Будь умным!


У вас вопросы?
У нас ответы:) SamZan.net

SSE ~олдау аны~тамасы

Работа добавлена на сайт samzan.net:


31.SSE қолдау анықтамасы.

SSE кеңейтілімімен жұмыс жасаудан алдын келесі шарттардың орындалғанына көз жеткізуіміз керек:

  1.  2 Биттік CR0 регистрі  (сопроцессор эмуляциясы) нөлге  тең  болуы  керек
  2.  9 Биттік CR4 (FXSAVE/FXRSTOR командасының қолдауы) 1-ге тең болуы керек
  3.  25 Биттік  EDX регистрі  CPUID  командасынан кейін  (SSE қолдауы) 1-ге тең болуы керек

32. Программа құрылымы.

Assembler тілінде программа келесі жолдардан тұрады:

Метка   команда/деректива операнд; комментарий

Бұл жердегі  әрбір жол міндетті емес. Метка  ағылшын алфавитінің кез келген  әріптер комбинациясынан, сандар және  _,$,@,?  Символдарынан құралуы мүмкін, бірақ метканың бірінші  символы сан болмауы керек, үлкен және кіші әріптер  қалыпты жағдайда бірдей  болып есептелінеді. Команда  процессор командаларынан тұрады бұл командалар орындалатын кодтты  немесе дерективаны трансляциялайды.Операнд   команда немесе  деректива  қажет ететін  операндтардан тұрады. Комментарий  ;  символынан басталып,  соңына  кез келген  сөзді  немесе  фразаы жазуға  болады.

Егер метка процессор  командасының  алдында  орналасса  онда  одан кейін  :  қойылады.Бұл  Assembler ге  осы  атпен  сақталынатын  айнымалының  құрылуын  көрсетеді.

Some_loop:

Lods w;         жолдан сөзді оқу

Cmp ax,7;     егер  ол 7-ге  тең  болса  циклдан  шығу

Loopne  some_loop

Егер метка Assembler  тілінің дерективасының  алдында  тұрса  онда   ол  осы  дерективаның  операнды  болып  саналады және  :  қойылады.

          Метка     label     тип

Label дерективасы  метканы  анықтап және  оның  типін береді: BYTE,WORD,DWORD,FWORD,QWORD,TBYTE,NEAR,FAR.

Келесі командалардың адрестеріне  тең мәндерді қабылдайды:

     mov      метка, 0

mov-жадыға байтты жазады.

     call     метка

подпрограмманы  шақыру

Label  дерективасының  көмегімен бірдей мәліметтерді  оқуға болады.

  

метка    equ   өрнек

equ   дерективасы  оң жағында  орналасқан  бүтін санды  өрнектің нәтижесін  меткаға  теңестіреді. Бұл  өрнектің  нәтижесі бүтін  сан, адрес немесе  кез келген  символдардан құралған  жол  болуы  мүмкін.

Truth                 equ  1

Message1         equ   ‘Try again$’

Var 2                equ 49[si]

      Cmp           ax, truth ;cmp  ax,1

      Db             message1;db’Try again$’

      Mov ax, var2  ; mov ax, 4[si]

equ   дерективасы  Си  тіліндегі define  командасына ұқсас  болып келеді.

33. Жадыны үлестіру командалары. Құрылымдар.

Псевдокоманда-  бұл  Assembler  тілінде  мәліметтерді  немесе кодтарды  программаға енгізуге  арналған  деректива. Айнымалыларды  анықтау  псевдокомандалары  ассемблерге айнымалының  программадағы орнын,  типін  және  бастапқы  мәнін  көрсетеді.

Айнымалы   аты   d*  мәні

d*  төменде  көрсетілген  псевдокомандалардың  бірі

DB-  байтты анықтау

DW-  сөзді  анықтау

BD-  екілік  сөзді  анықтау

DF-  алты  байтты   анықтау

DQ-  төрт еселенген  сөзді  анықтау

DT-  он  байтты  анықтау

Мән  бір немесе   бірнеше   сандардан   символдардан   құралған  жолдардан   ?  және  DUP  операторларынан  тұруы  мүмкін.

Text_string         db   ‘Hello  World’

Number              dw  7

Table                  db  1,2,3,4,5,6,0AL,0BH,0CH,0FH,0EH,0DH

Float_number     dd  3.5e7

жадыға  жазу  үшін  mov al, text_string

Құрылым

Struc  дерективасы  жоғарғы деңгейлі тілдердегі құрылымға  ұқсас  мәліметтер  құрылымын  анықтайды.

аты      struc

           жолдар

аты      ends

Жолдар  айнымалыларды және құрылымдарды анықтап жазатын псевдокоманда жиынтығы.

point                    struc          ;

x                              dw          0    ;

y                              dw          0    ;

z                              dw          0    ;

color                       db    3 dup<?>;

point                       ends

cur_point                point<1,1,1,255,255,255>;

   mov     ax,cur_point.x;

35.Сегменттер. Сегменттерді жүктеудің реті.

34. Программаны ұйымдастыру.

Кез келген  тілде жазылған  программа  бір немесе  бірнеше  сегменттерден  тұрады.Жадыда  орналасқан  командалар  аумағы кодттың  сегменті  деп аталады. Ал  мәліметтер  орналасқан  аумақ   мәліметтер  сегменті  және  стек   орналасқан  аумақ   стек  сегменті  деп аталады.

cегмент_аты         segment   readonly      түзету  тип  разряд «класс»

cегмент_аты         ends

Сегмент  аты   сегменттің  адресін   қолдануға   арналған  метка  сегменттің  кез келген  операнды  міндетті  емес.

Readonly  егер бұл операнд  сегмент  дерективасынан  кейін жазылса   сегмент  мәліметтер  сегментіне  жазылған  командалардың  қатесін  көрсетеді.

Түзету   ассемблерге  сегменттің  қай  адрестен  басталатынын  көрсетеді. Бұл операнд

BYTE- кез келген  адрестен

WORD- жұп  мәнді  адрестен

DWORD-  4-ке  бөлінетін  адрестен

PARA-  16-ға  бөлінетін  адрестен

PAGE-  256-ға  бөлінетін  адрестен  басталуы  мүмкін.

Cегменттің төменде  көрсетілген  типтері  бар

1.public-  бұ ндай  типтерді  қабылдайтын  сегменттер   бір  класқа  біріктіріледі

2.stack-   бұл  тип   public типіне  ұқсас  айырмашылығы  программа  басталу  кезінде  қолданылады

3.common- бірдей  аттарды  бір  стекке  біріктіреді

4.at- бұл тип сегменттің жады да нақтыланған  абсоляттік  адресте  орналасу  керектігін  көрсетеді

5.private-мұндай  типтегі  сегменттер  басқа  сегменттермен  бірікпейді

Сегменттерді  жүктеудің  реті

Әдетте  сегменттер жадыға  программада  қай ретпен  жазылса  сол ретпен жүктеледі бұл  ретті  төмендегі  арнайы дерективалардың  көмегімен  өзгертуге  болады.

 .alpha -  бұл деректива  сегменті жүктеудің  алфавиттік ретін  орнатады.

.dosseg-  бұл деректива  MSDos  та  қолданылатын  және  ассемблер тілінің  жоғарғы  деңгейлі  программалармен  байланыс  орнатуды  қамтамасыз  ететін  сегменттердің  жүктелу  ретін  көрсетеді.

dosseg  дерективасы  төмендегі  сегменттердің  жүктелу  ретін  орнатды.

1.CODE- командасының  барлық  сегменттерін

2.DGROUP  тобына  және  CODE класына  жатпайтын  барлық  сегменттерді  жүктейді.

3. DGROUP_  тобының  сегменттерін  жүктейді:

-BEGDATE  класының  барлық  сегменттерін  жүктейді

-BEGDATE    BSS  және  STACK кластарынан  басқа  барлық  сегменттерді  жүктейді

-BSS   класының  барлық  сегменттерін жүктейді

-STACK  класының  барлық   сегменттерін  жүктейді.

SEQ  бұл  деректива  программада   сегменттердің   нүктелерін  сол  ретпен  орнатды.Сегменттерді  жүктеудің   ретін  білу  программаның  ұзындығын  есептеуге немесе   оның  соңының  адресін  көрсетеді. 

36.Процедуралар. Программаның соңы.

Assembler  тілінде  процедуралар  басқа  тілдегі  функцияларға  процедураларға  ұқсас.

Assembler  процедураға  ешқандай  шектеу  қоймайды, ол  программаның адресін  call командасы  арқылы  жіберіп,  оның  мәнін  read  командасы  арқылы  қайтарады.

Метка  proc    тіл  тип    USES   регистр;  TASM

Метка  proc    тип  тіл   USES   регистр;  MASM/WASM

Бұл жердегі  барлық   операндтар  міндетті  емес.

Тип  екі  мән  қабылдай  алады:

1.NEAR

2.FAR

Егер  бұл  мәндер   программада  орнатылып  кетсе  онда   read сәйкесінше  RET  RETN   RETF  командаларына  өзгереді.

USES  процедура  өзгерте  алатын   регистрлер  тізімі.

Программаның  соңы

end      start_label     бұл  деректива  арқылы    ассемблер  тілінің   кез  келген  программасын  аяқтауға  болады.

37. Мүмкін болатын командалар жиынтығын жасау директивалары.

Assembler  тілі  8086  процессорының  командалар жиынтығын  қолданады.Егер  бұл  процессор  қолдамайтын  команда  таңдалса   қате  деген  ақпарат  беріледі.

Assembler  команданы  қолдану  үшін   келесі  дерективалар  ұсынылады:

.8086-  тек  8086  командалары

.186-   80186 командалары  

.286  және.286с-  80286 артықшылық емес командалары

.286p-  80286  барлық  командалары

.386   және .386c- 80386 артықшылық  емес  командалары

.386p -   80386 барлық командалары

.486  және .486c-  80486 артықшылық емес командалары

.486p-  80486 барлық командалары

.586  және .586c-  P5(Pentium) артықщылық  емес  командалары

.586p- P5(Pentium)  барлық командалары

.686- P6(Pentium Pro, Pentium II) артықшылық емес командалары

.686p- P6(Pentium Pro, Pentium II) барлық командалары

.8087- NPX 8087 командалары

.287-  NPX 80287  командалары

.387-    NPX 80387   командалары

.487-   NPX 80486   командалары

.587-   NPX 80586   командалары

.MMX-  IA MM  командалары

.K3D- AMD 3D  командалары

рұқсат  етілген

38.Программалық есептеуішті басқару директивалары.

Программалық есептеуіш  Assembler тілінің  сегментінің  басынан  бастап  немесе  командалардың  жылжуын  орнататын  ішкі  айнымалы.

Org  бұл деректива  программалық есептеуіштің  мәнін орнатады. 100h операндының көмегімен org  дерективасы com типіндегі  файлдарды  жазуға көмектеседі.

Even  бұл деректива екіге  бөлінетін есептеуіштің  мәнін  орнатады,егер оның мәні тақ болса  онда nop  командасы арқылы  есептеуіштің мәнін  екі  еселейді.

Align   бұл  деректива программалық есептеуіштің мәнін жуықтайды.

39.Глобалды жариялау. Шартты ассемблерлеу. Өрнектер.

public дерективасы  арқылы  хабарланған  метка,басқа  программа  модулінде  қолданыла  алады.Осы   деректива  арқылы   процедуралардың  аттарын  айнымалыларды  және  equ  дерективасы   арқылы  анықталған  константаларды  хабарлауға  болады.

Бұл тілдің  міндетті  емес   операнды  метканың  басқа программа  модулінде шақырылуын  көрсетеді.Сom   дерективасы  айнымалының  жалпы  түрін  сипаттайды.  Мұндай  айнымалылар  барлық  программалық  модульдерде  қол  жетімді  және  бұл  айнымалылар  программаның  біріктірілуі  кезінде  анықталады. Сom  дерективасының  міндетті  аргументтері   метка  немесе  тип.  Міндетті  емес  операнд «ара  қашақтық»(NEAR  немесе FAR)

Айнымалының  сегменттер  тобында  бар  болуын  немесе  бұл  сегменттер  тобында  болмауын  көрсетеді.

extrn  дерективасы  басқа  программалық  модульде анықталған  метканы  сипаттайды

global   дерективасы     public    және  extrn  дерективалары сияқты  қызмет  атқарады.

Шартты ассембрлеу

Көптеген тілдерде  шартты  операторлар  қолданылады.Мысалы  Си  тілінде   препроцессор   командалары  арқылы  (#if,#if  def,#if in def және т.б.) жүзеге асады.

Assembler тіліндеде  мұндай  мүмкіндік  бар:

if                  өрнек               end  if

if                  өрнек             else ……end if

Егер  өрнектің мәні 0-ге  тең  болса,онда  программаның  else және  end if

аралығындағы  бөлігі  орындалады.Кері  жағдайда   if  және  else аралығы  орындалады.

Өрнектер

Өрнек  дегеніміз  бір-бірімен  байланысқан  сандар  меткалар  және  жолдардың  жиынтығы.

Мысалы:  2+2  өрнек  болып  табылады   мұндағы 2 саннан  және  қосу  операторынан  тұратын  өрнек

< > операторы  өрнекте  есептелінбейді  тек  символдардан  тұратын  жолды  көрсетеді

( ) операторы  өрнекте  бірінші  болып  орындалады +,-,*,/ және  mod арифметикалық  операторлары  сәйкес  арифметикалық  қызметтерді  атқарады.

Логикалық  операторларға:  end,nod,or,xor,shr,shl

Салыстыру  операторлары:seg,affset,this,ptr,large,small,short

Басқа  операторлар

.(нүкте)-құрылым  элементіне  сілтеу

: (қос нүте)-сегментті  қайта  анықтау

[]-қосымша  адрестеу

?-инициялизацияланбаған  мән

dup-  қайталанатын  мән

40. Макроанықтамалар. Макрооператорлар. Қайталау блоктары.

Макроанықтама (макрос)  деп  ассембрленген  кезде  алынған  тақырып  программаның  текстінде  кездесетін  программаның  бөлігін   айтамыз.Макрос  MACRO  дерективасымен  басталып  ENDM  арқылы  аяқталады. Мысалы  AL регистрінде  орналасқан  hex2ascii   макроанықтамасы берілген. Ол  ASCII  кодттың  он  алтылық  жүйесінде  былай  беріледі:

hex2ascii              macro

         cmp        al,10

         sbb         al,69h

         das         

                              endm

Қайталау блоктары

Қарапайым қайталау   блогы(REPT)- программаның  бөлігіндегі берілген  санның  ассембрленуін  орындайды. Мысалы  егер   инициялизацияланған мәндегі 0-ден 0FFh ке  дейінгі  байттар  массивін  құру  керек  болса,  бұны   DB қайталау  псевдокомандасы  арқылы  келесі  түрде жүзеге  асырамыз:

exnumber                  =0

extable                   label  byte

                             rept 256

                            db  hexnumber

exnumber                    =hexnumber+1

endm

Макрооператор

Макрооператор  &(амперсанд)  қайталау блоктары  және  макроанықтамалар операндысы  ретінде  жіберілген  параметр,ассемблер  жолының  өңделгенге  дейін  өзгеруі  үшін  қажет.  

Макрооператор <>(үшбұрышты жақшалар)   осы  жақшаның  ішіне  кіретін  барлық  тексттер     текстілік  жол  ретінде  қарастырылады.

Макрооператор !(леп  белгісі)  үшбұрышты  жақшаға  қарама қарсы ,тек  бір  символға  сол  үшін  ол  символ –үтір  немесе үшбұрышты  жақша  болсын ол  макросқа  параметрдің бөлігі  ретінде  беріледі.

Макрооператор % (процент) берілген  тексттің  нақты  екенін  көрсетеді

Макрооператор ;;(екі  қос  нүкте)  макрокомментарийдің  басы.

41.Файлдарды және листингтерді басқару директивалары. Комментарийлер.

Файлдарды  басқару   дерективалары

INCLUDE  файл_аты- программа  текстіне  файл  текстінің  C#include препроцессор  командасын   қоятын  деректива.Әдетте  құрамында константа,құрылым және  макрос  анықтамасы  бар  файлды  қосуда  қолданылады.

INCLUDELIB  файл_аты – компоновщикке  программаны  құруға  керекті обьектілі  файлдың  және  қосымша  кітапхананың  атын  көрсетеді.

Листингтерді  басқару дерективалары

Әдетте  ассемблерлер  обьектілі  файлды құру  барысында программа листингін  жасауға  мүмкіндік  береді. Листинг- ассемблерлі  программаның  текстінен, ассеблерленген команданың  кодынан,арнайы  меткалар  тізімінен, сегменттерден  және  топтардан  құралған  файл.

Бірнеше  деректикалары  бар:

TITLE,SUBTITLE,PAGE,NAME, .XLIST, .LIST, .SALL, .SFCOND, .LFCOND, .TFCOND, .CREF,  .XCREF

Комментарий

Қарапайым  комментарийден  басқа  арнайы COMMENT  дерективасы  арқылы  жазылатын үлкен  блокты комментарийлер  бар.

COMMENT  операнды- комментарийдің  соңы  болып  есептелінетін  кез келген  символ.

42. COM типіндегі программалар.

Келесі  текстті  кез  келген текстілік  редакторда  тереміз

;hello-1.asm

;Экранға  Hello World  хабарламасын  шығару  және  аяқтау

 .model    tiny

 .code

org  100h

start:     mov  ah,9

            mov  dx,offset  message

            int 21h

ret

message  db   “Hello World”,0Dh,0Ah.’$’

end    start

және  оны  hello-1.asm   деп  сақтаймыз.

Обьектілік  файлдың  форматы  барлық  қарастырылған  үш  ассемблерге  сәйкес  келеді   сол  үшін  бір пакеттің  ассемблерін  басқа  компоновщикке  қолдануға  болады.

TASM  үшін

tlink    /t  /x  hello-1.obj

MASM    үшін (link командасы  LINK.EXE  16-биттік  версиясын  шақырады)

link  hello-1.obj   …NUL…

exe2bin  hello-1.exe  hello-1.com

WASM   үшін

wlink  file  hello-1.obj   form  DOS  COM

Енді  бізде өлшемі  23-байтты  hello-1.com файлы пайда болды.Егер оныорындау барысында экранда ‘Hello World’ жолы пайда  болады   және  программа аяқталады.

Оның қалай   жұмыс  жасайтынын  көру  үшін программаға  енгізілген  текстті  қараймыз.

Бірінші жол  код сегменттері,мәлімет және стек байланысқан TINY жадының модельін анықтайды.

.CODE  дерективасы сегменттік  кодын  бастайды.

ORG 100h  программалық  есептеуішке  мән  енгізеді,себебі COM  файлды жүктеу барсында DOS  жадысында бірінші 256-байтты PSP  блок  мәліметі  алады және программа коды  кейін  орналасады.START меткасы  программада бірінші командадан алдын тұрады  және  END дерективасында қолданылады.Программаның қандай командадан басталатынын  көрсетіп тұрады.

Команда  MOV AH,9    AH  регистріне 9 санын енгізеді-DOS номер функциясы  «жолды енгізу»

Команда  MOV DX,OFFSET Message  бастапқы мәліметті  Message  меткасын DX регистріне орналастырады.

Команда INT21h DOS   сегменттік фунуциясын шақырады.

43. EXE типіндегі программалар

EXE- программалардың  орындалуы  қиын,бірақ олр  үшін 64КБ  өлшемді  шектеу бар,сол себепті  үлкен программалар  осы форматты қолданады.

Мысалы

;hello-2.asm

; Экранға  Hello World  хабарламасын  шығару  және  аяқтау

.model  small

.stack 100

.code

Start:  mov            ax,DGROUP

         mov           ds,ax

         mov           dx,offset  message

         mov           ah,9

         int              21h

         mov           ax,4S00h

         int              21h

.data

Message            db       “Hello World!”,0Dh,0Ah,’$’

End   start

Бұл мысалда үш сегмент анықталады-   стек сегменті 256 байтты  .STACK дерективасынан,код  сегменті .CODE  дерективасының  бастауымен,және мәліметтер сегменті  .DATE дерективасымен  басталатын.

EXE программасы  қосылғанда DS  регистрінде   message  жолындағы  сегент адрестері сақталмайды,ал DOS  фунциясын  шақыру  үшін регистр  жолдың сегменттік  адресін білу керек.

44. Текстік режимде экранға шығару. Видеожадымен тікелей жұмыс.

Текстік   режимде  шығару   DOS-та бірнеше  функциясы  бар

Функция DOS  02h:    STDOUT-қа  символ  жазу Ctrl+Break тексерісімен.

Енгізу:   AH=02h

              DL=ASCII   символ  коды

Шығару:  AL=соңғы  жазылған символ коды

 

Функция DOS  06h:    STDOUT-қа  символ  жазу Ctrl+Break тексерісінсіз.

Енгізу:  AH=06h

             DL=ASCII   символ  коды(0FFh тан  басқа)

Шығару:  AL=  жазылған символ коды

Функция DOS  09h:      STDOUT-қа жол  жазу Ctrl+Break тексерісімен

Енгізу:   AH=09h

              DS:DX=$ символымен  аяталатын жол адресі(24h)

Шығару:  AL=24h(соңғы  жазылған символ коды)

Функция DOS  40h:   Файлға немесе құрылғыға жазу

Енгізу:   AH=40h

             ВX = STDOUT үшін 1немесе  STDERR  үшін 2

             DS:DX= жол басы  адресі

             СХ= жол ұзындығы

Шығару:  CF=0,

                AX=жазылған байттар саны

Функция   INT  29h:   Экранға жылдам символ береді

Енгізу:   AH= ASCII  символының  коды

Видеожадымен тікелей жұмыс

Экранда кескінделгеннің бәрі-  текст болсын,графика  болсын  құрылған видеоадаптердің жадында біруақытта болады.Экранда кескін пайда болуы үшін міндетті түрде видеоадаптер жадында жазылуы  тиіс.Бұл  мақсатқа жадының арнайы бөлігі арналады,  0B800h:0000h  абсолютті адрестен басталып  0B800h:0FFFFh аяталатын.Жадының  осы аумағына жазылған  барлық программалар тез арада видеоадаптер  жадына көшіріледі.Тексттік режимде  кескіндік символды сақтау үшін  екі  түрлі   байт   қолданылады:  ASCII   символы кодының байты және  оның атрибут байты.

45. Пернетақтадан енгізу.

DOS  пернетақтадан мәлімет оқу  функциялары:

Функция  DOS  0Ah:  Буферге  STDIN жол  символдарын есептеу

Енгізу:    AH=0Ah

               DS:DX= буфер  адресі

Шығару: Буферде енгізілген  жолдар сақталады

Функция  DOS  01h:  STDIN дан символды  эхомен,  күтумен және  Ctrl-Break тексеруімен есептеу.

Енгізу:    AH=01h

Шығару: AL= ASCII код символы  немесе 0. Егер AL=0 болса ASCII код символының AL кеңейтіліміне қайтару

Функция  DOS  08h:  STDIN дан символды  эхосыз,  күтумен және  Ctrl-Break тексеруімен есептеу.

Енгізу:    AH=08h

Шығару: AL= символ коды

Функция  DOS  07h:  STDIN дан символды  эхосыз,  күтумен және  Ctrl-Break тексеруінсіз есептеу.

Енгізу:    AH=07h

Шығару: AL= символ коды

Функция  DOS  06h:  STDIN дан символды  эхосыз,  күтусіз және  Ctrl-Break тексеруінсіз есептеу.

Енгізу:    AH=06h

               DL=0FFh

Шығару: ZF=1 , егер пернетақта басылмаса  және ALL=00

               ZF=0 , егер пернетақта басылса  бұл жағдайда  ALL=символ  коды

Функция  DOS  0Вh:  Пернетақтаның  күйін бақылау

Енгізу:    AH=0Вh

Шығару: AL= 0, егер пернетақта басылмаса  

               AL= 0FFh, егер пернетақта басылса  

Функция  DOS  0Сh:  Буферді өшіру және символды есептеу

Енгізу:    AH=0сh

               AL= DOS   функциясының номері (01,06,07,08,0Ah)

Шығару: Шақырылған функцияға  байланысты

46.Графикалық видеорежимдер. VGA режимдерімен жұмыс істеу.

Режим номері

Рұқсат

Түс  саны

11h

640x480

2

12h

640x480

16

13h

320x200

256

                      VGA негізгі графикалық  режимдері

INT 10h   AH=0Ch:  Нүктені экранға шығару

Енгізу:      AH=0Сh

                 BH= видеобеттер номері

                 DX= жол номері

                 CX= баған номері

                 AL=түс  номері

Шығару:  ешқандай

INT 10h   AH=0Dh:  Нүктені экраннан есептеу

Енгізу:      AH=0Dh

                 BH= видеобеттер номері

                 DX= жол номері

                 CX= баған номері

Шығару:  AL=түс  номері

               

47. Графикалық видеорежимдер. SVGA режимдерімен жұмыс істеу.

SVGA-нің  стандартты графикалық режимдері  4-,8-,15-,16-,24-   және  32-биттік болуы  мүмкін.

4-биттік режимдер(16 түс)

VGA

012h:  640x480  (64Кб )

VESA   VBE 1.0

102h:   800x600  (256Кб)

104h:  1024x768 (384 Кб)

106h:    1280x1024 (768 Кб)

8-биттік режимдер(256 түс)

VGA

013h:  320x200  (64Кб )

 VBE 1.0

100h:   640x400  (256Кб)

101h:  640x480 (320 Кб)

103h:    800x600 (512 Кб)

105h:  1024x768 (768 Кб)

107h:   1280x1024 (1.3 Mб)

VBE 2.0

120h:   1600x1200  (1.9 Mб)

15-биттік режимдер(32 К түс)

 VBE 1.2

10Dh:   320x200  (128Кб)

110h:  640x480 (768 Кб)

113h:    800x600 (1 Mб)

116h:  1024x768 (1.5 Mб)

119h:   1280x1024 (2.5 Mб)

VBE 2.0

121h:   1600x1200  (3.8 Mб)

16-биттік режимдер(64 K түс)

 VBE 1.2

10Eh:   320x200  (128Кб)

111h:  640x480 (768 Кб)

114h:    800x600 (1 Mб)

117h:  1024x768 (1.5 Mб)

11Ah:   1280x1024 (2.5 Mб)

VBE 2.0

122h:   1600x1200  (3.8 Mб)

24-биттік және 32-битік  режимдер (16 М  түс)

VBE 1.2

10Fh:   320x200  (192 Кб)

112h:  640x480 (1 Mб)

115h:    800x600 (1.4 Mб)

118h:  1024x768 (2.3 Mб)

11Bh:   1280x1024 (3.7 Mб)




1. Общественное мнение как социальный институт
2. Мониторинг природных ресурсов г Саратова
3. Создание алгоритма для расстановки переносов в словах по правилам русской орфографии
4. х лет Эвристический принцип в усвоении языка ребенком Процесс становления письма и чтения Заклю
5. ознакомительной практики мной была освоена работа помощника участкового
6. Мурманский государственный педагогический университет МГПУ УЧЕБНОМЕТОДИЧЕСКИ
7. питьевого и коммунальнобытового назначения нормы качества воды водоёмов и водотоков должны соблюдаться-
8. курсовой проект по курсу Электрические сети и системы Схемы сети
9. Происхождение и развитие городов древней Руси
10. . Введение.1
11. тема логически последовательных методологических методических и организационнотехнических процедур связ
12. Курсовая работа Роль телефона доверия в эффективном разрешении личностных проблем
13.  Резюме [2] 2
14. Нервова тканина
15. Реферат Возможные экологические последствия войн и военных конфликтов Выполнила- Студентка груп
16. лекции по теории методов исследования и организации исследовательской деятельности; практические заняти
17. БЕРИСЛАВСЬКИЙ ПЕДАГОГІЧНИЙ КОЛЕДЖ Херсонської обласної ради Предметноциклова комісія викладач
18. для молоді ще інші для дорослого читача
19. модуль Методы бизнестренинга- октябрь 2013 г
20. Стресс и дистресс. Профилактика дистресса у педагогов