Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
«Өнеркәсіп көлігі» кафедрасы
ОСӨЖ 3
Пәні: Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы және механизациясы
Тақырыбы: Қауiптi қалдықтарды арнайы көлік құралдарымен тасымалдауды, соның iшiнде тиеу-түсiру жұмыстарын орындауды ұйымдастыру
\
Орындаған: ОП 11-1тб. ст.
_______________________
Тексерген: Кенжекеева А. Р.
Қарағанды 2013
Қауiптi қалдықтарды арнайы көлік құралдарымен тасымалдауды,
соның iшiнде тиеу-түсiру жұмыстарын орындауды ұйымдастыру
Қауiптi қалдықтарды тасымалдау қауiптi жүктерді көлiк құралдарымен тасымалдау мәселелері жөніндегі нормативтiк құқықтық актілермен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Қауіпті қалдықтармен бірге немесе бұрын пестицидтер тасымалдауға пайдаланылған көлік құралдарымен азық-түлік, жем және ауыз суын тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Қауіпті қалдықтарды тасымалдауға пайдаланылған көлікті, кейіннен тиімді тазартуды лабораториялық бақылау арқылы алдын-ала тазартпай және зарарсыздандырмай, басқа жүктерді тасымалдау үшін пайдалану мүмкін емес. Қауіпті қалдықтар осы мақсаттарға арналған арнайы көлік құралдарымен тасымалданады.
Жүк жөнелтушінің (жүк алушының) және тасымалдаушының арасында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпті қалдықтар тасымалын жүзеге асыруға шарт жасалады.
Қауіпті қалдықтарды тасымалдау шарты айрықша ерекшеліктеріне байланысты, сондай-ақ мынадай:
- көлік құралдарын арнайы өңдеу жөніндегі іс-шаралар туралы;
- ілесіп жүруді (қажет болғанда) ұйымдастыру туралы;
- жүргізушілерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің тәртібі туралы;
- қауіптілік және қауіпті қалдықтарды бейтараптандыру туралы ақпарат жүйесінің элементтерімен қамтамасыз етудің тәртібі туралы мәліметтерді де қамтуы тиіс.
Қауіпті қалдықтарды тасымалдау шартын жасасу тауар-көлік (көлік, теңіз, жүк) жүкқұжатын толтырумен расталады.
Тасымалданатын қауіпті қалдықтардың санын, оларды арнайы жабдықталған және арнайы белгілермен жабдықталған көлік құралдарымен тасымалдау мақсаты мен жеткізу жерін көрсете отырып, қауіпті қалдықтар тасымалдау қауіпсіздігінің талаптарын сақтай отырып, көзделген тасымалдау құжаттары бар болған кезде қауіпті қалдықтар тасымалдауға рұқсат етіледі.
Жәшіктерге, себеттерге, барабанға салынған немесе тор көзделген қауіпті қалдықтар тиеу-түсіру операцияларын орындау кезінде арнайы арбашаларда жылжытылуы тиіс. Қауіпті жүктер себеттерге салынған жағдайда оларды тек себеттің тұтқасының және түбінің беріктігі алдын-ала тексерілгеннен кейін ғана тұтқасынан ұстап тасымалдауға рұқсат етіледі. Орамды арқалауға, иыққа салып немесе алдыға салып тасымалдауға рұқсат етілмейді.
Қауіпті қалдықтарды тиеу, түсіру және қайта тиеуге арналған орындар (посттар), сондай-ақ көлік тұрағына арналған орындар "Өндірістік нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар атты" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3792 нөмірмен тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі N-334 бұйрығына сәйкес белгіленеді.
Көктайғақ кезінде қауіпті қалдықтарды тиеу-түсіру посттарының аумағына құм себілуі тиіс.
Қауіпті қалдықтарды тасымалдау бағдарғысының жоспары мен кестесін жүк жөнелтушімен (жүк алушымен) келісім бойынша тасымалдаушы қалыптастырады.
Қауіпті қалдықтармен тиеу-түсіру жұмыстары көлік құралының қозғалтқышы ажыратылған кезде жүргізіледі және жүргізуші, егер бұл жүк жөнелтушінің нұсқаулығында көрсетілген болса, тиеу-түсірудің белгіленген аймағы шегінен тыс болуы тиіс, көлікте орнатылған жүк көтеру немесе төгу механизмдерін іс әрекетке келтіру қозғалтқыштың жұмысы кезінде қамтамасыз етілетін жағдайлар айрықша жағдайлар болып табылады.
Қауіпті қалдықтарды тиеу-түсіру операциялары арнайы жабдықталған посттарда жүргізілуі тиіс. Бұл ретте бір көлік құралынан аспайтын тиеу-түсіру жүзеге асырылуы мүмкін.
Қауіпті қалдықтарды тиеу-түсіру үшін бөлінген посттарда бөгде тұлғалардың болуына рұқсат берілмейді.
Найзағай кезінде жарылу қаупі және өрт қаупі бар қалдықтармен тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етілмейді.
Қауіпті қалдықтарды тиеу-түсіру операциялары осы жұмысты орындауға тартылған персоналдың жеке қауіпсіздігінің барлық шараларын сақтай отырып қолмен жүзеге асырылады.
Тиеу-түсіру механизмдерінің ыдыстың бүліну қаупін туғызатын жүк қармағыш құрылысын пайдалануға және жүктің өз бетімен құлауына жол берілмейді.
Тиеу-түсіру операциялары барысында қауіпті қалдықтары бар орамдарды жылжыту және қойма жұмыстарын орындау тек арнайы орнатылған төсемдер, тораптар мен төсеніштер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қауіпті қалдықтар тасымалын жүзеге асыру кезінде жүк жөнелтуші немесе тасымалдаушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қауіпсіздік паспортын немесе жол жүру кезінде авариялық жағдайлардың орын алуы мүмкін болғанда осы жүкке авариялық карточканы әзірлейді.
Қауіпті қалдықтарды тасымалдауға байланысты авария туындаған немесе қаупі төнген жағдайда тасымалдаушы бұл туралы құзыретті органдарды дереу хабардар етеді.
Тасымалдау объектісі болып табылатын қауіпті қалдықтар буып-түйіледі, таңбаланады және Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес тасымалданады.
Осы ережелердің нормаларын бұзушылықпен қауіпті қалдықтарды тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыру, соның ішінде тиеу-түсіру жұмыстарын орындау заңнамада белгіленген жауапкершілікке соқтырады.
Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу кезінде жүктің сақталуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттардың талаптары орындалады.
Көлік құралдарына қауіпті қалдықтарды тиеу-түсіру операцияларына бақылауды жүкке ілесіп жүретін жүк жөнелтушінің (жүк алушының) өкілі жүргізеді.
Көлік құралын толтыра тиеу оның жүк көтергіштігін толық пайдалануға дейін рұқсат етіледі. Ерекше қауіпті қалдықтарды тасымалдау кезінде көлік құралын толтыра тиеу әзірлеуші ұйымдар дайындайтын арнайы нұсқаулықтарда көрсетілген тәртіппен және көлемде жүргізіледі.
Көлік құралына қауіпті қалдықтарды тиеу-түсіру және бекіту осы жұмыстарды жүргізуге рұқсаты бар (рұқсат берілген) жүк жөнелтушінің (жүк алушының) күшімен және құралдарымен, ыдысқа соққы тигізбей және шамадан тыс қысым түсірмей, жұмыс кезінде от ұшқынын шығармайтын механизмдер мен құралдарды қолдана отырып, сақтандырудың барлық шараларын орындау арқылы жүзеге асырылады.