Парламенті мақсаты Қазақстанның табиғи ресурстарды табумен байланысты емес өзге экономика секторларының бәсекеқабілеттілігін арттыру болып табылған мемлекеттік бағдарламаны қабылдаған болатын.

Дағдарыстан туындаған минералды ресурстарға деген әлемдік бағаның төмендеуі ел басшылығына экономиканың басқа салаларын дамыту қажеттілігі бар екенін тағы да дәлелдеді.

2010 жылдың наурыз айында мемлекет басшылығы әртараптандыру турасында жаңа шешімге келіп, «Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

Дәстүрлі мамандандыру секторлары мен қалған экономика арасындағы тұрақты байланыстар сервистік қызмет арқылы дамуға мүмкіндік беретін бірқатар қосымша салаларды құрайды. Бұл сонымен қатар, шикізаттық емес сектор кәсіпорындарының жанында шағын және орта бизнес кластерлерін қалыптастыруға қолайлы жағдай жасайды.

Жалпы әртараптандыру – бұл экономикалық қызмет аясының кеңейтілуі, өзге де қызмет аясына ену. Экономикалық қызметтің мамандандырылуы мен әртараптандыру – бір біріне ұқсатылатын екі заңды және үзіліссіз процесс. Әр түрлі уақытта белгілі бір шаруашылық жүйе қызметіне байланысты экономикалық қызмет диапазонының кеңею қарқынды көрсетілетін әртараптандыру процестері немесе аталған диапазонның қысқаруына кері қарқын байқалады. Кәсіпорын кең көлемде әртараптандырылған болуы мүмкін, алайда мамандандыру қарқынының басым болуымен беріледі, және керісінше, кіші бағыттағы кәсіпорында әртараптандыру процестері басым болуы мүмкін.

Дүниежүзiлiк экономиканың ғаламдануы аясында Қазақстан экономикасы бiрқатар мәселелерге тап болып отыр. Негiзгi мәселелерге мыналарды жатқызуға болады:

  •  бiржақты шикiзат бағыттылығы, әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
  •   ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
  •   iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
  •   өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның дамымауы;
  •   кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы;
  •   ғылым мен өндiрiстiң арасында ықпалды байланыстың болмауы;
  •  ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға қаржының аз бөлiнуi;
  •   менеджменттiң экономиканы Ғаламдану процестерiне және сервистiк-технологиялық өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi.

  Экономиканы әртараптандыру елде ғылымды және инновациялық қызметтi ынталандыруға бағытталған белсендi мемлекеттiк ғылыми және инновациялық саясат жүргiзудi көздейдi. Алға қойылған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн қаржы рыногын одан әрi дамыту және фискалдық, бiлiм бepу, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Стандарттау саясаты шеңберінде экономиканың және басқарудың барлық салаларында әлемдiк стандарттарға көшу көзделуде.

Стратегияны ойдағыдай iске асыру экономиканың адам капиталын, өндiрiлген және табиғи капиталды тиiмдi пайдалануға негiзделген тұрақты өркендеуiне алып келетiн оның құрылымында сапалы өзгерiстер жасауға, Қазақстанның әлеуметтiк дамудың және қоғам құрылысының сапалық жаңа деңгейiне шығуына ықпал етуi керек.

     Инновация – әрқашан да тәуекелді қажет етеді. Сол себепті кәсіпорындарды, ұйымдарды, кәсіпкерлерді инновацияларды жүзеге асыру, кәсіпорындарды модернизациялауды ынталандыратын, ал кейбір кездері мұқтаж ету шаралар комплексі қажет. Бұл жерде экономикада басты рөлді капитал емес, ал идеялардың туындауы мен оны коммерциялық жүзеге асыруға дейін жеткізу шараларын жасау сөз болып отыр. Көп жағдайда бүгінде қаржы қаражаттары мен идеялар біртұтастығы жоқ: қаражатсыз идеялар бір бөлек, идеясыз қаражат бір бөлек.

Инновациялық ортаны құру осылардың біртұтас жүйеге айналуына себеп болады. Бұндай ортаның негізі ретінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі мезанизмі болуы тиіс.

Экономиканың әртараптандырылуының базасы ретінде дәл мемлекеттік кәсіпорындардың болуы мемлекеттік сектордың өркендеу қарқынына сәйкестікті көрсетеді.

Ұлттандырудың аталмыш нұсқасы әлемдік тәжірибеге қайшы келеді: барлық әлемде мемлекет жеке кәсіпкерлік дағдарыс жағдайынан шығара алмайтын депрессивті кәсіпорындарды бақылауға алады, санация жүргізеді және қайта жеке меншікке сатады. Екінші нұсқа – қомақты пайда әкелмейтін, алайда экономика және әлеуметтік салада стратегиялық маңыздылығына ие болатын кәсіпорындарды мемлекеттендіру.

Франциядағы мемлекеттік сектордың үлес салмағы – 30%-ға жетеді, Финляндияда – 17,6%, Австрияда – 15,4%.

Италияда мемлекет қара металлургия, электротехника және кеме жасау өнеркәсібін, Испанияда – энергетиканы, Ұлыбританияда – ядролық энергетиканы, Францияда – энергетика, аэрокосмостық, электрондық, химиялық өнеркәсіп, металлургия, машина жасаудың маңызды бөлігін бақылауға алады. Жеке капитал бұл салаларда еркін қызмет атқарады, алайда оның қаржылық және ғылыми-техникалық мүмкіндіктері мемлекеттік корпорацияны өзгертуде әлі жеткіліксіз.

Жеке кәсіпкерлікті дамыту жағдайына қарай мемлекет қазір Ұлыбритания мен Франциядағы көмір саласынан ауытқығандағыдай бақылауға алған экономика секторларынан ауысуда. Жекешелендіру жеке капитал күшінің өсуімен тікелей  байланысты: осылайша, 80-ші жылдардың екінші жартысынан бастап Францияда, «Париба», «Сосьете женераль» сияқты ірі банктік топтар, «Сен-Гобен», индустриалды гиганты, «Тивас» қаржы компаниясы, «Матра» әскери-өндіруші компаниясы жекешелендірілген. Жекешелендірілген кәсіпорындар мемлекетке салық төлейді, ал мемлекеттік компаниялар салықтөлеушілер қаражатына мемлекетті қаржымен қамтамасыз етеді.

Қоғам үшін экономикадағы бай мемлекеттік құрылымдардың бар болуы тиімсіз, оны тек қана кәсіпкерлік қызметі осал және бюрократиялық құрылымдарды алмастыра алмайтын жағдайда ғана ұстануға болады. Барлық мемлекеттердегі мемлекеттік компаниялар жеке кәсіпкерлікке қарағанда тиімсіз басқарылады.

Парсы шығанағындағы мемлекеттер тәжірибесі. Парсы шығанағы мемлекеттерінде мұнайға деген бағаның өсу нәтижесінен бос ақша қаражаттары пайда болды. Аймақ мемлекеттерінде қара алтыннан тапқан ақшаның маңызды бөлігі заманауи индустриалды экономика құруға жинақталуда. Иран, БАӘ және өзге де мемлекеттер өзінің экспорттасымалдаушылық тәуекелділігін төмендету мәселесін басты орынға қойып отыр.

Бұл стратегияға Ирандағы атом электростанциясы мен машина жасау зауыттары, Катар, Бахрейн, БАӘ-дегі ірі алюминий комбинаттары, туристтік кешендер және жаңа металлургиялық зауыттар кіреді.

Жалғыз ғана бекітілген жобалардың тізімін жасау фактісі таңқаларлық жағдай тудырады. Тек қана Сауд Арабиясында 2003 жылдың соңы мен 2004 жылдардың басында жаңа металлургия объектілерін салуға 20-ға таман рұқсаттамалар берілген.

Бірнеше жобалардың жүзеге асырылуы сол арада жүргізілген.

Алайда, батыс елдеріне қарағанда Қазақстан постиндустриалды трансформация жолына кешірек бастама алды, сол себепті бізге тек қана модернизацияны емес, сонымен қатар оны Қазақстан мен әлемнің технологиялық озық елдердің арасындағы қашықтықты жетіп алу және асып кету үшін тездетілген қарқында жүргізу қажет.

Институттардың қазіргі жағдайы мен қарама-қайшы келетін қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси даму қарқынын есепке ала отырып мемлекеттің экономикалық және саяси дамуының 3 сапалы сценарийін бөліп шығаруға болады:австриялық модель – алдын-ала шикізаттық бағытты ұстанған, заманауи батыс қоғамның саяси институттарын сақтай отырып экономиканың әртараптандырылуын көздейді. Табиғи ресурстарға бай Австралия экономиканың әртараптандырылуын және мигранттардың маңызды бөлігіне адаптация жасауды жүзеге асырды. Жапон және Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттеріне шикізат экспортынан алынған ресурстар ішкі өндірістің әртараптандырылуына және заманауи постиндустриалды экономиканы қалыптастыруға жұмсалды.

Мексикалық модель – әртараптандыру процестері бар болғанмен, мұнай секторы басым болған нарықтық экономика. Бұл модель отын-энергетикалық кешен және сонымен байланысты салалардың дамуы нәтижесінде экономикалық өсімнің жоғары темпін қамтамасыз етуді ұсынады. Бұл жағдайға өсудің жоғары темпі тән, ал мұнайға деген тұрақты баға кезінде экономикалық өсім қарқыны және инвестициялық белсенділік алдындағы модель өсім қарқынынан маңызды асып түсуі мүмкін.

Жалпы, бұл сценарий экономиканың қалыпты әртараптандырылуын қамтамасыз етеді, себебі инвесторлардың басты қызығушылығы отын-энергетика кешеніне аударылады. Оның экспорттағы және ЖІӨ-гі үлесі жоғары болады, әртараптандыру процесі өтеді, алайда қарқыны баяу болады.

Нигерия-венесуэлдық модель – әртараптандырудың аз үлесі және әлсіз саяси институттарға негізделген мұнайға бағытталған экономика. Бұл модель жағымды сыртқыэкономикалық конъюктура бар болған жағдайындағы мемлекеттің үлкен мөлшердегі табиғи ресурстарына негізделгендігін білдіреді. Бұл жерде инерциялық даму механимдерінің басым болу жағдайында экономикалық және әлеуметтік жағдайдың консервациясы жүргізіледі. Өсу темпі толықтай әлемдік нарықтағы энергетикалық ресурстарға тәуелді болады, себебі ол мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және саяси даму мәселелерін шешудегі қаражатты қамтамасыз етеді.

Модельдердің атауы шартты түрде берілген. Қазақстан Австралия, Мексика немесе Нигерия мемлекетіне өзгеріп кетпейді. Алайда осындай түрдегі атаулардың берілуі ағымдағы экономикалық саясатты жүргізуде қорытынды жағдайдағы дамудың кейбір маңызды мәселелерін және ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. 

         Шетелдер тәжірибесінен салыстыра келе Стратегиялық даму бағыттарының негізгі мәселелерінің бірі экономиканы әртараптандыру және шикізаттық емес экспортты ұлғайтуды келесі бағыттар арқылы дамыта аламыз деп ойлаймын:

  1.  Әртараптандыру үдерісін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету.
  2.  Экономиканың  шикізаттық емес салаларындағы инвестициялық белсенділікті ынталандыру.
  3.  Үлкен еселемелі тиімділігі бар жаңа технологиялық жүйе құрайтын өндірістерді дамыту, оның ішінде «серпінді» инвестициялық жобаларды іске асыру.
  4.  Жұмыс істеп тұрған өңдеуші өндірістерді жаңғыртуды ынталандыру.
  5.  Өңдеуші өнеркәсіптің ғылымды қажетсінуін арттыру үшін ынталандыру жолдарын жасау.
  6.  Нақты экспорттық «тауарларды» айқындау және бағындыру жолымен қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сыртқы нарықтарға экспансиясы үшін жағдай жасау.
  7.  Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту.
  8.  Экономиканы білікті еңбек кадрларымен қамтамасыз ету.

Ел экономикасындағы кластерлік даму бағытын шикізаттық емес салаларында инвестициялық белсенділікті ынталандыруды қалыптастыру үшін келесі шарттар орындалу қажет:

  •  елде әлеуметтік-саяси, нормативтік, ұйымдастырушылық-экономикалық факторлар сияқты инвестициялық қызметті жүргізудің базалық шарттарын жетілдіру;
    •  халықаралық стандарттарға жауап беретін тиісті өндірістік және көлік-коммуникациялық инфрақұрылым құру және білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету;
      •  экономиканың шикізаттық емес секторларының инвестициялық мүмкіндіктері жөнінде белсенді ақпараттық-тұсаукесер жұмысын жүргізу;
      •  инвестицияларды өзара қорғау мен көтермелеу саласында халықаралық-шарттық құқықтық базаны кеңейту;
      •  Қазақстандағы және Еуразия өңіріндегі инфрақұрылымдық жобаларға, ірі экспортқа бағдарланған және жүйе құраушы өндірістерді дамытуға инвестицияларды жүзеге асыру үшін Қорлар қорын құру жөнінде шаралар көзделеді.

Елбасы Жолдауының өзекті идеясы - экономиканы әртараптандыру болып табылады. Жалпы классикалық әртараптандыру - бір мезгілде бір-біріне ұқсамайтын қызмет түрлерін дамыту, сондай-ақ шығаратын өнім түрлерін кеңейту деген ұғым бойынша түсіндіріледі. Бүгінгі әртараптандыру - бұл ғасыр идеясы, жұмысты жаңаша қалыппен жүргізуге икемдеу дегенді де білдіреді. Дәл осы әртараптандыру үдерісі және қызмет тиімділігінің жаңа тетіктерін қарастыру шарасы - компанияның дамуын шапшаңдатып, қосымша табыс табуға, жаңа бәсекелестік басымдыққа жетелейді. Сондықтан да, әртараптандыруға нақты құрал ретінде жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.

Қолданылған әдебиеттер

1. Назарбаев Н.А. Казахстан в посткризисном мире: интеллектуальный прорыв в будущее // Лекция Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева в Казахском Национальном университете им. Аль-Фараби 14 октября 2009 г. –http://www.akorda.kz

2. Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

3. Назарбаев Н. Ключи от кризиса. Глубинный мировой дефект (концептуальная статья) // «Российская газета», 2009, 2 февраля.

4. Н.А. Назарбаев. «Дағдарыстан - жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі 2009 ж. 6 наурыздағы Президенттің халыққа жолдауы. Егемен Қазақстан 2009 ж. 11 наурыз

5. Н.А. Назарбаев «Бәсекеге қабілетті Қазақстанда, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт». 2004 ж. 19 наурыздағы Президенттің халыққа жолдауы. Егемен Қазақстан. 2004ж. 23 наурыз.

6. Н.А. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» 2008  жылғы 28 ақпандағы Президенттің халыққа жолдауы. Егемен Қазақстан. 2008 ж. 30 ақпан.

7. Индустриялық-инновациялық жобалар. Үкімет WEB-сайты.

8. Мау В., Российская экономика: сильные и слабые стороны // Экономическая политика.-2006.-№2.-С.30-46

          




1. И. О. Максименко Юрий Борисович
2. Столица кукольного царства
3. і. Вихідні дані- швидкість обертання вентилятора ; швидкість обертання електродвигуна ; мас
4. СОШ 1 г Гурьевска Конивцова Светлана Николаевна преподаватель английского языка ИГРЫ НА УРОКАХ АНГ
5. Алжирская война 1954-1962 годов (борьба алжирского народа за независимость
6. Реферат- Регулирование деятельности иностранного банковского капитала за рубежом
7. 2007 порядок виконання магістерської роботи Програма підготовки фахівців з вищою освітою освітньоквалі
8.  Рассмотрим пример вычисления суммы натуральных чисел от 1 до 20
9. вступления в брак и равноправности
10. 13 МНТ13 МПМ13 23
11. Становление феодального государства во Франции
12. инвестиции иностранные инвестиции
13. экономическая сущность задачи Наименование задачи- учет себестоимости Место решения задачи- б
14. Банкрутство в країнах з розвинутою ринковою економікою.html
15. Поиск информации в Интернете по теме Учет амортизации износа основных средств
16. на тему- Социальное иждивенчество- пути смягчения Выполнил- Мархоева Г
17. Жизнь без ограничений Мы уже много говорили про ответственность и этот отрывок осветит нам еще раз это
18. Контрольная работа- Бухгалтерский учет в банковских учреждениях
19. Модуль 1 Что является объектом и предметом статистики Каковы ее задачи Какие методы применяются в с
20. Технология возделывания трав