У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

Экзогендік факторлар сырттан келген факторларды~ ~серінен болады

Работа добавлена на сайт samzan.net:

Поможем написать учебную работу

Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.

Предоплата всего

от 25%

Подписываем

договор

Выберите тип работы:

Скидка 25% при заказе до 29.12.2024

Өндірістік жарақат себептері.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. Жарақаттың себебі:

1. Экзогендік факторлар — сырттан келген факторлардың әсерінен болады.

2. Эндогендік факторлар — іштен келген факторлардың әсерінен болады.
Экзогендік факторларға жатады:

1. механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).

2. химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).

3. физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тоғының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).

4. биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроорганизмдердің әсері)

5. психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).Өндірістік жарақаттардың себептерінің барлық көп түрлерінен негізгі 3 топты атап көрсетуге болады. Техникалық себептерге – техникалық қауіпсіздік талаптарына техгологиялық процесстердің сәйкессіздігі, құралдардың, аспаптардың, бейімдегіштердің, транспорттық және энергетикалық жүйелердің құрастырмалық жеткіліксізідігі және т.б.Ұйымдастырушылық себептері: нұсқаудың болмауы немесе сапасыз –ткізілуі және үйретілуі, жұмыс жобасының болмауы, құрал-жабдықтарды дұрыс жоспарламау және орналастырмау, жеке қорғану құралдарының жоқтығы және т.б Санитарлық – техникалық себептер- бұлар метеорологиялық оқиғалардың қолайсыздығы, жұыс орындарының ысырапсыз немеседұрыс жарықтандырылмауы.

Қауіпті және зиянды факторлар және олардан қорғану амалдары.

Қауіпті фактор – сегіз сағаттық жұмыс кезінде адамға әсер етуі нәтижесінде жарақатқа алып келуі мүмкін фактор.
Зиянды өндірістік фактор – жұмысшыға әсер етуі нәтижесінде кәсіби ауруларға алып келуі мүмкін фактор.

Электр тогымен адамның зақымдану дәрежесіне әсер ететін факторлар

- тоқтың түрі (тұрақты немесе ауыспалы, 50 Гц жиілігі аса қауіпті);

- кернеу мен тоқ күшінің шамасы;

- адам организмінен тоқтың өту уақыты;

- тоқтың өту жолы немесе ілмегі;

- адам организмінің жағдайы;

- сыртқы орта жағдайы.

Жекеленген және ұйымдық қорғану.

Шумен күресу әдістері мен құралдарының жалпы классификациясы МемСТ 12.1.029-80 анықталған. Бұл классификацияда шумен күрестің техникалық ұйымдастырушылық әдістері, жеке және ұжымдық қорғану құралдары көрсетілген.

Бірінші кезекте шумен күрестің әдістері мен құралдары тағайындалатын адамдар санына байланысты екі топқа бөлінеді:

- ұжымдық қорғану құралдары мен әдістері;

- жеке қорғану құралдары.

Ұжымдық қорғану құралдары мен әдістері техникалық және ұйымдастырушылық шаралармен іске асырылады.

Шудың пайда болу көзіне қарай ұжымдық қорғану құралдары келесідей бөлінеді:

- шуды қозу көзінде төмендететін құралдар;

- шуды таралу жолында төмендететін құралдар

Өртті сөндіретін құралдардың жұмыс істеу механизмдері.

Өртті сөндіруде әр түрлі өртті басу сұйықтары пайдаланады. Олардың ішінде кең тарағаны химиялық және ауалы механикалы көбіктер. Химиялық көбіктер қышқыл мен карбанат немесе бикарбанаттың араласуынан пайда болады. Ал ауалы механикалық көбік ауаның (90 %) судың (9,6-9,8 %  ) және көбіктенуінің (0,2-0,4 %) қоспаларынан тұрады. Мұндай қоспалар адамға зиянсыз және ток өткізбейді. Тиімді өрт сөндіруші заттарға инертті газдар да жатады. Олар жанып жатқан заттардың булары мен қышқыл газдарымен араласып оттегінің канцентрациясын төмендетіп оттың сөнуіне себеп береді. Инертті газдар көлемі кіші жабық бөлмелеріндегі және ашық жерлердегі отты өшіруде тиімді. Отты өшіруде ұнтақ түріндегі қатты от өшіру заттарды да пайдаланады. Оларға альбумин, көмірсутекті және екі көмірсутекті сода,  құм, құрғақ жер т. б. жатады. Бұлар өз салмақтарымен жанып жатқан жерді басып жану аумағымен жанушы затты бөлу арқылы өртті өшіреді. Мұнай өнімдеріндегі болған өрттерді сөндіруде өртті галландірленген калиреудегі негізіндегі өртті басуға арналған құрам көп қолданылады. Өртті өшіруде екікөмірқышқыл және көмірқышқыл содасының су ертіндісі аммонидің хлорлы су ертіндісі пайдаланады. Тұздың су ертіндісінің де отты басу қасиеті бар. Олар жанып жатқан заттың бетіне жұқа қабат түзіп оттың арасын бөгейді. Ең қарапайым өрт сөндіру құралдарына сұйықты және көбікті өрт сөндіргіштер жатады. Олар ішінде қышқыл сұйық құйылған темір баллон түрінде болады. Ол темір баллонның ішіне шыныдан немесе полиэтилен пакетінен жасалған күкірт қышқылы құйылған ыдыс орнатылады. Керек жағдайда өрт сөндіргіштің арнайы түтігін төмен қаратып соған күкірт қышқылы құйылған ыдысты сындыру арқылы пайдаланады. Сол кезде қышқыл, сілті сұйық пен әрекеттесе бастасы мен көпірік пайда болып химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді де сонымен қатар үлкен қысым пайда болады.  Соның арқасында өрт өшiргiштен көпiрiк атқылай бастайды. Ол өрт сөндiргiштiң көбiк атқылау мерзiмi 60 см. Көпiрiктiк өрт сөндiргiштердiң артықщылығы көптеген жанып жатқан заттарды өшiруге мүмкiншiлiгi бар сондай –ақ жанып жатқан сұйық заттарды(май, керосин, бензин, мұнай) заттарды қондырғылар мен құралдарды сөндiрушiн көмiр қышқылды өрт сөндiргiштi пайдаланады. Мұндай өрт сөндiргiш металл балоны түрiнде кездеседi. Оның iшiнде қысымы 170 кг\см -ден тұратын сұйық көмiрқышқыл болады. Баллон қорғағыш мембраномен қамтамасыз етiлген. Жанып жатқан затты сөндiру үшiн баллонның шашу түтiкшесiн артқа қарай бұрып жақындатсақ жеткiлiктi мұндай өрт сөндiргiштердiң өрт сөндiруге кететiн уақты 25 –60 секунд. Ал атқыламаның ұзындығы 1,5 –3,5 метр. Өрт сөндiрудi пайдалану ережесi бойынша өртсөндiргiш баллоны әр 3 айда зарядталуы тиiс. Барлық өндiрiс орындарында арнайы өрттi сөндiруге арналған құралдардан тұратын болады. Ол шиттер өрттi сөндiруге керек(шелек, балта, лом) қамтамасыз етiлу керек. Бұл құралдарды басқа мақсатта пайдалануға болмайды. Өндiрiс орындарында арнайы өртке қарсы су құбырыда болуы тиiс. өртке қарсы су құбыры үлкен және кiшi қысымды болып келедi. Үлкен қысымды су құбырына станоктарды су құйғыш  орнатылады. Ал кiшi қысымды су құбыры жылжымалы су құйғыштармен қамтамасыз етiледi. Өрт сөндiру су құбырларының гидранттары жолдың бойында және бiр –бiрiнен 100 –150 м қашықтықтан сонымен қатар ғимарат қабырғасынан 5м қашықтықтан кем болмайтын жерде орналасады. Өрт сөндiру гидранттары ғимараттардың баспалдақ ауласында да орналасуы мүмкiн. Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын перспективтi бағыттардың бiрi автоматты өрт сөндiргiш қондырғылары. Ондай қондырғыларға спринклерлiк және дренгерлiк қондырғылары жатады. Дренчерлiк өрт сөндiргiш қондырғысы өртте сумен автоматы және қашықтықты жүйеде сөндiредi.

Эргономика туралы эргономиканың міндеттері.

Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді.

Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі заңнамасы. Негізгі жағдайлар. Нормативтік және құқықтың актілері.

1) Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2006 жылғы 8 ақпандағы N 35 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2006 жылғы 20 наурызда тіркелді. Тіркеу N 4126

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі төрағасының 1999 жылғы 9 шілдедегі N 19»"Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесін бекіту туралы. Негізгі талаптар. 08-97 КР ӨҚЕ" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізімінде N 866 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері бюллетенінің 1999 жылғы 11-12 нөмірлерінде жарияланды)  қаулысының; 1. Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі (бұдан әрі - Ереже) азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды.

      2. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.

      3. Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді.

      4. Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады.

Дірілге қарсы шаралар.

Діріл – денелер немесе материалды нүктелердің механикалық тебелістері. Адам денесі (6-8 Гц) мен қолының (30-80 Гц) жиілігіне жақын діріл аса зиянды болып келеді.  

Агрегаттардың, жабдықтардың жобаланған цехтың іргетасына жақын қойылуы;
Конструктордың тығыз қатты қосындылары бар жерге прокладкалар қою;
Машиналар мен оның орнатылған базасының арасына арматизациялық сүйеніштер қою

Адамдарға тербелістердің әсері және оларды ережелеу.

Қалыпты еститін адам қабылдайтын 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі акустикалық тербелістер дыбыстық, 16 Гц-тен төмен – инфрадыбыс, 20 кГц-тен жоғары – ультрабыс деп аталады.

Жарық түрлері және жүйелері.

Жарықтандыру жайлы барлық мәліметтер көз анализаторы арқылы беріледі.

Жарықтың екі түрі болады табиғи жарық және жасанды жарық.

Қандай да бір горизонтальді жазықтық нүктесінің табиғи жарықтандырылуы кезінде нормалау үшін негізге табиғи жарықтандыру коэффициентінің рұқсат етілген минималды өлшемі қабылданады.

Жасанды жарықтандыру жасанды жарық көзінен ғимараттың тікелей немесе шағылысқан жарықпен жарықтандырылуы.

Табиғи жарықтандырудың жүйелері:

1) бүйір жақты жарықтандыру;

2) жоғарғы жарықтандыру;

2) аралас жарықтандыру.

Жасанды жарықтандырудың жүйелері:

- жалпы;

- жергілікті (локальді);

- аралас.

Адам ағзасына зиянды заттардың әсері

Микроклиматта температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады. Ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, бұның бары еңбек өнімділігін төмендетеді және оған кері әсерін тигізеді.

Сәтсіз оқиғаның түрлерін зерттеу және есептеу.

Оқыс оқиғалар келесідей топтарға бөлінеді:

- жеңіл;

- орта ауырлықты;

- топтық;

- соңы мүгедектікке алып келетіндер;

- соңы өліммен аяқталатындар.

Жарақаттылықтың ауырлық коэффициенті (бір жарақаттың орташа ұзақтылығы)

Кт = Д / Т,      (1.3)

мұндағы Д – есептік период бойынша еңбекке жарамсыз күндердің саны (жалпы саны);

                 Т – есептік период кезіндегі жарақаттар саны.

Жарақаттылық жиілігінің коэффициенті (1000 жұмысшыға келетін жарақаттың саны)

Кч = (Т / Р) 1000,                        (1.4)

мұндағы Р – есептік периодтағы жұмысшылардың орта тізімдік саны.

Жарақат және кәсіби аурулар.

Жарақат  қауіпті өндірістік фактордың әсер етуі нәтижесінде адам организміндегі сыртқы зақымдар.

Кәсіби аурулар – зиянды өндірістік фактор әсерінің нәтижесінде адам организмінде ішкі өзгерістер болатын аурулар. Оқыс оқиғалар келесідей топтарға бөлінеді:

- жеңіл;

- орта ауырлықты;

- топтық;

- соңы мүгедектікке алып келетіндер;

- соңы өліммен аяқталатындар.

Кәсіби аурулар келесідей топтарға бөлінеді:

- созылмалы (хронические);

- кенеттен болатын.

Өндірістік жарақаттандыру.

Өндірістік жарақаттардың жиынтығы жарақаттылық деп аталады.

Өндірістік жарақаттылық бойынша есеп беру:

Жарақаттылықтың ауырлық коэффициенті (бір жарақаттың орташа ұзақтылығы)

Жарақаттылық жиілігінің коэффициенті (1000 жұмысшыға келетін жарақаттың саны)

Өндірістегі шу және онымен күресу жолдары.

Шу жиілігі мен күші бойынша әртүрлі дыбыстардың үйлесімділігі.

Шу зиянды әсер етеді:

- жүрек-тамыр жүйесі;

- жүйке жүйесі;

- есту органдары (дабыл жарғағы).

Шудың физикалық сипаттамасы:

1) дыбыс қарқындылығы J, (Вт/м2);

2) дыбыстың қысымы Р, (Па);

3) жиілік f, (Гц).

Шудың пайда болу көзін бағалау кезінде жиілікті диапазонның аралығын ескере отырып қарқындылық деңгейі деп аталатын лонарифмдік көрсеткіш пайдаланылады

     (1.11)

мұндағы J – өлшеу нүктесіндегі қарқындылық (Вт/м2);

               J0  – естудің шектісіне 10-12 тең өлшем (Вт/м2).

Шу көзін бағалау мен нормалау кезінде дыбыстың логарифмдік деңгейі пайдаланылады

   (1.13)

мұндағы РА – 1000 Гц шкаласы, яғни шу өлшегіш құралының А шкаласы бойынша өлшеу нүктесіндегі дыбыс толқыны.

Шудың спектрі – дыбыс қысымы деңгейінің жиіліктен тәуелділігі.

Шуға қарсы күрес шаралары:

I топ – құрылыс-жобалау;

II топ – конструкциялық;

III топшуды пайда болу көзінде төмендету;

IV топұйымдастырушылық шаралар.

Ток түрі мен жиілігі.

Электр тогының түрі және жиілігі

10-нан – 500Гц

1...2кГц

400..500кГц

Адам организміне тұрақты және ауыспалы тоқтың әсер етуінің сипаттамасы

I, мА

Ауыспалы (50 Гц)

Тұрақты

0,5-1,5

Сезілмелі. Саусақтардың жеңіл дірілдеуі.

Ешқандай түйсік байқалмайды.

2-3

Саусақтардың қатты дірілдеуі.

Ешқандай түйсік байқалмайды.

5-7

Қолдың құрысып-тырысуы.

Сезілетін тоқ. Саусақтардың жеңіл дірілдеуі.

8-10

Адамды босатпайтын тоқ. Жанасу бетінен адам қолының қиын ажыратылуы, сонымен қатар қатты ауыруы.

Қолдың қызуының артуы.

20-25

Бұлшықет жүйесінің салдығы (қолды тоқтан ажырату мүмкін емес).

Қол бұлшықеттерінің шамалы тартылуы.

50-80

Тыныс алу жолдарының салдығы.

50 мА кезінде босатпайтын тоқ.

90-100

Жүректің салдығы.

Тыныс алу жолдарының салдығы

100

Фибрилляция (жүрек бұлшықеттерінің біркелкі, хаостық тартылуы).

300 мА кезінде фибрилляция.

Сәулеленудің зиянды әсерінен қорғану.

Лазерлік сәулелену

Лазерлік сәулелену: = 0,2-1000 мкм.

Негізгі көзі оптикалық квантты генератор (лазер).

Лазерлік сәулеленудің зиянды әсері:

  1.  термиялық әсері;
  2.  энергетикалық әсері (+ мощность);
  3.  фотохимиялық әсері;
  4.  механикалық әсері (сәулеленген организмдегі ультрадыбыс түріндегі тербелістер);
  5.  электрострикция (лазерлік сәулелену өрісіндегі молекулардың деформациясы);
  6.  электромагниттік өрістің микротолқындық клеткалары шегінде пайда болу.

Нағыз инфрақызыл сәулелену болып (одан әрі ИС) қыздырылған беттер табылады ( 0С).

ИФ сәулелену адам мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасу үдерісінде басты рөл атқарады адам организмінің жылуреттеуі.

ИФ сәулеленудің әсерінен қорғану

ИФ сәулеленуді пайда болу көзінде төмендету. ИФ сәулеленудің әсерінде болу уақытын шектеу. Қашықтық арқылы қорғау. Жеке қорғаныс. Экрандау (жылуизомерлі материалдар). Ауалы су бүрку. Желдету.

  1.  Ультракүлгін сәулелену ( = 1-400 нм) (одан әрі УК)

Ерекшеліктері: генерация тәсілі бойынша жылулық сәулеленуге, және затқа әсер ету сипаттамасы бойынша иондаушы сәулеленуге жатады.

Қорғаныс шаралары:

1) УК сәулелену көзін экрандау;

2) жұмысшыларды экрандау;

3) ғимаратты арнайы бояу (сұр, сары және т.б.);

4) жұмыс орнын рационалды орналастыру.

Иондаушы сәулелену – бұл қоршаған ортамен байланысқан кезде әртүрлі белгілі иондардың туындауына әкеп соқтыратын сәулелену түрі.

Иондаушы сәулеленуден қорғанудың әдістері

Негізгі әдістер:

1) сандық қорғау әдісі, яғни мүмкіндігінше сәулелену дозасын азайту;

2) уақытпен қорғау;

3) экрандау (қорғасын, бетон);

4) ара қашықтық арқылы қорғау.

Шудың адамдарға әсері және оны ережелеу.

Шудың сипаттамалары мен оның адам организміне әсерін бағалаудың басты критерийі болып келесілер табылады:

- дыбыс қарқындылығының деңгейі (дыбыс деңгейі);

- октавты жолақтардағы дыбыс қуатының деңгейі;

- октавті жолақтардағы дыбыс қысымының деңгейі.

Адам организміне шудың әсері есту органың, бірқатар органдар мен жүйелерді ерекше зақымдау түрінде көрінеді. 80 дБ және одан жоғары шу қарқындылығы бар шудың ұзақ әсері есту қабілетінен толық немесе бөліктеп айырады, яғни адам организмінің есту аппаратының функционалды қызметінің қалпына келместей бұзылу үдерісіне әкеп соқтырады.  

Өндірістегі электр тогының адам ағзасына әсері және одан қорғану амалдары.

Адам организміне тұрақты және ауыспалы тоқтың әсер етуінің сипаттамасы

I, мА

Ауыспалы (50 Гц)

Тұрақты

0,5-1,5

Сезілмелі. Саусақтардың жеңіл дірілдеуі.

Ешқандай түйсік байқалмайды.

2-3

Саусақтардың қатты дірілдеуі.

Ешқандай түйсік байқалмайды.

5-7

Қолдың құрысып-тырысуы.

Сезілетін тоқ. Саусақтардың жеңіл дірілдеуі.

8-10

Адамды босатпайтын тоқ. Жанасу бетінен адам қолының қиын ажыратылуы, сонымен қатар қатты ауыруы.

Қолдың қызуының артуы.

20-25

Бұлшықет жүйесінің салдығы (қолды тоқтан ажырату мүмкін емес).

Қол бұлшықеттерінің шамалы тартылуы.

50-80

Тыныс алу жолдарының салдығы.

50 мА кезінде босатпайтын тоқ.

90-100

Жүректің салдығы.

Тыныс алу жолдарының салдығы

100

Фибрилляция (жүрек бұлшықеттерінің біркелкі, хаостық тартылуы).

300 мА кезінде фибрилляция.

Адам денесінің кедергісі

Адам денесі кедергісінің азаюына әкеп соқтыратын факторлар:

- тері бетін ылғалдау;

- жанасу ауданың ұлғайту;

- әсер ету уақыты.

Терінің жоғарғы бетінің кедергісі 10-нан 100 кОм-ға дейін. Ішкі ұлпалардың кедергісі 800-1000 Ом. Есептік өлшемі Rадам = 1000 Ом.

Өндірістік жарақаттану себептерін білу әдістері.

Өндірістегі жарақатты талдаудың негізгі әдістері

статистикалық

экономикалық

монографикалық

топографикалық

топтық

Жұмыс уақыты және демалыс уақыты.

Жұмыс уақыты дегеніміз азаматтың жеке еңбек келісім -шартында көрсетілген еңбек міндеттеріне сәйкес еңбек міндеттерін орындауы .
Қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы керек .
Жеке еңбек келісім -шарттарында екі жақтың келісімімен ең аз жұмыс уақыты қарастырылуы мүмкін. Демалыс уақыты дегеніміз жұмысшының еңбек міндеттерін орындаудан босап , өз қалауымен уақыт өткізу болып табылады . Күнделікті жұмыс ағымында жұмысшыға демалып, тамақтануына бір сағат көлемінде уақыт берілуі тиіс. Бұл үзіліс жұмысшының өз қалауымен өтпейді.

Өндірістік жарақаттың негізгі себептері.

Сәтсіз оқиға өндірістік жарақаттардың себептерінің жиынтығы нәтижесінен болады.Өндірістік жарақаттардың себептерінің барлық көп түрлерінен негізгі 3 топты атап көрсетуге болады. Техникалық себептерге – техникалық қауіпсіздік талаптарына техгологиялық процесстердің сәйкессіздігі, құралдардың, аспаптардың, бейімдегіштердің, транспорттық және энергетикалық жүйелердің құрастырмалық жеткіліксізідігі және т.б.

Ұйымдастырушылық себептері: нұсқаудың болмауы немесе сапасыз –ткізілуі және үйретілуі, жұмыс жобасының болмауы, құрал-жабдықтарды дұрыс

жоспарламау және орналастырмау, жеке қорғану құралдарының жоқтығы және т.б

Санитарлық – техникалық себептер- бұлар метеорологиялық оқиғалардың қолайсыздығы,

жұмыс орындарының ысырапсыз немеседұрыс жарықтандырылмауы.

Сәтсіз оқиғаларды толтыру және тіркеу.

Өндіріске қатысты әр бір сәтсіз оқиға жұмыскерлердің 1 күннен аз емес жұмысқа қабілеттілігін жоғалтуға әкелсе, өндірістегі сәтсіз оқиға немесе жұыскердің денсаулығының басқада зақымдануы туралы Н-1 түрдегі үш данадан кем емес акты толтырылады.Кәсіби аурумен улану оқиғалары денсаулық сақтау ұйымымен, белгіленген тәртіппен растанса,еңбекке жарамды ма немесе жарамсыз ба оған қарамай  Н-1 акті толтырылады.

Жұмыскерлердің ауыр немесе қазамен аяқталған топтық сәтсіз оқиғалары және топтық жедел кәсіби ауру оқиғалары арнайы актімен толтырылады.Сәтсіз оқиғаларды тергеу мынандай құрамдағы комиссиямен жүргізіледі: еңбек ұжымының төрағасы немесе кәсіподақ ұйымы ж/е әкімшіліктің жұмыскерлері сәтсіз оқиға туралы хабар алғаннан бастап, 3 күн ішінде тергеу нәтижесі бойынша, жұмысқа бара жатқанда н/се қайтқанда жолда болған сәтсіз оқиғаны тергеу туралы 4-5 дана Н-2 түрдегі акт толтырылып арнайы журналда тіркеледі және бес жыл сақталады.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды жіктеу.

Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың топтары:

а) физикалық:

  - өндірістік құрылғылардың қорғалмаған жылжымалы элементтері мен қозғалмалы дайындалып жатқан өнімдер;

      - жұмыс зонасының газдалуы мен шаңдалуы;

      - шудың жоғары деңгейі;

  - нәтижесінде адам денесінде тұйықталу болуы мүмкін электр желісі кернеуінің жоғары деңгейі;

      - иондаушы сәулелердің жоғары деңгейі;

      - электромагниттік өрістердің жоғары деңгейі;

      - ультракүлгін сәулеленудің жоғары деңгейі;

      - жұмыс зонасының жеткіліксіз жарықтандырылуы;

б) химиялық:

   - тітіркендіруші заттар;

в) биологиялық:

   - макро- және микроорганизмдер;

г) психо-физиологиялық:

  1) физикалық жүктемелер:

     - статикалық жүктемелер;

     - динамикалық жүктемелер;

     - гиподинамия;

 2) жүйке-эмоционалды жүктемелер:

     - ақыл-ойдың артық жүктемесі;

     - шамадан тыс шаршау (переутомление);

     - анализаторлардың артық жүктемесі (тері, көзі, есту және т.б.);

     - еңбектің біркелкілігі;

     - эмоционалды артық жүктемелер.

Микроклимат көрсеткіштерінің бақылауына және өлшеу әдістеріне қойылатын талаптар.

Микроклимат параметрлерінің ауа ортасының санитарлық нормаларына сәйкес келуін білу үшін, температура, қатыстық ылғалдылық және ауа қозғалысының жылдамдығын сандық бағалау қажет.

Өндірістік ғимараттардағы ауа температурасы әдетте біршама шектерде ауытқиды. Сондықтан оны объективті бағалау үшін өлшеуді ғимараттың бірнеше сипаттамалы нүктелерінде жұмыс орнының еденнен 1,3-1,5 м деңгейінде ауысымның әртүрлі уақытында жүргізеді. Тыныс алу зонасы температурасының айтарлықтай айырмасы кезінде қосымша аяқ астынан еденнен 0,15-0,2 м деңгейінде өлшеулер жасайды. Өлшеу нүктелері, ереже бойынша жылу көзі мен ғимараттың сыртқы қабырғасынан 1 м қашықтыққа жақын орналаспауы тиіс.

Ағымдыға температура мәнін өлшеу үшін кәдімгі термометрді (спирттік немесе сынапты) қолданады. Бақылау периоды арасында температураның аса жоғары немесе өте төмен мәндерін өлшеу қажет болғанда сәйкесінше максималды немесе минималды термометрді қолданады. Ағымдағы ауа температурасын жазу үшін термографты қолданады.

Мәнді жылулық сәулелену шарттарында ауа температурасын өлшеу үшін булы термометр қолданылады. Булы термометрдің өзі екі термометрден тұрады, бірінің үстінгі резервуары қараңғыланған («қара» термометр), ал екіншісі күміс қабықшасымен қапталған («жылтыр» термометр). Нақты температура «жылтыр» және «қара» термометрлер көрсеткіштерінің айырмасы бойынша градирлік коэффициент (аспаптың константасы) есебімен анықталады.

Ауаның қатыстық ылғалдылығын психрометр және гигрометр көмегімен бағалайды. Ауа ылғалдылығының өзгеруін жазу үшін гигрограф қолданылады.

Гигрометрлер мен гигрографтардың қатысты ылғалдылықты нақтылы анықтау үшін қолданылатын датчиктері болып адамның майсыздандырылған шашы немесе қатысты ылғалдылықтың өзгеруіне пропорционалды түрде өзінің өлшемін өзгертетін арнайы синтетикалық диафрагмалар табылады.

Психрометрдің жұмысы психрометр құрамындағы «құрғақ» және «ылғалды» термометрлердің көрсеткіштерін анықтаудан тұратын психрометрлік әдіске негізделген. «Құрғақ» термометр қоршаған ауаның температурасын, ал резервуары дитиллденген сумен суландырылған мәрлі немесе батист бөлігімен оралған «ылғалды» термометр айтарлықтай төмен температураны көсретеді, себебі матадан буланатын су жылуды ұстап қалады. Ауаның қатысты ылғалдылығын «құрғақ» және «ылғалды» термометрлердің көрсеткіштеріне сәйкес психрометрлік кесте бойынша анықтайды.

Ассманның аспирационды психрометрінде (Августтың статистикалық психрометріне қарағанда) екі термометр де металлды қоршауға алынған. Құралдың үстіңгі бөлігіне кірістірілген (аспирационды баста) вентилятордың көмегімен (электрлік немесе серпімді жетегі (приводы) бар) ауа құбырлар арқылы сорыла өтеді де термометрлердің резервуарларын қамтиды, осылайша олардың көрсеткіштерінің тұрақтылығы және мүмкін болатын жылулық сәулеленуді экрандау қамтамасыз етіледі.  

Сонымен қатар «құрғақ» және «ылғалды» терморезисторлардың қарсылығын өлшеу принципі бойынша жұмыс істейтін электронды психрометрлерді де қолданады.

Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін әртүрлі конструкциялы анемометрлерді пайдаланады.

Өндірістік жарақаттанудың негізгі сипаттамалары және талаптары.

Өндірістік жарақат – болған жазатайым оқиға сәтінен және жарақат пайда болған уақыт мерзіміне тәуелсіз дененің жазатайым оқиға нәтижесінен кез келген бөлігінің зақымдалу немесе физикалық зақымдалу белгісі.

Өлімге соқтыратын жарақат жиілігінің коэффициенті КС – белгілі бір мерзім кезеңіне қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін жұмыскерлер санына сәйкес келетін өндірістегі өлім санын сипаттайды (әдетте бір жылға).

Жазатайым оқиға жиілігінің коэффициенті - белгілі бір мерзім кезеңіне қауіпті өндірістік объектіге қызмет көрсететін жұмыскерлер санына сәйкес келетін өндірістегі жазатайым оқиға санын сипаттайды (әдетте бір жылға).

Өндіріс орынындағы метеорологиялық жағдайларды нормалаудың негізгі принциптері.

Жұмыс зонасы – жұмыскерлердің тұрақты немесе уақытша жұмыс орындары орналасқан, деңгейі еденнен 2 метрге биік кеңістік немесе алаң (МемСТ 12.1.005- 88).

Өндірістік ғимараттардағы микроклимат немесе метеорологиялық шарттар 12.1.005-88 МемСТ-тына сәйкес келесі параметрлермен анықталады: жұмыс орнындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысының жылдамдығы мен қоршаушы беттердің температурасы (жылулық сәулеленулер).

Өндірістік ғимараттардағы ауа температурасы әдетте біршама шектерде ауытқиды. Сондықтан оны объективті бағалау үшін өлшеуді ғимараттың бірнеше сипаттамалы нүктелерінде жұмыс орнының еденнен 1,3-1,5 м деңгейінде ауысымның әртүрлі уақытында жүргізеді. Тыныс алу зонасы температурасының айтарлықтай айырмасы кезінде қосымша аяқ астынан еденнен 0,15-0,2 м деңгейінде өлшеулер жасайды. Өлшеу нүктелері, ереже бойынша жылу көзі мен ғимараттың сыртқы қабырғасынан 1 м қашықтыққа жақын орналаспауы тиіс.

Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – абсолютті ылғалдылықтың максималдыға қатынасы.

Адамның тіршілік етуіне жұмыс зонасындағы ауаның барометрлік қысымы да әсер етеді. Бірақ оның айтарлықтай әсері тек кейбір еңбек түрлері кезінде, қысымның тез өзгеруі байқалғанда білінеді.   

1-кесте.

Өндірістік ғимарат.

Жұмыс

күрделігі

нің категор-иясы.

          Оптималды

            Мүмкіндік

Жұмыс істелмейтін орында

ғы ауа

ның мүмкін

дік температурасы, .

Ауа

Температура- сы,

.

Ауа-ның қат-ысты

Ылғалдығы, %.

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.

Ауа температурасы, .

Ауа-ның қат-ысты

ылғалдығы, %.

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.

Жылдың суық және өтпелі мезгілі  (ішкі ауа температурасы   төмен).

Жылуы молырақ  өндірістік ғимарат ( 23 Вт/м3 көбірек).

Орта ауырлықты.

17 – 19.

60 – 30.

0,3 көп емес.

16 – 22.

75 көп емес.

0,5 көп емес.

15 – 24.

Өндірістік бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысы жылдамдығының қолайлы нормалары

І категориялы жұмыс – адамның энергия жұмсауына байланысты жұмысты шектеу (ккал/с). Жұмыс категориясын жұмыскердің энергия жұмсауына қарай салалық, нормалық құжаттарға сәйкестендіріп анықтайды. Жеңіл физикалық жұмыстар (І категория) - отырып, тұрып және жүріп жасалатын  жұмыстар, бірақ, үнемі физикалық күш жұмсауды қажет етпейтін жұмыстар (150ккал/с,172Дж/с).

ІІ категориялы жұмыс – ауырлығы орташа физикалық жұмыстар; түрлі жұмыстар.

Ал энергия шығымы 150 ден 200 ккал/с (172-232 Дж/с)- ІІа категорияға және 200-ден 250-ге ккал/ч (232-293 Дж/с) - ІІб категориясына жатады.

ІІа категориясына үнемі жүретін, үнемі тұрып және отырып істейтін, бірақ, ауыр нәрсе тасымайтын жұмыстар жатады.

ІІб категориясына жүріп істейтін және шағын (үлкен емес) нәрсе таситын (10 кг дейін) жұмыстар жатады.

ІІІ категория – ауыр физикалық жұмыстар. Оған үнемі физикалық күш жұмсап, 10 кг-ден артық ауыр жүк көтеріп, таситын жұмыстар жатады. (250ккал/ч.293Дж/с)

Қысыммен жұмыс істейтін қондырғылар мен ыдыстарды пайдаланудағы еңбек қауіпсіздігі

Өндіріс орындарында жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстарды қысымсыз немесе вакууммен жұмыс істейтін ыдыстармен араларына берік қабырға тұрғызбай-ақ, қатар орнатуға рұқсат етіледі.

Жоғарғы қысымда жұмыс істейтін жабдықтар мен вакуумды-қайнатқыш бу аппараттарының құрылысын куәландыру және қауіпсіз пайдалану жоғарғы қысымда жұмыс істейтін ыдыстардың құрылысына және оларды қауіпсіз пайдалану өнеркәсіптік қауіпсіздігінің талаптарына сай жүргізіледі.

27.Өндірістік жарақат аяқ астынан болатынан жарақат.Әсіресе жұмысшы қандай да бір өңдірістің тигізген әсері.Жұмыс жасап жатқанда н/е басшы тапсырмасын атқарған кезде болуы мүмкін .Өндірістік жарақат –жеңіл,күрделі түрде б-ты комиссиясы мүше.Жарақат-ң әсер ету  түріне б/ты мына топқа бөлінеді:

1.механикалық(ұрылу,сыну,жара)

2.жылу(жылулық,үсік,күю,кун әсері)

3.химиялық (химиялық күйіктер,улану,тұншығу)

4.электрлік (токтың әсері)

Жарақат 3 сатыдан тұрады

-жеңіл

-ауыр

-өлім

.Қызметтік зерттеудің негізгі талаптары:

-жарақаттанушыға бірінші дәрігерлік көмек көрсету;

-сәтсіз оқиға себертерін талқылау;

-еңбек шарттарын және қауіпсіздік тех.лық қамтамасыздандыру бойынша шарттарды өткізу:

-сәтсіз оқиға болған себебі болған адамды табу;

-жұмыс қабілетін жоғалту мерзімі аяқталған соң мекемеде қалған Н1 түріндегі акт экземплярына сәтсіз оқиға нәтижелері туралы мәліметтер жазылады;

-егер зерттеу кезінде сәтсіз оқиға өндіріспен байланысты болмаса, әкімшілік өз сұрақтарымен жергілікті кәсіподақ коммитетімен ақылдасады. Жергілікті кәсіподақ комммитеті мақұлдаған жағдайда  Н2 түрдегі актіге өндіріспен байланысы жоқ деген белгі қойылады, номері көрсетіліп, жергілікті коммитет жиналысының протоколы болған күні қойылып төрағасы қолы мен мөрі басылуға жіберіледі.

31.Өндірістік объектілеріне қойылатын санитарлық-техникалық талаптар.

Өндірістік объектілерді цехтарды, учаскілерді. Жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің, зияндылығының, ауырлығының, қауырттылығының жай-күйін еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбектің қауіпсіз жағдайларына сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет.




1. реферата. Работая с научной технической юридической и другой специальной литературой на иностранном яз.html
2. Буржуазные реформы 60-70х гг XIX века
3. історія античності
4. протоплазма означает первичная материя и впервые был предложен Яном Пуркинье в 1839 году
5. Реферат- Частная собственность как воплощение свободы воли субъекта
6. Сегодня помимо традиционного способа передачи брокеру распоряжения о сделке по телефону существует альтер
7. Реферат- Лидер в организации
8. Контрольная работа- Програмне забезпечення ПК
9. Обзор и анализ проекта Налогового кодекса Российской Федерации
10. Бутан - государство карлик
11. тематичних і загальнонаукових понять
12.  Резюме АО ~~МОТОР~~ планирует выпуск нового для себя вида продукции ~ вентильного двигате
13. Определение понятий культура и цивилизация
14. Учет и исследование финансовых результатов деятельности ООО
15. тематизация знаний создание архива данных; извлечения данных из архива; учета объемов файлов при их хранении
16. Тема 2Земельна реформа в Україні- завдання основні етапи реалізації
17. ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ВОПРОСЫ Понятие первообразной функции.html
18. Архивная практика
19. Теракты 11 сентября- экономический смысл
20. Основные принципы переработки сырья растительного животного микробиологического происхождения и рыбы.html