Поможем написать учебную работу
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Если у вас возникли сложности с курсовой, контрольной, дипломной, рефератом, отчетом по практике, научно-исследовательской и любой другой работой - мы готовы помочь.
Ф КГМУ 4/3-04/02
ИП №6 УМС при КазГМА
От 14 июня 2007 г.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы
Дәріс
Тақырыбы 1: МОЛЕКУЛЯРЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКАҒА КІРІСПЕ.
Пән: Молекулярлық биология және медициналық генетика
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Курс: 1
Уақыты: 50 мин.
Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында талқыланды
Хаттама № ____1____
«___01__» _____09_____ 2011ж.
Молекулярлық биология және
медициналық генетика каф. меңг.: Б.Ж. Құлтанов
Дәрістің құрылымы
Тақырыбы: «Молекулярлық биологияға және генетикаға кіріспе».
Мақсаты: Қазіргі молекулярлық биология және медициналық генетика пәнін оқып білу, осы аймақтағы жаңа мәселелердің ашылуы және оқып білу.
Дәріс жоспары:
Дәріс тезистері
Молекулярлық биология - жаңа ғылым, 50 жылда білімнің және фактілердің жинақталған қоры, бірақ жаңа мәселелерді оқытады және дамуы жалғасуда.
Әсіресе, 20 жыл аралығында молекулярлық және клеткалық биологияда келесі білімдер алынды:
1. Клетка қалай жұмыс атқарады, оның химиялық құрамы қандай, яғни, ақуыз, нуклеин қышқылдарының, липидтердің, көмірсулардың макромолекулаларының құрылысы.
2. Клетка органеллаларының құрамдық бөліктері оқылды.
3. «Геном» проектісі аяқталды, ол адам геномын құрайтын, ДНҚ нуклеотидтерінің толық бірізділігін анықтады.
Бұл көптеген кодтайтын ақуыздарды, ферменттерді, гендерді оқуға мүмкіндік берді. Тіршіліктегі процесстерді түсінуге, олардың бұзылуын, көптеген аурулардың патогенезін, әсіресе тұқымқуалайтын, гендер мутациясымен байланысты патологиялық өзгерістерге әкелетінін және клиникалық симптомдардың шақырылуын оқытты.
Генетика, медицина үшін әсіресе денсаулық және патология үшін тұқымқуалаушылықтың ролін түсінуде маңызды ғылым болып табылады.
Тұқымқуалаушылық барлық тіршілік жағдайының негізгісі болып саналады.
«Молекулалық биология» деген атауды ең алғаш, бұл бағытта жұмыс жасаған зерттеушілерге қолдау жасаған Рокфеллер қорының табиғаттану ғалымдары бөлімінің атақты жетекшісі Уоррен Уивер қолданған сияқты. Өзінің 1938 ж. Есебінде ол «физика мен химияның биологиямен тоғысатын шекаралас аймақтарында бірте-бірте жаңа ғылым саласы молекулалық биология туып келе жатыр, ол тірі клетканың негізгі элементтерін торлаған құпияның бетін аша бастады» деп айтқан. 2004 ж. Бернал және Крауфут рентген-сәулесінің дифракциясы белоктардың монокристалдарының құрылымын атомдық деңгейге дейін зерттеулер жүргізуге мүмкіндік беретінін ашқанына 70 жыл толады. Бұл жаңа ғылымның өте үлкен жетістіктерінің бірі болды. Екінші бағыттағы зерттеушілер генетикалық процестердің молеулалық механизмін бактериялар вирустарын зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып анықтаған. Бұл «фагтық мектеп» деп аталатын топ Дельбрюк және Лурианың атымен байланысты. Мұнда зор табыстардың бірі Эйвери, Мак-Леод және Мак-Каритидың генетикалық ақпараттың иесі белок емес ДНҚ екенін дәлелдеулері еді. Бұл ғылдыми жетістікке 2004 жылы 60 жыл толады. Ал осы биологиялық мәселелерді әр түрлі екі тәсілді біріктіру арқылы шешу физик Крик пен биолог Уотсонға ДНҚ-ның қос шиыршығын 1953 ж. Ашуға мүмкіндік берді. Бұл молекулалық-биологиялық зерттеулердің көпшілігінде арқау болған зор жетістікке де 2003 жылы 50 жыл толды.
Медициналық генетика оқытады:
1. Адам патологиясындағы тұқымқуалаушылықты.
2. Тұқым қуалайтын ауруларды ұрпақтан ұрпаққа берілу заңдылығын;
3. Тұқымқуалайтын патологияны, сонымен бірге тұқымқуалауға бейімділікті қоса диагностикалау, емдеу және алдын-алу әдістерін өңдеуді.
4. Медициналық генетика адамның патологиясындағы биологиялық және орта факторлардың қарым-қатынастарын анықтайды.
Адам мутациялық процесс деңгейін жоғарылататын жаңа орта факторларымен (ақпараттың, стресстің, атмосфераның ластануы) кездеседі.
1990 жылдан бері генетика тұқым қуудың дискреттік (дербестік) принципін түсінгеннен бері жаңа тірі организмдерді адамның еркімен генетикалық әрекеттер, әдістер арқылы жасауға дейінгі жолдан өтті. Бұған молекулалық биологияны қосқан үлесі орасан зор.
Сондықтан, медициналық генетика білімі дұрыс емдеу, тұқымқуалайтын ауруларды алдын-алу әдістерін таңдауды қажет етеді.
Көрнекілік материал: презентация
Әдебиет:
Негізгі
1. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асқаралы» баспасы, 2008.- 424 с.
2. С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- 2-ші, түзет. Ж. Толық, 2010.- 388 б.
Қосымша:
1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.
2. Е. Куандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS,2006.-320 б.
Бақылау сұрақтары: