Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Пәннің анықтамасы және міндеттері
Гистология (грек тілінен histos-тін, logos-ілім, ғылым) жануарлар организмінің жасушаларының, тіндерінің және мүшелерінің дамуы, құрылысы және қызметтері туралы ғылым. Гистология өзінің бастапқы тайыз мағынасында тіндерінің құрылысы және қызметтері туралы ғылым болып табылды. Қазіргі заманға сай кең мағынасында гистология ғылым және оқу пәні ретінде жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес және бірнеше тараулардан тұрады. Гистологиялық және микроскопиялық техника гистологиялық препараттарды дайындау тәсілдерін және оларды микроскоптау әдістерін зерттейді.
Цитология организмнің әр-түрлі жасушаларының дамуын, құрылысын және қызметтерін зерттейді.
Эмбриология жануарлар организмінің эмбрионалдық дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Жалпы гистология организмінің тіндерінің даму көзін, құрылысын, қызметтерін және реактивтік өзгерістерін зерттейді.
Жүйелік гистология жануарлар организмінің мүшелерінің даму көзін, эмбрионалдық даму барысын, құрылысын және қызметтерін зерттейді.
Жасуша тіндердің негізгі құрылымдық компоненті.
Жасуша организмнің қарапайым құрылымдық бірлігі, ол ядродан, цитоплазмадан тұрады, сыртынан жасушалық мембранамен қапталып тірі организмге тән қызметтерді атқарады: энергия мен зат алмасу процестері, тітіркену, өсу, жиырылу, генетикалық ақпаратты сақтау және тасмалдау.
Жасуша жеке де, және көпжасушалы жануарлар мен өсімдіктер тіндерінің құрамында да өмір сүре алады. Тіндердің құрамында жасушалар маңызды тіндік элемент болып табылады.
Барлық жасушалар прокариоттық және эукариоттық деп екіге бөлінеді. Прокариоттық жасушалардың ядросы мен органеллалары болмайды. Оларда генетикалық ақпарат тұйықталған сақина тәрізді екі қабатталған ДНК тізбегінде сақталады. Прокариоттық жасушалар қабырғасы тығыз. Оларда митоздық аппарат болмайды. Прокариоттарға кейбір бактериялар мен балдырлар жатады.
Барлық қалған жасушалар эукариоттық болып табылады. Олар прокариоттардан хромосомалар мен жасушаішілік мембраналардан құралған органеллалардың болуымен ерекшеленеді. Митоздық аппараттары бар.
Ересек адамның организмі шамамен 1013 жасушалардан тұрады, олар құрылысы мен қызметтері әртүрлі 200-ден аса түрлерге бөлінеді. Бірақ, оған қарамастан құрылыстарында ұқсастықтары болады.
Эукариоттық жасуша келесі компоненттерден тұрады:
Жасушалық мембрана үш бөліктен тұрады: сыртында гликокаликс орналасқан, одан кейін цитоплазмалық мембрана (цитолемма, плазмолемма) және мембранаасты қабаты - тірек-қимыл құрылымдары.
Цитоплазма да үш бөліктен тұрады: гиалоплазмадан, органеллалардан және қосындылардан.
Ядро төрт компоненттен тұрады: 1) ядролық қабықшадан немесе кариолеммадан, 2) ядрошықтан, 3) хроматиннен (хромасомалардан), 4) ядролық шырыннан (кариолимфадан).
Жасушалық қабықша.
Жасушалық қабықшаның негізгі бөлігі цитоплазмалық мембрана (цитолемма) болып табылады, оның құрылысы қарапайым биологиялық мембраналарға ұқсас және басқа мембраналармен салыстырғанда өте қалың болып келеді (7,5-11 нм).
Биологиялық мембраналар липопротеидтік комплекстер, жасушаны сыртынан қоршай орналасып, кейбір органеллалар мен ядро қабықшасын құрайды. Электронды микроскопта үш қабаттан тұрады (екі күңгірт және ашық түсті қабаттар). Жасушалық мембраналар липидтерден (40%), белоктардан (50%) және көмірсулардан (10%) тұрады.
Биологиялық мембраналардың қызметтері.
Жасушалық қабықшаның екінші бөлімі гликокаликс. Ол гликопротеиндер мен липопротеиндердің көмірсулық ұштарынан тұрады. Сонымен қатар, гликокаликстің құрамына үстіңгі және жартылайинтегральдық белоктар да кіреді. Бұл белоктар ферменттер қызметін атқарады. Гликокаликсте гистосәйкестік рецепторлары, иммуноглобулиндер орналасады, ферменттер және гормондардың рецепторлары адсорбцияланады.
Гликокаликстің қызметтері: 1. Рецепторлық (көрші жасушалар мен жасушааралық заттың молекулаларын анықтау); 2. Жасушааралық байланыстар; 3. Мембранада белоктардың орналасуын анықтау; 4. Заттарды тасмалдауға қатысу.
Жасушалық қабықшаның үшінші бөлімі - мембранаасты қабаты -тірек-қимыл құрылымдары. Оның құрамына жиырылу құрылымдары актин филаменттері және тірек аппараты кератин филаменттері кіреді.
Мембранаасты қабатының қызметтері: жасушаға пішін беру, жасушаның бетін өзгерте отырып эндо-, экзо- және фагоцитозға, жасушаның қозғалуына қатысу.
Цитоплазма.
Гиалоплазма. Гиалоплазманы жасуша шырыны, цитозоль немесе жасушалық матрикс деп те атайды. Ол цитоплазманың негізгі бөлігі, жасуша көлемінің 55% құрайды. Онда жасушаның негізгі зат алмасу процестері өтеді. Гиалоплазма күрделі коллоидты және электронды тығыздығы төмен гомогенді ұсақдәнді заттан тұрады. Ол судан, белоктардан, нуклеин қышқылдарынан, полисахаридтерден, липидтерден, неорганикалық заттардан тұрады. Гиалоплазма өзінің агрегаттық күйін өзгерте алады: сұйық күйден (золь) тығыз күйге гель. Сонымен қатар, жасушаның пішіні, қозғалу қабілеті және зат алмасу процесі өзгеруі мүмкін.
Гиалоплазма қызметтері:
Органеллалар. Органеллалар жасушаның екінші маңызды компоненті. Олардың құрылысы мен қызметтері тұрақты. Барлық органеллалар атқаратын қызметіне байланысты 2 топқа бөлінеді:
Жалпы органеллалар. Барлық жасушаларда болады, өйтекні олардың өмір сүруіне қажет. Оларға митохондриялар, эндоплазмалық тордың (ЭПТ) екі түрі, Гольджи комплексі, центриольдер, рибосомалар, лизосомалар, пероксисомалар, микротүтікшелер және микрофиламенттер жатады.
Маманданған органеллалар. Бұл органеллалар белгілі бір қызмет атқаруға маманданған жасушаларда ғана болады. Оларға бұлшық ет жасушалары мен талшықтарындағы миофибриллалар, нейрондардағы нейрофибриллалар және қылдар мен кірпікшелер жатады.
Құрылысына байланысты барлық органеллалар мембраналық және мембраналық емес деп бөлінеді. Сонымен қатар, мембраналық емес органеллалар құрылысы бойынша фибриллярлық және гранулярлық деп бөлінеді.
Мембраналық органеллалардың негізгі компоненті жасушаішілік мембраналар болып табылады. Оларға митохондриялар, эндоплазмалық тор (ЭПТ), Гольджи комплексі, лизосомалар, пероксисомалар жатады. Фибриллярлық мембраналық емес органеллаларға микротүтікшелер, микрофиламенттер, центриольдер, қылдар мен кірпікшелер жатады. Гранулярлық мембраналық емес органеллаларға рибосомалар мен полисомалар жатады.
Мембраналық органеллалар.
Түйіршікті ЭПТ қызметтері экспортқа белок синтездеу. Сонымен қатар, онда полипептидтік тізбектің бастапқы посттрансляциялық өзгерістері өтеді.
Түйіршіксіз ЭПТ қызметтері:
Гольджи комплексінің қызметтері:
1. Белоктардың жинақталуы, пісіп жетілуі, конденсациясы (түйіршікті ЭПТ-да синтезделетін).
2. Полисахаридтердің синтезделуі және қарапайым белоктарды гликопротеиндерге айналдыру.
3. Липопротеидтердің пайда болуы.
4. Секреторлық қосындылардың түзілуі және жасушадан шығарылуы.
5. Алғашқы лизосомалардың пайда болуы.
Жасушалық мембраналардың қалыптасуы.
Акросоманың түзілуі.
Митохондриялардың қызметтері:
Жасушаны АТФ-пен қамтамасыз ету.
Стероидты гормондардың синтезделуіне қатысу.
Кальциді жинақтау.
Нуклеин қышқылдарының синтезделуіне қатысу.
Кейбір жағдайларда митохондриальдық ДНК-ның мутациясынан митохондриальдық аурулар пайда болады.
Лизосомалар. Жарықтық микроскопта көрінбейтін мембраналық органеллалар. 1955ж. К. де Дюв электронды микроскоптың көмегімен ашқан. Лизосомалар мембраналық көпіршіктер тәрізді, құрамында гидролиттік ферменттері бар: қышқыл фосфатаза, липаза, протеаза, нуклеаза және т.б., барлығы 50 ферменттен астам. Лизосомалардың 5 түрін ажыратады:
Алғашқы лизосомалар, Гольджи комплексінің транс-бетінен жаңадан бөлінген.
Екінші реттік лизосомалар, немесе фаголизосомалар. Олар фагосомамен мембранамен қапталған, фагоцитоздалған затпен біріккен соң пайда болады.
Қалдық денешіктер фагоцитоз аяқталмаған жағдайда пайда болады.
Аутофагосомалар алғашқы лизосомалар ескі, зақымданған органеллалармен бірккенде пайда болады.
Мультивезикулярлық денешіктер. Құрамында бірнеше ұсақ ішкі көпіршіктері бар үлкен вакуоль.
Лизосомалардың қызметі:
Пероксисомалардың қызметтері:
Мембраналық емес органеллалар.
Рибосомалар. Белок синтездеуге қатысады. Олар екі рибонуклеопротеидтық суббірліктерден тұрады үлкен және кіші. Екі суббірліктер бірге орналасуы мүмкін, араларында ақпараттық РНК молекуласы орналасады. Бос рибосомалар - эндоплазмалық тормен бірікпей бос орналасады. Олар жеке немесе полисомалар түрінде болуы мүмкін. Бос емес рибосомалар - эндоплазмалық торға бекіген.
Микротүтікшелердің қызметтері:
Микрофиламенттер - цитоқаңқаның екінші компоненті. Олардың екі түрін ажыратады: 1) актиндік; 2) аралық. Сонымен қатар, цитоқаңқаның құрамына көптеген көмекші белоктар кіреді. Олар филаменттерді бір-бірімен немесе жасушаның басқа құрылымдарымен байланыстырады.
Кірпікшелер мен қылдар. Бұл қозғалу органеллалары. Олар кейбір жасушаларда болады сперматозоидтарда, кеңірдек пен бронхтардың эпителиоциттерінде, ұрық шығару жолдарында және т.б.
Миофибриллалар бұлшық ет жасушалары мен миосимпласттарда орналасады. Олардың құрылысы «Бұлшық ет ұлпасы» тақырыбында қарастырылады. Нейрофибриллалар нейрондарда орналасады, олар нейротубулалар мен нейрофиламенттерден тұрады. Олар тіректік және тасымалдау қызметін атқарады.
Қосындылар жасушаның тұрақсыз компоненттері (олардың құрылымы өзгеріуі мүмкін). Жасушаның өмірлік циклының белгілі кезеңдерінде ғана анықталады.
Қосындылардың жіктелуі.
Цитоқаңқа қызметтері: